Жеткіншектерді тәрбиелеудегі мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығының теориялық мәселелері



I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
ІІ. Негізгі бөлім:жеткіншектерді тәрбиелеудегі мектеп пен ата.ананыңынтымақтастығының теориялық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.1.Жеткіншектердің жас ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2.2.Ата. аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, ықпал ету шарттары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.3.Мектептің жеткіншектердің ата. аналармен байланыс жасаудің педагогикалық. психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.4.Мектеп пен ата. ананың жеткіншектерді тәрбиелеуде бірлесіп атқаратын жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
ІІІ. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ҮІ. Қолданған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
Жеткіншектік кезең бұл тану білу процесінің ең күшті дамитын кезеңі болып қана қалмастан, өзінің мінез- құлқын өзгертетін, қайта құратын ең өзекті мезгілі; ата- ана жеткіншектердің жарқын үлгісі. Ал мектеп біліммен сусындатып ,тәрбиииемен сусындататын алтын ұя; қазіргі кезеңдегі үлгілі педагоктардың бірі Сағындықұлы өз еңбектерінде былай деп атап көрсеткен еді, “мектеп өз бетімен жеке жұмыс жұргізуі жеткіліксіз мектеп әр отбасының ынтымақтаса отырып олардың басын қосып біріктіру арқылы белгілі статус ала отырып тәрбие орталығына айналады”[2], ата- анамен мектеп бірлесіп сәйкесті қызмет істегенде ғана жеткіншектердің дұрыс тәрбиеленуіне, дамуына тамаша негіз қаланады. Бүгінгітаңда ұрпақ мәселесі еліміздегі тіпті бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселе.Оған дәлел 1989 жылы Бірікен Ұлттар Ұйымы қабылдаған кейінен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған «баланың құқығы туралы конвенция» бола алды.Онда «бала толық және гормониялық даму үшін мейірім мен өзара түсінігі бар, қызығушылыққа көп көңіл бөлетін бақытты ақуалдық о ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай –ақ, бала әлі дене, ақыл –ой жағынан толық жетілмегендіктен мейірім мен қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлық мұқтаж» делінген. Конвенцияда әрбір ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екендігін айта келіп, ол білімдердің мына бағытта: баланың жеке басын, таланттын, дене және ақыл-ой қабілетін дамыту ; адам құқығын құрметтеу; баланы өз ата-анасын силауға, оның мәдени тұрмыс салттын тілі мен құндылықтарын, елінің ұлттық байлықтарын бағалауға тәрбиелеу; баланы еркін қоғамда ынтымақтастық түсіністік, ұлт аралық қарым-қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге дайындау; қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеуді жүзеге асыруы керектігін үсынады[15].
1.Алтынбай Ш.А. «Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпа
лын арттырудың педагогикалық шарттары» автореферат –Алматы, 2004ж
2.Е.Сағындықұлы «Педагогика» - Алматы, 1998ж.
3. «Педагогикалық оқулық» - АГУ Алматы , 2005ж.
4. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдияров «педагогика» - Алматы: Дарын – 2004ж.
5. А.В. Петровский « Педагогикалық және жасерекшелік психологиясы» -Алматы «Мектеп» 1987ж.
6. « Психологияны мектепте және Ж.О.О-да оқыту» Алматы 2006ж. №5. (Б -8)
7. Мектептегі психология 2006ж. №3. Б-14.
8. Н.У.Бегалиова « Отбасында және отбасынан тыс тәрбиеленген жасөспірімдердің психологиялық даму ерекшеліктері» Мектептегі психология 2006ж. №4. Б-18.
9. Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика» -Алматы, 1990ж.
10. Выготский «Баланың жасерекшеліктері және кемтар балалар психологиясы» - Алматы, 1999ж.
11. Гейдебарнд К. «Бала жанының мәні жайында» - Алматы, 1993ж
12. Ержанова К. «Жеткіншектерді қоғамдық белсенділікке тәрбиелеу» - Алматы, 1975ж.
13. Әтемова Қ. «Мектеп пен ата-ананың ынтымақтастығы»// Қазақстан мектебі – Алматы, 2006ж. №7 Б-65
14, Сүлеймен «5 сынып оқушыларына үлкендердің тигізетін әсері» // Психологияны мектепте және Ж.О.О-да оқыту 2005ж. №2
15. Баланың құқығы туралы конвенция . Алматы «Дәнекер» 2000ж. 24-б.
16. А.М.Прихожан, Н.Н.Толстых. Дети без семьи. М., Педагогика, 1990.
17. М.Жұмабаев Педагогика. Алматы. «Рауан» 1993ж. 154-б.
