Қазақстанның алтын қоры картасын құрастыру



Кіріспе
1. Алтын туралы жалпы түсінік
1.1 Химиялық құрамы
1.2 Алтынның жаратылысы

2. Қазақстан алтыны қашан алына бастаған?

Негізгі бөлім
3.Қазақстанның алтын қоры картасын құрастырудағы
математикалық негіз
4. Алтын қоры картасын құрастыру әдістері
4.1 Негізгі принциптер
4.2 Бейнелеу әдістері:
4.2.1 Ареалдар әдісі
4.2.2 Түрлі . түсті фон әдісі.
4.2.3 Изосызықтар әдісі.
4.2.4 Картогдиаграмма әдісі.

Қорытынды
Алтын өндірісіндегі инновациялық технологиялар
Алтын (Aurum) - Д.И.Менделеевтің периодты системасының 1-тобындағы химиялық элемент. Асыл металдардың бірі; рет номері 79, атом массасы 196,967, балқу температурасы 1063˚С, қайнау температурасы 2970˚С. Таза алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл, химиялық инертті элемент. Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот және көміртекпен тікелей қосылмайды. Сілтілер және жеке қышқылдар алтынға әсер етпейді. «Патша сұйығында» (1 көлем НNOз, 3 көлем НСІ) және кейбір күшті қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып келеді. Негізінен самород түрде және тау жыныстарында (5х10ˉ %), теңіз және мұхит суында (0,01-0,05 мг/т) кездеседі. Рудадан алтында ұсақтау, байыту және содан кейін цианды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекейлік-көркемдік істерде, зергерлік бұйымдар жасауға қолданады. Товар өндіруде, сауда-саттықта басқа заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады. Себебі алтын – ақшалық құнды металл (валюта) (1).
Алтын – жеке элемент түрінде кездесетін және адам баласына өте ерте замандардан бері белгілі болған металл.

1.1 Химиялық құрамы
Табиғаттан табылатын алтын ешқашан таза болмайды. Ең таза деген сом алтының өзінде бірнеше процент қоспасы болады. Алтын мен күмістің изоморфтық аралас түрі әр түрлі мөлшерде кездеседі. Бұл екеуінің мөлшері бірдей болса оны электрум деп атайды. Алтын ішінде күмістен басқа да аралас металдар, мысалы мыс, палладий, висмут, т.б. кездеседі. Жалпы алғанда алтынның ішіндегі аралас қоспасы көбінесе бірнеше процент, кейде 15-20 % келеді. Қоспаларының түріне және мөлшеріне қарай алтынның қасиеттері де өзгереді. Мысалы, таза алтын ашық жарқыраған сары түсті болса, ал күміс қоспасы көп алтынның түсі ақ шабдар сары болып келеді.
Қаттылығы – 2,5-3,0. меншікті салмағы 12,0-19,3, орташа алғанда 15-18. жымдастығы өте нашар білінеді. Жылу мен электр тогын өте жақсы өткізеді.
Алтынның сингониясы куб, гексаоктаэдрлік формада. Ішкі құрылысы жақ орталықты куб. Ол көбінесе минералдар арасының жарығын толтырған кристалдық формасыз зат түрінде немесе дендрит түрінде кездеседі. Оның сирек кездесетін кристалдық формасы октаэдр түрінде болады және сол октаэдрлық түрде қоспақтар түзеді.
Алтынды басқа оған ұқсас пирит, халькопирит сияқты минералдан айырып алудың бірнеше белгілері бар. Алтынның ашық, сәл қызғылт, сары түсі басқа металдарға қарағанда өте айқын жарқырап тұрады. Ол жұмсақ және оңай тапталғыш металл (пышақпен тілуге болады). Салмағы ауыр. Химиялық жағынан алғанда тотықпайтын металл (2).
1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы 1-том Алматы 1998ж.
2. Плаксин И.Н. «Металлургия благородных металлов» москва 1958.
