Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және өткізу әлеуеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті жерлері ... ... ... ... ... ... ... .8

II ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК. ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Облыстың туристік.экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3 Игерілген туристік.экускурсиялық нысандар және оның
құндылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

III ТАРАУ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ

3.1 Табиғи және жасанды көрнектілікті жерлердегі туризмді дамыту ... ... ... ... 58
3.2 Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру жолдары ... ... ..60

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64
Туризм дүние жүзі бойынша кез-келген қоғамда ерекше орында, ол маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т.б. мәндерін маңыздылығын былай қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі-бір дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. өйткені туризм белгілі-бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды, жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша қызмет) жақсарады.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, демалуына жағдай жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің, көтерiлуiне республиканың саяси-әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың көкейкестілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды қанағаттандаратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу. Аймақтағы танымдық, емдік-сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс Қазақстанның көрнектілік жерлері немесе туризмнің индустриясы негізіндегі мынадай негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды:
1) Шығыс Қазақстан аймақтың шаруашылық дамуын сипаттайды.
2) Шығыс Қазақстан облысының туристік-экскурсиялық мақсаттың көрнекілік жерлердің сипаттамасы және шараларына баға бере отырып, аудандастыру мәселелерін қамтиды.
1. Н.Назарбаев. Қазқақтан -2030. Ел президентінің Қазақстан
халқына жолдауы. Алматы «Білім» , 1997 ж.
2. Абдраимов А. История Казахстана. Астана 1999 ж.
3. Аблайханова Г., Хабрахманов Р. Экотуризм в РК Экология и
устойчивое развитие.
4. А.К. Резников, В.А. Кораблев. По Казахстану-маршрутами подвигов.
Алма- Ата, «Казахстан», 1988 г.
5. Ә. Жумадилова , А .Бекенов, Х. Қыдырбаев. Қазақстан Қорықтары.
Алматы «Қайнар», 1980 ж.
6. Б.Кузьменко. Ертіс өңірі. Алматы «Қайнарә», 1984 ж.
7. В.А. Филипов. Заповедные сокровища природы Алтая. Алматы
«Наука»
8. В.Ф. Михайлов. Марқакөл. Алматы «Қайнар», 1984 ж
9. Гущик В Семипалатинск , прошлое и настоящее. Заман- Казахстан
1998- 16 октября.
10. «Дидар». Шығыс Қазақстан облысық гүазеті, 1999 ж. №3,17
11. Ердаулетов. С.Р., Мусин К., Шабильников С. Финансы Казахстана,
1997 ж
12. Ердаулетов С.Р. Казахстан туристский. Алма –Ата, «Қайнар» 1989 ж.
13. Ердаулетов. С.Р. Достопримечательности места Казахстана. Алматы,
1988г
14. Ердаулетов. С. Р. Основа туризма Казахстана.
15. Казахстан –стратегия переходя к рынку. Учебное пособие. Алматы,
1991 ж.
16. Козбаев. Алтай казахстана, 1986 г.
17. Қазақстанның көрікті жерлері. Қазақ мемлекет баспасы. Алматы,
1959 ж.
18. М. Өтмемағанбетов. Қазақстанның физикалық географиясы, Алматы,
1996 ж.
19. По Средней Азии и Казахстану (путеводитель). Москва « Мысль»,
1973 г.
20. РК энциклопедический словарь. Алматы. «Главная энциклопедия»,
«Қазақ энциклопедиясы», 2004 ж.
21. Рекомендуемые маршруты по ВКО отрядами высокогорной
экспедиции.1959 ж.
22. «Рудный Алтай». Восточно-Казахстанская областная газета, 1999
г. № 4142.
22. Саипов А.А. Практика и теория туризма Казахстана. Монаграфия- Рик,
1999 ж.
23. Семейдің «Алтын жобасы». Алматы «Қайнар», «Саржайлау» ШҚ,
1995 ж.
24. Хайруллин Г. Т., Бесенбаева А.А. Саипова А.А., Республиканский
кабинет Каз. Академии им. Алтынсарина. Алматы, 2001 ж.
25. Шығыс Қазақстан. Деловой мир Казахстана, 2003 ж.
26. 1998 жыл басындағы Қазақстан республикасының облыстары, қалалары,
аудандары, аудан орталықтары мен поселкелерінің халық саны.
Қазақстан Республикасыныңұлттық статистика агенттігі. Алматы,
1998 ж.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .2

I тарау. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және
өткізу әлеуеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті
жерлері ... ... ... ... ... ... ... .8

II тарау. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК- ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ
КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен
шаруашылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2. Облыстың туристік-экскурсиялық ресурстары, оның
инфрақұрылымы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3 Игерілген туристік-экускурсиялық нысандар және оның
құндылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41

III тарау. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН
ДАМЫТУ

3.1 Табиғи және жасанды көрнектілікті жерлердегі туризмді
дамыту ... ... ... ... 58
3.2 Шығыс Қазақстан облысының туризм қызметін белсендіру
жолдары ... ... ..60

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..64

Кіріспе
Туризм дүние жүзі бойынша кез-келген қоғамда ерекше орында, ол
маңыздылығы жағынан жан-жақты қоғамдық құбылыс.
Туризмнің танымдық, тәрбиелік мәдени т.б. мәндерін маңыздылығын былай
қойғанда, ең алдымен ол көптеген мемлекеттердің экономикасында белгілі-бір
дәрежеде роль атқарды. Осы туризмнің экономикадағы маңыздылығын оның
қоғамдағы орнын анықтайтын негізгі фактор ретінде қарастырамыз. өйткені
туризм белгілі-бір территорияда дамыған сайын, одан түсетін табыс ұлғаяды,
жұмыс орны көбейеді, жергілікті инфрақұрылым (транспорт, байланыс, қосымша
қызмет) жақсарады.
Бүгiнгi таңда Қазақстанның және шет ел туристерiнің, демалуына жағдай
жасауды ұйымдастыру, республиканың туристік потенциалын көтеру өзекті
мәселелердiң бiрi. Туризм деңгейінің, көтерiлуiне республиканың саяси-
әлеуметтiк жағдайының тұрақтылығы және басқа мемлекеттермен халықаралық
қарым-қатынас орнауы тиiс. Осыған орай, дипломдық жұмыстың мақсаты Шығыс
Қазақстан аймақ туристік рекреациялық ресурстарына баға бере отырып олардың
туризмді дамытудағы құндылығын ашу.
Жұмыстың көкейкестілігі еліміздің бүгінгі туристік ахуалды жан-жақты
зерттей отырып бүгінгі күн талаптарына сәйкес туристік сұраныстарды
қанағаттандаратын Шығыс Қазақстан аймағының туристік мүмкіншіліктерін ашу.
Аймақтағы танымдық, емдік-сауықтыру мәдени демалыс спорттық туризм түрлерін
және экскурсиялық қызметпен сервис сапасының даму дәрежесін анықтау болып
табылады. Туристік ресурстармен нысандардың экскурсиялық талаптар үшін
маңыздылығын, мазмұнын қарастырады. Осыған байланысты жұмыс Қазақстанның
көрнектілік жерлері немесе туризмнің индустриясы негізіндегі мынадай
негізгі зерттеу міндеттерін қамтиды:
1) Шығыс Қазақстан аймақтың шаруашылық дамуын сипаттайды.
2) Шығыс Қазақстан облысының туристік-экскурсиялық мақсаттың
көрнекілік жерлердің сипаттамасы және шараларына баға бере отырып,
аудандастыру мәселелерін қамтиды.
3) Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту. Осыған
сәйкес аймақтың туризмді дамытудағы мүмкіншіліктерге баға береді.
Селеулi ақ даласы, жасыл шалғынды өлкесi, қатпар-қатпар құз тастары,
мұнар басқан таулары, мың бұратылған өзен-суы, жасыл желектi ну тоғайы, аңы
мен малы қатар өрбiген Шығыс Қазақстан жерiне Албания мен Швеция сияқты
мемлекеттер бiрге сыйып кеткендей. Халқымыз елдiк дәстүрiн сақтаған, ұлы
перзенттерiнің үлгiсiн мұрат тұтқан, ата қадiрiн, ене қасиетiн сақтаrан, ұл
мен қыз қызығын қастерлей бiлетiн ел. Бұл жерде халқымыздың үш кемеңгер
cypeткepi дүниеге келiп, ездерiнiң өлмес жырларын толғаған, Олар: Абай,
Шәкәрім, Мұхтар Әуезов. Сөз өнерін әлемдік биiгiне көтерген үш алыппен
бiрге осы өңірде Шоқан Уәлиханов, Федор Достоевский, Ахмет Байтұрсынов,
Сұлтанмахмұт Торайғыров, Әміре Қашаубаев, Қаныш Сәтбаевтай ұлы ғұламалармен
ақын-жазушы, әншілер өмірлерінің талай айлары мен кундерін кешкен.
Дипломдық жұмысты жазу барысында жергілікті жер газеттері
материалдары, (Рудный Алтай, Дидар), мерзімді ғылыми баспа материалдары
енгізілді, туризм кафедрасынан облыстың картасы және осыған қатысты т.б.
деректер алынады. Жиыны 38 әдебиет паqдаланып жазылған бұл дипломдық жұмыс
жиналған материалдарды жан-жақты өңдеу, талдау арқылы құрастырылды.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген iзденулерге тура келдi. Жаңа
көзқарас, ойлар, түсініктер қалыптасты. Бүгiн Қазақстан жеке бөлiктерi
жөнiндегi әдебиет пен оқу құралдарына мұқтаж болып отырған кезде, бұл
дипломдық жұмысты облыстың туристiк кәсіпорындары, жоғары және орта оқу
орындарының оқытушыларына, студенттерге және жоғары сынып оқушыларына
пайдалануға болады. Дипломдық жұмыстың келешекте пайдасы мол және ол
жалғасын табады деген ойдамын.

I БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІ ЖӘНЕ ТУРИЗМНІҢ ИНДУСТРИЯСЫ
НЕГІЗДЕРІ
1.1. Көрнектілік жерлер, инфрақұрылымы олардың тартымдылық шкаласы және
өткізу әлеуеті.
Көрікті жерлер- жалпы барлық туристерге ұсынылатын табиғи, тарихи,
мәдени архиологиялық емдік-сауықтыру туристік ресурстарының жиндығы.
Туристық тартымдылық-территория немесе объект сипаттамасын есепке ала
отырып, олардың объективті және әлеуетті-эканомикалық құндылықтары мен
субъективті эстетикалық құндылықтары эмоционалдық іс-әрекеттер денгейін
ұсынатын бірігу түсінігі.
Туристік тартымдылық кешенді ұғым ретінде сәйкесінше құрылған туристік
инфрақұрлымды ұсынады.
Потенцалдық қорымен және Қазақстан Республикасы үкіметі көмегімен
Қазақстан экотуризімінің дамуы дүние жүзінің нарықтық туризм қызметінде
орын алады және оның дамуын қамтамасыз етеді.Қазақстанның 503 туризм
ұиымының талдау қызметі, сыртқы және ішкі туризмнің көрсетуі бойынша
Қазақстан экотуризімінің басты объектісі айрықша қолға алатын аумақ және
олардың құрамының қосындысының тарихи ұлттық ескерткіштері болып табылады.
Қазақстанда 9 мемлекеттік табиғи қорық, 6 мемлекеттік ұлттық
саябақтар, 57 қорықшалар, 24 табиғи ескерткіштер, 3 мемлекеттің ұлттық
хайуанаттар саябағы, 7 мемлекеттік ботаникалық бақтар, 3 халықаралық
маңызды сулы-сазды жер суы бар.
Отандық тур операторлармен бүгінгі күні Республикамыздың 16 облысына 898
туристік бағдар жасалынды,олардын ішінде: 27 атты бағдарлар,153 емдік, 344
белсенді (демалыс күндердің бағдарлары), 111 мәдени танымдылық турлар, 67
Жібек Жолмен өтеді, 20 қажылық, 65 бағдарламасымен қоса аншылық пен балық
аулау. Қазақстанның экотуризімі өзіне экономикалық тартымдылық және
болашақта басқарманың барлық денгейінде тұрақты дамуына қолдау тапты,
Сол себепті болашақта 2030 жылға дейін, Қазақстандағы ұйым, тағы 12
мемлекеттік саябақтар,17 қорықтар, 65 табиғи ескерткіштер, 58 қорықшалар,
туризмның алыс түрінің даму үшін жаңа импульс қызмет етеді, демек айгылған
туристік объектілер жұмыс атқарады.
Қазақстан әртүрлі және қызықты ландшафтқа бай. Дәл ландшафтыда
табиғат жағдай қолайлылық мүмкініділігі байқалады. Алайда бүгінгі күні осы
керемет табиғи ресурстарысыз антропогендік жолмен экологиямызға әсерін
тигізуде. Сондықтан да Қазақстан көрікті жерлері тартымдылығын арттыру үшін
экологиялық туризм түрін басты үш өнім қатарына қосып отыр.
Туристік-рекреациялық мақсатқа бағытталған мемлекеттік ұлттық табиғи
парк, республикалық маңызы бар-табиғат ескерткіштері, 60 қорықша бар.
Қорғалатын территорияның ең таралған формасы-қорық. Қазақстандағы қорықтар
алып жатқан жалпы алаң-ауданы бойынша ең ірісі-Қорғалжын (237,1 мың га)
және ең кішісі Барсакелмес қорығы (18,3 мың га). әрбір қорық үлкен
рекреациялық қызығушылық тудырады.
Ақсу –Жабағылы мемлекеттік қорығы Батыс Тянь-Шаньда орналасқан. Жалпы
қорық ауданы -77,7 мың га бұл қорық несімен тартымды, 3000 м жоғары
биіктікте қорық көріктілігі-сурет галереясы орналасқан. Мұнда қара
порфиритті таста стилі бойынша әртүрлі тау ешкісі, арқар,марал ат үстіндегі
аңшы суретерінің көрінісі бейнеленген. Тіпті, тау жануары деп сипаттауға
келмейтін –түйе және тасбақа көріністері бар. Көптеген ғалымдар оларды
біздің эрамызға дейінгі 7-5 ғасырларға жатқызады. Мұнда сонымен қатар 60
түрлі өсімдік, 100 түрлі жәндіктер, молюскалар, шаянтәрізділер т.б.
жануарлар түрлері таңбасы, табылған. Ерекше қызығушылықты 120 млн жыл бұрын
өмір сүрген динозавр сүйектерінің табылуы таң қалдырады. Бұл кереметтер
қорықтың 2-і Қарабастау және Әулие (жалпы ауданы 220 га) палеонтологиялық
аймағы жайғасқан.
Ақсу-Жабағылы қорығы танымдық және кейбір аймақтарында белсенді
туризм түрін дамытуға мүмкіндік алады.
Барсакелмес қорығы-Арал теңізінің солтүстік бөлігінде, Барсакелмес
шөлді аралында шоғырланған. Арал теңізінің тартылуынан Қызыл Кітапқа енген
құлан, джейрандар 2-3 жылда қайта оралуы мүмкін. Өйткені жасанды жолмен
Кіші аралды толтырып, балықтар өсіруі келешекте Аралдың толығымен өз
қалпына келуі қорық жұмысын жандандыруы тиіс.
Қорғалжын қорығы-237,1 мың га территорияны алып жатыр және Ақмола
облысына қарайтын Теңіз-Қорғалжын ойпатында орын тепкен. Бұл аймақ көлді
өлке деп аталады, өйткені шағын ғана сұлу ұсақ көлдер-Сұлтанкелді, Есей,
Жаманкөл т.б. өте көп. Қорғалжын көлінің өзінде 40 аралдар бар.
Теңіз көлі әлемдегі сирек кездесетін солтүстік құстар ұялайтын орын.
Оның ішінде –қызғылт фламинго. Жыл сайын фламинго бірнеше аралдарда
калониялармен мыңдаған ұялар салады.
Теңіз-Қорғалжын көлдері-көктем құстар маусымдық алмасуында үлкен
аумақтағы су құстары шоғырланатын орын, сондықтан Қорғалжын қорығы әлемдік
