«Палестина-Израиль» қақатығыстарына әсер етуші факторлар негізінде қарастырып Араб шығысындағы мемлекеттердің шиеленістегі алған орны мен саяси ұстанымдардың халықаралық қатынастарға ықпалы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I.ТАРАУ. ХХ ғ. 40.80 ж.ж. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ПАЛЕСТИНА МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.1. Палестина мәселесінің пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.2. Таяу Шығыс шиеленісіндегі араб.израиль соғыстары ... ... ... ... ... ... ... ... .14
1.3. 1987.1993 ж.ж. Палестина.Израиль қақтығыстарын
реттестіру үдерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

II.ТАРАУ. 1993 . 2008 ж.ж. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ПАЛЕСТИНА МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.1. 1993 . 2000 ж.ж., ІІ(әл.Ақса 2001ж.) интифада
кезеңі:себебі мен салдарлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2. Қазіргі кездегі Палестина . Израиль қатынастары және
АҚШ.тың Таяу Шығыстағы саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
2.3 Палестина автономиясы және ішіндегі
саяси жанжалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .58
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
ҚОСЫМШАЛАР
Әлем халықтарының бәріне ортақ бір ғана тілек – тыныштық пен бейбітшілік. Бұл әлемдегі кез-келген адам баласының асқақ арманы екендігі айдан анық. Олар ең алдымен отбасының, елінің, қала берді туған-туыстары мен көрші-қолаңының тыныштығын ойлайды. Соғыс өртінің тумағанын, ананың баладан, баланың әкеден тірідей айрылмауын қалайды. Солай бола тұра өткен ХХ ғасыр ғылым мен технологиядағы бас айналдырар жылдамдықтағы жаңалықтардың ғасыры ғана емес, сонымен қатар 100 миллионға тартар адамдар құрбан болған дүниежүзілік соғыстардың, қанды қырғындар мен төңкерістердің, көтерілістер мен апаттардың ғасыры болды. Ұлттық империалистік мақсаттарды көздеген мемлекеттер соғыс үстіне соғыс ашып, аяғында оны өздері тоқтата алмай әлек болды.
Палестина проблемасы 1948 жылдан бері шешілмей келеді, 1947 жылдың мамыр айында-ақ, яғни Израиль мемлекет болып жарияланбастан бір жыл бұрын оның тұңғыш басшысы Давид Бен-Гурион өзінің күнделігінде “Араб коалициясындағы “Ахиллестік өкшесі” Ливан. Бұл елдегі мұсылмандардың басымдығы қолдан жасалып отыр. Мұнда христиан мемлекетін құру керек және оның оңтүстік шекарасы Литани өзенін бойлап жату керек. Міне, осындай мемлекетпен біз одақтастық туралы келісімге қол қояр едік... Сонда біз Трансиорданияны басып алар едік те, Сирия құлар еді. Ал егер Египет бізге қарсы соғысатын болса, біз Порт-Саидты, Александрияны, Каирды бомбаның астына алар едік” деп жазған екен. Йаһудилердің өз мемлекеттері бар, бірақ палестиндіктердің әлі күнге дейін мемлекеті жоқ. Бұл БҰҰ тарапынан қабылданған “self – determination”, яғни әр халық өзінің тағдырын өзі шешуге құқылы деген қағидаға қайшы екені ешкімді алаңдатпайды. Палестинада бүгінде жастары алпысқа келген адамдардың өмір бойы көргені тек қан, қақпайлану, бопсалану, аштық, жалаңаштық, көз жасы, үнемі қорқыныш, т.т. БҰҰ қабылдаған қаулылардың бірден-бірін есепке алмайтын Израиль өзінің саясатын жүзеге асырып келеді. Ал, Палестина мәселесі оң шешімін таппай Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнауы екіталай деу үшін сәуегей болу қажет емес. Аталмыш аймақта бейбітшілік болмайынша әлемдік тыныштық пен татулықтың орнауы да мүмкін емес.
Тақырыптың өзектілігі: 60 жыл бойы Таяу Шығыс шиеленісінің халықаралық қатынастардың қалыпты дамуына кедергі болуымен айқындалады.
Қазір уақыт өткен сайын лаңкестік пен экстремизмнің қатерлі күші дүние жүзінде етек алуда, Таяу Шығысты әлемдегі “ең бір ыстық нүкте” деп те атап жүр, оған негіз жоқ емес, шынымен де бұл аймақ халықаралық талас-тартыстың ошағына айналып, бейбіт тұрғындардың өмірлеріне қауіп төндіріп отыр. Лаңкестік топтар қызметінің күшеюі халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіруде, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал мен тұрақсыздық үлкен алаңдатушылық туғызуда. Бүгінгі таңның ең өзекті проблемасына айналып отырған палестина-израль арасындағы шиеленістердің тууы, мәселенің тығырыққа тіреулі, ұзақ уақыт бойы шешілмеуінің себептері, аймақта орын алған даулы мәселені шешудегі басқа алпауыт мемлекеттердің рөлі зерттеу жұмысының өзегі болып табылады. Қазіргі таңда Аймақта жарты ғасырға жуық уақыттың ішінде израиль мен араб елдері арасында бес ірі соғыс өтті, қанша адамның өмірін алып, тамырына балта шапқан бұл соғыстардың артында тек күйреу мен кедейлік, бейбіт халықтың мұңы мен зары қалды.
Құжаттар:
1. Ближневосточный конфликт из документов архива внешней политики РФ.-Т.1. 1947-1956.-М., 2003.-600с.
2. Ближневосточный конфликт из документов архива внешней политики РФ. 1956-1967.-М.,2003. Т.2.-700 с.
3. СССР и Ближневосточное урегулирование 1967-1988. Документы и материалы /МИД СССР/.-М.,1989.-180 с.
4. Внешняя политика Советского Союза и международные отношения. Сб. Документов.1979-1980 гг.-М.: Международные отношения, 1981.-264 с.
5. Палестинская проблема: Документы ООН, международных организаций и конференций.-М.,1984.-240 с.

Кітаптар мен монографиялар:
1. М.Е.Хазановтың “ООН и ближневосточный кризис.-М.:-Медународные отношения, 1983-174 с.
2. Е.Д.Пырлиннің “100 лет противоборство и решения палестинской проблемы” –М.,1995 гг.
3. А.И.Осиповтың «США и арабские страны (70-е – начало 80-х гг.) М.-1999гг.
4. А.Ю.Олимпиев «Ближний и средний восток»-.М., 2000.-274с.
5. В.И.Киселев «Палестинская проблема и ближневосточный кризис»
М., 2000.-250с.
6. Колобов О.А. Документальная история арабо-израильского конфликта. -Н.Новгород, 1991.-178 с.
7. Даян Моше, Табет Шабатай. Арабо-израильские войны (1956,1967).-М., 2003.-360 с.
8. Меир Г. Моя жизнь./Пер.с иврита Р.Зернова.-Алматы: Соц. Инвест.-М., Горизонт.1993.-415 с.
9. Киссинджер Г. Дипломатия. Пер. С англ. В.В. Львова /Послесл. Г.А. Арбатова.-М., Ладомир, 1997.-848 с.
10. Добрынин А. Сугубо доверительно.-М., 1998.-620 с.
11. Бжезинский Зб. Глобальное господство или глобальное лидерство/ Пер. С англ.-М.: Международные отношения, 2005.-288 с.
12. Брутенц К.Н. Тридцать лет на Старой площади. Мемуары.-М.: Международные отношения, 1998.-568 с.: ил.
13. Беляев И.П., Примаков Е.М. Египет: время президента Насера.-М., 1981.-400 с.
14. Князева А.Г. Египет после Насера (1970-1981 гг.).-М.: Наука, 1986.-278с.
15. Примаков Е.М. Конфеденциально: Ближний Восток на сцене и за кулисами.- М.: ИИК «Российская газета», 2006.-384 с.
16. Примаков Е.М. Анатомия ближневосточного конфликта.-М.: Мысль, 1978.-374 с.
17. Примаков Е.М. История одного сговора.- М.: Политиздат, 1985.-320 с.
18. Медведко Л.И. К востоку и западу от Суэца.- М.: Мысль, 1978.-374 с.
19. Кудрявцев А.В. Исламский мир и палестинская проблема.- М.,1985.- 374 с.
20. Киселев В.И. Исламский мир и палестинская проблема.- М., 1985.- 374 с.
21. Хазанов М.Е. ООН и ближневосточный кризис.- М.: Международные отношения, 1988.- 174 с.
22. Васильев А. Россия на Ближнем и Среднем Востоке (от мессианства к прагматизму).- М.: Наука,1993.- 400 с.
23. Егорин З. Палестина нашего времени. М., 2001.-с. Егорин З. Палестина нашего времени.-М., 2001.-378 с.
24. Пырлин Е.Р. 100 лет противоборства. Генезис, эволюция современного состояния и перспективы решения палестинской проблемы.- М.: Росс. Полит. Энциклопедия, 2001.- 480 с.
25. Млечин Л.И. Особая папка. Зачем Сталин coздал Израиль?- М., 2005.- 460с.
26. Олимпиев А.Ю. Ближний и Средний восток: актуальные проблемы международных отношений.- М.: Юнити-Дана, 2004.-240 с.
27. Тарик Али. Столкновение цивилизаций.- М., 2003.- 530 с.
28. Кожахметов К.К. Движение солидарности и борьба арабских народов за свободу и независимость (сер. 50-х-начало 80-х гг).-Алматы: Оралман, 1999.-200 с.
