Адам экологиясы жайлы



1. Адам экологиясы
2. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі
3. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
а) Галогенді көмірсулар
б) Ауыр металдар
4. Нитраттар мен азықтық қоспалар туғызатын
аурулар
5. Аралға төнген қауіп.
Қазір экологиялық сауалдар мен қағидалардың өзекті мәселесі – адамның өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасы, денсаулығы, тіршілігі мен тұрмыс салты. Өйткені адамның өзі араласып өзгерткен төңіректің, яғни биосфераның түрткілері, оның кісілік қасиеті мен мінез-құлығы қалыптасуына әсер етеді және көптеген дерттер тудырады.
Адам экологиясының негізгі міндеті – адам мен биотехносфераның үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін амал-шараларды табу, адам мен қоршаған орта жүйесін сақтау. Адам өзінің жасаған өндіріс құралдары арқылы қоршаған әлемге өз мұқтаждығына сәйкес белсенді түрде ықпал жасайды. Сонымен бірге ол күрделі еңбегі мен парасатты іс-әрекетінің нәтижесінде өзінің жаратылысын, табиғи және рухани әлемін өзгертеді. Демек, адамның биологиялық табиғатын сақтау, оны дене және парасат жүктемелерінен сақтау емес, керісінше, жан-жақты қарқынды жүктемелер оның мүшелері оның мүшелері мен жүйелерінің іс-әрекетін үйлестіріп, организмнің толық бағалы дамуын, бойындағы пәрменді мүмкіндіктерін ашуға және жетілдіруге жағдай тудырады.
Адам табиғатыбиологиялық, әлеуметтік және қоғамдық қатынастардан тұрады. Сондықтан адамзат бойындағы биологиялық және әлеуметтік мәністің арасалмағын анықтау – адам экологиясының табиғатын және сипатын ұғынудың тікелей көзі,
Адам мінезі мен дағдысына табиғаттың тікелей әсерінен гөрі, қоғамның ықпалы ерекше болады. Адамның мінезі, ауруы, денсаулығы – жаңа сапа,өйткені ондағы табиғи қасиеттер әлеуметтік жағдайлар арқылы қалыптасқан. Әлеуметтік орта табиғи және биологилық сапаларды шексіз өзгертеді. Олай болса, адам экологиясының негізгі міндеті – адам мен қоршаған орта жүйесін сақтап, олардың өзара бейімделісін қамтамасыз ету.
Адам организмінің ғарыштағы тіршілік жағдайына, төзімділігіне және психофизиологиялық мүмкіндігіне салмақсыздық қозғалыстың үдеуі, гиподинамия т.б. түрткілер әсерін тигізеді. Сондықтан өзі жасаған ортаны – биотехносфераны сақтау адамзаттың алдында тұрған аса маңызды мәселеге айналды.
Адамзаттың саяси және әлеуметтік әрекеттері де табиғаттың өзгеруіне әсерін тигізуде. Ол энергия мен техникалық қуатты кеңінен меңгеріп, биосфера жағдайын өзгертуші ең басты күшке айналды.
Адам осы экожүйелердің белсенді мүшесі бола тұрып, ықғи қоршаған ортаның сапасын бастан кешіреді. Сондықтан да адамның кейбір аурулары биосфераның ерекшеліктерімен байланысты пайда болады (эндемиялық жемсау, тіс жегісі, тау ауруы, жұқпалы ауруларды қоздырушы, таратушы тірі организмдер).
Сонымен қатар адам табиғатты белсенді түрде өзгертіп, өзінің шарушылық әрекеттеріне жануарларды, өсімдіктерді, қазба байлықтарын кеңінен пайдаланды. Алайда табиғатты біржақты өзгертудің салдары зиянға әкеліп соғады. ОРмандарды аяусыз құртудан – су тасқыны, сел жүру, эрозия, топырақтың шайылуы және кебуі, климаттың өзгеруі – барлық елдерге де әсерін тигізеді. Өнеркәсіп қалдықтары ауаны, суды, топырақты уландыра отырып, тіршілікке зиянды қосылыстарды енгізеді. Атом энергиясын пайдалану, сынау кезінде биосфераға радиоактивті заттар жиналады.
Зиянкес жәндіктер және арам шөптермен күреске қарсы қолданылатын улы заттар қоректену тізбегі арқылы адамды да уландырады. Жидек, көкөністер арқылы, сондай-ақ шөп арқылы мал еті мен сүтіне өткен у адам организмінде жиналып, ауруға шалдықтырады.
Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортаментығыз байланыста болады, онсыз күн көруі мүмкін емес. Сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады.
Табиғаттағы заттар айналымына тоқтала келіп Ф.Энгельс былай деп корсеткен болатын; «Өмірдеген белокты дененің күн көріс түрі, Оның ішінде қоршаған орта мен болып жататын заттар айналымына қатысуы, егер бұл айналым тоқтап қалса, онда өмір де тоқтайды.»
1. Аралым – арым Балқашым –бағым Н.Жүнісбаев
2. Экология Г.С.Оспанова Г.Т.Бозшатаева 189 бет
3. Экология негіздері Сағымбаев
4. Адам физиологиясы Сәтбаев

