Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi туралы



Кiрiспе

I. Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi.

1.1. Талап өндiрiсiнiң түсiнiгi және маңызы.
1.2. Талап түсiнiгi, элементтерi, түрлерi және талап қоюға құқық.

II. Талап арыз беру тәртiбi және оны сақтамаудың салдары.

2.1. Талап арыз және оның мазмұны.
2.2. Талап арызда жiберiлген кемшiлiктердi түзету жолдары.
2.3. Талап арызды қабылдау және одан бас тарту.

III. Талап қоюдың процессуалдық.құқықтық және материалдық салдары.

3.1. Талап құқығы және талап қоюға құқық.
3.2. Соттың бiрiншi инстанциясында iс жүргiзу.
3.3. Сотта азаматтық iс қозғау.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, мемлекетімізде үлкен тарихи қалыптасу жүргізіліп жатыр. Қазақстанның тәуелсіз және егеменді мемлекет болуы, Республикамыздың дербес мемлекет ретінде құқықтық мәртебесін арттыру үшін, саяси және экономикалық жүйенің қалыптастыру мәселелерін нығайту жолында құқықтық жүйеде де реформалар жүргізу қажеттігі туындайды. Мемлекетіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында былай деген: «Біз 70 жыл бойы өмір сүрген ескі саяси және экономикалық жүйеден шықтық. Бүгін жаңа мемлекет өмір сүруде және саяси және экономикалық жүйе жұмыс жасайды». Қоғамның саяси және экономикалық саласында іске асқан қалыптасулар құқықтық құрылыстың өздеріне сәйкес түрін құруды талап етті. Соның ішінде құқық қорғау органдарының жүйесін қайта ұйымдастырумен жаңа азаматтық іс-жүргізу заңының қабылдануына әкеліп соқты. Бұл өзгерістер соттар қызметіндегі көптеген жаңа қоғамдық және құқықтық қарым-қатынастарды туындатты. Оның құрылысына құқық қорғау органдарының жүйесінің кең түрдегі жобасын құру үшін бағытталған ұсыныстар енгізілді. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясының талабына сай орындалу керек. Әсіресе, мемлекеттік органдардың, оның ішінде азаматтық іс-жүргізу қарым-қатынастарына түсетін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектемейтін түрде басты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету. Мемлекетіміздің алдында тұрған келелі мәселелерін шешу соттардың мамандандырылған және білімді қызметтерінсіз мүмкін емес.
Жалпы азаматтық iс жүргiзу бұл Қазақстан республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарымен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқару кезiнде туындайтын қоғамдық қатынастар.
Азаматтық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтардың, мемлекеттiң және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Сот iстердi азаматтың сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешу кезiнде Қазақстан республикасы Конституциясының, осы қоғамдық қатынастарды заңдарға талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.
Азаматтық iс жүргiзудiң өзi бiр шама қиын процесс. Оның өзiнiң алдына қойған мақсаттары мәнi әрбiр қатынас талаптарға сай жүзеге асырылуы тиiс.
1.Нормативтiк актiлер.

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жылғы 30-тамызда респубикалық референдумда қабылданған (1998ж. 7-қазандағы №284-1 ҚР Заңымен енгiзiлген өзгерiстермен толықтырулар).
2. Қазақстан Республикасының 2000ж. 25-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесi мен судьялардың мәртебесi туралы» Конституциялық заңы.
3. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13-шiлдедегi Азаматтық iс жүргiзу кодексi (2000ж. 29-наурыздағы №42-II; 2000ж. 5 шiлдедегi №75-II; 2001ж. 2-наурыздағы №162-II; 2001ж. 11 шiлдедегi №238-II; 2001ж. 6-қарашадағы №276-II; 2001ж. 24-желтоқсандағы №276-II ҚР Заңдарымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар).
4. Қазақстан Республикасының 2001ж. 12-мауысымдағы Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы (Салық кодексi).
5. Қазақстан Республикасының 1999ж. 13-шiледеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiн күшiне енгiзу туралы» Заңы (200ж. 5-мамырдағы №47-II ҚР Заңымен енгiзiлген өзгiрiстер).
6. Қазақстан Республикасының Президентiнiң «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» заң күшi бар Жарлығы. 1995ж. 21-желтоқсанда қабылданған (1997ж. 2-шiлдедегi №266-I, 1999ж. 7-сәуiрдегi №374-I, 1999ж. 23-шiлдедегi №454-I, 2000ж. 29-наурыздағы №24-II, 2000ж. 5-мамырдағы №48-II ҚР Заңдарымен енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар).
7. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты Пленумының 2000ж. 30-маусымдағы №9 «Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңдарының кейбiр нормаларын қолдануы туралы» қаулысы.
8. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының 2000ж. 30-қазандағы №15 «Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Пленумының «Соттардың азаматтық iс жүргiзу заңдарының кейбiр нормаларын қолдануы туралы» 2000 жылғы 30 маусымдағы №9 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» қаулысы.
9. Құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы. ҚР Президентiнiң қаулысымен 12.04.1994.// ЕҚ. № 36-37. 18.04.1994.

2. Арнайы әдебиеттер.

1. Абдулина З.К. Азаматтық iс жүргiзу құқығы. Дәнекер. 2002.
2. Аргунов В.Н. Участие прокурора в гражданском процессе. М.,МГУ,1991.
3. Баймолдина З.Х. Гражданская процессуальная право. Том-1. Алматы. КазГЮА. 2001.
4. Баймолдина З.Х. Гражданская процессуальная право. Том-2. Алматы. КазГЮА. 2001.
5. Воронков Г.В. Определение суда первой инстанции в советском гражданском процессе. Саратов, 1967.
6. Добровольский А.А.,Иванова С.А. Основные проблемы исковой формы защиты права. М.,МГУ,1979.
7. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом производстве. Томск, 1990.
8. Семенов В.М. Конституционные принципы судопроизводства. М. 1982.
9. Треушников М.К. «Гражданский процесс» М.МГУ.1982.
10. Чечина Н.А. Чечот Д.М. Гражданская процессуальная форма и производства. М. Юрид. Литература. 1979.
11. Щеглов В.Н. Законность и обоснованность судебного решения по гражданско-правовому спору. Новосибирск, 1958.
12. Щеглов В.Н. Иск судебной защите гражданского права. Томск, 1987.

Мазмұны.

Кiрiспе

I. Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi.

1.1. Талап өндiрiсiнiң түсiнiгi және маңызы.
1.2. Талап түсiнiгi, элементтерi, түрлерi және талап қоюға құқық.

II. Талап арыз беру тәртiбi және оны сақтамаудың салдары.

2.1. Талап арыз және оның мазмұны.
2.2. Талап арызда жiберiлген кемшiлiктердi түзету жолдары.
2.3. Талап арызды қабылдау және одан бас тарту.

