ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және аударма саласының дамуы мен зерттелуі



ХХ ғасырдың басындағы әдеби процесс, әсіресе 20-30 жылдары зерттеуші үшін, ең алдымен, сол кездері логикалық аспектілері мен даму динамикасы саяси және идеологиялық детерминанттармен айқындалған жаңа эстетикалық жүйенің қалыптасуымен қызығушылық танытады. Кеңес одағында қалыптасқан қоғамдық құрылым, әдеби процестің ерекшеліктерін, оның эволюциялық дамуын анықтаған еді.
Әдеби мазмұнның өзгерістерін, әдебиет эволюциясының заңдылықтарын көркем аударманың дамуы негізінде де зерттеуге болады.
Зерттеу әдебиеттерінде «аударма мен аударма ойы өзі құрама бөлігі болып табылатын әдебиет тарихымен тығыз байланысты» [30; 106] деген тұжырымдар кең таралған. Аталған ережеге сәйкес көркем аударма эволюциясының процесі түпнұсқа дамуының негізгі ерекшеліктерін жүзеге асырады.
Аударма, шығармашылық қызметтің түрі ретінде, ХХ ғасыр басындағы, әдеби процесс сияқты көптеген өзгерістерге ұшырады. Бірақ қазіргі таңда ХХ ғасырдың басындағы аударма мәселелерін, қазақ аудармасының тарихын, аударма өнері дамуының ерекшеліктерін қарастыратын ғылыми еңбектер жоқ немесе аз деп тура айтуға болады. Қарастырылып отырған кезеңдегі аударма мәселелері С. Талжанов, Ә.Сатыбалдиев, З. Тұрарбековтардың еңбектерінде көрініс тапты, бірақ оларда тек жеке мәселелер, автордың белгілі зерттеушілік талғамдары ғана көрсетілген. Сондықтан да аталған кезеңдегі аударма эволюциясының көп тұғырлы насихатталуы қажет болып отыр, себебі кеңес әдебиетінің мәдени-идеологиялық жалпылығы аударманың онтологиялық мағынасын да анықтады. Негізінде, ХХ ғасырдың басында шет тілдегі әдебиет шығармаларын ұғыну жолына тұрған қазақ аудармасының негізі қаланады, және жалпы, көркем аударма теориясы қалыптаса бастайды.
Осы себептен осы бітіру жұмысының негізгі мақсаты – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде көркем аударманың даму жолы, аударылым мен аудармашылық тұжырымдамалардың өзгеру идеясын қарастыру болып табылады.
Бітіру жұмысының міндеті – қазақ көркем аудармасының ХХ ғасырдың басында эволюциясын насихаттау, сол процестің негізгі өлшемдерін анықтау, аударма тұжырымдамалары мен принциптерінің өзгеруін айқындау.
Сол кезеңдегі қазақ әдебиеті, жаңа сапаға ие болып, аз уақыт ішінде әлем әдебиеті дамуының негізгі деңгейлеріне ие бола тұрса да, онда белгілі бір ағымдар мен мектептердің шекаралары нақты көрінбеді, олардың қызмет етуі өте тез бітіп, белгілі бір кең таралуға ие бола алмады.
1. Ө. Әбдиманұлы. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті. А., Қазақ университеті, 2002.
2. C. Талжанов. Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері. – А., Қазақ ССР-нің «Ғылым» баспасы, 1975.
3. А. Байтұрсынов «Қырық мысал» жинағы. – А., 1996.
4. Ә. Сатыбалдиев. «Сөз қазынасының кеншісі» (Ә. Сатыбалдиевтың ғылыми еңбектері. Естеліктер). Құраст.: Қ.Қ. Алпысбаев, Л. Н. Дәуренбекова. – Астана, «Аударма баспасы», 2008.
5. «Қазақ әдебиеті». 18 шілде, №29, 2003.
6. С. Талжанов. Көркем аударма туралы. – А., Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1962
7. Ж. Молдабеков. Аудармадағы ала-құлалық алаңдатады // Ақиқат. – 2006. – №4
8. Ә.Сатыбалдиев. Рухани қазына: Көркем аударма мәселелері. – Алматы: Жазушы, 1987.
9. Ш. Елеукенов. Мағжан. Өмірі мен шығармагерлігі: Алматы – «Санат», 1995
10. Х. Бекхожин. Қазақ баспасөзінің тарихының очеркі / Х.Бекхожин. – Алматы: Ғылым, 1981. – 191бет
11. C. Сейфуллин. Өлеңдері мен поэмалары. А., 1957
12. Көркем аударма теориясы мен тарихының өзекті мәселелері. Халықаралық ғылыми­теориялық конференция. – А., 2002
13. М. Әлімбаев. Өрнекті сөз – ортақ қазына. А., 1967.
14. С. Раппопорт. Художественное представление и художественный образ. М.: Наука, 1985.
15. М. Әуезов. Көркем аударманың кейбір теориялық мәселелері. // Көркем аударманың мәселелері. Мақалалар жинағы. – Алматы: Қазақ көркем әдебиет баспасы, 1957.
16. Ш. Құдайбердіұлы. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1988
17. «Молодой Казахстан» жинағы, М., 1928.
18. М. Әуезов. Уақыт және әдебиет. Құраст.: Ы. Дүйсенбаев. – A., 1962.
19. З. Жұмағали. Шәкәрім Пушкиннің “Дубровский” шығармасын қалай аударған еді. // Егемен Қазақстан, 2006
20. І. Жансүгіров. Шығармалары. 2 том, 392 бет
21. Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Құрастырған З. Ахметов, Т. Шаңбаев. А., «Ана тілі», 1996
22. И. Кабулов. Боевые вопросы марсистко-ленинской критики в казахской литературе. Стенография доклада на первом съезде Союза советских писателей Казахстана. – А. – М., 1934
23. С. Нұрышев Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). – Алматы: Қаз.ССР Ғылым Академиясының баспасы, 1957.
24. Ә. Бөкейхан. Шығармалары. – Алматы: Қазақстан, 1994
25. Көркем аударма теориясы мен тарихтың өзекті мәселелері. Халықаралық конференция материалдары: Алматы, «Қазақ университеті», 2002
26. М. Қаратаев. Эпостан эпопеяға. А., 1970
27. М. Дәулетбаев. Мен қалай жаза бастадым. Лениншіл жас, 1933 жыл, 1 мамыр, №51
28. «Қарыз серіктігі һәм оның қара-шаруаға пайдасы». Аударушы: Жұмабайұлы Мағжан. М., 1925
29. М. Құл-Мұхамед. Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы. Алматы: Атамұра, 1998.
30. Ю.Левин. Взаимосвязи литератур в истории перевода // Взаимосвязи и взаимодействия национальных литератур. – М., 1961
31. Ә. Сатыбалдиев. Алғашқы аударма үлгілері. // Аударманың лексико­стилистикалық мәселелері. ­ Алматы, 1987
32. Казахский сборник. Составили Тогжанов и Джансугуров. – М., 1934
33. М. Каип-Назаров. Казахская литература в борьбе с буржуазными влияниями. – А., 1932.
34. М. Баталов, М. Сильченко. Очерки по казахскому фольклору и казахской литературе. – А. – М., 1933.
35. Э. Рейсснер. Восприятие и искажение. (Проблема изменения текста при переводе) // Сравнительное изучение литератур. – Л., 1976
36. С. Талжанов. О переводах и переводчиках. / Аударманың лексика – семантикалық мәселелері: (тәжірибелер, толғаныстар, топшылаулар). – Алматы: Ғылым, 1987.
37. З. Тұрарбеков. Аударма туралы.
38. С. Мухашова. М.О. Ауезов – переводчик русской советской драматической классики. – А., 1977.
39. А. Сатыбалдиев. Развитие культуры художественного перевода в казахской литературе: Автореферат диссертации канд. фил. наук. – А., 1964.
40. Қазақ совет энциклопедиясы. 343-344 бб.
41. Абай. Шығармалар. Екі томдық. – А., 1957.
42. Актуальные проблемы художественного перевода. 1 том. – М., 1967.
43. М. Әуезов. Әр жылдар ойлары. – A., 1959.
44. М. Қаратаев. Туған әдебиет туралы ойлар. – A., 1958.
