Кәсіпорынның өндіріс шығындары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Кәсіпорынның өндіріс шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... .10
1.3 Өндіріс шығындары туралы концепциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кәсіпорындар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс шығындары болып табылады. Кез–келген тауарды өндіру–шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады.
Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол өнімдерді өндіргендегі шығындар мен ресурстарды тиімді пайда алуға байланысты болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін бағасына байланысты болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар өздері өндірген өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Сондықтан нарықтық экономикадығы фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін, өндіріс шығындарын азайту керек.
“Кәсіпорын шығындарын басқару” атты тақырыбы оның қажеттілігіне байланысты таңдалды. Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл - әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке, өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп нақты айтуға болады.
Шығындар қалыптасу сферасы мен айналымы бойынша ерекшеленеді. Өндірістік шығындар сауда, транспорт, сақтау шығындары, ал құнға қосылуы бойынша толық және бөлшек болып жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс деңгейінде өзіндік құн деп те атайды. Сондай – ақ фирманың табысқа жетуі өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.
1. Өнімді өткізу және өндірістік шығындар сату бағасын, бәсекелестік бағаны анықтаудағы басты элемент болып табылады.
2. Өзіндік құн туралы ақпараттар өндірісті және шығындарды басқару мен болжау кезінде пайда болады.
3. Өзіндік құн есепті кезеңнің аяғында материалды есептеулар жүргізгенте сальдоны анықтауда қажет болады.
Өзіндік құн өндірістік шығындардың қосындысын және өнімді өткізуді білдіреді.
Кез келген фирманың негізгі мақсаты («Адал» АҚ-қосқан)–кірістерді максималдау.
Бұл стартегиялық мақсатты жүзеге асырудағы барлық мүмкіндіктер өндіріс шығындары және өндірілген өнімге деген сұраныспен шектелген.
Экономикалық шығындар – фирмамен жүзеге асырылатын жабдықтаушыға төленетін төлем. Сондай – ақ нақты бір фирма немес басқа өндіріс орнын қолдануға тиісті, ресурстарға деген ішкі шығындар.
1) «Кәсіпорын экономикасы», оқу құралы. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбеков. Алматы 2007 ж
2) «Кәсіпорын экономикасы», оқу құралы. Қабылбеков М. Т
3) Бочаров К. «Корпоративные финансы»
4) «Қаржы есебін талдау» , оқу құралы. Алматы 2002 ж
5) Волков О.И., Скляренко В.К. Экономика предприятия: Курс лекций. -М.: Финансы и статистика, 2001 – 280с.
6) Стоянова Е. С. Финансовый менеджмент: теория и практика. – М.: “Перспектива”, 1996.
7) Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия. М: Банки и биржи, 1996г.
8) Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
9) Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
10) Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
11) Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
12) Баймухамбетова С. С. Финансовый менеджмент. – А.: Казак университетi, 1998.
13) Нурсеитов Н. А., Нурсеитов А. А. Финансовый менеджмент. – А, 1996.
14) Ковалев А. И., Привалов В. П. Анализ финансового состояния предприятия. – М, 1997.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Кәсіпорынның ӨНДІРІС шығындары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

1.1 Кәсіпорынның өндіріс
шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...4

