Бахаи сенiмi жайлы



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3 бет

1 Бахаи сенiмiнiң шығуы мен қалыптасуы¬¬¬¬¬ ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5 бет

1.1 Бахаи сенiмiнiң пайда болуыныңтарихи.мәдени алғы шарттары ... .. 5 бет

1.2 Бахаулла Бахаи сенiмiнiң негiзiн қалаушы ... ... ... ... ... ... ... ... .7 бет

2 Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19 бет

2.1 Қазiргi таңдағы Бахаи сенiмiнiң жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... . 30 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанда бахай сенiмi аз зертелген. Бұл тақырыпты Трафимов, Артемьев, Ғ Есiм Соңғы уақыттарда елімізде адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдеп жатқаны байқалуда. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әртүрлі діни идеялар толтыруға тырысып бағуда. Нәтижесіз де емес. Бұл діни идеялардың Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де, үйлеспейтіндері де бар. Сондықтан да дін дегеннің не екенін танып білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік.
Жүргізілген зерттеулердің көрсеткіші бойынша бүкіл республика территориясында 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни бірлестік әрекет етеді.Соңғы деректер бұл көрсеткішті 2504 ке жеткізіп отыр /1/. Бұл біздің елімізде діндердің түрінің өте көп екендігін дәлелдейді.Қазақстан секілді жас, әрі халық саны да аз мемлекет үшін бұл көрсеткіш қауіпті сияқты. Сонымен қатар осы саны көп діни ошақтардың сапасы қандай екенін, олар қандай идеяларды насихаттайтынын және олардың идеяларын қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда. Радио, теледидар және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, тек таныстырумен шектеледі.Еліміздегі діни ахуалды терең ұғынып, оған жан-жақты баға беру дінтанушы ғаллымдардың негізгі міндеті болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы Бахаи Ұйымы жұртшылықтың назарын өзіне әжептеуір аударуда.Бұл ұйым Қазақстанда заңды түрде тіркеліп, жұмыс жүргізуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бахаиліктің Қазақстан жеріне келу тарихы сонау 1938-39 жылдарға тура келеді. Өйткені осы жылдары Орта Азия мен Кавказ аймақтарында тұратын бахаилерді біздің елдің солтүстік жақтарына жер аударады. Бұл діни ағым Қазақстан жерінде соңғы он жылдықта әрекет етіп келе жатқандықтан бұл тақырыпқа арналған арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы.
Бахаилік жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары өз еңбектерінде орын бергенімен арнайы зерттеу жасалмаған. Орыс ғалымдарынан Бахаулла және оның діни іліміне қатысты арнайы зерттеу жасап , еңбек жазған Базиленко И.В болып табылады. Ғалым «Бахаизм: история вероучения (середина XIX- начало XX в)» атты еңбегінде бахаилікті тарихи тұрғыдан қарастырып, әлемдік діндер қатарына енуге ұмтылып жатқан діни – саяси ілім деп айтады. Ал Қазақстанда Трофимовтiң “Религии в Казахстане”, Артемьв А.И “Религии в Казахстане”, “Религиоведение” Артемьв А.И және Ғ Есiм “Дәнтану негiздерi”.
Бахаиліктің Қазақстандағы жағдайына қатысты Алматы қаласындағы Бахаилердің Ұлттық Рухани Мәжілісінен алынған деректер қолданылды.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

Философия және ғылым методологиясы кафедрасы

БIТIРУ ЖҰМЫСЫ

Бахаи сенiмi

Орындаған __________________________Туребаева Ж.М.

Ғылыми жетекшісі:
филос. ғ.к______________________________ Бейсенов Б.Б.
(қолы, күнi)

Рецензент
Филос. Ғ.д профессор____________________Орынбе ков М.С.
(қолы, күні)

Норма бақылаушы _____________________Өмiрбекова А.Ө
(қолы, күні)

Қорғауға жіберілді: философия
және ғылым методлогиясы
кафедрасының меңгерушісі қ.а.
филос. ғ.к., доцент _____________________ Затов Қ.А.
(қолы, күнi)

АЛМАТЫ 2005

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3 бет

1 Бахаи сенiмiнiң шығуы мен қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5 бет

1. Бахаи сенiмiнiң пайда болуыныңтарихи-мәдени алғы шарттары ... .. 5 бет

1.2 Бахаулла Бахаи сенiмiнiң негiзiн қалаушы ... ... ... ... ... ... ... ... .7 бет

2 Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19 бет

2.1 Қазiргi таңдағы Бахаи сенiмiнiң жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... . 30 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстанда бахай сенiмi аз зертелген.
Бұл тақырыпты Трафимов, Артемьев, Ғ Есiм Соңғы уақыттарда елімізде
адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші
орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдеп жатқаны байқалуда. Қоғамда
пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әртүрлі діни
идеялар толтыруға тырысып бағуда. Нәтижесіз де емес. Бұл діни идеялардың
Қазақстан халықтарының рухани сезімдерімен үйлесетіндері де,
үйлеспейтіндері де бар. Сондықтан да дін дегеннің не екенін танып білу
әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік.
Жүргізілген зерттеулердің көрсеткіші бойынша бүкіл республика
территориясында 46 конфессия мен деноминациядан өкілдік танытатын 2192 діни
бірлестік әрекет етеді.Соңғы деректер бұл көрсеткішті 2504 ке жеткізіп отыр
1. Бұл біздің елімізде діндердің түрінің өте көп екендігін
дәлелдейді.Қазақстан секілді жас, әрі халық саны да аз мемлекет үшін бұл
көрсеткіш қауіпті сияқты. Сонымен қатар осы саны көп діни ошақтардың сапасы
қандай екенін, олар қандай идеяларды насихаттайтынын және олардың идеяларын
қабылдаушылар кімдер екені көбінесе назардан тыс қалуда. Радио, теледидар
және баспасөз арқылы берілетін хабарлар үстірт, тек таныстырумен
шектеледі.Еліміздегі діни ахуалды терең ұғынып, оған жан-жақты баға беру
дінтанушы ғаллымдардың негізгі міндеті болып табылады.
Қазіргі кезде Қазақстандағы Бахаи Ұйымы жұртшылықтың назарын
өзіне әжептеуір аударуда.Бұл ұйым Қазақстанда заңды түрде тіркеліп, жұмыс
жүргізуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Бахаиліктің Қазақстан жеріне келу тарихы
сонау 1938-39 жылдарға тура келеді. Өйткені осы жылдары Орта Азия мен
Кавказ аймақтарында тұратын бахаилерді біздің елдің солтүстік жақтарына жер
аударады. Бұл діни ағым Қазақстан жерінде соңғы он жылдықта әрекет етіп
келе жатқандықтан бұл тақырыпқа арналған арнайы ғылыми еңбек жоқтың қасы.
Бахаилік жайлы орыс шығыстанушы ғалымдары өз еңбектерінде орын
бергенімен арнайы зерттеу жасалмаған. Орыс ғалымдарынан Бахаулла және оның
діни іліміне қатысты арнайы зерттеу жасап , еңбек жазған Базиленко И.В
болып табылады. Ғалым Бахаизм: история вероучения (середина XIX- начало XX
в) атты еңбегінде бахаилікті тарихи тұрғыдан қарастырып, әлемдік діндер
қатарына енуге ұмтылып жатқан діни – саяси ілім деп айтады. Ал Қазақстанда
Трофимовтiң “Религии в Казахстане”, Артемьв А.И “Религии в Казахстане”,
“Религиоведение” Артемьв А.И және Ғ Есiм “Дәнтану негiздерi”.
Бахаиліктің Қазақстандағы жағдайына қатысты Алматы қаласындағы
Бахаилердің Ұлттық Рухани Мәжілісінен алынған деректер қолданылды.
Зерттеудің мақсаттары:
1. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы Бахаилік ағымының даму ерекшелігін
зерттеу.
2. Бітіру жұмыс діннің мәнін ашып, Бахаилікті Қазақстанның рухани
өміріндегі жаңа құбылыс ретінде қарастырып жан-жақты мазмұнын айқындауға
ұмтылады.
3. Бахаилікті Қазақстандағы жұртшылықтың қабылдау себептерін айқындау.
Зерттеудің міндеттері:
1.Республикадағы діни жағдайлардың мәнін ашу. Дін мәселесін шешудегі
негізгі түйін халықтар арасындағы өзара достық пен түсіністікті сақтау
екенін көрсету.
2.Қазақстанда пайда болған жаңа діни ағымдардың бірі болып табылатын
Бахаиліктің даму табиғатын ғылыми тұрғыдан талдау. Сенім негіздерін
тереңінен зерттеу.