18.卢家楣,魏庆安,李其维 《心理学》2004-北京
19。方哓义,申继亮《气质与思维品质的相关研究》心理发展与教育1991北京。
20。郑和昌《中学生心理咨询》1994济南
21。周国稻 《11-15岁学生自我概念的发展》1996北京
22。罩远《自己是最好的心理医生》2005北京

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

ІІ. Негізгі бөлім:жеткіншектерді тәрбиелеудегі мектеп пен ата-
ананыңынтымақтастығының теориялық мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

2.1.Жеткіншектердің жас
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
2.2.Ата- аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудің мақсаты, мазмұны, ықпал ету
шарттары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..10
2.3.Мектептің жеткіншектердің ата- аналармен байланыс жасаудің
педагогикалық- психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.4.Мектеп пен ата- ананың жеткіншектерді тәрбиелеуде бірлесіп атқаратын
жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

ІІІ. Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ҮІ. Қолданған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

І.Кіріспе
Өзектілігі:
Жеткіншектік кезең бұл тану білу процесінің ең күшті дамитын кезеңі
болып қана қалмастан, өзінің мінез- құлқын өзгертетін, қайта құратын ең
өзекті мезгілі; ата- ана жеткіншектердің жарқын үлгісі. Ал мектеп біліммен
сусындатып ,тәрбиииемен сусындататын алтын ұя; қазіргі кезеңдегі үлгілі
педагоктардың бірі Сағындықұлы өз еңбектерінде былай деп атап көрсеткен
еді, “мектеп өз бетімен жеке жұмыс жұргізуі жеткіліксіз мектеп әр отбасының
ынтымақтаса отырып олардың басын қосып біріктіру арқылы белгілі статус ала
отырып тәрбие орталығына айналады”[2], ата- анамен мектеп бірлесіп сәйкесті
қызмет істегенде ғана жеткіншектердің дұрыс тәрбиеленуіне, дамуына тамаша
негіз қаланады.

Бүгінгітаңда ұрпақ мәселесі
еліміздегі тіпті бүкіл әлемдегі ең өзекті мәселе.Оған дәлел 1989 жылы
Бірікен Ұлттар Ұйымы қабылдаған кейінен 1995 жылы Қазақстанда қабылданған
баланың құқығы туралы конвенция бола алды.Онда бала толық және
гормониялық даму үшін мейірім мен өзара түсінігі бар, қызығушылыққа көп
көңіл бөлетін бақытты ақуалдық о ортасы бар отбасында өсуі қажет. Сондай
–ақ, бала әлі дене, ақыл –ой жағынан толық жетілмегендіктен мейірім мен
қамқорлыққа, әсіресе, құқықтық қамқорлық мұқтаж делінген. Конвенцияда
әрбір ата-ана жасөспірімдердің өркениетті елдерде қазіргі заман талабына
сай білім алуын қамтамасыз етуге міндетті екендігін айта келіп, ол
білімдердің мына бағытта: баланың жеке басын, таланттын, дене және ақыл-ой
қабілетін дамыту ; адам құқығын құрметтеу; баланы өз ата-анасын силауға,
оның мәдени тұрмыс салттын тілі мен құндылықтарын, елінің ұлттық
байлықтарын бағалауға тәрбиелеу; баланы еркін қоғамда ынтымақтастық
түсіністік, ұлт аралық қарым-қатынаста достық рухында саналы өмір сүруге
дайындау; қоршаған ортаға жанашырлыққа тәрбиелеуді жүзеге асыруы
керектігін үсынады[15].

Бүгінгі тәрбие берудің ауқымы кең, талабы жоғары, соған сай заман талабы
бүгінгі отбасына үлкен жауапкершілік пен білімділікті жүктеп отыр. Жеке
түлғаынң қалыптасуына ықпалы ерекше болғандықтан, отбасы тәрбиесіне
философиялық, әлеумет танушылық, психологиялық және педагогикалық
зеріттеулерге ерекше көңіл бөлінген. Бүгінге дейін отбасы және ондағы бала
тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері қазақстандық ғалымдар Ж. Қоянбаев, Р.
Қоянбаев, Л. Лысенко, Р. Төлеубекова, Г. Байдельдинова, Ж. Әбиев және т.б.
тарапынан зеріттелді.[15]
Ал оларды ата-ана мен мектеп сәйкесімді тәрбиелегенде ғана ертеңгі
болашақ, ұлт, техника, экономика, қоғам т.б. мәселелер өзінің дұрыс шешімін
табады.
Жеткіншектердің ерекшеліктерін игеріп оны тәрбие барысыеда ұтымды сыңыру
ерекше мәнге ие. Әрі бұл ұрпақтардың ақаусыз ержетуінің кепілі.
