Басқару процесі



Кіріспе

Негізгі бөлімі:

1. Басқару процесінің мазмұны және негізгі сипаттамалары
2. Мақсатты анықтау процесі
3. Басқару процесінің типтері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі.Бұл қызметтің мән-мазмұны айқындау үшін оның анықтамасын берейік. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде мақсатты жүйелі ықпал ету.
Осы анықтамадан бірқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен, ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.
«Мақсаттылық» анықтамасы басқару міндетін – ұжымның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстінде мақсат қою да басқару міндеті.
«Жүйелік» анықтамасы дүркін-дүркін емес жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру қажеттігін көрсетеді.
Әрекеттің осындай міндетті бірізділігін басқару процесі деп атайды. Әр турлі деңгейде басқару процестерінің күрделігіне және алуан түрлілігіне қарамастан, Д.Н. Бобрышев осы категорияға – басқару процесіне біршама жалпылама анықтама береді. Басқару процесі - бұл шешімді шығаруды, қабылдауды қабылданған шешімінің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын үйлестіруді, қабылданған шешімінің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау орындарында, т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады. Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе «Стратегиялық басқару», «жедел басқару», терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны өзгермейді.
1. Ахметов К. Ғ.- Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж. Менеджмент негіздері, Ақтөбе-Орал, «А-Полиграфия», -2005-519б.
2. Ахметов К.Е., Менеджмент негіздері А.; ҚазЭУ,1993ж.
3. Байтанаева Б.А., Менеджмент А.; 2001ж.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлімі:

1. Басқару процесінің мазмұны және негізгі сипаттамалары
2. Мақсатты анықтау процесі
3. Басқару процесінің типтері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Басқару – адамдардың кәсіптік қызметі.Бұл қызметтің мән-мазмұны
айқындау үшін оның анықтамасын берейік. Басқару – бұл ұжымдағы адамдарға
және жекелеген адамдарға, олардың бірлескен (еңбек) жұмыс процесінде
мақсатты жүйелі ықпал ету.
Осы анықтамадан бірқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен,
ықпал ету, демек мұның өзі сол әрекетке билік ету қажеттігін көрсетеді.
Мақсаттылық анықтамасы басқару міндетін – ұжымның алдына қойған
мақсатына жетуін қамтамасыз етуді көздейді. Оның үстінде мақсат қою да
басқару міндеті.
Жүйелік анықтамасы дүркін-дүркін емес жүйелі, үздіксіз жүзеге асыру
қажеттігін көрсетеді.
Әрекеттің осындай міндетті бірізділігін басқару процесі деп атайды.
Әр турлі деңгейде басқару процестерінің күрделігіне және алуан түрлілігіне
қарамастан, Д.Н. Бобрышев осы категорияға – басқару процесіне біршама
жалпылама анықтама береді. Басқару процесі - бұл шешімді шығаруды,
қабылдауды қабылданған шешімінің орындалуы жөніндегі жұмыс барысын
үйлестіруді, қабылданған шешімінің орындалу барысын бақылауды бірізділікпен
жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетінің мазмұнын да ашады.
Басқару процестерін басқарудың көптеген жүйелері мен салаларында
жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелерде, кәсіпорындарды тасымалдау
орындарында, т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгілі бір
мақсатқа жету үшін басқару қызметі бірінші кезектегі міндет болып саналады.
Басқару процесі мемлекеттік деңгейде де, шаруашылық ұйымында да бірдей
жүргізіледі. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол бір
мақсатты көздейді, әрине мұндай жағдайда көбінесе Стратегиялық басқару,
жедел басқару, терминдерді пайдаланады. Бірақ мұнда басқару мазмұны
өзгермейді.
Басқару циклді прцесс ретінде қарастырылады, ол басқару қызметі деп
аталатын басқару жұмысының нақты түрінен тұрады. Басқару қызметі – басқару
жұмысының нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер,
сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Әрбір басқару қызметі процесс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара
байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметі барлық қызметтің
жалпы жиынтығы. Басқару қызметіне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар
зор көңіл бөлді. Кезінде А. Файоль былайша тұжырымдаған болатын: Басқару
дегеніміз болжалдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру
және бақылау. Бұл қызмет басқарудың теориялық категориясы ретінде
әдебиеттерде кеңінен пайдаланылады, бірақ біржақты емес.
Функция - көп мәнді термин. Философияда бұл екі объектінің (топтық)
қарым-қатынасы, онда біреуінің өзгеруі екіншісінің өзгеруіне түрткі болады,
социологияда – белгілі бір әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік
процесс жоғары деңгейдегі қоғамдық жүйенің қажетін орындайды.
Фүнкция – бұл сонымен қоса әрекет, міндет жұмыс. Бұл мағынада функция
ұғымы басқару қызметінің категориясын анықтаған кезде басқару теориясында,
сондай-ақ олардың ұйымдастыру жүйесіндегі басқа қызметтерінде - өндірістік,
әлеуметтік т.б. өзгешелігін көрсету үшін пайдаланады.
Басқару қызметінің өзіндік өзгешелігі, ерекше мазмұны болады әрі
дербес жүзеге асырылуы мүмкін. Оларды кекелген басқару саласындағы адамдар
қызметіне тенгестіруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшін
шешімді әзірлеу және қабылдау, оның орындалу барысын үйлестіру, орындалу
пәтижесін бақылау және де осы деректердің негізінде келесі шешімді шығару
және қабылдау қажет.
Басқарудың барлық қызметі бір-біріне тығыз байланысты, сонымен қоса,
олар бір-бірімен сіңісіп кетеді. Жоғарада атап көрсетілгендей, басқару
қызметінде деген көзқарас және олардың жіктелуі алуан түрлі. Менеджмент
негіздері кітабының авторлары (М.Х. Мескон, М. Альбет, Ф. Хедоури) басқару
қызметінің елеулі түрлеріншағын категорияларға бөледі. Мұның өзін қазіргі
барлық ұйымдарға қолдануға болады. Авторлардың пікірінше, басқару процесі
олардың өзара байланысты қызметтерінен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан,
мотивация және бақылаудан тұрады