танымдылыққа ие болды. Ол ерекше қорғалатын батпақты-көлді жайылымдықтар
ландшафтысы көрікті жері ретінде ЮНЕСКО тізіміне кіреді.
Марқакөл қорығы территориясында 5 биіктік белдеулері анық байқалады.
Флорасы емдік қасиетке ие, соның ішінде моралит, алтын, тамыр, т.б.
Жалпы бұл өңірді екінші Швейцария деп атағандықтан, бұндағы көрікті
жерлер туралы жұмыс барысында айтылады. Қорық маңызды аттрактивті сапаға
ие.
Наурызым -87,7 мың га алып жатыр, оның 39,6 мың га аумағын орман
алады. Қостанай облысындағы Наурызым ауданында шоғырланған. Қорық ормандары
3 аумақ: Наурызым-Қарағай, Терсек борлары және Сыпсың ағаш ақ қайыңдары
болып бөлінеді. Негізгі көрікті орын-Наурызым-Қарағай боры.
Қорық су құстары ұя салатын, ұшып-қонатын жолда орналсқан далалы
көлдер өлкесі. Әр қорықтың өз флорасы мен фаунасы ерекшелігі болады.
Наурызым қорығы халықаралық маңыздылыққа ие болған сулы-батпақты жерлер
қорғауға алынған.
Бұл аталған қорықтар табиғи қалыпты сақталған көрікті жерлер саны
экологиялық туризмді дамытуда жаңа орындармен толықтыралы анық. Аталмаған
қорықтар қаншама, тек бұл табиғи орындар көріктілігін арттыру мақсатында
ештеңенің керегі емес. Тек ұйымдасқан туристік сапарлар болғаны.
Үлкен рекреациялық маңыздылыққа ие-ұлттық табиғи парктер. Қазақстанда
ең бірінші болып 1977 жылы Баянауыл ұлттық паркі ашылған. Кейіннен
Қарқаралы, Бурабай, Алтын Емел ұлттық парктері ашылды. Оның әрқайсысы бай
флора және фауна жайымен керемет ландшафтымен ерекшелінеді.
Алтынемел -Қапшағай суқоймасының солтүстік жағлауында орналасқан.
Парк құрамына Үлкен және кіші Қалқан, Әнші құм, Ақтау және Қызылтау,
қорғандары туристік объект ретінде кіреді.
Іле –Алатау ұлттық паркі-Іле Алатауы солтүстік баурайын қамтиды.
Ұлттық паркте биіктік зоналығы байқалады. Тау және тау-шаңғы туризмі үшін
үлкен қызығушылық танытады.
Шарын табиғи паркі Шарын өзені аңғарында орналасқан. Ол-өзінің
фантастикалық ландшафтысы, фауна, флорасымен ерекшелінетін ерекше экожүйе.
Шарынның орта ағысында Шарын табиғат ескерткіші Ясеновая роща орналасқан.
Бұл әлемдік маңыздылығы бар табиғат паркі.
Қазақстандағы табиғат ескерткіштері өте көп. Олардың көпшілігі
мемлекеттік маңыздылығы бар табиғат ескерткіштері ретінде қорғауға алынған.
Қазіргі таңда елімізде 24 табиғи ескерткіштер бар. Олар туризм үшін үлкен
қызығушылық тудырады. Экзотикалық жартастар, мұздықтар, үңгірлер,
сарқырамалар, сирек кездесетін фауна және флора өлкелері қайталанбас
тартымдылық қасиеттерімен ерекшеленеді.
Гусиный перелет- аумағы 2 га алып жатқан Павлодардың солтүстік-
батысында палеонтологиялық көмбелер. Бұл құмды Ертіс айрығының ең биік
жерінде жер бетінен 68 м төмен жануарлар сүйектері сақталған. Онда:
антилопа, жираф, бұғылар, страус, тасбақа т.б 12-14 млн жыл бұрын мекен
еткен неогендік жануарлар көмілген. Сүйек қазбаларын құрайтын қабат күші -3
метр.
Шарын Ясеновая роща ескерткіші Алматы облысының шығысында 4855 га
аумақта орналасқан. Бұл сирек жайылымдық территориясында согдиандық ясень
өседі, бұндай орман массиві ТМД бойынша айырбасы жоқ.
Шынтүрген шыршалары –Іле Алатауы тауында бозгүл шатқалында орналасқан.
Бұл мұздану кезеңіндегі солтүстік тайга қара-қылқанды сирек аумақ осы аүнге
дейін сақталып, үлкен ғылыми құндылыққа ие болып отыр. Жалпы орман
жымылғысы аумағы-500 жуық га. Бұл үш ескерткіш Қазақстандағы ерекше көрікті
жерлерге жатады.
Маңғыстау үңгірлері мен Үстірт жотасы. Үстірттің Қазақстан бөлігінде
әктасты-гипс жынысына жататын, 30 карсты үңгірлер бар. Ең ірісі -100-120 м
дейін жетеді және биік емес кіру және шығар жерлері бар. Жер асты үңгірлері
туризмнің дамуына бастау болады.
Төрткүл стол тәріздес қыраттар Евразиядағы материктік мұздану
кезеңінде қалған. Торғай үстіртіндегі ескерткіш. Төрткүл қазақшада-төрт
жағы дегенді білдіреді.
Көкшетау қыраттары-керемет әдемі тұщы көлдер мен жоталар тобынан
тұрады. Көрсең көз тоймайтын Үлкен және Кіші Абақты, Шортанды, Бурабай
көлдері. Желдің әсерінен экзотикалық жартастар түзілген. Мысалы:
әрқайсысының атауы бар-ең тартымдылары Оқжетпес, Жұмбақтас, Сфинкс жеке
батыр, бүркіт, түйе, қабырға. т.б.
Қарақия –ТМД территориясындағы ең терең құрғақ сипат, теңіз деңгейінен
132 м төмен орналасқан. әрі ағынсыз ойпат ұзындығы -40 км, ені -10км
жетеді.
Баянауылдың экзотикалық жартастары Павлодар облысының оңтүстігінде
граниттік массив түрінде жоғарлайды. Ұзақ желден олардың түрін өзгертіп,
көптеген экзотикалық түрлерге ауысқан. Олардың ішінде ең әйгілісі
Шайтантас жартасы ертедегі персонаждарға ұқсас болған соң қойылған.
Сонымен қатар Тасты бос, Булка, Көгершін т.б. жартастар. Қазақстанның
әртүрлі аудандарында біздің табиғи ескерткіштерімізді танылатын керемет
ландшафт түрлері бар.

