Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Бөлім Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы Еуроодақпен келіссөздерді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1 Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы Еуроодақпен келіссөздерді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2 ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райспен келіссөздер өткізді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

3 Инвестия салушы ірі шетелдік компаниялардың басшылары Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген ықыласына қолдау білдірді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ Бөлім Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мәні, құрылымы, түрлері ... 10

2.1. Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мәні, құрылымы, түрлері ... ... ... 10

2.2.Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

2.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы: негізгі ережелер мен нормалар ... ... ..15

2.4.Құрылымы мен қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

2.5. ДСҰ.дағы мүшелік беретін артықшылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ІІІ Бөлім .Ауыл шаруашылығы саласындағы келіссөздер ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болып кіруі туралы пікірлер сан алуан. Бірқатар авторлар оған оптимистікпен қарайтын болса, енді біразы сақтық танытуды жөн көреді. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жөніндегі Келісім азық-түлікті сыртқы рынокта сатуда ғана емес, сонымен қатар елдің азық-түлік жүйесін дамытуда да жақсы ықпал етуі тиіс. Оған қарама-қарсы пікірлерге құлақ түрсек, ДСҰ-ға кірген кезде оның қойған міндеттерін толықтай орындайтын болса, Қазақстан сыртқы сауданы реттеу және отандық ауыл шаруашылығын қорғауда шаралар қабылдау құқығынан айырылып қалады. Ал бұл өз кезегінде отандық ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді. Қысқасы, кеме де суға батпайтындай, балық та ұсталатындай жағдай туғызу үшін не істеу керек?
ДСҰ-ның айқын ерекшелігі өзара тиімді шарттар, ашықтық пен ұйым мүше елдерінің теңдігіне негізделген еркін сауда шараларын қамтамасыз ету мақсатында сауданың халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын қалыптастыруда.
Еркін сауда саясатының шағын ішкі нарығын иеленетін және кеңейтіліп бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына шығуды қажет ететін Қазақстан үшін маңыздылығы анық.
Халықаралық құқығына негізделген және алдын ала болжалатын ДСҰ шарттары Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.
Кез келген елдің ДСҰ-ға кіру мақсаты жекелеген басымдылықтарды пайдалану болып табылады.
Қазақстан алдында төмендегідей басымдылықтар қалыптасқан:
Дамуға жағдай жасайтын дүниежүзілік шаруашылық пен дүниежүзілік құрылымдармен біріккен, ашық нарықтық экономикасы тән ел болып танылғанымен қатар, Қазақстан ДСҰ-ның барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнату барысында бірден ең қолайлы жағдай туғызу режимін (РНБ) иеленеді.
1 “Егемен Қазақстан” Республикалық газеті 2 қаңтар 2006 жыл
2 “Егемен Қазақстан” 19 наурыз 2006 жыл
3 “Айқын” газеті № 29 16 ақпан 2006 жыл
4 “Дала және қала” газеті №23 25 қаңтар 2007

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І Бөлім Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы Еуроодақпен
келіссөздерді ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5

1 Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы Еуроодақпен
келіссөздерді ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

2 ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік
хатшысы Кондолиза Райспен келіссөздер
өткізді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

3 Инвестия салушы ірі шетелдік компаниялардың басшылары
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген ықыласына қолдау
білдірді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..7

ІІ Бөлім Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мәні, құрылымы, түрлері ... 10

2.1. Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мәні, құрылымы,
түрлері ... ... ... 10

2.2.Дүниежүзілік Сауда
Ұйымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2.3. Дүниежүзілік сауда ұйымы: негізгі ережелер мен
нормалар ... ... ..15

2.4.Құрылымы мен
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6

2.5. ДСҰ-дағы мүшелік беретін
артықшылықтар ... ... ... ... ... .. ... ... ... .17

ІІІ Бөлім .Ауыл шаруашылығы саласындағы келіссөздер ... ... ... ... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 26

