Байсейітов Қанабек



БАЙСЕЙІТОВ Қанабек (15. 3.1905, Алматы обл. Каратал ауд. Қалпе а. - 10.3.1979, Алматы) — әнші-актер, режиссер, драматург, Қазақ музыка театрының (қазіргі оқытушы болады. Қазақ пед. техникумын бітірген (1929). Осы техникумда оқып жүргенде, 1926 ж. техникум өнерпаздары қойған Ж. Шаниннің "Аркалық батыр" спекгакліндегі Арқалық рөлін ойнап, актерлік талантын байқатты, Ол 1927 ж. ұйымдастырылған жастар театрының реж. болды. 1929 ж. Қазақ драма театрына қабылданды. Актерлік қызметімен қатар пьесалар ("Озбыр болыс", "Зәуре", "Тартыс", "Келіншек", т. б.) жазып, орыс жазушыларының бірнеше пьесасын қазақшаға аударды. 1934 ж. Қазақ музыка театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) М. Әуезов пен И.В. Коцыктың "Айман -Шолпанында" Арыстанның тұлғасын сахналады. 1936, 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне белсене қатысты. Б. Төлеген, Тарғын (Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі" мен "Ер Тарғынында"), Абай (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абайында"), Арыстан хан (А. А. Зильбердің "Бекетінде") сияқты түрлі сипаттағы опералық образдарды сомдады. Ол Қазақ опера және балет театрының алғашқы режиссерлерінің бірі ретінде "Абай" (Қазакстанның Мемл. сыйл., 1967), "Қыз Жібек", "Қамар сұлу", "Ду-дарай", "Даиси", "Евгений Онегин", "Князь Игорь" операларын сахнаға шығарды. Көптеген кинофильмдерде ойнап, Жағыпар болыс ("Аманкелдіде", 1938), Жұрқа Жұрынбаев ("Қыз бен жігітте", 1954), Итбай болыс ("Ботагөзде"-, 1956), т.б. бейнелерді сомдады. Драматургия саласында да жемісті еңбек етіп, "Беу, қыздар-ай", "Ой, жігіттер-ай" комедияларының, "Достық жолымен" балетінің және "Айсұлу", "Алтын таулар" атты опералардың либреттоларын (Қ. Шаңғытбаевпен бірге) жазды. Оның "Құштар көңіл" кітабы казақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Еңбек Кызыл Ту, "Құрмет Белгісі", т.б. бірнеше ордендермен, медальдермен марапатталған.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
БАЙСЕЙІТОВ ҚАНАБЕК

БАЙСЕЙІТОВ Қанабек (15. 3.1905, Алматы обл. Каратал ауд. Қалпе а. -
10.3.1979, Алматы) — әнші-актер, режиссер, драматург, Қазақ музыка
театрының (қазіргі оқытушы болады. Қазақ пед. техникумын бітірген (1929).
Осы техникумда оқып жүргенде, 1926 ж. техникум өнерпаздары қойған Ж.
Шаниннің "Аркалық батыр" спекгакліндегі Арқалық рөлін ойнап, актерлік
талантын байқатты, Ол 1927 ж. ұйымдастырылған жастар театрының реж. болды.
1929 ж. Қазақ драма театрына қабылданды. Актерлік қызметімен қатар пьесалар
("Озбыр болыс", "Зәуре", "Тартыс", "Келіншек", т. б.) жазып, орыс
жазушыларының бірнеше пьесасын қазақшаға аударды. 1934 ж. Қазақ музыка
театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) М. Әуезов пен И.В.
Коцыктың "Айман -Шолпанында" Арыстанның тұлғасын сахналады. 1936, 1958 ж.
Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне белсене қатысты. Б.
Төлеген, Тарғын (Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі" мен "Ер Тарғынында"),
Абай (А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абайында"), Арыстан хан (А. А.
Зильбердің "Бекетінде") сияқты түрлі сипаттағы опералық образдарды сомдады.
Ол Қазақ опера және балет театрының алғашқы режиссерлерінің бірі ретінде
"Абай" (Қазакстанның Мемл. сыйл., 1967), "Қыз Жібек", "Қамар сұлу", "Ду-
дарай", "Даиси", "Евгений Онегин", "Князь Игорь" операларын сахнаға
шығарды. Көптеген кинофильмдерде ойнап, Жағыпар болыс ("Аманкелдіде",
1938), Жұрқа Жұрынбаев ("Қыз бен жігітте", 1954), Итбай болыс ("Ботагөзде"-
, 1956), т.б. бейнелерді сомдады. Драматургия саласында да жемісті еңбек
етіп, "Беу, қыздар-ай", "Ой, жігіттер-ай" комедияларының, "Достық жолымен"
балетінің және "Айсұлу", "Алтын таулар" атты опералардың либреттоларын (Қ.
Шаңғытбаевпен бірге) жазды. Оның "Құштар көңіл" кітабы казақ, орыс
тілдерінде жарық көрді. Еңбек Кызыл Ту, "Құрмет Белгісі", т.б. бірнеше
ордендермен, медальдермен марапатталған.
ШАҢҒЫТВАЕВ ҚУАНДЫҚ ТӨЛЕГЕН ҰЛЫ