45. Көркем аударманың кейбір мәселелері. – A., 1957.
46. З. Қабдолов. Биік өнер. Көркем аударма жөнінде // Кітапта: З. Қабдолов. Әдеби толғаныстар мен талдаулар. – A., 1977.
47. Ә. Сатыбалдиев. Алғашқы аударма үлгілері // Аударманың лексико-стилистикалық мәселелері. A., 1987.
48. З. Ахметов. О своеобразии казахского литературного процесса начала ХХ в. // Известия АН КазССР. Серия филологическая, 1990, №2.
49. С. Мұқанов. Көркем әдебиет туралы қорытынды пікірім // Қызыл Қазақстан, 1927, №1.
50. А. Алимов. Проблемы художественного перевода в Казахстане 1920-1930 годов. Ф.ғ.д. кандидаттық диссертациясы. – А., 1994
51. Ш. Құрманбайұлы. Терминолог. «Егемен Қазақстан» газеті. – Астана, 2007
52. А.С. Пушкин. Полное собрание сочинений. – М.; Л.: Изд­во АН СССР, 1937-1959
53. Толстой Л.Н. Хажы Мұрат: художественная лит-ра / Толстой Л.Н. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1950.
54. Крылов И.А. Полное собрание сочинений. Том 3. Басни, стихотворения, письма. Государственное издательство художественной литературы, 1946.
55. У. Шекспир. Гамлет. Сонеттер / У. Шекспир. – Астана: Аударма, 2004.
56. Shakespeare W. Hamlet Princе of Denmark/Shakespeare W., – 1985 http://lib.ru/SHAKESPEARE/hamlet2.txt
57. У. Шекспир. Гамлет (пер. А. Кроненберга). www.biblion.ru
58. Лермонтов М. Ю. Таңдамалы. 1-том. – Алматы: Жазушы, 1977


Қосымша әдебиеттер

59. Б. Мейлах. Художественное восприятие как научная проблема // Художественное восприятие. – Л., 1971.
60. Б. Микушевич. К вопросу о романтическом переводе. // Актуальные проблемы теории перевода. Т. I. – М., 1967.
61. Литературные связи и литературный процесс. – М., 1986.
62. ХХ ғасырдың басындағы аударма. http://www.stud.kz/1760
63. Н. Есенжолов. ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ элитасының қалыптасуы және қоғамдық­саяси қызметі. www.sgpi.kz
64. С. Абдрахманов. Өлең аудармасының теориясы мен поэтикасы. Ф.ғ.д. кандидаттық диссертациясының авторефераты. – A., 2007
65. http://www.abai.kz веб­сайтының материалдары
66. Б. Қойшыбаев. Жазықсыз жазаланған журналистер. http://www.anatili.kz

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Аударма қазіргі кездегі көлденең адамның
кәсіпшілік ететін ермегі емес, мемлекет ісінің
бірі, ұлттық мәдениетті жасаудың құралы
С. Талжанов

ХХ ғасырдың басындағы әдеби процесс, әсіресе 20-30 жылдары зерттеуші
үшін, ең алдымен, сол кездері логикалық аспектілері мен даму динамикасы
саяси және идеологиялық детерминанттармен айқындалған жаңа эстетикалық
жүйенің қалыптасуымен қызығушылық танытады. Кеңес одағында қалыптасқан
қоғамдық құрылым, әдеби процестің ерекшеліктерін, оның эволюциялық дамуын
анықтаған еді.
Әдеби мазмұнның өзгерістерін, әдебиет эволюциясының заңдылықтарын
көркем аударманың дамуы негізінде де зерттеуге болады.
Зерттеу әдебиеттерінде аударма мен аударма ойы өзі құрама бөлігі
болып табылатын әдебиет тарихымен тығыз байланысты [30; 106] деген
тұжырымдар кең таралған. Аталған ережеге сәйкес көркем аударма
эволюциясының процесі түпнұсқа дамуының негізгі ерекшеліктерін жүзеге
асырады.
Аударма, шығармашылық қызметтің түрі ретінде, ХХ ғасыр басындағы,
әдеби процесс сияқты көптеген өзгерістерге ұшырады. Бірақ қазіргі таңда ХХ
ғасырдың басындағы аударма мәселелерін, қазақ аудармасының тарихын, аударма
өнері дамуының ерекшеліктерін қарастыратын ғылыми еңбектер жоқ немесе аз
деп тура айтуға болады. Қарастырылып отырған кезеңдегі аударма мәселелері
С. Талжанов, Ә.Сатыбалдиев, З. Тұрарбековтардың еңбектерінде көрініс тапты,
бірақ оларда тек жеке мәселелер, автордың белгілі зерттеушілік талғамдары
ғана көрсетілген. Сондықтан да аталған кезеңдегі аударма эволюциясының көп
тұғырлы насихатталуы қажет болып отыр, себебі кеңес әдебиетінің мәдени-
идеологиялық жалпылығы аударманың онтологиялық мағынасын да анықтады.
Негізінде, ХХ ғасырдың басында шет тілдегі әдебиет шығармаларын ұғыну
жолына тұрған қазақ аудармасының негізі қаланады, және жалпы, көркем
аударма теориясы қалыптаса бастайды.
Осы себептен осы бітіру жұмысының негізгі мақсаты – ХХ ғасыр басындағы
қазақ әдебиетінде көркем аударманың даму жолы, аударылым мен аудармашылық
тұжырымдамалардың өзгеру идеясын қарастыру болып табылады.
Бітіру жұмысының міндеті – қазақ көркем аудармасының ХХ ғасырдың
басында эволюциясын насихаттау, сол процестің негізгі өлшемдерін анықтау,
аударма тұжырымдамалары мен принциптерінің өзгеруін айқындау.
Сол кезеңдегі қазақ әдебиеті, жаңа сапаға ие болып, аз уақыт ішінде
әлем әдебиеті дамуының негізгі деңгейлеріне ие бола тұрса да, онда белгілі
бір ағымдар мен мектептердің шекаралары нақты көрінбеді, олардың қызмет
етуі өте тез бітіп, белгілі бір кең таралуға ие бола алмады.
Аудармашы – өз халқының, өз ортасының, өзі өмір кешкен заманының
перзенті. Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар
арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың, алыс-
берістің, айырбастың құралы. Аударма – елтану жолы, достықтың,
ынтымақтастықтың тәжірибе-тағлым алмасудың делдалы. Аударма адамдардың көп
замандарға созылған ұзақ тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын
түсінудің құралы, олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы, дәнекері болған.
Аударма халықты рухани жағынан дамытудың күшті құралы, себебі, ол – бүкіл
адамзат мәдениетінің қазыналы қақпасын ашатын кілт, ғылым мен білімнің
қайнар бұлағы, тіл ұстарту мектебі.
Батыс компаративистикасында Аударма шет елді игерудің бір
тәжірибесі деген пайымдау бар. Шынымен, аударма мәтін өзі шыққан
этномәдени орта мен лингвоелтану контекстері жөнінде оқырман қауымның басқа
ел туралы, оның мәдениеті жөніндегі ойын байытады. Лексикалық қатарда ол
шетелдік ономастика, топонимика, шет тілдегі реалийлердің атауын береді.
Егер георафия, тарих, археология, этнография және т.б. ғылымдар бір алыс ел
туралы нақты мағлұмат берсе, онда әдеби көркем аударма арқылы сол елдің
мәдениеті туралы эмоционалды көзқарасымыз оянады.
Аударманың  мәдениеттанулық мәселелеріне не жатпақ деген сұрақ
туындары заңды. Ол үшін, алдымен, аударманың мәдени феномен екендігі де,
оның адамзат мәдениетімен тығыз байланыстылығы да шүбә келтірмес айғақтар
екендігін еске сала кеткіміз келеді. Әрине, аударма – мәдени құбылыс.
Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен
мәдениетті бөліп-жарып қарастыра алмайсыз, себебі мәдениет – адами болмыс
ету нәтижесі. Екіншіден, аударма – мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп,
мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс.
Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып  есептелмейтін аударманың
екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа
сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, rewordіng.
Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма
немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда да сөз “аударманың” аудармасы, 
интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар
және жанама мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.
Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Тар мағынасында аударма
деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде
түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма
ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. Расында да, аударма
дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем-әдеби шығарма мәтіні
немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және т.б.-ны
өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға
елестетеміз [23; 48].
Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін,
мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол
мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” (бұл тұста тіл деген тар
лингвистикалық мағынада қолданылып тұрған жоқ) басқа бір тілге мән-
мағынасын бұзбай жеткізуді айтады. Мысалы, айтулы немесе жазулы тілге
негізделмеген мәдени салалар: көркемсурет, музыка, би және т.с.с. өз
алдында тілдік кейіпке келе алады. Өйткені біз көркемсурет идеясын,
музыканың рухын, бидің қимыл-қозғалыстарының мәнін тілге сала аламыз, яғни
тіл арқылы сөйлете аламыз. Тілсіз тілдер ұғымы осыдан барып шығады,
“мәдениет – метатіл” деген түсінік туындайды.
Көркем аударма – халықтың рухани мәдениетінің қазынасы. Суреткерлер
жасаған көркем туындылар арқылы халықтың ғасырлар бойы жасаған рухани
мәдениетіне тән ортақ заңдылықтар, дәстүрлер жүйесі танылады. Әрбір
халықтың қалыптасу, даму тарихындағы көзқарастардың, кең өрісті
дүниетанымдардың көркем аударма арқылы берілуінде шынайы суреткердің
жинақтаушылық талғам шеберлігі белсенді қызмет атқарады. Дүние жүзіндегі
халықтардың көркем әдебиетіндегі көрнекті қаламгердің барлығы да туған
жұртының тарихи-поэтикалық дүниетанымын тануға ұмтылады. Суреткердің
шығармашылық әлемі – туған халқының рухани дүниетанымына негізделетін
эстетикалық құбылыс. Академик З. Ахметов былай дейді: Әдебиет алдымен
ұлттық негізде пайда болып, дәстүрлі түрде одан әрі жалғасады. [21; 240]
Зерттеуші әдебиеттегі көркемдік ой сезімдерін әрбір халықтың өзіндік
көзқарастары тұрғысында қалыптасатындығын айта келіп: Алайда, ешбір
халықтың әдебиеті томаға – тұйық, басқа елдердің әдебиетінен оқшау
дамымайды. Басқа халықтардың әдебиеті мен мәдениетінен сусындап, өмір
қажеттілігіне орай, олардың жетістіктерін, көркемдік тәжірибесін өз ойына
сіңіріп отырады дейді [21; 240]. Демек, әлем халықтарының әдебиеттерінің
әуелгі қалпында ұлттық топырақта жаратылады да, келе-келе көркемдік
сапасына қарай, жұртшылықтың қабылдау ықыласына орай жалпы адамзаттық
рухани құндылықтарға айналады.
Әлем халықтары әдебиеттерінің классикалық шығармалары әрі ұлттық, әрі
жалпы адамзаттық рухани құндылықтар болып саналады. Қазақ әдебиетіндегі
көркем шығармалардың бір арнасы аударма туындылар болғандықтан оларға,
әсіресе Еуропа әдебиеттерінің классикалық мұраларын құрайтын суреткерлер
туындыларының қазақ тіліне аударылуы ұлттық өнерінің көркемдік сипатына
елеулі ықпал етті. Қазақ әдебиетінің төл туындыларымен қатар, Азия, Америка
құрлықтары ақын жазушыларының классикалық туындылары ХХ ғасырдың өн бойында
аударма өнері арқылы оқырмандарға танымал болды. Сервантестің, Шекспирдің,
Гетенің, Гейненің, Шиллердің, Байронның, Дюманың, Мицкевичтің, Золяның,
Твеннің, Драйзердің, Тагордың және т.б. ондаған суреткерлердің шығармалары
қазақша аударылды [1; 128].
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің
өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ой-сананың ояну
дәуіріне жол ашқан кезең. Еңдеше ұлттық сананың ең өнімдісі – әдебиеттің,
қоғамдық сананың көрсеткіші аударманың бұл кезеңде күрт алға басуы –
табиғи заңдылық. Бұл тұста Абайдың нақты жалғасы іспетті Шәкәрім мен
дүниеге Абайдан кейін келсе де, еңбегі ерте жарық көрген Мәшһүр Жүсіп
шығармашылығы өзінің кемел шағына жетіп, шырқау биігіне көтерілсе, Ахмет,
Міржақып, Сұлтанмахмұт, Мағжан, Бернияз т.б. тәрізді әдебиет айдынында бой
көрсетіп, биік көркемдік сипаттағы аудармаларды жариялай бастады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушылары мен ақын-жазушылары
аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу – ХХ ғасырдың бас кезінде біршама
нәтижесін беріп, алдыңғы қатардағы қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа
қол жеткізу мақсатына жетеледі. Оқыған зиялылар арасынан ел бағытын ақындар
сара жолды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға ұмтылған жаңа
тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың алдыңғы қатарында
қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз шындық.
Адамды адам ретінде ерен етіп тұрған да, оның өзіндік әлемі –
мәдениетіне тіреуіш болып тұрған да нағыз адами болмыстың іргетасы – мән-
мағыналық кеңістік, рәміздік кеңістік, таңбалық кеңістік. Мән-мағыналық,
немесе рәміз-таңбалық кеңістік абстрактілі бейнелерден, ұғымдардан, сөздер
мен таңбалардан, рәміздерден, эйдостардан (идеялардан) тұрады. Фиксацияда,
көшіруде, аударуда – осылардың бәрінің адам үшін мәні бар нәрсені
көбейтуінде мәдениеттің негізгі қыры да, сыры да танылады. Ол мәдениеттің
кумулятивтік, жинақтаушылық рухын баяндайды.
Адамзат жазулы тарихта жүргеніне біраз уақыт болғандықтан көптеген
рухани құндылықтар қағаз бетіне түсірілген мәтін ретінде тіршілік етіп
жатқандығы кімге де болса мәлім. Сол мол қазынаны өзіміздің бай мәдени
мұрамыздай көріп, одан шығармашылық шабыт алу үшін, алдымен, сол қазынаны
түсінікті ететін амал-тәсіл керектігі даусыз. Ендеше, түрлі тілде сөйлейтін
адамзаттың ортақ мұрасын өз мәдени мұрамыздың іргелі бөлігі деп қарауға
мүмкіндік берер қазақ аударматану ғылымының дамуы мәселесі бүгінгі таңның
өзекті тақырыбы [7].
Екі тілді терең білген әрі биік ақындық дарынға ие аудармашылар басқа
халықтардың туындылары ішінен қазақ ұғымына, тыныс-тіршілігіне сай,
көркемдігі басым, ғибраты мол, ой-сананы оятар үлгілі түрлерін, қазақ
топырағында жиі кездесетін жайттарды көрсетуге қолайлы, халық ұғымына
жеңіл, тартымдыларын екшеп-іріктеп алып аударған. Олар аудармаларында
шығарманы механикалық түрде қайталамай, оған ұлттық рең бере төл туындыға
айналдыруға тырысты. Айтылатын ойдың салмақтылығына, қазақ оқушыларының
жанына жақын да түсінікті, сезімін оятарлық дәрежеде болуына баса назар
аударған. Ақындар аудармаларында сюжет сақталғанымен, еркіндік басым, қазақ
тұрмысына жақын идеялар, заман тынысын танытатын жаңа ойлар айтылады.
Аудармашылардың туындылары да, ондағы сөздері де қарапайым, ұғымға жеңіл,
үгіт-насихат, тәлім-тәрбие түрінде болып келеді. Олар барлық туындыларында
негізінде бір проблеманы, ел өміріндегі саяси әлеуметтік проблеманы, оқу,
ағарту мәселелерін сөз етеді. Терең оймен жазылған төл туындылары оқырманды
жақсылыққа, имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке, ақ ниеттілікке, өнер-
білімге жетелейді. Аудармашылар аударып отырған туындының мазмұнын сақтай
отыра, оны қазақ рухына, қазақ өміріне түсінігіне сәйкестендіріп берген.
