Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Аудиовизуальды құжаттардың ерекшеліктері
І. 1.Аудиовизуальды құжаттарды сипаттау ... ... ... ... ... ...7
І.2.Ғылыми.анықтамалық аппараттын
құрудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ.Кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаттарында
аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың
жаңа әдіс.тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ.2. “Мәдени Мұра” және “Асыл Мұра” бағдарламалары аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың даму үрдісі ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ.Аудиовизуальды мұрағаттарда құжаттарды
пайдаланудың заңдық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Қысқартылған сөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егемендігіміздің шынайы көрінісі ретінде қоғамның өз тарихымызға деген қызығушылығы мен сұранысы соңғы кездері арта түсуде. Бұған Қазақстан Респуликасының Орталық Мемлекеттік Мұрағат қорларындағы құжаттардың құндылығы ғана емес, сол сияқты бүгінгі қоғамның ақпараттанған жүйесінің де әсері мол. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту мұрағаттың басты міндеті болып отыр. Оған қол жеткізудің ең тиімді және ыңғайлы түрі мұрағат ісін ақпараттандыру болмақ. Қазіргі кезде мұрағат ісін ақпараттандырудың мүмкіндіктері көптеген зерттеушілердің зерттеу обьектісі болумен қатар, ҚР ОМ мұрағатының “2001-2005 жылдар аралығында мұрағат ісін жетілдіру” тұжырымдамасында да ерекше орын алады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылы қабылданған “Мәдени мұра” бағдарламасы аясында Қазақ Мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу мұрағаты қорында сақталған әйгілі әншілеріміз бен атақты орындаушыларымыздың, белгілі ғылым мен мәдинет қайраткерлерінің дауысын осы заманғы аудеотаспалар мен дискілерге жазып қалдыру ісін қолға алу мәселесін көтерді.
Мұрағат ісін ақпараттандыру мәселесін мәдени мұрамен байланыстыра қарастыруымыздың бір себебі, ақпараттанған қоғам мүшесін ақпараттық жүйеде ретроспективті құжаттармен қамтамасыз етудің маңыздылығына байланысты болып отыр. Сонымен бірге, мәдени мұраның мәйегіне айналған рухани байлықтарымыздың көзі болып табылатын мұрағат құжаттарының, соның ішінде аудиовизуальды құжаттардың перспективасына мән беру қажет.
1.Кузин А.А.Кинофотофоноархивы, - М,1960г. б.195.
2. Бюхер П. Юридические проблемы использования и копирования аудиовизуальных архивов // “Материалы ХІ международного конгресса архивров”. -М,1989 г. б.189.
3.Ôóðìàíîâà È.Ì. Êèíîñáîðíèêè êàê îäíà èç ýôôåêòèâíûõ ôîðì èñïîëüçîâàíèÿ.// “Ìàòåðèàëû êîíôåðåíöèè”. – Ì, 1979 г. б.
4.Êðèâîøåèí Ë.Í. Îá èñïîëüçîâàíèè ÊÔÔÄ. // «Âîïðîñû àðõèâîâåäåíèÿ».1963. №1.б.13.
5. Жигунов В.М. Оснавные направления научных исследований и прикладных разработок ВНИИДАД по НТД и КФФВД // «Советские архивы». 1980. №1.б.45.
6.Седова О.Л. Хранение фонодокументов// «Советские архивы». 1975, №6, б.43.
7.Сексенбаева Г.А.Методика работы с архивными документами - А, 1996 г. 49.
8.Сексенбаева Г.А.Центральный государственный архив кинофотодокументов и звукозаписей Республики Казахстан: история и современность. // «Қазақстан мұрағаттары». 2005. №1(1). б.113-128.
9.Сеитова А.Ф. Архив и музыкальное наследия. // «Архивы Казахстана». 2001. №1 (27).б.111-112.,
10. Нурпеисова Г. Ты слушай певца. // “Простор”.2003.б.9.
11.Н.Ә.Назарбаев. Мәдени мұра» бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс. // «Егемен Қазақстан». 2003, 29- қараша.
12. «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңы // САПП РК № 258/ 1998 г.
13. «2001-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұрағат ісін дамыту» тұжырымдамасы.// Сборник нормативно- провавых актов РК.- Астана, 2000.
14. «Асыл Мұра» бағдарламасы.// ҚР ОМ КФДЖ, 1979- қор, 1- тізбе, 25- іс, 3-4 п.
15.Центральный государственный архив кинофотодокументов и звукозаписей Комитета информации и архивов Министертва культуры, информации и спорта Республики Казахстан. Годовые отчеты архива за 2003, 2004 годы.
16. http://www.archіves.ca, http://www.abamedіa.com/rao/, http://nut.adm.nsaru/gas, http://hіst.dcnasu.ru/mcaa/іndex.html.
17.Отбор на постоянное хранение аудиовизуальных документов.Методические рекомендации.- Москва, 2004г. б.4.
18. Кушнаренко. Документоведения- Киев, 2001. Б. 56.
19. Сеитова А.Ф. Память в кадрах и звуках. // «Архивы Казахстана». 1996. №1 (18).б.28-35.
20.www.kazarchives.kz.
21.Сексенбаева Г.Центральный государственный архив кинофотодокументов и звукозаписей республики Казахстан: история и современность.// Қазақстан мұрағаттары.2005.№1(1).113-б.
22. Управление региональной экономикой и подготовка специалистов: взгляд в ХХІ век (Материалы международной научно – практической конференции). Шымкент, 2003. б. 296.
23.Сеитова А.Ф.Архив и музыкальное наследия.// Архивы Казахстана. 2001. №1 (27). 111-б.
24. Инструкция о порядке отбора и передачи на государственное хранение кинодокументов и видеофонограмм. 23.04.2001г. № 22. // СПС ЮРИСТ. 21.03.2005.
25. Инструкция о порядке отбора и передачи на государственное хранение особо ценных аудиовизуалных документов. 6.04.2004г. //СПС ЮРИСТ. 21.03.2005.
26. «Правила работы исследователей в читальных залах государственных архивов Республики Казахстан». //2- октября 2000 г. №58.