ШАҢҒЫТВАЕВ Қуандық Төлеген ұлы (21. 3. 1925 ж. т., Ақтөбе обл. Қарабұтақ
ауд., Т. Г. Шевтспко атынд саз—қазақ совет ақыны. 1950 жыл-дан КГІСС
мүшесі. 1940-43 ж КазГУ-до оқыды. 1944-55 ж. Ақтөбе пед. институтында каф.
меңгерушісі, обл Социалистік жол, Актюбинская правда газеттерінде
бөлім меңгерушісі, 1955—73 ж. Қазақ әдебиеті газетінде, Жұлдыз
журналында бас редактордын, орынбасары, бас редактор, Қазақфильм
киностудиясында, қазақ радиосында бас редактор. Алғашқы кітабы Ар деген
атпен 1945 ж. жарық көрді. Туған өлкесіндегі шынайы өзгерістерді,
замандастарының ақыл-парасатын, адамгершілік қасиетін жырлаған Өлеңдер
(1965), Аққу әні (1968'), Өлеңдер (орыс тілінде, 1970), Арма,
республикам . (1974), Лирика (таңдамалылары, 1976), Жыр-жаһаны (ауд.,
1980), Гүлтолқын (1982), Саршатамыз (1982), Жыл құсы (таңдамалылары,
1987) атты лирикалық кітаптары шықты. Драматургия саласында да еңбек етіп,
Қ. Байсейітовпен бірге Беу, қыздар-ай (1960), Ой жігіттер-ай (1967),
Құтырғаннан құтылған (1976) пьесаларын және Алтын таулар (1960),
Айсұлу (1963) опера-ларыныц либреттосын жазды. Ол — көптеген ән
өлеңдерінің авторы. Сон-дай-ақ А. С. Пушкиннің Евгений Онегин романын
(1949, 1986), М. Ю. Лермонтов, II. В. Гете, Р. Борне лирикаларын, Омар
Һайямның рубаят-тарың, М. Горькийдіц Қыз бен ажал позмясып (1941) қазақ
тіліне аударды.