3.«Кристолография, минералогия, петрография» Маманов А.Ж. Алматы, 1969 ж. 210-211 бет.
4.«Қазақстан тарихы» журналы 2005 жыл N=3 Қ.Әубәкірова, М.Кәрімов
5. Марфунин А.С. «История золота» Москва,Наука, 1987г.
6. И.П. Заруцкая, Н.В. Красильникова «Проектирование и составление карт. Карты природы.»\ Москва, МГУ 1989 год
7. А.И. Преображенский «Составление и редактирование специальных
карт»\ Геодезиздат 1961 год.
8. Ғаламтор ақпараты: http://www.google.kz//...

Кіріспе

1. Алтын туралы жалпы түсінік
Алтын (Aurum) - Д.И.Менделеевтің периодты системасының 1-тобындағы
химиялық элемент. Асыл металдардың бірі; рет номері 79, атом массасы
196,967, балқу температурасы 1063˚С, қайнау температурасы 2970˚С. Таза
алтын сары түсті, соғылғыш және созылғыш металл, химиялық инертті элемент.
Сыртқы ортаның химиялық әсеріне аса төзімді. Оттек, сутек, азот және
көміртекпен тікелей қосылмайды. Сілтілер және жеке қышқылдар алтынға әсер
етпейді. Патша сұйығында (1 көлем НNOз, 3 көлем НСІ) және кейбір күшті
қышқылдар қоспасында ериді. Қосылыстарында алтын бір және үш валентті болып
келеді. Негізінен самород түрде және тау жыныстарында (5х10ˉ %), теңіз
және мұхит суында (0,01-0,05 мгт) кездеседі. Рудадан алтында ұсақтау,
байыту және содан кейін цианды натрий ерітіндісімен өңдеу арқылы алады.
Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, әшекейлік-көркемдік істерде,
зергерлік бұйымдар жасауға қолданады. Товар өндіруде, сауда-саттықта басқа
заттардың бәрінің нарқы алтынмен бағаланады. Себебі алтын – ақшалық құнды
металл (валюта) (1).
Алтын – жеке элемент түрінде кездесетін және адам баласына өте ерте
замандардан бері белгілі болған металл.

1.1 Химиялық құрамы
Табиғаттан табылатын алтын ешқашан таза болмайды. Ең таза деген сом
алтының өзінде бірнеше процент қоспасы болады. Алтын мен күмістің
изоморфтық аралас түрі әр түрлі мөлшерде кездеседі. Бұл екеуінің мөлшері
бірдей болса оны электрум деп атайды. Алтын ішінде күмістен басқа да
аралас металдар, мысалы мыс, палладий, висмут, т.б. кездеседі. Жалпы
алғанда алтынның ішіндегі аралас қоспасы көбінесе бірнеше процент, кейде 15-
20 % келеді. Қоспаларының түріне және мөлшеріне қарай алтынның қасиеттері
де өзгереді. Мысалы, таза алтын ашық жарқыраған сары түсті болса, ал күміс
қоспасы көп алтынның түсі ақ шабдар сары болып келеді.
Қаттылығы – 2,5-3,0. меншікті салмағы 12,0-19,3, орташа алғанда 15-
18. жымдастығы өте нашар білінеді. Жылу мен электр тогын өте жақсы
өткізеді.
Алтынның сингониясы куб, гексаоктаэдрлік формада. Ішкі құрылысы жақ
орталықты куб. Ол көбінесе минералдар арасының жарығын толтырған кристалдық
формасыз зат түрінде немесе дендрит түрінде кездеседі. Оның сирек
кездесетін кристалдық формасы октаэдр түрінде болады және сол октаэдрлық
түрде қоспақтар түзеді.
Алтынды басқа оған ұқсас пирит, халькопирит сияқты минералдан айырып
алудың бірнеше белгілері бар. Алтынның ашық, сәл қызғылт, сары түсі басқа
металдарға қарағанда өте айқын жарқырап тұрады. Ол жұмсақ және оңай
тапталғыш металл (пышақпен тілуге болады). Салмағы ауыр. Химиялық жағынан
алғанда тотықпайтын металл (2).

