Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық-құқықтық мәселелері



КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің түсінігі, қағидалары мен құрылымдық ерекшеліктері
1.2 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекет саясатының рөлі және оның қағидалары мен әдістері
1.3 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын құқықтық қамтамасыз ету бағыттары

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ

2.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы әлемдік тәжірибелер және оларды Қазақстанда қолдану механизмдері
2.2 Астық рыногын Қазақстанның негізгі экспорттық әлеуетінің бірі ретінде дамыту жолдары
2.3 Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту республиканың азық.түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғышарты ретінде
2.4 Кластерлік жүйе . агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың құралы ретінде

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде әлемнің көптеген елдері мен аймақтарында орын алып отырған азық-түлік жетіспеушілігі әлемдік қоғамдастықтан агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту арқылы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары мен жолдарын қарастыруды талап етуде. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде Қазақстан да мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары әлеуетті, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәні жоғары негізгі салалардың бірі саналады. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар, билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-шаралар тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа әрі тиімді механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты агроөнеркәсіптік кешеннің бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелеріне ғылыми талдау жасап, оның нарықтық қатынас жағдайындағы құрылымдық өзгерістері және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары бойынша теориялық-әдістемелік және іс-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады. Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:
- ауыл шаруашылығы саласы агроөнеркәсіптік кешеннің ең негізгі құрамды бөлігі ретінде зерттеледі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік реттеудің рөлі айқындалады;
- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғышарты ретінде зерттеледі, оның қазіргі жағдайына ғылыми-теориялық тұрғыда баға беріледі;
- саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен құқықтық құралдар зерттелініп, оны Қазақстан Республикасында қолдану ерекшеліктері сараланады.
1. Ө.Қ. Шеденов, Я.С. Ядгаров, С.Ә. Досқалиев. Экономика ілімдерінің тарихы. Оқу құралы. А.2003, 46 б.
2. Есполов.Т.И, Бельгибаев К.М, Сулейменов Ж.Ж. Аграрная экономика. Учебное пособие. А.2005, С.15
3. Серова Е.В. Аграрная экономика. М.1999, С.157
4. I.А. Бибатрова, Б.Ж. Кекілов. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу. Оқу құралы. А.2007, 16 б.
5. Бимендиева Л.А. Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің теориялық мәселелері. экон. ғыл. канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. А.1999
6. Қ.Е. Құбаев, Ж.О. Ихданов, А.Ш. Кәрібай. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері. Оқу құралы. А.1997, 4 б.
7. А. Кайгородцев. Государственное регулирование АПК как фактор обеспечения продовольственной безопасности. Транзитная экономика №1 2006 г. С.30
8. Жусупбекова М.К. Правовые основы государственного регулирования аграрного сектора Республики Казахстан в рыночных условиях. Диссертация на соискание ученой степени канд. юрид. наук. А.2003,
9. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңы. 8 шілде 2005ж. №66-111314
10. «ҚазССР-ғы ауыл, село және агроөнеркәсіптік кешеннің басымды дамуы туралы» ҚазССР-ның Заңы
11. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А.2007
12. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. А.2001
13. Дж. Порте Кредитная система в сельском хозяйстве Нидерландов. АПК-экономика, управление 2005 №8 С.132
14. Приходько Т. Новая система налогов в Чехии. АПК-экономика, управление. 2004 №3 С.93
15. Коваленко Н., Янушкеевич Д. Организация сбыта плодоовощной продукции в восточных землях ФРГ. АПК-экономика, управление. 2005 №11 С.77
16. Ж.Я.Аубакирова, Агропромышленный комплекс Республики Казахстан: рост конкурентоспособности. Вестник КазНУ. Серия экономическая. №1(59). 2007 С.100
17. Баяндин Б.К. Конкурентоспособность, открытость и безопасность казазстанской экономики. «Макромаркетинг Республики Казахтан: теория и практика» Материалы Международной научной конференции 25-26 апреля 2002 г. А.2002, С.62
18. Е.Б. Жатканбаев, К.И. Байзакова, Г.Т. Куренкеева Приоритеты национальной безопасности в условиях глобализации А.2006, С.212
19. А.Б. Молдашева. Жамбыл облысының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бағалау. ҚазҰУ Хабаршысы Экономика сериясы №3(67) 2008, 106 б.
20. «Дағдарыстан – жаңару мен дамуға» ҚР Президентінің 20089жылғы халыққа Жолдауы. Астана. 6 наурыз 2009 жыл
21. К. Маркс, Ф. Энгельс. Сочинение Т.9 С.320
22. В.И. Ленин. Полный сборник сочинении Т.36 С.188
23. С.А. Жаутикова. Особенности кластера текстильной промышленности Казахстана Аль-Пари №3-4 2007. 164 б.
24. И.Д. Ашимова Перспективы формирования и развития молочного кластера в Казахстане. Транзитная экономика №1 2008, С.70

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
экономикалық-құқықтық мәселелері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің түсінігі, қағидалары мен құрылымдық
ерекшеліктері
1.2 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекет
саясатының рөлі және оның қағидалары мен әдістері
1.3 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын
құқықтық қамтамасыз ету бағыттары

ІІ БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕНІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ БАҒЫТТАРЫ

2.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы әлемдік
тәжірибелер және оларды Қазақстанда қолдану механизмдері
2.2 Астық рыногын Қазақстанның негізгі экспорттық әлеуетінің бірі ретінде
дамыту жолдары
2.3 Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту республиканың азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз етудің алғышарты ретінде
2.4 Кластерлік жүйе – агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың құралы ретінде

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінде әлемнің көптеген елдері мен
аймақтарында орын алып отырған азық-түлік жетіспеушілігі әлемдік
қоғамдастықтан агроөнеркәсіптік кешен салаларын дамыту арқылы азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа бағыттары мен жолдарын қарастыруды
талап етуде. Өз кезегінде әлемдік қоғамдастықтың бір мүшесі ретінде
Қазақстан да мұндай мәселелерден тысқары қала алмайды. Агроөнеркәсіп кешені
республикадағы экономикасы жоғары әлеуетті, мүмкіндігі мол, ұдайы
өндірістік және әлеуметтік мәні жоғары негізгі салалардың бірі саналады.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан басталған экономикалық реформалар,
билік орындары қабылдаған нормативтік-құқықтық актілер мен басқа да іс-
шаралар тұтастай алғанда агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін
арттыруда шешуші роль атқара алмай отырғаны ақиқат. Осы жерден ауыл
шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа әрі тиімді
механизмдерін жасау қажеттілігін байқаймыз.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Бітіру жұмысының мақсаты
агроөнеркәсіптік кешеннің бүгінгі жағдайы мен өзекті мәселелеріне ғылыми
талдау жасап, оның нарықтық қатынас жағдайындағы құрылымдық өзгерістері
және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағыттары бойынша теориялық-
әдістемелік және іс-тәжірибелік тұрғыдан ұсыныстар дайындау болып табылады.
Алға қойған мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер орындалады:

- ауыл шаруашылығы саласы агроөнеркәсіптік кешеннің ең негізгі құрамды
бөлігі ретінде зерттеледі, оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы
мемлекеттік реттеудің рөлі айқындалады;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз
етудің алғышарты ретінде зерттеледі, оның қазіргі жағдайына ғылыми-
теориялық тұрғыда баға беріледі;

- саланың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы шетелдік тәжірибелер мен
құқықтық құралдар зерттелініп, оны Қазақстан Республикасында қолдану
ерекшеліктері сараланады.

