Интеграциялық үрдістерді зерттеудегі теориялық аспектілер



КІРІСПЕ
I. ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР.
1.1. Интеграцилық үрдістердің жалпы түсінігі
1.2. Еуропалық итеграцияны зерттеудегі теориялық аспектілер
1.3. Еуропалық Одақтың құрылуы және оның даму баспалдақтары
II. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ШЕҢБЕРІНДЕГІ САЯСИ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
2.1. Еуропалық сәйкестік идеясы және Еропалық федерализм
2.2. Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық мәселелер
2.3.Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдіске Трансатлантикалық қатынастың әсері
2.4.Қазақстан және Еуропалық Одақ: саяси және экономикалық қатынастардың қалыптасуы және даму болашағы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы интеграциялық үрдістер әлемнің даму тенденциясы мен заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр.
Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде қарастырылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыстың өзектілігі өзгермелі әлемдегі маңызды әрекет етуші актор ретіндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып отыр. Европалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған әмбебап біліктіліктегі шынайы европалық интеграциялық бірлестікке айналды.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ 

I. ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ЗЕРТТЕУДЕГІ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕР.

 1.1. Интеграцилық үрдістердің жалпы түсінігі

1.2. Еуропалық итеграцияны зерттеудегі теориялық аспектілер

1.3. Еуропалық Одақтың құрылуы және оның даму баспалдақтары

 II. ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ШЕҢБЕРІНДЕГІ САЯСИ ИНТЕГРАЦИЯЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

 2.1. Еуропалық сәйкестік идеясы және Еропалық федерализм

2.2. Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық мәселелер

2.3.Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдіске
Трансатлантикалық қатынастың әсері

2.4.Қазақстан және Еуропалық Одақ: саяси және экономикалық
қатынастардың қалыптасуы және даму болашағы

 ҚОРЫТЫНДЫ

 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

КІРІСПЕ

 Қазіргі таңдағы халықаралық қатынастардағы интеграциялық үрдістер
әлемнің даму тенденциясы мен заңдылықтарының негізі болып табылады. XXI
ғасырда әлемдік және аймақтық мәселелерді бірлесе шешу интеграция мен
ғаламдану үрдісінің талабымен байланысты болып отыр, яғни ешқандай мемлекет
өз мәселелерін жеке шеше алмайтындығын көрсетіп отыр. Шындығында бүгінгі
таңдағы бүкіл әлемді интеграциялық бірлестіктер, одақтар және топтарының
жиынтығымен түсіндіруге болады. Соның ішіндегі ең маңызды интеграциялық
бірлестік Еуропалық Одақ болып отыр.

Еуропалық интеграция халықаралық үрдістердің дамуына әсер етуші
ретінде халықаралық қатынастар дамуының объективті құрылымдық негізі, ал
әлемнің саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Сонымен қатар
Еуропалық интеграция бүгінгі таңдағы ең дамыған интеграциялық үрдіс ретінде
қарастырылады.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Дипломдық жұмыстың өзектілігі өзгермелі
әлемдегі маңызды әрекет етуші актор ретіндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі
саяси интеграциялық үрдістермен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс Еуропалық
экономикалық интеграцияның жетістікті аяқталуымен саяси интеграциялық үрдіс
Еуропа Федерациясын құрудағы маңызды баспалдақ болып отыр. Бүгінгі таңдағы
Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістердің жетістіктері
мен келеңсіздіктері, яғни саяси интеграциялық үрдістердің баяулылығы болып
отыр. Европалық Одақ әлемдегі ең дамыған және жемісті интеграциялық
бірлестік болып табылады. Тарихи өлшемдегі елу жыл - Одақ экономикалық
сипаттағы шағын субаймақтық топтан өзінің жеке басқару аппараты бар және
қоғамдық өмірдің әртүрлі сфераларында өз қызметін жүзеге асырып отырған
әмбебап біліктіліктегі шынайы европалық интеграциялық бірлестікке айналды.

