Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау-кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің дамуы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Тарау І. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау.кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің дамуы ... ... ..
1.1. XIX ғ. аяғы . ХХ ғ. басындағы Қазақстанның тау.кен өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар
1.2. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіптің дамуы
Тарау ІІ. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы сауда мен жәрмеңкелердің ролі және сауда жолдары
2.1 Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда.экономикалық орталықтары ретінде маусымдық жәрмеңкелердің ролі
2.2. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі барысындағы қатынас жолдары мен сауданың жай.күйі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанда нарықтық қайта жаңарулар күрделі жүруде. Орта тапты қалыптастыру өтпелі кезеңнің ең маңызды проблемалардың бірі болып саналады. Осымен байланысты, Қазақстанның жаңа экономикалық тарихтың осы және өзге де проблемаларын түсінуде ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі қоғамының капиталистік трансформациялану кезеңінің аса маңызы бар, өйткені өткеннен сабала отырып, қазіргі проблемалардың шешімін табуға болады.
Ресей капитализмінің отары ретіндегі революцияға дейінгі Қазақстанда негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерде шикізаттар саласы дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл шаруашылык, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау-кен өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті металдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары жеке кәсіпкерлерге сатылды, олар 20 жылдай пайдаланып, кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. 30-жылдарда Алтайда А.Демидовтың зауыттары мен кеніштері пайда болды, ол қайтыс болғаннан кейін олар кен құрамынан күмістің табылуы себепті «Кабинеттің» (патша әулетінің) меншігіне көшті. Бұл кәсіпорын-дарда басы-байлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника, міңдетті күш-көлік міндеткерлігі қолданылды, сондықтан да олар реформадан кейінгі ке-зеңде құлдырауға ұшырады, ал XIX ғасырдың аяғына қарай жекелеген әрекеттерге (1887 жылы Зырянда байыту фабрикасын салу, неғұрлым жетілген өндіріс техникасы мен технологиясын қолдану және т.б.) қарамастан жұмысын мүлде тоқтатты."
1. Алампиев П.М. Ликвидация экономического неравенства народов Советской Востока и социалистическое размещение промышленности: (Исторический опыт Казахской ССР). М., 1958, 126-127 бб
2. Аяпов М. Из истории горного промысла и поисков месторождений цветных металлов на юге дореволюционного Казахстана// Вестник Ак. Наук Казахской ССР. Алматы, Изд-во, 1969. 62 б
3. Брейтерман А.Д. Медная промышленность СССР и мировой рынок.-Ленинград., 1930., 185-б
4. Горный журнал., 1923, 413 б.
5. Пегина Л., Федюкин С.А. Джезказган-город меди. Исторический очерк. –Алма-Ата: Наука, 1966., 15-б
6. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы., 1994., -244б
7. Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. – Алматы., 1981., -179 б
8. Завалишин З.Ю. Описание Западной Сибири. Т., І. 1807.-С.104
9. Зив В.С. Иностранные капиталы в русской горнозаводской промышленности. Пг., 1917. 80 б.
10. Долинский В. Об отношениях России к Средне-азиатским владениям и об устройстве киргизской степи.- М., 2000.,-С 14
11. Шойынбаев Т.Ж. Добровольное вхождение казахских земель в состав России.- Алма-Ата, 1982.-С. 79
12. Шаукенбаев Т. Урало-Эмбенский нефтяной район. А., 1961, 16-б
13. Казахстан канун Октября: Сб. Статей. Ал., 1968, 205-б
14. Қасымбаев Ж.К. Города Восточного Казахстана 1861-1917 гг. –А., С-67
15. История Казахской ССр в пяти томах. Т 3., 1979-С. 298

Ф-ОБ-001/033
16. Игибаев С. Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана (1861-1917).-Алма-Ата: Гылым, 1991. 63-б
17. Фридман Ц.Л. Иностранный капитал в дореволюционном Казахстане. Алма-Ата: Казгосизбат., 1960., 19 б
18. Фридман Ц.Л. Иностранный капитал., 39-52-б
19. Чуланов Г. Промышленность дореволюционном Казахстане. 20-21 бб
20. Горный журнал., 1923, 413 б.
21. Пегина Л., Федюкин С.А. Джезказган-город меди. Исторический очерк. –Алма-Ата: Наука, 1966., 15-б
22. Қазақстан тарихының очерктері. – Алматы., 1994., -244б
23. Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. – Алматы., 1981., -179 б
24. Завалишин З.Ю. Описание Западной Сибири. Т., І. 1807.-С.104
25. Зив В.С. Иностранные капиталы в русской горнозаводской промышленности. Пг., 1917. 80 б.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001033

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік Университетінің
Шымкент институты

Тарих факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
*************

Шымкент 2009 ж

Ф-ОБ-001033

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Тарау І. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау-кен
өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің
дамуы ... ... ..
1.1. XIX ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі
шетелдік акционерлік қоғамдар
1.2. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіптің дамуы
Тарау ІІ. ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы сауда мен жәрмеңкелердің ролі
және сауда жолдары
2.1 Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда-экономикалық орталықтары
ретінде маусымдық жәрмеңкелердің ролі
2.2. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі барысындағы қатынас
жолдары мен сауданың жай-күйі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ф-ОБ-001033
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Тәуелсіз Қазақстанда нарықтық қайта жаңарулар
күрделі жүруде. Орта тапты қалыптастыру өтпелі кезеңнің ең маңызды
проблемалардың бірі болып саналады. Осымен байланысты, Қазақстанның жаңа
экономикалық тарихтың осы және өзге де проблемаларын түсінуде ХІХ ғасырдың
екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы дәстүрлі қоғамының капиталистік
трансформациялану кезеңінің аса маңызы бар, өйткені өткеннен сабала отырып,
қазіргі проблемалардың шешімін табуға болады.
Ресей капитализмінің отары ретіндегі революцияға дейінгі Қазақстанда
негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерде шикізаттар саласы
дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл
шаруашылык, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау-кен
өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті
металдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің
жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары жеке кәсіпкерлерге сатылды, олар 20
жылдай пайдаланып, кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. 30-
жылдарда Алтайда А.Демидовтың зауыттары мен кеніштері пайда болды, ол
қайтыс болғаннан кейін олар кен құрамынан күмістің табылуы себепті
Кабинеттің (патша әулетінің) меншігіне көшті. Бұл кәсіпорын-дарда басы-
байлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника, міңдетті күш-
көлік міндеткерлігі қолданылды, сондықтан да олар реформадан кейінгі ке-
зеңде құлдырауға ұшырады, ал XIX ғасырдың аяғына қарай жекелеген
әрекеттерге (1887 жылы Зырянда байыту фабрикасын салу, неғұрлым жетілген
өндіріс техникасы мен технологиясын қолдану және т.б.) қарамастан жұмысын
мүлде тоқтатты."
Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын пайдалану
неғұрлым табысты болды, оларға XIX ғасырдың 30-жылдардың басынан орыс
Ф-ОБ-001033
көпестік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулеті
монополия-сының болуы да ықпал етті.
1834 жылы көпес С.И.Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс-қорғасын
және басқа да бай кен орындарын игере бастады. 1839 жылы ол қорғасын мен
күміс балқытуға арналған Благодатно-Степановский (Куфский) зауытын, ал 1849
жылы Александровск (Баянауыл) зауытын салды. Жиырма жылдан сәл астам уақыт
пайдаланғаннан кейін екі зауыт та өз жұмысын тоқтатты С.И.Поповтың
мұрагерлері 1858-1859 жылдары Новониколаевск күміс-қорғасын зауытын
(Богословск кен орыны негізінде) салды, ол 1877 жылға дейін жұмыс істеді.
