ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ



Тақырып – 1. ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Лекцияның мақсаты: құқық саласы ретінде ҚР конститу-циялық құқығын меңгеру, оның нормалары мен құқықтық қатынастарын, қайнар көздерін ұғыну.
Лекцияның міндеттері:
- конституциялық құқықтың түсінігін анықтау, ұлттық құқық жүйесіндегі жетекшілік рөлін ұғыну;
- конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас-тардың шегін анықтау;
- конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қаты-настарды реттеп, бекітетін амалдар мен әдістерді зерделеу;
- басқа құқық салаларымен арақатынасын анықтау;
- конституциялық құқықтың нормалары мен қатынастары-ның түсінігін, ерекшеліктерін анықтау;
- конституциялық құқықтың қайнар көздерін қарастыру.
Негізгі терминдер: конституциялық құқық, құқық саласы, конституциялық құқықтың пәні, конституциялық құқықтың тәсілі, қоғамдық қатынас, конституциялық құқықтық норма, конституциялық құрылыс, құқықтық мәртебе, мемлекеттік орган
Конституциялық құқықты үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу тәртібі ретінде.
Құқық саласы ретінде конституциялық құқық – бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.
Конституциялық құқық саласының пәні болып оның норма-ларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құры-лысы, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері.
Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері – бұл конститу-циялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
Дәрістік кешен
Тақырып - 1. ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ - ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Лекцияның мақсаты: құқық саласы ретінде ҚР конститу-циялық құқығын меңгеру, оның нормалары мен құқықтық қатынастарын, қайнар көздерін ұғыну.
Лекцияның міндеттері:
- конституциялық құқықтың түсінігін анықтау, ұлттық құқық жүйесіндегі жетекшілік рөлін ұғыну;
- конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас-тардың шегін анықтау;
- конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қаты-настарды реттеп, бекітетін амалдар мен әдістерді зерделеу;
- басқа құқық салаларымен арақатынасын анықтау;
- конституциялық құқықтың нормалары мен қатынастары-ның түсінігін, ерекшеліктерін анықтау;
- конституциялық құқықтың қайнар көздерін қарастыру.
Негізгі терминдер: конституциялық құқық, құқық саласы, конституциялық құқықтың пәні, конституциялық құқықтың тәсілі, қоғамдық қатынас, конституциялық құқықтық норма, конституциялық құрылыс, құқықтық мәртебе, мемлекеттік орган
Конституциялық құқықты үш тұрғыда қарастырамыз: құқық саласы ретінде, ғылым саласы ретінде және оқу тәртібі ретінде.
Құқық саласы ретінде конституциялық құқық - бұл қоғам мен мемлекеттің құрылысының негіздерін, атап айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардың жиынтығын білдіретін ұлттық құқықтың бір саласы.
Конституциялық құқық саласының пәні болып оның норма-ларымен реттелетін қоғамдық қатынастар ұғынылады. Олай болса, конституциялық құқықтың реттеу пәні болып келесі қоғамдық қатынастар жиынтығы табылады: ҚР конституциялық құрылысының негіздері, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметі, сайлау құқығы мен сайлау жүйесі, әкімшілік-аумақтық құры-лысы, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздері.
Конституциялық құқықтың реттеу тәсілдері - бұл конститу-циялық құқық нормаларының конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін амал, әдістері: тану тәсілі, құқық беру тәсілі, міндеттеу және тиым салу тәсілдері.
Конституциялық құқықтың ұлттық құқық жүйесінде алатын орны ерекше. Ол жетекші, фундаменттік құқық саласы ретінде анықталады. Себебі, 1-ден, конституциялық құқық қоғамның барлық салаларына (экономикалық, әлеуметтік, саяси, мәдени т.б.) әсер етеді, ал өзге құқық салалары тек бір салаға ғана әсер етеді, 2-ден, конституциялық құқық сол салалардың барлық қатынастарын емес, тек негізгі, басты қатынастарын ғана реттеп, бекітеді. Өзге құқық салалары болса конституциялық құқық бекіткен қатынастарды басшылыққа ала отырып тиісті саланы толығымен реттеп, нақтылайды. Демек, конституциялық құқық өзге құқық салалары үшін негіз болатын нормалар белгілейді.
Жоғарыда атап кеткеніміздей конституциялық құқық қоғам-дық қатынастардың нақты бір тобына конституциялық құқықтық нормалар арқылы әсер етеді. Конституциялық құқықтық норма - бұл конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды реттеп, бекітетін жүріс-тұрыс ережесі. Ол конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын анықтайды.
Конституциялық құқықтық нормалардың мынадай негізгі сипаттарын (нышандарын) көрсетуге болады:
- біріншіден, конституциялық құқықтық норма - жалпыға міндетті ереже, яғни ол тұлғалар мен түрлі ұйымдарға қоса мемлекеттің өзі үшін де орындалуы міндетті болып табылады.
- екіншіден, конституциялық құқықтық норма - нысанды анықталған ереже, яғни олар белгілі бір актінің нысанында шығарылады (мысалы, жарлық, қаулы, заң т.б.).
- үшіншіден, конституциялық құқықтық норма - нақты анықталған жүріс-тұрыс ережесі. Бұл оның нақты құқықтар мен міндеттерді, жүріс-тұрысты белгілейтіндігін анықтайды.
- төртіншіден, конституциялық құқықтық норма - мәжбүр-лі ереже, яғни оның орындалуы мемлекеттің ықпалымен, мәжбүр ету күшімен қамтамасыз етіледі.
Конституциялық құқықтық нормалар өзге құқықтық нормалардан бірқатар өзгешеліктермен ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық нормалардың ерекшеліктері болып келесілер табылады:
А) конституциялық құқықтық нормалардың негізінде белгілі бір құқықтық қатынастардың түрі пайда болады;
В) конституциялық құқықтық нормалар реттеу пәні бойынша ерекшеленеді. Яғни, конституциялық құқықтың нормалары ерекше сипаттағы, негізгі, фундаменталдық қатынастарды реттейді;
С) қайнар көздері (бастаулары) бойынша ерекшелінеді, яғни конституциялық құқықтық нормалар басқа құқықтық норма-ларға қарағанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституцияда көбірек белгіленген. Тиісінше заңи күші де көбінесе жоғарырақ болып келеді;
Д) конституциялық құқықтық нормалар бірнеше бағытты қамтуға арналған;
Е) конституциялық құқықтық нормалар құрылымына қарай ерекшеленеді. Нақты айтсақ, конституциялық құқықтық норма-ларда өзге құқықтық нормаларға қарағанда санкция өте сирек кездеседі;
И) конституциялық құқықтық нормалар көбіне нақты рет-теушілік емес, жалпы реттеушілік сипатта болады. Мұнда мақсат, міндет, анықтама, мәртебе, қағида нормалары көп болады;
К) конституциялық құқықтық нормаларға құрылтайшылық немесе ұйымдастырушылық сипат тән.
Конституциялық құқықтық нормалардың түрлері:
1) мазмұны немесе реттеу пәні бойынша:
конституциялық құрылыс негіздерін бекітетін нормалар;
жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін бекітетін нормалар;
сайлау құқығы мен сайлау жүйесін бекітетін нормалар;
мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын бекітетін нормалар;
жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуы негіз-дерін бекітетін нормалар.
2) заңи күші бойынша:
конституциялық - конституцияда көрініс тапқан нормалар
субконституциялық - конституциядан өзге актілерде, яғни заңдарда, Президенттің жарлықтарында, Парламенттің қаулы-ларында, Үкіметтің актілерінде, орталық және жергілікті атқарушы органдардың актілерінде, маслихаттың шешімдерінде, Консти-туциялық Кеңестің қаулыларында және т.б. актілерде көрініс тапқан нормалар. Субконституциялық нормалардың заңи күші конституциялық нормалардан төмен болады.
3) әрекет ету аумағы бойынша:
республикалық - республиканың бүкіл аумағында әрекет ететін нормалар;
жергілікті - республиканың белгілі бір аумағының шегінде әрекет ететін нормалар.
4) құрамында көрсетілген ережелердің сипатына байла-нысты:
өкілеттік (құқық) беруші нормалар - субъектіге (мемле-кеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға ...) қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық беретін нормалар;
міндет жүктеуші нормалар - адамдардың, қоғамдық бір-лестіктердің, мемлекеттік органдардың ... белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін, міндеттілігін белгілейтін нормалар;
тиым салушы нормалар - қандай да бір әрекеттерді жасауға болмайтындығын белгілейтін нормалар.
5) құрамындағы көрсетілген ережелердің анықталған-дық, нақтылық дәрежесіне байланысты:
императивтік нормалар;
диспозитивтік нормалар;
Императивтік нормаларға өте бір қатаңдық, өктемдік тән, оның орындалуы біржақты өктем болып келеді. Мысалы, заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады 35бап. Ал, диспозитивтік нормаларда құқықтық қатынасқа түсушілерге белгілі дәрежеде еркіндіктер беріледі.
6) құқықтық реттеу механизміндегі атқаратын рөлі бойынша:
жалпы - анықтама, қағида, мақсат, міндет нормалары;
материалдық - мемлекеттік органдардың және басқа да субъектілердің қызметтерінің негіздерін, олардың құқықтық мәртебелерін, құзыреттерін, құқықтарын т.б. жағдайларын айқындайтын нормалар;
процессуалдық - материалдық норманың жүзеге асырылу процедурасын белгілейтін нормалар
Конституциялық құқықтық нормалар конституциялық құқықтың пәні болып табылатын қоғамдық қатынастарды рет-тейді. Конституциялық құқықтық нормалардың тиісті қоғамдық қатынастарға әсер етуінің нәтижесінде конституциялық құқық-тық қатынастар пайда болады. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастар - бұл конституциялық құқықтық нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар.
Конституциялық құқықтық қатынастардың өзге құқықтық қатынастармен ұқсас жалпы белгілері:
кез келген құқықтық қатынас - бұл құқықтық нормалар-дың қоғамдық қатынастарды реттеуінің нәтижесі;
реттеу нәтижесінде тиісті субъектілер арасында заңи байланыс пайда болады;
қоғамдық қатынастар арқылы ғана құқық нормалары пайда болады, таратылады.
Конституциялық құқықтық қатынастардың өзіндік ерекше-ліктері:
1. өз мазмұнымен ерекшелінеді, яғни конституциялық құқық-тың пәнін құрайтын қатынастар саласында пайда болады, қоғам құрылысы мен мемлекет құрылысының негіздерін білдіреді;
2. басқа құқықтық қатынастардың негізі болып табылады;
3. қоғам өмірінің барлық жақтарында болады, тиісінше қоғам-дық қатынастардың алуан түрлілігінің көптігімен ерекшеле-неді;
4. кейбір субъектілері ерекше болып келеді. Яғни, кейбір субъ-ектілер конституциялық құқықтық қатынастардан басқа ешбір қатынастардың субъектісі (қатысушысы) бола аламайды (мысалы, мемлекет, халық, ұлт, ұлыс т.б.)
Конституциялық-құқықтық қатынастың мазмұнын оның субъектілері арасындағы өзара құқық пен міндет нысанындағы заңи байланыс құрайды. Олай болса, конституциялық құқықтық қатынастардың мазмұнына келесі элементтер кіреді:
1. субъектісі - конституциялық құқықтық қатынасқа қаты-сушылар (мемлекет, халық, мемлекеттік органдар, ұлттар, әкім-шілік аумақтық бірліктер, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, азаматтар, депутаттар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, сайлаушылар корпусы, қоғамдық бірлестіктер);
2. объектісі - конституциялық құқықтық қатынастар неге байланысты пайда болып отыр, неге бағытталып отыр сол оның объектісі болады (мемлекеттік билік, мемлекеттің аумағы, ма-териалдық игіліктер, құнды заттар, мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттері, адамдардың жүріс-тұрысы, азаматтардың мүліктік емес құқықтары және т.б.);
3. субъективтік құқықтар мен заңи міндеттер.
Конституциялық құқықтық қатынастар заңи фактілердің нәтижесінде пайда болады. Заңи фактілер - бұл тиісті қатынас-тарды пайда болғызатын, өзгертетін, тоқтататын (жоятын) жағдайлар (оқиға мен іс-әрекет).
Конституциялық құқықтың қайнар көздері дегеніміз конституциялық құқықтық нормалардан тұратын актілер. Кеңірек ашып қарастырар болсақ, конституциялық құқықтың қайнар көздері болып конституциялық құрылыс негіздерін, жеке адамдардың құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидаларын, жергі-лікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітетін нормалардан тұратын актілер табылады. Олардың екі түрі бар: ішкі қайнар көздер және сыртқы қайнар көздер. Сыртқы қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын Қазақстан Республикасы бекіткен актілер кіреді (халықаралық келісімдер, шарттар, пактілер т.б.) Ішкі қайнар көздер болып конституциялық құқықтық нормалардан тұратын ҚР халқымен, мемлекеттік органдарымен және лауазымды тұлғаларымен қабылданған нормативтік құқықтық актілер табылады. Олар:
Конституция;
Заңдар: конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар, конституциялық заңдар және жай заңдар
Президенттің жарлықтары: конституциялық заң күші бар жарлық, жай заң күші бар жарлық, нормативтік жарлық;
Парламенттің және оның палаталарының қаулылары;
Үкіметтің қаулылары;
ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
Орталық атқарушы органдардың басшыларының норма-тивтік құқықтық бұйрықтары;
Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың норма-тивтік актілері;
Декларация, регламенттер, ережелер...
ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Өзге емес нақ осы актінің негізгі қайнар көз ретінде анықталуы келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
1) Конституцияда барлық басқа қайнар көздер үшін бас-тапқы болып табылатын жалпы сипаттағы құқықтық нормалар бекітіледі. Басқа қайнар көздер Конституция нормаларынан туындалады, оның ережелерін нақтылайды.
2) Конституция - онда белгіленген нормалардың мазмұны-ның кеңдігімен сипатталады. Конституция нормалары қоғам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Ал, басқа қайнар көздер қатынастардың қандай да белгілі бір саласын реттейді;
3) Конституция басқа қайнар көздерге қарағанда жоғары заңи күшке ие, Қазақстанның бүкіл аумағында тікелей қолданылады;
4) Конституцияда құқық саласы қайнар көздерінің басқа да көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;
5) Конституцияда бекітілген нормалар халықтың мемле-кеттік еркін жүзеге асыру нысаны ретінде болады;
6) Конституция жоғары құқықтық мәні, жоғары қоғамдық маңызы бар акт болып табылады. Оның нормалары әрбір аза-матқа, қоғамдық қызметтің барлық субъектілеріне бағытталған.

