Қазақстандағы агробизнес



1. Агробизнестің мәні, даму тенденциялары
2. Агробизнесті несиелеу мәселелері
3. Қазақстандағы қазіргі аграрлық экономикалық саясат.
4. Агробизнесті дамытуға арналған шаралар
5. Дамыған елдердегі агробизнес.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бүгінде даму тенденциясы бойынша артта қалып отырған экономиканың аграрлық саласына жан жақты көңіл бөлу кезек күттірмейтін басты мәселелердің біріне айналғалы қашан. Мұндағы жағдай бір қадам алға жылжыса, екі қадам артқа шегініп отырғандай. Әсіресе агробизнес жүйесі жайлы әңгіме көп қозғалғанымен нақты жасалып жатқан іс-шаралардың беріп жатқан нәтижесі шамалы.
Агробизнес ұғымы отандық аграрлық секторда жаңа ұғым болып табылады. Батыс елдерде агробизнес—ауыл шаруашылығы үшін қажетті өндіріс құралдарын дайындау, шаруашылықтың өзін және алынған өнімді өңдеу салаларын біріктіреді.
«Агробизнес» терминін 1960ж. американ экономисті Р.Голдберг енгізді. Кейінірек бұл терминнің қажеттілігін жан жақты талдаған орыс экономисті Чаянов болды.
Ауыл шаруашылығына ресурстарды жеткізуші және өнімді өткізу, өңдеу және бөлуді кешенді қамтамасыз етуші салалар жиынтығы—агробизнесті құрайды. Агробизнестің тиімді қызмет етуінен агроөнеркәсіптік кешеннің интеграциялық тұтастылығы мен бірлігі тәуелді. Батыс елдерде агробизнес динамизмі—бүкіл агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді қызметінің негізгі факторына айналды. Қазіргі уақытта отандық агробизнес сферасында оны ұйымдастырудың жаңа формалары пайда болуда. Жалпы агробизнес 3 сфераға бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы өндіріс құрал жабдықтарымен қамтамасыз етуші салалар жиынтығы. Бұл сферада көбінесе фермерлік кооперативтер қызмет етеді. Олар жем, дәнді дақыл, ауыл шаруашылығы техникасын, агрохимикаттарды өндіреді.
2. ауыл шаруашылығы өндірісінің өзі.
3. өнімнің фермадан соңғы тұтынушыға жетуін қамтамасыз етуші салалар жиынтығы: өңдеу, тасымалдау, орау, жарнама, сату.
1. Государственная агропроизводственная программа Республики Казахстан на 2003-2005 гг. Астана, 2002
2. Личко Х.П. Прогнозирование и планирование АПК. М., Гардарики, 1999.
3. Калиев Г.А., Сатыбалдин А.А., ТурсуновС Казахстан: рынок в АПК. Алматы, Кайнар, 1994.
4. Оспанов М.Т. Теория и практика агробизнеса. Алматы, 1997.
5. Құбаев Қ., Ихданов Ж. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері.Алматы, 1997
6. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Изд. “Білім”, 1997
7. Фатхудинов Р.А. Конкурентоспособность: экономика, стратегия и управление. М., Инфра –М., 2000.
8. Указ Президента РК от 27.12.1993 г. №1483 “ О неотложных мерах по формированию валютных резервов государства и упорядочению валютных расходов”
9. Есполов Т.И., Куватов Р.Ю., Керимова У.К. Повышение эффективности сельского хозяйства Казахстана в условиях его интеграции с внешними рынками. (Научно-исследовательский и консалтинговый институт агробизнеса при КазНау). А., 2004

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Агробизнестің мәні, даму тенденциялары
2. Агробизнесті несиелеу мәселелері
3. Қазақстандағы қазіргі аграрлық экономикалық саясат.
4. Агробизнесті дамытуға арналған шаралар
5. Дамыған елдердегі агробизнес.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Агробизнестің мәні, даму тенденциялары.
