Бизнес-жоспар, оның үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал»



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Бизнес.жоспар сипаттамасы және қызметі.
1.1 Бизнес.жоспар,оның мақсаттары және кәсіпорындағы қызметі..4
1.2 Жоспар бөлімдерінің мазмұны, негізгі бөлімдердің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.3 Бизнес.жоспарды құру ұсыныстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
II. Бизнес.жоспар үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру ЖШС «Самал» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму шараларының арасында ең соңғы емес, оның мәні экономика жағдайын жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциялы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз құқығын игеруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысын да нақты қызметтер атқаруда.
Кәсіпкерліктің жұмысының жемісті болуы оның басшылығында, басқару стратегиясынла және бизнес-жоспардың дұрыс құрылуында.
Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған, яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері талданып, оны шешу жолдары қарастырылған маңызды құжат.
Тиімді жоспарлау - ол тек мақсаттарды анықтау процесі ғана емес, сондай -ақ сол арқылы жетістікке жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды құру кезінде де және оның әрі қарай даму кезеңдерінде де қажет. Бизнес-жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте кұнды құжат. Бизнес-жоспар өндіріс және қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды іздеу кезінде міндетті. Бизнес-жоспар негізінде инвесторлар жаңа кәсіпорынның жоспарланған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары мененджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі бағдарламалық іс-әрекеттерді орындауға сол мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізуі тиіс. Егер бизнес-жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критери болуы керек.
Инвесторларды, бірінші кезекте, кәсіпорынның карызды өтеуі, яғни оның тек пайызды төлеп қана қоймай, сонымен қатар негізгі қарызды қайтара алуы толғандырады. Бизнес-жоспар тек инвестиция тарту құралы ретінде пайдаланылады деген пікір айтылып жүр. Шындығына келгенде, бизнес-жоспардың мақсат өрісі айтарлықтай кеңірек, себебі бизнес - жоспарды дайындаудың басқа маңызды себептері бар.
Жұмыстың басты мақсаты болып бизнес-жоспардың маңыздылығын, кәсіпорынмен байланысын, жалпы жоспардың құжат ретінде пайдалылығын ашып, білу. Сондықтан, бұл курстық жұмыста екі тарау қарастырылады. Әр бөлімнің өзінің ашатын мәселелері бар. Бірінші тарауда жалпы бұл құжаттың маңыздылығын, кәсіпорын қызметінде алатын орнын сипаттап, бизнес-жоспар құрылымы мен қандай мәселелер шешетіні жайлы айтып кетіп, құру ұсыныстарын ұсынып, соңғы тарауға бизнес-жоспар үлгісін қарастырамыз. Жұмыс 26 бет көлемін қамтиды.
1. В.М. Попова «Сборник бизнес-планов»-М.,3 изд.,2000
2. А.Д. Шеремет, Р.С. Сейфулин «Финансы предприятий»-М., ИНФРА-М, 1998
3. Э.А. Уткин, А.И. Кочеткова «БИЗНЕС-ПЛАН, как развернуть собственный бизнес»- М.,ЭКМОС,1999
4. В.Я. Горфинкель, Е.М. Купрякова «Экономика предприятия»-М., ЮНИТИ, 1996
5. Джон Уайли энд Санз «Составление бизнес-плана»-М.,2 изд.,1995
6. А.Л. Самоукин, А.Л. Шишов «Теория и практика бизнеса»-М., Русская деловая литература, 1997
7. Р.Г. Маниловский «Бизнес-план, методические материалы», 2 изд.-М., Финансы и статистика, 1995
8. Н.П. Грибалев, И.П. Инатьева «Бизнес-план. Практическое руководство по составлению»-СПб.,БеллЮ,1994
9. М.И. Буханов «Внутрифирменное планирование»-М., ИНФРА-М, 1999
10. М.Н. Крейнина «Финансовое состояние предприятия. Методы оценки»-М.,ДИС,1998
11. М.В. Мельник «Бизнес-план. Методические материалы»-М., Финансы и статистика, 1999
12. А.С. Пелих «Бизнес-план или как организовать собственный бизнес», 2-изд.-М.,2001
13. Э.А. Уткин «Бизнес-план: Организация и планирование предпринемательской деятельности»-М.,1997
14. Г. Берл «Создать свою фирму»-М.,Дело,1994
15. Д.Г. Бенгз «Руководство по составлению бизнес-плана»,пер. с анг./под ред. Л.М. Макаревича –М.,Финпресс,1998