Жоспар:

1. Адам экологиясы
2. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі
3. Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар
а) Галогенді көмірсулар
б) Ауыр металдар
4. Нитраттар мен азықтық қоспалар туғызатын

аурулар
5. Аралға төнген қауіп.

Қазір экологиялық сауалдар мен қағидалардың өзекті мәселесі – адамның
өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасы, денсаулығы, тіршілігі мен
тұрмыс салты. Өйткені адамның өзі араласып өзгерткен төңіректің, яғни
биосфераның түрткілері, оның кісілік қасиеті мен мінез-құлығы қалыптасуына
әсер етеді және көптеген дерттер тудырады.
Адам экологиясының негізгі міндеті – адам мен биотехносфераның үйлесімді
дамуын қамтамасыз ететін амал-шараларды табу, адам мен қоршаған орта
жүйесін сақтау. Адам өзінің жасаған өндіріс құралдары арқылы қоршаған
әлемге өз мұқтаждығына сәйкес белсенді түрде ықпал жасайды. Сонымен бірге
ол күрделі еңбегі мен парасатты іс-әрекетінің нәтижесінде өзінің
жаратылысын, табиғи және рухани әлемін өзгертеді. Демек, адамның
биологиялық табиғатын сақтау, оны дене және парасат жүктемелерінен сақтау
емес, керісінше, жан-жақты қарқынды жүктемелер оның мүшелері оның мүшелері
мен жүйелерінің іс-әрекетін үйлестіріп, организмнің толық бағалы дамуын,
бойындағы пәрменді мүмкіндіктерін ашуға және жетілдіруге жағдай тудырады.
Адам табиғатыбиологиялық, әлеуметтік және қоғамдық қатынастардан тұрады.
Сондықтан адамзат бойындағы биологиялық және әлеуметтік мәністің
арасалмағын анықтау – адам экологиясының табиғатын және сипатын ұғынудың
тікелей көзі,
Адам мінезі мен дағдысына табиғаттың тікелей әсерінен гөрі, қоғамның
ықпалы ерекше болады. Адамның мінезі, ауруы, денсаулығы – жаңа сапа,өйткені
ондағы табиғи қасиеттер әлеуметтік жағдайлар арқылы қалыптасқан. Әлеуметтік
орта табиғи және биологилық сапаларды шексіз өзгертеді. Олай болса, адам
экологиясының негізгі міндеті – адам мен қоршаған орта жүйесін сақтап,
олардың өзара бейімделісін қамтамасыз ету.
Адам организмінің ғарыштағы тіршілік жағдайына, төзімділігіне және
психофизиологиялық мүмкіндігіне салмақсыздық қозғалыстың үдеуі, гиподинамия
т.б. түрткілер әсерін тигізеді. Сондықтан өзі жасаған ортаны –
биотехносфераны сақтау адамзаттың алдында тұрған аса маңызды мәселеге
айналды.
Адамзаттың саяси және әлеуметтік әрекеттері де табиғаттың өзгеруіне
әсерін тигізуде. Ол энергия мен техникалық қуатты кеңінен меңгеріп,
биосфера жағдайын өзгертуші ең басты күшке айналды.
Адам осы экожүйелердің белсенді мүшесі бола тұрып, ықғи қоршаған ортаның
сапасын бастан кешіреді. Сондықтан да адамның кейбір аурулары биосфераның
ерекшеліктерімен байланысты пайда болады (эндемиялық жемсау, тіс жегісі,
тау ауруы, жұқпалы ауруларды қоздырушы, таратушы тірі организмдер).
Сонымен қатар адам табиғатты белсенді түрде өзгертіп, өзінің шарушылық
әрекеттеріне жануарларды, өсімдіктерді, қазба байлықтарын кеңінен
пайдаланды. Алайда табиғатты біржақты өзгертудің салдары зиянға әкеліп
соғады. ОРмандарды аяусыз құртудан – су тасқыны, сел жүру, эрозия,
топырақтың шайылуы және кебуі, климаттың өзгеруі – барлық елдерге де әсерін
тигізеді. Өнеркәсіп қалдықтары ауаны, суды, топырақты уландыра отырып,
тіршілікке зиянды қосылыстарды енгізеді. Атом энергиясын пайдалану, сынау