1.2 Өндіріс шығындарының төмендеуінің негізгі бағыттары
... ... ... ... ... .10
1.3 Өндіріс шығындары туралы концепциялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіпорындар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін
анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс шығындары болып табылады. Кез–келген
тауарды өндіру–шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің
белгілі бір бағалар болады.
Фирманың нарыққа ұсынғысы келетін өнімінің саны бір жағынан, сол
өнімдерді өндіргендегі шығындар мен ресурстарды тиімді пайда алуға
байланысты болса, екінші жағынан тауардың нарықта өндірілетін бағасына
байланысты болады. Жетілген бәсекелестік жағдайында фирмалар өздері
өндірген өнімдердің бағасына әсер ете алмайды. Сондықтан нарықтық
экономикадығы фирманың тиімді жұмыс істеуі үшін, өндіріс шығындарын азайту
керек.
“Кәсіпорын шығындарын басқару” атты тақырыбы оның қажеттілігіне
байланысты таңдалды. Бүгінгі таңда Қазақстанның нарықтық экономикаға өту
жағдайында кәсіпорынның шығындары және оны азайту туралы мәселелер әкімшіл
- әміршіл жүйедегіге қарағанда аса маңызды болып отыр, нарықтық экономика
әр кәсіпорынның пайда табу мақсатында өзінің мүмкіндіктерін өте тиімді
пайдалануына түрткі болады. Қазіргі кезде кәсіпорын қаржылық тәуелсіздікке,
өнімді өткізуден түскен ақшаны тиімді бөлуге, түскен пайданы тиімді
жұмсауға иелік етеді пайданы алмастан бұрын шығындардың барлық түрін және
азайту жолдарын талдауы керек. Тек осындай жағдайда ғана пайда алдық деп
нақты айтуға болады.
Шығындар қалыптасу сферасы мен айналымы бойынша ерекшеленеді.
Өндірістік шығындар сауда, транспорт, сақтау шығындары, ал құнға қосылуы
бойынша толық және бөлшек болып жіктеледі. Өндірістік шығындарды өндіріс
деңгейінде өзіндік құн деп те атайды. Сондай – ақ фирманың табысқа жетуі
өзіндік құнның бірнеше себептер бойынша қалыптасуына байланысты.
1. Өнімді өткізу және өндірістік шығындар сату бағасын, бәсекелестік
бағаны анықтаудағы басты элемент болып табылады.
2. Өзіндік құн туралы ақпараттар өндірісті және шығындарды басқару мен
болжау кезінде пайда болады.
3. Өзіндік құн есепті кезеңнің аяғында материалды есептеулар
жүргізгенте сальдоны анықтауда қажет болады.
Өзіндік құн өндірістік шығындардың қосындысын және өнімді өткізуді
білдіреді.
Кез келген фирманың негізгі мақсаты (Адал АҚ-қосқан)–кірістерді
максималдау.
Бұл стартегиялық мақсатты жүзеге асырудағы барлық мүмкіндіктер
өндіріс шығындары және өндірілген өнімге деген сұраныспен шектелген.
Экономикалық шығындар – фирмамен жүзеге асырылатын жабдықтаушыға
төленетін төлем. Сондай – ақ нақты бір фирма немес басқа өндіріс орнын
қолдануға тиісті, ресурстарға деген ішкі шығындар.

1 Кәсіпорынның ӨНДІРІС шығындары

1.1 Кәсіпорынның өндіріс шығындары

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта құн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік – экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан
шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған
еңбек шығындары жатады.
Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процессінің нәтижесі болып табылады.
Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы
төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып
бөлінеді.
Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған
өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып
алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бугалтерлік және
статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады.
Енді өнімнің өзіндік құнына қысқаша тоқталып кетсек. Кәсіпорынның іс-
әрекетіндегі басты көрсеткіштерінің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді
өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілетін шығындардың
жиынтығы.Сөйтіп, жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын
толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы
өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы
арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизмция,
жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы – бұл шығындардың басты
статиялары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске
асырады: өздерінің қызметтеріне сыйлық, банктік несиеге процент төлеу,
әлеуметтік обьектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын
жасау – бұл шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және
пайдалылығының деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құның маңызы оның
орындалу функцияларымен анықталады.
1.Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі,
өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
2.Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып
табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.

3.Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын,
яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты
төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды. Өзінік құның деңгейіне
кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы,
кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім
тұтынушыларда территориялық қашқтығы, шикізатқа баға деңгейі, отын,
жабдықтар, электроэнергия, көлік тарифтері және т.б.

Кесте 1 - Сатылған тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың өзіндік құны

1 Шаруашылық субьектісінің басқа заңды және 801 221, 920
жеке тұлғалаларға сатқан тауарларының,
көрсеткен қызметтерінің өзіндік құны
2 Субьектінің сату үшін сатып алып, басқа 802 222
заңды немесе жеке тұлғаларға сатқан
тауарларының өзіндік құны
3 Шаруашылық субьектісінің негізгі қызметі 803 900
болып саналатьын құрылыс-монтаж, жобалау –
зерттеу, ғылыми-зерттеу және геологиялық
барлау жұмыстарының өзіндік құны
4 Субьектінің жолаушылар мен жүктерді 804 900
тасымалдау боынша қызметтің өзіндік құны
5 Шаруашылық субьектісінің ұзақ мерзімге 805 221-226
жалға берген негізгі құралдардың өзіндік
құны
6 Шаруашылық субьектісінің басқа заңды және 806 900
жеке тұлғаларға көрсеткен байланыстық
қызметінің өзіндік құны
7 Заңды және жеке тұлғаларды сақтандыруы 807 431, 432,
барысында шаруашылық субьектінің жұмсалған 441, 451,
шығындарының сомасы. Оларға: төлеген 452, 687
сақтандыру сомасы, сақтандыру
келісім-шартын мерзімінен бұрын тоқтатқан
кездегі сақтандырушыларға төлеген төлемдер
сомасы жатады.
8 Есепті жылдың соғында сатылған 571 801-808
тауарлардың, көрсетілген қызмттерінің
өзіндік құны бөлімше шоттары жиынтық
табыс немесе зиян шотымен жабылады.

Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігінде
және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін
алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып
өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындарға бөлінеді.

Айқын шығындар деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын
ақшаа формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың
болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға,
менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын төлеу т.б.
Айқын емес шығындар деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз
иелігіндегі ресурстардың құнын атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға
бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес
шығындар көрсетілмейді.
Өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері
болады.

Кесте 2 - Өндіріс немесе экономикалық шығындардың жіктелуі
Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық элементтері
Калкуляцияның өзіндік құнның баптары
Өзіндік құнның баптары
Негізгі және үстеме шығындар
Технологиялық процесс Бір элементтік, кешендік, жанама
Құрамы бойынша
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу Тікелей және жанама
тәсілі бойынша Өндірістік , өндірістен тыс
Өндіріс процесіндегі ролі
Шығын жасаудың мақсатқа сай Өнімділік және өнімділік емес
келетіндігі Жоспарланған, жоспарланбаған
Жоспарға енгізу мүмкіншілігі Тұрақты және өзгермелі
Өндіріс көлеміне қатысты Ағымды және біржолғылық
Пайда болуының кезектілігі Аяқталмаған өндіріс шығындары, дайын
Дайын өнімге қатынасы өнім шығындары

Практикада көбінесе шығындарды тұрақтыға және өзгермеліге бөледі.
Тұрақты шығындарға – осы мерзімде өндіріс пен өткізудің көлемімен
құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін
абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді.
Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне
сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың
амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары
дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандардың еңбекақысы.
Тұрақты шығындардың бастапқы және қалдық шығындар деп екі топқа
бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа
толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты
шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің
қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі
жатады.
Өзгермелі шығындарға осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу
мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға,
шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім
тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды
кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып, болжап, басқара алады.
Өндіріс пен сату өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен
танысайық. Мұнда үш жағдай болуы мүмкін:
1.Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олар салыстырмалы
өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең
болады.
2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы
көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны.
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады,егер өзгермелі шығындардың
өсуі өндірістің көлемінен артық болса.
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп ТС – оның тұрақты және өзгермелі
шығындарының сомасы түсіндіріледі.
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың
сомасындай шамаға өсіп отырады.
Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілейтін
шығындардың көлемі көп болады, мысалы, шикізатқа негізгі және көмекші
материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген
түрлеріне шығындар, т.с.с.
Өзгермелі шығыстардың жауап ретіндегі коэффициенті өндіріс көлемін
өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай
шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығындар деп атайды. Шығыстардың
басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды. Мысалы, кәсіпорынның
әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі
құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде
жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, Олар кәсіпорынның тек қызмет ету
шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдайды белгілемейтін шығыстар деп
атайды.
Әдетте уақыт мерзімі қысқа және ұзақ мерзім болып бөлінеді. Ұзақ
мерзімде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Мысалы, егер жұмыстан босату
мерзімі жұмыскерлер үшін 1апта болса, онда жалақыға жұмсалатын шығындар
жұмыскерлер үшін 1апта және одан артық. Егер уақыт мерзімін 1жыл деп алсақ,
онда еңбек үшін төлем шығындарының барлығы өзгермелі болады.
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар нәтижесінде пайда болады.
Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ.
Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің сипаты шешім
қабылданған ситуатциядан тәуелді деп тұжырымдалады.
Бірақ барлық өзгермелі шығындар өндіріс көлемі туралы шешімдерге әсер
етеді, ал барлық тұрақты шығындар әсер етпейді деген дұрыс емес. Бір түрге
жататын шығындардың өздері әр түрлі болып көрінеді. Шешімдер қабылдаудың
белгілі ситуациясында өзгермелі көп, ал басқа ситуацияда тұрақты шығындар
көп болуы мүмкін. Осы шығындар тұрақтыға немесе өзгермеліге жата ма деген
сұрақтың жауабы екі факторға тәуелді болады: Кезең мерзімінің ұзақтығынан
және өндірістік факторлардың бөлінісінен.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығару үшін жұмсалған шығындар, яғни
орташа шығындар туралы информация, өте маңызды.
Орташа шығындар АТС – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік шығындардың жіктелуі
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау
Шығындар және олардың баға қалыптастырудағы рөлі
Өндірістік шығындар туралы ақпарат
Құрылыс ұйымдарының өзіне түсетін құның төмендету резервтері
Өндірістік шығындарды ұйымдастыру
Шығындардың экономикалық мәні
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қызметінің табыстары және шығындары
Кәсіпорынның өндірс шығындары
Пәндер