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I. Бизнес-жоспар сипаттамасы және қызметі.
1. Бизнес-жоспар,оның мақсаттары және кәсіпорындағы қызметі..4
2. Жоспар бөлімдерінің мазмұны, негізгі бөлімдердің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Бизнес-жоспарды құру
ұсыныстары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..8
II. Бизнес-жоспар үлгісі: Алматы қаласында сұлулық институтын құру
ЖШС Самал ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..25
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... 26

КІРІСПЕ

Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық
даму шараларының арасында ең соңғы емес, оның мәні экономика жағдайын
жақсартуда жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциялы бар
екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті
ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы
тиіс.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті
еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын
орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз
құқығын игеруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін
нығайта беру барысын да нақты қызметтер атқаруда.
Кәсіпкерліктің жұмысының жемісті болуы оның басшылығында, басқару
стратегиясынла және бизнес-жоспардың дұрыс құрылуында.
Бизнес-жоспар бұл кәсіпкерлік қызметтің негізгі мәселелері қамтылған,
яғни кәсіпкердің өзекті мәселелері талданып, оны шешу жолдары қарастырылған
маңызды құжат.
Тиімді жоспарлау - ол тек мақсаттарды анықтау процесі ғана емес, сондай
-ақ сол арқылы жетістікке жету жолдарын табу. Жоспарлау жаңа кәсіпорынды
құру кезінде де және оның әрі қарай даму кезеңдерінде де қажет. Бизнес-
жоспар кәсіпкерлік саласындағы өте кұнды құжат. Бизнес-жоспар өндіріс және
қызмет көрсету көлемін көбейту үшін капитал тарту мақсатында инвесторларды
іздеу кезінде міндетті. Бизнес-жоспар негізінде инвесторлар жаңа
кәсіпорынның жоспарланған мақсаттарды, оның ішінде кәсіби деңгейі жоғары
мененджерлер командасы мұқият ойластырылған, жалғасын табатын негізгі
бағдарламалық іс-әрекеттерді орындауға сол мүмкіндігі бар екендігіне көз
жеткізуі тиіс. Егер бизнес-жоспар мақұлданса, ол кәсіпкер мен оның
командасының өз әрекеттерін жүзеге асыратын басты критери болуы керек.
Инвесторларды, бірінші кезекте, кәсіпорынның карызды өтеуі, яғни оның
тек пайызды төлеп қана қоймай, сонымен қатар негізгі қарызды қайтара алуы
толғандырады. Бизнес-жоспар тек инвестиция тарту құралы ретінде
пайдаланылады деген пікір айтылып жүр. Шындығына келгенде, бизнес-жоспардың
мақсат өрісі айтарлықтай кеңірек, себебі бизнес - жоспарды дайындаудың
басқа маңызды себептері бар.
Жұмыстың басты мақсаты болып бизнес-жоспардың маңыздылығын,
кәсіпорынмен байланысын, жалпы жоспардың құжат ретінде пайдалылығын ашып,
білу. Сондықтан, бұл курстық жұмыста екі тарау қарастырылады. Әр бөлімнің
өзінің ашатын мәселелері бар. Бірінші тарауда жалпы бұл құжаттың
маңыздылығын, кәсіпорын қызметінде алатын орнын сипаттап, бизнес-жоспар
құрылымы мен қандай мәселелер шешетіні жайлы айтып кетіп, құру ұсыныстарын
ұсынып, соңғы тарауға бизнес-жоспар үлгісін қарастырамыз. Жұмыс 26 бет
көлемін қамтиды.

