Автомобильдердің электротехникалық және электрондық жабдықтары -курсы мазмұны және әдістемесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына оқыту мазмұнының кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1. Студенттердің “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылығын қалыптастыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2. Мамандық бойынша студенттерді оқытудің интегративтік функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығын меңгеру тәсілдері мен әдістемесі ... ... ... ... ..19
2.1. Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру ... ... ... ...19
2.2. “Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары” курсын оқыту практикумы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
3. Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтарын оқыту мазмұны мен оқыту ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
3.1. “Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары” курсының мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.2. Автомобильдің электрлік жабдықтары әдістемесінің ерекшеліктері ... ..35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы шарттары: біріншіден оқылатын курстардың мазмұнды оқыту, мектеп
бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады; екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы талаптың орындалу шартына айналуы керек.
Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға септігін тигізері анық.
050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер арасында "Педагогтік" кәсіпке қарағанда "Кәсіптiк бiлiм педагогi" мамандығына деген "қызығушылық" қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар:
- 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру стандарттары мазмұнын қайта қарау;
- оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау;
- оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап етеді.
Жоғарыда айтылған мәселелер негізінде орындалатын дипломдық жұмыстардың талаптарына сәйкес зерттеу жұмысының бағытын, мамандық бойынша өте маңызды болып саналатын арнайы курс "АВТОМАБИЛЬДЕРДІҢ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ" -КУРСЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ тақырыбы таңдалынып алынды.
1. Концепция трудового обучения и воспитания в средней
общеобразователъной школы Республики Казахстан. //Учителъ
Казахстана, 1993. 18 февраля.
2. Батышев С.Я. Производственная педагогика. М., Машиностроение,
1978.
3. Бесполъко В.П., Ерецкий М.И. Методика обучения автоделу в средней
школе. М, Просвещение, 1982.
4. Брагинский М.В. Методика преподавания предмета «Механизация
садово-паркового хозяйства». Л., ВО «Агропромиздат», 1988.
5. Гулейчик А.И., Калошии А.И. Методика проведения занятий по
подготовке машинно-тракторных агрегатов к работе. М.,
Агропромиздат, 1986.
6. Дидактика производственного обучеиия. Под ред. О.Ф.Федоровой. М.,
В.Ш.,1973.
7. Дюртеева О.Я. Организация проведения лабораторно-практических
занятий по разделу «Сельскохозяйственные машины». Л., ВНИИПТО,
1978.
8. Жаров М.С. Методика проведения лабораторно-практических занятий
по предмету «Тракторы и автомобили». М., 1981.
9. Жаров М.С. Методика курса «Трактор». М., 1988.
10. Жиделев М.А. Методы производственного обучения. М.,1988.
11. Иванов В.И. Из опыта проведения лабораторно-практических занятий
по предмету «Сельскохозяйственные машины». Сб. ВНИИ
профтехобразования. Вып.1. Л.,1967.
12. Казакевич В.М., Поляков В.А., Ставровский А.Е. Основы методики
трудового обучения. М.,1983.
13. Китаев И.Г., Чичков В.А. Технический труд в сельской школе. М., НИИ
ТОПОАПНСССР, 1972.
14. Рубенштейн С.Л. Основы общей психологии. М. 1940г.

15. Гурьянов Е.В. Психофизиологические основы навыков человека. М., 1940г.
16. Богословский В.В. Вопросы психологии. М., Просвещение 1981г.
17. Басов М.Я. Избранные психологические произведения М., Педагогика, 1975 г.
18. Стеблев Н.М. Методика обучения устройству автомобиля, М.С. Просвещение, 1977г.
19. 3ахаров Н.Н„Симоненков .Д. Профессиональная ориентация школьников, М., Просвещение,1989г.
20. Рувинский Л.И., Кан-Калик В.А. Введение в специальность. М., Просвещение, 1988г.
21. Кожина О.А. Испоьзование инструкционных карт в про общественно -полезного труда. Школа и производство № 4 1983г.
22. Коменскийй Я.А. Великая дидактика. Изб.пед.соч. М.учпедгиз, 1955г.
23. Корольский В.В., Симоненко В.Д. Общественно -полезный производительный труд учащихся, М., Просвещение 1990г.
24. Краевский Б.В. Проблемы научного обоснования обучения. М., 1977г.
25. Бабанский Ю.К. Оптимизация процесса обучения. М., Педагогика, 1977г.
26. Беллабуна Электроника на автомобиле. М.,Транспорт, 1979г.
27. Калисский В.С., Манзон А.И. Автомобиль.Учебник водителя 3 класса . Алма-Ата Кайнар, 1970г.
28. Гольдин М.И. Электрооборудование автомобилей. М., Транспорт, 1983 г.
29. Брюханов А.Б. Электронное устройство автомобилей. М., Транспорт 1988г.
30. Вопросы психологии обучения труду в классе. Сборник под редакцией Смирнова А.А., М., 1968г.
31. Макаренко А.С. Некоторые выводы из моего педагогического опыта, сочинения том.5.
32. Рубинштейн С.Л. О мышлении и путях его исследования. М., Изд.АПН РСФСР 1958г.
33. Сухомлинский В.А. Как воспитать настоящего человека. Киев, 1975г.
34. Методика трудового обучения общетехнических дисциплин под редакцией Тхоржевского Д.А., М., Просвещение, 1982г.
35.Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. М.,1973г.
36. Организация и оборудование учебно-производственной базы в межшкольных учебно-производственных комбинатах; пособие для преподователей, М.Просвещение, 1982г.
37. Вопросы психологии обучения труду в школе, сборник под редакцией А.А.Смирнова, М. 1968г.
38. Сухомлинский В.А. О воспитании, М.1971 г.
39. Дидактика средней школы. Некоторые проблемы современной дидактики под редакцией Скаткина М.М., М., Просвещение, 1982г.
40. Сознание философский словарь под ред. Розенталя М.М. М., Политиздат, 1972г.
41. Качнев В.И. Обучение конструирования на уроках труда.
42. Воспитание.философский словарь под редакциией Розенталя.М.М.
43. Гнатюк М.П. Нет предела совершенства. Книга для учителей.
44. Ушинский К.Д. Материалы к 3 тому педагогический антропологии, М., 1950г., томЮ.
45. Крупская Н.К. Педсочинения в 6-ти томах, М., Педагогика, 1978г.
46. Проект концепции содержания образования общеобразовательной
школы Республики Казахстан, Учитель Казахстан 8.04.93.
47. Илыш Е. Необходимость вопроса, Правда 1981г. 21 декабря.
48. За рулем №10 1992г., электроника на службе у водителя.
49. Радио №7 1992г . Еще раз об электронике на автомобиле.
50. За рулем № 12 1992г. Бесконтактные системы зажигания.
51. За рулем № 9 1992г. Электрозажигание-два пути к решению.
52. За рулем № 5 1992г. По сводкам статистики.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7

1. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына оқыту мазмұнының кейбір

мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

1.1. Студенттердің “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылығын қалыптастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...9

1.2. Мамандық бойынша студенттерді оқытудің интегративтік
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13

2. “Кәсіптiк бiлiм” мамандығын меңгеру тәсілдері мен
әдістемесі ... ... ... ... ..19

2.1. Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға
төселдіру ... ... ... ...19

2.2. “Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары” курсын
оқыту
практикумы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .21

3. Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтарын оқыту
мазмұны мен оқыту
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30

3.1. “Автомобильдің электротехникалық және электрондық жабдықтары” курсының
мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...30

3.2. Автомобильдің электрлік жабдықтары әдістемесінің
ерекшеліктері ... ..35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 44

ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 6

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 9
КІРІСПЕ
Педагогикалық жоғары оку орындарында болашақ “Кәсіптiк бiлiм”
мұғалімдерінің кәсіби дайындықтарын жақсартудың маңыздылығы, алдыңғы
шарттары: біріншіден оқылатын курстардың мазмұнды оқыту, мектеп
бағдарламаларының талаптарына тығыз байланысты оқытылуы болып табылады;
екіншіден, жоғары оқу орындарында қабылданған білім берудің негізгі
мемлекеттік стандарттарында оның теориялық және әдістемелік принциптері
ретінде оқытудың мазмұны сандық және сапалық жағымен бағалап, жоғарыдағы
талаптың орындалу шартына айналуы керек.
Соңғы айтылған мәселе негізінен жоғары оқу орындарына арналған оқу
жоспарларында қарастырылатын пәндердің өзара салмақ үлестерін анықтауға
септігін тигізері анық.
050120-“Кәсіптiк бiлiм” оқу жоспарларында педагогикалық-психологиялық
пәндер мен жалпытехникалық пәндер және мамандық цикліндегі пәндердiң ара
салмағы сандық жағынан өзара алшақтығы байқалады. Оның үстіне соңғы
пәндердің көлемінің көптігіне байланысты мамандықты меңгеруші студенттер
арасында "Педагогтік" кәсіпке қарағанда "Кәсіптiк бiлiм педагогi"
мамандығына деген "қызығушылық" қалыптасқан. Оқыту процесіндегі осындай
педагогика-психологиялық қарама-қайшылықгар:
- 050120-“Кәсіптiк бiлiм” мамандықтары бойынша негізгі жоғары білім беру
стандарттары мазмұнын қайта қарау;
оқу жоспарының мазмұнын қайта қарау;
оқыту процесінде оқытудың интегративтік функцияларын арттыруды т.б. талап
етеді.
Жоғарыда айтылған мәселелер негізінде орындалатын дипломдық жұмыстардың
талаптарына сәйкес зерттеу жұмысының бағытын, мамандық бойынша өте маңызды
болып саналатын арнайы курс "АВТОМАБИЛЬДЕРДІҢ ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЖАБДЫҚТАРЫ" -КУРСЫ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ тақырыбы таңдалынып
алынды.
Жұмыстың мақсаты: аталған курс мазмұны мен оқыту әдістемесінің
педагогикалық негіздерін анықтау.
Жұмыстың нысаны: 050120- “Кәсіптiк бiлiм” профилі бойынша мамандыққа
дайындау процесі.
Жұмыстың пәні: мамандық бағытындағы курс мазмұны, курсты оқытудың
педагогикалық шарттары.
Жұмыстың ғылыми болжамы: “Кәсіптiк бiлiм” профиліндегі мазмүны бойынша
оқыту мазмұны меңгерілетін мамандық талаптарына сай келеді, егерде:
меңгерілетін мамандыққа қызығушылық артса;
болашақ “Кәсіптiк бiлiм” мұғалімдері тиянақты кәсіби дайындықтармен
қамтамасыз етілсе.
Жұмыстың міндеттері:
1. Мамандыққа бағытталған курс мазмұнын жасау.
Меңгерілетін мамандыққа студенттердің ынталығын қалыптастыру негіздерін
анықтау.
Оқытудағы дифференциалдық оқытудың интегративтік функцияларын анықтау.
Студенттердің мамандық бойынша курс негізінде іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыру тәсілдерін анықтау.
1. “КӘсіптiк бiлiм” МАМАНДЫҒЫНА ОҚЫТУ МАЗМҰНЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1. Студенттердің “Кәсіптiк бiлiм” мамандығына қызығушылығын қалыптастыру
ерекшеліктері.
Педагогикалық мамандар дайындау проблемасы соңғы кездерде оқытуды
басқаруды ыңғайластыру кезеңдеріне байланысты бүгінгі күннің еңбір ақуалды
мәселелерінің бірі болып отыр.
Жалпы дипломдық зерттеу жұмысы осы мәселе төңірегінде негізінен болашақ