1 Бахаи сенiмiнiң шығуы мен қалыптасуы

1.1 Бахаи сенiмiнiң пайда болуының тарихи-мәдени алғы шарттары.

Иран кең таулы үстiрттерден, айналасы биiк таулармен қоршалған,
мемлекеттiң ортасында Үлкен Тұзды шөл орналасқан, солтүстiгiн – Каспий
теңiзi мен Тұран шөлi, оңтүстiгiн – Парсы шығанағы және Үндi мұхиты алып
жатыр.
Бахаи сенiмiн қандай жағдайда пайда болғанын бiлу үшiн, XIX ғасырдың
басында барлық Ортаңғы Шығыс саяси, экономикалық, әлеуметтiк құлдырауды
басынан өткiзгендi ескеру қажет.
Өткеннiң үлкен өркениетiн қалыптастырған Иранның халқы 1800 жылы
әлсiреп, әлем тарихынан айрылған. Кейбiреулерi байлықта шомылса, ал
көпшiлiк халық кедейлiк, ауры және надандықты бастан кешiрген.
Сыбайластықтың әсерiнен реформалар тоқталып, парақорлық пен мұлiктi
билiкпен қиянат етушiлiк кең өрiстедi.
Иранның көбiсi – мұсылмандар, бiрақ мемлекетте зороастризм, иудаизм және
христиа дiнiн ұстанушылар кездеседi. Сол кезде осы дiндер арасында бiр-
бiрiне деген шыдамсыздық болды. Сонымен қатар, Парсы жерi ислам үшiн де,
христиан үшiн де өте маңызды, өйткенi бұл мемлекет екi дiннiң де Қасиеттi
Жазбаларында кездеседi.2
Бахаи сенiмi Бiр құдайдың бар екенiн қуаттап, Оның пайғамбарларының
бiрлiгiн мойындап және бүкiл адамзат тұқымының бiр және бiртұтас екенiн
уағыздайды. Ол адамзаттың бiреуiнiң қажеттiлiгi мен Оның мiндеттi түрде
орындалатындығын мойындайды. Ол уақыттың жақындағанын және де Құдайдың
өзгертушi рухының, Оның таңдаған Жариялаушысының көмегiмен iске
асатындығын жариялайды. Сонымен қатар, Бахаи сенiмi өз жақтаушылырына
әртүрлi ескi сенiмде мен пiкiрлердi сынай отырып, ақиқатты тәуелсiз iздеудi
негiзгi мiндет ретiнде тапсырады; дiннiң мақсаты достық пен келiсiмдiлiктi
бекiту деп мәлiмдейдi; Өзiнiң ғылымға қарсы еместiгiн, оны адам қоғамымының
дамуының, үйлесiмдiлiгi мен реттiлiгiнiң басты құралы ретiнде сынайтындығын
жариялайды. Ол ерлер мен әйелдер теңдiгi және тең мүмкiндiгi бар деген
қағидаларды толлық қолдайды; жалпы бiлiм берудi жақтайды шектен тыс байлық
пен кедейлiкке қарсы шығады; дiн институттарын жояды; құлдық, сопылық,
қайыршылық пен тақуалыққатиым салады; бiр неккелiктi тапсырады; некке
бұзуды айыптайды; өз үкiметне қатаң бағынудың қажеттiлiгiн ескертедi; еңбек
қызметiнiң барлық түрiн құптайды; оны құдайға сиынумен тең деп санайды;
халықаралық көмекшi тiлдi жасауды немесе көп тiлдердiң бiрiн осы рөлде
пайдалануды ұсынады және бүкiл әлемде бейбiтшiлiк орнатып, оны сақтайтын
институттардың нұсқауларын бағдарлайды.
Бахаи сенiмi үш басты тұлғалармен байланысты, олардың бiрiншiсi Шираз
жiгiтi Сейд Али Мұхаммед. Ол саудагерлердiң жанұясында туылғанымен, оның
руы Мұхаммед (Ғ.С) ның ұрпағына жататын. Ол жас кезiнде әкесiнен айырылып,
ағасының қолында өседi. 1844 жылдың 23 мамырында 25 жасында өзiн
жариялаушымын деп мәлiмдедi. Ол өзiн Баб “қақпа”лауазыммен атады. Парсы
жерiнде пайда болған Бабтың iзбасарлары бабилер деп аталады. Жаңа және жас
Пайғамбардың даңқы бүкiл әлемге тарала бастады. Бабтың алғашқы 18 шәкiртi
(ал Өзi он тоғызыншы)“Тiрiнiң Қарпi” деген атпен белгiлi болды. Баб өз
шәкiрттерiн Парсы мен Түркiстанға оның келгендiгi туралы хабарды тарату
үшiн аттандырды. 3
Алайда Баб өзін Мехди деп атаумен ғана шектелген. Ол өзіне Ноктэе-Улла
немесе Тұңғыш нүкте деген мәртебені қабылдап алды.4
1844 жылдың желтоқсан айында Баб Меккеге барып, өзiн қажылыққа келген
бүкiл халықтың алдында өзiн Мехди деп жариялады..Бұл хабар Иран жерiнде
үлкен уайым тудырды. Бабты тындауға көптеген халық жиналып, оның даңқы
күннен күнге өрбей түстi. Байлар мен кедейлер, оқығандар мен сауатсыздар,
қала халқы мен ауыл тұрғындары-барлығы көбiрек бiлу үшiн жинала бастады.
Бабтың шәкiрттерiнiң арасында бiрнеше ғалымдар мен лауазымды дiни
қызметкерлер болды. Оның бiлiмi, даналығы, ерлiгi шәкiрттерiне
қызығушылықпен қуат бердi, ал мемлекет басшылары үшiн

