Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті басқару



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және маңызы ... ... ... ... ... ..
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ...

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары ... ... ... ... ... ... ...

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1 Франчайзинг кәсіпкерліктің жаңа нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару жүйесін қалыптастыру ... ..
3.3 Шағын және орта бизнесті дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Кіші және орта бизнес барлық елде қоғамның экономикалық өсуінің стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстанның әлемдік экономикалық дағдарысқа ұшырау кезінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталады, сонымен қатар жаңа бизнес салаларында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздықты жою. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын және орта кәсіпкерлік инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерий мен тиімділік критерийіне сай болады
Шағын және орта бизнес ел экономикасының өзегіне айналды. Бүкіләлемдік статистикаға сәйкес, көптеген мемлекеттерде кәсіпкерлер экономиканың дамуына өз үлесін қосып келеді. 2001 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы шағын кәсіпорындар саны екі есеге, жеке кәсіпорындардың саны 5 есе көбейген. Қазір елімізде 2 миллионға жуық адам осы салада еңбек етіп жүр. Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлік әлемдік дағдарыс салдарынан зиян шекпес үшін қолдан келгенді жасап жатыр.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сауда мен шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты іс-шаралар қарастырылған [1].
Қазіргі таңда көпшілік кәсіпкерліктің өндірісті, нарықты, яғни бүкіл қоғамның дамуына ықпалын тигізетінін түсіне бастады. Мемлекет кәсіпкерлердің, ал кәсіпкер мемлекеттің қолдауының арқасында өркендеуде.
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық жағдайлар жасалуда, атап айтсақ, меншікті жекешелендіру жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды, мұның өзі кәсіпкерліктің дамуы үшін мықты экономикалық негіз болып табылады.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның бірі – шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде маңызды рөль атқарады. Шағын және орта бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы №958 Жарлығымен Бекітілген Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Елшібаев Р. Қ. Қазақстан республикасындағы әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындардың қызмет етуінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары // Қаз ЭУ хабаршысы. Экономика сериясы.- 2006.- № 1.- Б. 71-75
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі.- Алматы: Жеті жарғы, 2000.
4. ҚР-да шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы. – Астана, 2005.
5. Бажиева М. С., Манабаева И. Т. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің қалыптасуы және дамуы // КазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы.- 2006. – № 4. – Б. 58 - 62
6. Курс предпринимательства под ред. В.Я.Горфинкеля, проф. В.А.Швандара. – М.: Юнити, 1997.
7. Афанасьев В. Малый бизнес: проблемы становления // Российский экономический журнал. – 1993. -№ 2. – С. 35.- 36
8. Катенова С.А.Факторы и ососбенности развития малого предпринимательства Казахстана в условиях глобализации мировой экономики. // Международные отношения: теория – практика – поиск: Материалы научно-практической конференции. – Алматы, 1999. – 347б.
9. Н.К.Мамыров, А.Н.Саханова, Ш.С.Ахметова, Л.Бруза. Государство и бизнес. 1-том., А, 2002.
10. Сборник «Предприниматель и право», Издательский дом БИКО, Алматы 2000
11. Основы экономики и предпринимательства Череданова Л.Н.
12. Колесникова Л.А. Предпринимательство и малый бизнес в современном государстве: управление развитием/ М.: Новый Логос, 2000. - 290 с.
13. «Шағын және орта кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ іске асып жатқан бағдарламаны талдау // 25.12.2008, - 1 - 20с
14. Закон РК “О государственной поддержке малого предпринимательства” от 19.06.1997 – 4с
15. Попов В.М. Ляпунов С.И. Практика малого бизнеса. - Москва. 2001
16. Курс предпринимательства. Под.ред. В.Я. Горфинкеля – М.,1997
17. Малое предпринимательство: Теория, мировой опыт и Казахстан. /Под. ред. Е.Б. Жатканбаева. А, 2001.
18. Предпринимательство: Учебник/Под. ред. М.Г. Лапусты. – М.: ИНФРА – М, 2000.
19. Развитие франчайзинга и лизинга в сфере предпринимательства: Методические рекомендации для предпринимателей. – Караганда, 2004.
20. ҚР статистика агентігі
http://www.stat.kz
21. «Шағын және орта кәсіпкерлерді дамыту қоры» АҚ
http://www.fund-damu.kz
22. Орта және шағын бизнес
http://www.akimvko.gov.kz/business1.htm
23. Орта және шағын бизнес
http://www.damu-komek.kz/105
24. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту шаралары
http://www.damu.kz/1777
25. Үкімет шағын және орта бизнестің дамуына айрықша қолдау көрсетуде.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыстағы кездесетін негізгі түйін сөздер: шағын және орта
бизнес, жағын және орта бизнестің дамуы, шағын және орта бизнестің
экономикалық мәні, кәсіпкерлік, кәсіпкерлік түрлері, кәсіпкерліктің
жіктелуі, деректер негізі, және тағы басқа.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды,
пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшадан тұрады. Дипломдық жұмыстың
көлемі 62 беттен тұрады. Келтірілген кестелер саны- 7, суреттердің саны- 6,
пайдаланылған әдебиеттер тізімі – 16.
Сонымен қатар, дипломдық жұмыста бірқатар қысқартылған сөздер
қолданылған. Олар:
ШКС- шағын кәсіпкерлер субъектісі
МНҰ- микро несиелеу ұйымдары
ШОБ- шағын жіне орта бизнес
ТМД- тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ҚР- Қазақстан Республикасы
АҚШ- Америка құрама штаттары
АҚ- акцирнерлік қоғам
ЕДБ- екінші деңгейлі банк
РҚҚ- ресурстық қолдау қоры
ҚФА- Қазақстандық франчайзинг ассоциациясы
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын және
орта бизнесті дамыту мен оны қолдау мәселелерін зерттеу және оны жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келісідей міндеттері орындау қажет:
- шағын және орта бизнесті басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
- шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесін ескеру;
- ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау;
- ҚР шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдарын қарастыру.
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық
жағдайлар жасалуда, атап айтсақ, меншікті жекешелендіру жөнінде үлкен
жұмыстар атқарылды, мұның өзі кәсіпкерліктің дамуы үшін мықты экономикалық
негіз болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бірқатар
әлеуметтік мәселелерді шешуге негізделеді, атап айтсақ, шағын және орта
бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін
төмендетуге қол жеткізуге болады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген.