оқытушылардың осы сала мамандықтарына ынталығы, қызығушылығының кейбір
ерекшеліктеріне бағытталды.
Біздің мақсатымыз: біріншіден, студенттерде "оқытушы" оған деген ынта,
қызығушылық тудыруда күрделі обьект ретіндегі мамандық екенін анықтау;
Екіншіден, студенттер арасында мамандыққа қызығушылықгы қалыптастырудың
жүзеге асырылуы негіздерін анықтау.
Мұнда біз "Оқытушылықтың" күрделілігін оларды дайындауда үш негіз бар
екенін анықтадық.
Бірінші. Оқытушы мамандығы динамикалық, үнемі дамып отыратын обьект
болғандықтан олар сатыланған құрылым және кәсіби іс-әрекеттері көп
факторлы, уақытқа тәуелді білім, біліктілік пен дағдылар меңгеру, осылардың
негізінде өндірістік қатынастарға тиіс тәжірибе меңгеру.
Мұндай құрылым мамандыққа деген студенттердің ынтасын қалыптастыру
логикасының ылғашқы этапы деуге болады.
Екінші. Студенттердің меңгеріп жатқан мамандығы жалпы "Еңбек"
шеңберінде салыстырмалы обьект болып қалыптасады. Осыған байланысты
"Инженер-педагог" деген салаға көбірек бейімделеді.
Үшінші. Негізінен екінші фактордың негізінде қалыптасады деуге болады,
мұнда белгілі салада еңбек ету, немесе сол сала үшін мамандар дайындау
бағытында еңбек етуде адам өзін белгілі бір кәсіп ішіндегі мамандықты толық
меңгеруге тиісті квалификацияға ие болуға ұмтылады.
Жоғарыда анықгалған факторлар негізінде біздің ойымызша мұғалімнің ең
маңызды ерекшелігінде жалпы білім деңгейі сипат алуы тиіс. Жоғары оқу
орындары үшін мамандыққа дайындау процестер, құбылыстар, заңдар мен
зандылықтардың ғылыми негізінде құрылуы тиіс. Тек осы бағытта ғана
мамандыққа деген ынталылық қызығушылық арттыра алады.
"Кәсіптiк бiлiм" профилінде біз бағытқа үстанған осы жай, мамандыққа
қызығушылық қалыптастырудың бірнеше деңгейде өтетінін анықтайды.
Дипломдық жұмыс білім және мәдениет мамандықтарының оқу-әдістемелік
бірлесітігінің ұйымдастыруымен құрастырылған “Кәсіптiк бiлiм” профилі
бойынша жасалған бағдарламалар проектілерін талқылау кезеңдерінен
басталады.
Дегенмен, зерттеу "оқытушы" мамандықтары бойынша қарастырылғандықтан, осы
мамандыққа байланысты негізінен бес проблемаға назар аудардық және оны
еңбек, кәсіптiк бiлiм мамандықтарынан басқа гуманитарлық мамандықгар
бойынша да жүргізуді лайық деп таптық.
Сұралған студенттер үшін мамандыққа байланысты ең маңызды деген
педагогикалық проблемаларды атауды ұсындық.
Интервью барысында:
"Еңбекке", " Кәсіптiк бiлiмге";
Оқыту процесін жетілдіру мәселелеріне;
Қазіргі заман оқытушысының орны мен роліне назар аударуларына көңіл бөлдік.
Алынған нәтижелер төмендегілерді анықтады.
1. Қазіргі өмір талабына сәйкес жалпы, кәсіби білім беру мектептерінде
"Еңбек",
" Кәсіптiк бiлiм " белгілі бір кәсіп иесі болуға бағыттауы қажет. 50,98
%.
2. Сұраққа алынған кейбір студенттер мұғалімдік мамандық проблемаларына
назар аудармайды. 27,45%.
Сұрақ негізінде оку практикасына бармаған курс студенттері-мен
жүргізілді.
Мұндай жағдайда оқу-тәрбие процестерінің сапасы жөнінде әңгіме қозғау артық
та болатынына көзіміз жетті.
Дегенмен, оқу процесінің сапасын арттыру мәселесі:
Біріншіден, мамандық алу сипатында ынталығының барлығы жалпы кәсіпке емес
жеке мамандық иесіне деген;
Екіншіден, таңдап алынған мамандық мұғалімдік кәсіптің бір жағы ретінде
болатындығына тиісті студенттердің оку процесіне деген пікірлері
топтастырылды.
Осы ұстанған бағыт бойынша оқытушылық кәсіп проблемасына көзқарас екі
тарауға бөлінді:
Біріншісі. Қазіргі кезеңдегі оқытушы кәсібі проблемасы қызықтыратындар-
27,4%
Екіншісі. Оқу процесінің сапасын жетілдіруге байланысты кәсіпке ынталандыру-
47,05 %.
Жоғарыдағы зерттеу негіздеріне сүйене отырып, төмендегі пікір талассыз
екені анықталады деуге болады, яғни, оқытушылық кәсіпке ынталандыру оқыту
процесі деңгейінде жүзеге асырыла алады. Сол себепті де, оқытушылық кәсіпке
тарту, кәсіптің мазмұнын белгілі бір обьект ретінде үнемі динамикалық түрде
дамытып оқытуды қажет ететінін аңғартты.
Оның ішінде оқытушылық мамандықтарды меңгерудегі оның ғылыми
негіздерінің маңызына -47,05 % оқушылар көңіл бөліп отыр. Бұл өмір талабы
және соңғы кездердегі өндірістік қатынастардың едәуір диспропорцияға
ұшырауының салдары деуге болады.
Жұмысымыздың барысында біздерді қызықтырған және бір мәселе болды. Бұл,
кәсіпке, оның ішінде меңгеріп жатқан мамандыққа ал одан таңдап алынған
бағыттарды есепке ала отырып кәсіпке деген оқушылардың қызығушылығын
зерттеу картинасы тіптен әртүрлі екенін аңғардық.