1.2 Алтынның жаратылысы
Алтынның жаратылысы – көбінесе қышқыл гранит интрузияларға байланысты
магмалық және гидротермалық. Алтынның түбірлі кені көбінесе желілі
жыныстармен, әсіресе кварц желілерімен байланысты болады. Сонымен қатар
алтын шашыранды алтын кендерін де құрайды. Арасында алтыны бар тау
жыныстары мен минералдар үгіліп бұзылғанда алтын оңашаланып, салмағы ауыр
болған себепті іріктеніп, өзен арнасында құм арасына жиналады. Шашыранды
кен дегені осы. Алтын шаю ісі ерте замандардан келе жатқан әдіс (3).

2. Қазақстан алтыны қашан алына бастаған?
Б.з.б. ХVII-IХ ғасырлар аралығында, қола дәуірінде өмір сүрген
тайпалар мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналасуымен қатар, руда
шикізатын өндірудің және өңдеудің тәсілдерін игерді. Ең бағалы металл
алтынды алғаш кездестірген де осы бақташы тайпалар.Кеңес ғылымында бұл
бақташы тайпаларды, 1915 жылы Ачинскідегі андроново селосы маңынан табылған
қола дәуірінің бірінші ескерткішіне байланысты шартты түрде андроновтықтар
деп атайды.
Б.з.б. ІІ мыңжылдықтарда оңтүстік Приуральеде, Батыс, Орталық, Шығыс
Қазақстанда, Алатайда, Минусинск ойдымында андронов мәдениетінің
орталықтары қалыптасты. Қазақстанның көне металлургия ошақтарының біріне
айналуының себебі – жер қойнауының қазба байлықтарықтарға бай болуында.
Мұнда мысалы, қалайы мен қатар алтын өндірісі дамыды.
Ежелгі алтын кен орындарының іздері кең байтақ қазақ даласының әр
аймағынан – Степняк, Жолымбет, Бестөбе, Майқайың, Мық, Обалы, Жетісу,
Қалба, Нарым жоталарынан кездестіруге болатынын археологиялық деректер
айғақтады. Ең ірі алтын өндіру аймағы болып есептелетін Степнякта
өндірілетін алтын халықтың қажеттілігін өтеп қана қоймай, көрші тайпалармен
айырбасқа да жүріп тұрды. Бұл жерлердегі үлкен карьерлердің бірінің
ұзындығы 150, ені 20, тереңдігі 24 метрге жеткен. Археологиялық зерттеулер
барысында ертедегі кеншілердің бірнеше тұрақтары табылған.

Руданың негізгі бөлігі осындай
тұрақтарды ұнтақталып жуылған.
Геологиялық мәліметтер Жетісудағы және Оңтүстік Жоңғариядағы алтын
кеніштерінде қазба жұмыстары талай ғасырлар бойы жүргізілгендігін
көрсетеді.
Шығыс Қазақстандағы ертедегі металлургия мен тау-кен ісін зерттеген
Черников С.С. Қалба жотасындағы Қазаншұңқыр, Бөке, Ақжал, Сынтаста рудалы
алтын өндірілгенін, өндіру ашық түрде жүргізілгенін және отпен уату
техникасы қолданылғанын анықтады. Ғалым үйінді жыныстардан табылған тас
құралдарға, кен орындарының ұялы сипатына қарап, 7-10 адамнан тұратын
топтар жұмыс істеген деген қорытынды жасады. Бұл жерлердегі алтвн, қалайы,
мыстың ежелгі өндіру жұмыстарын андронов дәуіріне және ертедегі көшпелілер
кезеңіне жатқызады.
