Бидай сорттарының физиологиялық және биохимиялық өзгерістеріне құрғақшылықтың тигізетін әсері



КІРІСПЕ 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Әдебиетке шолу
1.1. Құрғақшылық және оған өсімдіктердің төзімділігі 5
1.2. Құрғақшылықтың өсімдіктерге тигізетін әсері 6
1.3. Өсімдіктердің ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділік диагностикасы. 8
1.4 Күздік бидайдың ботаникалық және физиологиялық қасиеттері. 9
2
2.1
2.2 Зерттеу материалдары және әдістері
Зерттеу материалдары
Зерттеу әдістері 14
3 Зерттеу нәтижелері және оларды талдау
3.1 Күздік бидай «Омская» мен «Наз» және жаздық бидай «Жеңіс» сорттарының өніп.өсу белсенділігіне құрамында күкірті бар өсуді реттегіш синтетикалық регуляторлардың (Т.10, Т.10', Т.10") тигізетін әсерін зерттеу. 15
3.2 Бидай сорттарының (Омская, Наз, Жеңіс) құрғақшылыққа төзімділік қасиетіне Т.10, Т.10', Т.10" тигізетін әсерін анықтау. 18
3.3 Құрғақшылық жағдайында бидай (Омская, Наз, Жеңіс) сорттарының жер үсті мүшелерінде пигменттердің синтезделу қарқынына синтетикалық регуляторлардың тигізетін әсерін айқындау. 20
3.4 Құрғақшылық жағдайында бидай (Омская, Наз, Жеңіс) сорттарының жер үсті мүшелерінің клеткалық мембраналардың өткізгіштік қасиетіне синтетикалық регуляторлардың тигізетін анықтау. 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
29
Агроөндірістік кешенді дамыту еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және экспорттық потенциалды (әлеуетті) дамытады. Осыған орай, аграрлық саланың бетпердесін анықтайтын бидай өндірісінің маңызы ерекше.
Қазақстанда тауарлы бидай астығын негізінен жаздық түрде Солтүстік облыстарда өндіреді. Атап айтқанда, 2009 жылы 17,2 млн. га дәнді дақылдар егістігінен өндірілген таза астық 20,8 млн. тонна болса, оның 16,4 млн. тоннасы
Солтүстік Қазақстанның үлесінде, немесе 78,9%, ал бүкіл астықтың 17,05 млн.тонна бидай, немесе дәнді дақылдардың 81,8% (оның ішінде жаздық бидай 16,17 млн. т, яғни 77,6%, күздік бидай – 0,88 млн. тонна немесе жалпы астық түсімінің 4,2%) құрайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда туындап отырған экологиялық жағдайларға байланысты дәнді дақылдардың сыртқы орта факторларына төзімділігін арттыру мәселелері бойынша көптеген ізденіс жұмыстары жүргізілуде. Солардың ішінде бидайдың төзімді сорттарын алу мәселелері жан-жақты қарастырылуда.
Қазақстанда бидай астығы өндірісін арттырудың бір жолы – күздік бидайдың үлесін арттыру болып табылады.
Дұрыс, оңтайлы және ылғал - ресурс үнемдегіш технологияны қолданғанда күздік бидай жаздыққа қарағанда анағұрлым жоғары астық өнімін береді.
Күздік бидай жаздық бидайға қарағанда астық өнімін анағұрлым көп береді; көктемгі-күзгі жауын-шашын ылғалын тиімді пайдаланады, көктемгі, ерте жазғы аңызақтан, құрғақшылықтан аз зардап шегеді; Солтүстік Қазақстан жағдайында 12-20 тәулікке егін ерте піседі де жаздық бидайдан айтарлықтай ерте жинауға мүмкіндік береді; жазғы жауын егін жинауға онша кедергі келтірмейді; егін жинау кезеңіндегі қарбаластықты азайтады, болашақ егінге топырақ дайындауға жеткілікті уақыт қалады; астық бірқартар зиянкестерден аз зиян шегеді, қара шегірткелерден; тот, қара күйе ауруларына шалдықпайды.
Біз өз зерттеу жұмысымызда ғылымда бұрыннан белгілі мәселелерді толықтыру мақсатында физиологиялық және биохимиялық әдістерді қолданып бидай сорттарының (Наз, Жеңіс,Омская) құрғақшылыққа төзімділік қасиеттеріне құрамында өсу регуляторлардың тигізетін әсерін зерттеуді көздедік.
