Жастар ұғымы, даму ерекшеліктері, қазіргі нарық заманындағы әлеуметтенуі, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын технологиялар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Бөлім. Жастарды зерттеудің теориялық.әдістемелік негіздері
1.1. Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде ... ... ... ... ... ... .5
1.2. “Жастар” ұғымын анықтауда ғылымдарға сүйену ... ... ... ... ... 13
1.3. Жастардың даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19

II Бөлім. Жастармен әлеуметтік жұмыстың негізгі технологиялары
2.1 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс технологиялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
2.2 Қазақстаннның Мемлекеттік жастар саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.3 Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтенуінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жас ұрпақтың дүниетанымындағы өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат мүддеден де солай маңызды. Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендігі алуы – тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-ықпалы болмай қалған жоқ.
Алдыңғы толқын – ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек, егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы қалай? «Қорқамын кейінгі жас балалардан» деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол «ересектеріміздің» өзі күні кеше қандай еді?Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ балаларымыз қандай болмақ? Төрткүл дүниеден хабардар, көргені де, естіп жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның тірі куәсі – бүгінгі ұрпақ қайда бармақ? Осына сұрақтардың қай-қайсысы да айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейлі жауап беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызық та таңғажайып уақытта өмір сүріп отырмыз; қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын азыққа айналды.
Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге ие. Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың “рухының беймазалығы”, болмысқа сын көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін “өзімшілдігі”, ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара басының қамын бәрінен биік қоюы.
Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондықтан да жастар мәселесі күллі қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды һәм күрделі 1.
Әрбір елдің болашағы жастармен өте тығыз байланысты. Жастар мен қоғам үнемі өзгерісті түрде қарым-қатынаста болады. Қазіргі жастар оқу мен өмірлік тәжірибе алу арқылы ертеңгі күні өскелең ұрпаққа өздерінің өмірлік ақылдарын беру негізінде белсенді күшті атқарады. Сондықтан да жас адамдар, келешек ересек болумен әрбір қоғамның нағыз құнды жетістігі.
Қазіргі жас аралық шекарасында “жастар” ұғымы көптеген елдерде түрліше қабылданған.
Жастар жасы адам өмірінің цикліндегі әлеуметтік және демографиялық маңызды оқиғаларымен ұштасады: жалпы білім берілудің аяқталуы, мамандық таңдау және кәсіби білімді алу, еңбек қызметінің басталу кезеңі, некеге тұру, дүниеге сәби әкелу, тағы басқалары.
“Жастар” ұғымын ғасырлар бойы көптеген атақты зерттеушілер зерттеп, өз анықтамаларын берген. Осындай зерттеушілердің арасынан ерекшелерін атайтын болсам, олар – В.Лисовский, Д.Бромлей, В.Н.Боряз және де С.П.Иваненколар.
1. Агафонов А.Н., Меңлібаев Қ.Н. Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар. Астана, 2005 ж. Ешпанов Д. О некоторых современных социальных характеристиках моложежи. Саясат №6, 2003 г. [12-15 бет.]
2. Селтеев.У.К. Молодежная политика Казахстана: состояние и проблемы. // Психология-Социология-Политология.8-9,2007ж. 85-87 бет
3. Абдирайымова Г.С. Ценностные ориентации современной молодежи. Изд. “Баур”. Алматы 2005 г, [93-106, 109-120 бет.]
4. Абдирайымова Г.С. О многозначности понятия “молодежь”. // Хабаршы-Вестник, Серия Психология и Социология. Алматы 2003 г. №2(11), [105-109 бет.]
5. Зайниев Л. Эффективная мололежная концепция как залог будущего. //Саясат №4, 2004 г. [4-6 бет.]
6. Ешпанов Д. О некоторых современных социальных характеристиках моложежи.// Саясат №6, 2003 г. [12-15 бет.]
7. Бейсебаева С. Жастар деген кім?. // ҚазҰУ хабаршысы, Заң сер. 1(29) 2005 ж.[ 32-34 бет].
8. Кулагина И.Ю. Возростная психология. М, 1997г. [225-229.]
9. Мухина В.С. Возростная психология. М, Академия 1999 г. [420-423 ]
10. Бюлегенова Б.Б. Жастар халықтың ерекше әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде. // ҚазҰУ хабаршысы, Философия сер. 2(18) 2002 ж. [31-32.]
11. Мудрик А.В. Социальная педагогика. М, Академия 1999 г. [119-121]
12. Тұрманова Ж. Жасөспірімдердің өзін-өзі реттеуі және өзіндік құндылық бағдары. // Педогогика журнал №2(4) 2005 ж, [21-23 бет.]
13. Абсаттаров Р.Б ред. Әлеуметтану. Оқу-әдістемелік құралы. Орал, 2005ж. [70-73]
14. Агафонов А.Н. Социальная работа : теория и технология. Астана, 2005. [65-70]
15. Социальная работа: Введение в профессиональную деятельность М, 2005 г. [126-127]
16. Баймұқанова М.Т. Отбасымен әлеуметтік-педогогикалық жұмыс. Астана, 2005 ж. [126-137]
17. Хамбар Б. Болашақ мамандарды жұмыспен қамту. // Саясат 11-2005 ж. [38-44]
18. Гирфанов Р.М. Специфика социальной молодежной политики в Республике Казахстан и за рубежом. // Психология, Социология, Дефектология 2-2006 ж. [3-7]
19. Қазақстан Республикасының Статистика агентігі. Қазақстан өңірлерінің демографиялық жылнамалығы демографиясы. Статистикалық жинақ. А., 2006 ж.
20. Қазақстан Республикасының «Жастар саясаты» туралы Заңы. 7- 2004 ж
21. Абдирайымова Г.С. Студенческая молодежь как социальная группа: Автореф.канд.соц.наук. А., 1999 г.
22. Лисовский В.Т. Социология молодежи. Изд. СПб Университета. 1996 г.
23. Габдуллина К.Г. Казахстан и современный мир. А., 2001
24. Боряз В.Н. Молодежь // Методологические пргоблемы исследования. Л., 1973
25. Запесоцкий А.С. Молодежь в современном мире: ПРоблемы индивидуализации и интеграции. С-П., 1996
26. Особенности социально-профессиональной адаптации современной молодежи // Вестник КазНУ. Серия психология и социология. 2004-1 (12).

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Бөлім. Жастарды зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері
1. Жастар әлеуметтік жұмыстың объектісі
ретінде ... ... ... ... ... ... .5
2. “Жастар” ұғымын анықтауда ғылымдарға
сүйену ... ... ... ... ... 13
3. Жастардың даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
... 19

II Бөлім. Жастармен әлеуметтік жұмыстың негізгі технологиялары
2.1 Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .28
2.2 Қазақстаннның Мемлекеттік жастар
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... 45
2.3 Қазіргі қоғамдағы жастардың әлеуметтенуінің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 59

Қорытынды
Сілтемелер
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жас ұрпақтың дүниетанымындағы
өзгерістердің мәнін ой елегінен өткеріп, зерделеу теориялық міндеттер
тұрғысынан қалай зәру болса, өмірлік мақсат мүддеден де солай маңызды.
Қоғам дамуының жаңа арнаға түсуі, яки еліміздің егемендігі алуы –
тәуелсіздігіміз қаншама құндылықтарға жол ашты. Қоғамның күллі бағыт-
бағдары, ізгі мұраттары, қажеттіліктері мен себеп-салдарлары түбегейлі
өзгерді, мұның өзінің жастардың ой-санасына, өмірлік ұстанымдарына әсер-
ықпалы болмай қалған жоқ.