Осы дәіурге жататын тас құралдар мен әшекей заттар, ХIХ ғ. II
жартысында ашылған алтын кеніштерінен де табылып отырды. Мәселен,
Сынтастағы Николаевск кен орнынан екі алтын моншақ, Самсоновтың,
Степановтың кеніштерінен алтын сырғалар табылған.
Өндіру жұмыстары ашық және жер асты түрінде жүргізілген. Жер асты
жұмыстарының түрлері: шұңқыр, еңіс пішіндес болып келеді.
Алтын өндіру ісінде балға, қайла, руда үгіткіш, келсаптар сияқты кен
құралдары, руданы жоғарыға шығаруға арналған теріден жасалған қапшықтар,
шыбық себеттер, жер асты жұмыстары кезінде жарық баруге арналған балшықтан
немесе қоладан құйылған жатаған шамдар пайдаланғаны археологиялық
қазбалардан белгілі.
Андронов тайпалары кен құралдарының қарапайымдылығына қарамастан, жер
астындағы рудалы қабаттарды қазып, үңгіді.
Ертедегі кешілер тек ірі көзге көрнекті алтындарды ұнтақтау және
ожаумен шайып алу арқылы алды. Сондықтан құрамында тоннаға шаққанда 20-150
граммға дейін алтыны бар кварцтық желілерден тұратын жерлерде ғана өндіру
жұмыстарын жүргізді. Олардың руда сапасын өте жақсы анықтай білгендігін
алтыны аз желілерге тимей, бай желілерді ғана жер асты суларына дейін
игергендігінен байқауға болады.
Кеншілердің алтынды жерлерді, яғни тереңде жатқан рудалы қабаттарды
қалай анықтай білді деген мәселеге тоқтала кетейік. Наурызнама атты
еңбегінің бір тармағын алтынның пайда болуы мен қадір – қасиетіне арнағаен
Омар һаям жер астындағы қазба байлықтардың ежелгі нышандары хақында былай
дейді: Ұрығы себілмеген жерден райхан гүлі өсіп шықса, тау баурайында,
жұрт тұратын жерден аулақта күнжіт немесе баклажан өскенін көрсең, сол
жерде байлық дей бер. Сортаң жердің ортасында бұқа терісіндей ғана жақсы
жер немесе домбаж кірпіш құюға жарайтын топырақ болса, жаңбыр жауып
тұрғанда шұңқырсыз тегіс жерге судан қақ тұрса, егер тас бейне бір
майланғандай жалтырап көрінсе және оған жаңбыр суы жұқпаса, ол жерде алтын
бар дей бер. Жемтік, өлімтік жоқ жерде құзғындар айналып ұшып жүрсе, таудан
қырғауыл мен кекілік бірге ойнап, құрылдасып түсіп келе жатса, кенет
күтпеген жағдайда бал аралары бір жерге топтала қалса, яки қайсыбір ағаштың
бірер бұтағы басқаларға қарағанда жуандау, қуаттырақ болып өссе, бұл жерде
байлық бар болғаны.
Осы деректерге қарағанда, ертедегі кеншілердің жердің сыртқы
көрінісін, тау жыныстарын, өсімдіктер дүниесін, тіпті тіршілік иелерінің іс-
әрекетін ерекше назарға алып отырған. Олар табиғатты бақылаудағаы ғасырлар
бойы жинақталған бай тәжірибелердің арқасында іздеу дағдыларына ие болды
(4).
Табиғатта алтыны бар жерлерді төмендегі белгілер арқылы байқауға
болады.