кезінде биосфераға радиоактивті заттар жиналады.
Зиянкес жәндіктер және арам шөптермен күреске қарсы қолданылатын улы
заттар қоректену тізбегі арқылы адамды да уландырады. Жидек, көкөністер
арқылы, сондай-ақ шөп арқылы мал еті мен сүтіне өткен у адам организмінде
жиналып, ауруға шалдықтырады.
Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортаментығыз
байланыста болады, онсыз күн көруі мүмкін емес. Сондықтан олар табиғат
заңдарына бағынып, онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады.
Табиғаттағы заттар айналымына тоқтала келіп Ф.Энгельс былай деп корсеткен
болатын; Өмірдеген белокты дененің күн көріс түрі, Оның ішінде қоршаған
орта мен болып жататын заттар айналымына қатысуы, егер бұл айналым тоқтап
қалса, онда өмір де тоқтайды.
Табиғи ортаны өздерінің қажеттеріне жарату үшін адамдар бірлесіп, одақ
құрып, ұжым ұйымдастырып, қоғамдастықтың ерекше түрін құрып, онда өмір сүру
заңдары мен ережелерін бекітеді және қоғам мүшелерінен оның орындалуын
талап етеді. Сөйтіп адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен
шектелмей, әлеуметтік мәселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де
байланысты болады.
Қоғамның органикалық теориясының нгізін қалаушы Геберт Спенсер адамдарды
екі топқа бөліп, біреуін қоғамның ақылы, олар басқарушы болулары керек,
екіншісін қоғамның бұлшықеті, олар тек дене еңбегімен айналысулары керек
дейді. Оның айтуынша бұлай бөліну әркім ынтасына, алдына қойған мақсатына,
қайсарлығына байланысты нақтылы күресте қоғамдағы тиісті орын алады.
Адамдар экологиясы әлеуметтік – экономикалық келелі мәселелерді пайдалы
шешу, адамдардың өмір сүруін жақсарту, табиғат пен қоғамның арақатынастарын
ұтымды ұйымдастыру жолдары мен зерттейді десе дұрыс болатын шығар.
Адам десаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық
бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде
қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ВОЗ анықтамасы
бойынша, денсаулық дегеніміз – бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық
физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50 – 52%-ы
өмір сүру салтына, 20 -25%-ы тұқым қуалау факторларына, 18 – 20%-ы
қоршаған орта жағдайларына, ал 7 -12% ғана денсаулық сақтау саласының
деңгейі байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа
техногендік ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың әртүрлі заттар
бірінші орын алады. Адамның іс - әрекеті нәтижесінде биосфераға,оған тән
емес 4млн.нан астам заттар шығарылған. Сонымен жыл сайын қоршаған ортаға
мыңдаған жаңа заттар шығарылады. Олардың көбісі ксенобиотиктер грек
тілінен аударғанда xenos-бөтен, яғни адам мен басқа тірі ағзалар үшін
бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі
трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір
типті тұрғын жерлерге және т.б. яғни үшінші табиғатқа айналуына
байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері
артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса
да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына
әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы
психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. 1-кестеде
халықтың өліміне әр түрлі аурулардың әсері көрсетілген.