Алдыңғы толқын – ағалардың кейінгі толқын – інілерге, яғни ересек,
егде кісілердің өскелең ұрпаққа деген көзқарасы қалай? Қорқамын кейінгі
жас балалардан деген Абай атамыз сияқты олар да күдікпен үрке қарап жүрген
жоқ па? Бүгінде шау тартқан сол ересектеріміздің өзі күні кеше қандай
еді?Ұлы суреткер Мұхтар Әуезов өсиет еткендей, бесігімізді түзедік. Бірақ
балаларымыз қандай болмақ? Төрткүл дүниеден хабардар, көргені де, естіп
жатқаны да жетерлік. Барлығын алақанға салғандай өз көзімен көріп, соның
тірі куәсі – бүгінгі ұрпақ қайда бармақ? Осына сұрақтардың қай-қайсысы да
айрықша ден қоюды қажет етеді және оларға түп-түгіл, егжей-тегжейлі жауап
беру, әрине, оңайға түспейді.
Біз ешкімді енжар қалдырмайтын қызық та таңғажайып уақытта өмір сүріп
отырмыз; қоғам өмірінде, адам санасында, жастар дүниетанымында жүріп жатқан
орасан зор өзгерістер оқымыстылар ортасында ғылыми талас үшін таптырмайтын
азыққа айналды.
Басқаларға қарағанда жастар әлеуметтік топ ретінде өзгеше қасиеттерге
ие. Бұл не қасиеттер? Ең әуелі, олардың “рухының беймазалығы”, болмысқа сын
көзбен қарайтындығы, ешкімге кіріптар болғысы келмейтін “өзімшілдігі”,
ақиқаттан, тіпті қоғамнан іргесін аулақ салуға ұмтылуы, саяқ жүріп, қара
басының қамын бәрінен биік қоюы.
Жастар қанша өзгеше қасиеттерге ие болмасын, ол таптан, әлеуметтік
топтан тысқары өмір сүре алмайды. Сондықтан да жастар мәселесі күллі
қоғамға қозғау салатын кең көлемдегі әлеуметтік проблемалардан да ауқымды
һәм күрделі (1(.
Әрбір елдің болашағы жастармен өте тығыз байланысты. Жастар мен
қоғам үнемі өзгерісті түрде қарым-қатынаста болады. Қазіргі жастар оқу мен
өмірлік тәжірибе алу арқылы ертеңгі күні өскелең ұрпаққа өздерінің өмірлік
ақылдарын беру негізінде белсенді күшті атқарады. Сондықтан да жас адамдар,
келешек ересек болумен әрбір қоғамның нағыз құнды жетістігі.
Қазіргі жас аралық шекарасында “жастар” ұғымы көптеген елдерде түрліше
қабылданған.
Жастар жасы адам өмірінің цикліндегі әлеуметтік және демографиялық
маңызды оқиғаларымен ұштасады: жалпы білім берілудің аяқталуы, мамандық
таңдау және кәсіби білімді алу, еңбек қызметінің басталу кезеңі, некеге
тұру, дүниеге сәби әкелу, тағы басқалары.

“Жастар” ұғымын ғасырлар бойы көптеген атақты зерттеушілер зерттеп, өз
анықтамаларын берген. Осындай зерттеушілердің арасынан ерекшелерін атайтын
болсам, олар – В.Лисовский, Д.Бромлей, В.Н.Боряз және де С.П.Иваненколар.

Әлеуметтік жұмыстың объектісі мен пәнін анықтауда жастардың
проблемалық және әлсіз тобы екенін халықтың жеке бір тобы ретінде емес,
әлеуметтік жұмыстың ғылым және іс-әрекет ретіндегі жалпы объектісінің
бөлшегі ретінде де екенін дәлелдей түседі. Жастар қоғамның ерекше
әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде әлеуметтік жұмыстың негізгі
объектілерінің бірі болып табылады, себебі маргиналдығы жағынан, өзінің
әлеуметтік жағдайда өзгермелігі жағынан халықтың әлеуметтік әлсіз жігіне
жатады.
Жастардың әлеуметтік проблемаларына деген қызығушылықтың өзектілігі
әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси өзгеру кезеңін басынан
кешіп отырған қоғамдарда күшейіп отыр. Қазақстан үшін жас ұрпақ халықтың
үштен бір бөлігін құрайтындықтан жастардың әлеуметтік проблемаларын
зерттеу, әлеуметтік жұмыстың механизмін, технологияларын зерттеу қазіргі
қазақстандық жастар үшін – жас ұрпақтың нарық заңдарына кездесіп, бұрынғы
ұрпақтарға қарағанда қатал бейімделу жолдарын таңдау алдында қалуымен де
байланысты. Балалар және жасөспірімдер қараусыздығы, жастар қылмысы,
нашақорлық, жұмыссыздық сияқты өтпелі кезеңде байқалған мұндай
құбылыстардың ауқымы жастарды әлеуметтік жұмыстың әлеуетті объектілеріне
айналдырып отыр.
Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жалпы әлеуметтік жұмыстың
теориясының бөлімі ретіндегі пәніне жастардың өмірлік күштері мен
әлеуметтік маңызы бар қажеттіліктерін қалыптастыру мен жүзеге асыруға,
туындаған проблемалық жағдайларды жеңуге әсер ететін заңдылықтар мен
технологиялар болып табылады .
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің мәліметі
бойынша, 2006 жылдың 1 қаңтарында жас азаматтар 4.229.172 адамды құраған,
яғни республика халқының 27,8 %. Өткен бір жарым жылдың ішінде шамамен
136.000 адамға өскен, бұл еліміздің халқының үштен бір бөлігін құрайды.
Қазіргі дамушы қоғамның белгілі әлеуметтік-демографиялық тобы ретінде,
жастарға аса назар аудару - әрбір мемлекеттің парызы болып табылады.
Зерттеу объектісі – жастар, олардың қоғамда алатын үлесі.
Зерттеу пәні болып – жастарды халықтың ерекше әлеуметтік-демографиялық
тобы ретінде танып білу.
Жұмыстың мақсаты жастар ұғымын, даму ерекшеліктерін, қазіргі нарық
заманында әлеуметтенуін, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын
технологияларды анықтау. Осы мақсаттар келесідегідей міндеттерді ескереді:
жастар ұғымын анықтауда ғылымдарға, түрлі зерттеушілердің берген
анықтамаларына сүйене отырып зерттеу; жастық шақтың даму кезеңдерін
сипаттау; жас өкілдерімен әлеуметтік жұмыс жүргізуде қолданылатын
әлеуметтік технологиялардың тиімділігін көрсету.
І Бөлім. Жастарды зерттеудің теориялық-әдістемелік негіздері

