Лактация



I.Кіріспе
“Лактация дегеніміз не?”
II.Негізгі бөлім
2.1 Лактацияның жетіспеушілігі (гипогалактия).
2.2 Сүттену жайлы жалпы түсінік. Желін құрылымы
2.3 Сүттің химиялық қасиеттері
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Сүттену (лактация) деп сүттің түзілуін, жиналуын жөне желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Лактация деген латын сөзі, қазақ тіліне аударғанда сүт бөлу, емізу деген мағына береді. Бүл процесс желіннің күрделі қызметінің арқасында атқарылады, сондықтан желін сүт қоректі жануарлардың негізгі белгілерінің бірі. Онда жаңа туған төлдің жалғыз ғана қорегі болып табылатын сүйық зат — сүт түзіледі. Сүттің қүрамында организмнің өсіп-дамуына қажетті қоректік заттардың барлығы болады, сондықтан ол адам үшін де таптырмайтын тағам болып саналады.
Сүттену — күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан айналым, тыныс алу т.б.) үйлесімді әрекетінің нәтижесінде атқарылады. Осымен байланысты малдың сүттілігі тек желінмен ғана емес, басқа да функционалдық жүйелердің даму деңгейімен байланысты. Мәселен, 1 л сүт түзілу үшін желін тамырларынан 500 л қан өту керек.
Аналық сүт қоректілерде төлдегеннен кейін желін қызметінің бастальп, сүт түзу процесі тоқтағанға дейінгі мерзім аралығын сүттену (лактация) кезеңі деп атайды. Жабайы аңдарда сүттену кезеңі ұзаққа созылмай, төлді емізу мерзімімен шектеледі. Жануарларда оның ұзақтығы әртүрлі. Мысалы, майда кемірушілерде бұл кезең 10—20 күнге созылса, кашолоттарда 25 айға жетеді. Малда сүттену кезеңінің ұзақтығы төлді өсірумен ғана байланысты емес, ол шаруашылық талаптарына сәйкес қальптасады. Мәселен, сиырда сүттену кезеңінің оптимальды ұзақтығы жылына 305, ешкіде 240-300, түйеде 300, қойда 120-150, биеде 180-210, мегежінде 60 күн. Қолдан сұрыптау, мақсатты селекциялық жүмыстар арқылы малдың сүттілігін арттырып, мол өнімді мал тұқымдарын өсіруге мүмкіндік бар. Казіргі кезде ірі қараның көптеген тұқымдарының сүттілігі бүзаудың сүтке деген мұқтаждығын толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, адамға қажетті маңызды өнім береді. Осымен байланысты сүттену физиологиясын негізінен сиыр организмінде жүретін процестерге сүйене отырып баяндаймыз.
Сиырларда сүттенудің 10-айынан кейін сауылатын сүт мөлшері күрт төмендейді, сондықтан оларды саууды тоқтатады. Мал жаңа басталған буаздық әсерінен организмнің гормондық статусының өзгеруімен байланысты суалады. Жаңа басталған буаздықтың 2-4 айынан бастап малдың сүттілігі төмендей бастайды. Ал малдың суалуы желіннің қызметінің толастап, кері даму (инволюция) процесінің жүруінің белгісі. Бұл кезде альвеолалар кішірейіп, кейбір майда сүт өзектері семеді де, желінді май баса бастайды.
1. «Жанурлар физиология» Несіпбаев Т., 2005 ж.
2. «АДАМ және жануарлар физиологиясы» Т. Несіпбаев
3. «Жануарлар морфологиясы» Жаңабеков К., 2005 ж.
4. «Ветеринарлық акушерлік, гинекология және көбею биотехникасы» Қалтаев Ш.Қ, Жукин Б.Д, Жоланов М.Н, Қойбағаров Қ.У Алматы,2011ж.

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

I.Кіріспе
“Лактация дегеніміз не?”
II.Негізгі бөлім
2.1 Лактацияның жетіспеушілігі (гипогалактия).
2.2 Сүттену жайлы жалпы түсінік. Желін құрылымы
2.3 Сүттің химиялық қасиеттері
III.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Сүттену жайлы жалпы түсінік. Сүттену кезеңі
Сүттену (лактация) деп сүттің түзілуін, жиналуын жөне
желіннен мезгіл-мезгіл бөлінуін айтады. Лактация деген латын сөзі,
қазақ тіліне аударғанда сүт бөлу, емізу деген мағына береді. Бүл
процесс желіннің күрделі қызметінің арқасында атқарылады,
сондықтан желін сүт қоректі жануарлардың негізгі белгілерінің
бірі. Онда жаңа туған төлдің жалғыз ғана қорегі болып табылатын
сүйық зат — сүт түзіледі. Сүттің қүрамында организмнің өсіп-
дамуына қажетті қоректік заттардың барлығы болады, сондықтан ол
адам үшін де таптырмайтын тағам болып саналады.
