Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу



КІРІСПЕ

1 СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ

1.1 Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі.

2 ӘЙЕЛ ЖӘНЕ ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ.МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.1 ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ.МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.2 ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ.МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.3 ДАУЛЫ ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ САРАПТАМА

3 ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ ТУЫНДАУ ФАКТОРЛАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жыныстық қылмыстардың саны жөніндегі мәліметтер,басылымдар алуан түрлі. Мәселен Батыс елдерінде мұндай қылмыстар жалпы орын алып жатқан қылмыстардың 5%, ал Еуроппа елдерінде 1%-н алып жатыр делінген. Ал Қазақстанның 1990-1998 жылдардағы жыныстық қылмыстылық таралымы жалпы тіркелген қылмыстардың 0,8%-н ғана құрайды және де жыныстық қылымыстар Қазақстанда жалпы қылмыстардың ең аз пайызын құрайды сонымен қатар оның өсуі екі талай деп сендірген зерттеушілер.
Алайда бұл жағдайдың нақты таралымын анықтау қиын, себебі орын алып жатқан жыныстық қылмыстардың саны едәуір көп. Мысалы зорлау фактісіне қатысты сәйкестендіріп қарайтын болсақ 1:20 дан 1:100-ге дейін деп болжауға болады. Жеке сексологиялық клиникаларға қаралған жағдайлармен сол тәріздес тағайындалған сараптамалардың ара қатынасын сәйкестендіре келе яғни тіркелген/жасалған жыныстық қылмыстар педофилия жағдайында - 1:15, зорлау жағдайында – 1:60, эксгибиционизм жағдайында 1:85 орын алып жатыр.
Әлемдегі орын алып жатқан жыныстық қылмыстардың динамикасы жайлы пікірлер сан түрлі. Бірқатар зерттеушілер, осы қылмыс түрінің динамикасына, порнографияның сексуалдық мінез-құлыққа әсерінің үлесі тиеді деп ескереді. Осы сауалды зерттеуге құрылған арнайы комисия, порнографиялық басылымдардың өсуі жыныстық қылмыстардың деңгейін төмендетуге өз әсерін тигізеді, деп ескереді. Әрине, мұндай ғылыми шешімдер Үкіметтің порнографиялық басылымдарға наразылық ұстанымына өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Басқа зерттеу жұмыстарына көз жүгіртсек, мұндай порнографиялық өнімдердің көлемінің өсуі, жыныстық қылмыстардың деңгейінің төмендеуіне емес, олардың тек сипаттық өзгеруіне әкеп соғады, өз кезегінде белгілі бір жыныстық қылмыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруі ықтимал. Мысалы, порнографияның кәмелетке толмағандарды азғындыру әрекеттері санына әсерін тигізгенін ескере кеткеніміз жөн.
Зерттеулеріміздің көрсеткіштеріне қарасақ, соңғы 15 жыл ішінде педофилия әрекеттеріне қатысты жүргізілген сот-медицина сараптамаларының саны күрт өсті, сол мезетте қан араласу істеріне қатысты тағайындалған сараптамалар саны төмендеді. Әрине мұндай сараптамаларды жыныстық қылмыстардың абсолютті объективті динамикасының критериі ретінде қолдана алмаймыз, себебі жыныстық қылмыстардың көрсеткіштері мұндай сараптамалармен анықталмайды.
Кеңес дәуірінен бастап бүгінге дейін жарық көрген қылмыстық заңдардың баршасында зорлау, азғындық әрекеттер, еркек аралық қатынастар сияқты жыныстық қылмыстар үшін жаза қолдану бәріне мәлім. Ал осы зорлау деген сөзге тоқталып, түсінік беріп, ашып өтсек.
1. Блюмин И.Г. Судебно-медицинская экспертиза половых состояний мужчин. – Москва:ЦИУВ,1967.
2. Блюмин И.Г. Материалы к экспертизе половых состояний. – Москва:Автореф.дис.канд.,1970.
3. Дынкина И.З. Классификация убийств на сексуальной почве. – В кн.: Материалы к IX научной конференции молодых специалистов, Ленинград.,1966.
4. Дынкина И.З. Квопросу о механизме повреждения девственной плевы и промежности при преступлениях,связанных с нарушением половой неприкосновенности. – В кн.:Вопросы судебной медицины. Саратов.Вып.4.,1969.
5. Дынкина И.З. Методичесские указания судебно медицинской экспертизе трупов женщин в случаях лишения их жизни на сексуальной почве.Ленинград,1970.
6. Исаев Д.Н., Каган В.Е. Половые роли и девиантное поведение. – В кн.:Тезисы докладов VII Междунар.симпозиума детских психиатров социалистических стран. Москва.,1986.
7. Кузнецов П.А. Судебно-медицинская характеристика повреждений тела у потерпевших по делам об изнасиловании. – В кн.: Вопросы судебной медицины и криминалистики.Вып.4.Горький,1972.
8. Кузнецов П.А. К методике проведения седебно-медицинской экспертизы потерпевших по делам о половых преступлениях. Тезисы докладов к научно-практической конференции. Чебоксары, Горький, 1980.
9. Микиртумов Б.Е. К вопросу об острых невротических реакциях у детей в результате насильственных (педофильных) действий. – Сед.мед.экспертиза, 1979.
10. Нахуров А. Нарушение сексуального поведения:судебно-психиатрический аспект.Москва,1988.
11. Позднякова С.П. Клиничесские и социальные характеристики лиц обвиняемых в совершений половых преступлений. – Суд.мед.экспертиза.1972.
12. Шалаев Н.Г. Седебно-медицинскпя экспертиза подозреваемых в половых преступлениях.Автореф.дис.докт.Горький,1966.
13. Яковлев Я.М. Седебная экспертиза при расследований половых преступлений.Душанбе:Ирфон,1966.
14. Яковлев Я.М. Половые преступления. Душанбе,1969.
15. Громов А.П. Сот-медицинасы бойынша дәрістер курсы. Мәскеу,1970.
16. Сот-медицинасы (редакциясын басқарған В.М. Смольянова), Мәскеу,1975.
17. Мәйіттің сот-медициналық сараптамасы (редакциясын басқарған А.П. Громов пен А.В. Капустина).
18. Протасевич А.А. Сот сараптамасы. Иркутск, 1999.
19. Сот-медицинасы бойынша оқу құралы (редакциясын басқарған В.В. Томилин мен Г.А. Пашинян).
20. Әйел және еркек жынысты тұлғалардың жыныстық жағдайларының сот-медициналық сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу ережелері. Дайындаған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сот медицинасы орталығының мамандары. Алматы,2006.
21. Збигнев С. Судебная сексолгия. Полша,1991.
22. Қарагубенов Қ.Д. Сот-медицина сараптамасы. Алматы,1996.
23. Іс материалдары бойынша сот-медицина сараптамасы. Редакциялаған проф. А.П.Загрядская. Горький, 1973.
24. Материалы научных трудов судебных медиков Казахстана. Алматы,1980.
25. Трегубов С.Л. Методика и практика судебно-медицинской экспертизы трудоспособности. Москва,1960.
26. Судебная медицина. Редакциялаған проф. В.И. Прозоровский. Москва,1968.
27. Смольянинов В.М., Татиев К.И., Червяков В.Ф. Судебная медицина. Москва,1961.
28. Райский М.И. Судебная медицина .Москва,1953.
29. Попов Н.В. Судебная медицина. Москва,1950.
30. Концевич И.А. Судебно-медицинские аспекты врачебной практики. Киев,1974.
31. Козлов В.В. Основы экспертной оценки тяжести телесных повреждений. Саратов,1968.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Криминалистика және сот сараптамасы кафедрасы

Диплом (Бітіру) жұмысы

Орындаған 4 курс студенті Байзахов Бағлан
Тілеубердіұлы

Ғылыми жетекші Қарагубенов
Қорған Дүйсентайұлы
М.ғ.к., Доцент

Норма бақылаушы

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға
жіберілді з.ғ.д., Профессор Исаев А.А.

Алматы 2009 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ

1.1 Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі.