үлкен үрей мен араздық тудырды.
Шейиттер, жоғары дiнбасылар Оған ауыр айып тақты, Олар Бабтың iлiмiн
күпiрлiк деп, оның шәкiрттерiн дiннен безгендер деп олардың жазалануын
талап еттi.
Бұл араздықтын себебiн бiлу үшiн Бабқа шах Вахид жiберiлдi. Вахид
бiлiмдi, дана, аса құрметтi адам болды. Вахид Бабпен үш рет кездескеннен
кейiн ол оның шәкiртiне айналып, осы сенiмдi насихаттай бастайды. Бұл
хабарды естiген Уәзiр Бабты мемлекеттiң солтүстiк шекарасының маңындағы Ма-
Ку қамалына жiбередi.
Қатаң күзет қойылған қамалдың бөлектенген iшкi әлемiнде өзiнiң
серiктерiмен байланысы үзiлiп, оның iсi өшедi деп есептеген үкiмет
басшыларының үмiттерi аяқталмады. Жайдары мiнездi Баб күзеттiң жүрегiн
жаулап алды. Қамал басқарушысының келiсiмiмен онiң шәкiрттерi ұстаздарына
қатынасып тұды.Бабтың iсi өшудiң орнына бұрынғысынан да жылдам қарқынмен
өстi.
Бұл жағдай үкiметтi қатты алаңдатты. Ма-Ку қамалындағы тоғыз ай қамаудан
кейiн, талаптары қатал да, азапты Чихриг түрмесiне ауыстырылды.
Жаппай қырғынға ұшырау да, бабилердi қатаң аңдуға алу да, тiптi Бабтың
өзiн қамауда ұстау да, оның iлiмiн тоқтата алмады, дәрмендерi жетпеген
үкiмет Баб қозғалысының ақыры Бабты жазалау деп шештi.5
1850 жылғы шiлде айының тоғызында Баб отыз бiр жасқа қараған шағында,
ашынған қуғыншылардың құрбаны болды. Онымен бiрге Бабтың азабын бiрге
бөлiсудi өз еркiмен, бар ынтасымен қабылдап алған Аға-Мұхамед-Әли деген
шәкiрт те қаза тапты.Баб Тебриздегi ескi Абақты алаңында өлiм жазасына
кесiлдi.6
Азаппен өлтiрiлген Бабтың мүрдесi және Онымен бiрге қаза тапқан
iзбасарларының денесi қала сыртындағы апанға тасталды. Келесi түнi бiрнеше
бабтықтар өлiктердiң денесiн тауып алып, Парсының құпия қоймаларында ұзақ
жылдар сақтады да, ақырында зор қиындық көре отырып, Баб пен оның
шәкiртiнiң мүрдесiн 1899 жылы Қасиеттi жерге жеткiзедi, ал 1909 жылы
Кармель тауыныңбөктерiнде, Илия үнгiрiне таяу тұста жер қойнына берiлдi.
Баб жазбаларының саны көп. Бабөз аяндарын араб және парсы тiлдерiнде
жазған. Ол өзiнiң терең тұжырымдарын мейлiнше шапшаң, алдын-ала ойланып
отырмай-ақ жазды.Жазбаларының мазмұнының тереңдiгi мен дұғалар тiлiнiң
әсерлiгi-Оның Құдай рухынан қуат алғандығының айқын дәлелi.Өз жазбаларында
Баб шәкiрттерiнiң туысқандық сезiмiмен, iзеттi қылықпен ерекшеленiп тұруы
қажеттiгiн айтып кетедi.
Ескi аяндардың киелi жазуларына сәйкес Ол өзiнен де жоғары Оның келетiнiн
хабарлап, оған жағдай туғызатынын жариялайды, ал Жоғары ол болса, тағы да
сол жазуларға сәйкес Құдайдыңбар әрекеттерiнiң ең биiк Шыңы ретiнде қуаныш
пен қарсы алынатын, дүниежүзiлiк дiн тарихындағы жаңа кезеңдiашатындәуiрдi-
жақсылық пен бейбiтшiлiк дәуiрiн ашуға мiндеттi дедi.

1.2 Бахаулла Бахаи сенiмiнiң негiзiн қалаушы.

