Жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсетуді басқару



Болашақтағы жолаушылар тасымалының дамуы ұлттық экономика дамуының жалпы экономикалық жағдайына, адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік, табиғи-экологиялық және басқа да жағдайларына, сонымен қатар, жолаушыларға қызмет көрсету, сервисті қызметтердің жаңа түрлерін жоспарлау және «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның тиімді жұмыс істеуін көтеру бойынша тәсілдерге өзгерістер енгізуге бағытталған жаңа жолдарды іздеуге байланысты.
Жолаушылармен келісімшарттардың шарттарын орындау және арнайы ұйымдарды, компанияларды және фирмаларды тарту мақсатында бұл қызмет түрін көрсетуге қатысатын барлық ұйымдық бөлімдерді өзара қатынастарын үйлестіру. Қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратын жүйені үнемі өңдеп отыру. Ұсынылатын қызметтің сапасын бағалаудың нақты қалыптастырылған сандық критерийлерін қолдану. Қызметпен қамтамасыз етудің технологиялық циклының барлық кезеңінде қызмет сапасын бақылау қызметтерін құру.
Көліктегі қызмет көрсету міндеттерінің кең ауқымды болуы үздіксіз ғылыми және инженерлік дайындықтарды, жолаушылар тасымалындағы іс жүзінде қолданылатын және қайта құрылған әдістер, жүйелер, технологиялар мен техникаларды жаңғыртуды талап етеді. Бәсекелестермен салыстырғанда, бұл жолаушылар тасымалын даму деңгейіне дейін көтеруге және өзіндік құнды төмендетуге мүмкіндік береді [28].
Жолаушылар компаниясы көлік өнімін пайдалануға беру жағдайының өзгерісі, тасымалдау кезінде тұтынушылардың қажеттіліктері және экономикалық факторлар мен бәсекелестер әрекеттерінің өзгерісі барысында басқарып отыру қажет.
Көлікті басқару бұл тауарды басқарумен қатар қызмет көрсетуді басқаруды да қажет ететін күрделі процесс.
Көлік қызметін көрсету жүйесіндегі басқару деп көлік құралдарын (вагондарды) құру, соның ішінде техникалық, технологиялық және өткізу талаптарын қалыптастыру кезеңінде сонымен қатар, вагонның жеке элементтерін модернизациялау, яғни ауыстыру мен қайта өңдеу сияқты зауыттық жөндеу кезеңдеріне жолаушылар компаниясының қатысуын айтады. Компанияның жаңа жылжымалы құрамды құру кезеңіне қатысуы өте маңызды, себебі көлік тауары – жолаушылар вагондары жолаушыларға көрсетілетін негізгі, ілеспе және қосымша қызметтердің тұтынылуына белгілі бір әсерін тигізеді.
Әрбір өнім нақты өмірлік циклден өтеді: жолаушылар компаниясы өнімнің өмірлік циклі: әзірленуі, ендірілуі, тұтыну өсімі, кемелденуі, құлдырауы ағымында өнімнің әрбір кезеңінде өзінің маркетингтік стратегиясын алмастырып отыру керек. Мысалы, жаңа ірі вагон бастапқыда алыс жолдағы халықаралық тасымалдаудағы фирмалық жүрдек пойыздарға, бірақ тозуы себебінен орташа тасымал қашықтығындағы мемлекетішілік фирмалық пойыздарға өткізіледі, ал соңғы ескеру кезеңінде қарапайым жолаушылар пойыздарына айналады. Сонымен қатар, әрбір кезеңде компания негізгі, қосымша және ілеспе қызметтері бойынша максималды пайда табуға бағыттар таңдалады.
1. «Қазақстан – 2030» даму бағдарламасы. 1997 ж.
2. Разу М.Л., Воропаев В.И., Якутин Ю.В. и др. Управление проектами и программами: 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 8. – М.: «ИНФРА-М», 1999. – 392 с.
3. A guide to the project management body of knowledge (PMBOK® Guide) 2000 Edition © 2000 Project Management Institute, Newton Square, USA.
4. Мазур И.И., Шапиро В.Д., Ольдерогге Н.Г. Управление проектами: Учебное пособие / Под общ. ред. И.И.Мазура. 2-е изд. – М.: «Омега-Л», 2004.- 664 с.
5. Александрова Т.В., Голубев С.А., Колосова О.В. и др. Управление инновационными проектами: Учебное пособие в 2-х частях / Под общ. ред. проф. И.Л. Туккеля – Спб: СПбГТУ, 1999. – 100 с.
6. Walker Anthony. Project management in construction: 4th ed. Oxford: Blackwell Science, 2002. – 289 p.
7. Заренков В.А. Управление проектами: Учебное пособие. – М.: Изд-во АСВ; СПб.: СПбГАСУ, 2005. – 312 с.
8. Товб А.С., Ципес Г.Л. Управление проектами: стандарты, методы, опыт. 2-е изд. – М.: ЗАО «Олимп – Бизнес», 2005. – 240 с.
9. Кремнев Г.Р. «Управление производительностью и качеством». 17-модульная программа для менеджеров «Управление развитием организации». Модуль 5. – М.: «ИНФРА-М», 1999. – 376 с.
10. Шапиро В.Д. Управление проектами.- СПб.: ДваТри, 1996. - 610с.
11. Салимова Т.А. Управление качеством: Учебник по специальности «Менеджмент организации». 2-е изд. – М.: «Омега-Л», 2008. – 414с.
12. Дж. Родни Тернер. Руководство по проектно – ориентированному управлению: Пер. с англ. / Под общ. ред. В.И.Воропаева – М.: Издательский дом Гребенникова 2007.- 552 с.
13. Миронов М.Г. Управление качеством: Учебное пособие.- М.:ТК Велби Изд-во Проспект, 2006. – 288 с.
14. Нысанбаев С.Н., Урузбаева Н.А., Садыханова Г.А. Управление качеством: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университеті, 2000. – 112 с.
15. Аванесов Е.К. Японская модель устойчивого роста – основа пересмотра стандарта ISO 9004// Методы менеджмента качества.- 2005.- №10.- С.9-12.
16. Альжанова Н.Ш. Методология проектирования и концепция международных стандартов серии ИСО 9000 // Вестник КазНУ.Серия экономическая. – 2006. - №5. – С. 84-89.
17. Окрепилов В.В. Управление качеством: 2-е изд. доп. и перераб. – М.:ОАО «Издательство Экономика», 1998. – 435 с.
18. Шеремет В.В., Павлюченко В.М., Шапиро В.Д. Управление инвестициями в 2-х томах. Т2. – М.: Высшая школа, 1998.- 512 с.
19. Қазақстан Республикасы. 2001 ж. 8 желтоқсанында қабылданған Заң, №266-11 - Темір жол көлігі туралы // Егеменді Қазақстан 10 желтоқсан 2001 жыл
20. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2006 ж. 12 наурызында «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамымен бекітілген жарғысы.
21. Парамзин В. Направления исследований при создании новых локомотивов // Транспорт и коммуникации Казахстана: Магистраль. – 2008. - №7. – С.17-19.
22. Мамаева Т.Б. Управление пассажирскими перевозками: Учебное пособие.- Карагандинский государственный технический университет. – Караганда: Изд-во КарГТУ, 2008. – 99 с.
23. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2008 жылға арналған жылдық есебі.
24. www.railways.kz
25. Баймухамбетова М.К. Пассажирские перевозки в системе желенодорожного транспорта РК и экономические аспекты их развития. Диссертация соискание ученой степени кандидата экономических наук.Алматы, 2007.С.45-46; С.53-58;
26. Қазақстан Республикасындағы көлік және байланыс 2003–2007. Статистикалық жинақ. // Ред. басқарған Ж. Омаров. Астана, 2008 – 104 б.
27. Тупикова О.А. Финансовй анализ: Методические указания. – Владивосток: Изд-во: ДВГТУ, 2004. – 38 с.
28. Ахметова Б.К. Управление инвестиционной деятельностью железнодорожного транспорта Казахстана: механизм и стратегия развития. Диссертация соискание ученой степени кандидата экономических наук.Алматы 2006 С.67-70.
29. Жарилкаганов М.У. Стратегическое управление инвестиционной деятельностью магистральной железнодорожной сети. Диссертация соискание ученой степени кандидата экономических наук.Алматы 2006 С.65-68.
30. www.temirzhol.kz
31. Қазақстан Республикасы. 1994 жылдың 11 қаңтарында бекітілген бұйрық, «Фирмалық жолаушылар тасымалы жағдайы туралы» // ҚР Көлік және байланыс министірлігі.
32. Өмірзақова М. Жаңа жобалар жалғасын тапса // Қазақстанның көлігі мен коммуникациялары. Ғылыми - өндірістік журнал: Магистраль. – 2008. -№8. – 48-50б.
33. Атамкулов Е.Д., Жангаскин К.К. Железнодорожный транспорт Казахстана. Реструктиризация и пути интеграции в мировую экономику. Под общ. ред. проф.Б.К.Алиярова. – Алматы: Экономика, - 2003. – 742 с.
34. Материалы статотчетов АО «Пассажирские перевозки». Раздел «Инвестиции» за 2005, 2006, 2007 гг.- С.34-36;С.41-42;С.35-37;С.19-21.