XIX ғасырдың 40-жылдарында көпестер Н.Ушаков, А.Рязанов, Зотов жергілікті
байлардаң Қарағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар Нілді алқабын,
Жезқазған және Спасск-Воскресенск кенді аудандарын арзанға сатып алып, мыс
өндірумен айналысты. Н.Ушаков 1857 жылы Спасск мыс зауытының негізін
қалады. С.А.Попов (С.И.Поповтың немересі) 1887-88 жылдары Қарқаралыға жақын
жерде Косьмо-Демьяновск, Балқаш көлінің жағалауына жақын жерде Степановск
зауыттарының негізін қалады, олар араға үзіліс салып, біріншісі 1913 жылға
дейін, екіншісі 1907 жылға дейін жұмыс істеді.
Зерттелу деңгейі. Ғалымдар Ресейде капитализмнің дамуы кезеңінде, әсіресе
реформадан кейінгі кезеңде Қазақстандағы қанаушылар тобының құрылымы алуан
түрлі әлеуметтік топтар жүйесі болғанын, отарлаушы өкімет қызметке тартқан
сұлтандардың, мал мен құнарлы жайылымдарды немесе ауыл шаруашылық өнімін
өңдейтін кәсіпорындарды иеленуші байлардың, ауылдағы сот билігін өз қолына
сақтап қалған билердің, міндетіне қарамағындағы ауылдардан салық жинау
кіріп, жергілікті шенеуніктік аппаратқа айналған старшындардың мүдделері
тығыз ұштасып кеткенін көрсетті.
Е.Ділмұхамедов пен Ф. Маликовтің, Е.Бекмұхамедовтың, М. Тұрсынованың,
Ф-ОБ-001033
Г. Есенғалиеваның, М. Асылбековтың, Ц. Фридманның еңбектері өнеркәсіп пен
көлікті, сауданы және қаржы саясатын Қазақстанда пролетариаттың қалыптасу
проблемасын тығыз байланыста алып зерттеудегі елеулі жетістіктерді
дәлелдейді.
Өлкені отарлау жағдайының мәні тау-кен өнеркәсібінде мейлінше толық
көрінді. Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликов бұл саланың реформадан кейінгі
уақыттағы даму ерекшелігін, оның өсу қиыншылықтарын қарастырған. Авторлар
мұрағат материалдары негізінде ХХ ғасырдың басында кен-зауыт және мұнай
өнеркәсібіне монополистік шетел капиталының енуін, Спасск мыс рудалары
акционерлік қоғамының, Атбасар мыс кеніштері акционерлік қоғамының, Риддер
және Қазақ кен-өнеркәсіп қоғамы мен басқаларының тарихын зерделей білді.
Авторлар кен өндіру өнеркәсібінде жұмысшы санының өсуі ерекшеліктерін
және олардың революциялық күресін көрсетуді өздерінің басты міндеті деп
білді. Алайда авторлар Қазақстанда жұмысшы санының өсуі деректемелеріне
көбірек қатысты материалды баяндаған. Олар мұны қазақ шаруаларының
жіклетуі, табыс іздеп кетушілердің көбеюі нәтижесінде, майдангерлердің
жұмысшылар қатарына ауысуынан, Орал мен Сібір зауыттарынан жұмысшылардың
келуінен, кедейленген мещандар есбінен болды деп біледі. Авторлар 1838,
1870, 1895 жылдардағы жұмысшылар жалдау туралы алғашқы заңдарды атаған;
өкініштісі, олар фабрика заңдарының мазмұнын ашып көрсетпеген. Олардың
шамамен есептеп шығарған деректері бойынша, бұл өнеркәсіптегі жұмысшылар
саны 1860-1880 жылдармен салыстырғанда, ХХ ғасырдың басында 2-3 есе скен.
Бірақ бұл цифрлар сенімді емес, өйткені олар әр-түрлі жылдардағы әр түрлі
деректерден құрастырылған. Ауыл шаруашылық шикізатын ұқсатумен айналысатын
барлық жұмысшыларды өнеркәсіп пролетариатына қосып есептеу мүмкіндігін де
күдік келтіреді. Егер, мысалы,
Ф-ОБ-001033
Сырдария облысының деректеріне қарағанда, онда 1906 жылы 900
кәсіпорындарында небәрі 2000- дай адам жұмыс істеген, мұндай кәсіпорындарды
фабрикалар, ал олардың жұмыскерлерін пролетарлар деп атауға бола қоймас.
Авторлардың еңбектеріндегі өнеркәсіп пролетариаттарына әлеуметтік-
экономикалық сипаттаманың айқын болмауы, сондай-ақ өнеркәсіп жұмысшыларының
жалпы санын да (6,5 мың) салалар бойынша да есептеулердің негізіне алынған
әр түрлі мұрағат материалдары мұқият тексеруді қажет етеді.
Қазақстанның 1917 жылға дейін тарихы аз зерттелген аудандарның бірі-
Маңғыстау, сондықтан М. Тұрсынованың монографиясы белгілі бір дәрежеде
өзіне назар адаруды қажет етеді. Автор ХІХ ғасырдың бірінші жартысында
көшіп жүруге мүмкіндігі болмаған қазақ отбасылардың қалайша отырықшы-лыққа
көшіп, балық аулаумен айналысуға мәжбүр болғанын, артельдерге біріккен және
ХІХ ғасырдың екінші жартысында балық аулауды ғана емес, сонымен қатар оны
өңдеу мен сатуды да өздерінің қолына шоғарландырған балық
өнеркәсіпшілерінің оларды біртіндеп қалайша қаратып алғанын көрсеткен.
М. Асылбеков зерттеген мәселелер кешенінде революцияға дейінгі
Қазақстанның экономикасына темір жолдардың ықпалы мен оны Ресей
империализмінің шикізаттық шылауына айналдыру және сонымен бірге
клммуникациялар жасаудың объективті оң нәтижелері көрсетілген. М. Асылбеков
жергілікті өндірістік маңызы бар Триоцк, Екібастұз, Спасск-Қарағанды,
Риддер темір жолдарының құрылысы туралы құнды ғылыми материал жинаған.
Зерттеулерден Дала өлкесінің бүкіл экономикасы сияқты, революцияға
дейінгі Қазақстанның аумағында қатынас жолдарының на нашар дамып, оның
біркелкі болмағаны, кең-байтақ кеңістіктің бір-бірімен байланыс жасалмағаны

Ф-ОБ-001033
көрінеді. Мұны мына цифрлар көруге болады: 1917 жылы өлкенің 1000 шаршы
шақырымына-небәрі бір шақырымдай, бұл ретте Сырдария облысында-1127
шақырым, Торғайда-932, Оралда-310, Семейде-236, Ақмолада-178 шақырымнан
келген, Жетісу облысында бірде-бір шақырым темір жол болмаған.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Дипломдық жұмыс отан тарихының бір өзекті және аз зерттелген
проблемаларының бірі-капиталистік қатынастардың Қазақстанда орнауына
арналған. Сонымен бірге кәсіпкерлік таптың қалыптасуы да қаралады. Бұл
таптың маңызды бөлігін әр түрлі кәсіпкерліктердің өкілдерін біріктірген
көпестік сословие құраған.
Сондықтан диплом жұмысының мақсаты-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанға
капиталистік қатынастардың ену тарихын зерттеу болып табылады. Осы
мақсаттарға жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:
-XIX ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі
шетелдік акционерлік қоғамдар түсінігіне;
-ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіптің дамуына;
-Революцияға дейінгі Қазақстандағы сауда-экономикалық орталықтары ретінде
маусымдық жәрмеңкелердің роліне;
-Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі барысындағы қатынас жолдары
мен сауданың жай-күйі түсінігінің мәнін ашу.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының
теориялық негізін отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми қорытындылары
құрайды. Диплом жұмысының тарихи оқиғаларға және сан-саладағы мемлекеттік
құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Сонымен қатар
кеңінен колданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу әдістері де зерттеу
жұмысына арқау болды.