29. Кожахметов К.К. Движение афро-азиатской солидарности и алжирская революция.// Тезисы докл. Ш. Всес. Конф. Африканистов «Африка в современном мире». Вып.2.-М.:Инст-т Африки,1979.-184 с.
30. Жунис К.А. Мұнайды экспортқа шығаратын елдер ұйымы және араб елдерінің мұнай саясаты. - Алматы : ТОО «Издательство LEM», 2006.- 198
31. Ден Кон Шербок, Дауд аль-Алами. Палестино-израильский конфликт. Две точки зрения.-М., 2002.- 320 с.
32. Кальвокоресси П. Мировая политика. Книга 2.-М., 2000.-680 с.
33. Войтасик Л. Психология политической пропаганды. М., 1981
34. Гуревич П.С. Пропаганда в идеологической борьбе. Высшая Школа. М.,1987
35. Дмитриев Е. Палестинский узел.-М.,1997.-205с.
36. Донцов В.Е. Современные исламские движения и организации на Ближнем Востоке в системе международных отношений М., 2005.-190с.
37. Каяли, Маджид. "Народные комитеты " в интифаде - их политическая, экономическая и общественная роль.// Аль-Ард, № 6, 1989, Дамаск.
38. Международные конфликты. Ред. В. В. Журкин и Е. М. Примаков. М.: Международные отношения, 1972.-276с.
39. Никитина Г.С. Государство Израиль.,Наука. М.,1968.-130с.
40. Новейшая история арабских стран. М.:Наука., 1982.-199с.
41. Палестинская проблема. Документы ООН, международных организаций и конференций./ Ред. Тимофеев И. В. , 1984
42. Перес, Ш., Новый Ближний Восток. М., 1994.-370с.
43. Почепцов Г.Г. Информационные войны. Ваклер 2001.-288с.
44. Беглов И.С. Внешнеполитическая пропаганда. М.,1984.-174с.
45. Стрелецкий В. Этнонациональные конфликты:сущность, генезис, типы.//Идентичность и конфликт в постсоветских государствах, М.: Московский Центр Карнеги.1997
46. Тума,Эмиль. Корни палестинской проблемы. Иерусалим., б/и, 1976.-176с.
47. Хайри аль Ориди Ближневосточный мирный процесс – палестинское направление М.,2000.-300с.
48. Примаков Е.М. Конфеденциально: Ближний Восток на сцене и за кулисами.-М,: ИИК «Российская газета», 2006.-458с.

Кітаптар мен мерзімді емес басылымдар:
49. Кожахметов К.К. Страны Ближнего и Среднего Востока в современных международных отношениях // Вестник КазНУ 2005. 12 декабрь.-С.183-186.
50. Алек Эпштейн и Михаил Урицкий. Шестидневная война и современная поитическая динамика на Ближнем Востоке // Восток. 2003.№ 2.-С.72-84
51. Марака Рами Абдель Хамид Рабиа. Резолюция замедленного действия. Было ли возможным создание двух государства в Палестине в конце 1940-х гг.// Азия Африка сегодня. 2007. № 10.-С. 75-77.
52. Ajami, F. The Shadows of Hell.//Foreign Policy NO 48, 1982
Benvenisti, M. The West Bank and Gaza Strip Project.
53. Илья Я. Израильская пресса: Война в Газе- компенсация за Ливан ? // Наш Мир 2009. №4 январь.- С.12.
54. Альваро де Сото Уроки проигнорированного перемирия // Наш Мир 2009. №5 февраль.-С. 15.
55. Наша планета Уроки Газы, Stop the War//Наш Мир 2009. №5 март.- С.11-12
56. Does he really want a deal? // The economist 2009. may.- C.44
57. Ермек Назым Атыс-шабыс саябырлаған секілді // Заман-Қазақстан 2009. №50 (725) ақпан.-Б. 4
58. Норман Финкелстейн Телль-Авив әрекеті-геноцид // Заман-Қазақстан 2009. № 06 (726) ақпан.- Б. 4
59. Ермек Сахариев Израиль Палестинаны қанға бояды // Заман-Қазақстан 2009. №02 (722) қаңтар. – Б. 4

Интернет-сілтемелер:
1. http://www.iibv.ru
2. http://www.islam.ru
3. http://google.kz/uk/ru
4. http://politic.com
5. http://xronika.az/worldnews/prezident-ssha-barak-obama-provodit-vstrechi 6. http://www.echo.msk.ru/news/
7. http://meast.ru/news/nitanyakhu-otpravilsya-v-ssha-dlya-vstrechi-s-obamoi
8. http://www.finam.ru/international/imdaily
9. http://www.vesti.ru
10. http://www.zn.ua
11. http://www.mideast.com
12. http://www.uno.en

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I-ТАРАУ. ХХ ғ. 40-80 ж.ж. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ПАЛЕСТИНА
МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.1. Палестина мәселесінің пайда болу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 9
1.2. Таяу Шығыс шиеленісіндегі араб-израиль
соғыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ...14
1.3. 1987-1993 ж.ж. Палестина-Израиль қақтығыстарын
реттестіру
үдерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..26

II-ТАРАУ. 1993 – 2008 ж.ж. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ПАЛЕСТИНА
МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
2.1. 1993 – 2000 ж.ж., ІІ(әл-Ақса 2001ж.) интифада
кезеңі:себебі мен
салдарлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..35
2.2. Қазіргі кездегі Палестина – Израиль қатынастары және
АҚШ-тың Таяу Шығыстағы
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40

2.3 Палестина автономиясы және ішіндегі
саяси
жанжалдар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .53

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .58
СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .62
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ:

Әлем халықтарының бәріне ортақ бір ғана тілек – тыныштық пен
бейбітшілік. Бұл әлемдегі кез-келген адам баласының асқақ арманы екендігі
айдан анық. Олар ең алдымен отбасының, елінің, қала берді туған-туыстары
мен көрші-қолаңының тыныштығын ойлайды. Соғыс өртінің тумағанын, ананың
баладан, баланың әкеден тірідей айрылмауын қалайды. Солай бола тұра өткен
ХХ ғасыр ғылым мен технологиядағы бас айналдырар жылдамдықтағы
жаңалықтардың ғасыры ғана емес, сонымен қатар 100 миллионға тартар адамдар
құрбан болған дүниежүзілік соғыстардың, қанды қырғындар мен төңкерістердің,
көтерілістер мен апаттардың ғасыры болды. Ұлттық империалистік мақсаттарды
көздеген мемлекеттер соғыс үстіне соғыс ашып, аяғында оны өздері тоқтата
алмай әлек болды.
Палестина проблемасы 1948 жылдан бері шешілмей келеді, 1947 жылдың
мамыр айында-ақ, яғни Израиль мемлекет болып жарияланбастан бір жыл бұрын
оның тұңғыш басшысы Давид Бен-Гурион өзінің күнделігінде “Араб
коалициясындағы “Ахиллестік өкшесі” Ливан. Бұл елдегі мұсылмандардың
басымдығы қолдан жасалып отыр. Мұнда христиан мемлекетін құру керек және
оның оңтүстік шекарасы Литани өзенін бойлап жату керек. Міне, осындай
мемлекетпен біз одақтастық туралы келісімге қол қояр едік... Сонда біз
Трансиорданияны басып алар едік те, Сирия құлар еді. Ал егер Египет бізге
қарсы соғысатын болса, біз Порт-Саидты, Александрияны, Каирды бомбаның
астына алар едік” деп жазған екен. Йаһудилердің өз мемлекеттері бар, бірақ
палестиндіктердің әлі күнге дейін мемлекеті жоқ. Бұл БҰҰ тарапынан
қабылданған “self – determination”, яғни әр халық өзінің тағдырын өзі
шешуге құқылы деген қағидаға қайшы екені ешкімді алаңдатпайды. Палестинада
бүгінде жастары алпысқа келген адамдардың өмір бойы көргені тек қан,
қақпайлану, бопсалану, аштық, жалаңаштық, көз жасы, үнемі қорқыныш, т.т.
БҰҰ қабылдаған қаулылардың бірден-бірін есепке алмайтын Израиль өзінің
саясатын жүзеге асырып келеді. Ал, Палестина мәселесі оң шешімін таппай
Таяу Шығыста бейбітшіліктің орнауы екіталай деу үшін сәуегей болу қажет
емес. Аталмыш аймақта бейбітшілік болмайынша әлемдік тыныштық пен
татулықтың орнауы да мүмкін емес.
Тақырыптың өзектілігі: 60 жыл бойы Таяу Шығыс шиеленісінің
халықаралық қатынастардың қалыпты дамуына кедергі болуымен айқындалады.
Қазір уақыт өткен сайын лаңкестік пен экстремизмнің қатерлі күші
дүние жүзінде етек алуда, Таяу Шығысты әлемдегі “ең бір ыстық нүкте” деп те
атап жүр, оған негіз жоқ емес, шынымен де бұл аймақ халықаралық талас-
тартыстың ошағына айналып, бейбіт тұрғындардың өмірлеріне қауіп төндіріп
отыр. Лаңкестік топтар қызметінің күшеюі халықаралық қауіпсіздікке қатер
төндіруде, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал мен тұрақсыздық үлкен
алаңдатушылық туғызуда. Бүгінгі таңның ең өзекті проблемасына айналып
отырған палестина-израль арасындағы шиеленістердің тууы, мәселенің
тығырыққа тіреулі, ұзақ уақыт бойы шешілмеуінің себептері, аймақта орын
алған даулы мәселені шешудегі басқа алпауыт мемлекеттердің рөлі зерттеу
жұмысының өзегі болып табылады. Қазіргі таңда Аймақта жарты ғасырға жуық
уақыттың ішінде израиль мен араб елдері арасында бес ірі соғыс өтті, қанша
адамның өмірін алып, тамырына балта шапқан бұл соғыстардың артында тек
күйреу мен кедейлік, бейбіт халықтың мұңы мен зары қалды.