Біз бағытқа ұсынған " Кәсіптiк бiлiм " проблемасы басқа мамандықтары
үшін маңызын түсінушіліктері әртүрлі болып шықты. " Кәсіптiк бiлiм "
мамандықтары бойынша оқитындар бұл мамандық проблемасы:
- 91,3 % назар аударса.
тарихшылар-44,7 %
- филологтар-34,1 % ғана көңіл бөлді.
Ал, жалпы оқытушы кәсібінің проблемасына:
филологтар -61,0 %
тарихшылар - 55,3 %
"Еңбек", "Кәсіптiк бiлiм" мамандықтары оқушылары -
8,7 % ғана көңіл бөлді.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп тұрғандай, оларға талдау жасағанымызда,
оқыту сапасының ғылыми деңгейін жетілдіру проблемалары филологтар үшін жоқ
деуге болса, "Еңбек", " Кәсіптiк бiлiм " мамандық студенттері мұндай
мәселеге тіпті көзқарастарының өзі тиянақты емес екендігіне көзіміз жетті.
Соңғы мәселе, " Кәсіптiк бiлiм " мамандықтары бойынша педагогика,
психология мамандықтары алдында оқыту мазмұнының, оқу процесін жетілдіру
мәселелеріне деген күрделі сұрақтарды алға тартады.
1.2. Мамандық бойынша студентерді оқытудың интегративтік функциялары.
Жоғарыда студенттердің оқытушылық кәсіпке, оның ішінде таңдап алынған
мамандыққа ынтасы мен қызығушылығының негізгі ерекшеліктеріне зерттеулер
жүргізе келіп, бұл мәселенің күрделілігі негізінен оқыту мазмұнын, оқыту
процесін үнемі динамикалық обьект ретінде қабылдауымызды талап ететін және
сапасының ғылыми жүйеленгенде ғана оқытушылық кәсібі қоғамда жоғары
деңгейде көрінетіне көз жеткіздік.
Дегенмен, " Кәсіптiк бiлiм " мамандықтарының таңдап алынған бағыттары
бойынша білім берудің ерекшеліктері оқыту процесінде дифференциалдап
оқытуға алып келеді.
Әрине, оқытудың мұндай тәсілі өте қолайлы деуге болар еді, егер де, оқу
жоспары, оқыту мазмұны, оларға бөлінген стандарт бойынша сағат көлемі
көтере алғанда.
Мысалы: алдын ала қасиеттері берілген металл алу мақсатында оған
әртүрлі компоненттерді балқыту процесінде араластыру арқылы алуына болады.
Яғни, алынған зат - "қорытпа" тек қана өзінің "шектік" сипаттағы белгісінен
басқа жаңа қасиеттерге ие болған болар еді. Мінеки, осы мысалдағыдай
педагогика саласындағы "металлургиядада" жағдай осылай болып жатуы тиіс.
Осы бағытта әртүрлі ғылыми педагогикалық, психологиялық зерттеулер,
ұсыныстар жасалынды. Оның үстіне соңғы кездерде студенттер үшін информация
каналдары өте көптеп саналады радио, баспа, теледидар т.б..
Осындай ақпараттар ағыны студенттер үшін ғылым "қоспасына" айналуы үшін
арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бұл жерде оқыту мазмұнының
ғылыми негізі пәнаралық байланыста болуы тиіс екенінде дау жоқ. Дегенмен,
әрбір мамандықтың арнайы бағыттары курстарын меңгеруде дифференциялдық
оқыту алғы шепке шыққан болар еді. Бұл кезде пәнаралық байланыс тағы басқа
проблемалар үшін әр түрлі ғылыми-педагогикалық бағыттар ұсталынуы қажет.
Оқу процесінде мұндай бағыт ұстану студенттер әрбір пәндерді-ғылыми
танымдық кешен ретінде оқып үйренуі тиіс.
Ал, бұл сайып келгенде әрбір жеке пәндердің өзін меңгеруге белгілі бір
білім жүйесін қалыптастыруға білімнің интеграциялануын жинақ болуын талап
етеді.
Интеграция- латын тілінде бүтін, жаңғырту, тыңнан жасау, бүтіндікті
толықтыру деген мағынада айтылады.
Осы тұрғыдан қарағанда шын мәнінде "әртүрлі пәндер" бойынша
студенттерде ұдайы олардан келетін ақпараттардың жинақталуы, өңделуі
білімнің интеграциялануына алып келеді. Бірақ, жоғары оқу орындарындағы
жеке пәндердің мақсаты мен мазмұны жағынан дифференцияланған, біз ұсынып
отырған оқытудың интеграциялық функциясына қайшы келетіні белгілі. Бірақ,
олардың өзара табиғат заңдары негізінде бірігуі білімнің ғылыми тұтастығын
береді.
Сондықтанда жоғары оқу орындарында оқу процесінің интеграциялық қызметі
оқытушыларға сенімді және ыңғайлы. Осындай ақпараттар ағыны студенттер үшін
ғылым "қоспасына" айналуы үшін арнайы педагогикалық жұмыстар жүргізілуі
тиіс. Бұл жерде оқыту мазмұнының ғылыми негізі пәнаралық байланыста болуы
тиіс екенінде дау жоқ. Дегенмен, әрбір мамандықтың арнайы бағыттары
курстарын меңгеруде дифференциялдық оқыту алғы шепке шыққан болар еді. Бұл
кезде пәнаралық байланыс тағы басқа проблемалар үшін әр түрлі ғылыми-
педагогикалық бағыттар ұсталынуы қажет.
Бір бағыттылыққа негізделген құралдарды беру және білімнің
интеграциялануын басқару құралдарын анықтау болып табылады.
Кез-келген оқыту процесі информациялық өзара қарама-қатынас негізінде
құрылады. Оны графикалық түрде төмендегіше беруге болады.