27. Сонда. //ҚР МІҒТАО-ның Анықтамалық- ақпараттық қоры.Инв № 3166.
28.Инструкция о порядке обслуживания иностранных граждан в архивах Республики Казахстан. - А,1996.// ҚР МІҒТАО-ның Анықтамалық- ақпараттық қоры.Инв № 2950.
29. Инструкция о порядке отбора и передачи на государственное хранение особо ценных аудиовизуалных документов. 6.04.2004г. //СПС ЮРИСТ. 21.03.2005.
30. Инструкция о порядке запросо социально- правового характера, поступающих из- за рубежа // www.kazarchives.kz.

Пән: Мұрағат ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І. Аудиовизуальды құжаттардың ерекшеліктері
І. 1.Аудиовизуальды құжаттарды сипаттау ... ... ... ... ... ...7
І.2.Ғылыми-анықтамалық аппараттын
құрудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

ІІ.Кинофото және дыбыс жазбалары мұрағаттарында
аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың
жаңа әдіс-тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ.2. “Мәдени Мұра” және “Асыл Мұра” бағдарламалары аудиовизуальды
құжаттарды пайдаланудың даму үрдісі
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ.Аудиовизуальды мұрағаттарда құжаттарды
пайдаланудың заңдық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 4

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37

Қысқартылған сөздер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Егемендігіміздің шынайы көрінісі
ретінде қоғамның өз тарихымызға деген қызығушылығы мен сұранысы соңғы
кездері арта түсуде. Бұған Қазақстан Респуликасының Орталық Мемлекеттік
Мұрағат қорларындағы құжаттардың құндылығы ғана емес, сол сияқты бүгінгі
қоғамның ақпараттанған жүйесінің де әсері мол. Осыған сәйкес бүгінгі қоғам
мүшелерін ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану
мүмкіндіктерін кеңейту мұрағаттың басты міндеті болып отыр. Оған қол
жеткізудің ең тиімді және ыңғайлы түрі мұрағат ісін ақпараттандыру болмақ.
Қазіргі кезде мұрағат ісін ақпараттандырудың мүмкіндіктері көптеген
зерттеушілердің зерттеу обьектісі болумен қатар, ҚР ОМ мұрағатының “2001-
2005 жылдар аралығында мұрағат ісін жетілдіру” тұжырымдамасында да ерекше
орын алады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылы қабылданған “Мәдени мұра”
бағдарламасы аясында Қазақ Мемлекеттік кинофотоқұжаттар және дыбыс жазу
мұрағаты қорында сақталған әйгілі әншілеріміз бен атақты
орындаушыларымыздың, белгілі ғылым мен мәдинет қайраткерлерінің дауысын осы
заманғы аудеотаспалар мен дискілерге жазып қалдыру ісін қолға алу мәселесін
көтерді.
Мұрағат ісін ақпараттандыру мәселесін мәдени мұрамен байланыстыра
қарастыруымыздың бір себебі, ақпараттанған қоғам мүшесін ақпараттық жүйеде
ретроспективті құжаттармен қамтамасыз етудің маңыздылығына байланысты болып
отыр. Сонымен бірге, мәдени мұраның мәйегіне айналған рухани
байлықтарымыздың көзі болып табылатын мұрағат құжаттарының, соның ішінде
аудиовизуальды құжаттардың перспективасына мән беру қажет.
Сол үшін де бүгінге дейінгі көтеріліп келген және болашақта да өзекті
мәселе тұрғысында зерттеле бермек мәселеге баға беру, талдау және оның
“Мәдени мұра” бағдарламасымен байланысын, құжаттардың қоғамды
ақпараттандырудағы рөлі, сонымен қатар аудиовизуальды мұрағат ісі мен
интернет жүйесінің мүмкіндіктері саралануы тиіс. Ақпараттандырудың
Қазақстандағы бүгінгі күнгі жағдайы, аудиовизуальды құжаттардың дәстүрлі
құжаттарға қарағанда тиімділігі, интернет жүйесінде мұрағат құжаттарын
пайдаланудың мүмкіндіктерін пайымдау арқылы Орталық Мемлекеттік
Мұрағаттың интернеттегі сайтының қызметіне әлемдегі өзге де мұрағат
сайттарымен салыстыра баға беру де маңызды.
Себебі мұрағаттардағы кинофотоқұжаттар мен дыбыс жазу құжаттарын
(КФДЖ) үнтаспадан аудеокасетаға, дискіге көшіру тікелей бүгінгі
ақпараттандырылған технологиясыз іске аспайды. Және сырттан алынатын көне
тарихымызға қатысты құжаттар, қолжазбалар мен деректер көптеген елдерде
магниттік дискілерге, компакт - дискілерге сақталған күйінде жеткізілсе,
оларды қазіргі таңдағы Қазақстан мұрағаттарында сақтау аса күрделі іс
болары сөзсіз. Сондықтан да көтеріліп отырған проблеманың алдын алу үшін
және отандық мұрағаттардың бүгінгі таңдағы техникамен жабдықталуы,
ақпараттандыру саласын жетілдіру мәселесінің сөз болуы заңды құбылыс.
Зерттеліп отырған тақырыптың мақсаты – Қазақстан Республикасының
Орталық Мемлекеттік Кинофото құжаттары және дыбыс жазбалары (ҚР ОМ КФДЖ)
мұрағатындағы материалдарды жаңаша әдіс - тәсілдеріне зер сала отырып,
заңдық және нормативтік - құқықтық актілер негізінде пайдаланудың даму
үрдісін зерделеу.
Алға қойған мақсатымызға жету барысында бірнеше міндеттер негізінде
жұмыс жасалынды. Біріншіден, аудиовизуальды құжаттарға сипаттама берумен
бірге ҚР ОМ КФДЖ мұрағатында аудиовизуальды құжаттарға ҒАА құру
ерекшеліктеріне тоқталдық.
Екіншіден, аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың даму үрдісін
көрсету мақсатында оларды пайдаланудың жаңаша әдіс- тәсілдеріне назар
аударылды.
