Банктің депозиттік қызметі туралы ақпарат



Кіріспе 3
1. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы депозиттердің экономикалық мәні
1.1. Банктік депозиттік операциялардың экономикалық мәні 4
1.2. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік қызметтері 9
2.
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік нарығын талдау
2.1. Екінші деңгейлі банктердің депозиттік нарығын және депозиттік портфелінің құрылымын талдау 14
2.2. «АТФ Банктің» ұсынатын депозиттік операциялары және олардың құрылымы 23
З. Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік операцияларын дамыту жолдары
3.1. Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді азайту жолдары 39
3.2. Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру жүйесінің даму келешегі 46
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер 58

Қосымшалар
Банктің депозиттік қызметі – қазіргі нарық жағдайында өте үлкен мәнге ие болып отыр. Себебі, мүндай қызметтің дамуы халық үшін, тіпті жалпы экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Сондықтан, бітіру жұмыстың мақсаты – банктің депозиттік операцияларын талдау, сондай-ақ, шетел тәжірибесінде көрсетілетін банктік қызмет түрлерін қарастырып, әсіресе депозиттік операцияларға қатысты ұсыныстарды белгілеу болып табылады.
Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді белгілеуге болады:
1. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап, коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу.
2. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды белгілеу.
Жалпы «банктік қызмет» біздің өмірімізбен үздіксіз байланыста болып тұрады. Оның әртүрлі болуы халық үшін, оның ішінде бұл қызметтерді таңдауда және банк үшін, ол қызметтерді ұсынуда өзара тиімді болу керек. Себебі, банк өзінің клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтеді, ал біз, тұтынушылар ретінде, өздеріміздің мүмкіндігімізге және ниетімізге сәйкес сол қызметтерді тұтынамыз. Яғни, банктер өздерінің операцияларының ауқымын және клиенттерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту арқылы банктер өздерінің табыстылық базасын үлғайтып, рентабельділігін және бәсекелестік қабілеттілігін өсіреді. Сондай-ақ, бұл жерде банктік қызметтер ұсынылған кезде банктер үшін ол минималды шығындарды қарастыруы қажет.
Банктік қызметтер нарығында бәсекелестік өте үлкен орынға ие. Ал ол өз кезегінде қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді. Яғни, мұны маркетингтік зерттеулер нәтижесінде анықтайды. Себебі, бәрімізге белгілі, маркетингтік зерттеу банктің бүкіл операцияларына қатысты зерттеулерді жүргізіп, банктің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.
Халыққа көрсетілетін дәстүрлі (спецификалық) қызметтерді көрсетумен қатар, депозиттерге халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарту, несиелер беру және есеп-айырысу – кассалық операцияларын жүргізумен қатар, қазіргі кездегі коммерциялық банктеріміз электронды қызметтерді, клиенттердің өтінішіне байланысты маркетингтік зерттеулер жүргізу, валюталық операцияларды, сондай-ақ басқа да қаржылық қызметтерді ұсынып отыр.
Бұл бітіру жұмысы 3 негізгі тараудан, кіріспеден және қорытындыдан тұрады.
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 31.08.1995 жыл.
2. «Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) кепілдендіру (сақтандыру)» Қорының Ережелері.
3. Ақша айналысы және несие /Мақыш С.Б. - Алматы: «Қазақ Университеті», 2000 жыл.
4. Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары /Көшенова Б.А.: – Алматы: Экономика, 2000 жыл.
5. Банковское Дело /Под ред. Сейткасымова Г.С. – Алматы: Қаржы-қаражат , 1998 год.
6. Банковское Дело /Под ред. Лаврушина О.И.- Москва: Финансы и статистика, 1998 год.
7. Банковский менеджмент /Питер С. Роуз (перевод с английского) – Москва: Дело, 1997 год.
8. Банктік тәуекелдер /Шаяхметова К.О. – Алматы: «Қазақ Университеті», 2004 жыл.
9. Банковский маркетинг /Тулембаева А.Н. – Алматы, «Қазақ
Университеті», 2005 год.
10. Банки и банковские операции /Под ред. Жукова Е.Ф. – Москва: 1997 год.
11. «Банковский маркетинг» /Спицын И.О., Спицын Я.О. – Москва: 1995 год.
12. Введение в банковское дело /Под ред. Асхауера Г. (перевод с немецкого) – Москва: 1997 год.
13. Коммерциялық банктер операциялары /Мақыш С.Б. – Алматы : Изд. Маркет, 2004 жыл.
14. Мишкин Ф. Экономическая теория денег, банковского дела и финансовых рынков. – М., Аспент-пресс, 1999.
15. Михайлов Д.М. Современные тенденции развития мирового рынка ссудных капиталов. Диссертация (05990000568).
16. Максимо В. Энг, Фрэнсис А. Лис, Лоуренс Дж. Мауэр. Мировые финансы. – Москва, Издательско-консалтинговая компания Дека, 1998 год.
17. Операции коммерческих банков. /Ширинская Е.Б. – Москва: Финансы и статистика. 2002 год.
18. Основы современного банковского дела /Мадиярова Д.М., Марчевский В.С. – Алматы: Экономика, 1997 год.
19. Роджер Л. Миллер, Дәэвид Д. Ван Хуз. Современные деньги и банковское дело. – Москва, Инфра – М, 2000.
20. Современный коммерческий банк: управление и операции /Усоскин В.М. – Москва: Антидор, 1998 год.
21. «АТФ Банк» АҚ-ның мәліметтері 2004-2009 жж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3
1. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы
депозиттердің экономикалық мәні
1.1. Банктік депозиттік операциялардың экономикалық мәні 4
1.2. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік 9
қызметтері
2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің
депозиттік нарығын талдау
2.1. Екінші деңгейлі банктердің депозиттік нарығын және 14
депозиттік портфелінің құрылымын талдау
2.2. АТФ Банктің ұсынатын депозиттік операциялары және олардың23
құрылымы
З. Қазақстан Республикасындағы банктердің депозиттік
операцияларын дамыту жолдары
3.1. Депозиттік портфельді басқару және ондағы тәуекелдерді 39
азайту жолдары
3.2. Қазақстан Республикасындағы депозиттерді сақтандыру 46
жүйесінің даму келешегі
Қорытынды 56
Қолданылған әдебиеттер 58
Қосымшалар
Кіріспе

