1932 жыл ашаршылық ақиқатын ашатын кез келді



Қазақстанда орын алған ашаршылық құрбандарының аруағына бас иіп, тағзым ету, сондай-ақ, тарихтың осынау қасіретті бетін болашақ ұрпақ білу үшін оны ағартушылық және ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларға енгізу мен солар арқылы ашаршылық жайындағы ақпаратты кең тарату бүгінгілердің басты парыздарының бірі болуы тиіс.
Ел санасына терең жара салған 30-жылдарғы ашар¬шы¬лықтың кеңестік дәуірде жа¬бық та¬қырып болғаны белгілі. Аш¬тық зұлматы көшпенді жұрт¬ты қы¬надай қырды. Оның тыр¬нағынан еш қазақ әулеті дін-аман құтыла алма-ды, сон¬дықтан да ол тотали¬тар¬лық стан¬дарт жеңген за¬ман¬ның өз¬інде еш ұмытылған жоқ. Бірақ аштықтың мил¬ли¬ондаған жа¬зық¬сыз құрбанда¬рын ашық еске алу мүмкін болмады. 1932 жыл нәубеті ол шақта отбас¬та¬рында, оңашада ғана сыбырлап айтылатын.
Баршамызға белгілі, 1986 жылғы Желтоқсан көтері¬лісіне байланысты Қазақстан бастан кешкен “Кіші 37-жыл” ахуа¬лы¬ның ызғырықты кезеңі артта қалып, демократияның “алтын күрегі” еркін есе бас¬тасымен, “ақтаңдағы” мол тарихымызға сын көзбен қарауға кірістік.
1988 жылы Мәскеуде ста¬лин¬дік қуғын-сүргін құр¬бан¬да¬рының адал есімдерін ті¬рілтуге кі¬ріскен “Мемориал” қозғ¬а¬лы¬сы пайда болғанда, артынша Алматыда да сол мақ¬сатта бас¬та¬машы топ құ¬рылып, ұй¬ым-дастыру жұмыс¬тарын қолға алды. Біздегі қоз¬ғалыстың ерек¬ше¬лігі – ста-линизм қылмыс¬тары ретінде тек саяси реп¬р¬ес¬сия¬ларды әш¬керелеу ғана емес, со¬ны¬мен бірге, сталиндік-боль¬шевиктік бұрмалаулардың аса қайғылы салдары, ел сана¬сын¬да күллі халқымыздың тра¬ге¬диясының символындай қа¬былданатын “Отыз екінші жыл” деген қанды әріптермен жа¬зылып қалған алапат ашар¬шылықтың шындығын ашу еді.
Қозғалыс мүшелерінің рес¬пуб¬ликаның әр түкпірінен кел¬ген өкілдері 1989 жылғы сә¬уірде құрылтай конфе¬рен¬ция¬сын өткізіп, “Әділет” тарихи-ағарту қоғамын құрды. Ал ашаршылық кезеңінің шын¬дық¬тарын ашу қоғамның бағ¬да¬р¬ламасындағы өзекті мәсе¬ле¬лердің бірі ретінде белгіленді. “Әділет” басқар¬ма¬сының мү¬шесі, тарихшы-мұ¬ра¬ғатшы Ма¬рат Хасанаев қасіретті кезеңнен бір¬қатар құнды құжаттарды баспасөз бетіне шығарды. “Әді¬лет” идеялары қанаттандырған жас ғалым¬дар¬дың бір тобы Ор¬талық мұрағат жанынан та¬рихи ағарту бір¬лес¬тігін құрды. Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің оқыту¬шы¬лары сту¬денттік экс¬пе¬ди¬циялар ұйым-дастырып, жер-жер¬ден қарттардың сол қасі¬ретті кезең жайындағы есте-ліктерін жазып ала бастады.