Бүгінде даму тенденциясы бойынша артта қалып отырған экономиканың
аграрлық саласына жан жақты көңіл бөлу кезек күттірмейтін басты
мәселелердің біріне айналғалы қашан. Мұндағы жағдай бір қадам алға
жылжыса, екі қадам артқа шегініп отырғандай. Әсіресе агробизнес жүйесі
жайлы әңгіме көп қозғалғанымен нақты жасалып жатқан іс-шаралардың беріп
жатқан нәтижесі шамалы.
Агробизнес ұғымы отандық аграрлық секторда жаңа ұғым болып табылады.
Батыс елдерде агробизнес—ауыл шаруашылығы үшін қажетті өндіріс құралдарын
дайындау, шаруашылықтың өзін және алынған өнімді өңдеу салаларын
біріктіреді.
Агробизнес терминін 1960ж. американ экономисті Р.Голдберг енгізді.
Кейінірек бұл терминнің қажеттілігін жан жақты талдаған орыс экономисті
Чаянов болды.
Ауыл шаруашылығына ресурстарды жеткізуші және өнімді өткізу, өңдеу және
бөлуді кешенді қамтамасыз етуші салалар жиынтығы—агробизнесті құрайды.
Агробизнестің тиімді қызмет етуінен агроөнеркәсіптік кешеннің интеграциялық
тұтастылығы мен бірлігі тәуелді. Батыс елдерде агробизнес динамизмі—бүкіл
агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді қызметінің негізгі факторына айналды.
Қазіргі уақытта отандық агробизнес сферасында оны ұйымдастырудың жаңа
формалары пайда болуда. Жалпы агробизнес 3 сфераға бөлінеді:
1. ауыл шаруашылығы өндіріс құрал жабдықтарымен қамтамасыз етуші салалар
жиынтығы. Бұл сферада көбінесе фермерлік кооперативтер қызмет етеді.
Олар жем, дәнді дақыл, ауыл шаруашылығы техникасын, агрохимикаттарды
өндіреді.
2. ауыл шаруашылығы өндірісінің өзі.
3. өнімнің фермадан соңғы тұтынушыға жетуін қамтамасыз етуші салалар
жиынтығы: өңдеу, тасымалдау, орау, жарнама, сату.
Жалпы агробизнес саласының өзіне тән бірқатар мынадай ерекшеліктері бар:
саланың табиғи климаттық жағдайларға тәуелділігі және мерзімділігі,
тәуекел деңгейінің жоғарылығы, бизнестен пайда алу ықтималдығының
төмендігі және ұзақ мерзімділігі, инвестициялық тартымдылығының
төмендігі.
Меншік түріне байланысты агробизнес кәсіпорындары мынадай топтарға
бөлінеді:
1. Мемлекеттік кәсіпорындар.
2. Жекеше кәсіпорындар
3. Аралас меншікті кәсіпорындар.

— Мемлекеттік кәсіпорындар—бұл асыл тұқымды мал өсірумен және аса
сапалы тұқым өндірумен айналысатын мемлекеттік шаруашылықтар. Бұл
шаруашылық түрінде жер, өндіріс құралдары және өндірілген өнім
мемлекет меншігінде.
Қазақстан агробизнесінде жекеше кәсіпорындардың мынадай
ұйымдастырушылық-құқықтық формалары қабылданған:
— Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). Бұл кәсіпорын жарғылық
капиталға құрылтайшылардың үлестік қатысуы негізінде құрылады.
Серіктестік мүшелерінің үлесі (пайы)—кәсіпорын капиталындағы әрбір
жұмыскердің мүліктік және жер үлесін білдіреді және әр жұмыскер пай
негізінде табыс алып, кәсіпорынның жауапкершілігі үшін тек өз салымы
шеңберінде ғана жауап береді. . Кәсіпорын барлық меншік иелерінің
жалпы жиналысында қабылданған жарғы негізінде жұмыс істейді. Бұл
кәсіпорынның басты ерекшелігі—қатысушыларға өз үлестерін ашық рынокта
сатуға тыйым салынады.
