Генетикалық модифицерленген азық



Кріспе
Негізгі бөлім
А) Генетикалық модифицерленген азық . түлік өнімдері туралы қөзқарастар
Б) Микроорганизмдерді тағам өндірісінде қолдану
В) Генетикалық модифицерленген көздерден алынған өнімдерді токсико . гигиеналық тағамдық бағалау
Г) Генетикалық модифицерленген көздерден алынған өнім идентификациясы
Д) Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі және тағамдық шығу көздері бар аурулар
С) Микроорганизмдер туындататын тағамдық шығу көзі бар негізгі аурулар
Л) Азықтық өнімдердің қауіпсіздігінің басқада мәселелері: кейбір негізгі мысалдар
М) Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі төңірегіндегі мәселелермен және тың ойлар
Н) Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының қызметтерінің болашақтағы бағыттары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Биологиялық қауіпсіздік басқада экологиялық қауіпсіздіктер ішінде өте ерекше және қазіргі кезде аз зерттелген. Ресми түрде биологиялық ластану сипатталады, ‘жаңа түрдің бағатталған күйде немесе кездейсоқ қоршаған ортаға енуі, олар қарсыластары жоқ жерде жақсы дамиды және жергілікті тірі ағзалардың түрлерін ығыстырады ’. Басқа ластану түрлерінен бұл ластанудың сапалық ерекшелігі, қоршаған ортада оның компаненттерінің көбеюге, адаптацияға және тұқымқуалаушылық информацияны беруге, мобильділікке және агрессияға қабілеттілігі.
Қазіргі кезде биоқауіпсіздік жүйесі көптеген елдерде жасалуда. Дамушы елдерге бұл мәселеде Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы Әлемдік экологиялық фондпен бірлесе көмектесуде. 2001 жылдан бастап осы ұйымдардың көмегімен жүзден аса елдерде Африка, Латын Америкасы және Шығыс европада, Кавказда, Орталық Азияда биоқауіпсіздік жөнінде ұлттық құрлымдар жұмыс істей бастады. БҰҰ бағалауынша проекттың жалпы құны 38, 4 млн долларды құрады. Оның мәні мәселені зерттеу үшін көп мөлшерде мамандар мен топтарды келтіру,сол арқылы елде келешекте тағамдық қауіпсіздікке (ГМА) байланысты сұрақтарды шешу үшін заңды жобалар және админстративті басқару органдарын құру.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Биологиялық қауіпсіздік басқада экологиялық қауіпсіздіктер ішінде өте
ерекше және қазіргі кезде аз зерттелген. Ресми түрде биологиялық ластану
сипатталады, ‘жаңа түрдің бағатталған күйде немесе кездейсоқ қоршаған
ортаға енуі, олар қарсыластары жоқ жерде жақсы дамиды және жергілікті тірі
ағзалардың түрлерін ығыстырады ’. Басқа ластану түрлерінен бұл ластанудың
сапалық ерекшелігі, қоршаған ортада оның компаненттерінің көбеюге,
адаптацияға және тұқымқуалаушылық информацияны беруге, мобильділікке және
агрессияға қабілеттілігі.
Қазіргі кезде биоқауіпсіздік жүйесі көптеген елдерде жасалуда. Дамушы
елдерге бұл мәселеде Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі БҰҰ бағдарламасы
Әлемдік экологиялық фондпен бірлесе көмектесуде. 2001 жылдан бастап осы
ұйымдардың көмегімен жүзден аса елдерде Африка, Латын Америкасы және Шығыс
европада, Кавказда, Орталық Азияда биоқауіпсіздік жөнінде ұлттық құрлымдар
жұмыс істей бастады. БҰҰ бағалауынша проекттың жалпы құны 38, 4 млн
долларды құрады. Оның мәні мәселені зерттеу үшін көп мөлшерде мамандар мен
топтарды келтіру,сол арқылы елде келешекте тағамдық қауіпсіздікке (ГМА)
байланысты сұрақтарды шешу үшін заңды жобалар және админстративті басқару
органдарын құру.