ЖАС ДОСЫМ ЖАЙЛЫ БІР АУЫЗ СӨЗ
1954 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясында әдебиет және өнер қызметкерлерінің
біріккен жиналысы болды. Ол жиналысқа сол кездегі республика басшыларыда
қатысты. Бір кезде трибунаға қияк мұртты әдемі жігіт шыкты. Өте жақсы
сөйледі.
Бір-екі күннен кейін сол жігітті рестораннан көрдім. Қасыма шақырып алдым.
Екеуміз сол жерде танысып, біраз сырластық. Сөйтіп, Қуандық Шаңғытбаев
екеуміз таныстықты ойда жоқта бастаған едік.
Кейін сырласа жүріп, бірте-бірте Қуандық екеуміз творчестволық байланысқа
да бара бастадық. Өзім театрда жүрген соң оған театр өмірін көбірек айтып
құлағын елеңдете бердім. Бір күндері: Осы екеуміз бірігіп драма жазсақ
кайтеді?—деген ұсыныс та айттым. Ол қарсы болмады, бірак театр өмірін
білмейтіндігін ескертті. Ал маған оның тіл білетіндігі, адам психологиясын
сөзбен бере алатындығы ұнады. Өзі де ақын адам, басқаны тыңдай білу
қабілеті, мінезі, адамгершілік қасиеттері маған
Қуандықты күн сайын жақындата түсті. Драма жазайық дегенді тағы бір
кайталап айтқанымда:
-Не жазамыз?—деді Қуандық.
-Сұлу қыз, сұлу жігіт туралы жазайык,— дедім,
-Олар кандай адамдар болады?
-Қыз — сауыншы, жігіт — қойшы. Қыз бен жігіттің махаббаты—мәңгі тақырып,
олардын қызметі өзгергенмен, сүйіспендіктері өзгермейді,-деп, екеуміз
әзілдесе әңгімелесіп отырдық.
Сол кезде Талдықорған облысында жас қыздардың сауыншылар бригадасын құрып
жаткандығы жайлы газет хабарлары жиі басылып жүрді. Қуандық екеуміз де сол
хабарларға құлағымызды түріп елеңдей бастадық. Екеуміз өзара әзілдесе,
күлісе жүріп болашақ жазбақ дү-ниеміздің комедия болуы керектігіне де
келісіп қойғамыз.Бірде Қуандық екеуміз Талдықорған облысының Шоқан
колхозына бардық. Онын колхоз председателі Сүлеймен Құнанбаев деген кісі
сонау педтехникумде бірге оқыған, дос адам брлғасын, әдейі сол колхозды
тыңдадық. Сүлейменнің үйінде болып колхоз жайын жақсылап біліп алдық, кадр
мәселесіндегі қиындықтарын да естідік. Сонан соң ертесі сауыншы қыздар
фермасына бардық, ферма меңгеруішсі Зылиха Тамшыбаева дейтін жас қыз екен,
қара торы ғана, әп-әдемі. Өзге қыздар да бірінен-бірі өтеді. Әншейін өңшең
өрімдей қыздармен әңгімелестік, әзілдестік, жағдайларын білдік. Зылиханың
жігіті қой маманы болатынын да, ұмытпасам, сол арада біліп алдық-ау деймін.

Қайтар жол Қуандық екеуміздің әңгімеміз сол қыздар болды. Бір-бірімізге
ұсыныс айтып, болашақ комедияның суретін ойша жасай бастадық. Колхоз
басқармасының бастығы Сүлеймен мен сауыншы қыздар фермасынын
меңгерушісі.Зылиханың айтқандарын арқау етіп, өз қиялымыздан қалғанын
туғызып, болашақ Беу, қыздар-айды Куандық екеуміз содан кісіні жиі
әңгімелейтін болдық. 1959 жылы Талдықорғанның Сарноқай деген жайлауында
демалып жатып бұл жоспарды іс жүзіне асыра бастадық. Сол жазда Алтын
таулардың либреттосын жазып біттік және Беу, қыздар-айдың екі актысын
аяқтадық. Қуандық екеуміздің бір-бірімізді дұрыстап біліп, әке мен баладай
түсінісуіміздін, өзі сол Сарноқай сапарынан өрістейді.
Қазір мен жетпістемін, Қуандық елуде, Арамызда
жиырма жылдық айырма болса да, біраз жылды араласып бірге өткіздік. Босқа
өткізбедік деп ойлаймын. Есейгенде тапқан досым мен үшін де, театр үшін де
үлкен еңбектер жасады, творчестволық байланыстарымыз жемісті болды, жас
алшақтығымыз жымдасып жарасымдылық тапты.

Ақтөбе облысының Т.Ахтанов атындағы сазды драма театры
Беу қыздар-ай! Анар Еркебай
Ақтөбе облысының Т.Ахтанов атындағы драма театрдың қазақ группасының
көрсеткен бірінші спекталі- өткен ғасырда өзекті ой қозғаған пьесаларының
бірі Қ.Шаңғытбаев пен Қ.Байсейтовтің Бей қыздар-айы Театрдың бас
режиссері- М.Бақытжанов қойған бұл дүние көрерменнің көз алдына сонау 60-шы
жылдарды әкеледі.Оның себебі қойлымның сол дәуірді сипаттағанында ғана
емес, сол жылдар тәсілдерімен қойылуынан, жаңа сахналық мүмкіндіктерге
бармауынан деуге болады.Сонымен қатар, спектакльде режиссер комедия жанрын
өткерлей түсу үшін сатиралық элементтерге, гротескіге, асыра сілтеушілікке
көп кетіп қалған.М.Б. спектакльде күлкілі әрекеттерді асыра қолданып,
гиперболалық көріністер енгізіп, шығарманы жеңілдетіп жіберген.
Режиссер М.Бақытжанов пен суретші А.Орынбасаров ұсынған сахналық шешім
үлгісі- төрт бағаналы қара, еі жағында сиырдың үлкен екі мүйізі арқылы сиыр
фермасын көрсеткенімен, эстетикалық жағынан үйлесім таппаған
секілді.Сонымен қатар көріністер арасында сиырдың киімін киіп бишілердің
шығуы тіпті логикаға симайтын құбылыс болды.