Әлемді алаңдатып отырған бұл шиеленістің шығу тарихы қайда? Араб-
израиль шиленісінің соңы қайда апарады? Таяу Шығыстағы аймақта қандай
геосаяси жағдай қалыптасуы мүмкін? Осы тектес сауалдарға төменде ұсынылып
отырған зерттеу жұмысынан жауап іздеп көрейік.
Зерттеу жұмысының нысаны:
Таяу Шығыс аймағындағы, соның ішінде палестин-израиль арасындағы
болған соғыстар, осы проблема төңірегінде АҚШ пен БҰҰ-ның ұстанған саясаты,
басқа ірі мемлекеттердің атап айтқанда, шиеленісті бейбіт шешуге құрылған
“төрттіктің” атқарған іс-шаралары.
Зерттеудің пәні:
Палестина-Израиль қақатығыстарына әсер етуші факторлар негізінде
қарастырып Араб шығысындағы мемлекеттердің шиеленістегі алған орны мен
саяси ұстанымдардың халықаралық қатынастарға ықпалын зерделеу.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Тақырыпты зерттеу жұмысына Таяу Шығыс шиеленісінің пайда болу мен даму
тарихына, қазіргі уақыттағы жағдайына байланысты өз еңбектерін ранаған
көптеген көрнекті ғалымдардың зерттеу еңбектері, қоғам қайраткерлерінің ой-
желістері мен қорытындылары арқау болды. Нәтижесінде жинақталған қайнар
көздер белгілі бір тақырыптық жүйелілікте байланыстарала отырып, сыни
тұрғыда сипаттама беріле отырып батыстық, арабтық, кеңестік, ресейлік жіне
отандық деп бқліп қарастырылды.
Зерттеу жұмысы барысында Хайри аль-ориди, Ajami E., шетелдік
ғалымдардың еңбектерін пайдаландық [1]. Шетелдік ғалымдардың назары
негізінен нақты тақырыптарға, мысалы иран-израиль, палестина-израиль қарым-
қатынастарына немесе белгілі бір оқиғаларына аударылды. Шиеленіске қатысты
Израиль мемлекетінің ұстанымдарын анықтауда өз үлесін қосқан Меир Г. [2]
еңбегінде Израильдің саяси қақтығысты реттестіруге байланысты қстанымдары
мен мемлекеттік қайраткерледің жүргізген саясаты жан-жақты сипатталады.
Араб және еврей зерттеушісі Ден Кон Щерботың біріккен зерттеу еңбектері бір
мәселеге екі тараптық объективті пікірін жинақтап, оны қалыптастыруға үлкен
септігін тигізді.
Палестина мәселесі, арабаралық қатынастар, ұлт-азаттық қозғалыстар мен
араб-израиль соғыстарын зерттеуде араб тарихнамасы өте бай. Еңбектер
әрқашан объективті тұрғыда бола қоймайды. Дегенмен Таяу Шығыстағы жағдайға
сараптама жасауда, палестина-израиль қатынастарын қарастыруда өз
ұстанымдарын сақтауға тырысқан араб-израиль зерттеушілерінің еңбектерінің
артында бай тәжірибелер мен нақты фактілік материалдар жеткілікті екендігі
де белгілі. Екі елдің халықаралық қатынастарын қалыптастыруда шешуші рол
атқарған ішкі, сыртқы факторлар олардың арасындағы мүдделердің тоғысуы
немесе қайшы келуін айқындауда шешуші рол атқарды.
Бітіру жұмысты орындауда кеңестік зерттеушілердің еңбектері маңызды
үлес қосты. Палестина мәслесінің халықаралық қатынастардығы орны, араб
елдерінің даму жолдарына ықпал етуші факторлар, аймақтағы араб бірлігі
мәселесінің үдерісі кеңестік тарихнамада идеологиялық реңкпен
сипатталғанымен де бірқатар мәселелерге нақты сипаттама берген. Бұл
тақырыптағы зерттеушілердің ішінде Л.И. Медведко[3], А.В. Кудрявцев[4],
В.И. Киселев[5] еңбкетері кеңестік идеологиялық сипатта басым болғаныман өз
құндылығын жоймайды. Еңбектерде Таяу Шығыс шиеленісіндегі діни фактордың
ролі, аймақтағы исламдақ ұйымдардың ұстанымдары мен қызметтері, мақсат-
мүдделері жан-жақты мазмұгдалған.
Кеңестік дәуір тұсындағы Таяу Шығыс мәселелерін зерттеумен айналысқан
мемлекеттік қайраткер, әрі зерттеуші Е.М. Примаковтың еңбектерін ерекше
атап өткен жөн. Кеңес Одағы ыдырап, ашық қоғамға қту кезеңіндегі ресейлік
тарихшылар Л.И. Млечин[6], Е.Д. Пырлин [7] еңбектері Таяу Шығыс
шиеленісінің тарихын зерттеп қарастыруда жаңаша көзқарастар қалыптастырып,
оқиғаларды жаңа деректермен толықтырды. Шығыстанушы Е.Д. Пырлин өз
еңбегінде Палестина мәселесін шешу жолдарын, тарихи даму барысын жан-жақты
қарастыра отырып, Таяу Шығыстағы кеңес саясатының догматикалық қадамдарына
сыни көзқараспен нақты баға береді.
Бітіру жұмысын жүргізудегі деректер мен зерттеулерді ғылыми тұрғыда
жинақтау, сараптау әдістерді қолдану қисынсыз айтылған ой-тұжырымдардың
себептерін айқындауға, олардың қайталанбауына, халықаралық қатынастардағы,
түрлі тарихи оқиғалардағы күрделі мәселелердің түйінін, заңдылықтарын,
зерттелмеген қырларын ашуға, объективті тұрғыда талдауға көмек береді.
Мәселенің зерттелуі отандық зерттеушілердің еңбектерінде біршама өз
көрінісін тапқан. Бітіру жұмысымызда қазақстандық ғалым К.Қ. Қожахметовтың
[8] еңбектері және ғылымдағы жас буын өкілдері Қ.Ә. Жүністің [9] ғылыми
мақалалары мен еңбектері пайдаланылды. Сонымен қатар, мерзімді басылымдарда
жарық көрген ғылыми мақалалар көптеген мәселелердің басын ашып, жүйелі
тарихи және тарихнамалық ізденістерге бағыт-бағдар беруімен де құнды.
Қорыта келгенде, тарихнамалық ізденістердің негізінде Палестина
мәселесі Отандық тарихнамада нақты тақырыптарға, белгілі бір кезеңге
арналды не мәселені жеке және жалпы түрде қарастырып тұр. Отандық
тарихнамада, Палестина мәселесін жан-жақты түрде бүгінгі күн көзқарасы
тұрғысынан қарастыруға негізделді.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысының мақсаты
Таяу Шығыста орын алған палестина-израиль шиленісіне және жалпы араб-
израиль қақтығысына әсер етуші факторларды анықтау. Міндеттері: а)
палестина-израиль мәселесінің шығу төркіні мен себеп-салдарын ашып көрсету;
в) Біріккен Ұлттар Ұйымының осы мәселе туралы қабылдаған қарарларын
қарастыру; г) АҚШ-тың аймақтағы ұстанған саясаты көрсету; д) Қазіргі
уақыттағы Палестина автономиясының ішкі сасяси, шиеленісті жағдайына талдау
жасау
Бітіру жұмысының деректік негізі:
Тақырыпқа сай бірқатар деректерді жүйелеу әдісімен жүзеге асырылды.
Деректер палестина-израиль шиеленісінің пайда болуы мен даму тарихы
үрдісімен ұштастыра отырып қарастырылады. Пайдаланылған деректер
төмендегідей бірнеше топтарға сараланды.
Деректердің бірінші тобына Таяу Шығыс шиеленісіне қатысты БҰҰ
Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарлары [10], аймақтық ұйымдар мен
қозғалыстар шешімдері, Таяу Шығыс шиеленісін реттестіруге бағытталған
халықаралық және аймақтық конференция қарарлары мен қорытындылары кіреді.
Таяу Шығыстағы араб-израиль мәселелерін реттестіруге қатысты БҰҰ ҚК
қабылдаған қарарлары әлемдік қауымдастықтың ресми ұстанымын көрсетеді.
Палестина мәселесін зерттеп қарастыруда бұл құжаттар аса құнды деректер
болып табылады.
Деректердің екінші тобына ұлттық өкілдердің, жетекші мемлекет
қайраткерлерінің сұхбаттары мен мемуарларлық еңбектері кіреді.Осы
деректердің ішінде Израиль мемлекет қайраткерлері Моше Даян [11] еңбегінде
Англияның Таяу Шығыс мәселесін БҰҰ-на ұсынған кезеңінен бастап, Палестина
автономиясының құрылғанына дейінгі аралық тарау-тарауға бөлініп жазылған.
Голда Меир [12] Моя жизнь мемуарында мемелекет қайраткері Израиль
саясатына қосқан үлесін және сол аралықта араб-израиль қатынастарының қалай
өзгергенін еңбегінде айтылынады. Шимон Перес, Эхуд Ольмерт еңбектерін
ерекше атап өту керек.
КСРО-ның Таяу Шығысқа саясаты мен шиеленісті реттестірудегі ұстанымын
нақтылауда кеңестік дипломаттар мемуарларынан деректік құндылығы жоғары. А.
