Қазақстан Республикасының банк реформасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Банк реформасы және Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы ... ... .5
1.2 ҚР.сы екі деңгейлі банк жүйесі және ондағы Ұлттық банктің рөлі ... ..8


ІІ БАНК РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11

2.1 Банктер және банк жүйесінің реформасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11 2.2 Банктік реформалаудағы мемлекеттік реттеу мәселелері ... ... ... ... ...16
2.3 Коммерциялық банктер және оларды реформалау ... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ БАНК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасының банк реформасы” деп алынды.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика болса, ал экономиканың негiзi қаржы және банк жүйесi болғандықтан, қазiргi елiмiздегi банк жүйесiнiң құрылымын реформалау, оның экономикадағы негiзгi қызметтерi мен тиiмдiлiгiн талдап, ұлттық экономикамыз дамуына қосар үлесiн анықтау болып отыр.
Жұмыстың мақсаты – банктiң жалпы экономикалық мәнiн аша отырып, банк жүйесiндегi бiрiншi және екiншi деңгейлi банктердiң экономика жүйелерiнiң негiзгi элементi ретiнде қарастыру, олардың операцияларын ұйымдастыру, реттеу, талдау, олардың рыноктың экономикаға өтудегi рөлi мен қызметтерi жайлы ҚР-ның тәжiрибесiне сүйене отырып орындау.
Жұмыстың зерттеу пәнi болып – банктiң экономикалық негiзi, ҚР-ғы банк жүйесi және оның экономикалық жүйе дамуындағы маңызыдылығы.
Сонымен банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiк алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.
1. “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 ж. 31 тамыздағы №2444;
2. Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика. - 2003. – 432 бет.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Лаврушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
4. Ивашковский С.Н. - Макроэкономика: Учебник. – 2-е изд., испр., доп. – М.: Дело. 2002. – 472 с.
5. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
6. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
7. “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi туралы” ҚР-сы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, 1995 жылғы 30 наурыздағы, №2155;
8. Вестник КазНУ, экономическая серия, 2001 г. №4; “Проблемы стабильности банковской системы РК” // А. А. Ильясов.
9. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2008 г. 56-61 стр.
10. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Оқу құралы. 2-шi басылым, - Алматы: ИздатМаркет, 2004. – 272 б.
11. Садвакасова Ж. «Кредитная политика коммерческого банка» // Вестник КазНУ, Серия экономическая. №2. – 2008 г.
12. «Статистикалық мәліметтер» // Банки Казахстан, 2009г. №9. 69стр
13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2008г.- 451 с.
14. «О ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана, №9, - 2009 г. 2-7 стр.
15. «Қазақстан – 2030 Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде» // Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 28 ақпан, 2007 жыл.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..5

1.1 Банк реформасы және Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы
... ... .5
1.2 ҚР-сы екі деңгейлі банк жүйесі және ондағы Ұлттық банктің рөлі
... ..8

ІІ БАНК РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 11

2.1 Банктер және банк жүйесінің реформасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11 2.2 Банктік
реформалаудағы мемлекеттік реттеу мәселелері ... ... ... ... ...16
2.3 Коммерциялық банктер және оларды реформалау
... ... ... ... ... ... ... ..20

ІІІ БАНК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31

КIРIСПЕ

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-
өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар
жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу
саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар
жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi
атқарып отырады.
Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi,
яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде
Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше.
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас
құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық
деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Осылайша курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасының банк
реформасы” деп алынды.
Тақырыптың өзектiлiгi бүгiнгi таңда мемлекеттiң негiзi экономика
болса, ал экономиканың негiзi қаржы және банк жүйесi болғандықтан, қазiргi
елiмiздегi банк жүйесiнiң құрылымын реформалау, оның экономикадағы негiзгi
қызметтерi мен тиiмдiлiгiн талдап, ұлттық экономикамыз дамуына қосар үлесiн
анықтау болып отыр.
Жұмыстың мақсаты – банктiң жалпы экономикалық мәнiн аша отырып, банк
жүйесiндегi бiрiншi және екiншi деңгейлi банктердiң экономика жүйелерiнiң
негiзгi элементi ретiнде қарастыру, олардың операцияларын ұйымдастыру,
реттеу, талдау, олардың рыноктың экономикаға өтудегi рөлi мен қызметтерi
жайлы ҚР-ның тәжiрибесiне сүйене отырып орындау.
Жұмыстың зерттеу пәнi болып – банктiң экономикалық негiзi, ҚР-ғы банк
жүйесi және оның экономикалық жүйе дамуындағы маңызыдылығы.
Сонымен банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет
етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы
экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiк алғаннан берi жүргiзiлiп келе
жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып
отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi
дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық
деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Тiптi соңғы уақытта бiздiң елiмiздiң банктiк жүйесiнен ТМД елдерi
тәжiрибе де алып жүр. Бұл әрине үлкен жетiстiктерiмiздiң бiрi деп санаймын.