Зерттеу объектісі: Жеткіншектерді тәрбиелеудегі ынтымақтастық.
Зерттеу нысаны: Ата –ана мен мектептің ынтымақтастығы.
Зерттеу пәні: жеткіншектерді тәрбиелеудегі мектеп пен ата-ананың
ынтымақтастығы.

Мақсаты: жеткікіншектердің жас ерекшеліктері және оларды тарюиелеудегі ата-
аналар мен мектептің ынтымақтастығының мәнін ашу.

Міндеттері:
1). Жеткіншектердің жас ерекшеліктерін айқындау
2). Ата- аналардың жеткіншектерді тәрбиелеудің теориялық негіздерін
әдебиеттер арқылы саралау
3). Мемктеп пен ата- ана ынтымақтастық түрлерін көрсету

2.1.Жеткіншектердің жас ерекшеліктері
Жеткіншектердің жасы әр әдебиеттерде түрліше көрсетіледі нақты
айтқанда орта мектеп жасындағы 12-15 жас балаларды жеткіншектер
дейміз.Н.К.Крупская жас жеткіншектер психологиясын ” бірде бала,бірде
ересек адамдарға жақын екендігін көрсеткен .Олар дене ,психика жағынан
жетіле түседі,жастық “албырттыққа” байланысты ,алған нәрселерін бойына
сіңіргіш келеді бсонымен бірге күш- қуатын асыра бағалайды.Осы кезде
дамудың жалпы қарқыны жыныс бездерінің қызыметі нәтижесінде пайда болған
организмдегі өзгеріс ,кеңейе бастаған ақыл-ой өрісі,өмірді байқай
алуы,адамдарға қатынас- осының барлығы оларды ересектер қатарына қосуға
әкеліп соғады .[4] Олардың ой-өрісі дифференцивтелген ғылым саласынан алған
білім негізінде қалыптасады. Әрине әдетте олардың меңгерген білім жүйесі
немесе ғылыми заңдылықтар мен қортындыларды игеруі теориялық деректерді
қамтиды,нақты фактілерге негізделд. Орта мектеп жасындағы баллалар
гипофиздің әсіресе оның алдыңғы бөлігі мен қалқанша бездің қызметі өте
күшейеді. Осының әсерінен бойының аяқ қолының яғни организмдерінің
физикалық жақтарының өсуі өте тез болады; нерв жүиесі де қалыптасып әбден
жетіле түседі. Олардың миының салмағы ересек адамдардыкымен қарайлас болады
, бұл саладағы негізгі айырмашылық ми қабықтарының кейбір бөліктерін бір
жүйемен байланыстыратын нерв клеткаларымен ассоцотивті қабықтардың
структвалды қалыптасуына байланысты болатындығында. Ми қабығында инстинкт
пен эмоцияны бақылауы арта түседі. Бірақ қозу процесі үстем болады. Жас
жеткіншектерге көтеріңкі көңіл күйі тән, осыған байланысты тәрбие жұмыстары
олардың өзін және өзінің мінез құлқын меңгеруді міндет етеді. [1]
Жеткіншектердің физиялогиялық дамуы психикасының қалыптасуынан
тезірек болады. Оқу процесінде олардың психикасына ерекше талап қойылады.
Жеткіншектердің қабылдауының даму ерекшелігі: қабылдауда бағыттылығы
басым болады. Олар бұрынғыдай басқалардың қадағалауымен заттарды
қабылдамайды, қайта өз еркімен дербес мақсатты тұрде заттарды бақылайды.
