Белгісіз затты анализдеу



Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Әдеби шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

3. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
Аналитикалық химия - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым. Бұл пән химиялық анализдің теориясы мен практикалық жұмыстарын қарастырыды.
Өнеркәсіпте аналитикалық химия әдістерімен дайын өнімнің , жартылай өнімнің және бастапқы шикізаттың құрамы зерттейді.Геологтарды – руда және минералдардың анализі, дәрігерлерді – клиникалық анализдер, дәріхана қызметкерлерін- дәрілік препараттар анализі қызықтырады.Химиялық анализ негіздері зерттелетін обьектілердің құрамындағы заттар қандай мөлшерде, қандай түрде және қандай химиялық элементтер бар екенін анықтайды.Осы мақсаттарға сәйкес аналитикалық химия пәнін екі тарауға бөледі: сапалық және сандық анализ.
Аналитикалық химия пәні дегеніміз – химиялық жүйелердің сапалық құрамын және құрылымын анықтау тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Философияда анализ әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс қосылыстарды, объектілерді жай бөлшектерге бөліп алып, оларды зерттеп, жалпы қорытынды шығаруға негізделген. Химиялық анализ – зерттелетін затты, түрлі қосылыстарды жай бөлшектерге ыдыратып анықтауға негізделген.
Философиялық ұғым бойынша анализ синтезбен диалектикалық бірлестікте. Сол себепті, синтез – заттардың сандық және сапалық құрамын зерттеуде қосымша көмек келтіре алады. Синтез де зерттеудің бір тәсілі, бірақ жай бөлшектерді, құбылыстарды күрделі заттарға немесе құбылыстарды бірлестіруге негізделген.
Аналитикалық химия бейорганикалық, физикалық, органикалық химиялармен қатар жалпы химия ғылымның тарауы болып есептеледі. Аналитикалық химия көптеген ғылымдармен, мысалы, физика, биология, медицина, геология, металлургиямен тығыз байланысты. Осы ғылымдардың дамуына мүмкіндік туғыза отырып, физикалық, математикалық, биологиялы ідістерді қолдану арқылы өзінің де сапасын арттырады.
Тақырыптың өзектілігі. Аналитикалық химияның ғылыми және тәжірибелік маңызы зор, ғылыми және техникалық прогресте үлкен роль атқарады, көптеген жаратылыстану ғылымдарының мысалы, геохимия, геология, физика, биология, экология, медицина, агрохимия, металлургия және т.б. дамуына ықпал етеді. өндірісте, ауыл шаруашылығы, биология, медицина, қоршаған ортаны қорғау және басқа да көптеген салаларда әртүрлі объектілерді аналитикалық бақылау тұрақты пайдаланады.
Жұмыстың мақсаты: Бұл жұмыстың негізгі мақсаты бөлшектеу және жүйелік талдау

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Химия факультеті

Аналитикалық химия және сирек элементтер химиясы кафедрасы

Ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есеп беру

Орындаған: Рыәділ Ұлықпан

Тобы: ОЗХТ 110-ТОП

Тексерген : доцент Арғымбаева А.

Алматы, 2010

Мазмұны

Реферат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..3

1. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4

2. Әдеби
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .5

3. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .6

4.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...7

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..8

Реферат

Ғылыми-зерттеу жұмысы: Бұл жұмыс беттен, кестеден тұрады. Жұмыс жазу
барысында әдебиет, анықтама әдебиетін қолдандым.

Түйінді сөздер: аналитикалық химия, қышқылды-негізді жіктеу, сапалық
реакция, жүйелік және бөлшектеу тәсілдерімен анализдеу, реагент, арнайы
реакциялар, тұнба, ерітінді.

Зерттеу нысандары: анықталатын белгісіз зат, I-VI топ катиондары, І-ІІІ топ
аниондары, кристаллогидраттар.

Зерттеу әдістері мен қолданылған құрал-жабдықтар: қышқылды-негізді жіктеу
әдісі , жүйелік және бөлшектеу талдау әдістері, центрифуга, микроскоп, су
моншасы, сынауық, заттық шыны, тигель, тамызғыш, қыздырғыш түтікше.