1.1 Жастар - әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде

Әрбір елдің болашағы жастармен өте тығыз байланысты. Жастар мен қоғам
үнемі өзгерісті түрде қарым-қатынаста болады. Қазіргі жастар оқу мен
өмірлік тәжірибе алу арқылы ертеңгі күні өскелең ұрпаққа өздерінің өмірлік
ақылдарын беру негізінде белсенді күшті атқарады. Сондықтан да жас адамдар,
келешек ересек болумен әрбір қоғамның нағыз құнды жетістігі. Өмірдің әр
кезеңіне қабілетті және дамушы қоғам үшін барлық ұрпақпен үзілместей
байланыстар, түсінушіліктер, қарым-қатынастар жасай отырып аса маңызды
болып табылады. Осылардың барлығына қоғамның тұрақтылығының жемісі, қайнар
көзі, жауаптылық танытады.
Жастар – қоғам құрылымындағы әлеуметтік, саяси, экономикалық
элементтермен байланыстардағы қиындықтарды, динамикалық ішкі өзгерістерді
басынан өткізіп, тез қабылдап алатын топ. Дегенмен де ол қоғамдық-саяси,
мәдени, отбасылық, еңбек қызметінде түрлі деңгейдегі белсенділік танытады.
Жастар қалыптасқан қажеттіліктерге байланысты әлеуметтік мобильділгі бар,
біліктіліктері мен білімдері, қызығушылықтары, құндылықты белгілерді
бойларына жинақтаған әлеуметтік-демографиялық топ болып саналады.
Жастар – барлық социогуманитарлық ғылымдардың зерттейтін объектісі.
Философия, психология, педагогика, демография, әсіресе әлеуметтану
ғылымдары жағынан қызығушылықтар туындап отыр. Зерттеушілердің жастар
ұрпағына деген қызығушылығының басты себебі - әлеуметтік негізделген
талаптардың өсуіне орай, өйткені қоғам олардың жоғарғы квалификациясыа,
шығармашылық тұрғыдан ойлана білуіне және де өздігінен шешім қабылдай
алуына, жауапкершілікті өз мойнына алу сияқтыларға көңіл бөледі.
Қазіргі жас аралық шекарасында “жастар” ұғымы көптеген еуропалық
елдерде, АҚШ пен Жапонияда 13 пен 14 жастан 29 бен 30 жас аралығында
қабылданған. Бірақ әр елдер “жастар” ұғымына түрліше қарайды. Ұлыбритания
мен Нидерланды да жастар ерекше топ болып айқындалмайды, тек жас
шекарасындағы балалармен бірлескен аймақты қамтиды, яғни 0 –25 жас аралығы.
Мұндай көзқарастың позитивті де және негативті жақтары бар, ол: бала мен
жастар саясатының бір-бірлерімен тығыз байланысуын қамтамасыз етеді, ал
оның негативті жақтары осы сфералар арасындағы көңіл бөлушілік пен
қызметтер бірдей емес деңгейде бөліну ықтималы. Испанияда жастар 14 пен 30
жас аралығымен анықталады, кейде 32 мен 34 жасқа дейін араласып отырады.
Бұл фактінің түсіндірілуінше, дәл осы жаста жас испандықтар өз беттерінше
жекелік, экономикалық тәуелсіз өмірлерін жүргізуді бастайды. Сонымен де
“жастар” ұғымы тек қана жас аралық шекара мен ғана анықталмайтындығы
көрсетіледі.
Дүниежүзілік қауымдастық, көптеген елдердегі жастардың қоғамның
әлеуметтік бөлектенген тобы болғанымен қатты толғанады. Жастардың рухани
бағыттары үлкен “дабылды” тудыруымен сабақтас болуында.
Жастарға арналған саясаттың өндірілуі мен жүзеге асуы әлемдік
қауымдастық деңгейінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және де Білім беру, ғылым
және мәдениет сұрақтары бойынша қауымдастыққа (ЮНЕСКО) тікелей байланысты.
1965 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен “Жастар арасында бейбітшілік
идеалын тарату мен халықтар арасындағы өзара сыйластық пен түсінушілік
Декларациясы” қабылданады. 1989 жылы өткізілген өзінің 31-сессиясында БҰҰ-
ның Әлеуметтік даму комиссиясы жас адамдардың қоғам өміріне енуінің
приоритетті тақырыбын қарастыруға ұсыныс жасайды.
Жастардың қоғам өміріне енуі жөнінде Халықаралық симпозиум 1990 жылы 4
- 8 шілдеге дейінгі аралықта өтті. Симпозиумда осы мәселенің шешуші
құралдары мен жолдары анықталады. Алдымен жастарға қатысты комплексті
ұлттық саясатқа аса көңіл бөлінді. Жастардың Халықаралық жылы өтуінің
жетістігі ретіде әлемнің бірталай мемлекеттерінде жастарды қоғам даму
процесінің негізгі көзі мен маңызды объектісі болып табылуымен ұлттық
саясаттың құрылуы орын алды. Бұл, яғни мемлекет өмірінің барлық жақтарын
қозғауы тиіс: әлеуметтік, экономикалық, мәдени және саяси. Сонымен қатар,
мұндай саясат жас адамдарға деген қарым-қатынастың қоғам өмір сүруінің
түрлі сфераларымен өңделген жоспарлар, стратегиямен, бағдарлармен
сәйкестендірілуі қажет.
Қазіргі таңда жастар бүкіл әлемде санымен және тез өсіп келе жатқан
әлеуметтік топтардың бірі. Егерде қоғам жастарға жоғары талаптар қоятын
болса, онда жастар да қоғаммен байланысу белсенділігі кезінде көп талап
етуші болады. Бірақ та жастар – қоғамның өте проблемді топтарының бірі
болып саналады емес пе! Жастар проблемалары өздігінен пайда болмайды, олар
қоғам дамуымен тікелей байланысты.
Нарықтық экономикаға өтуге байланысты халықтың түрлі топтарының
әлеуметтік орнының өзгеруіне әкеліп соқты, сонымен қатар дәстүрлі түрде
алдыңғы идеяларды тудырушылардың да. Жаңа жағдайлардағы негізгі орын –
жастарға арналған, себебі олар қандай бағыт таңдамасын олардың шешімі
болашақ қоғамды анықтайды.
Әлеуметтанулық жоспарларда қоғамдық прогресстің объективті факторы
ретінде жастардың әлеуметтік даму тенденциясына әсер ететін екі түрі бар.
Бір жағынан, макроортаның объективті және субъективті жағдайларының өзгеруі
болашақ жастардың әлеуметтік түрін қалыптастыруымен қатар, әлеуметтік
құрылымның даму сатысын көрсететін қоғамның әлеуметтік құрылымына
жастардың ерекше қосылуын тудырады. Басқа жағынан, қоғамдық прогресстің
факторлары, жастардың ойымен шағылысып, олардың өзіндік қажеттіліктеріне,
қызығушылықтарына, іс-әрекет бағдарламасындағы құндылықты бағыттарына
әсерін тигізіп, ақыр аяғында жастардың әлеуметтік түрінде бейнеленеді.
Өз бетінше іс-әрекет жасай алатын әлеуметтік-демографиялық топ ретінде
анықталатын жастар, қоғамдық қатынастар мен қоғамдық формалар болып
сипатталады. Жастар ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде біріншіден,
өзіндік объективті болмысынан пайда болатын бірнеше ерекшеліктерді
қалыптастырған. Жастардың әлеуметтік ерекшеліктері спецификалық позициясы
арқылы анықталады, яғни олардың әлеуметтік құрылымының қайтадан жаңару
процесіне қатысуымен қатар, олар мұрагер және жас адамның өз күшімен
қоғамдық қатынастарды өзгертуші. Бұл процесс ішінде пайда болатын
қайшылықтар – толығымен алғандағы жастар проблемасының негізінде жатыр.
Жастардың жастар шекарасы қозғалмалы болып келеді. Олар адамның өмір
сүру жағдайы, мәдениет пен игіліктерге жеткен дәреже, яғни қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуына байланысты. Бұл факторлардың әсерінен
адамдардың өмір сүру ұзақтығы анықталады, жастар жасының кеңейген шекарасы
14-30 жас. Нақты осы жас аралығында жасөспірім әлеуметтік тұрғыда таңдау
құқығына ие болғандықтан (мысалы, оқуын жалғастыру, гуманитарлы немесе
техникалық жоғарғы орнына түсу немесе жұмыс істеу) төменгі жас шекарасы
анықталады. 30 жасқа тақап қалғада адамның ережеге сай кәсіби біліктілікке
жетеді, өзінің отбасын құрайды, қоғамда тұрақты өз орнын табады.
Жастар жасы адам өмірінің цикліндегі әлеуметтік және демографиялық
маңызды оқиғаларымен ұштасады: жалпы білім берілудің аяқталуы, мамандық
таңдау және кәсіби білімді алу, еңбек қызметінің басталу кезеңі, некеге
тұру, дүниеге сәби әкелу тағы басқалары.
Жасөспірімдер 18 жасқа дейінгілерді қамтиды – бұл негізінен мектепте
оқитындар мен кәсіби оқу орындағылар. Ережеге сүйенсек, олар ата-аналарының
қарамағында болатын және де толығымен азаматтық құқықтарын иеленбегендер
болып саналады.
18 бен 24 жас аралығындағы жастар, олар – жұмысшылар, студенттер,
белгілі бір оқу орнының түлектері. Олардың кейбіреулері ата-аналық
отбасылықтан бөлектенген, өздерінің жеке кірістеріне өмір сүретіндер.
Мұндай жаста некеге тұру, жас отбасылардың құрылуы мен бала туу
белсенділігі байқалады.
25 пен 29 тұсындағы жастар болып – кәсібилік шешім қабылдаған, нақты
квалификациясы бар және өмірлік кәсіби тәжірибелі деңгейінде болатындар.
Жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайлардың өршігуіне орай, жас
ұрпақтың проблемалардың шешімін табу артта қалуда. Бұл, алдымен жастарды
тәрбиелеу мәселесін қозғайды. Мемлекеттік органдардың қаншалықты
әрекеттесуіне қарамастан, орта мектептер мен ондағы оқитындар жақсы емес
кезеңдерді бастан кешіруде. Оған ауыл мектептерінің жабылуы, оқулықтардың
аздығы республиканың көптеген региондарында жетіспейді. Осының салдарынан
толық білім мен тәрбие алмаушылырдың саны өсуде. Бұл білімі аз, мәдениеті
төмен адамдардың пайда болуына әкеледі.
Қоғамда қандайда бір объектіні зерттеу ажеттілігі туғанда ол белгілі-
бір көзқараста қарастырылатыны белгілі. Әрбір объект жеке-жеке зертеуді
қажет ететін бірнеше тараптар мен қасиетке ие болады, яғни қандай да бір
ғылымның заты болып табылады. Ғылым затын анықтау көптеген факторларға, ең
алдымен осы саладағы жеткен жетістіктерге, ғалымдар алдында оятын
әлеуметтік практиканың дамуына байланысты.
Қазіргі кезеңде - әлеуметтік жұыстың өзіндік әлеуметтік ғылым және оқу
пәні болып қалыптасуы қарынды жүріп жатан кезеңде әлеуметтік жұмыстың мәні
мен негізгі белгілері туралы көптеген көзарастар бар. Бірақ барлық авторлар
(шет елдік те, отандық та) әлеуметтік жұмыстың объектісіне өмірлерінде
кездесетін проблемаларды шешуде қиындықтар көретін жеке адамдар мен әртүрлі
адамдар тобын жатқызады.
Жастар кез-келген қоғамда үлкен немесе кіші деңгейде кемсітілетін топ
болып табылады.
Халықтың белгілі-бір жасына байланысты бөлінетін тобына жататындықтан
да жастар қазіргі таңда әлеуметтік жұмыстың негізіне айналып отыр, яғни
оның объектісі болып саналады.
Жастарға әлеуметтік жұмыс объектісі ретінде сипаттама беру үшін жастар
– оны құрастыратын көптеген құрамдардан тұратын, жеке және топтық формасы
бар, соматикалық, психологиялық және әлеуметтік даму ерекшеліктеріне ие,
қоғамдық қарым-қатынастардың тарамдалған желісінде жатқан күрделі жүйе
екенін есте сақтау керек. Ресейлік социолог В.Н.Боряздың жастар түсінігін
объективтік, әлеуеттік табиғаттан тұратындықтан антропологиялық және
психологиялық бағыттарда қараумен шектелмеу керек, жастар туралы мәселені
қозғағанда оны бір-бірімен салыстырмай, бөліп қарамай әлеуметтік жұмыс
объектісі ретінде қарап, антропология, психология, педагогика, социология
және басқа да ғылымдардың жастар мен олардың проблемаларын зерттеудегі
жетістіктеріне сүйене отырып, қарау керек деген пікірімен келісемін,
өйткені жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс құралын, нысанын және
әдістерін анықтау, оның тиімділігі ең алдымен халықтың осы тобының,
әлеуметтік мәртебесі мен әлеуметтік проблемалары білімі мен жас
ерекшеліктеріне, психологиялық және әлеуметтік-эконоикалық, социо-
мәдениеттік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Әлеуметтік жұмыстың объектісіне кез-клген жас іліге бермейді, оның
міндетті түрде қандай да бір проблемасы болуы керек. Ол проблемалар
психологиялық, медициналық, құқықтық, материалды және басқа да сипатта
немесе адамға тәуелсіз кейбір сыртқы факторларға, болмаса ішкі жеке басының
жағдайларына байланысты болуы мүмкін, қалай болғанда да әлеуметтік жұмыс
үшін жас адам осы проблемасын өз бетімен шеше алмай, әлеуметтік
қызметкердің кәсіптік көмегін қажет етуімен маңызды.
Әлеуметтік педагогика үшін жай ғана жас адам емес, әлеуметену
процесінде көмекті қажет ететін бала – жеке тұлғадан әлеуметтік субъектіге
айналатын, яғни дамушы, қалыптасушы, жеке адамның болуы маңызды.
Ал социологтардың зертеу өрісіне жастардың қоғамдағы қалыптасуы мен
дамуы, аға ұрпақпен, мемлекеттік және қоғамды институттармен өзара қарым-
қатынасы жатады.
Міне, осындай әлеуметтік жұмыстың, әлеуметтік педагогика және
социология сияқты ғылымдардың әлеуметтік бір құбылысты зерттеудің
сипаттамаларына қарамастан олардың біріктіретін де, алшақтататын да
белгілері бар. Сондықтан кәсіптік деңгейде жастар проблемасымен айналысатын
әлеуметтік қызметкер үшін білім алу мен жастардың әлеуметтік педагогикалық,
социологиялық аспектілерін білу маңызды. Осы білімдер жинақталып келіп,
жалпы фон құрады, онда әлеуметтік қызметкердің жеке және топтық
клиенттерімен жұмыс істеуінің түбегейлі жоспары мен тактикасы орын алады.
Әлеуметтік қызметкердің жастар проблемасына осындай кең көзқараста
болуы жастармен жұмыс жүргізетін маман мен жастармен жұмыс жүргізетін
маманның лауазымды міндеттерін ажырата білуді қажет етеді. Біріншілерінің
міндетіне мыналар жатады: әлеуметтік қолдауды қажет ететін жас отбасыларын,
жеке жасөспірімдерді және жастарды анықтау, олардың патронаждарын жүзеге
асыру; маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауыратын және жыныстық зорлықа
ұшырағандарға әлеуметтік-психологиялық реабилитациялау; олайсыз әлеуметтік-
құқықтық және медико-психологиялық жағдайларда өмір сүретін жас
отбасыларымен, балалар үйі мен мектеп-интернаттардың бұрынғы
тәрбиеленушілермен, ата-анасы жоқ немесе қамқорсыз алғандармен, жұмысқа
орналасуды қажет ететін кәмелетке толмаған жас аналармен жұмыс жасау;
кәмелетке толмаға құқық бұзушыларды қоғамдық қорғауды ұйымдастыру және т.б.