Тақырып - 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ - ЗАҢИ ҒЫЛЫМ

Лекцияның мақсаты: конституциялық құқық ғылымының түсінігін беру, құқықтық ғылымның бір саласы ретіндегі рөлін көрсету.

Лекцияның міндеттері:
құқық ғылымдарының қызметін ашу;
конституциялық құқық ғылымының зерттеу пәні мен зерт-теу тәсілдерін саралау;
конституциялық құқық ғылымының қайнар көздерінің мәнін ашу;
конституциялық құқық ғылымының өзге құқық ғылым-дарымен өзара қатынасын көрсету.

Негізгі терминдер: заңи ғылым, конституциялық құқық ғылымының зерттеу пәні, конституциялық құқық ғылымының зерттеу тәсілдері, қисындық тәсіл, салыстыру, талдау, анализ, синтез, дедукция, индукция, тарихи тәсілдер, конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері ...

Конституциялық құқық құқықтық ғылымның бір саласы ретінде оқытылады. Құқық саласы ретінде конституциялық құқық белгілі бір қоғамдық қатынастар тобын, нақты айтсақ Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының негіздерін, жеке адамның құқықтық жағдайының негіздерін, мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы мен қызметінің қағи-даларын, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару негіздерін реттеп, бекітсе, ғылым ретінде ол сол қатынастарды, олардың реттелу жай-күйін, реттеу тәсілдері мен амалдарын, тарихи даму өзгешеліктерін зерттейді, оларды жетілдіру, дамыту жөнінде ұсыныстар береді.
Ғылым ретінде конституциялық құқыққа өз пәні, өз бас-таулары, оны оқып-үйренуге өзіндік бағыт-бағдар тән. Конс-титуциялық құқық ғылымы конституциялық кұқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету зандылығын зерттеуге бағытталған, конс-титуциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі үғымдар мен санат-тарды қалыптастырады және конституциялық құкықтың құқықтық ғылым жүйесіндегі орны мен рөлін анықтайды.
Конституциялық құқық ғылымы жоғарыда айтылған-дай мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу және қызмет ету негіздерін, қағидаларын, мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеттік тетігін (механизмін), мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Мұнымен шектелмей конститу-циялық құқық ғылымы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдары жүйесін де, сайлау жүйесін де зерделеп, саралайды. Сайлау мен референдум мәселелеріне конститу-циялық құқық ғылымы демократияның қайнар көзі ретінде ерекше назар аударады.
Жеке адамның конституциялық құқықтық жағдайы конс-титуциялық құқық ғылымының өзекті ауқымды мәселесі болып табылады. Конституциялық құқық ғылымында адам мен азаматтың құқықтарын, шетел азаматтарының құқықтық жағдайын, конституциялық нормалардың адам құқының халықара-лық құқық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар бөлінеді.
Зерттеу нәтижесінде конституциялық құқық ғылымы аталмыш мәселелерді жетілдіру, дамыту, тиімділігін көтеру жөнінде ұсыныстар береді. Конституциялық құқық ғылымы тиісті қоғамдық қатынастарды зерттеп қана қоймай оларды реттейтін нормалардың жай-күйін, кемшін тұстары мен олардың тиімділігін де зерделейді. Зерттеу нәтижесі жаңа құқықтық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе жойылуына әсер етуі мүмкін. Конституциялық құқық бүкіл құқық жүйесінің жетекші, фундаменттік саласы болғандықтан жаңа конститу-циялық-құқықтық қатынастардың, жаңа конституциялық-құқықтық нормалардың пайда болуы басқа құқық салаларына да өзгерістер алып келуі ықтимал. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы тиісті мәселелерді басқа құқық салаларымен салыстырмалы, байланысты жағдайда зерттейді деп айтуға болады. Жоғарыда айтқанымыздай зерттеу нәтижесі бойынша ғылым ұсыныстар береді, халық өкілдігі ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары т.б. сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды.
Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, конституциялық құқық ғылымының зерттеу пәні болып конституциялық құқық саласы табылады деп айтуға болады. Олай болса, бір ауыз сөзбен айтқанда ғылым ретіндегі конституциялық құқық - бұл консти-туциялық құқық саласын зерттейтін ғылыми ережелердің жиын-тығы. Ал, конституциялық құқық ғылымының зерттеу тәсілдері - бұл жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің амал, әдістері. Конституциялық құқық ғылымының зерттеу әдiстеріне келесі әдістер кіреді: тарихи, қисындық, статистикалық, филосо-фиялық, салыстыру, талдау, синтез, анализ, дедукция, индукция, т.б.
Конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері. Теория-лық қорытындылар бере отырып конституциялық құқық ғылымы қайнар көздердің кең көлеміне сүйенеді. Ғылымның қайнар көзі ретінде ғылыми тану негіздерін құрайтын факторлар ұғыны-лады. Мұндай қайнар көздерге конституциялық құқықтық нормалардан тұратын нормативтік құқықтық актілер, ғылыми еңбектер, ... жатады. Ғылым "конституциялық құқық" деп атал-ғандықтан, оның негізгі қайнар көзі болып Конституция табы-лады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теориялық ережелерін қалыптастырады. Сонымен қоса өзге актілер де конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері болып табылады. Бұл - конституциялық құқық ғылымының норматив-тік құқықтық қайнарлары.
Конституциялық құқық ғылымының келесі бір қайнар көзі - отандық, сондай-ақ шетелдік ғалымдардың конституциялық құрылыстың философиялық, зандық, саяси, әлеуметтік және басқа мәселелеріне арналған, осы салаға тікелей немесе жанама-лай қатысты еңбектері.
Конституциялық құқық ғылымының басқа бір қайнар көзі - практика, яғни конституциялық құқықтық нормалар мен инсти-туттардың әрекет етуі негізінде өмірде болып жатқан процес-стер. Ғылыми танудың қайнар көзі болып практика табылмаса, ғылым қажетті шамада өзінің міндеттерін орындай алмас еді. Сондықтан, ғылымның қайнар көзі ретінде мемлекеттік орган-дардың, конституциялық құқықтық қатынастың басқа да субъектілерінің нақты практикалық қызметі, бүкіл қоғамдық-саяси қызмет саналады.

