Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестігін арттыру механизмі



Кріспе
Негізгі бөлім
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІН АРТТЫРУ МЕХАНИЗМІ
1. «Қызыл Жарң өндірістік кооперативінің экономикалық жағдайын
талдау
2. Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
3. Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Ауыл шаруашылығы өндірістері «Қазақстан-2030ң стратегиясында көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: Тек шикізатқа ғана бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін, инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей қарама-қарсы жүріп барады.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым. Жұмыс обьектісі болып «Қызыл Жарң ӨК-і табылады.
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− «Қызыл Жарң ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы өнімнің сапасын арттырудың мәні анықталады. Өнім сапасына әсер ететін факторлар анықталып, олардың өндірілетін өнімнің сапасындағы атқаратын қызметі, сондай-ақ олардың түрлері, олардың түрлерінің сапаның атқаратын ортасына қарай топталып, жіктелуіне толық сипаттама беріледі.
Екінші тарауда ауыл шаруашылығыны өнімдерін өндіру саласында ондаған жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан «Қызыл Жарң ӨК-не жалпы сипаттама беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасына баға беріліп, оны арттырудың жолдары қарастырылады. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің бәсекелік көрсеткіштеріне талдау жасалады.
1. 2003-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілер жинағы, 2002, №30.
2. Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. ҚР-ның Президентінің үкімімен 2001 жылдың 4 желтоқсанында расталған, №735, Астана 2001.
3. ҚР-ның Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік, саяси даму жолындаң, «Егемен Қазақстанң 2005, 18 ақпан.
4. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа заман – Жаңа экономикаң //, «Егемен Қазақстанң 2004, 16 желтоқсан.
5. «Стандарттау мен сертификаттау туралың ҚР-ның Заңы // «Егемен Қазақстанң // 1993, 17 ақпан.
6. Нұрпейісова А.С. Кластерлік талдау – микродеңгейде бәсекелік қабілетті басқару базасы // «ҚазЭУ Жаршысың, «Экономикаң 2004, №3, 72-76 беттер.
7. Айманбетов Н.Е. «Агрономияң 2000, «Алматың, 46-69 беттер.
8. Тағы да миллиард пұт астық // «Казахстанская правдаң 2004, №6, 22 қаңтар.
9. Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 1982.
10. Завьялов П.С., Демидов В.Е. Формула успеха - маркетинг (100 вопросов – 100 ответов о том, как эффективно действовать на внешнем рынке. – 2-е изд., перераб. и доп. –М.: Международные отношения, 2001.
11. Исаева М.Г., Жихарева В.И., Баймагамбетов Г.А. Продовольствен-ный комплекс: формирование и развитие.- М.: Агропромиздат. – 1998.
12. Маркетинг: Учебник /А.Н.Романов, Ю.Ю.Корлюгов, С.А.Красильников и др.; под ред. А.Н.Романова - М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 2000.
13. Минин Б.А. Уровень качества. Социально- экономические вопросы оценки качества и защита потребителя.-М.: Изд-во стандартов, 2002.
14. Ряполов А.Ф. Сертификация. Методология и практика.- М.: Изд-во стандартов, 1987.
15. Стефанюк А.И. Реконструкция и техническое перевооружение предприятий пищевой промышленности.- М.: Агропромиздат, 1999.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кріспе
Негізгі бөлім
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІН АРТТЫРУ МЕХАНИЗМІ
1. Қызыл Жарң өндірістік кооперативінің экономикалық жағдайын
талдау
2. Кәсіпорында өндірілетін өнімнің сапасын бағалау
3. Өндірілген өнімнің бәсекелік көрсеткіштерін талдау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірістері Қазақстан-2030ң стратегиясында
көрсетілген басым салалардың бірі болып табылады: Тек шикізатқа ғана
бағдарланған ел болып қалмау үшін біз жеңіл және тамақ өнеркәібін,
инфрақұрылымды, мұнай мен газ өңдеуді, химия мен мұнай химиясын, машина
жасаудың жекелеген шағын салаларын, ғылымды қажет ететін түпкілікті
өндірістері, қызмет көрсету саласын, туризмді бұрынғыдан да ілгері
қарқынмен дамытуға тиіспіз. Қазіргі бәтуәгер импорт кезіндегі қатаң
бәсекелестік жағдайында өндірістер мен бүтіндей салалардың нарыққа
бейімделу үрдісі жүріп жатқан кезде, біздің шикізаттан басқа өнімдеріміз
бәсекеге түсе алмайтын кезде біз өндірістің ауыр шикізаттық құрылымына
қарай құлдырай береміз, ал бүкіл өркениетті және дамушы әлем бұған тікелей
қарама-қарсы жүріп барады.