ГЛОССАРИЙ

Жеке кәсіпкерлер – жеке тұлғалардың табыс алуға бағытталған, олардың
өз меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелімен
және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық
қызметі.
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің
азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам.
Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен
міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы
және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе
сметасы болуы тиіс.
Кәсіпкерлік – бұл өзіндік көзқараста, жауапкершілікте және
инновациондық кәсіпкерлік ойда негізделген экономикалық белсенділіктің
ерекше түрі.
Кәсіпкерлікті басқару жүйесі – бұл болжамсыздық пен тұрлаусыздық
элементтерімен сипатталатын жаңа құрылымдар мен қасиеттерге ие болуға
қабілетті, саталық қосалқы жүйелерден тұратын, сыртқы ортамен тығыз
байланысы бар, үлкен, күрделі және нысаналы ашық ұйымдық жүйе.
Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда қаржылық,
инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер
бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кеңес беру әдістері эксперттік, үрдістік және
оқу-үйрету нысандарында болуы мүмкін .
Қызметкерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт
бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан басқа жеке еңбек шарты бойынша,
оның жасалу мерзіміне қарамастан жұмысқа қабылданған адамдар саны.
Қызметті қоса атқарушылық – қызметкердің негізгі жұмысынан бос
уақытында еңбек шарты жағдайында басқа тұрақты төленетін жұмысты орындауы.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда өнім
өндіру немесе қызмет көрсету (жұмыс орындау) жүзеге асырылады. Негізінен
тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік
болып табылады. Сондықтан өндіріс функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі
болып саналады. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын
қолданады.
Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін
танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді
тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады.
Шағын кәсіпкерлік кәсіпорны – заңды тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік
субъектісі.
Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін кәсіпорны – экономикалық қызметті
жүзеге асыратын немесе әлуетті жүзеге асыра алатын шағын кәсіпкерлік
кәсіпорны.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және
маңызы ... ... ... ... ... ..
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ...

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Даму кәсіпкерлікті дамыту қорының қызметі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау
шаралары ... ... ... ... ... ... ... .

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ЖЕТІЛДІРУ
ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
3.1 Франчайзинг кәсіпкерліктің жаңа нысаны
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару жүйесін қалыптастыру ... ..
3.3 Шағын және орта бизнесті дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі өркениетті
дүниежүзілік экономикалық даму жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін
салалардың бірі болып саналады. Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен
компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы
ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа
көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын
және орта кәсіпкерлікті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Кіші және
орта бизнес барлық елде қоғамның экономикалық өсуінің стратегиялық
бағыттарының бірі болып табылады.
Қазақстанның әлемдік экономикалық дағдарысқа ұшырау кезінде шағын және
орта кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге
бағытталады, сонымен қатар жаңа бизнес салаларында жаңа жұмыс орындарын
құру арқылы жұмыссыздықты жою. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын және орта кәсіпкерлік
инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір
бөлігін өндіреді. Сондықтан шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерий мен
тиімділік критерийіне сай болады
Шағын және орта бизнес ел экономикасының өзегіне айналды. Бүкіләлемдік
статистикаға сәйкес, көптеген мемлекеттерде кәсіпкерлер экономиканың
дамуына өз үлесін қосып келеді. 2001 жылмен салыстырғанда Қазақстандағы
шағын кәсіпорындар саны екі есеге, жеке кәсіпорындардың саны 5 есе
көбейген. Қазір елімізде 2 миллионға жуық адам осы салада еңбек етіп жүр.
Мемлекет шағын және орта кәсіпкерлік әлемдік дағдарыс салдарынан зиян
шекпес үшін қолдан келгенді жасап жатыр.
Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сауда мен шағын
және орта бизнесті дамытуға байланысты іс-шаралар қарастырылған [1].
Қазіргі таңда көпшілік кәсіпкерліктің өндірісті, нарықты, яғни бүкіл
қоғамның дамуына ықпалын тигізетінін түсіне бастады. Мемлекет
кәсіпкерлердің, ал кәсіпкер мемлекеттің қолдауының арқасында өркендеуде.
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту үшін барлық
жағдайлар жасалуда, атап айтсақ, меншікті жекешелендіру жөнінде үлкен
жұмыстар атқарылды, мұның өзі кәсіпкерліктің дамуы үшін мықты экономикалық
негіз болып табылады.
Шаруашылық жүргізудің жаңа формаларын қолданбай еліміздің экономикасын
жандандыру, халқымыздың әлеуметтік хал-ахуалын көтеру мүмкін емес. Соның
бірі – шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады. Ел экономикасын
дамытуда, тауар және қызмет сұраныстарын қанағаттандыруда, жалақы мен
зейнетақыны уақытылы төлеуде, жұмыссыздық мәселесін тежеуде және жаңа
технологияларды енгізуде шағын және орта бизнес шешуші фактор ретінде
маңызды рөль атқарады. Шағын және орта бизнес ірі бизнеске қарағанда
нарыққа тез бейімді, өзгермелі жағдайға байланысты икемді, жаңадан жұмыс
істеп тұрған өндіріс секторларында жұмыс істеуге қабілетті.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бірқатар әлеуметтік мәселелерді
шешуге негізделеді, атап айтсақ, шағын және орта бизнес саласында жаңа
жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге қол жеткізуге
болады. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде
дәлелденген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы шағын және
орта бизнесті дамыту мен оны қолдау мәселелерін зерттеу және оны жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келісідей міндеттері орындау қажет:
- шағын және орта бизнесті басқарудың теориялық негіздерін қарастыру;
- шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесін ескеру;
- ҚР шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау;
- ҚР шағын және орта бизнесті жетілдіру жолдарын қарастыру.
Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік негізі болып Қазақстан
Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, Даму кәсіпкерлікті
дамыту қорының материалдары мен отандық және шетелдік экономист –
зерттеушілердің еңбектері табылады.
Зерттеу пәні – шағын және орта бизнесті басқару.
Зерттеу объектісі болып Даму кәсіпкерлікті дамыту қоры болып
табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
Жұмыс беттен, кестеден, суреттен тұрады.

