«Банктің вексельдермен операциялары және есебі»



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I Бөлім. Вексель айналымының түсінігі және түрлері, даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Вексель түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Вексель айналымының халықаралық тәжірибесі (Ресей мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Екінші деңгейлі банктерде қаржылық вексельдерді қайта есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 .4 ҚР ҰБ вексельдерді қайта есепке алу ережесі ... ... ... ... ... ... ... .
II Бөлім. Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы және банк вексельінің операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1. Қазақстандық вексель нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. ҚР банктеріндегі вексель операцияларының жүргізілуі мен есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Вексельдің бухгалтерлік есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
III Бөлім. Қазіргі кездегі вексель айналымын дамыту жолдары ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Вексельдермен операциялар - бұл банк қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі. Біздің елімізде соңғы кезге дейін аталған операциялар басқа банктік операциялармен салыстырғанда, оларды шектеп қолданумен және оларды жүзеге асырудың бірыңғай механизмінің болмауымен байланысты төмен дамыды. Бірақ 1997 жылғы 28 сәуірден Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы» заңының қабылдануымен жай және аудармалы коммерциялық вексельдермен операциялар өткізу тәртібі анықталды. Вексельдер нарығының басты міндеті қысқа мерзімді ақша қаржыларын қайта бөлу, бұл кезде коммерциялық және қаржылық вексельдер нарық объектісі болып табылады. Оның резиденттері бірінші деңгейде несиелік мекемелер және оның клиенттері, ал оның негізіне есептік, комиссиялық және коммерциялық банктер мен басқа да әр түрлі несиелік операциялар жатады. Екінші деңгей субъектілеріне тек несиелік мекемелер жатады: бір жақтан Ұлттық банк, екінші жақтан - банктік жүйенің екінші деңгейлі мекемелері, соның ішінде коммерциялық банктер. Нарықтың аталған деңгейі операцияларының үлкен бөлігін бірінші кластық вексельдерді қайта есептеу және қайта кепілдеу құрайды.
Әдістемелік негіз ретінде: «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілердің жинағы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ережелері», «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» заң, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.
Вексель нарығының басты өзектілігі-вексель бағалы қағаз ретінде танымалы, сонымен қатар несие үшін төлемдер жүргізуге, тауарлы қызмет үшін төлемдерді жүзеге асыру үшін қолдануға мүмкіндік беретін. Дәл қазіргі уақытта вексель нарығының даму қарқыны төмендеген. Бұған себеп вексель бойынша дисконттың алдын ала төленетіндігі. Вексель нарығын келешекте өте қарқынды дамыту мәселесі шешілуде.
Вексель айналымы әр түрлі салаларды қамтиды - бұл банктік қарыз беру кезіндегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынас (соло вексельдер); қоғам мен мемлекет арасындағы қатынас (қазыналық вексельдер), сондай-ак жеке тұлға мен заңды тұлға арасындағы банк қатысынсыз қатынас.
Вексельдер шығару негізіне жататын қызмет мақсаты мен сипатына, сондай-ақ қамтылуына байланысты:
- коммерциялық;
- қаржылық;
- тұрақты вексельдерге бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды несиеге сату-сатып алу қызметі негізіндегі айналымда пайда болады, сатып алу кезінде ақшасы жеткіліксіз болса, сатушыға оның орнына басқа төлем құралы - вексель ұсынылады.
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің вексельдерді қайта есепке алу ережесі бекіту туралы» 2004 жылғы 16 сәуір №57 қаулысымен бекітілген.
2. “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р Заңы // 13.12.1996.
3. “Валюталық реттеу туралы” Қ.Р заңы // 24.12.1996.
4. Сборник нормативных правовых и нормативных актов по рынку ценных бумаг Том 3 Алматы 2001
5. «Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы» заңы
6. “Қ.Р-да ұлттық валютаны енгiзу туралы” заңы
7. Қ.Р. Президентiнiң заң күшi бар жарлығы // 12.11.1993.
8. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
9. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2000ж.
10. Карагусов Ф. //Ценные бумаги и регулирование их обращения в РК. – Алматы Қаржы Қаражат. 1995.
11. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2 Москва: 1999г.
12. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
13. Міржақіпова С.Т. Банктегі бухгалтерлік есеп Алматы 2004
14. Сейіткасымов Г.С. Бухгалтерский учет и отчетность в банках Алматы 2000
15. Қалғұлова Р.Ж. Екінші деңгейлі банктегі бухгалтерлік есеп // Оқу құралдары Алматы, 2005
16. М.Т.Жоламанова Вексельное кредитование в рыночной экономике Казахстана и за рубежом Алматы, 2005

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Банктің вексельдермен операциялары және есебі

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
I Бөлім. Вексель айналымының түсінігі және түрлері, даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
1.1. Вексель түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Вексель айналымының халықаралық тәжірибесі (Ресей мысалында)
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
1.3. Екінші деңгейлі банктерде қаржылық вексельдерді қайта есептеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
1 .4 ҚР ҰБ вексельдерді қайта есепке алу
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ..
II Бөлім. Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы және банк
вексельінің операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Қазақстандық вексель
нарығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. ҚР банктеріндегі вексель операцияларының жүргізілуі мен
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.3. Вексельдің бухгалтерлік
есебі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
III Бөлім. Қазіргі кездегі вексель айналымын дамыту жолдары ... .
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..