Әрқайсысы өзі тұтас бір әлем деп айтуға тұрарлық ақындар
аудармаларының тағы бір ерекшелігі – олар мәселені таптық шеңберге ғана
бағындырмай, адамгершілік, ізгілік тұрғыдан келеді. Мысалы, қай ақыннан
аударғаны белгісіз А.Байтұрсыновтың Нәбік аты өлеңінің негізгі арқауы
кедей мен бай арасындағы тартыстан басталып, соңғы түйінінде кедейдің
ішінде де, байлардың арасында да адамгершілігі мол, аталы сөзге тоқтайтын
адамдар бар екені айтылады.
Аударманың, соның ішінде, әсіресе, көркем-әдеби, поэтикалық аударманың
әдебиет, поэзия сынды өнер қатарына жататындығы да қисынды. Прозадағы
аудармашы – құл, ал поэзиядағы аудармашы – қосавтор деген В.Жуковскийдің
қанатты сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Ол аударманың өнер ретіндегі
көрінісін танытады.
1937 жылы дарынды аудармашылар ұсталып, сотталып, айдалып, атылып
кетті. Ұлтшыл алашордашылар ақын-жазушылардың отызыншы жылдардың өне
бойында аудармаларын жариялауға рұқсат етілмеді. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов
пен Жүсіпбек Аймауытов аудармалары 1928 жылдан кейін қасақана аталмай
келді. Осы аса көрнекті қайраткерлердің аудармалары ақталғаннан кейін 1989
жылдан бастап мерзімді баспасөз беттерінде жарық көре бастады.
Осы зерттеу атау болып отырған мәселенің өзектілігі мен
маңыздылығы қазақ елі мен әлем мәдениеттері арасындағы сұхбаттастыққа
тікелей байланысты болғандықтан, аударма ісін мәдени байланыстар мен өзара
ықпалдастықты, аударматану ғылымының қазақ жерінде дамуын негіздеудің
күрделі феномені ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жұмыста ХХ ғасырдың
басында өмір сүрген айтулы тұлғалар, ақын-жазушыларының шығармашылығы мен
аударма саласына қосқан үлесі қарастырылады.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық,
демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен
тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов,
Мiржақып Дулатов, Ілияс Жансүгіров, Жүсіпбек Аймауытов сынды зиялылары
қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған
күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Сол кездерден бастап қазақ
аударматану ғылымы да дами бастағаны сөзсіз. Ұлы Абай атамыздың жолын қуған
қазақ жазушылары да көптеген шетелдік еңбектерді қазақшалап, қазақ халқына
Еуропа мен Азия елдерінің әдебиетімен таныстырды.
Бітіру жұмысында ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялылары – әрі
ойшыл–ғалымдар, әрі аудармашылар – қазақ жазушыларының аударматану саласына
қосқан үлесі туралы мәселелер қарастырылады. Аударматану саласының сол
кездегі ахуалы мен дамуы жөнінде де сөз қозғалады, Алаш мемлекетінің
негізін қалаған қайраткерлердің революцияға дейінгі және одан кейінгі
аудармалары зерттеліп, олардың қазіргі аударматану ғылымы саласына косқан
үлесі туралы деректер жинақталған.

І тарау.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті және
аударма саласының дамуы мен зерттелуі

Тек дәл аудару үлкен жазушының тіл, стиль,
сөйлем ерекшеліктерін бере алатын болады,
бұл жөніндегі дәл аудару дегенді мен сөйлеміне,
сөйлем орай етіп аудару деп түсінемін
М. Әуезов

“Аудармашылар – мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап
жеткізетін пошта аттары, ағартушылық шабармандары” деген екен кезінде
А.С.Пушкин. Расында да солай. Аударма ісі дәл өзінің танымал мағынасында,
яғни тіларалық көркем аударма ретінде қазақ мәдениетінде ХІХ ғасырдың
екінші жартысында – ХХ ғасырдың басында басталды. Бұл – орыс әдебиетінің
алдыңғы қатарлы шығармаларын аудару мезгілі еді. Осы бағытты бастаған
Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтар болды. Солардың арқасында
қарапайым халық арасында ғылым-білімге, сауаттылыққа деген ынталылықты
туындатқан, білім дегеніміз күш, білекті бірді жығады, білімді мыңды
жығады дегізген ағартушылық үрдістері басталды десек қателеспейміз.
Аударма қай уақытта болмасын мәдениетте зор маңызға ие болған, бүгінгі
таңда ие болып отыр және болашақта адамзат қандай да бір өзара ортақ тіл
тапқан күннің өзінде де маңызынан айырылмайтын қажетті мәдени-тілдік
әрекет. ХХ ғасырдың басында халықаралық қатынастардың ауқымының ұлғаюына
байланысты, аударма ісі бұрынғыдан да гөрі қажеттірек бола бастады. Соның
нәтижесінде тілтану, әдебиет және мәдениет тарихы тұрғысынан болсын,
психология мен философияда болсын аудармаға қатысты зерттеулер жандана
түсті.
Орыстың ұлы ойшыл сыншысы В.Г. Белинский 1844 жылы бір мақаласында
көркем аудармаға тоқтала келіп, мынадай бір пікір түйген: ...аударма
көбінесе түпнұсқаны оқырмандарға және оқуға мүмкіншілігі жоқтарға арнап
жасалады, ең бастысы бір халықтың әдеби тіліндегі шығармаларды екінші
халықтың тіліне аудару ісіне халықтардың өзара таныстығы, идеялардың
өзіндік ауыс – түйістігі, содан келіп әдебиеттің көрнекті және ақыл – ой
еңбегінің дамуы негізделеді [2; 58].
Халқымыздың ұлы жазушысы М.О. Әуезов 1959 жылғы 15-19 маусымда болған
ғылыми­теориялық конференцияда сөйлеген қорытынды сөзінде әдебиеттің дамуы
туралы былай дейді: ... Сол классикалық әдебиеттің кейбір ірі өлшеуі мен
мөлшерін атасақ, төрт қасиеті айқын аңғарылады. Ол әдебиет ең алдымен –
халықтық, екінші – демократтық, үшінші – революцияшылдық, төртінші –
реалистік сипаттарға ие болып келген. Бұл әдебиеттің осы аңғарын ойлай
отыра қазақ әдебиетін шолсақ, әрине, бұнда Октябрь революциясына дейінгі
шығармалардан революцияшылдық қасиетті көре алмаймыз. Әсіресе, ХХ ғасырдың
басындағы біздің әдебиет, Б. Кенжетаев айтқандай, революцияшылдық дәрежеде
шынында да көтеріле алмаған. Бұл ретте Абайдан кейінгі дәуірдегі даму­өрлеу
Шоқан, Ыбырай, Абай тұсындағы қазақ әдебиетінің жеткен өресіне жете
қоймаған деуге болады [18; 151].
ХХ ғасыр басында қазақ ақын-жазушылары томаға-тұйық күйде қалмай,
жазба әдебиеті биікке көтерілген алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесіне көз
салып, әдеби байланысқа түсе бастады. Әсіресе, орыс әдебиетінен үйрену кең
етек жайғанын жоққа шығара алмаймыз. Оның ең бір жанды көрінісі аударма
шығармалардың көптеп пайда бастауы болатын. Ендеше, белгілі бір кезең
әдебиетін қарастырғанда, көркем аударманың өрісіне көз жібермей өту мүмкін
емес. Өйткені, аударма – жазба әдебиеттің биік деңгейде дамуына әсер етіп,
оған өзінің игі ықпалын тигізіп отырады. Аударма төл әдебиетпен қатар
өседі, әрқашан да бірінің жетістігі мен кемшілігіне екіншісі ортақ,
екеуінің тағдыры үнемі тығыз байланыста болып келеді.
Сол кездегі ағартушы-демократ, қазақ ақын-жазушылары өздерінің ұлы
өзгерістер дәуіріндегі ең тәуір шығармаларында қазақ халқының сол замандағы
әлеуметтік өміріндегі күрделі мәселелерді қозғады, оны еңбекші бұқараның
мүддесі тұрғысынан сөз етті, халықтың арман-мұңын, үміт-мақсатын жырлады.
Олар Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин сияқты, орыс халқының классикалық
әдебиетінен үйренді, одан бірқатар шығармаларды қазақ тіліне аударды (мыс:
Үлгілі тәржіме, Капитан қызы, Жиған-терген, Шивон тұтқыны т. б.).