1 ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпкерліктің нысандары мен түрлері
Нарықтық экономиканың дамуының негізі – кәсіпкерлер, меншік иелері,
өндірушілер мен тұтынушылар арасында туындайтын экономикалық еркін қарым-
қатынас болып табылады.
Жеке кәсiпкерлiк туралы 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 124-111 Заңына
сәйкес заңды тұлға құрмаған, жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан
аспайтын дара кәсiпкерлер және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын,
жұмыскерлерiнiң жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы
активтерiнiң орташа жылдық құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда белгiленген 60000 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен
аспайтын заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылады.
Жеке кәсiпкерлiк туралы Қазақстан Республикасының Заңында
белгіленген жекелеген қызмет түрлерін жүргізетін (акцизделетiн өнiмдi
өндiрудi және (немесе) көтерме сатуы, ойын және шоу-бизнес саласындағы
қызметтi, радиоактивтi материалдардың айналымымен байланысты қызметтi, дара
кәсiпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып таныла
алмайды.
Кәсіпкерлікке байланысты негізгі түсініктемелерді қарастыру қажет.
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің
азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам.
Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығында оқшау мүлкі бар және осы мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша
жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен
міндеттерді сатып ала алатын және жүзеге асыра алатын, сотта талап қоюшы
және жауап беруші бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе
сметасы болуы тиіс.
Шағын кәсіпкерлік кәсіпорны – заңды тұлға түріндегі шағын кәсіпкерлік
субъектісі.
Шағын кәсіпкерліктің жұмыс істейтін кәсіпорны – экономикалық қызметті
жүзеге асыратын немесе әлуетті жүзеге асыра алатын шағын кәсіпкерлік
кәсіпорны.
Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорны – экономикалық қызметті
жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік кәсіпорны.
Жеке кәсіпкерлер – жеке тұлғалардың табыс алуға бағытталған, олардың
өз меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан, олардың тәуекелімен
және олардың мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық
қызметі.
Жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелуін салық органдары жүзеге
асырады.
Шаруа (фермер) қожалығы деп жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл
шаруашылығы өнімдерін өндіруге арналған ауыл шаруашылығы жерлерін
пайдалануға, сондай-ақ осы өнімді өңдеуге және өткізуге тікелей байланысты
адамдардың отбасылық-еңбек бірлестігі танылады.
Экономикалық қызмет түрі – онда жабдық, жұмыс күші, өндірістік
процестер, ақпарат желілері және өнім бірігетін қызмет, бұл біртекті өнім
(тауар, қызмет) жасауға алып келеді. Экономикалық қызмет түрі шығынмен,
өндіріс процесімен және өндірілген өніммен сипатталады. Шағын
кәсіпкерліктің әрбір тіркелген субъектісіне экономикалық қызметтің қосылған
құнның ең жоғары өсімін қамтамасыз ететін, яғни негізгі болып табылатын
түрі беріледі.
Шығарған өнімдер барлық шығарылған өнім мен көрсетілген қызметтердің
өндірушінің бағасымен көрсетілетін құны.
Қызметкерлердің тізімдік саны – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт
бойынша жұмыстарды орындайтын адамдардан басқа жеке еңбек шарты бойынша,
оның жасалу мерзіміне қарамастан жұмысқа қабылданған адамдар саны.
Қызметті қоса атқарушылық – қызметкердің негізгі жұмысынан бос
уақытында еңбек шарты жағдайында басқа тұрақты төленетін жұмысты орындауы.