КІРІСПЕ

Вексельдермен операциялар - бұл банк қызметіндегі маңызды бағыттардың
бірі. Біздің елімізде соңғы кезге дейін аталған операциялар басқа банктік
операциялармен салыстырғанда, оларды шектеп қолданумен және оларды жүзеге
асырудың бірыңғай механизмінің болмауымен байланысты төмен дамыды. Бірақ
1997 жылғы 28 сәуірден Қазақстан Республикасының Қазақстан
Республикасындағы вексель айналымы туралы заңының қабылдануымен жай және
аудармалы коммерциялық вексельдермен операциялар өткізу тәртібі анықталды.
Вексельдер нарығының басты міндеті қысқа мерзімді ақша қаржыларын қайта
бөлу, бұл кезде коммерциялық және қаржылық вексельдер нарық объектісі болып
табылады. Оның резиденттері бірінші деңгейде несиелік мекемелер және оның
клиенттері, ал оның негізіне есептік, комиссиялық және коммерциялық банктер
мен басқа да әр түрлі несиелік операциялар жатады. Екінші деңгей
субъектілеріне тек несиелік мекемелер жатады: бір жақтан Ұлттық банк,
екінші жақтан - банктік жүйенің екінші деңгейлі мекемелері, соның ішінде
коммерциялық банктер. Нарықтың аталған деңгейі операцияларының үлкен
бөлігін бірінші кластық вексельдерді қайта есептеу және қайта кепілдеу
құрайды.
Әдістемелік негіз ретінде: Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар
нарығы жөніндегі нормативтік құқықтық және нормативтік актілердің жинағы,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ережелері, Қазақстан
Республикасындағы вексель айналысы туралы заң, сонымен қатар шетелдік және
отандық авторлардың еңбектері, бұқаралық ақпарат көздерінен алынған
мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым.
Вексель нарығының басты өзектілігі-вексель бағалы қағаз ретінде
танымалы, сонымен қатар несие үшін төлемдер жүргізуге, тауарлы қызмет үшін
төлемдерді жүзеге асыру үшін қолдануға мүмкіндік беретін. Дәл қазіргі
уақытта вексель нарығының даму қарқыны төмендеген. Бұған себеп вексель
бойынша дисконттың алдын ала төленетіндігі. Вексель нарығын келешекте өте
қарқынды дамыту мәселесі шешілуде.
Вексель айналымы әр түрлі салаларды қамтиды - бұл банктік қарыз беру
кезіндегі банктер мен клиенттер арасындағы қатынас (соло вексельдер); қоғам
мен мемлекет арасындағы қатынас (қазыналық вексельдер), сондай-ак жеке
тұлға мен заңды тұлға арасындағы банк қатысынсыз қатынас.
Вексельдер шығару негізіне жататын қызмет мақсаты мен сипатына,
сондай-ақ қамтылуына байланысты:
- коммерциялық;
- қаржылық;
- тұрақты вексельдерге бөлінеді.
Коммерциялық вексель тауарларды несиеге сату-сатып алу қызметі
негізіндегі айналымда пайда болады, сатып алу кезінде ақшасы жеткіліксіз
болса, сатушыға оның орнына басқа төлем құралы - вексель ұсынылады.
Осындай ретпен тауарлық вексель вексель ұсынушыға осы вексель
көмегімен сатылған тауарлардың сомасын қамтиды. Сатып алушы векселі вексель
айналымының негізі болып табылады, өйткені олар нақты мерзіммен және
несиеге сатылған тауарлардың сомасымен шектеледі.
Қарыз қызметі ақшалай нысанда қаржылық вексельдермен рәсімделеді.
Ақшалай міндеттемені қаржылық вексельмен қалыптастыру, кредиторлар құқын
қорғау мақсатында оны уақтылы және дәл қамтудың қосымша әдісі болып
табылады. Вексельдің қарыз міндеттемесі ретіндегі ерекше белгісі шартсыз,
даусыз міндеттеме болып табылуында, яғни оны ұсынуға байланысты себептерге
қатыссыз. Өз айналымдылығына байланысты ол төлем құралы қызметін де орындай
алады.
Жалпы банктегі вексельдермен операция келесі нысандарда жүзеге
асырылады: банктің вексель ұсынушыға вексельде көр-сетілген соманы,
қолданбалы есеп мөлшерлемесі бойынша пайыздарды алып тастап төлеуі
кезіндегі коммерциялық банктің вексельдер есебі (немесе Ұлттық банктің
қайта есептеуі); вексельдер кепілі есебінен қарыз, вексель акцепті, авалі
және вексельдермен комиссиялық операциялар.
Тауарлық вексель ақша айналымында, банктердің операцияларында маңызды
рөль атқарады. Мысалы, Германияда, вексель ақшамен қатар жүреді. Ресейде де
тауарлық вексельдер халық шаруашылық талаптарына толық сәйкес келуге
мүмкіндігі бар.
Менiң бұл курстық жұмысымның мақсаты Қазақстанда шаруашылық
жүргізудің жаңа тұрақты үлгісінің, соның ішінде нарықтық экономиканың қаржы
және төлем жүйелерін қалыптастыруда қаржы нарығындағы вексельдік саланы
дамытудың тиімділігі мен маңыздылығын көрсету болды. Осы мақсатты орындау
үшін мынадай міндеттемелер қарастырылады:
- вексель айналымының түсінігіне, оның даму тарихы мен түрлерін қарастыру;
- вексель айналымының халықаралық тәжірибесіне, соның ішінде Ресейлік
тәжірибеге талдау жасау;
- қаржылық вексельдерді қайта есептеу;
- ҚР – дағы вексель айналымы және вексель операцияларының негізі ретіндегі
Қазақстанның вексельдік нарығына талдау жасау;
- вексель операцияларына сипаттама жасай отырып, вексель бағдарламасын
қарастыру;
- қазіргі кездегі вексель айналымын дамыту жолдарын қарастыру.

I БӨЛІМ. Вексель айналымының түсінігі және түрлері даму тарихы

1. Вексель түсінігі және түрлері.

