Асқар Егеубай – публицист, аудармашы



І. КІРІСПЕ

Алаштың Асқары

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Тұлпар тұяғымен төгілген жыр
2.2. Жұлдыздар із тастап ағады...
2.3. Асқар Егеубай . публицист, сыншы

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
«Өмірдің өзегі – адамның өзі. Өмірді, өнерді жасайтын тағы да адам. Әрине, бұл соншалықты тың тұжырым да емес, уақыт көрігінде қорытылып, тіршілік толқынында суарылған қағида. Талант иесін өмірдің, өнердің тұлғасымен тұтастыратын қасиет – еңбегі. Салалы, терең тамырлы бәйтеректер болады. Жер нәрін, табиғат құдіретін біз соған қарап сезінеміз. Солардың табиғатпен егіз тұтастығынан, қарапайым жарастығынан тіршілік тұрпатын танимыз».
Иә, Асқар ағамыздың өзі айтпақшы, талант иесін өмірдің, өнердің тұлғасымен тұтастыратын қасиет – ол, әрине, оның еңбегі. Еңбекті жанының өмірлік серігі еткен ақиық ақын, көрнекті аудармашы, қарымды қаламгер, сұңғыла сыншы, зерделі зерттеушінің жүріп өткен соқпақ жолдары мен сүріп өткен тағылымды да өнегелі өмірі баршамызға үлгі боларлықтай-ақ нығмет пен ғибратқа толы.
Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, сарабдал сыншы, аудармашы, филология ғылымдарының докторы Асқар Егеубайдың еңбек жолы Зайсан ауданындағы Үлкен Қаратал мектебінде мұғалім болудан басталған. Одан кейінгі жылдары Марқакөл аудандық «Шамшырақ», Зайсан аудандық «Достық» газеттерінде, «Қазақстан коммунисі», «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақ әдебиеті» газетінде әдеби қазметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламент Сенетының аппаратында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мәдениеттану, мемлекеттік қызметті тілдік қамту» бағдарламасының, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының «Абайтану және жаңа дәуір» әдебиет бөлімінің меңгерушісі секілді жауапты қызметтер атқарған.
«Мөлдір тұма», «Жүректегі жұлдыздар»,»Құс жолы», «Әділет», «Движение», «Сыр мен сымбат», «Сөз жүйесі», «Кісілік кітабы», «Аламан», «Құтадғу білік», «Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебитінің көркемдік жүйесі» және тағы да басқа көптеген поэзия, әдеби сын, зерттеу еңбектерінің авторы.
1.Егеубаев А.Қ. Сыр мен сымбат. – Алматы: Жазушы, 1981. – 16-бет
2. Егеубаев А.Қ. Сөз жүйесі. – Алматы: Жазушы, 1985. – 158-бет
3. Егеубаев А.Қ. Таңдамалы шығармалар жинағы, І том. – Алматы: 2005. – 169 -бет
4. Егеубаев А.Қ. Сыр мен сымбат. – Алматы: Жазушы, 1981. – 66 –бет
5. Егеубаев А.Қ. Таңдамалы шығармалар жинағы, ІІ том. – Алматы: 2005. – 5-бет
6. А.Дәдебаев. Жасыл белес: Деректі әңгімелер, очерктер, мақалалар/ Құраст. С. Жұмабеков. – Алматы, 1986. – 140-151 бб.
7.Алаштың Асқары /мақала, өлең, естелік/. – Алматы: Арда, 2008.
8. Мырзалиев. Қ. «Жаймашуақ» / / «Қазақ әдебиеті» 1981. - 8 май
9.Ана тілі. – 2000. – 7 желтоқсан (№30)
10. Лениншіл жас. – 1984. – 7 август

