Есмағамбет Ысмайыловтың шығармашылық мұрасы



Кіріспе
1. Е.Ысмайыловтың шығармашылық өмірбаянын қысқаша шолу
2 Есмағамбет Ысмайыловтың ақындық қыры
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бітіру жұмысында Есмағамбет Ысмайыловтың қалтарыстарда қалып келген ақындық қыры қарастырылады. Есмағамбет өлеңдерінің өзімен тұстас өзге де ақындардан еш кем еместігі, өмір шындығын суреттеудегі, қоғам қайраткерлерінің бейнесін көрсетудегі шеберлігі, поэзиядағы көркемдік дүниетанымның көріну формасы, оның парасат биігімен анықталып, сарапталады. Ол жазған өлеңдердің көркемдік жетістіктері мен өзі сүрген замана келбетінің шынайы бейнесін жасап, өз замандастарының арман–тілегін, жан–дүниесін, ғажайып ерлік істерін сырттай суреттеп қоймай, көз алдыңа жайып салады. Айтпақ ойы, сезім мен толғанысын қаз қалпында суреттеуі анық көрінеді.
Жұмыстың өзектілігі: Ақынның поэтикалық тілінің табиғаты да өзгеше, онда символикалық сипат та жатады. Құбылысты образ арқылы береді. Әр нәрсені тек сөз мағынасында айту поэзия дәстүрі емес, бейнелей, өрнектей, астарлай, тұспалдай да айта біледі. Ишара мен бейнелей айтуда оның өзінің тұрақты дәстүріне айналған өрнектері, образдары бар. Өнерге өмір материалын алып, оны ұлттық өзгешеліктермен өрнектеп бере алады. Көркемдік танымның тұтастығы ақынның логикасымен ұштасып жатады. Ақын философиясын тек аналитикалық ойлаумен шектеліп қалмай көркем образдар арқылы бейнелей ойлауға, нақтылы шындықпен жанастыра шынайы түрде жеткізеді. Сөз қолдануындағы көрк
Көркемдік амал-тәсілдерді орнымен пайдаланған. Ақындық парасаттылық, өлеңдегі терең ойлылық, сезім бейнелілігі әдемі көркемдік өрнек арқылы жарасым табды. Сөз қолдануындағы, тіліндегі көркемдіктер мен сұлу өрнектердің символдық дәреже биігінен көрінуі ақын логикасының ерекшелігін байқатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Бітіру жұмысының басты нысанасы қазақ әдебиетінде қалтарыста қалып келген Е.Ысмайыловтың ақындық қырын, орнын айқындау болып табылады. Ол үшін алдыға мынадай міндеттер қойылды.
1. Әбілев Д. Майданнның жалын жұтқан солдатындай. (Е.Ысмайыловқа) өлең// Коммунизм таңы// –1961. –29–шы желтоқсан. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы. Алматы: Санат, 1994,- 448 б.
2. Ысмайылов Е. Заманымызға сай асқақ жыр жазайық. Соц. Қаз. 1960. 30 қазан.
3. Жұмағұлов С. Мен қазақтың баласы. Ақиқат 2006. – №8 42 – 48б.
4. Жұмағұлов С. Өшпес өрлік, өр тұлға. Ақиқат №7 21-27б.
5. Жұмағұлов С. Е.Ысмайылов – сыншы. Алматы. –1999.
6. Ысмайылов Е. Сын мен шығарма. Алматы: ҚМКӘБ, 1960. – 377 б
7. Нүрпейісов Н. Е. Ысмайылов және қазақ әдеби тарихының жылдардағы зерттелуі. Алматы, 1998. –148б.
8. Ысмайлов Е. келелі үш мәселе //Социалистік Қазақстан, 1939,23,05
9. Кәкішев Т. Талантқа тар қапас жоқ. Фемида. 1997. – №8 –27–34.
10. Тұрысбек Р. Жыр мен сыр. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2003. –№ 5 62 – 72
11.
12. Ысқақұлы Д. Сын шын болсын. Алматы: Қазақ угиверситеті, 1993.– 128 б
13. Сейдаханов К. Әдебиет жанашыры. Алматы: Ғылым, 1972. – 73 б.
14. Кәкішев Т. Оңаша отау. Алматы: Жазушы, 1982. – 224 б.
15. Бердібаев Р. Замана сазы. Алматы: Жазушы, 1985. – 322 б
16. Тәжібаев Ә. Үлкен досы өлең жырдың //Е.Ысмайлов. Әдебиет жайлы ойлар. Алматы: Мектеп, 1968. – 320 б
17. Кәкішев Т., Дүйсенов. м. Ұлы Октябрь шуағы. Алматы: Мектеп, 1981. – 280 б
18. Ысмайлов Е. Шұғаға жасалған кейіп //Қазақ әдебиеті, 1935,12,12
19. Ысмайлов Е. Теміртас // Социалистік Қазақстан,1935.12.12
20. Ысмайлов Е. Шын поэзияны қалай тану керек // Қазақ әдебиеті, 1936.10.01
21. Ысмайлов Е. Сәкеннің поэзиясы //Әдебиет майданы, 1936,Н5-68-84б
22. Белинский В.Г. Шығармалар. Алматы: Жазушы, 1969-444б
23. Кәкішев Т. Тұлғалы тұтастық //Қазақ әдебиеті,1994,01,04
24. Ысмайлов Е, Қазақ поэзиясының тарихы//ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті туралы ///Қазақ әдебиеті, 1936,27,06
25. Ысиайлов Е. Әдебиет танудың негізгі мәселелері //Жұлдыз//Н7, 1959,102-114б
26. Е. Ысмайловтың контробандалық қаталарына қорытынды жасайтын мезгіл жетті //Қазақ әдебиеті, 1937,16,11
27. Кәкішев Т. Санадағы жаралар. Алматы: Қазақстан, 1992-264б
28. Лениншіл жас, 1939,26,05
29. Ахметов З. Әдебиеттану саласындағы ғылыми ұғымдар мен терминдер //Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы; Ана тілі,1996-240б
30. Қабдолов З. Сөз өнері. Алматы: мектеп,1976.-374б.
31. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы: Мектеп,1964.-250б.
32. Ысмайлов Е. Әдебиет теориясының мәселелері. Алматы: ҚМБ,1940-216б.
33. Ысмайлов Е. Тұлпар жыры 1-өлең жинағы. Қызыл орда қаз баспасы: 1933. –107 бет
34. Ысмайылов Е. Жігер Алматы, 1934. – 47б.
35. Ысмайылов Е. Жаз еркесі. Алматы, 1936.
36. Ысмайылов Е. Ақындар монографиясы
37. Ысмайылов Е. Әдебиет жайлы ойлар. Алматы. Жазушы
38. Ысмайылов Е. Қанатты жылдар сыры. 1964. 2 –қазан.
39. Сейдеханов К. Әдебиет жанашыры. Алматы. Ғылым. 1972. –73б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы: Бітіру жұмысында Есмағамбет Ысмайыловтың
қалтарыстарда қалып келген ақындық қыры қарастырылады. Есмағамбет
өлеңдерінің өзімен тұстас өзге де ақындардан еш кем еместігі, өмір
шындығын суреттеудегі, қоғам қайраткерлерінің бейнесін көрсетудегі
шеберлігі, поэзиядағы көркемдік дүниетанымның көріну формасы, оның парасат
биігімен анықталып, сарапталады. Ол жазған өлеңдердің көркемдік
жетістіктері мен өзі сүрген замана келбетінің шынайы бейнесін жасап, өз
замандастарының арман–тілегін, жан–дүниесін, ғажайып ерлік істерін сырттай
суреттеп қоймай, көз алдыңа жайып салады. Айтпақ ойы, сезім мен толғанысын
қаз қалпында суреттеуі анық көрінеді.