Тақырыптың ғылыми зерттеліну дәрежесі. Ауыл шаруашылығы экономикасының
бірден-бір ерекшелігі ретінде оның жермен тікелей байланыстылығын ескеретін
болсақ, онда тақырыптың зерттелінуі ежелден басталады деген пікір айтуға
толық негіз бар. Бұл тұжырымды экономикалық ілімдер тарихынан белгілі
физиократтар мектебінің Байлықтың көзі – жер деген пікірі дәлелдей
түспек.1 Ауыл шаруашылығы экономикасын КСРО ғылымында 20-30 жылдарда А.В.
Чаянов, Н.Д. Кондратьев зерттесе, кейінгі жылдары Л.И. Абалкин, В.Ф.
Башмачников, А.Г. Аганбегян, П.Г. Галузо, С.В. Кисилев, А.Е. Булатов, О.К.
Ястребова, И.Н. Буздалов, М.Д. Мацкуляк, Е.В. Серова түбегейлі зерттеп
келеді. Одан өзге ауыл шаруашылығының салалық және салаішілік мәселелері
отандық экономист-ғалымдар Ғ.А. Қалиевтің, С.С. Сатыбалдинның, Я.Ә.
Әубәкіровтың, Р.Ю. Куватовтың, Д.К. Кабдиевтың, Е.Б. Жатқанбаевтың, Т.А.
Есіркеповтың, Н.К. Мамыровтың, А.Ф. Дебердеевтың Т.И. Есполовтың, Р.Р.
Аутовтың, А.К. Кошановтың, Ж.О. Ихдановтың, С.Н. Нысанбаевтың, Р.К.
Жоламанның, К.И. Нәрібаевтың, Ө.Қ. Шеденовтың, Қ.Е. Кубаевтың, М. Кемелдің,
Л.А. Бимендиеваның, Ж.Я. Әубәкірованың зерттеу еңбектеріне арқау болып
келеді.

Бітіру жұмысының әдіснамалық, теориялық және іс-тәжірибелік негізі. Ауыл
шаруашылығы тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық
еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, шетелдік және отандық
ғалымдардың диссертация жұмыстары мен ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық
конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және
соған сәйкес Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, Қазақстан Республикасы
ратификациялаған халықаралық шарттар мен пактілер, ҚР Ұлттық Статистика
Агентінің статистикалық деректері, ҚР Ауыл шаруашылығы, Индустрия және
сауда министрліктерінің материалдары, бұқаралық ақпарат құралдарының
материалдары, мерзімді басылым мақалалары зерттеудің әдіснамалық, теориялық
сондай-ақ іс-тәжірибелік негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі
салыстыру, статистика-экономикалық талдау және логикалық талдау әдісі
қолданылады.

Бітіру жұмысының теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы. Бітіру
жұмысында қол жеткізілген қорытындылар мен нәтижелерді, сондай-ақ ғылыми
тұжырымдарды іс-тәжірибеде сынақ ретінде қолдануға болады.

Жұмыстың сынақталуы. Автор тақырыпты 2005 жылдан бастап зерттеп келеді.
Аталған тақырыпта бірнеше ғылыми мақалалар бойынша ғылыми-теориялық
конференциялар мен Халықаралық Конгрестерге қатысқан: 2005 жылы 14-15
желтоқсанда Алматы қаласында Казахстан: региональные и глобальные
экономические вызовы современности тақырыбымен өткен студенттер мен жас
ғалымдардың VI ғылыми-теориялық конференциясында Ауыл шаруашылығын
мемлекеттік қолдау шараларын ұтымды пайдалану мақаласы, 2007 жылы 25-27
сәуірде Алматы қаласында Ғылым әлемі І Халықаралық Конгресінде Ауыл
шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмдері мақаласы, 2007
жылы 11-12 желтоқсанда Алматы қаласында Әлемдік қоғамдастыққа интеграция
Қазақстанның экономикалық алға шығуының негізі ретінде тақырыбымен өткен
студенттер мен жас ғалымдардың VIІІ ғылыми-теориялық конференциясында
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – экономиканы мемлекеттік реттеудің
құралы ретінде мақаласы, 2008 жылы 29-30 сәуірде Алматы қаласында өткен
Ғылым әлемі ІІ Халықаралық Конгресінде Кластер – ауыл шаруашылығының
бәсекеге қабілеттілігін арттырудың құралы ретінде мақаласы жоғары деңгейде
қорғалған. Соның ішінде 2 мақаласы Ауыл шаруашылығының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру механизмдері және Әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорация – экономиканы мемлекеттік реттеудің құралы ретінде
тақырыбындағы мақалалары арнайы жинаққа енген. Бұдан бөлек 2008 жылы сәуір
айында Ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмдері
тақырыбымен автордың ғылыми жұмысы республикалық студенттік ғылыми жұмыстар
конкурсына, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының конкурсына және ҚР
тұңғыш Президенті атындағы қордың конкурсына қатысты. 2009 жылғы қаңтар
айының 20 жұлдызында Болон үдерісі аясында жоғары білім берудің сапасын
жетілдіру: болмысы, мәселелері және келешегі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
оқытушы-профессорларының ХХХІХ ғылыми-әдістемелік конференциясында автордың
э.ғ.к., доцент М.Қ. Байгісиевпен бірге жазылған Мемлекеттік тілдегі
экономикалық терминдердің қазіргі ахуалы мақаласы қорғалды.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен
қосымшалардан(слайдтар) тұрады.

І БӨЛІМ. АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Агроөнеркәсіптік кешеннің түсінігі, қағидалары мен құрылымдық
ерекшеліктері

Біздің экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы аса маңызды
саласы – аграрлық өндірістің тиімділігін көтеру болып табылатыны баршаға
мәлім. Бүгінде Қазақстанның БСҰ-ға мүшелікке енуге талпыныс білдіріп жатқан
тұста бұл мәселенің өзектілігі арта түсетінін байқауға болады. Алайда,
саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерін талдамас бұрын, оның
теориялық аспектілерін негіздеп алған жөн.
Жоғарыда атап өткеніміздей, агроөнеркәсіптік кешенді зерттеумен көптеген
отандық және шетелдік ғалымдар айналысып келеді. Олардың зерттеу еңбектері
әр түрлі бағытта болғанымен, жалпы тұжырымдары, байламдары мен ғылыми
пікірлері бір ортақ арнада тоғысып жатады. Алайда, агроөнеркәсіптік кешен
ғылыми-теориялық тұрғыдан алғанда әлі де толық зерттеуді қажет етеді.
Агроөнеркәсіптік кешенді теориялық тұрғыда зерттеуді оған берілген
анықтамалардан бастасақ, бұл саладағы ғылыми көзқарастар да әр түрлі
бағытта өрбиді. Ғалымдардың бір тобы агроөнеркәсіптік кешенді жалпы ауыл
шаруашылығы экономикасының құрылымында қарастырса, енді бірі керісінше ауыл
шаруашылығын агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымында қарастыру керек деген
пікірді алға тартады. Әрине, қалай алып қарасақ та бұл екі сала бір-бірімен
өте тығыз байланысты әрі бір-бірінің толықтырушы құрамды бөлігі іспетті
көрінеді. 70-жылдардың ортасында отандық ауыл шаруашылығы ғылымында ауыл
шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше,
агроөнеркәсіптік кешен түсінігі пайда болып, ғылыми және іс-тәжірибелік
қолданысқа еніп кетті. Оның ауыл шаруашылығынан ерекшелігі – оның
құрылымында деп айтуға болады. Агроөнеркәсіптік кешеннің үш саласы – қор
шығаратын салалар, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу,
тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Көптеген
экономист аграршы-ғалымдардың еңбектерін саралай келе, Т.И. Есполовтың
анықтамасын агроөнеркәсіптік кешеннің мәні мен мазмұнын барынша ашатын, әрі
оның экономикалық табиғатына сай келетін анықтама ретінде тануға болатынына
көз жеткіземіз.
Агроөнеркәсіптік кешен – бұл халық шаруашылығының ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен, және тұтынушыға жеткізумен
айналысатын салалар жиынтығы.2
Осыдан кейін ауыл шаруашылығы саласын тұтас агроөнеркәсіптік кешеннің
құрылымында қарастыратын ұстанымға қосылуға болады. Себебі, бұл жерде ауыл
шаруашылығы саласының ауқымы кең емес. Ол екі салаішілік құрылымнан тұрады:
мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы. Ал, агроөнеркәсіптік кешеннің
ауқымы анағұрлым кең болып келеді. Бұл турасында кейінірек толығырақ
баяндайтын боламыз. Мұнда ауыл шаруашылығы агроөнеркәсіптік кешеннің ең
негізгі құрамды бөлігі болып табылады, яғни ауыл шаруашылығы болмаса
агроөнеркәсіптік кешеннің болуы мүмкін емес. Сондықтан агроөнеркәсіптік
кешен мен ауыл шаруашылығы саласын өзара тығыз байланыста зерттеу ғылыми-
теориялық, сондай-ақ іс-тәжірибелік тұрғыдан алғанда орынды саналады.
Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы үш негізгі салаларды біріктіретінін
жоғарыда айтып өттік. Сәйкесінше, агроөнеркәсіптік кешендегі өнім өндіру
үдерісі келесі тізбек бойынша жүзеге асады: (1-Сурет)

