Асан қайғының көшпенділер философы, халық арманының жоқтаушысы аталуының себебі



I.Кіріспе

Асан . аты аңызға айналған даңқты жырау

II.Негізгі бөлім:

А) Асан . өз заманының ойшыл, шешен биі

Ә) Халқына шұрайлы жер іздеуші жырау

Б) Халық мүддесін жоқтап өткен дана

III.Қорытынды
Асан –аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам қайраткері әрі шешен биі, әрі ойлы-сырлы жырауы.Халық аңыздарында Асанның үрім-бұтағы, өмір деректері айтып берілген.
Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды салыстырғанда Асанның әкесі –саятшы Сәбит, шешесі –Салиха, ал оның әйелінің аты –Күлжазира сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді. Асанның енді бір баласы Жаңалы атаныпты. «1946 жылы жазып алынған тағы бір ел аңызында, Сәбит алыс сапарға шығып, бірнеше жыл бойына аң аулап кетеді екен.Әкесі соңғы сапарына аттанғанда анасының құрсағында қалған Асан аш-құрсақ жетім, шерменде болып өсіпті. Көзін ашқаннан жетімдік қайғысын тартқан жастың келешегі де қасіретсіз болмапты.Жасында жетімдік тауқыметін тартса, өскеннен кейін де, ол –жұртының мұң-мұқтажын армандап, болашағын ойлау, болжап толғанумен болып, шерменде бола беріпті. Осыдан халық оны Асанқайғы атапты-мыс. Осы қолжазбадағы енді бір аңызда Асанның аты Хасан екен дейді.
Халық Асанды тек аңыздап қоймай, оның өміріне арнап өлең-жырлар да шығарып таратқан. Бұрынғы жырауларды (Бұхар, Құдабай, т.б.) былай қойғанда біздің дәуір ақындарының ішінде де Асан өмірін, ол туралы аңыздарды зерттеп, поэма жазғандар да кездеседі. Оның ішінде Ысқақаов Ілияс дегеннің 1948 жылы шығарған «Асан қайғы» поэмасы –екі бөлімді ұзақ жыр. Ол сөзді былай бастапты:
Айтпақшы ойдағысын бір қария,
Бола ма айтпаған соң сөз жария.
Болыпты бір саятшы Сәбит деген,
Бойында сағасы зор Сырдария.
Кісі екен ақ пейілді,жүзі ашық,
Жасынын аңшылықты қылған машық,
Мергендік, ит жүгірту,құс салуға,
Еш адам оза алмаған онан асып....
Екінші қысқы бір жырды Жұртыбаев Жүсіпжан дегеннің айтуынан Ахметов Көкен 1940 жылы жазып алыпты. Бұнда да Асан қайғының әкесі –саятшы Сәбит деген аңшы.
Сабыржан Шәкіржанов жазып алған бір аңызда:
Асан ата ноғай екен; Шыңғыс хан тұсында жасаға Майқы бидің Асан алтыншы ұрпағы... Майқы Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған. Бірнеше хандарды қолынан өткізген. Еділ бойы Айдарханда, одан кейін Сарай қаласында, одан кейін Ақордаға келген. Ең соңында Жиделібайсынға келіп өлген.
1. Ханғали Сүйіншіәлиев. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы 1997ж.
2. Х. Сүйіншіәлиев. «XVIII-XIX ғасыр әдебиеті»
Алматы 1961ж.
3. Мұхтар Мағауин. «Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет» Алматы 1992ж.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрі

Тақырыбы:

Орындаған: Әбділдаева Марал
Тексерген: Тұрсынбай Дәуітұлы

Алматы 2006

Ж о с п а р :
I.Кіріспе

Асан – аты аңызға айналған даңқты жырау

II.Негізгі бөлім:

А) Асан – өз заманының ойшыл, шешен биі

Ә) Халқына шұрайлы жер іздеуші жырау

Б) Халық мүддесін жоқтап өткен дана

III.Қорытынды

Асан – аты аңызға айналған даңқты жырау
Асан –аты аңызға айналып кеткен, даңқты адам, өз кезінің ірі қоғам
қайраткері әрі шешен биі, әрі ойлы-сырлы жырауы.Халық аңыздарында Асанның
үрім-бұтағы, өмір деректері айтып берілген.
Қазақстан Ғылым Академиясының қолжазба қорындағы көптеген аңыздарды
салыстырғанда Асанның әкесі –саятшы Сәбит, шешесі –Салиха, ал оның әйелінің
аты –Күлжазира сұлу, баласы Абат батыр екені көрінеді. Асанның енді бір
баласы Жаңалы атаныпты. 1946 жылы жазып алынған тағы бір ел аңызында,
Сәбит алыс сапарға шығып, бірнеше жыл бойына аң аулап кетеді екен.Әкесі
соңғы сапарына аттанғанда анасының құрсағында қалған Асан аш-құрсақ жетім,
шерменде болып өсіпті. Көзін ашқаннан жетімдік қайғысын тартқан жастың
келешегі де қасіретсіз болмапты.Жасында жетімдік тауқыметін тартса,
өскеннен кейін де, ол –жұртының мұң-мұқтажын армандап, болашағын ойлау,
болжап толғанумен болып, шерменде бола беріпті. Осыдан халық оны Асанқайғы
атапты-мыс. Осы қолжазбадағы енді бір аңызда Асанның аты Хасан екен дейді.
Халық Асанды тек аңыздап қоймай, оның өміріне арнап өлең-жырлар да
шығарып таратқан. Бұрынғы жырауларды (Бұхар, Құдабай, т.б.) былай қойғанда
біздің дәуір ақындарының ішінде де Асан өмірін, ол туралы аңыздарды
зерттеп, поэма жазғандар да кездеседі. Оның ішінде Ысқақаов Ілияс дегеннің
1948 жылы шығарған Асан қайғы поэмасы –екі бөлімді ұзақ жыр. Ол сөзді
былай бастапты:
Айтпақшы ойдағысын бір қария,
Бола ма айтпаған соң сөз жария.
Болыпты бір саятшы Сәбит деген,
Бойында сағасы зор Сырдария.
Кісі екен ақ пейілді,жүзі ашық,
Жасынын аңшылықты қылған машық,
Мергендік, ит жүгірту,құс салуға,
Еш адам оза алмаған онан асып ...
Екінші қысқы бір жырды Жұртыбаев Жүсіпжан дегеннің айтуынан Ахметов
Көкен 1940 жылы жазып алыпты. Бұнда да Асан қайғының әкесі –саятшы Сәбит
деген аңшы.
Сабыржан Шәкіржанов жазып алған бір аңызда:
Асан ата ноғай екен; Шыңғыс хан тұсында жасаға Майқы бидің Асан
алтыншы ұрпағы... Майқы Алтын Орданың қырағы данышпан адамы болған. Бірнеше
хандарды қолынан өткізген. Еділ бойы Айдарханда, одан кейін Сарай
қаласында, одан кейін Ақордаға келген. Ең соңында Жиделібайсынға келіп
өлген.
Асан туралы кейін жасаған ақындардың пікір айтпағаны кеде-кем. Олар бір
ауыздан ұстаз жырау, ел-жұртының мұңшысы, жыр атасы деп танытады.
Нұрпейіс,Иса, Жамбыл сияқты алып ақындар оған сыйына сыр шертеді. Мұрат
Мөңкеұлы сияқты 19 ғасыр ақыны Асан жырларын жақсы біліп, ол туралы өте
жылы сөздер айтып кеткен. Асанды өз кезіндегі азамат-ерлерге ақылшы ата
жырау деп таныған.
Қарақұнан Қалдыбай,
Жалғыз ағаш Жақсыбай,
Асанқайғы бабаның
Қызыл тастан үй салып,
Әңгіме құрып көшкен жер...
Естектегі Еламан,
Қазандағы Қалқаман
Ноғайдағы Мүлкаман,
Асан қайғы бабаңа
Ақыл сұрап келген жер..
дейді Мұрат ақын.
Ал тарихи деректерді қарастырсақ, онан да Асан туралы мағлұматтарды көптеп
табуға болады. Мысалы Шоқан Уәлихановтың еңбектерінде Асан туралы
мәліметтер ездеседі. Ол өзінің Записки о киргизах деп аталатын көлемді
еңбегінде: Халық есіндегі атақты, тамаша философ болып сақталған.
Асанқайғы жырғалаңда көшіп-қонып жүрген қазақ,-деп ескертеді. Асанның
аты тек қазаққа ғана емес, көрші қырғыз еліне де мәлім, ол Манас жырында
да аталады.... Асанды қарақалпақ халқы да жақсы біледі. Олар өздерінің
ескі жырауларының бірінен санайды,- дейді Шоқан.
Г.потанин еңбектерінде де Асан Жәнібек ханның тұстасы делінген.
С.Сейфуллиннің ойынша да, Асан өмірде болған адам. Асанқайғы,-дейді
ол,- Әз Жәнібек ханның замандасы, Майқы бидің ұрпағы... Кейбір
деректердің мәліметінше, ол Орманбет ханның да жақын туысы ... . Сәкен
өзінің 1932 жылы шыққан Қазақ әдебиеті кітабында Асан толғауларынан
да үлгілер жариялаған.
Асан мен Жәнібек арасындағы қайшылықтарды танытатын бір сөздің
жұрнағын, Сәкен Сейфуллин өзінің 1931 жылғы Қазақтың ескі әдеби
нұсқалары жинағында келтіреді. Өзінің көңілінен Жәнібектің кейбір
қылықтарын Асан ата батыл сынап отырған. Ел басшысы –ханға лайық істермен
шұғылданудың орнына Жәнібектің той-думан, аңшылық саяттарын қызықтап,
бейқам жүргенін бетіне басқан.