1 Қалекенұлы Ж. Өсімдіктер физиологиясы - Алматы: - Баспа,2004. 1-453 б.
2 Байжанов Ж.Р., Кохметова А.М. Изучение засухоустойчивости и устойчивости к болезням генотипов озимой пшеницы // Мат.2-ой межд. Конф. Молодых ученых и аспирантов, - Актуальные проблемы земледелия и растениеводства, Алмалыбақ, - 2005. – С.17-18.
3 Исмагилов Р. Р. Качество зерна и приемы его повышения // Матер, респуб. научно – практич.конф. – Уфа, - 1997.С. – 97
4 Калимуллина Ф. Р. Влияние непрерывного и прерывистого действия повышенной температуры на ультраструктуру хлоропластов пшеницы // Физиология адаптатции растений к температурным условиям среды. – Новосибирск: Наука, Сиб. Отделение, 1982. – 5-18 с.
5 Кандауров В И., Мовчан В. К. Активность отдельных оргонов пшеницы в период формирования и налива зерна // Сельскохозяйственная биология. 1970. Т.5 с.
6 Каюмов М. К. Обоснование норм высева зерновых культур. – М.: ВНИИТЭНСХ, 1980. – 57 с.
7 Коданев И. М. Повышение качества зерна. – М.: Колос, 1976. – 301 с.
8 Кожушко Н. Н. Водоудерживающая спасобность6 как показатель засухоустойчивости растений // Физиология устойчивости культурных растений. Л.: ВИР, 1976. – 59-68. с.
9 Альтергот В. Ф, Повреждения, адаптация и устойчивость растений к повышенной температуре в естественной среде // Функциональные исследования. Биологические науки. Новосибирск: Наука, 1977. – 11-15 с.
10 Куперман Ф. М. Физиология устойчивости пшеницы // Физиология С.-х. Растений. М.: Изд-во МГУ, 1969. – 401-490 с.
11 Генкель П. А. Физиология жаро – засухоустойчивости растений. М.: Наука, 1997.- 280 с.
12 Ларин А. П. О продуктивности фотосинтеза посевов озимой пшеницы в условиях орошения // Труды Украинской с. – х. Академии, 1970. Вып. 31. – 5-10 с.
13 Лебедев И. Физиология растений. М.: Колос, 1982. – 463 с.
14 Лебедев И. Физиология растений М.: Агропромиздат, 1988. – 543 с.
15 Байжанов Ж.Р. Күздік бидайдыңн генотип-орта өзара қарым-қатынасы мен құрғақшылыққа және ауруларға төзімділігін зерттеу // Жаршы (ҚР АШМ). 2007 № 8, 17-20 бет.
16 Максимов Н. А. Подавление ростовых процессов, как основная причина снижения урожаев при засухе // Успехи современной биологии. 1934. – Т.11,№1, - 134-136 с.
17 Максимов Н. А. Развитие здание о водном режиме и засухоустойчивости растений от Тимерязева до наших дней. М.: Изд-во АН СССР, 1944. -43 с.
18 Шульмейстер К. Г. Борьба с засухой и урожай. – М.: Агропромиздат, 1988.- 15-25 с.
19 Байжанов Ж.Р. Оценка исходного материала озимой пшеницы. Ізденістер-Нәтижелер-Исследования и результаты. КазНАУ 2007 № 2 33-35 с. Казахстана № 1-2, 58-64 с.
20 Кушниренко М. Д. Устьичная регуляцция водообмена растений // Устойчивость растений к засухе и экстремальным температурам. 1977. – 45 -54 с.
21 Гущин И. В. Изучение засухоустойчивости сортов пшениц: Научный отчет Краснокутской гос. Селекц. Станции за 1941-1943 гг. – М.: Сельхозгиз, 1947.
22 Кожушко Н. Н. Изменение активности рибонуклеазы у сортов пшеницы при засухе // Физиология устойчивости растений к неблагоприятным факторам среды. – Л.: ВИР, 1981. – 55-78 с.
23 Кобереницский В. И. Продуктивность обрацсов яровой пшеницы мировой коллекции в условиях различной влагообеспеченности // Научно-технический Бюллетень ВИР. Л., 1989,вып. 191. 78-80 с.
24 Кандауров В. И., Мовчан В. К. Фотосинтетический потннциал и продуктивность сортов яровой пшеницы в сухостепной зоне Севера Казахстана // Сельскохозяйственная биология, 1971, т. 6, № 1. – 16-21 с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі

əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді

__________________ Биотехнология,
биохимия, өсімдіктер физиологиясы
Кафедра меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Т.А. Карпенюк

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОХИМИЯЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІНЕ
ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚТЫҢ ТИГІЗЕТІН ӘСЕРІ

050701 – Биотехнология мамандығы бойынша

Орындаған А.Д. Толумбекова

Ғылыми жетекшісі
б.ғ.к., доцент C.Ш. Асрандина

Норма бақылаушы
б.ғ.к., оқытушы С.Б. Оразова

Алматы 2011
РЕФЕРАТ

Бітіру жұмыс 30 беттен, 24 әдебиеттен, 15 суреттен тұрады.
Негізгі сөздер: бидай, жаздық және күздік бидай, күздік бидай, сорттары
Наз, Жеңіс және Омская, құрғақшылыққа төзімділік, стресс.
Мақсаты: күздік бидай Омская мен Наз және жаздық бидай Жеңіс
сорттарының бидай сорттарының физиологиялық және биохимиялық өзгерістеріне
құрғақшылықтың тигізетін әсерін зерттеу.
Міндеттері:
1. Бидай (Омская, Наз, Жеңіс) сорттарының өніп-өсу белсенділігіне
құрамында күкірті бар өсуді реттегіш синтетикалық регуляторлардың (Т-
10, Т-10', Т-10") тигізетін әсерін зерттеу.
2. Бидай сорттарының құрғақшылыққа төзімділік қасиетіне Т-10, Т-10', Т-
10" тигізетін әсерін анықтау.
3. Құрғақшылық жағдайында бидай сорттарының жер үсті мүшелерінде
пигменттердің синтезделу қарқынына синтетикалық регуляторлардың
тигізетін әсерін айқындау.
4. Синтетикалық регуляторлардың құрғақшылық жағдайда бидай сорттарының
жер үсті мүшелеріндегі клеткалық мембраналардың өткізгіштік қасиетіне
тигізетін анықтау.
Зерттеу объектілері: күздік бидай Омская мен Наз және жаздық
бидай Жеңіс сорттары.
Жұмыстың жаңалығы
1. Бидай сорттарының (Наз, Омская, Жеңіс) өну белсенділігін құрамында
күкірті бар өсуді реттегіш синтетикалық регуляторлардың (Т-10, Т-10',
Т-10") әсерімен жоғарылату мүмкіндігі анықталды.
2. Бидай сорттарының өсу қарқыны және олардың жер үсті мүшелерінде
пигменттердің синтезделу белсенділігі бидай түрлерінен және өсу
регуляторлардың табиғаты мен концентрацияларынан тәуелді болатыны
айқындалды.
3. Құрғақшылық жағдайында бидай сорттарының синтетикалық
регуляторлардың тигізетін әсері айқындалды.
4. Құрғақшылық жағдайда бидай сорттарының жер үсті мүшелеріндегі
клеткалық мембраналардың зақымдану дәрежесін тежейтін өсу
регуляторлардың оптималды концентрациялары анықталды.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Әдебиетке шолу
1.1.Құрғақшылық және оған өсімдіктердің төзімділігі 5
1.2.Құрғақшылықтың өсімдіктерге тигізетін әсері 6
1.3.Өсімдіктердің ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділік 8
диагностикасы.
1.4 Күздік бидайдың ботаникалық және физиологиялық қасиеттері. 9
2 Зерттеу материалдары және әдістері 14
2.1 Зерттеу материалдары
2.2 Зерттеу әдістері
3 Зерттеу нәтижелері және оларды талдау
3.1 Күздік бидай Омская мен Наз және жаздық бидай Жеңіс 15
сорттарының өніп-өсу белсенділігіне құрамында күкірті бар
өсуді реттегіш синтетикалық регуляторлардың (Т-10, Т-10',
Т-10") тигізетін әсерін зерттеу.
3.2 Бидай сорттарының (Омская, Наз, Жеңіс) құрғақшылыққа 18
төзімділік қасиетіне Т-10, Т-10', Т-10" тигізетін әсерін
анықтау.
3.3 Құрғақшылық жағдайында бидай (Омская, Наз, Жеңіс) 20
сорттарының жер үсті мүшелерінде пигменттердің синтезделу
қарқынына синтетикалық регуляторлардың тигізетін әсерін
айқындау.
3.4 Құрғақшылық жағдайында бидай (Омская, Наз, Жеңіс) 24
сорттарының жер үсті мүшелерінің клеткалық мембраналардың
өткізгіштік қасиетіне синтетикалық регуляторлардың тигізетін
анықтау.
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29

КІРІСПЕ

Агроөндірістік кешенді дамыту еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және экспорттық потенциалды (әлеуетті) дамытады. Осыған
орай, аграрлық саланың бетпердесін анықтайтын бидай өндірісінің маңызы
ерекше.
Қазақстанда тауарлы бидай астығын негізінен жаздық түрде Солтүстік
облыстарда өндіреді. Атап айтқанда, 2009 жылы 17,2 млн. га дәнді дақылдар
егістігінен өндірілген таза астық 20,8 млн. тонна болса, оның 16,4 млн.
тоннасы
Солтүстік Қазақстанның үлесінде, немесе 78,9%, ал бүкіл астықтың 17,05
млн.тонна бидай, немесе дәнді дақылдардың 81,8% (оның ішінде жаздық бидай
16,17 млн. т, яғни 77,6%, күздік бидай – 0,88 млн. тонна немесе жалпы астық
түсімінің 4,2%) құрайды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда туындап отырған экологиялық жағдайларға
байланысты дәнді дақылдардың сыртқы орта факторларына төзімділігін арттыру
мәселелері бойынша көптеген ізденіс жұмыстары жүргізілуде. Солардың ішінде
бидайдың төзімді сорттарын алу мәселелері жан-жақты қарастырылуда.
Қазақстанда бидай астығы өндірісін арттырудың бір жолы – күздік
бидайдың үлесін арттыру болып табылады.
Дұрыс, оңтайлы және ылғал - ресурс үнемдегіш технологияны қолданғанда
күздік бидай жаздыққа қарағанда анағұрлым жоғары астық өнімін береді.
Күздік бидай жаздық бидайға қарағанда астық өнімін анағұрлым көп
береді; көктемгі-күзгі жауын-шашын ылғалын тиімді пайдаланады, көктемгі,
ерте жазғы аңызақтан, құрғақшылықтан аз зардап шегеді; Солтүстік Қазақстан
жағдайында 12-20 тәулікке егін ерте піседі де жаздық бидайдан айтарлықтай
ерте жинауға мүмкіндік береді; жазғы жауын егін жинауға онша кедергі
келтірмейді; егін жинау кезеңіндегі қарбаластықты азайтады, болашақ егінге
топырақ дайындауға жеткілікті уақыт қалады; астық бірқартар зиянкестерден
аз зиян шегеді, қара шегірткелерден; тот, қара күйе ауруларына шалдықпайды.
Біз өз зерттеу жұмысымызда ғылымда бұрыннан белгілі мәселелерді
толықтыру мақсатында физиологиялық және биохимиялық әдістерді қолданып
бидай сорттарының (Наз, Жеңіс,Омская) құрғақшылыққа төзімділік
қасиеттеріне құрамында өсу регуляторлардың тигізетін әсерін зерттеуді
көздедік.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Әдебиетке шолу
1.1 Құрғақшылық және оған өсімдіктердің төзімділігі
А.М.Шулигиннің 1978 ұйғаруынша құрғақшылық ұзақ уақыт жауын шашын
болмай, ауа температурасы жоғарылап, булану процесі күшейіп, топырақтың
және атмосфераның ылғалдығы азаюынан өсімдіктер өнімділігі төмендейтін
құбылыс.
Бұл анықтамадан құрғақшылық атмосфералық және топырақ құрғақшылығы
болып бөлінетіндігін,олардың өзара байланысты болатындығын байқауға болады.