Генетикалық модифицерленген азық – түлік өнімдері туралы қөзқарастар

Европа супермаркеттерінде сатылып жатқан генномодифицерленген азық –
түлік өнімдері адам денсаулығына кәдімгі тағам сияқты пайдалы және зиянды
деп айтады. Бұл көзқарасты Неміс азық – түлік өнімдерін ғылыми зерттеу
орталығының, молекулярлы биология орталығының директоры Клаус Дитер Яни
айтты.
Бірақта оның айтуынша генетиктер жетістігінің негізінде дайындалған
өнімдер, аллергия және антибиотикті қабылдамаушылық туындатуы мүмкін. Бұл
былай түсіндіріледі, эксперимент шарты бойынша бөтен генмен бірге жануар
немесе өсімдік ағзасына антибиотікте енгізіледі. Нәтижесінде адам ағзасы
антибиотікке үйреніп кетеді.
Генномодифицерленген өсімдік немесе жануар ағзасын жасауда генетиктер
эволюцияны жылдамдатады. Олар ағзаға бөтен генді енгізеді нәтижесінде ағза
жаңа қасиеттерге ие болады. Мысалы, қызанаққа енгізілген суықсулы
балықтардың гені оларға суыққа төзімділік қасиетін береді. Нәтижесінде
өнімділік ұлғаяды. Бірақ адам үшін бұл бөтен нуклеин қышқылдарымен,
майлармен, ақуыздармен соқтығығу болып есептеледі. Бұл құбылысқа ағзаның
реакциясы әлі тиянақты түрде зертелмеген.
ЕС – те генетикалық өзгертілген бірнеше өнімдер айналымға түскен.
Олардың ішінде ең кең тарағаны – генетикалық құрлымы өзгертілген жүгері,
сәйкесінше, жүгері ұны, крахмалы. Өндірістік мақсатта трансгенді жүгері
өсіруді алғашқы рет Германия 2004 жылы бастады. Генетикалық модифицерленген
егіс материалы насекомдарға тұрақты.
Екінші айналымға жіберілген генномодицирленген өнім – соя және оның
өнімдері. Олардың қатарына соя майы, соя белогы. Үшінші – рапс майы.
Сонымен қатар, кейде сыр өндіруде дәстүрлі түрде бұзау асқазанынан алынатын
сарысуды емес, гендімодифицерленген микроорганизмдерді пайдаланады.
Клеткалық құрлымы өзгертілген микроорганизмдердің көмегімен нан, йогурт
және көкеніс шырындарын өндіреді. Генді технологиялардың арқасында бұл
өнімдерді өндіру айтарлықтай артты.
Табиғатты қорғау және тұтынушылар құқықтарын қорғау ұйымдарының
айтуынша, тағамға трансгенді өнімдерді пайдаланған денсаулық үшін қауіпті
деп айтуда. Осыған орай олар бұл салада ғылыми өндірістерден бас тартуды
немесе аллергияның ауыр түрімен зардап шегетін адамдардың денсаулығына
қауіптілік дәрежесін терең зерттеуді талап етуде.