Сурет 1. Ақпаратты қабылдау схемасы

Жоғарыдағы ақпараттың тасымалдау графигіне төмендегідей мысал келтіруге
болады. Телеграф жүйесі арқылы текст жіберу: хабар -әріп не басқа түрге
айналдыру -электрлік сигналға айналдыру-сигналдары радио байланыс, не
электрлік жүйе арқылы адресатқа жеткізу - кодпен алынған хабарды түсінікті
тілге айналдыру-адресатқа жеткізу.
Осы схема бойынша білімді ТАРАТУ аяқталады.
"Кірістегі хабар" мен "Шығыстағы хабардың" сәйкес келе беру ықтималдығы
жоғары деуге болмайды. Себебі, мұнда қосымша "шуыл" әсер етері анық. Сол
себепті ақпараттың қисайуы бәрімізге белгілі.
Мұндай жағдайдың "оқытушы-студент" ақпараттың жүйе ретінде педагогикада
болатынына күмән жоқ. Сол себепті біздерде үлгермеушілік әлі де көп.
Оқыту процесіндегі интеграциялық құбылыс стихиялық түрде немесе
басқарулы формада өтеді.
Стихиялық формасы көбінесе студенттердің технологиялық есеп шығару т.т.
кезеңдерінде өтеді.
Басқарулы интеграциялық оқыту барысында дидактикалық құрал ретінде
пәнаралық байланыстар қызмет етеді.
Курс мазмұнына байланысты оларды біз келесі принципте түздік.

Сурет 2. Оқу материалдарындағы ұғымдардың ішкі байланысы
Мұнда тексте негізгі делінген сұрақтарды бөліп алып кернеу, ток
өткізгіштік, электромагниттік өріс т.с.с. олардың хабарлану реті
анықталғаннан кейін сол нөмірі арқылы суреттегідей етіп ортасына жазамыз.
Оның сыртына қарастырылып жатқан сұраққа барлық болып табылатын оқу-
элементтерінің нөмірін көрсетеміз.
Ал пән аралық негізде осындай схеманы төмендегіше жазуға болады.

Сурет 3. Пән аралық байланыстар

Жоғарыдағы оқытудың интеграциялық функциясы сайып келгенде оқу
материалдарының структура-логикалық құрылымын түзуге септігін тигізеді.
Бірақ оку материалдарында жетелеуші идея болатын оқу элементтері анықталуы
тиіс. Бұл үшін аталған курс физика, электротехника, радиоэлектротехника
пәндеріне негізделген болғандықтан және барлық оқыту обьектілері құрал-
саймандар, электрлік, электрондық схемалараы пайдаланылуы себепті оку
элементтерінің өзара мағыналық қатынастарын анықгау қажет болды. Ол үшін
тексттер арасындағы оқу элементтерінің логикалық байланысы түзідді. Олар
логикалық структура графтар және матрицалық формаға негізделеді. Мысалы

Сурет 4. Тұйық контурлар графы

Сурет 5. Тұйық контурларды үзу матрицасы
Ойлауды математикалық логика түрінде басқару, дөңгелектердің цифрларды
оқу элементтер деп қабылдасақ, ал олардың бағыты қажеттілікті түсіндіреді.
Мұндағы оқу элементтердің қайсысында байланыс сызықтары көп болса, сол
элемент маңызды деп саналады. Графтардағы тұйық
контурлар жолдардың тұйықталуы деп қабылданды. Сондықтан оны ашу қажет. Бұл
педагогикада материалдардың қайталануы делінеді. Сол себепті
оған матрицалық талдау жасалынды.