Коммерциялық банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің тиісті
операцияларды өткізуге құқық беретін лицензиясын иемдене отырып,
операциялардың вексельдермен байланысты келесі түрлерін өткізе алады:
• вексельдерді инкассоға қабылдау;
• делдалдық тәртіпте вексельдерді акцептеу;
• төлеушінің инкассоға қабылданған вексельдерді төлеу бойынша
қызметтер ұсынуы сондай-ақ домицильдік вексельдерді төлеу. Бұл
операцияларды банктер вексельдермен операцияны жүзеге асыруға
лицензиясы болған жағдайда жүргізе алады;
• вексель бойынша міндетті тұлғалардың бірі үшін аваль қою. Бұл
операция кепіл операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар
банктерде жүргізіледі;
• вексельдер есебі.
Бұл операцияларды вексель есебін жүзеге асыруға лицензиясы бар
банктер жүргізеді. Вексельдерді инкассоға қабылдау үшін инкассат пен сенуші
немесе ремитент-банк арасында келісім жасалынады, бұл кезде инкассолау
инкассоға жасалған тапсырма негізінде жүзеге асырылады.
Инкассо тапсырмасындағы негізгі мәліметтер:
• инкассоға тапсырма жазу күні;
• сенуші аты;
• ремитент банктің аты, қажет болған жағдайда инкассолаушы
банктің;
• вексель бойынша төлеушінің, вексель төлем немесе акцепт
бойынша ұсынылатын тұлғаның аты;
• төлеуші банктің аты (егер бар болса);
• вексель бойынша төлеушінің немесе домицильдің пошталық мекен-
жайы (жеке тұлғалар мекен-жайы немесе заңды тұлғаның орны);
• вексель бойынша төлем мерзімі;
• төлем орны;
• акцептің болуы немесе акцепті алу қажеттілігі;
• вексель бойынша міндетті басқа да тұлғалардың аты-жөні, мекен-
жайы және орны;
• сенушінің төлем алу немесе акцепт туралы тәртібі мен тәсілі
туралы нұсқау;
• вексель бойынша акцептсіздік немесе төлемсіздік жағдайында
қарсылық немесе басқа да әрекет қатынасындағы арнайы нұсқаулар;
• инкассолауды жүзеге асыруға қажетті басқа да мәліметтер.
Вексельді инкассоға қабылдау банк атына жазылған индоссаментте келесі
сөздерді жазумен рәсімделеді: валюта алуға, инкассоға немесе басқа да
сөздермен, яғни төлем алу түріндегі тапсырманы немесе төлем алынбаған
жағдайда вексель қарсылығын жүргізуге. Егер инкассоға тапсырманы орындау
үшін инкассолаушы банктің қатысы талап етілсе, ремитент-банк вексельде
инкассолаушы банк есебіне қайта тапсырма индоссаментін белгілеп, сенуші
жазған инкассолық тапсырманы вексельмен бірге жолдайды. Вексель инкассоға
алынған соң, инкассат вексельде немесе инкассоға тапсырмада көрсетілген
мерзімнен кешіктірмей, жазбаша түрде құжаттың инкассоға түскені туралы
төлеушіні хабардар етуге міндетгі. Егер вексельді инкассоға жолдауда ұсыну
бойынша мерзімі немесе анықталған мерзімде инкассоға тапсырманы ұсыну
бойынша ұсыну мерзімдері туралы нұсқау болмаса, онда инкассат вексельдің
түскені туралы хабарламаны төлеушіге немесе жай вексель бойынша инкассоға
вексельді қабылдаған күннің келесі операциялық күнінен кешіктірмей вексель
берушіге жолдауы тиіс.
Инкассат вексель бойынша толық төлемді алған соң вексельді төлеушіге
жолдауға міндетті, ал бөлшектеп төлеу кезінде вексель төлеушіге
жіберілмейді. Инкассолаушы банк қандайда бір себептермен инкассоға
тапсырысты толық немесе жартылай орындай алмаса, ремитент банкті жедел
хабардар етуі тиіс.
Вексельде көрсетілген мерзім жеткен соң, инкассолаушы банк вексельді
төлем үшін төлеушіге немесе домицильшіге ұсынуы тиіс. Инкассолаушы банк
төлем мерзімі ұсыну бойынша немесе ұсынылғаннан кейін анықталған мерзімде
төленетін вексельді алысымен, егер келісімде басқа шарт қаралмаса, келесі
операциялық күннен кешіктірмей вексельді төлемге ұсынуға міндетті. Вексель
бойынша соманы алысымен инкассолаушы банк ремитент банкке көрсетілген ақша
сомасына аударым жасауға міндетті.
Ремитент-банк өз кезегінде аталған сома төлемін сенуші есебіне
жүргізуі керек. Инкассат инкассо бойынша кызмет көрсете отырып, комиссиялық
ақы алады, мұнда төлем алу бойынша инкассат шығыңдары және көрсеткен қызмет
үшін инкассатқа сыйақы есептеледі.
Егер инкассоға тапсырмада көрсетілген мекен-жай бойынша төлеуші
немесе домицильдеушіні табу мүмкін болмаса, бұл туралы инкассолаушы банк
ремитент банкті хабардар етуге міндетті. Ремитент-банк өз кезегінде
сенушіні хабардар етеді және одан әрі қарай нұсқау алады. Егер вексельде
төлеуге белгіленген соңғы күнде сенуші немесе ремитент банктен ешқандай
нұсқау түспесе, инкассолаушы банк өз қаржысы есебінен төлеуші немесе
домицильдеушіні іздестіру шараларын қабылдауға құқы бар, бұл қаржылар
соңынан сенуші немесе ремитент-банк есебінен қалпына келтіріледі. Банк
клиентпен жасалған тиісті келісім негізінде домицильдеуші есебінде қызмет
ете алады. Бұл кезде клиент (жай вексель бойынша вексель ұсынушы немесе
төлеуші) вексельдің төлем орны ретінде домицильдеуші банктің немесе оның
филиалының мекен-жайын көрсетеді. Домицильдеушіні керекті ақша сомасымен
қамтамасыз ету клиент пен домицильдеуші банк арасындағы келісімде
анықталады. Клиент домицильдеушіге вексель бойынша төлемді қамтамасыз ету
үшін өзінің банктік шотынан ақшаны акцептсіз алу құқын бере алады. Егер
домицильдік вексельді төлеу кезінде клиенттің банктік шотында қаржы
жеткіліксіз болса, онда банк мыналарға құқылы:
- төлемге қарсылық білдіруге, мұндай жағдайда вексельге вексель
ұстаушы тарапынан қарсылық жасалып, жай вексель бойынша төлеушіге немесе
вексель ұсынушыға талаптар қойылады;
- домицильдік банктік шотында бар қаржы көлемінде вексель сомасының
жартысына төлем жасалынады.
Егер вексель ұстаушы вексель бойынша төлемнің барлық сомасын алса,
овда вексельді домицильдеушіге беруге міндетті. Бұл кезде толық төленген
вексель клиенгке жіберіледі. Егер вексель бойынша төлем жартылай
жүргізілсе, векселъ домицильдеушіге жолданбайды.
Вексель бойынша төлем толықтай немесе вексель сомасының жартысына
аваль арқылы қамтылуы мүмкін. Аваль вексельдің өзінде немесе қосымша
парақта беріліп, авальға есептеу керек деген сөзбен көрсетіледі немесе
басқа түсінікті белгімен беріледі. Онда ол кімнің есебіне берілгендігі
көрсетілуі тиіс, мұндай жазу болмаса, ол жай вексель бойынша вексель
ұсынушы есебінен немесе аудармалы вексель бойынша төлеуші есебінен берілген
болып есептеледі.
Авальшы банк аваль берілген тұлғамен бірдей жауаптылықта болады.
Авальшы банк міндеттемесі, ол кепілдік жасаған міндеттемені қандайда бір
негіздемемен, нысан ақауымен жарамсыз деп санаған жағдайда да, жарамды
болып табылады. Вексельді төлеу кезінде авальшы банк аваль берген тұлғаға
қарсы және аваль берілген тұлға есебіне вексель бойынша міндетті тұлға
алдында талаптар қоюға құқылы.
Авальшы банк аваль ұсынғанға дейін аваль берілген тұлғадан кепілдік
немесе басқа да қамтамасыздықты талап ете алады. Коммерциялық несие вексель
есебі мен кепілдік арқылы банктік несиеге ауысады, коммерциялық несие
базасында жанама банктік несие пайда болады.
Коммерциялық несиенің қалпына келтірілуі мен дамуы және қарызды ақша
нысанында вексельмен рәсімдеу берешек қарыздың тез өсуіне және тауармен
қамтылмаған ақша жиынтығының өсіміне әкелмейді, өйткені коммерциялық және
өзара байланысты шаруашылықтық несиенің банктік несиеге ауысуы бір несие
нысанының басқа нысанға айналуына әкеледі, бұдан ешқандай инфляциялық
салдар болмайды, өйткені коммерциялық вексельдер есебі мен кепілдік банкте
жаңа қарыз капиталының шоғырлануына әкелмейді.
Жоғарыда сипатталғандай коммерциялық несиені банктік несиеге
айналдыру дисконттау жолымен жүзеге асырылады, яғни вексельдер есебі немесе
вексельдер кепілдігі есебінен қарыз ұсыну нәтижесінде жүреді. Вексельдер
есебі банктің ақшалай қарыз міндеттемені төлеу мерзімі жеткенге дейін сатып
алуымен түсіндіріледі, бұл кезде банкке кредитор құқы жолданады. Дисконт
немесе вексель есебі - бүл банктің ұсынушыдан вексельді қабылдай отырып,
оган төлем мерзімі жеткенге дейін вексель сомасын беріп, төлем мерзіміне
дейін өз есебіне вексель сомасынан пайыз үстау операциясы. Вексель есебі
деп заң жүзінде банк атына оның кезекті нұсқауларымен вексельді ұсынуды
(индоссамент) атайды. Бұл кезде ұсынушы есепке алынған вексель бойынша
борышкер болып, ал банк төлемді қабылдаушы кредитор - вексель ұстаушы болып
табылады.
Банк есепке тек жарамды вексельдерді ғана қабылдайды. Вексель
айналымы туралы заң баптарының талаптарына барлық деректемелері толық
сәйкес вексельдер жарамды болып есептеледі.
Есепке ұсынылған жай вексель мәтінінде келесі деректемелер
көрсетіледі, аудармалы вексельде төлем мерзімі мен оны жазу орны
көрсетілмейді:
- вексель аты құжаттың мәтініне енгізіледі және бұл құжат
рәсімделген түрде жазылады;
- анықталған соманы төлеу туралы бұйрық;
- төлем мерзімін көрсету;
- төлем орнын көрсету;
- төленетін тұлға аты немесе кімнің бұйрығы бойынша төлем
жасалатыны;
- вексельді жазу күні және орны;
- вексель беруші қолы;
- аудармалы вексель үшін жай вексель бойынша деректемелер керек,
қосымша төлеуші аты.
Атап өтетін жайт, егер вексельде төлем мерзімі көрсетілмесе, ол ұсыну
бойынша көрсетілген болып саналады. Егер төлем орны көрсетілмесе, онда
төлем орны болып әдетте төлеуші атының жан-ында көрсетілген төлеушінің
мекен-жайы немесе тұрағы саналады. Құрылған орны көрсетілмесе, вексель
ұсынушының атымен қатар қол қойылған орын саналады.
Сонымен қатар, банктер вексельдерді есепке қабылдаудың келесі
құқықтарын белгілейді:
- вексель бойынша міндетті тұлғалар санына қойылатын талаптар,
яғни вексельде жолдау құқығының (индоссамент) анықталған
ең жоғарғы санының болуы;
- төлеуші үшін немесе вексель бойынша міндетті басқа тұлганың
авалінің болуы;
- аудармалы вексель үшін жеткілікті ақшаның болуы;
- қолданыстағы заңға қайшы келмейтін басқа да шарттар.
Егер вексель мазмұнынан төлем орны, вексель бойынша міндетті тұлғалар
туралы бірыңғай шешім жасау мүмкін болмаса немесе вексель бойынша құқықты
жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін әртүрлі ақаулар болса, сондай-ақ төлем
күніне дейінгі мерзім банктің вексельді төлем орнына жеткізуіне жеткіліксіз
болса, банк оны есепке қабылдамауға құқылы. Банктің вексельді есепке
қабылдауының шарты - вексельде индоссаменттің бар болуы. Банк қола, достық
(қарсылама) және қаржылық вексельдерді, сондай-ақ төлеуші немесе вексель
ұстаушысы қабілетсіз тұлғалардың вексельдерін есепке алудан бас тартуына
болады.
Банк вексель есебі туралы шешім қабылдауы үшін клиент банкке келесі
құжаттарды ұсынады:
- вексель есебіне өтініш;
- вексельдің түпнұсқасы;
- вексельдің нотариальды бекітілген көшірмесі;
- егер вексель ұстаушы заңды тұлға болса, лауазымды тұлғаға
сенімхат;
- аталған вексель бойынша гербтік жинағын бекітетін құжат;
- банк бекіткен басқа да құжаттар.
Егер клиент банк есебі үшін вексель көшірмесін ұсынса, онда банк одан
құжаттың түпнұсқасын жолдауды талап ете алады. Аудармалы вексельдің
акцептелмеген данасын ұсынған кезде банк клиенттен акцептелген данасын
талап ете алады. Банкке жолданбаған жағдайда банк аудармалы вексельдің
акцептелмеген данасын есепке қабылдамайды.