Банктің депозиттік қызметі – қазіргі нарық жағдайында өте үлкен мәнге ие
болып отыр. Себебі, мүндай қызметтің дамуы халық үшін, тіпті жалпы
экономикалық қатынастар үшін оң әсерін тигізеді. Сондықтан, бітіру жұмыстың
мақсаты – банктің депозиттік операцияларын талдау, сондай-ақ, шетел
тәжірибесінде көрсетілетін банктік қызмет түрлерін қарастырып, әсіресе
депозиттік операцияларға қатысты ұсыныстарды белгілеу болып табылады.
Бұл жұмыстың міндеттеріне келетін болсақ келесідей міндеттерді
белгілеуге болады:
1. Қазақстан Республикасының депозиттік нарығына талдау жасап,
коммерциялық банктердің депозиттік портфелінің құрылымына талдау жүргізу.
2. Депозиттік портфельдегі тәуекелдерді азайту жолдарына қатысты және
жеке тұлғалардың депозиттерін сақтандыру жүйесіне қатысты ұсыныстарды
белгілеу.
Жалпы банктік қызмет біздің өмірімізбен үздіксіз байланыста болып
тұрады. Оның әртүрлі болуы халық үшін, оның ішінде бұл қызметтерді таңдауда
және банк үшін, ол қызметтерді ұсынуда өзара тиімді болу керек. Себебі,
банк өзінің клиенттерге ұсынылатын қызметтер ауқымын кеңейтеді, ал біз,
тұтынушылар ретінде, өздеріміздің мүмкіндігімізге және ниетімізге сәйкес
сол қызметтерді тұтынамыз. Яғни, банктер өздерінің операцияларының ауқымын
және клиенттерге көрсетілетін қызметтер ауқымын кеңейту арқылы банктер
өздерінің табыстылық базасын үлғайтып, рентабельділігін және бәсекелестік
қабілеттілігін өсіреді. Сондай-ақ, бұл жерде банктік қызметтер ұсынылған
кезде банктер үшін ол минималды шығындарды қарастыруы қажет.
Банктік қызметтер нарығында бәсекелестік өте үлкен орынға ие. Ал ол өз
кезегінде қызмет көрсетудің сандық және сапалық сипатына әсер етеді. Яғни,
мұны маркетингтік зерттеулер нәтижесінде анықтайды. Себебі, бәрімізге
белгілі, маркетингтік зерттеу банктің бүкіл операцияларына қатысты
зерттеулерді жүргізіп, банктің артықшылықтары мен кемшіліктері анықталады.
Халыққа көрсетілетін дәстүрлі (спецификалық) қызметтерді көрсетумен
қатар, депозиттерге халықтың уақытша бос ақшалай қаражаттарын тарту,
несиелер беру және есеп-айырысу – кассалық операцияларын жүргізумен қатар,
қазіргі кездегі коммерциялық банктеріміз электронды қызметтерді,
клиенттердің өтінішіне байланысты маркетингтік зерттеулер жүргізу,
валюталық операцияларды, сондай-ақ басқа да қаржылық қызметтерді ұсынып
отыр.
Бұл бітіру жұмысы 3 негізгі тараудан, кіріспеден және қорытындыдан
тұрады.
1. Коммерциялық банктердің несие ресурстарын қалыптастырушы
депозиттердің экономикалық мәні
1.1. Банктік депозиттік операциялардың экономикалық мәні

Депозиттік операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспонденттік банктердегі шоттарда орналастыруымен байланысты
операциялар. Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердін
өте аз бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Сондай-ақ, оларды төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай;
- салым иелерінің категорияларына қарай;
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай;
- пайыз төлеу тәсіліне қарай;
- банктің активті операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай;
- басқа.
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына;
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардың шоттарына;
- жергілікті билік ұйымдарының шоттарына;
- қаржылық мекемелердің шоттарына;
- шетелдік азаматтардың шоттарына.
Талап етуіне дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттары арқылы қолма-қол ақшаларын
алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттеріне мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шотттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражаттар қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін
жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік
шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге
асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
төмендегідей өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк Орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Бұл депозит түрі алдын ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ
қолма-қол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге
міндетті.
Бұл салымның ерекшелігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда,
оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен
кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға
болмайды. Мерзімді депозиттерді басқа шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті-мерзімді депозиттер;
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер. Меншікті-мерзімді
депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі;
- 30-90 күнге дейінгі;
- 90-180 күнге дейінгі;
- 180 күннен 360 күнге дейінгі;
- 360 күннен жоғары.
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді. Мерзімді
депозитттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі ұлттық банк тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төмені мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді. Салымның
жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
рәсімдеу қиынырақ, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі
жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. Компьютердің көмегімен жасалған жеке
бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдарымен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкіншілігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік салымдардың біршама
тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының төмендегідей ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай төмендегідей түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде (жаңа
жылдық салым, кәмелетке толған кезде және т.с.с. ) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдары, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және
жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты – бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-
эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып
келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал, мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбінесе ірі сомада
шығарылатындықтан, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі
бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып,
уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта
сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат
ресурсты жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге
түсуін сипаттайды.
Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері
қолданылады. Айталық Халық Жинақ банкі мынадай салымдардың түрлерін жеке
тұлғаларға ұсынады:
- НАРОДНЫЙ салымы – жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар және оны мерзімнің
соңында төлейтін, мерзімді салым. Төменгі сомасы – 2000 теңге не 50 АҚШ
доллары немесе 50 евро. Мерзімі: 3,6,12, және 24 ай.
- СЕНІМ-ПЛЮС салымы – ай сайын пайыз төленетін мерзімді салым Төменгі
сомасы – 1000 теңге не 50 АҚШ доллары немесе 50 евро. Мерзімі: 3,6,12, және
24 ай.
- НАКОПИТЕЛЬНЫЙ ПЛЮС салымы – қорлану мерзімі 1 жыл, 3 жыл және 5
жылдық қорлану салымдары. Төменгі сомасы – 2000 теңге не 50 АҚШ доллары
немесе 50 евро. Мерзімі: 1 жыл, 3 жыл және 5 жыл.
- ПРОЦЕНТЫ ВПЕРЕД салымы – салымды ашқан күні пайызды төлейтін
мерзімді салым. Төменгі сомасы – 1000 теңге не 100 АҚШ доллары немесе 100
евро. Мерзімі: 3 және 6 ай.
- ПРЕМИАЛЬНЫЙ салымы – сыйлық ақы мөлшерлемесі бар әмбебап талап
етуге дейінгі салым. Төменгі сома – 500 теңге.
- ЗОЛОТОЙ ВОЗРАСТ салымы – 50 жасқа толған адамдар мен зейнеткерлерге
арналған арнайы салым. Төменгі салым – 100 теңге. Мерзімі: 90 күн.
- АҚ БОТА салымы – арнайы балаларға арналған салым. Төменгі салым –
500 теңге не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.
- ИНТЕРНЕТ салымы – Интернет-Банкинг жүйесінде ашылған салым. Төменгі
салым – 10000 теңге не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30 күн, 90 күн, 180 күн,
270 күн, 360 күн.
Депозиттік нарық еліміздегі қаржы нарығының бірден бір дамып отырған
сегментіне жатады.
Депозиттік нарықтың тұрақты дамуына әр түрлі факторлар, соның ішінде
халық табыстарының өсуі, теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы, халықтың
салымдарының ұжымдық кепілдендіру жүйесінің қызмет етуі және жалпы соңғы
жылдардағы экономикалық өсуі ықпал етуде.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып, депозиттік опрецияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін
сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта
пайда алу үшін жұмыс жасау тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді
депозиттер мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу; салым
иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар түрлерін ұлғайтып,
қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға тиіс.