2 ӘЙЕЛ ЖӘНЕ ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ-
МЕДИЦИНАЛЫҚ САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.1 ӘЙЕЛ ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ
САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.2 ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ-МЕДИЦИНАЛЫҚ
САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.3 ДАУЛЫ ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ПЕН ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ
САРАПТАМА

3 ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫҢ ТУЫНДАУ ФАКТОРЛАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жыныстық қылмыстардың саны жөніндегі
мәліметтер,басылымдар алуан түрлі. Мәселен Батыс елдерінде мұндай
қылмыстар жалпы орын алып жатқан қылмыстардың 5%, ал Еуроппа елдерінде 1%-
н алып жатыр делінген. Ал Қазақстанның 1990-1998 жылдардағы жыныстық
қылмыстылық таралымы жалпы тіркелген қылмыстардың 0,8%-н ғана құрайды
және де жыныстық қылымыстар Қазақстанда жалпы қылмыстардың ең аз пайызын
құрайды сонымен қатар оның өсуі екі талай деп сендірген зерттеушілер.
Алайда бұл жағдайдың нақты таралымын анықтау қиын, себебі орын
алып жатқан жыныстық қылмыстардың саны едәуір көп. Мысалы зорлау
фактісіне қатысты сәйкестендіріп қарайтын болсақ 1:20 дан 1:100-ге дейін
деп болжауға болады. Жеке сексологиялық клиникаларға қаралған
жағдайлармен сол тәріздес тағайындалған сараптамалардың ара қатынасын
сәйкестендіре келе яғни тіркелгенжасалған жыныстық қылмыстар педофилия
жағдайында - 1:15, зорлау жағдайында – 1:60, эксгибиционизм жағдайында
1:85 орын алып жатыр.
Әлемдегі орын алып жатқан жыныстық қылмыстардың динамикасы жайлы
пікірлер сан түрлі. Бірқатар зерттеушілер, осы қылмыс түрінің
динамикасына, порнографияның сексуалдық мінез-құлыққа әсерінің үлесі
тиеді деп ескереді. Осы сауалды зерттеуге құрылған арнайы комисия,
порнографиялық басылымдардың өсуі жыныстық қылмыстардың деңгейін
төмендетуге өз әсерін тигізеді, деп ескереді. Әрине, мұндай ғылыми
шешімдер Үкіметтің порнографиялық басылымдарға наразылық ұстанымына
өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Басқа зерттеу жұмыстарына көз
жүгіртсек, мұндай порнографиялық өнімдердің көлемінің өсуі, жыныстық
қылмыстардың деңгейінің төмендеуіне емес, олардың тек сипаттық өзгеруіне
әкеп соғады, өз кезегінде белгілі бір жыныстық қылмыстардың сандық
көрсеткіштерінің өзгеруі ықтимал. Мысалы, порнографияның кәмелетке
толмағандарды азғындыру әрекеттері санына әсерін тигізгенін ескере
кеткеніміз жөн.
Зерттеулеріміздің көрсеткіштеріне қарасақ, соңғы 15 жыл ішінде
педофилия әрекеттеріне қатысты жүргізілген сот-медицина сараптамаларының
саны күрт өсті, сол мезетте қан араласу істеріне қатысты тағайындалған
сараптамалар саны төмендеді. Әрине мұндай сараптамаларды жыныстық
қылмыстардың абсолютті объективті динамикасының критериі ретінде
қолдана алмаймыз, себебі жыныстық қылмыстардың көрсеткіштері мұндай
сараптамалармен анықталмайды.
Кеңес дәуірінен бастап бүгінге дейін жарық көрген қылмыстық
заңдардың баршасында зорлау, азғындық әрекеттер, еркек аралық қатынастар
сияқты жыныстық қылмыстар үшін жаза қолдану бәріне мәлім. Ал осы зорлау
деген сөзге тоқталып, түсінік беріп, ашып өтсек.
Заманауй еліміздің қылмыстық заңдарында күш қолдану, қорқыту
немесе әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдалану арқылы әйелмен табиғи немесе
азғындық түрде жыныстық қатынас жасау зорлау деп көрсетілген және де ол
жеке адамға қарсы жасалатын ауыр қылмыстардың бірі деп саналады.Толығырақ
айтсақ – жәбірленушіні соққылап, мойынынан қылғындырып, қолын байлап
күшпен жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу немесе түсу зорлау деп есептеледі.
Көбінесе әйелдердің осы аталған нұсқадағы жыныстық қатынастан өліп кетуі,
сол процесстен алынған немесе пайда болған ауыр дене жарақаттардан
туындайды. Өмірде адамның әйелді жалғыз емес топ болып зорлағандары аз
кездеспейді.
Жоғарыда айтылып кеткендей әйелдің дәрменсіз жағдайын пайдаланып -
зорлауға көз жүгіртіп өтсек. Бұл жерде әйедің дәрменсіздігі деп, оның
организмінің индивидуалдық – физикалық ерекшеліктерін қарастырамыз,
оларға жәбірленуші тұлғаның соқырлығы, саңыраулығы, аяқ-қолының болмауы,
аурулығы яғни сырқаттығы, кәрілігі, психикалық аурулары кіреді.
Әрине қазіргі заманда бопсалау, кек қайтару, ақша талап ету
мақсатын көздейтіндер яғни мені зорлады немесе зорламақшы болды деген
жалған айыптаушылар көптен-көп кездеседі. Осы жағдайларды ескере келе
құқық қорғау органдары арнайы сот-медицина және сот-психиатрия
сараптамасы тағайындайды.
Зорлау – заңдық ұғым болып табылады. Мұндай жағдайлардағы,
сараптама жүргізгендегі сот-медицина сарапшысының міндеті осыдан алдын
жасалған жыныстық қатынастарды анықтау, оның зорлап жасалғанының іздерін
табу және әйел үшін қылмыстың медициналық зардаптарын – оның жүктілігін,
денсаулығының бұзылуын, венера ауруының жұғуын бағалау.
Дипломдық жұмыстың пәні – Қазақстан Республикасындағы және шет
елдердегі жыныстық қылмыстарға тағайындалған сот-медицина сараптамасы
қызметіне байланысты құқықтық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі – аталған жұмыстың объектісі болып
жыныстық қылмыстарға тағайындалған сот-медицина сараптамасының белгілі
бір қылмыстық істі шешудегі маңызы, сот-медицина қызметкері мен
жәбірленушінің немесе күдікті (сезікті) тұлғаның арасындағы қызметтік
және құқықтық қатынастар танылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері – елімізде орын алып жатқан
жыныстық қылмыстардың алдын алу, болдыртпау шаралары және оларды ашу
жолында дұрыс және оңтайлы сараптама жүргізу, статистикаға сүйене отырып
сот-медицина сараптамасының құқықтық жағдайының заңмен реттелу
тәжірибесін талдап қорыту, ғылыми зерттеу жүргізу, теориялық және
практикалық тұжырымдарды негіздей келе жыныстық қылмыстарды ашу жолдарына
ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін – Қазақстан Республикасының
Конституциясы, ҚР Қылмыстық заңдары, отбасы қатынастары аясындағы заң
актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан
Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің қаулылары құрайды.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізін – жалпы диалектикалық
танымдық әдістермен қатар, медициналық, заңи логикалық, жүйелік, тарихи,
салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды. Теориялық негізін
Қазақстандық, Ресейлік, Польшалық тағы басқа ғалым-заңгерлердің, медицина
саласын жетік меңгерген ғалымдардың сот-медицина сараптамасы аясындағы
ғылыми еңбектер мен тұжырымдар, статистикалық деректер мен нормативтік
құқықтық актілер құрайды.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сай
келеді. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, он алты бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық
актілер тізімінен тұрады.