Жұмыстың мақсаты: жүйелік және бөлшектеу талдау әдістерін қолданып берілген
белгісіз заттың құрамын анықтау.

Кіріспе

Аналитикалық химия - заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы
ғылым. Бұл пән химиялық анализдің теориясы мен практикалық жұмыстарын
қарастырыды.
Өнеркәсіпте аналитикалық химия әдістерімен дайын өнімнің , жартылай өнімнің
және бастапқы шикізаттың құрамы зерттейді.Геологтарды – руда және
минералдардың анализі, дәрігерлерді – клиникалық анализдер, дәріхана
қызметкерлерін- дәрілік препараттар анализі қызықтырады.Химиялық анализ
негіздері зерттелетін обьектілердің құрамындағы заттар қандай мөлшерде,
қандай түрде және қандай химиялық элементтер бар екенін анықтайды.Осы
мақсаттарға сәйкес аналитикалық химия пәнін екі тарауға бөледі: сапалық
және сандық анализ.
Аналитикалық химия пәні дегеніміз – химиялық жүйелердің сапалық құрамын
және құрылымын анықтау тәсілдерін зерттейтін ғылым.
Философияда анализ әдісі пайдаланылады. Бұл әдіс қосылыстарды, объектілерді
жай бөлшектерге бөліп алып, оларды зерттеп, жалпы қорытынды шығаруға
негізделген. Химиялық анализ – зерттелетін затты, түрлі қосылыстарды жай
бөлшектерге ыдыратып анықтауға негізделген.
Философиялық ұғым бойынша анализ синтезбен диалектикалық бірлестікте. Сол
себепті, синтез – заттардың сандық және сапалық құрамын зерттеуде қосымша
көмек келтіре алады. Синтез де зерттеудің бір тәсілі, бірақ жай
бөлшектерді, құбылыстарды күрделі заттарға немесе құбылыстарды бірлестіруге
негізделген.
Аналитикалық химия бейорганикалық, физикалық, органикалық химиялармен қатар
жалпы химия ғылымның тарауы болып есептеледі. Аналитикалық химия көптеген
ғылымдармен, мысалы, физика, биология, медицина, геология, металлургиямен
тығыз байланысты. Осы ғылымдардың дамуына мүмкіндік туғыза отырып,
физикалық, математикалық, биологиялы ідістерді қолдану арқылы өзінің де
сапасын арттырады.
Тақырыптың өзектілігі. Аналитикалық химияның ғылыми және тәжірибелік
маңызы зор, ғылыми және техникалық прогресте үлкен роль атқарады,
көптеген жаратылыстану ғылымдарының мысалы, геохимия, геология, физика,
биология, экология, медицина, агрохимия, металлургия және т.б. дамуына
ықпал етеді. өндірісте, ауыл шаруашылығы, биология, медицина, қоршаған
ортаны қорғау және басқа да көптеген салаларда әртүрлі объектілерді
аналитикалық бақылау тұрақты пайдаланады.
Жұмыстың мақсаты: Бұл жұмыстың негізгі мақсаты бөлшектеу және жүйелік
талдау
әдістерін пайдаланып, заттың сапалық құрамын анықтау яғни, катиондар мен
аниондарды анализдеу.

3 Негізгі бөлім
3.1 Белгісіз затты алдын-ала талдау.

