Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын құқықтық реттеу



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.7
І. Тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйесі және мемлекеттің бюджеттік қызметі.
І.1. .Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері ... ... 8.33
І.2. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік қызметтің құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33.43

ІІ. Тарау. Бюджет түсімдерімен шығымдарын құқықтық реттеу.

ІІ.1. Бюджет түсімдерін құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44.61
ІІ.2 Бюджеттің шығындарын құқықтық реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ..62.64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..65.66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...67.68
Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары жобаларының ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.
Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында берілуі шартымен нормативті актілер жобаларының ережелері, келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.
Егер оң қорытындылар ағымдағы жылдың екінші жартысында берілген жағдайда, онда аталған ережелер қолданысқа жоспарланған жылдан кейінгі қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімнің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып жасалады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.
Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкімнің оң қорытындысы болған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер, келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.
Мемлекттік бюджет кез-келген мемлекттің өмір сүруінің міндетті шарты болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлуді және қаржылық заңы болып табылады. Мемлекеттік бюджет мемлекеттік органдарға өз функцияларын орындауды қамтамасыз етеді. Бюджет мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы ретінде қолданылады. Бюджеттің көмегімен ұлттық табысты секторлық, салааралық, территориялық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру, әлеуметтік саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Алматы,
2. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы 2005 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы 2006 жыл.
4. Худяков А.И. Финансовое право РК (общая часть). Алматы: ТОО “Баспа” – 2001.
5. Мухитдинов Н.Б., Найманбаев С.М., Сермиов У.С, Қаржылар саласындағы басқарудың құқықтық негіздері. – Алматы, 1999г.
6. Найманбаев С.М. Қазақстан Республикасының қаржылық хұқы. (оқулық) – Алматы, 1994г.
7. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы: Учебник. – Алматы, 2001.
8. Финансы. Денежное обращение. Кредит: учебник для вузов.
под ред. проф. Л. А. Дробозиной - М, Финансы, ЮНИТИ, 2000г.
9. Финансы. Учебное пособие. Под ред. А.М.Ковалевой - М ., 1999г, Финансы и статистика.
10. Коков В., Любимцев Ю. Бюджетный федерализм: проблемы и перспективы // Экономист, №11, 1996г.
11. Павлова Л. Бюджетное финансирование и проблема государственного долга // Экономист, № 4, 1996г.
12. Подпорина И. Современные проблемы бюджетного регулирования //Экономист, № 7, 1996г.
13. Основы теории финансового права. Худяков А.И.- А., 1995г.
14. Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі. Алматы, Юрист,2009г.
15. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” Заңы. (өзгетулер мен толықтырулар № 577-ІІ 20.12.09ж)
16. Қазақстан Республикасының Үкіметінің ҚР Қаржы министрлігінің қаржылық бақылау комитетінің қызметінің кейбір мәселелері туралы 19.06.2002 жылғы Қаулысы
17. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі” Алматы, Юрист, 2004ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Инвестициялық және қаржылық құқығы кафедрасы

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарын
құқықтық реттеу

Орындаған 4 курс студенті:
Тасыбеков А.М.

Ғылыми жетекші:
Сейтжанов А.А.

Норма бақылаушы:
Қожабек Қ.

Кафедра меңгерушісінің
рұқсатымен қорғауға жіберілді з.ғ.к., доцент
Рахметов Е.Ш.

Алматы 2010
Реферат

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы Қазақстан
Республикасы бюджет жүйесі негізіндегі құқықтық принциптері мен Қазақстан
Республикасының бюджетінің түсімдері мен шығыстарының құқықтық реттеу
принциптерін кешенді-құқықтық сипатта зерделеуге бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы
мемлекеттің бюджеттік жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясында
айқындалып белгіленген және бекітілген қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым
мүдделерді қаржыландыратын және мемлекеттің қаржы саясатын іске асыру
аясында қаржылық құқықтық қатынастарды бюджеттік реттейтін, сондай-ақ
бюджеттік құқықтық қатынастар субъектілеріне республикалық және жергілікті
бюджеттер алдындағы міндеттемелерін тиісінше орындауларын қамтамасыз ету
арқылы әлеуметтік-экономикалық, мәдени, саяси-әкімшілік аяларының өзекті
проблемаларын басымды бағыттары бойынша нақтылы шешетін экономикалық әрі
құқықтық тетігін негізге ала отырып бір жүйеге келтіру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі
бүкіл мемлекеттің ішкі және сыртқы қаржы саясатын қамтиды. Бюджеттік
жүйенің реттелуі жан-жақты салыстырмалы анализ беру арқылы бір нақты
түйінге келу.
Зерттеу жұмысының ғылыми-теориялық негізін белгілі заңгер ғалымдар Н.Б.,
Мухитдиновтың, С.М. Найманбаевтың, У.С Сермиовтың, С.С. Алексеевтің, А.Т.
Ащеуловтың, М.Т. Баймахановтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің, С.С. Сартаевтың, Ө.Қ.
Қопабаевтың, Қ.К. Айтхо-жиннің, еңбектері құрайды.
Зерттеу нысаны және пәні - Қазақстан Республикасының конституциялық және
бюджеттік заңнамасында, сондай-ақ қаржы құқығында көрініс тапқан бюджеттік
түсімдер мен шығыстарды реттеуші принциптері.
Зерттеу жұмысының мақсаты – Конституцияда, Отандық қаржы
заңдарында көрініс тапқан бюджеттік түсімдер мен шығыстар принциптерінің
құқықтық табиғатын зерттеп, олардың мәнін ашу, бюджеттегі түсімдер мен
шығыстардың реттелу саясатына қатысты конституциялық міндеттемелерге
қатысты іргелі ұғымдарды айқындау, сондай-ақ бюджеттік қызметтің құқықтық
негіздері ұғымына түсініктеме беру.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, 4 бөлімшеден,
қорытындыдан, 2009 жылға арналған республикалық бюджет туралы мәліметтен,
сондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі
дипломдық жұмысқа қойылатын талаптарға сай келеді.

ГЛОССАРИЙ:
Бюджет – мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды
қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры;
Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті
бюджеттен қаржыландырылатын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің
атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен
бюджеттік есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын
атқарушы орган;
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – республикалық
бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді, Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын атқару жөнінде бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу
мен бюджеттік есептілікті жүргізуді атқару бойынша функцияларды жүзеге
асыратын орталық атқарушы орган;
Бюджет жүйесі – бюджеттердің және Қазақстан Республикасы Ұлттық
қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен қатынастардың жиынтығы;
Бюджеттік инвестициялар – бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік
инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды
тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің
активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған
республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру;
Бюджеттік инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет
қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа
объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға
бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
Бюджеттік қамтамасыз етілу – тиісті бюджеттер қаражаты есебінен
мемлекеттік басқару органдары ұсынатын, осы көрсетілетін қызметтерді
алушылардың бірлігіне есептегендегі көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
құны;
Бюджет қаражаты – мемлекеттің ақша және өзге де активтері, жұмсалуы
бюджетте ақшалай нысанда көрсетілетін мемлекеттік меншікке түсетін
түсімдер;
Бюджет қаражатын алушылар – бюджет қаражатын бюджеттік бағдарламалардың
әкімшілері арқылы алатын және оларды бюджеттік бағдарламаларды іске асыру
шеңберінде пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар;
Бюджеттік қатынастар – бюджет процесінде туындайтын қатынастар;
Бюджеттік операциялар – бюджетті атқару процесінде жүзеге асырылатын
операциялар;

Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5-7
І. Тарау. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйесі және мемлекеттің
бюджеттік қызметі.
І.1. .Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің принциптері ... ... 8-33
І.2. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік қызметтің құқықтық

негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 33-43

ІІ. Тарау. Бюджет түсімдерімен шығымдарын құқықтық реттеу.