Агроөнеркәсіптік кешен

Ауыл шаруашылығы

І ІІ ІІІ
Қор шығаратын
салалар
Дайындау, сақтау,
өңдеу, сату

Материалдық
қызметтер

1-Сурет. Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Бірінші салаға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау,
минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаулың химиялық
құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және
микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін
салалар кешені кіреді.
Екінші саланы ауыл шаруашылық өндірісінің салалары – егін шаруашылығы,
мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру секілді салалар
кешені құрайды.
Үшінші сала ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау
және өңдеу мен өткізуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы
болып табылады.3
Агроөнеркәсіптік кешенді жекелеген сфераларға бөлу үдерісінің
экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіптік кешеннің түпкі өнімін
жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай
алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген
салалар мен сфералардың рационалды арақатынасынан айқындалатын
болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-теңдік құрылымының қажеттілігінде
жатыр. Қазақстанда маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының басты
себебі, ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түліктің көп шығынға ұшырауы
болып табылады. АӨК-нің пайда болуы мен дамуы өндіргіш күштер дамуының
жоғары деңгейі, қоғамдық еңбек бөлінісі, ауыл шаруашылығының халық
шаруашылығының басқа сфераларымен байланысының кеңеюі секілді
агроөнеркәсіптік интеграцияның дамуымен байланысты. Агроөнеркәсіптік
интеграция дамыған нарықтық экономиканың сипатты белгісі болып табылады.
Агроөнеркәсіптік интеграция ретінде техникалық прогрестің ауыл
шаруашылығының дамуына әсер ету үдерісі түсініледі. Ол өнеркәсіптік
өндірістің ауыл шаруашылығымен ұйымдық-техникалық интеграция нысанында
көрінеді және меншіктің әртүрлі типтерін қолдану арқылы шаруашылық
жүргізудің барынша тиімді әдіс-тәсілдерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Агроөнеркәсіптік интеграцияның сипатты белгілері болып:
- ауыл шаруашылығы ресурстарының өнеркәсіптік және құрылыс, яғни
инвестициялық үдерістермен байланысы;
- дайын өнім өндіруде аграрлық және индустриалдық технологиялардың
бірігуі және өзара әрекет етуі;
- нарықтық жағдайдағы агроөнеркәсіптік фирмаларды құру және олардың
шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмдеріне бейімделуі;
- аграрлық, өнеркәсіптік, транспорттық, құрылыс және коммерциялық
фирмалардың салааралық қажеттіліктеріне жауап беретін нарықтық
инфрақұрылымның дамуы табылады.
Агроөнеркәсіптік интеграция теориясының мәні өндіргіш күштер мен қоғамдық
еңбек бөлінісінің тереңдеуінен өндіріс пен іс-әрекет түрлерінің даралануы
мен ерекшеленуінде, басқаша айтқанда, нарықтың шарттары мен талаптарына
сәйкес өнімнің жекелеген түрлерін шығаруға мамандануында жатыр.
АӨК құрамы. АӨК-нің қазіргі құрамы 4 негізгі сферадан тұрады. Бірінші
сфера – ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарын жеткізуші өнеркәсіп
салаларының жиынтығы. Осы сфераға жататындар:
• машина жасау. Қазақстанда бұған Павлодар трактор зауытын, Қостанай дизель
зауытын және мал шаруашылығына қажетті машиналар шығаратын 3 зауытты
жатқызуға болады.(Манкентживмаш, Актюбсельмаш, Мамлют машина зауыты).
• химия өнеркәсібі. Минералды тыңайтқыш өндірісі мен айналысатын
кәсіпорындар Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарында орналасқан.
Республикада өндірілетін фосфор тыңайтқыштарының жартысы ТМД елдеріне
экспортталады.
• микробиологиялық өнеркәсіп. Бұл өнеркәсіпке Шымкент гидролиз зауыты,
Түркістан жемдік антибиотиктер зауыты, Степногорскідегі Прогресс зауыты
кіреді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мен ауыл шаруашылығына өндіріс
құралдарын жеткізушілердің өзара қатынасы өндіріс құралдары нарығы арқылы
жүзеге асады. Өндіріс құралдары нарығы немесе инвестициялық тауарлар нарығы
бүкіл негізгі және айналым капиталдарын, сондай-ақ өндіріс құралдарын алу
үшін талап етілетін ақша қаражаттарын да өзіне қосады.
Екінші сфераны өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өндірістік-
технологиялық, агрохимиялық, ирригациялық-мелиоративтік және ветеринариялық-
санитариялық қызмет көрсету салаларын біріктіретін ауыл шаруашылығы
құрайды. Ауыл шаруашылығы күрделі экономикалық және табиғи-биологиялық
жүйемен көрінеді. Бұл жердегі ұдайы өндіріс жерді, өсімдік пен жануарларды
пайдалануға және де экономикалық және табиғи-биологиялық заңдардың өзара
әрекет етуіне негізделеді. Сондықтан АӨК ерекшеліктері айтарлықтай көлемде
оның негізгі звеносы – ауыл шаруашылығымен анықталады.
Үшінші сфера – ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, сақтау және қайта
өңдеуді қамтамасыз ететін өндіріс салаларының жиынтығы. Мұнда тамақ, ет-
сүт, ұн, жем дайындау өнеркәсіптері, сондай-ақ дайындау ұйымдарының желісі
біріктірілген.
Қайта өңдеу өнеркәсібі 25 саланы біріктіреді. Олардың негізгілері ет –
24,7%, сүт – 10,5%, нан және макарон өнімдері – 7,3%, кондитер – 3,9%, ұн
және жем дайындау – 17%, жүнді алғашқы өңдеу – 15,9%.
Агроөнеркәсіптік кәсіпорынның басқа ауыл шаруашылық кәсіпорнынан
айырмашылығы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде оны қайта өңдеу кезеңдерін
де қосады, басқаша айтқанда тұтынуға дайын өнімдерді алады. Ал соңғы өнім
тек қана аграрлық сектордың шикізат саласы және өнеркәсіптің қайта өңдеу
салаларымен тығыз өндірістік-экономикалық байланысының негізінде, сондай-ақ
өнімді жеткізу мен өткізуде алынады.
АӨК құрамында төртінші сфера маңызды орын алады. Төртінші сфераға өндіріс
дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ететін жол-көлік шаруашылығы, байланыс,
материалдық-техникалық қызмет көрсету, сақтау жүйесі, қойма шаруашылығы
секілді инфрақұрылым салалары кіреді. Әрбір салада өндірістік және
әлеуметтік инфрақұрылымдарда бөліп көрсету қабылданған. өндірістік
инфрақұрылым тікелей өндіріске қызмет етуші салалар, әлеуметтік
инфрақұрылым – адамның өмір сүру шарттарын қамтамасыз етуші салалар.
АӨК-нің соңғы өнімін материалдық-заттық құрамы бойынша және өнім құны
бойынша анықтауға болады. Материалдық-заттық құрамы бойынша АӨК-нің соңғы
өнімі ауыл шаруашылығы шикізатынан өндірілген және тұрғындардың жеке және
қоғамдық және басқа да өндірістік емес тұтынуға, қорға жинауға, сондай-ақ
экспортқа жіберілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінен тұрады. Өнім құны
бойынша АӨК-нің соңғы өнімі АӨК салаларында жасалған өнім құнын, өндірістік
қызметтерге амортизациялық аударымдарды білдіреді. АӨК-нің салалық
құрылымында ауыл шаруашылығының үлесі – 78%, қайта өңдеу салалары – 22%.
Болашақта қайта өңдеу салаларының даму қарқынының артуымен байланысты,
қайта өңдеу салаларының үлесі көбейеді, ауыл шаруашылығының үлесі азаяды
деп болжануда.
АӨК-нің келесідей өзіндік құрылымдық ерекшеліктерін атауға болады:
- экономиканың негіз құраушы саласы бола отырып, табиғи-климаттық
факторларға тәуелділігі;
- негізгі өндіріс құралы ретінде жермен тығыз байланыстылығы;
- еңбектің нәтижелілігін және өнім көлемі мен сапасын алдын ала дәл
анықтау мүмкін емес;
- басқа салаларға қарағанда биологиялық ресурстар мен Күн энергиясы басты
қажеттіліктер болып табылады;
- меншік нысандарының әртүрлілігі оның әлеуметтік-экономикалық ерекшелігі
болып табылады.
- жоғарыдағы ерекшеліктеріне байланысты саланы мемлекеттік реттеу
ерекшеліктері бар.
Сонымен қатар, Е.В. Серова АӨК-нің ерекшелігіне жетілген бәсекенің болуын
және нарыққа ену мен нарықтан шығудың қарапайымдылығын, яғни еркіндігін
қосады.3 Расында аграрлық нарыққа ену мен шығуда ешқандай экономикалық,
саяси, әлеуметтік, сондай-ақ институционалдық шектеулер жоқ.

