Басқару іс-әрекетінің өнімділігін көтеру мәселелері



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Мемлекеттік басқаруға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Мемлекеттік басқару : маңызы, ерекшіліктері ... ... ... ...
1.2 Мемлекеттік басқарудың басты бағыттары ... ... ... ... ... .

Басқару іс.әрекетінің өнімділігін көтеру мәселелері ... ...
2.1 Басқару іс.әрекетін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Мемлекеттік басқаруды демократиялық жарияландыру әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе.
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .Өйткені ,мемлекетті басқару –бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық ,ұйымдастырушылық қызметі .Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады .
Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым - мемлекеттік басқару теориясы мен тереңірек танысып , оның маңызы мен ерекшеліктерін, басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістерін меңгеру.
Сондықтан, курстық жұмысым 2 бөлімге негізделген, біріншісі- бұл мемлекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі – бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс - әрекетінің және мәселелері. Ал бұл бөлімде жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістері қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

1.Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшіліктері
Ақиқат 2000 №5 44-47 б.Найманбаев С.
2. Жергілікті мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері. Малқұбаев Б Ақиқат. 2001. №3 42-47 б
3. Ақиқат. 2001. №11 67-72 б.
4. Басқаруіс-әрекетін жетілдіру жолдары. Ақиқат 2003. №1 30- б.

5.Мемлекеттік басқарудың демографиялыу әдістері. Тоқтыбаев 2003. №6 39-43 б.

6.Басқару есебінің қазіргі кездегі теңденсиясы. Жамғанв А. Аханова П. Жаршы 1999 №1 8-12 б.

8.Мемлекетті басқарудың басты бағыттары. Найманбаев С. Заң 2000 №9 32-37 б.

9. Басқару іс-әрекетінің жетілдіру жолдары. Әлімбеков М. 2000 №5-6 61-68 б.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Мемлекеттік реттеу кафедрасы

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Басқару іс-әрекетінің өнімділігін көтеру мәселелері

Орындаған:

Тексерген:

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

Мемлекеттік басқаруға
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .
1. Мемлекеттік басқару : маңызы, ерекшіліктері ... ... ... ...
2. Мемлекеттік басқарудың басты бағыттары ... ... ... ... ... .

Басқару іс-әрекетінің өнімділігін көтеру мәселелері ... ...
1. Басқару іс-әрекетін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Мемлекеттік басқаруды демократиялық жарияландыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...

Кіріспе.
Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның әрі қарай жоғарғы қарқынмен
жандануы мемлекеттік басқару ұғымымен байланысты .Өйткені ,мемлекетті
басқару –бұл мемлекеттік әкімшілік, атқарушылық ,ұйымдастырушылық қызметі
.Дәл осы мемлекеттік басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып
табылады .
Менің бұл курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатым - мемлекеттік
басқару теориясы мен тереңірек танысып , оның маңызы мен ерекшеліктерін,
басты бағыттарын анықтап жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістерін
меңгеру.
Сондықтан, курстық жұмысым 2 бөлімге негізделген, біріншісі- бұл
мемлекеттік басқарудағы сипаттама. Мұнда мемлекеттік басқарудың маңызы мен
ерекшеліктері, мемлекеттік басқарудың басты бағыттары көрсетілсе , екіншісі
– бұл басқару әрекетінің өнімділігін көтеру, іс - әрекетінің және
мәселелері. Ал бұл бөлімде жетілдіру жолдары мен демократияландыру әдістері
қарастырылған.
Жалпы мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің
тигізетін ықпалы өте зор әрі маңызды . Ағымдағы көптеген құқықтық
актілердің қандай да болмасын мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар
екенің білеміз.
Ең бастысы мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете
реформалау қажет.
Мемлекеттік басқарудың бағдарлама нысаны, олардың ауысуы оның
қызметіне,әдістері мен нысандары на тікелей әсер етеді .Осы мемлекеттік
басқарудың қызметтері,әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты мен
бағытын , сипаты мен мәнін көрсетеді. Менің бұл жұмысым- осының айғағы.

1. Мемлекеттік басқару: маңызы, ерекшеліктері.