2 сурет – Кәсіпкерліктің жіктелуі

1 сурет. Кәсіпкерліктің жіктелуі
Кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметтің сипаттамаларын қарастыра отырып,
оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
Кәсіпкерлікті көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Мұндағы
негізгі критерии қызметкерлер саны мен активтерінің орташа жылдық мөлшері
болып болып табылады.
Меншік нысаны бойынша, мемлекеттік, жеке және аралас болып бөлінеді.
Осы меншік нысандарына байланысты кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық-
құқықтық нысандары бойынша бөліп көрсетіледі. Яғни, заңды тұлға құрмастан
қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер, шаруашылық серіктестіктер (толық
серіктестік, коммандитті серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік,
қосымша жауапкершілігі бар серіктестік), өндірістік кооператив және
акционерлік қоғамдар.
Территориялық орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық және халықаралық
болып бөлінсе, салалық бағытына қарай өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс,
сауда және басқа да салалар бойынша бөлінеді.
Жүзеге асыратын қызмет түріне қарай, өндірістік, коммерциялық,
қаржылық және кеңес берушілік болып бөлінеді. Олар өз ішінен тағы бірнеше
түрге бөлінуі мүмкін.
Өндірістік кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің негізгі түрі. Мұнда өнім
өндіру немесе қызмет көрсету (жұмыс орындау) жүзеге асырылады. Негізінен
тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік
болып табылады. Сондықтан өндіріс функциясы кәсіпкерлер үшін ең негізгі
болып саналады. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын
қолданады.
Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді сату және сатып
алу келісім-шарты негізінде жүзеге асырылады, яғни тауарлы-ақшалай,
саудалық-айырбас операциялары сипатталады. Коммерция өзiнiң бастапқы
мағынасында сауда ұғымын бiлдiредi, ал коммерсант - сауда, тауар
айырбастау, тауар - ақша операцияларымен айналысатын саудалық iскер,
бизнесмен. Коммерциялық кәсіпкерлік өндiрiстiк кәсіпкерлікпен тiкелей
байланысты. Өйткенi, өндiрiлген тауарды ақшаға өткiзу немесе басқа
тауарларға айырбастау керек. Дәл осы саудалық iскерлiк тауарға деген
сұранымды анықтап қандайда болсын өнiмнiң түрiн өндiрудi көбейтуге немесе
керiсiнше шектеуге әсер етедi.
Кәсіпкерлік қызметің ерекше түрі – қаржылық кәсіпкерлік болып
табылады. Оның сату – сатып алу объектісі - ақша айналымы, бағалы
қағаздар, валюталық қатынастар. Яғни, ақшаны тікелей және қосымша нысанда
сату жатады. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты қаржы нарығы, валюта
және бағалы қағаздар нарығы бой көтерді, оларға қатысушылар: коммерциялық
банктер, қор биржалары, кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар, кәсіпкерлер және
жеке тұлғалар. Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің
іс-әрекеттерін бағалы қағаздар нарығы мен маркетингтік қызметті
ұйымдастырудан бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды
қағаздардың көздерін табады. Сонымен қатар меншікті акцияға, облигацияға,
несие мен коммерциялық бағалы қағаздарға қатысты бағалы қағаз эмиссиясы
жүзеге асырылуы мүмкін.
Кеңес беру кәсіпкерлігі – бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда қаржылық,
инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер
бойынша жұмыстар жүргізіледі. Кеңес беру әдістері эксперттік, үрдістік және
оқу-үйрету нысандарында болуы мүмкін [2].
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген
заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынандай нысандары бар:
- мемлекеттік кәсіпорын;
- серіктестік (толық жауапкершілікті, аралас және жауапкершілігі
шектеулі жауапкершілікті);
- акционерлік қоғам, бірлестіктер [3].
Кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарына дара кәсіпкерлік және
шаруашылық серіктістіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар
мен мемлекеттік кәсіпорындар жатқызылса, ұйымдық-экономикалық нысандарға
концерндер, ассоциациялар, консорциумдар, синдикаттар, картелдер, қаржы-
өнеркәсіптік топтарды жатқызуға болады.
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ең қарапайым нысандарының бірі
дара кәсіпкерлік болып табылады. Дара кәсіпкерлік - заңды тұлға құрмастан
жеке тұлғалар өздерінің меншігіне негізделе отырып, тәуекелге бару және
мүліктік жауапкершілік арқылы жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған
бастамашылық қызметі. Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік
түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне
тиесілі мүлік негізінде, сол мүлікті пайдалану және оған билік ету
құқығымен дербес жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар
(дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне тиесілі ортақ мүлік негізінде, мүлікті
бірлесіп пайдалану және билік ету құқығымен жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлік келесі нысандарда болуы мүмкін:
1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге
асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;
2) шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе
жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде
жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын
жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын жеке тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу келіп тіркелу сипатында болады және оның тұрғылықты жері
бойынша аумақтық салық органында дара кәсіпкер ретінде есепке алынады.
Тұрақты негізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын немесе жеке
кәсіпкерлік қызметтен жеке тұлғалар үшін белгіленген салық салынбайтын
жылдық жиынтық табыстың мөлшерінен асатын табысы бар дара кәсіпкерлер
міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Кәсіпкерліктің басым бөлігін шаруашылық серіктестіктер құрайды.
Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың
(қатысушылардың) үлесіне бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Қазақстан
Республикасы Азаматтық кодесіне сәйкес (58 бап, 2 тармақ) шаруашылық
серіктестіктер толық серіктестік, сенім (командиттік) серіктестігі,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестік нысандарында құрыла алады. Шаруашылық серіктестікті жеке және
заңды тұлғалар құра алады, ал бір адам құрған жағдайда, ол оның бірден-бір
қатысушысы болып табылады. Құрылтайшылар (қатысушылар) серіктестіктің
жарғылық капиталына салым ретінде ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік
құқық және өзге де мүлікті енгізе алады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылардың қабылдаған шешімі
бойынша өз еркімен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкін. Сондай-ақ,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзге де шаруашылық серіктестік,
акционерлік қоғам немесе өндірістік кооператив болып қайта құрыла алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы
құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады
және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжатта табыс етілген күнгі 100-
айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем болмауы керек.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар серіктестікті
тіркеген кезге дейін жарғылық каптиалдың жалпы сомасының кемінде ең төменгі
мөлшерін енгізуге міндетті. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өз үлесін немесе оның бір
бөлігін өз қалауынша осы серіктестіктің бір немесе бірнеше қатысушысына
сатуға немесе басқа түрде беруге құқылы.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп – қатысушылары серіктестік
міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен,
ал, бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың
еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін
серіктестікті айтамыз. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда
көзделеді.
Кәсіпорындардың тағы бір ұйымдық нысаны өндірістік кооперативтер.
Өндірістік кооператив дегеніміз азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі
үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік
кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті
бірлестігі. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік
кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша
қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооперативтер мүшелікке
кіру мен шығудың еркіндігі, мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттілігі,
басқарудың демократиялылығы, өзара көмек және оның мүшелелері үшін
экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, өндірістік кооперативтің қызметі
туралы ақпаратқа қол жетушілік сияқты қағидалар негізінде жұмыс істейді.
Қазіргі кезде экономика секторларында қызмет етіп отырған
кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі акционерлік қоғамдар
болып табылады. Оларды ірі кәсіпкерлікке жатқызуға болады. Акционерлік
қоғамдар тек шаруашылық жүргізуші субъект ретінде ғана емес, сондай-ақ, ел
экономикасына инвестиция тартуға, қор нарығының дамуына да белгілі бір
деңгейде әсер ететіндігі белгілі. Қазақстан Республикасының Акционерлік
қоғамдар туралы заңына сәйкес акционерлік қоғам деп - өз қызметін жүзеге
асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаны
айтады. Ал, акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды
басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның
мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз [4].
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының
заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде
болады. Бірақ бұл мөлшер өз қызметін инвестициялық жекешелендіру қоры
ретінде жүзеге асыратын қоғамға қолданылмайды.
Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың акцияларды
олардың нақты құны бойынша төлеуі және акцияларды инвесторларға орналастыру
бағасы бойынша сату арқылы қалыптастырылады. Құрылтайшылар төлейтін
жарғылық капиталдың мөлшері қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі
мөлшерінен кем болмауға және құрылтайшылар оны қоғам заңды тұлға ретінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап отыз күн ішінде толық төлеуге тиіс.
Жарғылық капиталды ұлғайту акционерлердің жалпы жиналысының немесе соттың
шешімімен акцияларды шығару және орналастыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Кәсіпкерлікті басқару жүйесі – бұл болжамсыздық пен тұрлаусыздық
элементтерімен сипатталатын жаңа құрылымдар мен қасиеттерге ие болуға
қабілетті, саталық қосалқы жүйелерден тұратын, сыртқы ортамен тығыз
байланысы бар, үлкен, күрделі және нысаналы ашық ұйымдық жүйе.
Кәсіпкерлікті басқару жүйесі – бұл мақсатты көп деңгейлі басқару жүйесі,
басқару обьектісіне кәсіпкерлік кызмет жатады, ал басқару субьектісі
ретінде кәсіпкерлікті басқару органдары жүйесі орын алады.
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру негізінде жаңа кәсіпорын құру үрдісі
негізгі үш кезеңнен тұрады:
1-ші кезең дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет
түрін, көлемін анықтау және ұйымдық – құқықтық нысанын таңдау жүзеге
асырылады;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау
үрдістері мен мемлекеттік тіркелу мәселелері шешіледі;
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның
ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі
өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік
инфрақұрылымның қызметін үйлестіру.
Кәсіпкерлікті жүзеге асырушылардың ерекше белгілері ретінде
жаңашылдық, шығармашылық ізденіс, жауапкершілік, іскерлікте этика
әрекеттері, жеке қабілеттер мен қасиеттерін де жатқызуға болады [5].