Сүттену — күрделі физиологиялық процесс. Ол бүкіл
организмнің көптеген функционалдық жүйелерінің (ас қорыту, қан
айналым, тыныс алу т.б.) үйлесімді әрекетінің нәтижесінде
атқарылады. Осымен байланысты малдың сүттілігі тек желінмен ғана
емес, басқа да функционалдық жүйелердің даму деңгейімен
байланысты. Мәселен, 1 л сүт түзілу үшін желін тамырларынан 500 л
қан өту керек.
Аналық сүт қоректілерде төлдегеннен кейін желін қызметінің
бастальп, сүт түзу процесі тоқтағанға дейінгі мерзім аралығын
сүттену (лактация) кезеңі деп атайды. Жабайы аңдарда сүттену
кезеңі ұзаққа созылмай, төлді емізу мерзімімен шектеледі.
Жануарларда оның ұзақтығы әртүрлі. Мысалы, майда кемірушілерде бұл
кезең 10—20 күнге созылса, кашолоттарда 25 айға жетеді. Малда
сүттену кезеңінің ұзақтығы төлді өсірумен ғана байланысты емес, ол
шаруашылық талаптарына сәйкес қальптасады. Мәселен, сиырда сүттену
кезеңінің оптимальды ұзақтығы жылына 305, ешкіде 240-300, түйеде
300, қойда 120-150, биеде 180-210, мегежінде 60 күн. Қолдан
сұрыптау, мақсатты селекциялық жүмыстар арқылы малдың сүттілігін
арттырып, мол өнімді мал тұқымдарын өсіруге мүмкіндік бар. Казіргі
кезде ірі қараның көптеген тұқымдарының сүттілігі бүзаудың сүтке
деген мұқтаждығын толығымен қамтамасыз етіп қана қоймай, адамға
қажетті маңызды өнім береді. Осымен байланысты сүттену
физиологиясын негізінен сиыр организмінде жүретін процестерге
сүйене отырып баяндаймыз.
Сиырларда сүттенудің 10-айынан кейін сауылатын сүт мөлшері
күрт төмендейді, сондықтан оларды саууды тоқтатады. Мал жаңа
басталған буаздық әсерінен организмнің гормондық статусының
өзгеруімен байланысты суалады. Жаңа басталған буаздықтың 2-4
айынан бастап малдың сүттілігі төмендей бастайды. Ал малдың суалуы
желіннің қызметінің толастап, кері даму (инволюция) процесінің
жүруінің белгісі. Бұл кезде альвеолалар кішірейіп, кейбір майда
сүт өзектері семеді де, желінді май баса бастайды. Желіннің
секрециялау қызметін тоқтатуда нейтрофильдердің химиялық
факторлары ерекше орын алады. Нейтрофильдер ферменттері без
альвеолалары торшаларьн ерітеді, тамыр маңында орналасқан ұлпа
торшаларын біріктіретін табақшаларды ажыратып, альвеола
торшаларына қайтымды тежеуші әсер ететін миелопероксидаза
ферментін бөледі. Аталған өзгерістер жаңа жаныс айналымымен
байланысты тиылады да, келесі буаздық кезеңінде желін қайта дами
бастайды.
Желін денеде симметриялы орналасқан орган. Ол тері туындысы
болып саналады. Мегежінде, итте, мысық пен қоянда сүт бездері
үйектің екі жағында, құрсақтың астыңғы бетінде орын тебеді.
Сиырда, биеде, түйеде, қой ешкіде желін құрсақтың астынғы жағында,
шаптың арасында орналасады.
Желін сүттің түзілуін және бөлінуін қамтамасыз ететін
көпіршікті – түтікше безді орган. Желін май және тер бездері
болмайтын, түгі жоқ терімен қапталған емдермен бітеді. Желінде
сыртқы жыныстық және аралықтық артериялар көптеген қан тамырлар
тармағын түзеді. Желін альвеолалар мен жіңішке өзекшелер сыртында
артериолалар, кариллярлар және лимфа капиллярларының торы
орналасады. Желін артерияларымен қатарласа веналар орын тебеді де,
олар өзара көпіршелермен жалғасады. Желіннің безді ұлпасы сыртқы
ұрықтық және мықын шаптық жүйкелермен жүйкеленеді.
Сүт бездерінің дамуына эстрогендер зор ықпал етеді. Олар без
өзектерінің өсуін, альвеолалық мен без бөліктерінің дамуын
шапшаңдатады. Сары дене гормоны – прогестерон, без өзектерінің
өсуін күшейтіп, пролактин гормонының түзілуін бөгейді.

