Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау



Кiрiспе

I.Тарау. Мемлекеттiк бағдарламаның паспорты
II. Тарау. Туризм дамуының қазiргi жай.күйiне талдау
2.1. Туристiк саланы дамытудың 2003.2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асырудың қорытындылары
2.2. Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру
2.3. Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай.күйi
2.4. Туризм инфрақұрылымы
III.Тарау. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
3.1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу және қолдау жүйесiн дамыту
3.2. Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және iлгерiлеуi
3.3. Экологиялық туризм . тұрақты даму факторы
3.4. Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi . iшкi туризмдi дамытудың және туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн қалаушы факторлардың бiрi
3.5. Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi және туризм саласын ғылыми.әдiстемелiк қамтамасыз ету
3.6. Туризмдi ақпараттық қамтамасыз ету
3.7. Туристер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
3.8. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
3.9. Халықаралық маңызы бар "белсендi" жобаларды iске асыру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең) сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала отырып iске асыруға басты назар аударылды.
Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол туризмдi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң тартымды туристiк имиджiн, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне негiзделген қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи жүйе жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi болып табылады.
1. Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы

2. Қазақстан Республикасы Президентiнің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 231 Жарлығы

3. Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 47, 499-құжат; "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 1 қаңтар N 1

4. Голубков Е.П. Маркетинпстратегии, планы, структуры. - М.: Дело, 1995. -
192с.
5. Жих Е.М., Панкрухин А.П., Соловьев В.А. Маркетинг: как завоевать
рынок? - Л.: Лениздат, 1991.- 250 с.
6. Шеденов У.К., Ильясов Д.Қ. Теория маркетинга и менеджмента в сфере
услуг. Алматы: Қазақ университеті, 2002. - 150 с.
7. Ілиясов Д.Қ. Маркетинг: теориясы мен практикасы. Алматы: Қазақ
университеті, 2002. - 222 б.
8. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама) бекiтiлсiн.

9. Қазақстан Республикасының Үкіметі бiр ай мерзiмде Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн.

10. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кiрiспе

I.Тарау. Мемлекеттiк бағдарламаның паспорты
II. Тарау. Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау
2.1. Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асырудың қорытындылары
2.2. Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi шараларды iске асыру
2.3. Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай-күйi
2.4. Туризм инфрақұрылымы
III.Тарау. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен
тетiгi
3.1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу және қолдау жүйесiн дамыту
3.2. Қазақстандық туристiк өнiмнiң маркетингi және iлгерiлеуi
3.3. Экологиялық туризм - тұрақты даму факторы
3.4. Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi - iшкi туризмдi дамытудың және
туристiк мәдениеттi тәрбиелеудiң негiзiн қалаушы факторлардың бiрi
3.5. Кадрлар дайындау, туризм қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру жүйесi
және туризм саласын ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету
3.6. Туризмдi ақпараттық қамтамасыз ету
3.7. Туристер қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету
3.8. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
3.9. Халықаралық маңызы бар "белсендi" жобаларды iске асыру
Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кiрiспе

Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға
арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк бағдарлама)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпiлiс жасау қарсаңында" атты Қазақстан халқына Жолдауын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына және Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен
бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N
822 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең)
сәйкес әзiрлендi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445
қаулысымен бекiтiлген Туризм саласын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру кезеңiнде халықаралық туристiк байланыстар бiршама
кеңейдi, туристiк саланың заңнамалық және нормативтiк құқықтық базасы
жетiлдiрiлдi. Бұл ретте туристiк саланы дамыту жөнiндегi шараларды
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 шiлдедегi N 712-1
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық
дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi 2003-
2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарының негiзгi өлшемдерiн есепке ала
отырып iске асыруға басты назар аударылды.
Жетi кластерлiк бастаманың iшiнде туристiк индустрияның экономиканың
басым секторларының бiрi ретiнде танылуы оны дамытуға жаңа серпiн бердi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң туризм саласындағы белгiлеген
барынша маңызды мiндеттерiнiң бiрi - Қазақстанды орталық азиялық өңiрдегi
туризм орталығына айналдыру.
Мемлекеттiк бағдарлама республикада қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары
және бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия құруға және экономиканың
сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Ол
туризмдi дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың стратегиясын, негiзгi
бағыттарын, басымдықтарын, мiндеттерi мен iске асыру тетiктерiн айқындайды
және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттiк реттеу мен
қолдаудың тиiмдi тетiгiн құрудың, туристiк әлеуеттi арттырудың, елдiң
тартымды туристiк имиджiн, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар
қалыптастырудың негiзгi аспектiлерiн қамтиды.
Қазақстан Республикасының теңдесi жоқ табиғи және мәдени әлеуетiне
негiзделген қазiргi заманғы туристiк индустрия туризмнiң туристiк қызмет
көрсетулердiң халықаралық саудасы жүйесiне оралымды кiрiгуiнiң табиғи жүйе
жасаушы факторы, неғұрлым серпiндi дамушы және өзiнiң капитал сыйымдылығына
қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнiнен тиiмдi салалардың бiрi
болып табылады.