Мемлекеттік басқаруды тарихи даму кезендеріне орай қарастырып,
бағаласақ жинақталған теориялыќ және практикалық ілім-білімге толы екенін
байқаймыз.
Мемлекеттік басқарудың әлуметтік – экономикалыќ , саяаси, этикалыќ
және психологиялыќ тұрғыдағы көзқарастары басќаруды қоғамдық құбылыс
түріңде көп қырлы категория ретінде танытады . Нарыққа байланысты
өркениетті елдердегі басқару жүйесіне біте қайнасып кеткен мәдениеттілік
және моральдық категориялардың көрнісі, басқару этикасы біздің
мемілекеттің қоғамдық, эканомикалық өмірінен де орын ала бастады.
Осы жайлардың басымдық бағыттары Қазақстан Республикасы Президентінің
Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасында айқындалып, мемілекеттік
басқарушы-атқарушы билік жөйесін, ораталық, жергілікті атқарушы билік
органдарын қайта ұтымды құру жөніндегі қағидалар мен ережерлерді және
осыған байланысты мемлекеттің қаржылық-фискальдық саясатының
жетілдірілуін көздейтін жолдары қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Негізінде, мемлекеттік басқаруды (басқарушы қызметті) жүзеге асыру
атқарушы билікті жүзеге асыру болып саналады. Демек, мемлекеттік басқару
атқарушы билікке қарағанда кең мағынада айтылады. Осыған орай, мемлекетті
қажет деп тапсақ, биліктердің бөліну принциптерін мойындасақ, сонымен
бірге мемлекеттік басқарудың барын бағалауымыз қажет.Дәл осы мемлекеттік
басқару атқарушы билікті жүзеге асырудың нысаны болып табылады.
Мемлекеттің атқарушы билік органдаын құру мақсаты нарықтық
экономиканы ынталандыру екені баршаға мәлім. Атқарушы билік органдары
әкімшілік жүйеге жатады. Өйткені, атқарушы биліктің ұйымдық-құқықтық
механизмі осы әкімшілік жүйе, яғни басқару жүйесі болып табылады. Басқару
жүйесінсіз атқарушы билікті жүзеге асыру мүмкін емес. Соңғы кездерде
министрліктер нарықтық органдар қатарына жатпайды деген көзқарастар
көрініс табуда. Ал салалық министрліктер нарықтық экономикасыдамыған
елдерде де бар екені белгілі. Біздің ойымызша, мемлекеттік басқаруды жою
деген міселе күн тәртібіне қойылмауы керек. Қазіргі кезенде мемлекеттік
басқаруды түрлендіру арқылы жаңаша сипатта құру қажет. Әрине, осы
процестер барысында мемлекеттікм басқарудың аясында өктем-өкілеттіліктің
орнына, көбінесе, ынталандыру кешенді шаралары басымырақ қолданылуы тиіс.
Бірақ қажетті кезенде мемлекеттік реттеу механизмдерінің іске
қосылатынын қатысушылардың бәрі білуі тиіс. Сондықтан, қазіргі қоғамдық
қатынасты (өндірістік қатынастар мен өндіргіш күштерді) реттейтін принцеп
ретінде ынталандыру-бағыну-билік ету принцепінің басшылыққа алыну ұтымды
болады. Ашынған айтсақ, өкімет билігін өктем қатал түрде жүргізуден
икемді нысанда жүзеге асыру нарықтық қатынас талаптарына сай келеті
сияқты. Сонда да болса, көңілге қонымды икемді биліктің,өктем, қатал
билікпен тығыз байланыста болатынын ұмытпағанымыз жөн. Өйткені, қоғамдағы
кейбір салаларда жұмсақ нысандағы билікті жүзеге асыру мүмкіндігі жоқтың
қасында болады. Мысалы, Отанды қорғау ісі, атом өнеркәсібі және басқада
салалардағы басқару әрқашан да мемлекеттік қатаң сипатта болады.
Нарықтық қатынасқа көшуімізге байланысты, мемлекетімізде
мемлекетімізде мемлекеттік және мемлекттік емес құрылымдар; бірлескен
түрде басқарылатын мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар мен
ұйымдар дамып, өркендеуде. Мемлекеттік емес ұйымдардың дені іштей өзіндік
басқару негізінде іс-қимылдарын жүзеге асырады. Ал бірлескен басқару
кезінде мемлекет өкілдері мемлекеттік емес ұйымдардың басқару
органдарының құрамына кіреді (бұл жерде міедетті түрдегі шарт. Сол
кәсіпорында мемлекеттің меншік үлесі болуы тиіс). Мемлекет тарапынан