1.2. Шетел тәжірибесіндегі көрсетілетін банктің депозиттік қызметтері

Батыс Еуропа және Солтүстік Америка мемлекеттерінде барлық несиелік
институттар – универсалды коммерциялық банктерден (мысалы, Германиядағы
арнайы жинақ институттарына (АҚШ-тағы ссуда - жинақтаушы ассоциациялар және
басқа да мемлекеттердегі жинақ банктеріне) дейін, жекелеген немесе кез
келген клиентке барлық мүмкін болатын қызметтерді көрсетеді және банктік
өнімдердің әртүрлі түрлерін ұсынады.
Сөйтіп, шетел мемлекеттеріндегі дамыған ең негізгі жинақ операцияларын
қарастырайық.
Дамыған мемлекеттеріндегі әйгілі банктік жинақ шоттары:
1. Капитал нарығының жинақ шоттары (саріtal market saving accounts)
нарық экономикасы дамыған коммерциялық банктер тәжірибесінде кең тараған
және клиенттің ақша қаражаттарын ұзақ мерзімге сақтауды қарастырады,
сонымен бірге клиентке кез келген уақытта шоттан алуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік облигациялар бойынша төленетін орташа пайызына сәйкес, бұл шот
бойынша пайыздық ставкасының деңгейі бекітілген (яғни 3 жылдан 10 жылға
дейінгі мерзімді облигациялар). Батыс коммерциялық банктердін тәжірибесі
бойынша бұл клиенттердің банктерге деген сенімділігін арттыруда және
берілген шоттарға уақытша бос ақшалай қаражаттарын белсенді орналастыруды
ынталандырады.
2. Автоматты жинақ шоттары, оларды дамыған мемлекеттердің коммерциялық
банктері тек осы банктегі ағымдағы ( есеп айырысу ) шоты бар жеке
тұлғаларға ашылады. Олар мерзімді депозиттерге ұқсас, яғни оларға клиент
тапсырмасы бойынша күнделікті (автоматты түрде) банк оның есеп айырысу
шотынан ақша сомаларын аударуды жүргізеді, ал оның қалдығы бойынша,
ағымдағы шотқа қарағанда жоғарырақ пайыз төленеді. Клиенттің ақшасын
қабылдау белгілі бір күндерде айына 3-4 рет жүргізіледі.
Бүл шотқа ұқсас 1978 жылы Мерилл Линг фирмасы ұсынған банктік
қызметтің ерекше түрін – қолма-қол ақшаны басқару шоты – СМА (cash
management account) атауға болады. Бұл шотты ашқан кезде қызметтердің кең
пакеті ұсынылады (чек жазуға мүмкіндігі, белгілі бір сомаға несие беру,
дебеттік карточкалар, брокерлік қызметтер және т.б.). Бірақ басқа
қызметтерге қарағанда ерекше новаторлық сипатымен бөлінген қызмет - бұл СМА
шотына дивиденд және пайыз түрінде түскен ақшалай қаражаттар автоматты
түрде пайыздық табыс әкелетін шотқа аударылады.
Сол 1978 жылы банктер АТS - шоттарын (automatic transfer service) – ақша
қаражаттарын автоматты түрде аудару шоттарын қолдана бастады. АТS -шоттары
бойынша салымшылар пайыз алған. Ал чектік шоттағы сәйкес қалдықты ұстау
немесе овердрафтты жабу қажеттілігі туындаған кезде клиенттің келісімімен
АТS - шотынан ақшалай қаражаттарын автоматты түрде талап етуге дейінгі
салымға аударады. Осыған байланысты АТS - шоттары клиентура арасында кең
сұранысқа ие болды, өйткені олар салымшыға чектік шоттағы минималды
қалдықты ұстап тұрғанда, бір кезде өзінің АТS - шоты бойынша пайыз түрінде
табыс алуына мүмкіндігін береді.Мұндай шоттар отандық банктер тәжірибесінде
де қолданылуы мүмкін, өйткені клиенттер жоғары табыс алу үшін өзінің
шотында қалдықты үнемі жоғарылатып отыруға тырысады.
3. Бай клиенттер үшін жинақ шоттары (fortune saving accounts) батыс
банктерінің тәжірибесінде жылжымайтын мүлікке және бағалы қағаздарға
ақшалай қаражаттарын инвестицияланған клиенттер үшін қолданылады. Бұл
шоттың қолдану режимі келесіні көздейді: бұл шотты ашу үшін алғашкы жарнасы
жоғары болады, ал үлкен ақшалай сомаларды алу кезінде комиссиясы төмен
болады. Сондай-ақ, клиент жылжымайтын мүлікті сатып алса немесе бағалы
қағаздарға салса банк ешқандай комиссиондық ақы алмайды.
4. Асыл металдарды сатып алу үшін шоттар (precious metals accounts)
дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктерінде, әр түрлі асыл металдарды
(алтын, күміс, платина, палладий және т.б.), сондай-ақ олардан жасалған
бұйымдарды сату-сатып алумен айналысатын клиенттерге қатысты кең
қолданылады. Банкте мұндай шоттарды ашқан клиенттер күн сайын құймаларды,
платиналарды, монеталарды, медальондарды және т.с.с. сату және сатып алу
мүмкіндігіне ие болады.
Депозиттік қызметтер нарығындағы өскен бәсекелестік чектік депозиттердің
көптеген жаңа түрлерінің пайда болуына әсер етті, яғни бұл шоттар бойынша
салымшылар төлемдер жүргізу үшін чектер жазуы мүмкін, сонымен қатар мүндай
шоттың иесі мұндай шоттан кез келген уақытта қолма-қол ақша алуы мүмкін.
Чектік депозиттердің көп таралған формалары талап етуге дейінгі
депозиттер және NOW – шоттары болып табылады. NOW – шоттары (negotiable
order of withdrawal) - айналыстағы алынып тасталу туралы шығарылатын
бұйрықтарға қарсы шоттар, яғни бұл пайыз төленетін чектік депозиттер. Олар
Батыс коммерциялық банктерінде 80-шы жылдары таралған. Басында олар жинақ
салымдары ретінде жіктелінген, ал 1981 жылдан – чектік депозиттер ретінде.
Алғашқы кезде NOW – шоттары пайыз төленетін жинақ салымдарының типіне
жатқызылған. Мұндай салымдарға қарсы клиент тратталар жазуына мүмкіндігі
болған (үшінші жақтың пайдасына ақшаны төлеу туралы бұйрығы), оларды
айналыстағы алынып тастау туралы бұйрықтары деп атады. Осыған байланысты
NOW – шоттарды чектік депозиттер категориясына жатқызды.
Кейбір кезде NOW – шоттарын пайыздық және ағымдағы шоттардың қосындысы
(гибриді) деп атаған. 1986 жылға дейін пайыз көлемі 5,25%-бен шектелді,
кейін бұл шектеу алынып тасталды (бірақ, негізінен пайыз ставкасы бұл
көлемнен жоғары көтерілген жоқ). Коммерциялық банктер клиенттен белгілі бір
көлемде, бұл шот бойынша қызмет көрсету үшін және жүргізілген әрбір
операция үшін ақы алып отырды. Пайыздық төлемдердің көлемі, әдеттегідей,
шоттағы минималды немесе орташа қалдыққа байланысты анықталатын.
1983 жылда дамыған мемлекеттердің коммерциялық банктері NOW – шоттарға
ұқсас Super now – шоттарын ұсынды. Олар бойынша екі деңгейлі пайыздық
ставкалар есептелінді. Егер шоттағы минималды қалдық болса, яғни1500 АҚШ
доллары, онда оған 5,25% есептелінетін және осы шот бойынша жүргізілген