Микроорганизмдерді тағам өндірісінде қолдану

Осыдан он бес жыл бұрын генетикалық организмдер жайында қоғамда пікір
талас аз болатын. Гендік инженерияның технологиясы селекцияда, медицинада,
химия және тағам өндірістерінде қолданады.
Көптеген мемлекеттерде миллиондаған адамдар тағамдарына генетикалық
өзгертілген өнімдерді – азық, дәрі, вакцинаны қолданады. Әлем халқын
жеткілікті мөлшерде азық – түлікпен қамтамасыз ету шешімін таппай тұрған
маңызды мәселердің бірі болып табылады.
Адамның эволюцияда даму барысында оның азық – түлік өнімдері болып ,
өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдермен жасалған дайын органикалық
заттармен коректенді және коректенуде.
Азық - түлік өндірісінің бірқатар өнімдерін алудың перспективті
тәсілдерінің бірі микробиологиялық синтез болып табылады. Бұл тәсілдің
дамуы жерде саналы адамммен және оның микроорганизмдермен араласуымен
басталды. Алғашқы эксперименттер көп жағдайда негативті болды, осыған
байланысты микроорганизмдердің биологиясын, олардың метаболизм өнімдерін
терең зерттеуді туғызды. Олардың бірқатары (ашытқылар, сүтқышқылды
бактериялар) цивилизацияның даму барысында азық және де басқа шаруашылық
қажеттіліктер үшін қолданылатын ауылшаруашылығының , тағам өндірісінің,
медицинаның классикалық обьектілеріне айналды. Мысалы, ашытқыларды қолдану
спирт, квас, сыра, нан өнімдерін өндіруден басталды. Бірқатар заттарды
синтездеу үшін бактериялар, микроскопиялық саңырауқұлақтар, балдырлар
қолданылады.
Генетика ғылымының дамуымен, әсіресе молекулярлы генетика әдістерімен
практика және ғылым үшін қажетті формалалы генетикалық программаларды
жасауға және кейін осы программаларды тірі ағзаларға айналдыру мүмкін
болды. Ген инженерлік практикада қолданатын тәсілдердің жиынтығы белгілі
геномға генді орналастыру арқылы алдын – ала белгіленген белгілері мен
қасиеттері бар ағзаларды жасуға мүмкіндік береді. Дәстүрлі селекция
әдістерінен генетикалық инженерия айырмашылығы, белгілі геномға таңдалып
алынған генетикалық мәлметті адам бақылауымен енгізуге мүмкіндік береді.
Молекулярлы биологияның жаңа саласы – генетикалық инженарияның бастауы
1972 жылы алғашқы рекомбинантты ДНҚ жасалуымен басталды. 1980 жылдан бастап
өндірістік генетикалық инженерияның бастауы болып есептеледі, АҚШ – та
алғашқы рет мұнай ыдыратуға қабілетті модифицерленген микроорганизм штаммна
патент берілді. Осы уақытқа дейін түрлі қосылыстарды өндіруде -
медицинада, азық – түлік өндірісінде, химия өндірісінде, экологияда,
ауылшаруашылығында көптеген жетістіктерге жетті.
Генетикалық модифицерленген микроорганизмдерді азық – түлік
өндірісінде қолдану мәселесі қандай?
Бүгінгі күнде микроорганизмдер көптеген құнды заттарды синтездейді.
Генетикалық манипуляциялардың арқасында биосинтез өнімділігін арттыруға,
биосинтезді химиялық өндіріспен салыстырғанда ұтымдырақ етуге, химиялық
өндіріс жолымен алуға мүмкін болмаған заттарды алуға мүмкіндік туғызады.
Азықтық қоспалар, аминқышқылдары, дәрумендер, хош иістендіргіштер,
ферменттер - генетикалық модифицерленген микроорганизмдерді қолданады. Бұл
кезде қоғамда біз тамақтануға генетикалық модифицерленген өнімдерді
пайдаланамыз ол бізге зиянды емеспе деген қорқаныштар пайда болады.
Айта кету керек, азықтық қоспалар, аминқышқылдары, дәрумендер, хош