белгілі бір мөлшерде бағдарламаларды қаржыландыру принципі жүзеге
асырылады. Сонда да болса ескеретін бір жәйт, қандай да бірлескен немесе
мемлекеттік емес ұйымдар болмасын, сондай-ақ қандай да мөлшерде нысанда
өздерін басқаруды жүзеге асырмасын мемлекет аумағында болғандықтан
мемлекеттегі барлық салалар мен жүйелерді реттейтін заңдардың
күші,талаптары оларға да таралады. Себебі, мемлекет аумағында құрылып
және қызмет атқара жүіп, мемлекеттік басқару аясынан тыс болу, заңдарға
бағынбау ешканай қисынға келмейтін іс болып табылады. Мемлекеттік
басқару, атқару биліктері әрқашан да әкімшілік заңдардың негізінде жүзеге
асырылады және олар мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері болып
табылады.
Мемлекеттік басқарудың тағы бір жаңаша көрінісі- қандай салада
болмасын нақты кезеңге байланысты міндеттер мен мәселелердің бірінші
кезекке қойылып, шешілуі. Түптеп қарағанда басқару әр тұрғыдан қаралуы
мүмкін. Мысалы, әлеуметтік-экономикалық,саяси және басқа да көзкарастар
бойынша. Басқаруды әкімшілік –құқықтық ұйымдастыру деп әкімшілік құқықтық
нормаарымен бекітілген субъектілер жүйесін айтуға болады. Осы субъектілер
жүйесін асыруға атсалысады. Басқаруды әкімшілік тұрғыдан ұйымдастырудың
элементері мынадай сипатта болады: атқарушы билік және басқа да басқару
органдары;басқару жүйесі буындарының, оның ішінде, қызметкерлердің тиісті
мәртебесін белгілейтін әкімшілік-құқықтық нормалары; әкімшілік құқықпен
белгіленген олардың қатынастарының ауқымы; әкімшілік-құқықтық жағдайлары
бойынша субъектілердің құқықтық жауапкершіліктері.
Осы басқаруды ұйымдастыру әкімшілік құқық нормалармен реттелетін
мемлекеттік емес басқаруларды қамтиды.басқаруды ұйымдастыру кезінде
қоғамдағы атқарушы биліктің рөлі есепке алынуы қажет және мемлекеттегі
экономиканың құрылымы, әлеуметтік-мәдени, сондай-ақ, әкімшілік-саяси
қызымет ерекшеліктері де есепке алынуы тиіс.
Басқаруды ұйымдастырудың мәні әртүрлі мәселелерді шешуден тұрады. Осы іс
– қимылдардың ең бірінші кезектегісі – оларды заң тұрғысынан бекітудің
принциптері мен нысандарын айқындау; басқару органдарының нысандарын
олардың атқаратын қызмет бағыттарына байланысты айқындау; олардың
арасындағы міндеттерін, қызметтерін қоса отырып, межелеу; мемлекеттік
басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін белгілеу; басқарудың
төменгі және жоғарғы тұрған буындарының арасындағы өзара іс-қимылдарының
құқықтық нысандары; басқарушы қызметтің әдістері және оларды жүзеге асыру
нысандары.
Салаларды, жүйелерді басқару субъектілерінің арасындағы байланыстарды
дұрыс таңдай білу және бекіту де басқаруды ұйымдастыруға қажетті әрекет
болып саналады. Ағымдағы басқару жүйелерінде олар әртүрлі нысанда
кездеседі. Мысалы, жалпы бағыну басқару субъектілері мен объектілерінің
арасында аралық буынның болуына байланысты орын алады. Жалпы бағынышты
объектілерге, негізінде, жалпы басқару жүзеге асырылады, яғни олардың
жүріп- тұру қағидалары белгіленеді және бақылауды жүзеге асырады. Тікелей
бағыну кезінде басқару субъектісі мен объектісінің арасында аралық
буындар болмайды. Бұл жерде басқару объектісі басқару субъектісіне
айтарлықтай көлемде ұйымдастыру және құқықтық жағынан тәуелді болады.
Мысалы, кадр жөніндегі мәселелерді шешу; қызметкерлерге тәртіптік
жауапкершілік шараларын қолдану; тікелей жарлық беру элементтері; басқару
объектілерінің актілерін тоқтатып тастау; тікелей басқару.
Тура басқару кезінде де басқару субъектісі мен объектісінің арасында
тікелей байланыс, мәселен, бастық пен оның қызметкерінің, командирлер мен
әскери қызметкерлердің арасында туындайды. Жедел бағыну тек кейбір