Сонымен қатар, олар өздерінің шығармаларында Абай және Ыбырай үлгісін
ұстанды. Яғни, ХХ ғасырдың басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары
өздерінің революциядан бұрынғы шығармаларын сыншыл реализм әдісімен жазды:
шындық өмірді көрсетті; оның жақсысын, жаңасын, өршілін дәріптеп, жаманын,
ескісін, кертартпасын сынады. Бектік, феодалдық қоғам қалдықтарын,
капитализмді қоғамдағы теңсіздікті, зұлымдық, қанауды даттады, оқуды,
өнерді, еңбекті мадақтады, еркіндікті, бақытты өмірді аңсады [7; 44].
Бұл ақын-жазушылардың біразы шығармаларының тақырыптық-идеялық өрісін
кеңейтті, әдебиетке бектік-феодалдық, капиталистік, отарлық қанауда езіліп,
еңсесі түсіп жүрген қазақ кедейі, жалшысы, жұмысшысы, әйелі туралы
тақырыпты енгізді, солардың тұрмысын, ой-сезімін, мұң-арманын жырлады,
солар үшін шындық, әділдік іздеді. Революция жылдарында ХХ ғасырдың
басындағы қазақтың бірқатар ақын-жазушылары қаналушылар — кедейлер мен
жұмысшылар тұрмысын, олардың ой-сезімін, мұң-арманын жырлау арқылы ескілік,
қанаушылық дүниесін күйретіп, қоғамдық тұрмысты қайта құруға, жақсы
әділетті қоғам орнатуға болады деген идеялық тоқтамға келді.
Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындағы XX ғасырдың
алғашқы ширегін саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі деп айтуға әбден
болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси
орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің бет
алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын
терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олардың
басым көпшілігі ғылымға емес – утопияға, демократияға емес – авториторизмге
негізделген болшевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып,
өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын
қорғауды мақсат еткен Алаш партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы
мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы – Алашорда үкіметін
құрып, ұлттық-аймақтық негіздегі Алаш автономиясы мемлекеттігін
жариялауға талпыныс жасады. Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын
қалыптастырудағы ең биік белес болған XX ғасыр басындағы осы бір қазақ
зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, кұқықтық көзқарастары
да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы жабық тақырып саналып,
зерделі зерттеулерге объект бола алмады. Оларсыз қазақ тарихы – тұл, алтын
дегені – күл еді. Алаш партиясынсыз саяси күрес тарихын, Алашорда
үкіметінсіз экономикалық ілімдер мен реформалар тарихын, Алаш
автономиясынсыз Қазақстан мемлекеттілігінің негізін, Алаш ардагерлері
өмірінсіз ұлт тарихын жасау, мемлекеттік тіліміздің тарихын қалыптастыру
мүмкін емес [29].
ХХ ғасырдың бас кезіндегі жазба әдебиетіміз бен аударма саласы күрт
алға дамып, жанрлық жағынан да, көркемдік тұрғыдан да жетіле түскен тұста
әдебиетке деген талғам мен танымның жаңа бір белеске көтерілгені талассыз
шындық. Өскелең елдердің өркениетті әдебиетінің өкшесін басып, өзіндік
бетін айқындай бастаған әдебиетіміздегі жетістіктерді бағалап, кемшін
тұстарын көрсету мерзімі өзінен-өзі келіп туындаған-ды. Сөйтіп талғамнан
танымға қарай зор қадам жасалды. Мұнда қазақ баспасөзінің орны ерекше
болғанын ешкім жоққа шығара алмаса керек. Онда жарияланған әдебиетке
қатысты дүниелер насихаттық қалыпта қалып қоймай, әдебиетімізге қатысты
күрделі мәселелерді көтерген көлемді мақалалар түрінде де көрініс тауып,
әдеби танымның маңызын арттырып, жанрлық жақтан салалана түсті.
Қазақ баспасөзі жоғарыда аталған әдебиеттің көптеген келелі
мәселелерін сөз ете отырып, жаңа жанрдағы ізденістерді зерделеген жас жазба
әдебиетіміздің қабырғасын қатайтып, бұғанасын бекітті. Алғашқы кездегі
жарнама сын, аннотациялар ауыз толтырып айтатын рецензияларға,
ғұмырнамаларға, күрделі әдеби сын мақалаларға айналды.
Жазба әдеби сынымыздың қалыптасып, дамуы Айқап журналы мен Қазақ
газетімен тығыз байланысты. Сын тарихын жете зерттеп, өзіндік мектеп
қалыптастырған ғалым Т. Кәкішев Айқап пен Қазақтың әдеби сынымыздың
дамуындағы үлкен орны туралы: Қазақ әдебиетінің сол дәуіріндегі
шығармашылық проблемаларын мүмкін қадірінше сарапқа салып, жұрттың
эстетикалық талап-талғамын қалыптастыруға алғаш қадам жасаған Айқап
журналы мен Қазақ газеті. Сондықтан бұлардың қазақ әдебиет сынын
тудырудағы орны ерекше, - деп жазды.
Орыстың классикалық әдебиетінің туындылары да қазақ өнерінің аударма
саласындағы қомақты шығармашылық тәжірибе дәстүрін қалыптасырды.
В.Белинскийдің, А. Блоктың, Л. Толстойдың, А. Герценнің, Н. Гогольдің,
М.Горькийдің, И. Гончаровтың, А. Дорбролюбовтың, Ф. Достоевскийдің,
И.Крыловтың, М. Лермонтовтың, А. Пушкиннің, А. Толстойдың, И.Тургеневтің
және т.б. суреткерлердің туындылары орыс және қазақ әдебиеттерінің дамуына
көркемдік ықпал жасауда ортақ арнада табылады. Қазақ әдебиетінің тақырып,
идея, композиция, сюжет, образдылық, көркемдік жинақтау және т.б.
салаларының шеберлік әдіс-тәсілдері жақтарынан кемелденуіне орыстың
классикалық әдебиеті аса ықпалды қызмет атқарғандығын жадымызда ұстаймыз.
Орыстың классикалық әдебиетінің мұралары қазақ оқырмандарына әбден
етене таныс. Әрине, оның тарихи себептері жұртшылыққа мәлім. Бірақ,
қазақтың ұлттық әдебиетінің ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы
көркемдік дамуында орыстың классикалық әдебиетінің ықпал етуі мол болды.
Ұлы ақындарымыз Абай, Шәкәрім, Мағжанның, Сұлтанмахмұттың табиғи дара
қасиеттері өзіміздің ұлттық мәдени дәстүрден нәр алды. Ал, суреткерлік
шеберлікке жетудегі орыстың классикалық әдеби дәстүрлерінің пайдалы ықпалы
болғандығы ақиқат.
Қазақ сөз өнеріндегі жазба көркем прозаның, әсіресе роман жанрының
қалыптасуы мен дамуында орыстың классикалық әдебиетіндегі Л.Н.Толстойдың,
Н.В. Гогольдің, И.А. Гончаровтың, Ф.М. Достоевскийдің, И.С. Тургеневтің
шығармашылық ықпалы анық болды. Әсіресе, Ж.Аймауытовтың, М. Әуезовтің және
кейінгі толқын қазақ жазушыларының көркем прозаның поэтикалық тереңдіктерін
меңгеруде орыстың классикалық әдебиетінің әсері болғандығы анық. Түпнұсқа
шығармаларды сол жазылған тілде оқып, біразын қазақшаға аударуда да
қаламгерлердің түпнұсқа авторларымен деңгейлес көркемдік шеберлік жолында
тер төккені мәлім.
Профессор Б. Шалабаев Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы атты
монографиясында фольклор мен поэзия, прозаның көш бастаушысы екендігін
негізге ала отырып, қазақ әдебиетінің жаңашылдықпен дамуына орыстың
классикалық әдебиетінің жасаған игі ықпалына баға берді: Қазақтың ағартушы
жазушылары орыстың сыншыл реализмін шығармашылықпен қабылдай отырып, сол
дәуірде қазақ халқының алдында тұрған міндеттерге сәйкестендіріп, нақтылай
білді. Бұл жәйт қазақ әдебиетінің идеялық, көркемдік және жанрлық тұрғыдан
баюына көмектесті, оның одан әрі жетіле беруіне жағдайлар жасады [5].