I.Тару. Мемлекеттiк бағдарламаның паспорты

Атауы Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарламасы (бұдан әрi - Мемлекеттiк
бағдарлама)

Әзiрлеу үшiн Мемлекеттiк бағдарлама Қазақстан Республикасы
негiздеме Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы
"Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпiлiс жасау
қарсаңында" атты Қазақстан халқына Жолдауын
iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың жалпыұлттық
жоспарына және Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006-2008 жылдарға арналған
бағдарламасына, Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822
қаулысымен бекiтiлген Қазақстан
Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта
мерзiмдi жоспарына (екiншi кезең) сәйкес
әзiрлендi

Негiзгi әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Туризм және спорт
министрлiгi

Бағдарламаның Сырттан келушiлер туризмi және iшкi туризм
мақсаты көлемiн арттыру есебiнен мемлекет пен халық
кiрiсiнiң тұрақты өсуiн, халықты жұмыспен
қамтуды қамтамасыз ету үшiн бәсекеге қабiлеттi
туристiк индустрия құру

Бағдарламаның Қойылған мақсатқа сәйкес Бағдарламаның
мiндеттерi бiрiншi кезектегi мiндеттерi мыналар болып
табылады:
туризм инфрақұрылымын дамыту;
туризмдi мемлекеттiк реттеу мен қолдаудың
тиiмдi тетiгiн жасау;
елдiң тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру;
туристiк әлеуеттi арттыру;
рекреациялық шаруашылық мамандануы бар
аймақтар қалыптастыру

Iске асыру 2007-2011 жылдар
мерзiмдерi Бiрiншi кезең: 2007-2009 жылдар
Екiншi кезең: 2010-2011 жылдар

Қажеттi ресурстар Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру үшiн
және 2007-2011 жылдарға көзделiп отырған шығыстар:
қаржыландыру республикалық бюджеттен 59 318 221 мың
көздерi теңгенi құрайды, оның iшiнде:
2007 жылға - 2 329 668 мың теңге; 2008 жылға
- 20 637 405 мың теңге; 2009 жылға -
30 635 357 мың теңге; 2010 жылға - 2 774 656
мың теңге; 2011 жылға - 2 941 135 мың теңге.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының
заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да
көздерден қаражат пайдалану болжанады.
Бұл ретте Мемлекеттiк бағдарламаны iске
асыруға қажеттi бюджеттiк қаражаттың көлемi
тиiстi жылға республикалық бюджеттi бекiту
кезiнде нақтыланатын болады.

Бағдарламаны iске Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру
асырудан күтiлетiн барысында мынадай нәтижелерге қол
нәтижелер жеткiзiледi:
туристер ағынының тұрақты өсiмi:
бiрiншi кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
iшкi туризм бойынша 2007 жылғы 3,4 млн.
туристен 2009 жылы 4,0 млн. туристке дейiн;
сырттан келушiлер туризмi бойынша 2007
жылғы 4,5 млн. туристен 2009 жылы 6,0 млн.
туристке дейiн.
екiншi кезеңде (2010-2011 жылдар):
iшкi туризм бойынша 2010 жылғы 4,1 млн.
туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейiн;
сырттан келушiлер туризмi бойынша 2010
жылғы 7,0 млн. туристен 2011 жылы 9,5 млн.
туристке дейiн.
Шартты түрде орта есеппен бiр шетелдiк
турист өзiнiң болуы уақытында бюджетке
63500-гe жуық теңге әкелсе, 2007 жылдан 2011
жылды қоса алғанда сырттан келушiлер
туризмiнен бюджетке түсетiн түсiм 603,2 млрд.
теңгенi құрайды.
Сырттан келушiлер туризмi есебiнен сонымен
қатар халықтың туризм саласында жұмыспен
қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011
жылы 550,0 мың адамға дейiн қамтамасыз
етiледi.
Мемлекеттiк бағдарлама ұлттық туристiк
өнiмнiң тартымдылығын арттыруға және
Қазақстанның әлемдiк туристiк нарық жүйесiне
кiруiне, қызмет көрсетулердiң халықаралық
саудасы мен мемлекет экономикасының кiрiс
секторы шеңберiнде халықаралық кәсiпкерлiк
пен iскерлiк ынтымақтастықтың маңызды саласы
ретiнде бәсекеге қабiлеттi туристiк индустрия
құруға жәрдем ететiн болады