Себебі жеткіншектердің білім тәжырибесі, арман тілегі, сенімі, ортаны
бақылауы балалық кезге қарағанда күшті болады, дамыиды. өздерінің
қабылеттерін сәуллелендіріп үздіксіз құлшынады. Обьективті өмірге,
риалдыққа білімге деген ұмтылысы белгілі мақсат мәлім тәсіл арқылы
жүріледі, бұрынғыдай мақсатсыз қиалдардан арылады; жеткіншектер
қабылдауының анықтылығы күшейеді. Физиалогиялық дамуымен қатар психикасының
дамуы қарқынды тездейді. Зерттеулерге негізделгенде 6-7 сыныптағы
жеткіншектердың қабылдауы 1- сыныптағы баллаларға қарағанда 60% жоғары
болады тіпті ересек адамдардікінен де жоғары болы мүмкін. Олар заттардың
сыртқы формасын танып қана қалмастан өте жіңішкелдікпен мәніне үңіліп
тереңдей түсінуге әрекет жасайды; жеткіншектердің қабылдауындағы көп
кеззесетін кемшіліктер: сыңар жақтылық, албырттық, өз білгенше істеу,
бақылаудағы мұқиатсыздық, жеткіншектер психикасы қанша тез дамығанымен
физиалогиасы және психикасы әлі де толық пісіп жетілмегендіктен заттарды
қабылдағанда орнықсыз, албырт, мұқиятсыз бақылайды. Қызығушылық өте басым
болғандықтан өз білгенше істеп сыңар жақтылық көрсетеді. Толық ойланбастан
ерте қортынды шығару қиын болады. [19]
Жеткіншектердің ойлауының даму ерекшелігі
Абстрактілі ойлауы басым, тәжірибелік формадан назариалыққа өтеді. Олардың
абстірактілі ойлауы өте тез дамиды, бұл туралы Пиаже былай дейді: “11-15
жаста жеткіншектердің ойлауы формалды операция стадиясна кіреді. Олар
миында форма мен мазмұнды ажыратып, заттарды нақтылығынан алыстатып
логикалық ойлауға өте алады ”. балалық щақта таным құрылысы қарапайым
обрызды ойлау басым. Түсіндірме (нақты түсінік) негізінде ой
қалыптасатындықтан заттарды өз көзімен көрсетіп, нақты мысал негізінде
түсіндіруді қажет етеді. Ал жеткіншектік кезеңге өткенде ойлау формасы
күрделесіп, абстрактілі ойлау қабылеті күшейетіндіктен теориаларды түсініп
сол негізіде ой- түсінік қаалыптастыра алады; Диалектикалық- логикалық ой
өте тез дамығынымен формалды логика басым болады: жеткіншектер бір
қарапайым қағиданы түсіндіру үшін талдау жасап, түрге типке бөліп, сөз
қолданысы да лайықты болады. Бірақ, күрделі қоғамдық ғылыми, саяси
құбылыстарды түсіндіруде нақты дәлел, принцип негізінде түсіндіруге (тіпті
түсінуге ) амалсыз қалады, қиналыстар болады; ойлау күйіндек және сұрақ
формаларында зор дамушылықтар пайда болады. Балалық кезбен салыстырғанда
мынадай 3 ерекше қасиет болады: 1. сұрақ қоюы тектеу формасына (тереңдей
сұрау формасына ) өтеді. 2. сұрақ қою көлемі кеңейеді. Қоғамдық ортасының,
білім өрісінің өзін- өзі тану өресінің кеңеюіне байланысты білмек болған
заңдылықтар көбейіп сұрақтары түрлі тақырыпта, терең мағынада болады. 3.
қайтарылған жауаптарға немесе тіпті ғылыми теория, заңдылықтардың өзіне
күмәнді көзбен қарайды. Үнемі қарсы сұраулармен күдіктер көбейеді; Ал
мәселелерді шешу барысында олардың ойлауында мынадай екі негізгі қасиет
болады: 1. Болжал (жорамал) жасауы басым бола бастайды. Заттың нақтылығынан
аластап анықтама негізінде болжал жасап ойланады, мәселені шешу барысы
ғылымилық сипат алады. Мысалы, Маятник тәжірибесінде
(J.Piaget,B.Inhtlder,1959) сыналушыларға маятниктың жылдамдығына өзгеріс
тудыру үшін не істеу керектігін сұраған. Сонда 6-11 жас аралығындағы
балалар мынаддай 4- түрлі шешім айтқан: тербелгіш жіптің ұзындығы,
тербелмелі массасы, басталу нүктесінің биіктігі, тербеліс күші барлығы
маятниктіің тербеліс өзгертеді деп қарап әрбір өзгертуші факторларға
болжаммен тексеру жетерсіз болған. Ал 12-15 жас аралығындағы жеткіншектер 3
түрлі өзгертуші фактор тек оның қозғалыс күйін ғана өзгерту мүмін деген
болжал жасап, өзгертуші фактор жіптің ұзындығы екенін анықтап дұрыс шешім
айтқан. [21]

Щығармашылық сипатта ойлаудың ең маңызды кезеңге өтеді. 1980-
жылы 12- кезекті халықаралық психология құрылтайынрда, Венгрия психологі
Кармидың лексиясында “5-6 жастан асқан балаларды да шығармашылық қабылет
пайда бола бастайды, бірақ ең маңыздысы жеткіншектік кезеңде жүріледі ”деп
атп көрсеткен еді.