Құжаттарды қабылдағанға дейін банк өзіне жолданған әр вексельдің
дұрыстығын, сондай-ақ вексельдегі кезекті индоссаменттердің үздіксіздігін
тексеруге міндетті. Ол үшін құжаттарды қабылдаған кезде банктің жауапты
қызметкері вексельдің түпнұсқасының біркелкілігін тексереді, егер аллонжбен
вексельдің көшірмесі ұсынылған болса, одан кейін есепке ұсынған тұлғаға
вексельдің түпнұсқасы қайтарылады. Банк вексель ұстаушыдан вексельдің
тауарды өткізу негізінде құрылғанын дәлелдейтін кез келген ақпаратты сұрата
алады.

Банк вексель бойынша барлық қатысушылардың бар екендігіне, индоссант
қолдарынан тыс көз жеткізуі тиіс. Егер вексель бойынша төлеуші ойдан
шығарылған тұлға болса, онда банк мұндай вексель туралы құқық қорғау
орындарына хабарлауы тиіс. Вексельде басқа тұлғалардың жалған қолының
болуы, вексельдің құжаттық күшін жоғалтады.

Банк, вексельде көрсетілген төлем мерзімі аяқталса немесе құру
күнінен бір жыл өтсе, вексельді төлемге ұсынудың неғұрлым ұзақ мерзімі
көрсетілген жағдайды есептемегенде вексельді есепке қабылдаудан бас тартуға
міндетті.
Барлық тексеруден соң банк вексельді есепке қабылдау туралы шешім
қабылдайды. Бұл шешімді банктің вексельде көрсетілген сомаға несие беруге
тиісті органы қабылдайды. Операцияны жүргізудің жалпы шарттары туралы
ережеде банк құжаттардың толық пакеті ұсынылғаннан кейінгі 10 жұмыс күні
ішінде вексельді есепке алу немесе бас тарту туралы шешім қабылдауы тиіс.
Шешім қабылданған соң банк клиентке келесі күннен кешіктірмей қабылданған
шешім туралы жазбаша хабарлау жасауы тиіс.
Вексельді банк меншігіне қабылдау индоссамент арқылы рәсімделеді.
Банкте есепке қабылданған вексельді тіркеу және сақтау келесі
тәртіппен жүргізіледі. Әрбір банк есебіне қабылданған вексель бойынша
вексельдік іс жүргізіледі, вексельге қатысты барлық құжаттар тіркеледі.
Есепке қабылданғандар қатаң есеп құжаттары болып табылады.
Банк өз қоржынында бар құжаттармен келесі операцияларды өткізеді:
- төлем мерзімі жеткенде вексель бойынша төлемді алады;
- вексельді индоссалайды, соның ішінде оны шетелдік креди-торлар
алдындағы берешекті өтеуге қолданады;
- вексельді қайта есептеу үшін Ұлттық банкке ұсынады.
1 сурет. Вексельдің топтастырылуы

Жай Аударымды
Төлем мерзімі бойынша: Негізгі міндеттеменің түрі бойынша:
Күндік вексель, белгілі бір күнде
өтеу Коммерциялық
Dato- белгіленген мерзімде төленетін
вексель Қаржылық
Ұсынылуы бойынша Достастық
Ұсынылғаннан кейін белгілі бір
мерзімде төлеу қолалық
Банкілік
Бланкілік
қамтамасыз ететін

Табыстылығы бойынша:
Пайыздық
Дисконтты

2. Вексель айналымының халықаралық тәжірибесі. (Ресей мысалында)