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Өмірдің өзегі – адамның өзі. Өмірді, өнерді жасайтын тағы да адам.
Әрине, бұл соншалықты тың тұжырым да емес, уақыт көрігінде қорытылып,
тіршілік толқынында суарылған қағида. Талант иесін өмірдің, өнердің
тұлғасымен тұтастыратын қасиет – еңбегі. Салалы, терең тамырлы бәйтеректер
болады. Жер нәрін, табиғат құдіретін біз соған қарап сезінеміз. Солардың
табиғатпен егіз тұтастығынан, қарапайым жарастығынан тіршілік тұрпатын
танимыз.
Иә, Асқар ағамыздың өзі айтпақшы, талант иесін өмірдің, өнердің
тұлғасымен тұтастыратын қасиет – ол, әрине, оның еңбегі. Еңбекті жанының
өмірлік серігі еткен ақиық ақын, көрнекті аудармашы, қарымды қаламгер,
сұңғыла сыншы, зерделі зерттеушінің жүріп өткен соқпақ жолдары мен сүріп
өткен тағылымды да өнегелі өмірі баршамызға үлгі боларлықтай-ақ нығмет пен
ғибратқа толы.
Көрнекті ғалым, әдебиеттанушы, сарабдал сыншы, аудармашы, филология
ғылымдарының докторы Асқар Егеубайдың еңбек жолы Зайсан ауданындағы Үлкен
Қаратал мектебінде мұғалім болудан басталған. Одан кейінгі жылдары Марқакөл
аудандық Шамшырақ, Зайсан аудандық Достық газеттерінде, Қазақстан
коммунисі, Жұлдыз журналдарында, Қазақ әдебиеті газетінде әдеби
қазметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламент Сенетының
аппаратында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік қызмет академиясының Мәдениеттану, мемлекеттік қызметті тілдік
қамту бағдарламасының, Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер
институтының Абайтану және жаңа дәуір әдебиет бөлімінің меңгерушісі
секілді жауапты қызметтер атқарған.
Мөлдір тұма, Жүректегі жұлдыздар,Құс жолы, Әділет, Движение, Сыр
мен сымбат, Сөз жүйесі, Кісілік кітабы, Аламан, Құтадғу білік,
Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебитінің көркемдік жүйесі және тағы да басқа
көптеген поэзия, әдеби сын, зерттеу еңбектерінің авторы.
Ежелгі түркі ескерткіштерін зерттеп аударған көнекті аудармашылығымен
де көпшілік оқымен қауымына жақсы таныс қазақтың біртуар тұлғаларының бірі.
Атап айтатын болсақ, Жүсіп Баласағұнның Құтты білік, Махмұт Қашқаридың
Диуани лұғат-ит-түрік атты шығармаларын тұңғыш рет ана тілінде сөйлетіп
қана қоймай, сондай-ақ, Құтты білік дастанының әдеби сөздігін жасап, ол
туралы келелі талдау еңбектерін де жарыққа шығарды.
Асқардың қаламгерлік табиғатының басты белгісі – ақындық, сыншылдық,
ғалымдық қабілетінің бірегей бірлігі, - деп баға береді академик Зәки
Ахметов. Тауып айтылған!
Міне, Асқар ағамыздың осындай сегіз қырлы, бір сырлы талантына келесі
таруларда кеңінен талдау жасалады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жан-жақтылық деген де үлкен қасиет. Бойына берген қабілетті дұрыс
пайдалану – ол өз-өзіңді сыйлау деген сөз. Сондай тәрбиелі, сыпайы мінезді,
өзін-өзі ұстай білетін таланттың бірі – Асқар Егеубаев. Асқар ақындығымен
танылып, әдеби сынымен тұлғаланып, көне әдеби жәдігердерді аудару және
зерттеу арқылы қалам қайраткері дәрежесіне көтерілген шығармашылық иесі. Ол
осы қасиетімен де менің назарымды өзіне ерекше бұрды. Бұл – белгілі
қаламгер Серік Қирабаевтың Асқар ағамыз хақындағы жүрекжарды лебізі.
Иә, Асқар Егеубай - әдебиеттің барлық жанрында қалам тартқан қарымды
қаламгер, көрнекті ғалым. Әр дәуірдің өз перзентіне арқалатар ауыр жүгі
бар. Ол –табиғат талабы, өмір заңдылығы. Асқар Егеубай ағамыз сол өзіне
артылған заманының жүгін қуатты қаламымен, терең талғамымен абыройлы
атқарған азамат. ХХ ғасырдың басында Алаш арыстары Оян, қазақ! деп
ұрандаса, Асқар ағамыз Ойлан, қазақ! деп, елдің елдігін, ұлттық рух,
ұлттық мүдде мен мәдениетін сақтап қалу жолында барша қазақты ойлануға
шақырды...
Алыптың жүгі ауыр, жолы соқпақ,
Тектен-тек жүрген жоқ ел оны жоқтап... -
деп ақын ағамыз өзі жырлап кеткендей, бір адамның бойында осыншама
шығармашылық күштің шоғырлануы бүгін де сирек кездеседі. Кешегі алыптар
шоғырынан соң мұндай бесаспап қасиеттің қазіргі қоғамда сирек қылаң беріп
келе жатқанын жақсы білеміз. Бұл да артына өшпес асқаралы мұраларын
қалдырып кеткен Асқар Егеубаевтың шоқтықты тұлға болғанын аңдатады. Тау
алыстаған сайын биіктейді деген қағидаға құлақ қойсақ, екінші өмірі
басталған Асқаралы Асқар аға тұлғасының уақыт жылжыған сайын бұдан да
биіктеп, тұлғалана берері анық.

Тұлпар тұяғымен төгілген жыр

Поэзия ережеге табынбайды. Ол
азаматтың алдына тартар дайын
қағида да емес.Өз заңдылығы, өз
табиғаты бар,бітімі бөлек дүние!
Әдетте, әсемдікке, ұшқырлыққа құштарлық.
Соған тамсанамыз, көз тігіп, көңіл тігіп, көңіл
шіркінді елеңдеткіземіз. Поэзияны
да ұшқыр сәйгүлікке балап, делебімізден
дегбір қашқалы қай заман...