Жастармен жұмыс жүргізетін маманның міндетіне балалар мен жастар
ұйымдарының әрекеттерін үйлестіру, жастардың қалыпты құрылымы бұзылған
бейресми бірлестіктерімен жұмыс, жастардың бос уаытын ұйымдастыру бойынша
шаралар жүргізу және оларды талдау, жасөспірімдердің, жастардың, жас
отбасылардың құқығын қорғау және т.б. жатады.
Осыған байланысты, жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін маманның
кәсіби дайындығына ең алдымен жұмыстың объектісі ретіндегі жастардың
сапалық сипаттамасын, осы бір күрделі әлеуметтік феноменді, әлеуметтік-
демографиялық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени
аспектілерімен бірлікте және өзара байланыста зерттеу жүргізу қажеттігі
туындайды.
Соңғы кезде жастар еңбек бөлінісі мәселелері бой көтеруде. Анализдің
көрсетуінше, білім алушылардың 9 %-ы 11 сыныпты бітірушілер толық білім
алмауымен жұмысқа тұра алмайды.
Дамыған елдерде ақыл-есі кем және физикалық ауытқушылығы бар
балалардың білім алуына көп көңіл бөлінеді. Ал Қазақстанда соңғы кездері
мұндай мекемелердің саны азайып кетуде. Қазіргі таңда ақыл-есі дамуында
кемшілігі бар жасөспірімдердің жағдайы қиындауда, мұндаймен жұмыс жасайтын
120 мектеп-интернаты бар. Сонымен қатар жастар ортасында өз-өзін
өлтірушілердің саны жоғарлауда. Мұндай көрсеткіш еркектер арасында 25-29
жас аралығында өте жоғары, ал қыздардікі 20-24 жас аралығында болып отыр.
Айтып кеткендей жастар арасында түрлі проблемалар жетіп жатыр. Осындай әр
түрлі проблемаларды шешуде әлеуметтік жұмыскерлердің көмегі бірден-бір
қажет.
Е.Р.Ярская-Смирнованың айтуынша, жастармен әлеуметтік жұмыстың негізгі
міндеті – жастардың өз проблемаларын өздері шешуге және де жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдайларға бейімделуіне қабілеттілік таныту.
Қазіргі жаңашыл қоғамда жастар қоғамдық принципиалды орынды алуда.
Олардың өмірлік қызығушылықтары, өмір сүру түрлері саяси, әкономикалық,
мәдени және басқа қоғамдық салалардағы әлеуметтік процесстердің даму
контексінде қарастырылады. Жастарды зерттеудің барлық тәсілдері жас ұрпақты
зерттеу мен танудың негізгі әдістемесін жасауға көмектеседі. Негізгі
принциптерге алдымен, тарихи талдаулық тәсілді жатқызуға болады, яғни онда
тек биологиялық және жасаралық ерекшеліктерін ескеріп, жастарды уақытсыз
болмыс деп қарастыруға болмайды делінген. Жастарды тарихи қоғамның нақты
шекарасындағы анықталған әлеуметтік топ ретінде бағалау керек. Олар
қоғамның динамикалық және мобильді бөлігі болып есептеледі.
Келесі жастар мәселесінің ғылыми тәсілі – жастар өмір сүру түріне
талдау жасау. Бұл жастарды, олардың әлеуметтік жағдайын, өмір сүру түрін,
субмәдениетінің ерекшеліктерін, ментальділігін, құндылықты бағыттарын
жалпытеориялық қана емес, сонымен қоса эмпирикалық дәрежеде зерттеу
керектігін білдіреді. Жастардың қандайда бір мәселесіне бір ғана ортақ
ойлар мен айтулармен түсіндіруге болмайды. Ғылыми пролематика жастар
ортасында болып жатқан процесстердің ақиқаттығын бейнелеуі тиіс. Бұл ғылыми
зерттеу тәсілдерінің объективті құбылыстар мен жастардың даму жағдайын
нақты бағалауды талап етеді.
Жастардың әрдайым даму принципі жастарды қай қоғамда өмір сүреді, сол
қоғамның жағдайымен қарастыруға мүмкіндік береді. Ал бұл жас ұрпақтың
өзіндік жас күшіне, алған білімдеріне, нақты құндылықтар мен нормалар,
әлеуметтік қағидаларға сәйкес өзгерістік жағдайында болатынын білдіреді.
Жастардың ойлары, құндылықты бағыттары және де іс-әрекеттері күннен –күнге,
өмірлік бір сатыдан екіншіге өткен сайын өзгеріп отырады, ал бір қоғамның
ішіндегі бұл өзгеріс ұрпақтар арасындағы айырмашылықтарды дәлелдейді. Бірақ
мұндай айырмашылықтар қандай болса да біз әрбір жастар ұрпағының бірқатар
өзгеше әлеуметтік жағдайда өсетінін теріске шығармауымыз керек, сондықтан
да оларға басқа, жаңа іс-әрекеттің белгілері мен формалары тән.
Жоғарыда айтылған принциптердің барлығы жастар ұрпақ мәселелерін
зерттеуде үлкен орын алады. Жастардың даму мәселесі жайлы бірінші және
маңызды батыс социологиясының зерттеулерінің барлығы дерлік оқушыларға
арналған болатын және соған сәйкес педагогтармен жүргізіліп отырды. Сол
уақыттары жұмыс істеуші және студенттік жастар әлі де зерттеушілердің
назарында болмаған.
Жаңашыл қоғамның ғылыми негізделген теориялық концепциясы жас ұрпақтың
мәселелерін зерттеуде әлеуметтік тәжірибеге бағытталған. Ол жастар дамуында
болып жатқан процесстерді нақты түсіндіріп, оларды мақсатқа бағытталған
басқару шараларын ұсынады. Мұндай концепцияның жаңаруы жастар мәселесімен
айналысатын кеңестік, батыстық социологтар мен ғалым зерттеушілердің
теорияларына критикалық талдау жасаумен қоса, жастар туралы жиналған ғылыми
білімнің түгеліне шығармашылық талдау жасауды қарастырады.
Әдістемелік ізденістер жалғасуда. “Жастар” анықтамасына көптеген
түсініктемелер жазуға болады, бірақ олардың барлығы оның табиғатына негізгі
мазмұн болмауы мүмкін. Сонда олар қандай жастар? Толығымен алғанда қоғам,
әлеуметтік топтың толық мүшесі болу үшін жас адамға не керек? Жастар бет-
әлпетінде қандай болашақ қалыптастыруымыз керек? Қоғамдағы мақсаттар мен
құндылықтар жүйесі қандай болуы керек? Сұрақтар көп. Біреуі ғана олардың
жастарды болашақ көрінісі арқылы “болашақ” деп түсіну қажет. Бұл ой көп
уақыт қабылданбай, кеңістікті естілетін. Бірақ та қазіргі кезде жастардың
иновациялықәлеуетін жасауда жаңа жол таңдалуда, бұл жол болашағы мен
қазіргісіне сеніммен өзін қалыптастыруы еңді бастаушы.
“Жастар” түсініктемесіне жаңашыл әдіс әлеуметтік-демографиялық
критерийлер негізінде, жастар талдауына жетекшілік етеді, сонымен қоса
жастар қоғамдық топ ретінде класс тудырушы белгілер бойынша емес, басқа
белгілер бойынша анықталады (2(.
Жастар спецификалық адамдардың әлеуметтік-демографиялық топ ретінде
өзіндік әлеуметтік құрылымы бар. Жастарды жұмысшы, ауылдық, ғылыми,
студенттік, өнерлі, оқушы т.б. бөлу дифференцияланған әлеуметтік сипаттағы
жастар ортасын көрсетеді.
Жастар құрылымы анықтамасының негізі болып әр түрлі қызмет түрлері
саналуы мүмкін, мысалы: мынадай топтарды бөлуге болады: өндірісте жұмыс
істейтін жастар, көліктерде жұмыс істейтін жастар, қызмет көрсету саласында
еңбек атқаратын жастар т.б.
Жастар құрылымының негізі ретінде адамдардың орнығу типтерін алуға
болады. Бұндай жағдайда құрылым келесідегідей болады: қала жастары; ауыл
жастары. Әрбір көрсетілген жастар тобы толықтай құрылымды білімді құрап,
ішкі дифференциациясымен сипатталады. Сондықтан да жастар
дифференциациясының жастар құрылымының қандайда типін әлеуметтік түр-
әлпетінің ерекшеліктері мен өмірлік спецификасын анықтайтын келесі белгілер
бойынша ескеру маңызды болып саналады: кәсіби айырмашылықтары,
білім,жынысы, жасы, отбасылық жағдайы.
Осыған байланысты, зерттеудегі қажетті талап қандай да бір жастар
құрылымын анықтауға негіз болатын белгілерді бөлу болып саналады.
Ғылыми зерттеудің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, берілген ауданда,
көбі қоғамның әлеуметтік стратификациясының түрлі құрылымдар типтерін
бөлгенде туындаған принциптік қайшылықтар қайшылықтар мен әдістемелік
мәселелермен кездесті. Мысалға, әлеуметтік қауымдастықтардың типтері мен
олардың арасындағы қатынастарға байланысты көптеген авторлар құрылымның
келесі типтерін бөліп көрсетеді:әлеуметтік-демографиялық – оған кіретін
халықтың жасы мен жынысы арқылы ажыратылатын әлеуметтік топтар, әлеуметтік-
этникалық – ұлттар, халықтар және басқа этникалық топтармен құралатын,
әлеуметтік-таптық - әлеуметтік топтар мен қабаттар, топтарды таптарды
қамтитын, әлеуметтік-кәсіби – оған еңбек ететін кәсіби топтар кіреді;
әлеуметтік-корпоративті – қоғамдық ұйымдар және т.б. тұрады; әлеуметтік-
біліми – жалпы және кәсіби білім деңгейімен ажыратылатын адамдар тобы;
әлеуметтік-территориялық – региондық ерекшеліктері мен орнығу түрлілігі
т.б. қамтиды.
Осындай құрылымдар мен оған кіретін элементтер мен субмәдениеттердің
түрлілігі. Мұндағы негізгі міндет зерттеу пәнінің барлық байланыстары мен
қатынастары ішінен анықтаушы, мәндісін бөліп алу болып табылады. Сондықтан
айтылған көптеген әлеуметтік құрылымдардың ішінен басқаларға қарағанда
мәндірегін таңдау міндетті, ал менің ойымша сондай құрылым - әлеуметтік-
демографиялық болып табылады.
Көрсетілген әдістемелік тәсіл, біріншіден өзіндік маңызды үлес
салмағының күші мен ұлттық мүмкіншілігі жаңашыл тарих пен Қазақстанның
болашақ дамуының экономикалық, қоғамдық-саяси, сонымен бірге жастың
ерекшеліктерімен анықталатын, әлеуметтік және психологиялық белгілер
спецификасын қамтитын әлеуметтік топ болып есептелінеді; жастардың ішкі
рухани дүниесінің даму мен қалыптасу процесінде және берілген топтың
мобильділігі - әлеуметтік құрылым динамикасына әсер етеді.
Демографиялық статистика анализінің көрсетуінше, елдің толық халқымен
теңестіргенде жастар құрылымында өзгешіліктер кездеседі. Егер де халықтың
жалпы құрылымында әйелдер жынысы еркектерге қарағанда басымырақ болса, ал
15 тен 29 жас аралығындағы халықтың құрамында еркек жынысы басымырақ
түседі.