Зерттеуге берілген затты толық анализдеуден бұрын оның физикалық
қасиеттеріне зерттеу жүргіздім. Белгісіз зат ақ тусті , иіссіз, кристалды
зат. Микроскоп көмегімен берілген заттың кристаллдарын зерттегенде
пішінінде айырмашылығы жоқ, біртекті.
Зерттелетін затқа сұйытылған күкірт қышқылының әсерін байқау.
Талданатын зат ерітіндісіне 2н күкірт қышқылы ерітіндісінің аз
мөлшерін құйып, газдың бөлінген-бөлінбегенін байқау қажет. Нәтижесінде
түссіз газ (SO2, CO2, NO2 т.б.) бөлінгені байқалған жоқ. Яғни, белгісіз
зат, құрамында карбонаттар, сульфиттер, тиосульфаттар, сульфидтер,
ционидтер, нитридтер жоқ болғаны.
Концентрлі күкірт қышқылының әсері.
Белгісіз затқа қосқан кезде түсті газдың (NO2, CO2, Br2, Cl2, F2)
бөлінуі байқалды. Әсіресе жасыл түсті хлор газының иісі байқалды. Яғни,
хлорид анионының болуы мүмкін.
Суда еріту.
Белгісіз зат суда жақсы еріді. Яғни, бұл затта суда ерімейтін
силикаттар, карбонаттар, гидроксидтер, сульфидтер, Ba, Ca, Sr сульфаттары,
қорғасын және сынап цианидтері жоқ.
Ерітіндінің pH-н анықтау.
Ерітіндінің pH-н универсал индикатор қағазымен анықтаймыз.
Нәтижесінде pH=7, әлсіз қышқыл орта.
Тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарды анықтау.
Тотықтырғыштарды анықтау: ерітіндіге KJ+H2SO4 қоспасын тамызып,
үстіне крахмал қосқан кезде ерітінді көк түске боялды. Демек тотықтырғыштар
бар.
Тотықсыздандырғыштарды анықтау: ерітіндіге KMnO4+H2SO4 қоспасын
қосқан кезде ешқандай өзгеріс байқалмады. Демек тотықсыздандырғыштар жоқ.

3.2 Жүйелік анализ.

Белгісіз заттың катиондарын анықтау.
Қышқылды-негіздік жіктелу бойынша топталу арқылы катиондарды анықтау
өте қолайлы. Бұл әдіс бойынша алдымен І-ІІ-ІІІ топ катиондары, сосын ІV-V-
VІ топ катиондарын анықтаймыз.

І топ катиондарын бөлшектеу анализі арқылы анықтаймыз.
1. Na+ анықтау: заттық шыныға зат ерітіндісінен бір тамшы тамызып, жанына
бір тамшы Zn(UO2)(CH3COO)4 тамыздым. Шыны таяқшамен араластырып, біраз
құрғаттым. Микроскоп арқылы дұрыс тетраэд, октаэд кристалдарының
түзілуін байқамадым, яғни ерітіндіде бұл катион жоқ.
Na++3Zn(UO2)(CH3COO)4→NaZn(UO2)3(CH 3COO)4+2Zn2++3CH3COO-
2. NH4+ анықтау: бұл катионды Несслер реактиві көмегімен анықтайды.
Ерітіндіге KOH қостым. Ерітіндіні қыздырып, индикатор қағазын
дистильденген сумен сулап , пробирканын аузына қойып бақылайды. Егер
анықталатын заттың құрамында NH4+ катионы болсса, онда ол t
көтерілгенде NH3↑+H2O ыдырап, аммиак индикатор қағазын көк туске
бояпйтын еді.Бұл құбылыстар байқалмады.Демек NH4+ катионы жоқ.
NH4Cl+KOH→NH4OH+KCl
NH4OH→NH3↑+H2O
3. K+ анықтау: K+ анықтауға NH4+ кедергі жасайды. Сондықтан ерітіндіні
тигельге құйып, буландырып, құрғағанша қыздырдым. Сосын оны
дистилденген суда ерітіп, оған Na3[Co(NO2)6] қосамыз. Нәтижесінде сары
ұсақ кристалды тұнба түзіледі, яғни K+ ионы бар.
2K++ Na3[Co(NO2)6]→K2Na[Co(NO2)6]↓+2NaCl

ІІ топ катиондарының (Ag+, Pb+, Hg2+) бар жоғын 2н HCl тамызып
байқаймыз. Осы затты қосқан кезде тұнба түзілмеді. Яғни екінші топ
катиондары жоқ.

