Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі



Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.4

I.Тарау.
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі.

1.1. Грамматика сабақтарының міндеттері мен мақсаты ... ... ... ... ... ... ..5.6
1.2. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу материалдарымен жұмыс жүргізу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7.8

II.Тарау.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі.

2.1. 1.ші сыныпта қазақ тілін оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9.15
2.2. Әріптер мен дыбыстарды оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.19
2.3. Грамматика материалдарын оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20.22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі
Оқушының ана тілі- оның өмірлік қажетін өтейтін қатынас құралы. Сондықтан мектепте ана тілін арнаулы әрі негізгі пән ретінде оқытуға ерекше мән беріледі.
Тіл оймен тікелей байланысты және адамдардың ғасырлар бойы қалыптасқан ой жұмыстарының көрінісі болатындықтан, оның әр алуан тарам- тармақтарын тез игеру де оңай емес. Сондықтан бала қазақ тілін бастауыш мектептің есігін ашқаннан бастап, орта мектепті бітіргенше, кейбір жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде 4-5 жыл бойы негізгі пәнінің бірі ретінде оқиды. Әрине, әр басқышта ана тілін оқытудың мақсаты, білім көлемі әр түрлі болатыны түсінікті. Бірақ, бәрінің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Бастауыш мектепте балаға сурет салдырудан да, есеп үйретуден де, табиғатты танытудан да өзі сөйлеп жүрген ана тілін оқыту қиын. Тілден алатын білім көбінеме абстакциялы ережелер мен тілдік заңдарға негізделген материалдарға сүйенеді. Материалдардың көлемі, балаларға берілетін білім мөлшері олардың жас ерекшеліктерімен, материалдарды қабылдай білу қабілетімен тығыз байланысты болады. Осы тұрғыдан, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық және тіл дамыту материалдарын меңгертудің дұрыс әдісін табуда көп мән бар. Қазақ тілін оқытудыңмақсаты тек баланың сауатын ашу, ана тілі пәнің ғылыми негізін білдіру ғана емес, сондай-ақ оларды Отанның патриоты етіп тәрбиелеуге, еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа тағы басқа да өнегелі игі қасиеттерін бойына сіңіруге тиіспіз.
Қазақ тілін сабақта оқытқанда, оқушы тек тыңдаушы, айтқанды, оқулықтағыны жаттаушы болмау керек, баянды білімнің белсенді «ойшылы» болу керек.
Баланы әрдайым соған жетектей отырып, керекті қағидаларды түсіндіргендеғана, ондай білім баланың бойына дариды. Бұл жұмыстың реті, әдісі мұғалімнің шеберлігіне қарай әр түрлі нәтиже беруі мүмкін.
Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім осы талапты естен шығармауы керек.


Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі грамматикасы
мен емле туралы оқушыларға түсінік беру.

Зерттеудің міндеттері: 1. Оқушылардың алдағы уақытта жоғары
сыныптарда оқуына, жүйелі білім алуына
дайындық жасау.

2. Оқушылардың жазба сауаттылығын арттыру
жолдарын қарастыру.
3. Оқушыларына грамматикалық емле ережелерін
толық меңгерту.


Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушылары.


Зерттеу пәні: Қазақ тілі.


Зерттеу әдістері: Педагогикалық эксперимент, бақылау, талдау,
анкета т.б.


Зерттеу орны: Тараз қаласы № 26 Абай атындағы қазақ орта
мектебі.


Зерттеу болжамы: Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі
грамматикасы мен емлесі туралы дәріс беру
барысында оқушылардың жазба сауаттылықтарын
арттырып, емле ережелерін меңгерту.
Пайдаланылған әдебиеттер.


1. І. Кеңесбаев «Қазіргі қазақ тілі фонетика» Лексика 1962.
Ғ. Мұсабаев


2. К. Аханов « Қазақ тілі лексикасының мәселелері»

3. К.Аханов «Қазақ тіліндегі омонимдер» 1955-58ж.

4. Ә.Болғанбаев «Қазақ тілі лексикологиясы» 1979ж.

5. А.Айғабылов «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселелері»

6. И.Ұйықбаев «Қазақ тілі методикасының мәселелері» 1969ж.

7.Ә.Жаниязов «Басқа тілден енген сөздерді оқыту»
Қазақстан мектебі, 1976 ж, №10

8. Ә.Жаниязов «Синонимдерді оқыту»
Қазақстан мектебі, 1979ж, №1

9. Қ.Жидебаев «Адам және малға байланысты сөздерді ұғындыру»
Бастауыш мектеп 1978ж, №11

10. Б.Кәтенбаева. «Оқушының сөздік қорын байыту жайында»
Қазақстан мектебі, 1976ж, №1

11.Б.Кәтенбаева «4-класс қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау».

12. Б.Кәтенбаева «5-класс қазақ тілі оқулығына методикалық нұсқау».

