Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы сипаттамасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.1 Азаматтық сот өндірісінің түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 11
1.2 Ерекше сот өндірісінің жалпы мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

2. ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІ ТӘРТІБІМЕН ЖЕКЕЛЕНГЕН
САНАТТАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ ҚАРАУ ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... . 24
2.1 Ерекше сот ісі ұғымы және оның сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2.2 Заңды мағынасы бар деректерді анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3 Азаматты іс.түссіз жоғалған деп тану немесе қайтыс болды деп
жариялау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
2.4 Азаматтың іс әрекетке қабілеттілігі шектеулі немесе іс әрекетке
қабілетсіз деп тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 31
2.5 Азаматты психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы
істер бойынша сот ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.6 Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37
2.7 Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша сот ісі ... ... ... ... ... ... ... . 39
2.8 Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің аумағында экстремизімді немесе ланкестік қызметті жүзеге асырушы шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе ланкестік ұйым деп тану туралы арыз бойынша сот ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 43
2.9 Азаматтық хал актілерін жазудағы қателіктерді анықтау ... ... ... ... ... ... .. 45
2.10 Нотариалдық іс.әрекеттерге немесе олардан бас тартқаны туралы арыздарды (шағымдарды) қарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 46
2.11 Жоғалған құнды қағаздарға немесе ордерлі құнды қағаздарға құқықты қайта қалпына келтіру (шақырту ісі) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
2.12 Аралық соттардың шешімдеріне шағымдану туралы істер бойынша
сот ісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
2.13 Жойылған сот және атқару ісін қайта қалпына келтіру ... ... ... ... ... ... ... . 55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егеменді ел болып қалыптасқаннан бергі қоғам өмірінің барлық жағын демократияландыру, заңдылық пен құқықты, тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін сенімді түрде қорғауды қамтамассыз ету, әлеуметтік әділеттілік принциптерін қатаң сақтауы және заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты тәжірбиелік міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын азаматтық іс жүргізу заңының рөлі едәуір деп айтуға болады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы немесе оның қысқаша атауы, азаматтық сот ісі – заң факультеттеріндегі өзіндік оқу курсы болып табылады. Бүгінгі күнде қолданыстағы мемлекеттік стандартқа сай заңгерлерді дайындау бойынша азаматтық іс жүргізу құқығы мамандықтарына қарамастан заң оқу орындарындарындағы білімнің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының «Азаматтық іс жүргізу құқығының» қысқаша мазмұнына тоқталатын болсақ ол, философия, логика, психология сияқты бірқатар өзге ғылымдардың білімдеріне негізделеді және құқықтық оқу пәндерімен (азаматтық құқық, төрелік құқық, әкімшілік құқық, отбасылық құқық, халықаралық жеке құқық, криминалистика және т.б.) өзара тығыз байланыста жүзеге асады. Осы азаматтық іс жүргізу құқығын өзге пәндермен бірге жалпы игеру кәсіби қызметте алған білімді тәжірбиеде қолдана білетін азаматтық сот ісінің мәселелерін игерумен байланысты оларды дайындаудың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында азаматтық істер бойынша құқықтарды қорғауды бүгінде жалпы соттардан басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық қарым-қатынастарынан туындаған құқықтарын қорғау міндетті заңмен жүктелген экономикалық, әскери, әкімшілік, төрелік және аралық соттар жүзеге асырады. Соңғылары қазіргі кезде елдігіміз адам, азамат құқықтарының артықшылықтарын танудан, азаматтық қоғамның дамуынан, өкімет билігінің бөліну принципінің жүзеге асуынан, өзіндік сот жүйесінің түзілуінен көрінетіндіктен маңызды болып саналады. Осындай жағдайларда әрбір тәжірибе жинақтаушы заңгер жеке қызмет ете ме немесе қызметте ме, оған қарамастан азаматтық іс жүргізу заңдылықтары саласындағы негізгі білімі болуы керек. Сонымен бірге, осы құқықпен реттелетін жағдайларға, талап етуші, талап етушінің немесе жауап берушінің өкілі, жауап беруші, куәгер ретінде сотқа шақырылуы, қорғаушыны қажет ететін және т.б. жағдайлар кездесетін болғандықтан, азаматтық іс жүргізу құқығын тек қана заңгер ғана емес, кез келген азамат жақсы білуі керек, яғни өзіңнің азаматтық және іс жүргізу құықтарың мен міндеттерің туралы нақты ұғымың болуы керек.
Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңының барлық негізгі мәселелері қысқаша түрде баяндалған. Осы заңды білу үшін нормативті материалды білу керек яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодекісін, адаммен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін сот жүзінде қорғау күштерінің мәселелерін түсінуге ықпал ететін идеяларды, көзқарастарды меңгеруді қарастырған.
1. ҚР Азаматтық құқығының жалпы бөлімінің авторы Ғазиз Ибрагимұлы Төлеуғалиев. Алматы «Жеті-жарығы» 2001 жыл 1 том - 376 бет.
2. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы, авторы Ү.Ө. Нұрмашев., Ф.Ү. Нұрмашева. Алматы «Жеті-жарғы» 2009 – 400 бет.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж.
4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 1999.
5. ҚР Азаматтық құқығының ерекше бөлімі, авторы Ғ.А. Жайлин. Алматы. Заң әдебиеті – 1 том 2007 – 264 бет.
6. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. Алматы «Юрист» 2006 – 121 бет.
7. ҚР Азаматтық құқығының ерекше бөлімі, авторы Ғ.А. Жайлин. Алматы. Заң әдебиеті – 2 том 2006 – 351 бет.
8. «Нотариат туралы» ҚР Заңы 1997.
9. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі 2001.
10. Қазақстан Республикасының Салық кодексі. 2001.
11. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі, авторы З.Х. Баймолдин. Алматы 2001 жыл - 1 том.
12. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлімі, авторы З.Х. Баймолдин. Алматы 2001 жыл - 2 том.
13. «Сот жүйесі мен сот төрешілерінің мәртебесі туралы» ҚР Заңы 2000.
14. «Аралық соттар туралы» ҚР Заңы 2004.
15. «Орындау ісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңы 1998.
16. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі. 1994.
17. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Ерекше бөлімі. 1999.
18. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР Заңы 2001.
19. «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» ҚР Заңы 2004.
20. Гражданский процесс. автор Власов А.А. М., 2006.
21. «Республикалық рефрендум туралы» ҚР Конституциялық заңы. 1995.
22. Гражданский процесс. под ред. Осипова Ю.К. М., 1995.
23. Гражданский процесс. Учебник для юридических вузов. под ред. Треушникова М.К. М., 1999.
24. Гражданский процесс. учебник. под ред. Яркова В.В. М., 1991.
25. Гражданский процессуальное зокондательство. Комментарий. Под ред. Юркова М.К. М., 1999.
26. Исполнительное производство. Под ред. Фархтдина Я.Ф. СПб 2003.
27. Международное частное право. Учебник .под ред. Г.К Дмитриевой. М., 2006.
28. Курс гражданского просс. права. А.А Мельников. М., 1982.
29. Гражданский кодекс РК Общая часть. Комментарий. Отв ред.2 Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Алматы 1998.
30. «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңы 1998.
31. Гражданский кодекс РК Общая часть. Комментарий. Отв ред.1 Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Алматы 1997.
32. Гражданский и арбитражный процесс, нотариат обязательственные правоотношения. В.В. Ярков. М., 1998.