Жалпы жұмыс барысында банктiң экономикалық жүйедегi орнын толық ашу
үшiн келесi мiндеттер орындалуы керек:
1) Банктiң экономикалық мәнiн, оның экономикада атқаратын қызметтерiн
қарастыру;
2) Экономикалық жүйенiң тиiмдi дамуындағы банктiң маңыздылығын және оны
реформалаудың іске асуын жан-жақты талдау;
3) Банк жүйесi және елiмiздегi банк жүйесiн реформалау барысын талдау;
4) Қазақстандағы банк жүйесiндегi Ұлттық банктiң орнын жан-жақты
қарастыру;
5) Коммерциялық банктердiң экономика салаларын дамытудағы маңыздылығын
және олардың негізгi қызметтерi мен операцияларын қарастырып өту болып
табылады.
Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімде елімізідің
егемендік алған жылдардан бергі банк жүйесінің қалыптасып, дамуын талдау
болса, ал екінші бөлімде банктік жүйенің мәні мен қызметтерін талдау және
екі деңгейлі банк жүйесінің қазіргі таңдағы атқарып жатқан шараларына
тоқталу болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында келесі экономист авторлардың еңбектері
қолданылды: О.И Лаврушина., Мақыш С.Б., Мамыров Н.Қ., Ивашковский С.Н.
Баян Көшенова, Ғ.С.Сейiтқасымов., А. А. Ильясов., және экономикалық
журналдар мен статистикалық деректер пайдаланылды.

І ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ

1.1 Банк реформасы және Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы

Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда банк жүйесi
болған жоқ. Елде КСРО-ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары
мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. Сондықтанда Қазақстанда банк жүйесiнiң
қалыптасуы мен дамуы қазан төнкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО-
ның банк жүйесiмен тығыз байланысты. Сондықтан мен елiмiздiң банктiк жүйесi
туралы өз егемендiгiн алған 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп
жатқан реформаларға тоқталғым келдi.

Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу
кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк
қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне
жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi,
сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының
арасындағы өзара қарым – қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда
болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi
реформалаудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi,
дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер
категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде
макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды.
Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған
мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi
тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi;
екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк
зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және
жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып,
банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына
кетуiне жол бередi.
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың
желтоқсанында ҚазКСР – нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк
қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi
деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк – ҚазКСР-
нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк – коммерциялық
банктер жүйесi.
Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған
несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып
саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi
болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн
эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң
кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер
ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.
Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп
жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен
басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында
осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн
басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi
мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте
болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп ( Орталық –
Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе
акциянерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы
болғанда есептеледi. 9, 24 б
1991 – 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен байланысты
инфляция қарқыны өте жоғары болды. Оның тiптi кейбiр кездерде 1000% - ға
дейiн жеткенi көрiндi. Нәтижесiнде банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы
әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп керкен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы
Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық
жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Көптеген кәсiпорындар
өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр
болды.
Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi.
Осыдан бастап ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын
жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым – қатынаста классикалық
қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты
толық жауапкершiлiк жүктелдi.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық
банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ
Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға
алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың
әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда
Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы
жасалынды.
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейiн сәттi жүзеге асырылған жағдайда
келесiлершге қол жеткiзу мүмкiндiгi болжанған:
1) Ұлттық банктiң негiзiнен классикалық орталық банктерге тән валюталық
және ақшалай – несиелiк реттеулердiң барлық құралдар жиынтығын енгiзудi
аяқтау және оны пайдалану;
2) Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтiк реттеудi
жетiлдiру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебiнен барлық
коммерциялық банктер қызметiнiң сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың
капиталдандыру деңгейiн жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын
банктер тобын қалыптастыру;
3) Банкаралық несиелiк және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету
жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы
тұрақтылығына қол жеткiзу, ал Ұлттық банк оларға тек өзiнiң тiкелей және
жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етедi;
4) Республикалық бюджеттiң тапшылығын Ұлттық банктiң тарапынан тiкелей
несиелеуден бас тартып, оның iшкi және сыртқы қаржылық нарықтарда
инфляциялық емес әдiстер арқылы қаржыландыруға көшу;
5) Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында төлемдердiң қауiпсiз, уақтылы
және тиiмдi жүзеге асыру мақсатында елiмiздiң төлем жүйесiнiң сапалы
қызмет ететiн жаңа деңгейiне қол жеткiзу және ұзақ мерзiмдi ұлттық төлем
жүйесiн дамыту;
6) Орта және ұзақ мерзiмдi инвестициялық жобаларды инфляциялық емес
несиелеу жүйесiнiң негiзiн қалау.
Бағдарламаның өткiрлiгiне қарамастан, iстiң нақты жағдайын ескере отырып,
оны жүзеге асырды. Ең алдымен ақша – несиелiк реттеудiң құралдары мен
әдiстерi дами түстi.
Банктердiң қайта қаржыландыру механизмдерiнде маңызды өзгерiстер болды.
1995 жылы қаңтар айынан бастап директивтi несиелердi беру тоқтатылды.
Орталықтандырылған көздер есебiнен берiлетiн несиелердiң көлемi және
мерзiмi қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметi негiзiнен Ұлттық банктен
екiншi деңгейлi банктерге көштi және олар өз кезегiнде экономиканы
несиелеудi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бос қаражаттарын, халықтың
жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздерi тарту есебiнен
қамтамасыз етуге бейiмделедi. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән
қызметтерге көбiрек ден қойды, оларға: банктердi несиелеу, Үкiметтi
несиелеу және жалпы ақша – несиелiк және ақша – валюталық реттеу жүргiздi.
1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығының дамуын
қамтамасыз еттi, ашық нарықтағы операциялар басталды.
1995 жылы алтын валюталық резервтердi басқару бойынша көптеген жұмыстар
жүзеге асырылды. 1995 жылы сәуiрде Ұлттық банктiң басқармасы алтын валюта
резервтерiн басқару тұжырымдамасын бекiттi. Ұлттық банк алтын валюта
резервтерiн көбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды
депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып
алу операцияларын жүргiздi.
Осы жылы ел экономикасын сауықтыру мақсатында макроэкономикалық ретеу мен
ақшалай-несиелiк және салық бюджеттiк саясатты үйлестiру iсiнде Ұлттық банк
пен Қаржы министрлiгi арасындағы қатынастар беки түстi.
Мiне осылайша осы уақытқа дейiн 15 жыл аралықта егемен елiмiзде
банктiк жүйемiз қалыптасып, ол ТМД елдерi iшiндегi ең дұрыс құрылған қаржы
жүйесi болып отыр. Бүгiнгi таңда басқа мемлекеттер бiзден үлгi алуда. Әрине
бұл бiздiң елiмiздiң банктiк жүйенi дамытудағы үлкен жетiстiгi болып
табылады. Ендi осы екi деңгейлi банктiк жүйемiздi жан – жақты талқылайық.