Әрине, ХХ ғасырдағы әлем әдебиеттеріндегі роман жанрының өрісінде Т. Манн,
Р, Роллан, Э. Хемингуэй, Р. Тагор, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М, Әуезов, Ғ.
Мүсірепов, Ғ.Мұстафин сынды көрнекті романистерді айта аламыз.
Қазақ тілінде тамаша, көркемдік дәрежесі жоғары аудармалардың пайда
болуы дәл сол ХХ ғасырдың басында ерекше көрініс табады. Сол кезеңде
Ыбырай, Абай, Шәңгерей тәрізді алдыңғы толқынның осы бір тәржімашылық қырын
дамытып, төл әдебиетіміздің туын жоғары ұстаған аудармашылар дүние жүзілік
әдебиеттің мәңгі тот шалмас асыл қазыналарын, тамаша туындыларын туған
халқына жеткізуге ұмтылды. Олар әлемдік әдебиет пен мәдениеттің озық
үлгілерін қазақ сахарасына асқан шеберлікпен таратты. А. Пушкин Әдебиеттің
ең бір ауыры, ең бір жақты атақ әпермейтін түрі деп бағалаған аударма
саласында қазақ халқының атақты зиялы қауымы еселі еңбек етті. Бұл ретте
осы сөз зергерлері тәржімалап шығарған Қырық мысал (1909), Үлгілі
тәржіме (1910), Үлгі бала (1912), Жиған-терген (1914), Боран сияқты
кітаптар мен шығармалар әдебиетіміздің асыл қорына қосылған асыл інжу-
маржандары екенін айтуға тиістіміз.
Бұл тұстағы, мәдени-әлеуметтік дамудың бір көрінісі қазақша кітаптардың
көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек. Қазақ кітаптарының
даму тарихына арналған еңбектерде ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ
кітаптарының сапалық жағынан да, сандық жағынан да күрт өсуі дәлелді
айтылған. Мәселен, зерттеуші Ә. Жиреншин 400 кітап атауымен, 180 басылымды
атаса, Ү. Суханбердина, Д. Сейфуллиналар 480 кітап атауы мен 720 басылымды
көрсетеді. Ал татар ғалымы А. Каримуллин 1917 жылды қоса есептегенде қазақ
тілінде 509 басылым 2 млн. 201 мың 105 дана болып таратылды деген пікір
айтады. ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттің білгірі, ғалым Б. Кенжебаевтың
дерегі бойынша 1900-1917 жылдар аралығында 200 кітап жарық көрген [1; 10].
Бұл шығарылған кітаптар арасында аударма туындылар да болғаны сөзсіз.
Аударма әдебиеті – төл әдебиеттің егіз туған сыңары, бұлар қатар өседі.
Орыс әдебиетінің тарихы да, қазақ әдебиетінің тарихы да осыған айғақ бола
алады.
Ілгеріде көршілес отырғандықтан, орыс халқы мен қазақ тілінің
арасында там-тұмдаған жеке сөздер, қысқа әдеби әңгімелер ауысып келді де,
қазақ әдебиетінде орыс әдебиетінен аудару салты ХІХ ғасырдың екінші
жартысында күрделене бастады. Бұл дәуір орыс әдебиетінің прогресшіл
бағыттағы ұлы бейнелерді аудару мезгілі еді. Замана сай аударманың өсу
жолын дәлелдеуге мысал келтірелік. Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннің
Капитан қызын 1903 жылы Молданияз Бекимов аударды. Осы шығарманы 1936
жылы Қадыр Тайшықов, ал 1949 жылы Әбділда Тәжібаев аударғаны мәлім. Кейінгі
аударманың, бұрыңғы төл әдебиетіміздің мешеу кезіндегі Молданияз Бекимов
берген үлгіден көш ілгері екені даусыз [2; 145].
Бекімовтың Капитан қызының аудармасы зерттеу әдебиетінде бірталай
бағаларға ие болды. Мысалы, С. Талжанов М. Бекімовтың аудармасын жартылай
орысша, жартылай татарша, жартылай қазақша жүзеге асырылған деп атаса [2;
205-206], М. Фетисов пен Б. Кенжебаев аудармашы пушкиндік мәтінді тым
еркін аударды, (...) аударма мазмұны мен стиліне қарай өте жеңіл болып
шықты. Бірақ бұндай пікірлер, Капитан қызының аудармасы канонистік
мәтіннен емес, 1887 жылғы халықтық оқуға арналған адаптацияланған
басылымнан жасалғандығын ескермей айтылған.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық,
демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен
тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов,
Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып,
қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа
енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi Маса боп құлағына ызыңдап, бiрi Оян,
қазақ деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-
жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров
қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың
туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның Қамар сұлу, Кiм жазықты? атты
романдары, Адасқан өмiр, Кедей, Таныстыру, Қала ақыны мен дала
ақынының айтысы поэмалары, лирикалық өлеңдерi, публицистикалық мақалалары
ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты
дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев,
Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет
Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi
еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын,
сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман
шындығын лирикалық өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ
берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық
көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев Қалың мал атты роман жазды.
Айқап журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік
теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары (Гүлқашима, Топжарған) басылды.
Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу
күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi.
Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк
iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза
қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар
тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң
әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-Жүсiп
Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып
көрсеттi. ХХ ғасырдың басындағы әдебиеттi толықтыруда Исатай-Махамбет
дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, қазақ әдебиетінiң дәстүрлi саласын
дамытқан әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай)
атап айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары
Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған
халық поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокрияшыл-халықтық бағытын
толықтырып, оны жаңа мазмұнмен байытты.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысқан, соны
көзімен көріп жырлаған ақындар мен жазушылар еңбекші бұқараның қанаушы,
билеп-төстеуші топқа, барлық қанаудың, тәртіпсіздік пен әділетсіздіктің
негізі болған патша өкіметіне қарсы күресін, ескі тәртіпті өзгерту
жолындағы, өзінің еркі, бостандығы, бақыты жолындағы күресін жырлады.
Орыс халқының ХІХ ғасырдағы сыншыл реалист жазушылары, революцияшыл-
демократтары сияқты, ХХ ғасырдың басындағы қазақ демократ ақын-
жазушыларының бірқатары жазушылық өнерді әлеуметтік қызмет деп санады,
әдебиет халықтың өмірін бейнелеуге, өмірге үкімші болуға, халыққа жол
сілтеуге, тәрбиеші болуға тиіс деп білді.
Абай мен Ыбырай орыстың классикалық әдебиетінің үлгісі бойынша
лирикалық өлеңдермен қатар прозалық шығармалар да жазғаны, қазақ
әдебиетіндегі проза жанрының мысал, нақыл, өсиет, ғақлия секілді түрлерінің
негізін салғаны мәлім. ХХ ғасырдың басындағы қазақ демократ ақын-жазушылары
осы игі бастамаларды, суреткерлік үлгілерді өздерінше едәуір алға дамытты.
Бұл кезеңдегі қазақ әдебиетінде әлі әлсіз болса да көркем проза, оның
роман, повесть түрі орнықты, публицистика өрістеді, бірен-саран драмалық
шығармалар да пайда болды.
Сол кезеңдегі ағартушы-демократ ақын-жазушылар шығармаларын қазақтың
Абай ұстартқан, дамытқан таза, нағыз әдеби тілінде жазды. Олар қазақтың
әдеби тілін заманына лайық, саяси, шаруашылық, мәдени оқиғаларға, өнер,
ғылым, техника жаңалық-тарына сәйкес байытты, ілгері дамытты. Қай жанрда
жазса да өзіндік қолтаңбаларын таныта білді. Шығыстың және орыстың
классикалық әдебиеттерінің жақсы үлгі-өнегелерінен үйреніп, әдеби сүрлеуге
түсті. Өзіндік тақырыбы, ой-пікірі, стилі бар, талантты ақын-жазушылар
атанды.
ХХ ғасырдың бас кезеңіне дейінгі аралықта жазба әдебиетте қара
сөзді бірді – екілі дүниелер ғана болмаса, негізінен поэтикалық туындылар
арқылы биіктіктен көрінеді. Бұған негіз өлеңнің оқырман мен тыңдарман
жүрегіне жылы ұялар қасиеті, ойдың ұшқырлығымен жинақтылығы болса керек.