1 СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ

1.1 Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі

Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы
жүргізілетін жұмыстарының пәрменділігі және нәтижелігі қылмысты ашуға,
оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың ғылыми-техникалық басқа
да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей
байланысты. Ерте заманнан бері заңгер криминалисттержасалған қылмысты
дәлелдеуге объективті деректер табу жолында біраз ізденістер жүргізген.
Тергеу әрекеттерінің көбін жүргізу арқылы алынған деректі дәлелдемелерде
белгілі бір субъективті элементтердің болуы мүмкін. Мысалы жауап алу,
тану үшін көрсету, тағы басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуде алынған
дәлелдемелерде кейбір субъективті пікірлердің, тұжырымдардың болуы
мүмкін. Осы тұрғыдан объективті қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді
арнайы зерттеу, сараптауда ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістер қолдану
арқылы алуға болады.
Осы тұрғыдан алғанда объективті дәлелдемелерді алудың бірден-бір
жолы – істің мән-жайын анықтауға ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістер
қолдану арқылы алуға болады.
Тергеу кезінде арнаулы білім қолданудың екі түрі бар: бірі –
тергеуәрекеттерін жүргізгенде істің кейбір мән-жайын анықтау үшін арнайы
білімі бар маманды қатыстыру да, екіншісі – сот сараптамасын тағайындау.
Тергеу әрекетіне, атап айтқанда: оқиға болған жерді қарауға, тергеу
экспериментін жүргізуге, т.б қатынасқан маман арнайы жеке құжат жазбайды,
өзінің арнаулы білімін қолдану арқылы анықталған істің мән-жайларын, осы
жөніндегі пікірін тергеушіге хабарлайды, оның тұжырымды қорытындысы
тергеу әрекеті бойынша тергеушінің жазған хаттамасында көрсетіледі. Іс
бойынша сараптама тағайындалғанда арнаулы білімі бар маман-сарапшы өз
мамандығына байланысты сұрақтарын зерттеулер жүргізу арқылы жеке акт
(қорытынды) жазып береді. Тергеу және сот үстінде арнаулы білім
қолданудың екінші түрі – сараптама тағайындау.
Сараптама деген термин латын тіліндегі expertus, яғни білгір,
арнаулы білім, тәжірибе деген сөздерден туындайды, Сондықтан істің кейбір
мән-жайларын анықтау үшін арнаулы білім қолданып, зерттеу тәжірибелерін
жүргізу керек болса сот сараптамасы тағайындалды.
Кейбір заң әдебиетінде сараптама деген терминнің орнына сарапшылық
деген сөз қолданылып жүр. Сарапшылық деген бұл тергеу әрекетінің
мағынасына, түсінігіне толық сай келмейді. Жоғарыда айтқандай
экспертизаның мақсаты сараптау емес, арнаулы білім, арнайы әдіс, құрал-
саймандар қолдану арқылы зерттеу. Міне, осыған байланысты сараптама
жүргізу процессін эксперттік зерттеу деп атайды. Осындай зерттеу үстінде
кейбір объектілерді, заттарды, т.б. жіктеп іріктеп сараптауға да тура
келеді, бірақ бұл тергеу әрекетінің негізгі міндеті, жоғарыда айтқандай,
сараптау емес арнаулы білім қолдану. Көп мемлекеттерде тергеу үстінде
осындай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны сот экспертизасы деп атайды.
Сондықтан сот экспертизасы деген термин халықаралық деңгейде толық
қалыптасқан термин. Сараптама тағайындау, сараптамалық зерттеулер
жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін оқытатын арнайы сот
экспертологиясы дейтін ілім бар.
Жоғарыда көрсеткендей арнаулы білім қолдану керек жағдайда сот-
сараптамасы тағайындалады. Қай саладағы арнаулы білімді қолдану
керектігін, қандай сот-сараптамасын тағайындау керек екендігін тергеуші,
сот, прокурор шешеді. Осыған байланысты сараптаманы керек жағдайда
тағайындау – ол арнаулы білім деген ұғымға не жататындығын дұрыс
анықтауға байланысты. Өкінішке орай, заңгер ғалымдар бұл мәселеде әзірге
бір тұжырымға келе қойған жоқ. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен
арнаулы білімнің өзара ерекшелігі субъективті сипатта болады, ол
ерекшелікті нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді.
Сондай-ақ, осыған пікірлес басқа да ғалымдардың арнаулы білімді жалпы
тұрмыстық білім мен жалпыға ортақ білімді өзара салыстыру арқылы
анықтауға болады деген пікірі сендіре қоймайды. Біздің ойымызша арнаулы
білім деген ұғым ғылым мен техника саласында мамандығы бар деген ұғыммен
тікелей байланысты. Сондықтан арнаулы білім, дара сипаттағы мамандық
ұғымын, сондай-ақ арнайы кәсіби білім алу арқылы аонаулы еңбектің
қайсыбір түрімен шұғылдану үстінде оны толық игерген маман ұғымының
аясында қарауды дұрыс деп санаймыз.
Демек, арнаулы білім ұғымы ретінде ғылым мен техниканың белгілі
бір саласында мәселе шешуге қолайлы жағдай жасайтындай арнайы кәсіби
дағдысы нәтижесінде қалыптасқан білімдер жиынтығын түсіну қажет.Бұл
орайда арнаулы білім қатарына құқықтану ғылымы да, ал бұл білімнің иесіне
арнулы құқықытық білім алған маман, заңгер де жатады. Бірақ құқықтық
мәселелерді шешерде сараптама тағайындалмайды. Өйткені құқықтық және
қылмыстық іс жүргізуде, сондай-ақ тергеу әрекеттерін ұйымдастыру мен
өткізуге қатысты мәселелерді арнаулы білімі бар тергеушінің өзі шеше
алады. Алайда, сараптамалық криминалистикалық зерттеулер жүргізуді талап
ететін мәселелерді шешу заңгердің өкілеттілігіне жатпайды. Тек жоғары
білімге қоса арнайы дайындықтан өткен криминалистикалық сараптамалық
зерттеу өткізу әдісін меңгерген заңгер ғана мұндай зерттеулерді жүргізе
алады. Кейде тергеушінің сарапшылық әзірлігі болуы, бұрын сарапшы-
криминалист қызметін атқаруы да мүмкін. Мұндай жағдайда, соған
қарамастан, тергеуші арнаулы криминалистикалық мәселелерді өз еркімен
шеше алмайды, өйткені бір адам әрі сарапшы-криминалистикалық өкілеттікті,
әрі тергеушілік өкілеттікті қатар атқаруына рұқсат етілмейді. Сараптама –
қылмыстық немесе азаматтық істерді дұрыс шешуде маңызды, нақты деректер
мен жағдайларды анықтау мақсатында тергеушінің (соттың) тапсырмасымен
заттай дәлелдемелерді және материалдарды зерттеуге сарапшы (арнаулы білім
иесі) қатыстырылатын іс жүргізу әрекеті. Сарапшы бейнесі тиісті арнаулы
білімнің көмегімен алдын ала және сот тергеуінде зерттеліп, анықталатын
ерекше фактілерді ( істің жағдайын) қалыптастырады, тергеушінің (соттың)
көз алдына әкеледі. Әр сот сараптамасының өзіндік ерекше зерттеу сипаты
болады. Айталық, сарапшы-криминалист, көп жағдайда, адамды, малды, қылмыс
жасалған қару мен құралды оның сыртқы түрі бойынша бейнелейді.
Сараптамалық бейне мен объектінің өзіндік ерекшелігі оның, яғни
зерттеудің құрал-жабдықтары мен олардың қолданылуының, жаратылыстану
ғылымы мен техника ғылымының өзара үйлесмділігінің өзіндік әдістемесін
талап етеді. Аталған әдістер мен құралдар, әдетте, зерттелетін объектінің
сипаты мен зерттеу мақсатына орай қолданылады. Сот сараптамасы әр-түрлі
негіздеріне қарай жіктеледі және жіктелу деңгейі де әр түрлі болады.
Объекті мен бейненің өзіндіксипатына байланысты пайдаланылатын білім:
криминалистикалық, сот-медициналық, сот-психиатриялық, сот-психологиялық,
сот-фармацевтік және фармакологиялық, сот-биологиялық, сот-мал
дәрігерлік, химиялық, физика-техникалық, техникалық және технологиялық,
тауартанушылық және тамақ өнімдері, бухгалтерлік, экономикалық,
экологиялық және басқа бірнеше түрлерге бөлінеді.

2 ӘЙЕЛ ЖӘНЕ ЕРКЕК ЖЫНЫСТЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖЫНЫСТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ СОТ-
МЕДИЦИНАЛЫҚ
САРАПТАМАЛАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ
ЖҮРГІЗІУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.1 Әйел жынысты тұлғалардың жыныстық жағдайларының сот-медициналық
сараптамасы