1.2 ҚР-сы екі деңгейлі банк жүйесі және ондағы Ұлттық банктің рөлі

Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік жэие кассалық орталығы,
сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие банктердің банкі,
соңғы сатыдағы несие беруші рөлін атқарады, акша-несиелік және валюталық
саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-иесие
саясатын жүзеге асыру жэне елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас
органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың
мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген
үлкен өкілет-тіліктермен анықталады.
Әлемдік тэжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкі-ге кең
өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін
қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы
жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатып, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын
жүргізеді.
Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке
шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің
мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде
жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттык банктердің
мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады.
Осының нәтижесімде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық
банкіде және оның мекемелерінде шоғыр- ланады.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа
да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға.
Мүліктің құралу көздеріне — банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан
түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд теңге көлемінде
мына қаражаттар есебінен құрайды: республикалық бюджеттен бөлінген
қаражаттар, мемлекеттеи алынған негізгі қорлар және Ұлттық банк тапқан
пайдадан аударымдар.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің
жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құкықтық формалары бар:
- оның капиталының қалыптасуы 100% мемлекеттің қаражаты есебінен болатын
унитарлық банк;
- акцияларының бөлігі мемлекетке тиесілі (немесе мемлекеттің
қатысуынсыз) акционерлік қоғам;
- бірлестік типтес ұйым (мемлекеттің қатысуымен немесе қатысуынсыз);
- Орталық банкінің қызметін бірігіп атқаратын тәуелсіз банктер
жүйесі.
АҚШ-та орталық банктердің капиталына мемлекет қатыспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйенің (ФРЖ) мүше банктерінің жарна пұл
төлемдерінен тұрады.
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет -
жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор - гимараттардан, құрылғылардан,
көлік және басқа да құндылыктардан тұрады, ал айналым қаражаты — банкіге
тиесілі ақша каражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар
құрады. Резервтік кор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен
толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін
операциялар бойынша шығындарды жабуға армалады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын
табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға:
активтер амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың
кұндарының бір бөлігі жатады.
Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан қалған
бөлігі республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері
барлық салықтар мен төлемдерден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті - Қазақстан
Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз
ету болып табылады.
Сонымен катар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынадай
қосымша міндеттер жүктеледі: 7
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние-жүзілік экономикаға
интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие,
банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік
саясатты жасау және жүзеге асыру;
- ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді
жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк иесие
берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғауы.
Ұлттық банкі жұмысының негізгі бағыттары:
- елдегі несиелік ресурстарды және ақша айналысын басқару;
- өзіне багынышты мекемелер арқылы ақшалай түсімді инкассациялауды
ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- халық шаруашылығындағы несиелік, есеп айырысу және кассалық
операцияларды жүзеге асыру бойынша ережелерді, әдістемелік инструкциялық
нормативтік актілерді шығару (барлық банктерге міндетті), есеп жүргізу және
банктердің есеп беруін ұйымдастыру;
- банк ісін лицензиялау, ақша-иесиелік реттеудің әдістерінің формаларын
талдау;
- банк ісін бақылау және қадағалау;
- елдің банк жүйесінің тәуелсіз балансын жасау;
- ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар жүргізу;
- валюталық операцияларды жүргізу ережелерін және тәртібін жасау, біркелкі
валюталық саясатын жүргізу және т.б.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел
мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн
белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз
оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Эмиссия – мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы
қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Қолма-
қол ақша түрiндегi эмиссия – айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша
шығарылуын сиапттайды.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде
ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты
пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк
жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялык банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзіндс Ұлттық банкте барлық
кассалық резевтердің шоғырлануы және олардың щаруашылық
айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын
толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп
айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет
жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк — бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық багалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлга.
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың
капиталы Федералды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық
банктердің қосқан жарнасынан тұрады.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып
табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық
қордың мөлшері - 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан,
қүрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа
бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті
ақшалай қаражаттардан тұрады.