1.2 Туристік объект ретіндегі Қазақстанның көрікті жерлері.
Қазақстанның қай аймағын алсаң да өзіндік артықшылығымен ерекшеленеді.
Дүниенің төрт бұрышындай Қазақстанда қайталанбас табиғаты бұзылмаған
көрікті жерлер санаусыз. Енді оларға тоқталсақ, ең көрікті жер жәннаты –
Жетісудан бастасақ.
Алматыдан Балхаш көліне дейінгі аудан Жетісу немесе жеті өзен елі
деген атпен әйгілі. Бұл еліміздің ең бай және қызықтыларының бірі. Ең үлкен
өзендерінің бірі-Іле Қытайдан бастау алып Балхашқа құйса, қалған 6 өзен Іле
Алатауы тауларынан бастау алады.
Алғашқы зерттеушілер бұл жерді Іле өзенінің бойында болғандықтан Іле
Алатауы деп атаған. Бұл өлке қайталанбас әсемдік, альпі жайылымдықтары және
шексіз даласымен әйгілі. Атақты Жоңғар қақпасы арқылы көне керуен жолы
өткен. Жоңғар Алатауы Талдықорған қаласы маңындағы таулы қырат қазақ-қытай
шекарасы арқылы өтеді. Бұл өлке таңғажайыбы саяхаттаушы бір күн ішінде 5
климаттық зоналар-шөл және шөлейттен (теңіз деңгейінен 600 м) мәңгілік
мұздықтар (4000-5000 м) дейінгі аралықта көре алады.
Іле –Алатауы Тянь-Шань тауының ең солтүстік қыраты. Бұл күшті қарлы
қырат ендік бағытпен батыстан шығысқа қарай 300 км созылған, оның ені-30-40
км. Ең биік шыңдар қыраттың орталық бөліктерінде орналасқан. Мұнда биіктігі
4500 м жоғары 22 шыңдар бар. Іле-Алатауының ең биік шыңы-Талғар (4937 м)
шыңы. Оған шығу альпенистер үшін атақты. Талғар маңында басқа да көптеген
шыңдар бар. Шыңдардан оңтүстікке қарай массивті Корженевский (ұзындығы - 11
км) және Богатырь 9.5 км мұздықтары тек тік ұшақпен ғана баруға болады. Осы
ауданға Алматы қорығы кіреді. Қорық қарлы барыс, бұғы, бүркіт, архар,
жейранжарды қорғайды. Талғарда құстар мен басқа да жануарлар коллекциясы
табиғи мұражайы орналасқан.
Іле –Алатауы көптеген шатқалдар мен урочищелерден тұрады, соның ішінде
кең тармақталғаны-Кіші Алматы шатқалы өзінің көрінісімен әсер қалдырады:
шыршалы орманды Махнатка тауы, трапеция тәріздес Күмбел, Абай шыңы, Тұйықсу
қақпасының алып жартастары бұл өлкені альпинистер үшін қызықтыра түседі
және Үлкен Алматы шатқалдары арасында Көк-Жайлау альпілік жайылымдағы орын
тепкен. Бұл атақты жаяу маршруттардың бірі. Көк-Жайлау платосынан Күмбел
шыңына қарай бағыттау басталады. Тұйықсу қақпасының үлкен жартастары
Тұйықсу шыңына апарады.
Кіші Алматы мен Батарейка өзендерінің қосылған жерінде әлемдегі ірі
жоғары таулы мұз айдыны-Медеу орналасқан. Медеу-қысқы спорт ойындар
өткізілетін кешен. Мұз айдыны теңіз деңгейінен 1700 м биіктікте аттас
шатқалда орналасқан. Мұнда олимпиадалық мөлшердегі мұз айдыны, жүру үшін
алаңқай, аттракциондар паркі, Премьер-Медеу отелі, жазғы бассейн, т.б.
бар. Бұл қалалықтар мен қала қонақтарының сүйікті орындарының бірі. Мұз
айдыны Алматы қаласынан 16 км жерде 1972 ж салынған. Жұмсақ климат, тиімді
күн радиациясы деңгейі, төмен қысым, желсіз ауа-райы және мұз-Медеуді ең
күшті әлемдік, ал оның орналасуына қарай ең әдемі айдындардың біріне
санайды. Мұзды өріс ауданы 10500 км2 –конькидегі жылдам жүгіріс, хоккей,
фигурная катание сияқты халықаралық жарыстардың ашылу орны. Мұнда әлемдегі
күшті коньки жүгірушілері бекіткен 120 астам әлемдік рекорд жасалды.
(Давоста-40).
Туристердің көңілін келесі бір объект-Кіші Алматы аңғарында қаланы
селден қорғау үшін тұрғызылған платина аударады. Дәл осы платина 1973 жылғы
селден сақтады. Дамбыға 830 баспалдақпен шығу керек. Осы жерден Іле Алатауы
тау шыңдарына керемет көрініс ашылады.
Тұйықсудан солтүстікке қарай Шымбұлақ тау-шаңғы курорты орналасқан.
Қаладан 25 км, теңіз деңгейінен 2200 м биіктікте орын тепкен. Тау –шаңғы
трассалары 3 орындықтар мен 3 буксерлі аспалы жолдармен қызмет етеді.
Олардың көмегімен 20 минутта 3200 м-талғар асуында боласың. 1-ші биіктік
ұзақтығы 1243 м, көтерілу уақыты 9 мин, Қиылысу станциясы (2260 м-2630 м
дейін); 2-ші 20-шы апора станциясы ұзақтығы 978 м; көтерілу уақыты 7.5
минут (2630 м-ден 2930 м дейін); 3-ші станция Талғар асуы 860 м ұзақтық,
уақыты 8 мин (2930-3163 м дейін). Жалпы трасса ұзақтығы 3620 м, биіктік
құламасы 1000 м дейін Сноуборд сүюшілер үшін сноупарк, балаларға
баллондарда сырғанау үшін төбешіктер бар. Туристер үшін 4* отель қызмет
етеді.
Үлкен Алматы көлі. Үлкен Алматы өзені биік шатқалда орналасқан. Көл
ойпатта орналасып, жан-жағынан шыңдармен көмкерілген. Көптеген Тянь-Шань
таулы көлдері жер сілкінісі нәтижесінде пайда болған.
Үлкен Алматы көлі-сол көлдердің ірілерінің бірі. Жыл мерзіміне
байланысты көл өзінің түсін өзгертеді. Мұзды су көл ұзындығы -1,6 км, ені 1
км, тереңдігі - 40 м. Көлден 2 км 2700 м биікікте көне мұзды аңғарда Тянь-
Шань астрономиялық обсерваториясы деп аталынатынкүмбезді поселок
орналасқан. Одан ары 8 км жоғары, 3300 м биіктікте Жасылкезең асуында
–Космостанция жұмыс істейді. Төменде Алма-Арасан шатқалы жалғасады. Ол
өзінің жылы термалды-родонды бұлақтарымен әйгілі және әсем табиғаты мен
таза ауасымен тартады. Келесі сипатталатын объект - Түрген шатқалы. Іле
–Алатауы ұлттық паркінде әдемі табиғат бөлігі - Түрген шатқалы (Алматыдан
40 км) бар. Шатқалда ыстық бұлақтар, фарель шаруашылығы, сарқырама және
көптеген ормандар бар. Шатқал 44 км тереңдей Асы жотасына енеді. Осы жота
арқылы Еуропадан Қытай мен Индияға керуендер өткен. Кең аңғар 60 км шығысқа
қарай созылады. Түрген шатқалы сарқырамалармен әйгілі, олар жеті жуық: 30
емтрлік Медвежий сарқырамасы, күшті ағымды Бозкөл сарқырамасы және т.б.
шатқал өзінің Чин-Түрген шыршаларымен әйгілі. Шатқалдағы ең атақты орын
егерлік станция – Ботан. Сонымен қатар Синегорье, Тау-Түрген, демалыс
үйлері орналасқан.
Басқа бір Есік шатқалында Есік көлі (1760 м). 1963 ж болған селді
ағымнан платина бұзылып, көл басып кеткен. Бүгінгі күні көл қайта қалпына
келтіріліп, қалалықтар арасында демалыс күнгі саяхаттау орнына айналды.
Іле өзені – Жетісудағы ең ірі өзен. Оның ұзындығы – 1439 км. Іле өзені
Қазақстан жерінде Қапшағай жасанды суқоймасы арқылы Балхашқа құяды.
Қапшағайды теңіз деп атайды: оның ені – 22 км, тереңдігі -45 м, ауданы
1847 км2. оның маңы жағалауында санатория, пансионаттар, жағажайлар
орналасқан. Қалада үлкен аквапарк бар. Суқойманың шығыс жағалауында Алтын-
Емел ұлттық паркі орын тепкен. Парктегі басты байлық Тамғалы –Тас
шатқалындағы тастар көріністері. Бұл Тастағы суреттер - Будда көрініс.
Қара құпиялы жартастарда көптеген петроглифтер – буддистен қолжазбалары
түсіп, олардың мәні әлі шешілмеген. Онда 1000 жуық әртүрлі жартас
қолжазбалары бар. Будда суреті т.б. Қасиетті тексте санкритте Лотос
гүліндегі қарлы маржан деген мағына түсіндірілген. Қолжазбалар мен
суреттерді тарихшылар, 17 ғасырға жатқызады. Жалпы Алтын-Емел паркі Іле
өзенінен 90 км 2 созылды. Бұл құпиялы, керемет өлке көне, бай тарихы мен
қайталанбас табиғатымен ерекшеленеді. Парктегі тағы бір объект-сақ
мәдениетінің ескерткіштері – Бес-Шатыр қорғандарын Қазақстанда б.з.д 1 мың
жылдықта тұрған ерте сақтардың діни меккесі деп атайды. Бес-Шатыр 31
қорғаннан тұрады. Жетісі пирамидасы деп аталынатын ең үлкен қорған
диаметрі 105 м, биіктігі 17 м. Бұл қорғандар ағашты жатар жерін Тянь-Шань
шыршасы бұтағынан жасаған, сондықтан 2 мың жыл бойы жақсы сақталған. Бес-
Шатыр қорғандарының ерекшелігі – жерасты катакомбаларының бірі жатар орынға
апарады.
Үш объект – Ақтау таулы қыраттары - өткен жер шары мұражайы. Бұл