І. БИЗНЕС-ЖОСПАР СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІ

1. Бизнес-жоспар, оның мақсаттары және кәсіпорындағы қызметі

Бизнес-жоспар – бұл ресми құжат. Бірақ оны жазу үшін, көп сұрақтар
бойынша толық ақпарат жинау қажет. Бұл ақпарат көлемі, сіздің бизнеске
кіруіңіз және оның дамуымен өлшенеді. Сондықтан бизнес жоспарлаудың
мақсатты түрде екі түрі болуы керек.
Бірінші түрі бизнес-жоспарлаудың – ресми түрде қағазға қысқаша сіздің
бизнесіңіздің өйткені, бүгінгісі және болашағын мазмұндау болып табылады.
Ол тұрақты кәсіпкерлер, инвесторлар, менеджерлер және акционерлік фирмалар
үшін жалпы мақсатқа ие болу үшін қажет. Онда әдетте есептеудің үш нұсқасы
болады: оптимистті, пессимисті және нақты.
Бизнес-жоспардың екінші түрі кәсіпорынның бірінші тұлғасы, жоспарды
жүзеге асыру тобы мен консультанттар үшін күнделікті құжат болып табылады.
Онда материалдық жұмыстық ақпараты орналастырылады. Ол бизнес-жоспар
жұмысшысы атауын иемденіп және мыналарға мүмкіндік береді:
• бизнес-жоспардың ресми маңыздылығын түсінуге;
• жаңа жұмыс басталғанша сіздің әрекетіңіздің бағдарламасын құруға;
• пайда болуы мүмкін мәселелерді қарастыру және шешілу нұсқаулықтарын
қарастыруға, сонымен сіз болашақта оларды жеңе аласыз;
• бизнестегі негізгі екі тәуекел түрін алдын ала танып, бағалауға:
ішкі, бақылау жүргізуге болатын (тұлға, материалдық қорлар) және
сыртқы (экономика, жаңа заң), яғни оны өзгерте алмаймыз;
• істі толық бақылау жүргізу, ішкі және сыртқы өзгерістерді мониторинг
негізінде ескере аласыз;
• бизнес-жоспарды ресми модернизациялауда анықтама ретінде қызмет
істейді.
Сонымен, жұмыстың бизнес-жоспары – бұл сіздің ойыңыздың іскерлік
аланыңыз немесе кең кеңістігіңіз, яғни оған кіргенде сіз ойластырылған
бизнес-жоспардың ресми ережелерін жүзеге асыра аласыз.
Бизнес-жоспардың жұмыстың құжаттамасының бір бөлігі ресми жоспарға
ұсыныс ретінде немесе жүзеге асыру топ мүшелері мен кәсіпкерлердің
сұранысы бойынша ұсыныстар ретінде қолданылуы мүмкін.1,15б.
Бизнес-жоспар менеджменттің негізгі құралы болып табылады. Онда
кәсіпорын қызметінің мақсаты және оған жету жолдары анықталады. Бизнес
жоспарды жүзеге асырудың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
• мемлекеттік меншік объектілерін приватизациялау;
• инвестициялық жобаларды жүзеге асыру;
• жеке коммерциялық операцияларды орындалуы;
• құнды қағаздардың эмиссиясы;
• фирманың қарқынды дамуын анықтау;
• тұрақсыз кәсіпорындар үшін қайта ұйымдастыру шараларын өткізу;
• қаржылық және уақытша экономикалық кризистен шығу.
Бизнес-жоспар – бұл нарықтың шаруашылық категориясы, ол еркін
кәсіпкерлік және бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның табыстылығын
көтерудің тексерілген құралы болып табылады. Жақсы құрылған, негізделген
бизнес-жоспар коммерциялық істің көптеген қатысушыларына: меншік иелеріне,
кәсіпкерлерге, инвесторларға, банктерге, әкімшілік органдарға және басқа
құрылғыларға қажет.
Бизнес-жоспардың барлық қатысушыларына талдау мен бағалау үшін қажетті
ақпаратты береді.2,166б.
Бизнес-жоспар кәсіпкерге фирмалық қызметпен байланысты мынадай негізгі
мәселелерді шешуге көмектеседі.
• фирманың нақты қызмет бағытын, нарықтың жоспары мен нарықтағы орнын
анықтауға;
• жобаны жүзеге асырудағы пайдалылықты анықтау үшін, сатылатын тауардың
өнімін өндіруге қажетті шығындарды бағалау, оларды бағасымен
салыстыруға;
• алға қойған мақсатқа жету талабымен фирманың кадрларын сәйкесінше
қойып және олардың еңбек етуі үшін барлық жағдай жасауға;
• фирманың материалдық және қаржылық жағдайын талдап, аталған мақсатқа
жету үшін материалдық және қаржылық ресурстардың сәйкестілігін
талдауға;
• бизнес-жоспарды орындауға кедергі болатын тәуекелдерді есептеп және
қиындықтарды қарастыру.
Қазіргі таңдағы тәжірибеде бизнес-жоспар төрт функцияны орындайды.
Бірінші, бизнес жоспарды орындаудағы оны қолдану мүмкіндігімен байланысты.
Бұл функция кәсіпорын құру кезінде, сондай-ақ жаңа қызмет бағытын жүзеге
асыруда маңызды болып табылады.
Екінші функциясы – жоспарлау. Бұл жаңа қызмет бағытының мүмкіндіктерін
бағалауға, фирманың ішкі дамуын бақылауға көмектеседі.
Үшінші функциясы сауда, несие сияқты ақша құралдарын тартуға
көмектеседі. Қазіргі таңдағы жағдайында белгілі бір жобаны несиелік
ресурссыз жүзеге асыру мүмкін емес, бірақта несие алу оңай емес. Басты
себеп пайыз мөлшерлемесі мәселесі ғана емес, сондай-ақ несиенің
қайтарымсыздығының ұлғаюында. Бұндай жағдайда банктер бірнеше әдістер
қабылдайды, ал ақша құралдарының қайтуын қамтамасыз етеді, бұлардың ішінен
банктік кепілдікті талап ететінді, нақты залогты және т.б. атап айтуға
болады, бірақ несиені ұсынудағы шешуші фактор бизнес-жоспардың қаншалықты
орындалғаны болып табылады.
Төртінші функция компания жоспарын орындаудағы өзінің меншікті
капиталын немесе иелігіндегі технологияларды салғысы келетін тұрақты
құрылтайшыларды тартуға мүмкіндік береді. Капитал, ресурс немесе
технологияны ұсыну сұрағын шешу компанияның белгілі бір анықталған уақытқа
бизнес жоспарының болуы арқылы ғана мүмкін.
Сонымен, ішкі фирмалық жоспарлау көлеміне байланысты емес кез келген
кәсіпорынның бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Бизнес-жоспар бизнесті
бастау немесе кеңейтудегі мүмкіндіктерді талдауды біріктіреді және
компанияның менеджменті бұл жобаны қалай қолдану керектігі туралы нақты
бағдарламалар береді. Оның маңызы жоғары және ортақ кәсіпорынды құрудағы
іскер кәсіпкерлерді тартуда. Сондай-ақ, қаржыландыруға қол жеткізу
үшін.3,9-10б.