III. Талап қоюдың процессуалдық-құқықтық және материалдық салдары.

3.1. Талап құқығы және талап қоюға құқық.
3.2. Соттың бiрiншi инстанциясында iс жүргiзу.
3.3. Сотта азаматтық iс қозғау.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, мемлекетімізде
үлкен тарихи қалыптасу жүргізіліп жатыр. Қазақстанның тәуелсіз және
егеменді мемлекет болуы, Республикамыздың дербес мемлекет ретінде құқықтық
мәртебесін арттыру үшін, саяси және экономикалық жүйенің қалыптастыру
мәселелерін нығайту жолында құқықтық жүйеде де реформалар жүргізу қажеттігі
туындайды. Мемлекетіміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан
халқына жолдауында былай деген: Біз 70 жыл бойы өмір сүрген ескі саяси
және экономикалық жүйеден шықтық. Бүгін жаңа мемлекет өмір сүруде және
саяси және экономикалық жүйе жұмыс жасайды. Қоғамның саяси және
экономикалық саласында іске асқан қалыптасулар құқықтық құрылыстың өздеріне
сәйкес түрін құруды талап етті. Соның ішінде құқық қорғау органдарының
жүйесін қайта ұйымдастырумен жаңа азаматтық іс-жүргізу заңының қабылдануына
әкеліп соқты. Бұл өзгерістер соттар қызметіндегі көптеген жаңа қоғамдық
және құқықтық қарым-қатынастарды туындатты. Оның құрылысына құқық қорғау
органдарының жүйесінің кең түрдегі жобасын құру үшін бағытталған ұсыныстар
енгізілді. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясының талабына сай
орындалу керек. Әсіресе, мемлекеттік органдардың, оның ішінде азаматтық іс-
жүргізу қарым-қатынастарына түсетін азаматтардың құқықтары мен заңды
мүдделерін шектемейтін түрде басты мәселелерді шешуді қамтамасыз ету.
Мемлекетіміздің алдында тұрған келелі мәселелерін шешу соттардың
мамандандырылған және білімді қызметтерінсіз мүмкін емес.
Жалпы азаматтық iс жүргiзу бұл Қазақстан республикасының азаматтық iс
жүргiзу заңдарымен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi
қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқару кезiнде туындайтын қоғамдық
қатынастар.
Азаматтық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтардың, мемлекеттiң және
ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн қорғау, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайту, құқық
бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Сот iстердi азаматтың сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешу кезiнде Қазақстан
республикасы Конституциясының, осы қоғамдық қатынастарды заңдарға
талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.
Азаматтық iс жүргiзудiң өзi бiр шама қиын процесс. Оның өзiнiң алдына
қойған мақсаттары мәнi әрбiр қатынас талаптарға сай жүзеге асырылуы тиiс.

I. Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi.
1.1. Талап өндiрiсiнiң түсiнiгi және маңызы.

Заңдылықты, қоғамдық тәртiптi қорғауды, азаматтар мен ұйымдардың саяси,
еңбек, тұрғын және басқа да құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды, қатал
сақтауды қамтамасыз етуде маңызды рольдi соттар атқарады. Азаматтық
процестегi соттың мiндетi азаматтық iстердi дұрыс және тез қарау, шешу және
iс бойынша заңды, негiздi шешiм шығару. Соттың қызметiн ұйымдастыру,
iстердi қараудың тәртiбi, судьялардың жұмысының жоғарғы мәдени деңгейi
заңның барлық талаптарын қатал сақтауға негiзделген жағдайда ғана сот
төрелiгiнiң басты мақсаттарына қол жеткiзуге болады.
Сот өзiне жүктелген мiндеттердi заңмен белгiленген процессуалдық
нысанды сақтаған жағдайда сәттi жүзеге асырады. Бұл процессуалдық нысан iс
бойынша объективтiк шындықты шынайы анықтауға және заңды, негiздi сот
шешiмiн шығаруға ықпал етедi. Сот iсiн жүргiзудiң әрекет етушi нормаларын
бұзу дұрыс емес шешiмдердi шығаруға, азаматтар мен заңды тұлғалардың,
мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуына әкеледi, сондай-ақ,
сот төрелiгiн жүзеге асыру зиян келтiредi.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 13 бап 1 тармағында
көрсетiлгендей Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және
өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға
қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы делiнген. Яғни бұл
жердегi құқық субъектiсi санаты азаматтардың құқық қабiлеттiгi мен әрекет
қабiлеттiлiк ұғымын құрайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 13 бабында азаматтық
құқығы мен мiндеттiлiк жүктеу қабiлетi болудың барлық азаматтар үшiн бiрдей
дәрежеде танылатындығы белгiленген. Азаматтық құқық қабiлетi ол туған
сәттен бастап болады және ол қайтыс болуымен тоқтатылады.
Азамат Қазақстан Республикасы шегiнде де, сондай-ақ шет елдерде де
мүлiкке, оның iшiнде шет ел валютасына меншiк құқығына; мүлiктi мұралыққа
алу және мұралыққа беруге; республика аумағында еркiн жүру және тұратын
орнын еркiн таңдауға; республика шегiн еркiн тастап шығу және оның аумағына
еркiн қайта оралуға; заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген қызметпен
айналысуға, заңды тұлғаны жеке немесе басқа азаматтармен және заңды
тұлғалармен бiрлесе құруға; заң актiлерiмен тыйым салынбаған кез келген
мәмiле жасауға және мiндеттемелерге қатысуға; материалдық және моральдық
зардаптардың орны толтыруын талап етуге; басқа да мүлiктiк және жеке
құқықтарды иеленуге құқылы.[1]
Азаматтың өз iс-әрекеттерiмен азаматтық құқықты иелену және оны жүзеге
асыру өз үшiн азаматтық мiндеттердi туғызу, оларды орындау оның кәмелеттiк
жасқа келуiмен, яғни жасының он сегiзге толуымен толық көлемiнде туады.
Азаматтың әрекет қабiлеттiгi бiрдей болады.
Азаматтардың құқық қабiлеттiгi мен әрекет қабiлеттiгiнен айыру мен оны
шектеуге жол берiлмейдi. Және оларға шектеу қоя алмайды.
Азаматтық құқықтарды қорғаудың тәсiлдерi: құқықтарды тану; құқық
бұзылғанға дейiнгi жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның
бұзылуына қауiп төндiретiн iс-әрекеттердiң жолын кесу; мiндеттiлiктiң iс
жүзiнде орындалуына үкiм ету; шығындарды, айыптарды өтеу; мәмiлелердi
заңсыз деп тану; моральдық зардаптардың орнын толтыру; құқықтық
қатынастарды тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару немесе жергiлiктi
өкiлдi не атқарушы органдардың заңдарға сәйкес келмейтiн актiлерiн заңсыз
немесе қолдануға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқық
иеленуiне немесе оны жүзеге асыруына кедергi келтiргенi үшiн мемлекеттiк
органнан немесе лауазымды адамнан айып өндiрту жолымен, сондай-ақ заң
актiлерiмен көзделген өзге де тәсiлдермен сот немесе аралық сот жүзеге
асырады.
Заң актiлерiмен арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау
құқығы бұзылған жеке немесе заңды тұлғалардың тiкелей өздерi арқылы жүзеге
асырылады. Құқық бұзылған адам оған келтiрiлген зиянның толық өтелуiн талап
ете алады.
Әрбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын,
бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн сотқа
жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар
заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр
тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа
арыз берiп жүгiнуге құқылы.
Азаматтар мен заңды тұлғаның сот арқылы қорғану құқығы екi құқықтан
тұрады: сот арқылы қорғану үшiн сотқа шағымданудың процессуалдық құқығы,
демек азаматтық iстi қарау және iс қозғау мiндетiн сотқа тапсыру, екiншiсi,
заңды және негiзгi талабын сот арқылы қанағаттандыру үшiн материалдық
құқық.
Мүдделi тұлға сотқа арызбен жүгiне отырып өзiнiң талабын көрсетiп
негiздейдi.
Талап өндiрiсi құқық қорғаудың ең негiзгi түрi, ал талап арыз өндiрiстiң
осы түрiн қозғаудың құралы болып табылады.
Талап өндiрiсiнiң ерекше белгiлерi – құқық жөнiндегi дау және құқық
жөнiнде дауласып отырған тараптар.
Тараптар дауды өзара шеше алмай, талапкер мен жауапкердiң арасында дау
туындаған кезде және олар оны заңмен бекiтiлген тәртiпте жазбаша түрде
соттың қарауына тапсырған кезде ғана талап iсi пайда болады. Осы кезден
бастап материалды құық талап арызына айналады. Сотқа берiлген кез келген
арызда жауапкерге, яғни құқығын бұзған нақты адамға, талап қойылу керек.
Талап арыз арқылы азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын
қалпына келтiредi, материалдық, моральдық зиянды өтеттiредi.
Судья азаматтық iс бойынша талап арызды қабылдау туралы мәселенi жеке
өзi шешедi. Егер де судья арызды қабылдамаса дәлелдi ұйғарым шығарады.
Прокурор азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық және мемлекеттiк
мүдделеррдi қорғау туралы сотқа талап қоюға, өтiнiш жасауға құқылы.
Азаматтарын және заңды мүдделерiн қорғау туралы, егер адам дәлелдi
себептермен өзi сотқа жүгiне алмаса, тек мүдделi адамның өтiнiшiмен ғана
прокурор талап қоя алады. Әрекетке қабiлетсiз азаматтың мүддесiн қорғау
үшiн прокурор мүдделi адамның өтiнiшiне қарамастан талап қоя алады.[2]
Талап қоюшы прокурор мәлiмдеген талапты қолдамаса, егер үшiншi
тұлғалардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерi қозғалмаса, онда
сот талап қоюды қараусыз қалдырады.
Талап қоюшы прокурор, бiтiмгершiлiк келiсiм жасау құқығынан басқа, талап
қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын пайдаланады., сондай-ақ барлық iс
жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерiн
қорғау үшiн талап қоюдан бас тартуы ал тұлғаны iстiң мәнiсi бойынша қарауды
талап ету құқығынан айырмайды.
Мемлекеттiк органдар және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар
немесе жекелеген азаматтар олардың өтiнуiмен басқа адамдардың құқықтарын,
бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, сол сияқты қоғамдық
немесе мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн талап қойып сотқа жүгiне алады.
Әрекетке қабiлетсiз азаматтың мүддесiне қорғау үшiн мүдделi адамның
өтiнiшiне қарамастан талап қойылуы мүмкiн.
Бөгде мүдделердi қорғау үшiн талап қойған адамдар, бiтiмгершiлiк келiсiм
жасау құқығынан басқа, талап қоюшының барлық iс жүргiзу құқықтарын
пайдаланады және барлық iс жүргiзу мiндеттерiн мойнына алады. Аталған
органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделерiне сай iс
қозғалған адамды iстi мәнi бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды.
Егер мүдделерiне сай iс қозғалған адам мәлiмдеген талапты қолдамаса, үшiншi
тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап арызды қараусыз
қалдырады.
Талап қою өндiрiсiнiң басым көпшiлiгi азаматтық iстер болып табылады.
Сондықтан азаматтық сот өндiрiсiнiң ережелерi ұқсас болып келедi.