1.2 Шағын және орта бизнестің экономикалық мәні және маңызы
Қазақстан Республикасының экономикасы шаруашылықтың әртүрлі формаларын
дамытпай қалыптаспайды, оның ең маңызды бөлігі шағын кәсіпкерлік болып
табылады. Шағын және орта бизнес - нарықты қалыптастыруда, ірі өндірушілер
монополизмін шектеуде және бәсекелестікті дамытуда, тауар және қызмет
сұранысын қанағаттандыруда, жұмыссыздық мәселесін тежеуде, жаңа
технологияларды енгізуде, Қазақстан Республикасының экономика саласын
дамытуда маңызды роль атқарады.
Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы алатын орны ерекше,
өйткені мемлекеттің жалпы қоғамның алға жылжуының бірден-бір рычагы болып
табылатыны сөзсіз. Шағын бизнес ірі бизнеске қарағанда нарыққа тез бейімді,
өзгермелі жағдайларға байланысты икемді, жаңа дамып отыратын өндіріс
секторларында жұмыс істеуге қаблетті.
Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін
танытуының, белгілі бір мақсаттарды жүзеге асырушының іс әрекетінің тиімді
тәсілі. Ол адамдардың өзіне сенімін арттырады, іскерлігін қалыптастырады.
Кәсiпкерлiк қызметке талдау жасау – оның жалпы экономикалық ой-пiкiр сияқты
ұзақ тарихы мен терең тамырының бар екендiгiн көрсетедi. Нарықтық
экономикасы дамыған елдерде әрбiр азаматтың кәсіпкерлікпен айналысуға
құқығы бар. Алайда оны жүзеге асыру қоғам мүшелерiнiң кез-келгенiнiң
қолынан келе бермейдi. Сондықтан, кәсiпкерлiктiң нақты субъектiсi – бұған
деген алғышарттары бар, ең бастысы капитал иемдену құқығы бар субъектілер
жатады.
кәсiпкерлiктiң соңғы нәтижесi өндiрiлген өнiм мен көрсетiлген қызмет
арқылы пайда табу. Осы себептен кәсiпкерлердiң басты мақсаты – өз
кәсiпорынының пайдасын барынша жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту
болып табылады. Ал, кәсiпкердiң табысы көбiне оның бизнестi ұйымдастыруына
тiкелей байланысты. Қызметiнiң бастапқы кезеңiнде кәсiпкер қатаң бәсеке
жағдайында нарықтан шығып қалмас үшiн өндiрiс факторларын жүйелеудің жаңа
жолдарын iздейдi, яғни, бұл кәсiпкерлiктiң ең басты мәселесi.
Шағын бизнес - қоғамдық қатынастардың бірден-бір түрі ретінде қоғамның
рухани және материалды потенциялын көтеріп қана қоймай, сонымен қатар,
әрбір индивидтің таланты мен мүмкіндіктерінің тәжірибе жүзінде көрінуіне
жағымды бастау бола отырып, ұлттық бірігуіне, оның ұлттық рухының және
мақтанышының сақталуына әкеледі.
Шағын және орта-бизнес экономиканың негізгі қозғаушы күші. Дамыған
мемлекеттердің экономикалық даму қарқыны шағын және орта-бизнес
субъектілерінің тарапынан байқалады. Сондықтан шағын және орта-бизнестің
ролі қай уақытта болса да өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Көптеген ғалымдардың еңбектерінде шағын және орта бизнес туралы,
кәсіпкерлік туралы және даму ерекшеліктері туралы пікірлер көптеп
кездеседі. Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730
жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл
шегінде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде
дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен
жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта айтқанда жаңа кәсіпорын
құруды білдіретін ұғым дегенге келді. Алғашқыда кәсіпкерлік термині
тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір
тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды.
Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен
байланыстырылды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз
еңбегін, ресустарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәсіпкерді өзіне өзі
жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы,
сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру
жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның
пікірінше, кәсіпкердің басты ерекшелігі олардың тұрақсыз жағдайларда жұмыс
істеуілері.
Басқа бір дін қызметшісі Николас Бауде өндірушілер мен фермерлер
топтарының гүлденуі, олардың жаңалықтарға яғни жаңартпа мен менеджментке
деген бейімділіктеріне байланысты деп санады. Бауде еңбек өнімділігінің
ұлғаюындағы ғылым мен технологияның маңыздылығына әрдайым ерекше көңіл
аударып отырды. Ол кәсіпкер мен меншіктенушінің өзара айырмашылықтары бар
деп ұйғарды. Меншіктенушілер кәсіпкерді капиталмен қамтамасыз етеді, олар
өз кезегінде, бұл қаржы құралдарын шикізат алуға және жұмысшыларға еңбек
ақы төлеуге пайдалана отырып, әуекелге барады. Өз ілімінде ол жаңа
енгізілімдерді басқарудың қажеттілігін, сондай-ақ тәуекел деңгейін тек
білім арқылы төмендетуге болатындығын дәлелді түрде сипаттады. Ол сондай-ақ
кәсіпкерлердің кемшіліктерін және оларды өндірісті ұйымдастыру өнері сияқты
маңызды салада оқытып үйрету қажеттілігін көрсетті ірі мемлекетті өзінің
әкімшілік билігі мен заңдарын осындай адамдарды қолдау үшін пайдалануға
шақырды. Сонымен қатар, ол сол кезде-ақ монополиямен күресу қажеттілігін
және салық жүйесінде тәртіптің жоқтығын көрсетті. Көріп отырғанымыздай,
XVIII ғасырдың ортасында Бауде біздің уақытымыз үшін де маңызды мәселелерді
көтерген.
1776 жылы Адам Смит өзінің Халықтар байлығының табиғаты мен себептері
туралы зерттеу атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп
көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеңе
айтылмады.Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен
мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерілді, ол
индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете
қалатынын айтты.
Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша бекітілген кәсіпкерліктің
анықтамасы жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизричтің пікірі
бойынша кәсіпкерлік – белгілі бір құқы бар, жаңа бір нәрсені шығару
процесі, ал кәсіпкер – осы процеске қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын
қаржылық, психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алып, бұл үшін
ақша алып және жеткен жетістігінен рахат сезімін алатын адамды айтады.
Америкалық оқу және ғылыми әдебиеттерінде кәсіпкерлік пен кәсіпкерді
экономикалық, саяси – экономикалық, психологиялық басқару және басқа да
жағынан сипаттайтын көзқарастар бар.
Ағылшын профессоры Алан Хоскинг былай дейді: жеке кәсіпкер - істі
өзіне ғана сеніп жүргізетін, бизнесті тек өзі басқарып, керекті
қаражаттармен қамтамасыз етіп, өз еркімен шешім қабылдайтын тұлға. Ол үшін
алған сыйы болып - кәсіпкерлік қызмет нәтижесінен кейін түскен пайда және
еркін кәсіпкерлекпен айналысқандағы қанағат сезімі. Бірақ, осылармен қатар,
ол кәсіпорынның банкротқа ұшырау жағдайында барлық шығын тәуекелін өз
мойнына алады.
Қазақстанның ғалымдары жазған сөздіктерінде, шағын бизнестің нақты
анықтамасы жоқ деп айтсақта болады, оның тек шағын бизнес ретінде ұқсас
анықтамалары бар. Ал Я.А. Аубакировтің сөздігінде шағын кәсіпорын –ол
заңды тұлға ретінде құқығы бар, шек қою немесе жұмысшылардың санына және
шаруашылық іскерлігінің көлемі сияқты белгілерімен айрықшыланатын
жауапкершілікті шаруашылық субъект. Бірақ меншік формасына байланысты шек
қою қарастырылмайды. Құрылтайшылардың құрылымына қарай шағын кәсіпорын,
жуапкершілігі шектеулі серіктестік, жеке кәсіпорын, кооператив, мемлекеттік
немесе араласта болуы мүмкін. Ал, шағын кәсіпорындардың салықты төлеу
жағынан жеңілдіктері бар Сонымен қатар, М.Н Абишевтің айтуынша шағын
бизнес - кез-келген жеке формасының негізінде шаруашылық қызметінің барлық
түрлерін іске асыра алатын, 200-ге дейін жұмысшылар саны болатын
кәсіпорын.
Кәсіпкерлік – бұл өзіндік көзқараста, жауапкершілікте және
инновациондық кәсіпкерлік ойда негізделген экономикалық белсенділіктің
ерекше түрі.
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде көрінеді,
себебі оның бастапқы кезеңі тек идеямен байланысты болады. Соңына ол идея
жүзеге асырылады.
Шағын және орта кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы күштерінің
ішінде кәсіпкерлер негізгі орын алады. Кәсіпкер – бастамашыл негізде, толық
экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте
табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге
қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Республика экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндiрiстi басқару
құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерiстер болып жатқаны байқалады.
Соның iшiнде маңызды бағыттардың бiрi - шағын кәсiпкерлiктiң дамуы болып
табылады. Кәсiпкерлiк алымдылық қабiлеттiң, пысықтықтың шынығуына жағдай
жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының да болуы мүмкiн емес.
Сондықтан қазiргi кезеңде өз ойлау қабiлетi мен еркiндiгiн пайдалана
кәсiпкерлiкке баса назар аудармасқа болмайды [6].
Қазақстан республикасының заңына, кіші кәсіпкерлік туралы 6-бабына
сәйкес, егер қарасақ, кіші кәсіпкерлік дегеніміз жұмыскерлердің саны 50
адамнан аспау керек және активтары 60 мың айлық есептен аспау керек дейді.
Ал орта бизнесті алсақ, адамдардың саны 250 аспау керек және 325 АЕК-тен
аспау керек дейді.
Ал әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын және орта кәсіпорындар
тек нарықтық экономика жағдайында ғана тиімді бола алады Олардың барлық
өндірістік, яғни ақпараттық, материалдық техникалық, ғылыми, жобалық –
конструкторлық және т.б. қажеттіліктерін нарық қанағаттандырады.
Шағын және орта кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетінің негізгі
факторы олардың икемділігі болып табылады, яғни, тұтынушыны тез тауып алуға
және нарықта өтімді товарды тез тарату қабілеті.
Ғылыми техникалық прогрессте шағын кәсіпкерліктің ролінің негізгі
факторлары үш бағыт бойынша анықталады:
- ірі және ұсақ өндірістің техникалық деңгейіндегі
мамандандырылудың дамуы;
- шағын өндіріс маштабында тиімді, аз ақша қаражаты жұмсалатын
технологиялық әдістерді, өндірістік саланы (бағытты) және машина жүйесін
енгізу және дамыту;
- жаңалықтардың (жаңа енгізілгендердің) жылдамдатылған өндірісі.
Шағын және орта кәсіпорындардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:
- тез өзгеріп отыратын нарық талаптарына жылдам бейімделгіштігі мен
икемділігі;
- өндіріс технологиясын өзгертуге, тауардың үлгісі мен түрін тез
өзгертуге, жаңалық енгізуге қабілеттілігі;
- ынталандыру жүйесінің икемділігі;
- жұмыс күнінің еркін ұйымдастырылуы (толық емес жұмыс күні және үйге
алынатын жұмыс);
- аймақтық экономиканың дамуындағы, басқарудағы дербестіктің
жоғарылауындағы шағын кәсіпорындардың ролі;
- әкімшілік кедергілердің болмауы;
- өндіріс пен қызмет көрсетуге мамандандырылуы;
- адамдардың жұмыспен қамтамасыз етулуі;
- дәрежелі мамандарды ұтымды пайдалануы;
- өндіріс процестерінің қарапайымдылығы;
- өнімнің әрдайым жаңартылып тұруы;
- жеке қарым - қатынас мүмкіндігі.