33. «Сот сараптамасы туралы» ҚР Заңы 1997.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6

1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 11
1. Азаматтық сот өндірісінің түсінігі және түрлері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2. Ерекше сот өндірісінің жалпы мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22

2. ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІ ТӘРТІБІМЕН ЖЕКЕЛЕНГЕН
САНАТТАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ ҚАРАУ ЕРЕКШЕЛІГІ ... ... ... ... . 24
2.1 Ерекше сот ісі ұғымы және оның сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... .. 24
2.2 Заңды мағынасы бар деректерді анықтау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.3 Азаматты іс-түссіз жоғалған деп тану немесе қайтыс болды деп
жариялау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29
2.4 Азаматтың іс әрекетке қабілеттілігі шектеулі немесе іс әрекетке
қабілетсіз деп тану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .. 31
2.5 Азаматты психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызу туралы
істер бойынша сот ісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 35
2.6 Жылжымалы мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық
меншік құқығын тану
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
2.7 Ұл (қыз) асырап алу туралы өтініштер бойынша сот ісі
... ... ... ... ... ... ... . 39
2.8 Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің аумағында
экстремизімді немесе ланкестік қызметті жүзеге асырушы шетелдік немесе
халықаралық ұйымды экстремистік немесе ланкестік ұйым деп тану туралы арыз
бойынша сот ісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... . 43
9. Азаматтық хал актілерін жазудағы қателіктерді анықтау
... ... ... ... ... ... .. 45
2.10 Нотариалдық іс-әрекеттерге немесе олардан бас тартқаны туралы
арыздарды (шағымдарды) қарау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
46
2.11 Жоғалған құнды қағаздарға немесе ордерлі құнды қағаздарға құқықты
қайта қалпына келтіру (шақырту ісі)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 51
2.12 Аралық соттардың шешімдеріне шағымдану туралы істер бойынша
сот ісі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
2.13 Жойылған сот және атқару ісін қайта қалпына келтіру
... ... ... ... ... ... ... . 55

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 58

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
60

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егеменді ел болып қалыптасқаннан бергі
қоғам өмірінің барлық жағын демократияландыру, заңдылық пен құқықты,
тәртіпті нығайту, азаматтардың құқықтарымен заңды мүдделерін сенімді түрде
қорғауды қамтамассыз ету, әлеуметтік әділеттілік принциптерін қатаң сақтауы
және заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты тәжірбиелік міндеттерді шешуде
мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын азаматтық іс
жүргізу заңының рөлі едәуір деп айтуға болады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы немесе оның қысқаша атауы, азаматтық сот
ісі – заң факультеттеріндегі өзіндік оқу курсы болып табылады. Бүгінгі
күнде қолданыстағы мемлекеттік стандартқа сай заңгерлерді дайындау бойынша
азаматтық іс жүргізу құқығы мамандықтарына қарамастан заң оқу
орындарындарындағы білімнің міндетті құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығының қысқаша
мазмұнына тоқталатын болсақ ол, философия, логика, психология сияқты
бірқатар өзге ғылымдардың білімдеріне негізделеді және құқықтық оқу
пәндерімен (азаматтық құқық, төрелік құқық, әкімшілік құқық, отбасылық
құқық, халықаралық жеке құқық, криминалистика және т.б.) өзара тығыз
байланыста жүзеге асады. Осы азаматтық іс жүргізу құқығын өзге пәндермен
бірге жалпы игеру кәсіби қызметте алған білімді тәжірбиеде қолдана білетін
азаматтық сот ісінің мәселелерін игерумен байланысты оларды дайындаудың
негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасында азаматтық істер бойынша құқықтарды қорғауды
бүгінде жалпы соттардан басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтық
қарым-қатынастарынан туындаған құқықтарын қорғау міндетті заңмен жүктелген
экономикалық, әскери, әкімшілік, төрелік және аралық соттар жүзеге асырады.
Соңғылары қазіргі кезде елдігіміз адам, азамат құқықтарының артықшылықтарын
танудан, азаматтық қоғамның дамуынан, өкімет билігінің бөліну принципінің
жүзеге асуынан, өзіндік сот жүйесінің түзілуінен көрінетіндіктен маңызды
болып саналады. Осындай жағдайларда әрбір тәжірибе жинақтаушы заңгер жеке
қызмет ете ме немесе қызметте ме, оған қарамастан азаматтық іс жүргізу
заңдылықтары саласындағы негізгі білімі болуы керек. Сонымен бірге, осы
құқықпен реттелетін жағдайларға, талап етуші, талап етушінің немесе жауап
берушінің өкілі, жауап беруші, куәгер ретінде сотқа шақырылуы, қорғаушыны
қажет ететін және т.б. жағдайлар кездесетін болғандықтан, азаматтық іс
жүргізу құқығын тек қана заңгер ғана емес, кез келген азамат жақсы білуі
керек, яғни өзіңнің азаматтық және іс жүргізу құықтарың мен міндеттерің
туралы нақты ұғымың болуы керек.
Қазақстан Республикасының іс жүргізу заңының барлық негізгі
мәселелері қысқаша түрде баяндалған. Осы заңды білу үшін нормативті
материалды білу керек яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу
кодекісін, адаммен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін
сот жүзінде қорғау күштерінің мәселелерін түсінуге ықпал ететін идеяларды,
көзқарастарды меңгеруді қарастырған.
Тақырыптың зерттелген деңгейі. Ерекше сот ісін жүргізу атты
дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының Ата заңына
негізделген азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу заңдарын, әр түрлі
нормативтік құқықтық актілерді және өндірістік тәжірибеден алынған іс
құжаттарды сонымен қатар, мына ғылымдардың әдеби еңбектеріне сүйендік: З.Х.
Баймолдин., Ү. Нұрмашева., Ф. Нұрмашева., Ғ.А. Жаилин., Ғ. Төлеуғалиев.,
М.К. Треушникова., А.А. Мельников., М.К Юркова., М.К. Сулейменовтың және
тағы да басқа заң әдебиеттерінен қарастырылып отыр.
Тақырыптың мақсаты және міндеттері Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты
деп – азаматтық іс жүргізу құқығындағы ерекше сот ісін жүргізудің негізгі
ұғымын, ерекшелігін, түрлерін зерттеу болып табылады. Жалпы азаматтық іс
жүргізу құқығы деп – бұл азаматтық істер бойынша сот төрелігіне жіберу
кезіндегі сот пен іске қатысушылар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастарды
реттейтін іс жүргізу нормаларының белгілі бір жүйеде орналасқан жиынтығынан
тұратын құқық саласын айтамыз. Ал азаматтық сот істеріндегі ерекше сот ісі
талап қою ісіне қарағанда құқық туралы даудың, дауласатын, қарама-қарсы
заңды мүдделері бар тараптардың жоқтығымен ерекшеленеді. Істе арызданушылар
мен мүдделі тұлғалар ғана қатысады. Ерекше сот ісі талап қою емес, бір
жақты сот ісі ретінде сипатталады. Бұл істі қарау тәртібі жалпы
принциптерге негізделген және тараптардың немесе құқық туралы даудың
жоқтығынан бұл сот ісінде тартыстық принциптер аз қолданады.
Жалпы азаматтық сот ісінің түрлеріне тоқталатын болсақ - даулы
материалды-құқықтық қарым-қатынастардың сипатына қарай сот талқылауы
тақырыбының азаматтық процестегі сот ісінің үш түрі болады. Атап айтқанда:
- талап қою бойынша іс жүргізу,
- ерекше талап қоюмен іс жүргізу;
- бұйрық арқылы іс жүргізу болып табылады.
Сот ерекше талап қою іс жүргізу тәртібімен қаралатын істердің түрлері
ҚР АІЖК-нің 289-бабында қарастырылған.
Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттері деп – азаматтардың, мемлекет
пен ұйымдардың бұзылған және жоққа шығарылған құқықтарын, заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың
алдын алу жұмыстары міндеттелген.
Жұмыстың объектісі және пәні – деп азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы
азаматтық іс жүргізу жөніндегі ұғымдаран, көзқарастардан, пікірлермен
жасалған қорытындылардан тұрады. Азаматтық құқық білімінің пәні аталған
құқық саласымен ол реттейтін қатынастар, азаматтық құқықтың тарихы, оның
даму келешегі мен тәжірбиеде қолданылуы болып табылады. Азаматтық іс
жүргізу ұғымының өзі құқықтың саласы және заң ғылымының жүйесін белгілеу
үшін қолданылуы мүмкін. Оның біріншісінде құқықтық нормалардың жиынтығы, ал
– екіншісінде білімнің жиынтығы арқау болады. Атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, нормативтік құқықтық
актілер, Президенттің жарлықтары, азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу
заңы және т.б. заңдармен негізделген.
Жалпы айтқанда азаматтық іс жүргізу құқығының пәні – деп Азаматтық
іс жүргізу құқығының тақырыбымен әдісі, Азаматтық іс, Азаматтық іс
жүргізу құқығы ғылымы және оның объектісі, Азаматтық іс жүйесі,
Азаматтық іс кезеңдері және тағы басқа заңдардың негізгі бастапқы ұғымдар
туралы түсінігі болуы керек.
Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларын құқықтық реттеу объектісіне
азаматтық істер бойынша сот ісі саласындағы қоғамдық қарым-қатынастар
жатады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының объектісіне құқық саласы мен
жалпы сот істерін жүргізуге құқылы соттарда әділсоттылықты жіберу кезінде
туындаған қоғамдық қарым-қатынастар ретіндегі азаматтық іс жүргізу
құқығының өзі де жатады.
Қорғауға ұсынылған ережелер:
Жоғарыда айтып кеткендей, осы дипломдық жұмысымда, азаматтық іс
жүргізу заңына негізделген ерекше сот ісін жүргізудің ұғымымен түрлерін
және негізгі бағыттарын өндірістік тұрғыдан қарағанда, қоғамға тиетін
ықпалын зерт теу болып отыр.
Мемлекетіміз Тәуелсіз Егеменді ел болып, байрағымызды биікке көтеріп,
әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен қарым-қатынасты жақсарта отырып, көптеген
жетістіктерге қол жеткізгеніміз мәлім. Бұл жетістіктердің бірі адам құқығы
мен бостандықтарын бірінші орынға қойып, оларды мемлекет тарапынан қорғауға
алуға қатысып, 1995 жылы 30-тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы
қабылданған Ата заңымыздың 1-бабында Қазақстан Республикасы өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
орнықтырады: оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары
мен бостандықтары делінген. Бүгінгі күнде алаңдататын мәселе, бұл
мемлекетіміздің бірлігі және қоғамыздың тыныштығы болып отыр. Осы дипломдық
жұмысты жазу барысында азаматтық құқық заңының және азаматтық іс жүргізудің
қоғамдағы қолданып отырған заң талаптарының нормаларын негізге ала отырып
алға қойылған келесі ережелерді ұсынамын:
- ерекше сот ісін жүргізудің философиялық ғылым саласының тұрғысынан
қарастыру;
- ерекше сот ісін жүргізудің өзектілігі және зерттелу деңгейі;
- ерекше сот ісін жүргізудің мақсаты мен міндеттерінің мәні;
- ерекше сот ісін жүргізудің объектісі мен пәні;
- ерекше сот ісін жүргізудің ғылыми әдістемелік негіздері;
- ерекше сот ісін жүргізудің түсінігі мен түрлері;
- ерекше сот ісін жүргізудің құрлымын қарастыру;
Жұмыстың ғылыми әдістемелік негіздері Азаматтық іс жүргізу құқығының
ғылымы құқықтық білімдердің терең салаларының қатарына жатады. Оның мәні
азаматтық істер бойынша әділсоттылықты жүзеге асыру барысындағы азаматтық
іс жүргізу құқығының жауапты рөлімен анықталады.
Азаматтық іс жүргізу құқық теориясында азаматтық іс тақырыбы мен
азаматтық іс жүргізу құқығы тақырыбына қатысты өзге көзқарас айтылған.
Азаматтық құқықты қорғауды тек сот қана емес, өзге де органдар жүзеге
асыратыны ескертілген. Осыған байланысты кейбір ғалымдар мемлекеттік
органдар мен қоғамдық ұйымдардың құқық және құқықты қорғау туралы дауларды
шешу бойынша қызметін азаматтық іс деп санау қажет деген тұжырымға келді.
Мемлекеттің барлық органдары мен аталған тұжырымдама бойынша құқық
қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қызмет тәртіптерін реттейтін құқық
нормаларының жиынтығын азаматтық іс жүргізу құқықтарының бір саласы деп
қарау керек. Басқа ғалымдар бұл тұжырымдармен келіспейді. Олар азаматтық
істі әділ сотты жүзеге асыратын жалпы әділетті соттардың қызметі нысаны деп
есептейді. Бұл нысан тек соттарға ғана айырықша тән. Сот қорғауын құқық
қорғаудың өзге де нысандарымен теңестіруге болмайды деген пікірмен келісуі
керек.
Азаматтық іс жүргізу құқығының әдісі, азаматтық іс жүргізу құқығы
қоғамдық қарым-қатынастарды диспозициялы-рұқсатты әдіспен реттеп отырады.
Бұл азаматтық істерді тудыру соттың емес, мүдделі адамдардың бастамасы
екендігін білдіреді. Сот өз бастамасы бойынша азаматтық іс қозғамайды. Сот
актілеріне шағымдану және олардың орындалуы әдетте мүдделі іс жүргізуге
құқылы субъектілердің ерік білдірулеріне байланысты. Азаматтық іс жүргізу
нормаларының көпшілігі тыйым салынатын емес, рұқсат етілетін сипатқа ие.
Процеске қатысушылар іс жүргізу нормаларында қарастырылып, рұқсат етілген
өздеріне қатысты бір іс жүргізушілік әрекетпен айналыса алады.
Жұмыстың құрылымы. Жалпы құқық жүйесі дегеніміз сол мемлекеттегі
құқықтық нормалардың жиынтығын қамтитын ғылыми әрі нақты құбылыс болып
табылады. Құқықтың әр саласына белгілі бір жүйе тән. Азаматтық құқық оның
ішінде азаматтық іс жүргізу құқығы Қазақстан Республикасындағы құқықтық-
нормативтік құжаттар жағынан ең ауқымды да күрделі заң саласы болып
есептеледі. Нормалардың әр алуандығына қарамастан азаматтық іс жүргізу
құқығының жүйесі логикалық талаптарға сай келеді, яғни ол іштей салаларға
тән ерекшелік оның құрылымдары мен оның бөліктеріне бөлінеді. Ішкі
салаларға тән ерекшелік оның құрылымдарына тұтастай енетін жекеленген және
жалпы ережелерді бөліп қарау мүмкіндігі деуге болады. Мұндай құрылымдардың
мазмұны бір келкі келеді, оны құқықтық реттеудің бір арнаға жинақталуынан
және заңдық ерекшеліктерінен деп түсінген жөн.