1. Жалпы қағидалар

1.1. Сот-медициналық сараптамасын Қазақстан заңнамаларына сәйкес
жалпы негізге сай даярлығы бар сот-медициналық сарапшы дәрігер жүргізеді.
Егер сараптаманы жүргізу үшін басқа арнаулы медициналық білім қажет
болса, онда оны басқа мамандардың қатысуымен комиссия түрінде өткізеді.
1.2. Егер жынысты әйел тұлғаның сараптамасын медициналық сарапшы
дәрігердің жалғыз өзі жүргізсе, оған сарапшымен бірге жұмыс істейтін
штаттық орта медицина қызметкері, болмаған жағдайда қандай да болса басқа
орта медицина қазметкері қатысады.
1.3. Жынысты әйел тұлғаның сот-медициналық сараптамасын жарық,
жылы, арнайы жабдықталған жайда, әдетте табиғи жарықта өткізеді (шұғыл
жағдайларда сараптаманы жақсы жарықтандырған жасанды жарықта да өткізуге
болады). Сараптаманы өткізуге қажетті жағдай болмаған кездерде, оны
денсаулық сақтау ұйымының мекемелерінің бейінді құрылымдық бөлімшелерінде
өткізеді.
1.4. Сыртқы және ішкі жыныс мүшелерін тексеруді гинекологиялық
орындықта өткізеді.
1.5. Сот-медициналық акушер-гинекологиялық сараптаманы өткізгенде
мынандай медициналық құралдар мен жабдықтарды, материалдарды қолданады:
бой өлшегіші, медициналық таразыны, жұмсақ немесе қатты металлды өлшегіш
таспаны, жамбас өлшегіші, акушерлік стетоскопты, Симса және Куско
айналарын, хирургиялық және анатомиялық қысқаштарды, шыны таяқшаларды,
түймелі сүңгіні, майсыздандырылған заттық және жапқыш шыныларды,
операциялық немесе стереоскопиялық микроскопты, кольпоскопты,
ультракүлгін немесе инфрақызыл жарықты, резеңке қолғаптарды,
залалсыздандырылған тығыны бар шыныларды, залалсыздандырылған
сүркіштерді.
Ішкі жыныс мүшелерін зерттеуге және зертханалық тексеруге
материалдар алу үшін залалсыздандырылған медициналық құралдарды
қолданады.
Тексеру жүргізіліп біткеннен кейін барлық медициналық құралдарды
жұқпасыздандырады, залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізеді, содан
кейін залалсыздандырады. Басқа медициналық бұйымдар жұқпасыздандыруға
жатады.
1.6. Сот-медициналық сарапшы берілген жеке куәлігімен,
төлқұжатымен немесе басқа да құжаттармен жәбірленушінің жеке тұлғасын
анықтайды, егер кәмелетке толмаған болса, оны сараптаманы тағайындаған
адам куәландырады.
1.7. Сараптама жүргізу барысында зертханалық тексеру үшін
материалды сот-медициналық сарапшы дәрігер алады )қынап ішіндегісін,
жатыр мойнының сыртқы өзегінен, емшек бездерінен және т.б. бөлінген
шығарылымдарды). Алынған материалдарды сот-медициналық сараптама
бөлімдеріне сәйкес, мөрленген күйінде, ілеспе құжатпен, сот-медицмналық
сарапшы дәрігер қол қойып жібереді. Құжатта жәбірленушінің атын, тегін,
әкесінің атын, жасын; тексеруге жіберілген күйінде материалдың тізімі мен
алынған уақытын, қандай себеппен сараптаманың тағайындалғанын; сот-
медициналық сарапшы дәрігердің атын, тегін, әкесінің атын көрсетеді.
1.8. Егер қаулыда жәбірленушінің ВИЧ жұқпасымен, сол сияқты
жұқпалы жыныстық аурулармен, трихомонадпен және хламидиозамен
жұқтырылмағанын анықтау туралы сұрақ туса, онда оны арнаулы денсаулық
сақтау мекемелеріне жібереді. Тексеру қорытындылары жазба күйінде
сараптама жүргізуші сот-медициналық дәрігерге хабарлау керек және оны
сарапшының Қорытындысына енгізеді.
1.9. Оқиға кезінде жәбірленуші мен күдіктінің үстіндегі киім
заттар, сараптама кезінде тексеруге алынбаса, сот-медициналық сарапшы ол
жөнінде сараптаманы тағайындаған адамға немесе органға міндетті түрде
хабарлап, киімдердің зертханалық тексеруге қажеттілігін және сол
киімдерді тазартуға немесе жууға болмайтындығын ескертеді.
1.10. Жыныстық жағдайының сот-медициналық сараптамалық нәтижелерін
құжаттағанда мыналарды келтіреді: медициналық құжаттардың деректерін және
олардың уақыты мен ретсандарын ( Бұл дағдайда егер жәбірленуші сараптама
жүргізуге денсаулық сақтау мекемелеріне барып қаралса), жәбірленушінің
шағымдары, арнайы анамнезінде қойлған қойлған сұрақтарды шешумен қатар
мыналар көрсетілуі керек: етеккірдің басталуы, сипаты және етеккірдің
бірінші күнінің уақыты, жыныстық қатынастың басталуы және барысы туралы
деректер, өз еркімен соңғы жыныстық қатынаста болу уақыты, жүктілік
(саны, барысы), түсіктер, тууы (саны, барысы), туудан кейінгі аурулар,
шығарылымдардың сипаттары, жасалынған операциялар мен аурулар (мерез,
туберкулез, эндокриндық және т.б. аурулар); жыныстық дамудың
ерекшеліктері туралы мәліметтер (жыныстық қатынасқа елігуі, онанизммен
айлалысуы).
1.11. Сараптама қорытындысының зертте бөлімінде сараптаманы
жүргіздің мақсатын байланыста жәбірленушіні тексерудің нәтижелерін
келтіреді:
- дененің дамуын, дене бітімін, толықтығын, бойын, жамбас
өлшемдерін және т.б.;
- денесіндегі жарақаттар: бары, орны, мөлшері, түсі, түрі мен
сипатттамасы (сызаттар, жаралар, қанды ісіктер және т.б.) қол-аяқтың,
арқаның, буындардың үстін, беттің, мойынның, емшек бездерінің сыртқы
жыныс мүшелерінің санның ішкі беттерінің аумақтарындағы зақымдарға ерекше
көңіл бөлінеді;
- екіншілік жыныстық белгілердің айқындылығы: қолтық асты ойығында,
қасаға мен жыныстық үлкен еріндердегі шаштардың өсу сипаты мен
дәрежелері; емшек бездерінің даму дәрежелері (тік және көлденең
өлшемдері); олардың пішіні мен серпімділігі, емізіктер мен емізіктер
айналасындағы шеңбңрлердің диаметрлері мен түстері, олардың пішіні мен
биіктігі, емшек бездерінен бөлінетін шығарылымдардың бары немесе жоқтығы;
- сыртқы жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері: үлкен және
кіші жыныстық еріндердің күйі, шырышты қабықтарының түсі, шүртекей мен
несеп шығаратын өзектің күйі, шығарылымдардың бары және сипаты, қабыну
үрдістерінің бары мен жоғы;
- қыздық перденің сипаты: пішіні, биіктігі (негізінен бос шетіне
дейін), қалыңдығы (жұқа, қалыңдығы орташы, бұлшық еттілігі), тығыздығы
(скрпімділік, тығыздық); созылғыштық дәрежесі, (әлсіз, біркелкі, едәуір);
бос жиектердің сипаты мен күйі (жұқа, қалың, тегіс, бірдей, тісті, ұсақ
бұйратылығын және т.б.); табиғи тесіктердің өлшемдері (диаметрі), егер
бірнеше тесіктер болса: олардың саны және перделердің сипаттары, табиғи
оймалардың бары және орындары, жиектерінің күйі мен оймалардың шекаралары
(пішіні, тығыздығы), қыздық перденің зақымдарының бары, орны, пішіні
(сағат тілі қозғалысының бағыты бойынша) және олардан қан ағу дәрежесі;
сұқ саусақтың ұшын енгізгенде жиырылу сақинасының бары және айқындылығы;
- артқы өтіс тесігі мен тік ішектің күйі ( егер қажет болған
жағдайда); артқы өтіс тесігін тексеріп қарағанда оның пішінін, тік
ішектің шырышты қабығының тесігі мен жарақаттың барын тексеріп анықтау (
қан құйылуын, жарылғанын, сызаттарын, жараларын), олардың орындарыншеңбер
бойынша суреттеп жазады (сағат тілі қозғалысының бағыты бойынша),
проктологиялық тәжірибеде қолданылатын аспаптардың көмегімен немесе сұқ
саусақты вазелинмен майлап, қысқыштардың сипатын, мөлшерін, пішінін,
тонусын анықтау үшін тік ішекке енгізеді. Егер тік ішектің көзге
түспейтін деңгейінде зақымдардың барына күманданған жағдайда
жәбірленушіні ректоскопиялық зерттеуге жібереді.
1.12. Зертханалық тексеруге материалды алғанда сот-медициналық
дәріге оны дәл қай жерден, қайда және қандай мақсатты алып, жолдағанын
көрсетеді.
1.13. Сарапшының қорытындысын қойылған сұрақтарды ескере отырып
және жүргізілген зертханалық тексерулердің нәтижелерінің негізінде
тұжырым жасалынады.
1.14. Қорытындылырды денедегі, сонымен қатар жыныс мүшелері мен
қыздық пердеден табылған ( егер жәбірленуші жазбаша түрде келісім берсе)
зақымдардың орындары мен сипаттары туралы түсініктерді фотографиямен
немесе кестелермен суреттеуге болады; суретке түсіруді ерже бойынша
масштабтық фотографиямен жүргізеді.
1.15. Зорлықпен жыныстық қатынаста, азғындық және басқа да жыныстық
қылмыстық әрекет істеуге байланысты сараптама жүргізілгенде, күдікті
тексерудің маңызы өте зор. Сондықтан осындай тексерудің қажет екендігін
сот-медициналық сарпшы дәрігер сараптаманы тағайындаған адамға немесе
органға міндетті түрде хабарлауы керек.
1.16. Күдіктінің Сарапшы қорытындысы сараптамасын бөлек жазады,
мүмкіндігінше сараптаманы жәбірленушіге де, күдіктіге сараптама жүргізген
сот-медициналық сарапшы дәрігер жүргізеді.
1.17. Сезікті тұлғаға сараптама жүргізгенде, оның дене құрылысының
дамуы, сыртқы жыныс мүшелерінің күйі мен өлшемдері туралы объектвтік
деректер алады; зорлық жыныстық қылмыс жасағанда немесе зорлық істегенге
әрекеттенгенде пайда болуы мүмкін, ластанған іздерді, зақымдар мен басқа
да белгілерді табу мақсатында киімдер мен денені мұқият тексеріп қарайды.
1.18. Күдіктіге сараптам жүргізгенде сот-медициналық сарапшы
дәрігер табылған дене жарақаттардың сипатын, көлемін және пайда болу
тетігін анықтайды.
1.19. Күдіктінің денесі мен киімдеріне, әсіресе жыныс
мүшелерінің аумағында мүшелерінің аумағында жәбірленушінің денесінің
барлық бөлімдерінің шаштары, қан мен шығарылымдардың іздері, қынап
эпителиясының жасушалары табылуы мүмкін, оларды сот-медициналық сарапшы
дәрігер жинап алады, тырнақ асты заттарды сот-биологиялық бөлімшесіне
тексеруге жібереді; күдіктіні сот-биологиялық бөлімшесіне жәбірленушінің
қаны мен дененің үстіңгі қабаттарының эпидермясы жасушаларының барын
анықтауға жібереді.