ІІ.1. Бюджет түсімдерін құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .44-61
ІІ.2 Бюджеттің шығындарын құқықтық
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... .62-64

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 65-66
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..67-68

Кіріспе

Республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе
шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобалары Қазақстан Республикасы
Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары
ескеріле отырып жасалады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен
Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары үшін мұндай
қорытындының болуы талап етілмейді.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе
кірістерін қысқартуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтары мен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары жобаларының
ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады.
Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы ағымдағы жылдың бірінші жартысында
берілуі шартымен нормативті актілер жобаларының ережелері, келесі қаржы
жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.
Егер оң қорытындылар ағымдағы жылдың екінші жартысында берілген
жағдайда, онда аталған ережелер қолданысқа жоспарланған жылдан кейінгі
қаржы жылынан ерте енгізіле алмайды.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін
қысқартуды көздейтін жергілікті өкілді органдар шешімдерінің жобалары
әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі
мүмкін. Әкімнің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле
отырып жасалады.
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе кірістерін
қысқартуды көздейтін жергілікті атқарушы органдар актілері жобаларының
ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады.
Тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкімнің оң
қорытындысы болған кезде осы баптың 3-тармағында көрсетілген ережелер,
келесі қаржы жылынан ерте қолданысқа енгізіле алмайды.
Мемлекттік бюджет кез-келген мемлекттің өмір сүруінің міндетті шарты
болып табылатын ақша қаражаттарын қалыптастыруды, бөлуді және қаржылық заңы
болып табылады. Мемлекеттік бюджет мемлекеттік органдарға өз функцияларын
орындауды қамтамасыз етеді. Бюджет мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын
жүргізу үшін экономиканың барлық секторларының қаржаттарын жинақтау құралы
ретінде қолданылады. Бюджеттің көмегімен ұлттық табысты секторлық,
салааралық, территориялық қайта бөлу, экономиканы мемлекеттік реттеу және
ынталандыру, әлеуметтік саясатты қаржыландыру жүзеге асырылады.
Бюджетке ақша қаражаттарын жинақтай отырып, мемлекет өзінің алдындағы
әртүрлі саяси, әлеуметтік, мәдени бағдарламаларын жүзеге асырып,
экономикалық, тұрғын үй, құрылыс, денсаулық сақтауды қамтамасыз ету, білім
беру, еңбекпен қамтамасыз ету, т.б. сұрақтарын шешеді.
Бюджет мемлекеттің және мемлекеттегі барлық мемлекттік органдардың
өмір сүруінің қаржылық базасын құрайды. Мемлекеттік аппарат, құқық қорғау
органдары, атқару органдары, мемлекеттік мекемелер, бюджет есебінен
қаржыландыратын ұйымдар сәйкес бюджет есебінен өмір сүреді. Бюджетке
жинақталған қаржылар мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізу
үшін, қорғанысты, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
пайдаланылады. Бюджет мемлекеттің қолындағы мықты басқарушы механизм болып
табылады. Ол мемлекеттің қаржылық саясатын жүргізудегі жолсапаршысы.
Экономикадағы кризистік жағдайлар және қаржылық жүйедегі ауытқушылық бюджет
алдындағы тұрған міндеттердің толық көлемде орындалуына кедергі жасайды.
Сондықтан, мемлекет бюджеттегі келеңсіз оқиға – бюджет тапшылығының болуына
жол бермеу шараларын жасап оның зиянды салдарын болдырмадағы мүмкін деген
шараларын жасап отырады.
Мемлекет қоғам бюджеттің кірістерінің неғұрлым көп болғанына мүдделі.
Олар өздерінің болмастарын және функцияларын атқарудың материалдық негізі –
қаржыларға мұқтаж екенін жасырмайды. Ал ол қаржыларды қалыптастыру және
бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті бюджет
мәселесі үнемі өзекті ретінде қала бермек. Сондықтан, өзімнің бітіру
жұмысымды осы мәселеге арнағанды жөн көрдім.
Бүгінде қоғамымызда жан-жақты жүргізіліп жатқан реформалар мемлекеттік
бюджетті реттеу аясында айтарлықтай ықпалын тигізуде.
Бюджет қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы
мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен
айқындалып отыр. Бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу маңызы өте зор
екендігі белгілі. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі
және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі
болып есептелінеді. Қаржылар қоғам және жекелген азаматтардың өмірінен
елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің
экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді.
Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып
табылады және базистің құрамына жатады. Атқарушы билік мемлекеттік
бюджеттің кіріс - шығысын жүзеге асыру қызметін өзі орындап отыр.
Сондықтан нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекеттік реттеуді теңдестіру
қажет. Ал бұл процестер өзінен-өзі жүзеге асырылмайды, олар тек мемлекеттің
тікелей қатысуымен қатынастар оның аясында, мемлекет аумағында өте қатал
экономикалық билікті туындатады. Осы билікті шектеу ісі де мемлекет
құзырында болады; жетіншіден, мемлекет көлік, байланыс, энергетика
салаларының монополист субьектілерінің халыққа қажетті режимді белгілейді,
сондай-ақ ішкі рынок пен ұлттық мүддені сыртқы ықпалдардан қорғаудың кепілі
болып табылады. Мемлекеттік ретеу әкімшілік заңдардаң негізінде жүзеге
асырылатыны белгілі.
Бұл жерде айта кететін бір жайт, бюджетті мемлекеттік реттеу ілімі, осы
жайындағы әкімшілік-құқықтық ғылым айтарлықтай жетістіктерге жеткенімен,
көптеген мәселелер оның ішінде қаржылар саласындағы бюджетті мемлекеттік
реттеу жеткілікті деңгейдегі өз шешімін тапқан жоқ.
Қазіргі кезеңде осыған байланысты сонымен бірге өтпелі кезең, мемлекет,
ғылым талаптарына сай болатындай аса ұтымды мемлекеттік реттеу жолдарын
қалыптастыру мәселелері мына шараларды қажет етіп отыр: бюджет саласындағы
реттеуді, экономика аясындағы түрлендірулерді және меншік нысандарының
теңдігін ескеріп, сондай-ақ меншік құқығымен өзара байланыстырып талдау;
есептеу және ұйымдастыру техникасының, қаржы жүйесін тиімді реттеуге
мүмкіндік беретін экономикалық және әкімшілік әдістердің жиынтығын, яғни
қаржыларды реттеудің автоматтандырылған жүйесін жетілдіру; нарықтық
экономика аясында жүзеге асырылып жатқан бюджеттік қызметтің мемлекеттің
қаржылық қызметтің бір түрі екенін және оның құқықтық негіздері әкімшілік
және қаржылық заңдар болып табылатынын теориялық тұрғыдан негіздеу;
мемлекеттік реттеу және атқарушы билік органдарының қызметтері нарық
талаптарына сай заңдар негізде, жаңаша бағытта жүзеге асырылатыны жөнінде
теориялық негіздеме бере отырып осы аяға ықпал ететін факторларды зерттеп,
талдау, бюджет саласындағы мемлекеттік реттеу, бюджеттік қызметті жүзеге
асыру процестерінің ерекшеліктерін, айрықшылықтарын зерделеп зерттеу және
мемлекеттік реттеудің мемлекеттік басқару функциясы ретінде жүзеге асырылу
маңызы мен мәнін және механизмін жалпы мемлекеттік бюджеттік реттеуді
атқарушы органдар жүйесімен байланыстырып, ұйымдастырып көрсету;
мемлекеттің бюджет және салық жүйесіне, олардың нарықтық қатынастар
жағдайындағы құқықтық режиміне назар аудару және олардың экономикалық
табиғаты мен құқықтық маңызын қарастырып зерттеу арқылы жетілдіру жөнінде
ұсыныстар енгізу; Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан -2030”
стратегиялық бағдарламасында айқындалған мемлекеттік реттеуші атқарушы
билік жүйесін орталық жергілікті атқарушы билік органдарын қайта құру
жөніндегі қағидаттар мен ережелерді және осыған байланысты мемлекеттің
қаржылық фискальдық саясатының жетілдірілуін көздейтін жолдарды басшылыққа
ала отырып, құқықтық тұрғыдан негіздеу.
Президентіміздің Қазақстан экономикалық, элеуметтік және саяси жедел
жаңару жолында атты Қазақстан халқына атты Жолдауында 2005 жылы 1 –
шілдеден бастап, ең төменгі зейнетақының мөлшері 9200 және ең төменгі
жалақы мөлшері 9200 тенге болатынын баяндады. Бұл дегеніміз ТМД
мемлекеттерінің ішіндегі Қазақстан Республикасының қаржылық жағдайының
жақсы екенін көрсетеді.