Ұлттық аударма саласын қалыптастыру ісіне Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет
Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Әлихан
Бөкейхановтар ат салысты.
Атап айтар бір жағдай, қазақ аудармашылары көбіне мысал жанрын
аударуға ден қойды. Мысалды өлеңмен аударушылар да (А. Байтұрсынов,
Б.Өтеуілов және т.б.), қара сөзбен баяндаушылар да (Ә. Бөкейханов, С.
Көбеев, С.Дөнентаев) болған. Өлеңмен аударудың хас шебері – Ахмет
Байтұрсынов.
Алғаш рет аударма жинақ бастыру ісін бастаушы болған А. Байтұрсынов
орыс классигі И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып,
Қырық мысал деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Сонымен қатар Маса
жинағының алғашқы басылымына Пушкиннен аударылған Ат, Данышпан Олегтің
жалы өлеңдері, Балықшы мен балық, Алтын әтеш ертегілері енгізілді.
Шәкәрімнің бізге белгілі аудармалары мыналар: А.С. Пушкиннен аударған
Дубровкий әңгімесі, Боран, Л. Толстойдан аударған Асахардион Лаэли,
Пси-жи-ган-хан, Ұджан, Қолшатыр бұйрығы, Үш сауал, Криз патша
шығармалары.
Қазір Ж. Аймауытовтың аудармасымен басылған Гогольдің Бақылаушы,
А.С. Пушкиннің Тас мейман, Сараң сері, А. Дюманың Дәмелі,
Дж.Лондонның Тілегей теңіз, К. Берковичтің Өрбике, С.Чуйковтың Тау
еліндегі оқиға атты шығармалары табылып отыр. Олардан басқа У. Шекспирден,
Г.Мопассаннан, Р. Тагордан, М. Горкийден аударған шығармаларын ол кезінде
мерзімді баспасөзде жарияланған.
Мағжан Жұмабаев Гетенің Орман патшасы өлеңін, Гейненің Күннің
батуы, М. Лермонтовтың Сарғайып келген егін толқынданса, Тұтқын
өлеңдерін, А. Феттің өлеңдерін, М. Горькийдің Сұңқар жыры, Жұртын сүйген
жүрек, Ана, Темірді жұмсартқан ана, Хан мен ұлы әңгімелерін,
В.Ивановтың Сай, Темірбай, Жолығу әңгімелерін, Мамин-Сибиряктың Ақбоз
ат әңгімесін қазақшалаған [2; 95].
Жоғарыда аталған аудармаларды талдағанда аудармашылардың қолына
түскенді емес, қазақ тұрмысына қажетті деген шығармаларды іріктеп, белгілі
жүйемен тәржімаланғанына көз жеткіземіз.
Мысалы, Байтұрсынов әрбір мысал соңында өзіндік қорытынды ой түйеді.
Аударманың қазақ ұғымына лайықты, оқырманға түсінікті болу жағын көздеген
ақын әрбір аудармасының соңынан ойын, айтайын деген өсиетін өз жаңынан
қосып отырады. Крылов мысалдағы оқиғаларға өз көзқарасын білдірмей, жасырын
ұстаса, А. Байтұрсынов міндетті түрде түйін жасайды, оқырманын мысалдан
қорытынды шығаруға итермелейді.
Ал Мағжан Жұмабаев Горкийдің Сұңқар жырын түгел аудармай, оның бас
жағы мен аяқ жағы, татар шопаны Рагиммен таныстыратын тұстарын аудармай
кеткен. Горькийдің Старуха Изергиль әңгімесінен Данкоға қатысты тұсын
аударып, Жұртың сүйген жүрек деп атын өзгерткен.
Сонымен, тәржімалар арқылы әдебиетшілеріміз орыс және әлем әдебиетінің
озық үлгілерімен қазақ оқырманын таныстыра отырып, қазақ тілінің мол
мүмкіндіктерін де ашуға тырысты. ХХ ғасыр басында жасалған тәржімалар
әдебиетті кең өріске шығарып, өз бетімен ізденуге жол ашты. Прозадағы сан-
салалық тереңдік, суреткерлікке баса мән беріліп, өлеңдердегі әуезділік,
ырғақ, ұйқас, айшықтау, құбылту, бейнелеу тәрізді поэзияның көркемдік
құралдары жетілдіріліп, поэзия құдіретін айқындайтын әдістер мен
тәсілдердің әлем әдебиеті жеткен өресіне бағыт ұстау қазақ әдебиетін жаңа
бір белеске шығарғандай еді.
Сонымен тәржімалар арқылы әдебиетшілеріміз орыс өлеңінің үлгісімен
қазақ оқырманын таныстыра отырып, қазақ тілінің мол мүмкіндіктерін де ашуға
тырысты. ХХ ғасыр басында жасалған тәржімалар әдебиетті кең өріске шығарып,
өз бетімен ізденуге жол ашты. Өлеңдегі әуезділік, ырғақ, ұйқас, айшықтау,
құбылту, бейнелеу тәрізді поэзияның көркемдік құралдары жетілдіріп,
суреткерлікке баса мән беріліп, оэзия құдыретін айқындайтын
әдіс­тәсілдердің әлем әдебиеті жеткен өрісіне бағыт ұстау қазақ әдебиетін
жаңа бір белеске шығарғандай еді.
Адамзат қоғамы бір ұлттан ғана құралмай, жүздеген, тіпті мыңдаған
ұлттардан тұратын әркімге аян. Халықтар ынтымағын нығайту жолында көркем
аударма елеулі қызмет атқарды.
Көркем аудармамен айналыспаған, аударма өнері жайында пікір айтпаған
қазақ әдебиеттанушы ғалымдары кемде кем. Соның дәлелі іспеттес Мұхтар
Әуезовтың мына бір пікірі ерекше назар аудартады: Аудармашылардың жетістік
жайларын көрмеу, немесе, оны бағаламау бүкіл аударма теориясының игі және
нәтижелі қасиеттеріне нұқсан келтіреді... тек кемістіктер мен кіналарды
теріп айтылған пікірдің өркендеген әдебиет қозғалысына пайдалы әсері кем
болмақ [15; 5].
Қазақстандағы аударманың тарихы мен теориясын зерттеу жұмысы ғылыми
әдебиетте аударма жайында алғаш пікір айтқан С.Сейфуллиннен бастауын алады
деуге келеді. Ол 1914 жылы Айқап журналында М.Есенгельдиннің аудармасымен
басылып шыққан Манап драмасына сын пікірін жазады. Ол былай дейді:
Манаптың тағы бір кемшілігі оны қазақшаға аударғанда сөзбе сөз аударады.
Соның салдарынан сөздердің тәртібі нағыз қазақша болып шықпаған. Мысалы:
кейіпкер Гүлбахрамның Отыр, отыр, әже, маған әлденеге көңілсіз көрінесіз,
ал анасының Маған аяныш – сенің сұлулығың. Әй, Аллай-ай, әй, құдай-ай,
тәңірім! Әй, неге тағдыр менімен күледі? деп берген. Әуелі қазақ драмасын
мұндай қылық орыс драмалары сөзінің ыңғайымен жазғаны үлкен кемшілік
дейді.
Бұл – қазақ топырағында көркем аударма туралы айтылған ең алғашқы
нақтылы да күрделі пікір. Демек, Сәкен Сейфуллин көркем аудармада қазақ
тілінің өз заңдылығына нұқсан келтірмеуін аударма тілінің нақты да
түсінікті болуын талап еткен. Яғни, көркем аударманы екі тілдің құрылымын
жақсы білумен қатар әдебиетпен айналысатын адамның жасағаны жөн. Көркем
аударманы тіл заңдылығына бағындырмау керек. Түпнұсқадағы көркем образға,
идеяға, стильге бағындыру керек деп түсіну қажет. Аударма бізге неғұрлым
аударма болып көрінбей, төл тума шығарма болып көрінсе, онда оның тамаша
болғаны деп кезінде айтқан И. Тургенев. Осы пікірді құптай отырып,
Белинский: Аударма автордың өзі орысша жазған секілді болып көрінсін,
көркем шығарманы ондай етіп аудару үшін суретші болып туу керек деп талап
етті.