Жеткіншектердің эмоциялық ерекшеліктері
1. жеткіншектердің эмоциясы жәйлы сөз болса адамдардың көз алдына
сол бір “албырттық кез” келеді . Болгариялық психологі Пилов қатарлылар 5-
17 жас аралығындағы балалардың эмоциялық реакцияларын зерттеген кезде
нерв әрекетінің қозуы балаларда 5 жаста ең күшті, кейін жасының өсуіне
байланысты қозу баяулайды. Бірақ жеткіншек кезеңінде(қыз 11-13, ұл 13-15)
нервтің қозуы қайтадан күшейеді, жастық шақта қайтадан әлсірейеді. Бұдан
біз жеткіншетктердің эмоцияға берілгіш болатындығын байқаймыз.
Жеткіншектердің көңіл күйі үнемі толқып тұрады.бір нәтижеге жетсе қатты
қуанып, әсерленіп, серпіледі. Ал бірер сәтсіздікке жолықса еңсесі түсіп
жабырқайды. Тіпті көзге қалыпсыз көрнеді.[18]
2. Ұзақ уақыт көңіліне бүгу және көңіл – күйін бүркемелеу сипаты
болады. Бұл күшті қозудың тез тежелуіне қарама- қайшы. Яғни, белгілі бір
эмоциялық күйдің ұзақ уақытқа жалғасуы. Мысылы: бір орта мектеп жасындағы
бала мұғалімның сөгісіне ұшыраса сол сәтте ештеңе болмаған сияқты
көрінгенімен де екі- үш күн көңілсіз жабырқау жүреді. Балалық шақта риасыз,
қуанса күліп жабырқаса жылай салады. Ал жеткіншектікке аяқ басқаннан кейін
ішкі жан дүниесі мен эмоциясы қарсы келіп тұрады. Мысалы: іштей қатты
жабырқаса да, сырттай күлімсіреп ештеңе болмағандай жүре береді. Бұл
құбылыс басқалардың оны түсінуіне қиындықтар тудырады. Бырақ шын мәнәнде
олар ішкі сырын ақтарғысы, басқалармен жақсы қатынаста болғысы келеді.
Бірақ ата- ана, таныс кісілерді көрісімен батылдығынан айрылып ішкі
дүниесін ақтара алмай қалады.
3.Намысшыл, секемшіл болады.жеткіншектер намысын басқа сезімдерінің
ең алдына қояды. Егер өз намысы сәл қорланса қатты ашуланады, тіпті ауыр
болғанда өзін- өзі тежей аламай заң ережелерге қайшы келеді. Олар өз
намысына көңіл бөлгені сонша тіпті секемшіл болып кетеді. Мысалы, бір орта
мектеп жасындағы бала үлкен саханда ән айтқан кезде жаңылып қалады, бұған
көрермендер ду күледі. Ал ол бала намысқа шыдай алмай өзін- өзі өлтіріп
алады. Олар күнделікті өмірде үйрену нәтижесінде, сабақтан сырт қимылдарда
белгілі нәтижеге жетсе, тіпті басқалардан бойы биік денесі әдемі болса
соның өзіне өзін мықты санайды. Ал керісінше болса, өзін қатты қорлайды.
Бұдан біз жеткіншектердың өзін өзі бағалаудың әлі де жан- жақтылы пысып
жетілмегенін көре аламыз.
Жеткіншектердің қабылетінің даму ерекшелігі
Жеткіншектік кезеңде балалардың ақыл- ой қабылеті даму үстінде.
Сондықтан олардың қабілеттілктеріне баға беру тым ертерек.
1. адамның ақылы жасының өсуіне байланысты үздіксіз өзгеріп отырады.
Америкалық психолог Билиь(Bayley,1970ж) бүл жөнінде зерттеу негізінде
мынадай қортындыға келеді: туылғаннан 10 жасқа дейін ақылдың даму
жылдамдығы тез, одан кейін сәл баяулап 20 жаста ең жоғарғы шегіне жетеді.
30 жасқа дейін сол қалыпты сақтайды, 40 жастан бастап төмендеп 60 жастан
кейін күрт әлсірейеді. 6-7 сынып мезгілі ақыл дамуының ең бір шешуші
мезгілі, абстрактілі логикалық ойы күшті дамып, әр нәрсеге тереңінен
толғанады.
2. қабілеттің түрлі құрамдас бөліктерінің дамуы бір текті болмайды.
Мысылы: Воцон (Thurstone,1955ж) бұл жөніндегі зерттеу нәтижесі мынадай
болды; адам түйсігінің дамуы 12 жаста ең тез ересек адамдар түйсігінің 80%
не жетеді. Ал ой қорту сөздің мағынасын ұғыну және сөз түсініктілігі 14
жас, 18 жас және 20 жастан кейін ғана өз деңгейлеріне жетеді. Сондықтан
мұғалімдер мен ата- аналар жеткіншектерің өздеріне ерік беріп
қабылеттерінің дамытуына шарт жағдай әзірлеу керек. [22]
Жеткіншектер мінезінің қасиеттері
Тұлғаның қалыптасу және даму барысында, әрбір кезеңде өзіндік
ерекшеліктер болады. 1. жеткіншектерді балалармен салыстырғанда, іс-
әрекетінде мақсаттылық, даралық , табандылық қасиет басым болады.