1.2. Талап түсiнiгi,элементтерi,түрлерi және талап қоюға құқық.

Елiмiздiң Ата заңында аталғандай Қазақстан Республикасы өзiн
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде
орнықтырғаны белгiлi. Ал, құқықтық мемлекеттiң басты сипаты болып табылатын
заңдардың билiктiлiгiн, үстемдiлiгiн қамтамасыз ету өз кезегiнде тиiсiнше
жан-жақтылық пен табандылықты, ерекше жiгерлiктi талап етедi.
Осыған сәйкес Қазақстанда сот құқықтық реформа сот және судьяның
тәуелсiздiгiн, судьяның әдiлдiгi мен алалықсыздығын қамтамасыз ету
мақсатында сот актiлерiн орындау бойынша тиiмдi iске асатын жүйе құруға
бағытталған атқарушылық iс жүргiзу органдарын қайта құру жүргiзiлуде.
Қазiргi кезде құқықтың – олардың кепiлi, қорғау, iс жүзiнде iске асуы,
орындалу проблемасы көп мәнге ие болуда. Бүгiнгi күнде сот төрелiгi
жүйесiнде ең нашары сот актiлерiн атқару болып табылады. Сот органдарының
бұл ортада жұмысы халықтың ашу кернеуiн туғызу бекер емес. Сотқа өзiнiң
заңды құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн арызданған адамдарға сот
процессi емес, олардың бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерiнiң iс жүзiнде
қалпына келуi маңызды. Шешiмдер, егер олар ешкiммен орындалмайтын болса
кiмге керек?
Құқықты iс жүзiнде жүзеге асыруды қамтамасыз етудiң жалпы мақсаттарының
iшiнде азаматтық бойынша сот төрелiгiнiң атқару барысында азаматтық iс
жүргiзу тәртiбiмен сотпен шығарылған шешiмдi орындаумен байланысты
мәселелер көңiл бөлудi керек етедi. Көп жағдайда құқықты қорғау шешiм
шығарумен аяқталмайды. Сотқа арызданған тұлғалардың құқықтары мен заңды
мүдделерi толық қорғалу үшiн, әдетте сот шешiмiнiң негiзiнде белгiлi бiр iс
жүргiзушiлiк әрекеттер жасалуы тиiс. Тек қана зиянды өтеу, алимент өндiру,
т.с.с. туралы шешiм шығару емес, сонымен қатар iс жүзiнде залалдың өтелуi,
алимент өндiрiлуi керек.
Азаматтық процесс азаматтардың, заңды тұлғалардың азаматтық құқықтық
қатынастардың басқа да субъектiлерiнiңғ бұзылған құқықтары мен
бостандықтарын және заңды мүдделерiн қорғаудың, заң және сот алдында
теңдiгi сақталған жағдайда, тиiмдi құралы болып табылады.
Азаматтық iс жүргiзу құқының талап өндiрiсi соттың бiрнеше сатысында
қаралады.
1) Талап қою өндiрiсi;
2) Ерекше талап қою өндiрiсi;
3) Ерекше өндiрiс.
Талап қою өндiрiсi азаматтық iс бойынша азаматтардың талап арыз
беруiнен басталады. Соттар азаматтық, еңбектiк, отбасылық, тұрғын үй,
әкiмшiлiк, қаржылық, жерге байланысты, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны
қорғау және т.б. жөнiндегi азаматтық талап қою өндiрiстерiн жүзеге асырады.
Сонымен қатар, азаматтық iс жүргiзу нормаларына сүйене отырып материалдық
құқықтық қатынастар жайлы талап қою өндiрiсi жүзеге асырылады.
Осы қазiргi кезде өз құқықтарын қорғаудың талап қою формаларына мынадай
белгiлер тән болып отыр:
1) Заңды мүдде және құқық туралы даудың болуы;
2) Заңды мүдделердi қарама-қарсы тараптардың болуы.
Талап қою түсiнiгi азаматтар мен заңды тұлғалардың мүдделерiн сотта
қорғау ұғымымен тығыз байланысты.
Қазiргi заманғы азаматтық iс жүргiзу ғылымында мынадай түрлi көзқарас
қалыптасқан:
1) Iс жүргiзу ұғымында, яғни бұл ұғымда талап қою субъектiсiнiң өз құқығын,
заңды мүддесi бұзылған жағдайда сотқа жүгiне отырып шешу.
2) Талап қою материалды-құқықтық ұғымда, яғни бұл талапкердiң жауапкерге
белгiлi бiр материалдық шығынын өтеу үшiн сотқа жүгiну.
Талап қою элементтерi.
Талап қою элементтерi оның құрамдас бөлiктерiнен тұрады:
1) Мазмұны;
2) Пәнi;
3) Негiзi.
Ендi осыларға жеке-жеке тоқталып өтейiк.
1) Талап қою мазмұны бұл талапкердiң өз құқығын қорғаудың түрi.
Сот бұзылған құқықтар, мүдделердi қорғау үшiн жауапкердi белгiлi бiр iс-
әрекет жасауға мiндеттеуi мүмкiн, талапкер мен жауапкер арасындағы
құқықтық қатынастарды белгiлеуi, құқықтары мен мiндеттерiн негiзге алады;
тараптар арасындағы құқық қатынастарды өзгертуi немесе тоқтатуы мүмкiн.
Талап қою мазмұны талап қоюшы талап етiп отырған сот әрекетi болғандықтан
сот оны мiндеттi түрде жүзеге асыруы қажет. Өйткенi, талапкер талапты
сотқа бередi, бұл талаптың сұраныс бөлiмiнде көрсетiледi.[3]
2) Талап элементiнiң пәнi. Бұл дегенiмiз – талапкер соттан не туралы қорғау
сұрағандығын көрсетедi, яғни алу, мойындау немесе өзгерту жайлы ма?
Талапкер соттан белгiлi материалдық құндылықтарын алуды талап етуi
мүмкiн. Мысалы: мүмкiн қайтаруды, қарызын алуды. Талапкер жауапкер
екеуiнiң арасындағы белгiлi бiр материалдық қатынасты өзгертудi немесе
тоқтатуды талап етуi мүмкiн, әкелiктi тану жайлы, некенi бұзу жайлы,
дуние мүлiктi бөлiсу жайлы болуы мүмкiн. Сондықтан талап қою мазмұны
белгiлi бiр материалдық талапты қанағаттандыру.
3) Талап қою негiзi.
Бұл дегенiмiз – талапкердiң қандай фактiге, негiзге сүйене отырып өз
талабын қойғандығы жайлы. Жалпы талап азаматтық құқықтан туындайды.
Мысалы: меншiк иесi өз мүлкiн қайтаруды немесе т,б, әрекеттердi өз
құқық меншiктiк құқығына сүйене отырып талап етедi.
Қазiргi замандағы iс жүргiзуде талапкер тек өз талаптарын көрсетуге
құқылы және де айғақтар беруге құқылы. Ал юридикалық нормаларын сот
беруге мiндеттi, яғни меншiк иесiн тануға және т.б.
Бұл элементтер өзара байланысты болып келедi. Яғни талап қою негiзi
белгiлi бiр фактiлерге сүйене отырып жазылады, ал пәнi осы фактiлер
негiзiнде белгiлi бiр материалдық құндылықтарды өндiрiп алу. Iс жүргiзуде
элементтердi бөлiп көрсетудiң маңызы өте зор. Талапкер талап арызын
негiздей, дәлелдей алуы керек. Ал жауапкер өз кезегiнде уақытылы өзiне
берiлген талап арызбен танысуға, қарсы талап қоюға немесе т.б. iс-
әрекеттер жасауға құқылы.

II.Талап арыз беру тәртiбi және оны сақтамаудың салдары.
2.1.Талап арыз және оның мазмұны.

Талап арыз – бұл мүдделі тұлғаның құқық туралы дауды шешу үшін
сотқа беру нысаны болып табылады.Талап арызда құқықтарын немесе заңды
мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген тұлғаның еркі білдіріледі.