Ф. Добрыниннің , Египеттегі КСРО елшісі В.М. Виноградовтың дипломатиялық
ұстанымы зерделенген.
Деректердің үшінші тобын мерзімді баспа [13] беттерінде жарияланған
тақырыпқа байланысты құжаттар, мәліметтер, материалдар құрайды. Бұған
республикалық, шетелдік газеттер мен журналдардың әр түрлі жинақтары
жатады. Деректердің осы тобы материалдарға бай, олар саяси және
экономикалық заңдылықты ашуға, таяушығыстық күрес динамикасы мен
эволюциясын бақылауға септігін тигізеді. Деректер Палестина-израиль
шиеленісінің әскери-саяси және экономикалық үрдістерінің даму заңдылықтарын
ашып көрсеиеді.
Бітіру жұмысының теориялық және методологиялық негізі:
Бітіру жұмысының теориялық-методологиялық негізін қалыптастыруда
тарих, халықаралық қатынастар, саясаттану ғылымдары саласындағы жетекші
ғалымдардың, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің мемлекетаралық саясат,
оның принциптері мен теориясы, тарихы туралы жазған еңбектері қолданыс
тапты. Бітіру жұмысымның методологиялық негізін объективтілік, жүйелілік
секілді ғылыми танымның маңызды принциптері құрайды. Бұл әдістемелік
принцип Таяу Шығыс аймағына қатысты АҚШ-тың, БҰҰ-ның мүдделерін жіне
Палестина мен Израиль арасындағы қырларын объективті тұрғыдан талдауға
мүмкіндік береді.
Бітіру жұмысының ғылыми және теориялық-қолданбалық маңыздылығы (
практикалық маңыздылығы)
Бітіру жұмыстағы негізгі тұжырымдар мен ғылыми зерттеулер палестина-
израиль шиеленісінің реттестірілуін болжауға мүмкіндік береді. Бітіру
жұмысындағы дерек-мәліметтер жоғары оқу орындарында жүргізілетін тарих,
халықаралық қатынастар пәндері, Таяу Шығыс елдерінің аймағы бойынша арнайы
курстар бойынша материал ретінде пайдалануға тиімді болып табылады. Сонымен
қатар, бітіру жұмысы халықаралық қатынастар, саясаттану, шығыстану
мәселелерімен айналысатын ізденушілерге септігін тигізет деген үміттеміз.

Қорғалуға ұсынылатын тұжырымдама:
А) 1947 жылдан АҚШ-тың көмегімен Англия мандатының қарамағында болған
Палестина жерлерін Израиль халқына басында автономия ретінде бергендіктен,
шекаралық араб-израиль қақтығыстары, ондағы палестина-израиль мәселесіне
жол берді. Осы тұжырымдама 1947 ж. БҰҰ-мен қабылданған қаралармен
қарастырылды.
Б)Араб-Израиль соғыстарына ондағы израиль-палестина қақтығыстарына
қатысты БҰҰ-ның ұсынылған қарарлардың шарттар екі жақтан да толығымен
орындалмайтынын анықталды. Ұсынылған талаптарды орындау үшін ең алдымен
қандай мәселелер шешілу керек екендігіне талдау жасалынды. Алғашқысында
екі жақ территориалды бейбітшілікке келу үшін Иерусалимді бөлу керек, ал
осы мәселені шешуде басты ролді ойнайтын, Израильді әрқашан қолдап тұратын,
АҚШ мемлекеті.
Г) Таяу-шығыс аймағына байланысты АҚШ-тың жергілікті, экономикалық
ұстанған саясатын зерттей отырып, ондағы Израильді ашық түрде қолдап. Енді
осы міндеттің қорғалуға шығарылатын тұжырымы АҚШ-тағы жаңа үкіметінің
исламға қатысты саясатының өзгеруін объективті түрде сараптау.
Д) Қазіргі уақыттағы Палестина автономиясының ішкі саяси және Израиль
мемлекетімен қарым–қатынастың қайта күрделенуі, оған қатысты әлем
қауымдастықтың керіғар көзқарасы қарастырылды. 2005 жылдан бастап Ясир
Арафат билігі біткеннен кейін, Палестинадағы ішкі саяси тұрақсыздық пайда
болды. Радикалды ХАМАС және ФАТХ партиялары арасындағы қайшылықтар
себебінен Палестина екі кіші мемлекетке бөлініп, халық арасындағы
бітіраңқылыққа әкелді. Осы мәселені шешудегі аспектілер зерттеуге алынды.
шығатын тұжырым қорғалды.
Бітіру жұмысының міндеттеріне сүйене отырып араб-израиль соғыстарына,
палестина-израиль мәселесіне қатысты АҚШ, БҰҰ және ЕО-пен жасалған
шараларының (Осло,Мадрид конференциясы) нәтижелері әлі күнге дейін
толығымен жүзеге асырылмағаны айқындалады.
Бітіру жұмысының құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, қосымшадан және пайдаланылған әдебиет тізімдерінен тұрады.
Қосымшада карта, құжаттар және бейнесуреттер көрсетілген.

I-ТАРАУ. ХХ ғ. 40-80 ж.ж. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ
ПАЛЕСТИНА МӘСЕЛЕСІ.

1.1. Палестина мәселесінің пайда болу тарихы.
Израиль мемлекеті картада тек 1948 жылы пайда болса да, оның
құрылуын 1917 жылмен байланыстырады. Оны түсіну үшін тарихқа жүгінейік. ХІХ
ғасырдың аяғында Европада еврей буржуазилық-ұлттық ағымы пайда болады, ал
1897 жылы ол ресми ұйымға айналады, яғни Базельде болған конференцияда
Бүкіләлемдік Сионистік Ұйымның құрылуы туралы жарияланады. Сионизмнің
лидерлері қуғын-сүргінге наразылық білдірген жұмысшы еврейлерді өз идеясын
тарату мақсатында пайдаланғысы келеді. Сионизмнің негізін қалаған Теодер
Герцль бұл идея ең алдымен ірі еврей буржуазиясы үшін тиімді екендігін
жасырған жоқ. “Ақшаларын тығып, тыныштықта тойлауға мәжбүр болған еврей
байлары өздерінің мемлекетінде емін-еркін тұрып, өмірдің рахатын көре
алады”, - деді Герцль [13].
Сионистер қозғалысының басшылары ірі державалар тарапынан қолдауға
ие болу үшін екі ғасыр уақытты қажет етті.
Сонымен, Палестина территоирясында екі мемлекет (Палестина мен
Израиль) құру туралы шешім 1947 жылы 29 қарашада шықса да, проблеманың өзі
одан бұрынырақ басталғаны мәлім.
Егер 1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталып кетпегенде,
Палестинаны бөлу мәселесі бұрынырақ басталар еді. Оны пайдаланған сионистер
енді АҚШ-ты өз жағына тартып, онымен одақтаса бастады.
Сонымен қатар, сионистер жергілікті арабтардың жерлерін,
Палестинаның ірі компанияларын, банктерін сатып ала бастады. Жер-жерде
шашырап, Палестина халқының азшылығын құрап отырған еврейлер бұның бәрін
қалай сатып алды деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Олардың барлығы шетелден
келген капитал есебінен қолға түсіріліп отырылды. Капиталды Ротшильд сияқты
бай сионистер беріп отырды. Әрине ақшаның барлығы ишувтерді (Палестинадағы
еврейлер) дамытып, көтеру мақсатында аударылды. Мысалы, 1917 жылдан 1946
жылдың қыркүйегіне дейін тек сый ретінде берілген ақша $44,1 млн.-ды
құрады. Оған қоса, Мемелекеттің капиталистік дамуы үшін Германия өз
мамандарын жіберді. Сонымен, 1943 жылы елдегі бүкіл өнеркәсіп
кәсіпорындарының 55%-ы және өнеркәсіпке салынған инвестицияның 80-90%-ы
ишувтердің үлесінде еді. Әрине, еврейлер арабтарға қарағанда барлық жағынан
өте ұйымдасқан болатын. Оны арабтардың атақты жазушыларының бірі
С.Хадавидің өзі де мойындады [14].
Ірі державалар тарапынан қолдау тапқан сионистер тіпті басқа шыға
бастады. 1942 жылдың 11 мамырында АҚШ-тың Билтмор қонақ үйінде Америка,
Европа және Палестина сионистері бас қосқан конференция өтеді. Онда
сионистердің жаңа бағдарламасы жарияланады. Ондағы негізгі талаптар:
1) Бүкіл Палестина территориясын қамтитын жылдам түрде еврей
мемлекетін құру;
2) Палестинаға еврейлердің шексіз қоныс аударуы;
3) Ишув әскерін құру.
Билтмор бағдарламасы 1942 жылдың қарашасында сионистердің Жоғарғы
Кеңесі Ішкі бас кеңеспен Иерусалиде мақұлданып, халықаралық сионизмнің
ресми саясатына айналды.
Бірақ, Ұлыбритания еврейлердің қарулы күштерін құруға қарсы болады,
себебі ол солезде ишувтерді мойындау болып табылатын және араб елдеріндегі
жағдайды мүлдем шиеленістіріп жіберетін еді. Алайда, екінші дүниежүзілік
соғыс яқталар алдында Англия АҚШ қысымының нәтижесінде ғана келісіп, бірақ
олардың өз жалауларының болуына тыйым салды.