Баллалардың мақсаты айқын болмайды. Ал жеткіншектер болса өз әрекетінңің
нәтижесін болжай алды. Сол негізде мақсат орнатып амал тәсіл қолданады.
Балалардан “не үшін оқисың ” деп сұраса ата- ана мұғалымдердің сөзі бойынша
“ержеткенде дәрігер болу үшін ...” оларда мақсат болғанымен әрекеттің
сәйкес болуы екі талай, ал жеткіншектер мақсат пен әрекетті байланыстыра
біледі.
Жеткіншектерде “даралық”қасиет басым болады .олар өздерінің құқығына
,басқалар әрекетінің шынайлығына үнемі күмәнді көзқараспен қарайды яғни
өзгелердің сөзіне бірден еріп кете бермейді.Ең маңыздысы жеткіншектік
кезеңде “Агрессия” туылады. “мен сендердің сөзднріңе сенбеймін,сондықтан
айтқандарың бойынша істегім келмейді!”деген сяқты сөздерді көп
қайталайды.өздерінің дербестігін (өз ісін өзі шеше алатындығын ) көрсету
үшін ата-анасына,мұғалімдеріне үнемі қарсы шығады,кейде тіпті еліктегіш
келеді.мысалы, “жақсы араласатын достарымнан бөлек қалмауым керек” деп
санап,сол топтың ішінде арақ ішетін ,темекі тартатын,төбелесетін,ұрлық
істейтін тіпті нашақщрлыққа салынатындар болса көзсіздікпен соларға ілесіп
кетеді. Яғни “көпшілік осылай істесе мен неге істемеуім керек” дейді.
Жеткіншектер мінезінде сонымен қатар “табандылық” қасиет қалыптасады.Әрине
бұл тамаша ерекшелік яғни үйрену, жұмыс барысында мақсат үшін талмай
тырысады,төзімді болып шыңдалады. Бірақ оның жағымсыз жағы егер мәлім жаман
мінездеме қалыптасып қалған болса соны түзетуі, нашар жағын түсініп біліуі
қиынға соғады.
2.Жеткіншектер жаңашыл, ескі көзқарастарға күмән тудырады. Өзін
ересек адамдай сезінеді.
3. Басқалардың назарын үнемі өзіне аударғысы келеді. Бәсекелік
қуаты күшті болады.
4. Жеткіншіктердің өмір,дүние туралы көзқарасы үздіксіз тану
үстінде болады.Әрі бұл мезгіл мінездің қайта құрылып, тұрақтанатын тамаша
кезеңі.
2.2 Ата-ананың тәрбие мақсаты, мазмұны, Жеткіншекке ықпал ету
шарттары мен әдістері
Қазақстан республикасының констиуциясында “балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу ата ананың табиғи құқығы әрі парызы” деп,отбасының
міндеті анық көрсетілген. “Қазақстан 2030”бағдарламасында балаларымызды
алыс болашақта қандай салада көруіміз керектігі айтылған.Сонымен бірге
отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжрымдамаларында әрбір отбасында
өзірің ұрпағын тәрбиелеп қатарға қосу міндеті жүктелген.Сөйтіп, отбасының
әуел бастан-ақ өзіне тән киелі міндетін орнату қажеттілігі бекемделе түсті.
Отбасы-жеткіншектердің ең жақын әлеуметтендіру ортасы.Өмірдің
мақсаты,оның құндылықтары,не біліп,өзін қалай ұстау керектігі туралы
алғашқы мағұлматтарды береді және онда басқалармен қарым-қатынас орнатуына
іс жүзінде дағдыланады.[3]
Ата-ананың басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Ата-ананың мақсаты-
жас ерекшелігін, жеке қасиеттерін, психалогиалық процестерін, әлеуметтік
ортасын ескере отырып, білімді, жан-жақты жетілген болашақ ұрпақ тәрбиелеу.
Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның
өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды баланың дамуының қандай
қырын алмайқ, қай жас кезеңінде болмасын оның тиімді болуында ата-ананың
үрелі ерекше. Отбасының әлеуметтік мәдени жағдайы ата-аналардың білімділік
деңгейімен сипатталады.Техникалық-гигиненалық жағдаиы өмір сурі жағдайымен,
баспананың ерекшелігімен анықталады.Ата-ана осы мақсаттарға жету үшін
мынадай міндеттерді шешеді:
1.Баланың гигиненалық жағдайына, денсаулығына, психикасына
жағымды ықпал жасау, шарт жағдай жарату, дұрыс өсіп жетіліуін қалыптастыру.