І-Тарау. Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі және мемлекеттің
бюджеттік қызметі.
1.1.Қазақстан Республикасы бюджет
жүйесінің принциптері
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мынадай принциптерге
негізделеді:
бірыңғайлық принципі – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс
істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай
бюджет сыныптамасын және бюджет процесінің бірыңғай рәсімдерін пайдалану;
толымдылық принципі – бюджетте және Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық түсімдер
мен шығыстардың көрсетілуі, бюджет қаражаты бойынша талап құқықтарының
басқаға берілуі сияқты, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды
есепке жатқызуға жол бермеу;
реалистік принципі – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет
көрсеткіштерінің әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік
параметрлердің, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары
болжамдарының бекітілген (түзетілген) параметрлеріне, бағыттарына сәйкес
келуі;
транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де
құпия болып табылатын мәліметтерді, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат
құралдары үшін бюджет процесінің міндетті ашықтығын қоспағанда, Қазақстан
Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджетті және олардың
атқарылуы туралы есептерді, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске
асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру туралы және пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде
жариялау;
дәйектілік принципі – мемлекеттік органдардың бюджеттік қатынастар
саласында бұрын қабылданған шешімдерді сақтауы;
нәтижелілік принципі – мемлекеттік органдардың стратегиялық
жоспарларында көзделген тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге
бағдарланған бюджеттерді әзірлеу және атқару;
бюджеттердің дербестік принципі – түрлі деңгейдегі бюджеттер арасында
түсімдердің тұрақты бөлінуін белгілеу және Бюджет Кодексіне сәйкес олардың
жұмсалу бағыттарын айқындау, Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік басқарудың
барлық деңгейлерінің бюджет процесін дербес жүзеге асыру құқығы, жергілікті
бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді және жергілікті
бюджеттер қаражатының қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол
берілмеуі, төменгі бюджеттерге оларды тиісті өтеусіз, қосымша шығыстар
жүктеуге жол берілмеуі;
сабақтастық принципі – өткен кезеңде бекітілген әлеуметтік-экономикалық
даму және бюджеттік параметрлер, базалық шығыстар болжамдарына, бюджеттік
мониторинг қорытындыларына, нәтижелерді бағалауға негізделген республикалық
және жергілікті бюджеттерді жоспарлау;
негізділік принципі – бюджет жобасына қандай да болсын түсімдерді немесе
шығыстарды енгізу қажеттігін және олардың көлемдерінің негізділігін
айқындайтын нормативтік құқықтық актілер және басқа да құжаттар негізінде
бюджетті жоспарлау;
уақтылылық принципі – республикалық және жергілікті бюджеттерге,
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаның бақылау шотына
түсімдерді есептеу және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі
Үкімет шотына аудару, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке
жоспарларына сәйкес мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауы,
төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес төлемдер жасау
және тиісті нормативтік құқықтық актілерде белгіленген тәртіпті сақтай
отырып, мерзімінде бюджет қаражатын алушылар шоттарына аудару;
кассаның бірыңғайлық принципі – бюджетке барлық түсімдерді бірыңғай
қазынашылық шотқа есептеу және бірыңғай қазынашылық шоттан барлық көзделген
шығыстарды ұлттық валютамен жүзеге асыру;
тиімділік принципі – бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдаланып,
ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып,
бюджеттерді әзірлеу және атқару немесе бюджет қаражатының аз көлемін
пайдаланып, тікелей нәтижеге қол жеткізу;
жауапкершілік принципі – тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол
жеткізуге және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер
басшыларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін
шешімдер қабылдағаны үшін жауапкершілігін қамтамасыз етуге бағытталған
қажетті әкімшілік және басқару шешімдерінің қабылдануы;
бюджет қаражатының атаулылық және нысаналы сипаты принципі – бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай
отырып, бюджет қаражатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен
көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағыттауы және
пайдалануы.[1]
Нарықтық қатынастардың дамуы жағдайындағы мемлекеттің бюджеттік
жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалып белгіленген
және бекітілген қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым мүдделерді
қаржыландыратын және мемлекеттің қаржы саясатын іске асыру аясында қаржылық
құқықтық қатынастарды бюджеттік реттейтін, сондай-ақ бюджеттік құқықтық
қатынастар субъектілеріне республикалық және жергілікті бюджеттер алдындағы
міндеттемелерін тиісінше орындауларын қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік-
экономикалық, мәдени, саяси-әкімшілік аяларының өзекті проблемаларын
басымды бағыттары бойынша нақтылы шешетін экономикалық әрі құқықтық тетік
болып табылады.
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің орталық буыны ретінде
көрініс табатын бюджеттік жүйенің материалдық негізін құрайтын мемлекеттік
бюджет (республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің жиынтығы)
Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің мәңгілік атрибуты және оның
егемендігінің экономикалық-қаржылық негізі болып саналады.
Бюджеттік жүйе арқылы жалпы ұлттық өнімнің Қазақстан
Республикасының қаржылық заңнамалық актілерінде көзделген тиісті бөлігі
қайта бөлінеді.
Бюджеттік жүйеде әр деңгейдегі және әр түрлі бюджеттер, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қоры, республикалық және жергілікті бюджеттерді
жоспарлау процесі, бюджеттік қатынастарды реттеу аясындағы уәкілетті
мемлекеттік органдардың құзыреті, мемлекеттік бюджеттік (қаржылық) бақылау
нысандары мен стандарттары және т.б. орын алады.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі әрқайсысы дербес