П.А.Генкель 1982 метеорологиялық факторлардың маңызын өсімдіктердін
күйімен байланыстыра отырып,құрғақшылықты биометеоро- логиялық құбылыс
ретінде төмендегіше аңықтауды ұсынды.құрғақшылық ұзаққа созылған,немесе
қысқа мерзімді жауын шашынсыз,ауа температурасы мен ылғал тапшылығы
жоғарылап,өсімдіктер шамадан тыс сусыз- данып, қызуы нәтижесінде
залалданып,өнімділігі төмендеп,кейде түгел қурап өліп қалатын кезең деп
сипаттады [1-3].
Құрғақшылық өсімдіктерге екі жақты әсер етеді: өсімдік денесінің
температурасын жоғарлатады; сусыздандырады су тапшылығы, немесе солу.
Сонымен құрғақшылыққа төзімділік өсімдіктің қызуға және сусыздануға
төтептілігі болып есептеледі.Осыған сәйкес ыстыққа төзімділік және
құрғақшылыққа төзімділік деген екі ұғым пайда болды.
Осы анықтамаларға сүйене отырып,өзініңонтегенезінде құрғақшылық әсеріне
бейімделгіш және сондай жағдайларда қалыпты өсіп дамуын жөне тұқымдануын
эволюция процесінде тіршілік жағдайларының әсерінен және табиғи сұрыптану
нәтижесінде пайда болған қасиеттеріне байланысты,жүзеге асыра алатын
өсімдіктерді құрғақшылыққа төзімді деп атауға болады.
Құрғақшылыққа төзімдлік - өсімдіктердің ұзақ мерзімді құрғақшылыққа
төзу қабілеті, көп мөлшерде судың жетіспеушілігі, жасушалардың, ағзалардың
сусыздануы. Сол себепті егінге келер зиян құрғақшылықтың ұзақтығына
байланысты болады. Жер қыртысы құрғақшылығы және ауа райының (атмосфера)
құрғақшылығы болып екіге бөлінеді.
Жер қыртысы құрғақшылығы көп уақыт жаңбырдың болмауынан, жоғарғы
температураға байланысты, судың көп булануымен транспирацияға, желге
байланысты болады. Осының бәрі тамырдың кеуіп кетуіне әкеліп соғады.
Атмосфералық құрғақшылық кезінде температура жоғары және ауаның ылғалдығы
төмен (10-20 %) болады. Қатаң атмосфералық құрғақшылық құрғақ және ыстық
ауаның араласуынан пайда болады. Ең ауыры ауада шаңды боран соққанда.
Атмосфералық құрғақшылық, жер бетінен суды тез буландырады, жер
бетіндегі ағзаларға судың баруын тежейді, сол себепті өсімдіктер солады.
Бірақ тамырлары жақсы дамыған өсімдіктерге атмосфералық құрғақшылық
өсімдіктер көтере алатын температурадан жоғары болмаса онша үлкен зиян
келтіре алмайды. Ұзақ мерзімді атмосфералық құрғақшылық, жаңбырдың ұзақ
жаумауы жер қыртысы құрғақшылығына әкеліп соғады, бұл өсімдіктерге өте зиян
[4-7].
Алайда атмосфералық қуаңшылық пен жер қыртысы құрғақшылығы бір-біріне
байланысты. Атмосфера құрғақшылық көбінесе көктемде басталады, ол кезде
топырақта су көп болады. Топырақ құрғақшылығы жаздың ортасында не аяғында
байқалады, ол кезде қысқы ылғал таусылып, ал жазғы жаңбырдың болмауы.
Топырақ құрғақшылығы егін өнімінің азаюына, ал егер құрғақшылық өте ерте
басталса, егіннің тұтас қурап кетуіне әкеліп соқтырады.