иістендіргіштер, ферменттер генетикалық модифицерленген өнім болып
табылмайды тек олардың метоболизмдерінің өнімдерінің бірі болып есептеледі.
Олар өздерінің химиялық құрлымы жөнінен кәдімгі жануарлар, өсімдіктер және
микроорганизмдерден алынатын өнімдер сияқты.
Егерде бұл жүгеріден, картоптан қоңыздар және құрттар тіршілігін
тоқтатып жатса, ол адам денсаулығына зиянды емес деген кепілді кім береді
деп айтуда – Жалпыұлттық генетикалық қауіпсіздік бірлестігінің президентті,
биолог Александр Баранов. Генетикалық модифицерленген организмдердің
тікелей зияны қазір табылған жоқ, бірақта жанама дәлелдері жеткілікті.
Мысалы, биология ғылымдарының доктары Ирина Ермакованың тәжірибиесі.
Биолог ұрықтану алдында атжалмандарды екі апта бойы генетикалық өзгертілген
соямен тамақтандырған. Нәтижесінде жаңадан туылған атжалмандардың
жартысынган көбі өліп қалған. Ал тірі қалғандарының ішінен қырық пайызы
бақылау тобымен салыстырғанда қатарластарынан дамуда артта жүрді.
Басқада зерттеулер. Скандинавия ғалымдары Америка тұрғындарының және
Скандинавия тұрғындарының азықтық корзинасын салыстырды. Азық – түліктің
құрамы, құндылығы, майлардың, белоктардың, көмірсулардың және де басқа
белгілері бойынша скандинавиялықтар және американдықтар бірдей тамақтанады.
Бір ерекшелік: Америка Құрама Штаттарында генетикалық модифицерленген
өнімдерді пайдаланады, ал скандинавия елдерінде оларға тыйым салынған.
Нәтижесінде скандинавия елдерінде асқорту жүйесінің бұзылуымен тұрғындардың
тек жеті пайыз ғана зардп шегуде, ал Америка Құрама Штаттарында алпыс,
жетпіс пайызға дейін жетеді.
Басқада қауіп бар – экологиялық. Қатарластыра екі егістік жер
себілген, біреуі генетикалық модифицерленген жүгері, екіншісі – кәдімгі.
Жел бір егістіктен екінші егістікке тозаңдарын апарады.Біршама уақыттан
кейін жай жүгеріде “артық ”ген пайда болуы мүмкін.
Биологтардан түскен тағы бір шағым – генетикалық модифицерленген
организмдер азықтық тізбекті бұзуда. Нақты мысал, А.Н. Северцев атындағы
Экология және эволюция институтының аға ғылыми қызметкері Александр
Викторов (Ресей ғылым академиясы) келтірген. Трансгенді жүгеріні дәстүрлі
зиянкестер жемей қойған. Бірақта жүгері дәндерінде жаңа тәтті белок пайда
болған , соның себебінен жүгері егістіктеріне тәтті жегіш тіллә
шабуылдаған. Азықтық тізбектің келесі өкілі – қоңыз (божья коробка).
Тілләмен коректенген ол стерильді болып қалған.
Генетикалық модифицерленген организмдер негізінде жасалған өнімдерді
жақтаушылар бар. Мысалы, Жалпыресейлік тағамтану институның директорының
айтуынша генетикалық модифицерленген организмдер адам үшін зиянсыз.
Институт ғалымдары атжалмандарға эксперимент жасаған. Қорыта келе,
генетикалық модифицерленген азық атжалмандарда ешқандай аутқулар туғызбады
деп айтуда институт директоры Виктор Тетульян.
Қазіргі кезде қоғамда ГМӨ әсері туралы сұрақта адам және қоршаған орта
әсері талқылануда оның ішінде үш сұрақ талқылануда: аллергиялық реакция
беру мүмкіндігі; гендердің тасымалдануы, әсіресе бұл антибиотикке
резистентті гендерге байланысты ; аутокросиннг - генетикалық
модифицерленген өсімдіктерден жай өсімдіктерге геннің өтуі. Бұл болжамдар
фантастикалық мәлметтерден емес, генетикадан шығарылатын жалпыбиологиялық
заңдылықтарға негізделе жасалып отыр.