Азаматтық іс жүргізу құқығында негізгі құрылым болып, негізінен
азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы ережелері, бірінші сатыдағы сотта іс
жүргізу, бұйрық арқылы іс жүргізу, талап қою бойынша іс жүргізу, ерекше
талап қоюмен іс жүргізу, ерекше іс жүргізу, сот актілерін қайта қарау
бойынша іс жүргізу, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына
келтіру, халықаралық сотта іс жүргізу болып табылады. Осы азаматтық іс
жүргізу құқығындағы ерекше іс жүргізу туралы құрылымын қарайтын болсақ,
- заңды мәні бар деректерді анықтау;
- азаматты хабарсыз-ошарсыз жоғалған деп тану және азаматты өлді деп
хабарлау;
- азаматтың іс әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс-әрекетке
қабілетсіз деп
тану туралы;
- азаматты психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде жатқызу туралы;
- заңды тұлғамен жеке кәсіпкрлердің банкрот болғандығы туралы;
- жылжымалы мүліктің қожайыны жоқ деп тану және жылжымайтын
мүлікке коммуналдық меншік құқығы бар деп тану туралы;
- баланы (ұл, қыз) асырап алу туралы;
- Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің аумағында
экстремизімді немесе ланкестік қызметті жүзеге асырушы шетелдік

немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе ланкестік ұйым деп
тану туралы;
- Азаматтық хал актілері жазбаларын дұрыс емес деп тану туралы,
- Нотариалдық іс-әрекеттерге шағымдану немесе оның жүзеге асуына қарсы
болу туралы;
- Мәлімдеушінің жоғалған құнды қағаздары және ордері бар құнды қағаздар
бойынша құқықты қайта қалпына келтіру (шақырту сот ісі); туралы
құрылымдардан тұрады.

1. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1. Азаматтық сот өндірісінің түсінігі және түрлері
Азаматтық іс жүргізу құқығындағы сот өндірісінің түсінігі мен
түрлерін айтпастан бұрын, азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының ұғымы,
тақырыбы мен әдісіне тоқталатын болсақ, теорияда құқықтың барлық салалары
материалды (реттелуші) және іс жүргізушілік болып екіге бөлінеді. Құқықтың
іс жүргізу салаларына азаматтық іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу
құқығы, әкімшілік іс жүргізу құқығы жатады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы – бұл азаматтық істер бойынша сот
төрелігіне жіберу кезіндегі сот пен іске қатысушылар арасындағы қоғамдық
қарым-қатынастарды реттейтін іс жүргізу нормаларының белгілі бір жүйеде
орналасқан жиынтығынан тұратын құқық саласы.
Азаматтық істер бойынша процеске қатысушылардың әрқайсына азаматтық
іс жүргізу құқық нормаларымен іс жүргізу құқықтары мен міндеттері
бекітілген. Мысалы, сот өзінің жүргізетін істерін қарауға және шешуге
құқылы. Ол мемлекет алдында сотты әділ жүргізуге міндетті. Сот процестің
өзге қатысушыларына бұйрықпен өкілеттік етеді. Сонымен бірге іске
қатысушылардың және процестің өзге де қатысушыларының құқықтарын қатаң
сақтауға міндетті.
Азаматтар мен ұйымдар процеске қатысуға, өтінім беруге, өз
талаптарының негіздерін дәлелдеуге, соттың шешкен шешіміне шағымдануға,
шешімнің орындалуына қатысуға құқылы. Оларға іс жүргізу кешендерімен қатар
мынадай іс жүргізу міндеттері де жүктелген: өздерінің іс жүргізу құқықтарын
адал пайдалану, сот шығындарын төлеу, соттың шақыруларына келу,
дәлелдемелерді ұсыну. Процестің қандай да бір қатушысының әрбір іс жүргізу
әрекеті олардың іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыру мен заңда қарастырылған
міндеттерін атқару нәтижесі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу курсын оқу
пәні ретінде игермес бұрын азаматтық іс жүргізу құқығының тақырыбы мен
әдісі, азаматтық іс жүргізу құқығы, азаматтық іс, азаматтық іс
жүргізу құқығы ғылымы және оның объектісі, азаматтық іс жүйесі, іс
кезеңдері және т.б. сияқты негізгі бастапқы ұғымдар туралы түсінігінің
болуы керек.
Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары сот процесінің бүкіл барысын
анықтайды, әрбір субъект үшін тиісті және мүмкін шекте азаматтық іс жүргізу
қарым-қатынастарын бекітеді.
Азаматтық іс жүргізу құқық нормаларын құқықтық реттеу объектісіне
азаматтық істер бойынша сот ісі саласындағы қоғамдық қарым-қатынастар
жатады.
Азаматтық іс тақырыбы мен азаматтық іс жүргізу құқығының тақырыбын
ажырата білу керек. Белгілі бір іс жүргізу нысанында әділ сотты жүзеге
асыратын сот қызметі ретіндегі азаматтық іс тақырыбына нақты азаматтық
істер жатады. Құқықтық сала ретіндегі азаматтық іс жүргізу құқығының
тақырыбына азаматтық істің өзі жатады, яғни соттың және басқа
қатысушылардың іс-әрекеті, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың
белгілі бір деңгейдегі қызметі.
Азаматтық іс жүргізу құқық теориясында азаматтық іс тақырыбы мен
азаматтық іс жүргізу құқығы тақырыбына қатысты өзге көзқарас айтылған.
Азаматтық құқықты қорғауды тек сот қана емес, өзге де органдар жүзеге
асыратыны ескертілген. Осыған байланысты кейбір ғалымдар мемлекеттік
органдар мен қоғамдық ұйымдардың құқық және құқықты қорғау туралы дау-
дамайларды шешу бойынша қызметін азаматтық іс деп санау қажет деген
тұжырымға келді. Мемлекеттің барлық органдары мен аталған тұжырымдама
бойынша құқық қорғайтын қоғамдық ұйымдардың қызмет тәртіптерін реттейтін
құқық нормаларының жиынтығын азаматтық іс жүргізу құқықтарының бір саласы
деп қарау керек. Басқа ғалымдар бұл тұжырымдармен келіспейді. Олар
азаматтық істі әділ сотты жүзеге асыратын жалпы әділетті соттардың қызмет
нысаны деп есептейді. Бұл нысан тек соттарға ғана айырықша тән. Сот
қорғауын құқық қорғаудың өзге де нысандарымен теңестіруге болмайды деген
пікірмен келісу керек.
Азаматтық іс жүргізу құқығының әдісі. Азаматтық іс жүргізу құқығы
қоғамдық қарым-қатынастарды диспозициалы - рұқсатты әдіспен реттеп отырады.
Бұл азаматтық істерді тудыру соттың емес, мүдделі адамдардың бастамасы
екендігін білдіреді. Сот өз бастамасы бойынша азаматтық іс қозғамайды. Сот
актілеріне шағымдану және олардың орындалуы әдетте мүдделі іс жүргізуге
құқылы субъектілердің ерік білдірулеріне байланысты. Азаматтық іс жүргізу
құқығының нормаларының көпшілігі тыйым салынатын емес, рұқсат етілетін
сипатқа ие. Процеске қатысушылар іс жүргізу нормаларында қарастырылып,
рұқсат етілген өздеріне қатысты бір іс жүргізушілік әрекетпен айналыса
алады.
Қоғамның қазіргі заманғы даму кезеңінде азаматтық іс жүргізу құқығы
нормаларының мүлтіксіздігі мен даму деңгейі оларды дәл сақтаған жағдайда
қолдану кезінде соттардың әділсоттылық міндеттерін орындауын анықтайды.