13. «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы»
Алматы «мектеп» 1987ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3-4

I-Тарау.
Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі.

1. Грамматика сабақтарының міндеттері мен
мақсаты ... ... ... ... ... ... ..5- 6
2. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу материалдарымен жұмыс
жүргізу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .7-8

II-Тарау.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі.

1. 1-ші сыныпта қазақ тілін
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .9-15
2. Әріптер мен дыбыстарды
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...16-19
3. Грамматика материалдарын
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .20-22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...23

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..24

Кіріспе.

Зерттеудің өзектілігі
Оқушының ана тілі- оның өмірлік қажетін өтейтін қатынас
құралы. Сондықтан мектепте ана тілін арнаулы әрі негізгі пән
ретінде оқытуға ерекше мән беріледі.
Тіл оймен тікелей байланысты және адамдардың ғасырлар бойы
қалыптасқан ой жұмыстарының көрінісі болатындықтан, оның әр алуан
тарам- тармақтарын тез игеру де оңай емес. Сондықтан бала қазақ
тілін бастауыш мектептің есігін ашқаннан бастап, орта мектепті
бітіргенше, кейбір жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде 4-
5 жыл бойы негізгі пәнінің бірі ретінде оқиды. Әрине, әр басқышта
ана тілін оқытудың мақсаты, білім көлемі әр түрлі болатыны
түсінікті. Бірақ, бәрінің негізі бастауыш мектепте қаланады.
Бастауыш мектепте балаға сурет салдырудан да, есеп үйретуден
де, табиғатты танытудан да өзі сөйлеп жүрген ана тілін оқыту
қиын. Тілден алатын білім көбінеме абстакциялы ережелер мен тілдік
заңдарға негізделген материалдарға сүйенеді. Материалдардың көлемі,
балаларға берілетін білім мөлшері олардың жас ерекшеліктерімен,
материалдарды қабылдай білу қабілетімен тығыз байланысты болады. Осы
тұрғыдан, грамматикалық, лексикалық, орфографиялық және тіл дамыту
материалдарын меңгертудің дұрыс әдісін табуда көп мән бар. Қазақ
тілін оқытудыңмақсаты тек баланың сауатын ашу, ана тілі пәнің
ғылыми негізін білдіру ғана емес, сондай-ақ оларды Отанның патриоты
етіп тәрбиелеуге, еңбек сүйгіштікке, мәдениеттілікке, достыққа тағы
басқа да өнегелі игі қасиеттерін бойына сіңіруге тиіспіз.
Қазақ тілін сабақта оқытқанда, оқушы тек тыңдаушы, айтқанды,
оқулықтағыны жаттаушы болмау керек, баянды білімнің белсенді
ойшылы болу керек.
Баланы әрдайым соған жетектей отырып, керекті қағидаларды
түсіндіргендеғана, ондай білім баланың бойына дариды. Бұл жұмыстың
реті, әдісі мұғалімнің шеберлігіне қарай әр түрлі нәтиже беруі
мүмкін.
Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім осы талапты естен
шығармауы керек.

Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі грамматикасы

мен емле туралы оқушыларға
түсінік беру.

Зерттеудің міндеттері: 1. Оқушылардың алдағы уақытта жоғары
сыныптарда оқуына, жүйелі
білім алуына
дайындық жасау.

2. Оқушылардың жазба
сауаттылығын арттыру
жолдарын қарастыру.
3. Оқушыларына грамматикалық
емле ережелерін
толық меңгерту.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушылары.

Зерттеу пәні: Қазақ тілі.

Зерттеу әдістері: Педагогикалық эксперимент, бақылау, талдау,

анкета т.б.

Зерттеу орны: Тараз қаласы № 26 Абай атындағы қазақ
орта
мектебі.

Зерттеу болжамы: Бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілі
грамматикасы мен емлесі туралы
дәріс беру
барысында оқушылардың жазба
сауаттылықтарын
арттырып, емле ережелерін
меңгерту.

I-Тарау.

Бастауыш сыныптарда грамматиканы оқыту әдістемесі.

1. Грамматика сабақтарының міндеттері мен мақсаты.