Қазіргі күнде Европалық Одақтың эволюциясы европалық қоғамдастыққа
жаңа мүшелердің кіруімен ауқымы тұрғысынан да, және экономикалық және саяси
сфералардағы интегарцияны дамытудың есебінен тереңдеуі тұрғысы бойынша
өтуде. Осы көрсетіліп отырған екі үрдістің бір-бірін қаншалықты өзара
толықтыратындығы әлі белгісіз. Европалық Одақта аталмыш одақтың ұлғаюын
жақтайтын да, және оның қарсыластары да бар. Қарсылық білдірушілер Одақтың
одан әрі эволюциясын жақтай отырып, ұлғаю процесі қоғамдастықтағы дәулетті
мемлекеттер үшін келеңсіз экономикалық шығындарға және саяси бірігуге
тоқырау әкеле отырып, Европалық Одақтың тереңінен дамуын тоқтатуы мүмкін
деп санайды. Дегенмен, қауіптерге қарамастан, интеграцияланудың бай
тәжірибесін жинақтаған қоғамдастық, өз маңайындағы мемлекеттерге
экономикалық гүлдену мен саяси тұрақтылық кеңістігін ұлғайта түсу бағытында
да, және де өз алдына экономикалық сипаттағы амбицияға толы міндеттерді,
сонымен қатар сыртқы саясат пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы
міндеттерді қоя отырып, бүгінгі күндегі интеграциялық мүмкіндікті тереңдете
және дамыта түсудегі прогресті жалғастыра беруге бел байлап отыр.

Дипломдық жұмыстың өзектілігін мынандай себептермен түсіндіруге
болады:

Біріншіден, ғаламдану үрдісіне байланысты интеграциялық үрдістер
қазіргі қоғамның барлық салаларын қамтып отыр, оның анық көрінісі ретінде
еуропалық мемлекеттердің бірігу үрдісінің дамуы және оның мүмкін болатын
нәтижелерін айтсақ болады.

Екіншіден, Еуропалық Одақ өзімен шектесетін елдердің және онымен
қатынасатын елдердің саяси экономикалық жағдайларына тікелей әрер етуде,
сонымен қатар Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдық берілетін Еуропалық
Одақпен қатынастың саяси және экономикалық маңызы анағұрлым зор болып отыр.

Еуропалық интеграцияның тәжірибелік мүддесі және тереңдеу үрдісі, ең
басты Еуропалық Одақтың қызметі Қазақстан үшін маңызды болып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауы бойынша,
Еуропа елдерімен қатынаста стратегиялық қарастырған жөн.[1]

Бүгінде Еуропалық Одақ аймақтық интеграцияның тәжірибесін жинақтаған.
Өзінің саяси құрылымын жетілдіру үрдісінде, өз дамуында аймақтық
интеграцияға қатысуға бейімделуші тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін
интеграция, жетекші елдер тәжірибесі сияқты негізге алушы тенденцияны
ескерген жөн.

ҚР бірқатар интеграциялық бірлестіктерге (ТМД, ЕврАзЭс,) қатысуда.
Сондықтан да Қазақстан үшін аймақтық интеграция тәжірибесін оқып-үйрену
қолданыстық маңызға ие.

Еуропалық интеграцияның қалыптасу үрдісі бүгінгі таңда әлемнің
бірқатар аймақтарына үлгі болары сөзсіз. Бұл мәселені зерттеу қазіргі
уақытта тек ғылыми жағынан емес, сондай-ақ өркениетті дамуға ұмтылған жас
тәуелсіз елдер үшін өмірлік қажеттілік болып табылады. Қазақстанда әлемдік
тәжірибені, сондай-ақ осындай өзгерістерді басынан кешкен елдердің
тәжірибелерін зерделеу үлгі ретінде қарастырылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. XXI ғасырдағы сасяси интеграциялық моделі
ретіндегі Еуропалық Одақтың статистикалық және динамикалық дамуын зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеті:

• Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістерді зерттеу;

• Еуропалық Одақтың құрылу тарихын және даму баспалдақтарын қарастыру;

• Еуропалық интеграция теориясын қарастыру:

• Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығының бүгіні мен болашағын
сараптау.

Мәселенің талдану дәрежесі. Еуропалық Одақ және еуропалық
интеграцияның даму мәселесінің өзектілігі, теориялық және тәжірибелік
маңыздылығы әліде терң зерттеуді қажет етеді.

Батыс Еуропадағы түпкілікті соғыстар және халықтардың және
мемлекеттердің саяси бірігуі қарсаңында, интеграцияның негіздері
интеллектуалдық деңгейде еуропалық идея ретінде құрылды. Мұндай жоба
авторларының арасында еуропа қоғамдық ой және мәдениет өкілдері, яғни
еуропалық идеяны құрушылардың басында И.Кант [2], Ж.Монне [3],
Р.Куденхове-Калерги [4] және басқалар тұрды.

Батысеуропалық мәселелер бойынша көптеген теориялық зерртеулер
бар.Интеграцияның теориялық аспектілері бойынша манандай батыстың маңызды
зерттеушілерін айтуға болады Д,Митрани [5], Э.Хааса [6], Л.Беккера [7] және
т.б.