әрбір операция бойынша белгілі бір ақы алынған. Егер де қалдық сомасы 1500
АҚШ долларынан асатын болса, банк ақша нарығындағы пайызға сәйкес
есептеген. Super now – шотының енгізілуі банктерге брокерлік үйлерден
ақша қаражаттарының қозғалысына әсер етті. Сонымен қатар, бұл банк
пассивінің, оның ішінде жеке салымшылардың депозиттерінің өсуіне әкелді.
Сөйтіп, банктік тәжірибеге NOW – шоттарының енгізілуі, бірте-бірте АТS
–шоттарын нарықтан шығаруына әкелді.
Соңғы кездерде банктер ресурстарды тарту формалары мен жаңа әдістерін
қолдану арқылы салымдар ағымын кеңейтуге тырысады. Мәселен, Ұлыбританияда,
Францияда және басқа мемлекеттерде, сонымен қатар халықаралық ақша
нарығында депозиттік сертификаттар, отандық банктермен де қолданылады.
Кейбір мемлекеттерде салымдарға халықтың жинақтарын тартудың
ерекшеліктерін қарастырайық.
Ұлыбритания. Маманданған банктермен қатар барлық несие-қаржылық
бағыттағы мекемелер халықтың жинақтарын тартумен айналысады. Оларға
коммерциялық және клирингтік банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары, трасталық компаниялар және т.б.
Соңғы жылдарда ағымдағы шоттар бойынша барлық операциялардың ақысыздығын
сақтай отырып пайыздарды есептеу бойынша банктер жағынан біршама шаралар
жүргізілген. Мұндай стратегияның оң жақтары, пайыздық ставканың төмен
деңгейіне (2-5%) қарамастан көп болды. Сондай-ақ, басқа мемлекеттердің
азаматтарының, яғни бейрезиденттердің шоттары фискалдық иммунитетке ие
болды, яғни салықтан босатылды, ал бұл шетел клиенттерін тартуда оң
нәтижесін берді.
Халыққа салымдардың классикалық түрлерін ұсынумен, негізінен
Ұлыбритания Ұлттық жинақ банкі айналысады, оның ішінде екі шот түрінде
–қарапайым және инвестициялық (1966 жылдан бастап). Қарапайым шот ұсақ
жинақтарын аккумуляциялауға арналған және бірінші 70 фунт стерлинг сомасына
салық салынбайды. Сонымен бірге, 25 пенсті салып ашқан шоты бар, бірақ
оларға тек 250 фунт стерлингке дейін жеткенде ғана пайыз есептелінеді,
оларды жинақ салымдары деп атайды.
Ал трасталық жинақ банктері өздерінің салымшыларына табысты олардың
салған салымының көлеміне байланысты төлейді. Банктің мұндай стратегиясы
негізінен трасталық жинақ банктері өздерінің салымшыларының қаражаттарын
басқа банктерге және жоғары пайызбен салуына негізделеді.
Франция. Бұл мемлекетте жинақтарды тарту саясаты мемлекеттің пайыз
ставкасының жоғарғы шектерін анықтауына және регламентациялануына
негізделеді.
Мемлекеттік реттеу салымдар мен боналар бойынша шекті пайыз көлемін
бекіту арқылы көрінеді.
Бірақ шектеулерге қарамастан француздардың 50% - Француз жинақ
банкісінің салымшылары болып табылады, сонымен бірге 28% жанұялық салымдары
бар.
Негізгі ұйымдастырушылық депозиттік формалары: есеп айырысу кітапшалары
А типті; мерзімді депозиттік шоттар; жинақ сертификаттары; чектік шоттар;
тұрғын үйге алған ссудаларды өтеу үшін жинақ шоттары; бағалы қағаздарға
инвестицияланатын жинақтар және т.б. болып табылады.
Бүкіл Еуропа мемлекеттері арасында француз банктері банктік
технологияны, оның ішінде несиелік (төлем) карточкаларын таратуда,
қолдануда және қаржыландыруда алда келе жатыр.
Италия. 1991 жылы Италияда 83 жинақ кассалары суперхолдингтік компанияға
бірікті. Мұндай жинақ кассалар стратегиясының қажеттілігі – Италия
ссудалық капиталының нарығындағы жоғарғы бәсекелестігінен туындады.
Италия банктерінің тәжірибесіндегі жинақ шоттары негізінен банктік
құжаттарының формаларына байланысты бөлінеді, олардың түрлері: қарапайым
жинақ кітапшасы (ағымдағы шотқа ұқсас) оның пайыздык ставкасы 5%-ға дейін;
мерзімді жинақ кітапшасы; мәлімдеушіге жинақ кітапшасы және т. б.
Германия. Халықтың жинақтарын салымдарға тарту Германияның барлық
несиелік мекемелері айналысады (жинақ, коммуналдық және жер банкілері,
несиелік қоғамдар және т. б.).
Ең көп таралған салымдар; мерзімді салымдар (екі түрлі); жинақ келісімді
(екі түрлі) салымдары; ағымдағы шоттары табылады. Талап етуге дейінгі
салымдар – бұл классикалық пайызсыз депозиттер. Мерзімді салымдар
бекітілген мерзімді салымдарға және алудың икемді режимі бар салымдарға (30-
80 күн; 90-179 күн; 180-359 күн; 360 күн және жоғары) бөлінеді. Мерзімді
салымдар бойынша пайыздар салымның сомасына және мерзіміне байланысты
бекітіледі.
Еуропаның басқа да жинақ және универсалды коммерциялық банктері сияқты
Германия банктері де халықтың бағалы қағаздармен жасалатын операцияларына
да бағытталады. Осыған байланысты клиенттерге қаржылық қызметінің кең
ассортименті ұсынылады.
АҚШ. Еуропаның дамыған мемлекеттеріне қарағанда АҚШ-та халықтың
жинақтарын тартумен негізінен жинақ институттары айналысады, олар жинақ
банктерінен; ссуда-жинақ ассоциацияларынан және несиелік кеңестерден
тұрады. Сондай-ақ, мұндай функция инвестициондық коммерциялық банктерге,
брокерлік үйлерге, сақтандыру, зейнетақы және басқа да қаржылық
компанияларға да тән.
Негізгі депозиттер талап етуге дейінгі салымдарға, жинақ және мерзімді
салымдарға бөлінеді. Талап етуге дейінгі салымдары мен NOW – шоттарын,
жоғарыда аталып өткендегідей, чектік салымдар деп атайды. АҚШ-та талап
етуге дейінгі салымдарды салымшының өзі шоттан алуы мүмкін немесе банкті
алдын ала хабарлауынсыз кез келген уақытта басқа тұлғаға аударылуы мүмкін.
Банктік депозиттердің бұл категориясы ең өтімді болып табылады, өйткені
олар есеп айырысу - төлем операцияларына тікелей қатысады. Сөйтіп, АҚШ-та
чектер көмегімен алынатын талап етуге салымдар бүкіл ақша массасының (М1)
70%-ын құрайды. Бәрімізге белгілі, АҚШ-тағы төлем айналымының 90% чектер
арқылы жүреді.
АҚШ-та NOW – шоттарын ашудағы салымшылардың кейбір категориялары үшін
шектеулер сақталған. Мәселен, жеке тұлғалар (азаматтар) өздерінің ақша
қаражаттарын қарапайым пайызсыз шоттарда (талап етуге дейінгі салымдарда),
банктердің барлық категорияларындағы NOW – шоттарында да сақтауы мүмкін. Ал
заңды тұлғаларда тек пайызсыз чектік шоттар ғана болуы керек, өйткені банк
заңдылығы бойынша оларға өздерінің ақша қаражаттарын NOW – шоттарында
сақтауға тыйым салынған.

2. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің депозиттік
нарығын талдау
2.1. Екінші деңгейлі банктердің депозиттік нарығын талдау

Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері – жалпы қаржы
жүйесіндегі кәсіпорындар ішіндегі бүгінгі таңдағы қарқынды дамып отырған
алдыңғы ұйымдардың бірі. Өйткені бұл ұйымдардың қызметі шетелдердегі барлық
озық тәжірибелерді енгізе отырып атқарылуда. Қазіргі коммерциялық
банктердің қызметі экономиканың барлық салаларын дамытуға және халықтың
табыс деңгейін арттыруға бағытталған. Осы банктердің қызметіндегі
депозиттік және несиелік операциялардың алатын орны ерекше. Депозиттік
пассивтік операциялар ақшалай қаражаттарды тартуға бағытталған болса,
несиелік активтік операциялар осы тартылған қаражаттарды орналастыруға
бағытталған. Бұл жағдайда салым (депозит) иелері өздерінің банкке салған
ақшалай қаражаттары бойынша белгілі мүддені пайыз және басқа да қызметтер
түрінде алу мүмкіндігіне ие. Депозит пен несиелік қатынастардың
субъектілері әр түрлі ұйымдар және жеке тұлғалар. Мұнда айта кететін бір
ерекшелік – депозиттік қатынастардың субъектілері де бола алады. Сондықтан
банктің бұл екі операциясы да – жалпы экономиканы дамытуға бағытталған
негізгі операциялар.

