Қаржы – мақсатты ақша қаражат қорларының экономикалық негізі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


I ҚАРЖЫ . МАҚСАТТЫ АҚША ҚАРАЖАТ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.1 Ақша және қаржы қатынастары негізінде қаржы ресурстары мен қорларын қалыптастыру, олардың өзара байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.2 Қаржы қорлары және оның жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13


II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ... ... ... ... ... .18

2.1 Ұлттық қор және оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.2 Ұлттық қордың көрсеткіштері бойынша талдау және қорды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни, мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын «Ақша қаражаттарының қоры қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде» деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым: ақша қаражаттарының қорларының қаржыны қалыптастырудағы орнын анықтау және еліміздің ұлттық қорының құрылу барысы мен экономикадағы қызметтеріне тоқталу болып табылады.
Мақсатты атқару барысында кеелсідей міндеттерді орындау реті келіп тұр:
• Ақша және қаржы қатынастары, олардың өзара байланысын талдау;
• Қаржының қалыптасуындағы ақша ресуртары мен қорларының маңыздылығын, оларды қалыптастыру көздерін анықтау;
• Қорларды жетілдіру жолын талдау;
• Еліміздің Ұлттық қоры және оның қызметін ұйымдастыру барысын талдау;
• Ұлттық қорды жетілдіру мен оның көрсеткіштеріне талдау жасау болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
2. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы .
3. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2005. – 543 бет.
4. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
5. С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.
6. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
7. Финансы, денги, кредит. Учебник. Под. ред. О.В. Соколовой. – М: ЮРИСТ, 2001. – 784 с.
8. Мельников В.Д. Ильясов К.К. Финансы. Учебник для вузов. – Алматы: 2001. – 252 с.
9. Ильясов К.К., Зейнелғабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. Налоги и налогообложение. Алматы, Рауан, 1995.
10. Л. Бурлаков «Совершенствовать межбюджетные отношения» // Қаржы-Қаражат, №6, 2005г. 12-17стр.
11. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006. №3.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

I ҚАРЖЫ – МАҚСАТТЫ АҚША ҚАРАЖАТ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .5

1.1 Ақша және қаржы қатынастары негізінде қаржы ресурстары мен
қорларын қалыптастыру, олардың өзара байланысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Қаржы қорлары және оның жіктелуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ ... ... ... ... ... .18

2.1 Ұлттық қор және оны
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.2 Ұлттық қордың көрсеткіштері бойынша талдау және қорды жетілдіру
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .21

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Кіріспе

Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы – нарықтық қатынастардың
құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтiк-экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң, оның iс-әрекет
етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдiстерi мен амалдарын көре бiлудiң маңызы зор.
Ал өз кезегінде қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-
ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен
туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау
арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына
деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың
жұмсалуына бақылау жасау.
Экономикадағы ақша қорлары негізінен орталықтандырылған, яғни,
мемлекеттік бюджет пен мемлекеттік қорлардың негізінде жинақталған ақша
қорлары болса, ал орталықтандырылмаған ақша қорлары бұл қызмет етуші
кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша қорлары болып табылады. Ал ақша қорларының
қалыптасуы ақша қаражаттарының қорларының қалыптасуының негізінде пайда
болады. Осы жинақталған ақша қоралы қаржы қатынастарын іске асырудың негізі
болып табылады.
Сондықтан курстық жұмыстың тақырыбын Ақша қаражаттарының қоры
қаржы қатынастарының материалдық-заттық көрінісі ретінде деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектілігі қаржы саласы мемлекеттің және шаруашылық
жүргізуші субъектілердің қаржы қорларының үздіксіз қалыптасып отыруын, осы
қорларды қалыптастырудағы ақша қаражаттар қорларының тиімді қалыптасуын
қамтамасыз етудің маңыздылығын, еліміздегі бүгінгі таңдағы негізгі қорлар
мен ақша қаражаттарының қорлары негізінде жұмылдырылатын қаржы
қатынастарының ерекшелігі туралы тоқталу болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым: ақша
қаражаттарының қорларының қаржыны қалыптастырудағы орнын анықтау және
еліміздің ұлттық қорының құрылу барысы мен экономикадағы қызметтеріне
тоқталу болып табылады.
Мақсатты атқару барысында кеелсідей міндеттерді орындау реті келіп
тұр:
• Ақша және қаржы қатынастары, олардың өзара байланысын талдау;
• Қаржының қалыптасуындағы ақша ресуртары мен қорларының
маңыздылығын, оларды қалыптастыру көздерін анықтау;
• Қорларды жетілдіру жолын талдау;
• Еліміздің Ұлттық қоры және оның қызметін ұйымдастыру барысын
талдау;
• Ұлттық қорды жетілдіру мен оның көрсеткіштеріне талдау жасау
болып табылады.