Асқар Егеубай

Поэзия - өзінше бір өмір. Өмір – Тәңір Поэзиясы. Жасампаз адамдар
ғана өмір сүреді. Басқалардікі – тірлік ету, күнелту, сайтанмен өрмек
құрысу.2
Асқар Егеубай кейбіреулер сияқты күнелту, құлқынның қамы үшін емес,
өнер үшін, өлең үшін өмір сүрді. Жаны да, жүрегі де өлең еді ол кісінің...
Оған дәлел ақынның нәзік те парасатты поэзиясы.
Ақындық парсатты ой мен сезім шебер астасқан жырдың қай кезде де
маңдайы жарқырап, таңғы шолпан жұлдыздай оқшау тұратыны мәлім. Ал ой мен
сезім құймасы көркем образға, жанды картинаға айналса, табиғаттың өзіндей
шынайы нағыз хас өлең бітімі де тек сонда жасалмақ. Көркем образы ой мсен
сезімге тұнып, ой мен сезімі жанды картинаға айналып жатқандай жайлар Асқар
ақынның шығармаларында да бар.
Алтайдың аяз қабақ боранындай,
Бұлттардан түбіт түтіп бұрқырасам,
Тоқсан тарап телефон торабындай,
Жалғауға жүректерді шырқырасам, -
дейді ақын Табиғат заңы өлеңінде (Құс жолы, 42-бет). Адам мен адам
түсінісу үшін телефон торабындай жүректерді жалғауға ынтыққан, соған
іңкәр болған лирикалық герой аңсарын құптамаса болмайды. Ақын дерексіз
ұғымды деректі затқа айналдырады, сөзбен бедерлеп сурет салады. Ал, ақын
Селсоқ жүрек атты өлеңіндегі өз жүрегіне бей-жай селсоқ соғысынан
қорқамын! - ақындық шамырқануы лирикалық меннің үнемі өз жүрегінің
тазалығы мен ыстық сезімін сақтауға тырысқандығын аңғартады. Мұндай
сыршылдық пікір тек ақындық мінезге ғана жарасатын сыршылдықтан туған.
Асқар ағамыздың поэзиядағы айтулы асуының бірі, дәлірек айтсақ, ол
кісінің өлең өлкесіндегі үлкен белесі – Аламан атты жыр жинағы. Мұнда
ақын өзінің өмірден түйген ойларын эпостық тыныспен жырлаған. Ақынның
тынысы ашылып, ел-жұртымен ашық сөйлесіп, өзінің де жан сырын жасқанбай
жария етеді. Ойлан, қазақ! атты ой дастаны өзінің құрылымы, тақырыбы,
поэтикалық пафосы жағынан алғанда қазақ поэзиясындағы тосын туынды.
Ол ой:
Ойлан, қазақ!
Ойлан, ойлан, ойлағын.
Тұлпар міндің, темір
міндің...
Ойға мін!
Ойға мін де, оянбаған
ойлардың,
Орман-орман орамына бойлағын, -
деп үндей отырып, ұлттық санамыздың даму жолындағы барлық тебіреністі
сәттерді еске ала толғанады.
Мұндағы басты лирикалық кейіпкер – Ой. Ұлтының тәуелсіздік жолындағы
өр рухын ой – ұшқын, ой – нала, ой – дауа, ой- дәт арқылы желіге
тарта отырып, тамырлы пәлсафалық түйіндер жасайды. Сол ойдың тереңіне
бойлап, астарына үңіледі. Ой туралы ой қозғай отырып, ұлтымыздың барлық
күйініш-сүйінішін сезіміңді шымырлата жеткізеді.
Асқар Құрмашұлының эпикалық алымды кең тынысы Аламан атты дастанында
да барынша жан-жақты көрінген. Оқи келе, дастанның негізгі тақырыбы –
Абайдың ұлы тойындағы аламан бәйгеде болған оқиға екендігіне куә болдық.
Талай адамның бойын шымырлатқан сол бір оқиғаға, ақын Асқар ақындық-
философиялық көзбен қараған. Онда мәреге жете бергенде аты зорығып өлген
жас баланың мақсатқа деген ұмтылысы бейнеленген. Зорыққан бәйгенің орнына
өзін-өзі қамшылаған бала көмбеден жүгіріп өтеді.Былай қарасақ, бір өлеңнің
де ауқымына сиятын тақырып сияқты. Алайда Асқар Егеубай ағамыз одан үлкен
мән іздейді және табады да. Дастанның құрылымы бәйгелер шауып өткендей алты
айналымға тақырыптас етіп бөлінген.Бұл жай айналым емес, өмірдің айналымы.
Өмір бойы шашасына шаң жұқтыртпай, алдына қылқұйрықтыны салып көрмеген
жүйріктің бақыты соңғы жүз қадам қалғанда байланып қалады. Бәйге – соныкі.
Бірақ бақыт – екінші келе жатқан сәйгүлікке бұйырады. Ақын Алты айналым
бойы аттың шабысын ғана суреттемейді, ол кісі ішкі жан дүниемен астасқан
психологиялық сурет жасайды. Бәйгеге де жаның ашиды. Бірақ, тағдырдың
опасыздығын білдіріп тұрған шешім баланың алғашқы ұлы аламан бәйгеге
қатысқанында бағының қайтқаны. Енді оған өмір қандай сыйын ұсынады?
Осы тұрғыда белгілі қаламгер Серік Қирабаев: Асқардың ақындық шабытын
қозғаған да сол бала тағдыры. Құлагерден кейін жүйрік туралы дастан
тумайтындай сезінуші едік. Мына Аламанды оқыған соң, өзгеше ойға қалдым.
Өмір де бәйге. Жүлде біреу. Бақ тұрақсыз. Бірақ сонда да адам өз бақыты
үшін жасымай күресе білуі керек. Жүгенді сыпырып ала сап жаяу көмбеден
жүгіріп өткен сол бала – тойдың Бас жүлдегері. Бұл – рухани жеңіс! - деп
толғанады.
Ақын өзінің дастанының соңында: Қаршадай бала-қазағым, жаныңа түскен
жастайын, жараңды қайтіп жазамын, - деп тебіренеді.
Енді бірқатар Қазақ қызы, Жеңеше, Көл мен қыз, Физика... немесе
ток күші тәрізді өлеңдері түрімен де, ойды жеткізу нақышымен де автор
мәнерін дәлелдейтін дүниелер.
Ұйқыдағы ару
емессің,
Джульетта да
демеспін.
Теңемен тіпті
Ләйліге
Келсе де сенің теңескің, -
деп басталатын Қазақ қызы өлеңінің қазақтың қызын басқаға, теңеуім керек
неге мен деп аяқталуы да жарасып тұр. Төрт шумақтық қана, өзіндік сюжеті
бар Жеңешедегі Шығыс әйелдеріне тән ұяңдық пен инабатты, сезім тазалығын,
халықтық дәстүр мен тұрмыс мінезін нәзік жеткізуі де ізденістің мәуесі.
Ал, Ертіс, Байбураның бораны, Зайсан, Ауыл әсерлері
өлеңдерінің негізгі өзегі – туған жерге деген махаббат, өскен ортасының
тылсым сырын нәзік жанмен түсіну. Төсінде аққу-қазын саңқылдатып, тербетіп
толқынын оятқан Ертіс, ақ аяздан от өрген, аязымен сілкіп алатын, алғашқы
махаббатымен жүздестірген Байбураның бораны, ауыл әсерлері жалпақ
табиғаттың көшірмесі, көрінісі емес. Табиғат пен адамның достығы,
бауырластығы шендестіріле келіп, жыр болып төгіледі.
Сондай-ақ, ақынның ана мен әкеге арналған базарлығы Тұсау кесер, Хан
сарайы бар екен.
Қауіптенбей,
Үрейленбей,
Сақтанбай –
Апыл-тапыл...Сәби жүрген шақ қандай,
Ол сүрінсе, тұлпар мінез жүрегің,
Бір уыс боп дірге құлап жатқандай.
Тірі сурет. Сәбидің алғашқы жүруге талпынған кезеңін бір сәтке көз
алдымызға елестетсек: ақынның ойымызды дөп басып, тірліктің күнделікті
күйбеңінде көп елене бермейтін бір сәті.
Тұсау кесер адамның көңіл-күйіне, сәбидің тіршілікке деген пәк
құштарлығына құрылса, Хан сарайы драмалық толғаныстарға толы, қысқа
сюжетті шығарма. Шығарма Су тәңірісінің халыққа жар салып, балдырғандар
жиналып сәулетті сарайлар салсын, жақсы салынғандарына сый беріледі деген
жарлығынан басталады. Дүбірлі жарыс десе қаны қызбас жан бар ма?
Балдырғандар бала қиялмен баспана салуда. Бірі – төрт, бірі – бестер
шамасындағы екі сәби де үш қабатты сарай соқты қатырып, төңірегін гүлмен,
көлмен көмкеріп. Шығарманың шарықтау шегі осы жерден басталып, адам
бойындағы әр түрлі қасиеттер жанды суретке айналады.
Хан сарайы! Күштіміз ғой қалашы!
Хан сарайы! - деп түзетті ағасы.
Бәріміз де таңдай қақатыұ, тамсандық:
Ең үздігі осы екеуі-ақ, шамасы... –
деп, ақын бас жүлдегерлер осылар екендігіне шүбә келтірмеді. Бірақ оқиға
ширыға келіп, кері сипат алады. Төрешілердің ұйғарымымен анасы, әкесі сарай
соғып, баласы тәттіні сорғандар алға шығады да, екі балдырған жүлде түгілі
көзге де ілінбей шетте қалады. Сарапшылар жәудіреген төрт көзді елемей, өз
балаларын мақтасады. Өзегін өрт тілгілеген ересегі хан сарайын қос қолдап
аспанға атады, әлі де болса пәк жүрегімен өз өнерін қимаған кішісі
шырылдап, қилатпашы деп ағасының білегіне жармасады.
Інісінің жасын көріп торықтым,
Ағасының түрін көріп – қорықтым...
Өз ойыншығын өзі таптап күйреткен,
Сәбилерге мен осылай жолықтым.