35. Жылжымалы құрамды дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған бағдарламасы // Магистраль. – 2007. - №10.- 31-36 б.
36. Экономические ориентиры на пути к ускоренной модернизации: Материалы международной науч.-прак.конф. // Под общей редакцией академика НАН РК, профессора Н.К. Мамырова – Алматы: Экономика, 2005.- 384 с.

Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
2.2 Жолаушылар тасымалындағы қызмет көрсетуді басқару
Болашақтағы жолаушылар тасымалының дамуы ұлттық экономика дамуының
жалпы экономикалық жағдайына, адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік, табиғи-
экологиялық және басқа да жағдайларына, сонымен қатар, жолаушыларға қызмет
көрсету, сервисті қызметтердің жаңа түрлерін жоспарлау және Жолаушылар
тасымалы АҚ-ның тиімді жұмыс істеуін көтеру бойынша тәсілдерге өзгерістер
енгізуге бағытталған жаңа жолдарды іздеуге байланысты.
Жолаушылармен келісімшарттардың шарттарын орындау және арнайы
ұйымдарды, компанияларды және фирмаларды тарту мақсатында бұл қызмет түрін
көрсетуге қатысатын барлық ұйымдық бөлімдерді өзара қатынастарын үйлестіру.
Қызмет көрсету сапасын бақылауды жүзеге асыратын жүйені үнемі өңдеп отыру.
Ұсынылатын қызметтің сапасын бағалаудың нақты қалыптастырылған сандық
критерийлерін қолдану. Қызметпен қамтамасыз етудің технологиялық циклының
барлық кезеңінде қызмет сапасын бақылау қызметтерін құру.
Көліктегі қызмет көрсету міндеттерінің кең ауқымды болуы үздіксіз
ғылыми және инженерлік дайындықтарды, жолаушылар тасымалындағы іс жүзінде
қолданылатын және қайта құрылған әдістер, жүйелер, технологиялар мен
техникаларды жаңғыртуды талап етеді. Бәсекелестермен салыстырғанда, бұл
жолаушылар тасымалын даму деңгейіне дейін көтеруге және өзіндік құнды
төмендетуге мүмкіндік береді [28].
Жолаушылар компаниясы көлік өнімін пайдалануға беру жағдайының
өзгерісі, тасымалдау кезінде тұтынушылардың қажеттіліктері және
экономикалық факторлар мен бәсекелестер әрекеттерінің өзгерісі барысында
басқарып отыру қажет.
Көлікті басқару бұл тауарды басқарумен қатар қызмет көрсетуді басқаруды
да қажет ететін күрделі процесс.
Көлік қызметін көрсету жүйесіндегі басқару деп көлік құралдарын
(вагондарды) құру, соның ішінде техникалық, технологиялық және өткізу
талаптарын қалыптастыру кезеңінде сонымен қатар, вагонның жеке элементтерін
модернизациялау, яғни ауыстыру мен қайта өңдеу сияқты зауыттық жөндеу
кезеңдеріне жолаушылар компаниясының қатысуын айтады. Компанияның жаңа
жылжымалы құрамды құру кезеңіне қатысуы өте маңызды, себебі көлік тауары –
жолаушылар вагондары жолаушыларға көрсетілетін негізгі, ілеспе және қосымша
қызметтердің тұтынылуына белгілі бір әсерін тигізеді.
Әрбір өнім нақты өмірлік циклден өтеді: жолаушылар компаниясы өнімнің
өмірлік циклі: әзірленуі, ендірілуі, тұтыну өсімі, кемелденуі, құлдырауы
ағымында өнімнің әрбір кезеңінде өзінің маркетингтік стратегиясын
алмастырып отыру керек. Мысалы, жаңа ірі вагон бастапқыда алыс жолдағы
халықаралық тасымалдаудағы фирмалық жүрдек пойыздарға, бірақ тозуы
себебінен орташа тасымал қашықтығындағы мемлекетішілік фирмалық пойыздарға
өткізіледі, ал соңғы ескеру кезеңінде қарапайым жолаушылар пойыздарына
айналады. Сонымен қатар, әрбір кезеңде компания негізгі, қосымша және
ілеспе қызметтері бойынша максималды пайда табуға бағыттар таңдалады.
Қазіргі таңда нарықтық жағдайда темір жолдар қызметін ұйымдастыру,
олардың бүтінділігін және жұмысқа қабілеттілігін сақтау бойынша үлкен
жұмыстар атқаруда. Бірақ кестеде көрсетілген мәліметтерге сәйкес темір жол
қызметі көлік нарығындағы жолаушылар ағынының үлесін жоғалтуда және
жолаушылар тасымалы залалды нәтиже көрсетеді.
Сыртқы факторлардың әсерінен басқа теміржол көлігіндегі маркетинг
қызметін қолданылмауы, жаңа жағдайларда кадрлардың жұмысқа дайындықсыздығы,
саладағы басқаруды қайта құрылымдаудың баяу жүруі мұндай жағдайлардың
себептері болып табылады.
Көлік нарығының нақты жағдайына жолаушылар компаниясы қызметін,
бәсекелестердің жұмыстарын және тұтынушылардың сұранысы мен қажеттілігін
кешенді зерттеу арқылы талдау жасауға болады. Нарықты зерттеу өзіндік
мақсат емес, ол жолаушылар тасымалын жоспарлау барысында тиімді шешім
қабылдауға ақпарат көзі болып табылады. Егер темір жол басшылығы,
жолаушылар компаниясы жолаушыларға тек пойыз бен вагон ғана қажет деп
есептесе, олар өздерінің тұтынушыларын жоғалтуы мүмкін. Себебі жолаушылар
нақты қалаған жерлеріне жайлы жағдайда жеткісі келеді және бұл қызметті
басқа де көлік түрлері қамтамасыз ете алады. Кәсіпорынның табысты
көбейтудегі мақсатына жету қаншалықты тұтынушылардың сұранысын сәтті
зерттей білетіндігіне және бәсекелестермен салыстырғанда клиент
қажеттілігін уақытылы және толықтай қанағаттандыра алатындығына байланысты.
Тұтынушылар кез келген уақытта жақсы тұтынушылық қасиетке ие және бағасы
қол жетерліктей тауарлар мен қызмет түрлеріне ұмтылады, сондықтан өндіруші
әрдайым сапаны жақсартып, үздіксіз жетілдіріп отыру қажет [29].
Жолаушылар тасымалы қызметінің тиімді дамуына кедергі келтіретін
мәселелер бар.
Республикалық бюджеттен жолаушылар тасымалы шығындарын толық
субсидияламау және жолаушылар тасымалы компанияларын магистралды теміржол
желісі қызметтеріне жеңілдік тарифтерін ұсыну есебінен жанама субсидиялау
тәжірибесін сақтау нәтижесінде жолаушылар тасымалының толық дәрежедегі
бәсекелестік нарығының дамуы күрделі процесс және бұл жолаушылар
тасымалындағы сапаның деңгейіне кері әсерін тигізеді.
Тиімділік және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігі көрсеткіші болып
саналатын инфрақұрылым жағдайы: жөндеу базасы, вокзал шаруашылығы және
жолаушылар шаруашылығының пайдаланылуға берілетін көлік құралдарының
қазіргі кезге дейінгі техникалық-экономикалық сипаттамалары басқа көлік
түрлері деңгейінен төмен және нәтижесінде жолаушылар тасымалы нарығында
ұсынылатын қызметтердің сапасы төмен, бірақ оларды эксплуатациялау
шығындары жоғары болады. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі
тасымалдаудағы жылжымалы құрамдарға техникалық талаптардың күшеюі себебінен
отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі төмендеуде.
Негізгі қорларды қайта өндіру жүйелік сипатқа ие және оларды шешуге
кешенді көзқарас пен тәсілді талап етеді.
Жолаушылар тасымалының жөндеу базасы Ремпассажирвагон-1 ЖШС
(Қызылорда станциясы), Ремпассажирвагон-2 (Ақтөбе станциясы)
компанияларына тиесілі және бұл компаниялардың құрушысы Вагонсервис АҚ
мен Алматы вагон жөндеу зауыты АҚ болып табылады. Компаниялар негізінен
бірінші көлемдегі капиталды жөндеу өндірісі бойынша (КР-1), екінші
көлемдегі капиталды жөндеу (КР-2), капиталды – қайта қалпына келтіру (КВР),
қызмет ету мерзімін созумен капиталды жөндеу (КРПС), депо жөндеуі (ДЖ)
сияқты қызмет түрлерін ұсынады. Бұл кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы 8-
кестеде көрсетілген.

8 кесте
Кәсіпорындардың өндірістік қуаттылығы

(вагон)
Қызмет Ремпассажир Ремпассажир Алматы вагон Барлығы
атаулары вагон-1 ЖШС вагон-2 ЖШС жөндеу зауыты
АҚ
ДЖ 300 216 1000 1540
КР-1 50 12 500 562
КР-2 12 - - 12

