Үй қояны



 I.Кіріспе
1.1Үй қоянының шығу тегі
 II.Негізгі бөлім
2.1 Үй қоянының дене қүрылысы
2.2 Ас қорыту жүйесінің физиологиясы
2.3 Қан айналым жүйесінің физиологиясы
2.4 Үй қоянының жүйке жүйесі
 III. Қорытынды
 IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Зоологиялық жіктеуде үй қояны сүтқоректілер класы-на, қоян тәрізділер отрядына, қояндар түқымдасына, үй қояндары түріне жатады. Олар сыртқы пішіні үңсас бол-ғанымен дала қоянымен гибридтенбейді, яғни шағылы-сып үрпақ бермейді. Демек, олардың сыртқы пішін үқсастығына қарамай туыстас түз қоянынан айырмашылық-тары бар. Мысалы, түз қояны - 50-52, ал үй қояны -28-30 күнде көжектейді. Қоянның кожектері көзі ашық, үлпілдек жүнді болып, жетіліп туып, ене сүтін бірнеше күн ғана еміп, оз бетінше інсіз тіршілікке бейімделсе, үй қоянының кожектері соқыр, қызыл шақа, әлсіз болып туады. Олар 18-20 күн тек енесінің сүтімен ғана қоректеніп, арғы тегі жабайы қояндардай топтанып, інде тіршілік етеді.
Үй қояндары мен Оңтүстік Еуропадан (Испания, Фран-циядан) тараған жабайы қояндар (дикий кролик) шағы-лысқанда табиғи ортаға бейімделген және жақсы өсімтал үрпақ туады. Оларды жылдар бойы сүрыитау арқылы іріленген (түрқы - 40-50 см-ден 70-80 см-ге дейін, тірідей массасы - 1,5-2 кг-нан 5-6 кг-ғадейін үлғайған), көбірек көжектейтін, өсімтал, түбіті мен терісі сапалы үй қояны шығарылды. Жыл бойы көжектейтін үй қояндарының жүнінің үзындығы түқымына қарай - 1,5-2 см-ден (қысқа жүнділерінікі) 6-7 см-ге дейін (үзын жүнділерінікі) үза-рып, түбітті түқымдарынікі - 8,5-10 см-ге жетеді.
Үй қоянының екі түрі белгілі - бірі кәдімгі де, екіншісі, майқүйрық үй қояны. Кәдімгі үй қояны дүние жүзіне кең тараған. Майқүйрық үй қояны Оңтүстік Аф-рикада тек жабайы түрінде кездеседі. Кәдімгі үй қояны-ның ең көп тараған түқымдарына вена көгілдір (вен-ский голубой) және ақ (венский белый) қояны, шиншил-ла, шампань, белгиялық үй қояны (флапдр), ақ үй қояны (белый великан), т.б. жатады. Олардың ет-тері бағытын-дағылары 8-10-нан жылына 4 рет көжектеп, бір үрғашы қоян көжектерінен - 20 кг ет өндірілсе, түбітті қоян ба-сынан - 350-400 г түбіт алынады.
Шаруашылықтағы қоянның басын кобейтумен қатар жылда дене қүрылысы, онімділігі, терісінің қүндылығы бойынша сүрьштап (бонитировкалап), элита, екінші, үшінші кластарға бөлу арқылы асылдандыру жүмысын жүргізеді. Соның нәтижесінде осімтал, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделгіш, ауруларға тез шалдық-пайтын қояндарды алады. Қоянның биологиялық ерекшеліктері. Қоян, басқаларымен салыстырғанда, өте өсімтал мал. Сақа қоян 1 жылда 6-9 рет (30 күнде) көжектеп, 40-50 дейін көжек туады. Әр туғанда 6-9-14 –ке дейі көжек табады. Олар 4-5 айлығында шағылысады. Бір ұрғашы үй қоянынан жылына 60-70 ет алуға болады. Еті дәмді, балаға, қарт адамға және бауыры мен асқазаны ауыратын адамдарға пайдалы.Қояннан тері, түбіт алады. Терісі жеңіл, әдемі, жылы манто, жакет, ішік, жаға, құлақшын тігеді. Түбіттен әртүрлі тоқыма бұйымдар дайындайды. Бір ұрғашы төлдерімен қояннан жылына 1-1,5 кг түбіт алынады. 60 тәулікте, жақсы азықтандырса, салмағын 1 кг-ға дейін көтеруге болады. Қояндардың тұқымдары.
1.Мал азықтандыру.Алматы-1993ж,
Егеубаев А.А