Тақырып - 3. ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫ - МЕМЛЕКЕТ-ТІҢ НЕГІЗГІ ЗАҢЫ

Лекцияның мақсаты: Конституцияның мәнін, қоғамдағы рөлін түсіндіру, Қазақстан Республикасы конституциясының даму кезеңдерін қарастыру.

Лекцияның міндеттері:
Конституцияның түсінігін және мәнін ашу;
Конституцияның өзге құқықтық актілерден ерекшеліктерін көрсету, заңи қасиеттерін зерделеу;
Қазақстанда конституциялық реформалардың жүзеге асы-рылуын қарастыру;
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Кон-ституцияларының қабылдану себептерін, кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтау;
Қазақстан Республикасының 1993 және 1995 жылғы Кон-ституцияларының мазмұнымен, сондай-ақ соңғы Конституцияға 1998 ж. және 2007 ж. енгізілген өзгертулер мен толықтырулар-мен танысып, оларды ұғыну.

Негізгі терминдер: Конституция, конституцияның жоға-рылығы, жоғары заңи күші, базалық мәні, құқықшығармашы-лық, конституцияның функциялары, преамбула, жазылған Консти-туция, жазылмаған Конституция, қатты, жұмсақ Конституция, формальдық және шынайы Конституция, Конституцияның құрылымы, конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заң

