Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының пәні, әдістері



1. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихының пәні мен зерттеудің әдістері
2. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихының заң пәндерінің жүйесіндегі орны
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы — тарихи және құқықтық ғылым. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенiң пайда болуын, дамуын әрбiр тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен ролiн тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, хронологиялық реттiлiкпен құқықтық жүйеге сай зерттейдi Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы, мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы тағы басқа салалық заң ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының салалық заң ғылымдарынан ерекшелiгi — ол мемлекеттiк құқықтық құбылыстарды бiртұтас және бiр-бiрiмен тығыз байланысты әрi бiр-бiрiне тәуелдi пән ретiнде қарастырады. Бұл пән сонымен бiрге Қазақстан халқының пайда болуының ежелгi дәуiрiнен бастап қазiргi кезеңiне дейiн, сондай-ақ мемлекеттiк және құқықтық феномендердi уақыттық жағынан қарап қана қоймай, кеңiстiк жағынан да зерттейдi. Оның уақытылығы — мемлекеттiң пайда болуы мен бүгiнгi мемлекеттiк және құқықтық жүйесiнiң жай-күйi болса, кеңiстiгi Қазақстан Республикасының сол тарихи уақыттағы қазiргi мекендеген территориясы.
Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пән ретiнде елiмiздiң территориясын қоныстанған халықтар мәдениетiн, заңды тұрмыс-салтын және оның құқықтық құндылықтарын зерттейдi. Әдетте мемлекет тайпа қоныстанған территорияның бiрлестiгi мен тұтастығы негiзiнде пайда болады. Құқық — солардың әдет-ғұрпынан құралады. Мiне, осынау жайлар мемлекеттiк құқықтық даму процесiн зерттеуге негiз және бастау болады. Содан кейiн мемлекеттiк және құқықтық құрылымдағы заңды феномендерге дейiнгi құндылықтар мен iс жүзiнде қолданылатын (қолданбалы) заңды археология және тарихи құқықтану пәндерi айналысады. Тарихтан белгiлi — құқық өзiнiң жаратылысына қарай мемлекетке қарағанда әлдеқайда көне. Оның алғашқы қауымдық құрылыстың кезiнде-ақ өзiндiк институты болды. Ең қарапайым қоғам өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын кәдiмгi қалыпты тұрмыс-тiршiлiк арқылы қалыптастырып отырғандығы да соны айғақтайды. Кез келген адамдар бiрлестiгi ең алдымен олардың шаруашылық жағын реттеу арқылы жүргiзiлiп, өзiн қоршаған ортамен табиғаттың қатал жағдайларымен күрестерi арқылы қалыптасады.Сондықтан да құқықтың пайда болуы мемлекетке қарағанда ерте саналып, алғаш дамуының да сыры сонда. Тұтастай алғанда Қазан төңкерiсiне дейiнгi Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы бүгiнгi күнге дейiн аз зерттелген пән болып қала бередi. Тарихи әдiлдiктi қалпына келтiру үшiн бiр кездегi патшалық Ресейдiң отарлау саясаты мен оның қазақ халқына деген көзқарасы, әрi оның хандық жүйеде дамыған мемлекеттiлiгiне жасаған қиянаты бүгiнгi қазақ халқының саяси тәуелсiздiгiне сәйкес зерттелiп-зерделенуi керек. Кеңес мемлекетiнiң тоталитарлық жүйедегi жүргiзген саяси идеологиясы қазақ тарихшыларына Қазақстан тарихын терең зерттеуге мүмкiндiк бермей, ғалымдарға тосқауылдар қойды. Қазақстан Республикасының саяси егемендiк алуы ғана қазақ халқының өткенi мен оның мемлекет және құқық тарихын шынайы да шыншыл пән ретiнде оқытуға жол ашты.
Құқық алдымен материалдық объектiлерден басталады. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыстың өзiнде-ақ адамдардың құқықтық тұрғыда жеке меншiк мүлiктерi болған. Аңшының өз меншiгi ретiнде қару-жарағы болса, ал әйелдiң үйге деген құқығы болған. Кез келген қоғамдағы экономика мен қоғамдық қарым-қатынастардың дамуы жеке адам құқығына байланысты өрбiп, одан әрi мемлекеттiк дәрежеге дейiн көтерiледi. Оның арасында отбасылық құқықтың да орны ерекше. Мiне, осының бәрi мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң негiзгi зерттеу объектiлерi болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
1-ші тақырып. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсының
пәні, әдістері
1. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихының пәні мен зерттеудің әдістері
2. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихының заң пәндерінің жүйесіндегі
орны

1. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәнi

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы — тарихи және
құқықтық ғылым. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
Қазақстан территориясындағы мемлекет пен құқықтық жүйенiң пайда болуын,
дамуын әрбiр тарихи кезеңге сәйкес қоғамдағы мемлекет пен құқықтың орны мен
ролiн тарих ғылымының жалпы заңдылықтарын басшылыққа ала отырып,
хронологиялық реттiлiкпен құқықтық жүйеге сай зерттейдi Қазақстан
Республикасы мемлекет және құқық тарихы мемлекет және құқық теориясы,
мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы, тарих, саясаттану, әлеуметтану,
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы тағы басқа салалық заң
ғылымдарымен тығыз байланысты. Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет
және құқық тарихының салалық заң ғылымдарынан ерекшелiгi — ол мемлекеттiк
құқықтық құбылыстарды бiртұтас және бiр-бiрiмен тығыз байланысты әрi бiр-
бiрiне тәуелдi пән ретiнде қарастырады. Бұл пән сонымен бiрге Қазақстан
халқының пайда болуының ежелгi дәуiрiнен бастап қазiргi кезеңiне дейiн,
сондай-ақ мемлекеттiк және құқықтық феномендердi уақыттық жағынан қарап
қана қоймай, кеңiстiк жағынан да зерттейдi. Оның уақытылығы — мемлекеттiң
пайда болуы мен бүгiнгi мемлекеттiк және құқықтық жүйесiнiң жай-күйi болса,
кеңiстiгi Қазақстан Республикасының сол тарихи уақыттағы қазiргi мекендеген
территориясы.
Жалпы айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пән
ретiнде елiмiздiң территориясын қоныстанған халықтар мәдениетiн, заңды
тұрмыс-салтын және оның құқықтық құндылықтарын зерттейдi. Әдетте мемлекет
тайпа қоныстанған территорияның бiрлестiгi мен тұтастығы негiзiнде пайда
болады. Құқық — солардың әдет-ғұрпынан құралады. Мiне, осынау жайлар
мемлекеттiк құқықтық даму процесiн зерттеуге негiз және бастау болады.
Содан кейiн мемлекеттiк және құқықтық құрылымдағы заңды феномендерге
дейiнгi құндылықтар мен iс жүзiнде қолданылатын (қолданбалы) заңды
археология және тарихи құқықтану пәндерi айналысады. Тарихтан белгiлi —
құқық өзiнiң жаратылысына қарай мемлекетке қарағанда әлдеқайда көне. Оның
алғашқы қауымдық құрылыстың кезiнде-ақ өзiндiк институты болды. Ең
қарапайым қоғам өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын кәдiмгi қалыпты тұрмыс-
тiршiлiк арқылы қалыптастырып отырғандығы да соны айғақтайды. Кез келген
адамдар бiрлестiгi ең алдымен олардың шаруашылық жағын реттеу арқылы
жүргiзiлiп, өзiн қоршаған ортамен табиғаттың қатал жағдайларымен күрестерi
арқылы қалыптасады.Сондықтан да құқықтың пайда болуы мемлекетке қарағанда
ерте саналып, алғаш дамуының да сыры сонда. Тұтастай алғанда Қазан
төңкерiсiне дейiнгi Қазақстанның саяси-құқықтық тарихы бүгiнгi күнге дейiн
аз зерттелген пән болып қала бередi. Тарихи әдiлдiктi қалпына келтiру үшiн
бiр кездегi патшалық Ресейдiң отарлау саясаты мен оның қазақ халқына деген
көзқарасы, әрi оның хандық жүйеде дамыған мемлекеттiлiгiне жасаған қиянаты
бүгiнгi қазақ халқының саяси тәуелсiздiгiне сәйкес зерттелiп-зерделенуi
керек. Кеңес мемлекетiнiң тоталитарлық жүйедегi жүргiзген саяси идеологиясы
қазақ тарихшыларына Қазақстан тарихын терең зерттеуге мүмкiндiк бермей,
ғалымдарға тосқауылдар қойды. Қазақстан Республикасының саяси егемендiк
алуы ғана қазақ халқының өткенi мен оның мемлекет және құқық тарихын шынайы
да шыншыл пән ретiнде оқытуға жол ашты.
Құқық алдымен материалдық объектiлерден басталады. Мысалы, алғашқы
қауымдық құрылыстың өзiнде-ақ адамдардың құқықтық тұрғыда жеке меншiк
мүлiктерi болған. Аңшының өз меншiгi ретiнде қару-жарағы болса, ал әйелдiң
үйге деген құқығы болған. Кез келген қоғамдағы экономика мен қоғамдық қарым-
қатынастардың дамуы жеке адам құқығына байланысты өрбiп, одан әрi
мемлекеттiк дәрежеге дейiн көтерiледi. Оның арасында отбасылық құқықтың да
орны ерекше. Мiне, осының бәрi мемлекет және құқық тарихы пәнiнiң негiзгi
зерттеу объектiлерi болып табылады.
Кеңестiк кезеңдегi үзiп-жарып, не бұрмаланып оқытылған Қазақстан
Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәнi бүгiнде бiр жүйеге
түсiрiлiп, елiмiздiң шынайы түрде тұтас қамтылған тарихы ретiнде оқытылуы
тиiс. Аталған ғылым саласының алдында тұрған тағы бiр басты мәселесi, әрi
негiзгi мiндетi бiздiң елiмiздiң мемлекет және құқық тарихын
бұрмалаушыларды әшкерелеу. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық
тарихы заңды бiлiм жүйесiнде өзiндiк орны бар пән. Бүгiнгi пайда болып
жатқан мемлекеттiк-құқықтық құбылыстарды түсiну үшiн алдымен мемлекет және
құқық тарихының қалай, қайда, неден құралғанын, қандай негiзде жасалғанын
бiлген жөн. Сонымен, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
пәнi болып саналатындар:
мемлекеттiк-құқықтық жүйенiң пайда болу және даму процесi, әртүрлi тарихи
кезеңдегi қоғам өмiрiндегi мемлекет пен құқықтың алатын орны мен рөлi;
- мемлекеттiк-құқықтық жүйе элементтерiнiң мазмұны мен формаларындағы
ерекшелiктер, өндiрiстiң көшпелi тәсiлiнiң ерекшелiгiндегi шарттылықтар.
Мiне, осы тұста анықтап алатын бiр жай, ол мемлекеттiк-құқықтық жүйе
түсiнiгiн анықтау. Өйткенi ол дәстүрлi мемлекет және құқық ретiнде өзге
институттармен тығыз қарым-қатынаста болғанына қарамай жеке қаралады.
Сонымен бiрге, олар бiр-бiрiнсiз өмiр сүре алмайтын тұтастықты құрайды.
Мемлекет тiкелей немесе жанама түрде құқықтық нормаларды белгiлейдi және
реттейдi, оған рұқсат бередi. Сондай-ақ бұл заңдылықтар бұзылған кезде
нақты шаралар қолдану арқылы оларды қорғайды, ал құқық болса мемлекетке
конституциялық немесе басқа нормалармен ықпал етедi де қоғамдағы саяси
қатынастарды реттейдi.