табиғат мүсіндері көне көл орнында қалған барлық түске боялған көрікті
орын. Ол Ақтаудан басталып Қызылтауларға айналады. Таулар жасы-400 млн.
жыл, ұзақтығы-30 км, тереңдігі -1,5 км. Мұнда жейран, тауешкі, сайғақ,
қасқыр, түлкілер кездеседі. Ең соңғы объект-ерекше табиғат жұмбағы – Әнші
құм. Іле өзенінің оңтүстік жағалауындағы бұл құм құрғақ ауа-райында арган
әуеніне ұқсайтын дыбыс шығарады. Оның шуы мен дірілі ұмытылмас әсер
қалдырады. Құрғақ құмдар қозғалысынан пайда болған дірілдер құрғақ ауамен
оларды электрлі вибрация тудырады. Резонанс қолайлы жағдайы үлкен толқынды
дыбыс тудырып, тығыз топырақ қабатына әсер ете бархан діріліне келтіреді.
Бұл дыбыс бірнеше арақашықтықа естіледі, бірақ ылғалды күндері бархан
әңдетпейді.
Кварциттан тұратын Үлкен және Кіші қалқан құмды таулары биіктігі –
120 м және 4 км созылып жатыр. Алтын-Емел ұлттық паркінде айта берсек, әрі
жері объект. Тіпті Мыңбұлақ кардонында 300 жыл өмір сүрген алып ағашты да
алуға болады.
Бүгінгі күні Алматы қаласы сыртына демалу сәнге айналды. Әсіресе
демалыс күндері демалушылар – Шарын жарқабағына барады.
Шарын жарқабағы – экзотикалық көрікті жерлердің бірі. Рельефтің желден
және су шаюдан пайда болған формалары Қорғандар аңғары, Шайтандар
шатқалы мүсіндерімен ерекшеленеді.
Шарын-Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км
созылып жатыр. Бұл аймақтың рельефі әртүрлі. Жарқабақтың бағаналары,
баурай, жыралары 150-300 м жетеді. Жарқабақ түсі Америкадағы Үлкен
жарқабақтарға қарағанда ашық-қызғылт. Шарында жер шарында сирек кездесетін,
мұздану кезеңінен өткен ясень кездеседі. Сирек кездесетін согдиандық түрі
25 млн жыл бұрын жер бетінде кең таралған, ал қазір қорғалатын аумақ.
Негізінен демалушылар Қорғандар аңғары, Темірлік т.б атаумен қалған
жерлеріне барады.
Солтүстік Тянь-Шань тауындағы інжу-маржаны деп аталынатын –Көлсай
көлдері. Жоғары тауда орналасқан қайыңдар арасындағы 3 көл Күнгей Алатауы
қыраты беткейінде жайғасқан. Бұл лагерь, жаяу сапарлар, ат пен тау-
велоспорты саяхаттары үшін керемет орын.
Бірінші көл 1818 м биіктікте 1 км созылған. Жолдар салынған. Қолайлы
қонақ үйлер, кемпингтер бар. Орта Көлсай көлі (2252 м) – 1-ші көлден 5 км
жоғарыда орналасқан ары 4 км орын тепкен.
Көп саяхатшыларға әлі таныс емес –Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 2000 м
биіктікте керемет қылқанды орман арасында орналасқан. Бұл 100 жылға жуық
бұрын үлкен массадағы әктас нәтижесінде пайда болған. Оның үгінділері
шатқалды бөгеп дамбаға айналдырған. Көл ұзындығы 400 м, тереңдігі 30 м. Су
басып кеткен құрғақ шыршалар бұталары су бетіне шығып тұрады.
Жетісуда 50 жуық жартас бетінде түсірілген көріністер ескерткіштері
бар. Олардың көп бөлігі қола дәуіріне жатады. Көне суреттердің қасында
археологиялық ескерткіштер, ауылдар, қабірлер т.б. орналасқан.
1950 ж аяғында Тамғалы қонысында көне сурет галереясын көрсететін
қасиетті жартас суреттері табылған. Онда тарихтың 20 ғасырлық сыры жатыр.
Қала ерте номад, түрік кезеңдеріне жататын 4000 суреттер табылған.
Суреттерде үй жануарлары, сайғақ, арқар, күн құдайлары, аңшылық, діни
көріністер, құрбандыққа шалу сияқты көріністер бейнеленген. Тамғалы
петроглифтер галереясы әлемдік маңыздылыққа ие қазына және ЮНЕСКО фонды
қорғауына алынған. Тамғалы қазақшаға аударғанда тайпалық белгімен таңба
басқан деген ұғымды білдіреді.
Көшпелі және отырықшы өркениеттің қосылған жерінде Сырдария даласында
әлемнің көне қалалары өмір сүрді. Ғасырлар бойы осы жерде Қытайдан бастау
алған, Таяу Шығыс пен Еуропаға апарған керуен жолдары – Тараз, Отырар,
Испиджаб (сайрам), Ясы қалалары Ұлы Жібек жолы бойындағы негізгі орталықтар
болған. Жібек жолы сауда торабы б.з.д 3 ғ пайда болып, б.з. 17 ғ дейін өз
қызметін атқарған. 1700 км жол бөлігі Қазақстан территориясын алып жатыр.
Түркістан (Ясы) қаласы Дешті-Қыпшақ аймағының түркі халықтары діни-
саяси орталығы және көне қазақ хандары астанасы болған. Қожа Ахмет Яссауи
–түркі халықтарының діни оқытушысы болған. 14 ғ Шейх қабірі үстінен атақты
Әмір Темір керемет Ханока (суфшілік сарай) салады. Осы ханока маңында 15-16
ғ.ғ қазақ хандары тақ-орны қалыптасты.
Қожа Ахмет Яссауи мовзолейі – орта ғасырлық қайталанбас қолөнер
туындысы. Бұл керемет 30 түрлі бөлмелер мен залдардан тұратын сарайлар мен
мешіттер кешені. Бас күмбез сыртқы диаметрі – 40 м астам, қоршауы – 130 м,
минарет биіктігі – 12 м. Таң қаларлық декор, қабырғалар ою-өрнегі,
мозайкадан түрлі-түсті металика. Архитектуралық –археологиялық кешенге
Түркістан мен Күлтөбе қалашығы, некрополь, мовзолейлер (15-14 ғ.ғ), Жұма
мешіті (19 ғ), Үлкен Хильвет-жерасты мешіті (12 ғ), шілдехана (14 ғ), монша
(17-19 ғ), үлкен қақпасымен (18-19 ғ.ғ) цитадельдің бекініс қабырғалары (19
ғ) кіреді.
Бүгінгі күні Түркістанға -1500 жыл. Жай күндері 100-250 адамдарға
дейін сапар шексе, діни мейрамдарда күніне 1000 адам келеді.
Халық нанымы бойынша, Түркістан жолында ең бірінші Қожа Ахмет Яссауи
оқытушысы болған, 12 ғ өмір сүрген Арыстан-баб мавзолейіне кірген дұрыс.
Көне Отырар қаласы (б.з.д 4 ,) – ірі сауда орталығы болған. Ол өзінің
монша сарайы және кітапханасымен әйгілі. Бұл қалада орта ғасырлық ойшыл Әл-
Фараби өмір сүрген. 13 ғ аяғында Моңғол әскерлері қаланы жермен жексен
қылды.
Күшті Сауран бекінісі (10-18 ғ.ғ) ерекше су жабдықталуымен әйгілі. Су
және тұрмыстық заттармен қамтамасыз етілген қала жаудан бірнеше ай бойы
қорғалған. Бұл керемет су құбыры туралы көптеген зерттеушілер әлі
таңдануда.
Түркістаннан қашықта биіктеу далада көріпкел Домалақ-ана құрметіне
Домалақ ана мазары бой көтерген. 1998 ж ескі мазар орнына ақ мәрмәрдан
мемориалдық кешен тұрғызылды. Бұнда 2 қасиетті тас бар. Олардың
қасиеттілігі жүрегі таза адамдар ғана 2 тас арасынан өте алады екен.
Тараз қаласы – Көпестер қаласына 2000 жылдан астам. Қаланың
гүлденген уақыты Қарахан мемлекетінің астанасы болған 10-12 ғ.ғ. келеді.
Қарахан және Дәуітбек мавзолейлері, басылар қорғандары, көптеген көне
қабірлер жетерлік. Қазіргі Тараз маңайында әлемдік қолөнер туындылары
тізіміне ЮНЕСКО-ға кірген көне архитектуралық Бабаджа-қатын және айша-Бибі
мавзолейлері сақталған.
Көне жолдар қиылысында Шашадан (ташкент) Шымкентке қарай ірі, халық
тығыз орналасқан Сайрам (Испиджаб) -6-18 ғ.ғ. қаласы бой көтерген. Қытай
жолсілтеулеріне Сайрам Ақ өзендегі қала атауымен аталған. Сайрам
ерекшелігі қасиетті мазарлар мен жерасты сарайларының көптігі.
Талас Алатауы бөктерінде тағы бір керемет бар. Көне нанымдарға сәйкес
әлемдік су басу кезінде Қазығұрт тауында ноя түнеген екен. Дәл осы тауда,
әлі күнге дейін топан су болғанның дәлелі Нұқ-Пайғамбардың кемесі тұр.
Сондықтан да қасиетті орын деп саналады. Тағы бір қызығы дәл осы жерден жыл
басы-наурыз басталады екен.
Жоғарыда аталған қалалар бастауы Қытайдан басталған Еуропаға дейінгі
аралықты байланыстырып жатқан Ұлы Жібек жолы қалалары. Жібек жолы –сауда
торабы ретінде б.з.д 3 ғ пайда болып, 17 ғ өмір сүрген. Қазақстан
териториясымен 1700 км жол созылып жатыр. Бүгінгі күні бұл Оңтүстік
Қазақстанның Алтын діңгегі.
Солтүстікте Батыс-сібір ойпатынан оңтүстікте Балхаш-Алакөл ойпатына
дейін, шығыста Алтай, Сауыр, Тарбағатай сілемдерінен батыста Торғай
аңғарына дейінгі аралықты қазақ халқы Сарыарқа деп атайды. Еуразия
құрлығының орталығының орналасқан алып 2000 км2 созылып жатқан шексіз дала.