Тоғыз жолдың торабында орналасқандықтан, шекарамыздың өн бойында өз
өнімімізді өткізудің аса ірі нарықтарының орасан зор әлеуетіне ие болып
отырмыз. Таяу жатқан сиымдылығы екі миллиард адамға жуық нарықтардың, бірен-
сарандары болмаса, қалған кез-келгені Қазақстан өнімдерін, әлбетте, оның
сапасы халықаралық стандарттарға сай болған және тиісті көлік арналары
дамыған жағдайда жуытып қоюға қабілетті. Бұл көршілер-Ресей, Қытай және
Ислам мен Орталық Азия мемлекеттерінің тобы, Таяу Шығыс елдері-тарихи
тұрғыда маңызды әлемдік орталықтар болып табылады.
Осы факторларды есепке ала, жұмысымның мақсаты ретінде Қазақстанның
ауыл шаруашылығы саласында көрсетілетін қызмет пен өндірілетін ауыл
шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырудың жолдарын қарастыруды алдым.
Жұмыс обьектісі болып Қызыл Жарң ӨК-і табылады.
Міндеттері ретінде :
− өнімнің сапасын арттырудың нарықтық экономика жағдайындағы мәнін
анықтау;
− импорт алмастыру саясатының маңызын ашу;
− ауыл шаруашылық өнімдері нарығының Қазақстандағы дамуын талдау;
− Қызыл Жарң ӨК-не жалпы сипаттама беріп, оның қаржылық жағдайын
бағалау;
− кәсіпорын өндіретін өнімінің сапасын бағалау;
− Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласындағы көрсетілетін қызмет пен
өндірілетін өнімдердің сапасын арттырудың жолдарын қарастыру сияқты
мәселелерді зерттеу, баға беру, ұсыныстар жасау болып табылады.
Бірінші тарауда өнімнің сапасын арттырудың теориялық мәселелері
қарастырылады. Оны арттыруға әсер ететін факторларға және реттейтін
заңдарға қысқаша тоқталып өтеміз. Бәсекелік қабілетті анықтаушының бірі
сапа көрсеткіштеріне толық сипаттама беріледі. Бүкіл әлемдік сауда ұйымына
кіру алдындағы өнімнің сапасын арттырудың мәні анықталады. Өнім сапасына
әсер ететін факторлар анықталып, олардың өндірілетін өнімнің сапасындағы
атқаратын қызметі, сондай-ақ олардың түрлері, олардың түрлерінің сапаның
атқаратын ортасына қарай топталып, жіктелуіне толық сипаттама беріледі.
Екінші тарауда ауыл шаруашылығыны өнімдерін өндіру саласында ондаған
жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан Қызыл Жарң ӨК-не жалпы сипаттама
беріліп, қаржылық-экономикалық жағдайына талдау жасалады. Кәсіпорын
өндіретін өнімінің сапасына баға беріліп, оны арттырудың жолдары
қарастырылады. Сондай-ақ көрсетілетін қызмет пен өндірілетін өнімдердің
бәсекелік көрсеткіштеріне талдау жасалады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ БӘСЕКЕЛЕСТІГІН АРТТЫРУ МЕХАНИЗМІ

1. Қызыл Жарң ӨК-нің экономикалық жағдайын талдау
Қызыл Жарң ӨК–і 1995 жылдың 27 наурызында аудандық әкімшіліктің
басшылығының пәрменімен ұйымдастырылған.
Бұл кәсіпорын толық түрде өзін-өзі қаржыландыратын, пайда табуға
мақсатталған мекеме.