ІІІ топ катиондарын (Ca2+, Ba2+, Sr2+) анықтау үшін H2SO4 қосамыз. Осы
кезде ақ тұнба түзілмеді. Яғни үшінші топ катиондары жоқ.
Берілген заттың құрамындағы ІV-VІ топ катиондарын анықтау алдында
Fe2+, Fe3+, Co2+ катиондарын анықтап аламыз. Өйткені бұл катиондарды жұмыс
барысында жоғалтып алуымыз мүмкін.
1. Fe2+ анықтау: Fe2++3K3[Fe(CN)6]→Fe[Fe(CN)6]3↓+9K+ . Нәтижесінде көк
түсті ‘Турунбуль көгі’ тұнбасы түзілмеді. Яғни Fe2+ жоқ.
2. Fe3+ анықтау: 4Fe3++3K4[Fe(CN)6]3→Fe4[Fe(CN)6]3↓+ 12K+. Нәтижесінде
‘Берлин көгі’ қара-көк түсті тұнба түзілмеді. Яғни ерітіндіде Fe3+
жоқ.
3. Co2+ анықтау: ерітіндіге (NH4)2S қосқанда қара тұнба түзілмеді.
CoCl2+(NH4)2S→CoS↓+2NH4Cl
сондай-ақ, ерітіндіге NaOH қосып байқадым. Нәтижесінде бурыл Co(OH)3↓,
күлгін Со(OH)2 түзілмеді. Яғни Co2+ жоқ.

ІV-VІ топ катиондарын анықтау. Ол үшін жүйелік анализ кестесін
қолданамыз және әр катионды бөлшектеп анализдейміз.

Mn2+, Mg2+, Cu2+, Cd2+, Ni2+, Bi3+, Al3+, Zn2+, Cr2+, As3+, As5+, Sn4+,
Sb3+, Sb5+, Hg2+ + NaOHар + H2O2, t0C
Т: E:
H3MnO4, Mg(OH)2, Cu(OH)2,AlO2-, ZnO22-, AsO43-, CrO42-, SnO32-
Cd(OH)2, Ni(OH)2, +NH4Cl, t0C
Bi(OH)3, HgO,
SbO(OH)2+HNO3+H2O2
T: HsbO3 Е: Mn2+, Mg2+, Т: Е:
Cu2+, Cd2+, Al(OH)3, CrO42-, AsO43-,
Ni2+, Bi3+, Sn(OH)4 [Zn(NH3)4]2++Na2CO3, t
Hg2+ +HCl(2H)
Е: Т: Zn(OH)2CO3+HCl Е:
Al3+[SnCl6] CrO42-, AsO43-
2- Е: ZN2+(б.а.) (бөлш.ан.)

Ол үшін талданатын ерітіндіге NaOH+H2O2 қосып, су моншасына қоямыз.
Сонда тұнба түзілмеді. Демек, ерітіндіде Mn2+, Mg2+, Cu2+, Cd2+, Ni2+,
Bi3+, Hg2+ катиондары жоқ. Жүйелік анализді ары қарай жалғастырамыз.
Ерітіндіге NH4Cl қосып су моншаға қоямыз. Сонда тұнба түзілмеді. Яғни,
ерітіндіде Al3+, Sn4+ жоқ. Енді ерітіндіде CrO42- , AsO43- , [Zn(NH3)4]2+
болуы мүмкін.Ерітіндіге Na2CO3 қосып, су моншасына қоямыз.Сонда
ерітінді түзілді.Тұнбаның түзілмегендігінен Zn2+ катионның жоқ екенін
дәлелдейді. Ерітіндінің құрамындағы CrO42- , AsO43- иондарын бөлшектеу
әдісі арқылы арқылы анықтаймыз.
анықтау:
Ерітіндінің 1-2 тамшысына 1-2 тамшы тамыздым, сары тұнба түзілді.
ионы бар.

AsO43- анықтау:
Ерітіндіге 1-2 тамшы AgNO3 тамыздым, қызыл-қоңыр тұнба түзілмеді.Яғни,
бұл ион жоқ.
Zn2+ анықтау :
Zn2+ анықтау үшін ерітіндіге 5 т NaOH қосып ақ тұнба түзілуін бақылау
керек .
ZnCI2 + 2 NaOH→Zn(OH)2↓ +2NaCI
Жүргізілген реакциялардың нәтижесінде ақ түсті тұнба түзілмеді.

NH-NH-C6H5
NH-NH-C6H5 2S=C
+ Zn2+ → Zn ( ←S=C ) + 2H+
N=N-C6H5
N=N-C6H5
Мырыш ионының жоқ екенін реакция нәтижесінде органикалық қабат қызыл күрең
түске боялмағанынан байқаймыз.
Сонымен, І-VІ аналитикалық топ катиондарынан екі K+ және Cr3+
анықталды.