белгілі мәселелері бойынша басқару субъектісіне тәуелді болу кезінде
туындайды.
Қосарлы бағыну тікелей (тігінен) және көлденең бағынуға негізделген.
Бұл жерде бір объектіге байланысты, өкілеттіліктің бөлінуі, олардың
бірікпеуі қарастырылған. Бағынышты органдар тиісті деңгейдегі төменгі
тұрған органдар жүйесіне жатады.
Ортақ бағыну бір уақытта бірнеше басқару субъектілерінің екі немесе
одан да көп жоғарғы тұрған мемлекеттік билік органдарына бағыну болып
есептелінеді. Мысалы, Сыртқы істер министрлігі қызметін оның тиісті
бағыттары бойынша ҚР Үкіметі қадағалап, бақылайды.
Ортақ бағынудың қосарлы бағынудан өзгешелігі, тек тігінен бағыну
қолданылады. Басқару органдарының аппаратын ұйымдастыру принциптерін
таңдауды сол органдарының құрылымдық бөлімдердің нысандарын, олардың
әкімшілік – құқықтық мәртебесін белгілеуге үлкен себін тигізеді.
Басқаруды ұйымдастыру ісіне заңдар жүйесінің тигізетін ықпалы өте зор
әрі маңызды. Ағымдағы көптеген құқықтық актілердің қандай да болмасын
мөлшерде басқаруды ұйымдастыруға қатысы бар екенін білеміз. Сол құқықтық
актілерді шамамен мына өлшемдер бойынша топтастыруға болады: заңды күші
бойынша; мәні бойынша; басқаруды ұйымдастыруға тигізетін ықпалы бойынша.
Заңды күші бар нормативтік – құқықтық актілерге: Қазақстан
Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының заңдары;
Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар
Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің заңға сәйкес актілері және тағы басқалар жатады.
Қазіргі өтпелі кезеңде мемлекеттік- басқарушы қызмет жөнінде белгілі
бір қорытындыға келу- көптеген себептерге байланысты мүмкін емес. Ең
бастысы, мемлекеттің саяси және экономикалық жүйесін тереңдете реформалау
қажет. Сондықтан болар, бүгінде қоғамымызда айтарлықтай талаптар туындап
отыр. Олар- қоғам өмірінің негізгі бөлігіне мемлекет тарапынан
орталықтандырылған түрде ықпал ету, атқару тәртібін күшейту, ортақ іс
жөніндегі басқарушы мен басқарылуының өзара жауапкершіліктерін арттыру,
кейбір объектілерін қайтадан мемлекет қарамағына беру.
Бүгінде мемлекеттік басқарушы қызметтің мына түрлері жүзеге асырылады:
Мемлекеттік аядағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқару;
Мемлекеттік емес аядағы әртүрлі объектілердің атқаратын қызметтерін
реттеу;
Республика аумағындағы мемлекеттік бағдарламаларды дайындау және
жүзеге асыру;
Мемлекеттік басқару аясындағы жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары
мен міндеттерін жүзеге асыруларын қамтамасыз ету;
Басқару және реттеу аяларындағы жұмыстарға мемлекеттік бақылау және
қадағалау жүргізуді жүзеге асыру;
Шаруашылық, әлеуметтік – мәдени және әкімшілік – саяси құрылыс
жүйелерінің қызмет бағыттарын ретке келтіру;
Шаруашылық өмірдің құқықтық және ұйымдастырушылықтың негіздерін
белгілеу жіне күнделікті өмірде тимді жүргізу. Мысалы: кәсіпкерлікті
мемлекет тарапынан ынталандыру және қолдау: барлық меншік нысандарының
тең құқықтығын қамтамассыз ету; тұтынушылардың құқықтығын қорғау; меншік
иесінің құқықтарын қорғау.
Құрылымдық бөлімдердің мәртебелері олар туралы ережелермен
белгіленеді. Ережелер әдетте ҚР Үкеметінің қаулысымен бекітіледі.
Ережелер сол құрылымдық бөлімдердің іштей ұйымдастыру негіздерін кешенді
түрде белгілейтін, сондай-ақ бөлімдердің біртұтас мәртебесін айқындайтын
құқықтық актілер болып табылады.
Мемлекттік басқарудың бағдарлама нысанасы, олардың ауысуы оның
қызметіне, әдістері мен нысандарына тікелей әсер етеді. Осы мемлекеттік
басқарудың қызметтері, әдістері және нысандары өз кезегінде оның мақсаты
мен бағытын, сипаты мен мәнін көрсетеді. Қазіргі кезеңде мемлекеттік