Қызыл Жарң ӨК–і заңды тұлға болып табылады. Өзіндік басшысы, мөрі,
тауарлық белгісі бар.
Қызыл Жарң ӨК–нің негізгі қызметі ауыл шаруашылығында егіншілік
саласымен айналысып қана қоймай оны жинау, сақтау, тазалау, өңдеу, жөнелту
сияқты сонымен қатар асыл тұқымды мал өсірумен айналысып, мыңға жуық
адамды еңбекпен қамтиды.
Қызмет түрлері шет елдердегі, сондай-ақ өзіміздегі ауыл шаруашылық
өнімдеріне жоғары сұраныстың болуына орай туындаған.
Қызыл Жарң ӨК –нің жағдайы біршама тұрақты.
Бұл кәсіпорын Алматы Облысы әкімінің нөмірі 159-1958-ӨК 28.01.99
жылғы бұйрығымен тіркелген.

Қызыл Жарң ӨК–і серіктестік болып табылатындықтан басқару жүйесі
белгіленген кәсіпорын жарғысына байланысты бекітілген.
Кәсіпорынның жоғарғы брасқару органына – жылына төрт рет маусымдық
есеп беріледі. Кәсіпорынның ағымды өндірістік-шаруашылық және қаржылық
қызметін кәсіпорын басшылығы жүзеге асырады.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы деп орындалатын технологиялық
процестерге тәуелді кәсіпорындарды бөліктерге бөлу процессін айтамыз.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы – бұл өзара байланысқан негізгі,
көмекші және қызмет етуші шаруашылықтардың жиынтығы. Жалпы кішігірім
кәсіпорын цехқа және жұмыс орнына бөлінеді.
Қызыл Жарң ӨК–нің өндірістік құрылымы келесі нұсқада көрсетілген.
Кәсіпорынның меншігін басқару органы ретінде кәсіпорын басқармасы
құрылған, ол жеті бөліктен тұрады. Кәсіпорын басқармасының қызметін
ревизиялық комиссия бақылайды.
Қазіргі нарық жағдайында еліміздің кез-келген кәсіпорыны сияқты Қызыл Жарң
ӨК–і де жүйелі жұмыс жасауға әрекет етуде.
Тазалау цехтарында әр тараптан алынған тапсырыстарды орындау, сұрыптау
цехі, орамалау цехі және қоймалар негізгі өндірістің жүйелі жүруіне ықпал
етіп отырады.
Кәсіпорынның даму тарихында айтып өткеніміздей басқару жүйесі басқарма
кеңесінен тұрады. Тікелей басшылықты директор атқарады. Өндірістік бөлім
өнімді өндіру процесімен, кадрлар бөлімі мамандарды тіркеумен, өнімді
өткізу және жабдықтау бөлімі дайын өнімге қажетті материалдармен,
шикізаттармен қамтамасыз етумен және дайын өнімді өткізумен айналысады.
Бухгалтерлік есеп бөлімінің міндеті – серіктестіктің жұмысына бақылау
жасап, есепке алып, күнделікті қорытынды мәлімет шығару, шаруашылық
жоспарының орындалуын бақылау, экономикасын, шаруашылық есептің түбегейлі
нәтижесін көрсету. Мысалы: коперативтің шаруашылық қажетіне жаратылатын
(жарайтын) заттарды, тауарларды, ақшалай қаржыларды кәсіпорындар мен
мекемелер арасындағы қарым-қатнастар туралы мәліметтерді есепке алады.
Қызыл Жарң ӨК–нің қызметінің мақсаты: пайда түсіру және салымшылар
мен инвесторларды пайдалана отырып өндіріс көлемін ұлғайту, әлеуметтік
мәселелерді шешу болып табылады.
Кооперативтің негізгі қызметі: егін егу, жинау, тазалау, өңдеу, түрлі өнім
түрлерін өндіру және орамалау. Ірі кәсіпорындарға, ұжымдарға, шаруа
қожалықтарына қызмет көрсету болып табылады.
- Қызыл Жарң ӨК–нің қызметінің құрамына кіретіндер:
3 астық қабылдау пункті. Мұнда жергілікті аймақтардан астық қабылдау және
өңдеуге жіберілгенге дейін сақтау.