— Толық серіктестік. Бұл кәсіпорын да өз мүшелерінің үлестік меншігі
негізінде құрылады, алайда оның мүшелері серіктестік іс-әрекетінің
нәтижелеріне өзінің жеке мүлкімен толық жауап береді. Толық
серіктестік заңгерлік тұлға болып табылмайды. Бизнесті ұйымдастырудың
бұл формасымен көбіне брокерлік кеңселер, тексеруші фирмалар, технико-
технологиялық, кеңес беруші қызметтерін көрсететін кәсіпорындар
айналысады. Мұның артықшылығы—капиталды қысқа мерзімде жинақтау
мүмкіншілігі. Кемшілігі—фирманың жойылуы кезінде кірісті бөлудің және
мүлікті бөліске салудың қиындықтары.
— Аралас (коммандитті) серіктестік. Ол да қатысушылардың үлестік
меншігіне негізделген. Серіктестіктің толық және салымшы мүшелері
болады. Толық мүшелер фирма міндеттемелері бойынша толығымен біріккен
түрде жауапкершілік артады, салымшы мүшелер өз салымдары шеңберінде
ғана жауап береді. Мұның артықшылығы--өз капиталын салғысы келетін,
бірақ басқаруға қатыспайтын адамдардың есебінен қосымша қаржы тарту
мүмкіндігі.
— Акционерлік қоғам (корпорация). Корпаративті капитал негізінде
құрылған заңды тұлға. Негізгі капитал—жекешелендірілген мемлекеттік
меншікті сатып алу, акциялар шығару және сату жолымен құрылады.
Акционерлік кәсіпорынды иемдену құқығы, оның қарыздары бойынша
жауапкершілік, кіріс (дивиденд) акциялар санымен анықталады.
Акционерлердің жеке (акционерлердің жалпы жиналысында дауысқа ие болу
құқығы) және мүліктік құқығы бар. (дивиденд алу, фирма жойылғанда
мүлік құнының бір бөлігін алу) Салымшының өз акциясын сату және
қоғамнан шығуға құқығы бар.
— Өндірістік кооператив. Бірнеше шаруашылықтардың, өнеркәсіптік
кәсіпорындардың материалдық, қаржы, жер және еңбек ресурстарын ерікті
түрде біріктіру—шаруашылықаралық кооперацияны білдіреді. Бұл
кооперация экономикалық тиімді. Мысалы: бір шаруашылықта жоғары өнімді
ауыл шаруашылық машиналары мен тракторлары болса, екінші шаруашылықта
шоғырландырылған, мамандырылған өндірісі бар, екі жақ бірігіп,
материалды және еңбек ресурстары, яғни жер, еңбек, техника ұтымды
қолданылып, осының негізінде өнімді молайту мен ауыл шаруашылық
өндірісі тиімділігін арттыру жүзеге асырылады. Бұндай
кәсіпорындарға—шаруашылық аралық кәсіпорындар, агроөнеркәсіптік
бірлестіктер кооперативтер жатады. Олар ауыл шаруашылық шикізатын
өндіру, оны өңдеу, сақтау және ақырғы өнімді тасымалдауда біріңғай
бірігеді.
— Шаруа қожалықтары. Ауылдағы жеке кәсіпорынның кең таралған түрі. Бұл
шаруашылық түрінде қолданылатын өндіріс құралдары—жекешелендіру
кезінде үлес ретінде, фермерлердің өз қаржысына, қарыз ақшаға немесе
шарт бойынша жалға алынады. Фермерлік шаруашылық өндірісті
ұйымдастыру, өткізу, баға белгілеу, табысты бөлуді өз қалауынша жүзеге
асырады.