Сарыарқа даласында әлемдегі ең үлкен көлдердің бірі- Балхаш (18 мың
км2 жуық) көлі. Қазақтар оны Ақ теңіз деп атаған. Жартылай тұщы,
жартылай ащы көл жағалауында керемет климаттық жағдайда космонавтар үшін
реабилитациялық орталық орналасқан. Бұл аймақта әлемдегі бірінші Байқоңыр
ғарыш айлағы бар. Байқоңыр XX ғасыр керемет техникалық жетістігі ... Мұнда
космос кемелері, старт алаңы, космонавтар тарихы мұражайына арнайы турлар
ұйымдастырады.
Орталық Қазақстанда кейбір археологиялық, этнографиялық орындар
сақталған. Соның бірі- Ұлытау. Бұл табиғат қасиетті жерінде үш жүздің
орталық мемлекет құрылуы бекітілген. Оған дәлел – Таңбалытас. Онда мыңдаған
тайпалар таңбасы қойылған. Аспан астындағы тарихи мұражайда көптеген
мавзолей, мазар, үңгірлер бар. Ұлытаудың ең биік жері- 1134 метр.
Көптеген курорт, емдеу орындары, емдік батпақтар, минералды сулармен
Көкшетау және Бурабай Ұлттық табиғи парктері әйгілі. Көкщетау қайыңды
ормандарында 80 астам көл бар. Ең терең көл- Щучье, Жеке- Батыр қыраты
етегінде орналасқан. Көкшетау орманды баурайында Оқ- Жетпес жартасы бой
көтереді және оның ең қиыр басы жатқан пілге ұқсайды. Дәл осы бөктерден
көгілдір шығанақ- Бурабай көлінің ортасында Жұмбақтас жартасы көз тартады.
Оның биіктігі 18 метр. Дәл осы өлкедей біздің елде наным- сеніммен аңызға
бай өлке жоқ шығар, өйткені аттап басқан жерінің өзінше бір оқиға. Шомылу
кезеңі шілдеден басталады. Зеренді табиғи оазисі- демалыс пен шытырман
оқиғалы туризм үшін керемет орын.
Батыс Қазақстанда Каспий теңізі бассейнде Еуропа мен Азия қиылысады.
Қарақия ойпаты (-132 метр) Синаедағы Өлі теңізден кейінгі әлемдегі ең
төмен жер. Орта ғасырда қазіргі Манғышлақ қаласы Ұлы Жібек Жолы өткен. Көне
жолдар бойымен керуен сарайлар,Сарташ, Алта, Шерқала, Кетік қалашықтары
сақталған.
Бұл өлке тариғи- архитектуралық ескерткіштер: Бекет- ата, Шақпақ-
ата, жерасты мешіттері, Есет- батыр мемориалды кешені сақталған. Тек
некропольдердің өзі 600 жуық әртүрлі сапарлар түйе керуені жолымен
Александров үңгірлері, тариғи орындарымен автожүріс ұйымдастырылады.