Жұмыстың өзектілігі: Ақынның поэтикалық тілінің табиғаты да өзгеше,
онда символикалық сипат та жатады. Құбылысты образ арқылы береді. Әр
нәрсені тек сөз мағынасында айту поэзия дәстүрі емес, бейнелей, өрнектей,
астарлай, тұспалдай да айта біледі. Ишара мен бейнелей айтуда оның өзінің
тұрақты дәстүріне айналған өрнектері, образдары бар. Өнерге өмір материалын
алып, оны ұлттық өзгешеліктермен өрнектеп бере алады. Көркемдік танымның
тұтастығы ақынның логикасымен ұштасып жатады. Ақын философиясын тек
аналитикалық ойлаумен шектеліп қалмай көркем образдар арқылы бейнелей
ойлауға, нақтылы шындықпен жанастыра шынайы түрде жеткізеді. Сөз
қолдануындағы көрк
Көркемдік амал-тәсілдерді орнымен пайдаланған. Ақындық парасаттылық,
өлеңдегі терең ойлылық, сезім бейнелілігі әдемі көркемдік өрнек арқылы
жарасым табды. Сөз қолдануындағы, тіліндегі көркемдіктер мен сұлу
өрнектердің символдық дәреже биігінен көрінуі ақын логикасының ерекшелігін
байқатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті: Бітіру жұмысының басты нысанасы қазақ
әдебиетінде қалтарыста қалып келген Е.Ысмайыловтың ақындық қырын, орнын
айқындау болып табылады. Ол үшін алдыға мынадай міндеттер қойылды.
–Е.Ысмайыловтың ақындығы арқылы қол жеткізген табыстарын таныту;
–Е.Ысмайыловтың өлеңдерін талдай отырып, сол тұстардағы уақыт талабын,
замана келбетін айқындау;
–Қоғамда сыншылдық көзқарас пен ар–ұждан мәселесінің өткір
көтерілуіндегі ақын өлеңдерінің өзектілігі талқыланып, талданды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Есмағамбет Ысмайыловтың шығармашылық
мұрасы жайлы бұрын сөз болмады деп айта алмаймыз. Т.Кәкішев, К.Сейдеханов,
Р.Жұмаділова, Н.Төреқұлов, С.Жұмағұлов, Д.Әбілев, Ж.Бектұров, Н.Нүрпейісов,
Р.Тұрысбек т.б. ғалымдар Есмағамбет Ысмайыловтың әдебиетшілдік,
фольклористтік, сыншылдық тұлғасын зерттесе, біздің бітіру жұмысымыздағы
қарастырылып отырған басты нысана ақындық қырын таныту.
Зерттеудің әдістері:Ақынның 1933–1934–1936 жылдардағы жарияланған жыр
жинақтарындағы өлеңдерді жинақтау. Сонымен қатар, жинақталған өлеңдерді
көркемдік тұрғыдан талдау әдісі қолданылды. Өлеңдерді талдау барысында
ақынның Жігер, Тұлпар жыры, Жаз еркесі атты жыр жинағындағы өлеңдерді
алдық.
Зерттеудің дереккөздері:Жұмысқа қажетті материалдарға негізінен отандық
ғалымдардың, ұлттық әдебиетіміздің әр қилы мәселелеріне байланысты
еңбектердегі тұжырымдарын, негізінен ақынның төл еңбектері пайдаланылды,
негізгі дереккөзі болды.
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Е.Ысмайыловтың шығармашылық өмірбаянын қысқаша шолу
Есмағамбет 1911 жылы қазіргі Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданындағы
Құлбек ауылындағы Жартас деген жерде туылған. Есмағамбет тұрмыс тапшылығын,
жоқшылық қасіретін жастайынан-ақ тартады. Ол анасынан айырылып жетім
қалады. Асылы қатал тағдыр жас Есмағамбетті маңдайынан сыйпамаған,
әлпештемеген қайта оған таршылық еткен. Жетім баланы қанатының астына
алған, оған білім беріп, өмірдің жарқын жолына шығарған – Совет өкіметі,
Коммунистік партия. Жас Есмағамбет балалар үйінде тәрбиеленеді. Оның
бойында әдебиетке, халықтың сөз өнеріне деген құштарлық сол кезден бастап
– ақ оянады.
Алғаш ауылдық мектепте, балалар үйінде тәрбиеленіп оқыған Есмағамбет
білімін тереңдетуді арман етеді. Қазақ педагогикалық институтының
табалдырығын аттайды. Институтта оқып жүрген шағында болашақ сыншы шарқ
ұрып ізденумен, әдеби білімін өсіріп, ой – өрісін тереңдетумен болады. Өз
қаламының күшін байқап, өлеңдер жазады.
Отызыншы жылдар Есмағамбет Ысмайылов екі –үш өлеңдер жинағын шығарады.
Кейін ол өлең жазуды қойып кетеді. Бұл жайында ол: Өлеңді неге қойып
кеттің, жаза берсең болмай ма, тәп – тәуір нәрселерің бар емес пе? –
дегенді айтады көңіл жықпас достарым.1954 жылы таңдамалы өлеңдеріңді
басайық деген ұсыныс та болды. Бірақ поэзия жанрында жазғандарыма көңілім
толған емес, – деп еске алады.
Е.Ысмайылов университетте және институтта әдебиет тарихынан лекция
оқиды, доцент атағын алады.1943 жылы ол кандитатық диссертация қорғайды.
Есмағамбеттің ғылыми – зерттеушілік қызметінің өрістеуі қазақ ССР Ғылым
академиясының әдебиет және көркемөнер институтымен (бұрынғы тіл және
әдебиет институты) тікелей байланысты. Ол онда аға ғылыми қызметкер, сектор
бастығы, директор болып істейді. Кейін ол совет әдебиеті бөлімін басқарады.
Есмағамбет Ысмайылов өзінің докторлық диссертациясын да сол институт
қабырғасында тәмамдап, қорғап шықты. Ал 1959 жылы Е.Ысмайылов Қазақ ССР
Ғылым академиясының корреспондент – мүшесі болып сайланды.
Есмағамбет Ысмайылов сыншы әрі ғалым. Әдебиет тарихы жайында да,
қазіргі әдебиет мәселелері туралы да толғанады, бірдей жазады. Қазақ совет
әдебиетінің С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Аманжолов, И.Байзақов
сияқты және басқа да үлкенді – кішілі өкілдерінің әр алуан шығармалары
жайында пікір айтуы оның өткендегі әдебиетіміздің алыптары –– Абай, Шоқан,
Сұлтанмахмұт творчествосы туралы толғаулы ойлар қозғауына бөгет жасамайды.
Отызыншы жылдардың аяғы мен қырқыншы жылдардан бастап Е.Ысмайыловтың
ғалымдық қызметі кеңінен өрістейді. Ол Әдебиет теориясының мәселелері,
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, Қазақ совет әдебиеті тәрізді оқулықтар
жазды. Бұл кезеңде ол әдеби сынмен де көп шұғылданады., талай – талай өткір
актуальді мақалалар жазады. Солардың ішінен: Әдебиеттегі формализм мен
натурализмге қарсы, Поэзиямызды сөз еткенде, Ақындық талант өз орнына
жұмсалсын және басқа да бірнеше мақаласын атап айтуға болады. Олардан
сыншының әдебиетке шындап жаны ашитындығы, ондағы олқылықтарға төзе
алмайтын турашылдығы жақсы сезіледі.
Е.Ысмайылов 1948 жылы академик М.Әуезовтың басқаруымен шыққан Қазақ
әдебиетінің тарихы атты аса ірі еңбектің Қазақтың совет фольклоры деген
тарауын, 1949 жылы профессор Қ.Жұмалиевтің редакторлығымен шыққан Қазақ
совет әдебиеті тарихының очеркі деген көлемді зерттеудің жекелеген
тарауларын, Қазақ ССР тарихының кей тарауын жазысты. Сондай – ақ 1958-
1960 жылдарда қазақ және орыс тілінде басылып шыққан Қазақ совет әдебиеті
тарихының очеркі атты жаңа зертеудің С.Сейфуллин, Жамбыл Жабаев,
А.Тоқмағамбетов творчествасына арналған бөлімдерінің авторы.
Сыншы – ғалым қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап бастыру ісімен де
көп шұғылданады. Ол соңғы жылдары Батырлар жыры, Ертектер, Ақындар
жыры, Айтыс және басқа да жинақтарды құрастырып, соларға алғысөз жазды.
Ол С.Сейфуллин, Қ.Аманжолов, бірге Ж.Сайнның шығармалар жинағын
құрастыруға, даярлауға да белсене атсалысты.