1.2 “Жастар” ұғымын анықтауда ғылымдарға сүйену.

“Жастар” ұғымына анықтама беруде ынта қойғандар, ХХ ғасырдың 20-
жылдарындағы батыс ювенологиясының пікір айтушыларының бірнеше
мінездемелерін атауға болады. Ғылыми әдебиеттерде осындай көптеген анықтама
бергендер Ю.Р.Вишневский мен В.Т.Шанко. Олар батыс пен ресей
ювенологтарының тәжірибелерін кеңінен аша отырып, төмендегілерді атап
көрсетеді:
➢ Жастар нақты жас өкілі болғандықтан, оларға сензитивті және
әлеуметтік өткіндермен байланыстырылған әлеуметтік-психологиялық
амалы;
➢ Психофизикалық амалы, жастарды тұлғаның даму периодындағы
жыныстық пен толық жетілгендік арасындағы байланыстарды
қарастырады;
➢ Стратификациялық амал жастарды оларға тиісті рольдер мен
статустық позициядағы ерекше әлеуметтік-демографиялық топ
ретінде қарастырады;
➢ Конфликтологиялық амал, жастық шақты түсіндіруге келіспейтін,
үнемі конфликтіге түсетін “әке мен бала” аралығындағы қиын
периодтағы жаспен сипатталады;
➢ Рольдік жағы жастық кезеңді “адамдар өміріндегі ерекше
әрекеттену фазасын анықтайды, мұндайда адам бала емес, бірақ
ересек әлі де болмаған;
➢ Субмәдениеттік амал: жастар – олар өздерінің өмірлік образы мен
әрекет стилі, нақты мәдени нормалары мен құндылықтары бар;
➢ Әлеуметтенушілік амал: жастық кезең - әлеуметтік даму мен
бастапқы әлеуметтенушілік периодқа келетін өмір кезеңі;
➢ Субъективті амал: жастық кезең – болашақ жоспарлармен, өмір
сүйгіштікпен, жоғарғы белсенділікпен байланысқан ерекше
дүниетаным;
➢ Интеракционистік амал: жастық кезең - әрбір адамға қатысты
жанның үш күйінің біреуі. “Ата-ана” мен “ересек” күйінен
айырмашылығы спонтанды, стандартталмаған әрекеттермен
айрықшаланады.
Жоғарыда көрсеткендей “жастар” ұғымы ғылыми әдебиеттерде барынша
көпмәнділігімен түсіндіріледі.
“Жастар” ұғымының юриспруденцияда, психологияда, медицинада қалай
қолданатындығына айқын тоқталсам.
Жастар - әлеуметтік-демографиялық топ екендігі белгілі, әртүрлі
әлеуметтік-психологиялық, физиологиялық және жас, жыныс аралық
ерекшеліктермен сипатталады. Жастар жасы биологиялық тұрғыдан жан-жақты,
бірақ өмір жағдайларының объективті нақтылығымен детерминацияланған болып
табылады .
Заң ғылымдарында “жастар” ұғымы нақты ауысып отыру шекараларын
анықтайды. Жастар әлеуметтік топ ретінде бұл ғылымда оған аса көңіл
бөлінбейді. Бұл ғылым жасөспірімді оларға белгіленген жас зонасы өкілі
екендігін қарастырады. Мұнда оның жасы нақты бір күнге дейінгі аралығы
анықталған. Жас 14 жасқа толған күннен 18-ге толғанға бір күн қалғанда
аяқталады.
Медицинаның кейбір бөлімдерінде “жастар” ұғымы антропологиялық
критерийлерден шығады.
“Жастық” ұғымының медициналық интерпретациясы индивидтің физикалық
дамуымен байланысты, бұл индивидтің конституциясының қалыптасу процесі
аралығының жүріп жатуы.
Медиктік-антропологиялық ұғым дамудың нақты биологиялық процесіне
негізделеді. Бұған дамушылықтың генеративті процесстері мен
конституциясының екінші өзгерісін қатыстыруға болады.
Медиктер “жастық” периодын индивид онтогенезіндегі уақыттың бір
кесіндісі ретінде қарастырады. Осыған орай, “жастар” термині медициналық
мағынаға кірмейді, ал жастық кезеңдегі жас индивидтің физикалық даму
этапымен анықталады.
Жас адамды ғылыми және жүйелік зерттеулер ХХ ғасырдың басында көріне
бастады. Бұл жерде Ш.Бюлер, Э.Шпрангер, О.Тумлирц, В.Хоффманның жұмыстарын
айтуға болады. Бірақ, олар өздерінің жас адамның психикасы жөніндегі
ойларын алдымен өткен философияға және де педагогикалық әдебиеттерге
негіздейді. Жастар психологиясының қалыптасу кезеңдерінің алғашында кейбір
эмпирикалық мәліметтер әлі де болса да қолданылмады, соның салдарынан да
жастардың психологиялық мінездемелері сол уақытта алынған мәліметтері аз
шындыққа сенімді болады. Кейбір концепцияларда жастық шақтың циклдық
анықтама тенденциялары байқалады. А.Швенк жастық периодты – балалық күйден
ересектік күйге өту деп сипаттайды. Яғни метаморфоздың динамикалық кезеңі.
Э.Шпрангер ұл бала 14-21 жас аралығын, қыздардың 13-19 жас арасын
белгіленген шекарадағы жастық шақтың ішкі жүйесімен анықтады. Бұл жастың
бірінші фазасы – балалық қажеттіліктерден босатылған кризиспен сипатталады.
Психологияда жастық кезең эмпирикалық мәліметтер негізінде анықталады.
Төменгі жас шекарасы медиктік-антропологиялық көзқарас тұсымен қатысты
болуымен байланысты. Ол физикалық даму процесімен басталып, жастық шақтың
ішкі дүниесінің ашылуымен аяқталады.
Жастар психологиясы жастық шақтың 18 бен 22 жас аралығының жоғарғы
шекарасын анықтайды. Осы жасқа дейін ересектің психикалық құрылымы
орнығады. Жас адамда бұл кезде дүниетанымдық позициялары, өмірлік
жоспарлары, өзінің болашақ жұмысының айқын көріністері бола алады, бірақ 18
жастағы жас 22 жасқа толған жас адамнан ерекшеленеді. Және осы жерде сол
немесе өзге жасқа қатысты сапаларды айту қиынға соғады.
Психологиялық түсініктемелердегі “жастарға” дамудың күйзелістік
периодын өткізетін, нақты ішкі немесе сыртқы факторлардан жоғары
сезімталдықпен көзге түсетін жасөспірімдерді кіргізеді.
Д.Бромлей жастық циклді екі стадияға бөліп қарастырады:
1. жыныстық жетілу (ерте жастық кезеңі), бұл 11- 13 жастан
шамамен 15 жасқа дейін созылады;
2. кеш басталатын жастық, ол 15 тен 21 жасқа дейін болатын кезең.
Бірінші стадияда логикалық құрылымдар мен формальды операциялар
қалыптасып, жаңа әлеуметтік рольдер мен позициялар орнығады. Әрекетер
ересектік нормаларға бағытталады немесе ересектікке жақындау процесі
жүреді. Екінші стадияда білім алу және кәсіби дайындық, кейбір кәсіби
рольдерді қалыптастырумен сипатталады. Бірақ шешуші болып – ата-ана
тәуелділігінен тәуелсіз болуға өту (экономикалық, құқықтық).
Жастар ұғымының әлеуметтанулық амалдарын қозғайтын болсақ, онда ол
алдыңғы келтірілген анықтамалардан өзгешелеу болып табылады. Әлеуметтанулық
амал: жастарды қоғамдық топ ретінде болуымен, нақты-тарихи қоғамның
объектісі және субъектісі болуын қарастырады немесе соны анықтап көрсетеді.
Жастарды анықтауда онтогенез дамуындағы этап емес, керісінше толықтық
мөлшеріндегі спецификалық ерекшеліктердің байқалуы.
ХХ ғасырдың шамамен 50 жылдары батыс әлеуметтануында жастар
мәселелеріне байланысты теоретикалық концепциялар пайда болды. Жастар
әлеуметтануының облыстарында осындай теоретикалық жұмыстар екінші