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

➢ I.Кіріспе
• 1.1Үй қоянының шығу тегі
➢ II.Негізгі бөлім
• 2.1 Үй қоянының дене қүрылысы
• 2.2 Ас қорыту жүйесінің физиологиясы
• 2.3 Қан айналым жүйесінің физиологиясы
• 2.4 Үй қоянының жүйке жүйесі
➢ III. Қорытынды
➢ IV. Пайдаланылған әдебиеттер  

Кіріспе

Зоологиялық жіктеуде үй қояны сүтқоректілер класы-на, қоян тәрізділер
отрядына, қояндар түқымдасына, үй қояндары түріне жатады. Олар сыртқы
пішіні үңсас бол-ғанымен дала қоянымен гибридтенбейді, яғни шағылы-сып
үрпақ бермейді. Демек, олардың сыртқы пішін үқсастығына қарамай туыстас түз
қоянынан айырмашылық-тары бар. Мысалы, түз қояны - 50-52, ал үй қояны -28-
30 күнде көжектейді. Қоянның кожектері көзі ашық, үлпілдек жүнді болып,
жетіліп туып, ене сүтін бірнеше күн ғана еміп, оз бетінше інсіз тіршілікке
бейімделсе, үй қоянының кожектері соқыр, қызыл шақа, әлсіз болып туады.
Олар 18-20 күн тек енесінің сүтімен ғана қоректеніп, арғы тегі жабайы
қояндардай топтанып, інде тіршілік етеді.
Үй қояндары мен Оңтүстік Еуропадан (Испания, Фран-циядан) тараған
жабайы қояндар (дикий кролик) шағы-лысқанда табиғи ортаға бейімделген және
жақсы өсімтал үрпақ туады. Оларды жылдар бойы сүрыитау арқылы іріленген
(түрқы - 40-50 см-ден 70-80 см-ге дейін, тірідей массасы - 1,5-2 кг-нан 5-6
кг-ғадейін үлғайған), көбірек көжектейтін, өсімтал, түбіті мен терісі
сапалы үй қояны шығарылды. Жыл бойы көжектейтін үй қояндарының жүнінің
үзындығы түқымына қарай - 1,5-2 см-ден (қысқа жүнділерінікі) 6-7 см-ге
дейін (үзын жүнділерінікі) үза-рып, түбітті түқымдарынікі - 8,5-10 см-ге
жетеді.
Үй қоянының екі түрі белгілі - бірі кәдімгі де, екіншісі, майқүйрық үй
қояны. Кәдімгі үй қояны дүние жүзіне кең тараған. Майқүйрық үй қояны
Оңтүстік Аф-рикада тек жабайы түрінде кездеседі. Кәдімгі үй қояны-ның ең
көп тараған түқымдарына вена көгілдір (вен-ский голубой) және ақ (венский
белый) қояны, шиншил-ла, шампань, белгиялық үй қояны (флапдр), ақ үй қояны
(белый великан), т.б. жатады. Олардың ет-тері бағытын-дағылары 8-10-нан
жылына 4 рет көжектеп, бір үрғашы қоян көжектерінен - 20 кг ет өндірілсе,
түбітті қоян ба-сынан - 350-400 г түбіт алынады.
Шаруашылықтағы қоянның басын кобейтумен қатар жылда дене қүрылысы,
онімділігі, терісінің қүндылығы бойынша сүрьштап (бонитировкалап), элита,
екінші, үшінші кластарға бөлу арқылы асылдандыру жүмысын жүргізеді. Соның
нәтижесінде осімтал, сыртқы ортаның түрлі жағдайына бейімделгіш, ауруларға
тез шалдық-пайтын қояндарды алады. Қоянның биологиялық ерекшеліктері. Қоян,
басқаларымен салыстырғанда, өте өсімтал мал. Сақа қоян 1 жылда 6-9 рет (30
күнде) көжектеп, 40-50 дейін көжек туады. Әр туғанда 6-9-14 –ке дейі көжек
табады. Олар 4-5 айлығында шағылысады. Бір ұрғашы үй қоянынан жылына 60-70
ет алуға болады. Еті дәмді, балаға, қарт адамға және бауыры мен асқазаны
ауыратын адамдарға пайдалы.Қояннан тері, түбіт алады. Терісі жеңіл, әдемі,
жылы манто, жакет, ішік, жаға, құлақшын тігеді. Түбіттен әртүрлі тоқыма
бұйымдар дайындайды. Бір ұрғашы төлдерімен қояннан жылына 1-1,5 кг түбіт
алынады. 60 тәулікте, жақсы азықтандырса, салмағын 1 кг-ға дейін көтеруге
болады. Қояндардың тұқымдары. ТМД-да пайдаланылатын қоян тұқымы: Вена
көгілдір үй қояны (венский голубой), шиншилла, Вена ақ қояны (венский
белый), шамшань, бельгиялық үй қояны (фландр), белый великан үй ақ қояны,
т.б.Қоян түстері әртүрлі болады: көгілдір, сұр, сұрғылт-қара, қара, күміс
түсті, қара-қоңыр, қоңырлау, ақ.Қояндардың тірідеі салмағы 4,5-6,0 кг, дене
ұзындығы 57 см, кеуде орамы 36 см. Ұрғашысы орта есеппен 7-8 көже туады,