Алтынды және алтыны жоқ тау беткейлері бірдей бола бермейді. Алтын
өзінің биіктігімен ерекшеленбейтін аласа тауларда кезлеседі, тау биіктеген
сайын, ондағы алтын мөлшері азая түседі. Бағалы металл кездеспейтін таулар
бұрышты, жартасты, жол жүруге қолайсыз болса, алтыны бар таулар жұмырланып
келеді, терең емес, бірақ кең алқаптардан тұрады. Мұндай жерлерде жол
жүруге өте қолайлы болып келеді. Ежелгі кен іздеушілердің табиғи жолмен өте
бай алтын кен орындарын алғашқы болып ашуларының өзі осы табиғаттың ыңғайлы
етіп салған жолдарының нәтижесі. Жердің жо,ғарға қабатының түсі де алтыннан
хабардар етеді. Алтынды кварц желілер басқа бір заттармен химиялық үрдісте
болуына байланысты, жердің жоғарғы қабаты белгілі бір түске боялады. Тот
басқан түс бұл жерде алтынның бар екенінкөрсетсе, ал көк түс алтын қорының
аса бай екенін айқындайды. Жоғарыда аталған химиялық үдеріске байланысты
кейбір жерлердің өсімдіктер әлемі өзінің шүйгінділігімен немесе
сиректілігімен ерекшеленеді. Геолог И.С.Яговкин: Алтын шөбі қалың және
ағашқа бай алқаптар мене сайларда сақталады,- дейді. Сондықтан табиғатта
белгілі бір руданың бар екендігін білідіретін индикаор өсімдіктер бар.
Мысалы, Гессенде алтынннң белгісін қасқыржем өсімдігі білдіреді. Ал біздің
елімізде алтайда полиметаллдардың индикаторы качим патрена өсімдігі болып
табылады.
Андроновтық тайпалардың дәстүрін жалғастырған, б.з.б. І мың
-жылдықтарда Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпалары.
Тарих ғылымында Геродоттың Алтын қорыған грифтер аңызын
қазақстанның солтүстік – шығысымен байланыстырады., мұның өзі бұл
өлкелердегі ежелгі ірі алтын кеніштері болғанын анықтайды. Есік қорғанынан
табылған сақ жауынгері алтын киімі мен әшекей заттары, Орған сақ
жауынгерінің және солтүстік Қазақстанның сақ–савраматтар ескерткішінің
зергерлік бұйымдары, б.з.б. VII-VI ғасырларға жататын Шіліктіден табылған
(Шығыс Қазақстан) 524 алтын бұйымдар ежелгі авторлар жазып қалдырған
аңыздардың негізсіз еместігін көрсетеді.
Сақ тайпалары андронаов тайпаларының зергерлік бұйымдар жасаудағы
техникасын жетілдіре түсті. Оларға жапырақты алтын дайындау техникасы
белгілі болды. Мысалы, қоладан жасаоған заттарды жапырақты алтынмен
қаптаудың күрделі әдістерін меңгерді.
З.Ф.Кузнецова мен С.Ш.Мадина Қазақстанның археологиялық алтын
қорындағы қола дәуіріне және ертедегі көшпелілер кезеңіне жататын алтын
бұйымдардың химиялық құрамын, алтын сапасын және өңдеудің ескі әдіс-
тәсілдерін анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеуде
физикалық – химииялық (лазерлі локальді, микроспектральді, эмиссионды
спектральді және рентгеноспектральді) әдістерді кешенді түрде пайдаланды.
Нәтижесінде бұйымдардың құрамында алтын 53%-тен 97 %-ға дейін екендігін,
қосымша элементтерден күмістің 5-35 %, мыстың 9,05-15% басым екендігі,
қалайы, қорғасын, мырыш, платина, никель және т.б. металдар сирек
кездесетіндігі анықталды. Тұтастай алғанда археологиялық заттар (88%)
жоғары сапалы (750-830) дәрежеге жатқызылды. Археологиялық материалдардың
аналитикалық және геохимиялық өлшемдерін негізге ала отырып, зерттеушілер
бұл бұйымдарды жасауда шикізат әр түрлі кеніштерден алынғанымен, біртұтас
Қазақстан аумағына жэатады деген қорытынды жасады.
Демек, бұл зерттеу Қазақстан Еуразия құрлығының көне дәірдегі алтын
өндіру ауданы болғандығын дәлелдей түседі.