меншік аясының ықшамдалуы нарықтық қатынастарға өтуді жеделдету,
жергілікті өзіндік басқаруды дамыту процестері мемлекеттік басқару
қызметінде, әдістері мен нысандарында көрініс тауып отыр. Қоғамда және
мемлекеттік басқаруда қызметтерінің маңызы көзқарастарға айтарлықтай
өзгерістер енгізе алған жоқ. Мемлекеттік басқару қызметтерін мәні жүзеге
асыру механизмдерінде ғана жаңа элементтер пайда болды. Олар мемлекеттік
және мемлекеттік емес аяларға байланысты өзгеріп отырады және әртүрлі
дәрежедегі мемлекет ықпалына ұшырайды.
Қызмет жөніндегі мәселелердің екі аспектісі көрініс табады. Олар:
мемлекеттік басқару қызметтері және оның субъектілерінің қызметтері болып
табылады. Бүгін де мемлекеттік басқару органдарының қызметтері
айтарлықтай дәрежеде өзгерістерге ұшырауда. Жоспарлау, материалдық-
техникалық және басқа да жүйелерінде қызметтердің өрісі тарылған. Олар
көбінесе нарықтық экономикаға өтумен шартталған. Монополияға қарсы
шараларды жүзеге асыру, жұмыссыздықтың пайда болуына байланысты, әртүрлі
салаларда кәсіпорындар мен мекемелерді негізінен алу сияқты жаң өызметтер
пайда болады.
Алдыңғы қатардағы қызметтерге болжамдау, үйлестіру, реттеу және бақылау
жатады. Мемлекеттік басқару қызметі ретіндегі жоспарлаудың маңызы
төмендетіліп тек орталық және тұйықталған жүйелермен шектеліп отыр. Осы
жайтты келеңсіз деп айтуымызға болады. Нарықтық экономикасы дамыған
елдердің өзі жоспарлаудың тиімді екені, оған көшу қажеттілігін күн
тәртібіне қойып отыр. Жоспарлау мемлекеттік басқаруды ойдағыдай
ұйымдастырудың объективті қызметі негізі және басты қызметі болып
есептелінеді және мемлекеттік басқарудың қызметі ретінде мемлекеттік
реттеуді жүзеге асырудың мәні мен нормативтік реттеу; қандай да болмасын
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың атқарылуына бақылау
жүргізу; лицензия беру; мемлекеттік шарттар жасау, тіркеу; тиісті
қағидалармен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының құқытары
мен мүдделерін мемлекеттік қорғау: олардың қызметтерінің жалпы бағыттары;
оларды ойдағыдай жүзеге асыруға жәрдемдесу жатады.
Ммемлекеттік реттеудің дәстүрлі құралдары қатарына салықтар, мемлекеттік
тапсырыстар, стандарттар, кедендік тарифтер мен баждар жатады. Олар
әртүрлі құқықтық нысанда болады, бүгінде мемлекеттік реттеу кәсіпкерлік
қызметке, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметтеріне
ойдағыдай экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық жағдай жасауға
бағытталған. Мемлекеттік реттеу әртүрлі әдістердің көмегімен және әртүрлі
нысанда жүргізіледі. Қазіргі кезеңде өте кең түрде пайдаланылатын
мемлекеттік реттеу – тіркеу және лицензиялау болып табылады. Кең мағынада
мемлекеттік реттеу қоғамдық қатынастарға қатысушылардың жалпы жүріп-тұру
қағидаларын мемлекеттік тарапынан белгілеу болып табылады. Оның
субъектілері өкілді (заң шығарушы) және атқарушы билік органдары болып
саналады.
Осы саладағы реттелген қатынастардың қатысушыларына сот билігі
субъектілері де белгілі бір мөлшерде ықпалын тигізеді. Мемлекеттік
реттеудің дәстүрлі түрде қалыптасқан құқықтық нысандары заңдар, заңға
сәйкес актілер және сот актілері болып табылады.
Тағы бір тұрғыдан алғанда, мемлекеттік реттеу мемлекеттік басқару
қызметтерінің бірі болып саналады. Әсіресе, қазіргі кезеңде осы қызметтің
тек экономиканы басқаруда өте ұтымды болып қана қоймай, сонымен бірге,
әлеуметтік-мәдени салаларды реттеуде де маңызы зор болып отыр. Нарықтық
экономика жағдайында туындап отырған өте күрделі жайлар – нақты кезеңнің
ерекшеліктерін уақытылы есепке алу және басқару құрылымдарын келешекте
дамытып, жетілдіру мәселелері.