1кесте

Ірі және шағын бизнестің салыстырмалы талдауы

№ Белгілері Ірі бизнес Шағын бизнес
1 Өндірістік және Өнеркәсіп, Қамтамасыз етуші өндіріс,
қызмет көрсету отын-энергетикалық сауда және қызмет көрсету
салалары кешен, энергетика аясы
2 Өнім шығару сипаты Көпшілік өндіріс Микросериялық немесе жеке
өндіріс
3 Жаңа енгізулерге Жаңа енгізулерге Жаңа енгізулерге ірі
қабілеттілік қабілеттілігі шектеулібизнестен 24 есе көп
4 Стратегиясының 6-10 жылда 0,5-1 жылда
өзгерісі
5 Қызмет аясы Ірі қалалар мен Үлкен және кіші қалаларда
өнеркәсіптік кешендер
6 Бәсекелестік ортаны Нарықтың елеулі үлесінБәсекелестіктің күшеюі
құру алу есебінен
бәсекелестікті шектеу
7 Жұмыс орындарын құруЖұмыс орындарын құру Жұмыс орындары 3 есе
қарқыны төмен тезірек құрылады
8 Жұмыс күшін тиімді Қызметкерлерді өзара Қызметкерлерді өзара
пайдалану мүмкіндігіауыстыру мүмкіншілігі ауыстыру мүмкіншілігі бар
шектеулі
9 Басқару құрылымы Қолайсыз басқару Басқарудың икемділігі,
құрылымдары басқару қызметкерлерінің
көп еместігі
10 Тіркеу және Елеулі қаржы шығындарыШығындар көлемінің төмен
кәсіпорындар құру және тіркеудің болуы
ұзақтығы
Деректер негізі: [7].

Көп елдердің өкіметі жаңа идеялардың жаңа жұмыс орындарының, табыс пен
гүлденудің көзі деп қарап отыр, шағын бизнесті дамытуда ынталандыру жөнінде
шаралар қабылдайды. Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай отырып,
мақсаты ірі бизнестен тіпті бас тарту болып табылмайтын, елдің экономикасы
үшін шағын бизнестің артықшылығын көрсету болып табылатын шағын және ірі
бизнесе салыстырмалы талдау жүргізуге болады.
Сонымен, шағын және орта бизнес экономиканы жандандыратын фактор ғана
емес, сонымен бірге экономикалық дағдарыстан шығудың алдыңғы кезегі ретінде
де қаралады. Шағын және орта кәсіпорындардың орасан зор санын құру
жұмыссыздықтың азаюына, таза бәсекелестікті туғызуға, қаржы нарығын
жандандыруға, тұрғындардың сұраныс қабілеттілігін арттыруға, ірі бизнесті
дамытуға бастау алуға және дамытуға себеп болды. Экономиканың мұндай орасан
қарқынды шағын бизнестің кез-келген ірі бизнестің негізі екендігіне көз
жеткізген жоғары дамыған елдердің өзі қолдайды, себебі кез-келген ірі
кәсіпорын бір-екі адамның өз ісін көп емес, бастапқы капиталмен ашатын
идеясынан басталады [7].
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер мен iрi фирмалар шағын бизнестiң
дамуына жан-жақты ат салысуда. Өйткенi олар әлеуметтiк -экономикалық
мәселелердiң бiрқатарын шешедi. Бiрiншiден, жұмысшыларға жалдамалылар
қатарынан шығып, өз кәсiбiнiң қожасы болу мүмкiндiгi туады. Екiншiден, кiшi
кәсiпкерлiктi халықтың жұмыспен қамтылу мәселесiмен де бiрлестiрiп
қарастыруға болады. Үшiншiден, шағын кәсiпкерлiктiң өркендеуi тауарлар
өндiрудi ұлғайтуға және қызмет көрсетудi дамытуға жол ашады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан 1997 жылдың қаңтар айында
құрылған шағын бизнес мәселелерi жөнiндегi ынталы топ, экономиканың даму
саласын реттейтiн заңдылық және нормативтiк – нұсқаулық актiлерiн
жетiлдiруге көмектеседi деп күтiлуде.
Сонымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 18 маусымында шыққан
“Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” Заңында шағын кәсiпкерлiк
тұлғаларын тiркеу процедурасын барынша жеңілдету туралы атап айтылған едi.
Жарғылық капиталға қойылатын талап та жеңiлдетiлдi. Мысалы, бұрын заңды
тұлғаны тiркеу үшiн кәсiпкерлер ақша мен уақыттарын шағындап 10-12 түрлi
құжаттар жинауы керек болатын. Ал, ендi жаңа заңдылық бойынша тәртiп
ыңғайлы. Бекiтiлген үлгi бойынша өтiнiш тек әдiлет басқармасына ғана
көрсетiледi. Бекiтiлген жарғының бiреуi бойынша жұмыс iстеуге келiсiм
берiледi және тiркеу үшiн екi есе төлем көрсеткiшi бойынша салық төленедi.
3 күн iшiнде әдiлет басқармасы кәсiпкерге тiркеу туралы куәлiгiн және
статистика органы мен салық инспекциясына қажеттi мәлiметтердi беруге
мiндеттi.
Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге
қабiлеттi болғандықтан шағын және орта кәсiпкерлiктiң нарықтық
экономикадағы маңызы зор.
Шағын және орта бизнестің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және
жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың
ең жоғарғы нәтижелілігіне деген жалпы біріккен құштарлық, ұжымдық түрде
еңбек етуге деген ұмтылыс.
Шағын және орта бизнестің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын және орта
бизнестің икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін тез
ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа жұмыс істеу
салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі.
Шағын бизнестің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және жұмыспен
қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың ең жоғарғы
нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде еңбек етуге
және бригада болып жұмыс істеуге ұмтылыс. Ірі фирмаларда құрушылар
(негізінен қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман менеджерлерді тартуға
мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің тоғыспауына әкеледі, ал ол өз
кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер етеді. Шағын және орта
кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге болады, себебі негізін
қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір адам [8].
Сонымен, шағын және орта бизнес тек қана экономиканы жандандырушы
фактор болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының
алғашқы кезеңі ретінде қарастырылады. Шағын және орта фирмаларды көбірек
құру – жұмыссыздық проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы,
қаржы нарығын жандандыруы, ірі бизнестің дамуына бастама беруі және бүгінгі
барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.