Диплом жұмысының қолданыстық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының
Ф-ОБ-001033
тақырыбы халықаралық қатынастар тарихына арналған еңбектер қатарын
толықтыра алады. Зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдарын
халықаралық қатынастар мамандары, саясаткерлер, журналистердің пайдалануына
болады. Жұмыстың материалдары халықаралық қатынастар мен сыртқы саясатты
зерттеушілердің, сонымен қатар мемлекеттік сыртқы саяси, экономикалық және
мәдени мекемелер үшін де көмекші құрал ретінде практикалық қызығушылығын
арттыруы мүмкін. Сонымен бірге зерттеу жұмысының материалдары халықаралық
қатынастар, саясаттану, тарих мамандықтары бойынша оқитын студенттерге
жалпы және арнайы курстарды жүргізу процесінде де қолданыла алады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тарау және
тараушалардан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланған әдебиеттер
тізімі және қосымшалар берілді.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шеңбері Зерттеу ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтиды.

Ф-ОБ-001033
Тарау І. Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуінде тау-кен
өнеркәсібіндегі шетелдік акционерлік қоғамдар мен өнеркәсіптің дамуы
1.1. XIX ғ. аяғы - ХХ ғ. басындағы Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі
шетелдік акционерлік қоғамдар
XX ғасырдың басында Ресей экономикасына шетел капиталы кіре бастады.
Ондағы монополистік капитализмнің кеңінен қанат жайып, күш алуы мен әлі де
болса қоғамдық-экономикалық салада сақталып отырған дағдарыстардың
арасындағы қайшылық орыс империясының дербёс деңгейде дамыған
мемлекеттердің қатарына қосылуына бөгет жасады. Керісінше, Ресейдің
қоғамдық-экономикалық өміріндегі қайшылық шетел капиталының ықпалының
күшеюіне мүмкіндік берді [1; 126-127].
Шетелдік кәсіпкерлер, әсіресе, табыстың ең бай көзі ретінде тау-кен
өнеркәсібіне араласуға көп күш салды. Олардың бұл саладағы капиталының үлес
салмағы 70%-ға жетті. Жат жерлік алпауыттарды ең алдымен қазына байлығы мол
әлі толық игерілмеген орыс империясының ұлттық аймақтары қызықтырды.
Қашанда өзінің пайдалы қазбаларымен кәсіпкерлердің ерекше назарында болған
қазақ сахарасында XIX ғасырдың ортасынан былай қалыптасқан өнеркәсіп
орындарына кеңес дәуіріне дейін 50 Ресей және шетелдік акционерлік
қоғамдары өздерінің капиталдарын салды.
Шетел капиталы, әсіресе, мыс, қорғасын, қалайы, мұнай сияқты пайдалы кен
қазбаларына үлкен қызығушылық білдірді. XX ғасырдың басында шетел капиталы
қазақ даласына енеді және өзінің қол астына өлкенің барлығы дерлік тау-кен
өнеркәсібін алады да, орыс капиталына күшті бәсекелес ретінде шығады.
Олардың арасында өлкенің шикізат көздерін басып алу және байлығын пайдалану
үшін күрес басталады. Бірақ Ресей өнеркәсібі өзінің артта қалған техникасы
және біршама әлсіз капиталымен бәсекелестік күреске төзе алмайды. Тек орыс
кәсіпкерлерінің бірқатары Стахеев, Федоров және
Ф-ОБ-001033
Романвтар кенді Алтайда және Ембіде шетел капиталы құрған акционерлік
қоғамдарға жарнашы ретінде, өздерінің қызметін жалғастырды.
Шетел капиталының енуі акционерлік қоғамдарды құру және оларды
қаржыландырумен, қиын қаражат жағдайына тап болған өнеркәсіптерді сатып алу
және қайта құру жолдарымен іске асты. Осылайша, көбінесе шетел капиталы
бетперде үшін орыс туының астында әрекет етуді немесе жарнашыларды орыс
капиталистері болған "аралас" компаниялар құруды артық көрді.
Өздерінің қол астына барлық тау-кен өнеркәсібі мен шикізат көздерін басып
алғаннан кейін шетел капиталы мыс, полиметалл көмір және мұнай кен
орындарын өңдеу бойынша түрлі шетел және аралас акционерлік қоғамдар құра
бастайды.
XX ғасырдың басында Орталық Қазақстанда орныққан ірі шетелдік
серіктестіктердің бірі "Спасск мыс кеніштерінің акционерлік қоғамы" болды.
Қоғамның құрылуынан көп бұрын мыс ісіне көңіл қойған ағылшын
кәсіпкерлерінің бір тобы, Қазақстанға өздерінің инженерлерін сол кездегі
Рязановтарға жататын көптеген ашылған және өңделген кен орындарын тексеруге
жібереді. Рязановтар кәсіпорындары XIX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ
жеріндегі мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болды. 1898 жылы өндіріс ісін
жалғастырғанымен, қаржыларының жеткіліксіздігінен, әрі патша үкіметінің
тарапынан несие-қарыз алудан үміті үзілген Рязановтар әулеті Спасск зауыты
мен кен орындарын ағьілшын кәсіпкерлеріне жалға-беруге мәжбүр болды.
Келісім-шарт 3 жыл мерзімге бекітіледі және ағылшындардың сенімді адамы,
Мәскеу дворянині фон-Штейн деген біреумен қол қойылады. Онда "... Біз,
Рязановтар мен Козицина, кәсіпорындарды 1904 жылдың 1 шілдесінен, 1907
жылдың 30 маусымына дейін фон-Штейнге 3 жылға жалға береміз, бір жылдық
жалдау құны 60 мың сом, ал барлық 3 жылға 180 мың сом,
Ф-ОБ-001033
оның 120000 сомы фон-Штейн келісімге қол қойысымен, екі жылға бірден
төленуі тиіс, қалған 60 мың сом 1905 жылдың 1 шілдесіне дейін төленуі
тиіс..." деп жазылды[2; 62] .
Әрине, шетелдік кәсіпкерлер Спасск мыс зауытын, мыс және көмір кеніштерін
жалға алумен шектелгені жоқ. Олардың түпкі мақсаты осынау мол байлықты
түгелдей өз меншігіне айналдыру еді. Болашақтағы кен игеруден түсетін
табысты былай қойғанда кәсіпорындардың құнының өзі ағылшындардың шығарған
қаржысын өтейтін еді.
Сол кездегі патшалық Ресейдің заңы бойынша шетелдік кәсіпкерлердің
далалық аймақтағы кәсіпорындарды сатып алуға құқы жоқ еді. Бірақ қазақ
даласының ен байлығына көздері тұнған шетледік алпауыттар заңды айналып
өтетін жолды табуға тырысты, сөйтіп ықпалды делдал іздей бастады.
Ағылшындар көп кешікпей мұндай адамды табады. Ол Франция президенті Мари-
Франсуа Сади Карноның ұлы француз кәсіпкері Клод Эрнест Жан Карно болды.
Әкесінің беделін, өзінің жеке байланысын пайдалана білген француз азаматы,
кен инженері Клод Эрнест Жан Карноға 1904 жылдың 3 шілдесіндегі Мемлекеттік
мүлік және егін шаруашылығы министрлігінің шешімімен Ақмола облысына
қарасты Рязановтар мен көпес әйел Козицинаның меншігінде болған Спасск мыс
зауытын, Спасск-Воскресенск, Өспен мыс, Қарағанды, Саран тас көмір
кеніштерін алдымен белгілі бір мерзімге жалға алуға, кейіннен толықтай жеке
меншікке алуына рұқсат етілді.