2. Жасы үлкендерді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, адамгершілік
қасиеттерін, салт дәстүрлерді боиына сіңіре білу.
3. Тұрмысқа, еңбекке араластыру, өз-өзіне қызымет етіп аялауды
үйрету
А.Е.Личко, У.А.Блинков, К.С.Лебединская, И.С.Кон, Дж.Джангпайд,
М.Ю.Долфто т.б әке-шешенің баламен қарым-қатынасында,оның мінез-құлық
ерекшеліктерін ескермеуінен келіспеушіліктер туындап,жеткіншектерді
психикалық кеселге ұшрауына:ашушаң,қырсықты,не болмаса ынжық, ез,
тартыншақ, жағымпаз, жасқаншақтық қылықтардың қалыптасуынан себеп
болатындығы эксприемент түрінде дәлелденген. Олар осыған орай отбасы қарым-
қатынасының дұрыс болмауынан келіп шығатын тәрбиедегі қателіктерді
төмендегідей жыйнақтауға болады: [13]
- жеткіншектердың қуанышы, күйзелісі, қайғысы секілді ішкі жан
дүниесіндегі толқыныстарды көре тұра мән бермеу, не оны байқамау, осындай
қамқорлықпен бақылаудың жетіспеушілігін- гиперпртекция деп атаған.
- Қазымырлық пен көзден бір елі таса қылмай, бақылаудың да жақсылық
әкелмейтіндігі белгілі, оны әсіреқамқорлық күшті түрі деп белгілейді. Бұған
душар болған жеткіншектер еркіндікті қатты аңсайды, оған қолы жеткен кезден
бастап, жүгенсіз кеткен жылқы сяқты алды- артына қарамай әр түрлі жағымсыз
жағдайларға ұшырайды. Кейде мұны реттеп алуы қиынға соғады да, олардың
болашағы күмәнді істерге соқтырылады.
-Жеткіншектердың жүріс- тұрысын мүлде бақылаусыз қалдыру, кетірген
қателіктеріне ескертулердің болмауы, тиымсыздық, тойымсыздық жеткіншектерді
ызақорлық пен алаңғасарлық, қанағатсыздыққа тез сынып қалатын жігерсіздікке
соқтырады.
-Ауруын, әлсіздігін сылтауратып, ата-анаға дегенін істету өзіншілдік,
тәкаппарлық, бағасын арттыру секілді қылықтардың қалыптасуына соқтырады.
Сондықтан, денсаулығы нашар жеткіншектердің жағдайы қаншалықты назар
аударуды талап ететінін нақты мөлшерлеу күрделі болса, аса маңызды мәселе
екендігін естен шығармау керек.
-Жеткіншектің өзін қажетсіз сезінуі, ешкімге керек емес екендігін
түйсініп, сезінуі тұрлаусыз, секемшіл сияқты жүйке әлсіздігіне соқтырады
және талма ауруына бейімділігін арттырады.
-Отбасындағы қаталдық: ата- ананың өзара қарым- қатынасындағы олардың
балаларға қатынасындағы қаталдық- рақымсыздық пен қатігездікке жоқтан
өзгені сылтауратып әлім жеттілік істейтін бейбастақтық содырлыққа
соқтырады. Қазақ мұндай мінезді “таз ашуын тырнадан алады ”дейды.
-Жеткіншектерге әлі жетпейтін міндеттер жүктеп одан өте жоғары үміт
күту, сағын сындыры , кінәмшілдік, өзіне сенімсіздік тудырады. Себебі, ол
ата- анасы күткен үмітті ақтай алмаймын ау деген қорқынышта болып, шамасы
келмейтіндікке көзі жеткендіктен, өзін нашар әлсіз сезінеді.
- Тәрбйедегі қарама- қайшылық: әкесі бір сөз айтса, шешесі оған қарсы
бір іс айтса, мұғалім олардың екеуін де жоққа шығарып, өз білгенін айтса
жеткіншек кімнің тілін аларын білмей, кімдікі дұрыс, кімнің айтқаны қате
екенін ажырата алмай дал болады да, ақыры өз білгенін істеп кетеді. Сөйтіп,
ол ешкімнің ақылын тыңдамайтын, ересектердің ой пікірімен санаспайтын
тоңмойын, тіләзар болып өседі.