I ҚАРЖЫ – МАҚСАТТЫ АҚША ҚАРАЖАТ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 Ақша және қаржы қатынастары негізінде қаржы ресурстары мен
қорларын қалыптастыру, олардың өзара байланысы

Ақша – қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң
тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi
өтiмдiлiк болып табылады.
Ақша - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық
басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде
қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы
үздiксiз жасала бередi.
Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр
түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып келеді. Құбылыстар
бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен
есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады.
Алайда кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді,
өйткені ақша түрлі құндық экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекке
ақы төлеудің, қаржының, несиенің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық
құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тікелей қаржы
операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргізуші
субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жаслатын есеп айырысулары,
негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты бөлу
және қайта бөлу, қаржы қорларын қалыптастыру, мемлекеттік бюджеттің
кірісіне салық төлемдерін аудары; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу;
экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және т.б. 4, 18 б
Қаржы – ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық
жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы
бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді,
сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша
қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпықоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу
процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға
жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып
табылады.
Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау
дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның
аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің
жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Қаржы
тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен
байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары
қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы,
шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау,
өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және
өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша
айналысын реттеу және басқалары кірмейді.
Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да
айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен өндірушілердің еңбек шығындары
өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – жалпы ішкі өнім мен ұлттық
табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау
мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға
ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржы өндірістік
қатынастардың белгілі бір сферасын білдіреді және базистік категорияға
жатады.
Өз кезегінде “қаржы” (қолма-қол ақша, “табыс” ұғымын бiлдiретiн орта
ғасырдағы латын тiлiнiң financia сөзiнген пайда болған француздың қоғамда
нақты өмiр сүретiн, объективтiк сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар
өндiрiстiк қатынастарды бiлдiре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық
категория ретiнде көрiнедi. Құн категорияларының жүйесiнде қаржы белгiлi
орын алады және өзiнiң iшкi ерекшелiктерiмен, сондай-ақ ұдайы өндiрiстегi
өзгешелiк ролiмен айшықталады. 3, 6 б
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi.
Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды
белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының
құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша
қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол
әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі
субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша
қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық
қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Қаржының басты белгілерінің бірі – оның тұлғалануының ақша нысаны және
ақшаның нақтылы қозғалысымен қаржы қатынастарының бейнеленуі. Демек, қаржы
қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақтылы қозғалысымен
аңғартып отырады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын
қамтимайды. Ол ақша қатынастары ішінен мемлекеттің, оның аумақтық
бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалатын
ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары
жалпы алғанда қаржыдан кен мағынада болады. Қаржы тек ақша қорлары мен
ресурстарының қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана
қамтиды. 3,9 б
Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешілі олардың көрінісінің әрқашан ақша нысанында
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберінде қоғамдық ұдайы
өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгісі. Қаржының ақшалай сипаты оның жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндылық экономикалық категорияларға тиістілігін көрсетеді.
Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша
болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын
жалпы нышан. Ақша айналыс құралының қызметін орындай отырып, капитал, яғни
үдемелі құн немесе табыс әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшаның
дербес аясы ретінде, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде қаржының
пайда болуына жағдай жасайды.
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып
саналады. Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының
аса маңызды белгілері болып табылады, яғни қаржының нақтылы жұмсауға
арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуінің оның
маңызды белгісі екендігі көрініп тұр. Ақша қорлары істің шын мәнісінде
қаржы қатынастарының объектілері болып табылады. 3, 15 б
Қаржы қатынастары бұл:
• Мемлекет пен заңды және жеке тұлғалардың арасында;
• Физикалық және заңды тұлғалардың арасында;
• Заңды тұлғалар арасындағы;
• Жеке мемлекеттер аарсындағы қатынастар.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.
Осы қатынастар жүйесi қаржы жүйесi деп аталады. Қаржы жүйесiнiң
буындары: әр дережедегi бюджеттерден, әлеуметттiк, мүлiктiк және жеке
адамды сақтандыру қорлары, мемлекеттiң валюта резервтерi, кәсiпорындардың
фирмалардың, басқа коммерциялық және коммерциялық емес құрылымдардың ақша
қорлары.
Жүйе термині өзара байланысты элементтердің түрлі критерийлері
бойынша сыныпталатын қосалқы жүйелердің іс-қимылын білдіреді. Осыған
байланысты қаржы жүйесі мынадай үш бөліктен тұрады:
• Қаржы қатынастырының жиынтығы;
• Ақша қорларының жиынтығы;
• Басқарудың қаржы аппараты. 6, 29 б
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші
субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын
экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды.
Қаржы қатынастары негізінен мынадай екі сфераны қамтиды:
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық
ақша қатынастары;
2) кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының ауыспалы
айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-
ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен
туындайды.
Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы
мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген
қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру және бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау. 3, 17 б
Қаржының түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның
маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде
қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Нақты жұмсауға арналған мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндіріс
қатысушыларының барлығында, өндірістік емес сферада қаржылық әдістердің
көмегімен жасалынады. Әдістер, қаржы қатынастарындағы іс-қимылдың амалдары
ретінде директивалық, яғни қажетті, сөзсіз болатын міндетті сипатты игеріп
алады, мұның өзі экономиканы реттеудің қажеттігімен және қоғамдық дамудың
мақсаттарына ақша ресурстарының көлемі мен оның бағыттарын алдын ала
қарастыру қажеттігімен байланысты болады.
Ақша қорларының бүкіл ақша қаражаттарынан бөлініп тұратын ерекшелігі
сол, олар экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде ақша нысанындағы
құнның бір жақты қозғалысының негізінде жасалынады. Кез келген қаржы
операциясы баламасыздықпен сипатталады. Салалық қаржыларда қорлардағы ақша
қаражаттарының ішкішаруашылық мақсатты оқшаулануының ұқсас қағидаты
қолданылады. 5, 24 б
Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары
өсуінің басты шарты болып табылады. Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза
табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері,
жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары
(қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.
Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық
органының немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау
мүмкіндіктерін түсіндіреді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы,
ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы байланылған қаражаттар,
сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы қорлар бойынша қалыптаспаған
ақша қаражаттары. 3, 32 б
Мысалы ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды
– бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан
келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа
шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдарды, өсімдерді, тұрақсыздық
төлемдері.
Қаржы ресурстары ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.
1. Шаруашылық практикасында қаржы ресурстары ұғымы деп мемлекеттің,
кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша
қаражаттарының кірістері мен қорланымдарының жиынтығын, яғни ақша қорларын,
кредит ресурстарын, ақша қаражататрының резервтерін айтады. Бұл шаруашылық
жүргізудің шаруашылқ есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық
тәсілдеме. Расында, банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақша
қаражаттары, олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып
келетіндігіне қарамастан оның барлық нақты қаржы ресурстарын құрайды.
Өз кезегінде мемлекеттің қаржылық ресурстарының негізгі көзін
мемлекеттік бюджет құрайды. Бюджет - мемлекеттiң мiндеттерi мен