Әрине, әлемдік шаруашылықтағы вексельдік айналымның даму тақырыбын
аша отырып, ресей кәсіпорындарының вексельдермен жұмыс тәжірибесіне
тоқтамай кетуге болмайды. Өйткені Ресей тәжірибесі әлемдік вексельдік
айналымға жеткілікті дәрежеде қызықты фактілер енгізді.
Вексельдік айналым ЖЭС-та 1922 жылғы вексельдер туралы Ережемен
реттелді. Вексельдер қатты ресей валютасында- алтын рубльдерді шығарылды.
Вексель вексель жазылып жатқанда төленетін гербтік алымдар төленген
соң күшіне енеді. Гербтік алым индосаментке де салынды. Бірақ, оны төлемеу
бұл жағдайда берілетін жазбаның жарамсыздығына әкеліп соқтырмайды.
Төлемеген тұлға тек белгіленген айыппұлды ғана төлейді.
Гербтік алым үш тәсілмен төленді.
Бірінші тәсіл қарыздық міндеттемелер үшін арнайы вексельдік
қағаздардың сатып алынуын қарастырады. Ол вексельдің 40 тан 30000 дейін
рубль сомасына 14 разрядта шығарылады.
Вексельді бланкіде төменгі немесе тең сомасында жазу қажет болды.
Осыған орай, егер вексель сомасы 30000рубльден асса, онда онда оны
бірнеше сомаға бөлді.
Екінші тәсіл гербтік алымды жергілікті қаржылық басқармаға немесе
вексельге бекітілген арнайы квитанцияны берген МемБанк бөлімшесіне тікелей
төлемінде болып отыр.
Үшінші тәсіл арнайы гербтік маркаларды сатып алуда болып отыр.
Маркілер вексельге жапсырылып, қол қойылумен өтеліп отырды.
ЖЭС та банктік құрылым қазіргі жағдаймен салыстырғанда басқаша
болатын. Сонда барлық қалаларда филиалдары бар КСРО-ның МемБанкі ғана жұмыс
істеді. Барлық филиалдар кәсіпорындардың вексельдерін тіркеудің тәжірибесін
белсенді жүргізді.
Тіркеуге вексельдер реестрлермен бірге ұсынылды. Оның екі түсі болды:
ақ-жергілікті вексельдер үшін; қызғыш түс- басқа қалалар үшін. Реестр
бойынша вексельді қабылдаған банк олардың вексельдік заңнамаға сәйкестігін
тексерді. Мұндай сәйкессіздік орын алған жағдайда векселдер реестрден
алынып тасталды.
Реестрден МемБанк мекемесі жоқ т-лем орны бар вексель де алынып
тасталады. Ары қарай вексельдер қарсылық көрсеткіші бойынша
қарастырылып,қарсылыққа дейін вексельді бұрын шығарған тұлғалармен
жазылғандарда одан алынып тасталды. Қалған вексельдер жіті талданды.
Біріншіден, вексельдер бұрын есепке алынғандар еместігі; туыс
фирмалардың вексельдері еместігі; вексель тізімінде қарыздық ауыртпалығы
бар тұлғалар тізімі жоқтығы; төлем мерзіміне дейін қалыпты сауда
айналымында үйреншікті болып қалған көп уақыт қалатын вексельдердің жоқтығы
анықталады. Үлкен сомадағы вексельдер ерекше талданды.
Банктермен қарсы немесе достастық вексельдер анықталған кезде банктің
орталық басқармасына хабарлау міндетті болған. Нәтижесінде мұндай
кәсіпорындарға несиелер шектелетін болды.
Мемлекеттік банкпен вексельдерді есепке алу бойынша бірыңғай
ставкалар шығарылды. Олар тізім мерзіміне байланысты 9 дан 16 пайызға дейін
қозғалды. Барлық есепке алынған вексельдер арнайы кітапқа енгізілді. Осы
туралы вексель берушіге де, ұсынушыға да арнайы хабарландыру жіберілді.
Вексельдің төлемін жүзеге асырмаған кезде қазіргі жағдай секілді
қарсылық білдірілді. Бірақ, қарсылық білдіріген нотариалдық конторлар бұл
туралы МемБанктің жергілікті бөлімшелеріне апта сайын хабарлап отыру керек
болатын. Одан кейін бұл мәліметтер МемБанк Басқармасының Несие Бөліміне
жіберілктін болған. Осы мекеме КСРО бойынша қарсылық көрсеткішін мерзімді
шығарып отырды.
Вексельдерді тіркеуден бөлек МемБанкпен олардың қамтамасыз етуі
бойынша онколді ссудалар берумен айналысты. Қамтамасыз етілетін
вексельдерге ерекше талаптар қойылды. Біріншіден, вексельді ұсыну сәтінен
бастап оны өтегенге дейін алты ай қалмау керек. Екіншіден, несие вексель
валютасы сомасынан 75 пайызды құрайтын сомаға берілді. Үшіншіден,
қамтамасыз етілетін вексель банктің өзімен инкассацияланды және олардың
айырбасталуына жол берілмеді.
Есеп-шот ашқан кезде клиент есеп-шоттық және чектік кітапшалар алды.
Есеп-шот кітапшасына банкпен барлық қабылданған және берілген ақшалар
жазылды. Чектік кітапша есеп-шоттан ақша алу үшін керек болды. Банк
ссуданың қосымша қамтамасыз етілуі мен оны ішінара өтеуді талап ете алатын
болды. Бұл талапты орындамаған жағдайда 10 күн ішінде несиелерді қамтамасыз
ететін вексельдерді сатуға кірісетін болды. Ол алынған сомаларды қарызды
жабуға бағыттайды. Бұдан басқа, қамтамасыз етуші вексельдерді сатудан
түскен соманың жеткіліксіз болуынан банк басқа банк шоттарындағы клиенттің
кез келген қаражатын займды өтеуге бағыттай алатын болды.