* Дерек көзі: Жолаушылар тасымалы АҚ-ның 2008 жылдық есебі

Кәсіпорынның жолаушылар вагонын жөндеу және техникалық қамтамасыз ету
бойынша қызмет сапасы жолаушылар тасымалдаушылардың жолаушылар үшін
көрсететін қызметтерінің сапасын анықтайды.
Жолаушылар пойыздар құрамын сумен қамтамасыз ету 22 станцияда және
көмірмен жабдықтау 19 станцияда жүзеге асырылады. Құру, айналым пунктерінде
әрбір рейске жіберілу алдында вагондарға техникалық қызмет көрсету (ТО-1),
жазғы және қысқы тасымалдар басталуының алдында вагондарға техникалық
қызмет көрсету (ТО-2) және құрылыстан, алдыңғы ревизиядан немесе жөндеу
жұмыстарының жоспары шыққаннан алты өткеннен кейін жүргізілетін бірыңғай
техникалық ревизия (ТО-3), сонымен қатар ағымда вагондарды құрамнан ағыту
арқылы жүргізілетін жөндеу жұмыстары Вагонсервис АҚ-ның 7 аймақтық
филиалдары арқылы жүзеге асырылады [30].
Адам факторы ерекше рөл атқаратын жолаушылар тасымалы саласының
ерекшелігін ескере отырып, ҚТЖ ¥К АҚ негізгі күші 2008 жылы халықты
ақпараттандыруды арттыруға және жолаушылар тасымалдаушылары жұмысының
ашықтығын қамтамасыз етуге, қазіргі заманғы әрі талап етіліп отырған
сервистік қызмет көрсетулерді енгізуге бағытталған.
• вокзалдарда жолаушыларға бос орындардың барлығы, жол жүру құны
туралы толық дұрыс ақпаратты алуға мүмкіндік беретін ақпараттық
таблолар (монитор) және анықтамалық ақпараттық дүңгіршектер жұмыс
істейді, ол өз кезегінде жол жүру құжаттарын сату жүйесінің барынша
ашықтығын қамтамасыз етеді және билет кассирлері тарапынан қызмет
бабын пайдалану мүмкіндігін жояды.
• Интернет жүйесін пайдаланушылардың өсуі жағдайыңда жолаушылар
тасымалының веб-сайты жұмыс істейді, онда пойыздар қозғалысының
кестесі, жолаушылар шаруашылығының кәсіпорындары туралы толық
ақпаратты, жаңалықтарды және тағы басқаларды, ең бастысы, пойыз-
дарда бос орыңдардың болуы туралы ақпаратты табуға болады, мобильдік
байланыс арқылы веб-сайтқа ену күшіне енгізілген, басқаша айтқанда
мобильдік телефонды пайдаланушы жолаушылар тасымалы туралы бүкіл
акпаратты ала алады.
ҚТЖ ¥К АҚ Интернет жүйесі арқылы жол жүру құжаттарын сату жөніндегі
жобаны іске асыруды бастады және де жолаушыларды пайдалы анықтамалық
ақпаратпен, мерзімдік баспа басылымдарымен (жаңа газеттермен) қамтамасыз
ету, меншікті борттық журналды әзірлеу, сапар барысында жолаушыларды
тамақтандыруды ұйымдастыру, гигиеналық жинақтарды беру жөніндегі жұмыс
жүргізілді.
Жолдың, техникалық құралдар мен түйіспе желісінің жағдайы орташа балдық
бағамен бағаланады. Былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда
техникалық құралдар жағдайының орташа балдық бағасы жол шаруашылығы бойынша
10 балға, сигнализация және байланыс шаруашылығы бойынша - 2,8 балға
жақсарған, электрмен жабдықтау шаруашылығы бойынша 3,6 балға арттырылған,
алайда бұл көрсеткіш өте жақсы бағаға жатады.
Есептік кезеңде жүк пойыздары қозғалысының орташа жылдамдықтары: орташа
өлшенген - 3,2 кмсағатқа, техникалық — 1,34 кмсағатқа арттырылған,
қолданыстағы пойыздар қозғалысының жылдамдығын шектеу туралы ескертулер 198-
ден 146 бірлікке дейін, яғни 52 бірлікке төмендетілген.
2008 жылы негізгі қызмет бойынша негізгі құралдарды күрделі жөндеуді
орындауға арналған нақты шығындар 18 314 млн теңгені құрады.
2008 жылы батыс өңірі учаскелерінің өткізу және тасымалдау қабілетін
ұлғайту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға шамамен 8,3 млрд теңге немесе
жоспардан 102% жұмсалған. 2007-2010 жылдар кезеңіне арналған пойыздар
қозғалысының жылдамдығын арттыру тұжырымдамасын іске асыру жөнінде жүмыстар
жүргізілген. Тұжырымдаманы іске асыру сәтінен бастап 2007 жылы жол
жұмыстарының барлық түрлері есебінен қозғалыс жылдамдығы: жолаушылар
пойыздары үшін - 1299 км-ге, жүк пойыздары үшін —1689 км-ге арттырылған.
Астана-Алматы учаскесінде жолаушылар пойыздарының жол жүру уақытын
қысқарту жөніндегі іс-шараларды іске асыруға бірінші дәрежелі маңыз
берілген. 2008 жылы бүл учаскеде қозғалыс жылдамдығы 598 км-ге, соның
ішінде 130-140 кмсағаттан — 212 км-ге дейін арттырылған. Іс-шараларды іске
асыру кезеңінде 2003 жылдан бастап Тұлпар пойыз-дарының жол жүру уақыты
1сағаттан артыққа қысқартылған (кесте 4) [23,31].

10 кесте

Орындалған жұмыстар көлемі және Тұлпар жолаушылар пойыздары қозғалысының
жылдамдығын арттыру*

№ Көрсеткіштер 2005ж.
Вокзал-сервис АҚ 5 кластан тыс вокзал 316
(Алматы-1, Алматы -2,
Астана, Караганды, Актобе)
Теміржолмүлік АҚ Шағын қызметті станцияларда-
орналасқан 93 вокзал
Жергілікті атқарушы 1-5класс деңгейіндегі 91
органдар 116вокзал