Талап арыз - азаматтық іс қозғау үшін мәні бар талап қоюшы
талаптары және басқа да мәліметтері көрсетілген құжат болып табылады. (
Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 8 бабында
көрсетiлгендей: Әрбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау үшiн
осы кодексте белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы. Мемлекеттiк
органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге
адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының құқықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп жүгiнуге құқылы.
Тараптар дауды өздерi шеше алмағандықтан бұзылған құқықтарын сотта
қорғауы болып табылады. Яғни талапкер мен жауапкердiң арасында дау
туындаған кезде және олар оны заңмен бекiтiлген тәртiпте жазбаша түрде
соттың қарауына тапсырған кезде ғана талап iсi пайда болады. Осы кезден
бастап материалдық құқық талап арызына айналады. Сотқа берiлген кез келген
арызда жауапкерге, яғни құқығын бұзған нақты адамға, талап қойылуы
керек.[4]
Мағынасын аша айтқанда, талап арызды екi талап қамтиды: бiрiншiсi –
белгiлi бiр мүлiктi тапсыру, талапкердiң меншiк құқығын шектейтiн құқыққа
қарсы әрекеттi тоқтату және т.б. туралы талапкердiң жауапкерге деген
материалдық құқықтық талаптары, екiншiсi процессуалдық – құқықтық талап,
яғни талапкердiң жауапкер екеуi арасындағы дауды шешiп беру туралы сотқа
қойған талабы. Демек, талап арыз екi жақты ұғым материалдық-құқықтық және
процессуалдық-құқықтық болып табылады.
Талап арыздың мазмұны оның екi құрылымдық бөлiмдерiмен талап арыздың
тақырыбымен және негiзiмен анықталады. Талап арыздың тақырыбын немесе
негiзiн тек қана талапкер өзгертуге құқылы. Соттың ондай құқығы жоқ.
Содықтан, егер талапкердiң мүлiктi заттай болу туралы мәлiмдеген талабының
орнына оған жалпы мүлiктегi оның үлесi ақшалай төленсе, тұрғын үйдi заттай
бөлудiң орнына тұрғын бөлмелердi пайдалану тәртiбi анықталса, онда
соттардың ондай шешiмi заңды бола алмайды. Алғашқы талап арыздың тақырыбы
мен негiзiн өзгерту туралы талапкердiң арызы жазбаша түрде рәсiмделуi
керек.
Өйткенi талап арызының тақырыбы мен негiзi оның құрылымдық бөлiмдерi
болып табылады.
Даулы құқықтық қатынастардан туындайтын және ол туралы соттың шешiмi
қажет талапкердiң жауапкерге деген нақты материалдық-құқықтық талабы талап
арыздың тақырыбы болып табылады. Яғни мұнда материалдық деп дүниенiң кез
келген объектiсi (зат, ақша сомасы, мүлiк және т.б.) жатады. Талап арызының
нақты негiзiн, ал дауды шешу барысында қолданылатын құқықтық нормалар талап
арызының құқықтық негiзiн құрайды. Талапкер сотқа шағымданған кезде өзiнiң
бұзылған немесе негiзсiз дауланған субъективтi құқығын көрсетуi керек.
Талап арызды қабылдарда сот мiндеттi түрде арыздың мазмұнын оған
тiркелетiн құжаттардың (мемлекеттiк баж, құжат көшiрмелерi) толық әрi дұрыс
болуын қарап шығуы тиiс. Яғни қате болған жағдайда оны қайтаруға және дұрыс
жазуын түсiндiруi қажет. Талап арызын қабылдаған судья, егер талаптарды
бөлек қарауды неғұрлым тиiмдi деп тапса, бiрiктiрiлген талаптардың iшiнен
бiреуiн немесе немесе бiнешеуiн бөлек iс етiп қарауға құқылы.
Судья осы соттың қарауында баяғы бiр тараптар қатысып отырған бiрнеше
бiртектес iстердiң бар екендiгiн анықтап немесе бiр талапкердiң әрқилы
жауапкелерге немесе әрқилы талапкердiң бәз-баяғы бiр жауапкерлерге қойған
талабы бойынша бiрнеше iстер бар екендiгiн анықтап, бұл iстердi бiрге қарау
үшiн бiрiктiруге құқылы, егер мұндай бiрiктiру дауларды неғұрлым тез және
дұрыс қарауға жеткiзетiн болса.
Арызды қабылдамауға негiз жеткiлiктi болған жағдайда сот қабылдаудан бас
тартады. Арызды қабылдамаған судья бұл туралы дәлелдi ұйғарым шығарады.
Ұйғаруда судья, егер iс сот қарауына жатпайтын болса, арызданушының қай
органға шағымдану керек екендiгiн немесе iс қозғауға кедергi болып отырған
мән жайларды қалай жою керек екендiгiн немесе көрсетуге мiндеттi. Талап
арызын қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғаруы арызданушыға оның
тапсырған құжаттарын қайтарумен бiрге тапсырылады. Бұл ұйғарымға жеке шағым
немесе наразылық келтiруге болады.
Сонымен қорыта айтқанда, осы жоғарыда айтылған талап арыз арқылы
азаматтар немесе заңды тұлғалар өздерiнiң бұзылған құқықтарын не
бостандықтарын талап арызда мазмұнын көрсетiп сотқа жүгiну арқылы, сот арыз
бойынша азаматтық iс қозғай алады.
Азаматтардың және заңды тұлғалардың сотта қорғалуы бұзылған құқықтарын
соттың заңға сүйене отырып әдiл түрде қамтамасыз етуi болып табылады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық сотта қорғалуының қылмыстық iс
жүргiзуден айырмашылығы азаматтық iс жүргiзуде мiндеттi түрде талап арыз
келiп түскен сәттен бастап сот қана жеке дара қарай алады.
Ал қылмыстық iс жүргiзуде талап арызсыз, қылмыстың төрт құрамы болып,
кiнәлi деп танылған жағдайда және iс қозғаудың басты себептерi мен
негiздерi болғанда (азаматтардың өз кiнәсiн мойындап келуi, лауазымды
адамдардың өз мекемесiндегi қылмыстық оқиғаны хабарлауы), оларды 1-шi сот
емес тергеушi анықтама органдары тергеп анықтайды. ҚР ең қымбат қазынасы –
азамат және оның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары болғандықтан сот
талқылауында да басты мәселесi олардың құқықтарын қорғауы болып табылады.

2.2. Талап арызда жiберiлген кемшiлiктердi түзету жолдары.