1.3. Екініш деңгейлі банктерде қаржылық вексельдерді қайта есептеу
Вексельдерді қайта есептеу – Ұлттық банктің индоссамент бойынша
екінші деңгейлі банктер есеп„ кеңсесінен төлем мерзімі жеткенге дейін
есептелген вексель сомасын және оның бір бөлігін (дисконт) ұстап төлеген
вексельдерді қабылдауы.
Вексельдерді қайта есептеу Ұлттық банктің өкілетті бөлімшелерінде
жүргізіледі және Ұлттық банк филиалдары вексельдерді қайта есептеуге
байланысты операцияларды, бұл банктің өкілетті бөлімшесін қадағалайтын
Ұлттық банктің төрағасы орынбасарының немесе төрағаның өзінің жазбаша
тапсырысы бойынша жүзеге асырады. Егер алдыңғы индоссамент бланктік болса,
сондай-ақ индоссамент кезектілігі үзілсе, Ұлттық банк вексельді қайта
есепке қабылдаудан бас тартады.
Банк вексельдерді қайта есептеуді жүзеге асыру үшін Ұлттық банкпен
вексельдер қайта есебі жөнінде бас мәміле жасайды. Бұл мәмілеге қол қою
кезінде банк Үлттық банкке өзінде қайта есепке алынған вексельдер туралы
өтініш бере алады.
Бұл кезде Ұлттық банкте мынадай вексельдер қайта есептеуге
қабылданады:
- вексель парағында сақтық деңгейімен шығарылған;
- 100 мың теңгеден кем емес номиналы бар;
- өтелім мерзімі 6 айдан артық емес;
- бірінші сыныпты эмитенттердің вексельдері, онымен тұрақты
қаржылық қатынасы бар Қазақстан Республикасының резиденттері,
сондай-ақ екіден кем емес жолдау құқы (индоссамент), тұрақты
қаржылық жағдайы бар төлеушілердің вексельдері. Ұлттық банк
аталған тұлғалардың қаржылық жағдайын өзі анықтайды; соңғы
есеп кезеңінде мерзімі ұзартылған кредиторлық берешегі жоқ
вексель ұсынушы, акцептеуші (төлеуші) және авалы; төлеуші
немесе ол белгілеген тұлға акцепті барлар (аудармалы);
- жарамды вексельдер. Егер оның деректемелері Қазақстан
Республикасының Вексель айналымы туралы заңының талапта-
рына сәйкес болса, вексель жарамды болып табылады;
- төлем орны Қазақстан Республикасының аумағы болып белгіленген
вексельдер.
Ұлттық банк қайта есеп үшін ұсынылған вексель авальданған болуын және
авальді тұрақты қаржылық жағдайы бар екінші деңгейлі банк беруін талап
етуге құқығы бар. Авальшының қаржылық жағдайын Ұлттық банк анықтайды. Атап
өтетін жайт, ұсыну мерзімі бойынша белгіленген вексельдер немесе
ұсынылғаннан кейін анықталған мерзімге дейін берілген вексельдер, сондай-ақ
төлеушісі қабілетсіз тұлға болып саналатын достық (қарсылама), қола,
қаржылық вексельдер Ұлттық банкте қайта есепке қабылданбайды.
Сондай-ақ Ұлттық банк келесі жағдайларда вексельдерді қабылдауға
қарсылық білдіре алады:
- егер вексельде көрсетілген төлем мерзімі вексельді жолдауға
(инкассолауға) жеткіліксіз болса;
- егер оның мазмұнынан төлем орны, вексель бойынша міндетті
тұлғаның төлем қабілеті туралы бірыңғай шешім қабылдау мүмкін
болмаса немесе вексель бойынша құқықты жүзеге асыруға
мүмкіндік бермейтін басқа да ақаулар бар болса.
Банк вексельді қайта есептеу үшін Ұлттық банкке ұсыну кезінде келесі
құжаттарды әкеледі:
- вексельді қайта есепке қабылдау туралы өтініш;
- вексельдің түпнұсқасы (аллонжбен бірге, егер мұндай бар
болса);
- вексельдің нотариалды бекітілген көшірмесі;
- вексель коммерциялық екендігін дәлелдейтін келісімнің
нотариалды бекітілген көшірмесі;
- жай вексель бойынша вексель ұстаушының және аудармалы вексель
бойынша төлеушінің, сондай-ақ вексельді қайта есепке ұсынатын
банктің қанағаттанарлық қаржылық жағдайы бар екендігін
дәлелдейтін құжаттар;
- вексельді қайта есепке ұсынатын түлға сенімхаты;
- заңға сәйкес гербтік алымның төленгендігін дәлелдейтін құжат.
Ұлттық банк вексельдерді қайта есепке қабылдамай тұрып, банктен
өтініш пен қажетті құжаттарды алған соң банк пен төлеушінің төлем
қабілеттілігіне талдау жасайды, аталған тұлғалардың вексель бойынша өз
міндеттемелерін өтемеуге әкелуі мүмкін факторларды қарастырады.
Егер Ұлттық банкке қайта есеп үшін вексель көшірмесі ұсынылған болса,
көшірмені ұсынған банк қайта есеп үшін Ұлттық банкке вексельдің түпнұсқасын
да ұсынуға міндетті. Қайта есеп үшін Ұлттық банкке акцептелген аудармалы
вексельдің бірнеше данасын ұсынған банк, акцептелген данасын да әкелуге
міндетті.
Құжаттарды қабылдау кезінде Ұлттық банктің өкілетті бөлімшесінің
вексельдердің қайта есебіне жауапты қызметкері вексель біркелкілігін,
аллонж және көшірмесін салыстырады, одан соң вексельді қайта есепке ұсынған
тұлғаға вексельдің түпнұсқасын қайтарады. Бұл кезде жауапты қызметкер
қабылданған құжаттарды тіркеу журналын толтырады. Жауапты қызметкер
вексельдің қайта есебі жөнінде шешім қабылдауы үшін құжаттар қабылданғанға
дейін қайта есепке қабылданатын әр вексельдің дұрыс толтырылуын, сондай-ақ
вексельде индоссаменттің рәсімделуіне тексеру жүргізеді. Қайта есеп немесе
қарсылық білдіру туралы шешім барлық тиісті құжаттар қабылданғаннан кейінгі
15 жұмыс күні ішінде Ұлттық банкте қабылданады. Ұлттық банк қайта есепке
алу немесе қарсылық білдіру жөнінде шешім қабылдаған соң, жауапты қызметкер
банкке Ұлттық банктің тиісті органының шешімін жолдайды.
Ұлттық банк өз есебіне вексельдің түпнұсқасы мен индоссаментті
қабылдаған күннің келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, банк есебіне дисконт
сомасын, пошталық және басқа да шығындарды ұстай отырып, вексель сомасын
ұсынады.
Қайта есепке қабылданған вексельдерді тіркеу үшін Ұлттық банк ерекше
бақылау кітабын жүргізеді, мұнда Ұлттық банкте қайта есептелген әрбір
вексельге қайта тіркеу нөмірі беріледі. Бақылау кітабында әр жеке клиент
бойынша қайта есепке қабылданған вексель саны, сомасы және валютасы және ол
бойынша төлеушісі, төлеуші төлеген вексель саны көрсетіледі.
Атап өтетін жайт, қайта есепке қабылданған вексельдер Үлттық банкте
қатаң есеп құжаттары ретінде сақталады.
Ұлттық банк қоржынындағы барлық вексельдер келесі критерийлер бойынша
жіктеледі:
- индоссант (аты және қажет деректемелері);
- вексель бойынша төлеуші;
- төлем орны бойынша (Ұлттық банктің орталық аппаратының
орналасуы бойынша; Ұлттық банк филиалының мекенжайы
бойынша);
- төлем мерзімдері бойынша (айы және күні бойынша);
- басқа да қажетті параметрлері бойынша.
Бұл кезде Ұлттық банк қоржынында бар вексельдермен келесі
операцияларды жүзеге асырады;
- индоссамент бойынша вексельді жолдауға, соның ішінде берешекті
өтегенге дейін пайдалануға;
- төлем мерзімі жеткенде вексель бойынша төлем алуға.