* Дерек көзі: Жолаушылар тасымалы АҚ-ның есептік мәліметтері

31 теміржол вокзалында Вокзал-сервис АҚ-ның терминал құралымен
жабдықталған анықтамалық – ақпараттық қызметтері көрсетіледі. Тұрғындарға
көрсетілетін анықтамалық – ақпараттық қызметтердің сапасын жақсарту
мақсатында Экспресс-3 деп аталатын автоматтандырылған жүйесіне қосылған
15 ақпаратты киоск және 14 ақпаратты таблолар орнатылған [23].
Қызметті-техникалық ғимараттардың ауданын жалға алу және қызметтің
басқа да түрлерін алу бойынша вокзалдар мен жолаушылар тасымалының
шаруашылық субъектілері арасындағы өзара қатынастарында туындаған мәселе –
бұл вокзал иегерлерінің мемлекетпен реттелмейтін қызмет түрлеріне
тарифтерді негізсіз көтеруі, соңында бұл тасымал қызметінің залалды нәтиже
көрсетуіне әсер етеді.
Теміржол көлігінің бүкіл өндірістік жүйесін талдау барысында сапаны
объективті бағалау мүмкін болады. Көп жағдайда әртүрлі бағытта әсер ететін
бірқатар факторлардың әсерімен қалыптасатын сапалы тасымалдау – көлік
жұмысының ақырғы нәтижесі болып саналады. Бұл жүк иесінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру деңгейін, көлік өндірісін, пайдалану жұмыстарын басқаруды
ұйымдастыру деңгейін, көліктің техникалық құралдарының сандық және сапалық
параметрлерін сипаттайды. Осыған байланысты көліктегі сапаны үш элементтің:
• техникалық құралдардың сапасының;
• пайдалану жұмыстарының сапасының;
• көліктегі қызмет көрсету сапасының жиынтығы ретінде қарастыру
қажет.
Қайта құрылымдау бағдарламасы теміржол көлігінің инфрақұрылымына жолды
және жасанды құрылғыларды; оларды ұстау мен жөндеуді қаматамасыз ету
жөніндегі бөлімшелерді; станцияларды; электрлендіру және технологиялық
байланыс жүйелерін; сигнал беру, орталықтандыру және блоктау жүйелерін;
қозғалысты басқарудың ақпараттық кешендерін және тасымалдауды басқару
жүйелерін; тасымалдау процесін қамтамасыз ету үшін қолданылатын ғимараттар
мен құрылыстарды жатқызады.
Жалпы алғанда қызмет көрсетудің көлемі мен сапасы бойынша тасымалдауға
деген сұранысты техникалық қамтамасыз ету мәселесінің шешімі келесі
қағидаларға негізделуі керек:
• жасалынатын жобалардың инновациялық сипаты, моральдық тұрғыдан
ескірген техникалық құралдар паркін кеңейтуден принципті тұрғыдағы
жаңа, алдыңғы қатарлы әлемдік аналогтарға көшу;
• көліктің техникалық құралдарының дамуының теңгерілуі
–инвестициялардың тиімділігін төмендетіп жіберетін тар жерлердің
пайда болуының алдын алу үшін, көлік техникасының барлық түрлерінің
бір уақытқа сай және пропорционалды дамуының қажеттілігі;
• мемлекеттің теміржол көлігінің және тұтастай алғанда экономикасының
дамуының бірыңғай қарқынын ұстап тұру қажеттілігі, ал тұрақты және
ілгеруші экономикалық өсу жағдайында даму бағдарламаларын жүзеге
асырудың соңғы кезеңдерінде – көшбасшылық дамуға көшу;
• бағдарламалардың теміржол көлігінің ресурстық базасына сәйкестілігі
– қаржыландыру жеткіліксіз болған жағдайда ауқымды бағдарламалар
орындалмай қалып қана қоймай, капитал айналымының жүрмеуі және
ресурстардың ұтымды орналастырылмауына байланысты саланың жағдайын
тез арада төмендетеді.
Жоғарыда аталған қағидалардың жүзеге асырылуы теміржол көлігінің ішкі
және сыртқы нарықтардағы артта қалуының алдын алуға, оның бәсекеге
қабілеттілігін айтарлықтай арттыруға және оны мемлекет экономикасының
локомотиві функциясын орындай отырып, алға қойылған міндеттерді оңтайлы
шешуге қабілетті етуге мүмкіндік береді.
Техникалық құралдардың сапасы. Көліктің техникалық құралдарының
көлемдік және сапалық сипаттамаларын бөліп көрсету мақсатқа лайықты.
Техникалық құралдардың сапасы, ең алдымен сенімділікпен – пайдалану
көрсеткіштерінің мәндерін белгіленген шектерде сақтай отырып, белгіленген
функцияларды сақтау қабілетімен сипатталады. Сенімділік тоқтап қалмау,
жөндеуге жарамдылық, ұзақ уақытқа жарамдылық және сақталу сияқты ерекше
қасиеттерімен сипатталады. Бұл көрсеткіштер пайдалану жұмысының сапа
деңгейіне және соңында теміржол көлігінің өндірістік мүмкіндіктеріне, оның
қызметінің экономикалық нәтижелеріне белгілі дәрежеде әсерін тигізеді.

Техникалық құралдардың сапалық көрсеткіштерінен өзге, көлік
техникасының сандық сипаттамаларын да қарастыру қажет.
• Теміржол көлігі күрделі өндірістік жүйе болып
табылады, мұнда дәл бір өнімді өндіру үшін әр түрлі
типтегі техникалық құралдардың (вагондар, жол,
қуатпен жабдықтау құрылғылары және т.б.) көп мөлшерде
жұмылдырылады, бұл ретте осы құрылғылардың кез келген
түрін алып тастау жүйенің дамуын тоқтатады, яғни оны
қалыпты қызмет атқару мүмкіндігінен айырады. Теміржол
көлігінің өндірістік қуатын бағалау мәселесі
тасымалдауға деген сұраныс пен ұсынысты талдау мен
салыстыру негізінде және кешенді түрде шешіледі,
осының нәтижесінде көлік қорларының тапшылығы немесе
артықшылығы туындайды.
• Көліктің жекелеген шаруашылықтары мен құрылымдық
бөлімдерінің даму пропорционалдығы сияқты қағидаларды
ұстанудың қажеттілігі маңызды [28].
Локомотивтердің техникалық сипаттамалары тарту, пайдалану және
экономикалық қасиеттерімен және көрсеткіштерімен анықталады және оларды
болашақта пайдаланудың мақсатына, экономикалық және географиялық
жағдайларына сәйкес болуға тиіс. Аса маңызды тарту көрсеткіштеріне мыналар
жатады:
• тартудың жүзеге асырылатын күшінің шамалары мен ұзақ
және есепті режимдердің қозғалу жылдамдықтарының
шамалары;
• конструкциялық максималды жол берілетін жылдамдық;

• осьтерден рельстерге түсетін жүктеме;
• тарту қозғалтқыштарының біліктеріндегі сағат режимінің
қуаттылығы;
• локомотивтің жұмыстың ауыспалы режиміне
бейімделгіштігі.
Локомотивтің эксплуатациялық қасиеттеріне жұмыс істеудегі сенімділігі,
жөндеуге жарамдылығы, басқарудың автономиялық, мобильділік және
автоманттандырылу дәрежесі, қозғалыс қауіпсіздігін және локомотив бригадасы
үшін жайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі жатады.
Локомотивтердің үнемділігі қуаттың немесе тасымалданатын жүктің
бірлігіне кететін энергетикалық шығындармен, қуат бірлігіне металдың
шығындалуымен, өтелу мерзімімен, пайдалануға, техникалық
қызмет көрсетуге және жөндеулерге кететін шектік шығындармен
сипатталады.
Қазіргі уақытта пайдаланылып отырған жүк және жолаушы электровоздарының
техникалық деңгейі ХХ ғасырдың 60 - 70 жылдары қалыптасқан. Қолданыстағы
электровоздар локомотивтердің бірінші және екінші буынына жатады. Кейінгі
уақыт аралығында күшті және әлсіз ток электроникасы, автоматика мен
механика саласындағы технологиялар дамыды. Мұны үшінші және төртінші
буынның электровоздары сериялы түрде шығарылып, пайдаланылатын шет елдердің
ауқымды тәжірибесі куәландырып отыр [32] .