2. Бизнес-жоспар бөлімдерінің мазмұны, негізгі бөлімдердің сипаттамасы

Кәсіпкерлік қызметті жоспарлауда, шетелде кең қолданылатын, ал қазір
отандық тәжірбиеде бизнес-жоспарға негізделген.
Кәсіпорынның шаруашылық-өндірістік қызметін жоспарлағанға қарағанда,
бизнес жоспар 6, 7, 12, 18 және басқа да бөлім сандарынан тұруы мүмкін.
Ол ең басты қаржылық-экономикалық қызметте үлесін көтеруге бағытталған.
Бизнес-жоспардың құрылымы мен құрамы қатал реттеуді иемденбегенде, оны
дайындауда келесі шарттарға көңіл бөлу қажет.
1. Бизнес-жоспар мамандандырылған болуы керек. Бизнес-жоспарды
құрастырған кәсіпкердің компетенциясын оның мазмұны, сыртқы түріне
қарап сынайды.
2. Бизнес-жоспар бөлімдерге бөлінуі керек. Бірінші бөлім-кәсіпкелік
істің мақсаты мен міндеті. Бизнес-жоспар кез келген инвестор өзін
қызықтырушы бөлім, бөлік, бөлімшелерді жоспарда көрсетілген, тез
тауып алатындай болып құрылуы керек. Осы мақсатта әрбір бөлімнің
функцияларды бөлінуін қарастыру қажет.
3. Бизнес-жоспардың шындық бағасына жүгіну керек. Ең бастысы оларды
барлық кәсіпкерлік мүшелермен таныстыру қажет. Бухгалтер немесе бас
бухгалтер барлық қаржылық есептерді толық тексеруі керек.
4. Мүмкіншілігінше бизнес-жоспар қорытындысын аудитор жасауы керек.
Басқаша айтқанда, бірде бір тұрақты инвестор бизнес-жоспарда қандай
да болмасын қате таппауы керек.
5. Бизнес-жоспардың бөлінуін бақылау қажет. Әрбір көшірмені номерлеу
қажет. Кез келген жағдайда ең бірінші тұрақты инвестормен танысуда
қысқаша мәліметтерді ұсыну қажет, және егер инвестор өзінің
қызығушылығын танытса, тек сол жағдайда ғана оған толық жоспарды
ұсынуға болады.4,64-65б.
Бизнес-жоспардың ағымдағы қызметі үш бөлімнен тұрады:
1. Бизнестің сипаттамасы (өндірістік және маркетингтік бөлім).
2. Қаржылық ақпарат (баланс, қаржылық жоспар, инвестиция стратегиясы,
несиенің тауарлы-материалдық қамтамасыз етуі, сақтандыру және
рентабельділік есеп).
3. Көмекші құжаттар (ұйымдық және заңдылық жоспар, бекітуші құжаттар,
келісімшарт көшірмесі, лицензия көшірмесі және т.с.с.). 2,166б.
1-кесте. Бизнес жоспар бөлімдерінің мазмұны, бизнестің экономикалық
талдау міндеті мен бағасы 2,169-170б.:

№ Бөлім Бөлім Талдау мен бағалау
атауы мазмұны міндеті
1 2 3 4
Титулдық Фирманың атауы мен мекен жайы.
бет Құрылтайшыларды аттары мен
мекен-жайлары.
Болжанған жоба мәні.
Жобаның құны
Құпиялылыққа жіберу, аудару
I Резюме Болжанып отырған жобаның Сатылған өнім көлемін
(кіріспе негізі жағдайы. талдау
бөлім) Ұсынылған өндіріс мақсаты мен бағасы.
Ұсынылған өнім жаңашылдығы. Шығындарды талдау
Несиенің қайтарылу мерзімі, Тәуекел бағасы
пайда, шығын, сату көлемі Пайда бағасы
жайлы мағлұматтар
II Тауар Өнім сипаттамасы: тауардың Тауардың тұтынушылық
(қызмет) тұтыну бейімдігі, бәсекелес бейімділігінің бағасы,
тауарлардан айырмашылын Бәсекелес тауарларды
патенттермен қорғау деңгейі, талдау. Өндірістік өнім
ұйымдық сервиске, өндіріс- шығындары мен бағасын
ке шығындар мен бағаны болжау.талдау.
IIIНарықта болуыСаладағы істің жағдайы. Саладағы іс жағдайдың
Тұрақты тұтынушылар. бағасы.
Нарықтық конъюктура. Сала бойынша өрлеу.
Қарқындылығын талдау.
Тұрақты тұтынушыларды
талдау.
Нарықтық конъюктураны
талдау.
IV Бәсекелестік Тұрақты бәсекелестер: олардың Салыстырмалы талдау.
сату көлемінің, табысының Мақсаты және
жаңалық енгі-зу қарқындылығы, бәсекелестердің
негізгі мінездеме, сапа және стратегиясын талдау.
олардың өнім дизайны, Бәсекелестерді қызметінің
бәсекелестердің баға күшті және әлсіз жақтарын
саясатының бағасы. талдау.
V Маркетинг Бағалар Нарық жағдайын талдау.
жоспары Шығарылу жолдары Баға өзгерісін талдау.
Жарнама Ішкі және сыртқы
Жаңа өнім болжамы факторларды талдау.
Баға белгілеу Жарнама әсерін талдау.
Бағалық көрсеткіштер Фирманың әлсіз және күшті
жақтарын талдау.
Фирманың өндірістік
мүмкіншіліктерін талдау.

VI Өндіріс Өндірістік процесс (оның
жоспары сипаттамасы)
Қайта өңдеу және жинақтаудағы
базалық операциялар.
Шикізат материал, барлық шарт
бойынша қаптайтын заттар (
баға, саны сапасы бойынша).
Құрал-жабдықтар, ғимараттар.
Еңбек ресурстары.
Өндірістік өнімге келетін
шығындар.
VIIТәуекел мен Кәсіпорынның әлсіз жақтары. Көздер мен себептерге
сақтандыру Жаңа технологиялардың пайда байланыс-ты тәуеклді
бағасы болу мүмкіндігі. Балаша талдау. Эксперттік және
стратегиялар. жерленген, статистикалық
Тәуекелдікті жою шаралары. әдіс бойынша тәуекелді
Тәуекелден ішкі сақтандыру талдау. Инвестициялық
және сақтандыру бағдарламасы. шешімді таңдау-ды талдау.
VIIҚаржылық Шығарылатын көлемді болжау. Кәсіпорынның қызметін
I жоспар Ақша шығындарының шығу қаржылық талдау.
баланысы. Ақша шығындарының және
Табыс және шығындар кестесі. түсімдерінің баланысын
Кәсіпорынның активі мен талдау. Шығынсыздықты
пассивінің сәйкестік талдау.
баланысы. Табыс пен шығындарды
Шығынсыздыққа жету графигі. талдау.
Қаржылық жағдайды
орнықтыру үшін
ішкішаруашылық резервтерді
құру.
IX Қаржыландыру Құралдарды алу көздері мен Құру көздері бойынша
стратегиясы мөлшерлерін анықтау. құралдарды талдау.
Табыстарды алу мен Кәсіпорынның төлеу
құралдардың толық қайтарылуынқабілеттілігін талдау.
негіздеу. Салымдардың орнын толтыру
мерзімін талдау.