Үшіншіден, ОМ КФДЖ мұрағатының материалдарын пайдаланудың және
көшірмесін алудың заңдық және нормативтік құжаттық актілер негіздеріне шолу
жасалынды. Аудиовизуальды құжаттардың дәстүрлі құжаттардан ерекшелігі және
оларды пайдаланудың тиімділігі мен перспективалары көрсетілді.
Қарастырылып отырған мәселенің тарихнамасына келетін болсақ,
аудиовизуальды құжаттарды пайдалану, сақтау, құндылығын сараптау сынды
мәселелер Ресей мұрағатшыларының еңбектерінде көрініс тапқан. 1960 жылы
жарық көрген А.А.Кузиннің “Кинофотофоноархивы” [1] монографиясында және
өзге де мақалаларында аудиовизуальды мұрағаттардың сол кездегі жағдай және
оның ерекшеліктері талданған. Ресей мұрағатшы мамандары мен ғалымдары
аталған мәселені конференциялар мен халықаралық конгрестерде мұрағат
саласының сан- қилы проблемаларына тоқталып, олардың шешілу жолдарын
қарастырған. Әсіресе П. Бюхердің [2], И.М. Фурманованың [3], көтерген
мәселелері күні бүгінге дейін өзектлігін жоғалтпай отыр. Л.Н.Кривошеин
“Вопросы архивоведения” журналында жарық көрген “Об исползовании КФФД” [4]
мақаласы аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың бірнеше
әдіс - тәсілдерін ұсынады. Сонымен бірге орыс журналдарында жарық көрген
Жигуновтың [5], Седованың [6] мақалалары арқылы жан- жақты қарастыра алдық.
Қазіргі таңда Қазақстанда мұрағат ісі саласында бұл мәселемен
арнайы айналысып жүрген зерттеушілердің бірі Г.А.Сексенбаеваның “Методика
работы с архивными источниками” [7] атты мононграфиясы және бірқатар
мақалаларын [8] атауға болады. ҚР ОМ КФДЖ мұрағатының директоры А.Ф.
Сеитованың [9] “Қазақстан мұрағаттары” журналында жарық көрген мақалалары
мен баяндамалары, Г.Нұрпеисованың [10] “Простор” журналына шыққан
мақаласына тоқталынды. Бұл зерттеушілер Қазақстан мұрағат ісінің
ерекшеліктеріне баса назар аудара отырып, аудиовизуальды құжаттардың
сақталуы мен пайдалану жүйесіне тоқталған.
“Мәдени мұра” бағдарламасы [11], “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар
туралы” ҚР заңы [12], “ 2001 - 2005 жылдарға арналған Қазақстан
Республикасының мұрағат ісін дамыту” тұжырымдамасы [13], “Асыл мұра”
бағдарламасы [14], және ОМ КФДЖ мұрағатында жасалған бірнеше бағдарламалар
мен жобалар негізінде жазылды. Бұл заңдық актілер ғылыми жұмыстың деректік
негізін құрайды.
Ғылыми жұмысты жазу барысында ҚР ОМ КФДЖ мұрағатының 2003 -2004
жылдардағы жылдық есебі [15], Қазақстан, Ресей және де шет ел
мұрағаттарының интернет сайттары [16] пайдаланылды.
Ғылыми жұмыс мұрағат ісіндегі тың мәселелерге арналғандықтан оның
қолдану аясының кең болуы заңдылық. Ғылыми жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
жекелеген бөлімдерден, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер мен
қысқартылған сөздер тізімдерінен және қосымшадан тұрады. Жұмыс ғылыми
мақала жазуда, дөңгелек үстелдерде, лекциялар мен семинарларда қолданылуы
мүмкін.

І. Аудиовизуальды құжаттардың ерекшеліктері
І.1 Аудиовизуальды құжаттарды сипаттау

Аудиовизуальды құжаттардың дәстүрлі құжаттардан басты айырмашылығы –
оның адамның сана - сезіміне тікелей әсер етуінде. Адам санасын еріксіз
билеп алатын аудиовизуальды құжаттар өз кезегінде шынайы ақпарат берумен
қатар, сақталуы жағынан тиімділігімен де ерекшеленеді. Жекелеген
адамадардың және оғамның өмірі әртүрлі удиовизуальды құжаттар кешенінде
көрініс береді [17].
Мәтіндік құжаттарға қарағанда аудиовизуальды құжаттардың үнемі дамып,
жетіліп отыруы оны жан - жақты зерттеуді міндеттейді.
Аудиальды (лат. audіre - есту) мен визуальды (лат. vіzere – көру)
екеуі қосылып аудиовизуальды (есту және көру) құжатты құрайды.
Визуальды құжаттарға: диафильмдер, диапозитивтер, слайдтар, тілсіз
кинофильмдер, эпифильмдер жатады. Аудиальды құжаттарға: грампластинка,
магниттік фонограммалар мен компакт дискілер кіреді. Ал екеуінің қосындысы
аудиовизуальды құжаттарға: кинофильмдер, диафонофильмдер, видеофильмдер
кіреді.
“Кинофотофоноқұжаттар” деген термин ғылымға 1980 жылдары енгізілді.
Жалпы бүгінге дейін кинофотофоноқұжаттар туралы арнайы жалпыға ортақ
анықтама берілмеген. Соған қарамастан, аудиовизуальды құжаттарға
келесідегідей анықтама беруге болады.
Арнайы бір техникалық жабдықтардың көмегімен бейнелі дыбысты ақпарат
беретін құжат түрін аудиовизуальды құжаттар [4.,3-8], деп атайды.
Кинофотофоноқұжаттарға жекелеп тоқталсақ, киноқұжаттар -
киномотографиялық жолмен жасалатын құжат түрі. Киноқұжаттардың материальдық
негізін көпқабатты полимерлі пленкалық жүйедегі кинопленка құрайды.
Киноқұжаттар диафильмдерден, кинофильмдерден және де видеофильмдерден
тұрады.