- Қызыл Жарң ӨК–нің астық тазалау, өңдеу, қайта өңдеу және орамалау
зауыты бар. Бұл зауытта астық қабылдау пунктерінен түскен астық түрлерін
өңдеу нәтижесінде 4 түрлі өнім шығарады. Өнім түрлері:
1. Тұқымдық (түрлі селективтік сұрыптаудан өткен) астық;
2. Техникалық және өндірістік астық;
3. Мал шаруашылығына азық ретінде пайдалануға арналған астық;
4. Егістік алқаптарды тыңайтуға арналған астық
- Қызыл Жарң ӨК –не қарасты Ақ Дәнң цехы. Бұл цехта техникалық және
өндірістік астықтан халық тұтынуына қажетті азық–түлік өнімдерін (ұн, ұн
өнімдері, бақша дақылдары өнімдерін), сонымен қатар мал азығы дайындалады.
Серіктестікте табиғи монополия заңдылығына сәйкес жыл сайын
аудиторлық, қаржылық тексерулер жүргізіледі, оның нәтижесі басшылардың
жалпы жиналысында жарияланады.
Қызыл Жарң ӨК–нің басқару органдары мен жауапкершілігі.
Серіктестіктің басқару органдары болып төмендегілер табылады:
- директорлар кеңесі;
- қоғамды басқарушылар.
Бірінші қаржылық қол таңба қою құқығына ие тұлғалар:
- президент;
- бас қаржы директоры;
- экономикалық сұрақтар бойынша атқарушы директор.
Бухгалтерлік есепті жүргізу және 2-ші қаржылық қолтаңба қою құқығына
ие тұлға:
- бас есепші.
Бөлімшелерде 1-ші қолтаңба қою құқығы бар бас директорларға және оның
қаржы сұрақтары бойынша орынбасарына берілген.
Бухгалтерлік есеп туралың заңы мен 1.С.-7.7-Кәсіпорын бухгалтерлік
есеп стандартына сәйкес қоғамның Президенті келесілерге жауапты болады:
- бухгалтерлік есеп және есеп беру директоры қызметіне маманды
тағайындау;
- бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастыру, есептілік және салық есебі
жүйесіне, сонымен қатар есеп саясатының қабылдануы;
- ішкі қабылдау тәртібін арнауға;
- есеп саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Ендігі кезекте, кәсіпорынның мәлімерттерін пайдалана
отырып өндірістік-шаруашылық қызметіне талдау жасаймыз.
Кәсіпорынның негізгі қызметі тұтынушылар қажеттіліктерін
қанағаттандыру болып табылады, бұл орайда негізгі көрсеткіштер
ретінде өнімді өткізу көлемі, өнімнің өзіндік құны, жалпы табыс,
кезең шығындары, таза табыс, жұмысшылар саны және жұмысшылардың
еңбек өнімділіктері, өндірілген өнімнің 1-теңгесіне кеткен шығыны
және т.б.коэффициенттер мен көрсеткіштер болады.
Сондықтан кәсіпорын жұмысын талдауды өнімді және қызметті
шығару көрсеткіштерін зерттеуден бастаймыз.
Сондай-ақ кәсіпорынның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерінің
берілген кестеде өткен 2003 жылға қарағанда есепті 2004 жылы кемігенін
байқаймыз. Мысалға : өнімнің өзіндік құны өткен 2003 жылы есепті 2004
жылмен салыстырғанда 30315.6 мың тг-ден 30946.6 мың тг-ге, яғни 102.1 %-
ға, жалпы табыс -1881.7 мың тг немесе 81.1%-ке, өнім рентабельділігі 8.4%-
ға артқанын, жұмысшылар -44 адамға, еңбек өнімділігі 116%-ға, еңбек ақы
қоры –1 519,2 мың тг немесе 98.1%-ға, жұмысшылардың орташа 1 айға еңбек
ақысы 4,4 мың тг. немесе 117,5%-ға, негізгі қорлардың орташа жылдық құны
61762.8 мың.тг. немесе 116%-ға, қор сиымдылығының 140.0%-ға артып, ал қор
қайтарымдылығының 78.1%-ға кемігенін көреміз. Оның басты себебі болып
егістік көлемдерінің артуы және өнімділіктің жоғарылауы, өнімнің нарықтық
бағасының төмендеуі және өндірістің айналым құралдарына бағаның жоғарылауы
болып отыр. Бұны график түрінде былай көрсетуге болады.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында өндіріс тиімділігін көтерудің
маңызды факторларының бірі болып оларды негізгі қорлармен қажетті мөлшерде
қамтамсыз ету және толық пайдалану болып табылады. Келесі әрекет
кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерінің нәтижелерін біртіндеп
талдау.
Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері, оның нарықтағы
белсенділігі мен сенімділігінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Ол
кәсіпорын иелігіндегі мүлік пен оның қаржылану көздерімен анықталады.
Талдауды негізгі қорларды пайдалану тиімділігін бағалаудан бастаймыз.
1 кесте - Негізгі қорлардың жағдайы мен пайдалану тиімділігін талдау.
РсКөрсеткіштер өлшем 2003 2004 Ауытқуы өзгеру
бірлігі (+;-) қарқыны %
А 1 2 3 4 5 6
1 Өткізілген өнім мың.тг 40 287,1 39 036,4 -1 250,7 96,9
көлемі
2 Негізгі қордың мың.тг 386 233,7 447 996,5 61 762,8 116,0
орт.жылдық құны
3 Жұмысшылар саны адам 267 223 -44 83,5
4 Қор қайтарымдылығы тг. 0,1 0,1 0,0 83,5
5 Қор сиымдылығы тг. 9,6 11,5 1,9 119,7
6 Қормен қарулану мың.тг 1 446,6 2 009,0 562,4 138,9

1-ші кесте берілгендері бойынша негізгі қорлардың орташа жылдық құны
есепті жылы 61732.8 мың тг. немесе 116% өскен.
Қор қайтарымдылық деңгейі есепті 2004 жылы өткен 2003 жылмен
салыстырғанда 0.02–ге азайып, ал қор сиымдылығы керісінше 1.9 -ге немесе
119.8 %-ға көтеріліп 11.5 тг-ні құрады. Кәсіпорынның қормен қарулану
деңгейінің де өткен 2003 жылмен салыстырғанда есепті 2004 жылы 562,4 мың
тг. немесе 138,9%-ға өскендігін көруге болады.
Нарық жағдайында негізгі қорлар кәсіпорын үшін маңызды тетік болып
табылады. Олардың деңгейі, тозуы және тиімділігі кәсіпорынның соңғы
қаржылық нәтижелерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бұдан әрі негізгі өндірістік қорлардың құрамын және құрылымын
қарастырамыз. Бұл бізге кәсіпорынның еңбек құралдарымен қаншалықты
қамтамасыз етілгенін көрсетеді.

2 кесте - Негізгі өндірістік қорлардың құрамы мен құрылымы
РсКөрсеткіштер 2003 2004 Ауытқуы
мың тг. %-дық мың тг. %-дық (+;-) өзг.
үлесі үлесі қар-ы,%
А 1 2 3 4 5 6 7
1 Жер 65,4 0,0 70,6 0,0 5,2 108,0
2 Ғимарат, 35 266,0 9,1 33 764,6 7,5 -1 501,495,7
құрылыс
3 Машина, 302 469,2 78,3 310 936,4 69,4 8 467,2 102,8
жабдықтар
4 Тасымалдау 25 689,3 6,7 49 242,9 11,0 23 553,6191,7
құралдары
5 Тағы 22 743,8 5,9 53 982,0 12,0 31 238,2237,3
басқалары
6 Барлығы 386 233,7 100,0 447 996,5 100,0 61 762,8116,0

2-ші кестеде белгіленгендер бойынша кәсіпорында негізгі өндірістік
қорлардың құрылымында біршама өзгерістер болғанын көреміз.