Конституция - бұл тиісті елдің көпшілік азаматтарының мүдделерінде мемлекеттік және қоғамдық өмірдің басты ұстанымдарын бекітетін және мемлекеттің бүкіл құқықтық жүйесінің өзегі болып табылатын нормативтік акт. Конституция мемлекет өмірінің негізгі бастауларын - мемлекеттің құрылы-сын, саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйесінің негіздерін бекітетін, адамның қоғамдағы алатын орнын байқататын мемле-кеттің негізгі заңы болып табылады.
Конституцияда адам мен азаматтың табиғи және ажырамас құқықтары байқалады және бекітіледі. Олардың негізінде мемлекеттің құрылымы мен нысаны, билік тәртібі орнығады.
Конституцияның негізгі мәні мынада:
- Конституция ағымдағы заңнаманың заңи базасын құрайды, яғни Конституцияның заңи жоғарылығы танылады. Бұл дегені-міз, жаңа Конституция қабылданған жағдайда өзге барлық заң-нама оған сәйкестендіріледі. Барлық құқықтық актілер оған сәй-кес болуы тиіс, ал мұндай талапқа жауап бермейтін барлық акті-лер заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды;
- сондай-ақ, Конституция - бұл қоғамның барлық топтарының мүдделерін қамтамасыз ететін заң, себебі, Конституция таптан (таптардың мүддесінен) жоғары тұратын, қоғамның барлық мүшелері үшін теңдей міндеттеме белгілейтін құжат болып табылады. Конституция - бұл заңдар үшін заң болып табылады.
Конституция - конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның келесідей белгілері оны өзге құқықтық актілерден айырады:
- ерекше жолмен қабылданылуы. Конституция - халықтың тікелей ерік білдіруінің көрінісі, ол референдум арқылы Қазақ-стан халқымен қабылданған бірден-бір акт болып табылады.
- ерекше тәртіппен қорғалуы. Конституция ерекше қорғала-тын акт болып табылады. Конституцияға сәйкес оны қорғау Конституцияның мызғымастығының кепілі ретінде Президентке, конституциялық қадағалау органы - Конституциялық Кеңеске жүктелген. Сонымен қатар, Республика Конституциясын сақтау әркімнің конституциялық міндеті болып табылады.
- қоғамның барлық субъектілеріне бағытталуы. Конституция бірмезетте қоғамның барлық субъектілерінің жүріс-тұрысын реттейді, ал өзге құқықтық актілер қоғамның нақты бір субъек-тілеріне арналып шығарылады. Мысалы, сайлау туралы заң тек сайлау қатынасына қатысушылардың, азаматтық туралы заң азаматтық қатынасына түсушілердің ғана жүріс-тұрысын рет-тейді, т.б.
- конституциялық реттеу пәнінің ерекшелігі. Конституция қоғамның ең негізгі, фундаменттік қатынастарын реттейді. Ол қатынастарға жалпы қамтушылық сипат тән.
күрделендірілген тәртіпте өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі. ҚР Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу ерекше күрделі тәртіпте жүзеге асырылады. Ол екі түрлі жолмен жүргізілуі мүмкін: Парламентпен және республикалық референдум арқылы. Парламент Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Президенттің бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшiнiң көпшiлiк даусымен енгiзедi. Конституцияға өзгертулер мен толықтыру-ларды референдум арқылы енгізу тәртібі Конституцияның 91 бабында реттелген.
Конституцияға құрылтайшылық сипат тән. Конститу-цияда басқа актілердің көптеген түрлері анықталады. Онда құқықтық актілердің аты, олардың заңдылық күші, қабылдану, күшін жою және жариялау тәртібі белгіленеді;
Конституция келесідей заңи қасиеттеріге ие:
1. Конституцияның жоғарылығы - оның нормаларына, қағидаларына бүкіл мемлекеттік, қоғамдық құрылымның, азаматтардың қоғамның барлық салаларындағы қызметтері сай келуі тиіс;
2. жоғары заңи күші - мемлекетте қабылданған барлық заңдар мен өзге нормативтік актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек;
3. тікелей қолданылуы. Бұл Конституцияның негізінде қандай да бір мәселелер бойынша нақты салалық нормалардың шығарылғанына немесе шығарылмағанына қарамастан оның нормаларының тікелей қолданыла беретінін білдіреді.
4. бүкіл құқықтық жүйенің ядросы болып табылатындығы - Конституция бүкіл құқық жүйесінің ядросын құрайтын нормаларды белгілейді, оның нормалары ағымдағы заңнаманың барлығы үшін бағыт беруші, фундаменттік рөл атқарады;
5. базалық мәні, яғни Конституция ағымдағы заңнама, заң шығару қызметі үшін база болып табылады, заңдар және басқа нормативтік актілер Конституцияның негізінде қабылданады, өзгертіледі және күшін жояды.
Конституцияның функциялары:
Құрылтайшылық функция. Бұл функция Негізгі заңымыздың мемлекеттің конституциялық құрылысының, саясатының негізгі қағидаларын және бастауларын бекітетінін көрсетеді. Консти-туция азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін бекітеді, сондай-ақ біздің қоғамымызға тән меншік нысандарын бекітеді. Қоғамдағы барлық құқықтық қатынастар реті Конституциямен анықталады және одан туындалады. Қазақстан Республикасының негізгі заңының құрылтайшылық функциясын осыдан байқауға болады.
Ұйымдастырушылық функция. Конституция барлық мем-лекеттік органдардың жүйесін, басты функцияларын және қызметінің нысандарын бекітеді, яғни Конституция бүкіл мем-лекеттік механизмнің жергілікті өзін-өзі басқарумен үйлесімдікте тиімді, ұйымдық түрде қызмет етуінің негіздерін қалайды.
Құқықтық функция. Конституция бүкіл құқықтық жүйенің ядросы ретінде болады, түрлі құқық салалары үшін негіз болып табылатын маңызды қағидаларды белгілейді, түрлі құқық сала-ларын біртұтас құқықтық жүйеге біріктіреді.
Сыртқы саяси функция. Ол Конституцияның мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің де фундаменті ретінде болатындығын білдіреді, Конституция Қазақстанның сыртқы қатынаста ұстана-тын негізгі қағидаларын белгілейді.