Пайдалану жұмысына темір жолдардың тасымалдау қызметімен байланысты
барлық жұмысы жатады, олар: станциялардың жүк және техникалық жұмысы;
пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру; жолаушы тасымалдарын ұйымдастырумен,
теміржол көлігінің жылжымалы құрамын және тұрақты құрылғыларын жабдықтаумен
және оларға қызмет көрсетумен байланысты жұмыстардың барлық түрлері, яғни
пайдалану жұмысы деп тек жылжымалы құрамның жұмысы түсіндіріледі.
Сонымен бірге, мұндай стратегия саланың қиын экономикалық жағдайларда
нарықта өз орнын сақтап қалуының қорғаныс стратегиясы болып табылды.
Қазіргі таңда Қазақстан темір жолы Ұлттық компаниясы акционерлік
қоғамының өндірістік және нарықтық потенциалын толық және тиімді пайдалану
үшін тұтынушыларға көліктегі қызмет көрсету сапасын жақсарту стратегиясын
дамыта түсу қажет. Көліктегі сапаны
басқару. Көліктегі сапа саласындағы міндеттердің бірі – қарапайым
мониторингтен мүмкін болатын нәтижелерді болжауды және оларға қол жеткізу
жолдарын жоспарлауды қарастыратын басқару қызметі болып табылатын мақсатты
басқаруға көшу. Сапаны, басқару, кез келген өзге де өндіріс процесі
секілді, алуан түрлі тәсілдердің көптеген санымен жүзеге асырыла алады,
яғни жоғарыда қарастырылған процесті ұтымды ұйымдастыру туралы мәселе
туындайды. Сапа саласындағы жақсы болып
табылатын нұсқаны таңдау үшін басқарушылық шешімдерді қолданудың ең
қарапайым тәсілі нұсқаларды салыстырумен жүзеге асырылатын, формальды емес
тәсіл деп аталатын эксперттік жолмен немесе есептеумен жүзеге асырылатын
тәсіл болып табылады. Бірақ теміржол көлігі үшін оптималды шешімді
іздестірген кезде алға қойылған мақсаттардың оңтайлы шешімдерін беретін
формальды тәсілдер мақсатқа сай және қажетті болып келеді. Сапаны басқару
кезіндегі оңтайландыру критерийі болып көліктің табысы немесе бүкіл халық
шаруашылығы деңгейіндегі әсері тиісті табыстар мен шығындардың айырмасы
ретінде анықталады.
Сапаны басқару міндетінің шешімі оның максималды нәтижеге қол жеткізу
деңгейі болып табылады және сапаны арттырудың тиімді интервалы анықталады.
Алынған мәліметтердің негізінде көлік компаниясының басшылығы, оған қол
жеткізудің экономикалық нәтижелеріне қарай отырып, сапаның қандай
да болсын деңгейін орнату туралы шешім қабылдай алады.

Көліктегі сапаны стандарттау. Сапаны басқарудың көптеген тәсілдері
бар, солардың бірі стандарттау:
• өнімнің, жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерінің
қоршаған орта, адамдардың өмірі мен денсаулығы, мүлкі
үшін қауіпсіздігін;
• өнімдердің техникалық және ақпараттық үйлесімділігін,
сонымен қатар өзара алмастырушылығын;
• өнімдер, жұмыстар мен қызмет көрсету түрлерінің ғылым,
техника мен технологияның даму деңгейіне сәйкес
сапасын;
• өлшем бірлігін;
• барлық ресурстар түрлерінің үнемделуін;
• табиғи және техногендік апаттар мен өзге де төтенше
жағдайлардың туындау қатерін ескере отырып, шаруашылық
жүргізуші нысандардың қауіпсіздігін;