3. Жоспарды құру ұсыныстары

Кәсіпорынның бастапқы қызметі маңызды құжат – кәсіпкерлік бизнес-
жоспарды құрастырады. Оның құрылымы мен мазмұны қатал реттелмеген. Біздің
ойымызша бизнес-жоспар өзіне жеті бөлімді енгізсе тиімді деп санауға болад
1. Кәсіпкерлік келісімдердің мақсаты мен
міндеті

2. Жалпылама резюме, негізгі параметрлер және бизнес-жоспардың
көрсеткіштері

3. Кәсіпкермен тұтынушыға ұсынған өнім, тауар, қызметтің мінездемесі

4. Сұраныс, сату көлемі, нарыққа шығарулардың конъюктурасын талдау мен
бағалау

5. Жоспар (әрекет ету бағдарламасы
және ұйымдастырылған шаралар)

6. Келісімдерді ресурстық қамтамасыз
ету

7. Келісім эффективтілігі
1-Сурет.Касіпкерлік бизнес-жоспар11, 338б.

1. Бөлім ″Кәсіпкерлік келісімнің мақсаты мен міндеті″ - бизнес-
жоспардағы орталық. Кәсіпкерлік бизнестің басты мақсаты – пайда алу.
Аталған келісімді жоспарлай келе, ең бастысы қандай сомада пайда алуға
есептеуге болады, және жоба жалпы тіленген пайданы әкеле алатындығына
сенімділікті анықтау керек. Сонымен қоса, бұл бизнес-жоспарды құруда уақыт
факторын ескеру маңызды. Басқа сөзбен айтқанда, күтілетін пайда мөлшерімен
қатар, уақытқа оның қалай бөлінетінін, пайда ақшаның абсолюті өрлеуін
тілейтін, инфляцияның әрекетін және кәсіпкердің ақша құрамдарына
қажеттілігі есебіне кешігіп қалмай ма дегенін білу қажет.
Кәсіпкерлік жобаны мақсатты түрде алғаш бағалауда сондай-ақ мыналарды
ескеру қажет, яғни алынуы тиіс пайда кәсіпкер алуы мүмкіннен жоғары болуы
тиіс. Не болмаса қарапайым қаржылық есепке істі енгізу мәні бар.
Бизнес-жоспарды құруда көз алдында мақсатты анықтайтын бастымен қоса
басқа да мақсаттар мен міндеттер тұруы керек: әлеуметтік, кәсіпкер деңгейін
көтеру, арнайы мақсаттар мен міндеттер, кәсіпкерліктің, қайырымдылық
сияқты ерекше міндеттері.
2. Бөлім ″Жалпылама резюме, негізгі параметрлер мен бизнес-жоспардың
көрсеткіштері″ жоспар мазмұнының миниатюрасында және еркін түрде болумен
қоса, негізгі ойларды көрсетеді. Жоспардың жүзеге асырылу шарты бойынша
құрылады және анықталады; ал аяқталуы бизнес-жоспарды жалпы құрудан кейін
болады.
Жалпылама резюме көрсеткіштері: Жалпы сәйкестік - өндіріс және өнім мен
қызметті шығару көлемі, меншікті және тартылған құралдар пайда,
рентабельділік; арнайы – шығарылатын тауар мен қызмет сапасы, олардың
айырмашылықтары, тұтынушылар сұранысы мен ерекше таңдауларына бейімділігі,
салымның пайда әкелу мерзімі, тәуекелдіктің төменгі деңгейі, жоспарланған
нәтижені алу кепілділігі.
3. Бөлім ″Кәсіпкермен тұтынушыға ұсынылатын өнім, тауар, қызмет
мінездемесі″ онда тіркелуі керектер: қарастырылатын мәліметтер, яғни ол
кәсіпкерлік өнімді талапқа сәйкестендіруге немесе оның мінездемесе
(сипаттамасы, моделі, фотосуреті, кәсіпкерлік тауар тұтынушылары жайлы және
қажеттілігі жайлы мағлұматтар, ол арқылы тауарға сұраныстың төлем
қабілеттілігін болжай отырып - қанағаттандырады); аудандар, тұрғындар тобы,
ұйымдар жайлы мәліметтер, яғни талдау және болжам арқасында тауар сатып
алушылары және тұтынушылары болатын; берілген тауарға қажеттілікті
өзгертуге әсер ететін факторларды есептей отырып уақытша айналымдарда
күтілетін тауар тұтынуының динамикасы жайлы мағлұматтар; кәсіпкерлік
қызметтің өнімін шығаруды жобалаудағы бағаны болжау.
4. Бөлім ″Сату көлемі, сұраныс, нарыққа шығару конъюктурасын талдау мен
бағалау″ - қажеттіліктер мен бағаны болжамдауды зерттеуді міндетті түрде