1.2 Құрғақшылықтың өсімдіктерге тигізетін әсері
Құрғақшылық өсімдіктерге екі бағытта ықпал етеді, сусыздануымен бірге
бірдей уақытта қыздыруы. Құрғақшылықтың кері әсерін, өсімдіктердің қоршаған
ортаның ықпалына бейімделуін түсіну өте маңызды. Осыған байланысты кенеттен
болған құрғақшылық ыстық жел өсімдікке біртіндеп жоғарылайтынымен
салыстырғанда қатты әсер етеді. Тек қана теріс әсер етуші факторлардың
абсолютті көлемі емес, сонымен бірге температураның тез көтерілу көлемі
және ауаның ылғалдылығының жетіспеуі өте үлкен маңызға ие.
Құрғақшылық әдетте атмосфералық болып басталып және топырақтыққа
ауысады. Ол қарқындылығы бойынша және мезгілі бойынша, сонымен бірге
сусыздану мен қызып кету жағдайын жеңіп шығуы бойынша ерекшеленеді.
Атмосфералық және топырақтық құрғақшылықтың арасында белгілі бір өзара
әсер бар. Табиғатта атмосфералық құрғақшылық топырақтықтың алдында болады.
Сумен қамтамасыз етуіне байланысты өсімдіктер атмосфералық құрғақшылыққа
төзімділік көрсетеді. Ең жақсы су режимі анағұрлым қарқынды транспирацияға
және атмосфералық құрғақшылықтан аз бүлінеді [10-16].
Ыстыққа шыдамдылығы өсімдікке әсерінің екі факторынан тұрады: 1)
ортаның жоғары температурасының әсері және 2) гелиотөзімділік, яғни тікелей
күн сәулесіне төзімділігі, филогенезде және онтогенездегі пайда болған
бейімделу түрінде оған өсімдік өзінің бейімделу қабілетін қарсы қояды.
Ыстық желдің режиміне байланысты бүлінудің тек қана әртүрі емес,
сонымен бірге сипаты да байқалады. Бүлінудің негізгі екі түрін айта кету
керек: 1) тұтандырғыш, яғни күюдің пайда болуы (ағаруы, қоңырлануы,
сарықызыл – қызыл және қара дерлік дақтар) жапырақтың өте қатты күйіп
кетуінен пайда болады; 2) басып алу, яғни ыстық жел кептіріп әсер еткенде,
жапырақтар бұл кезде жасыл түсін сақтай отырып немесе сарғайып кеуіп
қалады[17-19].
Мезофиттік өсімдіктердің қызып кетуден қорғануының негізгі тәсілі – ол
транспирация есебінен жапырақтың температурасының төмендеуі. Культуралық
өсімдіктердегі мезофиттіліктің ұлғаюына байланысты, суару кезінде
өсімдіктердің ыстыққа төзімділігіне, құнарландыруда аса назар аудару керек,
өйткені олардың температура көтерілу әсеріне шынығушылығы өте әлсіз, тіпті
жоқ деп айтуға болады. Селекция кезінде құнарланған культураға, оның
құнарланған куьтурасының жоғары ыстыққа төзімділігіне аса назар аудару
керек.
Құрғақшылықтың әсерінен,еңалдымен өсімдіктегі су алмасу процестері
бұзылып,судың жалпы мөлшері азаяды да оның мүшелерде қалыпты таралуы
өзгереді.Сабақта жоғары орналасқан жапырақтар мен мүшелер төменгілеріндегі
судың біраз мөлшерін өзіне тартып пайдланып,оларды сусыздандырады.Соның
салдарынан төменгі жапырақтар мен басқа мүшелер тез қурап қалады да
фотосинтездік аппарат азайып,өсімдіктің өрімділігі төмендейді.
Өсімдікте су тапшылығына өте сезімтал процесс-фотосинтез.Топырақ және
ауа құрғақтығының әсерінен СО2-нің жапырақтарға ену бәсендеп,фотозинтездің
алғашқы өнімдерінің пайда болуы өзгеріп,көмірсулардың алмасу бағыттары
бұзылып,хлоропластарда фосфоглицирин қышқылының мөлшері көбейеді.Оның
гексоза және пентозафосфаттарға айналуы тежеледі.Біраз ғалымдардың
зерттеулерінде жапырақтардағы хлорофилл-белокты қосындылардың