Диафильмдер арнайы тақырып бойынша рет-ретімен жинақталған позитивтік
фотографиялық бейнелердің кино және фотопленкадағы жинағы. Диафильмдерді
мұрағаттарда пайдалану мақсатында жиі қолданыста болмаса да, мұрағат
құжаттарын сақтау барысына жиі қолданылады.
Кинофильмдер (грек. kіneo- әрекеттемін, ағыл. fіlm - пленка) – арнайы
киноаппаратураның көмегімен экранға шығатын, кинопленкаға түсірілген
бірнеше фотографиялық бейнелердің жиынтығы [18].
Бұл кинофильмдерді бірнеше мақсатта қолданады. Ғылыми -көпшілік, оқу
процесінде, құжаттық, мультипликациялық мақсатта пайдаланады. Ғылыми -
көпшілік, оқу процесінде кинофильмдер 8 (16 мм пленкаларында түсіріледі.
Бұл құжаттарды арнайы дайындықсыз сәттерде де көруге мүмкіндік бар.
Киноқұжаттардың соңғы тасымалдаушы құралы CD және DVD дискілердің
видеофильмдерді жазуда және оларды пайдалануда алатын орны ерекше.
Диафильмдер мен кинофильмдерден видеофильмнің ерекшелігі оның
магниттік ленталарда сақталуы мен қатар, оптикалық дискілерде сақталуы және
видеофильмдерді тұрмыстық жағдайда пайдалану мүмкіндігінде. Мұрағаттарда
оларды ҒАА құру барысында видеотека немесе фильмотека деп каталогқа
енгізеді.
Қазақстан республикасының Орталық мемлекеттік Кинофото және дыбыс
жазбалары мұрағаттарында өте көп (87) [19], жинақталған аудивизуальды
құжаттар – Фотоқұжаттар. Фотографиялық жолмен алынған бір немесе бірнеше
бейнелі құжаттар фотоқұжаттарды құрайды. Фотоқұжаттар негативті және
позитивті болып екіге бөлінеді. Негативті фотолар - пленкада бейнеленеді,
ал позитивті фотолар - қағазда немесе шыныда.
Мұрағат қызметкерлерінің айтуына қарағанда, күмісқұрамдас эмульсті
фотолар мың жылға дейін сақталады. Ақ - қара түсті фотопленкалар мен
суреттер 10 жылдан 140 жылға дейін, ал түрлі - түсті суреттер 5 жылдан 30
жылға дейінгі аралықта сақталу мүмкіндігіне ие.
Фотоқұжаттар фотографиялардан және диапозитивтерден тұрады. Алғашында
ақ - қара түсті фотоқұжаттар уақыт талабына сай түрлі- түсті болып жетіле
түсті. Фотоқұжаттардың негізгі тасушылары- қағаздар, пленкалар және де
шынылар (слайдтар). Фотоқұжаттар мұрағаттарда фотосурет, диапозитив, слаид
түрінде сақталып, пайдаланушыларға арнайы фототекалық каталогтар жүйесі
бойынша әр түрлі мақсатта пайдалануға беріледі.
Түпнұсқалылығы дау тудырмайтын аудиовизуальды мұрағат құжаттары –
Фоноқұжаттар. Грампластинкаларда, фонграммаларда және компакт дискілерде
сақталынатын фоноқұжаттар әрқашан мұрағаттың көз алдында [6.Б.4-11].
Грампластинкалар – ескі және барынша көп тараған фоноқұжат түрі.
Олардың мұрағаттарда сақталу және пайдалану барысында жиі қолданған.
Грампластинкалардың орнын келе - келе магниттік ленталар басты, ал қазіргі
таңда негізгі рөлді компакт дискілер атқарады. Фоноқұжаттардың бүлінбей
сақталуы сақтауды дұрыс ұйымдастыруға ғана байланысты емес, сол сияқты
оларды дұрыс пайдаланумен байланысты [2.Б.3-12].
Аудиовизуальды құжаттарды пайдаланудың мақсаттары дәстүрлі
құжаттардан ерекше. Оларға сұраныс көбіне радио және телевизия, киностудия,
мерзімді басылым тарапынан түседі [2.Б.3.13].
Бұл құжаттар дәстүрлі құжаттар секілді ғылыми - көпшілік,
оқу - ағарту, мәдени мақсаттарында пайдаланылады.

І.2 Ғылыми - анықтамалық аппарат құрудың ерекшеліктері

Аудиовизуальды құжаттарды пайдалануда жаңаша
әдіс - тәсілдерінің шығуы, бұл құжаттардың даму үрдісін көрсетеді. Ал
оның даму үрдісін саралау үшін аудивизуальды мұрағаттардың ақпараттық
жұмысы, ғылыми - анықтамалық аппаратын (ҒАА) алдын - ала зерделеген жөн.
КФДЖ мұрағатының ақпараттық жұмысы біріншіден, мұрағатқа келіп түскен
нақтылы сұраныстарға нақтылы жауап беруден тұрады. Екіншіден, ақпараттық
хаттар мен бюллетендер жасалынып, ол мекемелер мен зерттеушілердің назарына
ұсынылады. Соңғы кездері ақпараттық жұмысты атқаруда соңғы технологиялар
(мәселен, интернет сайттары) барынша пайдаланылуда. ҚР ОМ мұрағат сайтында
(www.kazarchіves.kz) [20]. Онда ҚР ОМ КФДЖ мұрағаты жөнінде және ондағы
аудиовизуальды құжаттар туралы анықтамалық - ақпараттық басылым берілген.

Ақпараттық жұмыс ҒАА - қа сүйене отрылып жүргізіледі. Бюллетендер мен
хаттар мұрағаттарда бар құжаттар негізінде жасалынады. [6.Б.3-20].
Ақпараттық анықтамалық басылым құжаттардың топтасқан түрін және
оларға жасалынған аннотацияларды толыққанды ұсынбайды. Олар тек
мұрағаттарда бар құжаттардың тізімін ғана берумен шектеледі.