Келедi деп Баб болжаған Бахаулла, яғни “Құдай даңқы” деген лауазымды
қабылдаған Мырза Хұсеин Әли – мемлекет министiрi қызметiн атқарған Мырза
Аббастың үлкен ұлы едi. Ол Парсының астанасы –Тегеранда, 1817 жылы 12
қарашада таң алдында дүниеге келдi.Ол еқашан мектептiң табалдырығын аттаған
емес, үйде ғана аздаған бiлiм алды. Бiрақ ол сәби кезiнен бастап асқан
зеректiк танытты. Ол бозбала шағына жеткенде әкесi қайтыс болып, iнi
қарындастарына қамқорлық Бахаулланың иығына түстi.
Ерекше қабiлеттерi Оның шектен тыс тәкәппарлығын оятпады. Ол кiшiпейiл
әрi қайырымды болатын. Оның талғамы да қарапайым болатын. Ол табиғатты,
құстарды, ағаштарды, гүлдердi,аңдарды жақсы көретiн және уақытын сарайдан
гөрi қаланың сыртында өткiзгендi қалайтын.Ол ақшаға қызыққан емес, кедейлер
мен жарлыларға жұмсайтын сол кездiң дәстүрi бойынша Ол ерте үйленген едi.
Оның әйелi де бай отбасынан болатын, бiрақ оның талғамы да қарапайым едi.
Өздерiнен гөрi өмiрде әлдеқайда нашар тұрып жатқандардың үлестерiн
жеңiлдету үшiн олар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар
бiрiгiп жұмыс iстедi. Олардың үйлерiнiң есiгi әрқашан тамақ iздеген,
баспана мен көмек сұрағандарға ашық болатын. Оларды “Кедейлердiң Әкесi мен
Шешесi” деп атады. Бахаулланың әкесi қайтыс болғаннан кейiн, оған оның
сарайындағы орнын ұсынды, дегенмен Ол болса бас тартты. 7
1844 жылдың жазында, Баб өзiнiң мiндетiн жария еткеннен үш ай өткен
соң, Молла Хұсейiн Бабтыңүндеулерi бар шиыршықталған бұлама қағазды
Тегеранға әкелдi және оның Бахаулланың қолына түсуiн қадағалады. Бахаулла
шиыршықталған бұлама қағазды оқығаннан соң, Бабты мойындап және Оның
iзбасары болды. Сол кезде Бахаулла жиырма жетi жаста едi. Бахаулла Бабпен
ешқашан кездескен емес, бiрақ, онымен әрдайым хат алысып тұрды, бар жанымен
оның iлiмiн қолдап және оны таратуға ұмтылды. Нәтижесiнде, Ол көпшiлiк әлi
жөндi бiлмеген қозғалыстың қатарында болып шықты, мұның мүддесi болса мұның
өз тобының мүдделерiне қарама-қарсы едi.
Қорықпайтын, қажымайтын Бахаулла бабтықтарға қолдау көрсетiп, оларға
көмектесiп әрi құнды ақыл-кеңес берiп тұрды. Баб Өзiнiң тез арада өлетiнiн
түсiнгенде, Ол Бахауллаға өзiнiң мөрi, қағаздары мен хат жазатын қаламдарын
берiп жiберген едi. Бахаулланың нұсқауы бойынша, Бабтың мүрдесi Тебризден
әкелiнiп, сенiмдi жерде сақталынған едi.
1852 жылдың тамыз айында бабтықтарға кейiн ауыр зардаптар әкелген бiр
оқиға болды. Садық есiмдi Бабтың жас iзбасарларының бiрi, сүйiктi Ұстазының
азапты өлiмiнен есеңгiрегенi сонша есiнен айырылып кек қайтаруға шешiм
қабылдайды: ол шахты алдап содан соң оған қастандық жасайды. Бiрақ
мылтығына оқтың орнына бытыра салып атқандықтан шахты бұл ауыр жарақаттан
сақтап қалды. Садық сол жерде ұсталынып және сол жерде өлтiрiледi. Бабтың
барлық iзбасарлары осы оқиғаға қатысы барлар деп әдiлетсiз айыпталынады
да, бабтықтарды бас-басына өлтiру сойқаны басталады. Сексен адам дереу
ұсталып, азапты өлiмге бұйрылады, басқалары болса ұсталынып, түрмеге
тасталады, бұлардың iшiнде Бахаулла да бар едi.
Бахаулланы қамаған Сиях-Чаль түрмесi, алғашқыда қаланың бiр көпшiлiк
моншаларының үлкен ыдысы ретiнде ойланып жасалынған едi. Оны мүлде қараңғы
дәлiзден өткiзiп, үш баспалдақтан төмен қарай жердiң астына түсiрдi. Зындан
қараңғы, дымқыл әрi құрт-құмырсқаға толы болатын. Мұнда, киiмсiз, ешқандай
төсек –орынсыз жүз елу адам безгектен қалтырап жатыр едi. Басым көпшiлiгi
кiсi өлтiрушiлер, ұрылар мен бұзақылар едi.
Бахаулла да кiсенделiнген едi. Оның иығында зiлдей ауыр шынжыр Ол не тұра
алмай, не жата алмайтын етiп бекiтiлген. Бұл шынжырлардың Оның денесiне
әбден батқаны сонша, одан қалған белгiлердi Ол өмiрiнiң соңына шейiн алып
жүрдi.
Бахауллаға деген құрмет зор едi, сондықтан билеушiлер Она азаптап
өлтiруге бата алмады.
Күн сайын күзетшiлер бабтықтардың бiреуiн азаптауға және өлтiруге алып
шығып отырды. Әрдайым, кезектегi бабтықты өлтiруге келгенде, ол Бахаулладан
бата сұрайтын да содан соң өлiмге қарсы қуана шығып отырды.
Осындай жағдайда Бахаулла түрмеде төрт ай өткiздi. Ол одан шыққанда, Оның
денсаулығы қатты зақымдалып, мойны қажалып, арқасы бөкiрейген едi.
Сиях-Чаль түрмесiнде Бахаулламен Оған- “Кiмдi құдай ашса, Сол” екенiн
түсiндiрген керемет оқиға болды; келуi туралы Баб болжамдап айтып кеткен
Арман Етiлгеннiң өзi едi.
Бахаулла қараңғы қапаста басынан не өткенiн, алғаш рет өзiне
тағайындалғанды ұсынғанын былай деп суреттеген:
“Бiр күнi түнде, түсiмде, Маған жан-жағымнан мынадай асқақ сөздер естiле
бастады: “Ақиқатында, бiз Саған және Сенiң қаламына жеңiстi сый ретiнде
тарту етемiз. Сенi осы құбылжытулар қамықтырмасын және қорықпайтын бол,
өйткенi Сен қорқатындай ештеңе жоқ. Жуық арада Құдай жердегi қазыналарды
көрсетедi, Сенiң атыңмен және Сенiң Өзiң арқылы Саған көмектесетiн, Құдай
Өзiне сенетiндердiң жүрегiн тiрiлтетiн- адамдарды ” Мен Тегеранда өткiзген
сол күндерде, шынжырдың ауырлығынан Мен қан жұтып жатқанымда маған сасық
қапаста кқзiм бiр сәт iлiнген тұста тау шыңынан құйғытып келе жатқан жойқын
ағыс тәрiздес бiрдеңе қараңғыда кеудеме жойылып бара жатқандай болатын. Сол
кезде Менiң бүкiл денем жалынға оранып, ал аузымнан жай адамның естуiне
болмайтын сөздер шығып жататын”.
“Уа Патша! Мен, басқалар тәрiздi өз төсегiмде жатқан адамдардың бiрi
болатынмын, бiр мезетте Ең Даңқтың самал желi менi желпiп алды да,
болғанның бәрiн бiлуге үйреттi. Бұл Менен емес, бiрақ, кiм Ең Құдiреттi әрi
бәрiн бiлушi болса Содан. Сондықтан, Ол маған жер мен көктiң арасында
өзiмнiң даусымды шығаруыма өмiр еттi, және осы үшiн менiң пешенеме мынау
жазылды, ақыл-санасы бар ерлердiң көз жастарының аққаны да содан болатын...
Оның Бәрiне бағындыра алтын өмiрi маған жетiп, содан соң адамдар арасында
сөйлеуге мәжбүр еттi. ”
Бахаулла өзiнiң өмiрiнiң әлдеқайда кейiнгi кезеңдегi шахқа жазған хатында
бұл оқиғаны осылай суреттеген.
Оны түрмеге қамағандар болса, Оның шахқа қастандық жасалуына қатысы бар
екенi жайлы дәлел таба алмады. Шахтың сарайындағы орыс елшiсi- Д. И.
Долгоруков Оның шахқа қасы арандаушылыққа қатысы жоқ екенiн дәлелдеп және
Бахаулланы босатып алуға өзiнiң ықпалын жұмсады. Шах бiраз ойланып барып
Бахаулланың түрмеден босатылуына келiстi, бiрақта Бахаулланы Иракқа,
Мессопатамияға жер аударуға өмiр еттi.
Сонымен , 1852жылдың желтоқсанында Оның Сиях-Чаль деген атпен белгiлi
болған сұмдық шұңқырда қамалуы аяқталған болатын. Дегенмен, дәл осы жер
астындағы қамауда, “моладай қара түнекке оранған, сасық иiсi мұрын жарған ,