Конституцияның негізгі түрлері:
1. Нысаны бойынша: жазылған - мазмұны әріптермен, басқа да белгілермен жазылған мемлекеттің негізгі заңы. Өз кезегінде олар кодификацияланған немесе заңдар жинағы түрінде болуы мүмкін. Жазылмаған - бір құжатқа жинақталмаған, мазмұны жазбашамен қоса ауызша сипаттағы ережелерден де құралған Конституция.
2. Конституцияларды өзгерту және жою әдістеріне қарай: қатты Конституция - ерекше күрделендірілген тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция, жұмсақ Конституция - жай заң қабылдау тәртібінде, яғни жеңіл тәртіппен өзгертіліп, толықтырылатын конституция;
3. Қабылдау тәртібі бойынша: 1) октроированная Консти-туция - сыйға тартылған конституция, 2) халықтық Конституция. Оның үш түрі бар: референдумда қабылданған конституция; өкілді органмен (Парламентпен) қабылданған конституция және арнайы құрылған органмен қабылданған конституция (мы АҚШ Конституциясы).
4. Мәні бойынша: шынайы - нормалары өмірде жүзеге асатын, шындыққа сай келетін конституция, шынайы емес - шындықпен үйлеспейтін, ережелері тек жазылған күйде ғана қалатын конституция;
5. Әрекет ету мерзімі бойынша: тұрақты - әрекет етуі шек-сіз ұзақ мерзімге есептелген конституция, уақытша - әрекеті нақты мерзімге есетелген конституция, т.б.
Қазақстан Республикасының Конституциясының дамуы бірнеше кезеңнен өтті. Оның келесідей 3 кезеңін көрсетуге болады:
1) Қазақстан егемендік алғаннан (25.10.1990ж) 28 қантар 1993 жылға дейінгі Қазақ ССР Конституциясы кезеңі;
2) 28 қантар 1993 жылдан 30 тамыз 1995 жылға дейінгі ара-лықты қамтитын тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы кезеңі;
3) 1995 жылдың 30 тамызынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ-станның екінші Конституциясы кезеңі.
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші Ата заң (1926, 1937, 1978, 1993, 1995 жж.). Кейінгі екеуінің алдыңғылардан елеулі айырмашылығы сол -- олар тұңғыш рет мем-лекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.
1993 жылғы Конституцияның қабылдану себептері:
1. ҚР-ның шынайы егемендік фактісін конституциялық тұрғыда бекіту қажеттігі;
2. адам мен азаматтардың неғұрлым кең құқықтары мен бостандықтарын конституциялық тұрғыда бекемдеу;
3. экономикалық себеп - меншіктің алуан түрлілігіне негізделген экономикалық жүйені бекіту;
4. саяси жүйе мен мемлекеттік тетік құрылымында жүріп жатқан сапалық өзгерістерді конституциялық тұрғыда бекіту;
5. сапалық жағынан өзге құқықтық жүйе жасау.
1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері 1995 жылғы Консти-туцияны қабылдауға себеп болды. 1995 жылғы Конституция-ның қабылдану себептері:
1. Орыс тілінің мәртебесін айқындау;
2. Жерге жеке меншік бекіту мәселесі;
3. Азаматтық мәселесі;
4. Жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары жүйесін кеңейту, халықаралық деңгейге көтеру мәселесі;
5. Жоғары өкілді органның құрылымын жетілдіру және оның құқықтық өкілеттігін айқындап беру;
6. Үкіметтің мәртебесі мен оның өкілеттігі туралы мәселе;
7. Сот жүйесін реформалау;
8. т.б.
Қазақстан Республикасының соңғы Конституциясына екі рет түзетулер енгізілді: 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда.
Президенттің ұсынысына сәйкес 1998 жылғы 7 қазанда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қабылданды. Жалпы алғанда бұл заңмен Конституцияға он жеті түзету енгізілді. 1995 жылғы Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар сайлау жүйесін жетілдіру, Президенттің өкілеттігі уақытынан бұрын тоқтатылған жағдайда биліктің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін Сенат пен Мәжілістің рөлін көтеру, партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттар ретінде саяси партиялардың өкілдерінің Парламентке қатысуын кеңейту мәселелеріне байланысты болды. Бұл заң саяси партиялардың да саяси және мемлекеттік өмірдегі, саяси жүйені нығайтудағы рөлін біршама көтерді, олардың халық алдында беделін жоғарылатты, бірінші рет сайлау жүйесіне бара-бар өкілдік қағидасын енгізді. Заңға сәйкес Мәжіліс депутаттарының саны 77 депутатқа дейін жет-кізілді, оның ішінде 10 депутат бара-бар өкілдік жүйесі бойын-ша партиялық тізімдер негізінде сайланатын болды.
2007 жылдың 21 мамырында ҚР Конституциясына екінші рет өзгертулер мен толықтырулар енгізген тиісінше заң қабыл-данды. Конституциялық реформа Негізгі заңымыздың ешбір бөлімін сырт айналып кеткен жоқ, өзгертулер мен толықтыру-лар Конституцияның барлық бөлімдеріне енгізілді. Нақтырақ түрде бірқатарына тоқталсақ, жаңа елорда - Астана конституциялық мәртебеге иеленді, Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар адам және азаматтың құқықтары мен бостандық-тарын қорғау тетігін нығайтты, бірінші рет конституциялық деңгейде Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін бекітті, саяси партиялардың рөлін көтерді, Парламенттің және Мәжілістің құқықтарын кеңейтті, халық өкілдігінің маңызын көтерді, Конституциялық Кеңестің қызметін мәнді түрде кеңейт-ті, Үкіметтің Парламент алдындағы жауаптылығын көтереді, жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын органдардың жүйесі нақты анықталды және т.б.
Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар және жаңартылған тұтастай Конституция мемлекеттік механизмді, қоғамдық бір-лестіктерді, бүкіл саяси жүйені, адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қағидаларын, бүкіл азаматтық қоғам мен мемлекетті, республиканың құқықтық жүйесін жаңартудың жаңа кезеңінің басталуына негіз қалады.