Сурет 1. ГМ – культуралардың потанциальды қауіптілігі
Генетикалық модифицерленген көздерден алынған өнімдерді токсико –
гигиеналық тағамдық бағалау

Түрлі мемлекеттерде ұлттық деңгейде тағамдық қауіпсіздікті бағалау
үшін және геномодифицерленген көздерден алынған өнімдерді халыққа таралу
мүмкіндігін бақылау үшін нормативтік - құқықтық және методикалық база іске
қосылған. Осы бағалаудың нәтижесі бойынша, оларды тіркеу жүреді.
Түрлі мемлекеттерде қауіпсіздікті бағалаудың зерттеу тәсілдері құрамы
және көлемі бойынша түрлі болғанына қарамастан тағамдық қауіпсіздікті
бағалауда қолданылатын дәстүрлі критерии мен тәсілдер (мысалы,тағамдық
қоспалар немесе пестициттер қалдығын) ГМК үшін толығымен қолданылмауы
мүмкін емес. Кей елдерде аксиома ретінде қабылданған факт, жекелеген
генетикалық модициферлннген тағамдық өнімдерді және олардың қауіпсіздігін
бағалауды индивидуалды негізде жүргізеді және барлық генетекалық
модифицерленген өнімдердің жалпылаған қауіпсіздігі жөнінде айтуға болмайды.

Көптеген елдерде генетикалық модифицерленген көздердің қауіпсіздігін
және сапасын бағалауды сатылап жүргізеді. Бұл зерттеудің негізін
компазиционды немесе реальды эквалиенттілік принципі құрайды. Оның мәні
мынада генетикалық модифицерленген тағамды оның дәстүрлі аналогымен
салыстыру. Салыстыру нәтижелері бойынша өнімдерді қауіпсіздіктер класына
бөледі:
1 класс – егерде компазиционды бағалау нәтижесінде генетикалық тағам
өнімінен дәстүрлі аналогымен салыстырғанда ешқандай айырмашылық шықпаса,
өнім адам денсаулығы үшін қауіпсіз деп есептеледі.
2 класс – табылған белгілі ерекшеліктер;
3 класс – дәстүрлі аналогтарына толығымен сәйкес келмеу.
2 және 3 кластағы өнімдер одан ары да қауіпсіздікті бағалаудан өтеді.
Тағамдық қауіпсіздікті зерттеу сатылары өнімнің тағамдық және
токсикологиялық сипаттамаларын зерттейді.
Тағамдық қасиеттерін бағалау қамтиды:
• Жаңа тағамның тағамдық құндылығы;
• Тұтыну нормасы;
• Тағам үшін пайдалану тәсілі;
• Биологиялық қол жетімділігі;
• Ішек микрофлорасына әсерін анықтау (ГМК құрамында тірі ағзалар болса).

Токсикалогиялық сипаттама келесідей көрсеткіштерді анықтауды
қарастырады:
• Токсикокинетика;
• Генотоксинділік;
• Потенциальды аллергенділік;
• Ішек жолдарында потенциалды колонизациялануы (генетикалық
модифицерленген көздерде микроорганизм қатысса);
• Субхроникалық ( 90 тәулік ) зертханалық жануарларға және еріктілерге
токсикологиялық эксперимент нәтижесі.
Бірақта генетикалық модифицерленген көздерден алынған
тағамдардың сапасы және қауіпсіздігін анықтаудың негізінде компазиционды
принцеп жүйесін қамтитын зерттеулер өз құрамында ақуызы мен ДНҚ жоқ
өнімдерге арналған. Мұндай өнімдерге жатады, ароматтық қоспалар,
рафинатталған май, модификацияланған крахмал, мальтодекстрин, декстрозалар,
изоглюкозалар және басқада қанттар.
Құрамында ақуыз немесе ДНҚ бар генетикалық модифицерленген
көздерден алынған өнімдердің сапасын және қауіпсіздігін бағалау үшін
көптеген мемлекеттерде бағалаудың сонымен қатар тіркеудің ерекше
тәртібі жасалған және енгізілген . Тағамдық өнімді экспертизалау үш
бағытта жүргізіледі - медико – генетикалық, медико – биологиялық және
технологиялық бағалау (сурет 2).