II БӨЛІМ. ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИСТІК- ЭКСКУРСИЯЛЫҚ МАҚСАТТАРДЫҢ
КӨРНЕКТІЛІК ЖЕРЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Шығыс Қазақстан облысының туристік аймақ ретіндегі табиғаты мен
шаруашылығы
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстанның шығыс бөлігін түгел қамтиды. Бұл
облыстың территориясына Албания, Бельгия, Швейцария сияқты мемлекеттер сиып
кетер еді.
Шығыс Қазақстан солтүстігінде Ресей Федерациясының Алтай өлкесімен,
солтүстік-батысында Қазақстанның Павлодар облысымен, оңтүстігінде Алматы
облысымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қытай Халық Республикасымен
шектеседі.
Шығыс Қазақстан облысы батыстан (Сарыарқаның қиыр шығыс шетінен)
шығысқа қарай (республиканың шығыс шекарасына дейін), солтүстіктен
(Ертісмаңы даласы мен Алтай алды өңірінен) оңтүстікке қарай (Балхаш-Алакөл
ойысына ұласады), Ертіс өңірінің жағасы алабын ала жайласқан. Алтай
сілемдерін, ауыл шаруашылық өндірісіне тиімді, құнарлы Ертіс және Алтай
алды өңірлерін қамтиды. Территориясынан гидроэнергия қорына аса бай –Ертіс
өзені өтеді және облыс республикасының солтүстік Орталығы және Оңтүстік
Қазақстан аудандармен шектеседі. Облыс жері негізінен таулы келеді.
Ертістің оң жағын түгел Батыс Алтай сілемдері қамтиды; бұл таулы өңір Нарын
аңғары арқылы Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жотасы массивтеріне ажырайды.
Ертістің сол жағын белесті Қалба жотасы Сарыарқаның төбелі жазық шығыс
жиегі алып жатыр. Облыс территориясының оңтүстік-шығыс бөлігінде Тарбағатай
(2992 м) және Сауыр жоталары орналасқан. Таулы өлкелерде мұздықтар шоғыры
көп кездеседі.
Ертіс өзені облыстың территориясын оңтүстік-шығыстан солтүстік-
батысқа қарай кесіп өтеді де, оны Батыс Сібірдің солтүстік, мұнайлы
бөлігімен жалғастырады. Локоть станциясы арқылы өтетін темір жол Батыс
Сібірдің оңтүстік-шығыс, көмірлі металлургиялы бөлігіне, ал Аягөз және
Ақтоғай станциялары арқылы Алматыға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия
шығуына жол ашады.
Шығыс Қазақстан территориясы жер беті ағын суына бай, әсіресе
облыстың Алтайлық бөлігінде өзендер мол. Қазақстанның ең ірі өзені-Ертіс
осы облыс жерінен өтеді. Таудағы ылғал қорларынан басталатын Күршім, Нарын,
Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу т.б. өзендер Ертіс өзеніне құяды. Облыс
жері гидроэнергия қорына өте бай, республика гидроэнергия қорының 38,1 % -і
осында.
Ертіс өзені бойында республикамыздағы ең ірі –Бұқтырма бөгені,
Өскемен бөгені, салынған. Облыс көлге бай. Ірі көлдер-Зайсан көлі
(республика бойынша көлемі жөнінен 5-ші орында), Марқакөл, Таулық бөлігінде
шағын, суы тұщы көлдер көп кездеседі. Облыс жерінде жер асты суы қоры мол.
Климаты. Шығыс Қазақстано блысының материктің ортасында орналасқандығы,
дүниежүзүлік мұхиттардан алыстығы территориясының солтүстік-шығысында және
оңтүстігінде биік таулардың жатысы климатының континенттігін арттыра
түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлері ылғал, ал иен жазық бөліктеріне
Орталық Азия мол шөлдерінен тропикалық ауа массалары құрғақшылық әкеледі.
Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы жұқа. Қыста Сібір
антисинклинорийі әсер ететін оңтүстік-шығыс бөлігінде климаттың
континеттігі арта түседі. Бұл жылдық және тәуліктік ауа температурасының аз
уақыт ішінде күрт өзгеруі, жер бедерінің күрделілігіне, бір маусымнан
екінші маусымға өту ерекшелігінен байқалады. Қысқа, ылғалды, жылы көктем
ыстық жазға айналады, демек маусым айының аяғында да түнгі аяздар болуы
мүмкін. Күзде температура шұғыл ауытқып, үсік жаңбыр, қарлы жаңбыр жауады.
Түнгі үсік тамыз айының бірінші жартысында байқалады.
Қысы суық әрі ұзақ, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа. Қаңтардың
орташа температурасы жазықта -16-190 С, тауда және тауралық ойыстарда -260.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстандағы эконмикасы жан-жақты дамыған
өңірлердің бірі. Еліміздегі қорғасын, мырыштың негізгі бөлігін және титан,
кадмий, күміс, галлий, индий, теллур сияқты сирек металдар өнімінің біразын
осы облыс береді.
Шығыс Қазақстан-еліміздегі және дүние жүзіндегі түсті металл өндірудің
басты аудандарының бірі. Сонымен қатар, аудан экономикасында ауыл
шаруашылығы көрнекті орын алады. Республикадағы аса ірі электр станциялар
да осында.
Қазіргі Шығыс Қазақстан облысының экономикасында жақсы дамыған ауыр
өнеркәсіп өркендеп келе жатқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенмен ұштасқан.
өнеркәсібінің басты саласы-түсті металлургия; ірі кәсіпорындары-Өскемен
қорғасын-мырыш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Риддер полиметалл
комбинаты, Зырян қорғасын комбинаты, Ертіс полиметалл комбинаты, Белгор кен
байыту (Ақсубұлақта) және Шығыс Қазақстан мыс-химия (Усть-Таловкада)
комбинаттары. Түсті металлургия комплексін құрайтын кен орындары мен
кәсіпорындар Кенді Алтайда, Ертіс аңғарында, Оңтүстік Алтайда және Қалба
тауында шоғырланған. Қорғасын –мырыш өнеркәсібі және титан магний секілді
энергияны көп қажет ететін түсті металдар өндірісі-осындағы өнеркәсіптің
маманданушы салалары болып табылады. Облыс түсті металлургиясы өзінің толық
металлругиялық циклділігімен сипатталады. Рудалық шикізатты кешенді игеру
облыстың түсті металлургиясының ең басты мақсаты болып саналады. Түсті
металлургия өнеркәсібі қалдықтарының негізінде облыста (Өскемен, Риддер,
Ертіс комбинаттарында) күкіртқышқылы, калий тыңайтқышы, бояу өндірістері
қалыптасуда. Облыс өнеркәсібінің бұлайша мамандануы оның жер қойнауындағы
көп компонентті түсті металдарға ғана емес сонымен қатар, тиісті энергетика
базасының болуына да байланысты. Ертіс пен оның оң жақ салаларына арзан
электр энергиясын өндіретін бірқатар су электр станциялары салынған.
Олардың ішіндегі ең қуаттылары –Бұқтырма, Шүлбі және Өскемен су электр
станциялары. Бұған қоса, бірқатар қалаларда жылу электр станциялары жұмыс
істейді, олар су электр станциялармен бірге Алтай энергетика жүйесін
құрайды.
Облыстағы орасан зор электр энергиясының басты тұтынушысы полиметалл
өнеркәсібі. Бұл өнеркәсіптің кенді өндіруден бастап, қорғасын, мырыш, мыс,
кадмий, басқа да сирек кездесетін металдар өндірісіне дейінгі және
металдарды қорыту кезінде бөлініп шығатын күкіртті газдарды пайдалану
есебінен газдарды кәдеге жарату арқылы күкіртқышқылын шығаруға дейінгі
барлық өңдеу сатылары бар. Негізінен тау-кен жабдықтарын, электр
станциялары үшін конденсаторлар мен аспаптар шығаратын машина жасау саласы
да түсті металлургиямен тығыз байланысты. өндірістің энергияны көп қажет
ететін салаларында Березняковтан жеткізілетін шикізатпен титан мен магний
қорытлады.
Соғыстан кейінгі жылдары Өскемен өнеркәсіп торабының қалыптасуы Кенді
Алтайда көп салалы түсті металлургияның дамуына байланысты, өйткені мұнда
ірі қорғасын-мырыш және титан-магний комбинаттары салынған. Бұл жерге
полиметалл концентраттары мен Зыряннан, ал титан-магний шикізаты Оралдан
әкелінеді. Өскемен өнеркәсіп торабында, сондай-ақ машина жасау, ағаш өңдеу,
тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындары бар.
Риддер және Зырян өнеркәсіп торабтары Кенді Алтайдың кішігірім
өнеркәсіп торабтары болып саналады. Риддер өнеркәсіп торабында түсті
металлургияның толық өндірістік циклі жұмыс істейді, ал Зырян өнеркәсіп
торабында-полиметалл кендерінің концентраттары ғана шығарылып, одан соң
металл қорыту үшін Өскемен қорғасын-мырыш комбинатына жөнелтіледі. Екі
өнеркәсіп торабында да жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары бар.
Машина жасау және жөндеу өнеркәсібі негізінен облыстың өз мұқтажын