§ 2. Қазақстан Республикасының мемлекет және
құқық тарихының әдiстерi

Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын оқыту барысында
қоғам тарихының дамуы және қоғамдық-экономикалық формацияның заңды түрде
алмасуының негiздерiне мән беру керек. Өндiргiш күш пен өндiрiстiк тәсiл
қоғамдық дамуды анықтаудың басты айқындаушы негiзi болады. Бұл тұста бiздiң
сүйенерiмiз — экономикалық тiрек (базис) пен қоғамдық қондырма (надстройка)
туралы баяндап және олардың бiр-бiрiне жасайтын ықпалына назар аударып,
таптық күрес пен мемлекет және құқықтың дамуындағы, әлеуметтiк революция,
көпшiлiк халықтың рөлiне көңiл бөлу.
Бiздiң елiмiзде мемлекет және құқық бүкiл әлемдегi адамзат қоғамының
дамуы секiлдi заңдылықтармен пайда болып, дамыды және дами бередi де.
Мемлекет және құқық тарихының пайда болуы мен дамуы қоғамның өндiргiш күшi
мен өндiрiстiк қатынастарының бiр-бiрiне қарама-қайшы (антагонистiк) таптар
күресiнiң өрiс алуына байланысты болды. Алғашқы қауымдық және әлеуметтiк
топ арасындағы қарым-қатынасты реттеу немесе жүйелеу белгiлi бiр мемлекет
құру керектiгiне итермелейдi. Бiздiң заманымызға дейiнгi I мың жылдықта
Қазақстан территориясын Андронов және Дәндiбай-Беғазы мәдениетi мен
өркениетi деген атпен енген тайпа қоныстанған. Олар кейiн грек
тарихшыларының жазып қалдыруынша “скифтер” де, ал парсы мәлiметтерi бойынша
“сақтар” деген атаумен аталып, кейiн әртүрлi тарихи қоғамдық жағдайларға
қарап өзгерiп кете берген.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы
пәнiнiң өзiндiк зерттеу әдiстемелерi бар. Ол республика, мемлекет және
құқық тарихының қалай дамып, қандай жолдармен өрiстегенiн және оның мәдени-
өркениеттiк даму процестерiн айқындайды. Кез келген әдiске баратын жолмен
бiрге оның мақсат-мүдделерiн шешетiн принциптерi болады. Сондықтан да
мемлекет және құқық тарихын оқып, зерттеп-зерделеу үшiн оны төмендегiдей
әдiстерге бөлуiмiз керек. Бiрiншi, жалпы философиялық әдiстеме. Оған
диалектикалық және метафизикалық әдiстемелер жатады. Екiншi, жалпы ғылыми
әдiстемелер. Оған мемлекет және құқық тарихын уақыт пен кеңiстiк тұрғысынан
зерттеумен бiрге iс-әрекеттiң және құбылыстың iшкi-сыртқы қасиеттерiн
ашатын логикалық әдiстемелер жатады. Мұнымен бiрге жалпы ғылымдық
әдiстемеге жүйелiк тәсiлмен де келуiмiз керек. Үшiншi, арнаулы
әдiстемелер. Оған арнаулы-тарихи және арнаулы-құқықтық әдiстемелермен бiрге
тарихи-генетикалық әдiстемелер жатады. Тарихи-жүйелi зерттеп-зерделеуден
кейiнгi қол жеткiзетiн бiрден-бiр әдiстеме — ол тарихи-салыстырмалы
әдiстеме. Тарихи-салыстырмалы әдiстеме — ежелгi Қазақстан территориясын
қоныстанған халықтардың мемлекет және құқық тарихының даму заңдылықтарын,
сонымен бiрге өзге территорияларды қоныстанған халықтардың және олардың
қай дәуiрлерде өмiр сүргенiн салыстырмалы түрде анықтауға мүмкiндiк
бередi. Әдiстемелiк курстың басты шарты — мемлекет және құқық дамуының бiр-
бiрiмен сабақтастығының тарихилығында. Барлық мемлекет және құқықтық
құбылыстар алдыңғылардан, яғни өткеннен өрiп бастау алады да, болашақта
болатын жағдайларға алмастырыла өзгерiп (трансформацияланып) отырады.
Мұндай құбылыстарды “уақыт үндестiгi” бiр тарихи негiзде қарастыруға ықпал
етедi. Дамудың бiрнеше жолы бар, мысалы ол баяу да бiр қалыпты
(эволюциялық) немесе бiр қалыпты емес секiрмелi (революция) түрде, тiптi
болмаса бiр кездегi ұмытылған институттар ретiнде қайта оралуы мүмкiн
(толық немесе бiрен-саран күйде), болмаған жағдайда олар үзiлiп немесе одан
ары дамуын тоқтатуы да ғажап емес.
Төртiншi, нақты-проблемалық немесе жеке әдiстемелер — ол өзiнiң аты
көрсетiп тұрғандай iс-әрекеттердiң барысын, сипатын нақты оқып үйретуге
бағытталады. Объектiнi оқып-зерттеу барысында қолданылатын әртүрлi
әдiстердiң жиынтығы тарихи-құқықтық ғылымның әдiстемесiн құрайды.
Заңды тұрмыс-тiршiлiк — әр түрлi әдет-ғұрып, рәсiм, салт-жора, iс-
әрекет, тәртiп пен тәлiм арқылы қалыптасып, солардың көмегiмен құқықтық
қызмет ретiнде жүзеге асады. Ал адамдардың iс-әрекеттерi олардың әдiлеттi
немесе әдiлетсiздiк, заңды не заңсыздық деген ұғымдарды қалай қабылдап,
қалай түсiнуi арқылы айқындалады. Құқықтың негiзгi көзi — сот тәжiрибесiнен
өсiп-өнсе, оның бастауы - әдет-ғұрып, яғни дәстүр. Сондықтан Қазақстан
Республикасының мемлекет және құқық тарихы курсын кезеңдестiру бiрнеше
себеп-шартпен (фактор) белгiленедi. Оның басты негiзi — қоғамдық
әлеуметтiк-экономикалық дамудың құрылысы мен тәртiбi (экономикалық,
техникалық дамуы, меншiк түрi) және мемлекеттiң дамуына байланысты. Бұл
тұста ерекше атап өтетiн жағдай, құқықтанушы мен заңгерлер үшiн қажеттiсi
тарихтағы мемлекеттiк-құқықтық түрлер (формалар) және фактiлер мен
құбылыстар.