• мемлекеттің қорғанысқа қабілеттілігін және
мобилизациялық даярлығын қамтамасыз ету мақсатында
нормалар, ережелер мен сипаттамалар белгілеу жөніндегі
анықталатын қызмет болып табылады.
Бұл сипаттамалардың тұтастай теміржол көлігіне қатысты екендігін және
құрылымдық өзгерістер кезеңінде ерекше өзектілікке ие. Қозғалыс
қауіпсіздігінің деңгейін сақтау және арттыру, темір жолдардың барлық
желісінде тасымалдау процесінің бірыңғай технологиясын қамтамасыз ету,
көлікпен қызмет көрсету сапасын арттыру, ресурс сақтайтын технологияларды
енгізу және жетілдіру, теміржол көлігінің әлеуметтік және қорғаныс
функцияларын ұстап тұру – жүргізіліп отырған өзгерістердің бірінші кезекті
басымдылықтарына жатады. Теміржол көлігінде
стандарттаудың әлсіз дамуының бір себебі көлік өнімінің спецификалық
ерекшеліктері және де ең алдымен оның материалдық емес сипаты болып
табылады, себебі сапаны, яғни белгілі бір өнімнің нақты қасиеттерінің
жиынтығын анықтау қиын, оны эталонмен қатар қойып, барлық параметрлері
бойынша салыстырып шығу мүмкін емес. Техникалық құралдардың сапасын
стандарттау жоғары деңгейде тұр және мұндағы басты міндет – көлік
техникасын құру және жөндеу жөніндегі зауыттарды Қазақстан темір жолы ҰК
АҚ-ның құрамынан шығару барысында сапа деңгейін төмендетіп алмау. Бұл
жағдайларда корпорация тарапынан сапаны бақылау жүйесін сақтап қалу қажет,
сатып алынатын техниканың сенімділігін сақтап қалу және арттыру мақсатында
техникалық құралдардың қосымша корпоративтік стандарттарын жасап шығаруға
да болады.
Мемлекет экономикасының дамуын талдауды ескере отырып, көліктегі қызмет
көрсету сапасының корпоративтік стандарттарының үш деңгейін бөліп көрсету
ұсынылады:
• минималды қажетті деңгей, мұның төменгі шекарасы
темір жол жұмысының қауіпсіздігі мен
технологиясын сақтауға деген талаптармен
анықталады. Осындай стандарт бойынша тасымалдаған
үшін ақы минималды болады. Бұл ауыр қаржы
жағдайында тұрған кәсіпорындар үшін ыңғайлы болып
келеді және оларға көлік шығындарын төмендетіп,
қаражатты бірінші кезектегі мұқтаждықтарға
жіберуге мүмкіндік береді;
• қалыпты деңгей – алдыңғы стандартпен
салыстырғанда сапаның кейбір құрамдас бөліктерін
жақсартуды, қосымша қызмет көрсетулерді енгізуді
қарастырады. Тиісінше, осы стандартты сақтағаны
үшін ақы да бірінші жағдайға қарағанда жоғарырақ
болады. Алғашқы екі стандарт бойынша базалық
табыс қойылымына енгізілмеген, бірақ клиенттің
қажеттілігіне сәйкес қосымша ақыға көрсетілетін
қосымша қызмет көрсету түрлерін енгізуге болады,
мысалы, уақыттың кез келген сәтінде жүктің тұрған
орны туралы ақпарат алу мүмкіндігі;
• фирмалық деңгей – клиент тапсырыс берген барлық
корреспонденциялар бойынша клиенттің барлық
мүмкін болатын сұраныстарын мен қажеттіліктерін
қанағаттандыру бойынша тасымалдауды қарастырады.
Осындай стандарт бойынша тасымалдау темір
жолдардың айтарлықтай шығындалуына алып келеді.
Сондықтан осындай қызмет көрсету тарифі алдыңғы
стандарттардан анағұрлым ерекшеленетін болады.
Бірақ осындай стандарт бойынша қызмет көрсетілуі
тек қана тәкаппарлық емес, өндірістік
қажеттіліктен туындаған клиенттер де бар, мұның
өзі осы клиенттер тарапынан белгілі бір төлемге
қабілеттілік болған кезде фирмалық көліктік
қызмет көрсетуге айтарлықтай және тұрақты
сұраныстың туындауына себепші болады [34].
Корпоративтік стандарттар жүйесін дамыту жөніндегі ұсыныстардың белгілі
бір ретке келтіруден кейін тәжірибеде қолданылуы сапаны басқару процесін
дәлірек ұйымдастыруға, оның теміржол көлігіндегі деңгейін толығырақ және
объективті түрде бағалауға, оны арттырудың тиімді жолдарын іріктеп алуға
мүмкіндік береді. Нәтижесінде мұның өзі Қазақстан темір жолы ҰК АҚ-ына
көлік нарығындағы бәсекенің даму жағдайында жүк иелеріне қызмет көрсету
сапасында басымдыққа ие болуға, яғни өндірістік қызметтің табыстылығын және
пайдалылығын арттыруға, өзінің көлік нарығындағы жағдайын нығайтуға
мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы жағдайларда теміржол көлігінің миссиясы Қазақстан
темір жолы ҰК АҚ-ның қызмет көрсету тиімділігі мен сапасын қарқынды
дамытып отырған және Еуразия көлік жүйесіне терең интеграцияланған жалпы
ұлттық көлік компаниясы ретінде дамыту. Сәйкесінше, қызмет көрсету сапасын
арттыру компания дамуының аса маңызды мақсаттарының бірі ретінде
анықталады.
Бекітілген төменгі тарифтер жағдайында табысты арттырудың негізгі