бұзылатындығы,СО2-нің тотықсыздануы,Хилл реакциясы мен фотосинтездік
фосфорлану төмендейтіндігі байқалды. Сонымен қатар,хлорофилдердің
синтезделуі нашарлап,жапырақтардан ассимиляторлардың тасымалдануы тежеледі
Өсімдік ұлпаларының сусыздануынан инвертаза,фосфотаза және протеаза
сияқты ферменттердің ырықтығы артатындығы туралы мәліметтер 1935-
1953жылдары жұргізілген Курсанов,Сисакян,Альтергот,Максимов ,Опарин,т.б.
зерттеулерінде алынған болатын.
Шамалы сола бастаған бидай жапырағында белок мөлшері және пероксидаза
ферментінің ырғақтығы төмендейтіндігі байқалды.Сонымен қатар,сусыздану
әсерінен пероксидаза,малатдегидрогеназа және сукцинатдегидрогеназа
ферменттерінің изоэнзимдік құрамында да өзгерістер байқалады.
Су тапшылығының әсері өсімдіктегі азотты қосындылардың алмасуына да
қолайсыз өзгерістер туғызады.Белоктардың синтезделуі нашар-
лап,гидролизденуі күшейгендіктен қарапайым қосындылардың – амин қышқылдар
мен амидтердің мөлшері көбейеді.
Қорыта айтқанда, құрғақшылық - ұзаққа созылған немесе қысқа мерзімді
жауын шашынсыз, ауа температурасы мен ылғал тапшылығы жоғарылап, өсімдіктер
шамадан тыс сусызданып, қызуы нәтижесінде залалданып, өнімділігі төмендеп,
кейде түгел қурап өліп қалатын кезең. Құрғақшылық әдетте атмосфералық болып
басталып және топырақтыққа ауысады.
Құрғақшылықтың әсерінен, ең алдымен өсімдіктегі су алмасу процестері
бұзылып, судың жалпы мөлшері азаяды да оның мүшелерде қалыпты таралуы
өзгереді. Сабақта жоғары орналасқан жапырақтар мен мүшелер төменгілеріндегі
судың біраз мөлшерін өзіне тартып пайдаланып,оларды сусыздандырады. Соның
салдарынан төменгі жапырақтар мен басқа мүшелер тез қурап қалады да
фотосинтездік аппарат азайып, өсімдіктің өрімділігі төмендейді.
Өсімдікте су тапшылығына өте сезімтал процесс-фотосинтез. Топырақ және
ауа құрғақтығының әсерінен СО2-нің жапырақтарға ену бәсендеп, фотозинтездің
алғашқы өнімдерінің пайда болуы өзгеріп, көмірсулардың алмасу бағыттары
бұзылып, хлоропластарда фосфоглицирин қышқылының мөлшері көбейеді. Оның
гексоза және пентозафосфаттарға айналуы тежеледі. Хлорофилдердің
синтезделуі нашарлап, жапырақтардан ассимиляторлардың тасымалдануы тежеледі
[20].
Өсімдік ұлпаларының сусыздануынан инвертаза, фосфотаза және протеаза
сияқты ферменттердің ырықтығы артатады. Шамалы сола бастаған бидай
жапырағында белок мөлшері және пероксидаза ферментінің ырғақтығы
төмендейді. Сонымен қатар, сусыздану әсерінен пероксидаза,
малатдегидрогеназа және сукцинатдегидрогеназа ферменттерінің изоэнзимдік
құрамы өзгереді.
Су тапшылығының әсері өсімдіктегі азотты қосындылардың алмасуы
өзгереді. Белоктардың синтезделуі нашарлап, гидролизденуі күшейгендіктен
қарапайым қосындылардың –амин қышқылдар мен амидтердің мөлшері көбейеді.
Республикамыздың климаттық жағдайына байланысты дәнді дақылдардың
қуаңшылыққа төзімділігін арттыру бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған.
Осы мәселе төңірегінде бірқатар ізденіс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Солардың ішінде бидайдың құаңшылыққа төзімді сорттарын іздестіру және осы
сорттардың құрамы мен физиологиялық қасиеттерін жан-жақты зерттеп, құнды
қасиеттерге ие түрлерін егістік алқаптарына пайдалану.