Азаматтық іс жүргізу құқығының ғылымы құқықтық білімдердің терең
салаларының қатарына жатады. Оның мәні азаматтық істер бойынша
әділсоттылықты жүзеге асыру барысындағы азаматтық іс жүргізу құқығының
жауапты рөлімен анықталады.
Жалпы сот істерін жүргізуге құқықты соттарда сот өкімі азаматтық және
қылмыстық сот ісі арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда азаматтық сот ісі
тәртібімен азаматтық істердің көпшілігі қарастырылады және оған рұқсат
етіледі. Олардың қатарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және
азаматтар мен ұйымдардың саяси, еңбек, азаматтық, отбасылық, тұрғын үй, жер
және өзге де құқықтары мен бостандықтарының өзге заңдарында бекітілген
қорғау мен күзет туралы істер бар.
Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істер бойынша әділсоттылықты
жүзеге асыру барысында процеске қатысушылар мен жалпы сот істерін жүргізуге
құқылы соттың арасында туындайтын қоғамдық қарым-қатынсатарды реттейтін
нормалар жиынтығынан тұратын құқық саласы.
Азаматтық іс жүргізу құқығы (процесс) ғылымы азаматтық істерді
қарастыру мен әділсот органы ретінде сотқа жүктелген міндеттерді орындау
кезіндегі соттардың іс-әрекеттеріндегі қоғамдық қарым-қатынастарды
зерттейді. Ол іс жүргізу нормаларын тәжірибеде қолданумен байланыстыра
зерттейді және азаматтық-құқықтық даулардың туу себептерін талдайды және
соттардағы істердің сот тәжірибелерін жинақтап қорытындылайды.
Сондықтанда азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының объектісіне құқық
саласы мен жалпы сот істерін жүргізуге құқылы соттарда әділсоттылықты
жіберу кезінде туындаған қоғамдық қарым-қатынастар ретіндегі азаматтық іс
жүргізу құқығының өзі жатады.
Сонымен бірге азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының тақырыбына
азаматтық іс жүргізу құқығы теориясының мәселелері мен тарихы жатады.
Сот теориясы мен тәжірибесін зерттеу кезінде қолданыстағы заңның не
өзге кемшіліктері немесе ақталғандықтары табылады. Осыған байланысты
азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымның алдында қолданыстағы заңды жетілдіру
мен азаматтық-құқықтық даулардың алдын алу бойынша негізделген болжамдарды
жасау міндеттері тұрады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының дерек көздері. Азаматтық іс жүргізу
құқығының дерек көздеріне заңдылық актілері мен азаматтық сот ісін
реттейтін қандай да бір дәрежедегі азаматтық іс нормалары бар Қазақстан
Республикасы қатысатын халықаралық келісімшарттар жатады.
Азаматтық іс жүргізу құқығының дерек көздерінің ортасы, яғни іс
жүргізу нормаларынан тұратын нормативті актілер барынша кең және алуан
түрлі. Танымдылық мақсатта азаматтық іс жүргізу құқығының дерек көздері
нормативті актінің іс жүргізу құқығы нормаларынан тұратын, заңды мағынасына
қарай нақтылы пирамида құра отырып, дерек көздерін белгілі бір топтарға
біріктіреді.
Азаматтық іс жүргізу құқығы – бұл жіктелуші құқық. Кез келген құқық
саласының негізі, соның ішінде Қазақстан Республикасының жіктелуші
азаматтық іс жүргізу құқығының негізі болып Қазақстан Республикасының
барлық аумағына тікелей әсер етеді (4-бап), сот өкімі туралы негізгі
ережелерден, оның қызмет қағидаттарынан тұрады және сот тәжірибесінде
қолданудың тікелей дерек көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы барынша жалпы сипатқа ие
мынандай бекітілген нормалардан тұрады:
- сот жүйесін ұйымдастыру, әділсоттылықтың ұйымдастырушылық және
кейбір қызмет принциптері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сотта
қорғау құқықтары, мамандандырылған заңды көмек алу құқығы; заң мен сот
алдында барлық адамның теңдігі және басқалары болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясынан кейін заңды мағынасы мен
маңыздылығына қарай Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының
мәртебесі туралы, Прокуратура туралы және соттардың құрылымы, олардың
жүйелері, соттардың мәртебесі, процесс бағытының тәртібі мен негізгі
қағидаттарына қатысты конституциялық ережелердің бөлімдерін жеке-жеке
қарастыратын нормаларды бекітетін өзге де заңдар тұрады.
Азаматтық істер бойынша процесті жіберудің нақты регламентациясы
Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінде жазылған.
Азаматтық іс жүргізу кодексі азаматтық іс жүргізу құқығының дерек
көздерінің ішіндегі ең негізгі заң актісі болып табылады және оқу курысының
барлық тақырыптары бойынша зерттеу нысаны болып табылады. Онда көп жағдайда
азаматтық процестің негіздері жеке-жеке регламенттеледі, ведомстволық
бағыныштылық пен сотқа қатысты ережелер, азаматтық істер бойынша
қатысушылар құрамы, дәлелдемелер, сот талқылауының тәртібі, сот актілерінің
шешімдері мен шағымдарын шығару анықталады.
1999 жылдың 1-шілдесінен бастап қолданысқа енгізілген Азаматтық іс
жүргізу кодексі бес бөлімнен, 45 тараудан 426 баптардан тұрады.
Бірінші бөлім - Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізудің
жалпы ережелерін бекітеді.
Екінші бөлім - бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің негізі болып
табылады, сонымен бірге мынандай бөлімшелерден тұрады: 1) бұйрық арқылы іс
жүргізу, 2) талап қою бойынша іс жүргізу, 3) ерекше талап қоюмен іс
жүргізу.
Үшінші бөлім - заңды күшіне енбеген сот актілерін қайта қарайтын
екінші сатыдағы сот ісін жүргізудің және қадағалау тәртібіндегі іс жүргізу
тәртібін бекітеді.
Төртінші бөлім - жойылған сот ісінің немесе атқару ісінің мәселелерін
реттейді.
Бесінші бөлім – халықаралық процесс, шетелдік тұлғалар қатысатын
істер бойынша іс жүргізу, мұнда төрелік шешімдеріне шағым жасау туралы
істер бойынша іс жүргізу бойынша тарау бар.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, азаматтық
процестің міндеттері мен қағидаттарын анықтайтын нормалардан, жалпы
бөлімнің ережелерінен, сондай-ақ сот пен сот ісінің өзге қатысушыларының іс-
әрекеттерінің қозғалысын білдіретін толық та нақты іс жүргізушілік
регламенттерінен тұратындықтан азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларының
дерек көзі болып табылады;
Азаматтық істердің ерекше, жеке санаттарын реттейтін іс жүргізу
нормаларының дерек көздері материалды құқық актілерінде, көп жағдайда
төмендегі заң салаларында болады.
Құқықтың дерек көздеріне оның құқықтық құрамдас бөлігі болып
табылатын азаматтық процесс мәселелері бойынша халықаралық келісімдер мен
келісімшарттар жатады. Қазақсатан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-
тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық
келісімшарттар оның заңдарының алдында артықшылықтарға ие және халықаралық
келісімшартты қолдану үшін оған заң шығару қажет болған жағдайдан
өзгелерінде тікелей қолданады.
Мемлекеттік органдар шығарған актілер оларды қабылдау ҚР АІЖК-нің
тікелей нұсқауымен байланысты болған жеке жағдайларда қабылдануы мүмкін.
Қазіргі уақытта құқықтың дерек көздеріне Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сотының сот тәжірибесін, соттардың нақты істерді қарау туралы
қабылданған қаулыларын жатқызуға болады.