2.Тарау. Туризм дамуының қазiргi жай-күйiне талдау

2.1. Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асырудың қорытындылары

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445
қаулысымен бекiтiлген Туристiк саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында Қазақстанның
туристiк имиджiн қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту,
заңнамалық нормативтiк актiлер әзiрлеу, туризм инфрақұрылымын қалыптастыру,
статистиканы, кадр, бiлiм беру және өңiрлiк саясатты жетiлдiру, туризм
саласындағы қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi бiрiншi кезектегi
мiндеттер қойылды.
Бағдарламаны iске асыру мақсатында "Қазақстан Республикасының
аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажеттi көмек көрсететiн
мамандандырылған қызметтердiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 14 мамырдағы N 450 қаулысы, "Барлық
санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту
үшiн жер учаскелерiн алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы
бөгде үйлер, ғимараттар мен объектiлердi құлату, сыртқа шығару, ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды
ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер үшiн жалға беру ережесiн
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N
240 қаулысы қабылданды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң 2002 жылғы 24
желтоқсандағы N 08-177 және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң
2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бiрлескен бұйрығымен бекiтiлген жаңа
Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртiбi туралы нұсқаулық
қабылданды, онда елiмiздiң бұрынғы азаматтарын қоса есептегенде, 54
мемлекеттiң шетелдiк азаматтары үшiн визалық рәсiмдердi оңайлату көзделген,
"Туристерге медициналық қызмет көрсету және шұғыл көмек көрсетудi
ұйымдастыру жөнiндегi 2003-2005 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын
бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң 2003
жылғы 14 қазандағы N 746 бұйрығы шығарылды.
Туристiк сала үшiн кадрлар даярлау жүйесiн жетiлдiру мақсатында
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттiгiнiң 2004 жылғы 12
наурыздағы N 06-2-289 бұйрығымен Туристiк ұйымдар қызметкерлерiнiң
бiлiктiлiгiн арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристiк кадрлардың
әр түрлi санаттарын даярлау ережесi бекiтiлдi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi туризм саласындағы
қызметтер мен қызмет көрсетулер түрлерiнiң статистикалық номенклатурасын
(ТҚҚСН), одан әрi ұлттық шоттар жүйесiне Туризмнiң қосымша шотын (ТҚШ)
енгiзу жобасын iске асыру үшiн қосымша талдамалы зерттеулер жүргiзiлетiн
сауалнамалар мен кестелер әзiрледi.
Туризмнiң қарышты және тұрақты дамуына сырттан келушiлер мен iшкi
туризм көлемiнiң өсу қарқыны мен туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу
жүйесiнiң құрылуы куә бола алады.
Бұл ретте елдiң туристiк имиджiн қалыптастыруға және ұлттық туристiк
өнiмдi туристiк қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығына шығаруға айрықша
назар аударылды: 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Берлин (ГФР), Лондон
(Ұлыбритания), Мадрид (Испания), Мәскеу (РФ) қалаларында, ал 2006 жылғы
қаңтардан бастап Утрехт (Голландия) қаласында өткiзiлетiн iрi халықаралық
көрмелер мен жәрмеңкелерге Қазақстанның жыл сайын қатысуы қамтамасыз етiлiп
келедi.
Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристiк ұйымдарының
өкiлдiктерi кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнiмнiң сапасы артуда.
Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Бiрiккен Корольдiгiнде (Лондон қ.) 2004
жылғы қарашада Қазақстанның бiрiншi туристiк өкiлдiгi ашылды.
Бүкiләлемдiк туристiк ұйымның Іс-шаралар күнтiзбесiне енгiзiлген КIТF
- Қазақстан халықаралық туристiк жәрмеңкесi Алматы қаласында, "Белуха"
халықаралық туристiк фестивалi Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын
өткiзiледi. 2005 жылы KITF жәрмеңкесiне әлемнiң 23 елiнен 200-ден астам
компания қатысты, ал 2006 жылы оның экспоненттерi 30 елден 450 компания
болды. Сонымен қатар негiзгi мақсаты туристер ағынын елдiң орталық және
солтүстiк өңiрлерiне тарту, ел ордасы - Астананың үшiншi мыңжылдық қаласы
ретiнде имиджiн қалыптастыру болып табылатын "Астана-Демалыс" халықаралық
қазақстандық туристiк көрме жыл сайын өткiзiлiп тұрады.
Туристiк бизнес кәсiпкерлерi үшiн гранттар, техникалық көмек және
инвестициялар тарта отырып бизнес-жоспарлар құру мен инвестициялық жобалар
жасау бойынша оқытып үйрету семинарларын жыл сайын өткiзу қамтамасыз
етiлген. Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерiн шетелде көрсету үшiн
инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және
электрондық жеткiзушiлердегi басқа да жарнамалық-ақпараттық өнiм шығарылды.