Белгісіз заттың аниондарын анықтау.

І топ аниондарын анықтау.
Ерітіндіге топтық реагент BaCl2 қосқанда ақ тұнба түзілді. Демек,
ерітіндіде І топ аниондары бар (SO42-, SO32-, CO32-, PO43-, SiO32-).

SO42- анықтау:
Ерітіндіге стронций хлориді SO42- анионымен нашар еритін тұнба түзеді
SrSO4.

SO32- анықтау:
Ерітіндіге күміс нитратын қосамыз, сол кезде ақ тұнба түзілмеді, яғни SO32-
анионы жоқ.
2AgNO3 + Na2SO3 →Ag2SO3↓+2NaNO3
CO32- анықтау:
Ерітіндіге күшті қышқыл , яғни HCI корбонаттардан көміртек (IV) оксиді
СO2 бөлінеді, бірақ біздің жағдайда ешқандай газ байқалган жоқ,

ІІ топ аниондарын анықтау.
Ерітіндіге топтық реагент AgNO3+HNO3 қосқанда тұнба түзілді.
Ерітіндіде ІІ топ аниондары бар.
1. Br- анықтау: ерітіндіге H2SO4(конц) құйғанда газ тәрізді HBr
түзілмеді. Яғни, Br- жоқ.
Br-+H2SO4→HSO4-+HBr↑
2. J- анықтау: ерітіндіге Pb(NO3)2 қосқанда сары тұнба түзілмеді. Яғни J-
жоқ.
2J-+Pb(NO3)2→PbJ2↓+2NO3-
3. S2- анықтау: ерітіндіге CdSO4 қосқанда сары тұнба түзілмеді. Яғни S2-
жоқ.
S2-+CdSO4→CdS↓+SO42-
4. CNS- анықтау: ерітіндіге Hg(NO3)2 қосқанда ақ тұнба түзіледі. Яғни CNS-
жоқ.
CNS-+Hg(NO3)2→Hg(CNS)2↓+2NO3-
5. ClO- анықтау: ерітіндіге сілтілік ортада MnSO4 қосқанда қара қоңыр
тұнба түзілмеді. Демек ClO- жоқ.
ClO-+Mn2++2OH-→MnO(OH)2+2Cl-
6. Cl- анықтау: ерітіндіге KMnO4 қышқыл ортада қосқанда хлор газы
түзілмеді. Яғни Cl- жоқ.
10Cl-+2MnO4-+16H+→2Mn2++5Cl2+8H2O