Сурет 6. Ашық матрица

Керексіз алынып тасталынды.
2. "КӘСІПТІК БІЛІМ" МАМАНДЫҒЫН МЕҢГЕРУ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
2.1. Сабақ барысында студенттерді іскерлік пен дағдыға төселдіру.
Бірінші тарауда көрсетілгендей жоғары оқу орынының кәсіби дайындықтарын
жақсартудың бірден-бір жолы мектеп бағдарламасының талаптарына сай оқыту
процесі жүргізілуі тиіс делінген еді. Ол біріншіден, болашақ "кәсіптік
білім" мұғалімдерін тиянақты кәсіби дайындықтармен қамтамасыз етсе,
екіншіден педагогикалық жоғары оқу орындарын бітірушілердің мектептегі оқу
процесіне тікелей араласуына мүмкін туғызады.
Көптеген психолог ғалымдардың зерттеулері бойынша студенттердің
педагогикалық іс-әрекетке кәсіби бағдарлары олардың оку жоспарларындағы
пәндерді оқып үйрену мезгілінде алынған кәсіби білімдерді, іскерліктерді,
дағдылары жоне педагогикалық іс-әрекетке қызығушылық, онымен
шұғылданушылық, келешек кәсібіне тиімді көзқарас тұрғысынан оқылған
материалдар арқылы қалыптасады.
Сондықтан мектеп "кәсіптік білім" мұғалімі меңгеруге тиісті іскерліктер
мен дағдылардың көлемін анықгауда "электротехникалық және электрондық
жабдықтарды" оқыту процесінде мектеп оқушыларына қалыптастыратын
іскерліктер мен дағдыларды айқындаудан бастау қажет.
Бағдарламада оқушылар: электротехника негіздерін; автоматика және
электроника негіздерін; материалтану; монтаж, жинақгау, жөндеу
технологиясы; электрлік схемалар мен сызбалар графиктерді меңгеру; электр
инструменттерін пайдалану т.б. меңгеруі тиіс.
Сонымен қатар электроника негіздерін меңгере отырып автомобильдік
электрондық жабдықтардың структуралық блоктың схемаларын, олардың қандай
электрондық қондырғылардан тұратынын, атқаратын қызметі мен ақауларын
анықтау іскерліктері мен дағдылары қалыптасуы тиіс. Оның үстіне студенттер
жоғары оқу орнында оқу мезгілінде мектепте жұмыс істей алуларына
көмектесетін, аталған іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру әдістерін
үйренулері қажет. Сондықтан, "кәсіптік білім" мамандығы бойынша мұғалім
дайындау барысында оқылатын курс мазмұнына қызықтыруға қажетті әдістерге
көңіл аударуымыз қажет.
Сондықтан да оқыту процесі мектеп бағдарламасы және жоғарғы оқу орнының
бағдарламасы болсын, оқытылатын кәсіп негізінде сол өндірістің негізгі
салаларында орын алатын жұмысшының өндірістік-техникалық жұмыс шарттары
есепке алынуы керек. Мұндай жағдай тек студентттердің өзіндік жұмыстары
негізінде ұйымдастырылған практикалық жұмыстар ретінде орын алуы тиіс.
Орындалатын практикалық жұмыстарға қойылатын және бір талап, ондағы
әрбір меңгерілетін іс-әрекет студент немесе оқушы тарапынан саналы түрде
меңгерілуі тиіс. Ол үшін әрбір іс-орекет барысында студент "неге", "не
үшін", "не себепті", "қандай мақсатта" деген сұрақтар барысында өзінің
әрбір іс-әрекеттік тексере алатын болуы тиіс.
"Автомобильдердің электроникалық және электрондық жабдықтары" пәні
бойынша бағдарламада қосымша N1 негізінен практикалық жұмыстар есепке
алынбаған. Дегенмен, бағдарлама мазмұнына назар аударатын болсақ
"Автомобильді" оқытудың жалпы курсында оқытылатын кейбір мәселелерді
қайталайтыны көрініп тұр.
Бірақ оған қосымша электр жабдықтарында болатын ақауларды анықтау
мәселеріне көңіл аударылған.. Оқулықтарда мұндай сұрақтар кездеседі де,
бірақ ақаулардың себеп салдарына назар аударылады. Бұл студенттердің
іскерлік немесе дағдыларын төсеуге септігін тигізе алмайды.
Бағдарлама бойынша талдау жасағанымызда I тақырып бойынша:
Аккумулятор батареяларының негізгі ақаулары, оларды тексеру;
Генераторларда болатын ақаулар. Оларды жою тәсілдері.
Кернеу реттегіштері релелерінде кездесетін ақаулар.
Электр желісінің ақаулары.
2-тақырып бойынша: 1. Қозғалтқыштарды жүргізу жүйесінің негізгі ақаулары.
3-тақырып бойынша: 1. Оталдыру жүйелерінің жүмыс сипаттамалары.
4-тақырып бойынша: 1. Бақылау-өлшеу приборларының негізгі ақаулары.
5-тақырып бойынша:
1. Жарық беру және жарықпен сигналдау жүйесінің негізгі
ақаулары.
6-7 тақырыптар автомобильдердегі қосымша электрондық приборларға арналған.
Бағдарламаны талдау барысында және оны оқып меңгеруде студенттер назарын
жоғарыда көрсетілген бағдарламалық "белгілеріне" байланысты практикалық
жұмыстар мазмұнын түзуге және жоғарыда көрсетілген іскерлік пен дағдының
саналы меңгерілуі принциптерін ескере отырып түздік.

2.2. "Автомобильдердің элехтротехникалық және электрондық жабдықтары"
курсын оқыту практикумы.