бюджеттік-экономикалық институт болып табылатын және тиісті қаржылық
құқықтық нормалармен негізделген, сондай-ақ өздеріне сай материалдық-
заттай қорлар арқылы көрініс табатын мемлекеттік бюджеттік (қаржылық)
экономикалық қатынастардың жиынтығын білдіреді.
Бюджеттік жүйенің барлық элементтері қосылып бюджет механизімін
құрайды. Бюджет механизімінің осындай негізгі элементтеріне: бюджеттік
жүйенің тиімді жұмыс істеуіне қажетті ақпараттық және нормативтік құқықтық
база құру; бюджеттерді тиісті құзыретті (өкілді) органдар деңгейінде қарап,
бекіту; бюджеттік болжамдау және жоспарлау; бекітілген бюджеттерге
өзгерістер, тудетулер енгізу; бюджеттердің атқарылуы жөніндегі
есептемелерді әзірлеу; бюджеттердің атқарылуы на экономикалық
құқықтықталдау жасау; бюджеттік ресурстарды тікелей мемлекеттік басқару
және мемлекет шығындарын дер кезінде қаржыландыру жатады.
Қазақстан Республкасының бюджеттік жүйесі бюджеттерді және
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, сондай-ақ бюджеттік процестер мен
қатынастардың жиынтығынан тұрады.
Қазақстан Республикасы бюджеттік жүйесінің тиісті деңгейлерінде:
- республикалық бюджет;
- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті;
- аудан (облыстық маңызы бар қала ) бюджеті тәрізді дербес бюджеттер
жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде
белгіленген жағдайлардың орын алуына орай Қазақстан Республикасындатөтенше
мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарлуы ықтимал.
Бюджеттік жүйенің жоғарғы деңгеінде орналасқан республикалық
бюджет Қазақстан Республикасының бюджет кодексіне нақтылы айқындалған
салықтық және басқа да түсімдер есебінен құрылатын, орталық мемлекеттік
органдар мен оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің
міндеттерін және функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге әрі мемлекеттік
саясаттың жалпы республикалық басымды бағыттарын іске асыруға арналған,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық заңымен бекітілген
орталықтандырылған негізгі ақша қоры-Қазақстан Республикасының орталық
бюджеті ретінде ерекшеленеді.
Бюджеттік жүйенің орта деңгейіндегі облыстық бюджет, республикалық
маңызы бар қала, астана бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде
айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын,
облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық
маңызы бар қаланың, астананың және оларға ведомствалық бағынышты
мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен функцияларын қаржыландыруға,
сондай-ақ мемлекеттік саясатты тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте іске
асыруға арналған және облыс, республикалық маңызы бар қала, астана
маслихатының нормативтік құқықтық шешімімен бекітілетін орталықтандырылған
негізгі ақша қоры болып табылады.
Ал бюджеттік жүйенің төменгі деңгейіндегі аудан (облыстық маңызы
бар қала) бюджетіне Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде айқындалған
салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын, ауданның
(облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының және
оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелерді міндеттерімен
функцияларын қаржы мен қамтамасыз етуге, сондай-ақ тиісті аудандағы
(облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған
және аудан (облыстық маңызы барқала) маслихатының нормативтік құқықтық
шешімімен бекітілетін орталықтандырылған негізгі ақша қоры жатады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 4-бабына сәйкес бюджеттік
жүйеден орын алған Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры Қазақстан
Республикасының Үкіметінің Қазақстан ұлттық Банкідегі шотында
шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық активі түріндегі, сондай-ақ, өзге
де мүлік түріндегі активтері ретінде көрініс табады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты
әлеуметтік-экономикалық дамуын әрі қаржылық активтердің және өзге де
(материалдық емес активтерді қоспағанда) мүліктердің қорлануын қамтамасыз
ету, сондай-ақ экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және сыртқы
факторлардың қолайсыз ықпалын төмендету мақсатында қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру
функцияларын жүзеге асырады. Осы орайда, оның жинақтау функциясы
мемлекеттік қаржылық активтердің және өзге де мүліктердің қорлануын
қамтамасыз етуге, ал тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына қатысты
әлемдік бағаның конъюктурасына байланысты республикалық бюджеттің
тәуелділігін төмендетуге арналған басымдықтарды нысаналайды.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану мән-жайы дүниежүзілік,
сондай-ақ ішкі тауарлық және қаржылық рыноктардың конъюктурасы,
мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалық жағдайлар, республикалық
әлеуметтік- экономикалық дамуының жай-күйі мен ерекшеліктері ескеріле
(макроэкономикалық және фискальды тұрақтылық пен Қазақстан Республикасы
Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала) отырып
айқындалады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімі, қалыптастырылуы,
сондай-ақ жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталар арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қазақстан
Республикасының Үкіметі арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы
шарттың негізінде Қазақстан Ұлттық Банкі басқарады.
Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайларда немесе соғыс
жағдайларында енгізілетін төтенше мемлекеттік бюджет республикалық
жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады. Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және
оның күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы төтенше
мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның күшін жою туралы Қазақстан
Респуликасы Президентінің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге
және қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.
Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасының Экономика
және бюджеттік жоспарлау министірлігінің құзырындағы бюджеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді, сондай-ақ аталған осы бюджет
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі әрі оның
қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар
етіледі.
Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген
мерзім ішінде Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесінде қолданыста
болады. Аталған бюджеттің жұмыс істеу кезеңінде тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңның және маслихаттардың тиісті
қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер туралы
нормативтік құқықтық шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады.
Төтенше мемлекеттік бюджеттің жұмыс істуі тоқтатылған кезден
бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және маслихаттардың
тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердегі жергілікті бюджеттер
туралы нормативтік-құқықтық шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік жүйенің өзіне тән өзекті мәселелері мен проблемаларын
жан-жақты саралау кезінде оның құрамында: мемлекеттің салық жүйесінің
республикалық және жергілікті бюджеттердің салықтық кірісін қалыптастыру
процесіндегі рөлі; салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді және салықтық
емес өзге де кірістерді бюджеттер арасында бөлу тәртібі әрі негізі;
бюджеттердің шығыстарын әр бөлек және әр деңгейдегі бюджеттер арасында бөлу
тәртібі; республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке берілетін реттеуші
кірістерді беру қағидаттары; республикалық бюджеттен трансферттер мен
субвенциялар және кредиттер беру қағидаттары; ел экономикасындағы және
әрбір әкімшілік- аумақтық бірліктер ауқымындағы макроэкономикалық ахуалдар;
бюджеттік жүйедегі бюджеттердің деңгейлері бойынша түсімдерді дұрыс аудару
процестеріне бақылау жүргізу тәсілдері; бюджеттің атқарлуына және бюджет
қаражаттарының дұрыс жұмсалуына мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу;
бюджеттік инвестициялық жобалардың рөлі және бюджеттік инвестициялаудың
ұйымдастырылу нысандары; бюджеттік инвестициялық шығыстарды бюджеттер
арасында бөлу; инвестициялық кредиттер мен бюджеттік инвестициялардың мән-
жайы және оларды ұштастыру (байланыстыру) әдістері; әлеуметтік шығыстарды
бюджеттер (деңгейлері) арасында бөлу; бюджетті күрделі қаржыландырудың
тиімділігін арттыру; денсаулық сақтау ісін қаржыландыру әдістері;
конверсиялық бағдарламаларды қаржыландыру әдістері; білімді және ғылымды
қаржыландыру әдістері тәрізді негізгі элементтердің орын алатынын байқап,
айқындауға болады.
Бюджеттік жүйеде мына:
1. республикалық бюджеттің тұрақты кірістерін (түсімдерін) бекітіп,
белгілеу;
2. жергілікті бюджеттің тұрақты кірістерін (түсімдерін) бекітіп, белгілеу;
3. жергілікті бюджеттердің (бұл ретте жыл сайын қарастырылатын,
республикалық бюджетке тұрақты бекітілген кірістердің белгілі бір сомадағы
мөлшерін немесе процентін тиісті жергілікті бюджетке заң негізінде беру)
реттеуші кірістерін белгілеу;
4. бюджетаралық қаржыландыру (тек кезекті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңның негізінде республикалық бюджеттен
жергілікті бюджеттерге трансферттер және субвенциялар түрінде берілетін
қаражаттар);
5. бюджетаралық кредиттеу (бір бюджеттен екінші бюджеткеуақытша
пайдалануға (кейде ақылыболуы мүмкін) берілетін қаражаттар);
6. белгілі бір шығыстарды бюджеттік жүйенің бюджеттер арасында бөлу;
7. бюджеттік кредиттеу және бюджеттік инвестициялау;
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан тиісті заңда нақтылы көзделген
жағдайлардың туындауына байланысты республикалық немесе жергілікті
бюджеттерге трансферттер беру сияқты әдістер пайдаланылады.
Қазақыстан Республикасының қаржы жүйесі мемлекеттік қаржылар аясы
ретінде, негізінен алғанда мемлекеттік (бұл орайда араларындағы өзара
өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті
біріктіретін және тұтасымен бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет) бюджеттен
тұрады.
Мемлекеттік бюджет Қазақстан Республикасымен оның тиісті әкімшілік-
аумақтық бірліктерінің орталықтандырылған ақша (қаражаттары) қорларын
қалыптастыру, бөлу (қайта бөлу) және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі
экономикалық бюджеттік қатынастарды көрсетеді.
Осы орайда мемлекеттік бюджет: материалдық мағынасында мемлекет
ауқымында орталықтандырылған Қазақстан Республикасының ақшалай қоры,
сондай-ақ оның әкімшілік-аумақтық құрылыстары деңгейінде
орталықтандырылған жергілікті негізгі ақшалай қорлар; экономикалық
мағынасында жалпы мемлекеттік және жергілікті маңызы бар міндеттер мен
функцияларды жүзеге асыруға қажетті, мемлекеттік, сондай-ақ жергілікті
деңгейлерде орталықтандырылатын ақшалай қорларды қалыптастыру бөлу және
пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын экономикалық қатынастардың
жиынтығы; ұйымдастырылу мағынасында Қазақстан Республикасының және оның
әкімшілік-аумақтық бірліктерінің негізгі қаржылық жоспарлары, б.а.
мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық құрылыстарының кіріс және шығыс
баланстары; құқықтық мағынасында әр қаржы жыл сайын республикалық бюджет
туралы қабылданатын Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық заңы және
жергілікті өкілді органдар маслихаттардың әр қаржы жылы сайын жергілікті
бюджеттер туралы шығаратын негізгі нормативтік қаржылық құқықтық шешімдері
ретінде көрініс табады.
Мемлекеттік бюджетте (республикалық және жергілікті бюджеттер
саласында) Қазақстан Республикасының біртұтас өзі жүзеге асыратын қаржылық
орталықтандырылу принципі шынайы әрі айқын көрініс табатынын байқауға
болады. Қаржылық орталықтандырудың арқасында мемлекеттің экономикалық және
әлеуметтік саясатын тиісінше іске асыруға қажетті қаржы қаражаттар
экономикалық және әлеуметтік даму аяларында шоғырландырылады.
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік әкімшілік жүргізудің,
(әкімшілендірудің) оның ішінде жергілікті мемлекеттік басқарудың қаржылық
негізін қалыптастырады.
Мемлекеттік (орталық ) бюджет (бұл ретте республикалық бюджет) өз
қарамағына жұмылдырылған ұлттық табысты заңда көзделген нақтылы бөлігін
экономика секторлары, аумақтар ауқымы және шаруашылық жүргізу аялары
арасында қоғамдық-мемлекетік мүдделер мен қажеттіліктерге, сондай-ақ
мемлекеттің қаржы саясатынасәйкес қайта бөлуге ат салысады. Демек,
республикалық бюджет ақшалай нысандағы құнды бөлудің айрықша аясы ретінде
жалпы мемлекеттік мүдделер мен мұқтаждықтарды қаржы-қаражаттармен
қамтамасыз ету қызметін атқарады.
Осы орайда, орталық мемлекеттік (республикалық) бюджет өзіне тән
мынадай белгілермен сипатталады: ол мемлекет қарамағына ұлттық табыс,