ІІІ топ аниондарын анықтау.
1. Талданатын заттың құрамынан NO3- аниондарының бар жоғын сынаймыз. Ол
үшін 2-3 анализдейтін ерітіндіге 1 тамшы дифениламин ерітіндісін
қосамыз.Нәтижесінде қою көк түске боялмады. Демек NO3- ионы жоқ
2. CH3COO- анықтау: ерітіндіге H2SO4 қосқанда сірке қышқылының өткір иісі
байқалмады. Яғни CH3COO- анионы жоқ.
2CH3COO-+H2SO4→2CH3COOH+SO42-
3. Br- анионын анықтау.
1.ерітіндіге AgNO3 күміс нитратын қостым, HNO3 – те ерімейтін сары
тұнба түзілмей , ақ тұнба түзілді.
Br + AgNO3→AgBr↓ +NO3-
2. ерітіндіге концентрлі күкірт қышқылын құйдым , газ тәрізді HBr
түзілмей ақ жасыл тұнба түзілді.
NaBr + H2SO4→NaHSO4 + HBr↓
3.пробиркаға 1-2 тамшы ерітіндіні тамызып , қышқылдық орта үшін 2H
күкірт қышқылын тамыздым.Кейін үстіне хлор суын құйып, үстіне бензол
құйып араластырдым.Сонда органикалық қабат қызғылт сары түске
боялмады, ал хлор суын артық мөлшерде қосқанда BrCI түзіліп таза
сарыға ауысу керек еді, бірақ өзгеріс байқалмады,яғни Br2 ерітіндіде
жоқ.
4)І- анионын анықтау.
Ерітіндіге күміс нитратын қосқанда , азот қышқылында, аммиакта
ерімейтін сары тұнба түзілуі керек еді, бірақ ерітінді ақ түске
боялды.
І- + AgNO3→AgI ↓ + NO3
Ерітіндіге калий йодидін құйдым, бірақ сары тұнба түзілмеді.
Үстіне су ,2H сірке қышқылын қостым да, қыздырдым.Тұнба еріп,
салқындатқанда алтын кристалдар түзілуі керек еді,бірақ ерітіндіде
өзгеріс болған жоқ.
KI + Pb(NO3)2→PbI2+ KNO3
Пробиркаға араластырып сұйытылған калий йодиді мен бромидін бір
–бір тамшыдан хлор суын тамызып, араластырып тұрдым.Сонда I- ионы
тезірек тотығып, органикалық қабат күлгін түске боялуы керек еді,
бірақ өзгеріс байқалмады.
2I- + CI2→I2 + 2CI-
Сонымен ерітіндіде I- анионы жоқ екеніне көзім жетті.
5)S2- анионын анықтау .
1.Ерітіндіге күміс нитратын қосқанда ақ тұнба түзілгенінен , бұл
анионның жоқ екенін айтуға болады, себебі қара тұнба түзілуі керек
еді.
S2-+AgNO3→Ag2S↓ +NO3-
2.Бірақ бұл болжамның дұрыстығын тағы да текскріп көріп ,
реакция жүргіздім.Бейтарап ортада ерітіндіге кадмий сульфатын
құйдым. Ашық сары тұнба болуы керек еді,бірақ өзгеріс ерітіндіде
болған жоқ.
S2- + CdSO4→CdS↓+SO42-
S- анионы бұл ерітіндіде байқалған жоқ.
6)CNS- анионын анықтау .
1.Ерітіндіге Hg(NO3)2 ерітіндісін қостым, роданидтің артық мөлшерінде
еритін ақ тұнба түзілмеді.
Hg(NO3)2 +2KCNS→Hg(CNS)2↓ +2KNO3
2.Ерітіндіге қышқылдық орта болу үшін күкірт қышқылын қостым,
үстіне темір (III) хлоридін қостым.Сонда ерітінді қою қызыл түске
боялмады.
3CNS- + Fe3+→Fe(CNS)3
Роданид анионы ерітіндіде жоқ.
7)CIO- гипохлорид анионын анықтау.
Сілтілік ортада ерітіндіге калий йодидін тамыздым, реакция
соңында қара қоңыр түсті тұнба түзілуі керек еді, ерітіндіде
ешқандай өзгеріс болған жоқ.
CIO- + 2I + H2O→I2 +CI + 2OH-
Сілтілік ортада ерітіндіге марганец сульфатын тамыздым,
реакция соңында қара қоңыр түсті тұнба түзілуі керек еді,ерітіндіде
ешқандай өзгеріс болған жоқ.
Mn2+ + CIO- +2OH-→MnO(OH)2 + 2CI-
Яғни CIO- анионы жоқ.

Сонымен, аниондарды анықтау кезінде аниондары анықталды.

Қорытынды
Жұмысымды аяқтай келе мен мынадай қорытындыға келдім, менің берілген
белгісіз затым екі тұздан құралған ол K2SO4 және Cr2(SO4)3.
1. Талдауға алынған тұз- ақ түсті , кристалды түрде.
2. Талдауға алынған тұз ерітіндісінің PH=7.
3. Тұз құрамында K+ және Cr3+ катиондары кіреді.
4. Тұз құрамында SO42- анионы кіреді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Алексеев В.Н. Курс качественного химического
полумикроанализа. М.:Химия, 1973.
2. Д. К. Меңдалиева, К.А.Чекотаева, М.К.Наурызбаева. сапалық анализ. Оқу
құралы. І бөлім. Алматы:ҚазҰУ, 1994.
3. Д. К. Меңдалиева, М.К.Наурызбаева, А.К.Кабдрахимова,
С.Т.Шалғымбаев.Сапалық анализден методикалық нұсқаулар. ІІ бөлім.
Алматы: ҚазҰУ,1994.
4. Н.С.Шәріпова, В.А.Захарова, А.Ә.Мұсабекова. Аналитикалық химия
бойынша әдістемелік құрал. І бөлім. Сапалық талдау. Алматы: Қазақ
университеті, 2003.