Мұндай істерде әккі болған, ағылшын кәсіпкерлері өздерінің қолдарына
өзгеше, дүние жүзілік деп айтуға болатын мыстың кен орыны, мол көмір
кенінің тигенін тез түсінеді. Карно жоғарыда айтылған кәсіпорындарды
игеруге басқа кәсіпкерлерді қатыстыруды немесе басқаларға беруді патша
үкіметінің келісімімен шеше алатын болды. Ол Ресейдегі тау-кен ісіне
қатысты барлық заң актілерін орындауға міндетті болды және орыс
Ф-ОБ-001033
кәсіпкерлеріне берілетін жеңілдіктерді пайдалануға құқы болды. Шын мәнінде
Спасск қоғамы ағылшын-фрацуздікі болды. Шығарылған акцияның жартысына жуығы
француз кәсіпкерлерінің қолында болды. 1904 жылы Лондонда құрылған, жалпы
капиталы 300 мың фунт стерлинг болатын бұл қоғамның басқарма мүшелігіне 4
ағылшын, 4 француз кәсіпкерлері кірді. Басқарма төрағасы болып ірі ағылшын
кәсіпкері, парламент мүшесі Артур Фелль, орынбасары болып француз кәсіпкері
К.Э.Жан карно сайланды.
"Спасск қоғамының ісінде әлі күнге дейін ағылшын және француз капиталдары
мүдделі және бірқуатта Париж және Лондон биржаларында қоғамның акциялары
бағаланады"-деп жазады Зив В.С. өзінің еңбегінде 1906-1907 жылдары жылына
өндіріс қуаттылығы 5 мың тонна (300 мың пұт) мыс алынатын, шахта пештерімен
Спасск мыс қорыту зауыты, сонымен бірге кен орындары және көмір шахталары
салынды. 1908жылы қоғам Спасск зауытын Қарағандымен жалғастыратын, ұзындығы
40 км. Тар табанды темір жол салды. Осы жолмен көмір Қарағандыдан Спасск
зауытына, ал зауыттан Өспен кен орнына тасылды, ал Сарысу байыту
фабрикасына қоспа және Өспен кен орнынан кен фабрикаға түйелермен
жеткізілді.
1917 жылдың қарсаңында, осы тар табанды темір жолда алты паровоз, 95
платформа және үш вагоннан тұратын жылжымалы состав болды. Құрал-жабдықтар
және материалдар Спасск кәсіпорыңдарына жақын арадағы темір жол станциясы
-Петропавлдан көлік-арба транспортымен тасылды.
Бесжыл ішінде (1910-1914 жылдары) кендегі мыстың орташа мөлшері: Оралда-
3,6%; Кавказда -4,1%; Ачинск-Минусинск ауданында-2,9%; ал Қазақстанда-14%-
ыз болды.
Қоғам бірінші кезекте тек қана бірінші дәрежелі кен шығарумен айналысты,
ал бұдан басқа үйіндіге кеткен екінші дәрежелі кен шығарылды. Инженер
А.И.Тименің есептеуінше 1889-1917 жылдары Өспен кен орнынан мыс
Ф-ОБ-001033
мөлшері 25%-ыз, 1.2 млн. пұт бірінші дәрежелі кен; мыс мөлшері 10%-ыз, 2.8
млн. пұтқа жуық екінші дәрежелі кен шығарылды [3; 185].
Тек, соңғы онжылдықта шетел капиталының енуімен, бұл аудан үлкен маңызға
ие болды, мыс орыту 1904жылы 30.5 мың пұттан, 1913 жылы 309 мың пұтқа
дейін, яғни он есеге артты,- деп жазады өз еңбегінде Брейтерман А.Д.
"Атбасар мыс кендері" акционерлік қоғамы Қарсақпай-Жезқазған ауданын-да
жұмыс істеді. 1906 жылы Лондонда "Атбасар мыс кендері акционерлік қоғамы"
құрылды. Алғашқыда қоғамның негізгі капиталы 250 мың фунт стерлинг болса,
кейіннен ол 500 мыңға дейін есті. 1907 жылы ағылшын-американ капиталистері
жалға Жезқазған кен орнын және Байқоңыр кендерін екі жыл мерзімге алады,
осы уақыт ішінде бұл ауданда бірқатар геологиялық барлау жұмыстарын
жүргізеді. Ал 1909 жылы қаңтарда Рязановтардан Жезқазған кен орнын және
Байқоңыр кеніштерін 260 мың сомға сатып алады. 1908 жылы Жезқазғанға келіп
қайтқан ағылшын инжинері Гарвей Лондонда қоғамның жалпы жиналысында
сөйлеген сөзінде Жезқазған кені дүние жүзіндегі ең бай, құрамындағы
металдың шегі жоқ байтақ мыс даласы деп сипаттады. Мыс кеніштерінің
Байқоңыр көмір кенішіне жақын орналасуы да оның тиімділігін көрсетті. Тіпті
транспорттың қиындығы да, Жезқазғанның темір жол желісінен тысқары болуы да
шетелдік кәсіпкерлерді тоқтата алмады. Өндірістен түсетін пайданың оны
игеруге кететін шығынды толық қайтаратынына сенімді болған акционерлік
қоғам кен өндіру ісін бастау керек деп шешті.
Жезқазғаннан 127 км. жерде орналасқан Байқоңыр көмір кен орынын, қоғам
Қарсақпай зауыты мен Жезқазған кен орнын отындық база ретінде пайдалана
бастады. 1913 жылы өндірістік қуаты 5 мың тонна мыс өндіретін Қарсақпай мыс
балқыту зауытының құрылысы басталды. Құрылыс алаңы Жезқазғаннан Байқоңырға
дейінгі жол ортасында орналасты. Бір уақытта байыту фабрикасы-
Ф-ОБ-001033
ның құрылысы да іске кірісті. 1914 жылы Қарсақпай зауытын кен орнымен және
отын базасымен, жалғастыратын тар табанды темір жол сала бастады. Зауыт пен
байыту фабрикасының құрылысын 2-3 жыл ішінде бітіруді болжады, бірақ бұған
бірінші дүние жүзілік соғыс кедергі болды.
Қарсақпай зауыты біршама жаңа техника базасында салынды. Барлық жабдықтар
шетелден әкелінді. Бірақ ол басқа да материалдармен бірге құрылыс алаңына
үлкен қиындықтармен жеткізілді. Құрылыс материалдарын тасудың негізгі
транспорт түрі түйелер болды. Қарсақпай зауытына ең жақын темір жол
стансасы, одан 360 шақырымда орналасқан Орынбор темір жолының Жосалы
стансасы болды.
1914 жыл қарашада Жосалы стансасынан зауыт алаңына қарай, ұзындығы 14 км,
бірнеше ондаған темір жол вагондары қойылған, зауыт жабдығы артылған және
бес паровозы бар темір жол төселді. Қоғам осы жолдың көмегімен жабдықты
зауыт алаңына дейін бір жылдың ішінде жеткізуді болжады, 1914 жылы қарашада
жіберілген жүк, белгіленген жерге 1917 жылдың қазанында ғана жетті. Осындай
ұзақ жіберудің нәтижесінде жабдықтарды жинастыру және Қарсақпай мыс балқыту
зауыты мен байыту фабрикасын іске қосу мүмкін болмады, тек жұмыстың 80%-зы
ғана орындалды.
Шетелдік капиталдың күшімен құрылған екі акционерлік қоғамды тығыз
байланыстырған ортақ мәселелер кеп болды. Ең алдымен мақсаттарының бірлігі,
яғни орталық Қазақстандағы кәсіпорындарды өз меншігіне алып, қазына
байлығына ие болу еді. Спасск қоғамының акциясының иегерлері тек ағылшындар
мен француздар ғана болып қойған жоқ, сонымен қатар АҚШ-тың, Швецияның,
Германияның, Австрияның, Испанияның ірі финансистері болды.
Спасск акционерлік қоғамының қызметіне ықпалын тигізіп, оның құнды
қағаздарының иегері болған банктердің қатарына оны алғашқы кезде
қаржыландырған Лондондағы Эрлихтің банкісінен басқа, Лондон-Ливерпуль
Ф-ОБ-001033
коммерциялық, Дрезден, Неміс банкілері және де Біріккен Орыс-Азия, Мәскеу,
Орыс сауда-өнеркәсіп, Петербор жеке коммерциялық сияқты орыс банкілері
жатты.
