Біліктер мен өсьтер



Жоспар

I Кіріспе бөлім

II Негізгі бөлім
1. Біліктер мен өсьтер
1.1Біліктердің материалы және оларды өңдеу.
1.2 Біліктерді қатаңдыққа есептеу.
2 Подшипник.
2.1 Сырғанау подшипнигі.
2.2 Домалау подшипнигі.
2.3 Подшипникті таңдап алу.
3 Муфталар.
3.1 Муфталар атқаратын қызметі және олардың түрлері.
3.2 Тұйық муфта.

III Қорытынды

IV Қолданылған әдебиеттер
Біліктер, осьтер, подшипниктер, муфталар
Біліктер мен осьтер
Тісті дөңгелектер мен шкифтерді отырғызуға және пайдалы айналдырушы момент беруге арналған цилиндрлі, жұмыр немесе иінді бөлшекті біліктер дейміз. Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш және эксцентрикті түрлері болады.
« Машина бөлшектері » курсында тек түзу біліктердің консирукциясы мен олардың есептеу жолы қарастырылады. Ал ось деп, айналып тұратын бөлшектерді ұстап тұруға және өзі арқылы пайдалы айналдырушы момент бермейтін жұмыр бөлшектерді айтамыз. Осьтер түзу етіп айталады.
Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер етпейді. Осыған орай біліктердің бірқалыпты берік болуы үшін, олардың диаметрлерін өз ұзындығына байланысты әр түрлі және отырғызылатын бөлшктердің ішкі диаметріне сәйкес жасайды. Біліктер мен осьтердің тірекке тірелетін бөлігін цапфа деп, ортадағы цапфаларды мойынша деп, ал тірелетін шеткі бөліктерін шип деп атайды.

Жоспар
I Кіріспе бөлім
II Негізгі бөлім
1. Біліктер мен өсьтер
1.1Біліктердің материалы және оларды өңдеу.
1.2 Біліктерді қатаңдыққа есептеу.
2 Подшипник.
2.1 Сырғанау подшипнигі.
2.2 Домалау подшипнигі.
2.3 Подшипникті таңдап алу.
3 Муфталар.
3.1 Муфталар атқаратын қызметі және олардың түрлері.
3.2 Тұйық муфта.
III Қорытынды
IV Қолданылған әдебиеттер

Біліктер, осьтер, подшипниктер, муфталар
Біліктер мен осьтер
Тісті дөңгелектер мен шкифтерді отырғызуға және пайдалы айналдырушы момент
беруге арналған цилиндрлі, жұмыр немесе иінді бөлшекті біліктер дейміз.
Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш
және эксцентрикті түрлері болады.
Машина бөлшектері курсында тек түзу біліктердің консирукциясы мен
олардың есептеу жолы қарастырылады. Ал ось деп, айналып тұратын бөлшектерді
ұстап тұруға және өзі арқылы пайдалы айналдырушы момент бермейтін жұмыр
бөлшектерді айтамыз. Осьтер түзу етіп айталады.
Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер етпейді. Осыған
орай біліктердің бірқалыпты берік болуы үшін, олардың диаметрлерін өз
ұзындығына байланысты әр түрлі және отырғызылатын бөлшктердің ішкі
диаметріне сәйкес жасайды. Біліктер мен осьтердің тірекке тірелетін бөлігін
цапфа деп, ортадағы цапфаларды мойынша деп, ал тірелетін шеткі бөліктерін
шип деп атайды.