жалпы ішкі өнім әрі қоғамдық өнім құнның заңнамалық актілерде көзделген
бөлігін шоғырландыруға және оны жалпы мемлекеттік мүдде мен мұқтаждықтарды
қанағаттандыру мақсатында пайдалануға байланысты туындайтын бөлу
қатынастарының айрықша экономикалық нысаны болып табылады; ол тауар
нысанындағы қоғамдық өнімнің тікелей қозғалысына байланысты емес ақша
нысанындағы құнды бөлу сатысын білдіреді, б.а. тауар нысанындағы құнның
қарсы қозғалысына жолықпаған ақша нысанындағы құнның біржақты қозғалысын
көрсетеді; ол құнды экономика секторлары, әкімшілік аумақтар және
шаруашылық жүргізу салалары арасында қайта бөлу құралы (тетігін) болып
саналады; ол қоғамдық өнім құнын бюджет арқылы бөлудің нысаны мен
пропорциясын біртұтас алғанда ұлғаймалы ұдайы өндіріс қажеттілігімен және
дамудың әрбір тарихи кезеңдегі қоғамдық міндеттемелерімен айқындайды; ол
қаржы жүйесіндегі басқа мемлекеттік қаржылармен салыстырғанда басты әрі
маңызды рөл атқарады, б.а. бюджеттік бөлу саласы ретіндегі ерекшелігімен
танылады.
Сонымен, республикалық бюджет әрқашан да ақшалай нысандағы
өндірістік қатынастарды көрсетеді және оның өзіне тән материалдық
заттай институты, б.а. ақша қаражаттары ресурстары болады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер айрықша экономикалық
нысандардың негізінде, яғни бюджеттің кірісі (салықтық және салықтық емес
түсімдерді, өзге де түсімдерді бюджетке тартып, жұмылдыру арқылы
мемлекетті жоспарланған көлемде ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді) мен
шығысы (бюджеттердің кірісі ретінде қалыптастырылған орталықтандырылған
ақша ресурстарын жалпы мемлекеттік мүдделер мен қажеттіліктерге сәйкес
бөледі) арқылы атқарылады.
Осындай экономикалық айрықша нысандар ақшалай нысандарға құнды
бөлудің сатысын білдіретін республикалық бюджеттің жұмыс істеуін
көрсетеді.
Мемлекеттің өзіне тән Конституциялық міндеттері мен функцияларын
қаржыландыру, мемлекет болмысының материалдық негізін нығайту және
экономикалық қажыр-қайратын (әлеуетін) атқару жолында жүзеге асырылатын
қаржылық қызмет уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құзыреті мен
қаржы-қаражат аяларына орай әр түрге бөлінеді. Қаржылық қызмет барысында
қаржылық заңнама негізінде туындайтын, сондай-ақ мемлекеттің қаржы
жүйесінің экономикалық базисі болып табылатын мемлекеттік қаржылық
қатынастардың тиісті материалдық ақша қорларына айналуы бюджеттік
қызметінің нәтижесі әрі жеміс ретінде көрініс табады.
Бюджеттік қызмет мемлекеттік қаржылардың негізін құрайтын
республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және бөлу
процестерінде ұтымды әрі тиімді пайдаланылатын экономикалық және құқықтық
құрал болып саналады.
Бюджеттік қызмет аясы бюджеттік құқық аясымен сайма-сай
келетіндіктен оның түрлері мен негізгі бағыттары, сондай-ақ оны жүзеге
асыру барысында туындайтын материалдық және ұйымдастырушы бюджеттік
қатынастар өз құқықтық нысандарымен ерекшеленеді.
Мемлекеттің бюджеттік қызметінің негізгі бағыттарына:
- мемлекеттің бюджеттік жүйесінің негізін құру;
- бюджеттік жүйесінің құрылымдық элменттерінің өзара байланыстары мен іс-
әрекеттерін ұйымдастыру және оның тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің тұрақты түсім көздері тиісті
салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, сондай-ақ салыққа жатпайтын
басқа да кірістерді белгілеу;
- республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына (кірісінің
құрылуына және шығысының жұмсалуына) және осы процесстердің заңға сәйкес
әрі тиімді болуына бақылау жүргізу;
- республикалық бюджеттің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды
көрсеткіштерін және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік
жоспарын қалыптастыру;
- мемлекеттің және оның әкімшілік-аумақтық құрылыстарының ішкі алу
нысандары мен түрлерінің, республикалық және жергілікті бюджеттердің
бюджеттік қапшылықтарын қаржыландыру бойынша қарыздардың жалпы көлемінің
тізімін белгілеу;
- бюджеттік ресурстардың өте басымды бағыттарға бөлінуін қадағалау және
оларды тиімді әрі мақсатқа сай жұмсалуын қамтамасыз ету;
- бюджеттік реттеуді жүзеге асыру, оның нәтижесінде әр бір бюджетті және
біртұтас алғанда бюджеттік жүйені теңдестіру, сондай-ақ бюджеттік жүйенің
тұрақты әрі тиісінше жұмыс істеуіне жағдай жасау;
- бюджеттік заңнаманың бұзылғаны үшін тиісті заңи жауапкершілік түрлерін
белгілеу және оларды кінәлі тұлғаларға қатысты қолдану;
- түсімдер (кірістер) мен шығыстарды (шығындарды) бюджеттік жүйенің
барлық деңгейлері арасында бөлу;
- мемлекеттік бюджеттік жүйенің тұрақты әрі тиімді жұмыс істеуінің
құқықтық негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін
одан әрі жетілдіру жатады.
Мемлекеттің бюджеттік-фискалдыққызметін жүзеге асыратын әкілетті
мемлекеттік органдар:
• -Қазақстан Республикасының Парламенті;
• -Қазақстан республикасының Үкіметі;
• -Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі;
• -Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау
министірлігі;
• -Қазақстан республикасының Есеп комитеті;
• -Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Қазынашылығы;
• -Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің қаржылық
бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті;
- Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Салық
комитеті;
• -Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігінің Кедендік
бақылау комитеті;
• -Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
• -Қазақстан Республикасының Даму Банкі;
• -Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктерінің Мәслихаттары;
• -Қазақстан Республикасының тиісті әкімшілік-аумақтық
бірліктерінің Әкімдіктері;
-Республикалық бюджеттік комиссия болып табылады.
Бюджеттік қызметті жүзеге асыру барысында аталған уәкілетті
мемлекеттік органдар мынандай: бюджеттік қызметті қоғам мен мемлекеттің
мұқтаждығын, қажеттіліктерін және материалдық мүдделерін есепке ала отырып
жүзеге асыру; бюджеттерді қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру
процесінің қоғамның өкілді органы Қазақстан Республикасының Парламентінің,
сондай-ақ әкімшілік-аумақтық құрылыстар Мәслихаттарының толық бақылауында
болуы; республикалық бюджетті атқару процесінің ғылыми негізделуі және
заңдық сипатта болуы; бюджеттік қаражаттарды қалыптастыру және