Жалпы азаматтық iс жүргiзу бұл Қазақстан Республикасының азаматтық iс
жүргiзу заңдарымен өз құзыретiне жатқызылған талап қою және өзге iстердi
қарау мен шешу барысында сот төрелiгiн атқару кезiнде туындайтын қоғамдық
қатынастар.
Азаматтық iс жүргiзудiң мiндеттерi азаматтардың, мемлекеттiң және
ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен
қорғалатын мүдделерiн қорғау, заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтып, құқық
бұзушылықтың алдын алу болып табылады.
Сот iстердi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешу негiзде Қазақстан
республикасы Конституциясының, осы қоғамдық қатынастарды заңдарға
талаптарын дәлме-дәл сақтауға мiндеттi.
Азаматтық iс болу үшiн немесе азаматтық iс қаралу үшiн ең негiзгi
себебi әрбiр iс үшiн мiндеттi болып талап арыз табылады. Талап арыз келiп
түспей ешбiр орган iс қозғауына қақысы жоқ. Талап арыз келiп түскен сәттен
бастап азаматтық iс туралы мәселенi басы басталады. Талап арыз түскен кезде
белгiлi бiр соттың судьясы талап арызбен танысып, мазмұны жағынан сай
келуiн қарайды. Осы шарттарды жүзеге асыра отырып талап арызды қабылдау
немесе қабылдамау туралы мәлiмдейдi.[5]
Талап арызбен құжат түрi мүддесiне немесе бостандығы мен құқығына зиян,
не болмаса қиянат келдi деп тапқанда сотқа мәселелер бойынша маңызды
фактiлердi көрсете отырып жазбаша нысанда өткiзiлетiн құжат болып табылады.
Талап арызда:
а) арыз берiлетiн соттың атауы;
б) талап қоюшының атауы, тұрғылықты жерi, ал егер талап қоюшы ұйым
болса, оның тұрғын жерi мен банктiк реквизиттерi, талап арызды өкiлi берсе,
өкiлдiң атауы мен мекен-жайы;
в) жауапкердiң атауы, оның тұрғылықты жер, ал егер ұйым болса тұрғылықты
жерi мен банктiк реквизиттерi;
г) талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерiн
және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауiпiнiң мәнi;
д) талап қоюшы өзiнiң талаптарын негiздейтiн мән-жайлар, және бұл мән-
жайларды растайтын дәлелдемелер;
ж) егер талап қою бағалауға жататын болса, талап қоюдың бағасы;
з) бұл заңмен белгiленсе немесе талаптардың шартында көзделсе,
жауапкерге жүгiнудiң сотқа дейiнгi тәртiбiн сақтау туралы мәлiметтер;
и) арызға қоса тiркелген құжаттар тiзбесi көрсетiлуi тиiс;
е) талап арызға дауды шешу үшiн маңызды фактiлерi бар өзге де
мәлiметтер;
к) арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге
өкiлеттiгi болған жағдайда оның өкiлi қол қояды.
Талап арызға қоса тiркелетiн құжаттар:
а) жауапкерлер мен үшiншi тұлғалардың санына қарай талап арыздың
көшiрмесi;
б) мемлекеттiк баж төлеудi растайтын құжат;
д) талапкер өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар,
егер көшiрмелер болмаса, жауапкерлер мен үшiншi тұлғалар үшiн бұл
құжаттардың көшiрмелерi;
ж) бұл даулардың осы санаты үшiн заңдарымен немесе шартпен белгiленген
болса, жауапкермен дауды реттеудiң сотқа дейiнгi тәртiбiн сақтауды
растайтын құжаттар;
и) оны дауға салған жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi;
к) талапкердiң мерзiмдi кейiнге қалдыру, ұзарту, сот шығындарын төлеуден
босату немесе олардың мөлшерiн азайту туралы талап қоюды қамтамасыз ету,
дәлелдемелердi талап ету туралы өтiнiшi және, егер олар талап арызда
жазылмаған болса, басқаларда қоса тiркеледi.
Осы талаптары сай келген кезде осы құжат азаматтық iс жүргiзу үшiн
негiзгi болып табылады.
Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы адам және адамның өмiрi,
құқықтары мен бостандықтары болғандықтан олардың азаматтық iсте сот арқылы
қорғалуы өте маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабының 2-тармағында
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сотпен қорғалуына кепiлдiк
беретiн маңызды демократиялық бастаулар орнықтырылған. Конституцияның 75-
бабында сот билiгiнiң сот iсiн жүргiзудiң азаматтық, қылмыстық және заңмен
белгiленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылатын белгiленген.
Республикада Қазақстан Республикасы Президентiнiң Азаматтардың шағымдарын
қарау тәртiбi туралы 1995 жылғы 19 маусымдағы заң күшiн бар Жарлығының
қолданылатынын атап көрсетудiң маңызы зор.
Осы Жарлықтың 4-бабында өздерiнiң жоғарғы органдары жоқ мемлекеттiк
органдар мен ұйымдардың iс-әрекеттерiне азаматтардың өтiнiштерi сот
тәртiбiмен шешiлетiнi белгiленген. Азаматтардың шешу тәртiбi әкiмшiлiк
–құқық бұзушылық туралы қылмыстық iс жүргiзу, азаматтық, атқару және өзге
заңдармен белгiленген өтiнiштерi, сондай-ақ өтiнiш айтушының аты-жөндерi
көрсетiлмеген, қолдары қойылмаған, тұратын орындары, қызметi немесе оқуы
туралы деректер келтiрiлмеген беймәлiм өтiнiштер қарауға жатпайды.
Өтiнiш берушi азамат: шағымды, өтiнiштi тексерушi адамға өз дәлелдерiн
жүзбе-жүз баяндауға қосымша материал ұсынуға; қабылданған шешiм туралы
ауызша немесе жазбаша нысанда дәлелденген жауап алуға; өтiнiш бойынша
қабылданған шешiмге жоғары тұрған органға немесе жоғары тұрған лауазымды
адамға шағымдануға; органдар мен лауазымды адамдардың заңды бұзып