Міне, осындай күші бар "Спасск акционерлік қоғамы", қаржы дағдарысына
ұшыраған "Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы" шығарған
акцияларды, 1913 жылдың сәуірінде сатып алады, және оның кәсіпорындары-ның
шын мәнісінде қожайыны болады; осы жылы бұл екі акционерлік қоғамдардың
"Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамы" деген жалпы атпен қосылады. Бұл
қосылу 1915 жылдың аяғында дайындалды, ал барлық кен орындары мен кендерді
тапсыру 1916 жылға дейін созылды. "Спасск мыс кеніштерінің акционерлік
қоғамы" меншігіне Спасск мыс зауыты, Сарысу байыту фабрикасы, Өспең Спасско-
Воскресенск мыс, Қарағанды, Саран көмір кеніштерінен басқа, Жезқазғаннан
ашылған мыс кені табылған 20 жер бөлігі, Есқұлыдан ашылған темір кеніші,
жалпы келемі 20 шаршы шақырым болатын Байқоңыр көмір кеніштері және салына
бастаған Қарсақпай мыс зауыты көшті [4; 413].
Кеңестік дәуірге дейін осы кәсіпорындардың барлығын қолында ұстаған бұл
бірлестік Қазақстандағы бой көтерген ірі кәсіпорындарды бақылауында ұстаған
ағылшын финанс және іскер топтары алпауыттарының бірі Лесли Уркварттың
қарауында болды.
1915 жылы шетелдік кәсіпкерлерге жататын өлке кәсіпорындарындағы
жұмысшылардың саны: қазақтар-1816; орыстар-835; барлығы-2651 адам жұмыс
істеген.
Шетелдік кәсіпкерлер жұмысшыларды қазақтардың ішінен аса қалап алды. Бұл
мынамен түсіндірілді, жұмысшы-қазақтарға басқалармен салыстырғанда бірдей
жұмыс үшін аз ақы теледі; оларды маман жұмыстарға жібермеді, көбінесе ауыр
жұмыстарға пайдаланды.
Ф-ОБ-001033
Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары ұзақ уақыт бойы "Кабинетпен"
жыртқыштықпен тоналды. Кәсіпорындар жабылғаннан кейін "Кабинет" оларды жеке
кәсіпкерлерге беруге бірнеше әрекеттер жасайды.
1896 жылы патша кабинеті Алтайдың зырян кен орнын барлық кәсіпорын-
дарымен "Оңтүстік Алтай Зырян тау-кен өнеркәсіп қоғамын" ұйымдастырған
француз кәсіпкерлеріне жалға тапсырады. Бұл қоғам аз уақыт өңдегеннен
кейін, 1902 жылы кен орны қайта "Кабинетке" қайтарылады. Сонан соң, 1904
жылы Риддер, Зырян, Змеиногор және тағы басқа кен орындары, тау-кен
кәсіпорындарымен Австрия князі Турн және оның компаньоны Таксистің қолына
өтеді. Бірақ олардың қолында да бұл кәсіпорындар ұзақ тұрмайды.
1914 жылы көктемде кәсіпкерлер Романов және Федоровтар жалпы көлемі 4 мың
шаршы шақырымға жуық, барлық жабдықтарымен 36 жыл мерзімге және оны тағы 36
жылға ұзарту құқығымен Риддер кен орнына "Кабинетпен" концессия алады [5;
15].
Бірақ шын мәнісінде Романов және Федоровтар Риддерде ешқандай жұмыс
жүргізген жоқ және өздерінің хұқықтарын 1914 жылы күзде құрылған "Риддер
тау-кен өнеркәсіп қоғамына", 500 мың сомға өткізеді. "Риддер тау-кен
өнеркәсіп қоғамы", "Ертіс корпорациясының" бөлімі ретінде, Лондондағы "Орыс-
Азия акционерлік қоғамының" жалпы басшылығында болды. Бұл қоғамның уәкілі,
белгілі миллионер Л.Уркварт болды.
Қоғамның негізге капиталы 20 млн. сомды құрады, және 10 мың сомнан 2 мың
акцияға белінді. Олардың 1567 акциясы Ертіс корпорациясына тиесілі болса,
ал қалғаны қоғамның басқа мүшелерінің қолында болды. Романов пен Федоровтар
да қоғамда болды, әрқайсысы алты акциядан иеленді.
1914 жылы қазанда "Қырғыз тау-кен өнеркәсіп қоғамы" құрылады. Ол
Екібастұз тас көмір кен орнын пайдаланды. Қоғамның негізгі капиталы - 8.5
млн. сом болды, ол 10 мың сомнан 850 акцияға бөлінді. Жалпы саннан
Ф-ОБ-001033
акцияның 784-і Ертіс корпорациясына тиді, ал 66-ы басқа мүшелерінің
арасында бөлінді. Қырғыз қоғамының ұйымдастырушылары, сол Риддер өнеркәсіп
қоғамының құрушылары болды. Қоғамның председателі болып Федоров сайланды.
Қазақстанның бай аудандарын басып алып, шетелдік кәсіпкерлер тек біршама
капитал салу арқылы, қазақ жерінің байлығын жыртқыштықпен пайдалану және
арзан жұмыс күшін қатал қанау жолымен зор пайда тапқысы келді. Патша
үкіметі шетел кәсіпкерлеріне қазақ халқының жерін басып алуға ең кең
мүмкіндіктер ашып берді. Жерлерді басып алу не қазынамен тікелей жалдық
келісім арқылы, немесе қазақ қауымымен "ерікті" келісім негізінде іске
асты. Бірінші жағдайдағы сияқты, екінші жағдайда да патша чиновниктері мен
бай үстем тап өкілдерін параға сатып алу кең түрде жүргізілді.
Сонымен, 1914 жылы Уркварттың тыңшылары барон Меллер-Закомельский және
Романов-Қырғыз қоғамы үшін қоныстандыру басқармасынан 52936 сомға жер сатып
алады.
1916 жылы қырғыз қоғамы тағы да 20000 десе жер басыр алу қамымен Семей
облысындағы Шақшан, Қарамола және Павлодар болыстығындағы басқару-шылармен
жалдық келісімге отырады. Қырғыз қоғамына 20000 десе жер жалға берілуі,
қоныстандыру ісінің мүддесіне қайшы келмей ме, деген сұраққа,- Павлодардағы
қоныстандыру ісінің басқарушысы былай деп мәлімдеді: "қоғам сұрап отырған
жер көлемін кесіп алудың қажеттілігі және тілекке сәйкестігі теріске
шығарылмау қажет. Сонымен бірге ол тек жер, қазақтардан алдын-ала алынып
және "қазыналық" болуы керек" деп талап етті.
Риддерде тәулігіне қуаттылығы 100 т. Кен шығаратын байыту фабрикасы
салынады. Фабрика пайдалануға 1915 жылы беріледі. 1915 жылдан -1918 жылдың
ақпан айы ішінде Риддер байыту фабрикасы 150 мың пұтқа жуық қорғасын және
500 мың пұт мырыш қоспасын өндірді.
Ф-ОБ-001033
"Қырғыз тау-кен өнеркәсіп қоғамы" Екібастұз тас көмір кендерін Ермак
айлағымен жалғастыратын, Воскресенск темір жолын пайдаланды. 1916 жылы бұл
жолдың жылжымалы құрамы 78 көмір вагондарынан, екі жабық вагон және алты
паровоздан тұрды.
1914 жылы қоғам Екібастұз мырыш зауыиының құрылысына кірісті. Зауыт
пайдалануға 1915 жыл қазанда берілді. Мырыш зауытының өнімдері теңіз
әкімшілігінің Ижорск зауытына женелтілді. 1916 жылы мамырда Екібастұз
қорғасын зауытының құрылысы басталды. Алайда зауыт құрылысы ұзаққа созылып,
Қазан төңкерісіне дейін бітпей қалды. 1917 жылы Екібастұз көмір
кеніштерінде бес шахта пайдаланылды. 1914-1917 жылдары Екібастұз көмір
кеніштерінің басшысы, кейіннен белгілі тау-кен инженері, ғылым докторы,
профессор болған Н.И.Трушков болды [7; 179].