Беу, қыздарай! Жазира Ахметова
Беу қыздарай! пьесасын 1960 жылы М.Әуезов аты академиялық қазақ драма
театрының сахнасына режиссер Ә.Мәмбетовтың қойғаны бірден ойға оралды.Тіпті
осы қойылып кейін Айсұлу атты комедиялық операның жазылуына түрткі
болғаны да мәлім.Кезінде үлкен жетістікпен жүрген бұл спектакль ауыл
мәселесінің түбегейлі өзектілігіне арналған тақырыптың бірін көтерген еді.
Араға көп жылдар салып Ақтөбе облыстық Т.Ахтанов атындағы қазақ драма
театры сахнасында режиссер Бақытжан Мағзұмов сахналанған қойылымның да
өзіндік ерекшелігі бар.Режиссердің негізге алған мақсаты ауыл мәдениетінің
кемелденуіне орай және ауыл жылына байланысты орайластырғысы келгені оқиға
сыртында сағымдай бұлдыр тартады. Жастықтың символына икемделген сахналық
жарқын декорация музыканың ырғағымен жандана, ашыла түскен.
Қарапайым Көкдала ауылының күнделікті тіршілігінің бір мезеттік оқыстан
орайластырылған қойшы бала серкенің айласы көрермен залын күлкіге
көмкерді.Үш сұр бойдақ-доцент, ақын, суретші төңірегінде өтетін оқиға ауыл
мәдениетінің жандануына, осы үш мамандық та бүгінде тапшы екендігі ауыл
басшысы Әбдіқадыр ойын дөп басқандай.Ол бар күшін ауылдың ферманың
өркендеуіне жұмсап әпкелі-сіңлілі үш қыздың соғынан ерген жігіттердің
қалайда ауылға алып қалуға тырысып-бағады.Газеттен Айсұлу атты сауыншы қыз
туралы мақтаулы мақаланы оқып, оған қоса суретін көрген бойдақтар бірден
бойларын сезімге алдырады.Қыз бойынан әрқайсысы өзіндік жақындық пен бір
жылылықты сезінеді.Айсұлу деп жүргендері оның әпкелері Нұрсұлу, Күнсұлу,
Жансұлу екендігінен бейхабар достар ойда-жоқта бір ауылға күйеу бала
болады.Үздіксіз бір сахнадан соң екінші сахна жалғасу арқылы көрерменнің
шаршауына, жалығуына мүмкіндік бермейтін бұл қойылым тек әрекеттен
құрылған.Актерлердің ойынынан шығарманың жандарына жақын өздеріне

ұнайтын қойылым екендігін аңғару қиын емес-ті.Орындау барысында өздерін
еркін сезінуі мен қатар драматургиялық мәтіннен ауытқып өз тараптарынан
импровизациялық әдіске көшуі ойыннан шектеліп тұрған жоқ.Қайта олардың бір-
бірімен сахналық үйлесімділіктеріне ырғақ береді.Дегенмен де, актерлердің
кейіпкерлерге тән қимыл-әрекеттерінің кейбір тұстарында көңілге күмән
келтіретін олқылықтары да баршылық.Орындаушылар комедияның кейіпкерлерді
жанрға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақтың тұңғыш операсы
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Бәйсейітова, Күләш (Гүлбаһрам) Жасынқызы
Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары
Қазақстан оперә өнері
Қазақ Ұлттық Опера және балет театры
Казақ халқымыздың музықалық мұралары
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
Ахмет Жұмабаевтың симфониялары
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ НҰРҒИСА
Пәндер