қабылдаған шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне заң белгiлеген тәртiппен сотқа
жүгiнуге құқылы.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда қоғамдардың
мемлекеттiк органдары оларды қайта қалпына келтiрудi қамтамасыз етедi.
Азаматтық сот iсiн жүргiзуде сот бұйрығының тарихи сипатын есепке ала
отырып және сот билiгiн реформалау мақсатымен 1999 жылғы 13 шiлдеде
елiмiздiң заң шығарушылары Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу
кодексiне толықтырулар енгiзудi, соның бiрi 13-тарау Бұйрық арқылы iс
жүргiзу болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң жаңа нормларына
сәйкес сот бұйрығы өндiрiп алушының ақшалай сомаларды өндiрiп алу немесе
жылжымайтын мүлiктi борышкердi немесе өндiрiп алушыны олардың
түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ, даусыз талаптар бойынша
борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актiсi болып
табылады (ҚР АIЖК 139-бап).
Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 146-бабында
көзделген талаптар бойынша судья сотқа түскен арыз бойынша сот бұйрығын
шығару үшiн арыздың мазмұнымен жеке-дара танысады, егер талап қою арқылы
жүгiнген жағдайда, дауға салынатын сомадан аударымдарды негiзге ала отырып
50 пайыз ставка мөлшерiнде мемлекеттiк баж төленедi.
Сот бұйрығын беру туралы арыз талапқа сай болуы қажет, яғни өндiрiп
алушы сотқа борышкердiң мiндеттемесiн нақты растайтын мiндеттемесiнiң
түпнұсқасын және басқа да құжаттар тапсыруы тиiс. Мәмiленiң жазбаша мәтiнi
сотқа түсiнiктi болғаны жөн, оның шарттары заңмен бекiтiлген талаптарды
куәландыратындай болуы керек.[6]
Судья сотқа арыз түскен күннен бастап үш күн iшiнде борышкердi, өндiрiп
алушыны олардың түсiндiрмелерiн тыңдау үшiн шақырмай-ақ мына жағдайларда:
егер талап нотариатта куәландырылған мәмiлеге негiзделсе; егер талап
жазхбаша мәмiлеге негiзделсе және оны жауапкер таныса; егер талап
төленбеген вексельге, акцептiң болмауына және нотариус жасаған акцептiң
күнi белгiленуiне бiлдiрiлген наразылыққа негiзделсе; егер әкелiктiң
белгiленуiне немесе үшiншi тұлғаларды тарту қажеттiлiгiне қатысы жоқ,
кәмелетке толмаған балалар үшiн алименттердi өндiрiп алу туралы талап
мәлiмделген болса; егер қызметкерге есептелген, бiрақ төленбеген жалақы мен
өзге де төлемдердi өндiрiп алу туралы талаптарды iшкi iстер органдары
немесе салық полициясы мәлiмдеген болса; егер елу айлық мөлшердегi сомаға
тұтынушылардың құқықтарын қорғауға талап мәлiмдеген болса, егер лизинг
туралы заңнама кесiмiне сәйкес талап мәлiмдеген болса, сот бұйрығын
шығарады.
Iс жүргiзу әрекетiне тиiсiнше хаттама жасалмайды. Сот бұйрығына соттың
кәдуiлгi шешiмi сияқты талап қойылады, бұлар: заңдылық пен дәлелдiк.
Сот бұйрық шығарғаннан кейiн судья тапсыру туралы хабарлай отырып, оның
көшiрмесiн дереу борышкерге жiбердi.
Егер борышкерден белгiленген мерзiмде сотқа қарсылық келiп түспесе,
судья өндiрiп алушыға оны орындауға көрсету үшiн соттың мөрiмен
куәландырылған сот бұйрығын бередi.
Сотқа жүгiнгенде жоғарыдағы талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, судья
өтiнiш берушiнiң арызын қабылдамайды, не талапқа сәйкес келмегендiктен
өзiне қайтарады.
Судья арызды қабылдаудан бас тарту туралы дәлелдi ұйғарым шығарады,
онда егер iс азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қарауға және шешуге
жатпаса, талап қоюшының қандай сотқа жүгiнуi жөн екендiгiн көрсетедi.
Арызды қабылдаудан бас тартылған жағдайда өндiрiп алушы енгiзген
мемлекеттiк баж қайтарылады.
Жоғарыда аталған тармақтар бойынша талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты
жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана
туралы және сол негiздер бойынша талап қоюшы жол берiлген бұзушылықты
жоятын болса, онда арызды қайтару талап қоюшының сол жауапкерге, сол нысана
туралы және сол негiздер бойынша талап қоюмен сотқа қайтадан жүгiнуiне
кедергi келтiрмейдi.
Шын мәнiнде, барлық азаматтық iстер бiр-бiрiне ұқсамайтын түрлiше болып
кездеседi. Сондықтан да кейбiр iстердi тез шешуге тура келедi. Талап қою
бойынша iс жүргiзудiң жалпы тәртiбi азаматтық дау-дамай iстерiне арналған,
бұларды тиiстi дәрежеде қарау және шешуде бiрқатар заңды қалыптасқан
тәртiпте жүзеге асыруға тура келедi. Дау-шарасыз iстердi шешуде талап қою
бойынша iс жүргiзуде сайысушылық ереженi сақтау азаматтық құқықты
қорғаудағы сот нысаны тартымдылығын айтарлықтай кемiтедi. Осыған орай
Азаматтық iс жүргiзу кодексiне жаңа тарау – сот бұйрығын енгiзу мiндетi
алға қойылды.
Сот бұйрығының сот шешiмiнен айырмашылығы бар, сот шешiмiн сот кез
келген азаматтық iске шығара алады, онда талапкердiң немесе жауапкердiң
талап қою арызы бойынша соттың билiктiк пiкiрi баяндалуы мүмкiн. Бұйрық
арқылы iс жүргiзуде сот талап қоюдың белгiлi бiр билiгiн ғана шешедi, заңда
көрсетiлмеген талаптар бойынша сот бұйрығы берiлмейдi.
Шешiм – iстiң мәнi бойынша шешетiн бiрiншi сатыдағы сот қаулысы. Шешiм
шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға бередi, iс үшiн маңызы бар қандай