§3. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының зерттелуі
мен оның негізгі кезеңдері

Жалпы, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын зерттеу
ХVIII ғасырдан берi жүргiзiлiп келедi. Қазақ хандығының мемлекеттiк
құрылымы және алғашқы мемлекеттiң сипаттамасы Еуропа, оның iшiнде әсiресе
орыс ғалымдарын қатты қызықтырды. Оларды бiз А.Тевкелев, Т.Рычков,
И.Г.Георги, П.С. Паллас, И.П.Фальк, А.Левшин еңбектерiнен анық байқаймыз.
Олардың әрқайсысы Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының
өткенiне әртүрлi көзқарастар бiлдiредi. Мысалы, П.Рычков қазақтардың
мемлекеттiк құрылымын нағыз “демократиялық” деумен бiрге “оларда ешқандай
да құқықтық нормалар және құқықтық талас-тартыстарды шешетiн соттар болған
жоқ” дейдi. Ал, А.Левшин болса қазақ хандығының мемлекеттiгi және құқығы
тарихын зерттей келе, ол оның ХVIII ғасырдың аяғы ХIХ ғасырдың басындағы
даму кезеңдерiне кеңiнен тоқталады.

Сондықтан да, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихын
төмендегiдей кезеңдерге бөлуге болады. Ол бiзге мемлекеттiк-құқықтық
жүйенiң даму процесiн жүйелi түрде жан-жақты оқуға мүмкiндiк ашады.

1. Қазақстан территориясында мемлекет және құқықтың пайда болу
кезеңi.
1. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң
өркендеу кезеңi.
2. Қазақстан көшпендiлерiнiң мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң
жойылуы мен дағдарысқа ұшырау кезеңi.
3. Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында конституциялық даму
кезеңi.
4. Тәуелсiз Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң қалыптасу
кезеңi.
Әрбiр дәуiр бiрнеше кезеңге бөлiнiп, олар өзара iшкi логикалар арқылы
үндесе жалғасып жатады. Бiрiншi дәуiр мемлекеттiң пайда болу себептерiнен
басталады. Өйткенi өндiретiн шаруашылық түрi пайда болып, қоғам әлеуметтiк
жiкке бөлiнедi. Бұл процесс Қазақстанда бiздiң эрамызға дейiнгi III мың
жылдықта басталған. Оның бiрiншi кезеңiн мемлекеттiң пайда болуына дейiнгi
жағдай деуге болады. Ол уақытта билiктiң жариялылық түрi қалыптасып,
мемлекеттiк құқықтық жүйенiң тағы да басқа элементтерi құқықтық нысанда
пайда бола бастаған едi. Бiздiң эрамызға дейiнгi IХ-VIII ғасырлар
аралығында Қазақстан территориясында көшпелi мал шаруашылығы мен өндiргiш
күштердiң дамуына байланысты, ондағы мемлекет пен құқықтың даму процесi де
жаңа кезеңге көшедi. Ол алғашқы мемлекеттiң негiзi болып саналады. Бұл
процесс бiздiң эрамызға дейiнгi III ғасырға дейiн созылды. Содан кейiн-ақ
Қазақстанды жайлаған көшпендiлер тыныс-тiршiлiгiнде мемлекеттiлiк
қалыптасып, оның мемлекеттiк-құқықтық жүйесi жаңа өркендеу кезеңiн
бастайды. Ол төрт кезеңге бөлiнедi. Алғашқы үшеуi еуразиялық ғұн, түрiк,
Моңғол-қыпшақ (Ұлы ұлыс) империясы тарихының дамып құлдырауы мен күйреуi
кезеңiн анықтайды. Бiрiншi көшпелi ғұн империясы кезеңi бiздiң эрамызға
дейiнгi III ғасырдан бастап V ғасыр аралығындағы уақытты қамтиды. Екiншi
кезең VI ғасырдан бастап көшпелi түрiк империясының Түрiк-ашин iрi
мемлекетiн құрайды да, оның құлдырауына дейiнгi аралықты айқындайды. Содан
кейiн қарлұқ, Қарахан, қыпшақ, керей, найман мемлекеттерi құрылып, олар
өздерiнiң тыныс-тiршiлiгiнде түркi дәстүрiн сақтайды. Үшiншi кезең болса
ХIII ғасырдан бастап Моңғол-қыпшақ көшпелi империясы деп аталады. Оның
негiзi — моңғол империясының Шыңғыс хан жасаған “Ұлы ясасы”. Аталған
мемлекеттiк-құқықтық жүйе Еуразия даласында ХVI ғасырдың аяғына дейiн билiк
құрды. Моңғол империясы тарихы әдеттегiдей өркендеу, құлдырау және күйреу
кезеңiнен тұрады. Ол кейiн Сiбiр, Маңғыт және Қазақ мемлекеттiлiгiн өмiрге
келтiрдi. Ал соңғы төртiншi кезең ХV ғасырдан бастап ХVIII ғасыр басы
аралығындағы тұтас қазақ хандығын өмiрге әкелдi. Алғашқы қазақ хандығында
қалыпты құқық пен мемлекеттiлiк қалыптастырылады, ол хан билiгi сайлауы мен
автономиялық әкiмшiлiк бiрлiгiн құрайды.

2-ші тақырып. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттiк бiрлестiктердiң
пайда болуы және дамуы

1. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы; ерекше басқару органдарының пайда
болуы - қауымдық кеңес, жоғарғы көсем және әскери қолбасшы.
2. Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің пайда болуының ерекшеліктері.
3. Сақ-массагет тайпалары. (б.ғ.д. VІІ-ІV ғғ.). Сақ-массагеттердің қоғамдық
және саяси құрылысы.
4. Ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың әскери – демократиялық одағы.
5. Батыс-Түрік қағанатының қалыптасуы (603 ж.) Қоғамдық-саяси құрылысы.
Батыс-Түрік қағанатының құқығы.
6. Қарахандардың ертефеодалдық мемлекеті (969 ж.)

Әдетте мал шаруашылығы мен жер өңдеу iсi неолит-жаңа тас ғасырынан
басталды деп есептеледi. Бiрақ тарихи процестiң ерекшелiгiне сәйкес
тоқымашылық және құмыра құю iсiн ойлап тапқанмен адамдар әлi де болса
аңшылық кәсiппен шұғылдана бердi. Сондықтан да әлеуметтiк ұйымның негiзгi
көзi-рулық қауым болып қала бердi. Ол әлеуметтiк теңсiздiкке жол бермейтiн,
ағайындық-ұжымдық жер меншiгiне иелiк ететiн қандас-туыстық негiзде дамыды.
Әрине, қауымдастық бiрнеше топтарға бөлiндi, олар жауынгер еркектер мен
әйелдер және балалар топтастығы едi. Балалық топтан ересектер тобына
алмасу ерекше салттық негiзде жүргiзiлдi. Қауымның маңызды iстерi ересек
еркектер жиналысында шешiлетiн. Қауымнан дәстүр мен салтты, рәсiмдi жақсы
бiлетiн абыздар мен көршi қауымдастықтармен болатын қақтығыстарда
басқаратын әскери көсемдер бөлiнiп шықты. Қауымның қарым-қатынастары мен
тыныс-тiршiлiктерi өздерiне тән рәсiмдерi және тыйым салынған әдет-ғұрып
жүйелерi арқылы реттелетiн.