Асан – өз заманының ойшыл, шешен биі
Өзінің көңілінен шықпаған Жәнібектің кейбір қылықтарын Асан ата батыл
сынап отырған. Ешкімге зиянсыз аққудай құс төресін жыртқыш құладынға
ілдірмек болған әрекетін жөнсіздік нышаны ретінде санайды. Ол аққудай
ару құсты орынсыз жәбірлеу панасыз ару жанды аяусыз қызықтаумен тең
әділетсіздік деп танытады:
Көлге шекер төктірдің,
Шекерге аққу бөктірдің.
Аққу көлдің көркі еді,
Көлдегі сұлу ерке еді.
Аққу құс –ару, төре еді,
Ару мен қорды айырмай,
Құладынға қуды жем қылдың.
Мал үшін өзінің туған қарындасын да аямай, Қаныбеттей сұлуды өз
теңіне бермей, Тастемірдей жетесіз бай ұлына қосқанына наразылық
білдіреді. Жырау ханның бұл сияқты әділетсіздігін бетіне басады. Бұрын
бермек болып уәделескен Айсылдың ұлы Әмет деген ер жігітке ермей,
малды аямай айдап берген байдың қор ұлына қосып, екі сөйлеп,
әділет жолдан тайғанын ханға лайықсыз қылық деп сөгеді.
Бұл жолдардағы аққу –аяулы ару жас, құладын –озбыр күш өкілі
болып көрінеді. Көлдегі аққу мен Қаныбет сұлу тағдырлас. Хан аққуды
қалай жыртқышқа жемтік етсе, Қаныбет сұлуды да өз теңіне қоспай,
Тастемірдей қор адамға сатады. Бұлар сияқты жолсыздықтарды Асан
ұнатпайды.
Хан өтірік айтар ма?
Хан жарлығы қайтар ма?
Әз Жәнібектей хан ием,
әуелгі сөзін ұмытып,
Айсылдың ер Әметі тұрғанда...
Тастемірдей байдың жаман ұлына
Қаныбеттей сұлуды қосар ма?!
Жоғарыда келтірілген аққу мен құладын құстар әрекетін жырау
кейінгі шумақтағы Әметтей әдемі жігітке істеген қиянатына
ұштастырады. Осының бәрі ханнан әділет қана күткен жыраудың,
керісінше, қиянатшылық көріп түңілуін көрсетеді.
Асан –заманының ойшыл, шешен биі, Жәнібек тұсында өмір сүріп,
Сарай маңындағы ақылшы-ақсақал жыраулардың бірі болған. Ерте заманның
Жиренше шешен сияқты ақыл иесі, биі.
Асанның Жәнібек ханға айтқаны деп аталып жүрген толғауларында
негізінен мемлекеттік, елдік мәселелер, қоғамдық ойлар қозғалып, халық
пен хан арасындағы қарым-қатынас сөз болады. Бұған қарағанда Асан жай
ақыннан гөрі әлеуметтік сыры терең, ойлы толғаулар тудырған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ ауыз әдебиеті - қазақ әдебиетінің түп тамыры
Жыраушы тұлғалар
Ақын - жыраулардың қазақ философиясы тарихында алатын орны
Қазақ ойшылдарының қоғам туралы ой-пікірлері
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ САЯСИ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛ ДҮНИЕ ТАНЫМЫ
Асан Қайғы шығармаларындағы экзистенциалдық сарын
Қоғам және жеке тұлға
Асан қайғы философиясы
Жерұйық іздеген желмаялы Асанқайғы
Пәндер