2. Қыздық перденің бұзылу белгілерін анықтау

2.1. Сот медициналық акушер-гинекологиялық сараптамада негізгі
объект әйел жынысында жыныстық дербестігінің (қыздығының) бұзылуын
анықтауда қаздақ перде болып есептеледі.
2.2. Жыныстық жағдайының бұзылуы (қыздық перденің зақымдалуы
немесе зақымдалуысыз) жыныстық әрекеттерден немесе азғындық әрекеттерден
пайда болуы мүмкін.
2.3. Осы кезге дейін жыныстық қатынаста жәбірленушінің қыздық
пердесінің бүтіндігі бұзылғанда, сот-медициналық сарапшы дәрігер қыздық
пердеде табылған зақымдардың сипатан, тетігін және пайда болған олардың
болжамды уақытын суреттеп жазады. Сонымен бірге олардың санын, дәл орнын,
пішінін және қыздық перденің зақымдарының морфологиялық көрінісін
анықтайды: жиектерінің сипатын (қан ағып тұрғанын, тыртықтанып келе
жатқан, жазылып тыртықтанған), олардың тереңдігін (жыртылған, жарылған,
перденің биіктігінің ортасына дейін, оның негізге дейін және т.б.)
қабаттарының бет жақтарының түсі мен жиектерінің тығыздығы, сонымен бірге
қыздық перденің аумағындағы қан ағуының бары.
2.4. Қыздық перденің жарақаттарының жапзылу мерзімдері оның
анатомиялық құрылысының ерекшеліктеріне, жарақаттардың мөлшерінен және
оның жазылу мерзімін ұзартуға себепші жұқпалардың әсеріне, қайталанған
зақымдану мен басқа байланысты болады (№1 қосымшаға қара).
2.5. Егер қыздық перденің бүтіндігі бұзылмаса, онда жәбірленушімен
қыздық пердені зақымдамай (дефлорация) жыныстық қатынастың болу
мүмкіндігі туралы сұрақты шешу керек.
2.6. Қыздық перденің бүтіндігі сақталып, жыныстық қатынаста болуға
мүмкіндік беретін ерекше өзгешеліктері: табиғи тесіктің өлшемінің
үлкендігі, перденің серпімділігі (созылғыштығы), табиғи тереңдігі немесе

көптеген оймалардың бар, сирек кездесетін қыздық перделер: шашақты,
буылтық тәріздес, ерін тәріздес, жапырақша тәріздес, т.б. (№2 қосымшаны
қара).
2.7. Қыздық перденің бүтіндігі сақталып, жыныстық қатынаста болу
маүмкіндігінде жәбірленуші мен күдіктінің жыныс мүшелерінің өлшемдерінің
бір біріне қатынасын анықтаудың үлкен маңызы бар. Сондықтан
жәбірленушінің қыздық пердесінің құрылысының ерекшеліктерін анықтауды
күдіктінің еркек жыныс мүшелерінің шеңберін қобу кезінде өлшеп алу керек,
бұл жөнінде сот-медициналық сараптаманы тағайындағаг адамға немесеорганға
хабарлау қажет.
2.8. Қыздық перденің бүтіндігі сақталып немесе сақталмай жыныстық
қатынаста болу мүмкіндігі туралы қорытынды әрбір нақтылы жағдайда
жәбірленуші мен күдіктіні тексергенде алған объективтік деректерге
сүйеніп негіздену қажет; егер еркек жыныс мүшесінің қобу кезінде өлшеудің
мүмкіндігі болмаған жағдайда, онда жыныс мүшесінің тыныш күйіндегі бастың
тәж аумағында шеңберін алып, алынған санға 2,5+-0,3 см қосады. Алынған
сандардың қосындысы еркек жыныс мүшесінің қобу кезіндегі шеңбердің
болжамды өлшемін береді.
2.9. Егер қынапта сперматозоидтардың барын анықтау қажет болған
жағдайда залалсыздандырылған дәкелі тығынмен (тампонмен) қынап
ішіндегісін, мүмкіндігі болса жатын мойнының сыртқы тесігінен қыздық
пепрденің зақымданудан барлық сақтық шараларын сақтай отырып алады.
2.10. Қыздық перденің жаңа зақымдарына қынаптың, жатыр мойнының,
жатырдың және жатырдың қосалқыларының (егер қажет болса) шырышты
қабықтарын тексеруді тек қана зақымның жазылғаннан кейін Куско немесе
кіші мөлшерлі Симс айналарының көмегімен және екі қолдың тексеру
әдісімен, медициналық мекемелер жағдайында, акушер-гинекологтың
қатысуымен жүргізіледі (10-12 тәуліктен кейін).
2.11. Қыздық перденің бұзылуы немесе жыныстық қатынас әрекеті
жасалған мәнбірлерді анықтау жөнінде сот-медициналық сараптама
жүргізілгенде, сонымен қатар қажет болған кезде жәбірленушінің де артқы
өтісін де тексереді.

3. Бұрын жыныстық қатынаспен өмір сүрген әйелдермен
жыныстық әрекет істелгендегі белгілерін анықтау.

3.1. Бұрын жыныстық қатынаспен өмір сүрген әйелдермен жыныстық
әрекет (немесе соған әрекет жасағанн) мәнбірін анықтауға жүргізілген сот-
медициналық сараптаманы жүргізгенде, сот-медициналық сарапшының міндетіне
бұрынғы жыныстық қатынаста болған объективтік белгілерді анықтау кіреді.
3.2. Бұл жағдайда жыныстық қатынастың негізгі объективтік белгісі
қынаптағы шәуеттің бары болып есептеледі (жыныстық әрекет кезінде
шәуеттің бөлінуімен бітуі). Сол сияқты шәует дақтарының жәбірленушінің
жыныс мүшесі аумағында, денесінде жіне киімдерінде табылуының үлкен
маңызы бар. Осы белгілермен бірге, осыған қоса жәбірленушінің жыныс
мүшесі аумағындағы, денесіндегі және сандарындағы, сирақтарындағы
жарақаттар, жыныстық қатынастың күш қолдану нәтижесінде болғаны туралы
куәлі пікір туғызады.
3.3. Шәуеттің барын анықтау қынап (негізінен артқы және
бүйірлеріндегі күмбездерде) пен жзатыр мойны өзегінің сыртқы тесігін
дәкелі тығынмен залалсыздандырылған корнцагтің көмегімен алынған
шығарылымдарпды 2-3 заттық шыныға жұғынды ретінде жағады. Тығын мен
жұғындылары бар заттық шыныларды бөлмпе қызуына кептергеннен кейін орап,
сот-медициналық сарапшы дәрігердің қол қшойыцлған жолдамасымен
сперматозоидтардың барын және шәуеттің топтық қатысын анықтау үшін сот-
биологиялық анықтау ьбөлімшесіне жібереді. Бақылау ретінде тығын жасалған
дәкенің кемінде ұзындығы 10 см үлгісін де жібереді.
Сараптама жүрнгізу себептері бойынша шәуеттің барын анықтауға
қынаптың ішіндегісін жыныстық қатынастан кейінгі 5 тәулікке дейін алу
керек. Көрсетілген уақыттан кейін қынапта шәуеттің барын анықтаудың
қажеті болмайды. Етеккір кезеңінде, зақымнәтижесінде, болмасы басқа да
себептерге байланысты қынаптағы қанды шығараламдардың бөлінуі, қынаптан
жұғындылар мен тығындар алуға қарсы себеп болмайды.