Оқулықта жүйелі білім беру жұмысы тиісті ережелерден
басталмайды, болжамы сол ережеге, түсініктерге қарай жетектейтін
тілдік материалдардан басталады. Оқушы жаттығуларға берілген
дидактикалық материалдарды ұғына, тапсырмаларды орындай келе,
солардан өздері қорытынды шығаратындай кезең басталғанда, жинақталған
ережелер беріледі. Сонда олар тосынан айтылған қағидалар болмай
өздеріне бұрынан түсінікті, өздері-ақ қорыта алатындай, бірақ
қорытуға шамасы келмейтін жайттар болмақ ойдағы оқушылар тез
түсінеді, содан әрі сол түсінгендерін баянды ету үшін тағы да
бірнеше жаттығу материалдары беріледі.
Сондықтан грамматикалық ережелерді балаға білдіру үшін, әдетте
жаттығу материалдарын жетекшілікке аламыз. Ол түсінікті де. Тілден
берілетін білім балаға әдепкі де бытыраңқы, шашыраңқы болып
көрінеді. Оның себебі- грамматикалық, орфографиялық ережелер белгілі
нақты сөздер, тұлғалар негізінде емес, абстракцияланған көптеген
фактлерді қорыту негізінде жасалады. Баланы соған жетектеу үшін
көптеген байқау, жаттығу жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Тіл сабақтарын оқытудың дидактикалық материалдары ана тілінің
әдеби үлгілерінен алынуы тиіс. Сондықтан қазақ тілінен мектепте
сабақ оқытудың аса жауапты кезеңі оқушыға жаттығу, талдау
материалдарын талғап таңдаудан басталады деуге болады. Жаттығу
материалдарын таңдауға үш түрлі талап қойылады.
Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуға тиіс.
Материалдағы жеке дыбыстар, әріптер, буындар сөз ішінде сөздер, сөз
тіркесі сөйлем ішінде алып талданады. Осы мақсатпен алынған
мысалдар мен текстер, сөйлем үзінділер болуға тиіс. Алдымен,
солардың тиімді, мазмұны дұрыс тәрбие беру нысанасын бағдарлауы
керек. Оқу материалдарына қойылатын басты талғам – тілек – оның
тәрбиелік мәні басым болу керектігі естен шықпауы керек.
Материалдар Отанды сүюге, еңбек етуге, еңбекті қадірлеуге, табиғатты
тануға, мәдениеттілікке, коллектившілдікке, үлкенді сыйлауға
бағытталып ыңғайлануы керек.
Екіншіден, әрбір мысал, үзінді әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл
(стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстану тиіс. Сонда олар
баланы әдеби тілдің жүйесін меңгеруге, өз тілін дамытуға көмекші
бола

алады. Мұндағы басты талап- балаға грамматикадан, орфографиядан...
білім беру кезінде оның тіл мәдениетін де арттыруды көздеу тиіс.
Сол
үшін оқушылар дұрыс құралмаған жасанды мысалдар бойынша
тәрбиеленеді.
Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан
керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар,
сөйлемдер... жиі кездесетін болсын. Жаттығу материалдар таңдауда
негізгі көз тігетініміз осы талап тұрғысынан болғанмен алдыңғыларсыз
бұның сапасын дұрыс бағалауға болмайды. Сондықтан бір жаттығу
материалында осы үшеуінің басы бір жерге түйісуі керек.
Жаттығу, талдау, тіл дамыту материалдарының сапасы жақсы
болса, қазақ тілін оқытудағы мақсаттың да дұрыс орындалуына қолайлы
жағдай жасалады.
Біз әр жаттығуда өтілген грамматикалық объектіні атап қана
қоймай, мағынасын, қызметін, форма ерекшеліктерін талдатып айтқызу
керек екенін ескерттік. Бұл - өте қажет талап. Өйткені грамматикалық
объектінің осылай мағынасын, қызметін, ыормасын талдап танытқанда
ғана оқушының білімі саналы, тиянақты болады.
Грамматикалық білімді тиянақты етіп үйретудің үшінші кезеңі
мынадай міндет қояды. Оқушылар жазғанда, сөйлегенде өтілген
грамматикалық форманы еркін, жылдап тауып жазып, сөйлегенде
пайдаланып отыруға тиіс. Бұлай машықтану үшін мынадай жаттығулар
ұйымдастырылады.
1. Ауызша айтылған текстен өтілген грамматикалық материалдарға
байланысты объектіні тауып, талдау жасау. Бұл жаттығудың
пайдасы көп.
2. Бұрын өтілген тақырыптармен қатар текст бойынша түгел
грамматикалық талдау жасау. Бұл жаттығудың мақсаты- жаңа
объектіні басқа материалдарды талдаумен қатар іздеп табуға
үйрету.
3. Грамматикалық талдауды емлеге қатысты да жүргізу. Мысалы:
түбірдің соңындағы қатаң қ, к, п, дыбыстарының өзгеру себебін
таптыру, зат есімдерге септік жалғау жалғанғанда қосарлы
дауыссыздың пайда болу себебін сұрау т.б. Бұл сияқты
жаттығулар оқушыларды дұрыс жазу үшін грамматикатикадан алған
білімін пайдалануға үйретеді.
4. Диктант, шығарма жаздыру. Бұл жұмыстар – оқушылардың
грамматикадан алған білімін дұрыс жазу, сөйлеу қажетіне
пайдалануға жетектейді.

2. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық жаттығу
материалдарымен жұмыс жүргізу әдістері.