Кіріспе

Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болып кіруі туралы пікірлер сан алуан.
Бірқатар авторлар оған оптимистікпен қарайтын болса, енді біразы сақтық
танытуды жөн көреді. Шетелдік сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның ДСҰ-ға
мүше болуы, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы жөніндегі Келісім азық-түлікті
сыртқы рынокта сатуда ғана емес, сонымен қатар елдің азық-түлік жүйесін
дамытуда да жақсы ықпал етуі тиіс. Оған қарама-қарсы пікірлерге құлақ
түрсек, ДСҰ-ға кірген кезде оның қойған міндеттерін толықтай орындайтын
болса, Қазақстан сыртқы сауданы реттеу және отандық ауыл шаруашылығын
қорғауда шаралар қабылдау құқығынан айырылып қалады. Ал бұл өз кезегінде
отандық ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді. Қысқасы, кеме де суға
батпайтындай, балық та ұсталатындай жағдай туғызу үшін не істеу керек?
ДСҰ-ның айқын ерекшелігі өзара тиімді шарттар, ашықтық пен ұйым
мүше елдерінің теңдігіне негізделген еркін сауда шараларын қамтамасыз ету
мақсатында сауданың халықаралық ережелері мен тәртіп шараларын
қалыптастыруда.
Еркін сауда саясатының шағын ішкі нарығын иеленетін және
кеңейтіліп бара жатқан дүниежүзілік нарықтарына шығуды қажет ететін
Қазақстан үшін маңыздылығы анық.

Халықаралық құқығына негізделген және алдын ала болжалатын ДСҰ шарттары
Қазақстан үшін ішкі мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сауда серіктерімен
жарыста бәсеке қабілеттілігін көрсетуге мүмкіншілік туғызады.
Кез келген елдің ДСҰ-ға кіру мақсаты жекелеген басымдылықтарды
пайдалану болып табылады.
Қазақстан алдында төмендегідей басымдылықтар қалыптасқан:
Дамуға жағдай жасайтын дүниежүзілік шаруашылық пен дүниежүзілік
құрылымдармен біріккен, ашық нарықтық экономикасы тән ел болып танылғанымен
қатар, Қазақстан ДСҰ-ның барлық мүшелерімен қарым-қатынас орнату барысында
бірден ең қолайлы жағдай туғызу режимін (РНБ) иеленеді.
Оған қоса, Қазақстан өзінің тауарлары үшін қосымша да, тиімді
транзит жолдарына ие болады. Ол Қазақстандағы өңдеу өнеркәсібінің отандық
тауарларының сыртқы саудасын дамыту үшін аса маңызды.
Қысқа- мен ортамерзімді жоспарлар шеңберінде Қазақстан үшін ДСҰ-
ға кірудің ең алдымен өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялық өндірісті
дамыту мақсатында инвестицияларды пайдалану тұрғысынан маңызды.
Қазақстанның экспорттық тауарларына, ең алдымен антидемпинг
тексерістері барысында қолданылатын сауда дауларына қатысты ДСҰ-ның режимі
маңызды бола тұрып, ДСҰ белгілеген рәсімдер шеңберінде сауда-саяси дауларды
әділетті жолмен шешуге жағдай жасайды.
ДСҰ-ға кірісімен, Қазақстан ұлттық мүдделерді басшылыққа алып,
дүниежүзілік сауданы реттейтін ережелерді жетілдіруде қатысуға құқықты
иеленуге жоспарлай алады.
Сонымен қатар, сыртқыэкономикалық саясат пен үкіметтер, ДСҰ мүше
елдерінің ниеттері туралы күнделікті ақпаратты алу мүкіншілігі пайда болып,
нәтижелі сауда саясатын ұстануға жағдай жасайды.
Ішкі нарықтағы озық технологиялар, тауарлар, қызметтер мен ішкі
инвестициялардың ендірілуін белсендіру нәтижесінде ұлттық өнімінің сапасы
мен бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін жағдай жасау, халықаралық сапа
стандарттарын ендіру.
Импорт көлемінің ұлғаюы нәтижесінде тұтынушының бағасы төмендеу
тауарларының кеңейтілген қатарына қолы жетеді.

І Бөлім Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы Еуроодақпен
келіссөздерді

1 Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі туралы Еуроодақпен
келіссөздерді