Осындай реттермен “Әді¬лет” туғыза білген қоғамдық пі¬кірдің оң нәтижесі сол, ме¬м¬ле¬кет¬тік тәуелсіздік жария¬ла¬ны¬сы¬мен, еліміздің сол кезгі Пар-ламенті – Жоғарғы Кеңесінің алғаш қолға алған ірі ісінің бірі 1931-33 жылдарғы ашаршы¬лық¬тың себеп-салда¬рларын зерт¬теу болды. Жоғарғы Ке¬ңес¬тің Төралқасы құрған комиссия осы¬нау ұлттық апатты егжей-тег¬жейлі тексеріп, алғаш¬қы қоры¬тындыларын жасады. Ашаршылықты сталинизмнің аса ірі қылмысы ретінде атап, іс жүзін¬де көшпенді жұртқа жасал¬ған геноцид деп тапты.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
№80-81 (25927) 03 НАУРЫЗ СӘРСЕНБІ, 2010 ЖЫЛ

2008-12-19:
1932 ЖЫЛ
АШАРШЫЛЫҚ АҚИҚАТЫН АШАТЫН КЕЗ КЕЛДІ
 
Қазақстанда орын алған ашаршылық құрбандарының аруағына бас иіп, тағзым
ету, сондай-ақ, тарихтың осынау қасіретті бетін болашақ ұрпақ білу үшін
оны ағартушылық және ғылыми-зерттеушілік бағдарламаларға енгізу мен солар
арқылы ашаршылық жайындағы ақпаратты кең тарату бүгінгілердің басты
парыздарының бірі болуы тиіс.
Ел санасына терең жара салған 30-жылдарғы ашаршылықтың кеңестік дәуірде
жабық тақырып болғаны белгілі. Аштық зұлматы көшпенді жұртты қынадай
қырды. Оның тырнағынан еш қазақ әулеті дін-аман құтыла алмады, сондықтан
да ол тоталитарлық стандарт жеңген заманның өзінде еш ұмытылған жоқ. Бірақ
аштықтың миллиондаған жазықсыз құрбандарын ашық еске алу мүмкін болмады.
1932 жыл нәубеті ол шақта отбастарында, оңашада ғана сыбырлап айтылатын.
Баршамызға белгілі, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне байланысты Қазақстан
бастан кешкен “Кіші 37-жыл” ахуалының ызғырықты кезеңі артта қалып,
демократияның “алтын күрегі” еркін есе бастасымен, “ақтаңдағы” мол
тарихымызға сын көзбен қарауға кірістік.
1988 жылы Мәскеуде сталиндік қуғын-сүргін құрбандарының адал есімдерін
тірілтуге кіріскен “Мемориал” қозғалысы пайда болғанда, артынша Алматыда
да сол мақсатта бастамашы топ құрылып, ұйымдастыру жұмыстарын қолға алды.
Біздегі қозғалыстың ерекшелігі – сталинизм қылмыстары ретінде тек саяси
репрессияларды әшкерелеу ғана емес, сонымен бірге, сталиндік-большевиктік
бұрмалаулардың аса қайғылы салдары, ел санасында күллі халқымыздың
трагедиясының символындай қабылданатын “Отыз екінші жыл” деген қанды
әріптермен жазылып қалған алапат ашаршылықтың шындығын ашу еді.
Қозғалыс мүшелерінің республиканың әр түкпірінен келген өкілдері 1989
жылғы сәуірде құрылтай конференциясын өткізіп, “Әділет” тарихи-ағарту
қоғамын құрды. Ал ашаршылық кезеңінің шындықтарын ашу қоғамның
бағдарламасындағы өзекті мәселелердің бірі ретінде белгіленді. “Әділет”
басқармасының мүшесі, тарихшы-мұрағатшы Марат Хасанаев қасіретті кезеңнен
бірқатар құнды құжаттарды баспасөз бетіне шығарды. “Әділет” идеялары
қанаттандырған жас ғалымдардың бір тобы Орталық мұрағат жанынан тарихи
ағарту бірлестігін құрды. Қазақ ұлттық университеті тарих факультетінің
оқытушылары студенттік экспедициялар ұйымдастырып, жер-жерден қарттардың
сол қасіретті кезең жайындағы естеліктерін жазып ала бастады.
Осындай реттермен “Әділет” туғыза білген қоғамдық пікірдің оң нәтижесі
сол, мемлекеттік тәуелсіздік жарияланысымен, еліміздің сол кезгі
Парламенті – Жоғарғы Кеңесінің алғаш қолға алған ірі ісінің бірі 1931-33
жылдарғы ашаршылықтың себеп-салдарларын зерттеу болды. Жоғарғы Кеңестің
Төралқасы құрған комиссия осынау ұлттық апатты егжей-тегжейлі тексеріп,
алғашқы қорытындыларын жасады. Ашаршылықты сталинизмнің аса ірі қылмысы
ретінде атап, іс жүзінде көшпенді жұртқа жасалған геноцид деп тапты.