Қазақ тілін бастауыш мектепте оқытуда жаттығу материалдарының
сапалы болуына ерекше көңіл аударатын себебіміз екі түрлі:
біріншіден, онда қазақ тілі теориялық курс ретінде емес, негізінде
практикалық сабақ ретінде оқытылады. Сондай практикалық жұмыстардың
тірегі де, мөлшері білім көлемін баянды ететін де жаттығу деген
атпен беріледі, екіншіден программа бойынша бастауыш мектепте қазақ
тілі
1. Сауат ашу мен тіл дамыту;
2. Оқу мен тіл дамыту;
3. Грамматика, емле және тіл дамыту деген тарауларға бөлінеді.
Тіл дамыту мұнда басқалармен қатар жүрп отырады.
Жаттығу материалдарына қойылатын басты талаптарға мыналар
енеді: олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне, түсіну қабілетіне сай,
балаларға қызықты тартымды, оларға ой салатындай болуға тиіс.
Кейбір жаттығу тақырыптары тарихи күндерге арналады, мысалы: 22
апрель- сүйікті көсеміміз В.И.Лениннің туылған күні, 1 Май мейрмын
өткізу,
Т.б. байланысты тақырыптар. Сондай-ақ оқушылардың ой-өрісін кеңейту,
тіл байлығын молайту, сапалы білім, берік машықтануына көздеу
керек. Ол үшін дайын ережелерді, жеке тұлғаларды жаттатып, соларды
еске түсіретіндей ғана жұмыс жүргізбей, мүмкін болғанынша
грамматикалық, фонетикалық, орфографиялық қағидаларды айқындауға
оқушыларды белсене қатыстыру, талдау, қорыту жұмыстарына жетектеу
керек. Жаттығулар арқылы баланы ойландыратын, өз бетімен жұмыс
істейтін талап сұрақтар қойып, айтылуға тиісті қорытынды ережелерді
дұрыс тез түсіндіруге болады.
Жаңа материалды түсіндіру екі түрлі әдіспен жүргізіледі. Бірі-
индуктивтік әдіс, екіншісі- дедуктивтік әдіс. Мұғалім өтілетін
материалдардың ыңғайына қарай осы әдістердің бірін таңдайды. Жаңа
тақырыпты өту кезіңде оқушылардың белсенділігін арттыру үшін ең
қолайлысы- индуктивтік әдіс. Индуктивтік әдіс бойынша алдымен жаңа
тақырыпқа байланысты мысалдар талданады, содан кейін сол талдаудың
нәтижесінде қорытынды шығарылады. Мысалдарды талдауға қорытынды
шығаруға оқушылар қатыстырып отырылады.
Дедуктивтік әдіс бойынша оқытқанда, алдымен ереже айтылады да,
соңынан ережені анықтайтын мысалдар талданады. Бұл әдіс оқушылардың
өзіне талдауға қиын, өте абстрактылы тақырыптарға байланысты
қолданылады. Мұғалім қай әдісті қолданса да, өтілетін форманың
грамматикалық сипатын оқушыларға анық, түсінікті етіп түсіндіруге
тиіс.

Грамматикалық тақырыпты танытып, түсіндіргеннен кейінгі істейтін
жұмыс- оқушыларды сол грамматикалық форманы жазбаша текстен, ауызша
айтылған мысалдан бірден ажырата алуға үйрету. Бұл дағды
оқушылардың грамматикадан алған білімін жазуда, сөйлеуде дұрыс
қолдануы үшін қажет. Оқушылар сөздің морфологиялық құрамын тез
ажыратып таныса ғана дұрыс, қатесіз жаза алады. Мұғалім оқушыларды
грамматикалық формаларды тез, әрі дәл тануға үйрету үшін жаттығу
жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу керек.
Тақырып түсіндірілгеннен кейін, жаңа форманы мағына, қызметі
жағынан таныта түсуге көмектесетін жаттығулар ұйымдастырылады. Ол
жаттығулардың түрі мынадай:
1. Тексте өтілген объектіні ерекшелеп беріп, оның грамматикалық
белгілерін ататызу.
2. Текстен объекті түсіріліп, төменде бөлек беріледі де, оқушылар
сөйлемдерді толықтырып көшіреді, объектінің грамматикалық
белгілерін атайды.
Келесі кезекте мұғалім оқушыларды өтілген объектіні өз бетімен
танып, табуға үйрете бастайды. Ол үшін мына түрдегі жаттығулар
ұйымдастырылады.
1. Тексте объект ерекшеленбей беріледі де, оқушылар өз бетімен
оның мағынасын, формасын, қызметін талдап ажыратады.
2. Өтілген объектіге оқушылардың өздері мысал келтіріп, талдау
жасайды.
3. Сөздерді өтілген грамматикалық формаға қойып, сөйлем құрайды,
сөйлемдегі сөздердің грамматикалық белгілерін талдайды.
Біз әр жаттығуда өтілген грамматикалық объектіні атап қана
қоймай, мағынасын, қызметін, форма ерекшеліктерін талдатып айтқызу
керек екенін ескерттік. Бұл - өте қажет талап. Өйткені грамматикалық
объектінің осылай мағынасын, қызметін, формасын талдап танытқанда
ғана оқушының білімі саналы, тиянақты болады.