Қазақстанның оң туристiк имиджiн қалыптастыруға және туристiк
индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентiнiң
жанындағы Шетелдiк инвесторлар кеңесiнiң (ШИК) жұмыс тобы көп жәрдемiн
тигiзедi, оның шеңберiнде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделi мүшелерi
қатарынан туризм жөнiндегi шағын топ құрылды. Сонымен қатар 2006 жылдан
бастап ШИК веб-сайтында "Қазақстандағы туризм" Интернет-парағын ашу туралы
шешiм қабылданды.
Бүгiнде республика iс жүзiнде туризмнiң қолданыстағы барлық түрiн
ұсынып отыр. Туристiк кластердi дамыту шеңберiнде республикада туризмдi
дамытудың iскерлiк, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ шұғыл түрлерi
сияқты басым бағыттары айқындалды.
Туристiк қызмет көрсетулердiң негiзгi жеткiзушiсi туристiк ұйымдар
болып табылады, оларды туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы
бар 846 туристiк ұйым мен 30 жеке кәсiпкер ұсынады. Әрекет етушi туристiк
фирмалар мен қонақ үй шаруашылығы кәсiпорындарының басым көпшiлiгi Алматы
қаласында (605), Шығыс Қазақстан (124), Қарағанды (122), Алматы (71)
облыстарында және Астана қаласында (79) (1-қосымша). Қазақстанның туристiк
қызмет көрсетулер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың кәсiби гид пен
экскурсияшы жұмыс iстейдi. Туристiк нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-iн
шағын кәсiпорындар (жұмыс iстейтiндердiң саны 50 адамға дейiн) бiлдiредi.
250 адамнан аспайтын персоналы бар орташа кәсiпорындар 1,3%-тi, ал iрiлер
0,4%-тi құрайды. Талдауға қарағанда, туристiк ұйымдардың көпшiлiгiн шағын
және орта кәсiпорындар құрайды, олар әлем елдерiнiң көбiнде инновацияларға
негiзделген экономикалық өсiмнiң тиiмдi генераторы болып табылады.
Қазақстанның туристiк ұйымдары әлемнiң жетпiс елiмен ынтымақтаса жұмыс
iстейдi.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне қарағанда
2004 жылы Қазақстанда туризм саласында 379,3 мың адам еңбек еткен, бұл 2003
жылға қарағанда 17,8 процентке артық.
Жоғарыда көрсетiлгендермен қатар, ұлттық туристiк нарықта шетелдер
қатысатын 37 туристiк ұйым қызметiн жүзеге асырады.
Тек қана туристiк ұйымдардың қызметiнен Қазақстан Республикасының
кiрiсi 2005 жылы 5902,6 млн. теңгенi құрады.
Тұтастай алғанда, 2005 жылы республика бойынша туристiк индустрия
кәсiпорындарының кiрiсi 16,8 процентке көбейiп, 30553,4 млн. теңгенi
құрады, сонымен қатар бюджетке 6526,5 млн. теңге аударылды, бұл былтырғымен
салыстырғанда 37,6 процентке артық (2-қосымша). Көрсетiлген қызметтердiң
жалпы көлемi де 43,3 процентке артып, 24516,8 млн. теңгенi құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктiң төлем теңгерiмiнiң деректерi
("Сапарлар" бабы) бойынша резидент еместерге Қазақстанның қызмет көрсетулер
көлемi 2005 жылы 684,5 млн. АҚШ долларын құрады, Қазақстанның резидент
еместерден алған қызмет көрсетулер көлемi 667,1 млн. АҚШ долларын құрады (3-
қосымша). 2005 жылы елдiң IЖӨ-ге туризмнiң салымы 1,3 проценттi құрады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң
және Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша
сырттан келушiлер туризмi көлемiнiң 2004 жылғы 4291 мың туристен 2005 жылы
4365 мың туристке дейiн тұрақты арту үрдiсi байқалады. Iшкi туризм бойынша
көрсеткiштер 2004 жылғы 2793,8 мың туристен 2005 жылғы 3280 мың туристке
дейiн өсуде (4-қосымша). Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистика
агенттiгiнiң 2000 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы деректерiн талдау
сырттан келушiлер туризмi географиясының 2000 жылғы 60 елден 2005 жылы 161
елге дейiн кеңейгенiн көрсетедi.
Сырттан келушiлер туризмiн талдау көрсеткендей, туристердiң 58,4
процентiнiң бiздiң елге iскерлiк және кәсiби мақсаттармен келгенiн
көрсеттi. Елiмiзде демалу мақсатында 12017 турист (30,1 %), таныстары мен
туыстарының шақыруы бойынша 10,2 процент коммерциялық мақсатпен - 1,2
процент турист келген.
Жыл сайын сыртқа шығушылар туризмiнiң көлемi артуда. Егер 2000 жылы
туристiк фирмалар шетелге 67360 туристi жiберсе, ал 2005 жылдың
қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны
210692 туристi құрады. Алыс шетел мемлекеттерiнiң iшiнде Түркия - 63,1 мың
адам (30%), Қытай - 48, 6 мың адам (23,1%), Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi -
23,8 мың адам (1 1,3%) Қазақстан тұрғындары арасында барынша танымал болып
табылады.
Сыртқа шығушылар туризмiнде бос уақыт, рекреация және демалыс (44,7%)
мақсатымен шығу басым болып келедi. Қалғандарының шығу мақсаты коммерциялық
- шоп-турлар (29 %), iскерлiк және кәсiби (18,7%) болып табылады.
Елде әр түрлi туристiк қызмет көрсетулерде қазақстандық және шетелдiк
азаматтардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға кең мүмкiндiктi қамтамасыз
ететiн қазiргi заманғы тиiмдiлiгi жоғары және бәсекеге қабiлеттi туристiк
кешеннiң жұмыс iстеуi үшiн жағдайлар жасалуда, ұлттық туристiк өнiмнiң
сапасын қамтамасыз ету үшiн стандарттар әзiрленiп, қабылданды. Қазақстан
Республикасында туризмнiң материалдық-техникалық базасын дамытуға
инвестициялар тарту үшiн жағдайлар айқындалды.
Туризмдi дамыту көлiк инфрақұрылымын дамытумен тiкелей байланысты.
Елiмiзге туристер негiзiнен әуе көлiгiмен келедi. Iшкi туризм мақсатында
көбiнесе автожол көлiгi пайдаланылады. Жыл сайын республикалық маңызы бар
жолдар тiзбесi толықтырылып, олардың құрамында iрi туристiк объектiлерге
апаратын жолдар бар.
Сырттан келушiлер туризмi мен iшкi туризм көлемiн ұлғайтудың негiзгi
факторлары тармақталған көлiк желiсiн дамыту және жолаушылар тасымалының
барлық түрлерiнiң географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып,
ұлттық тасымалдаушы - "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" акционерлiк
қоғамы мен "Жолаушылар тасымалы" акционерлiк қоғамы туризм саласындағы
уәкiлеттi органның қолдауымен 2002 жылдан бастап Алматы - Тараз - Шымкент -
Ташкент - Самарқанд - Үргенiш - Бiшкек - Рыбачье - Алматы бағыты бойынша
"Жiбек жолы меруертi" мамандандырылған пойызын ұйымдастыру жөнiндегi
жобаның бiрiншi кезеңiн iске асырады.
Болашақта Тегеранға дейiн екiншi кезеңдi, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр
автономиялық округы арқылы Пекинге дейiн үшiншi кезеңдi жүзеге асыру
жоспарланып отыр.
2003 жылдан бастап 2005 жылды қоса алғандағы кезеңде Қазақстан
Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық
ынтымақтастығының нормативтiк құқықтық базасы кеңейдi. Қазiргi кезде туризм
саласында 26 келiсiм қолданылуда. Жапониямен, Грекиямен, Франциямен,
Катармен, Сауд Арабиясымен, Словениямен, Польшамен, Моңғолиямен,
Малайзиямен туризм саласында ынтымақтастық туралы келiсiм жобалары
контрагенттерге келiсу үшiн жiберiлдi. Қазiргi уақытта Бiрiккен Ұлттар
Ұйымының мамандандырылған мекемесi болып табылатын Дүниежүзiлiк туристiк
ұйыммен және Дүниежyзiлiк туристiк ұйымға мүше елдердiң ұлттық туристiк
әкiмшiлiктерiмен ынтымақтастық нығайтылды.
Резидент еместерден ел экономикасына шетелдiк валюта ағынының тұрақты
артуы есебiнен елдiң төлем теңгерiмi жақсарып отырғанын айта кету керек,
туризм саласын қаржыландыру мәселесi шешiлуде: 2001 жылдан бастап 26 млн.
111 мың теңге көлемiндегi қаржылық қаражат, халықаралық көрмелерге қатысу
мен республикада халықаралық туристiк жәрмеңкелер өткiзудi қоса алғанда,
туристiк қызмет жөнiнде ic-шаралар ұйымдастыруға бөлiндi. 2003 жылдан
бастап туристiк iс-шараларды қаржыландыру көлемi Бағдарламаны қабылдауға
байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы - 34 млн. теңгеге артты және 2005
жылы бөлiнген қаржы қаражат сомасы 39,5 млн. теңгенi құрады.