Қазақстан еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі туралы
Еуроодақпен келіссөздерді 2007 жылдың бірінші тоқсанында аяқтауды көздеп
отыр. Бұл туралы Астанада өткен Қазақстаның ДСҰ-ға кіруі: талдау және
салдарын бағалау атты дөңгелек үстелде Индустрия және сауда вице-министрі,
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердегі арнайы өкілі Жанар
Айтжанова айтты.
Қазақстанның Еуроодақпен жүргізіп жатқан келіссөздер үдерісінде
алға жылжу барлығын айтқан ол: Соған қарағанда, біз Еуроодақ елдерімен
келіссөздерді 2007 жылдың бірінші тоқсанында аяқтай аламыз, деді.
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша жұмыс тобына 39
мемлекет еніп отыр. Олардың 26-сымен келіссөздер белсенді жүруде. Қазіргі
таңда қызмет көрсету рыногына және тауарлар рыногына қолжетімділік бойынша
17 мемлекетпен екіжақты хаттамаға қол қойылған. Швейцариямен келіссөздер
аяқталды. Малайзиямен бұл үдерісті бір айдың көлемінде аяқтауды көздеп
отырмыз, деді Ж. Айтжанова.
Оның айтуынша, Австралия, Еуроодақ, АҚШ, Канада, Бразилия, Үндістан және
Моңғолиямен келіссөздер белсенді фазада. Австралия, Канада және Бразилиямен
бір және екі мәселе бойынша келісетін тұстар қалған. Ол негізінен ет-сүт
өнімдеріне импорттық баж салығы бойынша мәселелер. Бұлар ауыл шаруашылығы
саласын ішкі қолдау көлемін және ауыл шаруашылығы өнімдеріне импорттық баж
салығын төмендетуді жақтайтын елдер. Егер біз еліміз ішінде ет-сүт
өнімдеріне импорттық тарифтер бойынша пәтуаға келетін болсақ, онда аталған
елдермен жақын болашақта келіссөздерді аяқтайтын боламыз, деді арнайы
өкіл.
Еуроодақ пен АҚШ қа келетін болсақ, бұл елдермен жүргізіліп жатқан
келіссөздердің ауқымы мейлінше кеңірек. Ол негізінен Қазақстанның сауда

саясатына ықпал ететін заңнамалық мәселелерге қатысты.
    Бразилиямен екі жақты келіссөздерде бұл елден ет өнімінің Қазақстан
нарығына енуімен байланысты мәселелер ғана шешілмей қалып отыр.
    Бразилия Елшісі, БҰҰ жанындағы Бразилияның Женева қаласындағы тұрақты
өкілі Клодоальдо Хугений мырза Ж.Айтжановамен кездесу кезінде Қазақстанның
ДСҰ-ға жедел кіруін толық және жан-жақты қолдайтынын білдіретін Бразилия
тарабының ұстанымын растады. Бұдан өзге, кездесу барысында екі ел
арасындағы, жекелей алғанда ауыл шаруашылығы тауарларын қайта өңдеу
саласында белсенді экономикалық ынтымақтастықты  дамытуға мүдделілік
білдірілді.
    Канада және Австриямен екі жақты келіссөздерде шешілмеген мәселелер
ауқымы айтарлықтай азайды.
    Қазақстан үшін ет және сүт өнеркәсібі өнімдерін қоса алғанда, бірқатар
сезімтал ауыл шаруашылығы тауарларының нарыққа енуі мұндай мәселелердің
бірі  болып табылады.
    Және бір мәселе қазақстандық қызметтер нарығына енуі, жекелей алғанда
шетелдік мамандардың және менеджерлердің келісім-шарт негізінде келуін
реттеу саласында Қазақстан тарабының міндеттемелер қабылдауы болып отыр.
    Үндістанмен екі жақты келіссөздер барысында Қазақстан нарығына Үнді
шайының әртүрлі сорттарының, кофенің, сондай-ақ тоқыма өнеркәсібі
өнімдерінің енуі мәселелері талқыланды.
    Осы жылдың 26-27 ақпанында Иерусалим қаласында Израиль мемлекетімен
жүргізілген келісөздер, сондай-ақ Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы қол
қойылған екі жақты хаттамалар Қазақстанның ДСҰ-ға кіру үдерісін аяқтауға
маңызды қадам болып табылады

2 ҚР Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев АҚШ Мемлекеттік хатшысы
Кондолиза Райспен келіссөздер өткізді.