Екібастұз кәсіпорындарында 1913-1914 жылдары 2500 адам жұмыс істеді.
Барлық тау-кен жұмыстары қолмен істелді. Еңбек құралдары уатқыштар, қауға
шелөктер, шаналар болды. Тәулігіне 16 сағат жұмыс істей отырып, шахтерлер
айына 6 сомнан 30 сомға дейін алды, ал сол кезде күнкөріс минимумы 58 сомға
тең болды.
1941 жылы Түркістан тау-кен округіне Қаратау тауларындағы кен орындарын
барлауға және игеруге тау-кен өнеркәсіпшілері Я.Гайденков пен М.Зайдель
өтініш етеді. М.Зайдель Ашысай кен орнын пайдалануға рұқсат алады. 1915
жылы Түркістан тау-кен округінің рұқсатымен оған, әрқайсысы 1000 шаршы
сажыннан келетін, көлемі 104 десе 4 кенді жер учаскелері белініп беріледі.
Ол дайындық тау-кен жұмыстарын жүргізеді де, сол жерге қорғасын зауытын
салмақшы болады. Алайда, зайдельдің әрекеті нәтижесіз аяқталады. 1915 жылы
ол бұл жерлерді ағылшын кәсіпкері Л.Лесманға 25 мың сомға сатып жібереді.
1916 жылы 9 тамызда Лесман қорғасын балқыту зауыты құрылысы үшін, тау-кен
инженері Н.Гостеевті шақырады. Зауыт Ашысай
Ф-ОБ-001033
кенішіне 6 км. қашықтықта салынады.
Ашысай Ауданы қорғасын кеніне өте бай болды, кендегі қорғасын мөлшері 60%-
ға дейін жетті. Сонымен бірге бұл кен орнында күміс те өндірілді, оның
кендегі құрамы 0.007%-ыз болды.
Осылайша Қазақстанның табиғи байлығы орыс және шетелдік кәсіпкер-лердің
баюына қызмен еткен арзан шикізат көзіне айналды.
1.2. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіптің дамуы
XVIII ғасырдың 30-жылдарының басында басталған Қазақстанды Ресейге
қосудың аяқталуы 1861 жылғы крепостниктік құқық жойылғаннан кейінгі Ресейде
капитализмнің қаулап өсуімен тұстас келді. Ресейдегі капитализм тарихының
танымал білгірі В.И.Ленин былай деп атап өтті: Ресейде капитализмнің басқа
аумақтарға кеңеюге ұмтылысы біздің шет аймақтарға ерекше айқын әсер етті
және әлі де әсер етіп келеді, ол аймақтарды отарлау орыс тарихының
реформаға дейінгі, капиталистік кезеңінде кеңінен жүргізіле басталды.
Еуропалық Ресейдің оңтүстігі және оңтүстік шығысы, Кавказ, Орта Азия, Сібір
орыс капитализмінің отарлары ретінде қызмет етіп, капитализмнің терең және
кеңінен дамуын қамтамасыз етуде [8; 104].
Ресей капитализмінің отары ретіндегі революцияға дейінгі Қазақстанда
негізінен өнеркәсіптің екі саласы, жергілікті жерде шикізаттар саласы
дамыды. Бұлар тау-кен өндіруші және кен-зауыт өнеркәсібі, сондай-ақ ауыл
шаруашы-лық, көбінесе мал өнімдерін ұқсату жөніндегі өнеркәсіп. Тау-кен
өнеркәсібі кенді Алтайда және Орталық Қазақстанда дамыды. Онда түсті
металдар мен көмір кен орындары игеріле бастады. Әрине бұл өнеркәсіптің
жоспарлы дамуы болған жоқ. Кен орындары жеке кәсіпкерлерге сатылды, олар 20
жылдай пайдаланып, кен қоры азайысымен, ол кен орындарын тастап кетті. 30-
жылдарда Алтайда А.Демидовтың зауыттары мен кеніштері пайда болды, ол
Ф-ОБ-001033
қайтыс болғаннан кейін олар кен құрамынан күмістің табылуы себепті
Кабинеттің (патша әулетінің) меншігіне көшті. Бұл кәсіпорындарда басы-
байлы шаруалардың еңбегі пайдаланылды, артта қалған техника, міңдетті күш-
көлік міндеткерлігі қолданылды, сондықтан да олар реформадан кейінгі ке-
зеңде құлдырауға ұшырады, ал XIX ғасырдың аяғына қарай жекелеген
әрекеттерге (1887 жылы Зырянда байыту фабрикасын салу, неғұрлым жетілген
өндіріс техникасы мен технологиясын қолдану және т.б.) қарамастан жұмысын
мүлде тоқтатты."
Орталық Қазақстанда көмір және түсті металдар кен орындарын пайдалану
неғұрлым табысты болды, оларға XIX ғасырдың 30-жылдардың басынан орыс
көпестік капиталы назар аударған болатын, бұған мұнда патша әулеті
монополия-сының болуы да ықпал етті.
1834 жылы көпес С.И.Попов Қарқаралы уезінде Богословск күміс-қорғасын
және басқа да бай кен орындарын игере бастады. 1839 жылы ол қорғасын мен
күміс балқытуға арналған Благодатно-Степановский (Куфский) зауытын, ал 1849
жылы Александровск (Баянауыл) зауытын салды. Жиырма жылдан сәл астам уақыт
пайдаланғаннан кейін екі зауыт та өз жұмысын тоқтатты С.И.Поповтың
мұрагерлері 1858-1859 жылдары Новониколаевск күміс-қорғасын зауытын
(Богословск кен орыны негізінде) салды, ол 1877 жылға дейін жұмыс істеді.
XIX ғасырдың 40-жылдарында көпестер Н.Ушаков, А.Рязанов, Зотов жергілікті
байлардың Қарағанды көмір кенішін, Успенск мыс кеніші бар Нілді алқабын,
Жезқазған және Спасск-Воскресенск кенді аудандарын арзанға сатып алып, мыс
өндірумен айналысты. Н.Ушаков 1857 жылы Спасск мыс зауытының негізін
қалады. С.А.Попов (С.И.Поповтың немересі) 1887-88 жылдары Қарқара-лыға
жақын жерде Косьмо-Демьяновск, Балқаш көлінің жағалауына жақын жерде
Степановск зауыттарының негізін қалады, олар араға үзіліс салып,
Ф-ОБ-001033
біріншісі 1913 жылға дейін, екіншісі 1907 жылға дейін жұмыс істеді.
Бұл кәсіпорындардың бәрін кәсіпкерлер жеткілікті қаражаттары мен тәжіри-
бесі болмай, өндіріс техникасы төмен және білікті жұмысшылары жоқ жағдайда
салып, пайдаланды. Олардың иелерінің көпшілігі оңай пайданы қуып кетті де,
ақыр аяғында күйзеліске ұшырады.
XX ғасырдың басында жалпы кен өнеркәсібінің кәсіпорындары, алғашқы
кезекте мыс өндіретін кәсіпорындар шетелдік кәсіпкерлердің акционерлік
қоғамдарының қолына көшті. Олардың арасындағы тұңғыш кәсіпорындардың бірі -
1904 жылы Лондонда бұрын Рязанов пен Козицинаға тиесілі болып келген, XIX
ғасырдың екінші жартысында өлкедегі мыс балқыту өнеркәсібінің ошағы болған
кәсіпорындар-ды, рудниктер мен кен орындарын пайдалану мақсатымен құрылған
Спасск кен рудаларының акционерлік қоғамы. Қоғам орыс кәсіпкерлерінен
Спасск мыс балқыту зауытымен қоса Спасск-Воскресенск мыс кенішін және
Успенск мыс кенішін, Саран және Қарағанды тас көмір кен орындарын, екі
темір кенішін сатып алды. Қоғам аралас құрамды-ағылшын-француз қоғамы болды
және франция президенті М.Ф.Карноның ұлы, француз капиталисі Клод Эрнест
Жан Карноның байланыстары мен ықпалы арқасында құрылған еді. Ол патша
шенеуніктерін сатып алу жолымен тиімді мәміле жасасуға қол жеткізді.