суық пен дымқылдан аяғы кiсенге шегеленiп тасталған”, Оған бахаи Ашылымының
нақты басы ашылған болатын.
Бахаулланың Парсыдан жер аударылғанын естiген Долгоруков оған Ресейден
баспана және көшiп келу кезiнде күзетке алдыруға ұсыныс жасады. Дiннiң
негiзiн салушыға үкiмет тарапынан баспана беруге дайын болып және оны
босату жөнiнде өтiнiш бiлдiрген жалғыз Ресей мемлекетi ғана болатын. Шах
айтанға көнiп тұтқынды босатты, бiрақ Бахаулла орыс елшiсiне алғысын
бiлдiрiп, ұсынған көмегiнен бас тартты- Ол шахтын Бағдатқа жер аудару
туралы бұрығына мойынсұнды. Жер аударылудың алғашқы кезiнде Долгоруковтың
бұйрығы бойынша Бахаулланы орыстың дипломатиялық корпусының ресми өкiлi
тұтқынға ерекше қамқорлық көрсетiп ерiп отырды.
Бахаулланың жер аударылуы жаңадан туған дiни қозғалысқа Батыстағы жаңа
толқынның қызығушылығын тудырды. Сол уақыт аралығында Бағдаттан
Палестинадағы Акка қаласының түрмесiне ерiксiзден ел кезуге мәжбүр болған
тұтқынды шетел дипломаттары мен тарихшылары өз мемелекеттерiнiң үкiметiн
Парсының дiни өмiрiндегi ерекше маңызды көрiнiсiн хабардар етiп отырған.
Бахаулла бүкiл мүлкiнен айрылған болатын, сондықтан Ресейдегi баспана
мүмкiндiгiнен гөрi Ираннан жер аударылғанды артық көрiп, отбасыларымен
бiрге Парсыдан кету үшiн бiр айға мұрсат алды.
Оның жекеменшiгiнiң бәрi тәркiлендi, сондықтан, Бахаулла жолға дайындала
алмады. Қыстың ортасы едi, қатты аяз болып тұрды, Бахаулланың әйелi
Наввабтың екiқабат болғанына жетi ай болатын. Өзi де ауырып, Бағдатқа дейiн
созылған жол да үш айды алды. Қуғындалғандар қар басқан таулармен, теңдеп
жүк артылған жеңiшке соқпақтармен жүрiп отырды, түндерiн қарапайым жәй
баспаналарда, ұйықтауға еш жағдйы жоқ және тамағы да жеткiлiксiз жерлерде
өткiдi.
Ауырып әрi шаршап-қалжыраған Бахаулла Бағдатқа 1853 жылдың 8- шi
сәуiрiнде жеткен едi. Орнына келiп жеткен соң, Оның жолдың азабын
көтеретiнiне, не болмаса тiрi қалатынына сенуден үмiттер үзген болатын.
Дегенмен Ол есiн жия алды да Иракта он жыл тұрды.
Бiраздан соң, басшысыз құлдыраған, қамыққан Ирактағы бабтықтардың
қауымдастығында Бахаулланың әсерi сезiле бастады. Дегенмен, Өзiнiң
адамдарға әсер еткенiне туған iнiсi қызғана қараған соң, бабтықтардың
арасында алауыздық пен ренiштiң себебi болғысы келмей Бахаулла қаланы
тастап кетуге мәжбүр болды. Бағдатқа келгенiне бiр жыл өткен соң, бiр күнi
түнде Бахаулла қаладан кетiп қалды.
Келесi екi жылын Ол Күрдiстан тауында саяқ тұрып өткiздi. Саяқтұрып
жатқанына қарамастан, Бахаулла Өзiнiң мейiрiмдiлiгi мен даналығының
арқасында, тез арада олардың арасында белгiлi болды. Сол аймақтың оқымысты
адамдары Онымен кездесуге құштар болды. Оны оқымыстылар ғана емес, қараңғы
адамдар да оны сондай тең дәрежеде сыйлап, әрi әулие кiсi жайында атақтез
арада Бағдадқа да жеттi. Әдеттен тыс тақуа адам жайында естiген Бахаулланың
отбасы, әңгiме Сол туралы екенiн сездi де, Оған шабармен жiберiп қайтып
оралуын өтiндi, Ол осылай iстеп, өзiнiң кетiп қалғанынан кейiн тура екi жыл
өткен соң (19 наурыз 1856 жылы) қайта оралды.
Бахаулла жоқ болған кезде, бабтықтар қауымдастығындағы жағдай нашарлай
түскен едi. Келесi жетi жылын Ол бабтықтарды тәрбиелеп және iлiмнiң негiзiн
үйретуге жұмсады. Жеке басының үлгiлiгiмен және тәлiмгерлiгiмен, жазбаша
және ауызша сөзiменен, Ол бабтықтардың қауымдастығындағы өзгерiстерге
жеттi, сонысымен ол қозғалыстың тазалығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете
алуға қабiлетi бар жалғыз адам екенiн көрсете алды. Бағдад бабтықтарды
мiнездерi бар адамдар ретiнде таныған едi. Бахаулла мен Оның пiкiрлестерi
қарапайым әрi тақуа болып өмiр сүрдi. Олардың меншiктерi аз болса да
олардың өмiрi қуанышқа толы едi.Бахаулламен тауда кездескен күрт мистиктары
мен дiн басшылары, Оған ендi Бағдадқа келетiн болды. Көбiсi Оның жолын
ұстанушы болды. Мистиктар, ақындар, өкiмет қызметкерлерi болды,ханзадалар
Онымен танысуға ұмтылды. Сырқаттанғандар мен азаптанушылар, әдiлеттi
iздеушiлер есiктiң табалдырығына дейiн топталып келiп жатты. Бұл
мұсылмандар ғана емес, христиандар мен яғудейлер де едi.
Бағдадтағы жылдарда Бахаулланың қаламынан аяндар құйыла түстi. Оның
негiзгi дiни жұмысы Шүбәсiздiк Кiтабы екi күн мен екi түннiң iшiнде
жазылды. Кiшiгiрiм, бiрақ, баурап рухани басшылыққа итермелейтiн Асыл
сөздердi, Суфий мистиктарына жауап ретiнде ойластырылған Жетi Асу деп
аталатын мистикалық кiтапты да ол осы Бағдадта жазған едi.
Бахаулланың өсiп бара жатқан ықпалынқызғанған Бағдадтың мұсылман
басшыларының бiр тобы, Иран шахын келiсiмiмен Оның беделiн түсiруге
ұмтылды. Олар бәрi қабылдап, мойындай алатын ғажайыпты көрсетудi талап
еттi. Бахаулла олардың таңдауы бойынша қандай болмасын бiр ғажайыпты
жасауға келiстi, бiрақ үлемдер бiр-бiрiмен өзара келiсе алмады да,
Бахаулланың шақыруы аяқсыз қалды.
Иранның Бағдадтағы консулы, Бахаулланың өсiп бара жатқан даңқысына
мазасызданып, Оның қаладан қуылуына әрекет жасай бастады. Ол өзi мақсатына
жеттi. Бағдадтың губернаторы Бахауллаға қатты масаттанып және Оның жер
аударылуы туралы бес нұсқауға кқңiл аудармай келiп, алтыншы ретте,
кiбiртiктеп барып көнген соң, Бахауллаға Оттоман Империясының сұлтанының,
Оның Константинопольге ауыстырылатыны жайында бұйрықты жария еттi.
Бахаулланның жер аударылуы Бағдадтағыларды қатты ашуландырды. Оның үйiнiң
қасында жүздеген адамдар жиналып, Оның кететiнiне жылап, әрi қайғырып
жатты.
Ұзақ сапарға шығатын керуендi күтуде, бүкiл отбасы он екi күнге қала
сыртындағы (бахаилар Ризван бағы деп атаған) Наджиб-Пашаның бағына көшiп
барды.
Көбiсi баяңыдан –ақ iшкi түйсiктерiмен сезген едi, Баб Кiм туралы
болжамдаса, мұның дәл Соның өзi екенiн, бiрақ Бахаулла ешқашан да және
ешкiмге де өзiнiң мiндетi жайлы айтқан емес едi. Тек осы жерде, Ризван
Бағында, Ол өзiнiң кейбiр iзбасарларының алдында немқұрайлы мәлiмдеме
жасап, дәл өзi “Құдай Кiмдi ашса, Сол ” екенiн айтқан едi, содан олардың
зор қайғысы – қуанышқа айналды. Бахаулланың барлық дiндердiң Арман Етiлгенi
екенi, Оның сенiмi барлық адамзат баласына арналғаны, жаңа Күннiң тарихтың
көкжиегiнен шығып келе жатқаны жайында көпшiлiк алдында жария етуi он екi
күнге созылды, 1863 жылдың 21 сәуiрiнен 2 мамырына дейiн (Бабтың жария
етуiнен 19 жыл өткен соң). Жыл сайын барлық жерде бахаи сенiмiн
ұстанушылармен мейрамдардың iшiндегi ең қасиеттi, әрi маңыздысы болып
аталынатын бұл кезең тарихқа Ризван мерекесi болып ендi.
Бахаулланың Константинопольге жолы салтанатты шеру болды. Бахаулла басып
өткен қалалар мен ауылдардың басшылары, Оны құрметтеп қабылдап отырды.