1.3 Өсімдіктердің ыстыққа және құрғақшылыққа төзімділік диагностикасы

Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау үшін көптеген далалық
және зертханалық әдістер қолданылады. Зерттелетін өсімдіктердің түрлері мен
сорттары құрғақшылығы мол аудандарда өсіріледі. Өсімдік мөлшері төмендейтін
сорт құрғақшылыққа төзімді деп есептелінеді. Құрғақшылыққа төзімділігін
бақылау өсімдіктің, топырақтың және атмосфералық құрғақшылыққа төзімділігін
арттырады және оның сортын бағалайды. Зерттелетін өсімдіктер өсіріледі,
оларды жауын – шашыннан қорғау үшін оларды пленкамен жабады. Суларды
кептіру үшін арнайы арықтар қазылады.
Өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігін арттыру үшін өсімдіктердің
суды ұстау қабілеті мен цитоплазманың тұтқырлығын қолданады. Құрғақшылыққа
төзімді өсімдіктерде бұл көрсеткіштер жоғары болады. Селекциялық жұмыстарда
осындай көрсеткіштер пайдаланылады. Өсімдіктердің құрғақшылыққа
төзімділігінің генетикалық белгісі олардың құрғақшылық кезінде, әсіресе
жапырақта пролиндердің жиналуы. Пролиндер концентрациясы 10 – нан 100 есеге
дейін көтеріледі. Пролиндерде азот мөлшері көбейеді, ол құрғақшылық
аяқталған кезде метаболиттік реакцияларда пайдаланылады.
Өсімдікке ылғалдың жетіспеуі мен құрғақшылықтың температу- раның
әсері. Құрғақшылық ең алдымен өсімдіктің сусыздануына, содан кейін басқа
физиологиялық функцияларына әсер етеді.
Жоғары атмосфералық құрғақшылық пен жоғары температураның және күн
инсоляциясы өсімдіктердің сабақтары мен жапырақтарының өсуін тежейді, егін
өнімін азайтады, кейде өсімдіктер қысқа мерзім ішінде жылы соққыдан өліп
қалады. Кенеттен соққан құрғақ жел шөптесін өсімдіктердің, бұталардың
ұштары, ағаштардың жапырақтарының кеуіп, қурап кетуіне әкеліп соғады.
Құрғақ жел ұрық және өсімдік пайда болатын гүл ағзаларын зақымдайды.
Себебі құрғап бара жатқан жапырақтар жас өркендердің гүл бүршіктерінің суын
сорып алады.
Егіс алдындағы ыстық пен құрғақшылықтың көтерілуі. Егіс алдында
бидайдың құрғақшылығын арттыру әдісі. (П.А.Генкель (1934) өскіндерді бірден
үш ретке дейін кептіру арқылы шыңдаған.
Нәтижесінде өсімдіктердің құрғақшылыққа төзімділігі артады, өнімділігі
жоғарылайды. Шыңдалған өсімдіктер анатомдық – морфологиялық құрылымға ие
болады, ол құрғақшылыққа төзімді тамырлары мықты болады. Фосфорилденген
окислит 4 - 8 – 11 күндік жүгері өскіндері шыңдалған өсімдіктерде жоғары,
ал бақылаулардағыда төмен. Генкель әдісі бойынша алдын – ала шыңдау
тұқымдарды бор қышқылының әлсіз ерітіндісінде ұстау арқылы жүзеге
асырылады. Цитокининмен өңделген ұрықтардың өнімі және астыққа төзімділігі
жоғары болады[22].
1.4 Бидайдың ботаникалық және физиологиялық қасиеттері.
Ботаникалық сипаттамасы
Қазіргі уақытта ғылымда күздік бидайдың не бәрі 22 түрі ғана
бекітілді, оның ішінде анағұрлым кең тарағаны екеу: қатты бидай және
жұмсақ бидай.
Оның түрлері, формалары және сорттары өте көп. Сондай – ақ, қатты
бидайға көбінесе күздік бидай жатады.
Күздік бидай жер бетіндегі ең көп тараған тағамдық культураның бірі
болып есептеледі, дәнінің құрамында белоктың, майдың, көміртегінің т.б.
жоғары мөлшерде болуымен анықталады.
Белок құрамы бойынша күздік бидай барлық астық тұқымдастардың алдында
саналады. Бидай ұны нан пісіруде, кондитерлік өндірісте, бидайдың күшті
және қатты сорттары сапалы нан, макарон, манка жармасы т.б. өндірісінде
кеңінен қолданылады. Нан пісіру үшін белок құрамы – 14-15 %, макарон
дайындау үшін – 17-18 % болуы қажет. Астықтан спирт, крахмал және т.б.
алынады. Ұн жасаудан және спирт өндірісінің қалдықтары жануарлар үшін
құнарлы жем болып есептеледі, қаттысы (сабан мен топаны) жемдік үлкен
құндылыққа ие: 10 кг. Сабан – 0,5 кг. Протеин, 20-22 жемдік бірлік.
Күздік бидай өсіру тиімді, өйткені алынған өнім төмен бағалы. Күздік
бидай – жоғары өнімді культура (тек күріштен кейінгі). Орташа өнімі 30цга,
алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда – 50-60 цга, ең жоғарғы өнім Краснодар
өңірінде алынды – 103,6 цга.
Күздік бидай топырақ таңдайды: топырақ ерітіндісінің реакциясы
нетральныйға жақын, құнарлылығы жоғары, ылғалдылығы жеткілікті болуы керек.
Күздік бидай макро және -микро тыңайтқыштарды ұнатады.
Азот өсімдіктің вегетативтік массасысының жоғарылауын реттеп отырады,
өнімділік деңгейін анықтайды және дәндегі белок құрамын жоғарылатады.
Азоттық тыңайтқыш өсімдіктің қиыншылық кезеңдегі осы элементтерге
талаптарын беріп отырады.
Фосфор өскіннің біркелкі пайда болуына ықпал етеді, тамыр жүйесінің
өсуін белсенділігін арттырады, пісп-жетілуін тездетеді. Фосфорлық
тыңайтқыштар өсімдікте алғашқы 30-35 күнде олардың вегетациясында анағұрлым
қарқынды пайдаланылады, сондықтан оны топырақты ең алдымен негізгі өңдеуден