1-сурет. Коммерциялық банктердің несиелері мен депозиттерінің құрылымы
Қазақстан Республикасының депозит нарығы күрделі де қарқынды дамып келе
жатқан жүйе бола отырып, ішкі және сыртқы факторлардың әсерін әр уақытта
өзіне қабылдап отыр. Экономикадағы әр түрлі экономикалық, саяси және
әлеуметтік жағдайлардың әсері депозит нарығының дамуына да әсер етеді.
Бұған қарамастан депозит нарығының даму қарқыны өзінің жеке заңдылықтары
мен ерекшеліктеріне ие болып отыр. Бұл жағдайларды Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі жариялаған және өзіміз есептеген статистикалық
мәліметтер негізінде депозит нарығына мінездеме бере отырып, оны
салыстырмалы талдау негізінде көрсетуге болады. Депозиттерге әрбір кезең
мәліметтері бойынша салыстыра отырып талдау жасайтын болсақ, банк
жүйесіндегі депозиттердің 2006 жылдан бастап 2009 жылдың қаңтарына дейін
қарқынды өскендігін байқауға болады. Бұл өнім 2007 жылдың қаңтарынан 581933
млн. теңгеден 2009 жылдың қаңтарында 1270843 млн. теңгеге дейін өсіп, 2,1
есеге жуық көлемді құрады.

1-кесте. Коммерциялық банктердің депозиттері және құрылымы

Кезең- Кезең соңындағы депозиттер (млн. теңге)
дер
Барлығы Валюта түрлері Субъектілері Өтімділік дәрежесі
бойынша бойынша бойынша
ұлттық шетел банктік жеке талап мерзім-
валюта валю- емес тұлға- еткенге ді
тасы заңды лар дейінгі депо-зи
тұлғалар депозиттер ттер
2006 581933 235466 346467 327809 254123 175752 406180
2007 703135 362834 340301 403950 299184 234214 468921
2008 1270843 482950 783893 829667 441176 584587 686255

• Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық Банктің статистикалық бюллетенінен
алынған

2006 жылы депозиттер сомасы 581933 млн. теңгені құраса, 2003 жылы бұл
көрсеткіш 703135 млн. теңге болды. Бұл кезеңдердегі өсім 121202 млн.
теңгеге өсті. Ал осы өсімнің 107 000 млн. теңгесі 2006 жылдың қаңтар айы
мен тамыз айлары аралығында банк жүйесіне келді. Мұндай өсім үкімет
тарапынан экономикамызға ақшалай қаражаттарды тарту мақсатында шетелдердегі
банктердің шотында жатқан және көлеңкелі бизнесте жүрген ақша қаражаттарын
жария ету процесін жүргізу нәтижесінде пайда болды. 2007 жылдың басынан
бастап 2009 жылдың қаңтарына дейінгі депозиттердің өсу қарқыны 703135 млн.
теңгеден 1270843 млн. теңгеге артып, нақты осы кезеңдегі өсім 565708 млн.
теңгені құрады. Бұл банк жүйесіндегі депозиттердің жалпы өсу тенденциясын
көрсететін мәліметтер болатын болса, келесі сандық статистикалық талдау осы
депозит нарығының құрылымдық кезеңаралық талдауына арналады. Депозиттердің
құрылымы бойынша оларды мына келесі баптарға бөлуге болады :
1. валюта түрлері бойынша;
2. субъектілері бойынша;
3. өтімділік дәрежесі бойынша.
Депозиттердің құрылымын валюта түрлері бойынша талдайтын болсақ, онда
ұлттық валюта мен шетел валютасы арасындағы келесі қатынастарды атап айтуға
болады.
2002 жылдың қаңтары мен 2003 жылдың қаңтарына дейінгі уақыт аралығында
Ұлттық валютадағы депозиттер көлемінің шетел валютасындағы депозиттерден
жоғары болғанын көруге болады. Ал 2003 жылдың қаңтарынан бастап 2005 жылдың
қаңтарына дейін шетел валютасындағы депозиттер көлемінің ұлттық валютадағы
депозиттерден артқанын көреміз. Жалпы депзиттердің ұлттық және шетел
валютасында қарқынды өсуін 2004 жылдың қаңтар айынан бастап бақылауға
болады. Сәйкесінше, депозиттердің көлемі 2004 қаңтарында 150 284 млн.теңге
мен 270 440 млн. теңгеге жетті. 2006 жыл мен 2009 жылдың аралығында
депозиттердің өсу қарқыныны 2,1 есе артқандығы көрінеді. Ол ұлттық валютада
2006 жылы 235466 млн. теңгеден 2008 жылында 482950 млн. теңгеге жетті. Ал
осы уақыт аралығында шетел валютасындағы депозиттер көлемі 437 426 млн.
теңгеге өсіп, 2008 жылдың тамызында 783 893 млн. теңгені құрады.
Депозиттерді субъектілері бойынша талдайтын болсақ, 2003 жылдан бастап
заңды және жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі бірқалыпты өсу үстінде.
Бірақ жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 2005 жылдың қаңтары мен тамызы
аралығындағы депозиттер сомасы 91 706 млн. теңгеден 164 691 млн. теңгеге
дейін өсіп, осы аралықтағы нақты өсім 73 000 млн. теңгені құрғанын атап
өтуге болады. Бұл өсімнің басқа кезеңдер аралығындағы өсімдерден көп артық
болуы мемлекеттің легализациялау (заңдастыру) процесімен байланысты болып
отыр.
Депозиттердің субъектілері бойынша әрбір кезеңдердегі көрсеткіштері
негізінде салыстырмалы талдайтын болсақ, онда мына жағдайларды көруге
болады. 2002 жылы заңды тұлғалардың депозиттерінің сомасы 45 648 млн.
теңгені құраса, жеке тұлғалардың депозиттері 27 866 млн. теңгені кұрады.
Бұл жылдар аралығында депозиттердің субъектілері бойынша өсуінде ешқандай
айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Депозиттердің субъектілері бойынша өсуі
2003 жылдан басталып тоқтаусыз өсу үстінде. Заңды тұлғалар бойынша 2003
жылы 44 511 млн. теңгеден 2006 жылдың қаңтарында 327 809 млн. теңгеге
жетіп, 7 есеге өсті. 2008 жылы бұл депозиттердің өсімі 501 858 млн. теңгені
құрап 829 667 млн. теңгеге жетті.
Жеке тұлғалардың депозиттері 2003 жылы 28 953 млн. теңгені құраса, ал
2006 жылы 254 123 млн. теңгені құрады. Бұл өсім 8 еседен асып отыр. Ал 2006
жылға қарағанда 2008 жылы депозиттердің көлемі 441176 млн. тенгені құрап
187 053 млн. теңгеге өсті.
Депозиттердің субъектілері бойынша 2006 жылы жеке тұлғалар мен заңды
тұлғалардың депозиттердің сомасы 581 932 млн. теңгені құраса, соның ішінде
заңды тұлғалар депозиттері 327 809 млн. теңгені құрады. Ал осы көрсеткіш
2008 жылы сәйкесінше 1 270 843 млн. теңгемен 829 667 млн. теңгені құрады.
Депозиттердің өтімділік дәрежесі бойынша талдайтын болсақ, 2006 жылы
талап еткенге дейінгі депозиттер 175 752 млн. теңгені құраса, мерзімді
депозиттер 406 180 млн. теңгені құрады. Ал 2008 жылында бұл көрсеткіш
сәйкесінше 584 587 млн. теңге мен 686 255 млн. теңгеге тең болды. 2006
жылдан бастап мерзімді депозиттердің көлемі қарқынды көбею үстінде. Олар
2006 жылдың тамызында 406 180 млн. теңгені құраса, 2008 жылы 686 255 млн.
теңгені құрады. Осы аталған соңғы жылдары мерзімді депозиттердің көлемі
талап еткенге дейінгі депозиттерге қарағанда 2 еседен артық өсіп отыр.
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі жеке тұлғалардың
салымдарының жағдайына статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдау
жасайтын болсақ, онда соңғы жылдары депозиттердің көлемінің қарқынды
өскендігін байқауға болады.
Бұл, әрине, үкімет пен коммерциялық банктердің өздері тарапынан дұрыс
экономикалық саясатты, яғни, депозиттік саясат жүргізіп отырғандығының
нәтижесі деп түсінуге болады. Халықтың банктердегі депозиттерінің артуы
нәтижесінде қазіргі кезде жеке тұлғалар несие алу мүмкіндігіне көптеп ие
болуда. Жеке тұлғалардың депозиттерінің өсу қарқынын салыстыратын болсақ,
ол 2003 жылдың қаңтарына дейін өзгерісіз келді. Ал 2003 жылдың қаңтарындағы
депозиттер жалпы сомасы 29 948 млн. теңгені құраса, 2009 жылдың қаңтарында
ол 441 176 млн. теңгені құрап, 15 есеге жуық өсіп отыр. Егер әрбір кезең
бойынша салыстыратын болсақ, 2003 жылдың қаңтарында депозиттердің жалпы
сомасы 29124 млн. теңгені құраған, келесі кезеңдерде 2004 жылдың қаңтарында
29948 млн. теңгені, 2001 жылдың қаңтарында 91709 млн. теңге, 2006 жылдың
қаңтарында 186080 млн. теңгеге, 2007 жылдың қаңтарында 257 360 млн.
теңгеге, 2008 жылдың қаңтарында 352 253 млн. теңгеге, 2009 жылдың
қантарында 441 176 млн. теңгеге жеткен.