Еуропалық интеграцияның саяси және экономикалық жағынан зерттеген
ресейлік ғалымдарды атап өтуге болады, олар Кашкин С.Ю.[8], ТопорнинБ.Н.
[9], Борко.Ю.А.[10], Шемятенков В.Г.[11].

Еуропалық интеграция мәселелерімен отандық ғалымдардың біршама
жетітікті еңбектерін айта кеткен жөн, Ж.Ибрашев [12], К.И. Байзакова
К.Н.[13], Губайдуллина М.С.[14], Кукеева Ф.Т.[15], Байгабулова Б.[16].
Сонымен қатар, белгілі саясаткер, дипломат Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан
Республикасының дипломатиясы еңбегінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ
арасындағы барлық сферадағы қатынастар жөнінде жазып өткен.

Зерттеу жұмысының методологиялық әдісі. Бұл жұмысты зерттеу барысында
батыс ғалымдары, отандық және зусуй ғалымдарымен өңделінген тұжырымдардың
басты бағыттары – халықаралық қатынастар және аймақтану теориасының
салыстырмалы, болжамық және реалистік әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысын
қарастыруда американ-орыс зерттеушілерінің еңбектерінің теориялық-
методологиялық әдістері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының объектісі. XXI ғасырдағы сасяси шындық пен саяси
қатынастардың мемлекеттен жоғары (ұлтүсті) субъектісі ретіндегі Еуропалық
Одақтың рөлі.

Зерттеу жұмысының жаңалығы. Дипломдық жұмысың негізгі жаңалығы отандық
тарихнамадағы бірінші қазақ тіліндегі Еуропалық Одақ шеңберіндегі саяси
интеграциялық үрдістерді зерттей отырып болжамдар жасалады.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу жұмысының қамтыған
мерзімі XX ғасырдың 90 жылдары мен XXI ғасырдағы Еуропалық Одақ
шеңберіндегі саяси интеграциялық үрдістері.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зертеу жұмысының алға қойылған мақсат-
міндеттеріне логикалық жетістіктер арқылы, сондай-ақ кіріспе, екі тараудан,
қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ: КҮНГЕЙI МЕН КӨЛЕҢКЕСI

Жарты ғасырлық тарихы бар Еуропалық Одаққа кәрi құрлықтағы 27 мемлекет
мүше. 40 жылдан астам уақыттан берi түрiктердi мүшелiкке қабылдамай, тамақ
жыртатын құрғақ уәдемен емексiтiп келе жатқан Еуроодақ Қазақстан тарапынан
қойылған талаптарды орындай ма?

27 МЕМЛЕКЕТ – 27 МҮДДЕ

Осыдан 50 жыл бұрын Рим Келiсiмiне қол қойылды. Бұл құжат Германия,
Франция, Италия, Бельгия, Нидерланды, Люксембург, Ұлыбритания, Дания,
Ирландия, Греция, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция, Венгрия,
Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия, Эстония,
Болгария мен Румыния сияқты 27 мемлекет мүшелiкке өткен Еуропалық Одақтың
құрылуына себеп болған. Өткен аптада Берлинде ұйымдастырылған салтанатты
шараға ЕО-ға мүше елдер мен әлемнiң түкпiр-түкпiрiнен жиылған жоғары шендi
шенеунiктер қатысты. Қонақтардың жалпы саны 500-ге жуық болатын. Ал
Еуроодақтың аса маңызды құрылымдары – Министрлер Кеңесi, Еуропалық
Комиссия, Еуропалық парламент ғимараттары орналасқан Бельгияның Брюссель
қаласында көрмелер, концерттер мен ЕО-ға мүше елдердiң елшiлiктерiнде
қонақта болу сияқты түрлi мерекелiк шаралар ұйымдастырылды. 2 күнге
созылған шара қорытындысында ЕО-ға мүше елдердiң басшылары мен
премьерлерiнiң Берлиндiк деклорацияны қабылдауымен аяқталды. ЕО,
Еурокомиссия мен Еуропарламент бiрiгiп қабылдаған бұл құжатта аталған
ұйымның жарты ғасырлық жұмысына есеп берiлiп, алда атқарылуға тиiс шаралар
бекiтiлдi: Еуропаның бiрiгуi нәтижесiнде өткен ұрпақтың ежелгi арманы
орындалды. Бiздiң тарихымыз осы бақытты келешек ұрпаққа аман жеткiзуiмiздi
мiндеттейдi. Ол үшiн бiз Еуропаның саяси келбетiн дер кезiнде жаңартып
отыруымыз керек. Сондықтан бүгiн, Рим Келiсiмiне қол қойылғалы 50 жыл
өткенде, алға қойған мақсат жолында – 2009 жылғы парламенттiк сайлауға
дейiн Еуропалық Одақты жаңа әрi бiрiккен негiзге орайластыру жолында
iргемiз бiрге екенiн дәлелдедiк. Жыл сайын тойланатын мұндай шараға
Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия мен
Эстония Еуроодаққа мүшелiкке қабылданған 2004 жылы бiз де қатысқан едiк.
Германияның Берлин, Келн, Бонн, Франкфурт, Потсдам қалаларын, Бельгия
астанасы Брюссель мен ЕО-ға сол жылы қабылданған Венгрияның Будапештiн
аралап, түрлi мемлекеттiк және ЕО-ға тиесiлi құрылымдар өкiлдерiмен кездесу
барысында кәрi құрлық өкiлдерi Еуропалық Одақтың маңызы мен мiндетi туралы
жан-жақты мәлiметтер берген болатын. Менi Қазақстанның ЕО-ға мүшелiкке
қабылдану мүмкiндiгi қызықтырған едi. Алайда, сөзге тартқан еуропалық
шенеунiктердiң басым бөлiгi: Егер Қазақстан орталықазиялық аймақтағы
жетекшi елге айналса, үлкен жетiстiкке қол жеткiзер едi деп жұбатумен
болды...