1957 жылы Е.Ысмайыловтың Ақындар атты монографиясы жарық көрді.
Күрделі де, көлемді бұл еңбек кезінде жұртшылықтан жоғары баға алды.
Расында да, қазақтың халық поэзиясы өкілдерінің творчествосын, олардың
ақындық дәстүрлері мен өзіндің ерекшеліктерін терең де ғылыми тұрғыдан
талдаған бұл монография қазақ совет фольклористикасына елеулі үлес болып
қосылды. Бұл еңбекті кезінде Москва әдебиетшілері құп алып, лайықты бағасын
берді.
1960 жылы Е.Ысмайыловтың Сын және шығарма атты жинағы шықты. Бұл
оның әр кезде әралуан мәселелер мен әдеби құбылыстарға арнап жазған
мақалалары, әр уақытта, әр жайда жасаған баяндамалары енген.
Сыншы даңқты революционер – ақынымыз Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен
творчествосына арналған көлемді еңбек жазып, бітірді. Бұл монографияда
С.Сейфуллиннің өмірлік және ақындық сапары сөз болады, оның мол мұрасы, әр
жанрдағы шығармалары, творчествосының жаңашылдық сипаты, өзіндік қырлары
мен өзгеше сырлары талданады. Зерттеуші ақынның поэзиясын, басқада
шығармаларын сол кездегі бүкіл әдеби дамумен, творчестволық процеспен тығыз
байланыста алып қарайды.
М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев сияқты қаламдас серіктерімен бірге
Е.Ысмайылов республикада жас ғалымдар, жас зерттеушілер даярлау ісіне көп
үлес қосты. Ол өзі танып баулыған жас талаптарды үйретіп қамқорлық жасай
да, оларға бағыт сілтей де білді. .
Атақты академик – жазушы М.Әуезов Есмағамбет Ысмайыловты Қазақ
әдебиетінің, әдебиет ғылымының айнымас, қажымас, жылдар жүрсе арымас
жегіндісі – еңбек торысы деп бағалаған еді. Бұл баға Е.Ысмайыловтың
жемісті мол еңбегін, творчестволық жолын жақсы да, дәл сипаттайды. Ғалым –
сыншының елу жасқа толуына байланысты әрі оның ұзақ уақыт бойы өнімді,
жемісті еңбегін ескеріп, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Президумы оған Қазақ
ССР – нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағын берді.
Әдебиет сыны – творчестволық қуанышы мен азабы, реніші мен қиындығы
мол жанр. ... Сыншы таланты өте сирек ұшырасады, оның жолы тайғақ та
қадірлі дегенде Белинский сын өнерінің осы қиындығын айтса керек [1. 3].
Қазақ әдебиетінің ірі зерттеушісі – Есмағамбет Ысмайылов әдебиеттану
ғылымының әр саласында-ақ аса құнды мұра қалдырған. Ол жөнінде шәкірттері:
... аға ғалымның орасан еңбектеріне, құлашының кеңдігіне, ғылыми
қызығуларының молдығына қайран қалмасқа, ризалықпен еске алмасқа болмайды
(Р.Бердібай) – деп жазды. Расында да, Есмағамбет Ысмайылов – жан-жақты
дарын иесі. Ол – ақын, ол – беллетристік прозашы, эссеист, ол- әдебиет
сыншысы, ол - әдебиет тарихының зерттеушісі, ол – фольклорист. Е.Ысмайылов
қазақ әдебиеті тарихын жазуда көрген құрметтен гөрі шеккен бейнеті мол. Сол
жолда жалалы болып, сотталып келгені де көпке мәлім. Қандай қиындық көріп,
зәбір – жапа шексе де Мен қазақ әдебиеті тарихын әдейі бұрмалап жазды,
кертартпа ақындар мен кейбір феодалдарды әдейі мадақтап жазды деген айыпты
мойындамаймын. Ондай кінә менде болған емес - деп өзінің көзқарасынан
таймаған ғалым – Е.Ысмайылов! Қанша қиындық көрсе де ғалым 20 ғасыр
басындағы қазақ әдебиетіне әріден келетін зар-замандық секілді сарындарды
сыртқа теппей, сыншыл реалистік әдебиет атап, тарихта қалдыруға тырысқан.
Нармамбет, Ғұмар секілді дарындар (тәуелсіздік алғанға дейін Есағаңның олар
жөніндегі зерттеулері қателік ретінде қаралды) ғалым зерттеулерінде
тиісінше дұрыс, әділ бағаланған. Е.Ысмайыловтың бұл саладағы зерттеулері
оның ғалымдық тұлғасын зорайтып көрсететін, күні бүгін де маңызын жоймаған
бағалы зерттеулер болып табылады. Ғалым - қолайсыз уақытта, тоталитарлық
режим тұсында өмір сүріп, еңбек етті, қиындықты көп көрді. Кезеңдік
саясаттың ғалымды сындырмаса да, майыстырған сәттері бар. Сондай, солақай
саясаттың әсері болар, әрі социализм тәрбиесін көріп өскені, солай
қалыптасқаны бар - әдебиет тарихына, тарихи тұлғаларға ұлт мүддесі
тұрғысынан қараумен бірге, социалистік идеология көзімен қараған сәттері
жиі. Е.Ысмайылов сөз өнерінде аса маңызды болып табылатын романтикалық
бейнелеу тәсілінің ұлттық әдебиетте мейлінше кең өріс алу қажеттілігін баса
ескертеді. Сол арқылы өмір шындығын типтендіріп көрсету, тың тақырыптарды
ақындық мәдениетпен жырлау, поэтикалық заңдылықтарды сақтау сияқты өзекті
мәселелерді өткір көтере отырып, шығармашылық ізденісте және поэзияда
романтиканың мейілінше қажет екеніне терең бара білген, көркем туындыға
арқау болған құбылысты тек реалистік тұрғыда ғана емес, романтикалық бояуда
суреттеудің ұтымды тұстарын зер сала баяндаған сыншы: Өмірді, шындықты
білу, оны творчестволық жолмен қайта екшеп, жаңа поэтикалық шындық
тұрғысынан жырлау қажет. Ол үшін ақындық қиял, шабыт керек, жаңа сюжет,
жаңа ақындық мәдениет керек деген өрелі талаптарды алға тарта отырып,
ақындық шеберлікті жетілдіру, жаңа заманды жаңаша жырлау жөнінде жүйелі ой
қозғаған Е. Ысмайылов, біріншіден, қазақ поэзиясында өлеңнің сыртқы
формасы, ырғақ, ұйқас, музыкалық құрылыстары, жаңа сөз образдары аз
екендігін, екіншіден, барлық өлеңді он бір буынды қара өлең және жеті
буынмен ұйқастыра берудің жеткіліксіздігін дұрыс сынайды. Поэзиядағы
романтика өмір шындығынан, адамның асқақ арманынан туатын әдебиеттегі
реализмнің мың да бір заңды құбылысы. Совет әдебиетіндегі романтика
социалистік реализм табиғатына жат еместігі, қайта оны әрлей түрлендіріп,
құлпырта түсетіндігі туралы М.Горький, А.Фадеевтен бастап барлық әдебиетші
толассыз қағида ретінде айтып келеді.
Қазіргі заманымызда, әсіресе айға, жұлдызға ракеталар жіберіп,
төбемізде жер серігін, аспан кемесін құстай ұшырып, басқа планетаға бару
мүмкіндігін тудырып отырған советтік ғылым мен техниканың керемет
жаңалықтары іске асқан, твочествалық еңбектің адам баласы тарихында бұрын –
соңды кездеспеген ұлы ерліктері әлемді қайран қалдырған біздің ерліктері
әлемді қайран қалдырған біздің коммунистік дәуірімізде, өмір шындығын
асқақты жыр қиялына бөлеп суреттеудің маңызы аса зор.