Генетикалық модифицерленген көздерден алынған өнім идентификациясы

Идентификациялау тәсілдерін жасауға және қолдануға көптеген зерттеулер
арналған. 1998 жылы Брюсселде Халықаралық жаратылыстану институтының
қолдауымен конференция болды. "ГМО алынған жаңа тағамдарды детекциялау
тәсілдері". Бұл конференцияның материалдарында қазіргі уақытта генетикалық
модифицерленген организмдердің қатысқандығын анықтайтын екі негізгі
тәсілдің бар екендігін атап көрсетті. Бұл иммунологиялық тәсіл – ELISA –
тест және полимеразды тізбекті тәсіл реакциясы. Біріншісінің мәні
трансгенді өсімдіктермен экспрессияланатын ерекше белоктарды анықтау. Бұл
тәсілдің кемшілігі, қандай да болмасын өңдеуден өткен өнімдерді бағалауда
ұтымдылығы төмен, мысалы: термоөңдеуде белок денатурациясы болады. Бірақта
бұл тәсіл өңдеуден өтпеген өнімдерді анализдеуде жеткілікті ұтымды болып
есептеледі.
Полимерзды тізбекті реакция тәсілі жоғары сезімталдығымен сипатталады,
ол генетикалық материалды тек сапалық қана емес, сандық бағалауғада
мүмкіндік береді. Генетикалық материалдардың бар жоқтығын анықтау үшін
бірқатар қиындықтары бар – ұлпалардан ДНҚ – ны бөліп алу үшін адекватты
тәсілді пайдалану керек және анализ үшін зерттелетін материалдың жеткілікті
мөлшері қажет. Осыған байланысты ЕС генетикалық модифицерленген өнімдердің
сауда айналымына түсіруге аппликационды құжаттарын қарастырғанда полимерзды
тізбекті реакция тәсілімен анализдеуге қажетті материалдарды талап етеді.
Генетикалық модифицерленген өнімдерді анықтау үшін жалпыға ортақ
идентификатор қолдануды ұсынды. Бұл маркер өндірістің барлық этаптарында,
қайтаөңдеуде және өнімді реализациялауында анықталуы керек.
Ғылымның қандайда болмасын жаңа саласында көптеген сұрақтар туындайды,
олар көбіне, егерде ол ? дегеннен басталады. Бірақта тарих аграрлы
ғылымның басты міндеттерінің бірі, өнімдерді өндірісте кең көлемде
қолданғанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін дәлелдеп берді.
Мына нәрсені түсіну керек, бірде – бір тағамдық өнімге, дәстүрлі
өнімдерді қоса , абсолютті қауіпсіздік кепілдігін беруге болмайды.
Абсолютті дегенде, жүз пайыз қауіпсізділік түсіндіріледі.

Кесте 1 - Өнімдерінде ГМИ бар (немесе бар болуы мүмкін ) шетел
компаниялары

Компаниялардың атауы Өнім
Nestle (Нэстлэ) шоколад, кофе, балалар тағамы
Coca-Сola (Кока-кола) Кока-кола, Спрайт, Фанта,
Кинлитониктері
Danon (Данон) йогурты, кефир, сыр, балалар тағамы
Procter & Gamble (Проктер энд
Гембл) чипсы
Kellogg’s (Келлогс) Дайын таңертеңгілік тағамдар, жүгері
ұнтағы.
Unilever (Юнилевер) Балалар тағамы, майонез, соустар.
Heinz Foods (Хаенц Фудс) Кепчуптар, соустар.
Hershey’s (Хьоршис) шоколад, алкоголіз сусындар.
McDonald’s (Макдональдс) картоп, ет.
Similac (Симилак) Балалар тағамы
Cadbury (Кедбери) шоколад, какао
Mars (Марс) шоколад M&M, Snikers, Twix, Milky
Way, Mars
PepsiCo (Пепси-кола) сусындар Pepsi, Mirinda, Seven-Up

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биотехнология және генетикалық инженерия
Генді-модификацияланған организмде сипаттамалары, сынама алу тәртібі мен технологиясы
Сирек жер элементтері
Спиндік жүйелердің теориясы
АҚ «ҰССО» сынау лабораториясында өнімнің сапасын талдау
Этилбензолды стиролға гетерогенді катализаторларда дегидрлеу
Шоколад өнімінің ассортименттері және технологиясы
ӘЛЕМ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНДАҒЫ АЗЫҚ - ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕСІ
Трансгенді өнімдер
ГМО қосылған тағам өнімдерінің адам денсаулығына тигізетін зиян
Пәндер