Қазақ аудармасының тарихы мен теориясын қалыптастыруға ғылыми-зерттеу
еңбектері де үлкен септігін тигізді. Атап айтқанда: С. Нұрышевтің “Абайдың
аударма жөніндегі тәжірибесінен”, С. Талжановтың “Көркем аударма туралы”,
Ә. Сатыбалдиевтің “Рухани қазына”, М. Әлімбаевтың “Өрнекті сөз – ортақ
қазына” және т.б. деген кітаптарында қазақ аудармасының әрқилы мәселелері
зерттеліп, талқыланды.
Спандияр Көбеевтің “Үлгілі тәржімасы”, Молданияз Өтетілеуовтың “Жиған-
тергені” және басқа авторлардың жарияланған аударма туралы ойлары
Қазақстанда аударма өнерін өркендетуге айрықша қызмет атқарды.
Мұның бәрі сол кезең үшін саяси-әлеуметтік мәні терең мәселелер
болатын. Соны журналдың жете түсініп, дұрыс жаза білуі шын мәніндегі үлкен
прогресшілдік табыс еді. Халыққа қызмет етуде аса үлес қосқан келесі бір
газет – Қазақ. Ол – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан
бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған.
Тиражы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жуық жеткен. Бірінші редакторы-
белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы
– қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы – Азамат
серіктігі Хусаинов-Каримов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918
жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы 265 нөмері жарық
көрді. 
Газетте ХХ ғасырдың басындағы қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірінің
ең түйінді мәселелеріне, шаруашылық жағдайын, жер мәселесіне, басқа
елдермен қарым-қатынасына, оқу-ағарту, бала тәрбиесіне, әдебиет пен
мәдениет, әдет-ғұрып, салт-санаға, тарих пен шежіреге арналған
Ә.Бөкейхановтың, Ш.Құдайбердиевтің, М.Жұмабаев пен С.Дөнентаев, Б.Майлин,
С.Торайғыров, Ғ.Қарашев, А.Мәметов, Б.Серікбаев, Р.Малабаев, Қ.Қоңыратбаев
сынды әдебиетіміздің дамуына үлесін қосқан ардақты ағаларымыздың ғылыми
шығармалары, әңгіме, өлеңдері басылып, аудармалар туралы сын мақалалармен
қатар Л.Толстойдан, А.Чеховтан, М.Лермонтовтан, В.Короленкодан, Ш.Крыловтан
алғашқы аудармалар жарық көрген [10;191].
Туған халқын ағартуға ұмтылған қазақтың озық интеллигенциясының
өкілдері көркем аударма проблемасына ерекше ыждағаттылықпен қараған.
Жүсіпбек Аймауытов Аударма туралы мақаласында аударудың принциптері
туралы сөз қозғайды. Ол көркем әдебиетті аударғанда қарапайым адамға ұғымды
ету мақсатын көздемей, мәдениетті жұрттың үлгісін, сөз қолданысын бар
бояуымен, кестесімен бере білу қажеттігіне назар аударады. Сөзге сөз
тауып, дәл аудару керек емес. Оқушының ұғымына лайықтап, қазақтың өз
тіліне, өзгешелігіне қарай аудару керек. Осының қайсысы дұрыс дей келе,
бұлжытпай аударудан қашу керек, әйтпесе сорпа жедім, роль ойнадым сықылды
күлкі болып шығады. Сонымен қатар, аударманың тәсілдеріне анықтау
мәселесіне тоқтала отырып, кітап басынан аяғына дейін сөзге сөз келтіріп,
бұлжытпай дәл аударылған болса, оны пәленшеден аударма деп қою керек.
Оқушының әденінен жүріп, кейде ауа жайлы қысылмай аударылған кітап болса,
оны еркін аударма немесе бәлеңшенің сарынымен дегендей, бір сөз қою керек
дейді Жүсіпбек Аймауытов.
Газет тілі қалай түзеледі? атты публицистикалық мақаласында
аудармаға қатысты бірқатар кеңес ұсынады. газетте ел хабарларды жақсы
түсінікті, өз басынан шығарып жазған әркімнің сөздері де ұғымды. Ал,
орысшадан аударылған, орысшаға жалғасқан сөздерге қарасаң томармен жүрген
қазақ арбадай, миыңды, жүйкеңді түйгіштеп, зырқылдата жөнеледі. өай жерде
мүдіріп, қай жерде сүрініп қалам деп, қып − қып еткендей боласың. Газет
оқушы орысшадан аударылған екенін қайдан білсін? − деп оқырманның
аударманы оқығанымен, ұға алмай қиналатынын, сөйтіп газет оқуға ынтасы
кемитінін өз заманының баспасөз аудармасының мысалымен айқын дәлелдеген.
Публицистикалық аударманың кім көрінгенге тапсырылмайтынын, жуналистің бәрі
де аудармаға бейім еместігін де ескертеді. Орысшадан аударуға төселмеген
жігіттерге, әрине, салғаннан мырсыңдай қып жазу қиын тиеді. Бірақ олардың
аудармасын білетіндер қарап түзетіп отыруы керек. Ұғымсыз сөйлемдер өз
алдына, бір сөзді әркім әртүрлі аударып жүреді − деп аударманы
редакциялаудың, мәтіннің стилистикалық − семантикалық сапасын жақсартып,
оқырман оңай қабылдайтын дәрежеге жеткізетінін тағы да атап өтеді [31;
74].
ХХ ғасырдың басында Алаш азаматтары қазақ жастарының білім алуының
қамын жеді. Басым көбі тіл біле бермейтін қазақ жастарына оқулықтар мен
озық ойлы әдебиетті аударып беру тәсілімен жүзеге асыру керек екенін
мойындады. Осыған байланысты бірнеше пән кітаптары жарық көрді. Мәселен,
физика – Ф.Әлімжанов, география – Ә.Бөкейханов, киргизская история – М.
Жұмабаев, история – Х. Балғамбаев, алгебра – Е. Омаров, педагогика – М.
Жұмабаев, дидактика – Ж. Аймауытовтар мен тағы басқалардың аударма
оқулықтары шықты. Ол туралы Жүсіпбек Аймауытұлы: Орыс тілінде жазылған
кітаптарды қазақшаға аударушылардың есіне салатын бір сөз бар. Осы күнге
үлкен-үлкен пән кітаптарын, уақ кітапшаларды, әдебиет әңгімелерін әркім
аударып жүр. Кейбірі жақсы, кейбірі жаман делініп, сын тексеру жазылып жүр.
Аудармаға қандай шарт қоюымыз керек: қайткенде аударма дұрыс болады дей
келіп, сөзге сөз тауып, орысшасынан бұлжытпай дәл аудару керек дейді.
Сонымен қатар, Жүсіпбек Аймауытұлы Пән сөздері қалай табылады деген
мақаласында қазақ тілінде қалай реттеу, сұрыптау керек, пән сөздерді
аударуда кімдер қолға алу керек дегендей мәселелер қозғайды: Менің ойымша,
пән сөздерін мекемеде отырып жиналыспен, айтыспен, қаулы қылумен табуға
болмайды-ау деймін дей келе, себептерін атап өтеді: Сөздер пән мамандары,
кітап мамандары шығарсың. Жаңадан сөз қосушылар тапқан сөздерін кітабына
айрықша жазып отырсын. Қолайсыз алынған сөздер баспасөзде сыналып, жазбалар
ұсынылсың. Жаңа шыққан сөздерді жинастырып Лұғат кітап бастырып отырсын
дегендей ұсыныстар білдіреді. Осыған байланысты Ахмет Байтұрсынұлының Тіл
құралы атты кітабы жарыққа шыққан.
1920 жылы шығып тұрған жаңа мектеп журналы Еңбекші қазақ газетінде
осы пән атаулары дұрыс па деген мәселені қозғаған Пән сөздері атты
мақалалар үзбей беріліп тұрды. Онда кітап аудармасы барысында тілге енген
жаңа сөздер мен терминдердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың тақырыбы
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің жай-күйі
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Ұлттық әдебиеті кезеңіндегі түрік ақындар шығармашылығы
Қазақ әдебиетінде аударманың қалыптасуы
XX ғасыр басындағы қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпалы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Пәндер