2.2. Туристiк кластер құру және оны дамыту жөнiндегi
шараларды iске асыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге
қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге
қабiлеттi халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру шеңберiнде
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Маркетингтiк-талдамалы
зерттеулер орталығы және "J.E. Austin Associates Inc." америкалық
консалтингтiк компания "Қазақстан экономикасының қолданыстағы және әлеуеттi
болашағы бар секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн бағалау және оларды
дамыту жөнiнде ұсынымдар тұжырымдау" жобасын жүзеге асырды. Жобаның мақсаты
елдiң экономикалық өсiмi үшiн әлеуетi бар Қазақстан экономикасының
шикiзаттық емес салаларының бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру болып табылады.
Қорытындысында экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн және әртараптылығын
арттырудың индустриалдық негiзiн құру үшiн шикiзаттық емес жетi басым
саланың iшiнде алғашқылардың бiрi болып туризм айқындалды.
Сарапшылардың пiкiрiнше, Қазақстанның бәсекелiк артықшылығы бiрегей
мәдениетiнде (мәдени-танымдық туризм), бай табиғи әлеуетiнде (экологиялық
туризм), өсiп келе жатқан iскерлiк белсендiлiгiнде (iскерлiк туризм),
сондай-ақ спорт және хикаялы (шұғыл) туризм сияқты демалыстың белсендi
түрлерiмен шұғылдану мүмкiндiгiнде.
Италия, АҚШ, Бiрiккен Араб Әмiрлiктерi мен Түркиядағы туристiк
орталықтар дамуының тәжiрибесi айтарлықтай.
Аталған елдердiң туризм индустриясын дамыту негiзiнде туристiк сала
инфрақұрылымын, көлiктi және қызмет көрсетулер салаларын дамыту жатты.
Туристiк орталықтардың белсендi дамуы Италияда (Рим, Венеция),
Түркияда (Бодрум, Мармарис, Анталья), AҚШ-та (Лас-Вегас, Гавай аралдары),
Египетте (Каир, Гиза, Александрия), Тайландта (Бангкок) байқалды.
Осы әлемдiк туристiк орталықтар туризмi инфрақұрылымының негiзiн
қазiргi заманғы үш, төрт және бес жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын-
сауық орталықтары құрайды. Сонымен қатар аталған туристiк орталықтардың
дамуында бай тарихи-мәдени мұра мен табиғи-климаттық жағдайлардың рөлi
маңызды болды.
Осы өңiрлердiң туризм индустриясының тиiмдi дамуына мемлекеттiң
бизнестiң кәсiпкерлiк бастамаларына қолдау көрсетуi, сондай-ақ туризм
инфрақұрылымын қалыптастыруда мемлекеттiк-жеке әрiптестiк ықпал еттi.
Шетелдердiң мысалы көрсеткендей, ұлттық парктерге келетiн туристер
(мысалы, Кенияда, Америкада, Қытайда) онда жыл сайын 1 млн.-ға дейiн АҚШ
долларын қалдырып кетедi. Қорықтарға, ұлттық парктерге тауарларды сату және
ақылы қызмет көрсетулер есебiнен өз бетiнше ақша табуға рұқсат берiлген.
Ұлттық парктер табатын қаржылық қаражат оларды дамытуға, сондай-ақ қорғау
мен қалпына келтiру ic-шараларын жүргiзуге жұмсалады.
Осыдан шыға отырып, "Экономиканың басым секторларында пилоттық
кластерлердi жасау мен дамыту жөнiндегi жоспарларды бекiту туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 қаулысымен
Алматы қаласы мен Алматы облысында "Туризм" пилоттық кластерiн жасау мен
дамыту жөнiндегi жоспар (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлдi.
Туристiк кластер жасаудың маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан
Республикасының Үкiметi туристiк индустрияны одан әрi дамыту стратегиясын
айқындау мақсатында Қазақстан өңiрлерiнiң туристiк әлеуетiне маркетингтiк
зерттеулер жүргiзу үшiн 65 млн. теңге көлемiнде қаржылай қаражат бөлдi.
Аталған зерттеулердi жүргiзу үшiн стратегиялар әзiрлеуде және туристiк
қызмет көрсетулердiң әлемдiк нарығына туристiк өнiмдi жылжытуда көшбасылық
орынды иеленушi "International consulting group оп tourism "IРК" (бұдан
әрi - "IРК International") компаниясы тартылды.
Жүргiзiлген зерттеулер қорытындысы бойынша, Қазақстанның бәсекелiк
артықшылықтары мен ұзақ мерзiмге арналған кластерлiк бастамалар ескерiле
отырып, елдiң туристiк индустриясын дамыту стратегиясы жөнiнде ұсынымдар
тұжырымдалды, бiрқатар жобаларды iске асыру көзделдi, олардың бiрi осы
Мемлекеттiк бағдарламаны әзiрлеу болып табылады.
Жоғарыда аталған Жоспарды iске асыру шеңберiнде мынадай жұмыстар
жүргiзiлдi:
туристiк сала Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 17
қыркүйектегi N 925 қаулысымен бекiтiлген экономикалық қызметтiң басым
түрлерi тiзбесiне енгiзiлдi, бұл әлеуеттi инвесторларға Қазақстан
Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген жеңiлдiктер мен
артықшылықтарды пайдалануға мүмкiндiк бередi;
бұрын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 ақпандағы N 196
қаулысымен Қазақстан Республикасының резидент еместерi мен резиденттерiне
арналып республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды
пайдаланғаны үшiн 0,1 - 0,2 ең төмен есептiк көрсеткiш көлемiнде бiрыңғай
төлем ставкалары белгiленедi;
Қазақстандық-ресейлiк үкiметаралық комиссиясының кезектi отырысында
(2005 жылғы 18-19 қазан) хаттамалық шешiмге "Байқоңыр" ғарыш айлағында iшкi
және сырттан келушiлер туризмiн дамыту жөнiндегi iс-шаралар енгiзiлдi;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi 2004 жылдан бастап
Туризмнiң қосалқы шотын құру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзiп келедi, сондай-
ақ экономикалық қызмет түрлерi бойынша (ЭҚТЖ) және экономикалық қызмет
түрлерi бойынша өнiмдер жөнiндегi (ЭҚТӨЖ) қолданыстағы жiктегiштерге
өзгерiстер енгiзу туралы мәселе де пысықталуда;
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның және Еуропа үшiн Дүниежүзiлiк туристiк
ұйым комиссиясына мүше-елдердiң ұлттық туристiк әкiмшiлiктерiнiң қолдауымен
2006 жылғы 25-27 сәуiрде Алматы қаласында Тұрақты туризмдi дамыту
мәселелерi жөнiндегi Еурокомиссияның 45-отырысы өткiзiлдi;
Дакар (Сенегал) қаласында 2005 жылы 25 қараша мен 2 желтоқсан
аралығында өткен Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Бас ассамблеясының XVI
отырысында 2007 жылы Қазақстанды Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның Атқарушы
Кеңесiнiң құрамына ұсыну туралы мәселе енгiзiлдi;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң 2005 жылғы 20
маусымдағы N 220 бұйрығымен туризм саласындағы уәкiлеттi органның жанындағы
туризм жөнiндегi сараптама кеңесi бекiтiлдi.
Қазақстан экономикасының орнықты дамуы, елдiң индустриялық-
инновациялық дамуы жөнiндегi iс-шаралар кешенiн iске асыру шетелдiк
капиталды белсендi түрде тартуға ықпал етедi. Сондықтан да туристiк
индустрияны дамытуға шетелдiк және iшкi инвестицияларды тарту, орталық және
өңiрлiк билiк деңгейлерiнiң iс-қимылын нақты үйлестiрудi қамтамасыз ету
мақсатында жоғары деңгейлi туристiк менеджмент қалыптастыру, жеке
бастамалардың дамуына жәрдем ету, саланың ақпараттық кеңiстiгiн құру,
қазақстандық турөнiмнiң сыртқы және iшкi нарыққа жылжуының тиiмдi жүйесiн
әзiрлеу, инвестициялау және салық салу мәселелерi бойынша нормативтiк
құқықтық актiлер қабылдау үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл әзiрлену
үстiндегi өңiрлiк шебер-жоспарлар шеңберiнде iске асыру жоспарланып отырған
туризмнiң кластерлiк дамуының негiзгi бағыттары.