Сондықтан да азаматтық іс жүргізу құқығының дерек көздеріне Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Сот жүйесі мен
судьяларының мәртебесі туралы және өзге де заңдар, Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі жатады, қалған мемлекеттік
органдар шығарған заңды актілер азаматтық іс жүргізуде маңызды емес.
Азаматтық іс жүргізу заңының уақыт жағынан қолдануы Қазақстан
Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінің 4-бабында көрсетілген. Егер
де заңның өзінде бұл туралы арнайы айтылмаса, жалпы ереже бойынша қайта
шығарылған заңның кері күші болмайды. Азаматтық-құқықтық қарым-қатынас
саласында бұл соттың материалды-құқықтық қарым-қатынасты қарау кезінде,
тіпті істі сот қарап жатқан кезінде заңның күші жойылған немесе өзгертілген
болса да күшіне енген заң қолданады дегенді білдіреді.
Процестің туындаған кезінде қандай заң қолданыста болғанына
қарамастан сот іс жүргізу әрекетін жүргізу барысындағы күшіне енген іс
жүргізу заңын қолдануы тиіс. Сонымен бірінші сатыдағы сотта қаралып жатқан
іс қайта қарау немесе қадағалау сатысында егерде ол күшіне енген болса,
жаңа іс жүргізу заңының тәртібі бойынша шешіледі.
Азаматтық істер бойынша сот ісі қаралып жатқан уақытта, жеке іс
жүргізу әрекеттері жүріп жатқан кезде немесе сот шешімінің орындалуы
кезінде күшінде болған азаматтық іс жүргізу заңы бойынша жүргізіледі.
Бұл ескі іс жүргізу нормасы күшінде болған кездегі дауларды шешудегі
жаңа іс жүргізу нормасын тарату туралы маңызды ережеге ескіге қарағанда
жаңа іс жүргізу нормасының дауды дұрыс шешетініне негізделеді.
Іс жүргізу заңының кеңістікте қолдануы. Азаматтық істер бойынша
Қазақстан Республикасы соттарында сот ісін жүргізу тәртібін Қазақстан
Республикасының Конституциясы, Сот құрылымы туралы ҚР Заңы, Қазақстан
Республикасының Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы бөлімі процестің
барлық сатысындағы сот ісінің барынша жалпы жай-жапсарын реттейтін нормалар
мен институттарды біріктіреді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесін айтар болсақ, негізінен екі
бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше бөлімінен тұрады. Азаматтық іс жүргізу
құқығының ерекше бөлімі арнайы институттарды біріктіретін нормалардан
тұрады. Арнайы институттар іс жүргізушілік қарым-қатынастарының белгілі бір
түрлерін анықтайды. Мұндай арнайы институттардың саны бесеу – санына қарай
азаматтық процестің сатысы да бесеу. Олар мыналар:
- бірінші сатыдағы сот ісі;
- шағымдану сатысындағы сот ісі,
- қадағалау сатысындағы сот ісі;
- қайта ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау,
- орындалу ісі;
Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен байланысты.
Азаматтық іс жүргізу құқығы мынандай көптеген құқық салаларымен байланысты:
- мемлекеттік құқық (конституциялық құқық, сот құрылымы және басқалары);
- материалды құқық (қылмыстық, азаматтық әкімшілік, еңбек, отбасылы,
салықтық, қаржылық, халықаралық құқық);
- іс жүргізу құқығы (азаматтық, қылмыстық және әкімшілік процестер).
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген сот өкіметі
органдарының қызметін ұйымдастырудың негізгі қағидаттары азаматтық іс
жүргізу мен конституциялық құқық нормаларының негізінде азаматтық сот
ісінің іс жүргізушілік-құқықтығы реттеліп отыратындықтан, ол азаматтық іс
жүргізу құқығының негізін қалаушы болып табылады. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Конституциясында бекітілген сот өкімінің болуы сот
шешімінің заңды күш беретін шарттардың бірі болып табылады. Сондықтан да,
конституциялық құқық пен азаматтардың бостандығы бұзылған жағдайда ол
азаматтық іс жүргізу құралдарымен сотта қорғалудың нақты көрінісі болып
табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы іс жүргізу құқықтарымен ұқсас құқық
салалары жалпыға ортақ белгі - әділсоттылықты жүзеге асырумен сипатталады.
Азаматтық процестің кейбір нормалары жалған жауап бергені үшін жауапқа
тартылатындығы туралы кісіге ескерту мәселелері және қылмыстық-құқықтық
санкцияларды қолдану жағынан қылмыстық құқық жағынан ұқсас болып табылады.
Қылмыстық процестің азаматтық процеспен байланысы іс бойынша үкім
шығарар кездегі материалдық шығынды, сот шығындарын және т.б. өндіру туралы
мәселелер бір мезгілде шешілуі мүмкін сол мән-жайды айтады.
Азаматтық процесте, материалды-құқықтық сипаттағы өзге өркениетті
салада бір-бірімен тығыз байланыссыз болуы мүмкін емес екендігін айта
кеткен жөн. Азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де қарым-қатынастарды
реттейтін нормалар оларды бұзған жағдайда азаматтық іс жүргізу құқығын
қолданбай өздігінен жүзеге асуы мүмкін емес.
Сонымен қатар, төрелік, куәландыру және орындау ісі көптеген жалпы
қағидаттар мен белгілер бойынша бір-бірімен тығыз байланысты және азаматтық
іс жүргізу құқығына ұқсастықтар бар.
Азаматтық іс (азаматтық сот ісі) – бұл азаматтық істерді қарауға
рұқсат етілген, қабылданған шешімдерді орындау жүктелген соттардың қызметін
азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен реттеу.
Азаматтық істер – бұл конституциялық, әкімшілік, қаржылық, жер,
азаматтық, еңбек, тұрғын үй, отбасылық құқық қарым-қатынас салаларынан
туындаған істер. 1. 10-15 бет.
Азаматтық сот ісін жүргізу міндеттеріне азаматтардың, мемлекетпен
ұйымдардың бұзылған және жоққа шығарылған құқықтарын, заңмен қорғалатын
мүдделерін қорғау, заңдылықпен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың
алдын алу жатады.
(ҚР АІЖК 5-бап). Азаматтық сот ісі құқық мәселелерімен айналысатын
жалпы соттарда заңмен бекітілген құқық қорғау нысанын білдіреді. Сонымен
бірге, азаматтық іс ақырғы мақсаттарға – құқықты орнату немсе заңмен
қорғалатын мүдделерін қорғауға бағытталған азаматтық істің іс жүргізу
құқықтарының тәртіп нормаларымен бір сатыдан екінші сатыға жылжуы.
Сотта азаматтық іс тыңдау үшін мүдделі адам сотқа өз талаптарының
негізін жаза отырып, (талап қоюмен, шағымданумен, аса ерекше іс бойынша
арыз жазумен) арызданады. Сот туындаған құқықтық қарым–қатынасты сотта
қарауға, шешуге жататын жатпайтындығын тексереді. Егерде арызда аталған
талап сот жолымен қорғауға жататын болса, сот өз ісіне арыздың қабылданғаны
туралы шешім шығарады және сол сәттен бастап азаматтық іс туындап, осы іс
бойынша сот ісі қозғалады. Соттың, іске қатысушы тұлғалардың, процестің
өзге де қатысушыларының істі қараумен, шешім қабылдауымен, қабылданған
шешімге шағымданумен, оның орындалуымен байланысты барлық іс-әрекеттері тек
қолданыстағы іс жүргізу заңының нормалары аясында ғана іске аса алады және
сондықтан да олардың жиынтықтары шын мәнінде азаматтық процесті (азаматтық
сот ісін) қарап, іс жүргізу әрекеттері болып табылады.