Константинопольге нұсқау алды.
Парсы мен Түрiк өкiметi, Оның келесi айдалуы туралы өзара келскен кезде,
Бахаулла Константинопльде төрт айға жуық болған едi. Ол дереу Адрианопольге
(Едiрнеге) көшуге бұйрық алды. Желтоқсан кезi болатын: қыс суық едi, тiптi
ескi тұрғындар мұндай аязды көрген емес. Бахаулла мен Оның жолсерiктерiне
жолға жететiн қажеттi азық-түлiксiз шығуға тура келдi.Олар су мен желденң
астында , жан-жақтарынан жел азынап соққан , суық қатқан жерлермен жүрдi.
Жол он екi тәулiктен көп уақытты алды, кей кездерi түн iшiнде де жүру керек
болды; Әбден азған олар Адрианопольге жеткен едi.
Адрианопольде Бахаулла бес жылын өткiздi. Бұл жолы ешөандай да айыпталу
Оған қарсы өойылмаса да, Ол Оттоман Империясының ресми түрдегi тұтқыны
болды.
Адрианопольде Бахаи Сенiмi iштей күйреуге тап болды, ол Бахаулланың iнiсi
Мырза Яхья мен Сейт Мұхаммед деп аталатын тағы бiр адамның қызғаныштарымен
байланысты. Мырза Яхья Бахауллаға Бағдад пен Константинопольде де қызғаныш
көрсеткен. Ендi өызғаныштың Оны жеп бiтiргенi сонша, ол Бахаулланың асына
у қосып өлтiруге шешiм қабылдады. Бахаулланы у қатты азаптандырды,
сондықтан да бұл қастандықтың зардабын Ол өмiрiнiң аяғына дейiн сезiнумен
болды.
Адрианопольде болған кезiнде, Бахаулла монархтарға, барлық елдiң үкiмет
басшылары мен дiн жетекшiлерiне өзiнiң мiндетiн жазып- айтты. Осы жерде
және бұдан кешiректеу Аккада, Ол батыстың билiгi шектелмеген монархтарына,
оларды жаңа Сенiмдi қабылдауға шақырды. Оларды Ол бiр-бiрiмен
алауыздықтарын жақсартып, қару-жарақтарын қысқартып, содан соң өздерiнiң
халықтарына жақсылап қамқорлық жасай бастауларына шақырды. Англия Патшайымы
Викторияға жазған осынадай хаттардың бiрiнде Бахаулла былай жазды:
“Жер бетiн сауықтыру Құдай еi жоғары тәсiл мен зор құралды дайындады, ол
болса, барлық халықтың бiр ғаламшардың Iсiнде бiрiгуi мен бiр ортақ Сенiм.
Бұған ең құдiреттi, бәрiн бiлiп тұрған және шабыттандырушы Емшiсiз жете
алмаймыз ” .
Виктория Патшайымның үндеуге мынадай сөздермен жауап қатқанын әiгiмелеп
айтады: “Егер бұл Құдайдан болса, онда өлмейдi; егер олай болмаса, онда
бқдан зиян болмайды”.
Тегеранның Сиях-Чаль зынданында Оған ашылғанмен, сонда да болса бұл
жөнiнде он жыл бойы Ол ешкiмге айтпаған Бахаулланың Мiндетi, Бағдад
мпаңайының Ризван бағында көпшiлiкке 1863 жылы жарияланған болатын; ендi
болса, 1868 жылы Ол жер бетiнiң билеушiлерiне – барлығына және де
әрқайсысына жеке жария етiлдi. Бахаулладан үндеудi Наполеон III, Орыс
Патшасы Александр II, Пруссиялық Вильгелм I, Австриялық Франц – Иосиф, Папа
Пий IX, Тұрiк сқлтаны мен Иранның Шахы алды.
Дәл осы үндеу кезiнде, Адрианопольде, бахаи сенiмiнiң iзбасарларының
“Алла- у- Абха” (Құдай ең даңқты) деген сәлемi әдетке енiп және сенiмнiң
iзбасарлары өздерiн Бахаи деп атай бастады. Иран мен Иракта олар қатаң
қуғындалып және көбiсiнiң көздерi құртылса да, дегенмен қозғалыс кеңейе
бердi. Кейбiр бахаилар Бахаулланы көруге үмiттенiп Иран мен Ирактан
Адрианопольге қажылық жасады. Түрiк билеушiлерi Адрианопольде Бахауллаға
құрметпен қарағандығы осы қаладағы парсының консулының қырсығын ұтатты.
Соңғысы, және де Мырза Яхья мен Сейiд Мқхаммед Бахаулланың әрi қарай
айдалуын көздедi. Бахаулланың абыройын түсiру мақсатымен олар
Константинопольге өтiрiк арыздарды жiбiрiп отырды, Ол Оттоман Империясын
құртайын деп жатыр деп сендiрдi. Бахаулланы қатты сыйлайтын Адрианопольдiң
губернаторы, бұл айыптауларды бiрнеше рет жазбаша жоққа шығарған едi.
Дегенмен, орталықтағы билеушiлер ақыр аяғында жер аударуға бұйрық шығарды.
Бiр күнi таңертең Бахаулланың үйi әскерлермен қоршалды. Қала тұрғындары,
мұсылман мен христиандар, жария етiлетiн бұйрықты есту үшiн далаға шықты.
Бiрнеше елдердiң Консулдары жер аударушыларға арашаға түсiп өз көмектерiн
ұсынып едi, бiрақ, Бахаулла олардың көмектерiн қабылдамады.
Әскерлер қуғындалғандарды Адрианопольден Галлиполиге қарауылдап алып
жүрдi. Олардың ешқайсысы ақыр аяғы қайда бару керектерiн де, өздерiнiң
алдындағы күндегi тағдырларын да бiлмедi. Галлиполиде, Бахаулла
iзбасарларының көбiсiмен және Мырза Яхьяның iзбасарларының iшiндегi бiрнеше
адамдармен Акка қаласындағы түрмеге қамалатыны, ал Мырза Яхья мен
Бахаулланың сыбайластарының төртеуi болса, Кипрге жүруi керек екенi
хабарланды. Галлиполиден аттанған соң, Бахаулла алдарында жатқан жолдың
олар бұрын сонда жүрiп көрмеген ең қиын жол екенiн жолдастарына айтып
ескерттi. Ол сондай-ақ, осы жолдан өту үшiн кiмдер өздерiнiң күштерi
жетпейтiнiн сезсе, Мұны қазiр қалдырып кетуге тиiс екендерiн де айтты,
өйткенi кейiн шегiнулерiне бұдан соң қиын болады дедi. Бiрақ, Оны ешкiм де
қалдырып кеткен жоқ.
Акка қаласы Оттоман Империясының шет жағында орналасқан, сондықтан қамау
орнына пайдаланылатын. Онда iрi мемлекеттердiң түкпiр-түкпiрiнен ең зұлым
қылмыскерлердi жер аударатын едi. Акканың суы да, ауасы да таза емес едi,
бұл жер жұқпалы ауру мен қатерлi жәндiктерге толы болатын.
Аккаға дейiнгi теңiз жолы мққтаждыққа толы болды. Мырза Яхья мен Оның
серiктестерi негiзгi топты Хайфада қалдырған болатын. 1868 жылдың 31
тамызында Аккаға келiп жеткен айдалушылар, бұларға қарсы дайындалған
жергiлiктi жердiң тұрғындарының бiр тобымен қарсы алынған едi. Оларға
бахаилар барып тұрған ең зұлым қылмыскерлер деп айтқан едi. Мешiт
табалдырығынан Бахаулла мен Оның серiктерiне өмiр бойы айдалынатындары
туралы бұйрықты оқыды; жергiлiктi тұрғындарға олармен қандай да болмасын
қатынасуда болуларына тиым салынды. Қамалу тәртiбi қатал болды. Бахаиларға
бiр-бiрiмен сондай-ақ, сыртқы әлемнен қарым-қатынаста болуға тиым салынды.
Бахаулланың өзiн барлық жел мен суға ашылған, лас камераға орналастырып,
қалғандарын бiрнеше кқршi камераға орналастарды. Алғашқы түнi оларға не
тамақ, не сусын бермедi. Екеуiнен басқасының бәрi безгек ауруы және iш
ауруымен ауырып, үшеуi өлген.
Иранның және басқа елдердiң бахаилары Бахаулланың қайда екенiн және Оның
тiрi екенiн де бiлмедi. Ол туралы хабар оларға жеткенде, көбiсi Аккаға
жөнелдi. Бiрiншi кезде қалаға кiре алмағандықтан,әйтсе де олар түрменiң
әйнегiнен Бахаулланы шала-шарпы көру үшiн сыртқы ордың ар жағында сағат
бойы тұратын. Кебiреулерi өздерiмен бiрге өсiмдiктер ала келдi. Шөл даламен
жүрген сапарларында, олар суды өздерi iшпей өсiмдiктердi суарып отырды;
осылай Акка қаласынан әрiрек жерде бақтар отырғызылған болатын.
Акканың түрмесiнде Бахаулла өзiнiң екiншi ұлы Мырза Махдидi жерлеген едi.
Оның iкесiне арналғансоңғы тiлегi, ол өзiнiң өмiрi Оның зынданына жете