дүниежүзілік соғысқа дейін жазылған К. Маингеймнің шығармалары “Ұрпақ
проблемасы” жатады. “Жастар” ұғымының өзі және оның интерпретациясы
Г.Шельскийдің, Ф.Тенбруктың, Л.Розенмайердың, С.Айзенштадтың еңбектерінде
кездеседі. Айзенштадтың ойынша, жастар жас аралық топ ретінде отбасы мен
басқа да кіші ұжымдар арасындағы “байланыстырушы”, “рольдік сфера” болса,
екінші жағынан, қоғамның макросекторы болып саналады.
“Жастар” ұғымының толық анықтамасын бірінші рет Ресейдің атақты
әлеуметтанушысы, зерттеушісі В.Т.Лисовскимен ұсынылған. Оның пайымдауынша,
жастар – олар әлеуметтену стадиясын өтіп жатқан адамдар ұрпағы, ал есейген
шақта танымдық, кәсіби, мәдени және басқа да әлеуметтік функцияларды өзіне
қондырып алғандар.
В.Н.Боряздің “жастар” ұғымына берген түсіндірмелерінде, жастарды
антропологиялық және психологиялық мазмұндардан қарастырумен шектелмеу
керектігін айтады, себебі біріншіден оның объективті, әлеуметтік табиғаты
бар. Сондықтан да болар, осы ұғымның толығымен ғылыми анықтамасы болып,
оның жасаралық шекараларымен оған берілген ішкі градициялары тек оның
әлеуметтік табиғаты мен мәнділігін тану негізінде ғана “жастар” ұғымы
кеңінен қамтылады.
Жастар проблемасы жөніндегі кеңестік кезеңнің жұмыстарын талдай келіп,
олардың жас аралық анықтамаларды қабылдамағанын, яғни “жастардың” кең
таралған анықтамаларынан бас тартуы.
“Адам өмірінде жастық шақ сияқты кереметтей кезеңнің бар болуы
күмәнді” – деп Е.Л.Омельченко жазады. Жастар әлеуметтік топ ретінде және
жастық өмірдің нақты кезеңімен түсіндірілетін, әртүрлі мәнділікпен
топтастыруға болатын период. Оның пікірінше, жастар “проблема” сияқты,
әлеуметтік және мәдени конфликтілердің қайнар көзі, қоғам
криминализациясының бір себебі.
Келесі аспект “жастар ұғымының “ересектіктің” дәстүрлі дүние
нормаларымен қауіптендірілгендігімен байланысты. Сонымен қатар жастармен
дүниенің әлеуметтік құрылымының ең күшті болашақ идеялары- мен
байланыстырылады. Осы жағдайда “ертеңге” деген ашық үмітті қалыптастырады.
Жастық – мәдени қолданыста құпиялы және жарқын сәттер ретінде де
қарастырылады. Мұның негізінде барлық идеология құрылады, бекітілген
мүмкіншіліктер мен осы кезеңді аяқталмасқа дейін созу қажеттілігі
туындайды.
С.П.Иваненковтың айтуынша, “жастар” ұғымы нақты-тарихи мағыналылығы
мен түрлі тарихи кезеңдерде әрқилы мән-мағыналарды өзімен алып жүруімен
сипатталуында. “Жастар” ұғымын қолданудағы кең таралған нұсқасы
демографиялық, биологиялық және физиологиялық мағыналарда қолданылады.
Бірнеше авторлардың пайымдауларын жүйелей келе, В.Н.Боряз төменгі жас
шекарасындағы 14 тен 35 жасқа дейінгі аралықтар арасында ауытқушылықты
байқады. Қазіргі таңда жоғарғы шекарадағы жас өзгерісі 24 тен 29 жасқа
дейін анықталады.
Жас ерекшеліктеріне байланысты психология және педагогика
оқулықтарында да әртүрлі мәліметтер келтірілген. Н.Ф.Добрыниннің
басқаруымен басылған Возрастная психология атты дәрістер жинағында
жасөспірімдік шаққа 10-11 жастан бастап 14-16 жас аралығы жатқызылса, ерте
бозбалалық шаққа 14-тен 20-ға дейінгі жас аралығы жатқызылады.
А.В.Петровскийдің басқаруымен басылған педагогикалық институттардың
студенттеріне арналған Возрастная и педагогическая психология атты
оқулықта жасөспірімдік шақтың шегі 11-12 жастан 14-15 жас арлығын қамтыса,
ерте бозбалалық шақ 14-15 жастан 17-ге дейінгі жас аралығын қамтиды.
Профессор Р.М.Грановский жасөспірімдік шақтың шегін 16-дан 25 жас аралығы
деп есептейді, Профессор А.А.Бодалевтің В мире подростка атты
психологтармен, педагогтармен, социологтармен және медиктермен біріге
отырып жазған еңбегінде бізді қызықтырып отырған өмір жолдарын мынадай үш
кезеңге бөледі: бірінші – жасөспірімдік, есейген шақ – 11-ден 15-16-ға
дейінгі жас болса, екінші кезең – бозбалалық шақ – 15-16-дан 18-ге дейінгі
жас аралығы, ал үшінші кезең шартты түрде өзін іс жүзінде көрсету кезеңі
деп аталып, ол – 17-18-ден 23-25-ке дейінгі жас аралығын қамтиды.
Батыс ғалымдарының да осы мәселені зерттеуде бірдей пікірлері жоқ.
Белгілі неміс психиатры, жасөспірімдердің кері мінез-құлықтары мен
бозбалалардың психологиясын зерттеуге арналған көптеген еңбектердің авторы
Хельмут Ремшмидт өзінің Подростковый и юношеский возраст: Проблемы
становления личности атты еңбегінде мынадай кезеңдерді ұсынады:
жасөспірімдік шақ – 14-18 жас аралығы, бозбалалық шақ – 18-21 жас аралығы,
ал жетілген жастық шақ – 18-25 жас аралығы.
Әлеуметтік педагогиканың ресейлік маманы А.В.Мудрик адам
әлеуметтенуінің кезеңдерін қарастыра отырып, мынадай жас кезеңдерін
қолданады: кіші жасөспірімдік шақ (10-12), ересек жасөспірімдік шақ (12-
14), ерте бозбалалық шақ (15-17), бозбалалық шақ (18-23), жастық шақ (23-
30) .
Міне, осындай жас аралықтарының кезеңдерге бөлінуі тегін емес, өйткені
балалық шақтан ересек шаққа өтудің өзі шартты. Жас шектерінің белгісіздігі
объективтік факторларға байланысты. Белгілі психолог Л.С.Выготский атап
өткендей өтпелі кезең (балалықтан ересек жасқа өту) мынадай екі қатар
процестен тұрады:
1) натуральды (табиғи) қатар организмнің биологиялық жетілу
процесінен, соның ішінде жыныстық жетілуден тұрса;
2) әлеуметтік оқытудың, тәрбиелеудің бірқатар процестерін, яғни
әлеуметтену процесін қамтиды. Бұл процестер бір-бірімен өзара
тығыз байланысты болғанымен үйлесімді емес [3].
Социологияда жас мәртебесі деген түсінік бар, ол адамның жасына
байланысты қоғамнан алатын орнын білдіреді, яғни адамның туғаннан бастап
өмір сүрген жылдары. Кез-келген қоғамда жасқа берілетін рөлдер немесе жас
мәртебесіне байланысты үміттер жиынтығы бекітіледі. Мысалы, балалар,
бозбалалар 5-6-дан 16-17 жас аралығында мектепке баруы керек деп есептеледі
(заң бойынша талап та етіледі).
Адам жасына сәйкес рөлдерді берудің биологиялық негізі де бар:
жасөспірімге кәсіби білім мен дағдыларды қажет ететін инженер рөлін беруге
болмайды. Адам әлеуметтенудің (оқыту,тәрбиелеу) өзіне сәйкес кезеңдерінен
өткеннен кейін ғана белгілі-бір жасқа жетеді, сонда ғана қоғам оған дене,
ақыл-ой және әлеуметтік дағдыларды қолдана алатын рөлді береді. Жастар
өмірін циклдерге бөлудің қиындықтары мен әлеуметтік-психологиялық
мазмұндылығын американдық психолог Эгани Коуэннің ұсынған кестесінен көруге
болады :