Сұхбаттасушылар Президент Н.Назарбаевтың ү.ж. күзде АҚШ-қа жоспарланып
отырған ресми іссапарына ерекше көңіл бөлді. Осы орайда К.Райс Қазақстан
мен АҚШ-тың күшейе түскен стратегиялық серіктестігінің жарқын мысалы болып
табылатын алдағы өтетін сапардың мәнін ерекше атап өтті. Екі мемлекет
басшылары кездесуінің ауқымды күн тәртібі қос тараптың да мүдделі
құрылымдарының қызу жұмысы мен тығыз өзара іс-қимылдарын қажет ететін
болады. Қазақстан мен АҚШ сыртқы саяси ведомстволарының басшылары аймақтық
тұрақтылық пен қауіпсіздік мәселелерінің кең шеңбері бойынша пікір алысты.
Қазақстан және оның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл Орталық Азия үшін
ерекше маңызды деп мәлімдей отырып, К.Райс біздің елдің аймақтық
экономикалық ынтымақтастықты ілгерілетудегі рөлін жоғары бағалап, Астананың
интеграциялық қадамдарын АҚШ-тың сөзсіз қолдайтынын растады.
Тараптар Ауғанстан экономикасын қайта қалпына келтіру және осы елдегі
өмірді оңалту үшін оны орталық-азиялық процестерге қосу қажеттілігі туралы
пікірді жақтайды. Осы орайда, Қ.Тоқаев ауған экономикасына инвестициялар
тартуды қолдауды қосқанда, екі жақты ынтымақтастық форматында және көп
жақты күш біріктіру шеңберінде де Қазақстанның Ауғанстанды қайта қалпына
келтірілуіне жәрдем көрсетуге әзір екендігін растады.
Американдық тарап ҚХДР аумағынан ұшырылған зымырандарға қатысты
қазақстандық СІМ-нің мәлімдемесін және тұтас алғанда таратпау режимін
нығайту жөніндегі Қазақстанның принципиалдық ұстанымын жоғары бағалады.
Кездесу соңында К.Райс, Президент Н.Назарбаев

басшылығымен саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңарту жолында айтарлықтай
табыстарға жеткен Қазақстан халықаралық сахнада АҚШ-тың лайықты серіктесі
болып табылады деп атап өтті.
Өз кезегінде Қ.Тоқаев аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің
салмақты факторы болып табылатын Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық
серіктестікті одан әрі дамытуға адалдығын растады. Қазақстанда АҚШ пен
серіктестікті бағалайды және ынтымақтастықты тереңдету үшін одан әрі
шаралар қолға алуға ниетті.
АҚШ Сауда өкілі С.Швабпен кездесуде Сыртқы істер министрі
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жөніндегі екі жақты
келіссөздер барысын талқылады. С.Шваб Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі Сауда өкіл
кеңсесінің басымды бағытарының бірі болып табылатынын және АҚШ туындаған
мәселелердің өзара тиімді шешімдерін іздеуді жақтайтынын атап өтті.
Осы күні, Қазақстанның Вашингтондағы Елшілігі Дж.Хопкинс Орталық Азия
мен Кавказ институтында Қ.Тоқаевтың американдық іскерлік, ғылыми-
зерттеушілік топтары, БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен кездесуін
ұйымдастырды. Қазақстан: Орталық Азиядағы қауіпсіздікті демократиялық
реформалар мен экономикалық даму арқылы нығайтту атты тақырыптағы
баяндамасында Қ.Тоқаев, Қазақстан барша таныған аймақтық лидер ретінде
экономикалық интеграцияның ілгерілетуде, сауда мен инвестициялар үшін
қажетті жағдайлар жасауда, аймақтың шетелдік капитал үшін қызықтырарлығын
арттыру және оның жаһандық экономикаға толыққанды интергарциялануына
дайындауда өз рөлін белгілейтінін атап өтіп, еліміздің аймақтық дамудағы
негізгі көзқарастарын баяндады.

 
3 Инвестия салушы ірі шетелдік компаниялардың басшылары Қазақстанның
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген ықыласына қолдау білдірді.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Инвесторлар кеңесінің 14-
ші жалпы отырысында ел экономикасына инвестия салушы ірі шетелдік
компаниялардың басшылары Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге
деген ықыласына қолдау білдірді. Еуропалық Қайта құру және даму банкінінің
президенті Жан Лемьер өз сөзінде Қазақстан тәуелсіздік жылдарында қол
жеткізген табыстарды әлемдік нарықтағы ықпалдастықпен күшейту қажет екенін
атап өтті.
- Президент мырза, Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан үлкен табыстарға қол
жеткізді және әлемдік аренадағы аса маңызды әрі қарқынды дамып келе жатқан
серіктеске айналды. Енді Қазақстан үшін ДСҰ-ға кіру аса маңызды, - деп атап
өтті Ж.Лемьер. Би Джи Групп бас атқарушы директоры Фрэнк Чапмэн Біз бұл
елдің жарқын болашағына сенеміз, сондықтан Қазақстан басшылығымен қоян-
қолтық жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді.
- Мені Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі
келіссөздердің сәтті жүргізілуі туралы жаңалық қатты қуантты, - деді ол.