алмағандардың өтелiнетiн құрбаны ретiнде қабылдануы болды.
Ақырындап, Аккада да, бұрын Бағдадта, Константинополь мен Едiрнеде не
болса, солай бола бастады. Түрменiң бастығы, қала билеушiлерi мен қарапайым
қала тұрғындары Бахаулланың ешқандай да кiнәлi емес екенiн түсiне бастады,
сондай-ақ, Оның дара тұлға адам екенiн де ұғынған едi. Отбасының шаруашылық
жағдайын өз басына артқан Бахаулланың үлкен ұлы Абдул-Баха болса, қала
тұрғындарының құрметi мен сүйiспеншiлiгiне ие болды.
Түрме бастығы Оған өзiнiң ұлын жiбере бастады, мұны оның бiлiмi үшiн
пайдалы деп шештi. Губернатор Бахауллаға қандай да болмасын бiр қызмет
көрсеткiсi келетiнiн бiлдiрдi Бахаулла бқған жауап ретiнде одан отыз жылдай
жөнделмеген қаланың құбырын жөндеудi өтiндi. Шын мәнәнде, Аккада қамалудың
тоғызыншы жылында, сұлтанның айдалу жөнiндегi бұйрығы түрме мен қала
басшыларымен толық ескерiлмейқалған болатын. Абдул-Баха әкесi үшiн қаладан
тысқары жерде кiшiгiрiм, бiрақ жақсы үйдi жалға алды, тоғыз жыл бойына көк
шөп пен ағаштарды көрмеген Бахаулла болса, сонда қоныстанған болатын. Екi
жыл өткен соң, Абдул-Баха Бахжиде кең үйдi жалға алып, Бахаулланың жер
бетiндегi соңғы он үш жылы осында өткен болатын.
Күнделiктi жұмыстардың бәрiн Абдул-Баха жүргiзгендiктен, Бахаулла өзiнiң
жазбаларына толығымен берiлген болатын. Ол бiреулермен де жеке өте сирек
кездесетiндi, бiрақ Оның ықпалы барлық жерде сезiлетiн, сондықтан
Палестинаның билеушiлерi Оның билiгi мен әсерiне қызғана қарайтын.
Бахаулла Өзiнiң Ашылымының заңдары мен нұсқауларын айтып-көрсетiп, Ең
Қасиеттi Кiтабы “Кiтап-и-Агдаста” талдап және жазып берген.
Өз өмiрiнiң соңғы жылында , Бахаулла Хайфада төрт рет болып және өзiнiң
шатырын Кармель тауының баурайында жер орнын, Бабтың мүрдесiн әкелiп
жерлеуiн нұсқағанды. Бүгiн бұл таудың баурайында бақтар өсуде, көгал
аландары жасыл түске боянып әрi қарағай тәрiздi көленкелеп тұрған
кипаристер қатары ақ мрамордан iстелiнген ғажап ғимаратты қоршап тұр,
мұның iшiнде Баб пен Оның жас серiктесiнiң мүрделерi жерленген.
1892 жылдың 29 мамырында Бахаулланың жер бетiндегi күндерi аяқталды.
Жиырма төрт жыл бқрын қуғындалушының келгенi туралы хабарлаған Акканың
қоңыраулары, ендi Оның өайтқаны туралы естiрттi, сондықтан көптеген халық
Бахжидегi үйге қайғыра жылап шыққан едi. Азалы апта бойы, қаланың белгiлi
адамдары мен өкiмет өкiлдерi Бахауллаға соңғы құрмет көрсетiп жатты.
Сұлтанға: “Баханың Күнi батты!” – деген сөзi бар телеграмма жiберiлдi.
Бахаулланың үлкен ұлы Абдул-Баһа, 1844 жылы 23 мамырда Баб өзiнiң
мiндетiн Молла Хұсейiнге ашып жатқан дәл сол түнде дүниеге келген екен.
Бахаулла Теғеран түрмесiне қамалған тұста, Абдул-Баһа сегiз жаста болатын.
Көпшiлiк топтар бұлардың үйлерiн тонап кетiп, отбасы бүкiл мүлкiнен
айырылып және мұқтаждыққа тап болған едi.
Абдул-Баһа өзiнiң әке-шешесiмен айдалуда бiрге ерiп отырды, және де
Бахаулланың Ризван бағында Мәлiмдеуiнен он жыл бұрын, оның әкесi бүкiл
бабтықтар келуiн күтiп отырған Сол, шын мәнiнде Арман Етiлгеннiң өзi екенiн
Абдул-Баһаның ұшқыр көзi оған маңызды жаңалықты ашқанда ол тоғыз-ақ жаста
болатын. Сондықтан, Абдул-Баһа Бахауллаға сенген адамдардың ең бiрiншiсi
болатын.
Бахауллан Бағдатты тастап, Күрдiстан тауларына бағыт алғанда, Абдул-
баһаның қайғысында шек болған жоқ едi. Ол болмаған екi жыл iшiнде Абдул-
Баһа Бабтың жазбаларын көшiрiп әрi жаттаумен өткiздi. Бiрақ, әкесi
оралғанда, Оның қуанышында шек болған жоқ, және де сол кезден бастап Абдул-
Баһа Оның ең жақын жолдасы болды.
Абдул-Баһа немқұрайлы бiлiм алмаған едi; Ол не бiлсе, соның бәрiн Ол
Бахаулладан алған болатын. Абдул Баха белсендi, жарқын жүздi, ақкөңiл адам
болатын. Ол әкесiнен табиғатқа, ауылдық жерге деген сүйiспеншiлiктi мирас
етiп алды. Оның ең сүйiктi айналысатын нәрселерiнiң бiрi атқа мiну болатын.
Бахаулла Ризван бағында өзiнiң Мiндетiн жариялаған соң, Абдул-Баһаның
әкесiне деген адалдығы бұрыңғыдан да арта түстi. Константинопольге дейiнгi
ұзақ жолда Адул-Баһа Бахаулланы күнi-түнi күзетiп отырды, Оның күймелi
арбасын ат үстiнде айнала күзетiп, әрi Оның шатырының жанында сергiп
отыратын. Ол мүмкiндiгi болғанша әкесiнiң мойнынан шаруашылық жүктер мен
жауапкершiлiктi жайлап алып, өзiнiң отбасына басты тiрек пен көңiлдерiн
басушы болды.
Адрианопольде болған кезiнде Абдул-Баһа көбiсiн оқытты да, Ол көпшiлiкке
белгiлi атпен аты шықса да дегенмен, әкесi өлген соң, ол өзiн жай Абдул-
Баһа (Баха қызметшiсi) деп атады. Ол қызығушылық танытқан әкесiнiң келiп-
кетушi адамдарын қабылдап отырды, дегенмен де өзiнiң iшкi жан-сарайының
кқкiрек көзiмен, шынайы ақиқатты iздеушiлердi тани қоятын. Оны көбiсi
жақсы көрiп әрi сыйлайтын, тiптi, Оған жамандық тiлейтiндердiң өздерi де.
Ол сыпайы, жұмсақ, кiшi пейiлдi, жомарт әрi әрдайымқайырымды болатын.
Аккада Ол Бабтыңбайырғы жақтаушыларының қызы Мүнире-ханымға үйлендi.
Акканының тұтқындарының жүрiп-тұруларына шектеулiк әлсiрей бастағанда,
Абдул-Баһа қаланың көпшiлiк жүретiн көшелерiнде үйреншiктi адамға айналды.
Ол кiмге болмасын, түсiнiң әртүрлiлiгiне, дiнi мен қоғамдағы дәрежесiнiң
айырмашылығына қарамастан көмектесетiндi. Ол жұпыны үйлерге кiрiп,ауруларды
жуындырып әрi жұбататын. Оның жеке басының мұқтаждығы аз болатын. Ол
қарапайым өмiр сүретiн. Ол азаннан күн батқанша дейiн жұмыс iстеп және
түннiң жартысын дұғамен және ой-толғаныспен өткiзетiн. Ол балаларды жақсы
көретiн және адамдардың бақытты болуын көргiсi келетiн. “Менiң үйiм- қуаныш
пен күлкiнiң үйi”- дейтiн Ол.
Бахаулла бұл өткен соң, отбасы Оның Рухани өсиетi оқылған едi. Онда Абдул-
Баһа бахаи дiнiң Басшысы және Бахаулла iлiмiнiң өкiлеттi жалғыз талдаушысы
етiп тағайындалған едi. Бахаулла өзiнiң iзбасарларын Абдул-Баһаға ден қойып
және Оны тыңдауға шақырған. Дегенмен, тура нұсқауға қарамастан Бахаулланың
отбасының кейбiр мүшелерiнде қызғаныш пен көреалмаушылық сезiмi оянған соң,
олар Оның еркiне бағынудан бас тартты. Олар Абдул-Баһаның беделiн қалай
болған да түсiруге тырысты. Нәтижесiнде, 1901 жылдан 1908 жыл аралығын
Абдул-Баһа тағы да Аккада тұтқын ретiнде өткiздi. 1904 жылдан 1907 жылдар
аралығында Оттоман Империясының басшылары Оған қарсы айыпталуды тексеруге
арнайы комиссия тағайындаумен болды. Екi комиссияларға да сатылып алынған
өтiрiк куәгерлер көрсетiлiп, iсттiң аяғы 1907 жылы сұлтанға Абдул-Баһаны
өлтiруге немесе Оны жер аударуды ұсынды. Дегенмен, бұдан кейiн болған жас
түрiк төңкерiлiсi Оттоман Империясының барлық саяси қамалушылары мен
тұтқындарын босатқан едi.