Өмірлік Негізгі Даму мақсаттары Даму қорлары Даму
кезең жүйе дағдарыстар
ы
Жасөспірім Отбасы, Дене Физилолгиялық Әлеуметтік
шақ(13-17жақұрдастарыжетілуі,абс трактыақпарат,проблемаларды тәуелділік
с) , мектеп лы ойлау когнитивті шешу және немесе
операциялары,өз қарым-қатынас жасау әлеуметтік
құрдастарының дағдыларын қорғау
тобына игеру,жыныстар рөлін
жатуы,бастапқа және олардың мәдени
жыныстық жақындықбастауларын
түсіну,тәуелсіз
моралдық көзқараста
болу мүмкіндігі
Бозбалалық Құрдастар,Тәуелсіз өмір Қаржылық тәуелсіздік Жеке басты
шақ(18-22) мектеп сүру,мансапқа туралы білім мен анық немесе
немесе барар жол туралы іскерлік,шешімдер сенімсіз
жұмыс шешім қабылдау,қарым-қатынасттүрде
орны, қабылдау,моральдыың тұрақтануы,таңдауға сәйкестенді
отбасы, интериоризациялаужауапкершілікке ру
қоршаған плюрализмді түсіну
орта
Ересек Жаңа Тиянақты жыныстықОтбасылық қаржыны Әлеуметтік
жас(23-30) отбасы, қатынастар,қарым-жоспарлай білу және болмысқа
жұмыс қатынас табиғатындағдылары,тұлғалар қабілеттілі
орны, қабылдау арасындағы келіссөздер к немесе
достары, жүргізу мен оны жатсыну
қоршаған жан-жалдарды шеше
қоғам білу,ата-аналық
рөл,рөлдік шектеулер