Қоғамның басқармасына төрт ағылшын және төрт француз кірді. Оның төрағасы —
ағылшынның ірі капиталисі, Парламент мүшесі Артур Фель, ал вице-президенті
Э.Карно болды. Қоғамның ак-цияларын ұстаушылар Американың, Германияның,
Щвецияның, Испанияның және басқа капиталистік елдердің қаржылық іскерлері
болды. Спасск қоғамында шетелдік (Лондон-Ливерпуль коммерциялық, Дрезден,
Неміс) және орыс (Біріккен Орыс—Азия, Сібір, Мәскеу, Орыс сауда
өнеркәсіптік, Петербург жеке коммерциялық және басқалар) банкілерінің өз
мүдделері болды, бірақ соңғыларының қызметіне шетел, әсіресе француз,
ағылшын және Герман
Ф-ОБ-001033
капиталы зор ықпал жасады [9; 80].
1906 жылы кәсіпкер Рязановтың мұрагерлерінен сатып алынған Жезқазған мыс
рудалары кеніштерін пайдалану үшін Лондонда тағы да Атбасар мыс кен
орындарының акционерлік қоғамы құрылды. Қоғам Жезқазғанға Ескөл
алқабындағы темір кенішін, 18 әк шығаратын карьерді және Байқоңыр
алқабындағы 4 таскөмір кенішін пайдалану құқығын сатып алды. Қоғам 1913
жылы Қарсақбай алқабында мыс балқыту зауытын сала бастады, ол Қазан
революциясына дейін салынып бітпеген күйінде қалды. 1911 жылға қарай бұл
қоғам акцияларының 40%-ы Спасск мыс рудалары акционерлік қоғамының қолына
түсті. Ол 1913 жылы оны толық сіңіріп алып, кәсіпорындарымен қоса Жезқазған
кеніші Спасск компаниясының меншігіне көшті.
1914 жылы Риддер мен Екібастұз Ресейдің кеніштері мен зауыттарын қол
астына қаратқан Орыс-азия корпорациясының концессиясына көшті. Шын
мәнінде, бұл ағылшын компаниясы болатын, онда мысалы, Лесли Уркарт сияқты
ірі қаржы іскерлері үстемдік етті және 1914 жылы ол өзінің Ертіс
корпорациясы атты еншілес қоғамы арқылы Қазақстанда Кенді Алтай мен
Екібастұз кеніштерін пайдалану мақсатымен Риддер және Қырғыз (қазақ) кен-
өнеркәсіп акционерлік қоғамдарын құрды.
1914 жылы Риддер және басқа кеніштердің, Екібастұз ауданында мырыш
зауытының құрылысы басталып, 1916 жылы Екібастұз көмір және Риддер
концентраттары базасында қорғасын зауыты салына бастады. 1915—16 жылдарда
Риддерден Өскеменге қорғасын-мырыш концентраттарын тасуға арналған Риддер
темір жолы салынды. Бұдан әрі ол концентраттар Ертіс бойымен Ермак айлағына
дейін жөнелтілді. Одан Воскресенск (Екібастұз) темір жолымен Екібастұз
зауыттарына жеткізілді. Темір жол желісі 1916 жылдың аяғына қарай аяқталды
және тура 1917 жылға дейін қорғасын-мырыш концентраттары Риддерден
Екібастұзға дейін (шамамен 700 шақырымға жуық
Ф-ОБ-001033
қашықтыққа) негізінен күш-көлігімен тасылды. Риддерде шағын байыту
фабрикасы мен Быструха электр станциясы салынды. Соңғысын Риддер
кеніштерімен бірге 1916 жылы Быструха өзенінің тасыған суы басып кетті [10;
14].
1880—90 жылдарда өлкенің кен өнеркәсібінің басты салаларының бірі алтын
өндіру болатын. Өскемен уезінде ғана 125-тен астам кеніш жұмыс істеді.
Бірақ XX ғасырдың басында бірқатар себептерге байланысты (салықтың көп
мөлшерде салынуы, қатынас жолдарының қашықтығы, қаражаттың, құрылыс
материал-дарының жеткіліксіздігі және т.б.) Өскемен уезінің алтын кеніштері
50-ге дейін қысқарды. Бұл алтын өнеркәсіпшілерін капиталды орталық-
тандыруды күшейтуге, өз серіктестіктеріне инженерлер тартуға, өндірістік-
техникалық ынтымақтастықты дамытуға, өндіріс технологиясын жақсартуға және
т.б. мәжбүр етті. Алтын өндіруші салаға орталық Ресейдің Сібір мен Алтайдың
ірі өнеркәсіпшілері де өз капиталдарын салды. Алтын өнеркәсіпшілері
арасында орыс және татар кәсіпкерлері басым болды. 1904 жылы Өскемен
уезінің 8 кеніш базасында — Алтай алтын өнеркәсіп компаниясы, 1906 жылы
Зайсан уезінің бес кеніші мен рудниктері базасында — Марқакөл алтын
өнеркәсіп серіктестігі, 1912 жылы Өскемен уезіндегі ал-тып айырып алу
фабрикасы бар 9 кеніштер мен рудниктер базасында Оңтүстік-Сібір алтын
өнеркәсіп серіктестігі құрылды. Соғыс жылдарында да өндірісті жалғастырған
Ресей алтын өнеркәсіп акционерлік қоғамының құрамына Мариинск, Василевск,
Холмистовск және Ақжал кеніштері кірді. Ең ірісі Ақжал кеніші болатын.
Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, Алтайда өндірілген алтынның көлемі
жалпы Ресейдегінің 15%-ына жуық болған.
1893 жылы ашылған Екібастұз көмір кенішін 1899 жылдан 1903 жылға дейін
Воскресенск кен-өнеркәсіп қоғамы пайдаланып келді. Кемірді негізгі
тұтынушылар Сібіртемір жолы, Батыс Сібір пароходствосы, Пермь губерния-
Ф-ОБ-001033
сының Қыштым және Надеждинск зауыттары, Омбы, Семей, Риддер, Барнаул,
Павлодар, Петропавл қалалары мен өлкенің басқа да қалалары болатын. Көмір
тасу үшін Екібастұздан Ертістегі Ермак айлағына дейін 110 шақырымдық кен
табанды темір жол салынды, одан көмір Ертіс бойымен баржаға тиеліп, Сібір
темір жолына және одан әрі өткізілетін орнына жеткізілді. 1903 жылы
Воскресенск қоғамы күйзеліске ұшырады, сөйтіп Екібастұз кенішін пайдалану
1914 жылы ғана қайта басталды, бұл жолы оны Қырғыз (қазақ) кен-өнеркәсіп
қоғамы игерді, ол темір жолды да қалпына келтіріп, оны көмірді Ертіске
дейін тасу үшін де, Риддер руда концентраттарын Екібастұздағы жаңадан
салынған мырыш және қорғасын зауыттарына жеткізу үшін де пайдалана бастады.
Қарағанды және Саран көмір кен орындары Спасск мыс балқыту зауытының отын
базасы болды. Қарағанды көмірін Спасск зауытына дейін тасымалдау үшін
1906—1907 жылдардатар табанды темір жол салынды. Бұл көмір өндіру мен
тасуды көбейтуге едәуір ықпал жасады, көмір өндіру төрт еседен астам өсті.
Қоңыр көмір кен орындары да игерілді. 1913 жылы Жезқазған мыс
кеніштерінен 120 шақырым жерде Байқоңыр кен орны барланды, ол салына
бастаған Қарсакбай мыс балқыту зауытын отынмен қамтамасыз ете алатын еді.