Сонымен жер, ғимарат–құрылыс, машина-жабдықтар және тасымалдау
құралдарының құны есепті жылы өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 5.2 мың
тг, -1501.6 мың тг, 8467.2 мың тг, 23553.6 мың тг-ге жоғарылаған. Басқа да
өндірістік қолар есепті жылы 31238.2 мың тг–ге дейін жоғарылады, бұл осы
қорлар санының көбеюіне байланысты. Үлестік салмақта да елеулі өзгерістер
болды, мәселен, ғимарат құны өткен жылмен салыстырғанда есепті 2004
жылы 4.3%-ға төмендесе, ал жер, тасымалдау құралдарының және жабдықтар құны
сәйкесінше 107.9%-ға, 191.7 %-ға және 102.8%-ға өскен.
Бұл бөлімді талдауды біз мөлшерленетін және мөлшерленбейтін айналым
қорларының жағдайын жыл басына және жыл соңына талдаудан бастаймыз.
3 кесте - Айналым қорларының жағдайын талдау, млн.тг.
Рс Көрсеткіштер өлшем 2003 2004 Ауытқуы
бірлігі
(+;-) өзг.
қар-ы %
А 1 2 3 4 5 6
1 Материалдар мың.тг 131 405,6 120 905,7 -10 499,992,0
2 Аяқталмаған мың.тг 172 556,2 161 694,0 -10 862,293,7
өндіріс
3 Дайын өнім мың.тг 9 062,4 8 632,3 -430,1 95,3
4 Тауарлар мың.тг 10 512,8 9 940,1 -572,7 94,6
5 Тағы мың.тг 53,0 52,5 -0,5 99,1
басқалары
6 Барлығы 323 590,0 301 224,6 -22 365,493,1

3-ші кесте мәліметтерінен 2004 есепті жылы кәсіпорынның айналым
қорларының айтарлықтай кемігенін байқауға болады. Оның өзгеруіне
материалдардың -10500 мыңға, аяқталмаған өндірістің -10862.2 мыңға, дайын
өнім көлемінің -430.1 мыңға, тауарлардың -572.7 мыңға, жалпы айналым
қорларының -22365.4 мыңға кемуі себеп болады. Жалпы ксіпорынның
экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуінің себептерін қорытынды бөлімде
толық атап көрсетеміз.
Кәсіпорынның жұмысын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі өнімнің
өзіндік құны болып табылады. Өнімнің өзіндік құнының жалпылаушы
көрсеткіштері ретінде толық өзіндік құн, өнімнің жеке түрлерінің
калькуляциялық бірліктерінің өзіндік құны, өнімнің бір теңгеге кеткен
шығындары қолданылады. Талдауды өнімнің өзіндік құнын жалпы бағалаудан
бастаймыз.

4 кесте - Өнімнің өзіндік құнын жалпы бағалау
РсКөрсеткіштер өлшем 2003 2004 Ауытқуы
бірлігі
(+;-) өзг.
қар-ы %
А 1 2 3 4 5 6
1 Өткізілген мың.тг 40 287,1 39 036,4 -1 250,796,9
өнім көлемі
2 Өнімнің мың.тг 30 315,6 30 946,6 631,0 102,1
өзіндік құны
3 Өткізілген Тенге 0,75 0,79 0,04 105,4
өнімнің
1тг-не келетін
шығындар

4-шы кесте мәліметтері толық өзіндік құнның есепті жылы
631 мың тг-ге, немесе 102 %-ға өскендігін байқатады. Өткізілген өнімнің
көлемі есепті 2004 жылы –1250.7 мың тг-ге төмендеп, 39036.4 мың тг-ні
құрады.
Тауарлы өнім көлемінің өзіндік құн көлемінен есепті 2004 жылы артып
кетуіне байланысты осы мезгілде 1 тг. кеткен шығындары 0.79 тг-ні құрап,
өткен 2003 жылмен салыстырғанда 0.04 теңгеге өскен.
5-ші кесте берілгендері бойынша кәсіпорынның шығындары есепті
жылы 631 мың тг. немесе өткен 2003 жылмен салыстырғанда 2.1%-ға көп
екендігін байқаймыз. Шығындар сметасының барлық тармақтары өзгеріске
ұшырады.
Шығындардың жалпы сомасы шығаратын өнім көлеміне, құрылымына,
өзгермелі немесе тұрақты шығындар деңгейіне байланысты өзгереді деп
есептеуге болады.