функцияларын iске асыруды қаржымен қамтамасыз етуге арналған
орталықтандырылған ақша қоры.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығына жеке ортақ
ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге
болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен және
халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық
бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен
және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы
мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұныны құрайды.
Мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке
алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн,
талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық
бюджет. 1
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің
объективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің
объективті қажеттігі ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен,
мемлекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті
орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақша қаражаттарын
орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы
айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету
үшін қажет.
Сөйтіп, объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола
отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория
ретінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті капиталының маңыздылығы зор.
Себебі ол осы кәсіпорынды ашудағы негізгі соманы құрайды және кәсіпорынның
нарықта сенімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Яғни қызмет етуші
корпорациялардың материалдық және ақшалай қорлар негізінде меншікті
капиталдары болады. Осылардың бір бөлігі айналым активтеріне жұмсалады. Осы
меншік капиталының негізі болып корпорация құлыла сала пайда болатын
жарғылық қор негізінде көрініс табады. Бұл жарғылық қордың құрамы
кәсіпорынға қатысушы инвесторлардың және қатысушылардың инвестициялары
немесе затттай салымдары арқылы іске асады. 8, 42 б
2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттық және құндық
құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы
ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін
шығарып тастасақ, онда қаржы ресурстарының ұғымы тікелей мемлекет пен
кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын
құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін
білдіреді.
Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнайы мақсаттағы арналымның
ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-
әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің құрамды бөлігі. Қаржы
ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері
негізінде объективті түрде алдын-ала анықталады және қор емес нысанымен
салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар. 3, 34 б
Қаржы мен қаржы ресрустары бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары
өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұнымен қоғамдық арналымын
ашпайды. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану
негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары
дамуының заңдылықтарын зерттейді.
Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің 50% құрай отырып, мемлекеттің
қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық
табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар
түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы
ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді
қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің
ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары
неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол экономика дамуы үшін тиімдірек болады.
Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу
және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы
ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты. 3, 35 б
Қаржы ресурстарының қозғалысы жиынтық қаржы балансында (қаржы
ресурстары мен мемлекеттің шығыстары балансында) қамтып көрсетіледі. Алайда
баланста кредит ресурстарының бір бөлігі де қамтып көрсетіледі.
Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп
көрсетуге болады:
1) Мемлекеттің кірістері – республикалық және жергілікті бюджетте
шоғырланады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және
мемлекеттің функцияларына сәйкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін
жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар,
мемлекеттік меншіктен түсетін түсімдер, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
2) Бюджеттен тыс қаражаттар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен
байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы
сметалары, қащыналық шоттар түрінде болып келеді. Бұл қорлардың қаражаттары
экономиканы мемлекеттік реттеудің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Бюджеттен тыс
қаражаттардың оғаштығы мемлекетке қаржы ресурстарының жалпы сомасын
жасыруға, қаржылық бақылауды әлсіретуге, нағыз қаржылық жағдайды бұрмалауға
мүмкіндік жасайды. Бюджеттен тыс қаражаттардың жалпы сомасын анықтау қиын,
өйткені ол көптеген қорлар мен сметалар арасында шашырап кеткен.
Қаржы ресурстарының көзі жиынтық қоғамдық өнімнің барлық үш элементі:
“c”, “v”, “m” болып табылады. Оны келесі 1-ші суреттен көре аламыз. 3, 35
б