мән-жайлардың анықталғанын, тараптардың қанағаттандырылуға жататынын-
жатпайтынын айқындайды. Сот бұйрығының мазмұында ешқандай дәлелдемелер
болмайды.
Шешiм шығару тәртiбi заңмен нақты және толық реттеледi. Шешiм кеңесу
бөлмесiнде шығарылады. Бұл бөлмеде өзге адамдардың болуына жол берiлмейдi,
ал бұйрықта бұлай емес, заң бұл жағын қатаң талап етпейдi.
Бұйрық пен шешiмнiң субъективтiк құрамында да айырмашылық бар. Бұйрық
арқылы iс жүргiзуде тараптар талап арызбен iс жүргiзудегiдей талапкер және
жауапкер емес, сотқа жүгiнушiнi өндiрiп алушы, ал өндiрiп алушының
берешектi талап ететiн тарабы борышкер деп аталады.
Шағым беру тәртiбiнде де өзгешелiк бар. Мәселен, сот шешiмi
шығарылғаннан кейiн түпкiлiктi нысанда он бес тәулiк iшiнде шағым жасалуы
тиiс.бұйрықта тек борышкер жағы шағым жасай алады. Борышкер сот бұйрығының
көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiмде байланыстың кез келген
құралдарын пайдалана отырып, мәлiмдеген талапқа келiспеген қарсылығын
бұйрық шығарған сотқа жiберуге құқылы. Егер борышкерден белгiленген
мерзiмде мәлiм етiлген талапқа келiспеген қарсылық түссе, судья сот
бұйрығының күшiн жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Ал, туындаған дау-дамай
бойынша жалпы ережеге сәйкес талап арызбен сот iсi жүргiзiледi.
Сот бұйрығын (немесе соған ұқсас сот қаулыларын, тiптi бiрқатар елдерде
бұлар басқаша аталса да) соттың мiндеттерi мен қызметi жағынан талдау, сот
билiгiнiң шексiз құқығы сот қаулысының бұл ерекше түрi азаматтық құқықты
қорғаудың тиiмдi құралы болып табылатынын көрсетедi. Мәселен, Қазақстан
Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң осы тарауы қабылданған
сәттен бастап Алматы қаласындағы аудандық соттардың 2000 жылы сот
бұйрықтары арқылы жүргiзген iстерi мынадай: Алматы ауданы бойынша – 364;
Әуезов ауданында – 557; Бостандық ауданында – 558; Жетiсу ауданында – 360;
Медеу ауданында – 340; Түрксiб ауданында – 343.
Сайып келгенде сот бұйрығы енгiзiлгенге дейiн азаматтар көбiне сот
табалдырығын тоздырып, уақыты мен күшiн сарып ететiн. Өйткенi, азаматтық iс
жүргiзу айтарлықтай күрделi болатын. Бұйрық арқылы iс жүргiзiлгелi
азаматтардың өз құқықтарын тез және тиiмдi қорғауына қол жеткiзiлдi.
Азаматтық сот iсiн жүргiзуде жеңiлдетiлген құқықтық iс жосығын
пайдалану, оның iшiнде бұйрық арқылы iс жүргiзу процеске серпiлiс туғызып,
сот қорғауының тиiмдiлiгi мен ықпалын арттыра түсiп отыр.
Мемлекетте келеңсiз жағдайлардың болдырмауын адамдар арасындағы құқыққа
қайшылық дауларды әдiл шешу үшiн заңда құқықтық нормалармен реттелiнген.
Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 8-бабында
көрсетiлгендей: Әрiбiр адам бұзылған немесе даулы конституциялық
құқықтарын бостандықтарын немесе заңмен қорғау үшiн осы кодексте
белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
Мемлекеттiк органдар, заңды тұлғалар немесеазаматтар заңда көзделген
жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгiсiз бiр тобының
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғау туралы сотқа арыз берiп
жүгiнуге құқылы. Яғни бұл арызды талапкер өзiне келтiрiлген зиянды
материалдық құқықты шығынды өндiру жәбiрленушiнiң заңға қайшы әрекеттерiне
жауаптылық туындауды сотқа жүгiну арқылы соттан талап етедi, яғни бұл
арызда талапкер оның мазмұнын және нысанын жазбаша түрде өз еркiмен сотқа
жүгiнедi: яғни талап арызға тiркелетiн құжаттар жоғарыда көрсетiлiп
кеткендей:
1) Жауапкерлер мен үшiншi тұлғалардың санына қарай талап арыздың
көшiрмесi;
2) Мемлекеттiк баж төлеудi растайтын құжат;
3) Өкiлдiң өкiлеттiгiн куәландыратын сенiмхат немесе өзге де құжат;
4) Талапкер өз талаптарын негiздейтiн мән-жайларды растайтын құжаттар,
егер көшiрмелер оларда болмаса жауапкерлер мен үшiншi тұлғалар үшiн бұл
құжаттардың көшiрмелерi.
5) оны дауға салған жағдайда нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi.
6) Талапкердiң мерзiмдi кейiнгi қалдыру, ұзарту, сот шығындарын
төлеуден босату немесе олардың мөлшерiн азайту туралы, талап қоюды
қамтамасыз ету дәлелдемелердi талап ету туралы өтiнiшi және егер олар
талап арызда жазылмаған болса, басқалар да қоса тiркеледi, осыларды судья
талапкерге түсiндiруге мiндеттi.[7]
Арыз құқығы бұзылған (материалдық құқығын немесе басқа да ақшалай
қаражатын материалдық шығын келуi) оларды жауапкерден талап ету арқылы сот
арқылы қорғалуы болып табылады. Яғни осы бұзылған құқықтардың мазмұнымен
негiзiн жазуы талап арыздың тақырыбы болып табылады ол мiндеттi түрде
жазбаша нысанын болады, бұл арызда тақырыбын өзгертуi талапкердiң құқығында
болады, ал мұндай құқыққа сот ие емес.
Мысалы: Жалақыны өндiрiп алу талапкер өзiнiң берiлмеген жалақысын
өндiрiп алуын арыз жазу арқылы өзiнiң бұзылған құқығын қайта қалпына
келтiру үшiн сот арқылы қорғалуын, сотқа жүгiнедi.[8]
Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және
азаматтардың, заңды тұлғалардың құқықтардың, қоғамдық және мемлекеттiк
мүдделерi қорғау үшiн талап қойып сотқа жүргiзуге құқылы.