2.3 Сүттің химиялық қасиеттері
Сүт-өте күрделі коллоидты жүйе. Сүттің құрамындағы су -
сүттің құрамдас бөліктерінің еріген күйдегі жүйесі. Сүттің құрамы
өте күрделі, құрамында 100-ден аса әр түрлі компоненттер бар.
Сүттің құрамындағы судың мөлшері 83,9-89 %.
Сүт құрамында: су, әр түрлі ақуыздар, азотты емес заттар,
сүт, бейорганикалық тұздар, микроэлементтер, органикалық
экстративті заттар, иммунды денелер, газдар бар.
1.Минералды тұздар ионды-дисперсті, молекулалық дисперсті
коллоидты жүйеде, сүт қанты молекулалы-дисперсті жүйе түрінде
кездеседі.
2.Коллоидты-дисперсті жүйеде ақуыздар, сүт майы(көбінесе
эмульсия, немесе суспензия түрінде кездеседі)
Сүттің электрөткізгіштігі оның құрамындағы тұздың мөлшеріне,
тұқымына, жасына және басқа себептерге байланысты. Жануардың
ауруына байланысты электрөткізгіштігі жоғары болады. Егер сүттің
құрамын сумен араластырса, сүттің электрөткізгіштігі төмендейді.
Ал уыздың электрөткізгіштігі төмен болады.
Сүттің қайнау температурасы суға қарағанда жоғары.Сүттің
қайнау температурасы - 100,20 С. Қату температурасы керісінше
судан төмен - 0,550 С. Сүттің қатуы оның құрамындағы тұзға және
жануардың тұқымына байланысты.
Сүттің құрамында қазіргі кездегі белгілі дәрумендердің
барлығы кіреді. Олар суда еритіндер және майда ерімейтіндер болып
жіктеледі.Сүттің химиялық құрамына пластикалық, минералды,
энергетикалық, реттегіш заттар мен дәрумендер кіреді.
Сүт ақуыздары, ет және балық ақуыздарына қарағанда,
әлдеқайда толыққанды және тезірек қорытылады. Ақуыз адам ағзасына
жаңа жасушаларды түзу үшін қажет. Сүттің ақуыздары үш құрамдастан
тұрады: шикі сүтте еріген күйінде болатын казеин, альбумин және
глобулин.
Сүттің барлық ақуыздары толыққанды топқа жатады, яғни
олардың құрамында 20 амин-қышқылдары бар. Олардың ішінде – адам
ағзасында синтезделмейтін және сырттан тамақ арқылы келуі тиіс 8
ауыстырылмайтын аминқышқылдары бар. Осы аминқышқылдарының ең
болмағанда біреуінің болмауы азот айналымының бұзылуына әкеледі.
Алмастырмайтын амин қышқылдарының ішінде үшеуі аса маңызды:
Метионын-май айналымын реттеп, бауырды май басудан қорғайды. Лизин
-қан түзулумен тығыз байланысты. Оның азық-түлік құрамында
жеткіліксіздігі, қан түзілуінің бұзылуына, қанның қызыл
түйіршіктері- эритроциттер санының азаюына, гемоглобин мөлшерінің
төмендеуіне әкеледі. Тағамда лизиннің жеткіліксіздігі кезінде азот
айналымы бұзылып, бұлшық еттің әлсіреуі байқалады, сүйектің
кальцификациясы бұзылып, бауыр мен өкпеде бірқатар өзгерістер
туындайды.
Минералды заттар
Сүттің минералды заттары құрамына Менделеев периодтық
жүйесінің өте көп элементтері кіреді. Оның құрамында кальций,
натрий, магний, темір тұздары, лимон, фосфор, тұз және басқа
қышқылдардың тұздары бар. Олар сүтте жеңіл сіңірілетін түрінде
болады. Сүтте аздаған мөлшерде микроэлементтер: кобальт, мыс,
мырыш, марганец, фтор, бром, йод, күшала, кремний, бор, ваннадий
және т. б. болады. Микроэлементтер қанда, лимфаны, ішек
сұйықтығын, терді, жасты және т. б. қалпына келтіру үшін қажет.
Олардың қатысуынсыз қалқанша безі, жыныс және т. б. маңызды ішкі
секреция бездерінің жұмыс істеуі мүмкін емес болар еді.
Микроэлементтердің тағамда жеткіліксіздігі денсаулықтың ауыр
дертіне әкелуі мүмкін.
Сүттің энергетикалық заттары: лактоза, немесе сүт қанты,
лактоза ферментінің әсерінен глюкоза мен галактозаға ыдырайды.