Азаматтық сот ісі соттың, тараптардың, процестің өзге қатысушыларының
іс жүргізу әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін
қамтиды. Сотта, өзге де барлық қатысушыларға процесте мақсаттарына жету
үшін заңды түрде белгіленген іс жүргізу құқықтары оларға сәйкес іс жүргізу
міндеттерін жүктей отырып беріледі. Іс жүргізу құқықтары мен міндеттер
процесс барысында жүзеге асады. Мысалы, соттқа арыздану талап қою арызын
беру арқылы іске асырылады. Талап қоюшы мен жауап берушінің сотқа қатысу
құқығына соттың тиісті түрде тараптарға сот отырысының уақыты мен өтетін
орыны міндетті түрде сәйкес келеді. Процеске қатысушылар сотты өкілді орган
ретінде санай отырып, азаматтық іс жүргізу нормаларымен реттелетін қоғамдық
қарым-қатынасқа түседі, сондықтанда бұл азаматтық іс жүргізушілік қарым-
қатынастары болып табылады. 6. 82-83 бет.
Сот өндірісіне іс барысында мүдделі өзге де тұлғалардың қызметтері
кіреді: талап қоюшылар - соттан өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды
өтінетін азаматтар мен ұйымдар; жауап берушілер – талап қою арызы бойынша
жауапқа тартылатын азаматтар мен ұйымдар; үшінші тұлғалар, аса ерекше сот
істері бойынша арызданушылар.
Іс барысында мүддесі бар азаматтар мен ұйымдарды, олардың өкілдерін
іс жүргізу заңы процестің барлық сатысына белсенді қатысуға болатын
мүмкіндікпен қамтамасыз етеді. Сот ісінде басты қатысушысы ретінде тек іс
жүргізу нормалары мен бірге барлық қатысушылардың оны орындуына қол
жеткізуі тиіс.
Сот процесінде туындаған қарым-қатынастардың ерекшелігі олардың
азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен бекітілген тәртіппен нысанда ғана
жүзеге асу мүмкіндігінен тұрады, ал процеске қатысушылардың барлығының іс
жүргізу құқықтары мен міндеттері заңда бекітілген.
Аталған қызмет процесінде тек алдын ала іс жүргізу нормаларында
қарастрылған іс-әрекеттер ғана іске асырылады, сондықтан да заматтық іс
жүргізу қарым-қатынастары іс жүргізушілік құқық қатынастары түрінде болады,
ал азаматтық процестің өзі (азаматтық сот ісі) іс-әрекеттер мен құқықтық
қатынастардың бір-бірінен ажырамас байланысынан (жүйесінен) тұрады.
Сондықтан да азаматтық сот ісі азаматтық істерді оларға шағымдануды
не наразылық білдіруді қарайтын, шешетін, бірінші сатыдағы сот қызметін,
сондай-ақ жоғарғы соттардың шағымдармен наразылықтарын қолдау, қадағалау
тәртібімен қарауды, сонымен бірге шешімдерді орындауды ҚР АІЖК нормаларымен
реттеу болып табылды.
Азаматтық сот ісінің түрлері: Даулы материалды–құқықтық қарым-
қатынастардың сипатына қарай сот талқылауы тақырыбының азаматтық процестегі
сот ісінің үш түрі болады. 2. 18-21 бет.
Талап қою бойынша іс жүргізу. Талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен
азаматтық істердегі ведомствалық соттардың негізгі саны қаралады:
азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, жер, экологиялық және өзге де
құқықтық қарым-қатынастардан, негізінен азаматтық сипатта туындаған істер
қаралады. Талап қою бойынша сот ісі құқық туралы дауларын шешіп беру үшін
талап етушінің жауап берушінің үстінен сотқа жазған арызы бойынша
қозғалады. Бұл некені бұзу, жеке меншік құқығын қорғау, әр түрлі міндетті
қарым-қатынастар және т.б туралы істер.
Талап қою бойынша іс жүргізу бірде-бірде саралана бастағанын айта
кету керек. Сырттай сот ісін жүргізу (ҚР АІЖК 24-бөлімі) жауап беруші сот
отырысына келмеген жағдайда талап қою бойынша іс жүргізу аясында істі
барынша тез шешуге рұқсат етіледі.
Ерекше талап қоюмен іс жүргізу. Осы сот ісінің тәртібімен бұқаралық құқықты
жүзеге асыру саласында туындаған даулар қаралады.
Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған сот істері туралы ҚР
АІЖК 25-29- тараулардың 3-бөлімшесінде берілген және ол Ерекше талап
қоюмен іс жүргізу деп аталады. Бұл азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің,
төмендегідей арыздары бойынша қозғалған істері:
- заңсыз шешім, мемлекеттік органның, жергілікті басқару органның,
сайлау комиссиясының, лауазымды тұлғалардың сайлау құқықтарының
мәселелері бойынша әрекеті немесе әрекетсіздігі;
- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға өкілетті органдардың
(лауазымды тұлғалардың) заңды күшіне енбеген қаулыларын жоққа шығару
туралы. Мамандандырылған әкімшілік сотттардың қарауға құқылары бар
істердің тізімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы кодексінің 539-бабында көрсетілген;
- мемлекеттік билік, жергілікті басқару органдарының, қоғамдық
бірлестіктердің, лауазымды тұлғалардың және мемлекет қызметкерлерінің
шешімдерін жоққа шығару мен әрекеттері (немесе әрекетсіздіктері) туралы.
Мысалы, мәлімдеуші мемлекеттік құпия туралы мәліметтерден хабардар деген
негізде Қазақстан Республикасынан шетелге кетуге берілетін рұқсаттан бас
тарту;
- азаматтың немесе заңды тұлғаның арызы бойынша нормативті құқық
актілерінің заңдылығын жоққа шығару, азаматтардың немесе заңды
тұлғалардың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген
құқықтары мен заңымен қорғалатын мүдделерінің бұзылуы туралы;
- органдар мен лауазымды тұлғалардың заңға сәйкес келмейтін актілерімен
әрекеттерін тану туралы прокурордың үндеуі.