Шеврон корпорациясының атқарушы вице-президенті Джордж
Киркланд өз сөзінде Қазақстанның өңірдегі көшбасшылығын атап өтті және
Қазақстан нарықтық экономикаға икемделген ел ретінде танылғаннан кейін ДСҰ-
ға кіру өте орынды екенін атап көрсетті.
Президент мырза, Қазақстанның және бүкіл осы өңірдің халықаралық
сауда жүйесіне толық ықпалдасуына жетуде негізгі роль атқарып отыр, - деді
Дж. Киркланд.Ел экономикасындағы ірі инвесторлардың бірі, Миттал Стил Ко
компаниясының бас атқарушы жетекшісі Лакшми Миттал да Қазақстанның
ДСҰ-ға кіру ниетіне қолдау білдірді және біздің елімізді экономикалық даму
қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі деп атады.
Мұнда Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қандай өркендеулерге
қол жеткенін көріп отырмын. Бұл елдің болашағы зор. Президент мырза, Сіздің
көрегенділігіңіздің арқасында Қазақстан қазірде Сіздің табысты үлгіңізді
қайталап отырған басқа елдердің қызғанышын тудырып отыр. Сіз қазір тек
мемлекет басшысы ғана емес, сондай-ақ басқа көшбасшылар үшін үлгі болып
отырсыз, - деп атап көрсетті Миттал Стил Ко компаниясының бас атқарушы
жетекшісі Лакшми Миттал.
Дойче Банктің Орталық және Шығыс Еуропа жөніндегі Бас Атқарушы
директоры Питер Тильс сөйлеген сөзінде Қазақстанның ДСҰ-ға кіруге дайын
дамыған қаржылық секторын атап өтті.
Эксесс Индастриз, Инк компаниясының президенті Леонард Блавитник алдағы
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруін Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында жүргізілген
дұрыс экономикалық және саяси реформалардың үйлесімі деп атады. 
Мицубиши корпорэйшн интэрнэшнл компаниясының президенті Хидето
Накахара Қазақстан экономикасының әсерлі даму қарқынын атап өтті және
қол жеткен табыстар мен ел басшысының оң реформаларға деген ұстанымы елдің
ДСҰ-ға кіруге деген шешімділігін көрсетеді, - деп атап көрсетті.

Кореялық Самсунг корпорэйшн компаниясының президенті Ву Тэк Чанг:
- Қазақстанға әр келген сайын осы елдің жарқын болашағын қамтамасыз ететін
таңғажайып өзгерістерді байқаймын. Мен осының бәрі Қазақстанды жақын арада
Еуразия орталығы ететініне кәміл сенемін, - деді.
 
Abn Amro Bank-тің атқарушы вице-президенті Фрэнк Кайларс 1996 жылы
Қазақстан бұрынғы КСРО елдерінен ең бірінші болып халықаралық капитал
нарығына шықты. 1999 жылы Қазақстан сондай-ақ азиялық және ресейлік
қаржы дағдарыстарынан кейінгі халықаралық капитал нарығына қайта оралған
ТМД елдерінің ішіндегі ең бірінші ел болғанын атап өтті.

- Қазақстанның мүшелігі ДСҰ-ға ұдайы өсу нарығының даму маңыздылығын
айқындайтын аса өкілетті ұйым болуға мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті
Ф.Кайларс.Эни корпорациясының барлау және өндіру жөніндегі өндірістік бас
директоры Стефано Као ДСҰ Қазақстан секілді маңызды елді қолдайтынына
сенім білдірді.
- Біз Қазақстанда бірінші жыл жұмыс істеп отырған жоқпыз және
қарқынды экономикалық өзгерістерді, сондай-ақ адамдардың жақсы әл-ауқатының
артқанын көріп отырмыз.  Мұндай жағдайлар бұрынғы Кеңестер Одағының басқа
елдерінде байқалмайды, - деді ол.
Тоталь компаниясының атқарушы вице-президенті Кристофа де Маржери өз
сөзінде ДСҰ-ға ықпалдасу арқылы Қазақстан даму сатысында кезекті қадам
жасап отырғанына назар аударды.
- Қазақстан өз экономикасын шетелдік инвестициялар үшін ашып отыр.