Басқару функциясы(қызметі)

Жоспарлау.Ұйымдастыру.Мотивация.Ба қылау

1.Басқару процесінің мазмұны және негізгі
сипаттамалары

Жоспарлау, ұымдастыру, мотивация және бақылау коммуникация және шешім
қабылдау процестерімен байланысып біріккен.
Жоспарлау барлық басқару қызметінің ең елеулісі болып
саналады.Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын таңдап алудан тұрады,
сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.Жоспапрлау қызметі
мынадай үш сұраққа жауап береді:
1 Біз қазір қандай жағдайда тұрамыз?Басшылар ұйымның
қаржы,маркетинг,өндіріс,ғылыми зерттеу және іздестіру, еңбек ресурстары
секілді маңызды салалардың күші және әлсіз жақтарын бағалай білуі тиіс.
Мұның барлығы ұйымның қандай мүмкіндіктері барын анықтау мақсатында жүзеге
асырылады.
2 Біз қайда бет алуымыз керек? Бәсеке, клиенттер, заңдар, саяси
факторлар, эконамикалық жағдайлар, технология, жабдықтау, әлеуметтік және
мәдени өзгерістер секілді сыртқы ұйымдардың мүмкіндіктері мен қауіп-қатерін
сезіне отырып, басшы ұйымдастырудың мақсаты қандай болу керектігін және осы
мақсатқа жетуде ұйымға не бөгет жасайтындығын анықтайды.
3 Біз мұны қалай істеуіміз керек? Басшылар жалпылама және нақты
жағдайда ұйым мақсатын орындау тиіс.
Ұйымдағы жоспарлау екі себептің әсерінен туындайтын жеке бір жолғы
құбылыс емес. Біріншіден, кейбір ұйымдар мақсатқа жеткеннен кейін өмір
сүруін тоқтады, өйткені олар бастапқы сол көздеген мақсаты үшін құрылады.
Алайда, көпшілік ұйымдар өмір сүруін мүмкіндігінше ұзарта түседі. Сондықтан
олар алғашқы мақсатын толық орындаған жағдайда өз масаттарын жаңадан
айқындайды немесе өзгертеді.
Екінші себеп, мұнда жоспарлау үздіксіз жүзегн асырылуы тиіс-бұл
болашақтағы тұрақты белгісіздік. Қоршаған ортадағы өзгерістің немесе
тұжырымдаудағы қателіктің әсерінен, жоспарды жасаған кезде оқиға басшы
ойлағандай болмауы мүмкін. Мондықтан жоспардың ақиқаттығына көз жеткізу
үшін оны келісе отырып қайтадан қарап, пысықтап шығады.
Ұйымдастыру-демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын
орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін конструкциялауға қажетті көптеген
әлеуметтер болады.
Ұйымда жұмысты адамдар істеітін болғандықтан ұйымдастырудың маңызды
жағадайларының бірі-ұйым ішіндегі толып жатқан міндеттерді, соның ішінде
басқару жұмысын кімдердің орындау керектігін анықтап алу.Басшы адамды нақты
жұмыстарға бөледі, жекелеген адамдарға тапсырмалар мен биліктер немесе ұйым
ресурстарын пайдалану правосы беріледі.
Мотивация.Егер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса онда тіптен
ойдағыдай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жобаларды басқару
Тәуекелдерді басқару процесі
Өндірісті Басқару фуңцялары
Басқару психологиясы ғылым ретінде
Мұнай саласындағы жобаларды басқару
Жекешелендіру
Басқару психологиясының пәні мен әдістері
Бақылаудың мәні мен маңызы
Басқару ғылымы жайлы
Басқару процесінің негізгі сипаттамалары
Пәндер