Екеуі үшін біз де бермей жеңістің,
Нептун шалдың жүлдесінен бөлістік.
Бала болып жылап қалды көк теңіз,
Бала болып тебіренді кеңістік.
Ақын тоғауын күрсіне бітіреді. Өлең ата-анаға үлкен ескертпе жасап
отыр. Бала көңілі пәк, таза. Оның шаттануы да, кір шалуы да оңай. Дұрыс
тәрбие – жақсы өмірге бастайды. Сондықтан адамгершіліктің әділ жібін
аттамайық ағайын дейді.
Асқар Егеубай мұнда білгішсініп, пәлсапа соғып тұрған жоқ. Көрген,
түйгендерін қорытындылап, өмірде кездесетін кейбір елеусіз күйкі тірлік
иелеріне соққы беріп, халық талқысына салып отыр.
Өлеңдерінен іздену, тынымсыз еңбектену іздері көп байқалатын ақын
поэма жанрында да еркін көсіледі. Қалам-қарымының қуаты, ұшқырлығы,
байсалдылығы да осы тұста көрініс беріп, салмақты да ойлы сипаты арта
түсетін секілді. Асқар Егеубайдың эпос саласындағы шығармалары өзі поэмаға
тән деп білетін, сыншы ретінде айтқан сипаттарға бай. Қырын ғұмыр ұлы
жазушы Мұхтар Әуезов өмірінің бір сәтін сәтті штрихпен ашқан, нақтылығы,
шыншылдығы басым лирикалық-философиялық поэма болса, Сфинкс - оқиғалы,
сюжетті желіге құрылған эпикалық туынды.
Әдетте, көрем шығармалар бәлен тақырыпқа арналған делініп жатады.
Бұның өзі туындыдағы белгілі оқиғаға, ол өтетін кезеңге баланысты айтылады.
Еңбектің көркемдік тұрғыдан көтерген, игерген мәселесін, айтпақ ойының
жүйесін анықтауда, оны ашуда тақырыптарға бөліп қарастырудың ғылыми
тұрғыдан тиімді екені анық. Бірақ талантты туынданы бір ғана тақырып
аясында талдау таршылық етуі де мүмкін. Себебі, шанайы өнер шығармасы сан
салалы жағдаяттардың шешімінің басын біріктіріп, айтар ойы тұрғысынан да
айдар тағылған бір тақырып төңірегінде сөз ету ауқымынан асып-төгіліп
жататыны бар. Асқар Егеубаевтың Сфинксі - осы қатардағы өзіндік бет-
бедері бар поэма. Оны соғыс тақырыбына арналған деп те атауға болар еді.
Өйткені осылардың қай-қайсысы да ондағы күретемыр арналар қатарына кіреді.

Кеудесі – адам, аяғы – төрт дөңгелек.
Темір ғасыр таңбасынан бар ма білген?...
Сфинксі – ХХ ғасырыңның,
Таразысы асыл менен жасығыңның,
Арман кетіп барады арба үстінде,
Жанарынан жамырап жасы мұңның.