1.2 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекет
саясатының рөлі және оның қағидалары мен әдістері

Кез келген республиканың ауыл шаруашылық секторы қашанда табиғи-климаттық
факторларға тәуелді. Сондықтан да кез келген мемлекет ауыл шаруашылық
саланы белгілі бір мөлшер мен шектерде реттейді, ал реттеудің өзі
мемлекеттік қолдау түрінде жүзеге асады. Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан
Республикасы халық шаруашылығының ірі саласы, бүгінде ауылды жерлерде
республика халқының 43%-ы тұратындықтан елдегі экономикалық және әлеуметтік
жағдай көбінесе осы саладағы ахуалға қатысты болып келеді.
Мемлекеттік реттеу нарықтық экономика жағдайында өз табиғатында болу үшін
оның нақты теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау қажет. Ол ең алдымен
елде экономикалық және саяси келісім орнату мақсатын көздеуі керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеу – экономиканы
әкімшіл-әміршілдік басқарумен салыстырғанда іс жүзінде жаңаша сипатқа ие
болатыны сөзсіз. Мұнда біріншіден, реттеудің әкімшілік емес, экономикалық
әдістерінің басымдылығы мен тиімділігін айту керек, екіншіден, мемлекет
тарапынан ұсынылатын шарт пен бағдарламаны таңдауға мүмкіндік беретін
реттеудің индикативтік әдістеріне көшудің жүзеге асуын айтуға болады,
үшіншіден, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара келісімі негізінде
шешім қабылдаудың демократиялық қағидаларына көшу де маңызды роль атқарады.