2.3. Облыстар тұрғысынан туризм дамуының жай-күйi

Астана, Алматы қалаларында, Атырау, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында
сырттан келушiлер туризмiнiң барынша кең көлемi байқалады, бұл ретте
iскерлiк туризм басым. Көрсетiлген қалаларда, сондай-ақ Алматы, Қарағанды,
Солтүстiк Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында неғұрлым сыртқа
шығушылар туризмi дамыған.
Iшкi туризмнiң барынша дамуы Астана, Алматы қалаларында, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Алматы және Ақмола облыстарында байқалады.
Тұтастай алғанда, республика бойынша туризмнiң барлық түрлерiнен
барынша көп туристке Алматы, Астана қалаларында, Шығыс Қазақстан,
Қарағанды, Алматы, Атырау және Ақтөбе облыстарында қызмет көрсетiлген (5-
қосымша). Бұл өңiрлердегi туристердiң сапар мақсаты негiзiнен iскерлiк және
кәсiби мақсат, бос уақыт, рекреация және демалыс, сондай-ақ шоп-турлар
болып табылады.
2001 жылдан бастап, жергiлiктi атқарушы органдар саланы дамытуға
қажеттi қаржылай қаражатты бөлiп келедi, алайда, талдау көрсеткенiндей,
облыстардағы туристiк индустрияның дамуын тежеушi факторлардың бiрi
жергiлiктi атқарушы органдардың экономикалық өсiмдi қамтамасыз ететiн
басымдықтардың бiрi ретiнде аталған салаға жеткiлiксiз назар аударуы болып
табылады. Айталық, туризмдi дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңiрлiк
және республикалық бағдарламасын iске асыруға Солтүстiк Қазақстан облысында
жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға - 329 мың теңге, Павлодар
облысында жыл сайын - 500 мың теңгеден және Қостанай облысында - 1,5 млн.
теңге шегiнде бөлiндi.