Қазақстандағы қоғамның экономикалық базасы бiздiң заманымызға дейiнгi
III-II мыңжылдықтарда, яғни энеолит қола дәуiрiнде өзгере бастады. Аталған
уақытта Қазақстанның солтүстiгiнде Көкшетау облысының Ботай бекетi
жанындағы қоныспен аттас Ботай мәдениетi қалыптасты. Оған Солтүстiк
Қазақстанның далалық энеолитiн сипаттаумен бiрге оның қалыптасуына
неолиттiк Атбасар және Маханжар мәдениетiн құраған тайпалар қатысты. Оның
мерзiмi тарихи деректерге сүйенсек б.з.б. III-II мыңжылдықтармен
белгiленедi. Демек, ол бiр мың жыл болған деген болжамға саяды. Ботай
мәдениетiн алғашқы зерттеушiлердiң қатарында В.Ф.Зайберт болды. Ботай
археологиялық мәдениетiн таратушылар жылқы шаруашылығымен айналысты. Ол
жерден табылған көптеген остеологиялық (Анатомияның сүйектiң атқаратын
қызметiне қарай қалыбы (формасы) мен құрылысын зерттейтiн бөлiмi — автор)
материалдардың басым көпшiлiгi жылқы сүйектерiмен қоса зубр, тур, бұлан,
елiк, аю, түйе, құндыз, суыр, қоян, қабан, түлкi, қарсақ, құстардың
сүйектерi едi. Нақтылай айтқанда мысалы, Ботай қонысынан 70000 жылқының
сүйегi табылған. Мұндай мал шаруашылығына көшу өндiрiстiк күштердi
дамытумен бiрге алғашқы рет өнiмдердiң артуына мүмкiндiк бердi. Өндiрiстiк
айналымның күшеюi жергiлiктi тұрғындар арасында өндiрiстi ұйымдастыратын
ерекше топтардың пайда болуына мүмкiндiк ашты.

Әдетте, адамдардың баюына әкеп соқтыратын әртүрлi соғыстар мен
қақтығыстар қауымның арасынан ерекше байыған өнiмi көп кәсiпқой
жауынгерлердi бөлiп шығарды. Осыдан келiп, өндiрiспен айналыспайтын
белгiлi бiр топ пайда болады. Сөйтiп қауымдастық “страта” деп аталатын
жiкке бөлiндi. Ондай қауымдастықтарды ғылымда “стратиланғандар” дейдi.
Алғашқы кезеңде үш жiк ерекше бөлiнiп шыққан болатын. Олардың бiрiншiсi
мал шаруашылығымен айналысушылар да, ал одан кейiнгiлерi жауынгерлер мен
абыздар болып саналды. Сондықтан да жiкке бөлiнген қауымдастық арасында
болып жататын жиi-жиi қақтығыстарды ендi әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы
реттеуге мүмкiндiк болмай қалады да, оларды бiрте-бiрте реттейтiн құқықтық
жүйе жағдайындағы iс-әрекеттер дами бастайды. Қандас-туыстық қауым ыдырап,
орнына көршiлiк қауым келедi. Ендi қауым арасындағы байланыс туысқандық
емес экономикалық негiзде қалыптаса бастайды. Жерге ұжымдық меншiк
сақталғанмен малға жеке меншiк иелiгi пайда болады. Мiне, осы кезден
бастап меншiк құқығы мен өндiрiс арасындағы құқықтық пайдалану негiздерi
қалыптасты. Осыдан келiп бiр-бiрiмен көршi қауымдастықтардың әлеуметтiк-
құқықтық байланысын нығайтатын және жауларынан қорғануға толық мүмкiндiк
беретiн жаңа қауымдастық одағы — тайпа пайда болды, оның өзiндiк әскери
басшылары, абыздары мен басқару әкiмшiлiгi өмiрге келдi. Осы кезден бастап
жария билiк, яғни билiк қызметiн атқаратын ерекше бiр адамдар жiгi қоғамдық
өмiрге араласа бастайды. Сондықтан да ғылымда жария билiктен мемлекеттiк
пайда болғанға дейiнгi аралықтағы қарым-қатынасты потестарлық қатынас деп
атайды. Ендеше, тайпа потестарлық бiрлестiк болып саналады. Ол жария
билiктiң қалыптасуына негiз болған едi.

Мұндай күштi билiктiң болғанына куә болатын дерек бiздiң заманымызға
дейiнгi II мыңжылдықтың басындағы Қазақстанның солтүстiк-батыс аймағындағы
Ресейге жақын жерлерден табылған алғашқы қалалардың орны болып табылады.
Олардың iшiнде ең белгiлiсi —Арқайым,одан басқа қолөнер кәсiбi мен ауыл
шаруашылығы орталығы болып саналатын 20-ға жуық елдi мекендер анықталды.
Аталған дәуiрдегi Евразия кеңiстiгiн жайлаған дала жайындағы алуан түрлi
ғылыми түсiнiктерге қала үлгiсiндегi Синташт және жаңағы айтып өткен
Арқайым бекiнiстi қоныстарының ашылуы мен зерттеулерi принциптi түрде
өзгертулер енгiздi. Алғашқы қалалар қорғанысқа мықты әрi жақсы жобамен
салынған мәдени құрылыстардан тұратын едi.

Бiздiң заманымызға дейiнгi ХII-Х ғасырларда Қазақстандағы этникалық
жағдай едәуiр өзгердi. Орталық Қазақстанды шығыстан Қарасу мәдениетiн алып
келушi тайпалар қоныстанып, жергiлiктi тұрғындар негiзiнде Дәндiбай-Беғазы
мәдениетi қалыптасып, ол Сырдарияның төменгi ағысына дейiн тарайды. Мiне,
осындай көшi-қон жағдайында андронов-арийлықтар оңтүстiк және оңтүстiк-
шығыс бағытта Орта Азия арқылы Иран мен Солтүстiк Индияға алмасады. Сөйтiп
Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы бiрте-бiрте өзгерiске ұшырап, онда мал
шаруашылығы кең етек алды. Содан кейiн-ақ мүйiздi iрi қара малдарды
ұстаудың үлесi азайып, жылқылар мен түйелер және қойларды өсiрудiң саны
артып, олар толық отырықшылықтағы мал шаруашылығынан жартылай отырықшылыққа
көшедi. Бұл жаз жайлау, қыс қыстау, күз күздеуге көшу деген сөз едi. Бұл
процесс қоғамдық құрылымға ықпал етпей қойған жоқ. Содан кейiн, қайтадан
қауымдастықтардың әлеуметтiк жiктелуi орын алды. Тайпа көсемдерi көптеген
байлықтарды иеленiп, ол оларды жерлеу рәсiмiнен-ақ байқалатын дәрежеге
жеттi. Оның айғағы күнi бүгiнге дейiнгi кең байтақ Қазақстанның әр
тараптарынан табылып жатқан алып кесенелер мен қабiрлер. Мұның бәрi айрықша
билiктiң белгiсiн көрсетедi. Жалпы, Қазақстан қоғамының қола дәуiрiнде
мемлекеттiң пайда болуы кезеңiнде тұрғанын, оның басты-басты элементтерi әр
түрлi тайпалар бiрлестiктерiнiң тыныс-тiршiлiгiнен көрiне бастағанынан
аңғаруға болады.

§ 2. Ежелгi ғұн империясы

Қазақстан жерiнде қалыптасқан алғашқы мемлекеттiк құрылымның бiрi—
ғұндар мемлекетi. Бұл көшпелi тайпалар мемлекетiнiң алғашқы көрiнiсi.

Бiздiң заманымызға дейiнгi III ғасырда қазiргi Моңғолияның
оңтүстiгiндегi Ордостан Каспий өңiрiне дейiнгi Орталық Азияның кең байтақ
кеңiстiгiн мекендеген көшпелi ғұн империясы құрылды. Олар бiздiң
заманымызға дейiнгi IХ ғасырдың өзiнде-ақ алғашқы мемлекеттiк бiрлестiк
ретiнде танылып үлгерген едi. Оларда сайланбалы түрде билiкке ие “сеңгiр”
немесе “тәңiрқұты”лауазымымен белгiлi “жоғарғы” мәртебелi басқарды сондай-
ақ әскери-потестарлық конфедерациядан тұрды. Ғұндардың жоғарғы билеушiсiн
қытай авторлары шанью деп атайды. Бiздiң заманымызға дейiнгi 206 жылы ғұн
тайпаларын сеңгiр Мөде (Боғда) шаньюй басқарды. Мөде билiк еткен
жылдардың алғашқы кезiнде-ақ, ол Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар
жасап отырды. Ол жемiссiз де болған жоқ. Кескiлескен қиын да күрделi
шайқаста Мөде әскери-саяси қуаты өзiнен әлдеқайда басым Хань әулетiн сюнну-
ғұндардың Ордостағы көшiп жүретiн жерлерiнен дәме етуден бiржола бас
тартуға мәжбүр еттi. Хань императоры Гаоцзу әйгiлi Мөде (Боғда) батырдың
бiр орталыққа бағынған ұлы держава және империя құрудағы белсендi
қызметiнiң алдында тiк тұрып, онымен “тыныштық және туыстық туралы
шартқа” қол қойды. Қол қоюмен бiрге оған жыл сайын “сыйлық ретiнде” салық
төлеп тұруға да мiндеттендi. Ғұндар тәңiрлiк дiндi ұстанған, олардың мекен-
тұрағы Орталық Азия, оның iшiнде негiзiнен қазiргi қазақ даласы едi.
Сонымен бiрге олар мал шаруашылығымен айналысты.