Халықаралық Сауда Ұйымына кіру отандық ауыл шаруашылық өнімінің
бәсекегеқабілеттілігіне ерекше талаптар қояды. Осыған байланысты ауыл
шаруашылық өнімін өндіру мен өңдеуде кластерлерді пайдалану арқылы
аграрлық өндірісті индустриализациялау жүзеге асырылуда. Жеке сектордың
назары, несиелер осы шараға жұмылдырылуда.
Мемлекет агробизнесті тиімді жүргізуге жағдайлар жасауға бағытталған
қаржы көлемін ұлғайтуы тиіс.

2. Агробизнесті несиелеу мәселелері
Ауылды несиелеу—үлкен мәселе. Тәуекелдер өте көп. Біріншіден маусымдық
жағдайлар мен табиғи-климаттық факторлар тәуелділігі, екіншіден несие
қайтарымдылығын қамтамасыз ету мәселесі, үшіншіден ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының қазіргі қаржылық жағдайы. Олардың көбі табыстылығы төмен
және мүлде шығынды кәсіпорындар. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің
банкке беретін кепілзаты жоқ. Оларда қолындағы бар заты —жер, ескі техника
мен егіннің келесі жылдық өнімі.
Ауыл шаруашылығында осындай қиындықтардың болуына байланысты агробизнесті
келесі негіздерде несиелендіру мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді:
-халықаралық банктер арқылы ауыл шаруашылығына жеңіл шарттарда несие беру
-дамыған елдердің ауыл шаруашылығын несиелеу теориясы мен тәжірибесін
пайдаланып, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қатысты несие саясатын
жетілдіру
-пайыз қойылымдарын төмендету
-лизингтік орталықтар мен ауылдық несие серіктестерінің мүмкіндіктерін
жақсарту
Бүгінде ауылды аймақтарда—ауылдық несие серіктестіктері дамуда. Олар
елдің 27 ауданында орналасты. Бұндай серіктестіктерді құруды және басқаруды
мемлекет атынан Аграрлық несие корпорациясы АҚ жүзеге асырады.
Ауылдық несие серіктестіктерінің мүшелері өздері тауарөндіруші болып,
кімге қанша несие беретінін өздері шешеді.. Бұнда бір адамға кем дегенде
екі адам поручается.
Ауылдық несие серіктестіктерінің құрылған жүйесі арқылы ауылдық тауар
өндірушілерге 3 жылда 13,3 млрд.тг несие берілді, оның 9млрд мемлекеттен.
Дәнді-дақыл қолхаттары (зерновая расписка) механизмін пайдалану есебінен
коммерциялық банктерден 33,7млрд.тг несие алды.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің тәуекелдерін төмендету мақсатында
сақтандыру ісі де қолға алынуда.
Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру Заңына сәйкес сақтандыру
жағдайы туған кезде мемлекеттік бюджеттен бөлінген 1млрд.тг қаржы есебінен
ауыл шаруашылық тауарөндірушінің шығынының 50% төленеді. Қалған 50%
сақтандыру компаниясына. Бұл шығындарды сақтандырудың тиімді жүйесін
құрайды.
3.Қазақстандағы қазіргі аграрлық экономикалық саясат
Мемлекеттік саясаттың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы алдағы кезеңдегі
негізгі мақсаты—оның салаларының табыстылығын және өнімділігін арттыру
негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің орнықты дамуын қамтамасыз ету және
отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшалықтарын дамыту болып табылады.
Ауылға қатысты мемлекеттік саясаттың шараларын жүйелендіру мен оны одан
әрі дамуы үшін АӨК мен ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу
туралы Заң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес және агроөнеркәсіптік интеграция
Агробизнес
2003 - 2004 жылғы бағдарламаның нәтижесіндегі ауыл шаруашылығы өндірісінің артуы
Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
РЕНТАЛАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ТУРАЛЫ
Аграрлық өндіріс пен агробизнестің экономикалық мазмұны мен табиғи ерекшеліктері
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
РЕНТАЛАР ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ АГРАРЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Пәндер