тәулігіне 20-23 кг салмақ қосады. Қоян тағы да басқа тұқымдары бар:
советтік шиншилла, сұр үй қояны, сұрғылт-қара үй қояны, қара үй қояны,
күміс түсті үй қояны, қара-қоңыр үй қояны, ақ қоян, совет мардері, түбітті
ақ қоян, кировтің түбітті ақ қоян, орыстың ақ құлақ қояны.Қоянды
шағылыстыру және көжектендіру. Қояндарды жылдың кез-келген мезгілінде
шағылыстыруға болады, оны ұрықтанғанын тексеру үшін, бес күннен кейін еркек
қоянға қосады. Егер ұрықтанған болса, еркек қоянды маңайына
жолатпайды.Ұрғашы қояннан орта есеппен тәулігіне 120 г сүт шығады, туғанда
көжектердің салмағы 40-80 г болады; оларды енесінен 45-60 күндігінде
айырады. Азықтандыру рационы басқа малдардың рационындай болады. Қоян еті
барлық диеталық еттердің ішінде маңызды орын алады. Дәмді, тауық етіне
жақын, тез қорытылады.Мысалы, адам организмінде қоян етіндегі белоктің 90%-
ті қорытылып, сіңірілсе, сиыр етінің тек 62%-ті ғана сіңеді. Қоян етінің 1
кг-мында 1384-1820-ға дейін каллорияға дейін болады. Қоянның майы ақ,
жұмсақ. Қоянды сою және терісін сыпыру. Сақа қояндар әдетте көктемде және
күзде түлейді. Сояр алдында қоянның жүнін тарап, тазалайды, 12-16 сағат
бойы азықтандырмайды, су да бермейді.Егер үй қояндарының терілері үлкен,
ұшасы семіз болсын десе, соярдың алдында 1 ай бұрын оны бордақылау керек.
Терісін бақайдан бастап ағашқа іліп, көзінің айналасын және ауыз тесігінің
терісіне дейін сыпырады, құлақтық шеміршегін кеседі. Содан кейін теріде
қалған еттерді, сүт бездерін, майын кетіреді. Теріні кептіріп,
илейді.Көжектерден алғашқы рет 2-2,5 айлығында бірінші түлей бастағанға
дейін (түбітінің ұзындығы 6 см болғанша), екінші рет 4-4,5, үшіншіде 6-6,5
айлығында алынады. Қояндарға таза ауаның жетіспеушілігі өкпе ауруларының
тууына және жалпы резистентілігінің төмендеуіне апарып соғады. Қояндар
төменгі температураны да (минус 30 С дейін), жоғарғы температураны да (+30)
жақсы көтереді, бірақ ылғалдық жоғары, қора іші сыз, өтпелі жел болса, тез
әртүрлі ауруларға шалдығады. Жоғарғы салыстырмалы ылғалдылық 80 % асса,
төменгі температурада өкпе ауруына ұшыратса, төменгі ылғалдылық (40-50 %)
жоғарғы температурада терісін кептіріп, төзімділігін нашарлатады. Ауаның
суық кездерінде, қорадағы оның қозғалысының жылдамдығы – 0,05-0,25 мсек
аспаса, жаз айларында 0,5-0,7 мсек дейін болып, ауыспалы мезгілдерде – 0,3-
0,5 мсек болуы керек. Қоян қораларындағы жарықтандырудың тәулігіне
ұзақтығы 16-18 сағат, ал жарықтың шамасы – 50-70 люкс, бордақылауға
арналған қояндарға – 10 люкске дейін. Қояндар қорасының ауасындағы зиянды
газдардың жоғарғы мөлшері олардың әртүрлі ауруларға төзімділігін
төмендетеді. Ауадағы аммиактың концентрациясы әр куб.м. 10 мг артық болса,
қояндардың сүзелең улануға ұшырап, өкпе және кеңсірік (ренит) ауруларын
туғызады. Қоян қораларының ауасындағы қалыпты көмірқышқыл газының мөлшері
0,15 % жоғары болмай, күкіртті сутегі және аммиакцтың әр куб.м аудағы
концентрациясы – 10 мг аспауы керек.Қояндардың тамақ жеуі және су ішуі
түнгі мезгілдерде қарқынды болады. Күндіз тыныштықты жаратып, дем алғанды
ұнатады. Ол кездердегі механизмдердің (азық тарату, көң шығару, ауа желдету
т.б.) өндірістегі шулары оларда стресс (күйзеліс) туғызып, мазасызданып,
клетка ішінде жүгіріп, кей кездерде секіріп, артқы аяқтары жансызданып
(паралич) қалуға дейін барады. Тосыннан болған өзгерістер (айғай, бөтен
адамдардың кіруі, өлшеу, егу жұмыстары т.б.) қояндардың күйзелісін тудырып,
содан өз көжегін жеуге (канниболизм), үстіне жатып өлтіруге, іші өтіп
ауруға ұрындырады.