1945 жылы 31 тамызда АҚШ президенті Трумэн ағылшын премьер-министрі
Эттлиге хат жібереді, онда ол Европадан Палестинаға 100 мың еврейлерді
кіргізуді талап етеді. Бұл-АҚШ-тың Палестина мәселесіне тікелей араласа
бастағанын білдіреді. Кейбір әдебиетерде Американың Палестинаға белсенді
араласа бастауын келе жатқан президенттік сайлаулармен байланыстырады.
Себебі оның қалай болатынына 5 млн. сайлаушы еврейлер мен еврейлердің ірі
қаржы магнаттары да әсер ете алды, сионистердің бағдарламалары
республикалық және демократиялық партия бағдарламаларына қосылды. Сонымен
қатар, АҚШ-тың Палестинаға қатысты саясаты ірі империалистік бәсекелес-
Англия мен АҚШ-тың арасалмағына да әсерін тигізетін еді.
Англия “Палестинадағы жағдайды” сылтаулатып, одан бас тартты, бірақ
Палестина мәселесімен айналысатын Біріккен ағылшын-американ комиссиясын
құруды ұсынды. Өйткені ол кезде араб әлемінде жағдай шиеленісіп тұрған
болатын: ұлт-азаттық қозғалыстар күннен-күнге кең етек алды, оған қоса 1945
жылы наурызда Араб Елдерінің Лигасы құрылды.
Ағылшын-американ комиссиясының бағыты біржақты еврейлік болған жоқ,
себебі олар араб елдерінің КСРО-дан көмек сұрауынан қорықты.
1946 жылдың шілдесінде жаңа ағылшын-американ комиссиясы құрылады.
Олардың жұмысының нәтижесі-“Моррисон жоспары” болып табылады. Ол бойынша,
Палестинада 4 бөліктен тұратын федерация құрылу керек болды: 1) араб
автономиясы, 2) еврей автономиясы, 3) ағылшын билігіндегі Негев провинциясы
және 4) ағылшын билігіндегі Иерусалим провинциясы. Бірақ, АҚШ оны дұрыс деп
таппады. Мұнда оның екі жақты саясаты көрінді, яғни біріншіден, Таяу
Шығыстағы мұнай үшін арабтармен қатынасты нашарлатпау, ал екіншіден,
ағылшын бәсекелесін ығыстыру үшін күннен-күнге ұлғайып келе жатқан
арабтардың қозғалыстарын басу үшін еврейлерді қолдау.
1947 жылы қаңтарда Лондонда арабтар және еврейлер қатысуымен “Моррисон
жоспарын” талқылау үшін конференция өткізіледі. Бірақ, ол ешқандай нәтиже
бермеді. Ақпанда Англия “Бевин жоспарын” ұсынды. Ол бойынша, Палестина
жартылай автономиялы араб және жартылай автономиялы еврей мемлекеттеріне
бөліну керек болатын, ал олардың екеуі де 5 жыл ағылшын әкімшілігімен
басқарылуы тиіс еді. Әрине, арабтар да, еврейлер де “Бевин жоспарынан” бас
тартты.
Палестина мәселесіне Америка да белсенді араласты. 1947 жылы 19
қаңтарда АҚШ президентімен Палестинаға барып қайтқан Болдуин миссиясы өз
ұсыныстарымен бөліседі. Онда негізінен еврейлердің құқықтары басым болады
және арабтар ешқашан Палестинаны билемеген деген тұжырымға келеді. Болдуин
ұсыныстары мынадай болады:
1) Палестинада белгілі бір шекара аумағында еврей мемлекетін құру;
2) Бұл мемлекетті БҰҰ-да тану;
3) Палестина мемлекетінде еврей сайлаушыларын қосып, сайлау өткізу;
4) Сайлау өте салысымен, Палестинаға ағылшын мандатын жою,
5) 5-жылға БҰҰ-ның комисиясын құру, ол территорияның Британ үкіметінен
тазартылуын және еврейлер мен арабтар арасындағы жерді сату-сатып алуды
қадағалауы тиіс болды;
6) АҚШ Трансиорданияны мойындайды және оның БҰҰ-на кіруіне көмектесу
керек;
7) АҚШ Палестинаға 3 млн. көлемінде заем береді және Иордан өзенінің
суын гидроэнегргетикалық және ирригациялық мақсаттарда пайдаланатыны туралы
келісім жасайды;
8) Палестина өз әскерін құрғанға дейін онда халықаралық қарулы күштер
қызмет атқаруы керек.
Билтмор жоспарын еврейлер жақсы қарсы алғанмен, арабтар оған наразы
болады. Сонда да, бұл жоспар алдыңғылары сияқты еш нәтиже бермей, жүзеге
аспай қалады. Империалистер қалай болса да Палестинаны өз қолдарында сақтап
қалғысы келеді. 1946 жылы ағылшын үкіметі өз позициясының төмендегенін
түсінді және оны АҚШ-қа беруге тырысты. Бірақ, АҚШ оған әлі дайын емес
екендігін айтты.
Ұлыбритания мандатарий держава ретінде өз тарапынан бұл мәәселені
реттеуге тырысты. Алайда, оның барлығы тығырыққа тірелді. Сөйтіп ол бұл
мәселені 1947 жылы 17 ақпанда БҰҰ-ның қарауына ұсынды. Ал, қаңтар-сәуірде
Палестина мәселесін Бас ассамблеяның келесі сессияларына қосуды ресми түрде
сұрады. Бірақ, БҰҰ-ның шешімі Англия үшін аса маңызды болған жоқ, ол бұл
ұйымның шешімін тек кеңес ретінде қарастырды.
Палестина мәселесін БҰҰ-ның талқылауына беруге АҚШ та қарсы емес еді.
Оның ойынша, бұны талқылау және түрлі келісімдер жасау барысында олар
Палестинаны өз қолдарына түсіре алады. Басында ол жерге ағылшын-американ
бақылауын орнатып, кейін оны түгелдей өз қолдарына түсіруге болады деп
ойлады.
БҰҰ ол мәселемен айналыса бастаған кезде ондағы жағдай қайнап жатқан
қазанға ұқсаған болатын. Сол кезде жазған мемуарларында У.Черчилль:
“Ағылшындар кеткен жердің бәрінде проблема тастап кетеді”, - деп бекер
айтпаса керек.
Арабтар БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында бұл территорияда ағылшын
мандатын тоқтату туралы және Палестинаның тәуелсіздігін жариялау туралы
ұсыныстарын айтты. Еврейлер агенттігінің өкілдері болса Палестина
территориясында тек еврейлер мемлекетінің құрылуын талап етті. Ал, Кеңес
Одағы Палестинаның тәуелсіздігін жариялауды талап етті, сонымен қатар ол
біріккен арабтық-еврейлік федеративтік мемлекет құруды ұсынды. Әрине, онда
арабтарға да, еврейлерге де тең құқықтар берілуі тиіс еді. Иерусалим қаалсы
мен оның маңын халықаралық аймақ ретінде жариялау ұсынылған болатын. Ал,
егер қандай да бір себептерге байланысты, арабтар мен еврейлер бірге тұра
алмаса, Палестина араб және еврей мемлекеттеріне бөлінуі тиіс болатын.
Сөйтіп, бұл мәселені шешу тығырыққа тіреліп, көптеген ұсыныстардың
пайда болуына байланысты, БҰҰ 1947 жылдың 15 мамырында Палестина мәселесін
зерттеп, шешуді арнайы құрылған комиссияға жүктеді. 11 мемлекеттен тұрған
оған ұлы державалар кірмеді. Бұл комиссия өз жұмысын 26 мамырда бастап, 31
тамызда өз баяндамасын ұсынды. Олардың жұмыстарында барлығы бірдей келіскен
және ажырап кеткен жерлері де болды. Комиссияның барлық мүшелері бір
ауыздан Англия мандатын тоқтату керектігін және Палестинаның тәуелсіздігін
жариялау қажеттігін айты. Ал, өтпелі кезең тұсында мемлекеттегі жағдайды
БҰҰ-ның бақылауындағы мандатарий реттеп отыру керек (мемлекеттің
экономикалық біртұтастығын, діни қасиетті жерлерді қорғау т.б.).
Бірақ, Палестинаның мемлекеттік құрылымына келгенде, комиссияның
ойлары бөлініп кетті. “Көпшіліктің жоспары” бойынша (Канада, Чехословакия,
Гватемала, Нидерланды, Перу, Швеция, Уругвай), мемлекет арабтық және
еврейлік болып бөліну керек, ал Иерусалимге халықаралық бақылау орнату
керек. Сонымен қатар, болған “азшылық жоспар” бойынша (Үндістан, Иран,
Югославия), астанасы Иерусалим болатын араб және еврей автономды
бөліктерден біртұтас федеративті мемлекет құрылу тиіс болды. Көпшілік дауыс
бойынша, Палестинаны не де болса бөлу қажеттігі туды. Сол кезде БҰҰ-ның
айтуы бойынша, палестина мәселесін қалай да болса шешу-бүкіл “еврей
мәселесін” шешу болып табылмайды.
1947 жылы қыркүйек-қарашада Палестинадағы жағдай мүлдем шиеленісті.
Сионистердің террористік және экстремистік актілері кең етек жайды, ал
“Хагана” тіпті ағылшын әскеріне де қарсылық көрсете бастады. Осыған
байланысты, Палестинаның араб халқы бүкілхалықтық демонстрациялар өткізді,
қарсылықтың мұндай белгілері Сирия мен Ливанда да көрініс тапты.