Бұл ел сондай-ақ отандық кәсіпкерлікті дамытуға да қолдау
көрсетті. Осы бағыттағы қозғалыстар ең бірінші кезекте елдің игілігі үшін
айтарлықтай табысты болды. Мұны Президенттің ел халқына Жолдауы көрсетіп
отыр. Бірақ қол жеткізген табыстармен шектелуге болмайды, - деді Кристофер
де Маржери.

ІІ Бөлім Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мәні, құрылымы, түрлері.

2.1. ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДАНЫҢ МӘНІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

Мемлекетгер өзара неге сауда жүргізеді? Осыған деген талпыныс жауапты
біз экономикалык теория өкілдерінің классикалық мектептерінен табамыз.
Оларға: А. Смит (1723—1790 жж.) және Д. Рикардо (1772-1823 жж.) жатады. А.
Смит 1776 жылы: Дұрыс ойлайтын отбасы атасының негізгі қағидасы - үйде
арзанға сатып алуға болатын нәрсемен ешқашан айналыспа, өндірме - деген
екен Бұған тіпті нақты жауапты Д. Рикардо 1817 жылы шығарған Саяси
экономия және салық салудың бастамасы еңбегінде айтқан. Мұңда Д. Рикардо
халықаралық маманданудың пайдалылығьш екі мемлекет арасындағы қатынасын
түсіндірген. Олар шартты тұрде - азық-түлік және киім-кешек өндірген. Осы
мысалдың негізінде Америка мен Еуропаның арасындағы сауданың өзара
пайдалылығын дәлелдеген. Дәлірек айтсақ, Д. Рикардо салыстЫрмалы
артықідылық немесе салыстырмалы шығын өндірісі теориясын жасады. Осы теория
халыкаралық сауда практикасы мен экономикалық ғылымда кенінен қолданылады.
Халықаралық еңбек бөлінісі дұниежүзіндегі мемлекеттер арасындағы тауар
айырбасының арасындағы экономикалық негізі болып табылады. Халықаралык
еңбек белінісі кейбір елдердің мамандануымен байланыстырып, сонда тауар
өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайлармен түсіндіріледі. Мысалы, Жапонияда
аудио-және видеотехниканы шығаруға дұрыс жағдайлар калыптасқан. Бұл елде
жоғарғы квалификациялық арзан жұмыс куші және аудио-видеотехника шығару
үшін ендірістік база бар. Австралияда ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге
жақсы жағдай қалыптасқан. Оның ішінде ет, жүн, астық өндіру алғы орында
тұр.
Бразилияда табиғи-климаттық жағдайдың өзі кофе өндіруге бейімделген.
Ал АҚШ, Германия, Италия, Францияда автомобиль, ауылшаруашылық машиналары,
химикаттар жөне т. б. өндіріс процесіне дұрыс жағдайлар қалыптасқан. Дұрыс
қалыптасқан техникалық, өндірістік табиғи-климаттык, жағдайлар бұл елдер
үшін белгілі өнімді өте аз шығынмен өндіруге мүмкіндік жасайды.
Халықаралық өзара сауда кейбір елдердің белгілі өнімді өндіруге
мамандануын қалыптастырады. Бұл енімді жоғарғы тиімділікпен өндіріп, өздері
шығара алмайтын басқа тауарға айырбастайды.
Қазақстан Республикасында дұрыс қалыптасқан табиғи-климаттық жағдай
ТМД елдеріне астық, ұн, жарма, ет өнімдерін; көмір, қара, түсті метаддарды
жіберуге болады және олардан балық, машина, аудио-видеотехника т. б. алуға
әбден мүмкін. Қазіргі сыртқы саудада қалыптасып отырған басты сипат оның
құрылымындағы өзгерістер. Машина, жабдықтар, химиялық тауарлармен сауда
жасау қарқыңды өсіп, шикізатпен саудаласу қысқарып келеді.
Қазіргі FTP дүниежүзі нарығында сауданың тіпті жаңа түрлерін
қалыптастыруда. Мысалы айталық: патент саудасы, лицензия мен (ашқан
жаңалықты белгілі уақытка пайдалануға берілген рұқсат) сауда, техникалық
тәжірибені саудалау — ноу-хау.
Бүгінгі жағдайда барлық елдердің экономикасы халықаралық саудамен
байланысты. Тіпті экономикасы шалқып дамыған елдердің өзі де солай. Мысалы,
АҚШ-тың экономикасы баска елдерден мына өнімдерді импорттаумен байланысты:
банан, какао, кофе, шәй, никель, қалайы, табиғи каучук, алмаз және т. б.
өнімдер. Сонымен қатар АҚШ сыртқа мынаны шығарды: химия өнімдері, әртүрлі
жабдықтар, автомобиль, ұзақ мерзімді тауарлары (тоңазытқыш, шаңсорғыш),
астықжәне т. б.
Бір сөзбен айтсақ, халықаралық сауда — екі жақты қозғалысы бар көше
сияқты құбылыс.
Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт)
құралады. Әрбір елдің сыртқы саудасының нәтижесі сауда балансынан көрінеді.
Егер шығарылған тауар кұны әкелінген тауар құнынан артық болса активті
сауда балансы дейміз. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын
құрайды.
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы (экспорт пен импортгың қосындысы)
және тауарлар мен қызметтерді сыртқа шығару және ішке әкелу туралы мәлімет
31.1-ші кестеде көрсетілген.