жұмсаупроцестерінің тұрақты, жоспарлы, жариялы және айқын (мөлдір) болуы;
мемлекеттік басқару әрі әр түрлі әкімшілендіру міндеттері орындауға
бағытталған, тұрақты сипаты бар іс шаралардың бюджеттік қаражат негізінде
жүзеге асырылуы; мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және институционалдық
дамуына бағытталған іс-шараладың жоспарлы әрі тұрақты болуы; республикалық
бюджет шығысының жалпылай немесе жиынтықталған түрде жабылуы сияқты
принциптерге сүйенеді және оларды басшылыққа алады.
Мемлекеттің бюджеттік қызметінің тиісті құқықтық нысандарға
негізделетін баршама мәлім. Мемлекет пен оның жергілікті мемлекеттік
басқару органдары өз бюджеттерін қалыптастыру, бөлу және пайдалануды
ұйымдастыру жөніндегі қызметін белгілі бір нормативтік қаржылық құқықтық
актілерді қабылдау арқылы, сондай-ақ солардың негізінде жүзеге
асырадыМемлекеттік бюджеттің қаржыларының қоғам және жекелеген азаматтардың
өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде
атқартын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. Бюджеттік қаржылар мемлекеттің
өсіп дамуының материалдық негізгі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері
мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып
есептеледі. Бюджеттік құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп
дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті
қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе
қаражат деп түсінетін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функция
білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және
т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал бюджеттік қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген
функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру
болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну
процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың
пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал
мемлекеттік бюджеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып,
тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша
қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша
қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең
мағынада болатынын байқаймыз.
Өркениетті, нарықтық мемлекеттердің өзінде де мемлекеттік қаржыларға
айрықша көңіл бөлінеді. Себебі, осы дамыған елдердің бюджет жүйесі арқылы
ұлттық табысты қайта бөлу көрсеткіші елу проценттен асып отыр. Осыған
байланысты, олардың мемлекеттік бюджеттерінің көлемі де күрт өсіп отырады.
Сонымен, бюджеттік қаржылардың көпқырлы ұғым екенін байқадық.
Сондықтан, оның мәнін ашып көрсету мақсатында оны бірыңғай термин ретінде
қарастырсақ онда негізгі үш қырынан көрініс табатынын көреміз. [2]
Біріншіден, бюджеттік қаржылар деп өндіріс және тұтынуда экономикалық
ресурстардың бір түрі ретінде пайдаланылатын ақшаларды және ақша
қаражаттарын айтуға болады. Осы өндіріс пен тұтынудың ақшалай нысанындағы
ресурстары, жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық ресурстар болып есептелінеді.
Олар мемлекетте немесе шаруашылық субьектілерінің қарамғында әртүрлі ақша
түріндегі табыстардың, аударымдар мен түсімдердің есебінен қалыптастырылып,
қоғамның әлеуметтік және басқа да мұқтаждықтарын қанағаттандыруға,
жұмыскерлерді материалдық жағынан ынталандыруға, өндірісті ұлғайтып,
жетілдіруге пайдаланылады.
Екіншіден, бюджеттік қаржылар ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде
қаржыландыру терминімен байланысты болады. Сондықтан болар, бұл жерде қаржы
термині мемлекетті, кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді, аумақтарды, әлеуметтік-
экономикалық т.б. бағдарламаларды қаржылық ресурстармен қамтамасыз етудің
қайнар көзін, көлемін, түрлерін және тәсілін білдіреді.
Үшіншіден, арнайы және дербес экономикалық категория ретінде бюджеттік
қаржылар бөлу қатынастарын көрсетеді. Нақты бағыттарға арналып ақша бөлу
түрінде жүзеге асырылатын қаржыландырудың өзі бөлу болып табылады.
Бюджеттік қаржылардың арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлімдерінде
және шарушылықтың әрбір деңгейінде қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлу
процестері жүзеге асырылады. Жасалған ұлттық табыстың құнын бөлу ақшалай
табысты мемлекеттік деңгейде, кәсіпорындар мен кәсіпкерлік қызмет
деңгейінде бөліктерге бөлу арқылы жүргізіледі және осы жағдайларда
туындайтын көптеген қатынастар бюджеттік қатынастар деп аталады. Сонымен
қаржылардың ақшалармен өте тығыз байланыста болатынан және ақшалардың
қаржылар болмысының міндетті көрінісі ретінде сипатталатынын білдік.
Ақшалардың тауар айырбасында, өзіндік айналымда болуы, қолдан-қолға өтуі
ақшалай қатынастар түрінде айрықша нысандағы процестермен көрсетіледі.
Осы айрықша нысандағы экономикалық қатынастар қаржылар болып саналады.
Сонымен, қорыта келіп айтсақ, экономикалық категория ретіндегі бюджеттік
қаржылардың өте маңызды белгілері бюджеттік қатынастардың бөлу сипатында
болуы, ақша нысаннындағы құнның тек біржақты қозғалысын білдіруі. Өйткені
шаруашылық субьектілерінің ақшалай табыстары мен экономикалық өнімді жасау
және оны өткізу нәтижесінде құралады. Сонымен бірге, қаржылар сол өндіріс
аясының өзіне қызмет көрсетеді, яғни өндірістің ұлғайтуына, дамуына және
құрылымдық өзгертулеріне жағдай жасайды. Бюджеттік қаржылардың арқасында
мемлекеттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға, әртүрлі меншік нысанына
негізделген шаруашылықты дамытуға, аумақтар арасындағы экономикалық
байланыстарды жүзеге асыруға қажетті ақша қаражаттарын мемлекет қарамағына
жұмылыдрады. Бюджеттік қаржылардың негізінде, олардың көмегімен шаруашылық
қызметтерді нәтижелерін тексеру және бақылау жүзеге асырылады.
Енді осы бюджеттік қаржылар жөнінде оқымысты ғалымдардың көзқарастарына
көз жүгіре отырып, салыстырып көрейік. Қаржылық құқық саласының көрнекті
ғалымы Худяков А.И. “қаржы” термині латынның “финанс”, яғни қандай да істің
бітуі, ақыры немесе төлемінің жалақының төлену мерзімі деген сөзінен
туындаған дейді. Орта ғасырлық латын тілінде finatio, financio деген сөздер
міндетті ақшалай төлем деген мағынада айтылған болатын. Он сегізінші
ғасырда француздар financе, яғни финанс деп мемлекеттің кіріс және шығысын,
мемлекет мүліктерінің жиынтығын немесе мемлекеттік шарушылықты айтатын
болған.Қазіргі кезде “финанс” – қаржы терминінің мағынасы ақшалармен тығыз