II-Тарау.

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі пәнін оқыту әдістемесі.

1. 1-ші сыныпта қазақ тілін оқыту.

Қазақ тілі оқулығындағы Дыбыстар мен әріптер тақырыбында дауысты
дыбыстар, олардың жуан және жіңішке болып бөлінуі; дауыссыз
дыбыстар алфавит, буын тасымал туралы мағлұматтар беріледі. Сөз
деген параграфта заттың атын білдіретін сөздер, бас әріппен
жазылатын сөздер, заттың сынын білдіретін сөздер, заттың санын
білдіретін сөздер, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білім
беру көзделеді. Сөйлем деген бөлімде сөйлем мен сөйлемдегі
сөздердің байланысы туралы бастапқы мағлұмат берліеді.
Оқушыларға дыбысты танытумен бірге, дыбыстан сөз құралатынын,
сөйлем арқылы адам өзінің айтайын деген ойын басқа біреуге
түсіндіріп бере алатыны жайлы практикалық жолмен берілетін түсінік-
ұғымды грамматикалық ережелер ретінде қалыптасу мақсаты көзделеді.
Осыған байланысты сөйлем туралы ұғым кеңейтіліп, тіпті сөйлемнің
мағынасы және айтылуына қарай бөліну түрлері (хабарлы, сұраулы,
лепті) сөйлемдегі сөздердің өзара байланысы да оқылады.
Оқу, жазу, тіл дамыту, айналамен таныстыруға үйрету
жұмыстары тәрбие жұмыстарымен ұштастырылып бір-бірімен тығыз
байланысты жүргізіледі.
Грамматиканы оқыту.

1 сыныпта жаңа материалды оқып үйрену ісіне оқушылардың өздерін
жан- жақты қатыстыра отырып, оларды белгілі- бір қорытынды жасай
білуге баулу керек. Оқушылар класта сабаққа белсене қатысып
отырса, өз ойын, өз пікірін еркін айтып беруге үйренеді, үй
тапсырмаларын, сондай- ақ өздігінен орындайтын жұмыстарды қиналмай
орындайтын болады. Осы ретпен программалық материалдар жеңілден
ауырға, белгіледен белгісізге принципіне негізделіп беріледі де,
үнемі алдыңғы оқылған материал соңғы оқылатын материалдың
дайындығы ретінде өтіледі. Әліппе кезеңінің өзінде- ақ балалар
дыбыс әріп, сөз, сөйлем деген ұғымдармен танысады да, ол
білімдерін Қазақ тілі оқулығынан Дыбыс пен әріп толықтырып
дамыта түседі. Мысалы, Сөз дыбыстан құралады деген ұғымның
мәнін бұрынғыдан да терең түсінетін болады.

Сөз деген грамматикалық ұғымды оқушыларға таныту кезінде
мұғалім алдымен оқушыларға таныс олардың күнделікті сөйлеу тілінде
қолданып, пайдаланып жүрген сөздерінен алып, соны жан-жақты
талдатып, оның тұлғалық және мағыналық ерекшеліктерін сұрақтар
арқылы түсіндіреді. Осыған байланысты оқушылар сөздердің бірнеше
топқа бөлінетінін байқайды.
1. Сөздердің бір тобы кім? не? сұрақтарына жауап береді.
Асан (кім) мектепке келді. Оқушы (кім) отыр. Кітап (не) стол
үстінде жатыр. Құс (не) ұшты.
2. Сөздердің бір тобы қандай? қай? сұрақтарына жауап береді.
Үлкен (қандай) үй. Қызыл (қандай) қарындаш. Жарық (қандай)
бөлме.
3. Қанша? неше? сұрақтарына жауап болатын сөздер тобы. Бес
(қанша) адам. Он екі (неше) қарындаш.
4. Не істеді? қайтті? не істеп тұр? не істеп отыр? т.б.
сұрақтарына жауап болатын сөздер тобы. Бала кітап оқыды (не
істеді). Айша жазу жазып отыр.
Оқушылар сөздердің осындай топтарымен іс жүзінде танысқан соң
сөз деген ұғымның зат деген ұғымымен байланысын анықтыйды.
Сөйтіп зат деген ұғымды біліп, түсінуі мен бірге сол
заттардың, нәрселердің өзіндік қасиеті, түр-түсі болатын сұрақ
жауап арқылы әңгімелесу кезінде оқушылардың өздеріне байқатуға
болады. Мысалы: адам жүреді, құс ұшады, қызыл қарындаш, көк
көйлек, 1-класс, екінші парта, бес саусақ. Бұл сияқты сөз
тіркестерін пайдалана отырып, мұғалім оқушыларды ойландырарлықтай
сұрақ береді. –Адам жүреді, ал тағы не жүреді? Құс ұшады, тағы
не ұшады? Қарындаштың түсі қызыл, тағы қандай түсті қарындаштар
болады?
Оқушылар кім? не? сұрақтарына жауап болатын сөздермен танысу
кезінде, ол сөздердің өзіндік ерекшеліктерін байқайды. Кім? не?
сұрағына жауап беретін сөздерді топтап, талдауға үйретіледі.
Туыстық қатынасты білдіретін сөздер: ата, апа, аға, іні, әпке,
сіңлі (кім). Киімдер: пальто, көйлек, бәтеңке, етік, құлақшын
т.б. Жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз. Табиғат құбылыстары:
қар, боран, жел жаңбыр.
Тиісті сөзді талдау үшін сөйлем құраудағы сөздердің өзара
байланысына да көңіл бөлу қажет. Себебі сөзге сұрақ қойып үйрету
кезінде Жек сөзге сұрақ қойылмайды, сөзге сұрақ басқа сөз
арқылы қойылады. Сөздер үнемі бір-бірімен байланысты болады, олай
болмаса, айтайын деген ойын адам басқа біреуге түсіндіре алмайды
деп, тәжірибе жүзінде түсінік беріліп отырғаны жөн.