ТАРИХҚА ШЕГIНIС

Ғұмыры ұзаққа созылған ЕО-ның iргетасы Екiншi Дүниежүзiлiк соғыстан
кейiнгi дағдарыс кезеңiнде қаланған. Интеграцияның оңтайлы жолдарын
қарастырған кәрi құрлық II Дүниежүзiлiк соғыс сияқты кең ауқымдағы қантөгiс
пен дауларды болдырмауды көздеген. 1946 жылы Ұлыбританияның премьер-
министрi Уинстон Черчилл Еуропада да Құрама Штаттар сияқты ұйымның құрылуы
мүмкiн екендiгiн айтты. Сол жылы желтоқсанда Париж қаласында
Федералистердiң еуропалық одағы құрылды. Бiрақ бұл ұйымның тағдыры ұзаққа
созылмаған. Ал ЕО-ны құру бастамасын француз дипломаты Жан Моне мен
Францияның сол кездегi премьерi Робер Шуман көтерген болатын. 1950 жылдың 9
мамырында ресми мәлiмдеме жасаған Шуман: Франция үкiметi Франция мен
Германиядағы көмiр мен болат өндiру саласына қатысты барлық өндiрiс
ошақтарын бiрiккен ұйымның бақылауына беруге ұсыныс жасайды. Аталған ұйымға
Еуропадағы басқа да мемлекеттер мүше бола алады. Көмiр мен болат
өндiрiсiнiң бiрiктiрiлуi экономикалық дамудың жаңаша негiзiн қалап, соғыс
өртiне шарпылған аймақтардағы ахуалды жақсартуға ықпал етедi дедi. Осының
нәтижесiнде 1951 жылы Бельгия, Люксембург, Нидерланды, Франция мен Германия
Федеративтiк республикасы мүше болған Еуропалық көмiр мен болат
қауымдастығы (ЕКБҚ) құрылды. Осы алты мемлекетте көмiр мен болат саудасына
қатысты барлық тарифтiк және сандық шектеулер алынып тасталды. 1957 жылдың
25 наурызында ЕКБҚ мен Еуропалық атом энергиясы жөнiндегi қауымдастығының
негiзiнде Еуропалық экономикалық қауымдастықтың құрылатындығы туралы Рим
Келiсiмiне қол қойылды. Осы аталған 3 ұйым 1967 жылы Еуропалық
Қауымдастыққа бiрiктi. 1968 жылы болашақ ЕО iшiнде экономикалық және
валюталық одақтың қалыптасуына негiз болған Кедендiк одақ құрылды.
Еуропалық экономикалық қауымдастықтың дүниеге келуiне мұрындық болған алты
ел – Германия, Франция, Бельгия, Нидерланды, Италия мен Люксембург 1968
жылдың 1 шiлдесiнде үшiншi мемлекеттерге арналған бiртұтас кедендiк тарифтi
енгiздi. 1973 жылы Ұлыбритания, Дания мен Ирландия ЕЭҚ-ға мүшелiкке өту
туралы шешiм шығарғандықтан, алтылық тоғыздыққа айналды. 1981 жылы
Греция, 1986 жылы Испания мен Португалия Қауымдастыққа қосылды. 1985 жылдың
14 шiлдесiнде тауар, қаржы мен адамдардың еркiн әрi кедергiсiз қозғалысын
қамтамасыз ететiн Шенгендiк келiсiмге қол қойылды. Еуропалық Одақтың iшкi
шекараларындағы бақылауды күшейте отырып, ЕО iшiндегi кедендiк кедергiлердi
алып тастау туралы келiсiм 1995 жылдың 26 наурызында күшiне ендi. 1992 ж. 7
ақпанында Нидерландының Маастрихт қаласында еуропалық елдердегi қаржы және
саяси жүйенi реттеу жолдарын қарастыратын Еуропалық Одақты құру жөнiндегi
келiсiмге қол қойылды. Бұл құжат заңды түрде 1993 жылдың 1 қарашасында
күшiне енген болатын. 1999 жылдың 1 қаңтарында ЕО-ға мүше мемлекеттер
аумағында бiртұтас ақша бiрлiгi ретiнде (қолма қол ақша айырбасы емес
түрiнде) еуро енгiзiлдi. Ал банкноттар 2002 жылы жарыққа шықты. 2004 жылдың
1 мамырында Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия,
Словения, Чехия мен Эстония ЕО-ға мүшелiкке өттi. Ұзақ уақытқа созылған
тартыстан кейiн 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Болгария мен Румыния да
одақтың құрамына ендi. Еуроодаққа мүшелiктiң алғашқы үш жылында екi тарапқа
да кейбiр шектеулер қойылуы мүмкiн. Мысалы, жалпыеуропалық бюджеттен қаржы
бөлiну, Болгария мен Румыния сияқты мемлекеттердiң сапасыз ауылшаруашылық
өнiмдерiнiң еуропалық нарыққа енгiзiлуiне тыйым салу сияқты т.б. шектеулер.
Негiзi осы екi елдiң ЕО-ға қабылдануынан кейiн Еуроодақтың саяси құрылымына
өзгертулер енгiзу мақсатында Одақты кеңейту процесi уақытша тоқтатылды.
Әйтпесе, мүшелiкке өтетiндер тiзiмiнде 40 жылдан астам уақыттан берi кәрi
құрлықтың бабын таба алмай келе жатқан түрiктер тұрғаны мәлiм. ЕО-дан
Украина мен Преднестровьенiң де дәмесi бар.