5. Ю.Ю.Лурье. справочник по аналитической химии. М.: Химия, 1989.
6. Г.Л.Бадавамова. Сапалық анализден лабораториялық жұмыстарға
әдістемелік құрал. I бөлім. Аниондар анализі. Алматы : Қазақ
университеті, 2003.

Әдеби шолу.
1. Химиялық анализдің негізгі тараулары

Жалпы химиялық анализ қойылатын мақсаттарына қарай сапалық және сандық
болып екі тарауға бөлінеді.
Сапалық анализдің негізгі мақсаты – зерттелетін заттың сапалық құрамын
анықтау, демек қандай элементарлық бөлшектерден атом, ион, молекуладан
тұратындығын табу. Сонымен қатар, белгілі қосылыстармен ұқсастыру.
Ұқсастыру үшін көбінесе сапалық анализдің бірнеше әдісі қолданылады.
Сандық анализдің негізгі мақсаты – зерттелетін заттың құрамындағы
компоненттердің массалық үлесін немесе грамм мөлшерін анықтау.
Химиялық анализ белгілі бір тәртіппен жүреді, яғни алдымен заттардың
сапалық құрамы, содан соң сол компоненттердің сандық мөлшері анықталады.
Сандық анализ заттың сапасын анықтауға пайдаланылады, себебі ол оның
сапалық құрамына тәуелді.
Аналитикалық химияның бір тарауы фазалық анализ. Фазалық анализдің
негізгі мақсаты – зерттелетін заттың элементтік құрамымен қатар, бұл
элемент қандай қосылыс күйінде кездесетіндігін анықтау.
Химиялық фазалық анализ физика-химиялық және физикалық әдістермен
тығыз байланысты. Химиялық анализді көбіне компоненттерді бір-бірінен бөлу
үшін қолданады. Компоненттерді бір-бірінен ажырату үшін электрохимиялық
әдістер де кең пайдаланылады, әсіресе металлургияда құймаларды анализдеу
үшін.

2. Аналитикалық реакциялар мен реагенттер

Химиялық анализді орындау үшін қосылыстың, я оны құрайтын бөлшектердің
ерекше көзге түсетін химиялық немесе физикалық қасиеттері болуы тиіс, оны
аналитикалық қасиеттер деп атайды. Қосылыстың аналитикалық қасиеттері оның
сапасын және сандық үлесін анықтауға мүмкіндік береді, ал осы қасиеттерді
көрсететін реакциялар – аналитикалық реакциялар деп аталады. Кез-келген
ионның аналитикалық қасиетін көрсететін химиялық реактивті реагент деп
атайды. Реагенттің әсерінен белгілі сигнал пайда болуы мүмкін. Аналитикалық
сигнал дегеніміз – тұнба, түсті қосылыстар түзілуі, газ бөлінуі т.б.
Аналитикалық сигнал қосылыстардың сапалық және сандық құрамы туралы
мәлімет береді.

Аналитикалық реакциялардың анықтау сипаттамасы.
Анықталатын ион Реагент Аналитикалық сигнал
Ba3+ SO42- BaSO4 Ақ тұнба
Fe3+ 3SCN Fe(SCN)3 Қызыл қоңыр ерітінді
CO32- 2H+ H2O×CO2 ↑ Газ бөлінеді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Белгісіз заттың аниондарын анықтау
Аналитикалық химия
Аналитикалық химияның ғылыми және тәжірибелік маңызы
“Белгiсiз затты анализдеу” ғылыми-зерттеу жұмыс бойынша есеп беру
Таным методтары
Аналитикалық химияның талдау әдістері
Органикалық заттарды физикалық әдістермен зерттеу
Бала ойы және оның ерікті дамытудағы мәні
Мұнай және мұнай фракцияларын зерттейтін әдістер
Комплексонометриялық титрлеу әдістері
Пәндер