Жалпы қоғамдық өнім
C (капитал) V (еңбекақы) M (қосымша өнім)
Материалдық шығындар Қажетті өнім
Қосымша өнім
ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР)
Ұлттық табыс

Амортиза- Айналым-
цялық дағы
аударымдар қаражаттар

Әлеуметтік қорларғаТаза табыс (пайда)
аударылатын
аударымдар
Халықтан алынатын Жанама салықтар (ҚҚС,
салықтар, қарыз бенакциздер)
лотереялар
Роялти, бонустар, табиғи ресурстар үшін Сыртқы экономиикалық
төлемдер, баждар, лицензиялар үшін төлемдер, қызметтен түсетін
тіркеу алымдары, табиғатты қорғау қорына түсімдер
төленетін түсімдер
Мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін пайда
Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (қарыздар,
трансферттер, гранттар)

Сурет-1 – Қаржы ресурстары

Мысалы 1-ші суреттегі С элементінен амортизациялық аударымдар,
табиғи орта мен минералды шикізат базасын ұдайы өндірудің аударымдары,
кәсіпорындар өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың құрамына
кіретін төлемдер және басқалары құрылады. “V“ элементі халықтан алынатын
мемлекеттік салықтар, әлеуметтік қажеттіліктердің аударымдары, заемдар мен
лотереялар бойынша түсімдер сияқты қаржы ресурстарының көзі болып табылады.
“M” элементі пайданы, жанама салықтарды, сыртқы экономикалық қызметтен
түсетін табыстар мен төлемдерді (кеден баждарын, кеден рәсімі үшін
төленетін төлемді) қамтиды.
Қаржы ресурстарының бір бөлігі кешенді түрде қоғамдық өнімнің бірнеше
элементтерінің құқрамында қалыптасады. Мәселен, шаруашылқ органдар
деңгейінде өнім (жұмыс, қызметтер) өндіруге және өткізуге жұмсалынған
шығындарға сай келетін “c” және “v” элементтерінен салықтар, алымдар және
арнаулы қорларға төленетін аударымдар, жер қойнауын пайдаланушылардың
төлемдері – роялти, бонустар, көлік құралдарына салынатын салық,
мемлекеттік баж, ластаушы заттардың тасталындылары мен қалдықтары
орналыстарғаны үшін төлемдер және басқалары түріндегі ресурстар
қалыптасады. Ал жекешелендіруден түсетін түсімдер сияқты түрінің көзі
ұлттық байлық, яғни жинақталған ұлттық табыс болып есептеледі.
Екінші фактор бұл материалдық шығындардың орнын толтыру қоры мен
өндірілген ұлттық табысқа жалпы қоғамдық өнімнің бөліну үйлесімдері.
Жиынтық қоғамдық өнімдегі материалдық шығындардың үлесін – материал
сыйымдылығын төмендету өндірілген ұлттық табысты – қаржы ресурстарының
негізгі көзін – арттыруға мүмкіндік беретін фактор болып табылады.
Қаржы ресурстарының өсуіне сонымен қатар жалпы алғанда қоғамдық
өндірістің, сондай-ақ өнеркәсіп өндірісінің материалдық-заттық құрылымы да
әсер етеді.