1.1 Біліктердің материалдары және оларды өңдеу
Түзу біліктерді көбінесе легирленген және көміртекті болаттардан жасайды.
Себебі легирленген болаттар біліктің салмағы мен габаритін азайтады және
шлицті берілістердің тозуға төзімділігін күшейтеді.
Алдын ала есептеу. Біліктердің алдын ала есептеу тек қана айналу моменті
арқылы жүргізіледі. Біліктер айналу моментіне жұмыс істейді деп
жорамалдаймыз, бірақ ию моментін де ескеруіміз қажет, сондықтан мүмкіндік
кернеу шамасын аз аламыз [τ] = 10...40 (МПа)
τ =
Біліктерді жобалап есептеу. Біліктерді жобалап есептеу айналу және иілу
моменттері арқылы жүргізіледі. Біліктердің айналуына байланысты олардың
қимасында ию моментінен пайда болатын қалыпты кернеу шама жағынан өзгеріп
отырады, бірақ жобалап есептеуде бұл есепке алынбайды. Сонымен біліктер
статиканың заңына байланысты иіледі деп есептеп, оларды материалдар
кедергісі курсында қабылданған жолдармен беріктіккке есептейміз.
Біліктерді иілдіретін және бұралдыратын және осьтік күштердің әсерінен
пайда болатын қосымша кернеулер мынадай тәртіппен есептеледі.
1. Тік және көлбеу жазықтықтарға түсетін күштердің әсерінен пайда
болмайтын біліктердің тірелетін бөлігінің реакциялары анықталады.
2. Біліктерге әсер етуші күштердің иілдіретін моменттері есептеледі.
Осьтік ҒА күшінен пайда болған момент.
МА = ҒА
Айналу моментінің шамасы: Т = Ғt . Радиус бойымен әсер ететін
күш пен шеңберлік Ғt күшінен пайда болатын иілу моменттері:
M t = Ғt
M r = Ғr
Ал муфта айналдырғанда пайда болатын күш Ғм = ( 0,2...0,5) Ғt
3. Тең әсер етуші реакция күштердің және қосынды моменттердің мөлшері
анықталады.
M и =
4. Біліктердің қауіпті қималарының диаметрлері суарылмаған болаттар үшін
беріктіктің энергиетикалық теориясын келтірілген момент теориясын пайдалану
арқылы анықталады.
Біліктерді тексеріп есептеу. Біліктердің істен шығу негізгі себебі олардың
тозуы. Айналған кезде біліктердегі иілу кернеулері симетриялық циклмен, ал
бұралу кернеулері пульсирлі циклмен өзгереді. Иілдіретін және айналдыратын
моменттердің эпюрлері арқылы біліктердің қауіпті қималары анықталады. Бұл
екі момент бірігіп әсер еткен жағдайда біліктің беріктік қоры мына
формуламен анықталады:
n =
n =

1.2 Біліктерді қатаңдыққа есептеу
Біліктердің қатаңдығы көлденең иілу қатаңдығы және бұралу қатаңдығы болып
бөлінеді. Біліктің иілу деформациясы оған отырғызылған бөлшектердің жұмыс
істеу қабілеттілігіне әсер етеді.
Біліктердің қатаңдығы аз болған жағдайда:
А) күштер тістердің өн бойымен біркелкі әсер етпей, күш шоғырлануы пайда
болады.
Б) біліктердің иілуінен подшипниктер қисайып қысылып қалу қаупі пайда
болады. Сондықтан тіректердің қисаю бұрышы шектеледі.
[β]=0,001 рад – сырғанау подшипниктері үшін
[β]=0,01 рад – радиалды подшипниктер үшін
В) металл жонатын станоктарда бөлшектерді өңдеудің дәлдігі мен беттерінің
сапасы төмендейді.
Станок жасауда мына мөлшерден артық болмау керек:
[y]= ( 0,0002...0,0003 ) L
L – Тіректердің ара қашықтығы. Тісті берілістердің біліктері үшін
[y](0,01...0,2) м
Легирленген болаттарды қолданғанда біліктің беріктігі өзгермейді себебі
барлық болаттар үшін Е = 2.1 · 105 МПа = const. Біліктердің майысуын азайту
үшін мына шараларды қолданады.
А) шкивтердің, дөңгелектер мен муфталардың салмағын азайтып, оларды
тіректерге жақын орналастырады.
Б) жедел айналатын біліктерге айналып тұратын бөлшектердің салмағын
теңестіреді.

2 Подшипниктер
Подшипниктер біліктер мен осьтердің тірегі ретінде қолданылады және олардың
еркін айналуын қамтамасыз етеді. Подшипниктер радиалды және осьтік күштерді
қабылдап, оларды машинаның рамасына, станинасына таратады. Подшипниктер
үйкеліс түріне байланысты екі түрге бөлінеді:
1. Сырғанау подшипниктері. Бұл подшипниктердің ішкі беті біліктер немесе
осьтер бетімен жанасады және олардың арасында өзара сырғанау пайда болады.
2. Домалау подшипниктері. Бұл подшипниктерде білік пен тіректер арасында
шариктер немесе роликтер орналастырылады. Сондықтан оларда домалау үйкелісі
пайда болады.