ІI БАНК РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖҮРГІЗІЛУ БАРЫСЫ

2.1 Банктер және банк жүйесінің реформасы

Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас
құрылымдарының бiрi және несие жүйесінің негізгі буыны болып табылады.
Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі
банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік
қоғамдар мен жауапкершілігі шектецлі серіктестіктердің, халықтың уақытша
бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға
айналдырады.
Банк деген ұғым италиян сөзі bank - орындық, айырбас орны деген
ұғымды білдіреді. Тарихта банктің ең алғашқы қызметтері тұқым сату
барысында ақшаны несиеге беру қызметтері жаңа эраға дейінгі ғасырларда орын
алған болатын. 2, 134 б
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың
экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi,
ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген
қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық
өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық ,
ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметiн атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады.
Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын , жаңа
талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау
арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса , ал қарызды беру арқылы
қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды
жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз
алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын
ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, мемлекеттiң Орталық банкке кең
өкiлеттiк беруi екiншi деңгейлi банк жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн
қамтамасыз етедi. Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негiзiнде
экономиканы жалпы мемлекеттiк тұрақтандыру саясатын, тауар – ақша тепе-
теңдiк саясатын жүргiзедi. Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы
банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп
тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттарға несиеге деген талаптарды
қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-
несиелiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi
шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие. 5, 301 б
Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық
қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық
қызметтен шығып , ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi.
Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi
болып табылады.
Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер
басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды.
Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық
қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi
осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. 4, 58 б
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы,
экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр
түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың
үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық
өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi.
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн
айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында
қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн
қорғайды.
Банктер өз қызметтерiн орындау кезiнде функционалдық (экономикалық),
салалық (министерстволар, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергiлiктi
орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс iстейдi.
Банктерде басқарудың басқа органдарындағы жоқ ағымдағы ақпараттар болады.
Ең алдымен ол қызмет көрсетiлген клиенттерiнiң негiзгi қызметi туралы
ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы беру, жабдықтаушыларға төлем жасау,
банктiк несиелердi қайтару үшiн қаражаттың болмауы тек объективтi ғана
емес, сонымен бiрге, осы шарт иесiнiң жұмысының нашар екендiгiнiң
күнделiктi оперативтi көрсеткiшi болып табылады. Банктiң мәлiметтерi
бухалтерлiк есептi құруды күтпей-ақ кәсiпорын қызметтерiнiң көптеген
маңызды факторлары туралы, әрi олардың нәтижелерiн алдын-ала көруге
мүмкiндiк бередi. 2, 137 б
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған:
мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары,
т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына белсендi қатысады, яғни оларды
пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол
арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық
экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда.

Депозит түрiнде және Займдар жеке салым-
басқа жолмен берiлетiн дар және келiсiм бо -
ақша қаражаттары. йынша берiлетiн ақ-
шалай қаражаттар

Тiкелей инвестициялар Нарықта акциялар ,

жолымен акциялар, обли- облигациялар және
гациялар және басқа да басқа да қаржы
қаржы құралдарын сатып құралдарын сату
алу арқылы ұсынылатын арқылы алынған ақша
ақша қаражаттары. қаражаттары.

Сурет 1 - Қаржылық – несиелiк институттардың қаржылық дедалдар
ретiндегi ролi

Банктiк жүйенiң реформасы инвестициялық қорлардың ролiн жоғарылату
және сауықтыру банктерiн құру жолымен жекешеленген кәсiпорындарды қайта
құруға қолғабыс етедi. Сауықтыру банкiнiң ролi жекешелендiру
бағдарламасының негiзгi мақсаты болып табылатын , тиiсiнше жекешеленген
және көп шығынды кәсiпорындарға корпоративтi жетекшiлiктi күшейтуге қатысты
арта түседi.
Банктiк жүйенiң реформасы жеке кәсiпорындардың банктен несие алуын
қамтамасыз етедi, жеке сектордың дамуына жәрдемiн тигiзедi. Осы мерзiмде ол
шығынды мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта құруды ынталандырады.
Банктiк жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас
құрылымдарының бiрi. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктік жүйе болып
табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым
көпшілігі банктер арқылы өтеді. 6
Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи
тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты.
Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей
байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың
экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер
қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық
жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi,
ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген
қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық
өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi.
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық,
ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық
шаруашылығы қызметiн атқарады. Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық
делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында
тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң
салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал
қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер
мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие
берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң
қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық
деп аталады.
Банктiк жүйенiң мақсаты мен мiндеттерi негiзiнен экономиканы жалпы
басқарудың мақсаттары және мiндеттерiмен бiрдей, әйтсе де банктер
басқарудың кiшiгiрiм жүйелерi ретiнде экономиканы басқарудың жалпы
мақсатына жетудi қамтамасыз ететiн, өзiне тән жеке мiндеттерiн орындайды.
Экономиканы басқару органы ретiндегi негiзiнен басқарудың экономикалық
қатынастарын көрсетедi, ал әр қоғамның экономикалық қатынастары ең алдымен
мүдде ретiнде көрiнiс алады, ал экономикалық мүдде өндiрiстiң мақсаты, яғни
оны қозғаушы фактор болып табылатын әдiстемелердi пайдаланады. Мүдденi
осылай деп түсiнуден келесi туындайды, яғни оларға қажеттiлiктердi
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты.
Банктер басқарудың экономикалық әдiстерi мәселен, несиелеу арқылы,
экономикалық әр түрлi буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттiлiктерiн әр
түрлi несиелер мен немесе қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың
үздiксiз қызмет қызмет етуiндегi қажеттiлiгiн қанағаттандырады, қоғамдық
өнiмнiң тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етедi. 6
Банктер есеп айырысу операцияларын жүргiзудiң тәртiбiн бұзғаны үшiн
айыппұл, төлем төлеу күнiн созғаны үшiн өсiм, несиенi өз уақытында
қайтармағаны үшiн жоғары пайыздарды алуымен өзiнiң мүддесiн ғана емес,
сонымен қатар, бұл операциялардың басқа да қатысушыларының мүддесiн
қорғайды.
Қандай жүйе болмасын оның өзiнiң формалары мен қызметтерi болатыны
анық . Жалпы банктiң атқаратын қызметтерiн төмендегiдей қарапайым жiктеуге
болады: 11
1) Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына
айналдыру;
2) Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы
қағаздармен операциялар жүргiзу;
3) Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем
айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысу жүйесi арқылы
клиенттерiне айырбас, ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады;
4) Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiне тек жинаған уақытша
бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиттiк чектердi ,
вексельдердi шығарумен де несиелейдi;
5) Экономикалық және қаржылық ақпарат берiп отыру ;
6) Орындайтын айрықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және
эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.
Эмиссиялық банк – ол айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға (шығаруға)
құқы бар, әдетте Орталық банк деп аталады. Бiздiң елде ол – Қазақстан
Республикасының Ұлттық банкi деп аталады. Мемлекеттiң Орталық банкiнiң
негiзгi мақсаты – айналысқа ақша бiрлiгiн шығару, қалған банктерге ерекше
тауар – ақша белгiсiн сату және банк жүйесiнiң несие есеп, эмиссиялық
жұмысын басқару болып табылады. 3, 311 б
Мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға
құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық,
инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер
клиенттерге көрсететiн қызмет түрлерiн үнемi ұлғайтып тұратын әмбебап
үлгiдегi банк. Ал басқа банктер бiр-екi қызмет түрiне маманданған банктер.
Ендi ұлттық банктiк жүйенi былай жiктеуге болады (сызба 1 ). Бұл
сызбадан банк жүйесiнiң формаларын айқын көруге болады.
Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа
ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және
басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге
қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiркерлерге қарыз берсе, ал
инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi
несиелейдi.
Ипотекалық банктер – жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке
алып, ұзақ мерзiмге несиеге бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және
басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинайды.