Социалистік болашақ жолындағы күрестерде ерліктің, ғылым мен еңбектің
керемет үлгілерін тудырушы совет адамының тамаша өмірлері мен жаңа
характерлері ақынның творчестволық қиялына кең өріс береді. Бұл жөнінде
дүние жүзі әдебиетіндегі өршіл романтиканың дәстүрі де қазіргі ақындарға
сара жол. Қазақ даласында революцияның жеңімпаз тұлғасын Асау тұлпар,
Альбатрос бейнесінде елестеткен Сәкеннің романтикасы да жаңа поэзиямызға өз
үлесін қалдырды.
Қазіргі поэзияға романтика керек пе, керек емес пе деген сұрауды – біз
әлдеқашан керек деп шешкенбіз. Әңгіме сол романтикалық сарын – күйлерді,
суреттеу тәсілдерін қалай дамытып жетілдіру жайында болуға тиісті. Өршіл
романтика өмірде кездесетін, немесе, болуға мүмкін ғажап уақиғаларды,
керемет ерлікті дамытып, асқақтатып жырлаудан туады.
Ең негізгі мақсат – совет адамдарының бүгінгі және ертеңгі, асқақ
армандарын қанатты жыр гүліне бөлеп суреттеуде болып отыр. Бізде өмір
жаңалығын, бүгінгі ұлы мақсатты насихаттау түрінде өлең – очерк үлгісімен
жазылған шығармалар мол. Біз мұның барлығы қазіргі қауымды коммунистік
рухта тәрбиелеуге пайдалы туындылар дей отырып, сонымен қатар, поэзия
қарапайым өмірлік құбылыстан гөрі, адамның асқақ арманымен қанаттаса түссе
екен дейміз. Ақын өмір құбылыстарын қаншалық биіктен қарап ғажаптанатын
болса, сонан туатын оның поэзиясы да соншалық қанатты асқақ келеді.
Шындықты романтикалық тәсілмен суреттеудің өзінің логикалық заңы, өзіндік
эстетикалық құпия сырлары бар.
Құбылысты жандандырып, екінші бір сұлу поэзия әлеміне жеткізе жырлау –
ақын творчествосындағы өзекті мәселе. Поэзияның ғылымдық, публицистикалық
дүниеден айырмашылығы да, оны үнемі қанаттандырып, қарапайымдылықтан биікке
шырқауында. Ал, биікке өрлемеген, қанатты сезімге, алыс арманға құлаш
сілтемеген поэзия шынында поэзия ма? Адам әрдайым қайран қалатын ерекше бір
қызықты уақиғаларды естіп, тыңдауға құштар. Поэзиялық туынды жалпы көркем
шығарма бір мезгіл бізді қиял дариясына алып баратын жай – күйлерді
суреттесе екен дейміз. Өзіміз күнде өмірден көріп жүрген жай – күйлерді,
сол қалпында, ұйқасқан қара сөзбен қайта айтып бергеннен гөрі, жан дүниенің
қат – қабат сырларын, табиғаттың алуан түрлі құбылыстарын екінші бір
қызықты дүниеге ұқсатып айтып берсе, ол әрқашан кімді болсын қызықтырмай
қоймайды.
Ғажап ерлік оқиғаларға толы коммунистік дәуір адамдардың бүгінгі өмірі
мен жарқан келешегін жарқын бейнелеу талабы суреткердің творчестволық
қиялы, шабытты ойлары, қанатты сезім дүниесі, көркемдеу тәсілі әлдеқайда
толықсып жетілгенде ғана іске асады.
Бұл міндет жазушылар творчествосында социалистік реализмдегі көркемдік
стиль, формалардың әралуан ерекшелікте гүлденіп, дамуға апаратын – реализм
мен романтиканы ұштастыра білетін шеберлік жолымен шешіледі.
Асқақ жыр, романтика – революциялық дамуымыздың жарқын айнасы совет
әдебиетінің барлық дәуіріне тән сипат. Революциялық романтика дегеніміз
дерексіз қиялдан тумайды, заманымыздың өмір шындығынан туады.
Бұдан ширек ғасыр бұрын алысқа ұшудың үздік рекордын жасаған совет
ұшқыштарының асқақ ісі поэзиямызға асқақ романтикамен жырланады.
Реализм шеңберіндегі мақтаулы көркем шығармалардан да көп ретте
романтикалық сарындар сезіліп отырады. Белинский романтизмнің негізі
алдымен адамның сезім дүниесі, адамның жүрек сырларын ашып көрсетуде
романтизм де өмірден суаттанады. Өйткені өмір бар жерде адам бар, адам бар
жерде романтизм болады, адам жақсылыққа, асқақ арманға қиялымен талпынбай
отыра алмайды деп түсіндірген. А.Фадеев өмір шындығын социалистік реализм
әдісімен суреттеуде қатып қалған ереже жоқ онда әр алуан көркемдік форма,
тәсілдердің молшылғына кең жол ашылу қажет деп біледі.
Махаббаты мәңгілік сөнбеген, ажалды жеңген, табиғаттың долы күшін
бағындырып, күнмен тілдескен керемет ұлы ерлердің тұлғасын реалистік
тұрғыдан да, романтикалық тұрғыдан да жан – жақты бейнелеуіне
суреткерлердің мүмкіндігі мол.
Әдебиеттегі романтика дегенде өнер мен әдебиеттің нағыз толықсып
кемелденуі, социалистік реализмде екендігін ұмытуға болмайды, тек реалистік
өнер ғана дамудың мың да бір негізгі арнасын жасайды. Демек романтика
реалистік өнерге қарсы қойылу тұрғысынан емес, қайта оны толықтыру,
гүлдендіру тұрғысынан қабылданады. Әдебиет классиктерінің романтикалық
суреттеу тәсілдернің бәрі бірдей сол күйінде социалистік реализмнің бойына
жарасымды бола бермейді.
Ғылым мен техниканың шарықтап дамып алға кеткен қазіргі заманында,
әсіресе Айға, жұлдызға ракеталар жіберіп, төбемізде Жер серігін, аспан
кемесін құстай ұшырып, басқа планетаға бару мүмкіндігін тудырып отырған
советтік ғылым мен техниканың керемет жаңалықтары іске асқан коммунизм
дәуірінде өмір шындығын асқақты жыр қиялына бөлеп суреттеудің маңызы аса
зор.
Дегенмен де поэзиямызда оқиғаны әсірелеу, жандандырып суреттеу әлі де
болса жетіспейді, өмірлік оқиғаларды, ғажап ерліктерді асқақ романтикалық
қиялмен бейнелеудің орнына болған фактіні сол күйінде баяндап шығатын өлең
очеркті жазу көбірек орын алып отыр. Мұхит теңізінің толқынымен, апатымен
алысып жеңген төрт батырдың ұлы ерлігі туралы М.Байсейітовтің поэмасында
да, А.Тоқмағамбетовтың осы тақырыпқа арнаған толғауында да, қазіргі ғылым
мен техниканың кереметтеріне арналған өлең – жырлардың біразында да болған
фактіні оңай көшіру тұрғысынан жазуды байқаймыз, ізгі ниет – жақсы ойлар
асқақты, қанатты жырлармен безенбейді деп Е. Ысмайылов сөз өнерінде аса
маңызды болып табылатын романтикалық бейнелеу тәсілінің ұлттық әдебиетте
мейлінше кең өріс алу қажеттігін баса ескертеді. Сол арқылы өмір шындығын
типтендіріп көрсету, тың тақырыптарды ақындық мәдениетпен жырлау,
поэтикалық заңдылықтарды сақтау сияқты өзекті мәселелерді өткір көтере
отырып, шығармашылық ізденісте және поэзияда романтиканың мейлінше қажет
екендігін романтикалық бояуда суреттеудің ұтымды тұстарын зер сала
баяндаған сыншы: Өмірді, шындықты білу, оны творчестволық жолмен қайта
екшеп, жаңа поэтикалық шыңдық тұрғысынан жырлау қажет. Ол үшін ақындық
қиял, шабыт керек, жаңа сюжет, жаңа ақындық мәдиенет керек деген өрелі
талаптарды алға тартады. Ақындық шеберлікті жетілдіру, жаңа заманды
жаңаша жырлау жөнінде жүйелі ой қозғаған Е. Ысмайылов, біріншіден, қазақ
поэзиясында өлеңнің сыртқы формасы ырғақ, ұйқас, музыкалық құрылыстардығ
жаңа сөз образдарын аз және жеті буынмен ұйқастыра берудің жеткіліксіздігін
дұрыс сынайды.