2.4. Туризм инфрақұрылымы

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2005 жылы
Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристiк объект болды, оның iшiнде:
273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12
профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс
аймағы, 27 демалыс үйi, 24 туристiк база, 35 сауықтыру лагерi, 4 тау
шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспiрiмдер
туризмi орталығы, 7 сауықтыру кешенi, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм
жөнiндегi мемлекеттiк кәсiпорын және басқалары (клубтар, қолөнершiлер
қалашықтары) - 5.
2005 жылғы қолданыстағы 385 қонақ үй мен басқа да орналастыру орнының
340-ы жеке меншiк нысанында, 22-сi мемлекет меншiгiнде және 23-i басқа
мемлекеттердiң меншiгiнде болды.
Елде үш, төрт және бес жұлдызды 78 қонақ үй жұмыс iстейдi, қалған
қонақ үйлер басқа санаттарға жатады.
Республика бойынша туристердi орналастыру объектiлерiн пайдаланудан
түскен кiрiс 2005 жылы 21156 млн. теңгенi құрады, аталған кәсiпорындар
көрсеткен қызмет көлемi 17737,5 млн. теңге, оның iшiнде - мейрамханалары
бар қонақ үйлер - 15927,0 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер - 1533,3
млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристiк базалар - 57,7 млн.
теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотiркемелердi қоюға
арналған тұрақтарда көрсетiлетiн қызметтi қоса алғанда - 0,7 млн. теңге,
қалған орналастыру объектiлерi - 218,8 млн. теңгенi құраған (6-қосымша).
Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат,
санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызмет көрсетулерiн
257,4 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйiнде, пансионаттарда
32686 адам демалған. Неғұрлым танымал емдеу орындарына "Сарыағаш" (ОҚО),
Арасан-Қапал (Алматы облысы), "Мойылды", "Баянауыл" (Павлодар облысы),
"Жаңақорған" (Қызылорда облысы), Щучье-Бурабай аймағы (Ақмола облысы),
"Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2003
жылы туризм объектiлерiнiң негiзгi жаңа құралдарына 29591,8 млн. теңге,
2004 жылы 37895,2 млн. теңге, 2005 жылы 33994,3 млн. теңге инвестиция
бөлiнген. Бұл туризм саласына инвестиция тартудың оң үрдiстерiне куә
болады, алайда қабылданып отырған шаралар инфрақұрылымды дамытуға және
туристiк индустрияны инвестициялауды ынталандыруға анық жеткiлiксiз. Талдау
көрсеткенiндей, елдiң инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың
жалпы сомасынан туристiк ұйымдардың қызметiн жүзеге асыруға 2003 жылы тек
139 млн. теңге, 2004 жылы 242 млн. теңге және 2005 жылы 48,3 млн. теңге
тартылған.
Туристiк қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына
шекараның арғы жағынан келген туристер сапары iскерлiк мақсатта болатынын
(iскерлiк туризм) және олар сапалы әрi қызмет көрсетулердiң толық жиынтығын
ұсынатын қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсеттi. Елдiң iскерлiк
орталықтары - iрi қалалардағы халықаралық деңгейдегi қонақ үйлер желiсiнiң
одан әрi дамуы дәл осы iскерлiк туризмге байланысты болады.
Алайда, қонақ үйлердi, пансионаттарды, демалыс үйлерi мен базаларын
қоса алғанда, орналастыру объектiлерiнiң материалдық базасы, сондай-ақ
санаторийлiк-курорттық мекемелер моральдық және физикалық тұрғыдан тозудың
жоғары шегiне жетуiмен сипатталады.

Әуе көлiгi саласында

Халықаралық туризмдi дамытуға ықпал етушi негiзгi факторлардың бiрi
жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазiргi уақытта республикаға
алыс шетелдiң алты авиакомпаниясы ("КLМ", "Lufthansa", "British Airlinees",
"Asiana Air Arabia", "Сhiпа South Airlines", "Turkish Аirlinеs") тұрақты
ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы "Эйр Астана" Түркия, Германия, Қытай,
Оңтүстiк Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндiстан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты
рейстер жасайды.
Қазiргi уақытта Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткiзе
алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай,
Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.
Статистикалық деректерге сәйкес 2005 жылы әуе көлiгi қызмет
көрсетулерiн 248578 турист (57,1 процент) пайдаланған.
Сапарлардың басым көпшiлiгiнiң әуе көлiгiн пайдалану арқылы
жүргiзiлетiнiн ескерсек, авиапарктi жаңарту, жолаушыларды әуе көлiгiмен
тасымалдау географиясын кеңейту, туристiк ағынды көбейту мақсатында елеп-
екшелген баға мен тариф саясатын айқындау, қызмет көрсету сапасын арттыру
қажет.