Сөйтіп, 1947 жылы 29 қарашада БҰҰ-ның Бас Асамблеясы арнайы
комиссияның “көпшілік жоспарын” басшылыққы алып, 23 дауыспен 181II
қарарын қабылдайды. Ол бойынша, Палестинаға Англияның мандаты жойылды,
Палестина жері арабтардың және еврейлердің территорияларына бөлініп кетті,
Иерусалим және оның маңы ерекше халықаралық режимі бар әкімшілік бірлікке
айналды және ол БҰҰ-ның Қамқорлық жөніндегі Кеңесіне берілді.Қарар үшін 33
мемлекет дауыс берді (АҚШ және КСРО-мен қатар), 13 мемлекет қарсы болды, ал
10 мемлекет ешқайсысына да дауысын бермеді (Ұлыбртианиямен қатар). Қарарда:
“Палестинаға Англияның мандаты қысқа мерзімде, 1948 жылдың 1 тамызына дейін
аяқталуы керек”,-деп жазылған [15].
Палестинаны бөлуге қарсы дауыс берген мемлекеттер ішінде 6 араб
мемлекеттері (Египет, Ирак, Сирия, Ливан, Сауд Аравиясы, Йемен), 5 Азия
мемлекеттері (Түркия, Иран, Үндістан, Пакистан, Ауғанстан) және Греция мен
Куба болды. Яғни, бұрынғы бүкіл отарлық Азия мен Таяу Шығыс дерлік бұл
қарарға қарсы болды. Бұл мемлекеттердің қарсы болуының 3 себебі бар:
1) Олардың саясаты айқын антиколониалдық сипатта болды;
2) Олардың барлығы еврей мемлекетін құруға қарсы болды;
3) Араб және азиялық елдердің қарсы ұсыныстары олардың өскендігін және
ондағы халық үшін жаңа дәуірдің басталғанын көрсетеді.
Араб және Азия мемлекеттері біртұтас араб халқының автономиясын құруды
ұсынды. Түркия және Иран сияқты мұсылман мемлекеттері үшін діни фактор да
маңызды роль атқарды.
Франция болса, Палестина мәселесіне аса араласпады, себебі оның өзінің
Үндіқытай, Сирия, Ливан және Мағриб елдерінде проблемалары жеткілікті
болды, ал Чанкайшистік Қытай өз дауысын Америкаға берген болатын.
Қарар бойынша, араб мемлекетіне 11,1 мың шаршы шақырым территория,
яғни Палестина территориясының 43-ы берілді (мемлекеттің орталық және шығыс
бөлігі, батыс Галилея, Ашдодтан Газаға дейінгі жағалау, яғни Иордан
өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторы және анклав ретінде Яффа қаласы),
ал еврей мемлекетіне 14,1 мың шаршы шақырым территория немесе бүкіл
палестинаның 56-ы берілді (Шығыс Галилея, Эздрелон даласы, Негев шөлінің
көп бөлігі, Хайфадан кейінгі жағалау). Араб мемлекетінде 549 мың араб және
95 мың еврей, еврей мемлекетінде 499 мың еврей мен 510 мың араб тұруы керек
болды. Иерусалим қаласы бейтарап аймақ болып жарияланды, себебі онда 3
діннің де-ислам, христиан және иудаизмнің қасиетті орындары бар (Иисус
Христос туған үңгірдің үстіндегі храм, Стена плача, Гефсиман бағы, Мұхаммед
Пайғамбар дүниеге келген жерде салынған Омар мешіті және т.б. ). Бұл жерде
59690 еврей және 105540 араб тұруы тиіс еді [16].

1.2. Таяу Шығыс шиеленісіндегі араб-израиль соғыстары.
1947 жылы қаңтарда Англияның шақыруымен арабтар мен еврейлердің
(соңғысы бейресми түрде) қатысуымен Лондонда өткен конференция нәтижесіз
аяқталды. Ақпан айында Англия Палестинаны араб және еврей халқын жартылай
автономияға бөліп, бес жыл бойы толықтай ағылшын әкімшілігінің қол астында
болуды көздеген “Бевин жоспарын” ұсынды. “Бевин жоспары” арабтар тарапынан
да қолдау тапқан жоқ. Англияның бұл әрекеті Палестинада болып жатқан
оқиғаларды барлық жағдайды қолдап отырып тоқтатуға және елде билік
жүргізуге көзделген. Осы мақсатқа сүйене, екі жақтан да қолдау таппаған
Англия Палестина мәселесін БҰҰ-на ұсынатындығын жариялайды. Бұның өзі
мандат тәртібінің күл-талқан болғандығын білдіреді, әрі мұны ағылшындардың
өздері мойындады [17].
БҰҰ-на ұсыныс білдірген Англия АҚШ-тың Палестинаға және жалпы Таяу
және Орта Шығысқа қатысты экспансионистік мақсаттарын күрделендіріп,
арабтар мен сионистер арасынан компромис табамыз деп күткен еді. Екі қауым
арасында келісімге қол жеткізбеген жағдайда, Англия өзінің еркін әрекетін,
яғни өз шарттарын жүргіземін деп үміттенген. Соңында Вейцман былай деп
жазды: “ағылшындардың жоспарында БҰҰ-ы еврей мемлекетінің құрылуын
жақтайтындығы жоқ еді” [18].
Бұл БҰҰ –на Палестина мәселесін талқылау кезінде Англияның позициясын
айқындады. Англия БҰҰ-ның әрбір шешімін ұсыныс ретінде ғана қабылдады. Олар
тек араб-еврей келісіміне басшылық етуге дайын еді, бірақ оған қол жеткізе
алмады. БҰҰ-ның 1947 жылы 28 сәуір – 15 мамыр аралығында шақырылған арнайы
сессиясында Англияның күн тәртібіне енгізген мәселесі Палестина мәселесін
қарауға, Ассамблеяға Жарғының 10 бабының негізінде Палестинаның болашақ
өкіметіне байланысты ұсыныс болды.
Осы кезде Араб мемлекеттерінің делигациясы өздерінің мандатын
тоқтатып, Палестинаның тәуелсіздігін жариялауға ұсыныс жасады. Алайда оны
ағылшын-американ блогы қолдаған жоқ. Араб мемлекеттерінің позициялары
территорияға араб мемлекетін құру.
АҚШ қандай жағдайда да Таяу Шығыста өз мақсатына жетуді көздеді.
Американдық делегация күн тәртібін қысқартуға дауыс беріп, Англияны
қолдайтындығын білдіртті, содан кейін БҰҰ-ның Еврей агенттігі мен Жоғары
Араб комитетінің сессиясының жұмысына қатысуға шақыруды ұсынды.
Кеңес Одағы араб және еврей халықтарының мүдделерін басшылыққа ала
отырып, кешіктірмей Палестинаның тәуелсіздігін жариялауды талап етті. Бас
Ассамблеяның арнайы сессиясында КСРО халықаралық қауіпсіздікті ескермей,
Палестинада Араб – Еврей федеративті мемлекетін құруды ұсынды. Бірақ бұл
ұзақ уақыттан бері үстемдігін жүргізіп келе жатқан империалистік пиғылдағы
саясаттың салдарынан орындалуы мүмкін емес еді. Сондықтан да Палестинаны
бір-біріне тәуелсіз екі мемлекетке бөлу арқылы жүзеге асыру қажет болды.
БҰҰ-ның 1947 жылы 15 мамырда өткен өзінің шешуші арнайы сессиясы қарар
қабылдады. Ол бойынша Палестина мәселесін бақылап, зерттеуге құрамына 11
мемлекет енетін БҰҰ-ның арнайы комиссиясы құрылды. Оның құрамына ұлы
державалар енген жоқ. Бес араб мемлекеті бұл комиссияның құрылуына қарсы
дауыс берді.
Палестина мәселесі бойынша құрылған арнайы комиссия осы жылдың 26
мамырында елде зертеу жұмыстарын бастап, 31 тамызда өз қорытындысын жасады.
Комиссия ұсынысында қысқа мерзім ішінде Палестинаның тәуелсіздігін тану
ұсынылды. Ауыспалы кезеңде елдегі жағдайға (БҰҰ-ның бақылауымен), оның
экономикалық тұтастығын сақтауға және діни орындарды қорғауға
жауапкершілікті БҰҰ өз мойнына алды.
Палестинаның мемлекеттік құрылымына байланысты мәселелерде комиссия
ортақ пікірге келген жоқ. “Көпшілік жоспары” елді араб және еврей
мемлекеттеріне бөліп, Иерусалимді халықаралық бақылауға алуды ұсынды. Бұл
жоспар Канада, Чехословакия, Гватемала, Нидерланды, Перу, Швеция, Уругвай
тарапынан қолдау тапты. Азшылық дауысқа ие болған мемлекеттердің (Үндістан,
Иран, Югославия) ұсынысы бойынша Араб және Еврей екі автономиялық
бөліктерден тұратын бірыңғай федеративті мемлекет құрып, астанасын
Иерусалим етуге ұсыныс жасайды. Палестинаны бөлуге байланысты қорытынды
жасаған БҰҰ-ның комиссиясы Палестина мәселесінің шешім бола алмайтындығын
ескере келе “жалпы ұсыныс” жариялады. Арнайы комиссияның “жалпы ұсынысы”
көпшілік ұсынысымен бірге 1947 жылғы 29 қыркүйектен бастап Палестинаны бөлу
туралы БҰҰ-ның қарары негіз болды [19].