Лактоза жүйке жүйесін ынталандырушы мен жүрек - тамыр ауруларының
алдын алу құралы болып табылады. Лактоза синтезінің бұзылуы жаңа
туған нәрестелердің туа біткен сүтті қабылдамау қасиетінің себебі
болады. Кейбір ересектерде лактоза белсенділігі төмендеуі мүмкін,
ол кезде сүт өнімдері нашар сіңіріледі. Мұның себебі ас қорыту
жолының дерттері немесе сүтті ұзақ мерзім бойы қабылдамау.
Сүт майы – ағза үшін энергияның бай көзі. Май жеңіл
қорытылады. Сүттің құрамында май кішкентай май түйіршіктері
түрінде болады. Сүт майы жануар майларында болмайтын А, Д, Е, жене
К дәрумендеріне бай.
Реттегіш заттар: Дәрумендер- тағамның таптырмас заттары,
ағзада маңызды биохимиялық қызметтерді атқаратын төмен молекулалы
ограникалық қосылыстар. Дәрумендер ағзада орын алатын барлық
өмірлік маңызы бар үрдістерге қатысады. Ағзаның дәрумендермен
жеткіліксіз қамтылуы әртүлі дерттерді туғызып, оның ауруларға
қарсы тұру қабілетін және жалпы өмірлік тонусты төмендетеді.
Қазіргі уақытта сүттің құрамында кездесетін 30-дан астам
дәрумендер белгілі. Сүт - А, В1, В2 дәрумендерінің елеулі көзі
болып табылады. Демек, осы өнімде адамның шыр етіп дүниеге келген
сәтінен бастап, сонау кәрілікке дейін қалыпты өмірді қамтамасыз
ететін барлық қажетті заттар бар.
Күніне ішілген жарты литр сүт адамның келесі қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді: 30% - ақуыз, 25% - май, 75% - кальций мен
фосфор, 50% - кальций.
Сүттің тағамдық маңызы мен биологиялық қасиеттері:
Сүт тағамдық маңызы жоғары, иммунологиялық және бактерицидтік
қасиеттері мол, ұрғашы сүт коректі жануарлардың сүт бездерінде
пайда болатын күрделі биологиялық сұйықтық. Ол жаңа туған нәресте
мен ересек адамдар үшін еш нәрсені алмастыруға болмайтын бағалы
тағам. Сүттің құрамында адам организмі үшін өте қажет,
арақатынастары тексерілген және өте сіңімді заттар – белок, май,
көмірсулар, минералды заттар, витаминдер, ферменттер, гормондар т.
б. мол болады. Сүт балалар, жүкті немесе емшекте баласы бар
әйелдер, сондай-ақ мосқал және ауру адамдардың тамақтануында
ерекше орын алады. Сүттің белогы адам организмін-де жаңа ұлпа мен
тканьдер түзетін пластикалық материал ретінде шешуші орын алады
және ферменттер мен гормондар сияқты биологиялық активтік заттарды
құрадысидаза ферментін бөледі (И. И. Грачев). Аталған өзгерістер
жаңа жыныс айналымымен байланысты тиылады да, келесі буаздық
кезінде желін қайта дами бастайды.Жаңа сауылған сүтте әр түрлі
микроағзалар болады. Олар сүтке сиырдың емшегінен, желінінің
сыртынан, сүт сауатын ыдыстан, болмаса сүт жүретін жүйеден түседі.
Бірақ сүт 2-3 сағатқа дейін бөлме температурасында бұзылмайды.
Оған сүттің бактерицидтк қасиеті себеп болады. Сүттің
бактерицидтік қасиеті оның құрамындағы иммундық заттардың,
оксониннің, лактениндер мен лизацимдердің мөлшеріне байланысты
мәселе. Аталған заттар сүтке түскен әр түрлі микроағзлардың өсіп-
өнуіне белгілі бір уақыт кедергі жасайды. Осы сәтті бактерицидтік
фаза деп атайды. Сүтті тез арада салқындатса не болмаса сүт өте
таза жағдайда сауылса оның бактерицидтік фазасы да ұзаққа
созылады. Негізінде сүттің бактерицидтік қасиеті 65 градустан
астам температурада қыздырған кезде ғана бұзылады.

Лактация (лат. lactare — сүт болу, емізу), сүттену — ''сүт''
безінде сүттің түзілу, жиналу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алатау сиыры - сүтті, етті сиыр тұқымы
Эксплуатациялық бедеулік
Сүттің түзілу механизмі
DairyProQ сауу аппараты
Агалактия туралы қысқаша мәлімет
Сүт безі лобуласының құрылымының схемасы
Эксплуатациялық бедеулік. Алдын алу және диагностикасы
Лaктaция aйлapынa бaйлaныcты cүттiң құpaмының өзгepyiн зepттey
Кетоз
Ағзадағы зат алмасуының бұзылуы мен организмде көмірсулардың жеткіліксіздігі
Пәндер