Емлелік ережелерді танытуға байланысты жүргізілетін жұмыстар.

Прграммада көрсетілгендей, оқулықтың бірінші, екінші параграфы
Дыбыс және әріп, Дауысты, дауыссыз дыбыстар деп аталған. Бұл
тақырыптар оқушылардың Әліппе кезеңінен таныған, білген дыбыс және
әріп жайындағы ұғымдары мен түсініктерін белгілі бір жүйеге
келтіреді, сонымен қатар оларды грамматикалық қарапайым ережелерді
жаттап алуға машықтандырады. Оқулықта берілген ереженің мағынасын
түсіну, мысалы арқылы дәлелдеп беру, жаттап алу сияқты (тұжырымды
ережелер) жаттығу жұмыстары жүргізіледі. Мысалы: (дыбыстарды айтамыз,
естиміз, Әріптерді көреміз, жазамыз деген сияқты тұжырымды
ережелер практикалық жолмен жүргізілетін мұғалімнің түсінігінен,
жаттығу-тапсырмалардың мазмұнынан алшақ кетпейді, қайта олардың мәнін
дәлірек, анығырақ ұғындыруға жәрдемдеседі.
Оқушылардың бұрын алған білімдерін пайдалана отырып, көрнекі
құрал арқылы ол ережелерді оңай түсіндіруге болатынын айта кеткен
жөн.
Кейбір тақырыптарға байланысты арнайы ереже берілмейді. Алайда
оқылатын тақырыптың аты, оған берілген мысалдар, жаттығу-тапсырмалар
бұдан-бұрын өтілген материалдармен тікелей байланысты болады да, сол
тақырыпты талдау кезінде оқушыларды бірден ойландырады. Мұғалімнің
тақырыпты талдап түсіндіруі қорытынды ережені балалардың өздері
шығаратын дәрежеде берілуге тиіс.

Жаттығу текстерін пайдалану.

1-сынып оқушыларына емлелік ережелерді меңгерту, олардың тілін
қалыптастыру, дұрыс, қатесіз жазуға дағдыландыру жұмыстары қашан да
бір-бірімен тығыз байланыстырыла жүргізіледі. Осыған орай, оқулыққа
үш жүздей жаттығу берілген. Сөзді, сөйлемді я тексті тұтас көшіру,
көп нүктенің орнына тиісті сөзді, буынды немесе әріпті қойып
көшіріп жазу, мұғалімнің тапсыруы бойынша текст ішінен керек
сөздерді теріп көшіру, я болмаса қара әріппен жазылған сөздерді
көшіріп жазу, сурет бойынша сөйлем құрап, ол сөйлемдерді жатқа
жазу, суреттегі заттардың атын жазу, берілген сұрақтарға жауап
жазу, сөйлемдерді көшіріп, тиісті сөздің я әріпінің астын сызу,
берілген сөздер арқылы сөйлемдер, шағын әңгіме құрастырып жазу,
сурет бойынша шығарма жазу т.б. Сонымен бірге бір жаттығудың өзі
бірнеше мақсатты айқындауға арналады. Мысалы, суреттегі аң мен
құстың атын атап, атаған сөздеріңді дәптерлеріңе жазып, ол сөздерді
буынға бөліңдер. Әр буындағы дауысты дыбысты атаңдар, астын
сызыңдар-осы сияқты тапсырма түрлері беріледі.