Соғыс ардагерлері туралы айтылып та, жазылып та жүр. Талай-талай
өшпес еңбектер де туды. Ал Асқар Егеубайдың мына поэмасыбірден өзіндік жаңа
бітіммен, жаңа қырымен еріксіз назар аудартады.Сфинкс және арба мінген
соғыс ардагерлері. Немесе соғыс ардагерлері және сфинкс. Сфинкс – ежелгі
грек мифологиясындығы басы адам, денесі арыстан әрі құс қанатты тұлға.
Жұмбақ, жұмбақ адам мағынасында да қолданылады. Арба мінген соғыс мүгедегін
Сфинкс деп атау болған емес. Бұл – Асқар ағамыздың өзі тапқан теңеу. Ақын
сыртқы ұқсастықпен шектелмеген, кеудесі адам, төрт аяғы дөңгелек ХХ ғасыр
Сфинксінің, атом ғасырында соғыс дегеннің қандай қасірет екендігінің
символының бүгінгі күнгі өмірін, арманын, жан дүниесінің нәзік сырлы
қалтарысын ашуға күш салады.
Ақынның Сфинксі адамдықтың, адамгершіліктің, адалдықтың
сарапшысындай. Оның барша әрекеті, тыныс-тіршілігінің бет-бағдары мына
бақытты өмірді қорғап қалу қаншалықты қиындыққа түскенін ғана емес, қазіргі
соғыс көрмеген жандардың рухани келбетін айқындайтын адамдықты безбендейтін
таразы да секілді. Осы ойды автор поэмада диалог, киноға тән көріністер
арқылы ашуға күш салады. Кинокадр секілді магазин алдынына өтіп бара жатқан
өмірдің өз суреті (қаралы шеру салтанаты) магазин ішінде көз салып тұрған
әр түрлі адамдарға түрлі-түрлі әсер ететіні берілетін жолдар, автобустағы
Бұжбанқараның бес тиындық қулығы Сфинкстің дүниетанымына қарама қарсы
алынады. Дүниені фашистік өрттен қорғаған солдат психологиясы мен қазіргі
кейбір мещандардың тоғышарлық көзқарасы кереғар түсіп жатады. Жер бетіндегі
балалардың бақытын қорғаушының қазіргі ғаріптігіне қарамай өзі күтіп тұрып,
кезектен тыс аяғы ауыр әйелдерді, жас балаларды алдынан жіберуіне
Бұжбанқара секілділер іштей наразы да. Негізгі авторлық идея адамдықтың
әрқашан адамдық тұғырынан таймауын асқақтата көрсету болса, ол негізінен
орындалған деуге болады.
Поэмада драмалық шығармаларға тән диалог, астарлы әзіл, әжуа және
лирикалық-публицистикалық әуен кезектесіп, кейде аралысып келіп отырады.
Соңғы бөлім Тебіреністегі публицистикалық лепте саяси-әлеуметтік,
азаматтық проблемаларды, өмір мәні, жақсылық пен жамандық жөнінідегі
толғаныс басым. Бұл бірде авторлық баяндауда, енді бірде авторлық менде,
үшінші ретте Сфинкстің толғанысы ретінде көрініп отырады. Эпикалық кең
тыныспен айтылып келе жатқан Бәрі де бар: асар жалғыз басынан... - деген
жолдар бірден автордың жан тебіренісіне, толқыған жан күінішінің сырына
айналып жүре береді. Ол әрі поэмадағы оқиға барысында ақынның тікелей өз
атынан айтылған сынындай қабылданады.
Кешіріңіз,
Ешбірі де жетпейді.
Мейіріңді, алтыныңды төк мейлі,
Туындай тік төбеңе ұстап өт мейлі,
Жанға түскен тағдыр табы
кеипейді.
Поэма үшін оқиғаның өтуін жырлап шығу жеткіліксіз. Онда
лирикалық, публицистикалық леп, кейіпкер монологы, диалог барған сайын нық
орнығып келеді. Асқар Егеубаевтың Сфинксінде де кейіпкер болмысын ашатын
монолог бар.
Адаммын мен. Жалғыз бақыт бар онда.
Таза ауада таза болсын сарайың.
Сау сезіммен жүру мәңгі араңда
Құдірет қой, құдірет қой ағайын.
Адам көңілін кір басып, жан сарайының жабық қалуы, азаматтық ары
мұқалып, сезімнің топастануы – рухани кемтарлық. Ал бұл мүгедектік оның өз
қарақан басынан асып төгілсе, төңірегіндегі, қала берді, дүниедегі қайғы
қасіреттің өзіне айналуы таңданарлық іс емес. Сезімнің саулығы дегеніңіз,
айналып келгенде, осылайша адамдықтың, өмірдегі әділеттің саулығы,
мәңгілігі болып шығады. Поэмадағы кейіпкердің қимыл-әрекеті, ішкі әлемінің
молдір байлығын пайымдататын оғарыда аталған монологы ғибрат етеді.
Тек бұл поэма ғана емес, Асқар ағамыздың асқаралы поэзиясының барлық
бомыс-табиғаты осы сынды алдымыздае жолығымып өмірдің әр сынағынан сүрінбей
өтуге, адамгершілікті әрдайым биікте ұстауға үйрететін қасиеттер мен
ғибратқа толы.

Жұлдыздар із тастап ағады...

ХІ ғасырда өмір сүрген Баласағұн сол дәуірдің аса маңызды әдеби
ескерткіштерінің бірі әрі бірегейі –Құтты білік (Құт дарытатын білім)
еңбегін жазды. Ол Орталық Азиядағы тжеткен тұұңғыш туындысы.
...Махмұт Қашқаридың Диуани-лұғат-ат-түрік (Түрік сөздерінің
жинағы) атты еңбегінің де құндылығы өте жоғары. Бұл еңбек тіл білімі
тарихына орасан зор үлес қосып қана қойған жоқ, сонымен қатар түркі тілдес
халықтардың тұрмысының, мінез-құлқының тарихынан мол мағлұмат беретін баға
жетпес ескерткішке айналды.
Ол, сондай-ақ, орта ғасырдағы табиғи жаратылыс жөніндегі ғылыми
көзқарастан да хабардар етеді.
(Нұрсұлтан Назарбаев. Тарих тоқынында. Алматы: Атамұра, 1999.)