Нарықтық экономика шарттары тұрғысынан қарастыратын болсақ, экономиканы
мемлекеттік реттеудің өзіндік айқын қажеттіліктерін байқаймыз. Олар, өз
кезегінде келесідей нарықтың кемшіліктері арқылы көрінеді:
1. Нарық банкроттықтан сақтандыра алмайды;
2. Нарық көптеген кәсіпорындардың, жер иеленушілердің, сатушылардың
қызметін үйлестіре алмайды, оның үйлестіруші қызметін мемлекет өзіне
қалдырады;
3. Нарық әрқашан монополиялануға ұмтылады;
4. Нарықтық механизм сыртқы әсерлер деп аталатын мәселелерді шеше
алмайды. Мысалы, қоршаған ортаны ластанудан қорғау, шаруашылық
жүргізуші субъектілер арасындағы дауларды шешу және т.с.с.4
Экономикалық тұрғыдан алғанда, таза нарықтық экономика болмайтынын
әлемдік тәжірибе дәлелдеп отыр. Мемлекет экономикаға әрқашан да араласқан.
Мұнда тек оның мақсаттары, міндеттері, ауқымы мен нысандары ғана әр түрлі
болып келеді. Бүгінде аграршы-ғалымдар ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу
және қолдау мәселелерін түбегейлі зерттеуде. Агроөнеркәсіптік кешеннің
сұраныс пен ұсыныстың төмен бағалық икемділігі жағдайында мемлекеттік
қолдаусыз өзіндік реттеудің нарықтық механизмдері арқылы ғана тұрақты
дамуға қол жеткізуі мүмкін емес. Жоғарыда атап өткеніміздей, экономиканы
мемлекеттік реттеу кез келген қоғамда, кез келген экономикалық жүйеде орын
алған. Соған сәйкес мемлекеттік реттеу мәселелерін зерттеу де шетелдік және
отандық ғалымдардың еңбектерінде көптеп кездеседі. Мемлекеттік реттеу
туралы П. Самуэльсон мен В. Нордхаус рыноктық механизм көптеген
салаларда баға мен өндірісті анықтайды, ал мемлекет өз кезегінде рынокты
салық салу, шығындар арқылы реттейді. Екі жақ та – рынок және мемлекет те
маңызды. Экономиканы екеуінің біреуінсіз басқару бір қолмен қол соғуға
тырысқанмен бірдей деген пікір айтады.5
Экономиканы мемлекеттік реттеу идеясы нарықтық экономикалы елдерде ХХ
ғасырдың 50-60 жылдарынан бері жүзеге асырылып келеді. Бүгінде көптеген
елдерде ауыл шаруашылығы экономикасын мемлекеттік реттеудің әр түрлі
механизмдері енгізілген. Оларда шаруаларды мемлекеттік қолдау механизмдерін
жасай отырып, нарықтың көрінбейтін қолының еркіндігін шектеу қажеттігі
айқындалған. Мұндай механизмдер өз жеріне меншік иесі бола отырып, оны
тиімді пайдалану мен сақтауға мүдделі ерікті шаруа мүдделеріне
бағытталғанда ғана дұрыс жұмыс істей алады. Әлемдік ауыл шаруашылықтың
тәжірибесі ертеректе көрнекті ресейлік экономист-ғалым А. Чаяновтың ғылыми
тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеді. Әсіресе, оның айтуынша, техниканың аса
зор даму жағдайында да осы салада отбасылық фермерлік шаруашылықтар маңызды
роль атқара алады. Мысалы, АҚШ-та ХХ ғасырда өндірілген өнімнің 60%-ға
жуығын жеке отбасылық фермалар өндірді. Ал, жерге меншік пен экономикалық
мүддеден айырылған шаруалар, тәжірибе көрсеткендей ондай нәтижеге қол
жеткізе алмаған.
Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп санайды.
Алайда, Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Стиглердің мемлекетік реттеу
жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік
реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді
істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді.6 Мұндай құбылыстар
нарықтық қатынастарының қалыптасқанына көп бола қоймаған Қазақстан
экономикасының аграрлық саласына да тән.
Сонымен мемлекеттік реттеу дегеніміз – мемлекеттік басқарушы органдардың
шаруашылық жүргізуші субъектілердің және әлеуметтік-экономикалық
құрылымдардың әрекетіне, экономиканы тұрақты дамыту мақсатында қолданылатын
мемлекеттік шаралар жүйесі. Отандық ғалым А. Кайгородцев
агроөнеркәсіптік өндірісті мемлекеттік реттеуді ауыл шаруашылығы өнімін
және шикізат пен азық-түлікті өндіру, өңдеу мен өткізуге мемлекеттің
экономикалық, әкімшілік және заңнамалық әсер ету жүйесі деп түсіну керек
деген пікірді алға тартады.7
АӨК-ді мемлекеттік реттеу қажеттілігі: 1) шикізат пен азық-түлік, ауыл
шаруашылығы өнімдері нарықтарының елдің макроэкономикалық жағдайына әсер
етуімен;2) өнімді өндіру, өңдеу және өткізу үрдістерінде қалыптасатын
табыстарды экономикалық әділетті жолмен бөлуді қамтамасыз етуге нарықтың
қабілетсіздігімен;3) табиғи факторлардың оның нәтижелілігіне әсер етуімен
анықталатын ауыл шаруашылығы өндірісінің спецификасымен;4) ауыл
шаруашылығын ауыл территориясын сақтаудың және ауыл тұрғындары іс-
әрекетінің негізгі түрі ретінде қолдаумен байланысты болып келеді. АӨК-ні
мемлекеттік реттеудің міндеттері: 1) агроөнеркәсіптік өндірістің дамуы;2)
елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;3) шикізат пен азық-түлік,
ауыл шаруашылығы өнімдері нарықтарын реттеу;4) халықтың азық-түлікпен
қамтамасыз етілуін жақсарту;5) ауыл шаруашылығы мен экономиканың басқа
салаларының теңгермешілігін (паритетін) қолдау;6) ауыл шаруашылығы мен
басқа салалардағы жұмысшылар табыстарының деңгейін теңдестіру;7) отандық
тауар өндірушілерді қорғау болып табылады. Мемлекеттің реттеуі мен
қолдауынсыз аграрлық сектордың дамуы мүмкін емес. Сондықтан да аграрлық
қатынастарды оңтайлы реттеу үшін мемлекеттік реттеудің мақсатты
бағытталған, тұрақты және белсенді саясаты, яғни реттеу мен қолдаудың
ерекше мемлекеттік саясаты қажет. Шетелдердің ауыл шаруашылығы саласының
дамуында аграрлық сектордың дамуын мемлекеттік реттеу тек қана қажеттілік
емес, сонымен бірге көптеген шет мемлекеттердің дамуы үшін заңдылық болып
табылатынын әлемдік тәжірибе көрстіп отыр.8 Аграрлық секторды және
агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу көпқырлы және кешенді түсінік
болып табылады. Солай бола отырып, нормативтік-құқықтық актілерді дайындау,
азық-түлік тәуелсіздігіне, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына қол
жеткізу үшін мемлекеттік органдар іс-әрекетін ұйымдастыру жолдарымен
мемлекеттің ұйымдық-шаруашылық іс-әрекетке мақсатты түрде әсер етуін
көрсетеді. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін, шикізат пен азық-
түлікті өндіру, өңдеу және өткізуге, сонымен қатар өндірістік-техникалық
қызмет көрсетуге және агроөнеркәсіптік өндірістің материалдық-техникалық
қамтамасыз етілуіне мемлекеттің экономикалық әсерін білдіреді.
Экономикалық реформаларды жүргізудің тарихи тәжірибесі көрсеткендей,
қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде аграрлық реформалардың
бағыты, дұрыстығы мен жүйелілігі үлкен роль атқарады. Тәуелсіздік алған
алғашқы жылдары Қазақстанда аграрлық саясатты жүргізу барысында осы дұрыс
бағыт пен жүйелілікті қамтамасыз етуге қажетті көңіл бөлінбеді де, соның
салдарынан басқарудың, жоспарлаудың әкімшілік әдістерінен бірден бас тарту
орын алып, жедел жекешелендіру жергілікті жағдайды ескерусіз жүргізілді.
Мемлекеттік басқару, жоспарлы үйлестіру жаңа жағдайда мемлекеттің
экономикалық саясатын жасаудың ғылыми негізі ретінде әлеуметтік-
экономикалық мәселелерді, оның ішінде баға белгілеу, қаржы-несие саясаты
мен салықтық реттеу, ғылыми-техникалық болжау жүйелерін де қамтиды.
Қоғамдық мүдде тұрғысынан экономиканың аса маңызды секторларының (соның
ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің) дамуын мемлекеттік реттеудің әр түрлі
әдістерін – инвестиция, салықтар, несиелер, субвенциялар, әр түрлі
жеңілдіктерді пайдалану арқылы қамтамасыз ете аламыз. Агроөнеркәсіптік
кешеннің қосалқы салаларының, әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымының
дамуы үшін салықтық жеңілдіктер беру маңызды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып,
мемлекеттік салық және қаржы-несие саясаты аграрлық секторға қатысты
мынадай екі негізгі қағиданың негізінде құрылуы қажет:
• ауыл шаруашылығының басымды түрде дамуы;
• шаруашылық жүргізудің барлық ұйымдық-экономикалық түрлерінің
теңдігі.
Осылайша, азық-түлік пен шикізаттың сатып алу бағасын едәуір төмендету
арқылы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін де жақсартуға болады.
Мемлекеттің аграрлық саясатын жан-жақты талдай келе, осы саясат негізінде
шешімін табуға тиіс бірқатар мәселелер жатқанын көреміз:
- кооперацияның мүмкіндіктерін максималды пайдалану және шаруашылық
жүргізудің әр түрлі тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарында өндірістің
көпукладты аграрлы құрылым құруды аяқтау, осы салада кәсіпкерлік пен
шағын бизнестің еркін дамуын қамтамасыз ету;
- аграрлық секторды кәсіпорындар мен ұйымдардың экономикалық ерекіндігімен
жанама мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету;