Қола және ертедегі темір дәуірінде игерілген кен өндірісінің, соның
ішінде алтын өндіру ісінің құлдырау себебін негізгі екі жағдаймен
түсіндіруге болады. Оның бірі – шаруашылық сипатының өзгеруі, яғни ірі қара
мал өсіру, мал басының көбеюі бір жерде тұрақтап қалуға мүмкіндік бермей,
малшарушылығының көшпелі, жартылай көшпелі түрлеріне көшу. Екіншіден,
халықтардың ұлы қоныс аударуы бұл істің ұмытылуына әкелді.
Ғұн, үйсін, қаңлы тайпалық одақтары және Түрік қағанаты кезінде алтын
мен күміс жергілікті жерлерде, шағын көлемде өте бай кеніштерде өндірілді.
Орта ғасырларда Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан жерін мекендеген
Қимақ қағанаты туралы Әл-Идриси олардың патшалары туралы алтындалған киім
мен алтын тәж киетінін айта кетіп, қимақтардың алтын алу әдісі туралы былай
деп жазды: Әдет бойынша олар, алтынды жинап, суға шаяды, оны тазартып,
сұрыптап алғаннан кейін, оның түйіршіктерін сынаппен араластырып, қоспаны
сиырдың көмегімен балқытады. Сөйтіп, осындай жолмен едәуір мөлшерде алтын
жинап алады.
Ә.Марғұлан қазақтардың кен ісімен таныс болғандығын жер атауларынан
байқауға болатынын атап көрсетеді. Мысалы, алтын кеніштерін – Алтынсу,
Алтынтас, Алтынтау, Алтыншоқы, Алтынқазған деп атаған.
ХIХ ғ. II жартысында алтын кен орындарының көпшілігі жергілікті
халықтың көмегімен ашылғаны туралы деректер бар.
Марғұлан қазақтардың алтын кеніштері туралы мынадай мәліметтер
келтіреді: түріктерді алтын ұстауды бас ханның иелігіне беру заңы болған,
бұл дәстүр ұзақ уақыт бойы қазақтарда сақталғандығын және ханның барлық
алтын кеніштері құпия сақталып, кімде-кім бұл туралы жатжерліктерге тіс
жарса, өмірімен қоштасқан. әсіресе, Тәуке мен Абылай хандық құрған
кезеңдерде бұл заң қатаң сақталған. Хандар алтын кен орындарын жоңғарлар
мен қытайлардан күзетеді. Жасырын түрде өндіру жұмыстарын жүргізе отырып,
алынған алтынды керуендерге өткізді, кей кездерде Бұхар мен Қашқарға ірі
сауда керуендерін ұйымдастырып отырған.
Қазақ хандығының алтын кеніштерін жасырын түрде ұстауын елдің
қауіпсіздігін сақтау мақсатынан туындаған іс-шара деп қарауға болады. Патша
үкіметінің қазақ даласына пайдалы қазбалар, соның ішінде алтын кен
орындарын іздестіру мақсатында жіберілген экспедицияларының осы бағалы
металл туралы бірде – бір дерек көзін таба алмауының және қазақ жерінде
болған саяхатшыларының жазбаларында ешқандай мәлімет кездеспеуінінің бір
себебі осында.
Қола дәуірінің ең басты ерекшелігінң өзі – полиметалл және алтынды
өндірістік тұрғыдан игеру екендігін ескерсек, жинақталған археологиялық
деректер көрсетіп отырғандай, алтын өндірудің Қазақстан аумағында қола
дәуірінде пайда болып, дамығандығына көзіміз жетеді (5).

Негізгі бөлім

Ал енді, осы Қазақстанның алтын қоры картасын құрастыру үшін, ең
алдымен Қазақстандағы алтын қоры, таралуы, түрлері, т.б. жайында мәліметтер
жинау керек. Мен картографиялық және әдеби мәліметтерді пайдаландым. Енді
картаның математикалық және картографиялық негізін құрастырамыз.