Мұғалім бұл сияқты жаттығуларды тапсырманы өз қалауынша
өзгертіп, қосымша материалдармен толықтыруына да болады. Мәселен,
тапсырмада Аң мен құстың атын ата делінген. Егер балалар
бірден оқулықты ашып, жаттығудың 1-тапсырмасын орындау үшін, сурет
астындағы сөзді оқып, оны талдауға кіріссе, онда затты тану,
сол затқа байланысты оқушының ой-өрісін дамыту жағы көмескі болып
қалар еді. Сондықтан оқулық бойынша жаттығуды орындамас бұрын,
аң, құс деген ұғымға байланысты көрнекі құрал тақтаға ілінеді.
Тақтаға ілінген суреттің мазмұны: таулы, адырлы өлке. Аңшы тау
басында тұр. Ойда түлкі қашып бара жатыр. Таудан түлкіге қарап
құлдилап, бүркіт ұшып келе жатыр. (Бүркіт пен түлкі нақты түсіне
келтірілген бояумен салынған). Сурет бойынша әңгіме кезінде
оқушылар біршама жаңа ұғым, түсініктерді естіп танысады,
түсінгендерін өздері сөйлем құрап айтып береді. Түлкі-аң. Аңшы аң
аулайды. Аңшы аңды бүркітпен аулайды. Аңшылар бүркітті баптайды.
Бүркіт-жыртқыш аң. Бүркіттің и басқа құстардан ерекшелігінеде
тоқталады. Осыдан соң бүркіт түлкі сөздерін ауызша талдаттады.
Жаттығудың қалған түрлері оқулық бойынша орындалады. Жоғарыдағы
сияқты толықтырып, өңдеуді қажет ететін және грамматикалық
ережелерді меңгертіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін,
білуге құмарлығын оятатын жаттығуларды көбінесе сыныпта орындату
керек. Себебі жаттығуды орындау кезінде мұғалім оқушылардың
білімін анықтап, бірінің білмегенін екіншісісіне толықтыртып, өзі
көмектеседі, яғни жалпы класс болып жаттығу тапсырмаларын талдап,
қорытындылайды. Демек, жаттығуларды талдаған кезде оқушыларға
таныс емес, түсініксіз бірде-бір сөз болмауға тиіс. Сондықтан
мұғалім клста орындалатын жаттығу мен үйге тапсырылатын
жаттығуларды алдын-ал өзі мұқият оқып танысады да, түсіндіруді
қажет ететін сөздерді белгілеп, түсіндіру әдіс-тәсілін ойластырып
келеді.
Мысалы, мектеп-білім бұлағы, шәкірттер-өскен құрағы деген
сөздердегі бұлақ, құрақ сөздері ауыспалы мағынада беріліп тұр,
сондықтан алдымен бұл сөздердің тура мағынасымен таныстыру керек.
Бұлаұ-бастау, қайнар. Таулы жерде бұлақ көп болады. Бұлақ- құлақ
ауруы . Жас баланың құлағынан бұлақ ақты. Құрақ- жапырақты жас
қамыс. Құрақ- түрлі мата, кездеме қиындыларынан құрап жасаған
бұйым. Осы ретпен бұлақ, құрақ деген сөздерді жиі кездесетін
мағыналары анықтап алады да, тақтаға көрнекі құралды іледі. Онда
мынадай сөйлемдер жазылған: көлдің көркі- құрақ. Таудың көркі-
бұлақ. Таулы жер бұлақсыз болмас. Сулы жер құрақсыз болмас.
Құрақ,бұлақ, бұлақсыз, құрақсыз сөздері қызыл түспен жазылған.

Мұндай қосымша (үйде орындалатын жаттығу) материалдар сөз
мағынасын анықтап, түсінуге үлкен көмегін тигізеді. Балалар сөздің
тура мағынасын анық түсінсе, салыстыру, теңеу ретінде берілген
мағынасын да оңай түсінеді. Сол сияқты колхозшы, жұмысшы, жылқышы,
кітапқана, баспахана, ұстахана сөздерін жаттығуда көрсетілген
тапсыпма бойынша ғана талдап қоймай, әр сөздің жазылуына
мағынасына да көңіл бөлу қажет. Жылқышы жылқы бағады. Баспхана-
кітап басып шығаратын орын. Кітапханадан кітап алып оқимын, т.б.
Мұғалім класта, үйде орындалатын жаттығу жұмыстарын
жоспарлағанда жазбаша орындалатын жаттығу тапсырмаларды мұқият
тексереді. Ол үшін екі мәселені естен шығармауы қажет:
біріншіден, жазбаша орындалатын жаттығу- тапсырманың мағына жағынан
тұжырымды, мәнді әрі өтілген ережеге лайықты, сабақтың мақсатын
толық қамтитын дәрежеде берілу жағы қарастырылады. Екіншіден,
жаттығу- тапсырманың көлемі шағын болуы, оқушыларды
жалықтырмайтындай етіліп берілуіне көңіл бөлінеді. Оның себебі
класта жүргізілетін жазбаша жаттығу- тапсырмалар бірыңғай оқулықтан
көшіру болса, ол оқушыларды зеріктіреді, сабақ кезіндегі
белсенділігін кемітеді. Сондықтан оқулықтан көшіру, тақтадан жатқа
жазу, диктант түрлерін жазғызу жұмыстары үнемі алмастырылып,
түрлендіріліп отырылуы тиіс.