II Негізгі бөлім

2.1 Үй қоянының дене құрылысы

Үй қоянының дене құрылысы мен тіршілігі анатомиялық және физиологиялық
ерекшеліктеріне байланысты. Басқа жануарлардікіндей қоян ағзасы да белгілі
бір тіршілік қызметін орындайтын мүшелер мен ағзалар-дың жасушалары
құрайтын тоқыма ұлпалардан тұрады. Бүларды 212 сүйектен тұратын қоян
қаңқасы ұстап тұрады. Жаңа туған кожектің қаңқасы дене салмағының -15%,
сақайғандарынікі - 10% құрайды. Сүйектері жұқа болатындыңтан, етті
бағыттағы қояндардың қаңқасы жеңіл келеді. Қаңқа сүйектері мен шеміршектері
және буын байланыстары пассивті, ал оларға байланған бүлшық еттер активті
қозғалу жүйесін қүрайды. Бұлшық еттер жиырылып-тартылып және босаңсып-
созылып сүйектерді қозғау арқылы, жануарды қимылдатады.
Жылы қанды (теплокровные) жануар-жәндік болғандықтан қоян ағзасындағы
зат алмасу барысы жөнді өтуі үшін дене температурасын бірқалыпты сақтаудың
маңызы зор. Температураның қалыпты көрсеткіштен ауытқуы зат алмасуындағы
тотығу-тотықсыздану реакцияларының барысын бұзып, қорытылған қоректік
заттардың игерілуіне (ыдырап энергияға, яғни жылуға, айналып, жаңа тканьдер
мен өнімге түзілуіне) кедергі туғызады. Соның салдарынан жануардың дене
температурасы көтеріліп, ауырып та қалады. Сондықтан ағзада пайда болған
және сыртқы ортаға шығарылған жылудың динамикалық тепе-теңдігін сақтаудың
маңызы үлкен. Үй қоянының қалыпты температура сақтау жүйесі оның 15-25%
аралығында ауытқуын реттестіре алады.
Денедегі жылу мөлшерінің өзгеруіне зат алмасу қарқыны тәуелді күшейіп
немесе әлсірейді. Зат алмасу қарқыны жануардың тірідей салмағына
(массасына) байланысты өзгереді салмағы неғұрлым ұсақ болса, әр 1 кг
шаққандағы алмасу массасы (М0,75) немесе үлестік салмағы жоғарылайтындықтан
зат алмасуы қарқындап, жылу көп өндіріледі. Сондықтан сақа қоянға қарағанда
көжектер денесіндегі зат алмасуы шапшаң жүріп, 1 кг салмағына жылу мөлшері
көбірек өндіріледі. Соған орай өсіп келе жатқан ағзаның қоректік заттарға
мұқтаждығы да жоғары болады.
Денеде өндірілген жылуды тарту дәрежесі қоянның жүнділігіне байланысты
өзгереді қырқылғаннан кейін немесе түлеген кезде қоян денесінің жылу
шығаруы 20-30% өседі. Бұған қоян жүнінің қалыңдығы да ықпал етеді бір
мезгілде өлшенген түбітті ангор қоянының температурасы - 35,8°С болса,
шиншилланікі - 34,0"С болған. Денеден жылу шығуы қыста ұлғаятындықтан,
қоянның азықтық мұқтаждығы да жазғымен салыстыр-ғанда 20-30% жоғарылайды,
ал ыстықта, керісінше, қоян денесін қызудан сақтандыратын ағзаның қорганыс
реакциясы іске қосылады. Сыртқы температура жоғарылаған сайын қоянның тыныс
алуы жиілеп, ауа темпе-ратурасы 8-10°С-тан 20-25°С көтерілгенде қоянның
минуттық тыныс алуы 40-42-ден 280-300 ретке, яғни 6,6-6,8 есе, жиілейді де
соның арқасында үй қояны денесінің әдеттегі 37,5-39,5°С қалыпты
температурасы сақталады. Мұнда үй қояны денесінің температурасы басқа