Поэзия жанрының өзіндік табиғатын теориялық тұрғыда саралай келе,
ақындық өнердің кәсіп емес, сөз өнері, сол себепті де оның көркемдік –
эстетикалық құндылығын еш төмендетуге болмайтынына да өрелі талаптар қояды.
Мысалы, Ақындық өнер тіпті оңай сияқты, кімге болса да оның есігі ашық.
Ақындыққа көп біліп, көп үйреніп, басқыштап жету қажет емес сияқты, егер
жазуға аздеп икемі бар екен; ол ертең-ақ ақын болып шыға келетін тәрізді.
Бізде ақындардың көбі өлеңді әрі ұзақ, әрі көп жазады, сөзге сараң емес,
мейлінше жомарт. Мұның өзі поэзияның қадірін кетіретін қылық деп поэзияда
орын алған басты кемшілікті өткір сынға ала отырып, ақындық кәсіп емес,
өте жауапты творчестволық жұмыс. Еліктеумен, болар-болмас икемдікпен немесе
өлең құрастыру техникасын үйренумен ешкім ақын бола алмайды, ақын болу үшін
бойға біткен талант керек, талантқа қосымша білім, өмірді білу керек, зор
ұқыптылық керек деген тереңде, келелі түйіндеу пікірін айтты.
Өмір шындығын асқақты жырлау дегеніміз – екінші сөзбен айтқанда –
романтикалық әсірелеумен ажарлап, қызықтап суреттеу деген сөз. Романтизм
негізінде қиялдау, арман ету, қиялдың нақты шындықпен тепе – тең түсе
бермеуі, білген, сезінген деректерді асқақтата көрсету сияқты творчестволық
принциптер жатыр.
Әдебиет тарихына көз жіберсек, Пушкин, Лерменотов, Блок, Байрон,
Гейне, Гете, Шиллер, Гюго, Гогольдің романтикалық шығармалары өмір шындығын
асқақты, қанатты жыр гүліне бөлеп суреттегенін, қол жетпес махаббаттың ұлы
арманы дейсіз бе, отаны мен адамдық ар – намысты қорғаған таңғажайып
ерліктер дейсіз бе, жауыздық пен ізгіліктің майдандасқаны дейсіз бе –
барлығы да тамаша кең суреттелгенде жұртшылықты өмірден түңілуге
шақырмайды, ізгі арманға жетуге, өмірге құштарлыққа, ақиқат жан сырларын
тебірене түсінуге үндейді [2, 3].
Имперализм және пролетарлық револяция заманында бұрынғы кертартпашыл
және өршіл романтизм сол бір – біріне қарсы бағытта дами отырып, екеуі де
екі түрлі идеялық, көркемдік сипат алды. Кертартпашыл романтизм –
декаденттік, символистік ағымдарға айналды. Ал азықты халық өмірінен алған
өршіл романтизм революцияшыл романтикаға ұштасты. Кертартпашыл романтизмнің
түрлі түстегі көріністері – қазіргі замандағы импералистік буржуазияның
таптық салт – санасына сәйкес таза өнерді, мистиканы, бұлдырлықты
дәріптеуге салынып отырса, социалистік реализмге ұштасқан революцияшыл
романтика халықтардың азаттық, демократия, бейбітшілік пен социализм
жолындағы күрестерінің биік идеяларын бейнелеуде Есағаңның мақалаларынан
үзінді келтіре отырып, қай заманда да болмасын ақын жазушылар қауымының өзі
өмір сүрген қоғамының талап тілегінен тысқары тұра алмайтындығын көреміз.
Қазақ әдебиеттану ғылымы тудырған алғашқы толқынның өрісті арнадағы
зерттеушілік бағытын жаңа әдіснама талап – тілегі тұрғысында желісін үзбей
өнерпаздық арнамен дамыту – Е.Ысмайылов,М.Қаратаев,
Қ.Жұмалиев,Б.Кенжебаев,Т.Нұртазин,Ә .Қоңыратбаев, Б.Шалабаев, Ә.Марғұлан
өзге де дарындарға дәуір талабы жүктеген ауыр да, қастерлі міндет болды.
Шындап келгенде, зобалаң жылдары сталиндік – голощекиндік, әпербақандық
саясаты қасіретінен қазақ әдебиеттану ғылымының интеллектуалдық, ғылыми
зерттеушілік потенциялы ойсыраған тұста әдебиеттану ғылымы талантты,
білімді мамандарға мұқтаж, әрі аса зәру еді. Отызыншы жылдары қазақ
әдебиеттануы идеология талабына сай маркстік – лениндік әдіснаманы қатаң
басшылыққа алғанымен де, жиырмасыншы жылдардағы Алаш зиялыларының қол
жеткізілген ғылыми – зерттеушілік, сыншылдық, әдеби теориялық ой – пікір
сілемдерінен де тарихи сабақтастық тұрғысында нәр алғанын жоққа шығаруға
болмайды.
1951 жылы қарашада тұтқындалып, абақтыда азап шеккен. Е.Ысмайылов тек
1954 жылдың маусымында азаттыққа шықты. Бұл жерде әдебиетшінің Семей
түрмесінен сол кездегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы
К.Е.Ворошиловқа жазған хатындағы тергеу барысында көрген тепірішінен нақты
дерек беретін жан сырынан сталиндік – тоталитарлық жүйенің боямасыз
болмысын танимыз. Мұның өзі өмірден ерте кеткен дарындардың тағдыр –
талайын танытумен қатар, еркін ойлы зиялыларымыздың өмір мен өлім беттескен
небір қиын асулардан сүрінбей өткенін қазіргі ұрпақтың тағылым алуы үшін де
маңызды болып табылады.
1. Мені жеке камераға жапты. Тұтқындалған сәттен бастап мені күні – түні
тергеуге алды.16-18 сағат дем алдырмай, ұйықтатпай, маза бермей тергеді.
Тергеудің осы тәсілі жүз қырық тәулікке созылды.
2. Өзім дімкәс және мүгедек болғандықтан, осы тергеу кезінде әбден арыдым,
кейбір кезде ақыл – есімнен адасып қалып, еденге құлап түскен сәттерім көп
болды. Міне, осындай кездерде тергеуші Е.Соловьев күні бұрын дайындап
қойған протоколға қол қоюымды талап етіп, есімді одан әрі шығарды.
3. Тергеуші Е.Соловьев тергеу кезінде ұрып – соғудың үстіне аузына келгенін
іркілмей айтып, орыс тілінің лексиконындағы бар боқтық сөздермен
балағаттады, намысқа тиді. Ол ол ма, тергеуші Соловьев күні бұрын дайындап
қойған протоколына тезірек қол қойдыру үшін, мені қабырғаға теріс қаратып
қойып, құлап түскенімше аяғымнан тұрғызып қойып та жүрді.Соның салдарынан
мен кінәлімін деп, тергеу протоколына қол қойдым. Мұндай зорлық –
зомбылықты айтқанымызда кешегі жүйе қыспағы мен қиянатынан туындаған саяси
зобалаң толқындарынан тепіріш көре жүріп те, ұлттық мүддеге тамыр тартқан
шығармашылық ізденістерімен көрінген небір асыл ағаларымыздың жасампаздық
өмірлерінің өнеге берер тағылымы мейлінше мол екеніне қаныға түсеміз.
Е.Ысмайылов пен Қ.Аманжолов өмірдегі жетімдік тағдыр талайы мен өнердегі
қуғын сүргінді шығармашылық шырғалаңдары да ортақ замандас тұлғалар.
Бір жетім ұл қалғанды Самұраттан,
Қой бағам деп, ой баққан құба жонда.