алдын және 15-20 кгга. – егу кезіндегі қатарларға қолданады.
Калий өсімдіктің қыстап шығуын жақсартады, сабағының мықты болуына әсер
етеді, егістіктің тамыр шіріндісімен және зәңденуден бүлінуінен сақтайды.
Калийлі тыңайтқыштар, оны негізгі өңдеу кезінде өсімдікпен анағұрлым толық
пайдаланылады.
Күздік бидай қалыпты алғашқы тыныштық кезеңде азот жеткілікті
болғандықтан күзде азот берілмейді. Ал қарқынды өсу кезінде бұрынғы егілген
егінге күзде азотты тыңайтқыш беру керек, егер топырақтың жыртылағн
қабатында минералдық азот 30 кга болғанда. Сонымен осы жағдайда тыңайтқышты
егіден алдыңғы культивация кезінде пайдалану керек немесе өну-түптенудің
басындағы кезеңде қоректендіру керек; олар өсімдікпен толығырақ
пайдаланылады.
Ерте көктемгі азотпен қоректендіру өсімдіктің сабағының қалың болуын,
биіктігін және өнімділігін жоғарылатады, өнімдегі сабан үлесін көтеріп
және дәннің сапасына аз әсер етеді. Оны қар кеткеннен кейін дереу 30-40
кгга мөлшердегі аммиак селитрасымен жүргізу керек [23].
Физиологиялық қасиеттері. Күздік бидай алдыңғы отырғызылғандарға жоғары
талап қояды. Оны әртүрлі топырақ – климаттық жағдайларда үлкен алқапқа
егеді. Оның сенімді қыстап шығуындағы және жоғары өнім – мол және мықты
өскін алудағы негізгі шарттары. Ылғалдың жетіспеу және тұрақты емес
аудандарда ең жақсысы айдалған қара жер. Бұл аумақта ылғалдың жиналып
сақталуымен, арам шөптермен күресуімен қамтамасыз етеді, топырақтағы
нитраттар мен қректік заттардың құрамын жоғарылатады. Айдалағн қара жер тек
қана өнімнің жоғары болуымен ғана қамтамасыз етпей, сонымен бірге егу
кезінде жоғары сапалы дәнге сай келетін, күшті бидай стандартына жауап
беретіндей өнім алуға мүмкіндік береді.
Күздік бидайдың өнімінің төмендеуінің негізгі себебі алдын ала
жыртылған жер бойынша – топырақта ылғал қоры өте аз болуы. Одан басқа,
күздің құрғақ болуы егін егуді кешіктіреді. Күзден бері әлі жетіліп
болмаған бидай өскіндері нашар шынығып және өліп қалады. Оңтүстік-Шығыс
облыстардағы қатаң құрғақшылық және оңтүстіктің далалы аудандарында ықтырма
жер жырту маңызды рөл атқарады. Биік сабақты өсімдікті себу жазғы айдаудан
кейін жақсы, өйткені көктемгі егіс желден сақтаумен салыстырғанда
топырақты аз кептіреді. Украинаның орталық, оңтүстік – шығыс және оңтүстік
аудандарында, Молдавияның оңтүстік бөлігі, Солтүстік Кавказдың далалы
аумағында, Орталық Қаржер аумағының орталық және оңтүстік – шығыс
аудандарында, сонымен бірге Поволжьеде күздік бидайдың кепілдік беретіндей
өнімін алу үшін, егістіктің негізінен таза, ең алдымен қара айдалған жер
бойынша орналастыру керек.
Жарыққа деген талаптар. Күздік бидай ұзақ, жарық күннің өсімдігі болып
есептеледі. Күн сәулесінің ықпалымен фотосинтез процессі жүреді, соған
байланысты өсімдік организмінде белок, май, көміртегі т.б. жиналады.
Күн сәулесінің мол кезінде жақсы түптенеді, жапырақтары жасыл түсті
болады.
Жарықтың жетіспеуін алғашқы буын аралығының өсіп кетуіне және түптену
жапырағының топыраққа жақын орналасуына соқтырады, ол өсімдіктің қысқа
төзімділігін төмендетеді.
Қарқынды күн сәулесі және температураның төмендеуі алғашқы буын
аралығының өсуін тежейді және түптену жапырағының төмен орналасуына ықпал
етеді, ол күздік бидайдың өте жақсы қыстап шығуына септігін тигізеді.
Егістікте жарықтың мол болуы өсімдіктің 1 га. жерге жайылу қалыңдығына
тәуелді болады. Қалың егіс жарықтың молдығын төмендетеді
Жылуға деген талаптар. Даму кезінде температура маңызды фактор болып
есептеледі. Күздік бидайдың вегетацияның әртүрлі кезеңдерінде және барлық
культуралар температура тәртібіне бірдей талап қоймайды.
Күздік бидайдың дәні 1 - 20 С – де өнеді, ал ассимиляциялық процесстер
3 - 40 С де басталады. Дәннің жетілуі кезеңінде қолайлысы 22-250 С деп
есептеледі.
Күздік бидайдың Қысқы кезеңде – -17...-190 С- де қар қабатыесыз үсіп
кетеді, ал оған -250 С ұстап отырады.
Күздік бидай – ыстыққа шыдамды және қуаңшылыққа төзімді культура, бірақ
қара бидаймен салыстырғанда қысқа шыдамысз. Бірақ өте жоғары температураға
(40 0 С –ден жоғары), ылғалдың жетіспеушілігіне және құрғақ жел кезінде
қалыпты фотосинтез процессі бұзылады, транспирация ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бидай сорттарын тұзда өсіру
Құрғақшылық реакцияларға бидайдың жауапты ферменттерін зерттеу
Қуаңшылық және оған төзімділік туралы жалпы ұғымдар
Арпа дақылының қуаңшылыққа төзімділігі
Стресс жағдайындағы өсімдік
Бидайдың әртүрлі генотиптеріндегі құрғақшылықтың әсерінен пайда болған физиологиялық – биохимиялық өзгерістер
Өсімдіктердің қолайсыз орта жағдайларына төзімділігі
Өсімдіктердің қоршаған орта факторларына төзімділігі
Қазақстанның оңтүстік – шығысында тәлімі арпа өсірудің ғылыми негіздері
Организм мен клетканың тіршілігіндегі судың маңызы
Пәндер