2.1 Сырғанау подшипниктері
Қазіргі кезде сырғанау подшипниктердің машина жасау өндірісінде кеңінен
пайдалануына байланысты олар тек төменде көрсетілген жағдайларда ғана
қолданылады.
1)егер біліктердің салмағы ауыр болып, мұндай біліктердің подшипниктеріне
өте көп күш түсетін болады.
2)егер біліктерге үлкен соққы немесе айнымалы күштер әсер ететін болса;
3)құрастыру жағдайына, алынып – салынуына байланысты.
4)біліктер бірімен – бірі жақын орналасқан жағдайларда;
5)конструкцияның қарапайымдылығына және тез алынып – салынуына байланысты.
Подшипниктер корпустан және астардан тұрады. Подшипниктердің астарларын
антифрикциялық материалдардан және олардың тозуына байланысты астарлар
ауыстырмалы болуы қажет. Астарлардың берік болуы үшін олар болаттан,
шойыннан немесе қола мен антифрикциялық материялдардың құймасынан жасалады.
Астар қалыңдығы біркелкі және мынаған тең болуы тиіс: δ=( 0,035...0,05)
d+2.5 (мм) δ – подшипник астарларының құйылатын қалыңдығы; d – біліктің
диаметрі; мм; - оптималдық қатынас.
Астарлардың бетін табу үшін түрлі материалдар қолданылады. өте жоғары
жылдамдықпен айналатын және өте жоғары қысымда жұмыс істейтін бөлшектерде
қалайы қосылған баббиттер, қорғасын қосылған қола және кейбір алюминий мен
темір қосылған қола қолданылады.
жоғарыда көрсетілген материалдар басқа подшипник астарын жасауға
антифрикциялық шойындар қолданылады. Антифрикциялық шойыннан жасалған
астарлар мен біліктердің арасында саңылау болуы тиіс. Бұл саңылау қоладан
жасалған астарлар мен біліктер арасындағы саңылаудан 30 – 50 % - тей артық
болуы тиіс, себебі шойынның жылу өткізгіш қабілеттілігі қолаға қарағанда
төмен.
Текстолиттен басқа, подшипник материал ретінде полиамид пластмассалары
қолданылады. Бұлардың жылу өткізгіш коефиценті өте төмен. Кейбір
жағдайларда сырғанау подшипниктер металды – керамикадан жасалады және олар
мына жағдайларда қолданылады: 1 егер сырғанау жылдамдығы баяу немесе
айнымалы болса; 2 подшипниктер шала майланатын жерлерде.

2.2 Сырғанау подшипниктердегі үйкеліс
Үйкелістің жұмыс шамасы – подшипниктің жұмыс қабілеттілігінің негізгі
көрсеткіші. Подшипниктің қызуын, тозуын және пайдалы әсер коэфицентін
үйкеліс анықтайды.
Радиалды сырғанау процестерінің үйкеліс күші
Ғүйк = f FN
Мұндағы FN – қалыпты реакция күші, f - сырғанау үйкелісінің коэфиценті.
Геометриялық және физикалық параметрлеріне сәйкес сырғанау подшипниктерінің
үйкеліс коэфиценттерінің өзгеруі Гарси – Штриберг диаграмасында берілген.
Подшипниктер екі жолмен майланады.
1. Қысыммен майлау – гидростатикалық майлау.
2. Айналып тұрған бөлшектердің шашатын май тамшыларымен гидродинамикалық
майлау.
Соңғы кезде үйкеліс коэфицентін мүлде азайту үшін сырғанау подшипниктерін
ауамен майлау әдісін ұсынылуында. Ауа тұтқырлығының мөлшері өте аз.