Ой бағам деп, қозыны жамыратқан,
Нені сонда ойлаған, нені сонда
Тон орнына, сол бүгін, том көтеріп,
Келе жатыр .Қуанам соны көріп, –
деп Есағаңа өзінің достық өлеңін арнайды. У меня тоже были ошибки. Однако
я никому не делал подлости деп жазады Олжас. Осы жағынан келгенде Есағаң
мен Қасым қашан да ақ адал достықтарына кірбің түсірмей, сол киені бойтұмар
етіп ұстанады, бір – біріне сүйеу болды. Мәселен, жігерді мұқалтып,
қайратты қажытқан тар қапастан туған жерге оралған Есағаңның Қасыммен араға
үш жыл салып сағынышпен қайта қауышқан сәтіне назар аударайықшы. Бір сәт
және бүкіл ғұмыр! Ол – ғалымның заман тепкісі шырғалаңға салған тамұқтан,
тозақтан оралған тұсы болса, ақынның сырқаты дендеген, әрі рухани жағынан
қажыған алмағайып кезі болатын. Міне, осы өксікті өмірдің өзінен туған
ақиқатты Есағаң былай жеткізеді: Мен Алматыға 1954 жылы 27 маусым күні
қайтып оралдым. Үйге келісімен он минут өтпей Қасым маған телефон соқты.
Бір – бірімізбен саулық сұрап сөйлескенімізде Қасымның даусы дірілдеп,
қамығып жылағандай болып естілді. Қатты сағынғандығын, менің тез келуімді
өтініп айтып жатты. Келесі күні ұзақ отырдық. Ол жас баладай жадырап кетті.
Мейлінше жүдеу, бір жапырақ еті қалмаған, жақ сүйек, шықшыт, иектері
салдырап бос тұрғандай. Саусақтары да ұзарып, қауырсын қаламның сабағындай
жіп – жіңішке, шашы мен мұрты буырлана бастаған, бірақ екі көзінің жанары
бұрынғыша нұрлы, жалт – жұлт от шашады. Қазіргі тіршілігінің таусылмас
қуаты да осы екі көзде тұрған сияқты.
Жақсылық пен жамандық шекаралас, Ойсыз пенде екеуін айыра алмас.
Жаздым мұны жанымен түсінер деп жері жерлес, бауырым қаны қандас деп
мәңгілік музаға бөленген ұлы жүректің соңғы лүпілінен тасып төгілген ақын
толғанысын Есағаң: ...Адам арманға тойған ба? Өмірімнің бірталайы
мағынасыз, серілікпен өтпеді ме екен? Мұрат еткен дүниелерімнің көбін іске
асыра алмағандығым өкінішті... – Адамның тегі айуанмен аталас қой.
Тіршілікте біреумен араздастық, біреумен жамандасып алыстық, көрместей
өкпелестік, онан не шықты? Оның арты жақсылыққа жеткізген жоқ. Жақсы
көретін жолдастарым да, ұнатпайтын жолдастарым да аз емес қой, барлығы да
менің досым болып қалса екен. Көрсем көрдім, көрмесе сәлем де. Бұрынғы өкпе
– наздарымды кімге болса да кештім, –– деді. Міне, сол кезде тіпті аралары
бірталай алыстап, суысып кеткен жолдастарын да ол көргісі келіп жатты...
Күннен күнге халі нашарлаған сайын Қасым жанашыр жақындарын да, дос –
жарандарын да атын атап – атап шақырып есіне түсірді. Не қоштасқандай, не
кешірім сұрағандай оларға жылы сөздерін арнайдыдеп жеткізеді. Бұл Адам
болып туғанмын, адамша өтем... деген азамат ақынның өз мұратына адал болып
қалған биік тұғырын да айқындайды.
Есағаң сыралғы да, сыйлас досы Қасымның ақтық демі үзілер ең соңғы
сәтте де қасында болды. ... 15-16 қаңтарда күні – түні Ахметжан, Қапан,
Ләзиза және басқаларымыз әлдеқалай болады деп сол үйде отырдық. Қасым бірде
қатты – қатты жөтеліп, ауыр азап буындырғандай тыныс тарлығынан бір түрлі
ашынулы, күңіренген үнмен сарнағандай, сөйлегендей болады. 17 қаңтар күні
күндіз Қасымның есі кіріп, келген бірталай ақын – жазушылармен бір – бір
ауыз тіл қатысты. Сол күні 18 қаңтарға қараған түні сағат бірдің кезінде
Қасым келмес сапарға жол шегіп, көзін жұмды. 19 қаңтар күні Алматының
мәдениет жұртшылығы зор құрметпен Қасымды жерледі деп жазады.
Е.Ысмайыловтың Қасымның өмірі мен шығармашылық әлемін, әсіресе ақындық
қуатын тұсаулаған тоталитарлық жүйе жағдайындағы жан толғанысын, сезім
әлемін шынайы да тың арнада өрнектеген Өмір мен өлең атты зерттеуіндегі
сөз зергерінің өмірбаянынан бізге осындай сыр түйеді.
Ұлт мүддесі мен мерейін мұрат тұтқан дарындардың мұрасы мәңгі жасай
бермек. Ей, тәкаппар дүние! Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені, Мен
қазақтың баласы деп жырлаған Қасым ақын мен Қазақты жақсы көрген адам
оның өткен күні мен бүгінгі күнін түгел айырып, жақсы білуге тиіс,
екеуінен де жақсыны, сүйсінерлік қасиетті табады. Қазақты жақсы көру үшін
алдымен оның ерте күннен мемлекет, мәдениетті ел, жауынгерлік салты, мықты
халық болған тарихын, мәдениетін жақсы білу керек. Өзінің ата – бабасының
тарихын білмеген адам ешуақытта өзінің халқын толық жақсы көре алмайды
деген Есағаң аманаты да отаншыл рухтағы ұлт перзенттерінің санасына тоқылар
ұлағат болып қала бермек. Ең бастысы, ұлттық рухтың айбары мен айбыны болып
табылатын әдебиет мүддесі тоғыстырған тұлғалардың өмір мен өнердегі ақ адал
сыйластықтары Абайдың Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос
деген тағылымын жадымызда жаңғыртады.Осы нақыл сөздің айғағын Б.Момышұлының
қазақ зиялыларына майданнан жазған хаттарының қатарында назардан тыс қалып
келген елеулі мұра – әдебиетші ғалым Е.Ысмайыловпен қазақ әдебиеті мен
тарихына және ұлттық тәлім – тәрбиеге байланысты пікір алысуларынан көруге
болады. Мұрағат қойнауында жатқан хаттар жарты ғасырдан соң көпшілік
игілігіне айналды. Оларды Қазақ әдебиеті газетіне ұсынған Сапар Байжанов:
Хат иесі әдебиетші ғалым, ол кезде майданда жүрген замандасы Бауыржан
Момышұлына хат жазып отыр. Хат иесі өзінің көкейіндегісін, жан әуезін,
көзқарастырын, мақсат – мұратын әріптесіне ағынан жарыла ақтарады, баян
етеді. Біз осында айтылған ой, көзқарастарды бүгінгі егемен, тәуелсіз ақ
таңда шаттықпен дабырлап айтып жүргеніміз бекер емес. Ал, осындай өміршең
де өзекжарды ойларды сол бір қысаң, қырбай замандарда – ақ ышқына айтушы
өжет те, өршіл біртуарлар бой көрсеткеніне бір есептен қайран қалсаң, бір
есептен сүйсінесің! деп жазды [3, 2].
Ғалым хатында Ұлы Отан соғысының қан майданында ерлік көрсетіп жүрген
қазақ жауынгерлерінің батырлығын айта келіп, сол кезеңнің өзінде аттары
аңызға айналған ұландарын ерекше бағалайды. Қазақтың батырлық көрсетіп
жүрген жігіттері майданда аз емес, намыскер, қайратты, өжет қазақ баласы
осындай сұрапыл соғыста сыннан сүрінбей, зор абырой, атақ алып өтті ғой.
Бұған қуанып, сүйсінбейтініміз бар ма?! Ерлік көрсеткен ер азаматтарымыздың
ішінен ерекше бөлініп, өзіміздің жақын қамқор досымыз, бауырымыз сияқты
болып тұратын сіз, Мәлік сияқты ардагер жолдастарымызға айрықша сын,
айрықша баға керек деп қазақ атын аспандатқан отандас ерлер ерлігін
мақтаныш етеді.