ДАУДЫҢ БАСЫ – ЕУРОКОНСТИТУЦИЯ

ЕО-ға мүше мемлекеттер арасындағы негiзгi ынтымақтастық саласын шартты
түрде былайша қарастыруға болады: бiртұтас нарықты қалыптастыру мен жүзеге
асыру; кедендiк одақ қызметiнiң механизмдерi; бiртұтас валюта мәселелерi
(кейбiр мүше елдердiң ұлттық валюталарын сақтай отырып); бiртұтас
ауылшаруашылығы мен балық шаруашылығы саясатын қалыптастыру. Бүгiнгi таңда
Еуроодақ басқару органдарымен бiрге бақылаушылық қызметiн атқаратын
құрылымдары бар аймақтық ұйымға айналған. Еуропалық Одақтың ең жоғарғы
саяси органы – 27 мемлекет басшыларының кеңесiнен тұратын Еуропалық Кеңес.
Кеңес ЕО-ның мiндетi мен мүше мемлекеттермен қатынасын анықтайды. Одақтың
ең жоғарғы атқарушы органы – 27 мүшесi бар Еуропалық комиссия. ЕО-ның
күнделiктi қызметiн жүзеге асыруда Комиссияның атқаратын рөлi зор.
Еуроодаққа қабылданған мемлекеттердiң азаматтары тарапынан 5 жылға
сайланатын 786 депутаты бар Еуропалық парламент кәрi құрлық өкiлдерiне
тиiмдi заңдарды қабылдаумен шұғылданады. Ал Еуропалық Қауымдастықтың Сотына
27 мемлекеттен 27 судья мен 9 Бас адвокат сайланады. Соттың мiндетi – мүше
мемлекеттер арасындағы және ЕО мен мүше мемлекеттер арасындағы, ЕО
құрылымдары арасындағы дауларды реттеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес одағының ыдырауынан кейінгі ТМД елдеріндегі интеграциялық байланыстардың жүзеге асуы
Қазақ-Қытай сыртқы экономикалық байланыстары: даму ерекшеліктері мен болашағы
Жоғары білікті спортшыларды жаттықтыру барысының инновациялық технологиялары
Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау
Этносоциологиялық зерттеудің бағдарламасы
Тарихи-педагогикалық білім беруді жетілдіру
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
Трансшекаралық өзендер
Орталық Азия қауіпсіздігінің мазмұны мен механизмдері шеңберіндегі мемлекеттік егемендік мәселесі
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Пәндер