2.3 Домалау подшипниктері
Қазіргі кезде біздің подшипник жасау өнеркәсібіміз домалау подшипниктерінің
мыңнан астам түрлерін шығарады. Ал олардың ішкі диаметрлерін 1 мм – ден 5 м
– ге дейін, салмағын 0,5 г – нан 3,5 т – ға дейін жуықтап жасай алады.
Көбінесе домалау подшипниктері домалау жолдары бар сыртқы және ішкі
шығыршықтан, осы шығыршық жолдарында домалайтын шариктерден немесе
роликтерден және сепаратордан тұрады. Сеператор домалау бөлшектерін бір –
бірінен бөліп бағыттап, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Бірқатар жағдайларда домалау подшипниктерінің өлшемдерін кішірейту үшін
шығыршықтардың алынып тасталуы мүмкін. Мұндай подшипниктерде домалау
бөлшектері біліктегі немесе осьтегі домалау жолдарында қозғалып тұрады.
Сырғанау подшипниктерімен салыстырғанда домалау подшипниктері аса көп
күтімді қажет етпейді және жұмыс кезінде мұнда үйкеліс бөлшектерінің қызуы
шамалы болады. Сонымен бірге подшипниктерде үйкеліс күшінің моменті мен
жүргізу моменті аз және майлау материалы да көп жұмсалмайды. Міне осы
артықшылықтар домалау подшипниктерінің өнеркәсіптің машина жасау және
прибор жасау салаларында кеңінен қолдануын қамтамасыз етеді. Домалау
подшипниктері кеңінен стандартталған және оларды өндіру ісі
мамандандырылған заводтарда шоғырланған. Бұл заводтарда домалау
подшипниктерін жаппай өндіру олардың сапасының жоғары және бағасының төмен
болуына мүмкіндік береді.
Осындай артықшылықтарымен бірге домалау подшипниктерінің сырғанау
подшипниктерімен салыстырғанда кемшіліктеріде бар. Атап айтқанда, жоғары
бұрыштық жылдамдықпен үлкен күш әсер еткенде подшипниктердің шыдымдылығының
кемуі; соққы және айнымалы күштерді қабылдау шектілігі; үлкен күштерде
жұмыс істейтін подшипниктер диаметрінің үлкен болуы; подшипниктерді аз
шығарғанда қымбатқа түсуі. Осыған орай, тиісті машина жасау өнеркәсібінің
кейбір салаларында домалау подшипниктерінің орнына сырғанау подшипниктері
шығарылады.
Домалау подшипниктері домалау бөлшекерінің пішініне қарай шарикті және
роликті подшипниктерге бөлінеді. Роликтердің пішініне қарай роликті
подшипниктерді ұзын және қысқа цилиндрлі роликті, бұрама роликті, ине
тәрізді роликті, конусты роликті, кесек тәрізді роликті немесе диаметрі
кіші ұзын цилиндірлі роликті деп ажыратады.
Шарикті подшипниктер роликті подшипниктерге қарағанда жоғары бұрыштық
жылдамдықтарда жақсы істейді, өздігінен орнғуға қабілетті және олардың бәрі
де осьтік күштерді қабылдай алады. Ал роликті подшипниктердің шарикті
подшипниктермен салыстырған жүк қабілеттіліге артық келеді.
Домалау подшипниктерін домалау бөлшектерінің қатар санына қарай бір
қатарлы, екі қатарлы және көп қатарлы деп ажыратады.
Қабылдау күшінің бағытына қарай домалау подшипниктерінің тек қана радиалды
күштерді қабылдайтындарын – радиалды, ал тек қана осьтік күштерді
қабылдайтындарын – сүйеніш, радиалды және осьтік күштерді қабылдайтындарын
– радиалды сүйеніш домалау подшипниктері деп бөледі.
Домалау подшипниктері конструкциялық және пайдалану ерекшеліктеріне қарай
өздігінен орнығатын және өздігінен орнықпайтын болып бөлінеді.
Габариттік өлшемі мемлекеттік стандарт бойынша бекітілген.
Домалау подшипниктері радиалды габариттік өлшемдері бойынша өте жеңіл,
ерекше жеңіл, жеңіл, орташа, ауыр болып, ал көлденеңі бойынша – енсіз,
әдеттегідей, кең және ерекше кең әр түрлі серияға бөлінеді.
Қазіргі кезде жеңіл және орташа сериялы, енді домалау подшипниктері кеңінен
таралған.
Домалау подшипниктері каталогтар мен әріптерден тұратын шартты белгілермен
белгіленеді.
Домалау подшипниктерінің шариктері, роликтері және шығыршықтары көбінесі
ШХ6, ШХ9,ШХ15 және ШХ15СГ сияқты жоғары көміртекті хромды болаттардан
жасалады. ШХ15СГ болатының құрамында 0,5% кремний және шамамен 1% - тей
марганец бар.
Хромды болаттармен бірге домалау подшипниктерінің шариктері, роликтері және
шығыршықтары аз көміртекті қоспалы шынықтырылған және цементтелген
болаттардан да жасалады.
Соңғы кезде домалау подшипниктерінің шариктері мен роликтерін
пластмассалардан жасай бастады, бұл жағдайда подшипниктердің шусыз,
бірқалыпты жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.