Алматыдағы бұрынғы НКВД ғимаратының іргесінде бір шоғыр өсіп тұрған
қарағайлы тоғайда болашақ ескерткіш орны белгіленіп, тас қойылды. Тас қою
салтанатында Қазақстан “Әділет” тарихи-ағарту қоғамының алғашқы
президенті, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Санжар Оразұлы Жандосов
сөз сөйледі. Әр жылғы 31 мамыр Ашаршылық құрбандарын еске алу күні болып
белгіленген-ді. Алайда бұл күн сол 1992 жылдан бастап бір де бір рет өз
мәнінде, биік деңгейде, мемлекеттік дәрежеде атап өтілген жоқ. 1997 –
Татулық пен еске алу жылы осы 31 мамыр “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын
еске алу күні” ретінде белгіленгені мәлім. Содан бері, жыл сайынғы осынау
еске алу күнінде ашаршылық нәубеті жалпы сөз болғанымен, мәселе негізінен
“үлкен террор” дәуірінде жазықсыз атылған азаматтарымыздың аруағына тағзым
ету тасасында қалып келеді деуге болады. Ал қарағайлы тоғайда белгіленген
орынға уәделі ескерткіш күні бүгінге дейін орнатылмай тұр.
Қазіргі Қазақстанның оңтүстік өңірінде – Түркістан өлкесі аумағында
большевиктер билікке келісімен өздерінің әскери атты жасақтарын
жабдықтауға қазақ жылқысын ала тұрып, қазақтарға – “экономикалық тұғыры
әлжуаз, маркстік ілім тұрғысынан болашағы жоқ” көшпенділерге азық-түлік
бөлуден бас тартты, оның орнына олар “әлемдік революция жасауға тиіс қызыл
әскерді” асырауды дұрыс көрді.
Өлкеде кеңес өкіметінің орнауымен бірге басталған алапат аштық миллионнан
астам көшпенді жұртты ажал тырнағына іліктірді. Мұстафа Шоқай таңбалаған
әшкере-анықтамамен айтқанда, “большевизмнің аштық саясаты” 1917-1918
жылдары қазақ халқының сол кездегі санының төрттен біріне өлім құштырды.
Сонау “большевиктердің аштық саясаты” перманентті сипат алды, 1921-23
жылдары далалы өлкеде – Қазақ Республикасы аумағында үлкен аштық болды.
Ұлт зиялылары сол кезеңде жылу жиып, ашыққан аудандарға мал айдап апарып
беруді ұйымдастырды. Өтеуіне, кеңестік сотқа тартылды. Сондағы сот
материалдары бұл күнде зерттеушілері мен түсіндірушілерін тосып, мұрағат
сөрелерінде жатыр.
Ашыққан аудандардағы халыққа орталықтан азық-түлік бөлгізу, тіпті
ел-жұрттың ашаршылыққа ұшырап жатқанына қызыл Мәскеуді сендіру мүмкін
емес-тін – жер-суы мен халқы біріккеннен кейін өткізілген Біртұтас
Қазақстан Кеңестерінің 1925 жылғы тұңғыш құрылтайында Орталық Атқару
Кеңесінің төрағасы Сейтқали Меңдешев делегаттарға осындай сыр ашты. Сондай
ахуалда халқымыз сол шаққы мөлшерінің тағы бір ширегінен айырылған еді.
“Большевизмнің аштық саясаты” 1931-33 жылдары айрықша арсыздықпен және
асқан жәдігөйлікпен жүргізілді. Бұған Никита Хрущевтің жеке басқа табынуды
әшкерелеген әйгілі баяндамасында айтқан мына сөздері дәлел: “Қазақстанда
орын алып отырған адам төзгісіз ашаршылықтан қазақ халқы түгелдей қырылып
қалудың аз-ақ алдында тұрғанын біз Сталинге айтқанымызда, ол: “Бұл сары
пәлекеттерден тек сондай жолмен ғана құтылуға болады”, деп жауап берді”...
Міне, “халықтар әкесі” құрған саяси жүйенің әдемі ұран жамылған қылмысты
ұсқынын осыдан-ақ біле беруге болады.