Бас Ассамблеяның кезекті сессиясында (қыркүйек – қараша 1947 ж)
Палестина мәселесін қарастыратын БҰҰ-ның арнайы комиссиясының баяндамасын
талқылауда Палестина жағдайы одан әрі қиындай түсті. Сионистік экстремистер
терроризмі кең етек жайып, олардың әрекеттері ашық қарулы көтерілістермен
жиі көрініс тапты. Маусым айында Палестинаның жоғары комиссары Каннингхэм
еврей қауымы “террористік топтардың заңсыз және нәтижесіз әрекеттерін”
қолдайтындығын жариялады. Өз кезегінде қалған командованиесі Палестинада
еврейлердің жер участоктарын сатып алуына және еврей иммиграциясына кедергі
жасайтын Англияға қарсы екендігі айқын. Арабтардың тарапынан көрсетілетін
қандай да бір соққыға қарсы еврейлік Палестинаны қорғауға қағанның
жеткілікті күші бар екендігі жарияланды.
БҰҰ-ның арнайы комиссиясы елдегі жұмысын бастауына қарсылықтың белгісі
ретінде Палестинаның араб тұрғындары жалпы көтеріліске шықты. Қарсылық
көтерілісі Сирия мен Ливанда да кең етек жайған еді.
Еврей иммигранттарын елге заңсыз кіргізуді сионистердің үлкен
талпынысы олардың Англиямен қарым-қатынасын қиындата түсті. “Эксодус”,
“Ишват Цион”, “Медина Иврит” және т.б. кемелердің көмегімен дебул әрекеттер
кеңінен атқарылған. Бұл кемелер ағылшын билеушілерімен қолға түсіріліп,
жолаушыларымен бірге Каирға аттандырылды. Сол кезде еврей қарулы отрядтары
ағылшын оккупациялық әскеріне қарсы шабуылын күшейте түсті. Ресми
деерктерге сүйенсек, 1945 жылы 1 тамыздан 1947 жылы 30 маусымға дейінгі
кезеңде ағылшындар Палестинада 100-ге жуық адамынан айырылған.
Қазан айында қауым палатасында Бевин араб мемлекеттерін қаруландыру
міндеттерін Англия өз мойнына алатындығын жариялады. Сол кезде еврейлерді
американдықтар қарумен қамтамасыз ететіндігі хабарланды. Бас Ассамблеяның
екінші сессиясына дейін осылайша күш бөлінісі анықталған, осы сессияда АҚШ
пен Англия тек өздерінің көзқарастарын растады.
1947 жылы 29 қарашасында БҰҰ-ның арнайы комиссиясының “жетеудің
жоспарын” негізге ала отырып, Бас Ассамблея экономикалық одақтық негізінде
Палестинаны араб және еврей мемлекеттеріне бөлу туралы мандатты бекіткен
жоқ. Қарар жобасын 33 мемлекет құптады, оның ішінде АҚШ пен КСРО бар, ал 13
мемлекет қарсы шықты және 10-ы ешқандай пікірді қолдамады, оның бірі
Англия. Бас Ассамблеяның қарарында былай делінген: “Палестина мандатының
әрекеті қысқа уақытқа қалдырылуы мүмкін, әйтсе де 1948 жылдың 1 тамызынан
кеш емес” [20].
Араб мемлекетін бөлу туралы жоспар бойынша Палестинаның 43%
территориясы, яғни, 11,1 мың шаршы км. бөлінді, оған төмендегі үш бөлік
жатады: елдің орталық және шығыс бөлігі, Батыс Галилея және Ашдода мен
Газаның оңтүстігіне қарай бағытталған жағалау бөлігі, сонымен қоса Яффа
қаласы. Еврей мемлекетіне берілетін 14,1 мың шаршы км. (56%) территоиряға
үш бөлік кіреді: Шығыс Галилея және Хайфаның жағалауы мен Яффаның
оңтүстігіне созылып жатқан Эздрелон жазығы және Негев шөлінің көп бөлігі.
Еврей мемлекетінің тұрғындарының тең жартысы арабтар, соғыс осы
территоирияның басым бөлігіне иелік еткен. Иерусалим қаласы және Вифлеем
БҰҰ-ның юрисдикцияның бақылаындағы халықаралық аймақ болып жарияланды. Екі
мемлекеттің құрылуы Палестинадан ағылшын әскерін шығарғаннан кейін екі
айдан соң жариялануы керек. Мемлекеттердің демократиялық дамуын
демократиялық конституция қамтамасыз етуі керек.
Бұл шешімдер Палестина мәселесін шешудегі басқарушы принцип ретінде
айқындайтын ұлт құқығы принципін айғақтайды. Бас Ассамблеяның екінші
сессиясында кеңес делегаты мәселенің мәнісін төмендегідей түртіп көрсетті:
“...көпшілік жалғастырған жоспарға тоқтауымыз керек... осы шарттарда
басымдылық танытқан жоспар ретінде” [21].
Палестинаны бөлу туралы БҰҰ-ның қарарына қарсы дауыс берген 13
мемлекеттің құрамына алты араб және бес Азия мемлекеттері және де Греция
мен Куба енді. Араб мемлекеттеріне: Египет, Сирия, Ирак, Ливан, Сауд
Арабиясы және Йемен кірсе, Азия мемлекеттері: Түркия, Иран, Үндістан,
Пәкістан және Ауғаныстан болды. Г.Ленцовский осы мәселе барысында, бұрынғы
отар Азия мен Таяу Шығыстың барлығы қарарға қарсы болғандығын жазған [22].
БҰҰ-да Палестина мәселесіне араб және азия мемлекеттерінің позициясы
үш жағдайда қарастырылды: біріншіден, бұл мемлекеттердің саяси жігі
антиотарлық; екіншіден, олар еврей мемлекетінің құрылуына қарсы;
үшіншіден, араб – азия мемлекеттерінің өкілдері өзіндік шешімдері
өскендігін, Азия континентінің халқы көрген дәуірдің жаңа бастамасы туралы
нық сөзі дәлел болды.
Араб Және Азия мемлекеттері мандаттың ликвидацияға ұшырап,
Палестинаның тәуелсіздігін жариялауды бірауыздан қолдады. Жоғарыда
айтылғандай, 1947 жылы мамырда өткен сессияда бұл мәселені бес араб
мемлекеті ұсынып, қалған азиялық мемлекеттері тарапынан қолдау тапты.
Палестинада түгелдей еврей мемлекетін құру туралы мәселені сионистер
ХІХ ғасырдың соңында көтергенін ескерген жөн, ол кезде елде еврей халқы жоқ
деуге болатын, яғни бөліну кезінде олар елдің үштен бір, ал арабтар үштен
екі бөлігін құрайтын. Еврей агенттігі БҰҰ-да Палестинаның еврей халқы
атынан, сонымен қатар, Нью-Йорк орталығымен байланысты әлемдік сионистік
ұйым ретінде сөз сөйледі. Еврей агенттігінің атынан, әлемдік сионистік ұйым
атынан Бас Ассамблеяның сессияларында АҚШ-тың ресми азаматтары, американ
сионизмінің көшбасшылары Сильвер мен Норман сөз алған.
1948 жылғы соғыс. 1948 жылы 11 мамырда Ұлыбритания күтпеген жерде
Палестинаға мандатының жойылғандығы туралы жариялап, 14 мамыр күні өз
әскерлерін алып кетеді. Соны пайдаланған еврейлер 14-нен 15-не қараған түні
Израиль мемлекетінің құрылғандығын жариялайды. Оны сәуірде құрылған
еврейлердің Ұлттық Кеңесі жариялайды. Бірінші президенті болып Хаим Вейцман
сайланады. Келесі күні бірінші араб-израиль соғысы басталды.
15 мамырда Сирия, Египет, Ливан, Ирак және Трансиордания әскерлері
Палестинаға кірді. Сауд Аравиясы мен Йемен де Израильге қарсы соғыс
жариялады. Араб елдерінің әскерлері 21 мың ғана болса, еврейлердікі 65 мың
болды. Соғысты негізінен араб жағы бастаса да, оның алғышарттарын жасаған-
еврейлер. Яғни, бұл соғыс арабтар шыдамының соңғы тамшысы еді және ол
бірінші араб-израиль соғысына әкелді.
Алғашында әскери қимылдар кезек сәттілікпен өтті, яғни бірде
Израиль әскерлері жеңсе, бірде араб әскерлері де біраз жерлерді жаулап
отырды. Мамырдың аяғында Араб легионы Палестинаның орталық бөлігін,
Иерусалимнің ескі бөлігін және Раммалахты, Ирак әскерлері Набиус, Дженин
және Туль-Кармды, Египет әскерлері Беэр-Шевуды жаулап алды. Бірақ, көңіл
аударатын жайт-араб мемлекеттерінің әскерлері бүкіл соғыс барысында еврей
мемлекетіне берілген территорияларды алмады. 1948 жылы қыркүйекте Араб
елдерінің Лигасы шешімімен Бүкіл Палестина үкіметі немесе Газа үкіметі
құрылады, оның басында Хильми-паша тұрады.
Алайда, 1948 жылдың күзінен бастап, соғыс фронтындағы жағдай
өзгереді, Израиль әскерлері желтоқсанның аяғына қарай Палестинаның көп
бөлігін оккупациялады.
Нәтижесінде соғыста арабтар жеңілді, оның бірнеше себептері болды:
1) Бұл соғыс көптеген ғасырлар бойы отар болған, жаңа ғана
тәуелсіздігін алған араб мемлекеттері мен Ұлы державалар қолдап отырған
сионизм арасында болды. Әрине Израиль әскерлері арабтарға қарағанда мықты
болды, себебі оған АҚШ қаржылай және қару-жарақпен де жақсы көмектесті.