тоқтатпау. Ол өндіріс көлемін және кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың
уақытты айналымындағы тауарды сату.
Бизнес-жоспарды дайындау процесінде зерттеу, талдау, нарықты бағалау
бір жағынан ұсынысқа, яғни болжамдық мінезі бар, ал басқа жағынан –
орындайтын, саудалық ұйымдармен немесе потенциалды сатып алушының қорытынды
келісімі бойынша.
Жобаның мерзімі мен масштабына байланысты әртүрлі жағдайлар пайда
болады. Қысқамерзімді ұсақ жоба жағдайында жоғарғы деңгейлі сенімділікпен,
өнім көлемін жайлы қорытынды шығаруға мүмкіндік беретін кәсіпкерлік өнімді
тұтынушыларды, сатып алушылар ортасын белгілеуге болады.
Ұзақмерзімді күрделі кәсіпкерлік жобада күрделірек жағдай туындайды –
кәсіпкерлік тауарға, оның сатылуына сұраныстың өзгеруін анықтау, тұтыну
бизнес-жоспарды ұсыныс, баға, септеу және болжам негізінде құруда жүреді.
Нарыққа шығаруды бағалауды есептік-талдаумен қоса бизнес жоспар
маркетингтік және басқа да қызмет түрлерін нәтижесінде нарықты
активизациялау тәсілдерін қарастыруы керек.
Бұл бөлімді жүзеге асыруда басқа да кәсіпкерлердің қызметін ескеру
қажет, сондай-ақ бәсекелестерді, олардың мүмкіндіктерін, қажеттілігін және
бағалық саясатты. Бұл мақсатпен бизнес-жоспармен жұмыста бәсекелестіктерді
есептеу арқылы сату көлемінің болжамдылығын бөлшектеп реттеуді кіріктіруі
керек.
5. Бөлім мазмұны ″Әрекеттік жоспар және ұйымдық шаралар″ көбінесе
кәсіпкерлік қызмет түріне байланысты (өндірістік, коммерциялық, қаржылық).
Кәсіпкерлік әрекеттің бағдарламасы әдетте мыналарды кіріктіреді:
маркетингтік күштер (жарнаманы, нарық шығарылуды анықтау, тұтынушымен
байланыс, оның сұраныстарын есептеу), - өнімді өндіруді жүзеге асыру
(өндірістік кәсіпкерлік жағдайында); сатып алулар, сақтау, жеткізушілік,
тауарды шығару (кәсіпкерліктің коммерциялық ерекшелігінде қолданылатын);
тауар сатылу және сатылғаннан кейінгі процесте сатып алушыға қызмет
көрсету.
Ұйымдық шаралар бағдарлама әрекетінің бөлінбейтін бөлігін құрып және
мыналарды кіріктіреді: бизнес-жоспарды жүзеге асыруды басқару тәсілі;
жобаны басқарудың ұйымдық құрылымы; орындаушылардың әрекет координациясының
әдістері; сондай-ақ еңбек ақы төлеудің арнайы нысанын белгілеу шаралары,
құрау, есеп, бақылау және кадрларды таңдау, дайындау.
6. Бөлім ″Келісімді ресурстық қамтамасыз ету″ ресурстарды алу көздері
мен тәсілдері жайлы кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыруға қажетті ресурс
түрлері мен көлемі жайлы мәліметтерден тұрады.
Ресурстық қамтамасыз ету қарастырады: материалдық ресурстар
(материалдар, жартылайфабрикаттар, шикізатты, энергияны, ғимарат, құрал-
жабдықтар және т.б.); еңбектік, қаржылық (ағымдық ақша құралдары, капитал
Саламы, несиелер, құнды қағаздар); ақпараттық ресурстар (статистикалық,
ғылыми-техникалық ақпарат).
7. Бөлім ″Келісімнің эффектілігі″ Бизнес-жоспарды аяқтайды. Бұнда
кәсіпкерлік келісімнің эффективтілігінің сәйкес мінездемесі келтіріледі.
Сәйкес эффективтік көрсеткіштер қатарында негізгілер – келісімнің пайдасы
мен рентабельділігі. Сондай-ақ, әлеуметтік және ғылыми-техникалық
эффективтілігі ескеріледі. Бұнда мақсатты түрде кәсіпкерлік келісімнің ұзақ
уақытты салдарын талдау.11, 338-341б.
Атақты А.С. Пелих экономисі қатал реттеу нысаны және бизнес-жоспар
құрылымы жоқ екендігін дәлелдеп, бизнес-жоспарды құруда келесі сатылықты
ұсынды.(2-сурет)