Кесте-31.1.
Сыртқы сауда айналымы 1993 1995 1998
Экспорт 3277,0 4974,4 5338,9
Импорт 3685,8 3781,0 4241,7
Сальдо (актив +, пассив -) -408,8 +1193,4 +1097,2

Қазақстанның сыртқы сауда динамикасының күрт өзгеруіне мұнай өнімдері,
кара және түсті металлургия өнімдеріне бағаның төмендеуі әсер етті. 1998
жылы алдыңғы жыддың көрсеткішімен салыстырғанда экспорт 16% пайызға
төмендеді. Бірақ импорттық түсім онша өзгеріске ұшыраған жоқ.
Сауда балансы пассивті болғанда мемлекет айырманы алтынмен жабуы керек
немесе несие алуға өтініш жасайды. Сондықтан да әрбір мемлекет сыртқа
тауарды көп шығарып, аз тасуға бейімделеді. Бұл тауар балансының активті
болуын көрсетеді. Мемлекет импортты түсіру ұшін қорғау іс әрекетіне көшіп,
тасылатын тауарларға жоғарғы корғау салығын қолданады немесе арзан ақша
саясатын іске қосады. Әдетге, АҚШ-ты өзінің сауда әріптесі Жапонияға осылай
жасайды. Себебі Жапония АҚШ нарығын арзан автомашина, тоңазытқыш, аудио-
және видеотехникаға толтырып тастады.
Шартты түрде: 1 доллар — 1 теңгеге тең делік. АҚПІ Жапонияға
тоңазытқыш тасыса, Жапония АҚШ-қа транзистор тасиды. Тоңазыткыштың
шартталуына 100 долл. тең, ал транзистордың шартты кұны 100 ие болмақ.
Шетел тауарларының легін тоқтату үшін АҚШ арзан ақша саясатын ендіруге
келісіп, өзінің ұлттық валютасын, иеннің долларға катынасы екі есе болған.
Бұл жағдайда 1 долл. Жапонияда 0,5 иен ғана береді. Онда АҚШ-та иенге екі
долл. төлеуте тура келеді. Мынаны түсіну қиын емес: Америка тоңазыткышы
Жапонияда 50 иен болып, оны Жапонияда шын пейілмен сатып алады. Ал, Жапония
транзисторының бағасы екі есе өсіп, американдықтар үшін 200 долл. сатылады.
Бұл американдықтардың кымбар жапон транзсторын сатып алу пейілін барынша
тарылтады.
Сауда келергілерінін ауқымы көп және бұған мыналар енеді: сыртган
әкелінетін тауарларға жоғарғы салымдар, ұлттық валютаның девальвациялануы,
сыртқа шығаратын тауарларға квота, экспортқа еркін шектеулер. Мұның
барлығын протекционистік шаралар дейміз немесе мемлекетгін экономикалык
саясаты. Бұл аталған саясат ішкі нарыққа шетел тауарларының еніп кетпеуіне
бағытталған.
Халықаралық нарық қазіргі жағдайда үш негізгі бағытты құрайды:
• тауар мен қызмет көрсету (ақпарат нарығын қосқанда);
• жұмыс күші;
• қарыз капиталы.
Халықаралық нарықта тауарлар интернационалдық қүннын негізімен
байланысып, ал орташа қоғамдық кажетгі интернационалды жұмыс уақыты
шығынымен анықталады. Еддің өз ішінде өңцірушілер көп шығындар жүмсай
отырып, пайданы орташа мөлшерден аз табады. Ал өте аз шығындар жұмысындағы
- қосымша пайда табады. Халықаралық нарықта да ендірушілер жағдайды осылай
кімнің шығындары орташа интернационалдық деңгейден темен болса соғұрлым өз
тауарын экспорттаудан ете жоғары табыс табады.
Дүниежүзілік кауымдастық талабына сай қалыптасқан, сауда және тариф
бойынша халықаралық басты Келісім (ГАТТ) бар. Бұл келісім 1948 жылы
қаңтардың 1-де күшіне еніп, алғашында дамыған елдердің езара енеркәсіп