4. ҚР ҰБ вексельдерді қайта есепке алу ережесі

Осы ереже ҚР Ұлттық Банкі туралы, ҚР вексель айналысы туралы ҚР
заңдарына сәйкес әзірленді және ҚР Ұлттық Банкінің коммерциалық жай
вексельдерді қайта есепке алу тәртібін реттейді.
Жалпы ережелер
1. Осы ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады.
1) вексельдерді қайта есепке алу – ҰБ төлем мерзімі жеткенге
дейін есеп кеңсесіне вексель соммасын төлей отырып және оның
белгілі бір бөлігін ұстап қала отырып (дисконт) индоссамент
бойынша есеп кеңсесінен олар есепке алған вексельдерді
қабылдауы;
2) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
3) уәкілетті бөлімше – ҰБ атынан бірінші класты эмитенттердің
вексельдерін қайта есепке алу операцияларын, сондай-ақ қайта
есептелген вексельдермен өзге де операцияларды жүзеге асыратын
ҰБ бөлімшесі;
4) бірінші класты эмитент – ҰБ оның нормативтік құқықтық
актілеріне сәйкес бірінші класты эмитенттерге жатқызған заңды
тұлға – ҚР резиденті.
2. ҰБ вексельдерді қайта есепке алуды ақша – несие саясаты мақсатына
сәйкес жүзеге асырады және жүргізілетін операциялар көлемін дербес
анықтайды.
ҰБ филиалдары вексельдерді қайта есепке алуға байланысты
операцияларды ҰБ Төрағасының не ҰБ уәкілетті бөлімшесіне жетекшілік ететін
Төраға орынбасарының жазбаша тапсырмасы бойынша ғана жүзеге асырады.
3. ҰБ бірінші класты эмитенттердің вексельдеріне арналған
вексельдерді қайта есепке алу лимитін, ҰБ вексельдерді қайта есепке алу
бойынша операцияларды жүргізуіне арналған жалпы лимитін, пруденциалдық
нормативтерді және уәкілетті орган белгілеген басқа да сақталуы міндетті
нормалар мен лимиттерді орындайтын есеп кеңселеріне арналған вексельдерді
қайта есепке алу лимитін белгілейді.
Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау шарттары
4. ҰБ вексельдерді қайта есепке алу бойынша операцияларды ҰБ пен есеп
кеңсесі арасында жасалатын Вексельдерді қайта есепке алу туралы Үлгі Бас
келісімге сәйкес жүзеге асырады.
5. ҰБ мынадый талаптарға жауап беретін:
1) бірінші класты эмитенттер берген, белгілі бір күні төленуге
тиісті;
2) ҚР вексель айналысы туралы ҚР ның Заңында белгіленген талаптарға
сәйкес рәсімделген;
3) вексель қағазында шығарылған, ҚР аумағында дайындалған және ҰБ
нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сай келетін;
4) кемінде 100 (жүз) мың теңге сомасына немесе осы соманың шетел
ватютасындағы баламасына тең;
5) ҰБ қайта есептеген күннен бастап бір жылдан аспайтын төлем
мерзімімен;
6) төлем жасау орны ҚР аумағы деп көрсетілген вексельдерді қайта
есепке алуға қабылдайды.
6. ҰБ мынадай жағдайларда:
1) егер вексель осы Ереженің 5-тармағының 1)-6) тармақшаларында
белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) егер вексель бойынша төлем жасау күніне дейін қалған мерзім он бес
жұмыс күнінен кем болса;
3) егер осының алдындағы индоссамент бланктік болса, сондай-ақ
индоссаменттердің бірізділігі бұзылса;
4) егер оның мазмұнынан төлеу орны туралы бір мәнді қортынды жасау
мүмкін болмаса немесе вексель мәтініде вексель бойынша құқықты жүзеге
асыруға мүмкіндік бермейтін өзге де ақаулар болса;
5) осы Ереженің 3-тармағына сәйкес ҰБ белгілеген лимиттен асып кетсе;
6) егер вексель ҰБ теңгенің айырбастау бағамын белгілемейтін шетел
валютасымен жазылса;
7) егер вексельдің өзінде теңгені шетел валютасына төлем жасау күнгі
айырбастау бағамына нарықтыққа қарағанда өзгеше сілтеме жасалса, есеп
кеңсесінен вексельдерді қайта есепке алуға қабылдаудан бас тартады.
Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау тәртібі
7. Вексельдерді қайта есепке алуға ұсынғысы келетін есеп кеңсесі
уәкілетті бөлімшеге құжаттар пакетін ұсынады, онда:
1) есеп кеңсесінің уәкілетті лауазымды тұлғасы қол қойған
вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау туралы өтініш;
2) вексельдердің түпнұсқалары (аллонжбен бірге, егер мұндай болмаса);
3) есеп кеңсесінің тиісті сенім хаты бар есеп кеңсесінің уәкілетті
тұлғасы және вексельдерді қайта есепке алуға жауапты уәкілетті бөлімшенің
вексельдерді қайта есеке алуға жауапты қызметкері қол қойған вексельдерді
қабылдау - өткізу актісі;
4) есеп кеңсесінің сенім хаты немесе лауазымды тұлғалардың
вексельдерді индоссамент жасау және құжаттарға қол қою және уәкілетті
тұлғаның вексельдерді қабылдау - өткізу актісіне қол қою өкілеттігін
растайтын құжаттар;
5) вексельдерді индоссамент жасауға және құжаттарға қол қоюға
лауазымды тұлғалардың және вексельдерді қабылдау - өткізу актісіне қол
қоюға уәкілетті тұлғаның қолдарынының үлгілері бар құжат болады.
8. Уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері құжаттарды қабылдау
кезінде қайта есепке алуға қабылданатын әр вексельдің дұрыс жасалуын,
вексельдегі индоссаменттердің рәсімделуін, вексель бланкісінде вексельдегі
міндетті деректемелердің, тіпті біреуінің болмауына немесе бүлінуіне әкеліп
соғатын физикалық бүлінуінің бар-жоқтығын тексереді, мұндайлар болған кезде
вексель қайта есепке алуға қабылданбайды.
9. Уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкері вексель бланкілерінің
түпнұсқалылығын (вексель қағаздарының қорғалу дәрежесіне қойылатын
талаптарға және техникалық талаптарға сәйкестігін) тексеру үшін оларды
сараптамаға жібереді.
10. Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас
тарту туралы шешімді ҰБ тізбесі осы Ереженің 7-тармағында көзделген
құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде
қабылдайды
11. Вексельдерді қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас
тарту туралы ҰБ шешім қабылдағаннан кейін уәкілетті бөлімшенің жауапты
қызметкері есеп кеңсесіне вексельдерге сараптама жүргізу және вексельдерді
қайта есепке алуға қабылдау немесе қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны
береді.
12. Вексельді қайта есепке алуға қабылдау туралы мәселе оң шешілген
жағдайда есеп кеңсесі ҰБ пайдасына индоссамент рәсімдейді және вексельді
уәкілетті бөлімшенің жауапты қызметкеріне береді. ҰБ пайдасына вексель
бойынша төлем жасау жауапкершілігінен индоссантты босататын шарттарды
индоссаментке енгізуге жол берілмейді.
13. ҰБ пайдасына индоссаментпен вексель түпнұсқасын алғаннан кейінгі
келесі жұмыс күнінен кешіктірмей ҰБ есеп кеңсесінің банктік шотына
дисконтты алып тастағандағы вексель сомасына аударады.
14. ҰБ ресми қайта қаржыландыру ставкасын есепке ала отырып ҰБ
дисконт ұстап қалады.
Өтеу мерзімі бір жылға дейінгі қабылданатын вексельдер бойынша
дисконт есептеу үшін мынадай формула пайдаланылады:
H*T*P
Д = -----------
360*100
Мұнда, Д – дисконт сомасы (теңгемен),
Н – вексель сомасы (теңгемен),
Т – вексельді қайта есепке алу күнінен бастап вексель
бойынша төлем мерзімі (күнмен, бұл ретте қайта есепке алу күні мен вексель
бойынша төлем жасау күні бір күн болып есептеледі)
Р – ресми қайта қаржыландыру ставкасы (%-пен), бір
жылдағы күн саны 360 болып қабылданады.
II БӨЛІМ. Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы және банк
вексельінің операциялары