2-кесте. Қазақстанның екінші деңгейлі банктеріндегі халықтың салымдары

Кезең соңындағы депозиттер (млн. теңге)
Кезеңдер Барлығы
Талап еткенге дейінгі Мерзімді депозиттер
депозиттер
үлттық шетел ұлттық шетел
валюта валютасы валюта валютасы
2004 91709 17474 9360 15443 49386
2005 186080 22890 16289 26446 120410
2006 257360 24531 20667 42975 169129
2007 352253 37354 21665 112365 179901
2008 441176 51670 18918 140523 229764

* Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық Банктің статистикалық бюллетенінен алынған

Осы көрсеткіштер бойынша 2005 пен 2006 жылдардың каңтары арасындағы өсім
сомасы бойынша басқа кезеңдерден ерешеленіп көрінеді. Ал, 2006 жылғы 2008
жылдың аралығында халықтың салымдарының көлемі 183 816 млн. теңгеге өсті.
Бұл көрсеткіш 2008 жылы 441 176 млн. теңгені құрап жалпы салымдардың өсу
қарқынының жоғары екендігін дәлелдеп отыр. Мұны негізінен халықтың әл-
ауқатының жақсарғандығымен байланыстыруға болады. Сонымен қатар мұны
халықтың қолындағы ақшалай қаражаттарын көлеңкелі бизнес пен банк жүйесіне
заңдастырып тарту жағдайымен де негіздеуге болады. Жеке тұлғалардың
депозиттерінің құрылымын талап еткенге дейінгі депозиттік салымдар мен
мерзімді салымдар негізінде талдауға болады. Талап еткенге дейінгі
депозиттер жеке тұлғалардың банктердегі ашқан әр түрлі шоттарындағы жатқан
ақшалай қаражаттары есебінен құрылады. Бұл шоттар бойынша негізінен
коммерциялық банктер мүлде (пайыз) төлемейді. Бірақ бұл шоттар бойынша кез
келген уақытта ақшалай қаражаттарды алу мүмкіндігі бар. Талап еткенге
дейінгі депозиттер бойынша ұлттық және шетел валютасында салымдар салуға
болады. Қазақстан Республикасының банктеріндегі осы депозитті кезеңдер
бойынша талдап қарайтын болсақ, мына мәліметтерді аламыз. 2004 жылы талап
еткенге дейінгі депозиттер ұлттық валютада 17474 млн. теңгені, ал шетел
валютасында 9360 млн. теңгені құраған. Сәйкесінше 2008 жылы 51 670 млн.
теңге мен 18 918 млн. теңгені құрап, салыстырмалы кезеңнен өсіп отыр.
ТЕД депозиттердің өсу қарқыны 2008 жылы 2004 жылға қарағанда ұлттық
валютада 34 196 млн. теңгені, ал шетел валютасында 9558 млн. теңгені
құрады. Халықтың салымдарының банк жүйесіндегі жоғары деңгейде өсуіне
мерзімді салымдардың әсері көп болып отыр. Мерзімді салымдар 2004 жылы
ұлттық валютада 15 443 млн. теңге, шетел валютасында 49 386 млн. теңгеге
тең болса, 2008 жылы жалпы сомада өсіп, ұлттық валютада 140 523 млн. теңге,
шетел валютасында 229 764 млн. теңгеге жоғарылады. Осы кезеңнен бастап
ұлттық және шетел валюталарындағы мерзімді депозиттердің үлесі қарқынды
жоғарылады. Осы аралықтағы өсу шетел валютасында 180 378 млн. теңгеге, ал
ұлттық валютада 125 080 млн. теңгеге жетті. Осы 2006 жылдың тамызындағы 104
873 млн. теңгені құраған депозит көлемі, 2007 жылдың тамызында 148 226 млн.
теңгеге жетті. Халықтың салымдарының банктердегі көлемінің бұл қарқында
көбеюі үкіметтің қолданған жария ету процесі мен халықтың банктерге деген
сенімінің молаю нәтижесі.
Ал енді алдыңғы қатардағы Коммерциялық банктеріндегі депозиттердің
жағдайына талдау жасайтын болсақ, Қазақстан Халық банкінде барлық
депозиттер 2006 жылдың қаңтар айында 29 036 731 мың теңгені, 2006 жылдың
осы кезеңінде 35 741 568 мың теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда
6 704 837 мың теңгеге өскен. 2008 жылдың қаңтар айында барлық салымдар
52 754 754 мың теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 17 013 186 мың
теңгеге өскен.
БанкТуранӘлемде барлық депозиттер 2006 жылдың қаңтар айында 8 601 330
мың теңгені, 2007 жылдың осы кезеңінде 19358766 мың теңгені құрап, алдыңғы
жылмен салыстырғанда 10757436 мың теңгеге өскен. 2008 жылдың қаңтар айында
барлық салымдар 36149973 мың теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда
16791207 мың теңгеге өскен.
Казкоммерцбанкте барлық салымдар 2006 жылдың қаңтар айында 3 554 432 мың
теңгені, 2007 жылдың осы кезеңінде 12 584 841 мың теңгені кұрап, алдыңғы
жылмен салыстырғанда 9 030 409 мың теңгеге өскен. 2008 жылдың қаңтар айында
барлық салымдар 43 673 448 мың теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда
31 088 607 мың теңгеге өскен.
БанкЦентрКредитте барлық депозиттер 2006 жылдың қаңтар айында 2726914
мың теңгені, ал 2007 жылы 4 938 779 мың теңгені құрап, алдыңғы жылдың осы
кезеңіндегі барлық салымдарға қарағанда 2 211 865 мың теңгеге өскен. 2008
жылдың қарастырылып отырған кезеңінде барлық салымдар 1031 185 мың
теңгені құрап, 2007 жылдың қаңтар айындағы осы көрсеткіштің
сомасынан 5 192 406 мың теңгеге өскен.