1935 жылы Қазақстанның 15 жылдық салтанатында Қазөлкекомның бірінші
хатшысы Левон Мирзоян өзінің Сталиннен естіген әңгімесін еске алды. Оған
“Бөкейханов деген біреу” келіп, қазақтарды жаппай отырықшыландыру шарасын
жасауға болмайды, ондай жағдайда олар қырылып қалады деген көрінеді. Яғни,
сонау ұлтшыл-буржуа қазақ халқының болашағына сенбеушілік білдірген екен,
алайда, Сталин жолдас басқарып отырған партия, партияның Қазақ өлкелік
ұйымы бастаған нақты тіршілік социалистік қайта құрудың өміршеңдігін
танытты, қазақ халқы отырықшыланып қана қоймай, ұжымдасып еңбек етудің
озық үлгісін көрсетті...
Дегенмен, “ұжымдасып еңбек етуге” кірісер алдында қазақ қожалықтарында 40
миллион қой бар еді, “бай элементтерінің қастандығы” – аштық апаты
салдарынан ол 8 есе кеміп, 5 миллионға дейін азайды. Соңғы екі жыл бойы
сырттан асыл тұқымды мал жеткізу, басқа да шаралар жүргізу жолымен,
Қазақстанның 15 жылдық торқалы тойы қарсаңында республикадағы мал басы 8
миллионға жеткізілген-ді. Бұл мақтаныш қылатын дерек болатын. Алайда,
сталиндік статистика, адам санына келгенде, бұл шақта жария болудан
қалған. Ашаршылық құрбандары жайында салтанат үстінде ешкім жұмған аузын
ашқан жоқ...
Большевизм ұрындырған ұлттық апаттың осынау үшінші кезеңінде – 1932 жылғы
алапат ашаршылықта – халқымыз сол кезгі мөлшерінің тең жартысын жоғалтты.
Шамасы жеткен азшылық шет елдерге өтіп кетуге мәжбүр болды.
Қатыгез де қылмысты жүйені айыптай отырып, сол жүйеге адал қызмет еткен
жауапты қызметкерлердің, қатардағы коммунистердің, былайғы жұрт
өкілдерінің арасында осынау ұлттық трагедияға жайбарақат қарай алмағандар
болғанын ұмытпауымыз керек. Олар Мәскеудегі, Алматыдағы биік басшылыққа
аштық қасіретінің алғашқы белгілерін хабарлаудан бастап, жаппай сипат
алған мысалдарды айтып, дабыл қақты. Тіпті, орталықтың эмиссары Филипп
Голощекинді орнынан босатпайынша, республикадағы ауыр жағдайды түзеу қиын
болатыны жөнінде Қазақ өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі, Халық
комиссарлары кеңесінің төрағасы Ораз Исаев Орталық Комитетке жазбаша
ұсыныс жасады. Бірақ оларға Бас хатшы Сталин бастаған тоталитарлық билік
құлақ асқан жоқ. Исаевтың ұсыныстары негізінде Қазақстанның мал
шаруашылығындағы олқылықтарды түзетуді көздеген 1932 жылғы 17 қыркүйектегі
әйгілі қаулысын қабылдап, оны орындауды сол Голощекиннің өзіне жүктеді...
Ресей Компартиясының Қазақ өлкелік комитеті мен Қазақ АКСР Халкомкеңесінің
өкілі Ораз Жандосов республикадағы 162 ауданның ішінде аштық нәубетінің
зардабын ерекше тартқан Сарысу ауданының үштен бірі ғана аман қалған
жұртын жаңа қонысқа көшіріп, тіршілігін жандандыруда көп жұмыс атқарды.
Аудан халқының бүгінгі ұрпағы белгілі мемлекет қайраткерінің бұдан 65 жыл
ілгергі сын шақта сіңірген еңбегіне алғысқа толы ризашылығының белгісі
ретінде таяуда ғана оның аруағын ұлықтады. Ашаршылықта арашашы болуымен
ұрпақтар санасына терең ұялаған көрнекті қайраткер Жандосовтың мүсінін
сомдатып, кезінде аудан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы лагерлер жүйесімен халық қасіреті
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
ХХ ғ. 30-шы жылдарындағы Павлодар Ертіс өңіріндегі ашаршылық
Қостанайдың орыстарынан қазақтың халі жаман
ХХ ғ. 30 - жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылықтың демографиялық зардаптары
1931 - 1933 жж Қазақстандағы ашаршылық
Бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен
Қазақстанда күштеп ұжымдастырудың зардаптары
АЗАТТЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ТОРҒАЙ АҚЫНДАРЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ
Индустрияландыру: жүргізілуі, қарқыны, аумағы
Пәндер