резерві – бұл тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету, мұның өзі теміржол
көлігі үшін эксплуатациялық жұмыстың сапа көрсеткіштерінің жоғары маңызын
анықтайды және оларды саланың жұмысы мен дамуында басым бағыт етеді.
Эксплуатациялық жұмыстың сапасына бағыт-бағдар алған жағдайда теміржол
көлігі дамудың біржақты стратегиясы мен тактикасын таңдайды және бұл
стратегия көліктегі қызмет көрсету және эксплуатациялық жұмыс сапасының
төмендеуіне алып келеді. Пойыздың салмағын арттыруға ұмтыла отырып, көлік
компаниясы жинақтау кезінде тоқтап тұруды арттыруға, одан кейін поездың
жылдамдығын төмендетуге тиіс болады. Нәтижесінде өнімді, жүкті жеткізу
мерзімі жоспарланғанмен салыстырғанда арта түседі, жүк алушы кәсіпорын
жұмысының технологиялық процесі бұзылады және келесі жолы жүктің
бәсекелестерге берілу мүмкіндігі арта түседі. Бұл жағдайда компания
қызметін сұраныстың азаюына байланысты салмағы үлкен пойыздарды жібере
алмайды, ал пойыз салмағын арттыруға бағыт-бағдар алуын жалғастыра отырып,
қалған клиенттерді қашыра отырып, жинақтау үшін тоқтап тұруды одан сайын
арттыра түсуге мәжбүр болады[25].
Көлікте қызмет көрсету сапасын арттырумен байланысты маңызды
стратегиялық мақсат көрсетілетін қызметтердің ассортиментін кеңейту болып
табылады. Бұл ретте келесі міндеттер шешіледі:
• темір жолдың табыстылығын арттыру;
• көлік нарығындағы тұтынушыларға қызмет көрсетуде
стратегиялық басымдықтарды алу;
• нарықтың бос сегменттерін толтыру және жүк иелері және
т.б. тарапынан жасырын сұранысты қанағаттандыру.
Көлік қызметтерінің ассортименті елдің тұтынушылық нарығындағы
сұраныспен, экономикалық конъюнктурамен, әлемдік экономикаға тартылу
дәрежесімен және өзге де бірнеше факторлармен анықталады.
Көлік компаниясының стратегиясы мен тактикасын әзірлеген кезде
бастысы бір мақсатқа – көлік компаниясының табысын арттыруға қол жеткізу,
бұл кезде эксплуатациялық жұмыстың сапасының артуы шығындарды төмендетеді,
ал көлікте қызмет көрсету сапасының жақсаруы көлік компаниясының кірісін
арттырады. Бірақ минималды шығындар кезінде максималды кірістердің болуы
мүмкін емес, сондықтан жоғарыда келтірілген екі тәсіл арасындағы ғылыми
негізделген шешімді іздестіру қажет болады және жалпы мүдде компания
табысы болып табылады. Көліктегі сапаны бағалау критерийі ретіндегі табыс
кез келген өзге көрсеткіштің алдында бірқатар басымдықтарға ие:

• ұзақмерзімді кезеңдегі табыс кәсіпорынның нарықтағы
жұмысының, оның ішінде тасымалдауға деген сұранысты
қанағаттандырудың толықтығына қатысты тиімділігін
сипаттайды;
• сонымен қатар, инвестициялық аспект маңызды болып саналады,
яғни сапаның артуы табыстың артуына алып келеді, ал табыстың
өсуі халық шаруашылығының тасымалдауға деген қажеттілігін
мейлінше толығырақ қанағаттандыру үшін физикалық және
моральдық тұрғыдан ескірген өндірістік қорлардың орнын
уақытылы және жоғары техникалық деңгейде толықтыруға
мүмкіндік береді[28].
Негізгі көрсеткіштердің бірі көлік кәсіпорнының пайдасы болып табылады,
бірақ бұл көрсеткішті максималдаудың көптеген тәсілдері бар. Негізінде,
мысалы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жаңа техникалық
құралдарды сатып алуға шығындардың жеке түрлерін қысқарту қысқа мерзім
аралығында пайданың өсуіне әкеледі. Егер ұзақ мерзім аралығын қарастыратын
болса, мұндай тәсілдерді жүзеге асырудың нәтижесі апаттардың өсуі,
техниканың моралдық және физикалық тозуы түрінде көрініс табады және ішкі –
техникалық және технологиялық себептер бойынша пайданың төмендеуіне әкеледі
және сонымен қатар, нарық заңы болып табылатын – көлік кәсіорнындағы
тасымалға сұраныстың төмендеуі орын алады. Сапаны арттыру бойынша көлік
жұмыстары толықтай пайда көлемімен немесе оның өзгеру динамикасымен
сипатталмайды. Сондықтан сұранысты тиімді бағалау үшін келесідей
көрсеткіштерді есептеу қажет:
• инновациялық және басқа да жобаларға салынған
инвестиция көлемі және динамикасы;
• негізгі өндірістік қорлардың физикалық және моралдық
тозу деңгейі;
• тасымалдардың өзіндік құнының құрылымы және
динамикасы;
• эксплуатациялық жұмыс сапасының деңгейі;
• қосымша қызмет көрсету ауқымы.
Теміржол көлігінің техникалық даму деңгейін және көлік ресурстары
жұмыстарын оңтайландыру деңгейін сипаттайтын осы көрсеткіштерді есептеу
тасымалдау сапасын жақсарту бойынша темір жол жұмыстарының тиімділігін
бағалауға мүмкіндік береді.