Ғұндар мемлекетiнiң құрамына шығыстағы “Шығыс ху” тайпалары мен
батыстағы юедилер (юечжи) және үйсiндер және оңтүстiк байян мен лауфань
секiлдi көршiлерi жойқын күйретулерден кейiн кiрдi. Ғұндар мен Қытай
арасындағы соғыс бiздiң дәуірімізге дейiнгi 188 жылы аяқталып, соңғысы
айтарлықтай салық төлеп тұрды. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi 90-шы жылдары
Қытай тағы да жеңiлiске ұшырады. Бiрақ бiздiң дәуірімізге дейiнгi 47-шi
жылы ғұн империясы солтүстiк және оңтүстiк аймаққа бөлiнiп, соңғысы Қытай
империясының құрамына қосылды. Б.э. 93 жылы ғұн мемлекетi өмiр сүруiн
тоқтатты.

Ал ендi ғұн державасының басқару жүйесiне келсек, билiк басында монарх
тұрды. Ол күрделi “жер мен аспаннан туылған, ай мен күн тағайындаған ғұнның
ұлы сеңгiрi” лауазымын алды. Сондай-ақ, ол “көктiң (тәңiрдiң) мейiрiмiне
ие” “Тәңiр құты” титулын иелендi. Ғұн билеушiсi қасиеттi билеушi қызметiн
атқарып қана қоймай, бiрiншi дiн қызметкерi мiндетiн де атқарды.Билiк
әкенiң балаға мұра етiп қалдыруымен бiрге тақ билiгi негiзiнен аманат
жолымен тағайындалатын. Кейде билiктi қысқарту және билiк иесiн сайлау
атақты адамдар арқылы жүргiзiлетiн. Сеңгiрдiң өкiлеттiлiгi өте кең болды.
Ол саяси және рухани билiк етiп қана қоймай, жоғарғы әскери қолбасшы және
дипломатиялық қызметтi де қоса атқарды.

Сеңгiр Си немесе Цяо (Цюлинь)руынан болуы керектiгi мiндеттi едi.
Сонымен бiрге атақты үш руы Хуянь, Сюйбу, Лань рулары болды. Сеңгiр олардың
арасынан өзiне жар таңдап ала алатын. Аталған рулардың өкiлдерi ғана
мемлекетте жоғары лауазымды қызметтердi атқара алатын. Ғұн мемлекетiнiң
шенеунiктер қызметi өте күрделi де ыңғайсыз болды. Бес жоғарғы класты
шенеунiктер тобы сеңгiрдiң туысқандарынан тұрды. Олар “данышпан князьдар”,
“лули князьдар”, “ұлы қолбасшылар”, “бас басқарма”, “ұлы бастықтар” едi.
Қалған лауазымдар түрiн белгiлi ру мүшелерi алатын. Барлық лауазым иелерi
“оң” және “сол” атанып, сондай-ақ “үлкен” және “кiшi” болып бөлiндi. Ру
ақсүйектерiнен басқа ешқандай руға кiрмейтiн “құтты” деген топ болды.
Ғұнның мемлекеттiк аппаратында 24 жоғарғы шендегi шенеунiк болды. Олардың
әрқайсысында 10 мыңнан 20 мыңға дейiн жауынгерi болып, олар тапсырманы бас
сеңгiрдiң өзiнен алды. Уақыт өткен сайын сеңгiрлердiң руы көбейiп ол өзiнiң
туысқандарын белгiлi бiр қызметке қою үшiн шенеунiктiк аппаратты ұлғайтып
отырды. Сөйтiп, жаңа шендер пайда болды. Олар ұлы цзюй-кюй және жичжо-князь
атанды.

Оңтүстiк ғұндардың басқару жүйесiнде бiрнеше өзгерiстер болып, алғашқы
екi кластағы шендер өзгерiссiз қалып “төрт мүйiзге” бiрiктi. Аталған
қызметтер сеңгiрдiң туысқандарына тиесiлi едi. Одан әрi “алты мүйiздiлер”
оң және сол жичжо, вньюйди және чжаньгянди аталып олар белгiлi рулардан
сайланды. Одан кейiнгiлер құтты ұлық және жичжо-құтты ұлық аталып, олардан
кейiнгiлер “билiк иелерi” сонан соң “меңгерушiлер” узюкуй атанды. Одан
басқа оңтүстiк ғұндарда тақ мұрагерлерi үшiн жаңа жүйе пайда болды. Ол
басқыштық жүйеде жүргiзiлетiн. Алдымен ағайындылар кезекпен басқарса, одан
кейiн олардың балалары басқарып, ең кiшi немерелерiнiң үлкенi басқаратын
болды.

Әрбiр 24 жоғарғы шендегi шенеунiктер iстi тиянақты атқару үшiн өздерiне
мыңбасы, жүзбасы, онбасы сияқты әскербасыларды тағайындап, олар әлеуметтiк
және әскери мiндеттi атқарды. Ғұндардың басқару жүйесiндегi ең басты орынды
алатын бiр жылда екi рет жиналатын шенеунiктер кеңесi болды. Онда дiни
рәсiмдер мен мемлекеттiк iс жөнiндегi мәселелер қаралатын. Олардың халықты
басқарудағы атқаратын рөлi ерекше болып, құдай жолындағы билiктiң рөлiн
қуаттап қолдайтын. Әрбiр күз сайын шенеунiктер мен удельдiк басшылары және
бөлек-бөлек көшпелi қауымдастық өкiлдерi жиналып, өзiнше ерекше бiр халық
санағын және мал “тексеруiн” жүргiзетiн.

Ғұн империясының территориясы мен тұрғындарына келсек, оның құрамына
ғұндардан басқа Орталық Азия аймағындағы барлық көшпелi халықтар, сондай-ақ
жеке отырықшылықпен айналысатын аймақтағылар кiретiн. Мемлекеттiң
территориясы нақты белгiленiп, ол күзетшiлермен қорғалатын. Территорияның
тұтастығы мен ондағы саяси жүйе бiрлiгi Мөде (Боғда) батырдың қатаң
қадағалауында болып, соғыстан бас тарту үшiн кез келген жердiң бiр пұшпағы
жат жұрттыққа берсiн деп кеңес берген шенеунiктiң басы кесiлдi. Мөде “жер
мемлекеттiң негiзi, ол ешкiмге берiлмеу керек” деген принципте қызмет еттi.
Сөйтiп, ғұндар санасында мемлекет пен оның территориясының қалыптасуы
ерекше орын алды.

Империя батыс және шығыс — қос қанаты болып бөлiнiп, оны “ұлы басшылар”
басқарды. Оның әрбiр қанаты әскери бiрлестiктерге бөлiнiп, оларды
шенеунiктер биледi. Жаулап алынған территорияларда жергiлiктi жерден
әскербасылар тағайындалып, олар салық жинауымен айналысты. Бағындырып
алынған жерлер ғұн билеушiсiне бағынышты болып “бiр үйдi құрады”. Яғни, ол
бiр мемлекет деген сөз.

Ғұндардың салық салу жүйесi жөнiнде мәлiметтер тым аз. Мөденiң басқару
кезiнде халықтан алған малдар мен мүлiктер санағын жүргiзетiн арнаулы кiтап
болды. Содан отырықшы және ғұн мемлекетiне бағынышты елдерден жиналған
салықтардың есебiн бiлуге болатын. Салықты уақтысында төлемегендердiң әйелi
мен балалары алынды. Ғұн мемлекетiнiң шығыс ауданын жайлаған ухуньлықтар
жылқы және қой, тағы да басқа малдар терiлерiн салық ретiнде төлеп отырды.
Басқарудың тағы бiр жүйесi ол отырықшы аудандарды қоныстанған жұртшылықты
империя орталығына көшiрiп әкелiп сiңiстiрiп жiберу едi. Салық жинаумен
“әскербасылар” және “наместниктер” айналысты. Сонымен бiрге ғұндар керуен
жолдарын қатаң қадағалап, сауда иелерiнен баж салығын алып отырды.