Шығындардың артуының басты себебі: егістік жерлердің көлемінің
ұлғаюы, тиісінше жаңа астық қабылдау пункттерін ашу қажеттілігінің
туындауы, техникалық құрал-жабдықтар санының артуы, тұқым көлемінің,
тыңайтқыштар мен жанар-жағармай бағасының жоғарылауы, энергияға кеткен,
сондай-ақ маусымдық жұмысшылар санының артуы, есепті 2004 жылы өткен 2003
жылмен салыстырғанда астықтың нарықтық бағасының (бидай: 2003ж. 198.5 АҚШ
долл.–1тонн., 2004ж.–145 АҚШ долл.–1тонн.) айтарлықтай төмендеуі және т. б.
болып табылады.
Ендігі кезекте өнім рентабельділігін талдаймыз.
6-ші кесте берілгендері бойынша байқағанымыздай есепті жылы
кәсіпорынның рентабельділігі теріс мәнге ие болды, яғни кәсіпорын жұмысы
тиімсіз болды. Оның өзіндік себептері: өнімді және басқа да өткізулерден
алынған пайданың төмендеуі, яғни есепті 2004 жылы өткен жылмен
салыстырғанда 3805.2 мың тг-ге төмендеуі немесе 278.6%-ға кемуі, сондай-ақ
толық өзіндік құнның, яғни дайын өнім бағасының көтерілуі есепті 2004 жылы
өткен жылмен салыстырғанда 631 мың тг-ге өсуі немесе 102.1%-ға көтерілуіне
байланысты болды. Соның нәтижесінде есепті 2004 жылы өткен жылмен
салыстырғанда өнім рентабельдігі айтарлықтай өскен жоқ.
Бұл бөлімді талдау еңбек ресурстарын пайдалануды жалпы бағалаудан
басталады.
Бұл 7-шы кесте мәліметтері бойынша байқағанымыздай өнімді өткізу
көлемі өткен жылмен салыстырғанда есепті 2004 жылы 1250.7 мың тг-ге
кеміді. Бұл шикізат көлемінің азаюына байланысты болды.
Өнім көлемінің артуына байланысты бір қызметшінің еңбек өнімділігі
есепті 2004 жылы өткен 2003 жылмен салыстырғанда тиісінше 44,6 мың тг-ге
немесе 23,6%-ға жоғарылады. Бұның себебі өнім өндіру көлемінің жоғарылауына
және жұмысшылар санының кемуіне байланысты болды.
Өнім көлеміндегі еңбек ақы қорының үлес салмағы есепті 2004 жылы
өткен 2003 жылмен салыстырғанда сәйкесінше 16.9%-дан, 17.1%-ға, яғни 0.2%-
ға жоғарылады, 1 қызметшінің орташа айлық еңбек ақысы 17.5%-ға өсіп, өткен
жылмен салыстырғанда есепті 2004 жылы 29,9 мың тг-ге тең болып, 4,4 мың тг-
ге өсті, яғни әрбір жұмысшы маусым кезінде жоғары еңбек ақы алып отырды.
Астық өнімдерінен түскен табыстың төмендеуінің бірнеше себептері
болды: олардың қатарына әлемдік нарықтағы астық өнімдері мен шикізаттарына
деген сұраныстың артуы, мемлекеттің астық түрлері мен өнімдерін
экспорттауға шектеу қоюы, ал ішкі нарықтағы айтылған өнім бағасының төмен
деңгейде сақталуы, соның ішінде әлемдік сән үлгілеріндегі ауыл шаруашылық
өнімдерінен жасалған тауарлардың алдыңғы шепте болуы қосымша өткізулерден
алынған табыстың жоғарылауына себеп болды, сондай-ақ кейбір мемлекеттердегі
астық алқаптарының табиғи зардаптарға ұшырауы елдегі астық өнімдеріне
айтарлықтай сұраныс тудыруына қарамастан жоғарыдағы жағдайларға байланысты
шаруашылықтар өнімдерін жоспарланған деңгейдегіден әлдеқайда арзан бағамен
сатуына, алға қойған мақсаттарына толықанды жете алмауына себеп болды.