1.2 Қаржы қорлары және оның жіктелуі

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық
қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық
қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді.
Бұдан қаржы қатынастары өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады.
Мұндағы қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін
орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіірс процесінің бөлу
стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның
маңызды бөлігі – ұлттық табыс алғашқы бөлу процесіне ұшырап, мақсатты
арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны
құрайтын микроэлементтерге – с, v және m-ге ыдырайды. Яғни өндіріске
жұмсалынатын өндіріс құралдары құнының (с) орны толтырылады,
қызметкерлердің жалақысы (v) төленеді және қосымша өнім (m) алынады. Тап
осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын құрайтын қайта жасалынған
қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы
функцияларының бастауын құрайды. Қосымша өнім мемлекеттің қатысуынсыз
болатын қаржы қатынастарының негізгі объектісі болып табылады, ол ақша
қорларын жасау арқылы ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін және мемлекеттің
орталықтандырылған ақша қорларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп
аталаған үш элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес
ақша қорлары немесе ақша қорланымдары жасалынады. 5, 34 б
Қалыптастырылған ақша қаражаттарының қорлары қайта бөлуге –
қаражаттардың мақсатты арналымына қарай ұсақтандыруға немесе керісінше
ірілендіруге, өндірістік және өндірістік емес құрал-жабдықтардың ауыспалы
айналымы процесінде олар атаулы бағытауға немесе пайдалануға жұмсалады.
Материалдық өндірісте жасалынған құнның едәуір бөлігі жалпымемлекеттік
мұқтаждықтарға беріледі, ақша нысанындағы өздігінше қозғалыс мемлекеттің
кірістері түрінде мемлекеттің қаржы қатынастарының сферасына қосылады.
Экономиканың бастапқы буындарының табыстарынан, аударымдарынан басқа,
мемлекет халықтың салықтар, ерікті төлемдер – қарыздар, лотереялар,
мемлекеттің қатысуымен банкте жинақталатын жинақ ақшалар нысанындағы
қаражаттарының бір бөлігін жұмылдырады. Қаражаттардың бір бөлігі қор және
қор емес нысандарда әр түрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде
мемлекеттік, жекеше, қоғамдық кәсіпорындар мен халықтан түседі.
Орталықтандырылған ақша қорларын – мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік
қамсыздандыру қорларын, әр түрлі бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру арқылы
мемлекет деңгейіндегі қаржы қатынастарының нысандары осылай пайда болады.
Бұдан басқа ақша қаражаттары мен қорларының қозғалысы мемлекеттік ұзақ
мерзімді мақсатты бағдарламаларды - өндіргіш күштерді дамыту, әлеуметтік,
экономикалық, ғылыми, аумақтық және басқа бағдарламаларды жүзеге асыруға
қолданылады.
Ақша қаражаттарын басқаруда кәсіпорынның айналым активтерінің күрделі
әрі барлық қызметтерді жүргізудің және ұйымдастырудың негізі болып
табылатын ақша қорларын және ақша қаражаттарын қалыптастыру мен тиімді
пайдаланудан туындайды. Ұдайы өндiрiстiк тұжырымдаманы жақтаушылар қаржының
экономикадағы келесi үш қызметiн көрсетедi: 3, 23 б
1. Ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2. Ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3. Бақылау қызметi.
Мемлекет және кәсiпорындар өзiнiң иелiгiне материалдық өндiрiс
сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнiм және өзiндiк өнiм құнының бiр
бөлiгiн алып немесе тартып отырады. Бұл процесс қаржының қызметi ақша
қорларын жасау арқылы жүзеге асады.
Осы жиналған немесе тартылған ақша қорларын экономикада орынды жұмсау
қаржының екiншi қызметi ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану арқылы
жүзеге асырылады. Әрине жоғарыда аталған қызметтердiң барлығы бiр-бiрiмен
тығыз байланысты және олардың қызметтерi бiр-бiрiнсiз жүзеге аспайтын
белгiлi бiр экономикалық жүйе болып табылады.
Қаржының негізінде экономика салалары, аумақтары және өндіріс түрлері
арасында, экономикалық субъектілер: мемлекет, кәсіпорындар және халықтың
арасында ақшалай қаражаттар мен қорлардыбөлу мен қайта бөлу іске асырылады.
Қаржының бөлу қызметі ақша қаражататрын оның артық саласынан экономиканың
дамуы үшін қажетті және қаржылық қолдауды қажет ететін салаларына ақша
қаражаттарын қорландыру арқылы бөлу мен қайта бөлуді айтамыз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтыну қоры, қалыптастыру және пайдалану
Ақша теориясы, түрлері, даму кезеңдері қызметі
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Қаржының экономикалық маңызы және қажеттігі
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Шет мемлекеттердің қаржы жүйесі
Қаржы ресурстарын басқару
Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық рөлін жетілдіру жолдары
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны туралы
Қазақстанда қалыптасқан қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін ашып көрсету
Пәндер