КФДЖ мұрағатында ҒАА - ты үнемі байыту және дамыта түсу жұмысы
бірінші кезекке қойылуы тиіс. Себебі бүгіндері аудиовизуальды мұрағат
құжаттарына деген сұраныстың күннен - күнге арта түсуі және оны
пайдаланудың жаңаша түрлерінің қалыптаса бастауы солай жасауға итермелейді
[21].
Сондықтан да мұрағаттарда, әсіресе ОМ КФДЖ мұрағаттарында каталог
жүйесіне ерекше мән беріледі. Жыл сайын каталогты жаңа түскен құжаттармен
жаңарту іске асырылып тұрады. Бұл әсіресе каталог жүйесін электрондандыруға
сәйкес жеңілдене түсті. Осыған байланысты, КФДЖ мұрағатының
кинофотофонокаталогтарын дәстүрлі қағаз жүйесінде қалдырумен қатар, оларды
электрондық нұсқаға да көшіру ісі қолға алынған. Сол сияқты анықтамалықтар,
шолулар мен жолсеріктерді электрондық жүйеге енгізе отырып, оның
тиімділігін арттыра түскен. Жылдан жылға КФДЖ мұрағатына келіп түскен
құжаттарға сәйкес олардың каталог жүйесі де толығып отырады. ҒАА- тың даму
сатысында КФДЖ мұрағат құжаттарын каталогтау міндетті.
2003 жылы ҚР ОМ КФДЖ мұрағатына келіп түскен құжаттарға сәйкес
келесідегідей каталогтар жасалынып, карточкалар тізілді.
-1001 сақтау бірлігі бар фотоқұжаттар каталогталынып, 1001 карточка
тізілді;
-106 сақтау бірлігі бар фоноқұжаттар 106 тақырыптық, 364 атқарушы
карточкалар тізіліп, барлығы 524 карточка каталогқа енгізілді;
-25 сақтау бірлігі бар видеофонограммалардан 155 карточка тізілді;
-56 сақтау бірлігі бар киноқұжаттардан 1142 карточка тізілді. [22].
Каталог жүйесін дамытуда ОМ КФДЖ мұрағатының фотоқұжаттарға арналған
бөлімдеріне тоқтала кеткен жөн.
“Е” – халықаралық қатнастар бөлімі;
“Ф” – халықаралық білім беру;
“К” – баспасөз ақпарат құралдары;
“Ц” – әдебиеттер;
“Ш” – мәдени- ағарту жұмыстары;
“Э” – спорт [22.б.25].
Бұлайша фотоқұжаттардың каталогтарын бөлімдерге бөліп жасау,
зерттеушілердің мұрағат құжаттарын пайдалануда аса тиімді болмақ.

ІІ. Кинофото және дыбыс жазбалары мұрағат құжаттарын пайдаланудың
жаңа әдіс - тәсілдері

Аудиовизуальды құжаттардың үнемі дамып отыруы оларды пайдаланудың
жаңа әдіс - тәсілдерін енгізуді қажет етеді. Алғашында фоноқұжаттар
грампластанкаларда жазылып таратылса, осы күндері фоноқұжаттар компакт
дискілер мен кассеталарға жазылады. Сол сияқты киноқұжаттар диафильмдерден
көрініс тапқан оқиғаларын, бұл күндері сапалы да тиімді видеофильмдерде
көрсете алады.
Осылай қоғамның алма - кезек дамуы жыл сайын жаңа әдіс- тәсілдері мен
жаңаша ойлау жүйелерін қажет етіп отырады. Он- он бес жылдай бұрын мұрағат
материалдарымен жұмыс істеу жүйесі басқаша ұйымдастырылатын. Ескі
аппаратулармен жадықталған аудиовизуальды материалдармен уақыт өте келе
сұраныстан қалып, өзіндік құндылығын жоғалта бастаған еді. Бұл әрине
мұрағат имиджіне ғана нұқсан келтіріп қана қоймай, құжаттардың сақталуын
қамтамасыз етуді ұйымдастыру да әлсірей бастайды. Ғылыми - техникалық
революцияның арқасында және де техникалық ғылымның қарқынды дамуы
нәтижесінде мұрағат ісінде де өзгерістер мен игі жетістіктерге қол
жеткізілді.
Мұрағат құжаттарын пайдаланудың жаңа түрін енгізу отандық тарихқа
деген қызығушылықты оятып, сұранысқа ие болып отыр [4.б.21.].
Аудиовизуальды мұрағат құжаттарын пайдаланудың жаңаша даму үрдісі
қалыптасты. Көптеген ескі ақпарат тасушы құралдар жаңа технологиялармен
алмастырылды. Кинофотофоноқұжаттарды дайындауда цифрлық аппараттар, цифрлық
видеокамералар, ал оларды сақтауда CD- ROM, DVD, DVD- ROM, SVHS, Betacam
форматындағы видеомагнитафондар пайдаланылады.
Аталған технологиялармен ҚР ОМ КФДЖ мұрағаты да жабдықталған.
Мұрағаттың 2001-2005 жылдары мұрағат ісін дамыту бағдарламасында дәстүрлі
аудиовизуальды құжаттарды (пленкалық) қазіргі заманғы ақпарат тасушыларға
(цифрлық) ауыстыру іске асырылды [13.б.4].
Ақпарат легі жан- жақтан толассыз ағып жатқан жаһандану кезеңінде
құнды да шынайы ақпаратты алу мүмкіндігі жоқтың қасы. Обьективті шындықтың
көзін мұрағат қорлары мен құжаттарынан іздесек, онда аудиовизуальды
құжаттардың ақиқатты шындықты ашуға тигізер әсері мол. Осыған орай,
қарастырылып отырған мәселенің өзектілігін тек аудиовизуальды құжаттарды
зерттеуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдаланудың жаңаша әдіс -
тәсілдерінен, пайдаланудың даму үрдісінен де көруге болады. Бұл тақырыптың
өзектілігін аталған мәселені Қазақстан көлемінде зерттеу әлі де жолға
қойылмай отырғандығынан да көруге болады.