1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудың шетелдік тәжірибесі
Дамыған елдерде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау саясатының
жалпы мақсаты - шағын және орта бизнеске қолайлы ортаны қалыптастыру болып
табылады, яғни экономикалық саясатының тұрақтылығы, нарықтық
инфрақұрылымның дамуы, интеллектуалды меншікті қолдаудың тиімді жүйесі,
жеңілдетілген әкімшілік талаптар, жеке бастамшылыққа дем беретін
идеологиялық жағдайлар және тағы басқалар. Америка құрама штатында шағын
және орта бизнес мәселелерін шешетін арнайы ұйым - шағын және орта бизнес
әкімшілігі құрылған. Жапонияда жергілікті билік органдары қарызды
кепілдендіру жөніндегі ассоциациясы ұйымдастырған. Канадада бизнесті
дамытудың федералды банкі арқылы кәсіпкерлерді несиемен, соның ішінде
кепілдемемен қамтамасыз етеді.
Бүкіл дүниежүзінде шағын және орта бизнестің экономика құрылымындағы
үлесі жоғары. Сол шағын және орта бизнестің даму деңгейіне елдің
экономикалық дамуының өсуі тәуелді болады.
Батыс Еуропа елдерінде кәсіпкерліктің дамуына барлық жағдайлар
қарастырылған. Атап айтсақ, Германияда жеке ісін ашуға ынталандыруға
бағдарлама жүргізіледі, соған сәйкес арнайы банк 100 000 евро мөлшерінде 20
жыл мерзімге қарыз береді. Жеке ісін ашушылар 10 жыл бойы қарызды өтеуден
босатылады, ал алдыңғы екі жылда пайыз алынбайды. Осы екі жылдың ішінде
федералдық үкімет банкке тиісті соманы өтейді. Шағын кәсіпорындарды
ынталандыру жөніндегі бірқатар шаралар арнайы федералдық қордан
қаржыландырылады. Қор тиімді шарттармен несие мен қарыз береді.
Батыс Еуропа елдерінде кәсіпкерлікті қолдау ұлттық, сонымен қатар,
жергілікті деңгейде іске асырылады. Ұлыбританияда, шағын және орта
кәсіпорындар үшін кадрларды дайындауды Жұмыс күші жөніндегі комиссия
ұйымдастырылған.
Барлық елде шағын бизнес жалпы бизнестің басым бөлігін құрайды.
Олардың басым көпшілігінің жылдық тауар айналымы 3 млн. долларға дейін
жетеді. Дегенмен, мамандардың өздері әлі күнге шағын фирмаларға таңдануда:
дәл солар жаңа жұмыс орындарын құрады, ескі өнімді жаңартып, жаңасын ойлап
табады.
Швейцария мен АҚШ-тың шағын кәсіпорындары көптеген қызметкерлерге
жұмыс ұсынады. Сонымен қатар, шағын және орта кәсіпорындарында жоғары еңбек
тиімділігі байқалады, олар аз шығынмен тауар мен қызметтің жетіспейтін
түрлерінің қажеттілігін қанағаттандырады.
Сондықтан Еуропа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы
15,7 миллион кәсіпорындардың барлығы дерлік шағын және орта бизнес болуы
кездейсоқтық емес. Шағын бизнес кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен (62
млн.) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес қосты,
статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. адам өздеріне және 46 млн. адам
жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Көптеген жылдар бойы әртүрлі елдердің ғалымдары шағын бизнеске
анықтама беруге тырысып келеді. АҚШ Конгресс Комитетіне шағын бизнестің 700-
ге жуық анықтамасы ұсынылған. Шағын бизнесті сипаттаудың түрлі критерийлері
бар, мысалы, өндіріс көлемі, жұмыс істеушілердің саны, депозиттердің
көлемі, негізгі өндіріс қорларының актив бөлігінің өлшемі, басқару
аппаратының өлшемі, кіріс мөлшері. Ең кең тараған критерийлердің бірі -
жұмыс істеушердің саны. Кейбіреулер жұмысшылар саны 100-ге дейін, тағы
біреулер 50-ден 1000-ға дейін, үшіншілері 100-ден 1500-ге дейін жететін
кәсіпорындарды шағын бизнес кәсіпорындары деп санауды ұсынуда.
Франция, Германия және Италияда 500 адамы бар кәсіпорындар орта, 200-
ге дейін және одан аз жұмысшылары бар кәсіпорындар шағын болып есептеледі.
Еуропаның көптеген елдерінде 10-ға дейін адамы бар кәсіпорындар шағын деп
саналады.
Осылайша, сандық құрамы маңызды болса да, сапалық сипаттамасы сонда да
айқындаушы болып табылады.
Германияда ереже бойынша, жұмыспен қамтылған адамдар саны 1-ден 500-ге
жететін кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызады, сөйте тұра олар келесі 4
категорияға бөлінеді: 20-дан 49-ға дейін, 50-ден 99-ға дейін, 100-ден 199-
ға дейін, 200-ден 449-ға дейін. Бұл елде жылдық ақша айналымы 3,5-нан 11,5
миллион неміс маркасын құрайтын фирмалар, шағын фирмалар деп саналады.
Жапонияда заңды түрде белгіленген кәсіпорындар критерийлері бар:
өнеркәсіп, көлік және құрылыста – 300 адамнан көп емес, көтерме сауда –
100, бөлшек сауда және қызмет көрсету саласында – 50, олар осы
критерийлерге қарай шағын және орта кәсіпорын статусын ала алады. Сондай-ақ
жарғылық капитал мөлшері де шектелген: өнеркәсіп, құрылыс және көлікте –
770 мың доллардан жоғары емсе, көтерме саудада – 230 мың доллар, қызмет
көрсету саласында 77 мың доллар.
Ресей Федерациясының қазіргі қолданып жүрген заңдарына сәйкес, шағын
кәсіпорындарға:
- өнеркәсіпте – 200 адамға дейін;
- құрылыста – 100 адамға дейін;
- көтерме сауда – 50 адамға дейін;
- ауыл шаруашылығында – 50 адамға дейін;
- ғылымда және өндірістік емес салада – 25 адамға дейін;
- бөлшек саудада – 15 адамға дейін жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Қазақстан Республикасында адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын
болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8 сәуірдегі № 499
қаулысына сәйкес шағын кәсіпорындарға:
- өндірісте, құрылыста және ауыл шаруашылғында – 50 адамға дейін;
- саудада және тұрмыстық қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын бизнесті қалыптастыру
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасының шағын бизнесін талдау және оның даму перспективалары
Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындардың қаржысы
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнестің даму тенденциясы және оны қаржылық - несиелік қолдау механизмін талдау
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің қалыптасу ерекшеліктері
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
Жеке және шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын және жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы
Пәндер