4. Жыныстық дербестіктің бұзылуына байланысты
Пайда болған салдарын анықтау

4.1. Әйел жынысты тұлғалардың жыныстық дербестігінің бұзылуына
байланысты әрекеттердің нәтижесінде, жәбірленушілерде органикалық немесе
функционалдық сипатты, денсаулықты бұзатын, психикалық ауруларға
ұрындыратын, қалыпты жыныстық қатынасты бұзатын, ұрықтандыру
мүмкіншіліктеріне зиян келтіретін немесе болдырмайтын және т.б. әртүрлі
салдары болуы мүмкін.
4.2. Әйел жынысты тұлғаларға осы аталған мәселелер жөнінде
сараптама жүргізгенде маман дәрігерлермен кеңнсіп, пайда болған салдарды
анықтау керек.
4.3. Егер жәбірленуші осы оқиғаға байланысты сараптама
тағайындалғын мәселе бойынша дәрігерлік көмек сұраса немесе денсаулық
сақтау орындарына емделсе, онда сараптаманы тағайындаған адам немесе
орган арқылы осыған сай медициналық құжаттарды сұрастырып алып және
алынған деректерді қорытынды бергенде есепке алып қолданады.
4.4. Әйел жынысты тұлғалардың жыныстық жұқпалы аурулармен және ВИЧ
жұқпасын жұқтарғаны туралы әдетте қылмыстық жауапқа тартылған және ВИЧ
жұқпасымен жұқтыру туралы істерді тексергенде, сонымен қатар азаматтық
істерді қарағанда сот-медициналық сараптамасын жүргізеді.
4.5. Жыныстық дербестіктің бұзылуына байланысты оның салдарын
анықтауға арналған сот-медициналық сараптамалары қажет болған жағдайда
комиссия түрінде басқа маман дәрігерлердің қатысуымен және белгіденген
тәртіппен жүргізеді.

5. Азғындық әрекеттердің белгілерін анықтау

5.1. Азғындық әрекеттерде табиғатқа жат жыныстық қатынас
амалдарына барады, сондықтан сот-медициналық сарапшы дәрігердің міндетіне
оның объективтік белгілерін анықтау кіреді.
5.2. Азғындық әрекеттерден болған істің нәтижесінде
жәбірленушініңденесінде әртүрлі жарақаттар, сонымен қатар жыныстық
мүшелерге қан құйылуы, сызаттар мен жыртылған тыртықтар, қасағада, сыртқы
жыныс мүшелерінде, шат аралығында; ісік, қынаптың кіреберіс шырышты
қабығының, қыздық пердесінің қызаруы; сандарда, иықтарды және денесінің
басқа да аумақтарында сызаттар мен қанды ісіктер болуы мүмкін.
5.3. Егер сараптама кезінде жәбірленушінің жыныстық еріндерінің,
қынап кіреберісінің және қыздық перденің шырышты қабықтарының тек қана
қызаруы байқалса, олардың себептерін айқындау үшін 3-5 тәуліктен кейін
қайта тексеру жүргізу керек, кейбір жағдайларды жыныс мүшелерінің
тазалығы сақталмаған жағдайда немесе ішек құрттарының әсерінен болуы
мүмкін, ол жөнінде жәбірленушіні, сараптаманы тағайындаған адамды немесе
органды жазбаша түрде ескерту қажет. Егер жыныс мүшелерінің шырышты
қабықтарының жоғарыда көрсетілген себептері болмаса, азғындық
әрекеттердің әсерінен болған (жыныс мүшелерінің үйкелісінен, қолмен
ысқылаудан және т.б.) өзгерәістер айтылған уақыттың ішінде жоқ болады.
Егер жәбірленушіні қайта тексеруге келмесе, онда Сарапшының
қорытындысында табылған көріністердің себептері айқындалмай беріледі.
5.4. Азғындық әрекеттер бойынша сот-медицинылық сараптамасында шат
аралығының күйіне көңіл бөлу керек, себебі ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде
азғындық әрекеттердің әсерінен, еркек жыныс мүшесінің қысымынан және қол
жұмсаудың нәтижесінде мынандай өзгерістер пайда болуы мүмкін: жыныс
саңлауының үңіреюі, құйғы тәріздес тереңдеуі, шат аралығындағы қайық
тәріздес шұңқырдың артқы дәнекерлік тері жамылғыштарының семуі және
түсінің өзгеруі.
Бұл өзгеріңстердің бәрін басқа да тексеру кезінде таболған
объективтік белгілермен қосып қарау керек, себебі өздігінен олардың бәрі
азғындақ әрекеттермен байланысты болмауы мүмкін.
5.5. Азғындық әрекеттердің сараптамсында жыныс мүшелерінің,
қынапта және жәбірленушінің денесінен табылған шәуеттің үлкен
дәлелдемелік маңызы бар. Бұл жағдайда шәуетке ұқсас кеуіп қалған
шығарылымдардың іздері мен қынап ішіндегісін медициналық-биологиялық
тексеруге алады.
5.6. Азғындық әрекеттер жөнінде сараптаманы жүргізгенде жыныстық
жұқпалы аурулардың жіті түрлерінің ьбелгілерін табудың нақтылы маңызы
бар. Бірақ та басқа да жұқтару ошақтарының болу мүмкіндігі жөнінде ескері
қажет.
5.7. Сараптама жүргізгенде азғындақ әрекеттер мен жыныстық
қатынастың бұрмелену түріндегің жыныстық құмарлықтан қанағат алғанды
артқы өтіс тесігін тексереді.
5.8. Сараптам жүргізгенде, егер жанастық қатынаста еркек мүшесін
жәбірленушінің артқы өтіске енгізу арқылы жыныстық әрекеттер істелінгені
анықталса және содан кейін әйел үлкен дәретке бамаса, дәрет алу
мақсатында ішекке клизма қолданбасаа, дәкелі (немесе мақталы) тығындардың
көмегімен тік ішектің ішіндегісін алы, шәуеттің барын анықтау үшін
зертханалық тексеруге жібереді. Бұл шараны қысқыштың тонусын анықтағанға
дейін жасайды.
5.9. Артқы өтіс арқылы тұрақты түрде жыныстық қатынаса артқы өтіс
тесігі мен тік ішек аумағында мынандай өзгерістер болуы мүмкін: артқы
өтіс тесігінің үңгірленуінде және құйғы тәріздес пішіні, артқы өтіс
аумағындағы және тік ішектің шырышты қабығындағы қатпарлардың тегістелуі,
оның түсінің өзгеруі (қызыл түсті, көкшілдеу рең, тік ішектің ампула
бөлімінің кеңеюі, қысқыштардың әлсізденуі, тік ішектің шырышты қабығының
төмен түсуі.
Артқы өтіс тесігін тексеріп қарау нәтижелерін бағалауды мынаны
ескеру керек, көптеген аталып көрсетілген белгілер ішек қызметінің
созылмалы бұзылуының (тұрақты іш қатуы, іш өтуі және т.б.) немес
операциядын кейінгі салдары болуы мүмкін. Осыған байланысты артқы өтіс
тесігі мен тік ішектің аумағындағы табылған өзнерістердің пайда болуы
туралы қорытындыны беруде жәбірленуші тұлғаны зерттегенде айқындалғын
барлық жағдайларды және белгідерді есепке алу керек.
5.10. Артқы өтіс арқылы жыныстық қатынас мәнбірін анықтауды
тік ішек созының немесе қатты шанкрдың бары өте маңызды белгі болып
қаралады.
5.11. Азғыныдық әрекеттер мен жыныстық қатынастың бұрмалану
түріндегі жыныстық құмарлықтан қанағат алуды еркек жыныс мүшесін ауызға
салғанда, жәбірленуші тұлғаның бетін, ауыхз қуысының кіреберіс шырышты
қабығын, жоғарғы ерін жүгенділік аумағын, ауыз қуысының шырышты қабығын
тексеріп қарап, табылған барлық жарақаттардың сипатын, орындарын суреттеп
жазады.
Егер көрсетілген әрекеттер жәбірленуші тұлғаны тексеруге дейін
бірнеше сағат бұрын істелсе және ауыз қуысын тазартпаса, тамақ ішпесе
немесе сұйық ішпесе, дәкелі тығынның көмегімен ауыз қуысының ішіндегісін
алып, шәуеттің барын анықтау үшін зертханалық тексеруге жібереді.