9

5

10

1 2 3 4 7,8
11 13 14

6
12

2-сурет. Бизнес-жоспарды құру сатысы.12, 5б.
1 – жаңа кәсіпорын құру туралы шешім қабылдау; 2 – меншікті
мүмкіндіктерді және ойланған жобаны жүзеге асыру қабілетін талдау; 3 –
ойланған жобаның мақсаты болып табылатын өндірістік құралдарды немесе
қызметтерді таңдау; 4 – нарыққа шығу мүмкіндігін зерттеу; 5 – шығару
көлемін болжауды құру; 6 - өндірістік немесе коммерциялық қызметті жүзеге
асыру орнын таңдау; 9 – ұйымдық жоспарды жүзеге асыру; 10 – коммерциялық
қызметтің болашақ заңдылық нысанында жүзеге асыру; 11 – бухгалтерлік есеп
ұйымы; 12 – сақтандыру; 13 – қаржылық жоспарды жүзеге асыру; 14 – бизнес-
жоспарға резюмені құру.
Бизнес-жоспардың басқаша құрылымы батыс банктерінен несие алу кезінде
қабылданған. Бұл жағдайда бизнес-жоспар ережеге сәйкес келесі бөлімдерді
кіріктіреді.
1. Енгізулер және жалпы ақпараттар. Бөлімде кәсіпорынның заңды нысаны
көрсетіледі, оның қызметінің қысқаша мазмұны, өткен тарихы және ағымдағы
маңызды оқиғалар беріледі.
2. Салым бағасы. Кәсіпорынның қызметінің маңызды жеке мінездемесі
көрсетіледі: нарықтағы орны, репутациясы, сату жүйесі және т.б.
3. Өнім мен нарыққа шығу сипаттамасы.
4. Зерттеулер мен жүзеге асырулар. Маңызды бағдарламалар мен мақсатын
қосқандағы зерттеулердің негізгі бағыттары көрініс табады.
5. Өндіріс және өндіріс күштілігі. Кәсіпорынның өндірісі мен өндіріс
күштілігінің жағдайы көрініс табады.
6. Персоналды және еңбектік қатынастар.
7. Ұйымдар мен басқарулар. Жалпы ұйымдық сызбадан басқа қысқаша жоғарғы
міндетті тұлғалардың және басқа басқарушы қызметкерлердің биографиялық
мәліметтері келтіріледі.
8. Заңды материалдар. Өндірістік қызметпен байланысты өткен және
қазіргі оттық істер қысқаша сипатталады.
9. Қаржылық ақпарат. Соңғы бесжылдық қаржылық есеп қарастырылады және
қаржылық жағдай туралы бесжылдық болжам келтіріледі.
10. Ликвидтілік. Қарыз, айналым құралдарының жағдайы, компанияның салық
салымы баптары сипатталады және оның қарыздары.
11. Келісімшарттар. Кәсіпорын қатысатын барлық келісімшарттар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Самал сұлулық институты - Бизнес жоспар
Кәсіпорынның Бизнес жоспар үлгісі
Тұран Әлем Банкі АҚ
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
БУРАБАЙ ӨЛКЕСІНДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТУРИСТІК- САЯХАТ АЙНАЛЫМЫНА КІРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
Алматының тарихы, экономикасы, мәдениеті мен қоғамы
Сұлулық салонының бизнес-жоспары
Қонақ үй шипажайлары
Пәндер