1.2 Мемлекет басқарудың басты бағыттары

Мемлекет басының функциясы президенттік институттың мәнін, елдің
дамуындағы негізгі мәселелерді шешуде Президенттің атқаратын айырықша
рөлін білдіреді. Президенттің функциясы, біздің ойымызша, белгілі бір
даму кезеңінде мемлекеттің алдында тұрған негізгі міндеттеріне,
мемлекетті басқарудың президенттік, жартылай президенттік немесе
парламенттік секілді жүйесін қабылдауға байланысты құрылады. Бұл мемлекет
басының оларды жүзеге асырудағы қызметінің бағытын белгілейді.
Президент функциясының мазмұны ішкі және сыртқы деп бөлінетін әртүрлі
факторлардан тұрады. Мысалы, елдің экономикалық өміріндегі дағдарысты
құбылыстар мемлекет басын күш-жігерді экономикалық мәселелерді шешуге
жұмылдыруға міндеттейді. Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлық, оларға
қарсы күресті күшейтуде Президенттен дер кезінде маңызды практикалық
шаралар қабылдауды, оны тудыратын себептер мен шарттарды анықтауды және
жоюды талап етеді. Қазақстанда, мәселен, Республика Президенті сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік саясатын бастаушысы және
жүргізушісі болып табылады. Сыртқы агрессия немесе сепартизм қаупі
Елбасының халықтың және елдің ресурсын оған тойтарыс беруге дайындауды
және мемлекеттің аумақтық тұтастығын жан-жақты қамтамасыз етуді талап
етеді.
Қазіргі қоғамды Президенттің барлық мемлекеттік қызметі негізгі
мақсатқа – барша халықтың және әрбір адамның ортақ мүддесіне жұмылдырылуы
қажет. Президент азаматардың заңды мүддесінің жоғарғы қорғаушысы болуға,
елдің ішінде және халықаралық аренда қоғамдық прогрестің дамуына ықпал
етуі тиіс. Қоғамдық өмірдің қай айналымында жүргізілуіне байланысты
Президенттің қызметін шартты түрде ішкі және сыртқы деп саралауға болады.
Ал, ықпал ету мерзіміне қарай тұрақты және уақытша деп бөлінеді.
Президенттің тұрақты фнукциялары оның қызметінің барлық кезеңдерінде
жүргізіледі. Төтенше мәндегі нақты мәселелер шешілген жағдайда уақытша
функциялары ықпалын тоқтады. Президенттің қызметін, сондай-ақ жеке-дара (
премьер-министр және министрліктердің заң алдындағы және саяси
жауапкершілігін қажет етпейтін және алқа билік деп (премьер-министр мен
министрліктер құжатқа қол қойғаннан кейін президент жүргізетін) саралауға
болады.
Президенттің ішкі фнукциясы – ел басының қоғамның ішкі өмірін басқарудағы
қызметінің негізгі бағыттары. Өз кезегінде оларды мемлекеттік қызмет
айналымдарына сәйкес: экономикалық, әлеуметтік, қаржы бақылау, заң
тәртібін сақтау, экологиялық функциялар деп бөлген дұрыс болар еді.
Экономикалық функция – ел экономикасы дамуының стратегиялық бағыттарын
жасау мен үйлестіру болып табылады. Нарықтық-тауарлық қатынастар
жағдайында өмір сүріп отырған құқықтық мемлекетте экономиканы мемлекеттік
реттеу әкімшілік әдіспен емес, негізінен экономикалық әдіспен
жүргізіледі.
Қазіргі таңдағы мемлекеттерде президенттің экономикалық функциясы мынадай
бірнеше бағыттан тұрады: Президент тұтас алғанда қоғамның экономикалық
өміріне ықпал жасайды, бұл оның жалпы басшылығымен мемлекеттік бюджеттің
құралуынан және оның орындалуына бақылау қоюынан, ел көлемінде
экономикалық даму бағдарламасын үйлестіруінен, өндірістік және ғылыми
зерттеулер бағдарламасын қамтамасыз етуінен тұрады.
Бұл орайда, Президентке мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары мен
арнайы мамандаандырылған мекемелер көмек көрсетеді. АҚШ-та, мәселен
бұндай мекемелер қатарына әкімшілік-бюджеттік бюро, косультанттардың
экономикалық кеңесі, еңбек қатынастарының ұлттық басқармасы, құрама қор
жүйесі сынды осы ел президенті аппаратын құрайтын мекемелер жатады. Олар