Оқыту әдістемелері жүйесінің дидактикалық аспектілеріне назар
аударсақ, оқыту әдістемесін классифихациялауда жіктеуде
педагог-ғалымдар әлі күнге кейбір мәселелер жөнінде ортақ пікірге
келмеген деуге болады.
Мысалы: Еңбекке оқыту әдістемесі болсын әдістемелерді
жіктеуде окушылардың білімді қайдан және қалай алуына
байланысты жіктелуі. Осыған байланысты білім алу белгілеріне тиісті
топтарға бөледі.
Осындай піхірлердің ішінде бізді қызықтыратыны прахтикалық сабақтар
құбылыстарды байқау, жаттығулар, есептер шығару, еңбек тапсырмаларын
орындау.
Өзіндік жұмыстар бақылау, лабораториялық өндірістік-тәжірибелер, есептер
шығару, еңбек тапсырмаларын талқылау, оқулықпен жұмыс істеу т.б.
Осы тұрғыда дидактиктер мен әдіскерлер оқыту әдістемелерін жинақылау
мақсатында бір пікірге келе отырып оқыту әдістерін 3-топқа біріктіргені
байқалады. Сөздік, көрнекілік және практикалық.
Дегенмен, сөз және образ таныс құралдары болып
қалатындықтан, сөз не образ практикасыз іске асырылмайды. Сондықтан
практика әр кез алдыңғылардың бір элементі іспетті қызмет атқарады.
Сол себепті де, жоғарыда аталған оқыту әдістері оқушының танымдық
қабілетінің сипаты бола алмайды. Осы тұрғыдан қарағанда өзіндік
жұмыстар оқытудың әдісі емес, ұйымдастыру формасы деуге болады.
Тағы да бір назар аударатын мәселенің бірі: Оқыту
процесінде тематикалық практикумдер болуы тиіс, дегенмен
оны дидактикада практикалық жұмыстардың анықтамасы
ретінде береді. Осындай өзара терминологиялық шатасулар
немесе бір-біріне синонимдік еніп кетулер әлі де болса оқыту
процесінде кейбір мәселердің анықталуын қажет-ақ ететіні
көрініп тұр. Осы себепті де оқулықтарда студенттердің
танымдық қабілетіне негізделген тақырыптың өзіндік оқыту
формалары енбей қалған. Бұған әрине оқулық көлемі
шектеулі болғандығы себеп болған шығар, дегенмен
танымдық қабілеттің тұтастығын есепке алсақ әрбір
оқытылатын пәндер бойынша тақырыптық практикумдар
есепке алынуы керек-ақ. Зерттеу барысындағы мағлұматтарға
сүйене отырып төмендегі "Автомобильдердің
электротехникалық және электрондық жабдықтары" курсы бойынша
ұйымдастырылатын практикумдар мазмұнын ұсынамыз.
Орындалатын жұмыс электротехникалық, электрондық жабдықтардың жалпы
құрылысын, оларды бөлшектеу, жинақтау, ақауларын анықтау және жою
мақсаттарын түгел қамтыған.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Айнымалы ток генераторы.
Жұмыстың мақсаты: Үш фазалы синхронды генераторлардың құрылысы, жұмыс істеу
принциптері жөнінде алған теориялық білімдерін қалыптастыру.
Генераторды бөлшектеп, жинақтау Барысында олардың детальдарындағы және
электрлік ақауларды анықтау, жою тәсілдерін меңгеру.
Жұмыстың мазмұны: Генераторды бөлшектеу және жинақтау, детальдардың күйін
анықтау. Жұмысты жүргізу методикасы.
1250-П генераторын бөлшектейміз. Егер бұдан басқа генераторлар болса
олардың өзара айырмашылығын анықтаңыз.
Щетка ұстағыш болттарын 10 артқы қақпақ 8-ден бүрап
босатыңыз және щетка ұстағыш 10 мен щетканы 9 алыңыз.
12 қалпақты және 19 подшипникті алу үшін қапсырма
шпилкаларды босатыңыз.
Статорды босату үшін ротор валындағы 3 гайканы
босатыңыз.
Артқы қакпақты 8 орамдардың клеммаларын ажырату
мақсатында фазалық ұштарын босатыңыз.
Статорды алу үшін 19 подшипникті босатыңыз.
Генератор шкивін 23
8. Шығару үшін гайканы босатыңыз 21 шпонканы алыңыз.
22 втулканы алыңыз.
9. Подшипникті 2 босату үшін қакпақгағы 1 төрт винтті
босатыңыз.
10. Болшектелген генератор деталдарын 1 кестеде толтырыңыз.
1-кесте
Бөлшектердің Қызметі Материалы Ақаулары
аттары жарамды,
жарамсыз


II. Электрлік ақауларды анықтаңыз.
2-кесте
Ақаулар Ақаулар анықталуы Себептері
ішкі үзілу
орамдар аралық
тұйықталу
массаға тұйықталу
щеткалар желінген
щеткалар жарылған
серіппе нашар
диодтар істен шыққан

Анықталған электрлік ақауларды жоқ әдістерін
жазыңыз.
Генераторды қайта жинақтау кезеңдерін жазып
шығыңыз.
Жинақталғыш генератордың жұмысын тексеріңіз.

Бақылау сұрақтары.
Қандай тізбекте генераторды олардың детальдарына
бөлшектейді?
Негізгі пайдалынатын материалдарды атаңыз және себепті
тек сол материалдар пайдаланылатына көңіл бөліңіз.
Қандай ақауларды анықтаңыз?
Электрлік ақауларды атаңыз, оның салдарын түсіндіріңіз.
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС
Жұмыстың тақырыбы: Статерлер.
Жұмыстың мақсаты: Статердің құрылысы және жұмыс істеу принциптері
бойынша теориялық білімдерді толықтыру және тереңдету.
Жұмыстың мақсаты: СТ 350 статерін бөлшектеп, оның жұмысшы күйін, ақауларын
анықтау. Жұмыстың орындалу әдістемесі.
Статердің электрлік тізбектерін қадағалау мақсатында
қорғағышты 24 оның астарымен 23 шешіп алыңыз.
Статерді бөлшектеуге мүмкіндік беретін щетканы 27
ажыратыңыз.
Якорді 5 оның қалпақшасынан 9 қаңқасынан 4 ажырату
мақсатында шпилканы 17 серіппелі 9 ажырату
шайбасымен 16 ажыратыңыз.
Статер калпақшасын 9 ажырату мақсатында рычагты 10
ажыратып алыңыз.
Статер орамдарын ажыратып қосқышты бөлшектеу 21
үшін оның клеммаларындағы жалғанған сымдарды
ажыратыңыз.
Тарту релесінің жұмысын, құрылысын қарап шығу
мақсатында оны ажыратыңыз.
I. Статер деталдарының құрылысын, күйін, материалдарын анықтаңыз және
оларды кестеге толтырыңыз.