2) Англия және Ирак, Египет, Трансиордания қол қойған келісімге
байланыты араб мемлекеттерін қару-жарақпен қамтамасыз етуде Ұлыбритания өз
мойнына алды, яғни олар қаруды тек Англиядан алу керек болатын. Ал,
ағылшындар өз алдына арабтарға қару-жарақ беруге асықпады, себебі ағылшын
үкіметі бұл қару келешекте өзіне қарсы бағытталады деп қорықты;
3) Соғыс барысында жасалған бітімдер БҰҰ-ғы ағылшын-американ блогының
күшімен Израиль пайдасына шешілді.
Бұл бітімдер туралы нақтырақ айта кетсек, олар дүниежүзілік
қауымдастықтың Таяу Шығыста бейбітшілік орнатудың алғашқы әрекеті болды.
Қауіпсіздік Кеңесінің 4 және 13 қарашадаға қарарларына сәйкес, екі
мемлекетте де соғысты тоқтатып, келіссөздер арқылы бейбіт келісімге келуге
керек болатын. Ол үшін Египет, Сирия, Трансиордания және Ливан өкілдері мен
Израиль өкілі Грецияның Родос аралында келіссөздер жүргізуді бастады. Бұл
“Родос формуласы” деген атқа ие болды. Оның негізінде 4 бітім-шартқа қол
қойылды: 1) Египет-Израиль арасында (1949 жылы 24 ақпан), 2) Ливан-Израиль
арасында (1949 жылы 23 наурыз), 3) Иордания-Израиль арасында (1949 жылы 3
сәуір), 4) Сирия-Израиль арасында (1949 жылы 20 шілде). Әр келісімнің
преамбуласында бұл бітім-шарттың уақытша екендігі және шекаралық
сызықтардың да, яғни демаркациялық сызықтардың да уақытша екендігі айтылды.
Бірақ, уақытшадан тұрақты ештеңе жоқ екендігі белгілі. Оның айқын мысалы-
сол кезде уақытша белгіленген сызықтар бүгінгі күні Палестина және Израиль
арасындағы шекара болып табылатыны.
Сонымен, соғыс барысында Израиль өзіне қосымша 6,7 мың шаршы шақырым
жерді қосып алды, яғни Палестина арабтарына берілген территорияның 60%-ы.
Палестина араб мемлекетінің құрылмаған басты себебі де осыған байланысты.
Ал, қалған 40%-ын Иордания мен Египет өзара бөлісіп алды. Яғни,
Трансиордания Шығыс Палестинаны алып (59,5 мың шаршы шақырым жер), Иордания
болып өзгерсе, Египет Газа аймағын және Эль-Ауджа қаласын қолына түсірді
(258 шаршы шақырым). Бұл да келісімдер бойынша уақытша, яғни Палестина өз
тәуелсіздігін алғанға дейін ғана болды.
Араб – Израиль қақтығыстарын реттеудегі БҰҰ-ның қызметі қандай болды
және шиеленісті қалай шешуге тырысты деген сұрақтарға жауап іздеу
мақсатында төмендегі мәліметтерге үңіліп көрейік. 1948 жылы ақпан айының
басында Жоғарғы Араб комитеті керек болған жағдайда күш қолдану арқылы
болса да, еврей мемлекетінің орнауына кедергі болатындығын ашық жариялады.
АҚШ тарапынан жаңа мемлекетті дипломатиялық мойындау туралы шешім Бас
Ассамблея сессиясының көптеген қатысушылары үшін күтпеген жағдай еді. Әйтсе
де, жаңа мемлекет – Израиль Батыстың саяси – стратегиялық приоритеттер
жүйесіне тез енді. №181 (ІІ) қарарда қарастырылғаннан екі ай бұрын Израиль
мемлекетінің жариялануымен, Палестина үшін құрылған БҰҰ-ы комиссиясы екі
ұлттық қауымның мүддесін қолдану аясында өз билігін тоқтатты. Суверенді
мемлекет пайда болуымен, Бас Ассамблеяның Бірінші комитеті БҰҰ-ның бұл
аймақта бейбітшілікті орнату міндетін атқаратындығы жайлы қарар қабылдады
[22].
Палестинадағы жағдайға орай, Израильдің тәуелсіздігін жариялауы
нәтижесінде елде алғашқы 200 мың араб босқындары пайда болды. Араб
азаматтарына қарсы сионистік террор күшейе түсті, оның айқын көрінісі 1948
жылы сәуірде Дейр-Яссин ауылының тұрғындарымен болған қантөгісі еді. БҰҰ-
ның шешімінің VII тарауында қарастырылған Палестина жағдайына сәйкес,
Қауіпсіздік Кеңесі ұрысты 36 сағат ішінде тоқтатуға шақырды. Қақтығысты
тоқтатуға Израиль төмендегідей шарт қойды: майданның әртүрлі аймақтарындағы
жағдайларға байланысты әскери тактикалық жинақтық және қиын-қыстау жағдайда
бейбітшілік орнауын қарастырған 1948 жылғы 29 мамырдағы жаңа қарарға дауыс
берген қауіпсіздік кеңесінің тұрғылықты өкілдерімен қатынасты бұзбау
талаптары. Қарардың келесі жобасы Палестинадағы БҰҰ-ның байланыстырушы
міндетін атқара маңыздылыққа ие болды, оған Халықаралық Қызыл Крест
комитетінің вице-президенті Ф.Бернадотт (Швеция) шақырылды. Ол “консулдық”
комиссиямен ынтымақтастық бекітіп, палестина үшін ұрысты тоқтатуға міндетті
еді.
Араб мемлекеттерінің үкіметтері қақтығысты тоқтату шешімінің
бірауыздылығына күдіктене, ұрыс тоқтаған жағдайда Израиль өз мүддесі үшін
пайдаланып кетеді деп қауіптенді. Ф.Бернадотт №181 (ІІ) қарарды ғана емес,
шынайы компромистің негізінде қызығушылық танытып отырған жақтармен тікелей
келіссөздер жасауды өз міндеті деп санады және екі жақ та әскери status –
guo-ны қолдаудағы келісімді бұзып отыр деген қорытындыға келді. Осыған
орай, АҚШ-тан қысқа уақыт ішінде, негізінен израильдік BBC және ВМФ-ке
қызмет ететін қару-жарақтар, атыс құралдары және ең бастысы ақша келіп түсе
бастады. Американ баспасөзінің таратқан ақпараты бойынша, айдың соңына
қаарй Израиль қарулы күштері иммигрантар есебінен өз қорларын толықтырып,
шамамен 100 адамға жеткен.
1948 жылы маусымда Ф.Бернадотт №181 (ІІ) қарарына сәйкес емес саяси
реттеу жоспарын екі жақтың қайта қарастыруын ұсынды, ол Палестина мен
кейбір шекаралық аймақтардың өзгеруіне байланысты трансиорданияның одақтасу
идеясына негізделген. БҰҰ мен байлыстырушы Хайфты тәуелсіз порт ретінде
жариялауды, мұсылмандар, христиандар және иудейлердің қасиетті орындарға
еркін барып тұрулары шартымен Иерусалимді араб билеушілеріне беруге ұсыныс
жасады, мұндай ұсынысты әрине, Израиль қабылдамады. Бұл жағдайда өкілдер өз
шекараларын “қауіпсіздігі жеткіліксіз” деген тезисті алға қойды. Араб
кұштері лагерінде, әсіресе АЕЛ арасында Бернадотт жоспарын қабылдау
мәселесіне қарсы және Палестинаның араб территориясындағы азаматтық
басшылықтың құрамына байланысты мәселелер дау туғызды. Соңында Израиль
әскери жеңілістерін және араб жеңістерін насихаттайтын, мұсылман
тұрғындарынң қолдауын тапқан Иерусалим мүфтиі басқаратын топ жеңіске жетті.
1948 жылы 7 шілдеде Қауіпсіздік Кеңесі қақтығысты тоқтатуға қол
жеткізді, бұл кезде ұрысты тоқтату кезеңі анықталмаған еді. Бұл мәселенің
шешімі іс жүзінде БҰҰ байланыстырушысының қарастыруына ұсынылған. БҰҰ-ның
шешіміне сәйкес, екі жаққа да санкция қолданылатындығын бұйырғандықтан,
1948 жылғы ұрыстың екінші мәрте тоқтатылғандығын ескерген жөн. Күзде
президент сайлауы жоспарланған. АҚШ-тағы жағдайды пайдаланып, Израиль
басшылығы өз тарапынан Палестинаны бөлу туралы қарарға және оның
территориялық аспектілеріне қанағаттанбайтындығын ашып жайып салды.
Бернадоттың Палестинаны реттеу туралы екінші жоспары төмендегідей
мазмұндалған: яғни, БҰҰ-да бейбітшілік жұмыстарын қуатты түрде рәсімдейтін
арнайы комиссияның құрылуы және палестиндік босқындарды мүмкіндігінше туған
жерлеріне қайтаруды қамтамасыз ететін, Иерусалим үстінен БҰҰ-ның бақылау
орнатуын ұсынған. Бастапқыда бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Халықаралық қатынастардағы аймақтық қауіпсіздік мәселелеріндегі орта шығыс
Дүниежүзінің саяси картасы
БАСҚЫНШЫЛЫҚ СОҒЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ҮЛГІДЕГІ ТАЯУ ШЫҒЫС
Хатшылық және Халықаралық ислам
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
АҚШ-тың қазіргі саясаттағы ролі (соңғы 10 жыл)
Қазіргі таңдағы әлемнің шиеленіс аймақ елдеріндегі жалпы саяси жағдай мен мәселелер, оларды бейбіт түрде шешу жолдары
Этностық топ пен мемлекет арасындағы шиеленіс
Таяу Шығыс мәселелерін реттеудегі Египеттің ұстанымы
Пәндер