Ауыл шауашылығында айта кететін басты мәселелердің бірі
мемлекетіміздің Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше болуына байланысты
елімізде қай салада болмасын қызмет етуші, яғни өнім өндіруші немесе қызмет
көрсетуші нарық субьектілерінің өндірген өнім (көрсетілген қызмет)
сапасының халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аса қатал ден қойылуы.
Сондай–ақ Президентіміздің 2003–2005 жалдарды ауыл жылдары деп жариялауы,
ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын қадағалайтын, сапаны арттыруға тікелей
себепкер болатын мекемелердің ашылуына немесе қайта жандануына үлкен
мүмкіндік туғызды.
Қызыл Жарң ӨК–нің айналым қорлары да негізгі қорлары да есепті жылы
біршама төмендегенін көруге болады.
Ағымдағы активтері 56 846,9 мың тг-ге өсіп, оның ішінде материалдық
айналым қорлары 15 181,1 мың тг, ақшалай қаражаттар 47 662,5 мың тг-ге
өсіп, кәсіпорынның барлық қаржылары өткен жылмен салыстырғанда -98 239,4
мың тг-ге кеміген. Негізгі шығын ұзақ мерзімді активтер есбінен болып
отырғанын көруге болады.
Нарық жағдайында Қызыл Жарң ӨК–гі өндірілетін өнім және
көрсетілетін қызмет түрлерін біршама түрлендірген. Ал өндіріс процесіне
қажетті заттарды арнайы сауда дүкендері мен сауда базарларынан сондай-ақ
арнайы тапсырыспенен жасатады.
Ал мұндай процесс, өз кезегінде еңбек сиымдылығы жоғары жұмысқа
жатады. Бұл процестерді дұрыс жолға қою қажетті материалдармен дер кезінде
қамтамасыз етіп отырудың бірден-бір жолы.
Қызыл Жарң ӨК–гі негізінен жергілікті халықтың, сондай-ақ шет
мемлекеттер тапсырыстарымен жұмыс істейді, яғни көп мөлшерде астық егіп,
оны жинап, кептіріп, тазартып, сұрыптап, өңдеп отандас кәсіпорындар мен шет
мемлекеттерге сатады. Соңғы кездердегі қиыншылықтарға бой алдырмай,
қызметін жалғастыру бұл кәсіпорынға да өз әсерін тигізді. Жылдан-жылға
шығаратын қызмет пен өндірілетін өнім көлемі жоғарылап жұмысшылардың еңбек
өнімділіктері артты. Шығындылық деңгейі артты. Соңғы екі жылдағы мәліметтер
көрсеткіштері осы жағдайды көрсетеді. Мәселен 2003 жылы өнімді өткізу
көлемі 40 287,1 мың тг. Болса 2004 жылы бұл шама 39 036,4 мың тг-ні құрап,
-1 250,7 мың тг. кеміген. Толық өзіндік құн 30 315,6 мың тг.-ден 30 946,6
мың тг.-ге дейін өсті. Шығын көлемі де сәйкесінше -3 805,2 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылында қаржы ресурстарын ұйымдастыру
Қазақстанның халық шаруашылығының ең негізгі маңызды саласы ауыл шаруашылығы болып табылады
Кластерлік жүйе
Маркетингтің негізгі принциптері өндіру, сату мен тұтынушы қажеттілігін анықтау
Ауыл шаруашылығын және оның нарығының өнімдерін ре
Қазақстандағы кластерлерді ұйымдастырудың экономикалық – құқықтық формалары
Агроөнеркәсіптік өндірісінде нарық қатынастарының қалыптасуы
Дағдарыс шартында ауылшаруашылығы кәсіпорнын басқаруды жетілдірудің ойтұжырымдық тәсілі
Қазіргі заман жағдайындағы Қазақстан Республикасындағы аграрлық саясат. Қазақстан Республикасының ғаламдық аграрлық нарығында алатын орны мен перспективалары
Аймақтық өндірістік аөк инфрақұрылымының құрылуымен қалыптасуының теориялық және әдістемелік негізі
Пәндер