Тақырып - 4. ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГIЗДЕРI

Лекцияның мақсаты: Қазақстанның конституциялық құры-лысының негіздерін жан-жақты қарастыру, олардың мәнін ашу.

Лекцияның міндеттері:
- конституциялық құрылыс ұғымын түсіну, оның қағидалары мен элементтерін зерделеу;
- Қазақстанды құқықтық, зайырлы, егемен, әлеуметтік мем-лекет ретінде анықтау;
- Қазақстанның басқару және мемлекеттік құрылым нысан-дарын анықтап, олардың белгілерін көрсету;
- Қазақстан қоғамындағы адам және азаматтың алатын орнын анықтауға тырысу;
- Қазақстанның халықаралық қатынаста басшылыққа алатын қағидаларының мәнін ұғыну.

Негізгі терминдер: конституциялық құрылыс, құқықтық мемлекет, мемлекеттік егемендік, халықтық егемендік, ұлттық егемендік, зайырлы мемлекет, әлеуметтік мемлекет, заңның жоғарылығы, демократия, тікелей және өкілді демократия, мемлекеттік тәуелсіздік, мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік тіл, президенттік республика, біртұтас мемлекет
Әрбір мемлекет қандай-да бір нышандармен сипатталады. Бұл нышандарда оның өзіндік белгі-қасиеттері айқындалады. Мысалы, мемлекет демократиялық немесе тоталитарлық, рес-публика немесе монархия, біртұтас немесе федеративтік болуы мүмкін. Осы нышандардың жиынтығы мемлекетті ұйымдас-тырудың белгілі бір әдістері, нысандары туралы немесе мемле-кеттік, қоғамдық құрылыс туралы түсінік береді. Мемлекеттің конституциясында бекітілген бұл құрылыс оның конституция-лық құрылысы болып табылады. Олай болса, конституциялық құрылыс - бұл Конституцияда бекітілген мемлекеттің ұйымдас-тырылуының белгілі бір нысаны және амалы.
Конституциялық құрылыс мемлекеттік құрылыс пен қоғам-дық құрылыс негіздерін қамтиды деп айтуға болады. Мемлекеттік құрылыс басқару нысанын, мемлекеттік құрылым нысанын, саяси режимді, яғни мемлекеттің ұйымдастырылуы мен мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібін қамтиды. Ал, қоғамның құрылысы адамның және азаматтың жағдайын, шаруашылық жүргізу жүйесін, меншік нысандарын, қоғамның саяси, идеологиялық, діни және өзге де бастауларын қамтиды.
Конституциялық құрылыс негіздері - бұл мемлекеттің негізгі бастаулары, негізгі қағидалары. Жоғарыда айтқаны-мыздай олар Конституцияда бекітілген. Ашып қарастырсақ, Конституцияның жалпы ережелер бөлімінің 1, 2 баптарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы, яғни мем-лекет ретінде басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны, саяси режимі жарияланған, ал 3 бапта бүкіл биліктің халыққа тән болып табылатындығы бекітілген, кейін мемлекеттік билікті жүзеге асыру тетігі ашылған. Басқаша айтқанда, мұнда мемле-кеттің құрылысы (мемлекеттік құрылыс, мемлекетті ұйымдастыру) көрініс тапқан. Ал, қоғамның құрылысының, оның ұйымдас-тырылуының элементтері болып табылатын адамның және азаматтың мәртебесі, қоғамның экономикалық, идеологиялық, саяси, діни бастаулары 1 баптың 1 тармағынан бастап бірнеше баптарда көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы Конституцияның 1 бабында атал-ғандай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Конституцияның екінші бабына сәйкес Қазақстан Республикасы - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас, егемен мемлекет болып табылады. Олай болса, ҚР конституциялық құрылысының негіздері болып келесілер танылады:
1. Қазақстан Республикасы - демократиялық мемлекет. Демократиялық мемлекет - бұл билік халыққа тән болатын, биліктің жоғары эшалоны халықпен сайланатын, халыққа есепті болатын, саяси әралуандылық, өзін-өзі басқару танылатын мемлекет. Негізгі белгілері:
1) халық билігі (сайлау, референдум, демонстрация, митинг т.б.)
2) идеологиялық және саяси алуандылық;
3) жергілікті өзін-өзі басқару;
4) өкілді биліктің болуы;
5) сөз бостандығы;
6) т.б.
2. Қазақстан Республикасы - құқықтық мемлекет. Құқықтық мемлекеттің мәні - барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтар-дың құқықтық нормаларға қатаң сәйкестікте әрекет ету тиістілігінде, яғни мемлекетте құқықтың үстемдік етуінде. Белгілері:
1) заңның (құқықтың) жоғарылығы;
2) соттың тәуелсіздігі;
3) жеке тұлғаның шынайы бостандығы, адамның және азамат-тың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі;
4) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының мем-лекет мүдделерінен басымдығы;
5) биліктің бөлінуі;
6) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы.
3. Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет. Әлеу-меттік мемлекет - бұл қызметі қоғамның жоғары әл-ауқаттылығына жетуге, қоғамның мүмкіндіктерін, мүліктік және рухани қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекет. Әлеуметтік мемлекет жекелеген топтарға (таптарға) емес, қоғам мен адамға тұтастай қызмет етеді. Міндеті - барлық азаматтарға мүмкіндігінше бірдей мөлшерде игіліктер көрсетіп, әлеуметтік теңсіздікті жеңілдетуге, жоюға тырысу. Белгілері:
1) жұмыссыздықтан қорғау;
2) отбасыны, аналықты, балалықты, мүгедектікті, кәрі адамдар-ды қорғау;
3) әлеуметтік қызмет түрлерін дамыту (тегін білім беру, тегін дәрігерлік көмек т.б.)
4) адамдардың денсаулығын және еңбегін қорғау;
5) еңбек ақысының ең төменгі көлеміне кепілдік беру міндеті;
6) көп балалы отбасыларға, жалғыз басты аналарға, асырау-шысынан айырылған отбасыларға, кедей тұратын отбасыларға жәрдем көрсету
7) т.б.
4. Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет - бұл мемлекеттің діннен бөлінуі. Белгілері:
1) дін мен мемлекет бір-бірінің ішкі істеріне араласпайды - діни бiрлестiктер қандай да болсын мемлекеттiк қызметтер атқармайды, дін мемлекеттің саясатына, сайлауларға, мемлекет-тік органдардың қызметіне, білім беру жүйесіне араласа алмайды, мемлекет те дiни бiрлестiктердiң қызметiне, егер ол заңға қайшы келмесе, араласпайды;
2) мемлекет дiни бірлестiктердi қаржыландырмайды;
3) барлық дiндер мен діни бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Еш-бiр дiн немесе дiни бiрлестіктер басқаларға қарағанда ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды;
4) діни сипаттағы партияларды және өзге де саяси құрылым-дарды құруға, сондай-ақ дiни бiрлестiктердің саяси партиялар қызметiне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берiлмейдi;
5) міндетті дін болмайды, әркім қандай дінді ұстанам десе, бала-ларын қандай дінде тәрбиелеймін десе өзі біледі, яғни діни сенім бостандығы танылады. Дiнге деген, құдайға құлшылық жасауға, дiни жоралар мен рәсiмдерге, дiндi оқып-үйренуге қатысуға немесе қатыспауға көзқарасты айқындау кезiнде қандай да бiр күштеп мәжбүр етуге жол берiлмейдi;
6) дiни бiрлестiктердiң қызметшiлерi саяси өмiрге барлық аза-маттармен бiрдей тек өз атынан ғана қатыса алады;
7) діни бiрлестiктер заң талаптарын және құқық тәртiбiн сақтау-ға мiндеттi. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiлен-ген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi және т.б.
5. Қазақстан Республикасы - егемен мемлекет. Мемлекеттік егемендік - бұл мемлекеттің ішкі және сыртқы қатынаста тәуел-сіз, дербес болуы. Оның белгілері:
1) мемлекет Конституциясын және өзге заңдарын дербес қабыл-дауға құқылы;
2) мемлекеттік биліктің жоғары органдарын дербес құрады;
3) бюджетті әзірлеу және бекіту құқығы болады;
4) қаржы жүйесін өзі анықтайды - ұлттық валютасы болады;
5) қарулы күштерін құрады;
6) өз азаматтығы болады;
7) сыртқы сауда және сыртқы экономикалық қатынас түрлеріне құқылы болады;
8) өзге мемлекеттермен сыртқы қатынасты жүзеге асырады;
9) мемлекеттік егемендігін көрсететін мемлекеттік рәміздері болады;
10) мемлекеттік тілі болады;
11) табиғи ресурстарын, табиғи құндылықтарын дербес пайдала-ну құқығы болады;
12) мемлекеттік шекарасына, оның қол сұғылмауына, тұтасты-ғына және бөлінбеуіне құқығы, т.б. ...
6. Қазақстан Республикасы - президенттік басқару ныса-нындағы біртұтас мемлекет. Президенттік басқару нысаны - ҚР Конституциясында бекітілген мемлекетті басқару жүйесі. Бұл жүйе бойынша мемлекет басшысы жалпы халық сайлаған Президент болады, ол өзінің алдында жауапты болатын Үкіметті тағайындайды. Бұл негіз Қазақстанның басқару нысанымен қоса оның мемлекеттік құрылымын да байқатады. Қазақстан - біртұ-тас мемлекет, яғни өз ішінде қандай да бір басқадай мемлекеттік құрылымы жоқ, елді және халықты үйлесімді басқару үшін өз аумағы әкімшілік-аумақтық бөліністерге бөлінетін мемлекет.
7. Экономикалық негіздері. ҚР-ның экономикасының негізі болып меншік нысандарының көптүрлілігі және теңдігі қағи-даты танылады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.
8. Саяси жүйені ұйымдастыру негіздері.
Қазақстан Республикасында идеологиялық және саяси әр-алуандылық танылады.
Мемлекеттік органдарда партия ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында бiрдей. Қоғам-дық бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне қоғамдық бiрлестiктердiң заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың қызметiн жүктеуге жол берiлмейдi.
9. Адам. Конституцияда белгіленгендей ҚР-ның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостан-дықтары болып табылады.
Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі қағидалары: қазақстандық патриотизм, саяси тұрақтылық, қоғамдық тату-ластық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму, мемлекеттің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістер-мен шешу.