- аграрлық сектордың дамуын мемлекеттің мақсатты бағдарламаларын жүзеге
асыру негізінде мемлекеттік қолдау;
- отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қорғауды және бәсекеге
қабілетті өнімдер мен азық-түлік тауарларымен әлемдік нарыққа шығуын
қамтамасыз ету;
- салық саясатының және қаржы-несиелік жүйе мен бағалық реттеудіңнарықтық
механизмдерін жетілдіру, ауыл шаруашылығы өндірісі мен тамақ
өнеркәсібінің ресурстық әлеуетін жаңалауға инвестиция бағыттау;
- аграрлық секторды заманауи техникамен, минералды тыңайтқыштармен,
өсімдік қорғау құралдарымен, ветеринарлық медицина құрал-жабдықтарымен
және тауар өндірушілерді агросервистік қызмет көрсетулермен қамтамасыз
ету үшін отандық ауыл шаруашылығы машинасын жасау және химия
өнеркәсібінің дамуын жеделдету;
- жерді рационалды пайдалану, оны қорғау, өндірістің экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- экологиялық таза өнімдер өндірісінде жаңа ресурс жианқтаушы технологияны
игеру;
- жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнім өндіру мақсатымен ауыл
шаруашылығы өндірісінің өнеркәсіптік қайта өңдеумен интеграциялық
үрдістерін тереңдете дамыту;
- агроөнеркәаіптік өндірісте, мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы
дақылдарының селекциясын дамытуда мемлекеттің ғылыми-техникалық саясатын
іске асыру;
- ауылдың әлеуметтік дамуын жеделдету, ауыл тұрғындарының өмір сүру
деңгейі мен сапасын арттыру, ауылдық елді мекендерде өмір сүруге толық
жағдай жасау.
Қазіргі кезде мемлекеттік реттеудің мақсаты – аграрлық секторды нарықтық
экономиканың тиімді саласына айналдыру; агроөнеркәсіптік өндірістің тұрақты
дамуын қамтамасыз ету; өндірістің қалыпты экономикалық қызмет етуі үшін
жағдай жасау; осы салада кәсіпкерлік қызметтің дамуын қолдау болып
табылады. Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін қолдау мемлекеттің қосымша
шығындары бола отырып өндірістің өсуі үшін жағдай туғызады, инфрақұрылымның
дамуын жеделдетеді, жұмыссыздықты төмендетеді, баға тепе-теңдігін ұстап
тұрады, ал тұтастай алғанда әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Мұндай шығындарға іс жүзінде әлемнің барлық елдері жол береді.
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қағидаларын қарастырмас бұрын АӨК-
нің әрекет етуінің өзіндік қағидаларына тоқталайық. Олар келесідей:
- АӨК-нің барлық салаларының пропорционалды дамуы қағидасы. АӨК-нің
көптеген салалары бар, мысалға ауыл шаруашылығы өнімдірін қайта өңдеуші
саласын айтуға болады.
- ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басымды дамуы қағидасы. Бұл қағида
елдегі азық-түлік проблемасын түбегейлі шешудегі негізгі база ретінде
аграрлық секторды және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының ауыл
шаруашылығы өндірісін ұлғайтудағы шешуші ролін мойындаудан туындайды.
- АӨК-нің кәсіпорындарын басқаруда соңғы нәтижеге бағдарлану қағидасы. Бұл
қағида АӨК-нің барлық жүйесіне қатысты болып келеді.
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің нарықтық қағидалары келесідей
болуы керек деп санаймын:
- сыртқы экономикалық және ішкі экономикалық қатынастарда аграрлық
саладағы белгілі бір жеңілдіктерді белгілеуді жоспарлайтын аграрлық
протекционизм қағидасы. Ұлттық мүдделерді қорғау үшін әлемнің дамыған
нарықтық елдері әлеуметтік институт ретінде мемлекеттік протекционизмді
қолоданады. Аграрлық протекционизмнің негізінде келесідей қағидалар
жатыр: а) елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау. Елдің экономикалық
қуатының бір атрибуты оның азық-түлік қауіпсіздігі болып табылады. ә)
импортты шектеу және экспортты қолдау. Демек, мемлекет сырттан келетін
импорт ағындарын бақылау керек және ауыл шаруашылығы тауар
өндірушілеріне өз тауарларын сыртқа шығаруға жәрдемдесуі қажет, сонымен
қатар, бұл екеуінің арасындағы балансты сақтауы керек. б) бұл ең
бастысы, яғни аграрлық секторды тұтас экономиканың маңызды салаларының
бірі ретінде дамыту.
- әр түрлі деңгейде қабылданған мақсатты бағдарламаларды олардың орындалуы
мен бақылауды реттеу қағидасы;
- АӨК-нің басымды дамуы; АӨК-нің басымды дамуы аграрлық сектордың
экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде халықты азық-түлікпен, ал
өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуінде жатыр. Мұнда әрбір адамның
және тұтас мемлекеттің мүдделері тоғысып жатыр.
- экономиканың басқа салаларындағы және аграрлық сектордағы табыстарға
баға теңгермешілігін (паритетін) белгілеу және қолдау. Мемлекет табыс
пен баға теңгермешілігін аграрлық салада да, сондай-ақ экономиканың
басқа салаларында да қолдауға тиіс.
- мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістермен жүзеге асырылуы қағидасы;
- мемлекеттік және басқа да шаруашылық құрылымдардың ауыл шаруашылығы
кәсіпорындарының іс-әрекетіне тікелей араласуына жол бермеу қағидасы;
- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік-шаруашылық іс-әрекетті
жүзеге аыруда дербестікті сақтау және кепілдендіру қағидасы.
Осылайша, экономикалық реттеу өндірістік-шаруашылық іс-әрекеттің
дербестігін қамтамасыз етеді, меншікті басқарудың еркіндігін нығайтуға ауыл
шаруашылығы кәсіпорындарының шаруашылық-өндірістік іс-әрекетінде жаңа
өндірістік базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. Аграрлық секторды
мемлекеттік реттеудің экономикалық әдістерінің басты қызметі өндіріс
тиімділігінің барынша жоғары деңгейінде қоғамғ қажетті өнім өндіру үшін
қолда бар ресурстарды толық пайдалануға мүмкіндік беретіндей өндірушілердің
экономикалық мүдделеріне ықпал етуді қамтамасыз етуінде жатыр. Аграрлық
секторды мемлекеттік реттеудің маңызды элементі – саланы мемлекеттік
қолдау. Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау саяси, сондай-ақ экономикалық
факторлармен және аграрлық сектордың ерекшеліктерімен шарттасылған.(ауыл
шаруашылығы өндірісі ұйымдарының бірқатар нысандарының болуы; жерді
өндірістің негізгі құралы ретінде пайдалану; жергілікті топырақтық және
табиғи-климаттық жағдайлардың әр түрлілігі; көптеген кәсіпорындардың
көпсалалық сипаты)
Аграрлық секторды мемлекеттік қолдау өз кезегінде келесідей қағидаларға
сүйенуі керек:
1. ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өзін-өзі қаржыландыру
негізінде жұмыс істеуі қажет, ал мемлекет тарапынан қолдау
шаралары шаруашылық жүргізудің қалыпты экономикалық жағдайын
қамтамасыз ету үшін толықтырушы роль атқаруы керек.
2. субсидиялар, дотациялар, жеңілдіктер және басқа реттеуші тетіктер
мен құралдар тауар өндірушілерді тиімді шаруашылық жүргізуге
бағдарлауы қажет, оларды қатаң дифференциалды түрде қолдану керек.
Мемлекеттік қолдау әкімшілік әдістер ретінде көрінеді, яғни
құқықтық актілерде көрініс табады.
Өндірістік әлеуетті сақтау, қолдау, жаңалау және жаңғырту бойынша
аграрлық секторды тікелей қаржылық қолдау әр түрлі нысанда көрінуі мүмкін:
- бұрын қабылданған және қазіргі уақытта қолданылмай отырған мемлекеттік
мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру;
- ірі өндірістердің әлеуетін қолдау, сондай-ақ шаруа қожалықтарының жаңа
тиімді қуатын қалыптастыру бойынша жеңілдетілген мақсатты несиелер;
- техникалардың мақсатты лизингін жасау;
- мал шаруашылығының тапшылық өнімдеріне берілетін дотацияны оның өндірісі
мен шаруашылық мамандануының зоналық жағдайы есебінен сақтау;
- өнім мен мүлікті сақтандыруда көмек көрсету;
- жеке меншіктегі жерге кепілдік операцияларын дамыту;
- салықтарды төмендету, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін
ауыл кәсіпорындарында;
- нарық инфрақұрылымдарын дамытуда, көтерме нарықтар құруда және
аукциондар өткізуде көмек көрсету;
- импортталатын дайын азық-түлік өнімдеріне кедендік салымдарды арттыру,
экспортты субсидиялау.
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру үшін
ел экономикасының осы саласындағы мемлекеттік реттеуші органдардың
құзіреттілігі мен құрылымын тұрақты жетілдіріп отыру қажет. Сөз соңында
аграрлық секторды мемлекеттік қолдаудың келесідей бағыттарын ұсынуға
болады:
1. Шаруа-фермерлерге, әсіресе жұмысын жаңа бастаған фермерлерге
қаржылық қолдау көрсету;
2. Табиғи-климаттық жағдайы қолайсыз аудандарда аграрлық сектордың
дамуы үшін қаржылық қолдау көрсету;
3. Аграрлық секторды көтеру үшін облыстарға субвенция бөлудің құқықтық
негіздерін қарастыру;
4. Аграрлық секторда жеңілдікті салық салудың арнайы режимін анықтау.