Б.Момышұлының майдандағы қайсар да, өр намысты болмысын дөп басып
танығанда оның кешегі ата тарихымыздағы ел азаттығы үшін жан беріп, жан
алысқан тарихи тұлғалардың, яғни Есағаң қатал қайрат иесі деп бағалаған қыр
перзенттерінің заңды жалғасы деп қарайды. Мәселен, қатал қайрат иесі
адамдар деп тек өжет, мықты батырлар емес, ақылы, айласы қайратына сүйеу
болып отыратын, қиын – қыстау күндерде, қырғын соғыс үстінде елі – жұртын,
әскерін тас қамау, тас асулардан абыржымай алып шыққан қолбасы, мемлекет
қайраткерлерін атаймын. Мұндай қасиеттерге қазақта Абылай мен Кенесары ие
болды деген пікірінің тамыры төл тарихымыздың алар тағылымының қалың
қатпарын көрсетсе керек.
Ұлттық патриотизм өз тарихыңды қастерлеу, ата – бабаларыңның асыл
қасиетін ардақтау және елдік сана қалыптастырар тәлім – тәрбиенің өзегі ету
барысында бойға сіңіру сияқты келелі мәселелермен қашанда сабақтас. Міне,
Е.Ысмайылов хатындағы басты толғаныс та қазақ тарихы, яғни халықтың өткен
ерлік шежіресін ұрпақ санасына еш бұрмаламай құю арқылы кешегі мен
бүгінгінің елдік арқауын отаншылдық рухта жаңғыртудан туындайды.
Қазақты жақсы көру үшін, алдымен, оның ерте күннен мемлекет,
мәдениетті ел, жауынгерлік салты мықты халық болған тарихын білмеген адам
еш уақытта өзінің халқын толық жақсы көре алмайды деп білген ғалым 1943
жылы жарық көрген Қазақ ССР тарихы ата тарихымызды бұрмалаудағы ғылыми
таяздыққа, шовинистік танымға берілген соққы екенін ашық айтады. Аталған
еңбектің Абылай бөлімі М.Әуезов редакциясымен, ал Кенесары бөлімі
Е.Ысмайылов тарапынан жазылған болатын.
Ол еңбекте Кенесары Қасымұлының тарихи тұлғасы обьективті бағаланып,
ата тарихын дұрыс тануда бүгіндері жетекші бағыт болып табылатын құнды
тұжырымдар жасалды. Әсіресе, қазақты жабайы, надан деп қараған империялық
сипаттағы астамшылдық пікірді терістеу және ғылыми негізді түзетудегі
ғалымдар мақсатын Б.Момышұлына еш бүкпесіз жеткізеді. Мына тарихта әлі
қазақтың бұрын – соңғы жақсы қасиеті толық, дұрыс айтылып жетілген жоқ.
100 – ден бес пайызы ғана айтылып отыр. Мысалы, Кенесарының қолбасылық
әрекеті туралы мен тура бір кітап етіп жаздым. Осы күнге дейін қазақ өз
алдына мемлекет болып па? Сабын түзеген жауынгер әскері болып па?
Революцияға дейін хат таныған ба? Баспасөзі болып па екен деген күдікті
сұраулар қалмай келетін. Жалпылама Октябрьге дейін мешеу, түгел сауатсыз,
надан, даласы құлазыған меңіреу, құм арасында айуан сияқты аш – жалаңаш
көшіп жүрген деген сөзді айтып өте шығатынбыз. Сөйткен ел ХVІ ғасырда
Қасымның тұсында бір жарым миллион әскер құрап, Еділге, Зайсанға, Ертістен
Тянь – Шаньға дейінгі жерлерге, қазіргі жерімізге толық ие болып, сыртқы
жауларды жеңіп, дүниежүзінде әйгілі ірі мемлекеттің бірі болды. Мына
тарихта сондай шындықтың бәрі болмағанмен тұңғыш рет бірталайы айтылып
отыр. Енді қазақ надан, қазақ айуан деген мырзалар не дер екен деп ел
мерейін үстем етер игілікті істің маңызын үлкен тебіреніспен жеткізеді.
Қатал қайрат иесі болып табылатын азаматтар қазақ қоғамы үшін
қаншалықты маңызды орын алады дегенде ғалым басты орынға ұлттық
патриотизмді еселеудегі құндылықтарды ерекше атайды. Қатал қайрат иесі
адам елі – жұртын басқалардан артықша жан – тәнімен сүйетін, нағыз патриот
болады. Қазақты ауызға анда – санда бір алып, Аманкелдіні қосып айта
салатын бірлі – жарым сөзден елін – жұртын жақсы көргендік тумайды дей
келіп, қатал қайрат пен намысты ту еткен азаматтардың ел береке – бірлігін
нығайтудағы мұратын ұлттық мүддемен тығыз бірлікте қарастырады. Әсіресе,
отаршылдық танған ала ауыздық, бірін – бірі күндеу сияқты кесірлі
кесепаттың зардабын еске сала отырып, осындай жаман мінезден халықты
арылтудағы текті тұлғалардың тағылымын ой безбеніне салады. Мұндай
жағдайда елді біріктіріп әкететін мықты, қатал қайрат иесі адамдар ғана
тура жол тауып кетті. Қазақтың айбынды ер азаматы қанды қырғын үстінде
мінез – құлқын тамаша түрде өзгертіп, елі жұрты, елінің бірлігі, елдігі,
келешегі туралы талай жақсы, игі ой қасиеттерді бойына сіңіріп жатқаны
сөзсіз. Бірақ соларға қатал қайрат иесі адамның басшылығы керек.
Қазақстаннан да, Суворов, Кутузов, Жуков сияқты қолбасылар шыққан, енді де
шығуы тиісті деп ерлік дәстүріндегі сабақтастықты өмір шындығымен
байланыстырғанда кешегі Абылай мен Кенесарыдай даңқты перзенттер бүгіндері
де Алаш туын асқақтатуға, ел еңсесін көтеруде мейлінше қажет екенін
нығырлай түседі.

... Кешегі 40 жылдай Сарыарқаға төніп келген жауларды беттетпей,
қазақты ел қылған атақты хан Абылайдай ардагер, он жыл бойы Ұлы Ресей
империясымен жеңілмей соғысқан батыр қолбасы Кенесарыдай ұлы адамдарымыздың
көзін дәл таппағанмен, бейнесін, соларға ұқсас жарқын сәулесін көрем – ау
деп жазып отырмын деген сындарлы пікірінің де айтар астары мол. Кешегі
балаларға тән тектілік пен асқақ рух үйлесімін Бауыржандай батырдың бойынан
табылып отырғанын да әдептен аспай байыппен жеткізеді.
Е.Ысмайылов Б.Момышұлының майданнан жазған хаттарының құндылығын
қазақтың әдебиеті мен тарихына қатысты даулы мәселелерді байыпты, әділ
шешуде бағыт – бағдар берер маңызы тұрғысынан бағалайды. Мұнда елінің
келешегі, бүгінгі игілігі үшін шын жаны ашыған адамның сөзі айтылған.
Қуанып, сүйсініп қабыл алмасқа шара бар ма, мұндай батыл, әділ тура
сөздерді? Бұл жалтақ емес, жағымпаздықты білмейтін қайрат иесі адамның сөзі
ғой деп табады. Әсіресе, қазақ әдебиеті мен тарихына қатысты даулы
мәселелерді шешудегі ғылыми ізденістерде орын алып отырған кейбір
келеңсіздіктерді де бүкпесіз баяндап, іштегі шемен шерді тарқатады.Осы
жолдағы ғылыми принциптілікті байыптай келе, идеологиялық майдандағы
қысымнан туындап отырған кедергілерді де ашық айтады. Сол тұстағы рухани
әлемде болып отырған айтыс – тартыстардан да хабардар етеді. Бұған мына бір
өзекті толғанысын мысалға келтіруге болады: Міне, сол айтыстың кезінде екі
–үш ай бойы ұйқы, күлкі көрмей арып – тозып, архивтің арасында отырып,
барлық жүйкені тоздырып жүрген кездер болды. Сол не үшін еді? Ата – бабаның
жақсы қасиетіне кір жұқтырмау ғой. Мансаптың, өңештің, мақтанның құлы
болсақ жүз жыл бұрын өліп қалған Кенесарыда не жұмысымыз болар еді?