Әр түрлі аурулардың әсерінен халықтың өлімінің себептері
(Б.В.Прохоров. 1991)

№ Аурулар Оның ішінде өлімнің себебі %
Өмір сүру Қоршаған ортаТұқым қуалаушылық Денсаулық
салты сақтау
1 Жүрек аурулары 54 9 25 19
2 Қатерлі ісік 37 34 29 10
3 Жол- транспорттық 68 18 1 12
4 Атеросклероз 49 8 25 18
5 Диабет 26 0 68 18
6 Бауыр циррозы 70 9 18 3
7 Өзін- өзі өлтіру 60 35 2 3
8 Барлық күтпеген 51 34 4 14
Қолайсыз жағдайлар
9 Орташа алғанда 48 16 25 11

9- кестеден адамдардың мезгілсіз қайтыс болу себептері ең алдымен
қолайсыз табиғи және әлеуметтік факторлар болып табылады.
Ауру мен өлімнің қоршаған ортажағдайларына тәуелділігі жеелеген аймақтар
мен мемлекеттер мысалынан көрінеді.
Дүние жүзілік денсаулық ақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын
дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады және оның бес
мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар әдетте Үшінші әлем елдерінде
жиі кездеседі.АҚШ пен салыстырғандабұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мәліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының
90 % қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 40 жылда
қатерлі ісікпен ауыратындрдың үлесі ер кісілерде 15-тен 23% дейін, ал
әйелдерде 17-ден 25 %-ға дейін.Аурулар индустриалды және ластанған
аудандарда жиі кездеседі.
Балалардың жалпы ауруларына әсер ететін күшті фактор көміртегі тотығы мен
шу болып табылады.Ғалымдардың айтуы бойынша көміртегінің мөлшері 6,5-тен 12
ЗЖЖК-ге көтерілуі балалардың ауруларының 2есе , ал акустикалық
қолайсыздықтың 8-ден 20%-ға артуы- 1,4 есеге артуына әкеледі.
Арал аймағы экологиялық аймақ болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен
өлімдердің жоғары болуымен сипатталады.Мысалы, Қарақалпақстанда балалар
өлімінің жиілігі туылғн мың балаға87-денкеледі. Ал Скандинавия елдерінде 7-
8, Жапонияда-5, Бұрынғы КСРО-да 80-ші жылдардың соңында орташа балалар
өлімінің жиілігі 25-24 болған.
Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз әсер ететін
және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегі топтарға бөліп
көрсетуге болады:
1) концерогендер (латын тілінен аударғанда –сancir-рак, генезис – шығу
тегі) қатерлі ісіктер туғызады.Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай
заттар белгілі.Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)сиренжәне
бақа да полициклдіароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер,
радиоактивті изотоптар, эпоксидті смолалар, нитриттнр,
нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады.
2) мутагендер (латын тілінен аударғандаmutasio-өзгеру)-хромосома лар
саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға рентген
сәулелері, гамма сәулелер, нейтрондар, бензо(а)сирен, колхицин,
кейбірвирустар және т,б, жатады.
3) Тератогендер(грекше teras ,teratos-құбыжық)- жеке дамуда
кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтың пайда болуына әкелетін заттар.
Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез-келген
фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер сондай-ақ
пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік экология пәні баса ғылымдармен байланысы
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері жайлы мәлімет
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. Қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар
Экология ғылымы туралы
Экология
Экологиян ғылымының даму кезеңдері
Геоэкология
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Экология ғылымының шығу тарихы
Пәндер