1915 жылдан бастап Ташкент темір жолының Бершігүр станциясына жақын жерде
осы жолды отынмен қамтамасыз ету үшін Ленгір кен орнынан қарапайым әдіспен
кен өндіріле бастады. Нақ осы кен орнының көмірімен Шымкент пен Ташкенттің
кәсіпорындары да жабдықталды.
Қазақстанда мыс өндіру негізінен Спасск зауытында жүзеге асырылды, ол
Нілді алқабындағы Успенск кенішінің базасында жұмыс істеді. 1904 жылдан
1917 жылға дейін бұл кеніштің бай кені түгелдей дерлік қазып алынды.
Дүниежүзілік соғыс басталған соң Спасск зауыты мыс балқытуды қысқартты, ал
1916 жылы өз жұмысын тоқтатты [11; 79].
Ф-ОБ-001033
Тұз өндіру дамыды. Тұз жергілікті қажеті үшін де, өлке шегінен тыс алыс
жерлерге сату үшін де өндірілген Батыс Қазақстандағы Басқұншақ, Елтон, Елек
тұз кәсіпшіліктері, өлкенің солтүстік-батысындағы Коряков, Поволжье,
Қарабаш тұз кәсіпшіліктері жұмысшылар саны көп, әрі ірі капиталистік кәсіп-
орындарға айналды. Ең ірілері Ішкі Ордадағы (Бөкей хандығы) Басқұншақ және
Семей облысының Павлодар уезіндегі Коряков кәсіпшіліктері болды. Тұз
кәсіпшіліктері артельдерге, кәсіпорындарға немесе олардың қоғамдарына жалға
берілді. Қоряков кәсіпшіліктері 1908 жылы Павлодар көпесі Осипов басқарған
тұз өнеркәсіп серіктестігіне 25 жыл мерзімге жалға берілді..1909 жылы
Коряков кәсіпшіліктерінде 3979 мың пұт тұз өндірілді, ал оларда 10092
жұмысшы істеді. Бұл жерден тұз Ертіс аркылы Павлодарға, одан әрі Батыс және
Шығыс Сібірге және Обь өзенінің бойындағы балық кәсіпшіліктеріне тасылды.
1909 жылы Басқұншақ кәсіпшіліктері 20 миллион пұттан астам тұз берді. Олар
негізінен Астраханның балық кәсіпшіліктеріне, Саратовқа, Самараға,
Сызраньға, Нижний Новгородқа және басқа қалаларға апарылды.
Орал-Жем мұнай ауданы да ағылшын капиталының қолында болып шықты. Ол
мұнда өздерінің дербес акционерлік қоғамдарын құру жолымен де, үлес қосып
қатысып, орыс компаниялары арқылы да енген болатын. 1911 жылғы 2 сәуірде
Доссор кәсіпшілігінде қуатты мұнай бұрқағы атқылады, мұның өзі Жемде ірі
көлемде мұнай өндіруді бастап берді. Батыс Қазақстанның мұнай кен
орындарын пайдалану үшін мынадай ағылшын қоғамдары: Батыс-Орал мұнай қоғамы
(1912), Орал-Жем қоғамы (1912), Орталық Орал-Каспий қоғамы (1912),
Солтүстік Каспий мұнай компаниясы (1914) және басқалары құрылады. Мұнай кен
орындарын өндеуге 94 фирма мен жеке адам куәлік алғанымен, Орал-Жем
ауданында 8 акционерлік қоғам жұмыс жүргізді. Олардың негізгі капиталы 36
миллион сомға жетті.
Патша үкіметінің бірқатар акциздік жеңілдіктер беруі, арзан жұмыс күші,
Ф-ОБ-001033
күшті бәсекелестердің болмауы арқасында мұнай өндіру шетел компаниялары
үшін өте тиімді болды, олар қанаудың жыртқыштық әдістері жағдайында зор
пайда келтірді.
Сонымен Қазақстанның кен өнеркәсібі жергілікті капитал негізінде өсіп
шыққан жоқ. Оны сырттан келген орыс және шетел капиталы жасады. Оның өнімі
түгелдей дерлік өлкеден тыс жерлерге әкетілді, ал пайда XX ғасырдың басынан
бастап шетелге кетіп жатты. Осының бәрі кен өнеркәсібінің Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық өсуіне ықпалын күрт кемітті.
Қазақстанның кен-зауыт өнеркәсібінен айырмашылығы, ауыл шаруашылық
шикізатын ұқсату жөніндегі өнеркәсіп жергілікті қажеттермен тығыз байланыс-
ты болды және өлкенің әлеуметтік-экономикалық өміріне белгілі бір ықпал
жасады. Өңдеуші өнеркәсіптің кәсіпорындарын мынадай екі топқа бөлуге
болады:
1) Ресейдің еуропалық бөлігіне және шет елге шығару үшін мал шаруашылығы
шикізатын алғашқы өңдеу жөніндегі кәсіпорындар: бұған жүн жуатын, мал майын
қорытатын, ішек-қарын тазартатын және басқа кәсіпорын-дар жатты;
2) ауыл шаруашылық өнімін оны жергілікті жерде тұтыну үшін ұқсату
жөніндегі кәсіпорындар: бұлар былғары, май шайқайтын, спирт-арақ зауыт-
тары, темекі фабрикалары және т.б.
Жетісу, Ақмола және Семей облыстарында пайда болған біршама ірі жүн жуу
орындары Тамбов, Симбирск, Самара, Қазан губерниялары мен басқа да
губерниялардың мәуіті фабрикалары иелерінің қолында болды. Шикізатта
соларға тасылды. Мәскеудің Стукен және К° сауда үйі Семей облысының жүн
рыногында шексіз монополияны иеленді. Жүн негізінен әскери ведомство үшін
дайыңдалды және оған сұраным бірінші дүниежүзілік соғыс жылда де бір ғана
шұға фабрикасы салынды (1910). Фабрика Шахворостовтың сауда үйі
Ф-ОБ-001033
серіктігінің иелігінде болды және қой мен түйе жүнінен солдаттарға арналған
сұрғылт шинель шұғасын өндірді [12; 16].
Ет өнеркәсібінің кәсіпорындары мұздатқыш қоймалардың болмауы және
тоңызытқышты көліктің жеткіліксіздігі себепті негізінен күзде және жазда
жұмыс істеп, көбінесе Ақмола және Орал облыстарында дамыды. Саланың ең ірі
кәсіпорындары Көкшетау уезінің Қотыркөл станицасындағы ет-консерві зауыты
(1904 жылы негізі салынған), Петропавлдағы консерві зауыты (1915) және
Оралдағы ет тоңазытқыш (1915) зауыты болды. Саланың осы және басқа
кәсіпорындарына әскери ведомство ерекше мүдделілік танытты, сондықтан
бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында олар өз өндірісін едәуір кеңейтті.
Былғары өндірісі өлкенің далалық облыстарында дамыды. Семей облысында
1900 жылы 22 былғары зауыты болды. Алғаш өнделген тері әскери ведомствоның
зауыттарына және шетелге: Америкаға, Германия мен Францияға шығарылды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында теріге сұранымның өсуіне байланысты
былғары зауыттарының саны көбейді. Бұл салада .Плещеев және К°
серіктестігі және Ағайынды Трапезниковтар серіктестігі зауыттары тек
қана әскери тапсырыстарды орындады. Қазақстанның оңтүстігінде сыртка шығару
үшін шикізат өндеу жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстанға капиталистік қатынастардың енуі және дамуы
Xix ғасырдағы сауда сипатының өзгеруі
ХIX ғасырдың жартысы мен ХХ басында Қазақстан жеріндегі кәсіпкерліктің дамуы
1970-1980 жылдардағы Қазақстан
Соғыстан кейінгі халықтың жағдайы
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы
Өнеркәсіп құрылымы және орналасу заңдылықтары
Оңтүстік Қазақстандағы сауда-өнеркәсіп орталықтарының қалыптасу және даму тарихы
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы туралы ақпарат
Пәндер