Тақырып - 5. ҚР-ДА ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ НЕГIЗДЕРI

Лекцияның мақсаты: Қазақстандағы жеке тұлғаның құқық-тық жағдайының негіздерін қарастыру, оның мазмұнын құрай-тын элементтерді анықтау, құқықтар мен бостандықтардың қорғалу жай-күйін көрсету.

Лекцияның міндеттері:
- жеке тұлғаның құқықтық жағдайына және жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздеріне анықтама беру, арақаты-насын көрсету;
- жеке тұлғаның құқықтық жағдайының элементтерін анықтау;
- жеке тұлғаның құқықтық жағдайының қағидаларын анық-тып, олардың мазмұнын ашу;
- азаматтықтың түсінігін, қағидаларын, алу және тоқтатылу жолдарын қарап, азаматтық мәселелерімен айналысатын тұлға-лардың өкілеттіктеріне жалпы шолу жасау;
- конституциялық құқықтар мен бостандықтардың, міндет-тердің түсінігін ашу, негізгі құқықтар мен бостандықтарды түрлерге бөліп, кепілдіктерін көрсету.

Негізгі терминдер: құқықтық мәртебе, құқық, бостандық, міндет, кепілдік, азаматтық, филиация, натурализация, реин-теграция, репартиация, оптация, трансферт, апатризм, бипа-тризм, шетел азаматы, азаматтығы жоқ адам, конститу-циялық құқықсубъектілік

Конституциялық құқық саласында маңызды орынды жеке адамның құқықтық мәртебесінің негіздерін бекітетін норма-лардан тұратын институт алады. Бұл институт Конституцияның екінші бөлімінде, яғни "Адам және азамат" деп аталатын бөлімде реттелген. Адам, оның өмірі, құқықтары мен бостан-дықтары жоғары бағалы құндылық ретінде ата заңда бекітілген. Сондай-ақ тиісті институттың қатынастары Конституциядан басқа актілерде де толығырақ ашылып, нақтыланады. Мысалы, азаматтық туралы, қоғамдық бірлестіктер туралы, діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңдарда және т.б.
Нормалары жеке адамның мәртебесінің негіздерін бекітетін бұл институт адамның қоғам мен мемлекеттегі жағдайын, олардың өзарақатынасының қағидаларын анықтайтын неғұрлым маңызды бастапқы бастауларды байқатады.
Адамның және азаматтың құқықтық жағдайы - барлық құқық салаларының нормалары жүзеге асу процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастың субъектісі ретінде адам мен азамат ие болатын құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің жиынтығы ретінде сипатталса, жеке адамның (жеке тұлғаның) құқықтық жағдайының негіздері - бұл жеке тұлға мен мемле-кеттің өзарақатынасын, жеке тұлғаның қоғамдағы жағдайын көрсететін Конституцияда бекітілген құқықтар, бостандықтар және міндеттер жүйесі ретінде анықталады.
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайы алдымен оның мәртебе-сіне: азамат, шетелдік азамат, азаматтығы жоқ адам екендігіне байланысты. Құқықтардың неғұрлым кең көлеміне (саяси құ-қықтарды қоса, оның ішінде сайлау құқықтары, саяси партия-ларға бірігу құқығы, мемлекеттік қызметке кіру құқығы, ...) тиісті мемлекеттің азаматтары ие болады, тиісінше олар неғұрлым көбірек міндеттер атқарады. Әдетте шетел азаматтары саяси құқықтарды иеленбейді. Азаматтығы жоқ адамдардың жағдайы көбінесе шетел азаматының жағдайына ұқсас, теңестірілген болып келеді.
Жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері келесідей элементтерді қамтиды. Бұл элементтер жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздерінің мазмұнын құрайды:
1) азаматтық. Азаматтық - бұл жеке тұлғалардың арасынан ҚР азаматтарын бөліп көрсететін элемент.
2) конституциялық (негізгі) құқықтар, бостандықтар және міндеттер.
3) конституциялық құқықсубъектілік - азамат құқық қабілет-тігі мен әрекет қабілеттігіне ие болса ғана конституциялық құқықтар мен бостандықтардың толық көлеміне ие болады және толық көлемде міндеттер атқарады.
4) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу кепілдіктері.
Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің қағидалары:
а) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі және жалпыға тәндігі қағидасы;
б) құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы қағидасы - құ-қықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуы міндеттерді орындаудан бөлінбейді.
в) мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтары мен бостандық-тарын сақтау және қорғау, оларды кепілдендіру міндеттілігі қағидасы;
г) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың тұрақты-лығы қағидасы;
д) адамдардың мүдделерінің мемлекет мүдделерінен басым-дығы қағидасы;
е) конституциялық құқықтар мен бостандықтардың заңды-лығы қағидасы.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтар заңды болуы үшін мына шарттарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Конституциялық құқықтың түсінігі
Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
ҚР Конституциялық құқығының түсінігі,принциптері
Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары
Қазақстанда құқықтық мемлекет құру жолы
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасынаң құқығы негіздері
Пәндер