Осы қиыншылықтар мен апаттарға толы жылдарда Абдул-Баһа жұмыс iстеуi
тоқтатқан жоқ. Ол Аккадағы аш әрi жалаңаштарға қамқор болып, барлық
елдердiң бахаиларымен ұшаң-теңiз хат алмасып тұрды. Туысқандары жағынан
болған тоқтаусыз қақтығыстарға қарамастан, ол Кармель тауында, өзiне
Бахаулла нұсқаған жерге, ол қарапайым тастан тұрғызылған кiшкентай шiркеу
тұрғызды. Бұл шiркеу, азапталынған Бабтың мәйiтiнiң соңғы панасы болып
орналасқан жер едi.
Тұтқыннан босатылған соң, Абдул-Баһа Европа мен Америкаға сапарын
жоспарлай бастады. Денсаулығының нашарлығына байланысты жолға шығуды 1911
жылдың тамыз айына дейiн қалдыра тұруға тура келдi, сондықтан Абдул-Баһа
осы жылы Батысқа аттанды. Ол сол кезде жетпiс жасқа таяп қалған блатын,
Оның алпыс жылын Ол қудалуда өткiзiп, бiрнеше жылын қамауда өткiздi.
Сондықтан, қашан болмасын жаңа ауырлықтар мен жазаның қауыпы төнiп тұрды.
Өзiнiң саяхаттау кезiнде, әртүрлi сенiмдегi адамдарды кездестiре жүрiп,
Абдул-Баха әрдайым Бахаулланың “ күллiсi мен қуанышты және iзгi келбетпен
әңгiмелес” деген уағызын кеңiнен қолданды. Ол қажетi жоқ шығын мен
молшылықтан тайсақтап, қарапайым түрде саяхаттады. Осы жерден Ол Парижге
барып, бұнда әр тамсаныста болған түрлi ұлттар мен дiндердiң өкiлдерiмен
бiрнеше рет кездесу өткiздi, өз мiндетi хақында егжей-тегжейлi түсiнiк
бердi. Желтоқсан айында Абдул-Баһа Мысарға қайтып оралды. Келесi көктемде
Америкалық достары қатты өтiнiштерiне жауап ретiнде Америка Құрама
Штаттарына аттанды, бұл елде Ол 1912 жылдың сәуiрiне дейiн болды.
Ол жетi ай iшiнде Американы түгел аралады. Сан түрлi топтар мен таптарға
жататын адамдардың – университет оқушыларының, социалисттердiң, мармондар
мен еврейлердiң, христиандар мен агностиктердiң, эсперантошылдардың,
бейбiтшiлiк қоғамдағы Жаңа Ой клубтары мүшелерiнiң алдында сөз сөйледi,
барлық дiн ордаларында кездесулер өткiздi. Әр жағдайда да сөйлер сөздiң
өзегiн, тыңдаушылар сезiмiнiң кiлтiн дәл таба бiлдi.
Желтоқсанның бесiнде Ұлы Британияға барды, алты аптаның iшiнде
Ливерпульдi, Лондонды, Бристоль мен Эденбургты аралады. Эденбургте Ол
эсперантошылармен сұғбат кезiнде ғажайып ойлар айтып, онда Шығыс пен
Батыстың арасында ең жақсы түсiнiстiк орнату үшiн Шығыс бахаиларын
эсперанто тiлiн оқып-үйренуге сендiргенiн айтып хабарлады.
Әiгiме мен кеңесу бұл жерде де бұрынғыдай өткен. Парижде екi ай болғаннан
соң Ол Штутгартқа аттанды. Мұнда немiс бахаиларымен бiрнеше өте табысты
кездесулер өткiзiп, бiл жерден Будапешт пен Венаға аттанып, екi жаңа топтың
негiзiн құрды.
1913 жылдың мамарында Ол Мысырға оралып, содан соң 1913 жылдың бесiншi
желтоқсанында Хайфаға келдi.
Соғыс басталар алдындағы, бiрнеше ай бұрын, Абдул-Баһа алдын ала
болжаудың, зеректiктiң керемет үлгiсiн көрсеттi. Бейбiт уақытта Хайфада
Парсыдан және Әлемнiң әр түкпiрiнен қажылыққа келгендер толып жүретiн.
Соғыс басталмастан шамамен алты ай бұрын Хайфада тұратын байырғы
бахаилардың бiрi бiрнеше парсылықтардың ұстазбен кездескiсi келетiн
өтiнiшiн жеткiздi.
Абдул-Баха өтiнiштi қабыл алмады, осы уақыттан бастап Хайфадан талап
етушiлердi бiртiндеп қайтара бастады, ақырында 1914 жылғы шiлденiң аяғында
онда ешкiм де қалған жоқ. Тамыз айының бас кезiнде кенеттен басталып кеткен
Ұлы соғыс әлемдi тiтiркенте орап алғанда, сонда ғана Оның данышпан
көрегендiгi де айқын болған едi.
Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс басталғанда, түрiк басшылары Оны тағы да
түрмеге қамады. Оның өмiрi төрт жыл жалғыз әрi өатерде болды. Әйтсе де ол
Тивериада өзеннiң маңайларында, Палестина жұртшылығы үшiн бидай өсiретiн
ауылшаруашыық бiрлестiгiн ұйымдастырды. Осылай өсiрiлген бидай бахаиларды
ғана емес, Хайфа мен Аккадағы барлық дiннiң жүздеген кедейлерiн аштықтан
аман алып қалды.
Ол өзiнiң дұғаға және мойынсұна қайырым етуге толыөмiрiн жалғастыра
бердi. Түрiктер Абдул-Баһаны Кармельдiң бауырында керiп тастаймыз деп сез
кқрсетумен болды. Бқл байбалам туралы хабар Лондонға жеткенде, генерал
Элленбиге Абдул-Баһаға қандай да болмасын көмектi көрсетуге бұйрық берiлдi.
Хайфаны генерал ойлағаннан бұрынырақ алды да, Лондонға былай деп телеграмма
жебердi: “ Бүгiн Палестина алынды. Әлемге хабарландар: Абдул- Баһаға қауып
төнiп тұрған жоқ”.
Қаланы басып алған ағылшындар, әскерлер, үкiмет басындағы әр лауазымдағы
чиновниктер де, тiптi ең дәрежелiлерi де Абдул-Баһаның жарқын сұғбаттарына,
көзқарас-ойының ауқымы мен тереңдiгiне, iзгi келбетi мен ақ-адал
қонақжайлығына соншалықты түнтi болып, Онымен жүздесуге, әңгiмелесуге
құштарланды.
Инабатты мiнезiмен, әлемнiң бейбiтшiлiгi, келiсiм мен адамдардың шынайы
игiлiгi жолындағы қыруар жұмыстарымен Ол үкiмет өкiлдерiне өлшеусiз әсер
еттi, сондықтан да оған Британ империясының пэрi деген атақ берiлдi.
Салтанатты рәсiм 1920 жылдың 27 сәуiрiнде Хайфада әскери губернатордың
бағында өттi. Ол бұл құрметтi қабылдады, бiрақ дворяндық лауазымды ешқашан
да пайдаланған емес.
Абдул-Баһа әлсiздiгiне, арып-ашқандығына қарамастан өмiрiнiң соңғы сәтiне
дейiн еңбек еттi.
1921 жылғы 28 қарашада тәiертеiгi сағат екi жарым шамасында Абдул-Баһа
Хайфада қайтыс болды. Қайғылы хабар қалаға тез тарады, әлемнiң әр шалғайына
телеграф арқылы суық ақпараттар дереу берiлдi. Келесi күнi 29 қараша
сейсенбiде жерледi. Мұндай жерлеу рәсiмiн Хайфа түгiлi, күллi Палестина да
бұрын – соңды көрiп-бiлген жоқ... Жиналған әр дiннiң ұлттар мен нәсiлдердiң
мыңдаған өкiлдерiнiң қайғысы сондай терең болатын.
Бас камиссар, сэр Герберт Самуэль, Иерусалимнiң губернаторы, Финикияның
губернаторы, үкiметтiң жоғары лауазымды өкiлдерi, Хайфада тұратын әртүрлi
мемлекеттердiң консулдары, әртүрлi дiни қоғамдастықтардың басшылары,
Палестинаның ақсүйектерi, еврейлер, христиандар, мұсылмандар, друздар,
мысырлықтар, гректер, түрiктер,күрдтер және көптеген Оның американдық,
европалық және парсылық достары, ерлер, ең жоғарыдан төменгi деңгейлi
таптағы әйелдер мен балалар... барлығы, он мыңдай адамдар ұлы қазаны аза
тұтты...
Абдул-Баһаның дүниеден өтуiмен, Бахаулла дiнiнiң негiзгi мiндетi болып
табылатын, жаңа дүниежүзiлiк тәртiптiң үлгiсi мен ұрығы деп аталынған,
Әкiмшiлiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бахаилік ағымы
Бахаи сенiмiнiң дiни iлiмдерi
Бахаи сенiмi
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Бахаизмнің пайда болу тарихы
Қазіргі дәстүрден тыс діни ағымдар және діни экстремизм
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
Терминдер қазіргі кезеңдегі діндегі эволюция
ҒЫЛЫМ МЕН ДІН
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай туралы
Пәндер