2.3. Талап арызды қабылдау және одан бас тарту негiздерi.

Құқықты сот қорғауының маңызды кепілдігі Азаматтық іс жүргізу
кодексінің 153-бабында арызды қабылдаудан бас тарту үшін негіздердің
бәрін қамтитын тізбесі көзделген. Судья арызды қабылдаудан бас тарта
отырып, бұл туралы дәлелді ұйғарым шығарады. Ұйғарымда судья, егер іс
соттың қарауына жатпаса, арыз берушінің қандай органға жүгінуі керек
екенін не істің пайда болуына кедергі жасайтын мән-жайларды қалай жоюға
болатынын көрсетуге міндетті. Заңда судьяның арызды қабылдаудан бас тарту
туралы ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағым жасауға немесе прокурордың
наразылық келтіруіне жол береді.
Ешкiмге өзiнiң келiсiмiнсiз ол үшiн заңда белгiленген соттылығын
өзгертуге болмайды. Жоғарғы тұрған соттың өзiнен төменгi соттың жүргiзетiн
iсiн тараптардың келiсiмiнсiз алып қоюға және оны өзiнiң iс жүргiзуiне
қабылдауға құқығы жоқ.
Егер заңға қайшы келсе немесе әлдекiмнiң құқығын және заңмен қорғалатын
мүдделерiн бұзса, сотқа жүгiнуге құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
Азаматтық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде азаматтың процесске қатысушы ар-
ожданын қорғалатын немесе қадiр-қасиетiне кемсiтетiн шешiмдер мен iс-
әрекеттерге тыйым салынады.
Азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында мемлекеттiк органдар мен лауазымды
адамдардың заңсыз әрекеттерiнен адамға келтiрiлген моральдық зиян заңда
белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
Сот өз құзыретiнде даулы құқықтық қатынастарды реттейтiн құқық
нормалары болмаған жағдайда сот ұқсас қатынастарды реттейтiнi құқық
нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда дауды заңдардың
жалпы негiздерiмен мағынасын басшылыққа ала отырып шешедi.
Қорғаушы да осы азаматтардың заңды тұлғаларын құқығын қорғау үшiн
заңдық көмек көрсеуiн қамтамасыз етедi. Мұнда да сот талапкер не
жауапкерден келiсiмiмен қорғаушысын тағайындай алады.
Қорғаушы осы сот талқылауында өзiнiң қарауындағы азаматына жеңiлдететiн
мән жағдайы болғанда оны көрсете отырып барынша көмек көрсетуге азаматтың
құқығын қорғауы тиiс.
Құқық өз құқықтарымен мүдделерiн қорғай алмайтын азаматтарға (кәмелетке
толмағандарға мемлекеттiк айыптаушысы қорғауға тиiс.
Ал психикалық ауруларға ұшырағандардың мүдделерiн оның заңдық өкiлдерi
көмек көрсетуi қажет.
Осы сот қорғауында (талқылауында) жарыссөзiнде тараптардың өз ой
пiкiрлерiн жасырмай айтуға тиiс.[9]
Азаматтық сот iсiн жүргiзу тараптардың айтысуы мен тең құқылығы
негiзiнде жүзеге асырылады. Тараптар бiрдей iс жүргiзу құқықтарын
пайдаланады және бiрдей iс жүргiзу мiндеттерiн көтередi.
Тараптар азаматтық сот iсiн жүргiзу барысында өз айқындамасын таңдап
алады, оны қолрғау әдiсi мен амалдарын дербес және соттан, басқа
органдармен адамдардан тәуелсiз түрде таңдап алады. Сот iстiң анықтау
мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған алайда тараптардың
дәлелдi өтiнiшi бойынша оған осы кодексте көзделген тәртiппен қажеттi
материалдарды алуға, жәрдемдеседi.
Iстi қараушы сот объективтiлiгi және әдiлдiгi сақтай отырып, iстiң мән-
жайын толық және объективтi зерттеуге тараптардың құқықтарын iске асыруын
үшiн қажеттi жағдайлар жасайды, iске қатысушы адамдарға олардың құқықтары
мен мiндеттерiн түсiндiредi iс жүргiзу әрекеттерiн жасаудың немесе
жасамаудың салдары туралы ескертедi және осы кодексте көзделген жағдайларда
олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседi. Сот iс жүргiзу шешiмiн
зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бiрдей негiзде қамтамасыз етiлген
дәлелдемелерге ғана негiздейдi.
Сот тараптарға бiрдей және құрметпен қарайды.
Әр адамның азаматтық процесс барысында бiркiлiктi заң көмегiн алуға
құқығы бар. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.
Сот талқылауының мақсаты азаматтармен заңды тұлғалардың құқықтарын
қорғауы болып табылады. Сонымен жоғарыдағыларды қорыта келгенде
азаматтармен заңды тұлғаларын бұзылған құқықтар мен мүдделерiн қайта
қалпына келтiру үшiн сотқа жүгiну сотта қорғалуы болып табылады.
Сондықтан да осы сот талқылауын қорғауға себеп тудырушы осы азаматтар
мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарының мазмұнын талап арызда көрсету
арқылы iстi қозғау болып табылады.сот талқылауында сот заңға сүйене отырып
азаматтардың құқықтарын қорғауға әдiл түрде шешiм шығара ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАЛАП ҚОЮ АРЫЗЫН ЖАУАПКЕРГЕ ТАПСЫРУ
Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі
Азаматтық iс бойынша талап қою өндiрiсi
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Сот төрелігі
Сот төрелігі конституциялық принциптері
Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері
Ерекше талап қою
Қылмыстық процесте азаматтық талаптың мәні
Сотта азаматтық істің қозғалуы
Пәндер