Ғұн империясының егемендiгi мен халықаралық құқық субъектiлiгi. Бiздiң
çàìàíûìûç¹à дейiнгi 206 жылдан бiздiң çàìàíûìûç¹à дейiнгi 47 жылға дейiн
Ғұн империясы өз егемендiгi мен тәуелсiздiгiн өзiнiң территориясында нық
жүргiзiп және оны көршi территорияларға да енгiзе бiлдi. Ғұндардың
мемлекеттiк идеологиясы бойынша сеңгiр Аспан өкiлi болып саналып, ол “бүкiл
халықтарға патшалық ете алады” және ол күштеп жүргiзiлдi. “Аттың үстiнде
соғысу бiздiң мәртебемiз, сондықтан да бiз барлық халықтардың алдында
жоғарымыз”, - дейтiн ғұн ақсүйектерi өзiнiң сеңгiрiне.

Ғұндардың құқықтық жүйесi. Күрделi мемлекеттiк жүйенiң пайда болуы
қоғамда құқықты реттеудiң пайда болуына мүмкiндiк ашты. Ғұндардың құқықтық
негiзiнiң көзi әдет-ғұрып болды. Қытай жазбаларына сүйенсек ғұндардың
заңдары “жеңiл және орындауға оңай” едi. Сот 10 күн аралығында созылып,
қамауда отырғандардың саны оннан аспайтын. Күрделi қылмыс жасағандарға өлiм
жазасы кесiлiп, ұрлық жасағандардың мүлкi тәркiленсе, жеңiл-желпi жағымсыз
iс-әрекеттер еткендердiң жүзiнде iз қалдырылды. Сонымен бiрге көшпелiлердiң
дағдылы не әдеттегi құқығы кодификациялана (жүйелене) бастады. Сондықтан да
Мөде сеңгiр шығарған кодекс бойынша әскери тәртiптi бұзғандар мен әскери
қызметтерден бас тартқандарға өлiм жазасын кестi. Ал меншiк құқығына
келсек, көшпелi қоғамдардың бәрiне тән қасиеттер болды. Мысалы, ерекше
болып көрiнетiнi жеке отбасы меншiгi, қауым меншiгi, әскери-потестарлық
бiрлестiктер мен мемлекет меншiгi едi.

§ 2. Үйсiн және қаңлы мемлекеттерi

Ғұн державасының пайда болуы Қазақстан территориясында басқа да дамыған
мемлекеттiк-құқықтық жүйелердiң пайда болуына себепкер болды. Әсiресе ол
ғұндар билiгiндегi аймақтарда кең етек алды. Солардың қатарына үйсiндер мен
қаңлылардың мемлекетi жатады. Үйсiндер алғашқы кездерi бiздiң дәуірімізге
дейiнгi III ғасырда Данхэ өзенi аймағын жайлаған едi. Егер VIII ғасыр
шежiресiне жүгiнсек, онда Бесбалықты “Усун князiнiң шекарасы” дейдi.
Ендеше, үйсiндердiң шығыс шегi Бесбалық екен. Олар ғұндардың соққысына
ұшырап, ақыры солардың империясының құрамына қосылды. Сондықтан да
үйсiндерге “Батыс жақтағы (шекараны) қабырғаны қадағалау” тапсырылды.
Сеңгiрдiң көмегiмен үйсiндер юэчжейлердi күйретiп Жетiсу өңiрiн жайлады.
Жалпы, үйсiндер туралы алғашқы хабарлар б.з.б. II ғасырдың аяғында пайда
болған. Ал қазiргi кейбiр қолда бар деректерге қарағанда олар Жетiсу
өңiрiмен бiрге одан да басқа кең байтақ аумақты алып жатқан. Жетiсуға
Үйсiндер Орталық Азияның түкпiрiндегi Дұнхуаң және Чилан тауы аралығынан
б.з.д. II ғасырда шамамен 160 жылдары көшiп келген деген де дерек бар.Көне
Қытай жазбаларының бiрi “Хан патшалығы тарихы” Жаң Чилан өмiрбаяны
тарауында үйсiндердiң ханы күнму(күнби)” деп аталған. Үйсiндер Жетiсуды
қоныстанбай тұрып мемлекет болған деген де дерек бар.Мысалы, “Күнмудың
әкесi Нәндi би тегiнде Чилан мен Дұнхуаң аралығындағы Ұлы иозылармен
қанаттас әрi қоныстас отырған кiшi мемлекеттiң иесi” деген де дерек
кездесiп қалады. Ұлы иозылар –юечжiлер б.з.д. дейiнгi III-II ғасырларда
Чилан мен Дунхуан аралығын мекендеген көшпелi тайпалар. Жалпы, “үйсiн”
терминiнiң мағынасы бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң нақты дәйектемесiн таба
алмай, ол кейбiр қытайдың иероглифтiк жазбаларынан ғана бiзге мәлiм болып
отыр. Оның қазiргi айтылуы қазақ этнонимдерiнiң бiрi — Ұлы жүз қазақтарының
басты этникалық белгiсi болып табылатын тайпаның өзiн атайтынындай “үйсiн”
сөзiне сәйкес келедi. Соған қарамай бiрқатар зерттеушiлер бұл
транскрипцияны Орта Азия тарихынан мәлiм асиан этнонимi деп бiлуге бейiм

Бiздiң эрамызға дейiнгi 177 жылы ғұндар протектаратына қарасты жаңа
мемлекет пайда болды. Оның тұрғындарының басым көпшiлiгiн жоңғар және Шығыс
Қазақстан, Жетiсу тайпаларындағы сақтардың ұрпағы құрады. Бiздiң
дәуірімізге дейiнгi II ғасырдың ортасының өзiнде-ақ үйсiндер ғұндардан
бөлiнiп шыққан болатын. Соған қарамай бiздiң дәуірімізге дейiнгi 53 жылы
үйсiндердiң мемлекетi екiге бөлiндi.

Ал қаңлы мемлекетi жөнiнде дерек өте мардымсыз, тiптi аз деуге де
болады. Қаңлылар б.э.д. III ғасырдын бастап Сырдарияның орта алқабы мен
Қаратау өңiрiн мекендеген. Қаңлыларға Ташкенттен Хорезмге дейiнгi
аралықтағы елдi мекендер қараған. Қаңлы мемлекетiнiң астанасы-Битянь қаласы
Сырдарияның орта шенiнде орналасты. Жалпы, Қаңлылар мемлекетi Қазақстан
тарихында ерекше орын алады. Өйткенi, ол ежелгi қазақ жерiнде алғашқы
мемлекеттiк құрылым қалыптастырып, өзiндiк мәдениет пен өркениеттiң дамуына
ықпал еттi.

Б.з.д. II-I ғасыр аралықтарында Қаңлылар алып мемлекетке айналып, ол
туралы “Сұй патшалығының тарихы. Батыс өңiр шежiресi. Қаңлы тарауында”;
Қаңлы елiнiң 120 мың үй, 600 мың жан саны, 120 мың әскерi барын жазады.
Олар Қытай патшалығымен елшi алмасып, сауда-саттық, дипломатиялық қарым-
қатынаста болады. Қаңлылардың негiзгi шаруашылығы мал шаруашылығы едi.
Қытай мәлiметтерiне қарағанда ол бiздiң эрамызға дейiнгi III ғасырда пайда
болған. Олар жергiлiктi дахо-массагеттер мен исседон тайпаларынан
бiрiккен. Бiр кезде үйсiндермен көршi болып, қатар қоныс тепкен Қаңлы
мемлекетiн қытай деректерiнде “Кангюй” , “Қанғар” , “Кенрiс” дейдi.
Сондықтан да, бiз сол ұғым-терминге байланысты тарихи деректердi азды-
көптiлiгiне қарамай барынша пайдалануға ұмтылдық.

Қытай деректерiнiң ендiгi бiр тұсында, яғни “Сұй патшалығының
тарихы.Батыс өңiр шежiресi.Қаңлы тарауында” олардың ханы Ұлы иозылардың уын
руынан шыққан деп жазады. Ал қоныстанған мекендерi Чилан тауының
солтүстiгiндегi Жаұу қаласында деген мәлiметпен толықтырылады.Сонымен бiрге
оларды ғұндар талқандап, содан кейiн қаңлылар батысқа қоныс аударды
делiнген.