өтеуге ғана бағытталған, бұл салада тау-кен өндірісі жабдықтарын, кеме,
машиналар, электротехникалық бұйымдар шығару басым. Ірі кәсіпорындары-Семей
кеме жөндеу-жасау кәсіпорындары, Өскемен конденсатор зауыты, Өскемен
электротехникалық бұйымдар зауыты, Өскемен темір-бетон, ірі панельді үй
құрлыс зауыттары Республиканың осы саладағы ірі кәсіпорындар қатарына
жатады.
Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібінің үлес салмағы Республиканың өзге
облыстарына қарағанда, Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптік кешенінде әлде қайда
жоғары.бұл облыс орман қоры мен ағаш дайындау жөнінен Қазақстанда
монополиялық орын алып отыр деуге болады. Үлбі өзенінің аңғарында ағаш
даындау айтарлықтай көлемде жүргізілсе, Бұқтырма, Нарын, Күршім өзендерінің
аңғарында және Бедағаш даласындағы қарағай орманында шамалы мөлшерде
жүргізіледі. Ағаш сүрегін өңдеу үшін Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха мен
Семейде ағаш өңдейтін комбинаттар салынған. Олар тақтайлар, ғимараттардың
ағаш фабрикасы жұмыс істейді.
Шығыс Қазақстанның аграрлық, өнеркәсіптік кешенінде мал шаруашылығы
жетекші роль атқарады. Мұндағы кең байтақ дала мен тау жайылымдары мал
шаруашылығының дамуына қолайлы жағдай туғызады. Шабындықтар да кең
алқаптарды алып жатыр. Ертіс, Үлбі, Бұқтырма, Нарын өзендерінің
жайылмасындағы суармалы шалғындар ең жақсы пішендіктер болып саналады. Мал
азықтық дақылдар егісі мал шаруашылығының жем-шөп балансында көрнекті орын
алады.
Облыстағы мал шаруашылығының негізгі саласы-етті-жүнді қой
шаруашылығы. Ол Ертістің сол жақ жағалауында, Зайсан қазан шұңқырында
Оңтүстік Алтайдың, Сауыр мен Тарбағатайдың бөктерінде, негізінен алғанда
қазақтар қоныстанған жерлерде жақсы дамыған. Облыстың барлық жерінде сүт-ет
және ет-сүт бағытында ірі қара өсіріледі. Балды өсімдіктер көп өсетін
Алтайдың бөктері мен Тарбағатайдың оңтүстік баурайында омарта шаруашылығы
дамыған. Хош иісті ерекше дәмі және шипалы қасиеті үшін Алтайдың тау балы
әлемдегі ең жақсы балдардың бірі болып есептеледі. Ауданның таулы бөлігінде
мал шаруашылығының ерекше саласы - марал өсіру дамыған. Ауданда табынды
жылқы шаруашылығы да өркендеген. Шошқа өсірудің де біраз маңызы бар.
Шығыс Қазақстанның егіншілігінде астық шаруашылығы басым. Негізгі
егіншілік аудандар Ертіс бойындағы далаға, Кенді Алтайдың Қалба жотасы мен
Тарбағатайдың бөктерлері мен аңғарларына орналасқан. Ертістің оң жақ
жағлауындағы Белағаш даласымен Алтай бөктерінің Шемонайха тұсындағы орманды
далада жыртылған жерлер тұтас алқапты алып жатыр.
Техникалық дақылдардың ішінде күнбағыс басты орын алады. Бұл дақылдың
Республикадағы негізгі егісі осында орналасқан. Оның әр гектарынан әдетте
орта есеппен 10 центнерден тұқым жиналады, оны ұқсату үшін Өскеменнің май
шайқау зауытына жөнелтіледі. Картоп пен көкөніс егісі Кенді Алтай мен қалба
жотасының бөктеріне тараған.
Ауыл шаруашылық шикізатарын ұқсату негізінде ірі Семей өнеркәсіп
торабы өсіп шықты. Торабтың жетекші кәсіпорындары-ет комбинаты және онымен
байланысты былғары мех комбинаты. Сонымен қатар, өнеркәсіптің басқа да
салалары дамып келеді. Семейге таяу жерде жаңадан тамақ және жеңіл
өнеркәсіп салаларын дамытуға маманданған қуаты шағын Аягөз өнеркәсіп торабы
қалыптасты.
Облыс халық шаруашылығы кешенінде жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің
маңызы күшті. Жеңіл өнеркәсіптік ірі кәсіпорында: семей жүн өңдеу
фабрикасы, Семей былғары-мех өндірістік бірлестігі, Семей мәуіті-шұға
комбинаты, Семей аяқ-киім фабрикасы, трикотаж фабрикасы, Өскемен киім тігу
бірлестігі жасанды жібек комбинаты. Тамақ өнеркәсібінде ет өндірісінің
маңызы ерекше. Семей ет-консерві комбинаты осы салалық кәсіпорындардың аса
ірілерінің бірі. Облыс экономикасында балық өнеркәсібі елеулі орын алады.
Ірі кәсіпорындардың бірі-Зайсан балық комбинаты.
Шығыс Қазақстан облысы Республикадағы электрэнергиясын өндірудегі аса
маңызды облыстардың бірі. Гидроэнергетика өнімінің үлесі басым. Риддер СЭС-
тер каскады, Өскемен СЭС-і, Бұқтырма СЭС-і, Семей, Өскемен СЭС-тері т.б.
біртұтас Алтай энергетикалық жүйесіне біріктірілген. Ауданның ірі
өнеркәсіптік орталықтары -Өскемен, Семей, Риддер, Зырян.
Көлігі. Шығыс Қазақстан облысында темір жол, авто, су және әуе
транпорттың барлық түрлері жақсы дамыған. Сондықтан облыстың табиғи
ресурстарын игеру, оларды шағын территорияларға шоғырландыру көп
транспорттық шығынды, жаңа темір және автожолдардың құрлысын қажет етпейді.
Территориясындағы темір жолдың ұзындығы 1200 км. Жүк айналымы жөнінен
транспорт салалары арасында бірінші орын алады. Жүк тасымалында Ертіс
өзенінің маңызы күшті, басты пристаньдары –Семей, Өскемен, Серебриянс,
Омбы, Қарағанды, астана, павлодар арасында тұрақты әуе қатынасы бар.
Шығыс Қазақстан облысының шаруашылығы еліміздің басқа облыстармен
тығыз байланысты. өзінен түсті металдар құрлыс материалдары: ағаш, мал
шаруашылығының өнімдері, дәл приборлар және электротехникалық бұйымдар
шығарады. өзі болса көмір (Екібастұздан), мұнай (Сібірден), қара металды,
машина және өндірістік жабдықтар (Оралдан, Қарағандыдан), мырыш және
қорғасын концентраттарын (Орталық және Оңтүстік қазақстаннан) алады.
Облыстағы аса маңызды өнеркәсіп орталықтарының бәрі дерлік орналасқан
Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөктерімен аңғарларында халық айтарлықтай
жиі қоныстанған. Климат жағдайлары егіншілік жүргізуге қолайлы әрі
топырақты Белағаш даласына да халық жиі қоныстанған. Облыстың мұндай халық
жиі қоныстанған аймақтарындағы ауылдар да үлкен болып келеді. Олар көбіне
тау аралығындағы қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларына кейде – су айрықтарына
орналасқан.
Алтайдың биік таулы бөліктері мен Сарыарқаның Түркістан-Сібір темір
жолынан батысқа қарай халық сирек қоныстанған. Мұнда ұса, көп жағдайда мал
фермаларының маңына орналасқан маусымдық елді мекендер басым. Қалба жотасы
мен Оңтүстік Алтайдың тау бөктерлері, Тарбағатайдың беткейлері мен Зайсан
қазаншұңқырлары халықтың орналасу тығыздығы жөнінен біршама ілгері орында
тұр.
Революциядан кейінгі жылдары Шығыс Қазақстанда қала халқының үлес
салмағы күшті өсті. Бірақ ол облыстағы бүкіл халықтың жартысын ғана
құрайды. Қала халқының үлес салмағы облыстың шығыс, неғұрлым өнеркәсіпті
таулы бөлігінде едәуір жоғары. Мұнда Кенді Алтайдың Бөктерлері мен тау
аралығындағы қазаншұңқырларда пайда қазбаларды өндіретін жерлер,
кеніштерде, байыту фабрикалары мен металлургия зауыттарында көптеген шағын
қалалар мен қала үлгісіндегі қоныстар өсіп шыққан.
Облыста 861 күндізгі жалпы білім беру мектептері (онда 297,2 мың оқушы
оқиды), 30 техникум т.б. орта білім бері оқу орындары (15,6 мың) және 9
жоғары оқу орындары (23,2 мың студент ) бар.

2.2. Облыстың туристік-экскурсиялық ресурстары, оның инфрақұрылымы
Бүгiнгi таңда Шығыс Қазақстан облысында 38 фирма туристік қызмет
керсетедіl. Оның iшiнде 18 Семей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның туристік мақсатқа көрнекілік жерлерін қамту
Қазақстанның көрнектілік жерлері және туризмнің индустриясы негіздері
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТУРИСТІК МАҚСАТЫНДА КӨРНЕКІЛІК ЖЕРЛЕРІН ДАМЫТУ
Шығыс Қазақстанның туристік-рекреациалық ресутстары
Бүгінгі таңдағы туристік кәсіпорындардағы қызмет көрсету сапасын және оның ерекшеліктерін салыстырмалы талдау
Туристік қызметтің аспектілері
Туристік - рекреациялық кешеннің құрылымы
Шқо физика-географиялық сипаттамасы
Қонақ үйдегі қызмет көрсету сапасы жайында
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Пәндер