Иә, ХІ ғасырда түркілер елі – Түркістанның мәдени даму дәежесі биік
тұрғанын сипаттайтын жәдігерлер аз емес. Дәл осы ғасыр ішінде түріктер
әлемі дүние жүзінде теңдесі жоқ екі шығарма жаратқанын мақтан ете алады.
Олар: Махмұт Қашқаридың Түркі тілдерінің сөздігі мен Жүсіп Баласағұнның
Құтадғу білігі. Мұның біріншісі – түрік тілдерінің таралу өрісін,
табиғатын, ерекшелігін баяндаған бірегей ғылыми еңбек болса, екіншісі – сол
дәуірдегі мемлекет, ел басқарудың міндеттері мен шарттарын назым-өлеңмен
шежірелеген дидактикалық дастан.
Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастаны туралы әдебиет тарихы
кітаптарында аталып келгені болмаса, қалың жұртшылықтың қолына ұсынарлық
жеке қазақша басылым болмай кегені де белгілі. Міне, осындай тарих
алдындағы тағылымды дүниенің тізігінін қолына алып, аса жауапты да маңызды
іске тәуекел етіп ең алғаш рет тарихи-дидактикалық дастан Құтты білікті
қазақ тіліне тәржімалап, 1986 жылы Жазушы баспасынан Құтты білік деген
атаумен жарық көруіне тікелей себепші болған белгілі ақын, сұңғыла сыншы
Асқар Егеубаев ағамыздың орасан зор еңбегі болашақ ұрпаққа үлгі боларлықтай-
ақ. Асқар Егеубаевтың көне түрік тіліндегі көлемі 14 мың жолдық дастанның
көркем аудармасын жасауы ризалықпен атап көрсететін жұмыс.
Зерттеушілер,әдетте, көптеген жылдарын сарп етіп, аса мол дайындықпен
кірісетін іске қазақ ақынының тәуекел етуі, дастанның толық нұсқасын қазақ
әдеби тілімен қайта сөйлетуі мақсаттылықты да, тегеурінділікті де
танытады.
... 1986 жылы желтоқсанда... Иә, сол айдың алдында қыс ішінде
Алматыда күн күркіреді. Жасын жарқылдады. Аспан әр тұстан қызғылт рең
таратып, жүректі тіптен өрекпітті. Қоғам қойнауындағы қайсыбір тылсым
процесстерді кейде табиғат жарықтықтың алдымен сезінетіні бар ғой. Апырай,
бұл неге көрінді екен? деп біріз жүрдік. Ақыры, табиғаттың ол адуын мінезі
де ұмытыла бастағанда, әйгілі желтоқсан оқиғасы бұрқ ете түсті. Бұл
оқиғаның басы қатты, аяғы тәтті болып, еліміз егемендік алды. Бір қызығы,
қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі қарсаңында және бір жаңалық бой
көрсеткен-тін. Бірақ, ол бастапқыда елусіз қалды. Сол желтоқсанның
аласапыранында қазақ жеріне түркі текті бабаларымыздың бірі – Жүсіп
Баласағұнның өзі келіп, аян бергендей болды: Уа, жұртым, желтоқсан ызғары
арқаларыңа аяздай батты-ау! Ұнжырғаларың түспесін, қаһарлы қыстан соң
көрікті көктем келеді! деп, қазақтың басына түскен түнекті түріп
жібергендей сәуле шашты. Ол сәуле – атақты Құтты білік еді.
Қаншама жылдар бойы ойға алынбаған, қазақ даласында хатқа түссе де,
қолымызға тимей жүрген, әлемге әйгілі дастан бұл жолы ана тілімізде сөйлей
келді. Оны ана тілімізде сөйлетуші ақын Асқар Егеубай екені оқырман қауымға
жақсы мәлім. Сөйтіп, осының алдында Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының
лауреаты атанған жас ақын өлең-жырдың түп тамырына бойлап, сонау көне
ғасырлар қойнауынан қазына қопарып әкеліп, оқырман жұртшылықты бір қуантты.
Жай аударма емес, ақындық талантпен қатар, ғалымның көз майын тауысып ұзақ
жылдар бойы сарылып еңбектенгенін тілейтін істі қажусыз жігермен аяқтап
шыққан-тын.
Ел-жұрты да Баласағұндай бабасының сөзіне сусап отыр екен. Таралымы
жеті мың дана кітап араға ай салмай, лезде сатылып кетеді. Ендігі бір сәтте
Асқар Егеубай М.Әуезов мұражайы қасындағы Халықтық мәдениет университетінің
мінберінде сөйлеп тұрды. Ғалымдар, жазушы, журналистер, оқырмандар
табандтқан төрт сағат бойы тапжылмай отырып, жас зерттеуші, ақынның Жүсіп
Баласағұн туралы толғамдарын тыңдады.
Асқардың жасы жас болғанымен, уақытқа арақашықтығы жағынан кәрі-
құртаңға бергісіз. Бос уақыты тіптен жоқ. Кейде жоғары оқу орнының
оқытушысы, бірде шенеунік, бірде баспагер, бірде газет-журнал тілшісі бола
жүре, алдына бір мақсат қойып алады да, содан көз жазбайды. Соншама жұмыс
басты болып жүрсе де, қалай үлгеретінін білмейсің! Ж. Баласағұн дастаны
бойынша кандидиттық диссертация қорғап шықты.
Уақыты өлшеулі, асығыс жүрсе де, үстірттікті білмейді, әр ісіне
мұқият. Сондықтан қолынан өткен ісі сапалы шығады. Баласағұнды аударып,
басқа жұмыстарын өндіріп атқарып жүргені бізді ғана мойындатып отырған жоқ.
Жақсы атағы елімізден сырт жерлерге де жайыла бастады. Айталық, Пекиннің
Ұлттар баспасы Құтты білікті қазақ тілінде араб әліпбиімен жариялап
жатса, Асқар Егеубай еңбегінің абыройы оның енді өзінікі ғана емес екені
түсінікті 5 Бұл – Асқар ағамыздың замандасы әрі әріптесі Шериаздан
Елеукеновтың лебізі.
Иә, ұлт мұрасын жандандырып, заманымызға қайта әкелу жолында Асқар
ағамыздың еткен еңбегі орасан зор. Ерен еңбек – үлкен құрметке де лайық!
Әсіресе, түркі дәуірінің ең ірі ескеркіштері, рухани мұрамыз Жүсіп
Баласағұнның Құтты білігі мен Махмұт Қашқаридың Түркі тілдерінің
сөздігін қазақ тілінде сөйлетуі – Асқар ағамыздың халқына, болашақ ұрпаққа
жасаған үлкен ерлігі деп бағалауға әбден лайық. Осы үлкен екі аударма
еңбектер арқылы қалың қазақ оқырманы тағы да өздері сырттай ғана естіп,
біліп жүрген түркі тарихының маңызды ескерткіштерін қолға тигізді. Көп
жылдар бойы зерттеу ісінің қорытындысындай Ж.Баласағұнның Құтты білігін
ана тілімізде сөйлету үшін зерттеушілікпен қатар ақындық қасиеттің де қажет
екендігі мәлім. Поэтикалық ақылмандық трактатты тек жолма-жол, не мағыналық
аудару, әлбетте, бізді қанағаттандырмайтыны айдан анық. Осы тұрғыда Асқар
Егеубайдың ғылыми зерттеуді ақындық шеберлікпен ұштастыруы Құтты біліктің
қазақ қауымы ортасындағы жаңа өмірін жалғастырды.
Кітапты оқыған сайын қарапайым даналығымен таңдандырып үйіре беретін,
халықтың елдігін, өнері мен сезім кереметін ұғындыра түсетін осы ұлы
жазудың қасиеті – көне мәдениетімізді, оның ішінде осыдан он ғасыр бұрын
ғұмыр кешкен бабамыздың ұлылығын, даналығын,сана-сезім, салт-
дәстүрлеріміздің ата-тегін қолмен қойғандай айқын маңзеп беретіндігі. Әр
жолдарына үңілген сайын туған елдің, өскен жердің рухани байлығының өшпес
қайнар көздерін сезіне түсесің.
Кітап атын Құтадғу білік қойдым –
Құтын тұтсын оқушым білікті ойдың! –
дейді Баласағұн қаласынан шыққан ұлы ойшыл Жүсіп дастанның алғашқы
тарауларында. Он ғасырдай бұрынғы ой-толғам нәрінің күні бүгінге дейін желі
тартып жоғалмай жетуі халық даналығының, халық әдебиетінің қаншалықты
кемелденгенін, сол кездің өзінде-ақ жан-жақты дамығандығын көрсетеді.
Таяқ еттен, сөз сүйектен
өтеді,
Сөз қалады, таяқ тады
кетеді...

Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас,
Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас!
Құтты білікте еліміздің тікелей мол мұрасы дерлік қанатты сөздер,
даналық ұғымдар әр беттен-ақ ұшыраса кетеді. Ішкі иірімдері, мән-мағынасы
жүрекке жылы тиіп, тілге орала қалады. Даналық та, хас шеберлік те осы
болса керек.
Құтты білік - халықтың құты, ырысы болған ілім. Қария дала төсінде
не өтпеді, не болмады. Талай шаһарлар, талай сарайлар із-тозсыз жоғалды.
Талай ғалымдар, жиһангер баһадүрлер атаусыз өтті. Құтты білік қана он
ғасырлық ұлан-асуды асып, қолымызға қайыра тиіп отыр.
Тәржіма жасаушы, яғни Асқар Егеубай ағамыздың аталмыш еңбекті аудару
барысында орыс, өзбек, ұйғыр тілдеріндегі аудармаларымен салыстырып,
шығарманың ерекше бітімін жақсы түсініп, оның поэзиялық ажарын, көркемдік
қуатын жасытпауға, көркем жеткізу жолында аянбай еңбектенгенін байқауға
болады. Бұған дейінгі аудармалардың ішіндегі ең толығы 1983 жылы С.Н.Иванов
аударған Благодатное знание аталатын орыс тіліндегі баламысымен салыстыра
отырып, Құтты білікті өз үддесінен шықты деп ой қорытуға толықтай негіз
бар.
Мұндай күрделі туындыны қолға алу үшін тек қана тәуекелге бару аздық
етеді. Ол үшін ішкі дайындық, үлкен білім, асқан табандылық қажет.
Атқарылған қыруар істің нәтижесін көре отырып, Асқар ағамыздың Құтты
білікті аудару ісіне өте жауапкешілікпен келгендігін аңғаруға болады.
Ежелгі, көне түркі тіліндегі нұсқасын зерттеп барып, бұрынғы-соңғы
зерттеулерді зерделей отырып кірісті. Мұның өзі ежелгі рухани мұрамыздың
көркем аударылуына, оның түпнұсқаға барынша деңгейлес, әрі ондағы айтылған
ойлардың дәлме-дәл жетуіне себебін тигізді. Кезінде оны сынап-мінегендердің
де болғандығына аталмыш аударманы зерттеу барысында баспасөз беттерінде
жарияланған мақалаларға үңілу арқылы куә болдық. Бірақ та, адал еңбек
адамды қашанда қиянаттан ақтап алады емес пе? Қазір Асқар ағамыздың бұл
еңбегі өзінің лайықты құрметті орнын иеленді. Бүгінде Құтты білік
түркітану саласындағы аса құнды аударманың бірі ретінде бағаланып, шет
елдерде де жарық көруде. Сый қылсаң, сыпыра қал демей ме? Аудармашы тек
қана Баласағұнның дастанын ғана аударумен ғана шектеліп қалған жоқ, оған
жан-жақты талдау жасаған Кісілік кітабы атты монография да жазылып шықты.
Асқар Құрмашұлының аудармасы мен монографиясының нәтижесінде қазақ
ғалымдары Баласағұнның мұраларын тереңдете зерттеуге, оқулықтарға кіргізуге
мүмкіндік алды.
Асқар ағамыз өзінің түркология саласындағы сәтті қадамын одан әрі
тереңдете жалғастырды. Махмұт Қашқаридың сегіз кітаптан тұратын атақты
Диуани-лұғат-ит-түрік атты сөздігін үш том етіп қазақ тіліне аударып
шығуы - әдебиеттану мен түркология салаындағы үлкен жетістігіміз. Бұл
басылымның ерекшелігі – онда көне түркі тіліндегі нұсқамен қоса қазақша
мәтіні қатар берілген. Және араб ғарпіндегі үлгісі де көрсетілген. Бұл
үлкен ғылыми зердемен қоса табандылықты да тілейтін күрделі де жауапты
жұмыс. Асқар Егеубай сондай еңбекті өте зерделілікпен, ғалымдық парасат-
пайыммен атқарып шықты. Сондай-ақ, кітаптың ғылыми түсіндірмесінің дербес
зерттеу деңгейінде жүзеге асырылуының өзі – тынымсыз еңбек пен үлкен
жауапкершіліктің арқасында жүзеге асырылғанының арқасы болса керек.
Махмұт Қашқари еңбегінде түркі жерінің табиғаты мен тарихын танытарлық
мағлұматтар көп екендігі аян. Ономасиология, топонимика, этноботаника,
этология, этнология, этика мен этногенез сынды қазіргі заманғы танымал
ғылым салалары бойынша сан-салалы деректер араласып жүр. Міне, осылардың
барлығына Асқар Егеубай ғылыми тұрғыдан лайықты талдау жасайды. Өзінше
талдап, саралап, сұрыптап көрсетеді. Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиетінің
көркемдік жүйесі кітабында ол кісі: ...ұлт, ұлыстар мен халықтардың
аталуына қатысты (ономасиология): топонимика туралы; түркі жұртының шығу
тегіне қатысты (этногенез); имандылық, кісілік әдеп, салт-дәстүр
тәртіптеріне қатысты (этика); түрік жұртының өсімдіктері жайлы жүйелі түрде
түзілген таным-біліміне (этноботаника); және жан-жануарлар табиғаты
ұғымдарына (этология) қатысты; салт-дәстүрі мен сөз өнеріне қатысты
сипаттарын тұжырымдап түйдік деп жазыпты. Және сол салалар бойынша
мысалдар келтіріп, ой толғамдарын өрбітеді. Сондай ғылыми талдаулардың
қорытындысы іспетті өз ойларын да ұсынады. Түркі нәсілді жұрттың қырықтан