Бұқаралық құқықтық қарым-қатынастардан туындаған сот ісін жүргізудің
өзіндік ерекшеліктері бар (іс талап қоюмен емес, арыз бойынша қозғалады,
субъектілерімен, соттардың өкімдіктрімен, дәлелдеу бойынша міндеттерді
бөлумен және т.б. ерекшеленеді);
3. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу. Ерекше талап қоюмен іс жүргізу
тәртібімен құқық туралы дау емес, заңды деректі орнату, жеке тұлғалардың не
мүліктің құқықтық жағдайын анықтау туралы мәселеден туындаған істер
қаралады. Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істердің тізімі ҚР АІЖК 289-
бабында берілген. Бұл мынандай істер:
- заңды мәні бар деректерді анықтау;
- азаматты хабарсыз жоғалған деп тану және азаматты өлді деп
хабарлау;
- азаматтың іс-әрекетке қабілеті шектеулі немесе іс әрекетке
қабілетсіз деп
тану туралы;
- азаматты психиатриялық ауруханаға мәжбүрлі түрде жатқызу туралы;
- заңды тұлғамен жеке кәсіпкрлердің банкрот болғандығы туралы;
- жылжымалы мүліктің қожайыны жоқ деп тану және жылжымайтын
мүлікке коммуналдық меншік құқығы бар деп тану туралы;
- баланы (ұл, қыз) асырап алу туралы;
- Қазақстан Республикасының немесе басқа мемлекеттің аумағында
экстремизімді немесе ланкестік қызметті жүзеге асырушы шетелдік

немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе ланкестік ұйым деп

тану туралы;
- Азаматтық хал актілерінің жазбаларын дұрыс емес деп тану туралы,
- Нотариалдық іс-әрекеттерге шағымдану немесе оның жүзеге асына қарсы болу
туралы;
- Мәлімдеушінің жоғалған құнды қағаздары және ордері бар құнды қағаздар
бойынша құқықты қайта қалпына келтіру туралы (шақырту сот ісі);
1. Бұйрық арқылы іс жүргізу. (ҚР АІЖК 13-тарау) – сот бұйрығының
негізінде (ҚР АІЖК 139-бап) қарызы тұратын сот ісінің дербес және
жеңілдетілген түрі. Сот бұйрығы өндіріп алушының арызы бойынша
ақшалай соманы төлету немесе қарыз адамнан мүлікті даусыз талаптармен
қарыз адам мен өндіріп алушының түсініктерін тыңдауға шақырмастан
және сот талқылауынсыз шығарылған сот төресінің кесімі. Соттың
міндеті сот міндетінің негізінде қарызды өндіру арқылы бұзылған
құқықты қанағаттандырудан тұрады. Бұл үшін ақшалай соманы немес
мүлікті мәжбүрлеп төлеттіру үшін орындау парағы беріледі.
Сот бұйрығы шығарылатын талптар. ҚР АІЖК 140- бабында көрсетілген.
Сот бұйрығы мынандай жағдайларда шығарылады:
1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;
2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапкер таныса;
3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына және нотариус
жасаған акцептің күні белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа
негізделсе;
4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тарту
қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшін алименттерді
өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да
міндетті төлемдер бойынша бересінін өндіріп алу туралы талап
мәлімделген болса;
6) егер қызметке аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де
төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;
7) егер жауапкер немесе борышкерді іздестіру жөніндегі шығындарды
өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы
полициясы мәлімдеген болса;
7-1) егер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес лизинг
нысанасын даусыз талап ету туралы талап мәлімделген болса;
8)-9) 140-баптың 8)-9) тармақшалары Қазақстан Республиксының 2001 жылдың
шілдедегі № 238-11 заңымен алып тасталды.
10) егер кепіл беруші борышкерге кепілге салынған затынан өндіріп алу
туралы ломбардтың талабы мәлімдеген болса шығарылады.
Сот ісінің аталған түрлерінен басқа ҚР АІЖК шетелдік азаматтар
қатысатын істерді шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдеріне қатысты
соттардың көмек беруі мен қадағалауы аясында сот ісін жүргізуді реттейтін
әңгіме төмендегі сот істері жайлы:
- шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін тану және орындау
(ҚР АІЖК 45-тарау, 425-бап).
- төреліктің шешімдерін мәжбүрлі түрде орындау және орындау
парақтарын беру бойынша сот ісін жүргізу (ҚР АІЖК 425-бап-1, 425-бап-2.)
- төреліктің шешімдеріне шағымдану туралы сот істерін жүргізу (ҚР
АІЖК 45-1 тарауы).
Азаматтармен ұйымдардың құқықтары өзге тараптар жағынан бұзылған
жағдайда, сондай-ақ келешекте құқықтың бұзылуына қоққан-лоққы бұзылған
жағдайда және де бұзылған құқықты өз еркімен қалпына келтірмесе онда
белгілі бір қорғау шараларын қолдануға тура келеді – міндетті тарапқа
қатысты құқықты қорғау әдістері.
Құқықты қорғау әдісі – материалды (реттелуші) құқық санаты. Құқықты
қорғау әдістері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (9-бап)
берілген. Азаматтық құқықты қорғауды сот, төрелік немесе аралық сот мынадай
жолдармен жүзеге асырады:
- құқықты мойындау;
- құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру және оны бұзудың немесе
бұзуға қоқан-лоқы жасау әрекеттерінің алдын алу.
- шын мәнінде міндеттерді орындауға үкім шығару;
- шығындарды, тұрақсыздықты өндіру, келісімді жарамсыз деп тану,
- моральдық шығында өтеу;
- құқықтық қарым-қатынастарды, түкке тұрмайтын келісімнің жарамсыздық
салдарынан қолдануды тоқтату немесе өзгерту;
- мемлекеттік органның немесе жергілікті басқару органның актісін жарамсыз
немесе қолдануға жатпайды деп тану.
Құқықты қорғау түрлері. Құқықты қорғау әдісі түсінігінен Құқықты
қорғау түрінің айырмашылығы бар. Құқықты қорғау түрі – бұл іс жүргізу
сипатының санаты. Құқықты қорғау түрі құзырлы органдардың заңмен анықталған
құқықты қорғаудағы іс-әрекеттері, яғни нақты мән-жайларды анықтау, құқық
нормаларын қолдану, құқықты қорғау түрін анықтау және шешім шығару түрі
болып табылады. Құқық қорғаудың заңда көрсетілген түрлерін қолдану, яғни
құқық бұзушыға белгілі бір мәжбүрлеу шаралары құқық қорғаудың бір түрімен
емес, бірнеше түрімен жүзеге асырылады.
Құқық қорғау түрлерінің алуан түрлілігі бірқатар мынадай факторлармен
– тиісті құқықты қорғау немесе сақтаудың ерекшелігімен, құқықтық қарым-
қатынасты мойындаудың күрделілігімен немесе керсінше қарапайымдылығымен,
қоғамдағы демократиялық процестердің даму деңгейімен, құқықтық дәстүрлермен
түсіндіріледі. Бұзылған немесе жоққа шығарылған азаматтық құқықты қорғауды
іс жүргізу заңдылықтарында бекітілген ведомствалық бағыныштылыққа сәйкес
жалпы сот, экономикалық сот, аралық сот жүзеге асырады.
Даусыз құқықты және заңмен сақталатын құқықты мүдделерді қорғаумен
сақтау қызметтерін нотариустер мен нотариалдық іс-әрекеттерді атқаруға
құқықтары бар өзге де лауазымды тұлғалар атқарады. Сонымен нотариустер
келісімдерді куәландырады, мұрагерлік мүлікті сақтауға шаралар қолданады,
мұрагерлікке құқық, жұбайлардың мүлкіндегі үлес құқығы туралы куәліктерін
береді.
Еңбек дауларының бірқатар құқықтық дау-жанжал туындаған жерде тікелей
еңбек даулары бойынша құрылған комиссия (ЕҚК) қарайды, ол коллективті
дауларды бітімгер комиссия қарайды.
Құқықты қорғау түрлерінің ішінде азаматтық іс жүргізу құқығы
нормаларымен бүге-шігесіне дейін реттелген, жан-жақты тарихи қалыптасқан
сотта қорғау түрі жетекші рөл атқарады. Ол заңды дұрыс қолдануға, нақты
құқықтар мен тараптардың міндеттерін анықтауға сенімді кепілмен қамтамасыз
етеді.
Адамның бұзылған құқығын сот арқылы қорғау барынша тиімді, әрі
өркенниетті.
Соттардың қызметі ең алдымен азаматтардың, сонымен бірге белгілі бір
шектегі ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған
құқықты қорғаудың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық сот ісін жүргізу құқығының ұғымы және жалпылама сипаттамасы
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының дәрістері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
«Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
ҚР жерге жеке меншік құқығы
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Талап ұғымы және түсінігі
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Мемлекет функциясының ұғымы
Англияның азаматтық құқығының негіздері
Пәндер