3-кесте. Қазақстанның алдыңғы қатардағы Коммерциялық банктеріндегі
депозиттердің жағдайы

Банктер атауы Жылдар Салым-дардТалап Мерзімді Қормен
ың барлығыеткенге депозиттер-сақтанды-
дейінгі дің жалпы рылған
салымдар сомасы салымдар
сомасы
Халық Банкі 2006 29036731 14739050 14297681
2007 35741568 15680869 20060699 20032186
2008 52754754 19218017 33536737 22158597
БанкТуранӘлем 2006 8601330 1166103 7435227
2007 19358766 2410509 16948257 16841821
2008 36149973 4435867 31714106 23921266
Казкоммерцбанк 2006 3554432 740907 2813525
2007 12584841 2202802 10382039 10094876
2008 43673448 3870620 39802828 23804349
БанкЦентрКредит 2006 2726914 299453 2427454
2007 4938779 574648 4364131 4164881
2008 10131185 848683 9282502 8758966
АТФБанк 2006 344238 176404 167834
2007 797488 267223 530265 511199
2008 4642433 730744 3911659 948438
Темірбанк 2006 826212 272938 553274
2007 2014918 290491 1724427 1578876
2008 2978036 397914 2580122 2978036

. Сандық мәліметтер ҚР Ұлттық алынған Банктің статистикалық
бюллетенінен

Алматы Сауда – Қаржы банктегі барлық депозиттер 2006 жылдың қаңтар
айында 344238 мың теңгені, ал 2007 жылы 797488 мың теңгені құрап, алдыңғы
жылдың осы кезеңіндегі барлық салымдарға қарағанда 453 250 мың теңгеге
өскен. 2008 жылдың қарастырылып отырған кезеңінде барлық салымдар
4 642 433 мың теңгені құрап, 2007 жылдың қаңтар айындағы осы көрсеткіштің
сомасынан 3 844 945 мың теңгеге өскен.
Темірбанкте 2006 жылдың қаңтар айында барлық депозиттер 826 212 мың
теңгені, 2007 жылы 2 014 918 мың теңгені, 2004 жылдың осы кезеңінде 2 978
036 мың теңгені құраған. 2007 жылдың қаңтарында алдыңғы жылдың осындай
кезеңімен салыстырғанда 963 118 мың теңгеге өскен.
Қазақстанның Халық банкінде талап еткенге дейінгі салымдар 2006 жылдың
қаңтар айында 1 4739 050 мың теңгені, 2007 жылдың қаңтарында 15680869 мың
теңгені, 2008 жылдың осы кезеңінде 19218017 мың теңгені құраған. 2007
жылдың қаңтар айындағы осы көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 941819 мың
теңгеге, ал 2008 жылдың аталған кезеңіндегі талап еткенге дейінгі салымдар
2007 жылмен салыстырғанда 3537148 мың теңгеге өскен.
БанкТуранӘлемде талап еткенге дейінгі салымдар 2006 жылдың қаңтар айында
1166103 мың теңгені, 2007 жылдың қаңтарында 2410509 мың теңгені, 2008
жылдың осы кезеңінде 4435867 мың теңгені құраған. 2007 жылдың қаңтар
айындағы осы көрсеткішкіш 2006 жылмен салыстырғанда 1244406 мың теңгеге, ал
2008 жылдың аталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің меншік капиталы
Коммерциялық банктердің пассивтерін басқару
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Коммерциялық банктердің тартылған қаражаттарын қалыптастыру туралы
Коммерциялық банктерде депозиттік саясаттың қалыптасуы
Коммерциялық банктің негізгі операциялары
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Банктекрдің депозиттік операцияларын реттеу
Банктің есеп айрысу-кассалық операциялары
Пәндер