өз құзыреті шеңберінде Президентке әр түрлі ұсыныс жасап отырады.
Франция Президентінің экономикалық фнукциясы да ауқымды: ол Премьер-
министр мен үкімет мүшелерін тағайындайды; экономикалық және қаржы
саясатына, мемлекет бюджетін жоспарлау мен дайындауға жетекшілік етеді;
Экономика және қаржы министрлігінің қызметін бақлайды; Елисей сарайы
аппаратын пайдалана отырып, Францияның халықаралық экономикалық
қатынастар, өнеркәсіп, зерттеу жұмысы, ауыл шаруашылық, көлік сауда және
қолөнер, байланыс, бұқаралық қаржы, несиені жоспарлау және мемлекеттік
қызмет салаларындағы саясатын жасайды.
Финляндия, Шфейцария, Индия, Мексика, Мысыр және басқа елдердің
президенттерінің экономикалық айналымдағы өкілеттіктері барынша ауқымды.
Президенттің әлеуметтік функциясы және адамның әлеуметтік қорғалуына,
мелекеттің барлық азаматтарына қалыпты өмірлік жағдай туғызуын қамтамасыз
етуге бағытталған.
Мемлекет басының осы бағыттағы функциясы, біріншіден, әр түрлі пайымды
себептер салдарынан толыққанды еңбек ете алмайтындардың (зейнеткерлер,
балалар, жұмыссыздар, т.б.) лайықты өмірлік деңгейін қамтамасыз ету
мақсатында еңбек ұлестеріне қарамастан әлеуметтік игіліктерді бөлу үшін
алғышарттар қалыптастыру болып табылады; екіншіден, президент денсаулық
сақтауға, оқуға, қоғамның мұқтаж мүшелеріне арнап арзан мемлекеттік
тұрғын үй салу құрылысына керекті қаржыны бөлуді қолдауы тиіс.
Мемлекеттің барлық азаматтары ықшамдандырылған көлемде пайдалануға тиісті
әлеуметтік құқықтарын жүзеге асыру осылай қамтамасыз етіледі. Бұл ретте,
мемлекет экономикалық жағдайы төмендерге айрықша назар аудара отырып,
елдің барлық азаматтарының шынайы әлеуметтік қорғалуының кепілі болып
табылады.
Мемлекет басының қаржыны бақылау функциясының бір бөлігі
жалпымемлекеттік мұқтаждарды қанағаттандыру үшін мемлекеттік бюджетке
салық түрінде түсетін өндірушілердің табысын есепке алу болып табылады.
Президент салықтың дұрыс жұмсалуына бақылау жасайды.
АҚШ-та арнайы қаржы бақылау органы ретінде Президент тағайындайтын бас
бақылаушы жетекшілік ететін бас есеп басқармасы жұмыс жасайды.
Францияда барлық мемлекеттік органдардың қаржы тәртібін сақтауына
бақылауды Республика Президенті алдында жауап беретін Есеп палатасы
жүргізеді. Қаржы бақылаудың осындай жолдары Индия, Финляндия, Сирия және
Түркия президенттеріне де тән.
Құқық тәртібін сақтау функциясы президенттің мемлекеттік заңды дәл
және толық жүргізуін қамтамасыз етуіне, әділет органдарының қоғам,
мемлекет пен жеке адам мүддесін қорғауына бағытталған қызметі. Бұл
қызметтің алтын діңгегі, ең алдымен, жеке адам, еркін жеке тұлға
ретіндегі қоғам мүшесі, сондай-ақ мемлекеттің өзі мен оның әр түрлі
құрылымдары. Елдегі тұрақты құқық тәртібін қолдау – Президенттің, барлық
мемлекеттік органдардың бірден-бір маңызды функциясы.
Бұл функция, әсіресе, Франция Конституциясында жан-жақты бекітілген, оған
сәйкес Республика Президенті жоғарғы арбитр (төреші), бұқаралық өкіметтің
қалыпты қызмет етуінің кепілі болып табылады, Конституциясының сақталуын
қадағалайды (5-бап), елде құқық тәртібін қолдау үшін арнайы шаралар
қабылдауға құқылы (6-бап), рақымшылық құқығын жүргізеді (17-бап).
1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы осы
жолды таңдады.
Президент қызметіндегі экологиялық функция қазіргі кезеңдегі ең бір
маңызды міндеттің бірі болып отыр. Себебі, адам мен қоғамның өмір сүруі
экологиялық жаңдайға тікелей байланысты. Бұл бағытта президенттер
табиғатты қорғау туралы заңдарды жетілдіруге және оны орындау шараларын
үйлестіруге ден қояды.
Қазіргі таңда көптеген елдерде осы қызметтен туындайтын қоршаған
ортаны қорғау жөніндегі ұлттық бағдарламалар жасалынып, жүзеге асырылуда.