Домалау подшипниктерінің конструкциясы мен атқаратын қызметі
Жоғарыда домалау подшипниктерінің көптеген конструкциялық түрлерінің
бар екенін байқадық. Енді неғұрлым көп таралған домалау подшипниктерінің
конструкциясы мен олардың міндетін қарастыралық.
Ең шарикті подшипниктердің негізгі түрлеріне назар аударайық. Радиалды
бір қатарлы шарикті подшипник – МЕСТ 8338 – 75 бойынша стандартталған. Олар
сыртқы және ішкі шығыршықтардан, бірқатар шариктер мен сепаратордан тұрады.
Бұл подшипниктер көбінесе радиалды күштер кезінде пайдаланылады. Сондай –
ақ кейбір жағдайда радиалды күшпен бір мезгілде осы күштің пайдаланылмаған
бөлігінің 70 % - нен аспайтын осьтік күштер әсер еткенде де қолдануы
мүмкін.
Бұл подшипниктер өзінің жинақтылығы, жеткілікті жүк көтергіштігі,
шыдамдылығы, осьтік күштерді қабылдай алатындығымен кеңінен таралған.
Сфералық подшипниктің өздігінен орнығуын қамтамасыз ету, оның сыртқы
шығыршығының науашасы подшипник центрінен сызылған сфералық бет бойынша
жасалады. Мұндай подшипник негізінде білік 2 – 30 – қа қиғашталуы мүмкін
болған кездегі радиалды күштерде жұмыс істейді, сонымен бірге бір мезетте
осы күштің пайдаланылмаған бөлігінің 20% - нен аспайтын осьтік күштерді де
қабылдай алады.
Мұнадай подшипник болаттан және штампталған сепаратордан жасалады. Біліктің
жылдамдығы 15 мс болған кезде көлемді сепаратор қолданылады. Бұл подшипник
біршама иілген біліктер үшін және подшипниктерді отырғызу орындарының
осьтері дәлме – дәл келмеген кездерде қолданылады.
Домалау подшипниктердің ішкі диаметрлері 3...10 мм аралығында әрбір 1
мм – ден кейін, 10 ... 20 мм аралығында 2-3 мм – ден кейін, 20 – 110 мм
аралығында әрбір 5 мм ден, 110 – 200 мм аралығында 10 мм ден, ал 500 мм –
ден жоғары 20 мм ден кейін стандартталған.
Домалау подшипниктердің нөмерлері төменгі шартты белгілерді көрсетеді.
Ең соңғы цифрын 5 – ке көбейтсек подшипниктердің диаметрі 20 – 495 мм
аралығында анықталады. Соңынан немесе оңнан санағанда үшінші цифр олардың
сериясын, ал төртінші цифр подшипниктердің түрлетін төменгіше анықтайды.
Үшінші цифр: өте жеңіл серия – 1, жеңіл – 2, орта – 3, ауыр – 4, ең жеңіл –
5, енді орта ж. с. с. Төртінші цифр: радиалды бір қатарлыф шарикті
подшипниктер – 0, радиалды екі қатарлы сфералық шарикті – 1, радиалды
кеспек роликті – 2, радиалды сфералық екі қатарлы роликті – 3, ұзын роликті
және инелі – 4, бұрмалы роликті подшипниктер – 5, радиалды сүйеніш шарикті
подшипниктер – 6, конус рроликті – 7, шарикті сүйеніш – 8, роликті сүйеніш
подшипниктер – 9 цифрларымен белгіленеді. Ал соңынан санағанда бесінші және
алтыншы цифрлар подшипниктердің конструкциялық ерекшеліктері.
Енді роликті подшипниктердің негізгі түрлерін қарастырайық. Радиалды
қысқа цилиндрлі роликті подшипник үлкен радиалды күштер кезінде
қолданылады. Оның жүк көтерімділігі радиалды бір қатарлы шарикті
подшипникке қарағанда шамамен 1,7 есе артық.
Подшипник осьтік бағытта оңай бөлшектенеді және мұнда шығыршықтардың
өзара жылжуына мүмкіндік туғызылған. Бұл қасиет біліктің осі бойына
өздігінен орналасуын қамтамасыз етеді. Радиалды қысқа цилиндрі роликті
подшипниктің сегіз конструкциялық түрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығару көлемін және бөлшектердің партиялық өлшемін есептеу
Біліктер. Біліктерді жөндеу
Бiлiктердi механикалық өңдеу технологиясы
Көлік трансмиссиясының құрылысы мен атқаратын қызметі
Подшипникке түсетін күш
Конустық бәсеңдеткіштердің сипаттамасы
Анатомия пәнінің даму тарихы. Анатомияның түрлері мен зерттеу әдістері
ЭЛЕКТРҚОЗҒАЛТҚЫШТЫ ТАҢДАУ ЖӘНЕ КИНЕМАТИКАЛЫҚ ЕСЕП
Карданды берілістердің қызметі
Карданды берілістердің түрлері
Пәндер