малдыкіндей емес тұрақсыздау болып, сыртқы температураға байланысты 2-3
градусқа ауытқи беретынін ескеру қажет. Қоян еті жүмсақ, дәмі жағынан тауық
етіне жақын, қуаттылығы жоғары, тез қорытылатын сіңімді тағам. Оның
ақуыздылыгы күркетауықтікінен кем болғанымен тауық етінікінен асады,
биологиялық құндылығы жағынан да жоғары болып келеді. Үй қоянының етіндегі
аздаған гемоглобин оған ақшыл-қызыл түс береді. Оныц жүмсақ та дәмді
болатын себебі - бұлшық ет талшықтарының арасында май қабаттары жиналмайды
да майы мен холестериннің аздығы еттің диеталық қасиетін өсіреді. Басқа мал
етінің ақуызын адам 60-70% қорытса, қоян етінің ақуызын 80-90% қорытады.
Қоян етінде 38 мг% шамасында иурин, 84 мг% шамасында натрий хлориді,
белгілі молшерде никотин қышқылы (РР витамині), калий, кальций, магний мен
фосфор тұздары жиналып, майы тез (22~25"С) еритіндіктен балалар мен егде
адамдарға, бауыр, ішек, өт жолдары ауыратын науқастарға диеталық тағам
ретінде ұсынылады.Қоян саңайған сайын етінде ақуыздары мен майлары молайып,
калориялығы жоғарылайды. Етімен қоса қоянның 22% ақуызы, 2,2% майы бар
бауырын, 14% ақуызы, 2,7% майы бар бүйрегі мен 15,8% ақуызы, 2,6% майы
бар өкпесін де тағамға асады. Етке сойылатын қоян салмақты да қоңды
болулары керек. Қоңды қоян омыртқасының жіктері қолмен ұстаганда
білінбейді, бөксесі, жамбас сүйегінің маңы жұп-жұмыр болады. Қолтығының
астыңгы жағындағы тері қыртыстарын қолмен ұстап, айқын байқауға болады.
Мұндай қоян 1 -ші қоңдылық категориясына жатқызылады. Қолмен үстап
байқағанда омыртқасының жігі білініп, аздап шығып тұратын, жамбас сүйектері
жалпақтау, көтеріңкі келген, май қыртыстары білінбейтін қояндар 2-ші
иоңдылық категориясына жатқызылады. Қоңдылығы бұдан да төмен ңоян арық
категорияға жатқызылады.

Сойғаннан кейін қоян ұшасын екі категорияға бөледі:
- 1-ші категорияга бұлшық еттері жақсы жетілген,
шоқтығында және шап қуысында жуан таспа тәрізденіп
май жиналған, бүйректерін жартылай май басқан қоян
ұшасы жатады;

2-ші категорияға бұлшық еттері орташа жетілген, арқа омыртқаларының
сүйектері аздаи шығыңқы, шоқтығы мен шап қуысында, бүйрек маңында аздап
қана май жиналған қояндардың ұшалары жатады.
Ұшаларға категория берілгеннен кейін оны қараған мал дәрігері 1-ші
категориялы ұша сирағының сыртқы жағына дөңгелек, ал 2-ші категориялы
үшаныкіне төрт бұрышты белгі (клеймо) басады.
Сойылатын қоянның тірідей салмағы неғұрлым жоғары, ал бел жағы кең
болса, соғұрлым ет өнімі де мол болады. Сақая келе тәуліктік салмақ қысымы
бәсеңдейтінін ескеріп, азық шығынын үнемдеу үшін қарқынды азықтандыру
арқылы қоян өсуін жеделдетіп 3-4 айдағы тірідей салмағын 3 кг-ға жеткізіп,
сойған тиімді. Онда 1 кг салмақ қосымына да азық шығыны аз шығады. Қоянның
үшасы сарғайып, тауарлық түрін жоғалтпас үшін оны қанын сорғытңаннан кейін
лимонмен сүртсе түрі мен түсі жақсы сақталады.