1-кесте
статер бөлшегі материалы қызметі ақаулары


I. Электрлік ақауларды анықтаңыз.
2-кесте
N Ақаулар Ақаулар анықталды Себептер
+,-
1 Күйіп кету
2 Коллектордың
беткі қабатының желінуі
3 Коллектор пластиналарының
түйықталуы
4 Орам аралық тұйықталу
5 Коллектор ұштарының ажырауы
6 Коллектордың ластануы
7 Щетка желінуі
8 Серіппе босаған

Анықталған электрлік ақауларды жою әдістерін жазыңыз.
Статерді қайта жинақтау кезеңдерін жазып шығыңыз.
Жинақталған статердің жұмысын тексеріңіз.

Бақылау сұрақтар
1 Тарту релесінде қандай ақаулар болуы тиіс.
Не себепті статерлердің орамдары генератор орамдарына
қарағанда көлденең үлкен болады?
Тарту релесін қалай жинақтайды?
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҮМЫС
Жұмыстың тақырыбы: Реле реттегіш.
Жұмыстың мақсаты: Реле-реттегішінің жұмыс істеу
принциптері бойынша теориялық білімді қалыптастыру және тереңдету.
Жұмыстың мазмұны: Реле-реттегішті бөлшектеп оның жұмысшы күйін, ақауларын
анықтау.
Жұмыстың орындалу әдістемесі.
Орамдар, түйіспелер күйін бақылау үшін реле-реттегіштің
қақпағын ашыңыз.
Түйіспелер электрлік доға әсерінен беттік қабатының
кертілуін бақылау үшін оларды ажыратып көріңіз.
Реле корпустарына жеке орналасқан қондырғыларды бөлшектеп алып қараңыз.
1-кесте
Деталь аттары Маркіленуі Қызметі Ақаулары


4. Электрлік ақауларды анықтаңыз.
Ақаулар Ақаулар анықталды Себептері
Сымдардың үзілуі қысқа түйықгалуы
түйіспелердің бүлінуі түйіспелер
аралық саңылауы

5. Кернеу реттегішін тексеру схемасын түзіңіз.
Анықталған электрлік ақауларды жою әдістерін жазыңыз.
Реле-реттегішті қайта жинақгаңыз.
Жинақгалған реле-реттегіш жүмысын тексеріңіз.

Бақылау сұрақтары.
Түйіспелердің майланып қалуы қандай қиыншылықтарға алып келеді ?
Генератордың төменгі айналыс жиілігіндегі ток жүру
схемасын көрсетіңіз.
Қоздыру орамдары қандай іске қосылады?
Қысқа түйықталу кезіндегі ток жүрісін көрсетіңіз.
Климаттық өзгерістерге сәйкес реле-реттегіштің
жұмысында өзгерістер жасау талап етіле ме?

Сабақ барысында бағдарлық жүйеге негізделген оқушылардың іс-әрекетінің
өз бетінше ұйымдастырылуын қадағалауға мүмкіншілік болды.
Оқушылармен тәжірибе жасау себебіміз, тобында студенттер саны аз, сонымен
қатар біз ұсынған әдістемені олармен өткізу мүмкіндігі, уақыттың тарлығына
және курстың бірінші рет өтілуіне байланысты болды. Сондықтанда осындай
бағытта мемлекеттік практика кезінде "Автомобильдердің жалпы құрылысын",
оның ішінде "электрлік жүйелерге жалпы шолу" жүргізуде осындай бағыт
ұстанып оны тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндік болды. Ол үшін екі сынып
алынды. Бірінде жалпы оқулық схемасында, екіншісінде біз ұстанған бағыт
жүзеге асырылды.
Өз бетінше жүмыс істей алу дәрежесін анықтау мақсатында қайта
сұрау коэффициентін ендірді -Ккс

Кт - тәжірибелік сынып оқушыларының коэффициенті. Кб - бақылау сыныбы
оқушыларының коэффициенті.
Практикумдарды орындау барысында оқушылардың өз бетінше іс-әрекеттері
барысында мүғалімге қанша рет көмек сұрауға мәжбүр екендігін, оның мөлшерін
анықтауын төменде "стартерді" оқып үйренуге арналған практикумы барысында
окушылардың қайта сұрау дәрежесін ұсынамыз.
Оқушыларды мұғалімнен көмек сұрау дәрежесі.

I кесте
N Жұмыстың аты Ке Кт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабдықты пайдалану және техникалық қызмет көрсетуін ұйымдастыру
Қорапты бояу мен жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар
Машина жасау өндірісінің салалары
Өндірістік автокөліктердің құрамы мен талдауы
Өндірістік ғимараттың жоспарын жобалау
Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету
Батыс Қазақстан автобус паркі ЖШС автобустардың техникалық күйін жақсарту
Орта мектепте факультатив курстарында электротехниканы оқыту
ТҚК және автомобиль жөндеу
Автокөлік кәсіпорындарын жобалау
Пәндер