2.1. Қазақстандық вексельдік нарық

Вексельдік айналымның тарихы 400 жуық жылды құрайтыны және вексель
отаны Италия екені белгілі. Бірақ вексельдердің бұрынғылары Ежелгі
Грецияның маниялдарымен ақша аударымы мақсатында қолданылған.одан кейін
вексельдер Италияға, Францияға, Германияға аяқ басты, сол жақтан бүкіл
әлемге таралды.
Вексельдік айналымының тамыры біздің елімізде, Қазақстан Ресей
империясына қосылған кезде 18 ғасырға жетелейді. Сол уақыттан бастап
Қазақстан өзінің экономикалық дамуында Ресей салған жолмен жүріп келеді.
Сондықтан да Ресей сауда-ақша айналымындағы берік позиция иеленген
вексельдер Қазақстанда да пайда болды. ЖЭС кезінде вексель халықтың әртүрлі
буындарын несиелеудің құралы ретінде кең қолданылды.
Қазақстанда өзара есептесудегі вексельдерді қолдану тәжірибесі бар.
Бұл ең алдымен 1996 жылы ауылшаруашылық өнімдерін өндірушімен берілген
Ммлекеттік азық-түлік корпорациясының бидайлық вексельі. Вексельдер дән-
себушілік және жинау жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылды. Бірақ аталған
артықшылықтармен қоса бағдарлама біраз басқа оң тұстар иеленеді. Олар осы
вексельдерді төлеумен және олардың жалғыз өкілетті оператормен де
байланыста болады. Сонымен қатар елде олармен жұмысты қамтамасыз ететін
инфрақұрылымы болмады.
Мемлекет азық-түлік корпорациясы вексельдер бойынша жеткізілетін
бидайды сатумен айналыса алмады және вексельдер бойынша төлемге ұсынылуы
бойынша есептесуге үлгере алмай қалды. Елде нормативті-құқықтық база
болмады және коммерциялық вексельдермен жұмыс тәжірибесі болмады.
Қазақстандағы болып жатқан шаруашылықтың жаңа тұрақты үлгісін
қалыптастыру, сондай-ақ нарықтық экономиканың экономикалық, қаржылық және
төлемдік жүйесінің қалыптасуы Қазақстан төлем жүйесінің құрамындағы
қаржылық нарықтың вексельдік сектордың тиімді жұмыс істеуінсіз толық болуы
мүмкін емес.
Вексельдің борыштық міндеттеме ретіндегі сөзсіздігі, ол бойынша
өндірудің қатаңдылығы мен жеделдігі басқа төлем мен есептесудің түрлерін
құру негізін құрайды - банкнот, чектер, аккредитивтер. Бағалы қағаздар
нарығының әртүрлі құралдарының-акциялардың, облигациялардың, депозиттік
сертификаттардың және олардың туынды қағаздардың дамуы вексельдер
базасында жүреді.
Вексельдер күші вексельдік құқықпен қолданылып, мемлекетпен
қамтамасыз етілді.
Вексельдер халықаралық есептесуде және нарықтық экономикасы бар
елдердің ікі мәмілелерінде қолданылды және қолданылады. Өнеркәсіпшілер мен
саудагерлерге вексельдер оларға өздерінің сатып алуларын төлемнің кейінге
қалдырылып төлену мүмкіндігін береді. Бұл жағдайда вексельдің экономикалық
функциясы көзделген- коммерциялық, банктік несиелерді рәсімдеу мен
қамтамасыз етудің құралы болу.
Дамыған социализм деп аталатын экономиканың өтуі қаржылық нарықтың
қайта қалпына келуіне және оның құралдарының, соның ішінде вексельдің қайта
қалпына келуіне әкеліп соқтырды.
Қазақстанның бірқатар банктері өздерінің клиенттерімен тек вексельдің
коммерциялық несиені реттеуге тырысып қоймай, сондай ақ технологиялық
вексельдік арқан бойынша вексельдердің өзара есеп беруін ұйымдастыру
табылады. Сонымен қатар әкімшіліктер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың
коммуналдық және әкімшіліктік төлем еместерді вексельдік айналым арқылы
шешудің жекелеген әрекеттері жасалуда.
1997 жылы сәуір айында ғана Женевалық вексельдік конвенциясының
постулаттарына негізделген (Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым
туралы( заңының қабылдануымен Қазақстан құқықтық вексельдік алаңға кірді.
Заңның осы редакциясында қазақстандық эмитенттермен, соның ішінде, Азық-
түлік корпорациясы, Алем банкпен, Қазақстан энергомен қамтамасыз етілмеген
вексельдерді шығарудың сәтсіз тұстарының келеңсіз салдары және тмд
елдерінің қаржылық вексельдерді шығару бойынша тәжірибесі ескерілген.
Қазіргі таңда бұл заң Азаматтық Кодекспен қатар Қазақстан Республикасындағы
вексельдерді қолданудың негізгі нормативтік базасы болып табылады.
Банктік вексельдер- бұл шаруашылық аралық байланыстардағы төлем
құралдарының дефицитін қысқарту мақсатында банктермен берілетін қаржылық
вексельдердің түрі.
Қазақстанда қаржылық вексельдерді шығару Ұлттық заңның әрекетімен
шектелген. Мұның сауда- өнеркәсіптік айналымды қаржылық вексельдерден,
соның ішінде банктік вексельдерден сақтау мақсатында қажет екенін түсіну
қиын емес. Бұл туралы ЖЭС пен Ресей тәжірибесі көрсетеді. Ол кезде
вексельдік пирамидалар мен вексельдік инфляция орын алды.
Еркін қазақстандық қаржы нарығында банктік және пластикті чектерге
толықтыру, төлем құралының рөлін орындайтын вексельдік,
функционалдық,өнеркәсіптік валюталардың жұмыс істеуі бойынша жобаларды
жүзеге асыру және кәсіпорындарды тауар ресурстарымен және активтермен
қамтамасыз ету секілді жобаларды жасау орын алды. Бұл жобалар өндірістегі
операциялық шығындарды және өнім шығаруды төмендетуі мүмкін және оның
айналым капиталын ақша тартпай ақ ұлғайтуы мүмкін.
Бар тәжірибені ескере отырып, мұндай жобалар өзара технологиялық
арқанмен байланысқан кәсіпорындардан тұратын вексельдік консорциумдарды
құру кезінде анағұрлым тиімді. Бұл жағдайда өнеркәсіптік кәсіпорындардың
өздері өздерінің төлем құралдарының эмитенті болып табылады, өйткені олар
өздері өздерінің тұтынушылары алдында жауапкершілік иеленеді.
Сәйкесінше бұл құралдардың қолданушысы өзі олардың тиімділігінің
дәрежесін бағалау қажет, яғни оның операциялық шығындарын төмендетуге
қабілеттілігі.
Мұндай жеке төлем құралдары өз арасында және ақша валюталарымен
бәсекелестікке түседі. Егер ақша жүйесінің жағдайында ақша өнімінің сапасы
мемлекеттік органмен, яғни Ұлттық Банкпен бақылауға алынады
Осы бағыттың теоретиктерінің жүргізген зерттеулері жеке эмитенттегі
өзінің валютасына тұрақты сатып алушылық қабілетін қолдау мүддесі бар.
Барлық жеке валюталардың шектелмеген, жоғары кірісті және жоғары
бәсекелестік нарығында жұмыс жасағандықтан сұраныс құны эмитент тарапынан
шектен тыс ұсыныстардың жолын кесіп отырады. Осылайша көп валюталы
вексельдік жүйе көлемі кез-келген уақытта халық шаруашылығының
қажеттілігіне тең бекітілетін төлемдік құралды автоматты өндіруші ретінде
жұмыс істейді.
Бұл жағдайда бәсекелесті вексельдік төлем құралдарының жүйесі тек
Ұлттық Банкте бақылауы бар ақша-валюталық жүйенің алдында ғана емес, сондай-
ақ қатаң монетаристік қатаң жүйе алдында да артықшылық иеленеді.
Вексельдік қаржылық құралдар макроэкономикалық дәлдігі бойынша өзіне
ештеңені тең келтірмейді. Сонымен қатар олар орталықтандырылған банк
қызметінің туындауы болатын макроэкономикалық саясатты жояды. Сондай-ақ
соған орай тауар нарығы табиғи жоспарлауды жояды.
Вексельдік айналымның мемлекеттік реттелуі және мемлекетпен бақылау
функцияларының жүзеге асырылуы вексельдермен операцияларға тікелей
әкімшілік шектеулердің бекітілуі Женева конвенцисы мен аударымды және жай
вексельдер туралы Бірыңғай заңға қайшы келуінде болып отыр. Сондықтан да
халықаралық шарттан асып шектеуді заңы бекіту мүмкін емес.
Вексельдер айналымының жүйесі төлем төлемеуді болдырмауға тырысатын
маңызды құрал ретінде болуы мүмкін, бірақ ол оны толық жоя алмайды. Вексель
маңызды болғанымен, ол құрал болып қала бермек. Төлем төлемеудің себептері
барлығына белгілі. Оның көбісі коммерциялық несиенің тәжірибесінің
жоқтығынан калып қалады.
Коммерциялық несиені рәсімдеудің құралы ретінде шыға отырып, вексель
кәіспорынды алдын-ала төлеу қажеттілігінен босатады. Бұл несиелік-есеп
құралы дебиторлар мен несие берушілердің қарыздарын өтейді, айналым
қаражаттарын сақтайды, несиелердің мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді,
банктік несиеге қажеттілікті төмендетеді.
Есептеу және қайта есептеу ісінің тиісті қойылымында тауарлы вексель
шаруашылық айналымының қажеттілігінің сенімді көрсеткіші болып табылады.
Қазақстанда бұл шаруашылық жағдайын модельдеу тәсілдерінің тәжірибесінің
жоқтығынан өте маңызды болып табылады.
Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың және бюджет дефицитінің
заңы реттелуінің жоқ болу жағдайында Қаржы Министрлігі бюджетке өзара
векселдік есептесуге тиым салғанымен, вексельдік технологиялар осы
шектеулерде жол табуға мүмкіндік береді.
1997 жылға дейін нарық мардымсыз дамыды, нарық вексельдік айналымның
барлық қасиеттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем жүйесі және банк аралық есеп айырысу
Төлем карточкаларымен есеп айырысу
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу
Ішкі банктік чектермен есеп
Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі
Бенефициар - ақша алушы тұлға
Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесі
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Вексельдің экономикалық мәні, түрлері және вексельдің қолданылуы
Пәндер