3 жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасы және
шаралары

3.1 Теміржол көлігі саласындағы жобаларды басқару ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының тұрақты даму траекториясына шығуы
мемлекеттің құрылымдық қайта құрылуына, моралдық және физикалық ескірген
өндірістік қорлардың түбегейлі жаңаруына сай келу керек инвестициялық
саясатқа тәуелді болады
Магистральды теміржол желісінің негізгі құралдарының тозу деңгейіне
жетуі, оның алдында инвестицияға деген қажеттілікті туғызды. Магистральды
теміржол желісінің инвестициялық саясатының негізгі мақсаты технологиялық
деңгейін және өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен қатар осы
өндіріс негізінде тұрақты экономикалық өсу сатысына өту болып табылады.
Бірақ қалыптасқан таза табыс көлемі негізгі құралдардың жыл сайын өсіп
отырған тозу қарқынын уақытылы қысқартуға және теміржол желісін дамыту
бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.
Теміржол көлігінің болашақтағы дамуы инвестициялық белсенділіктің
өсуімен анықталады және инвестиция көлемінің өсуімен бірге олардың
тиімділігін жоғарлату маңызды болып саналады. Тасымалға сұраныстың болжамды
өсімі жағдайында негізгі құралдардың тозуының жоғары деңгейі олардың
ағымдағы қамтамасыз етілуі мен жөндеу жұмыстарына шығындарды талап етеді,
сәйкесінше қажетті инвестициялар көлемін анықтады. 2003 жылдан бастап
теміржол саласында инвестицияға қажеттілік өсіп, 3 ішінде 126790,9 млн.
теңгені құрады және ресурстарды жинақтау технологиясын енгізу екі есе
өсті және 2005 жылы 341,8 млн. теңге болды.
Теміржол саласындағы инвестицияларды басқару жүйесі келесідей салалық
ерекшеліктерімен сипатталады:
1. мақсатты міндеттерге сәйкес инвестициялық ресурстар толық емес
дәрежеде бөлінеді және бірінше кезекте техникалық шараларды орындау
және активтерді құру үшін бағытталады;
2. магистральды теміржол желісінің инвестициялық бағдарламасына
құрылымдық бөлімшелерінің бағдарламаларымен топтастырылған көптеген
шаралар кіреді, бірақ тәжірибе жүзінде әрбір нақты жобаның әсерін
жекелеу және оны ортақ экономикалық тиімділікке қосу мүмкін емес;
3. магистральды теміржол желісінің инвестициялық қызметін басқару:
ресми сұрақ салу, жауап алу сияқты күнделікті атқарылатын
жұмыстардың түрлерінен; үздіксіз циклды операциялардан және қағаз
жүзінде құжатталатын процестерден, экономика және қаржы бөлімі
қызметкерлерімен дайындалатын басшылыққа арналған мерзімді
ақпараттық мәліметтер жатады [29].

13 сурет. Қазақстан темір жолы ҰК АҚ-дағы жобаларды басқару моделі
Сонымен қатар, теміржол саласындағы инвестициялық жобаларды басқаруда
инвестиция салымдарын тартудың қағидаларына сүйенуге болады. Бұл қағидалар
тізімі кестеде көрсетілген [28].

12 кесте

Жолаушылар тасымалы АҚ-ның 2006-2007 жылдар аралығындағы есептеріне
жүргізілген зерттеу теміржол жолаушылар көлігіндегі инвестиция көлемінің
жеткіліксіз екенін көрсетті және ұзақ уақыт аралығында негізгі құралдардың
физикалық және моралды тозуы орын алған.
Кәсіпорынның негізгі қорларының топтары: вагондар, вокзалдар, сәйкес
құрал-жабдықтары бар эксплуатациялық және жөндеу деполарының, тазалау
комбинаттарының қызмет ету мерзімі бойынша тозу деңгейлері жоғары.
Жолаушылар вагондарының орташа қызмет ету мерзімі нормативті мерзімнің 70%-
ына жеткен, ал эксплуатациялық және жөндеу деполарының құрал-жабдықтары 55%-
ға жетсе, тазалау комбинаттарының құрал-жабдықтары 38%-ды көрсетті.
Тұтастай алғанда кәсіпорын бойынша негізгі құралдардың физикалық тозуы
шамамен 70% [32]. Ал парктегі жолаушылар вагондарының ағымдағы дефициті 400
бірліктен жоғары, яғни жолаушылар пойыздарының құрамдылығы талап етілген
көлеммен салыстырғанда 70%-ымен ғана қамтамасыз етілген.
Қазіргі таңдағы тасымалдауға жол билеттерінің дефицит болуының және
халық сұранысының қанағаттанарлықтай болмауының мәселелері жолаушы
вагондарының ағымдағы жағдайлары мен жетіспеушілігіне байланысты туындауда.
Темір жол жолаушылар тасымалын жылжымалы құраммен қамтамасыз етудегі қиын
жағдай соңғы 13 жыл аралығында вагондардың қажетті көлемде қайта өңдеуден
өтілмеуіне байланысты.
Соңғы ең ірі жолаушылар вагонын сатып алу 1993-1994 жылдарда 218 герман
вагондарын 246 млн. ФРГ маркасымен несие қаражатына алу арқылы жүзеге асты
және оның өтелу мерзімі 2003 жылы бітті. Ал соңғы бес жыл аралығындағы
жолаушылар вагондарының паркін жаңартуға Ұлттық тасымалдаушының
инвестициялық мүмкіндігінің және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын басқару жүйесі және мәселелелері
Көлік қызметіндегі негізгі сервис элементтерін зерттей отырып, қызмет сапасының деңгейін, оны басқару мәселелерін анықтау нәтижесінде қызмет сапасын жетілдіру жолдары
Жолаушыларды тасымалдау қызметіндегі сапаны жетілдіру жобасын басқару
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi
Өндiрiстiк инфрақұрылымды дамытудағы мемлекеттiң реттеушiлiк рөлi туралы
Қазір ұшақ бортында жаңа экипаж
Өндірістік әлеуеттің элементтері
Авиация саласындағы кәсіпорындарда маркетинг құралдарын қолданудың ерекшелігі
Туризмдегі авитасымалдауды ұйымдастыру (мысал ретінде бір аймақты алу)
Жұмысшылардың қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін жеке жауапкершілігі
Пәндер