3.Қазақстанның алтын қоры картасын құрастырудағы
математикалық негіз
Математикалық негізге:
1. Картографиялық масштабы
2. Картаның проекция
3. Картаның компановкасы
жатады.
1.Картографиялық масштабы
Құрастырылатын карта масштабын таңдау үшін масштаб талабын анықтау
керек. Масштабқа деген талаптар бірқатар факторлармен анықталады. Олардың
біріншісі – бейнеленген әлеуметтік- экономикалық территориялық жүйелер мен
олардың географиялық байланысына сәйкес келетін территориялық қамту болып
табылады. Басқа фактор - қабылданған объектілер мен құбылыстар көрінісінің
географиялық нақтылығы (жеке мекендер, төменгі территориялық бірліктер
бойынша). Үшінші фактор – катографияланған территорияның қанықтығы, сонымен
қатар әлеуметтік- экономикалық бөлулердің ерекшеліктерімен шартталған оның
ішкі контарстылығы. Масштабты таңдауда картаның бағыты да әсер етеді:
оқулық және жалпытанымдық карталарға (таза көрсету үшін жасалған карта
плакаттарды есептемегенде) қарағанда ғылыми- анықтамалық және тағы басқа
карталар ірі масштабты талап етеді. Осы факторлар мен картаның бағытына
қарай мен картаның ірі масштабта жасау керек деп ойлаймын. Себебі алтын
негізінен Қазақстанның шығыс, солтүстік, орталық және оңтүстік бөлігінде
таралғанмен, әсірісе қай ауданда, қай елді-мекендер маңайында тарлғанын,
қандай кен-орындары бар, ондағы алтынның түрлері, түстері (сары, ашық сары,
ақ шабдар сары) , типтері қандай екенін анық көрсету керек. Мысалы,
Малеевск кен орны (Лениногор тау-кен ауданы, полиметалл), Бахрушин кен
алаңы, Солтүстік Қазақстандағы Алтын-Борлыкөл учаскесі, Орталық
Қазақстандағы Жекедуан кен алаңы, Қалба жотасындағы Қазаншұңқыр, Бөке,
Ақжар, Сынтаста Жолымбет, Бестөбе, Ақсу, Бақыршық, Васильковск, Варваринск,
Васильевск, Суздальск, Мизек, Ақбақай, Степняк, Жолымбет, Бестөбе,
Майқайың, Мық, Обалы, Жетісу,
Қалба, Нарым, Ақбент, Төртқұдық, Майқайың, Алматы облысы, т.б. Сондай-ақ,
карта бағыты бойынша ғылыми-танымдық болып табылады, оны көбінесе геолог
мамандар пайдаланады. Міне, осы себептерге байланысты карта масштабын 10000-
нан масштабтан 200000 масштабқа дейін таңдауға болады. Сонда карта
географиялық тұрғыдан нақты, территориясы қанық, түсінікті, оқылуы жеңіл
болады.
2. Картографиялық проекцияларды таңдау.
Енді карта проекциясын таңдаймыз. Жалпы картографиялық проекция
дегеніміз – Жер эллипсоидының немесе планетаның бетін математикалық
тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу. Картографиялық проекцияны дұрыс
таңдау өте маңызды. Себебі жерді қағаз бетінде кескіндеуде жіберілетін
бұрмаланудың өте аз болуы проекция түрінің дұрыс таңдалуына байланысты.
Кез келген карталарды немесе олардың кешендерін құрастырғанда осы
карталардың көмегімен көптеген мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін
картографиялық проекцияны таңдау деген сұрақ пайда болады. Картографиялық
проекцияларды таңдау көптеген факторларға тәуелді болып келеді. Оларды үш
топқа бөлуге болады:
1. Картографиялау объектілерін сипаттайтын факторлар жатады. Бұл
бейнеленіп жатқан территорияның географиялық орналасуы, оның
өлшемдері, пішіні, көршілес жатқан территорияларды көрсету маңыздылығы
мен дәрежесі.