2.2 Ас қорыту жүйесінің физиологиясы

Қоянның ас қорыту жүйесінің де басқа мал түліктерімен салыстырғанда
өзіндік ерекшеліктері бар. Үй қоянының қарны бір бөлімді, сыйымдылығы -180-
200 мл. Кеміріліп желініп, ұсақталған азық қарынға келіп түседі. Қоянның
қарын сөлі өте қышқыл (рН=3,0-3,4) реакциялы. Оны қышқылдандыратын тұз
қышқылы, бір жағынан, желінген жемшөп бөлшектерінің тез арада бөртіп,
босаңсуына себепші болса, ол тудырған қыш-қыл ортада протеин ыдыратушы
пепсин ферментінің белсенділігі артып, липаза ферменті майды ыдыратып,
ұлтабар ферментті сүтті ірітеді. Соның нәтижесінде желінген жемшөп протеині
мен майының 67-70%, қант пен крахмалының 80-85% қорытылады. Қоян көп
жейтін аумақты жемшөп жасұнығының қорытылуы әрқалай болып келеді. Мысалы,
қырыққабат жапырағынікі - 75% , сәбіздікі - 65% болса, сабандікі не бары
-20-25% қана. Бұл сабан мен пішен секілді іріленіп, қатайған (грубые)
жемшөп жасүнығының лигнин-денуінен, яғни, сағыз тәріздес қатты заттарға
(лигнин, кутин, суберин) қанығып, қоршалуынан ас қорыту сөлдерінің ықпалы
бәсеңдейтіндігінен болады.
Қорытылып, қарапайым қосындыларға дейін ыдыратылған азықтың күрделі
қоректік заттары, аш ішек кілегей қабатының бетін тегіс қаптаған түктерге
(ворсинки) енеді де, олардың әрқайсысының ішінде орналасқан қан мен лимфа
тамырларына сіңеді.Жасұнықты азықты жақсы қорытуға қояндардың капрография
деп аталатын өзінің түнгі және таңғы құмалағын жеуі себептеседі. Қоянның
күндізгі құмалақтары құрғақ, қатты болады да, түнгісінің сырты
кілегейленген қабықпен қапталған жұмсақ, дымқыл (мягкий помет) болып
келеді. Онда күндізгі құмалаққа қараганда протеин 3,5 есе көп болып, ал
жасұнық 2 есе кем болады. Олар қайта жұтылған соң ас қорыту сөлдерінің
ферменттері қайта әсер етіп, толығырақ ыдыратады. Екіншіден, кілегейленген
қабықпен қоршалғандықтан құмалақ іші әлсіз қышқылданғандықтан жындағы
бактериялары сақталып, капрография ба-рысында жекелеген аминқышқылдары мен
В тобының витаминдері түзіледі. Көжектерде бұл құбылыс енесін ембей өсімдік
азықпен қоректене бастаганнан кейінгі 23-34 күнде пайда болады.Капрография,
сайып келгенде, эволюциялық қажеттіліктен туындаған физиологиялық құбылыс.
Соның нәтижесінде желінген азықтың алғашқы қорытылмаған қалдықтары 9-10
сағатта сыртқа шығарыла бастайтын қоян құмалағын жеу арқылы азықтың ас
қорыту жолынан өту мерзімін 60-72 сағатқа дейін ұзартып, қоректік
заттарының, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еттің тағамдық және биологиялық құндылығы, қоян етінің адам денсаулығына тигізетін пайдалы әсерлері, және халықтың күнделікті тағамдық тұтынысына қоян етін енгізуге ұсыныс
Қоян шаруашылығын дамыту
Үй қояндарының қолда өсіру
Қояндардың азықтануы
Қояндарды нормалап азықтандыру жəне азық қажеттілігін есептеу
Жүзе білудің маңызы
Қоян өсіруге арналған қора-жайларға қойылатын ветеринариялық- санитариялық гигиеналық талаптар, қояндарды күтіп-бағу жағдайлары және оларды жақсарту шаралары
Жабайы қояндар
Үдемелі өсіру технологиясы бойынша әр түрлі қоян тұқымдарының өнімділігі
Қоян етінің биологиялық және тағамдық құндылығы
Пәндер