Қарым- қатынас арқылы ықпал етудің қай түрін алып қарасақ та, ол алдымен
баланың психикасына әсер ету, сол арқылы жүрегіне, жан дүниесіне, санасына
жол тауып қалған пікірді, іс әрекет түрінде орындауды төмендегідей
көрсетуге болады (суреттегідей)
Ата- ананың ықпалы өзінен өзі бола қалмайды, жеткіншектер олардың
әрекеттерін үнемі көздерімен көреді, сонымен ол мәңгі есінде қалып
санасынан орын алады. Есігені де осы қағида бойынша бірнеше рет қайталанған
соң , құлағында, ойында қалып қояды да, кезінде дереу дайын формула секілді
санасынан қалқып шығып іс- әрекетке айналады. Одан соң сол формулламен
бірнеше рет қайталанып, мінез құлық, іс- әрекет немесек жүріс- тұрыс
ерекшелігі болып орнығып қалады. Сөз де солай. Осының бәрі сүйтіп оның
өзіне ғана тән стилі, мінез құлық сипатына айналады.
Ата- ана тәрбиесіне қатысты ғылыми теориялық шарттары мен әдістері
ата- аналар арасында жүргізілген нақты практикалық материялдарды зерттеу
негізінде құрылды. Педагогикалық шарт- баланы жақсы ой, жайдары мінез,
пайдалы істерге жетелеп, еліктететін жағымды педагогикалық шарт- жағдай.
Демек, ата- ана тәрбиесінің педагогикалық шарттары дегеніміз балаға
тәрбиелік ықпал ету үшін ата- ана тарабынан жасалған жағымды жағдайлар. Ол
ата- ананың жаратып берген материялдық, рухани ақуалдарын қамтиды. Оларды
төмендегідей түрлерге бөлеміз:
1). Ата- ана тәрбиедегі мақсатын анықтап алған жөн, мұны жеткіншектің
болашақ кәсібімен ғана байланыстыру жаңсақтық. Педагогика ғылымының
жүздеген жылдардан бергі тәжірибесіне сүйенетін болсақ, ол мақсат бүкіл
адамзат үшін біреу ғана- баланы адамгершлілікті болуға тірбиелеу, әрине
бұл өте қиын.
2). Тәрбиенің мақсатын айқындап алған соң, енді осы жақсылықтың үлгі
өнегесін көрсету ата- ананың жағымды ықпал етуінің екінші педагогикалық
шарты. Айталық, отбасылық тәртіпті жүзеге асырудан бұрын, тәртіптің не
екендігін және тәртіпті адам қандай болатынын мың ауыз “мылжың” сөзден гөрі
ұрымтал іспен көрсету.
3). Арнайы педагогикалық білімі жоқ адамдар, ата- аналар аздап болса
да, осы ілімнен қабардар болуға ұмтылғаны абзал. Бұл ата- ана тәрбиесінде
жеткіншектердың мінезқұлық ерекшеліктері, ішкі жан дүнтиемсі, қалауы мен
сұрау- талаптарын дұрыс пайымдап, оларды қанағаттандырудың мөлшері,
жолдарын тура таңдап алуға көмектеседы.
4). Ата- ана беделін орынды пайдалану. Осыған орай аса дарынды педагог
А.С.Макаренков мынадай бедел түрлерін белгілеген: аулақтық бедел, өзімшілл,
менменшілік, өсиетшіл, қазымыр, тақуагершіл, сүйспеншіл, қайырымды, достық,
сатып алу арқылы балалар алдында өз беделін сақтауға, сол арқылы тәрбиеге
ұмтылу. Осының ішіндегі ең тиімді, ықпалды қуаттысы- сүйспеншілік, қайырым,
достық арқылы пайда болған бедел.
5). Отбасында орнаған тәртіп пен әдептілік салт- дәстүрі. Жзалпы
отбасы мүшелерінің қарым- қатынас сипаты. Ол сый құрметке, не айқай
төбелеске, ұрыс керіс пен балағат сөзге құрылған ба? Міне осының өзіне ақ
отбасы тәрбиесіндегі ата- ананың ролін көрсетеді. Ата-ана ұлттық салт
дәстүрге құрылған тәрибие сипатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Тәрбие бағыттылығының ұжымдық идеясы
Мектепке дейінгі білім беру ұйымы мен отбасынының өзара әрекеттесу жағдайында баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіру
Бастауыш мектеп мұғалімінің тәрбие жұмысы
Отбасы тәрбиесін жетілдірудегі педагогикалық ұжым мен отбасының бірлескен қызметі
Отбасында педагогикалық процестерді ұйымдастырудың теориялық негіздері
Сынып жетекшісі, оның міндеттері мен жұмысының ерекшелігі
Отбасы мәселесінің психологиялық негіздері
Мектеп пен үйелменнің ынтымақтастық ерекшелігінің маңызы
Қазіргі жағдайда жеткіншектерді азаматтыққа тәрбиелеу
Пәндер