2. Картографияланып жатқан картаны, ол картаны пайдалану әдістері мен
шарттарды көрсететін факторлар кіреді. Бұл топқа картаның бағытталуы
мен мамандандырылуы, мазмұны мен масштабы, карта бойынша шешілетін
мәселелер (картометриялық, навигациялық), картаны қолдану әдістері
(үстелдік, жарға ілінетін), картографиялық ақпараттарды талдау (ЭЕМ –
мен немесе онсыз), картамен жұмыс істеу шарттары (жеке, кешендік,
карта беттерін жалғастыру арқылы), карта арқылы салыстырмалы
сипаттарды беру шарттары (территорияның географиялық орналасуы,
олардың ауданы мен пішіні), территориядағы байланыс жолдарын көрсету
талаптары және т.с.с жатады.
3. Нәтижесінде шығатын картографиялық проекцияны сипаттайтын факторларды
енгіземіз. Бұл бұрмалану сипаты, минималды бұрмаланумен қамтамасыз ету
шарттары және ұзындықтардың, бұрыштар мен аудандардың рұқсат етілген
бұрмаланулары, оларды орналастыру сипаты, геодезиялық сызықтың
бейнесінің қисықтығы, проекцияның стереографиялылығы (территориялар
пішіндерін беру дәрежесі), картографиялық тор сызықтар бейнесінің
қисықтығы, олардың ортогональдығына талап, полюстерді бейнелеу
сипаты, орта меридиан мен экваторға қатысты картографиялық тордың
симметриялы болуына талаптар, бейнені көзбен қабылдау шарттары,
сфератәрізділік белгісінің бар болуы, картографиялық бейнелеу
учаскелердің қайталануы және т.б. жатады.
Картографиялық проекциялар бірнеше түрге жіктеледі:
тең бұрышты проекция, меркатор проекциясы, тең шамалы (эквиваленттік),
цилиндрлік проекция, Гаусс – Крюгер проекциясы, конустық проекция,
азимуттық проекция, жалған цилиндрлік проекция, жартылай конустық проекция,
т.б. құрастырылып отырған карта ірі масштабыты болғандықтан
Гаусс – Крюгердің тең бұрышты немесе көлденең цилиндрлік картографиялық
проекциясын таңдауға болады.
3. Картаның форматын және оның компановкасын жобалау.
Картаның форматы – толық картаның жалпы өлшемі. Форматты таңдаған
кезде оның ішкі және сыртқы рамкалардың өлшемін, жиектері (поля) бойынша
кескіндеуін және қағаздарын форматты ескереді.Негізде картаның форматы оның
масштабы картографияланатын территорияны қамту, проекцияның ерекшелігі,
картографиялық бейненің бағытталуы (ориентировка), картаны қолдану
ыңғайлылығы, техникалық – экономикалық факторлар бойынша анықталады.
Картаны жобалауға кіріскенде компоновканың жобасын өңдейді.
Картаның компановкасы ретінде картада көрсететін территорияның
жағдайына байланысты рамканың орналасуын анықтау, картаның атын,
легендасын, қосымша карталарды және графиктерді орналастыру, картаны
беттерге бөлу және т.с.с. жұмыстарын түсінеміз.
Картадағы бейнені қоршап тұратын сызықтар немесе параллель жатқан
сызықтар жүйесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның түсті металлургиясының картасын құрастыру (қара және түсті)
Шығыс Қазақстан облысының экономикасы
Солтүстік Қазақстан облысының су ресурстарының экологиялық жағдайы
Қазақстан өсімдік жамылғысының картасын құрастыру
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Қостанай облысы Восточный ауылының ірі масштабты топырақ картасын құрастыру қағидалары
Карталарды құрастыру тәсілдері
Ақсу-жабағылы мeмлeкeттік табиғи қoры туралы
Маңғыстау мұнай-газ кенорындары: сипаттамасы және карта құрастыру
Жетыбай кен орны
Пәндер