1.3 Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру шараларын
құқықтық қамтамасыз ету бағыттары

Бұдан алдыңғы бөлімде айтып кеткеніміздей, экономиканы мемлекеттік реттеу
кез келген экономикалық жүйеге тән құбылыс. Алайда, мемлекеттік реттеу
белгілі бір мөлшер мен шектерде жүзеге асуы тиіс. Сондықтан мемлекет
экономиканы мемлекеттік реттеуді іске асырмас бұрын, оны іске асырудың
мақсатын, міндеттері мен қағидаларын, тетіктері мен мерзімін, құралдары мен
әдіс-тәсілдерін, сондай-ақ мемлекеттік реттеудегі мемлекеттік органдардың
рөлі мен құзыреттілігін заң жүзінде анықтап алуы қажет. Тіпті, экономиканы,
соның ішінде, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу тиісті
органдардың қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауынан басталады
деген қорытынды жасауға болады. Әрине, өз кезегінде нормативтік-құқықтық
актілер тек жоғарыда айтылған шараларды ғана айқындамайды, сонымен қатар,
қандай да бір еркіндіктер мен мүмкіндіктерге қол жеткізуге ықпал етуі
қажет. Бұл жерде әңгіме аграрлық сектордағы кәсіпкерлік іс-әрекетке қатысты
болып отыр.
Бүгінгі таңда агроөнеркәсіптік кешеннің қызметін және оны мемлекеттік
реттеуді ұйымдастыратын негізгі Заң Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық
аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының
Заңы екендігі белгілі.9 Алайда, республикада агроөнеркәсіптік кешенді
мемлекеттік реттеу бұдан бұрын да жүзеге асқан. Оны құқықтық реттеуші құжат
ҚазССР-ғы ауыл, село және агроөнеркәсіптік кешеннің басымды дамуы туралы
ҚазССР-ның Заңы болған.10 Осы Заң бойынша аграрлық секторды мемлекеттік
реттеу келесідей қағидаларға сүйенген болатын:
- агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдың басымды дамуы;
- шаруашылық жүргізудің және меншік нысандарын таңдау дербестігі;
- агроөнеркәсіптік кешенде шаруашылық жүргізу нысандарының теңдігі;
- жер телімдерін ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне бірінші кезекте
бөлу;
- ауыл шаруашылығы өндірісіне, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына
өнеркәсіптік кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың қатысуы.
Тұтастай алғанда, Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды
дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңы аграрлық
саланы интенсивті дамытуға бағытталғанымен, оның бірқатар баптары іс
жүзінде орындалып жатқан жоқ. Тіпті, Заңның өзінде бірқатар кемшіліктер
бар. Мәселен, аталған Заңның мемлекеттік органдардың және өзін-өзі басқару
органдарының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеу саласындағы құзыретіне арналған 2 тарауындағы нормалар
Қазақстан Республикасы Конституциясының IV, V, VI бөлімдеріндегі құқықтық
нормаларды қайталап тұр.11 Жоғарыдағы Заңның 2 бабының бірінші тармағына
сәйкес, осы Заң ҚР Конституциясына негізделеді, бірақ ол Конституциядағы
құқықтық нормаларды қайталайды деген сөз емес. Айталық, ҚР Конституциясының
49 бабына сәйкес Парламент – ҚР-ның заң шығару қызметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғары өкілді органы.11 Ал, Заңға аграрлық секторды
реттеуші мемлекеттік орган ретінде ҚР Парламентін қосу мүлдем қате. Әрине,
барлық нормативтік-құқықтық актілер, соның ішінде аталған Заң да Парламент
арқылы қабылданады, алайда Парламент реттеуді тікелей жүзеге асыратын
атқарушы билік тармағы емес. Аталған Заңның баптары мемлекеттік қолдаудың
бағыттарын ғана анықтайды, алайда оның нақты тетіктері жоқ. Заңға сәйкес,
ҚР Үкіметінің құзыретіне агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды
дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу кірсе,
ал агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның құзыреті
мемлекеттің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі саясатын іске асыру
болып табылады. Алайда, бұл жерде алдымен мемлекеттік аграрлық саясатты
анықтап, содан кейін оны жүзеге асыру қажет. Бұл жерде де нормалардың,
тиісінше іс-әрекеттердің қайталануы байқалады.
АӨК-ді дамытуды мемлекеттік ретеудің мақсаттарын алдыңғы бөлімде
қарастырдық. Ал, Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында ең негізгі 4
мақсат айқындалған. Олар:
1. Ауылдық аумақтың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын
дамыту және ауыл халқын қолайлы тұрмыс жағдайларымен қамтамасыз
ету;
2. Мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3. Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды тұрақты
экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;
4. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта
өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау болып
табылады.9
Алға қойған мақсатқа сәйкес, осы заңның 9 бабының 2 тармағындағы
келесідей шаралар орындалады:
• агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласында кредит беруді
дамыту;
• агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау;
• сатып алу операциялары мен баға интервенцияларын жүргізу;
• мамандандырылған ұйымдар құру;
• агроөнеркәсіптік кешен тауарларының экспорты мен импортын реттеу;
• агроөнеркәсіптік кешенді техникалық жарақтандыру;
• агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету;
• агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми, нормативтік-әдістемелік қамтамасыз
ету және ол үшін кадрлар даярлау;
• ауылдық аумақтың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымының дамуын
инвестициялауды жүзеге асыру;
• ауылды оңтайлы қоныстандыруды ұйымдастыру;
• ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету;
• салықтық, бюджеттік, кедендік-тарифтік, техникалық реттеу.9
АӨК-ді мемлекеттік реттеудің нарықтық қағидаларын жан-жақты қарастырған
болатынбыз. Енді осы Заңның негізінде оның, яғни АӨК-ді мемлекеттік
реттеудің құқықтық қағидаларына тоқталсақ, ол:
- экономикалық өсу әлеуеті бар агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық
аумақтарды дамытудың басымдығы;
- ауыл шаруашылығы жөніндегі халықаралық келісімдердің
талаптарына, санитариялық және фитосанитариялық нормаларға
сәйкестік;
- мемлекет жүзеге асыратын іс-шаралардың ашықтығы;
- мемлекетік қолдау шараларын көрсетудің атаулылығы;
- отандық агроөнеркәсіптік өндірістің бәсекелестік артықшылықтарын
дамыту;
- ішкі нарықтың жосықсыз бәсекеден қорғалуы;
- мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін
ажырату;
- агроөнеркәсіптік кешен қызметінің және тұрғындардың ауылдық елді
мекендерде тұруының экологиялық қауіпсіздігі;
- кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерімен, қауымдастықтарымен
(одақтармен) өзара іс-қимыл;
- мемлекеттік реттеу шараларының тиімділігі;
- агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды
мемлекеттік қолдаудың жыл сайынғы қажетті көлемін қамтамасыз
ету;
- агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің өзара іс-қимылының
оңтайлы нысандарын дамыту қағидаларына сәйкес жүзеге
асырылады.9