Дұрыс жазуға үйрету.
Дұрыс жазуға үйрету жұмысы оқуға үйретумен қатар жүргізіледі.
Оқушылар таныған, білген дыбыстарының әрпін жазуға үйреніп қана
қоймайды, сол әріптерден сөз, сөйлем құрап жазуға жаттығады.
Мұғалім жазуға үйрету кезінде әрбір әріптің дыбыстық ерекшелігімен
де таныстырады. Тақтадағы жазылған әрбір әріп, әрі іштерінен
оқып, жазу тапсырылады. Кейбір оқушылар әріптеп көшіруді әдет
етіп алады да, жазуда көп қате жібереді. Көбінесе сөз ішінен
әріп тастап кетеді. Сондықтан сөзді буын жігімен оқып отырып
жазуға немесе жазған сөзін я сөйлемін оқушының өзі тексеруін
әдетке айналдыру керек. Мұғалім балалардың жазуын бақылағанда,
олардың жазу түріне- коллиграфиясына ғана көңіл бөліп қоймай,
жазып отырған сөздерін я сөйлемін оқып беруді де талап етеді.
Сол сияқты көшіріп жазып болған соң, бірнеше оқушылардың
жазғандарын дәптерлерінен оқытып, кейбір қате жазылған сөздердің
емлесін талдауға болады.
1-сыныпта грамматика мен емле тануға байланысты жүргізілетін
жазудың басым көпшілігі- көшіріп жазу. Тақтада, тблицада жазылған
сөйлемдерді көшіру, жазу үлгісінен, баспа әріппен берілген тексті
көшіру т.б.

Оқулықта берілген жаттығулардың 70-80% жазбаша орындалады десек,
әр тпсырманың өзіндік ерекшелігі, масаты бар. Оқушылар сол
жаттығулардағы сөздер мен сөйлемдерді талдай отырып жазуға
машықтанғаны жөн. Себебі жазу мен емле ережелерін меңгерту бір-
бірімен тығыз байланысты жүргізіледі. Белгілі тақырып бойынша
емлелік ережелерді оқушылардың қаншалықты меңгергенін, түсінгенін,
әрі дұрыс жазуға жаттыққаның байқау үшін, класта орындалатын
жаттығуларды түсіндіріп жазу тапсырылады. Мұндай жағдайда кластағы
оқушылардың ерекшеліктері ескеріліп, жаттығудың ауыр және жеңіл
түрлері ұсынылады. Оқушылар жаттығуды орындағанда да әр сөздің
жазылуын ережеге сәйкес талдап беруге ойланып, дайындалып отырады.
Оқушыларды жатқа жазуға үйрету жұмысы да Әліппе кезеңінен
басталады да, бірте- бірте күрделене жүргізіледі. Мысалы, алдымен
жеке дыбыстар мен буындарды, бір буынды сөздерді, содан кейін
екі-үш буынды сөздерді, екі- үш сөздерден құралған сөйлемдерді
жатқа жазғызуға болады. 1-сыныпта жатқа жазғызатын текстің көлемі
8-10 сөзден ртпайды. Оқушылар ол сөздерді мұғалімнің нұсқауы
бойынша жазуға жаттығады. Жатқа жазылатын сөйлемді алдымен мұғалім
оқиды. Балалар іштерінен қайталайды. Кейде 2-3 оқушыға дауыстап
қайталатуға да болады. Содан кейін барып жазуға кіріседі. Мұғалім
оқушылардың бәрінің жазуды бір мезетте бастап, белгілі уақытта
аяқтауын қадағалап отырады. Мұғалім тексті оқығанда ерсілі- қарсылы
жүрмей, бір орында тұрып оқуы керек. Сонда мұғалімнің даусы
сыныптағы барлық оқушыларға анық естіледі де, әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматиканы тілдің басқа салаларымен байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныптарда грамматиканы үйрету жолдары
Грамматика мен жазу методикасының ғылыми негіздері
Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету
Бастауыш мектептердегі грамматика курсы
Пысықтауыш
“Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту теориясы мен технологиясы” пәнінен дәрістер
Грамматиканы оқытудың ғылыми негіздері
Грамматика және тіл дамыту
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ГРАММАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ТИІМДІ ОРЫНДАУ ТӘСІЛДЕРІ
Пәндер