2003 жылғы 28 - қарашада өткен Ұлттық Кеңестің үшінші отырысында
қарастырылған мәдени мұраны жаңғырту ісі жоғарыда қозғаған әңгімеміздің
өзегі болып отыр. Мәдени мұраның түпкі мақсаты -
халқымыздың асыл мұраларын жаңғырту, өлгенімізді тірілтіп, өшкенімізді
жандыру және мүмкіндігінше мәдени мұраларды рухани айналымға шығару.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев бастамасымен қабылданған бағдарламада шын
мәніндегі қазіргі таңдағы өте маңызды мәселелер қамтылған, әсіресе тарихи -
мәдени мұраларға ерекше мән берілген.
2004 - 2006 жылдар аралығында атқарылуы тиіс істердің қатарында
Қазақстандағы тарихи - мәдени ескерткіштердің жинағын шығару ісін
жеделдету, Қазақ мемлекеттік кино- фото құжаттар мен дыбыс жазу
(ҚР ОМ КФДЖ) мұрағаты, қазақ радиосы мен телевизиясы қорында сақталған
әйгілі әншілеріміз бен белгілі ғылым және мәдениет қайраткерлерінің дауысын
осы күнгі аудио таспалар мен дискілерге жазып қалдыру ескерілген.
Бағдарламаның тағы бір айрықша тұсы- “ТМД елдері мен шет елдік
мұрағаттардағы Қазақстан тарихына қатысты құжаттарды, сирек кездесетін
кітаптарды алдыру, көшірмесін жасаттыру, шығару” мәселесіне назар
аударылғандығын айтуға болады. “Мәдени мұра” орта мерзімдік бағдарламасы
қанаттас екі процесстен тұрады. Бұл біріншіден; жинау, сақтау, жүйелеу,
сипаттау, тарату және т.б. Екіншіден; тарихи мұраны мәдени өмірімізге қайта
әкелу, әлеуметтік, мәдени, көркемдік тұрғыда қайта жаңғырту. "Бұл мәдени
игіліктердің жаңаша түрленіп, түлеуіне де оң ықпал етпек".
Бағдарламаның мақсаты - қолда бар мәдени мұра мен рухани игілікті
сақтап, жаңғыртуға, тиімді пайдалануға байланысты жоспарлы іс-шаралар
жасау. Сондай-ақ, ұлттың ағартушылық және интеллектуальдық деңгейін
көтеруге, өскелең ұрпақты туған халқымыздың тарихы мен жалпыадамзаттық
құндылықтар, идеалдар рухында тәрбиелеуге бағытталған.
Бағдарламаның көтерген міндеттерін іске асыруда бүгінгі таңдағы
технологиялық жетістіктерді пайдаланудың маңызы зор. Бұл әсіресе
бағдаралманың тарих секциясына соның ішінде мұрағат ісіне қатысты.
Ақпараттандыру мәселесі күні кеше ғана туындаған проблема емес. Кеңес
үкіметінің шарықтап тұрған шағында да бұл мәселе мұрағатшылармен бірге
билік басындағы өкілдердің де назарынан тыс қалмаған. Ол кезде
ақпараттандыру автоматтандыру, электрондандыру мағынасында ғылыми
техникалық революцияның жетістіктері ретінде қолданылды.
Ғылыми әдебиеттерде ақпараттандыру ұғымы кең және тар мағынада
қолданылады. Ол кең мағынасында ақпараттандыру қорларын пайдалану және
қалыптастыру негізінде азаматтық, мемлекеттік билік органдарының,
жергілікті өзін - өзі басқару ұйымдарының қоғамдық бірлестіктердің
ақпараттандыру мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін тиімді жағдайларды
жасаудың әлеуметтік - экономикалық және ғылыми техникалық процесі ретінде
көрсетіледі. Барынша тар мағынада ақпараттандыру- адамзат белсенділігінің
көптеген қоғамдық мәнді түрлері бойынша сенімді, терең және дер кезіндегі
біліммен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы.
Өткен ғасырдың 70 - жылдарында ақпарат ұғымы қандай да бір
мағлұматтың, білімнің жиынтығы, кейбір мәліметтерді білдіретін информатика
және әлеуметтік ақпарат теориясы тұрғысында мағына бергендігін байқауға
болады. Ақпараттың ХХІ ғасырдың рухына сәйкес мазмұны да өзгерді. Ендігі
жерде ақпарат бұрын айтылып келгендей фактілер мен мағлұматтардың,
мәліметтердің ғана жиынтығы емес. “Ақпарат - бұл нысанды мағлұматтар мен
субьективті әдістердің даму үстіндегі өзара әрекетінің өнімі.” [23]. Осы
мағынадағы ақпараттандырудың қазіргі жағдайы кез-келген өндірістік,
экономикалық және әлеуметтік жүйенің қызмет етуінің негізін үлкен көлемдегі
ақпаратты өңдеу қажеттілігімен байланысты берік ақпараттық қызмет көрсетуді
құрайды.
Өкінішке орай қазіргі кезде мұрағаттар жүйесінде және басқа салаларда
да компьютерлер және ақпараттық технологиялар мүмкіндігі жеткіліксіз
пайдалануда. Республикада кәсіпкерлік саласында бүгінгі күні біржарым
миллионға жуық адам айналысады. Республикалық Ақпараттық Көрме Орталығы
компьютерлік технологияны шағын бизнес субьектілерінің пайдаланылуына
әлеуметтік зерттеу жүргізеді. “Олар өз белсенділігінде компьютерді тұрақты
пайдаланатындары 44,3%, қажеттілік туғанда 28,3%, мүлдем қолданбайтындары
27,4% екендігі анықталды. Компьютерлік техникасы бар фирмалардың меншікті
үлесі өңдеуші өнеркәсіптерде 64,4 %, қызмет ету саласында 57,7%, саудада
36%, ауыл шарушылығында 15,8% құрайды." [23. б.151].