Сұлтанмахмұттың, Қарашевтің, Шернияздың бастарын аршып алу жолындағы айтыс
– тартыстардың шегі жоқ [4, 22-23].
Осындай жоталы ойларды ортаға салғанда Е.Ысмайылов ұлттық нигилизмнен
өрбіп отырған ана тілін аяқасты ету, өз ұлтын менсінбеу сияқты көріністерді
жаны қынжыла жазып, Б.Момышұлының тіл тағдырына қатысты айтылған пікірлерін
толықтыра түседі. Өз кезегінде Баукең Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің хатшысы М.Әбдіхалықовқа жазған Қазақ тілі туралы пікір атты
толғанысында Барлық оқу орындарында қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ
тарихы міндетті сабақ болуы керек дей келіп, ана тілін менсінбей ұмытуға
бет алған бетсіздерді қатал жазалау қажеттігін Қазақ ана тілінің беделін
түсіріп, бұрмалап, бүлдіріп халықтың халық болуына, ұлттың ұлттық
қасиетіне, салт – санасына өте қауіпті, зиянды болғандықтан, барлық орыннын
тіл құзғындарымен, тіл сұңғыттары, шүршіт болып кеткендер бетің бар, жүзің
бар демей мейірімсіз түрде, масқаралана қуылып, қолдарына таяқ ұстатып, қой
бақтырған көп олжа болар еді деген болатын. Ал, Е.Ысмайылов батыр пікірін
қолдай отырып, өз кезегінде мынадай көзқарасын білдіреді: Қазақтың
тілінен, әдет – салтынан жиіркеніп, өзінің орысша оқып – біліп кеткеніне
мың мәртебе шүкіршілік айтып қуанып, жетіліп кеткен қазақтың жігіттері аз
емес. Олар – қазақтың ана тілі неге керек, орыс болса да жарайды ғой,
мақтан қыларлық не бар бізде, бұрын түгелінен қараңғы, айуан сияқты болып
едік, сол айуандықты күлкі етіп, несіне айта бересіңдер, осы надан қазақты
көрмесем екен дейтін сабаздар бізде аз емес, міне, мұндайларға ақыл айтудың
қажеті жоқ, қатал қайратты адамның өмірі, үкімі ғана қажет. Мұндай
топастарды қатал қайрат иесі адамдарымыз лезде үйретіп беруге тиіс. Батыр
мен ғалымның басты мақсаты ––– ел намысына қозғау салу, ұлттық рухани
құндылықтарды санада жаңғырту, қазақтың басты қасиеті ана тілін ардақтау
және ұрпақ тәрбиесінде халықтық дәстүрлерді орнықтыру болды. Осындай батыл
пікірлер олардың еркіндік тұсауланған заманда қазақ тілінің көсегесін
қайтсе көгертеміз, қоғамдық дамуды қазақ мүддесіне қалайша бейімдейміз
деген таным биігін де айқындай түседі. Перзенттік парыз ел мұраты деген
басты мәселені саясат ызғарынан еш именбей көтеруде қашан да өрелі
болатынын ұқтыра түседі. Қазақтың тарихын бастан – аяқ әрбір адам біле
беруі қажет емес, бірақ, әрбір қазаққа мәлім ұлттың өткендегі жақсы салт,
мінездер көп қой –– ат шабыс, айт, той, аңшылық, серілік, салдық,
балуандық, мергендік, ақындық, шешендік, зеректік, меймандостық сияқты
бүкіл адам баласына ортақ мұра боларлық қасиеттеріміз көп қой, біздің
замандастарымыз соларды жақсы көруден несіне ұялады, несіне қаймығады?.
Есағаңның хатында, сонымен бірге, қазақ әдебиетінің өмір шындығын
суреттеудегі көркемдік ізденісіне тән олқылықтар назардан тыс қалмаған.
Мысалы Жалғыз – ақ сөз: әдебиетімізге шын мәніндегі шындықты суреттеу аз,
бірыңғай мақтан, қошемет, айғай сөздер басым. Қазақ әдебиеті әзірше осы
соғыстың басталар кезіндегі дәрежесінен ілгерілей алған жоқ деп әдеби
дамудағы іркілістер себептеріне үңіледі. Соның ішінде идеологиялық
кедергілерді астарлап жеткізеді. Ғалымның Орындамайық, шабандық істейік,
жақсы жазбайық деген ниет бір де бірімізде жоқ. Бірақ орындалуына келгенде
толып жатқан себептер бар ғой. Оны айтпай – ақ өздерің де түсінетін
боларсыңдар дегені шығармашылық еркіндікті шідерлеген дәуірдің боямасыз
шындығы болатын.
Иә,Б.Момышұлы мен Е.Ысмайыловтың сонау сұрапыл соғыс жылдары елдік
мәселелерге қатысты жазған өзекті толғаныстары бүгіндері де қазақ
мемлекеттігін нығайтуда басты тірек болып табылатын ұлттық тәлім –тәрбие,
ата дәстүрі, қазақ тілі және төл тарихымызды қастерлеу қажеттігін санамызда
жаңғыртумен маңызды. Ел мұраты, перзенттік парыз, ұлттық мүдде халықтық
қасиеттер сияқты уақытпен үндес толғаныстары өсер елдің намысты ұлдарын
отаншылдық рухта тәрбиелеуде қашанда ұстанар темірқазық болып қала бермек.
Ең бастысы, халықтың адал перзенті бола отырып, ұлттық мүддені қорғап
қалуды келер ұрпаққа аманат етіп қалдырды [4, 24-25].
1937 жылдың 7 қыркүйегінде өткен Қазақстан ақын – жазушыларының
Ұлтшыл фашистердің әдебиеттегі зиянкестік істерімен күресу және жас
кадрларды өсіру туралы тақырыптағы жалпы жиналыс алашшыл әдебиет өкілдерін
атамағанда, қазақ кеңес әдебиетінің міндеті қазақ ұлтшылдығы мен алашшыл
идеологиясын аяусыз соққының астына ала беру болды. Мұндай қиратқыш,
қаралағыш мақалалар сол тұстағы жалпы саяси ахуалды танытып қана қоймайды,
сонымен бірге ұлт зиялыларының жаппай жазықсыз жазалануына, атылып –
асылуына себепкер болғаны бүгіндері ашық айтылуда.
Зобалаң жылдардағы қиратқыш, қаралағыш, жалажапқыш тұрпайы
сындар Д. Ысқақұлы сөзімен айтқанда: отыз жетінші жыл орыны ойраны немесе
қазақ қаламгерлерінің келеңсіз кезеңде жазықсыз жазалануы нысанына Е.
Ысмайылов та ілікті. Әдеби сында эстетикалы, принципті сын мақаларымен
танылған, Абай поэтикасын, Сәкен, Ілияс поэзиясын ғылыми негізінде терең
зерттей білген сыншыл-ғалымның бұл өзіндік ерекшелігіне ұлтшылдық
тұрғысында саяси сенімсіздік білдірілді. Өлеңдер жинағының жаз еркесі,
Жігер Тұлпар жыры деген әсем де эстетикалық атауларынан да
буржуазияшылдық, символистік күйректік деген қателіктер табылды.
Сол кездегі айбарлы да сұсты, айыптау мен қаралауды, ұлт зиялыларын
халық жауы деп құртуды ғана мақсат еткен мақалалардың бірі әдебиет
сыншысы Е.Ысмайловқа арналды. 1937 жылғы 16 қарашада Қазақ әдебиеті
газетінде жарияланған Ысмайловтың контрабандалық қатарларына қорытынды
жасайтын мезгіл жетті атты мақалада сыншының жаз еркесі өлеңдер жинағы
буржуазиялық стиль-символизм күйректікпен жазылған, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұмар Қараш
Ақан Қорамсаұлының махаббат лирикасы
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Ахмет Байтұрсынұлының поэзиясы
Мұхтар Әуезов тағылымы
Абайтану ғылымы туралы
Ж. Жабаев творчествосын зерттеудің қазіргі жай-күйі мен маңызды мәселелері
Отызыншы жылдардағы әдеби сынның негізгі бағыттары
Абайтану ғылымын зерттеушілер
Жамбылдың Жабаевтың дастандары
Пәндер