Үйсiндердiң басқару жүйесiне келсек, мемлекет басында Күнбек (Күнби) —
“ұлы билеушi” дәрежесiн алған билеушi отырды. Ондағы тақ алмасу рәсiмi
мұрагерлiк арқылы жүргiзiлдi. Сонымен бiрге күнбектер(Күнбилер) өзiнiң атақ-
дәрежесiне “би-князь” дәрежесiн де қосып алды. Бiздiң дәуірімізге дейiнгi
53 жылы мемлекет екiге бөлiнген кезде бiр-бiрiне тәуелсiз, егемендi Ұлы
күнбек және Кiшi күнбек пайда болды. Сонымен бiрге жоғары билеушiмен қатар
шенеунiктердiң бiрнеше категориясы болды.

§ 3. Ежелгi түрiк қағанаты және оның құқықтық жүйесі

V ғасырда Қытай-ашинға бағынған алғашқы ғұн бiрлестiгi Алтай
территориясына көшiп, жужандардың құрамына кiредi. Мiне, осы бiрлестiк
“Түрiк” атын алады. Түрiк этнонимiнiң алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында
кездеседi. 551 жылы түрiктер жужань билiгiнен құтылу үшiн Қытаймен
одақтасады. 552 жылы түрiк билеушiсi Бумын Ел-хан дәрежесiн алып, жаңа
түрiк империясының өмiрге келгенiн заңды түрде мәлiмдейдi. Сөйтiп, VI
ғасырдың 60-70 жылдарында Тынық мұхиты мен Қара теңiз аралығындағы Еуразия
даласын жайлаған жартылай көшпендi және көшпендi бiрлестiктердiң барлығы
сол түрiк қағанатына бағынды. Ал, 603 жылы ол Шығыс және Батыс түрiк
қағанаты болып бөлiндi. Батыс түрiк қағанаты қазiргi Қазақстан, Орта Азия,
Шығыс Түркiстанның жарты территориясын игердi. Батыс түрiк қағанатының
орталығы Суяб (Жетiсу) болды. Батыс түрiк қағанаты аталған бөлiнуге қарамай
Шығыс түрiк қағанатына едәуiр дәрежеде саяси тәуелдiлiкте болды. Ондағы
өкiмет билiгi түрiктердiң қаған руы — ашиналардың қолында едi. Батыс түрiк
мемлекетiнiң бiрiншi басшысы-қаған, жоғарғы билеушi, билеп-төстеушi, әскер
басы болды. Ол бүкiл қағанатты биледi. Сонымен бiрге оның билiгiне Шығыс
қағанат та кiретiн. Ал оның Батыс бөлiгi жалпы қағанға бағынатын Ябгу-
қаған дәрежесiндегi басшының билiгiнде болды.

Қағанаттағы билiктiң негiзгi бастауы көк Тәңiрi едi. Ол құт болып
саналды. Қаған дәрежесiнiң өзi “Тәңiрiден жаралған, Тәңiрге ұқсаған” деген
ұғымнан шыққан болатын. Түрiк қағанатында тақ мұрагерлiгi сатылы жүйеде
жүрдi. Ол Оңтүстiк ғұндардан алынып, удельдiк жүйемен толықтырылған
болатын. Жаңа тәртiп бойынша тақ мұрагерлiгiн әкесi баласына емес, ағасы
iнiсiне және немерелерiнiң үлкендерiнiң бiрi кiшi немере ағасына
мұрагерлiкке бередi. Кезек күткен тақ иегерлерi удельдiк билiктi бөлiскен
кездерiнде таққа қайсысының жақындығына байланысты бөлiстi. Жаңа қаған
сайланғаннан кейiн бүкiл кезек салыстырмалы түрде iлгерi жылжып, ханзадалар
жаңа удельдердi иелендi. Ол жаңа мәртебеге (статусқа) сай болды.

Шығыс және Батыс түрiк қағанатының басқару жүйелерiнде айырмашылық бар
едi. Шығыс қағанатындағы билiк басындағы жоғары шенеунiктер қатарына
келсек; қағаннан кейiнгi екiншi адам ұлық болып, ал жоғарғы лауазымдылар
шад және елтебер, жабғу, тұтық болды. Қағанның туысқандары тегiн дәрежесiн
алды. Сот қызметiн бұйрықтар мен тархандар атқарды. Ал Батыс қағанатында
удельдердi басқаратын еркiндер мен шоралар басшылығы болды. Кейiн әрбiр
әскери әкiмшiлiк бiрлестiгiне ябғу қағанның өкiлдерi болып келетiн шадтар
сайланды. Жергiлiктi жерлердегi ақсүйектер сословиесiнiң басты тiрегi
болған тайпа бастықтары бектер деп аталды. Түрiктерге бағынышты Орта Азия
княздiктерiнде бұрынғы билеушiлер өз орнын сақтап, олардың басым көпшiлiгi
қағанға бағынатын қаңлы династиясынан болды. VIII ғасырда әрбiр князьдiкке
қаған наместнигi тұдындар сайланды.

Түрiк қағанатының негiзгi құқықтық көзi-әдет-ғұрып болған.

603 жылы Батыс қағанаты өзiнше жеке мемлекет болып, кейiн Батыс-Түрiк
қағанаты атымен белгiлi болды. Оны ашин руынан шыққан қаған биледi.
Қағаннан кейiнгi екiншi адам ұлық деп аталды. Қалған шенеунiктер санаттық
қағанатының басқару құрылымын қайталады. Ол 704–756 жылдар аралығында
Түргеш қағанаты аталса да, сол басқару жүйесi сақталып қалды. Ал, түргеш
қағанаты ашин династиясын алмастырған болатын.

VIII-IХ ғасырларда Жетiсу және Оңтүстiк Қазақстан территориясында билiк
құрған Қарлұқтардың басқару жүйесiнiң желiсi қарапайым болды. Олар
алғашында ұйғыр қағанатына бағынып, қарлұқтар басқарушысы оң ябғу немесе
жабғу лауазымын алды. 746 жылы қара қарлұқтардың жабғысы өзiнше жеке
билiкке ие болып, 756 жылы Түргеш қағанатын ысырып шығарды. Қарлұқ
мемлекетiне кiретiн жеке билiк иелерi өзiндiк еркiндiкке ие болып хан,
тегiн, инал-тегiн, ялан-шах және басқа да лауазымдарға ие болды.

Жалпы, көшпелi түркi қағанатының ел басқару құрылымы үштiк жүйеге
негiзделген. Олар қағанатты тардуш (оң қанат), төлес (сол қанат) және
iчрекi (орталық) деп үшке бөлген. Бұл жүйе сонау скифтерде (icyuz ~~ ic-
oyuz-iчоғуз) iш-оғуз орталық, сыртоғуз (оң және сол қанат) болып үшке
бөлiнсе, iш-оғуздардың (скиф) өздерi бөлек мемлекет болған кезде скиф-патша
(хан тұқымы), скиф-көшпелiлер (мал шаруашылығындағылар), скиф-жер жыртушы
(егiншi) деп бөлiнедi. Скифтердiң арғы атасы Тарғытайдан да үшеу (Липоксой,
Арпоксой~, Êîëîêñîé~), ал Гераклдiң үш ұлы Агафрис (агачер), Гелон (жылан-
иылан), Скиф (iч-оғуз) тағы да үшеу. Хуннулар да осы үш құрылымды
пайдаланған. Олар да батыс, шығыс жүкилер және ханорда болып келедi.

Түрiк қағанатының территориялық және әкiмшiлiк бөлiнуi. Жоғарыда атап
өткенiмiздей Түрiк қағанаты Шығыс және Батыс қағанаты болып екiге бөлiндi.
Егер тұтастай мемлекет түрiк елi атанса, батыс бөлшегi, яғни Батыс Түрiк
қағанаты “он оқ” елi атанды. Оның олай аталуының себебiнiң сыры — ондағы
әкiмшiлiк-территориялық ел бөлiнуiнiң он аймаққа — он оққа бөлiнуiнен едi.
Суябтан батысқа қарай бiрiккен бес аймақ оң қанат болып-он шад аталса, ал
шығысқа қарай бес аймақ дулу атанды. Оларды бөлiп жатқан шекара Iле өзенi
едi. Түрiк қағанатына бағынған Жетiсу мен Орта Азиядағы қалалар бұрынғы
басқару жүйесiн сақтап қалған.