Мәселен, АҚШ-та қоршаған ортаны қорғау саласындағы ұлттық саясат туралы
заң бар. Ауаны су мен жерді өндірістік және тұрмыстық қалдықтармен
бүлдірудің алдын алу жөніндегі қзаө мерзімге арналған бағдарламалар
жасалған. Қоршаған ортаны адамдар қызметінің жағымсыз әсерінен қорғау
жөніндегі сақтандыру шаралары қарастырған. АҚШ Президенті жанында
консультация беруші орган – Қоршаған ортаның сапасы жөніндегі кеңес жұмыс
жүргізеді, сондай-ақ табиғат қорғау заңдылықтарының орындалуына бақылау
жасайтын өкілеттермен кеңінен қамтылған. Табиғат әлемін қорғау жөніндегі
құрама агенттік бар.
Мемлекет басының сыртқы функциясы – мемлекеттің өкілеттілігі бойынша
халықаралық аренда – халықаралық құқықтың әр түрлі салалары бойынша басқа
мемлекеттермен қалыпты өзара тиімді қатынастар орнату және оны қолдау,
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және елді мүмкін болатын сыртқы
агрессиядан қорғау сияқты қызметінің негізгі бағыттарын құрайды.
Басқа мемлекеттермен өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту функциясы
Президенттің осы мемлекет мүддесінің басқа мемлекеттердің нақты және
ортақ мүдделерімен келісімді үйлесім табатын тең құқылы экономикалық,
саяси, мәдени және басқа да қарым-қатынастарын дамыту жөніндегі
қызметінен тұрады. Мұндай ынтымақтастық президенттердің интеграциялық
мәселелерге өзара тиімді қадам жасаудағы, топтасқан кұш-қайрат арқылы
ынтымақтастықтың барлық мүшелерінің мүдделеріне сәйкес келетін неңұрлым
жаңашыл шешім табудағы бірлескен қызметін білдіреді.
Мемлекеттер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту экономика,
саясат, мәдениет, ғылым мен техника, қоршаған табиғи орнаты қорғау
аясында жүргізіледі. Әлемдік тәжірибилерге жүгінсек, Президент
мемлекеттің сыртқы саяси бағытын өз қалауы бойынша белгілейді (АҚШ,
Мексика, Қазақстан, Аргентина) сыртқы саясат айналымында кең
өкілеттіктерге ие, бірақ үкіметтің сыртқы саясатындағы бағдарын ескереді
(Италия, Түркия, Финляндия, Ливан және т.б.); сыртқы саясат айналымда
мемлекеттің өкілі болып табылады; өз іс-әрекетін үкіметтің сыртқы саяси
бағдарымен келісе отырып жүргізеді (ФРГ, Австрия, Греция, Индия, Израиль
және т.б.).
Президенттің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі және елді сыртқы
жаудан қорғаудағы функциясы оның қызметінің маңызды бағытын құрайды.
Қоғамның мемлекеттік-ұйымдық дамуының барлық кезеңдерінде ел тәуелсіздігі
мен оның аумақтық тұтастығына сырттан төнетін қауіпті қоса алғанда,
қоғамның барлық айналымын жағымсыз ықпалдардан қорғау шарттарының кешенін
жасаудың нақты қажеттілігі болғандығына адамзат тарихы куә. Елді қорғау
функциясын Президент экономикалық саяси, дипломатиялық және әскери
құрамдарды пайдалана отырып жүргізеді. Бейбітшілік кезде бұл әскери
доктрина жасау, қорғаныс және елдің аман қалу қабілетін көтеру болса,
соғыс кезінде – агрессорға қарсы кұресте қарулы кұштерге тікелей басшылық
ету, жеңіс үшін елдің бар мүмкіндігін біріктіру болып табылады.
Бұл қызмет мемлекеттік әскери доктринаға негізделіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымдағы мотивация процессі
Ұйым персоналының біліктілігін арттыру және басқаруды дамыту жолдары (ктж ұқ ақ мысалында)
Кәсіпорындардың өнім сапасы
«Қазмұнайгаз» ақ кадрлық қызметін талдау
Басқару кадрлары және олардың жіктелуі мен функциялары
Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым - қатынасы
Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру
Еңбек өнімділігі және өнеркәсіп салаларындағы оның өсімі
Аймақтағы күріш шаруашылығының экономикалық потенциалын бағалау
Өндірістің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің жүйесі
Пәндер