Темiр жол көлiгi саласында

Соңғы жылдары темiр жол көлiгi билет құнының қолжетiмдiлiгiне байланысты
республика халқының негiзгi жол жүру құралына айналды.
Статистика деректерi бойынша, 2005 жылы темiр жол көлiгiн 87615
турист (10,27 процент) пайдаланған.
Қазақстан аумағы бойынша өзiмiзде жасақталған 132 бағдар жолаушылар
поезы жүрiп өтедi. Оның iшiнде қала маңындық қатынаста 69 бағдар бойынша;
жергiлiктi қатынаста - 49, мемлекетаралық қатынаста - 11, халықаралық
қатынаста - 3 поезд жүредi. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы аумағы
арқылы ТМД елдерiнде жасақталған 17 жолаушылар поезы бағдары өтедi.
Жолаушыларға темiр жол көлiгiнде сервистiк қызмет көрсету деңгейiн
арттыру мақсатында бiрқатар iс-шаралар көзделген: Қазақстан Республикасы
аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да жолаушылар
поезында жолаушылар үшiн ланч-бокстар құрудың технологиялық процесiнiң
жобасы қарастырылуда, "ЖВ купе", "РИЦ купе" санатындағы вагондардың
жолаушылары үшiн безендiрiлiп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару
бағдарламасының жобасы әзiрлендi.
Сонымен қатар "Жолаушылар тасымалы" акционерлiк қоғамының
поездарындағы қызмет көрсету деңгейi халықаралық стандартқа сәйкес
келмейдi. Вагон паркiнiң әбден тозуы және бiршама бөлiгiнiң ұзақ уақыт
пайдаланылуы, оларды ауыстыру немесе қайта жаңғырту қажеттiлiгi жолаушылар
тасымалының өзiн-өзi ақтамайтындығымен, оларды субсидиялаудың мемлекеттiк
бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатындығымен түсiндiрiледi.

Автокөлiк саласында

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809
қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар жалпы пайдаланудағы автомобиль
жолдары тiзбесiне iрi туристiк oбъектiлерге апаратын және туризмдi одан әрi
дамытуда барынша қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгiзiлуiне
байланысты соңғы жылдары туристiк мақсатта автокөлiк белсендi түрде
пайдаланылып жүр:
1. Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
2. Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
3. Алматы - Қарағанды - Астана - Петропавл;
4. Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркiменстан шекарасы;
5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
6. Астана - Қостанай - Челябi - Екатеринбург.
Статистика деректерi бойынша 2005 жылы қалааралық автобустардың
қызмет көрсетулерiн 87615 (20,1 процент) турист, басқа да құрлықтағы жол
құралдарын 53765 (12,36 процент) турист пайдаланған.
2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңыздағы жалпы
пайдаланымдағы автомобиль жолдары бойындағы бөлiнген жолақта мынадай
объектiлер жұмыс iстейдi: 925 - АМС, 108-ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 -
тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ.

Су көлiгi саласында

Каспий теңiзiндегi Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркiменстан, Әзiрбайжан
және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасында Ресей
Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен iшкi су жолдары бойынша
қатынастар бар.
Шығыс Қазақстандық су жолдары республикалық мемлекеттiк қазыналық
кәсiпорны жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристiк қызметке
кiрiктiрiлген кемелер yшiн Өскемен мен Бұқтырма шлюздерi арқылы шлюздеу
құнының 25 процентi мөлшерiнде жеңiлдетiлген тариф белгiледi. Бұл ретте
Өскемен және Бұқтырма шлюздерi арқылы aз мөлшерлi флотты шлюздеу ұзындығы
10 м. дейiнгi кеменi - шлюздеу құнының - 10%-iмен және 10 метрден ұзын
кеменi - шлюздеу құнының 20%-iмен жеңiлдетiлген тариф бойынша белгiленген
кестемен жүргiзiледi. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсiпорын 276
туристке қызмет көрсеткен.
Елдiң басқа да су артериялары туристiк мақсатта пайдаланылмайды.
Сонымен қатар жүргiзiлген зерттеулер нәтижесiнде Еуропадан келген
туристердiң Каспий теңiзi бассейнi аумағында үлкен қызығушылығы жағажай
туризмiнде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды.

III.Тарау. Мемлекеттiк бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары
мен тетiгi

3.1. Туристiк қызметтi мемлекеттiк реттеу мен қолдау жүйесiн
дамыту

Бұл бағытта мынадай шараларды iске асыру қажет:
Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзiлiк сауда ұйымына
кiруiн ескере отырып, туристiк қызмет көрсетулердiң халықаралық саудасын
мемлекеттiк реттеудi қамтамасыз ету мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық
актiлер жобасын әзiрлеу;
сырттан келушiлер туризмi мен iшкi туризмдi дамыту, көшi-қон, визалық
және тiркеу рәсiмдерiн, кеден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда туризмдi проблемалары және дамытудың перспективасы мен алғышарттары
Қазақстандағы туризм саласын дамыту міндеттері
Қазақстан Республикасындағы туризмнің дамуы
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын дамыту
Қазақстандағы туризм дамуының қазіргі жағдайы проблемалары 12 және даму болашағы
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Туристік фирманың бәсекелестік стратегиясының даму жолдары
Еліміздегі туризмді, туристік кластерді дамытудың қағидаттары мен тәсілдерін қарастыру
Туристік ағымның көлемі
Экологиялық туризм ұғымы
Пәндер