656 жылғы жеңiлiстен кейiн Батыс Түрiк қағанатының екi қанаты Қытайдың
екi наместниктiлiгiне негiз болды. Қытай жаулап алуынан кейiн Түргеш
қағанаты өз империясын жаңадан қалыптастырды. Бiрақ әкiмшiлiк жүйесi
өзгердi. Үшелiк қаған VIII ғасырдың басында мемлекеттi әр бiрiнде 7000
шаруашылық бар 20 аймаққа бөлдi. Ол тұтық (түтүк) деп аталды. Аталған
аймаққа қоныстанғандарды ешқандай тайпаға не ұлысқа жатқызуға болмайды.
Олар этникалық жағынан емес, саяси тұрғыдан бiрiккен едi. Өйткенi, Батыс
Түрiк қағанаты соғыс кезiнде бiр түмен, яғни 10 мың әскер шығарып, оларды
қаған сайлаған шенеунiк басқарды. Осыған қарамай түрiк дәуiрiне дейiнгi
тайпалар бiрлестiгi кей жерлерде жеке-жеке бөлiнiп, аймақтар құрамына
кiрдi. Он оқ бiрлестiгiмен бiрге Түрiк империясының құрамына оғыз
бiрлестiгi ендi. Ол өзiне орта азиялық Соғды князьдығы мен өзiне тәуелдi
көшпелi жұртшылықты енгiзетiн. VIII ғасырда Түрiк қағанатындағы бiр
орталыққа бағынған билiктiң әлсiреуiне байланысты оның әкiмшiлiк
бөлiнуiндегi құрылымдар да бiршама өзгердi. Аймақтар жартылай тәуелсiз
иелiктегi қалалық аймақтар мен көшпелi тайпалар бiрлестiгiне айнала
бастады. Сөйтiп бiр кездегi орталығы iрi қалалар болған удельдiктер жүйесi
кеңiнен дамыды. VIII ғасырда Ислам дiнiнiң таралуына байланысты Түрiк
қағанатының әкiмшiлiк құрылымына едәуiр жаңалықтар енгiзiлдi.

Батыс Түрiк қағанатындағы өзара тартыстар, Жетiсу өңiрiнде үстемдiк
орнатуға ұмтылған Қытайдың императорлық әулетiнiң әскери-саяси әрекеттерi
қаған билiгiн әлсiретiп, тiптi бертiн келе оның атының өшiп қалуына ықпал
еттi. Нәтижесiнде тарихта Баға-тархан (мөге-даган) деген атағы бар Үшлiк
(Учжилэ) бастаған түркештер пайда болды. Мұның бәрi бiр кездегi “Он оқ”
құрамына кiрген тайпалардың бұрынғыдай қаған атынан емес, өз қимыл-
әрекеттерi арқылы мiнез көрсете бастауларынан едi. 694 жылы таққа отырған
Ашина Туйцзы тибеттiктермен одақтаса отырып Шығыстағы Қытай әскерiне қатты
қарсылық ұйымдастырып Жетiсудағы Нұзұқ-Еркiн, түргеш Чықан және ұлық-оқ
тайпаларының басшысы бастаған тайпалар Суяб бекiнiсiн қоршауды
ұйымдастырған деген де шежiрелерде жазбалар бар.

Аталған аймақтың халқын басу үшiн түрiк Хусэлоның бастауымен әскери күш
ұйымдастырылып, үлкен жорыққа әзiрленедi. Бiрақ ол жоғарыда айтқанымыздай,
Баға-тархан (мөге-даган) деген атағы бар Үшлiк (Учжилэ) бастаған түркештер
едi. Қағанаттың сол қанатының құрамына кiрiп, халқы көп саналатын түркештер
VI ғасырда-ақ Шу-Iле қос өзенi аралындағы кең байтақ алқапты алып жатты.
Сонымен бiрге олар Жетiсу керуен жолдарының көбiн өз бақылауында ұстады.
Сөйтiп, түркештердiң ықпалы бiрте-бiрте аталған аймақта артып қана қоймай,
оларға бағынышты тайпалар саны да арта түстi. Үшлiк өздерi иеленген
жерлерде әрқайсысы 7000 адамнан 20 түтiктiк құрды. Сөйтiп, Шудың солтүстiк-
батысындағы өз ордасын Суябқа көшiрiп, оны Үлкен орда деп атады. Сонымен
бiрге Күнгiт қаласында оның Кiшi ордасы да болды.

§3. Оғыз мемлекетi

VIII ғасырдың аяғында Оғыздар немесе теле тайпасы Жетiсу территориясына
ауып келiп, кейiн қарлұқтардың қысымымен Батысқа қарай кангрестердiң жерiне
ысырылады. Қаңлылар (кангюй) (кангрестер — византия жазбалары бойынша)
Сырдария бойындағы қалалар мен оазистердi барынша қорғап бақты. Бiрақ
қимақтар, оғыздар мен қарлұқтардың бiрiккен күштерi арқылы ол қарсылықты
күйреттi.

Қаңлылардың отырықшылық жермен айналысатын өркениеттiлiгiндегi қалалық
сауда өз егемендiгiн жоғалтып, жаңадан қалыптасқан оғыз мемлекетiнiң бiр
бөлшегi болып қалды. IХ ғасырдың басында қарлұқтар Сырдария өзенiнiң
жоғарғы жақтарын жайласа, ал оғыздар оның орта және төменгi бөлiгiн
иеленедi. Ал қаңлылардың (кангю) көшпелi тобы батысқа қарай жылжып Волга
мен Орал өзендерiнiң бойларын жайлап, кейiн “печенегтер” атымен аталатын
рулар федерациясын құрайды.

Ал оғыздар болса, өздерi жаулап алған территорияларда өздерiнiң басқару
аппаратын құрып, бiрте-бiрте Иран тiлдi отырықшы ел басын бiрiктiретiн
бiрлестiк пен жаңа мемлекет құрайды. Олардың көшпелi билiк салаларын түрiк
тiлдiлер басқарды. Сырдарияның төменгi жағындағы далалық шекаралары мен
оазистерiнде оғыз билеушiсiнiң қарамағындағы жаңа мемлекеттiң басын
бiрiктiрген Янгикент (Жаңакент) немесе Жаңа Гузия орталығы ашылды.
Мемлекеттiк билiктi ашиндерден тарайтын жабғу (ябгу) атақ дәрежесi бар
билеушiлер иелендi. Оғыз жабғуларының “күл-еркiндер” деген атақтары бар
кеңесшiлерi болып, олар ақыл-кеңес берiп отырды. Жабғу билiгi ресми
сайланғанымен мұраға қалатын. Жалпы билеушiлер кеңестерде сайланды. Оғыз
әскерлерiнiңи қолбасшысын сюбашы деп атады.

Оғыздар өздерiнiң жаулап алған территорияларын асқан жылдамдықпен
кеңейте бастады. IХ ғасырдың орта шенiнiң өзiнде Арал мен Каспий теңiзiнiң
аралығындағы территорияларды бақылауға алып, Хорезмдi, сосын Орал өзенi
бойындағы печенегтердi өзеннiң арғы бетiне ығыстырып, Х ғасырда Батыс
Қазақстанның бүкiл территориясын Едiл (Волга) өзенiне дейiн жаулап алды.
Сөйтiп, оғыз мемлекетi құрылды.

Оғыздардың қоғамдық және мемлекеттiк құрылымы. Оғыз мемлекетiнiң
территориясы екi категорияға бөлiндi. Олардың бiрiншiсi отырықшылықпен
айналысқан қауым болды. Олардың әкiмшiлiк жоғарғы билiктерiн негiзiнен
оғыздар құрады. Ал екiншiсi, көшпелi шаруашылықтармен айналысқандар едi.

Оғыздар 24 тайпадан құралды, бұзұқтар және ұшұқтар деген екi қанаттқа
бөлiндi. Әрбiр қанат 12 тайпадан тұратын, олар “бой” атанатын. Ал “бой”
болса, өз кезеңiнде “оба” — ру және “көк” — тамыр деп бөлiндi. Оғыздар
бұған қоса ұрұғтар мен аймақтарға бөлiнген. “Ұрұғ” терминiмен рулық
бөлiмшелер мен патронимия құрайтын атақты тұқымдар мен әулеттер аталған.
Қоғам болса мүлiктiк жағынан әртүрлi топтарға бөлiндi. Көпшiлiк топты
құрайтын еркiн көшпендiлердi “Ерлер” (эры) — еркектер бiрiктiретiн. Олар өз
билiктерi өзiнде, арнаулы өз шаруашылықтары бар отбасы иелерi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың пәндер каталогы
Жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
Адвокатураның дамуы мен құрылуы
Азаматтық құқық нормалары
Орыс тілі мен әдебиеті
Құқық пәнін оқытудың бағдарламасы әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары.
Қылмыстық - атқару құқығы ғылымы
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Пәндер