6. Жыныстық қатынастық және ұрықтық
қабілеттілікті анықтау

6.1. Әйел жынысты тұлғалардың жыныстық қатынастық және ұрықтық
қабілеттілігінің сот-медициналық сараптамасын анықтауды комиссиясмен және
оған акушер-гинеколог дәрігерлердің қатысуымен шешеді.
6.2. Жыныстық қатынастық қабілеттілігі туралы мәселені шешу үшін,
оған кедергі жасайтын туа пайда болған немесе жүре пайда болған жыныс
мүшелерінің әртүрлі өзгерістердің барын анықтау қажет (қынаптың қысқаруы,
тарылуы, оның аплазиясы мен атрезиясы, ісіктер және т.б).
6.3. Егер жыныстық қатынас жасау әрекетіне кедергә болатын жыныс
мүшелерінің әртүрлі өзгерістері сараптама жүргізгенде табылмаса, онды
сараптама жүргізуге жыныстық қатынастың мүмкіндіәгін болдырмайтын немесе
қиындататын функционалдық сипатты себептерді анықтау немес кетіру
мақсатында психотерапевт дәрігерді шақырады.
6.4. Ұрақтану қабілеттілігін анықтау үшігн жасын, денесі мен жыныс
мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, етеккірдің басталу
уақытын, етеккір кезеңдерінің сипатын ескері қажет; қабыну немес
неопластикалық гинекологиялық аурулардың барын, гормоналдық бұзылуларды,
созылмалы жұқпалы ауруларды, уланып уыттанудың, сәуленің әсерінің
салдарының барын, анамнезде қандай да болса жыныс мүшелеріне операция
жасалғңандығы туралы мәліметтерді анықтап білу.
6.5. Емханалық тексерулер арқылы ұрықтану қөабілеттігі туралы
сұрақты шешуді қиындататын жағдайларға стационарлық тексеру жұмыстарын
жүргізу қажет, оған сот-медициналық сарапшысының тексеруді қандай
мақсатта жүргізу туралы көрсетілген ілеспе қөағазын алғаннак кейін,
сараптаманы тағайындаған адам немесе орган жібереді.
6.6. Егер ұрықтану қабілеттілігін анықтау неке бұзу істеріне
байланысты жүргізілетін болса, ұрықтылық өнімділоік қабілетін анықтауда
тек қана әйелдері емес, сонымен қатар ер адамдарды да тексереді.

7. Жүктілікті және оның мерзімін анықтау

7.1. Әйел жынысты тұлғаларды жүктілікті және мерзімін анықтау сот-
медициналық сарптамасын комиссиямен өткізіп, оған акушер-гинеколог
шақырып қатысады.
7.2. Жүктіліктің барын және ұрықтанудың болжамды мерзімін
медициналық құжаттардың негізінде (егер тексерілуші жүктілік жөнінде
денсаулық сақтау мекемелеріне қаралса), іс материалдарының деректері мен
мәліметтері, сұрап анықтау арқылы алынған және объективті қарап тексеру
нәтижелері бойынша анықтайды.
7.3. Сұрап анықтау арқылы соңғы және келесі етеккірдің бірінші
күнгі датасын; етеккірдың ерте мерзіміндегі болатын субъективті
белгілерін (тәбетінің бұзылуы, құсық, иіс езі сезімінің бұзылуы, жүйке
жүйесі жағынан функционалдық өзгерістердің пайда болуы-ұйқышылдық,
ашуланшақтық және т.б.) анықтайды.
7.4. Объективтік тексеріп қарау арқылы денесін, емшек бездерін,
сыртқы жыныс мүшелерін және ішкі жыныс мүшелерін зарттейді. Зерттеу
барысында бетінің, тері жамылғыларының, іштің ақ сызығының, емізіктер мен
емізіктер маңының нілденуін; емшек бездерінен сөлдің бөлінуін анықтайды;
жыныс мүшелерінің аумағындағы жүктіліктің объективті белгілерін, өынап
пе,н жатыр мойнының шырышты қабығының көгеруі (цианоз), жатыр денесінің
мөлшерін, пішінін және тығыздығын айқындап бекіту.
7.5. Жүктіліктің ерте мезгілдерін анықтау үшін несептегі хориондық
гонатропинді тексері әдісін қолданады. Жүктіліктің дәл нақтылы деректерін
жатырдағы ұрық жұмыртқаларының үш апталық жүктілік мерзімін көрсететін
қынаптық ультрадыбыстық сканерлік әдіспен алуға болады.
7.6. Жүктіліктің кеш мезгілдерін анықтауға жатыр қуысында ұрықтың
бар белгілерін және оның өлшемдерін қол тәсілі арқылы жинайды.
7.7. Сот-медициналық бөлімшесінде жүргізілетін емшек бездерінің
морфологиялық құрамын зерттеу жүктіліктің барын және мерзімін анықтауды
үлкен маңызы бар, емшек бездерінің сөлін алу үшін мұқият массаж жасап,
емшек бездерінің негізінен бастап, емізік маңынан емізікке дейін ақырын
қысады. Емшек бездерінің бөлінген шығарылымдарынан заттық шыныларға
жұғынды дайындап, бөлме қызуында кептіргеннен кейін сот-медициналық
сараптамасының сот-биологиялық бөлімшесіне жіберіледі.
7.8. Әйелдерде қалыпты жүктіліктің орташа ұзақтығы 280 күн (40
апта)немесе 10 акушерлік ай.Жүктіліктің мерзімдері туралы соңғы
етеккірдің бірінші күнінен бастап, осы мерзімді анықтау мерзіміне дейінгі
уақытты есептеу негізінде жүргізеді.
Осы мақсатта есептеудің мына түрлерін қолдануға болады:
- етеккір бойынша: соңғы етеккірдің бірінші күнінен үш күнтізбелік
айды алып +7 күнді қосады;
- ұрық жасушасының аналық безден шығуы бойынша: күткен етеккірдің
келетін бірінші күнінен, егер келмесе 14-16 күнді кейін алып +273 қосып
-274 күнді алады.
- ұрықтың қозғалысы бойынша: бірінші рет босанатын әйелдерге
бірінші қозғалыс күніне +5 акушерлік айда қосады, ал қайта босанатын
әйелдерге 5,5 айды қосады.
Жүктіліктің мерзімін және ұрықтану мерзімін анықтауға басқа да
әдістердің түрлерін қолдануға болады.
7.9. Егер әйел босанса және осы жағдайда ұрықтану мерзімін анықтау
қажет болған жағдайда, оны есептеуде жүктіліктің орташа ұзақтығына (274-
278 күн) және ұрық жасушасының аналық безден шығу уақытының (+- 6-7 күн)
аралығына байланысты шығарады.

8. Бұрынғы туу мәнбірлерін анықтау

8.1. Әйел жынысты тұлғалардың бұрынғы туу мәнбірлерін анықтау
бойынша жүргізілетін сот-медициналық сараптаманы акушер-гинекологпен
бірігіп жүргізеді.
8.2. Егер әйелдер денсаулық сақтау мекемелерінде босанса, оның
уақыттары мен мерзімдері медициналық құжаттар бойынша анықталады (туу
тарихы, сәбидің даму тарихы, сәби мәйітінің сот-медициналық
сараптамасының актісі).
8.3. Ауруханадын тыс босанғанда, егер туу мәнбісі медициналық
құжаттармен бекілілмесе, онда бұрынғы туу және жүктіліктің мерзімдерін
анықтап сұрап алып, босанған әйелді тексеріп қарау негізінде айқындалады.
8.4. Анықтап сұрап білу арқылы анамнез мәліметтерін, ұрықтану
мерзімдерін және жүктіліктің барысына қатысты мәліметтерді айқындап,
ұрықтың бірінші қозғалыс уақытын, туу датасын және осыларға байланысты
барлық мәселелерді анықтайды.
8.5. Тексеруді емшек бездерін, құрсақты және оның тері
жамылғыштарын, шат аралығын, ішкі және сыртқы жыныс мүшелерін қарап
тексеріп жазады.
8.6. Сыртқы жыныс мүшелерін қарап тексергенде анықтайды: жыныс
саңлауларының күйін (ашық, үңгірленген),шат аралығын (немесе жоқтығын,
олардың көнелігін),шырышты қабықтарын (түсін, ісінгенін, зақымдардың
барын), жыныс еріндерінің артқы жабысқақтарын, қыздық пердені (сипаты мен
зақымдардың мөлшерлерін), шығарылымдардың барын, оның сипатын және
жоқтығын.
8.7. Қынап арқылы зерттегенде анықтайды: қынап пен оның
кенересінің күйін, бөгде заттың барын және сипатын (шаштар, бөгде
бөлшектер мен басқа да заттар); жатыр мойнын (ұзындығын, тығыздығын,
жұмсақтығын; сыртқы өзектің күйі-нүктелі немесе саңлаулы); жатыр денесін
(қалпын, мөлшерлерін, жұмсақтығын, қозғалғыштығын, сезгіштігін;
шығарылымдардың бары және сипатын; үстінің сипатын-тегістігін,
бұдырланғандығын).
8.8. Бұрынғы туу мәнбірлерін, жүктіліктің уақытында және туғаннан
кейінге кезеңінде туу жыныс жолдарының күйі бойынша қайта туған әйелдерге
3-4 апта маңында анықтауға болады. Осы мерзімнен асып кеткенде жаңа
жаралар жатыр мойны мен шат аралығында жоқ болса, бұрынға болңған туу
мәнбірлері мен көнелігін анықтауды қиындатады. Бірінші рет туғандарға,
бұл жағдайда сыртқы жатыр өзегі тесігінің пішінін анықтаудың маңызы зор,
себебі босанғаннанкейін ол саңлау күйінде қалады.
8.9. Бұрынғы туу мерзімдері мен мәнбірлерін анықтауды, әсіресе
туғаннан кейін 6-8 апта өткен соң, жатыр инволюция салдарынан бұрынғы туу
белгілері сақталмайтындықтан, Емшек бездерінің шығарылымдарын зертханалық
тексеру нәтижелерінің маңызы үлкен.ъ