Қазір электрондық технология, электрондық құжат, электронды іс-
жүргізу, Интернет жүйесі арқылы қарапайым ғана компьютерлердің көмегімен
бүкіл дүние жүзі өздерінің тұрмыстық қажеттіліктерінен бастап күрделі
мәселелерді де шеше алатындай мүмкіндікке ие болды. Бұрындары орындалуы
бірнеше сағаттарды алатын күрделі жұмыстар ендігі жерде санаулы
минуттардың, секундтардың ішінде шешуін табады. Қоғам бүгінгі таңда
компьютерсіз еш нәрсе жасай алмайтындай дәрежеге жетті. Қоғамның
электрондық жүйемен қамтамасыз етілуі мен ақпараттандырудың жаңа жүйесі
қалыптасты.
Десе де осындай мүмкіндігі мол жүйемен жұмыс жасайтын қоғам мүшесінің
өз тарихын зерттеуде атам заманғы технологиялық жабдықтармен жұмыс жасауына
тура келетіндігі қалай? Ақпараттандырылған қоғамның мүшесі
ақпараттандырылмаған мұрағаттарда қалайша жұмыс жасап, одан бір нәтиже
шығармақ?
Міне, проблема осы жерден туындап отыр. Технологиясы көне, жабдықтары
кедей мұрағат қанша жерден құнды құжаттарға бай болса да қазіргі заманғы
оқырмандардың сұранысына толық жауап бере алмайды. Мұрағат ісін
ақпараттандыру кезек күттірмейтін, кейінге ысырып тастауға келмейтін
өзекті міндет.
Мұрағат ісін ақпараттандыру дегеніміз- ол мұрағаттарды компьютерлік
технологиялармен жабдықтау, ондағы дәстүрлі құжаттық айналымды әлектрондық
айналымға түсіру, мұрағаттық іс-жүргізу жүйесін электрондандыру,
интернеттік сайттар құру және осылар арқылы оқырмандардың, зерттеушілердің
сұраныстарын аз уақыттың ішінде және ыңғайлы түрде орындау болып табылмақ.
Ал бұл көрсетілген мәселені орындау үшін Ғылыми Анықтамалық Аппаратты
(ҒАА), мұрағаттардағы іс-жүргізу саласын, дәстүрлі құжаттық айналымды
электронды құжатпен алмастыру және т.т. көптеген мәселелерді жүйелі түрде
шешу ісі жатыр. Мұрағат ісін ақпараттандыру мәселесін жүзеге асырудың
негізгі мақсаты- мемлекеттік мұрағаттарға сақтауға келіп түскен құжаттарды
қаз-қалпында сақтау, оны зерттеушілер мен жалпы оқырман қауымға жылдам әрі
тиімді формада ұсыну, интернет сайттары арқылы ақпараттарды кең тарату,
мұрағаттарға зерттеушілердің, оқырмандар мен көпшілік қауымның назарын
аударту және ең бастысы мұрағат ісін жеңілдету, шығынды аз жұмсау сол
арқылы жүздеген жылдық тарихы бар құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету
шараларын іске асырлуы тиіс.
Дүниежүзілік ақпараттандыру кеңістігінде жаһанданған ақпараттық
инфрақұрылымның ажырамас бөлшегіне айналған интернет жүйесі бүгіндері тек
техникалық, өндірістік салаларда ғана емес, ғылым мен мәдениет, өнер
салаларына да араласып кетті. Бұл тұрғыдан қарағанда, интернет жүйесінің
мұрағат ісінің дамуына жасайтын ықпалы ерекше.
Қазіргі кезде “Шет ел мұрағатшылары интернеттің мүмкіндігін жылдам
бағалап, оны ретроспективті ақпараттарды қолданушылардың сұранысын
қанағаттандыру мақсатында пайдалана бастады.” [24]. Мәселен, 1995 жылы
құрылған Канада ұлттық мұрағатының (NatіonalArchіves of Canada-
http:www.archіves.ca) сайтының құрылымы өте күрделі. Сайттың “Ұлттық
мұрағат жөнінде” ақпар беретін бөлімінде Канада мұрағатының құрылу тарихы
және мұрағат басшыларының құрамы жөнінде, сонымен қатар мұрағат қорларына
сипаттама берілген. “Мұрағат басылымдары” бөлімінде негізінен мұрағаттың
басылымынан шыққан кітаптар мен журналдар тізімі берілген. Сайт парағының
төменгі жағында мұрағатпен байланысу мүмкіндіктері (телефон, мекен-жай)
көрсетілген.
Сан- Францискода орналасқан Ресей-американ орталығында құрылған Ресей
мұрағатының (Russіan Archіves Onlіne- http:www.abamedіa.comrao) шет
елдік сайты бар. Ағылшын тілінде берілген бұл сайт өзінің иллюстрациясымен
ғана емес, сонымен бірге кейбір Ресейлік мұрағаттар мен мұражайлар туралы
ақпарат көздерінің көптігімен де ерекше. “Галерея” бөлімінде
фотоматериалдар және де оларға қысқаша аннотациялар берілген. Мұрағат
қорларында “Кеңес Одағына кірген 15 мемлекеттер тарихы кино, фото, аудио
материалдары” сақталған.
Интернет жүйесін пайдалануда Ресей федерациясы мұрағатшыларының
тәжірибесі де көңіл аударарлық. Бұл елде Орталық Мұрағаттан басқа да
облыстық, ведомстволық мұрағаттардың интернетте өз сайттары бар. Олардың
көпшілігі интернетті жарнама жүргізу мақсатында пайдаланып байланысу
ақпараттарын (мекен-жай, телефон жұмыс уақыты) таратады. Тек екі сайтта
ғана зерттеушілердің мұрағат қызметіне және мұрағат басшылығына сұрақ
қойып, тікелей байланысуына мүмкіндік қарастырылған. Олар: Новосібір
облысының мемлекеттік мұрағат қызметінің сайты (http:nut.adm.nsarugas)
және Мәскеу қалалық біріккен мұрағаттарының сайты
(http:hіst.dcnasu.rumcaaіndex.h tml).
Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұрағатының интернет
сайты жайында айтар болсақ, бұл сайт 2002 жылы құрылды. 2001-2005 жылдары
ҚР мұрағат ісін дамыту бағдарламасы бойынша жүргізілетін іс- шаралардың
жоспарында "мұрағат ісінің web-беттерін дайындау 2001 жылдың 4- ші
кварталында мұрағат ісін және құжаттауды басқару Комитетінің атқаруы
бойынша іске асыру" жоспарланған болатын.
www.kazarchіves.kz сайтынан сіз тікелей мұрағатқа қатысты Қазақстан
Республикасының 1998 жылдың желтоқсан айында қабылданған "Ұлттық Мұрағат
қоры және Мұрағаттар туралы" заңы берілген және болашақ мұрағатшыларды
дайындайтын оқу орындары, олардың мұрағатшы мамандарды дайындаудағы
ерекшеліктері жайлы және олардың мекен-жайы туралы мәлімет береді. Сонымен
қатар "Қазақстан Республикасының мұрағатшылар қоғамы" республикалық
қоғамдық бірлестігі туралы, халықаралық қатынастар туралы және мұрағат
баспасынан шыққан әдістемелік оқулықтар жайлы мәлімет аламыз. Бұл жерде
басы артық жарнамалық қызметтер, телефондар мен мекен-жайлар ұсынылмайды.
Құрылғанына екі жылдай уақыт болғанымен ҚР ОМ мұрағаттарының интернет сайты
әлі де көптеген шет ел мұрағатының интернет сайттарының деңгейіне жете
алмай отыр. Оның үстіне бүкіл Қазақстан бойынша тек бір ғана мұрағат
сайтының болуы да осы саладағы сын көтермейтін баяулықты, енжарлықты
аңғартса керек.
Бұл іс “2001 - 2005 жылдар аралығында мұрағат ісін жандандыру”, “2004
- 2006 жылдар аралығында мәдени мұраны дамыту” бағдарламаларыныңаясында
шешімін табуы тиіс. Сонда ғана еліміздің тарихында мәдени мұраны бағалау,
қастерлеу, сақтау ісі мен мұрағаттарды, жалпы қоғамды ақпараттандыру
жұмыстары маңызды қызмет атқаратын болады.

ІІ.2. “Мәдени Мұра” және “Асыл Мұра” бағдарламалары аудиовизуальды
құжаттарды пайдаланудың
даму үрдісі ретінде
Қазіргі таңда КФДЖ мұрағатында құжаттардың барлық түрі бойынша
(кинофотофоно) арнайы бағдарламалар мен жобалар жасалынып, олар мәліметтер
базасымен біріктіріле отырып, мұрағат қорларындағы аудиовизуальды
құжаттарда сақталған ретроспективті ақпараттарды ұйымдасқан түрде сақтау,
іздеу және пайдалануға беру жұмыстарын атқару көзделуде. 2001 - 2005 жылдар
мұрағат ісін дамыту бағдарламасы аясында КФДЖ мұрағаттарда үш түрлі
бағдарламалар мен жобалар құрылды. Олар “Асыл мұра” бағдарламасы,
фоноқұжаттарға арналған “Фоно”, кино және фотоқұжаттардың даму үрдісіне
негізделген “Кадр” жобалары.
“Асыл мұра” – каммерциялық емес гумманитарлық жоба. Ол 2001 жылы
Қазақстан Республикасы Мәдинет, ақпарат және бұқаралық келісім министрлігі,
“Хабар” агенттігі, Арт Центр” продюссерлік орталығы және ҚР ОММ күштерінің
бірігуімен құрылды.
Бағдарламада іздеу, жүйелеу жұмыстарын қайта қалпына келтіру, цифрлық
тазалау және Қазақстанның халықтық, классикалық, қазіргі заман әуендерін
соңғы шыққан аудеотасығыштардың жақсы үлгілеріне көшіру көзделген.
Мұрағаттардағы дыбыс жазбалары қарапайым тоғыз милиметрлік магниттік
пленкаларда сақталған. Ал олар он бес- жиырма жыл көлемінде ғана сақталу
мүмкіндігіне ие [9.б.32]. КФДЖ мұрағатының директоры Сейтова Алла
Федровнаның айтуы бойынша, мұрағат жазбаларының 30- ға жуығы құрып кетудің
алдында тұр екен. Мәселенің бұлайша ушығуы, мұрағат директорының пікірінше,
фоноқұжаттарды дұрыс пайдалану ескі аудиоаппаратуралардың әсерінен болса
керек. Мұрағат “Асыл мұра” бағдарламасы аясында OTARІ фирмасынан шыққан
студиясы және соңғы үлгідегі компьютерлік құрылымы бар кешенді магнитафон
алынған. Бұл студияда дыбыс ақпараттарын тазалау, рестоврациялау және
қайта құру жұмыстарын жүргізіп, оларды арнайы ең соңғы үлгідегі DAT-
магнитафондардың көмегімен дыбыстар цифрлық тасығыштарға көшірілді
[9.б.35].
DAT- магнитафондар “Асыл мұра” бағдарламасының талап етуімен Оңтүстік
Америкадан арнайы алдырылған. DAT - касеталарға 135 минуттық кіргізуге
болады. DAT - касеталарды бұрынғы магниттік пленкалардағы екі - үш минуттық
қана ақпарат кіргізу мүмкіндігімен салыстырғанда анағұрлым тиімді екендігін
көруге болады.
“Асыл мұра” ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиовизуалды мұрағат құжаттарын пайдаланудың қазіргі заманғы технологиялық және құқықтық негіздері
1998-2006 жылдардағы мұрағат ісін дамыту проблемалары
Мұрағат ісін ұйымдастыруда іс –шараларды жүргізу
Қазақстан Республикасының мұрағат ісінің даму тарихын талдау
Павлодар облыстық мемлекеттік мұрағаты
«Мәдени Мұра» және «Асыл Мұра» бағдарламалары: аудиовизуалды құжаттар мәселелері
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қозғалыстағы мекеменің мұрағатына фотоқұжаттарды қабылдау
Мұрағаттық жолкөрсеткіш
Тәуелсіз Қазақстанның мұрағаттар тарихы
Пәндер