Заң бойынша, АӨК-ді мемлекеттік реттеу тұтастай алғанда, азық-түлік
қауіпсіздігін, агроөнеркәсіптік кешен өнімі нарықтарының тұрақтылығын
қамтамасыз етуге, кәсіпкерліктің тиімді жүйесін құруға, отандық өнімнің
бәсекелестік артықшылықтарын қолдауға, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығын, мал
шаруашылығын, балық шаруашылығын, ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді
және тамақ өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасау арқылы ауыл халқының тұрмыс
деңгейін көтеруге, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық
қауіпсіздікті, техникалық жарақтандыру мен басқа да ілеспе қызмет салаларын
қамтамасыз етуге, ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік
инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.
Жоғарыда айтып өткен Заңдағы кемшіліктерді саралай келе, бізге Ауыл
шарушылығын дамыту туралы жаңа заң қабылдау керек деген байлам жасауға
негіз бар. Әрине, әрекет етуші Заңда мемлекеттік аграрлық саясат
анықталмаса, жаңа Заң қабылдау қажеттілігі уақыт талабынан туған ұсыныс
болып табылады. Осы жаңа Заңда мемлекеттік аграрлық саясат міндетті түрде
айқындалуы тиіс. Заңдағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты келесідей
болуы керек:
- ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақты және бәсекеге қабілетті
дамыту;
- шикізат пен азық-түліктің, ауыл шаруашылығы өнімдерінің дамыған
нарықтарын қалыптастыру;
- ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін, экономиканың басқа
салаларында әрекет етуші шаруашылық субъектілері мен ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілерінің табыс табуда, қаржылық
тұрақтылығын арттыруда тең жағдай жасау;
- ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін тұлғалардың табысын өсіру,
ауылдық елді мекенде тұратын азаматтардың өмір сапасын арттыру;
- қоршаған ортаны қорғау, ауыл шаруашылығында қолданылатын табиғи
ресурстарды сақтау және қайта өндіру.
Бүгінде Герменияда, Францияда, АҚШ-та, Ресей мен басқа да дамыған
мемлекеттерде мұндай заңның сәтті қызмет етіп түрғанын әлемдік тәжірибе
көрсетіп отыр. Мұндай құқықтық құжат белгілі бір кезең ішінде экономикалық,
қаржылық, ұйымдық, әлеуметтік және кадрлық мүмкіндіктеріне қарай меншіктің
кез келген нысаны мен мекемелеріндегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері
үшін іс-әрекет бағдарламасы болып табылады. Ауыл шаруашылығының
басымдылығын, мемлекеттік аграрлық саясаттың мақсаттарын, құқықтық
негіздері мен бағыттарын мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының бір
құрамды бөлігі ретінде Заң жүзінде анықтау қажет. Тіпті әрекет етуші
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік
реттеу туралы Заңның шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарларына, соның ішінде
нанға бағаның төмен деңгейін сақтап қалуға болады. Осы Заңның 9 бабының 2
тармағы, 3 тармақшасына сәйкес Үкімет жыл сайын астық нарығында сатып алу
операциялары мен баға интервенциясын жүргізу үшін шешім қабылдауға
міндетті. Сатып алу операциялары мен баға интервенциясын жүргізу астық
саудасының өркениетті механизмдерін қалыптастыруға жағдай жасай алады.
Дегенмен, бұл толық анықталмаған экономикалық құрал нарық субъектілері мен
мемлекеттің барлық қатысушыларынан жоғары біліктілік пен кәсіби шеберлікті
талап етеді.
Келесі бір түйіні шешілмеген мәселе – ауыл шаруашылық мақсаттағы жерге
меншік мәселесі. Баршаға белгілі, рим құқығы кезінен бері жерге абсолютті
жеке меншік болған емес. Жер – өндіріс факторы, сонымен бірге адамның өмір
сүру ортасы. Жердің осындай ең негізгі екі қасиетін тарихта бірде бір
философ немесе реформатор өзгерте алған жоқ. Жер қандай да бір меншік
нысанына тәуелсіз, сол жерде тұратын және оны тиімді пайдаланатын адамның
меншігінде болуы тиіс. Ал, біздегі жағдай ауыл тұрғындарының еңбегін
пайдалану арқылы олигархтардың үстеме пайда табуының қуатты механизмі болып
отыр. Әрине, жер нарығы қашанда әрекет етуге құқылы, бірақ ол нарық
өркениетті нарық болғаны жөн. Бұл үшін ҚР Жер Кодексіне мораторий жариялау
қажет және мемлекет ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді жекешелендіру
бойынша дұрыс шешім қабылдауы керек. Келесі мәселе – жердің айналымы.
Әрекет етуші Жер Кодексі бұл сұраққа мүлде жауап бермейді.12 Сондықтан,
Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлердің ипотекасы туралы Заңды жасап,
қабылдау керек. Осы Заңда Жерді ипотекалық несиелеудің шарттары,
механизмдерінің құқықтық негіздері көрініс табуы қажет. Оны келесідей
көрсетуге болады:
- біріншіден, жер ипотекасы туралы Заңды жылжымайтын мүлік ипотекасы
мен шатастыруға болмайды. Бұлар мүлде бөлек түсініктер;
- екіншіден, әр елде ол әр түрлі шешілуде, мысалы, жалдау (аренда)
нысанындағы жер айналымы, өндірілген өнім нысанындағы еңбектің
нәтижесі ретінде, жердің онда жұмыс істемейтіндерден жұмыс
істейтіндерге өту айналымы және т.с.с.
Аталған Заңды енгізу төмендегідей мәселелерді шешу үшін бірқатар
нормативтік құжаттарды қабылдау қажеттілігін айқындайтынын отандық тәжірибе
көрсетіп отыр:
1. Жер нарығы үшін сәйкес нарықтық инфрақұрылымдарды, ең алдымен
мамандандырылған Жер банкін құру;
2. Жер нарығының элментарлы базасына – кепілдікке, айырбасқа,
сыйлауға, жерді мақсатқа сай пайдалану бойынша сатуға кәсіби іс-
тәжірибені енгізу үшін нормативтік-құқықтық құжаттарды дайындау;
3. Өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өнімдеріне мүмкін болатын баға
диспаритетінің алдын алу;
4. Жерде өркениетті шаруашылық жүргізуді қамтамасыз ететін техника мен
техологияларды құру және т.б.

ІІ БӨЛІМ. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Жаһандану жағдайында ұлттық экономиканың бәсекелестік артықшылығын қалыптастырудағы агроөнеркәсіп саласының әлеуетін және мүмкіншіліктері
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын 2007-2009 жылдары iске асыру
Агроөнеркәсіптік интеграцияның қазіргі ахуалы мен жетілдіру жолдары
Аграрлық өнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеу
Ауыл шаруашылық саласына инвестиция тартудың шетелдік тәжірибесі
Қазақстанда агробизнестің қалыптасуы мен дамуы
Аймақтардың ауыл шаруашылық саласының даму деңгейі
Пәндер