Сурет 2 – Банк жүйесiнiң негізгі формалары

2.2 Банктік реформалаудағы мемлекеттік реттеу мәселелері

1995 жылдың 31 тамызында қабылданған "ҚР-ғы банктер және банктік
қызмет туралы" ҚР-ның заңына сәйкес Қазақстан Республикасында банкті ашу
немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады: 1
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен
лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес, банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашуға рұқсат алу
өтінішін береді және оған қоса төмендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылық шарт (түп нұсқа);
• банктің жарғысы ( түп нұсқа);
• банк жарғысын қабылдау және банк органын сайлау туралы хаттама;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі
бойынша);
• құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды
тұлғалар үшін);
• құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлық
қорытынды;
• егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның резиденті болмаса,
ондай жағдайда сол мемлекеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау
органынан жазбаша келісім қажет;
• егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым
банк ретінде қайта қүрылса, онда: оның жарғысы, құрылтайшылық
шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның
қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер,
оның ішінде: банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесініде кемінде -
үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының
бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдық еңбек
тәжірибесі болуы және т.с.с;
• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің
өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің
өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары болу керек, оның ішінде: банк
қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашагы (есеп
айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға
арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк
клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары;
• тапсырылған бизнес-жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы
құрылтайшылардың есебі;
• нотариальды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш
беруте құзыретінің барлығын растайтын қүжаттын;
• басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтер. 1
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай әрі кеткенде алты ай
мерзімі ішінде Ұлттық банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат беру өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезеңде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен
бастап, бір ай ішінде әділет Министрлігінде банк мемлекеттік тіркеуге
алынады. Оған, Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және, Ұлттық
банктің келісімімен расталған құрылтайшылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Ақша реформасы
Ақша мен банктік жүйе
Ақша - несие саясатының мәні мен мақсаты
Ақша реформасының маңыздылығы
1922 жылғы ақша реформасы
Ақша айналысын басқару, реттеу әдістері
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Пәндер