9. Жүктілікті жасанды түрде үзу мәнбісін анықтау

9.1. Жүктілікті жасанды түрде үзу мәнбісін анықтаудың сот-
медициналық сараптамасы дәрігердің денсаулық сақтау мекемелерінің бейімді
құрылымдарында негізсіз дәрігердің денсаулық сақтау мекемелерінің бейінді
құрылымдарынан тыс жасалынған түсік, болмаса жоғарғы медициналық білімі
жоқ медицина қызметкепрлерінің түсік жасағанды және т.б. жағдайларды
жүргізіледі.
9.2. Әйел жынысты тұлғаның жүктілікті жасанды үзу мәнбісін анықтау
сараптамасын акушер-гинеколог дәрігерлердің қатысуымен комиссия арқылы
шешеді.
9.3. Осы көрсетілген сараптаманы жүргізуде мыналарды шешу қажет:
- жүктілікиің болғандығын;
- жүктіліктің қай мерзімде үзілгендігін;
- жүктіліктің үзілген себебі, өздігінен болған түсік немесе жасанды
түсік;
- жүктілік қандай амалмен үзілген;
- жүктіліктің үзілу мәнісінің тексерілуші әйелдің айтуына
сәйкестігі;
- жүктіліктің үзілуі, тексреілуші әйелдің денсаулығына зиян келтіру
дәрежесі;
9.4. Егер әйел жүктілікті үзу жөнінде денсаулық сақтау
мекемелеріне қаралса, онда осыған қатысты барлық медициналық құжаттарды
алу қажет және алынған мәліметтерді қорытында бергенде есепке алады.
9.5. Анамнез мәліметтерін жинап, жүктілікті үзуге себеп болған
мәліметтерді шешу: бұрынғы және соңғы жүктіліктің алдында болған аурулар
туралы деректерді жинау; бұрынғы болған жүктіліктің саны, олардың барысы
мен аяқталуы, соңғы жүктілікті үзуге себеп болған жағдайлар.
9.6. Тексеріп қарау арқылы жүктіліктің үзу объективтік белгілерін
анықтау: қынаптың, жатыр мойнының және мойын өзегінің аумағындағы
зақымдардың барын, сипатын және орнын (күйін, сызаттар, жыртындылар мен
жарылғандар, салынған қысқыштардың іздері және т.б.).
9.7. Егер жыныс жолдарын тексеріп ұарағанды қандай да болса
сұйықтардың іздері байқалса (сабын ерітіндісі, йод тұнбасы, маганец
қышқылды калий ерітіндісі және т.б.),
9.8. Егер сот-медициналық сараптамаға қандай да болса түсікке
қатысты дәлелдемелік заттар берілсе, тапсырылған заттардың ерекшеліетерін
анықтау керек, қажет болған жағдайда оларды сот-медициналық заттарды
дәлелдемелік сараптама бөліміне жібереді.

10. Зақымдарға байланысты жүктіліктің үзілуін
анықтау

10.1. Әйел жынысты тұлғаның зақымға байланысты жүктілікті үзуі
туралы сот-медициналық сараптамасын жәбірленуші тұлғаны тексетру, бұрынғы
және қазіргі жүктілікке байланысты қаралған денсаулық сақтау
мекемелерінен алынған медициналық құжаттармен танысып білу негізінде
акушер-гинеколог дәрігердің қатысуымен комиссия шешеді (зақымға дейінгі
жіне зақымнан кейінгі).
10.2. Жәбірленуші тұлғадан сұрап білу арқылы анықтайды:
- зақым датасын;
- дененің қай жерінде соққы белгілері бар немесе құлағанда қай
жерімен ұрынып соғылды;
- зақым алғаннан кейін қанша уақыттан кейін жүктілік үзілу
белгілері пайда болды және қайда біліне басталды (мысалы белдің сыздап
ауыруы, құрсақтың төменгі жағындағы ауыру, құрсақ аумағындағы толғақ
тәріздес ауыру, жыныс мүшесінен шығарылымдардың бөлінуі және оларды
сипаты- түссіз, қанды сарысу, ұйыған қан, сұйық қан);
- бұрынғы жүктіліктің саны; қалай өтті және бітті; қарқынды босану,
өздігінен түсік тастау, жүктіліктің жасанды үзілуі;
- жәбірленуші тұлғаның осы жүктіліктің алдында (немес жүктіліктің
кезінде) қандай да болса гинекологиялық аурулармен, жұқпаолы аурулармен,
эндокриндік және т.б. аурулармен ауырғандығы, қашан және қайда емделді;
- зақым алғанға дейінгі осы жүктіліктің даму барысы;
- зақым алғанға дейін тексерілушінің жүктілікті сақтау мақсатында
емделуі;
- жүктілікке дейін немесе жүктілік кезінде қандай да болсын
зертханалық немесе арнаулы зерттеулер жүргізілгенін (резус-қайшылық,
Вассерман реакциясы, созды, трихомонадты тексеру, вакцинациялар, егулер
және т.б.).
10.3. Жәбірленуші тұлғадан сұрап білу арқылы анықтап, қажетті
медициналық құжаттардың тізімін денсаулық сақтау мекемелерінен
сараптаманы тағайындаған орган немесе адам арқылы сұраттырып алдырады.
10.4. Жәбірленуші тұлғаны тексеріп қарағанда дене жарақаттарын
барын және жыныс мүшелерінің күйін анықтайды: жатырдың өошемдерін,
жатысын, тығыздығын, қозғалғыштығын және жатырдың сезімталдығын,; жатыр
маңылық клетчаткасында жабысқақтардың барын, жатыр мен қосалқылардың
ісіктерін, жыныс мүшелеріндегі қабыну өзгерістерін және т.б.
10.5. Жүктіліктіктің үзілу себебі туралы қорытындыны жәбірленуші
тұлғаны тексеріп қарау және денсаулық сақтау мекемелерінен алынған
медициналық құжаттарды талдау негізінде жасалынады.
10.6. Жүктіліктің үзілу себебінің зақыммен байланысы туралы шешім,
тек ана бұлтартпайтын даусыз объективті деректерге негізделуі қажет (ұрық
қуығының жарылып, қағанақ суының кетуі, бала жолдасының бөлініп, жатырдан
қан ағуының бірден болуы немесе зақым алғаннан кейін акшерлік анамнезі
біркелкі сау әйелдерде осы жағдайлардың кө кешікпей болуы).
Бұл жағдайларды ең қауіпті кезең жүктіліктің екінші жартысы болып
есептеледі.
Зақымның нәтижесінде жүктіліктің үзілу мүмкіншілігінің ең аз
деңгейі оның бірінші жартысында (12 аптаға дейін) кездеседі, ол кезде
жатыр жамбас қуысы.нда жатады және оның сүйектері сыртқы механикалық
әрекеттердің әсерінен сенімді түрде қорғаныс болады.
2.2 Еркек жынысты тұлғалардың жыныстық жағдайларының сот-медициналық
сараптамасы

1. Жалпы қағидалар

1.1. Еркек жынысты тұлғалардың жыныстық жағдайларының сот-
медициналық сараптамасы іс жүзінде қолданылатын Қазақстан Республикасының
заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
1.2. Сараптаманы жүргізгенде анықтайды: жыныстық қатынасқа және
ұрықтануға қабілеттілігін; жыныстық қатынас әрекеттерін сипаттайтын
белгілерін; жыныстық жұқпалы аурулармен және ВИЧ жұқпасын жұқтыру
мәнбірлерін.
Жыныстық жұқпалы ауралармен және Вич жұқпаларымен жұтыруды анықтау,
жыныстық жұқпалы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот сараптамасының түсінігі, негіздері мен тағайындау тәртібі
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізуде арнайы білімдерді қолдану
Сот сараптамасының жіктелуі,тағайындаудың ұйымдастырушылық сұрақтары және оны жүргізетін мекемелер
Сот сараптамасы туралы криминалистік ілімнің рөлі мен маңызы және оны тағайындау, жүргізу және бағалаудың тактикалық ерекшеліктері
Сот сараптамасын тағайындау, жүргізу және оның нәтижелерін бағалау
Құжаттардың сот сараптамасы
Сот сараптамасының рөлі
Сот сараптамасы туралы
Сот сараптамасынын объектілері
Қылмыстық процесте сот сараптамасын тағайындау, жүргізуді ұйымдастыру, зерттеу
Пәндер