Жастардың жас сипаттамаларына талдау жасауды аяқтай отырып мынадай
қорытынды жасауға болады: жастардың жас аралықтарының салаларын
абсолюттеудің қажеті жоқ, дегенмен олардың әлеуметтік қызметкердің,
әлеуметтік педагогтің белгілі-бір жастар тобымен жұмыс жүргізгенде
бағдарлауына көмектесетінін естен шығармаған абзал. Ол жайлы белгілі ірі
социолог П.А.Сорокин де былай деп атап өткен: Жас белгісі жеке адамның
сезінуі мен сеніміне, қалауы мен ұмтылысына, идеялары мен мүдделеріне, олар
арқылы оның барлық мінез-құлқына әсер ететін көптеген психосоциалдық
қасиеттерімен байланысты, осы мінез-құлық арқылы оның барлық әлеуметтік
өміріне әсер етеді.
Жас – адам дамуының бағытына әсер ететін өзара әрекеттестікті, дамудың
жеке мүмкіндіктері мен қоғамдық жағдайдың бір-біріне тәуелдігін бақылап
тұратын индикатор.
Осыдан-ақ әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік жұмыстардың өз
клиентерінің жасына, өз жұмыс объектілерінің, соның ішінде жастардың жас
шекарасына үлкен мән беруі тегін еместігін көреміз.
Жастардың жасқа байланысты сипаттамасына сондай-ақ ішкі жас
белгілерінің салалануы жатады. Егер жас шегі жастар түсінігінің жзасьарды
қоғамдық даму үстіндегі құбылыс ретінде қарастырса, жас аралығы осы мәннің
сапалық жағдайын көрсетеді. Әрбір жас аралығынан өту сәттерін бір жастан
екінші жасқа өту секірісі деп атайды.
Жалпы алғанда жастардың ішкі мәнге ие болуы үш негізгі кезеңнен
тұрады. Бірінші кезеңде жастар қоғамдық әртүрлі әсер ету объектісі ретінде
көрінеді. Екінші кезеңнің бастапқы кезі жастардың өндіріс күшінің элементі
және қоғамдық қарым-қатынастардың сақтаушы ретінде қалыптасу кезеңіне
сәйкес келеді, яғни жастар қоғамдық ықпал жасаудың объектісі бола отырып,
әлеуметтік әрекеттердің субъектісі бола бастайды. Дамудың үшінші кезеңі
жастардың өздерін толықтай сақтаушы рөлінде болып, өзін жас емес ересек
ретінде көрсетумен аяқталады.

1.3 Жастардың даму кезеңдері.

Жастардың даму кезеңдері үш кезеңнен тұрады: балалық шақ,
жасөспірімдік, жастық шақ.
Жасөспірімдік кезең адамның өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын
кезең, яғни өзімен-өзі ақылдасып, “жан дүниесіне үңілуге құштар” шағы деуге
болады. Адам өзінің сыртқы табиғатын біліп, оның күшін өз игілігіне
пайдалану үстінде өз жан дүниесінің жұмбақты сырларында білгісі келеді.
Өзінің ішкі жан дүниесін, алуан түрлі сырларын адам өзі жақсы білсе, ол
сыртқы дүниенің тәнге күнбе-күн жасайтын ықпалын түсініп, адамзат қоғамына
пайдалы істер жасауға тырысады. Адамдардың өмір сүру құштарлығы, олардың
мақсаттары, бірі адамның өзін-өзі тани білумен сабақтас.
Жасөспірімдік кезеңде балалардың психикалық дамуының қозғаушы күші
мектеп пен отбасының қоятын талаптары мен балалардың психикалық даму
дәрежесінің арасындағы қайшылықты айтады. Бұл қайшылық өскелең жастардың
адамгершілік қасиеттерін, ақыл-ой және шығармашылық күштерін үйлесімді
дамыту жолымен шешіледі. Әрбір жасөспірімдердің өзіндік санасын дамыту
арқылы моралдық-психикалық қасиеттерін бағалап толық түсінуіне бірыңғай
талаптар игі әсер етеді. Оқушы өзінің жеке өміріне, қабілетіне назар
аударады, қойылатын талаптарға мінез-құлығына сәйкес немесе сәйкес
еместігін сезеді. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында балалардың кейбір
ерекшеліктері еске алынады. Олар: өзін-өзі тәрбиелеу, келешек мамандақ
таңдау, жолдастық, сезім, достық қарым-қатынас, алғашқы махаббат сезімі,
т.б.
Өмірдегі еңбектің, білім алудың, тіпті өмір сүру формасының
адамгершілік-рухани қалыптасуы ондағы қарым-қатынас бірлігінің беріктігіне,
тұрақтылығына байланысты. Адамның өз мінез-құлығын аңғара алуы оның ар-
ұжданына байланысты. Егер адам өз ар-ұжданының деңгейін біліп, оған кір
келтірмей жүрсе оның көңілі ылғи да көтерінкі болады, өзіне-өзінің сенімі
арта түседі.
Білім беру саласындағы жаңа идеяларды және тәрбие бағыттарын жүзеге
асыру үшін оларды өзін-өзі тәрбиелеу идеяларымен толықтырып, сондай-ақ оқу-
тәрбие әдістерін жаңарту, оқушы мен мұғалім қарым-қатынасын өзара
ынтымақтастыру арқылы адамгершілік дамудың жоғарғы деңгейіне жету көзделу
қажет деп ойлаймын.
Ос кезеңге дейінгі мектеп оқушысының оқуға, сабаққа, тәртіпке,
жолдастарына, үлкен адамдарға, ата-анасына деген сияқты қатынастарға жиі
көңіл бөлініп келді. Алдағы уақытта, біз білім беру қызметкерлері,
тәрбиешілер, ата-аналар баланың жеке өміріне көбірек көңіл аударып, оларға
көмектесу, дұрыс педогогикалық көңіл, әсіресе баланың өзіне-өзі көңіл
аударуын қадағалауымыз қажет. Атап айтқанда, баланың өзін-өзі құрметтеуі
мен сыйлауы, өзін-өзі реттеуі т.б. Жасөспірімдердің өзін-өзі бағаламауы
немесе құрметтемеуі өзінің тұлғалық қасиеттерін немесе құндылықтарын
кемітуіне әкеліп соғады. Мәселен, өзінің бағыт-бағдарын анықтай алмай, өзін
құрметтемей, абыройын ойламайтын дәрежеде ол нашақорлыққа, ішімдікке,
жезөкшелікке салынуына, қылмысқа қол ұруына себепкер болады. Мұндай
жағдайға түсуіне себеп, оның бойында сенімсіздік пайда болып, қоғамнан
немесе ата-анасынан кек алуға өштеседі. Кейде оларға ешқандай жазалау,
қорқыныш, дәлел әсер етпейді, себебі ол өзінің болашағына сенбей,
пессимистік, эгоистік тұрғыда қарап, өзін-өзі құрметтеуден қалады.
Жасөспірімдік кезеңдегі жастар өз өмірінің тиімді өткеніне баға бере
бастайды және мектепті бітірер алдында өзіне маңызды сұрақтар қоя бастайды,
мысалы, “Мен 16 жастамын, ал мен отан, мемлекет үшін не істедім?”, “Мен
кіммін?”, “Мен қалай істеуім керек?”, “Отбасының, ата-ананың алдындағы
менің борышым неде?”, т.с.с. Мұндай сұрақтар жасөспірімдерді ойландырып, өз
бойларына талдау жасайды. Қайталанбас дара тұлға ретінде жасөспірімнің өзін-
өзі ашуы осы адамдар өмір сүруге тиісті әлеуметтік дүниені ашумен
байланысты. Жасөспірімдік рефлекция, біріншіден - өзінің “Менін” ұғынуы,
яғни “Мен кіммін?”, “Мен қандаймын?”, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деструктивті мінез құлық
Әлеуметтік жұмыстағы жастар саясатының жүзеге асыру мазмұны
Әлеуметтік педагогтың әртүрлі санаттағы балалармен жұмысы
Қазақстандағы жастардың саяси әлеуметтенуіндегі өзгерістер
Мемлекеттегі жастар саясаты – жастармен жүргізілітін әлеуметтік жұмыстардың негізгі
ҚР жастар субмәдениетін зерттеу
Әлеуметтік жұмыс саласында тәжірибе мен әлеуметтік жобалауды ұйымдастыру әдістемесі
Қиын балалардың ерекшеліктерін психологиялық және педагогикалық тұрғыдан анықтау
Жастар мен жұмыссыздық мәселесі
Жастардың даму кезеңдері
Пәндер