тауарларьш саудалауда кедендік кедергілерді жоюын мақсат етіп және сауда
саттық шектеулерді алып тастады. Кейінірек келісім басқа да дамымаған
еддерге таратылды. Ол елдер шикізат өнімдерін өндіріп ұсынудың басты
түлғасы болып отыр. Басты өнім - мұнай және халықаралық нарыққа азық-түлік
шығару болып тұр.
Халықаралық еңбек бөлінісі мен енеркәсібі дамыған еддердің позициясын
нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық
саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі, қазіргі өндірісте
шикізат ролі кемуінің жалпы тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа
технологияны қодцануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің
мөлшеріне энергияны қысқартты. FTP сауданың калыптасқан түрлерінен басқа
түрлерін де тудырды. Оларға: техникалық білім, техникалық іс-тәжірибе,
технологиялық процесс пен лицензия мен патенттер жатады.
Сауда және тариф бойынша халықаралық басты Келісім (ГАТТ) 1948 жылы 1-
ші қавдардан халықаралық сауданың бейтарап дамуьша ықпал жасады. Алайда
монополиялану деңгейі әлі жоғары емес, себебі дүниежүзілік экспорт пен
импорттың жүзден бір бөлігін трансүлттық корпорация (ТҰК) жүзеге асырып
оның едәуір бөлігін монополиялап алған. Американың Бизнес интернэшнл
зерттеу фирмасының Корпорация жоғарғы және 1985 жылғы дүниежүзілік нарық
деген баяндамасында: Корпорацияньщ жұмыс жасауындағы негізгі принцип
мынау: дүниежүзін өз нарығы ретінде қарап, олар өндірісті үйымдастыруды
және орналастыруды, сондай-ақ өнімді өткізуді жүзеге асырды. Корпорацияның
үлттық саяси шекараға мән бермейтіні сондай, уақыт пен орын қаншалыкты
қажет етсе соншалықты жұмыс аткара береді. Трансұлттық корпорация (ТҮК)
дамушы елдердің барлык экспортынын 50%-тен 70%-ке дейінгісін бақылап
отырады. Қәзіргі кезде ТҮК арқылы:
50-ден 60%-ке дейін — кант, фосфорит;
70-тен 75%-ке дейін - куріш, каучук, қалайы;
80-шы 85%-ке дейін — шай, боксит, мыс;
85-тен 90%-ке дейін —кофе, мақта, темекі, темір рудасы, мұнай;
90%-ке дейін — аудио-видеотехника және жеке компьютерлер өтіп отырады.
Осының барлығы жоғарғы монопольды турде үстемдік жасауға ықпал етіп,
шығарған өнімді монополиялық бағамен өткізеді. Дамушы елдердің талабы
бойынша 1974 жылы БҮҮ-ның арнайы сессиясы ТҮК-ның іс-әрекетін қарастыратын
универсалды кодекс жасауға шешім кабылдап, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы
ДСҰ және оның Қазақстан үшін маңызы
Қазақстанның әлемдік экономикаға кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
ГАТТ Кеңесі және ГАТТ келісімдер
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК САУДА ҰЙЫМЫНА КІРУІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ДСҰ және Қазақстан
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
ДСҰға кірудің Қазақстан үшін маңыздылығы
Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан. Қазақстанның ДСҰ-на қатысудан көретін артықшылықтары
Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі туралы
Пәндер