астам ұлыстары тарихи себептерге орай ономасиология тарапында қайта оралып
соғып, ортақ қорытындылар жасап үлгірген жоқ. Асқар Егеубайдың бұл
пікірінің астары тереңге бастайды. Демек, түркі дүниесінің онимасиология
саласындағы ортақ білім қорын жасақтау қажет деген сөз. Яғни, Жүсіп
Баласағұн, Махмұт Қашқари секілді түркі ғұламаларының бай мұрасының түпкі
өзегі түркі дүниесінің ортақ тарихына, ортақ тіл заңдылықтарына, ортақ
мәдениеті мен өркениет шарттарына бастайды. Ал соның бәрін көзінен тізіп
салмақтап саралау түркі әлемінің ортақ тұғырлы тарихи танымдық өзегін түзу,
айналып келгенде, қазақ әлемінің де қара шаңырағын айқындай түспек.
Асқар Егеубай бұл жерде қазір ғылым алдына қойылып отырған өркенді
бағытты мегзеген. Ал ондай қадірлі сөз, қымбат деректер Құтты білікте де,
Түркі сөздігінде де баршылық. Әсіресе, Махмұт Қашқари сөздігінде
этноботаникаға қатысты әңгімелер, талдаулар аса көп. Мысалы, Барақ сөзіне
қатысты түркілердің аңыз, нанымдарында бүркіт қартайғанда екі жұмыртқа
тауып, соларды басады сол жұмыртқаның бірінен барақ шығады екен. Иттің ең
ұшқыр, алғыры, аңшы итінің ең мықтысы осы барақ иттер болады екен. Екінші
жұмыртқадан бүркіттің балапаны шығады екен, бұл оның ақырғы балапаны болады-
мыс деген дерек бар. Ертіс секілді үлкен дарияның атауы қайдан шыққанын да
осыдан байқаймыз. Махмұт Қашқари кітабында: Ертіс – Иемек даласындаңғы бір
өзеннің аты. Бірнеше тармақты бұл дария сол жердегі бір көлге құяды.
Дарияны Ертіс суы деп атайды. Осы судан өтерде кім тез өтеді деген
мағынадағы Ертіс сөзінен алынған атау деп, немесе Кенд – кент, шаһар
деп түсіндіріп талдап берген. Ордакент, Өзкент, Семізкент (Самарқанд –
парсыша) секілді қала аттарының атауларына да талдау жасалған.
Сондай-ақ, Түркі сөздігіндегі көп-көп мақал-мәтелдер де поэтикалық
құрылымымен, көркемдік эстетикалық кестесімен, сөз саптау салтымен ана
тілімізде күні бүгінге дейін сақталған. Мәселен, Ымды білсе, ер өлмес,
Еріншекке есік асу болар, Халықта түгесілу болмайды, Аушы қанша айла
білсе, Аяқ сонша жол біледі, Қорада лақ туса, арықта шөп өсер, Өгіздің
аяғы болғанша, бұзаудың басы болса игі, Ауыз жесе, көз ұялар, Әдеп басы
– тіл, Аш не жемес, тоқ не демес, Итке ұят бітсе, ұлтанды жаламас,
Лақ – жіліксіз, жас бала – біліксіз, Алып ерді жасытпа, жүйріктің
арқасын алдырма, Ұлылық тәңірге тән, Ет тырнақтан ажырымас, Ит –
қаппас деме, ат теппес деме, Екі бура егессе, ортасында шыбын жаншылар,
Қарға қазға еліктесе, аяғы сынар, Құздан қар кетпес, қойдан май кетпес,
Қос қылыш қынға сыймас, Құл - дұшпан, ит – бөрі, Балықтың өзі - суда,
көзі – тыста және тағы басқалар.
Бұл мысалдардың барлығы да Асқар ағамыз аударған М.Қашқаридың Түрік
сөздігінен алынған мысалдар. Ал, Батыр – жауда, дана дауда сыналар
дегенге не дер едіңіз. Бұл мысалдарды келтірудегі мақсат – тек қана сөз бен
сөздің қайталануы емес, танымдық жүйенің тұтастығына да назар аудару.
Көсеу ұзын болса, қол күймейді деседі екен түркі бабаларымыз. Осы
мысалдардың басында Ым деген сөз аталады.Оның да өзіндік ұғымы бар.
Кітаптардағы түсіндірмелерге қарайтын болсақ, кәдімгі қазақ ұңымдарындағы
ым осы. Бұл сөзді Махмұт Қашқари әскери термин ретінде түсіндіреді, жорық
кезінде қолбасылар бірін-бірі танымай қалмау үшін өзара келісілген белгімен
жасайды, соны ым деп атайды дейді. Сол ым қазақ ұғымында әлі де бар.
Осындай дәлелдерден кейін де аталмыш еңбектің тарихи маңызын аңғара
беруге болатын шығар. Түркі сөздігі қазіргі қазақ тілінің ерекшеліктерін,
мол шығармашылық мүмкіндіктерін тарихи тұрғыдан дәлелдеп берген мұрамыз.
Зерттеуші: Диуани лұғат-ит-түрік - түрк өркениетінің алтын кілті, - деп,
орынды қорытынды жасаған.
Диуани лұғат-ит-түрік түркі халықтарының тұңғыш сөздігі, тіл
энциклопедиясы, тіл таныту оқулығы. Ондағы материалдарды, өлеңдер мен мақал-
мәтелдерді, қанатты сөздерді, жырлар, аңыздарды Асқар Егеубай аса
құбылтпай, сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Асқар Егеубаев - публицист
Шу өңірінің тарихын білеміз бе?
Қазақ әдебиеттану ғылымы және М. Әуезовтың жаңашылдығы
Қазақ тілі газеті
Алаш қозғалысына қатысқан Кереку өңірінің қайраткерлерінің ұлтшылдығы
Махмұд Қашқаридің өмірі мен шығармашылығы
Махмұт Қашқаридың өмірі, қоғамдық қызметі мен шығармашылығы
Қазіргі қазақ поэзиясы
Ахмет Байтұрсынов өмірі мен шығармалары
Әуезов шығармашылығы әлем әдебиеті контексінде
Пәндер