байланысқан. Соныдықтан болар, көптеген жағдайларда азаматтар қаржыларды
қолда бар немесе құжат жүзіндегі ақшалар деп түсінеді. Ал экономистер
азаматтардың қаржылары, мемлекеттің қаржылары, заңды тұлғалардың қаржылары
деп бөледі. Кейбіреулер тар мағынада қаржылар тек мемлекет пен заңды
тұлғалардың ақша қаражаттарын қамтиды деп түсіндіреді.
Осы терминнің тағы бір сирек айтылатын мағынасы “мемлекеттік ақшалар”
түсінігімен сәйкес келеді.
А.И. Худяковтың айтуынша қаржы термині қандай да болмасын мағынада
түсіндірілсе де, ең дұрысы мемлекет қарамағында ақша қаражаттары деген
тұжырым.
Егер арнайы мағынада қаржыларды-мемлекеттік бюджеттік қаржылар десек,
яғни белгілі бір қорларға бөлінетін, мақсатты бағыты болатынын, пайдаланылу
тәртібі белгіленетін және оларды қалыптастырып, бөлетін органдардың бар
екенін байқаймыз деп жалғастырады, өз ойын А.И. Худяков. Осы қорларға
жиыстырылған ақша қаражаттары әрдайым мемлекеттік меншік нысанында болады.
Сондықтан, материалдық мағынада қаржылар деп, мемлекет меншік ақша
қаражаттарының жиынтығын айтамыз. [3]
Бюджеттік қаржылар экономикалық категроия ретінде де айқындалады.
Экономикалық мағынада бюджеттік қаржылар деп, мемлекеттің ақша қорларын
қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қатынастардың
жиынтығын айтамыз. Дәлірек айтсақ, экономикалық қатынастардың жүйесі болып
табылады. Бюджеттік қаржыларға байланысты тағы бір көңілге қонбайтын,
санаға симайтын нәрсе олардың құрамында ақша қорларын пайдалану жөніндегі
қатынастардың енгізілуі.
Бұл жерде былайша түсіндіруге болады: ақшалардың өзіндік тұтынушылық
құны жоқ болғандықтан оларды пайдалану тек айырбастау қатынастарында немесе
экономистер айтқандай, “А - Т”, “Т - А” қатынастарында жүзеге асырылады.
Алайда бұл қатынастар тауар – ақша қатынастары болғандықтан, қатысушы екі
жақтың заң жүзіндегі тең құқықтылығына негізделеді. Ал бюджеттік –
экономикалық қатынастардың бір жағында оның тұрақты субьектісі ретінде
әрдайым мемлекеттік біртұтас өзі мемлекет уәкілдік берген мемлекет өклетті
органы тұрады және осы қатынастар бюджеттік құқықтық нормалармен реттеледі.
Сонымен қатар, бюджеттік – экономикалық қатынастардың бір жағында әрқашанда
билікші субьект тұрғандықтан екі жақтың тең құқықтылығы жөніндегі сөз
қозғалмайды. Ал тауар – ақша қатынастары, яғни сату – сатып алу қатынастары
азаматтық құқық еңбек құқығы және тағы да басқа құқық салаларының
нормаларымен реттеледі. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, мемлекет
қаржыларды пайдаланудан өзін аулақ ұстағанымен олардың жұмсалу процестеріне
ат үсті қарай алмайды. Өйткені бюджеттік қаржылар өзінің ақша қаражаттары
болғандықтан, олардың талан-таражға түспей, заңды негізде, мақсатты
бағытта, ұтымды және тиімді түрде пайдаланылуын ұйымдастырады. Бюджеттік
қаржылар мемлекеттің өсіп-дамуының материалдық негізі болып табылады деп
жоғарыда айтып өткенбіз. Сондықтан бюджеттік қаржылардың атсалысатын басты
бағыт – қажеттілігі мемлекетті және қоғамды ақшалай қамтамасыз ету. [4]
В.И. Белинский бюджеттік қаржыларды экономикалық категория ретінде және
қаржылық ресурстар ретінде қарастыру қажет деген пікір айтады. Осы автор
бюджеттік қаржыларды ақша құжаттары қорларын құру және оларды
орталықтандырылыған, сондай-ақ орталықтандырылмаған негізде бөлу жөнінде
туындайтын экономикалық қатынастар деп түсіндіреді. Бюджеттік қаржылардың
материалдық негізі өндірістік қатынастар болып табылады. Сонымен қатар
бюджеттік қаржылардың туындауының және өмірден орын алуының бірден-бір
шарты тауарлық өндірістің және айналымның өздеріне тән құныдылық
категорияларымен болуы. Кейбір экономистер бюджеттік қаржыларға ақша
қаражаттарын, натуралды ресурстарды, кіріс және қорларын жатқызады. [5]
Бюджеттік қаржылардың құндық экономикалық категория емес екеніне
ешкімнің күмәні жоқ болғандықтан, олардың шынайы нақты обьектісі ақша
қорлары болып табылады.
Ал бюджеттік қаржылардың пайдаланылуы негізіне белгілі бір кезеңдегі,
яғни қазіргі кездегі обьективтік құндылық заңының әрекет ықпалы және
қоғамның тауарлық өндірісінің дамуы жатады. Бұл жерде құн екі нысанда
көрініс табады – тауар және ақша ретінде. Ал ақша айналымы (А-Т-А) ұдайы
өндірістің бір ерекшелігі, яғни үзбей жүргізілетін қоғамдық қызметтің
саласы болып есептеледі. Осы ақша айналымының негізінде екінші рет құн
нысандары туындайды және олардың әрқайсысы айрықша қоғамдық қатынастарды
көрсеткендіктен шаруашылық механизмінің белгілі бір элементтерін құрайды.
Бюджеттік қаржылар осы нысандардың бірі ретінде ақшалай – бюджеттік
қорларды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақшалай қатынастардың жүйесі
болып табылады.
Бұл жерден байқайтынымыз, бюджеттік қаржылардың ақшалай қатынастарға
негізделетіні және күнделікті өмірде, іс жүзінде ақша ресурстары ретінде
көрініс табуы.
Тағы бір айта кететін жәйт, ақшалардың өзі немесе ақша қаражаттары
қаржылар жөніндегі ғылымның обьектісі болып табылмайды. Бюджеттік
қаржылардың құрамындағы ақша қаражаттарының атқаратын функциясы ақшалардан
бөлек болады. Сондықтан, ақшалар және қаржылар өз алдына бөлектенген
экономикалық категориялар болып табылады. Негізінде бюджеттік қаржылардың
өзіне тән функциясы – бөлу және бақылау функциясы бар. Бұл жерде автор
үшінші функция жөнінде, яғни жұмылыдру функциясы туралы сөз қозғамаған. Ал
ақшалар тауар – ақша қатынастары жағдайында бірнеше функция атқарады: құн
өлшемі ретінде; төлем құралы ретінде; айналым құралы ретінде; қазына құрау
құралы ретінде; дүниежүзілік ақша ретінде.
Ақшалар жалпыға бірдей құндылық баламасы ретінде шаруашылық айналымына
қызмет етеді және мемлекет аумағындағы барлық айналымдар мен әрбір
шаруашылық операциясын тексеруге мүмкіндік береді.
Бюджеттік қаржылардың экономикалық категория ретінде ақшалардан
айырмашылығы, олар тек ақша қаражаттары қорларын құру, бөлу және
пайдалануға байланысты ақшалай, яғни экономикалық қатынастардың ерекше
аясын көрсетеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру
Мемлекеттің бюджеттік құрылысы
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі туралы
Жергілікті бюджет түсімдері
Бюджеттік бақылауды құқықтық реттеу
Мемлекеттік бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Қазақстанның бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджет жайлы
Пәндер