Дипломатиялық терминдер



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Бірінші бөлім. Дипломатиялық терминдердің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6.25
1.1 . Дипломатиялық терминдердің шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2. Дипломатия саласындағы терминдерді қолданыс аясы мен жасалу жолдарына байланысты жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
Екінші бөлім. Дипломатиялық тәсілдердің берілу тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26 . 50
2.1. Дипломатиялық терминдердің қазақ тілінде жасалуы мен аударылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2.2. Терминдік тіркестердің формалды семантикалық құрылым түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...46
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамның әртүрлі салаларындағы – экономикадағы, мәдениеттегі, ғылым мен білім салаларындағы өзгерістер ана тіліміздің мемлекеттік мәртебесінің нығаюына, қоғамдық қатынастардың қандай түрінде де қызмет етуіне талап қойып, әр саладағы терминологиялық жүйені жетілдіруді өзекті мәселелердің біріне айналдыруда. Сол қатарда дипломатиялық терминдерімізді қалыптастыру мәселесі де айрықша мәнге ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 1 шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заң негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен дипломатиялық өкілдіктері халықаралық ұйымдарға қатысты өз қызметін мемлекеттік тілде жүзеге асырады. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған уақыттан бері оның ғылым мен өндіріс салаларында, еліміздің сыртқы және ішкі саяси өмірінде қолданылу аяасының кеңейіп келе жатқандығы белгілі.
Сан алуан ғылым салалары өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі ұғымдардан тұрады. Ұғымдардың атауға ие болуы, белгілі бір термин ретінде қалыптасуы терминдену заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Түрлі лексемалардың семантикалық өрісте қолданылуы сияқты, терминдер де терминологиялық өрісте пайда болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның өзге елдермен жасайтын келісімдері мемлекеттік тілде жазылатыны белгілі, яғни халықаралық қатынаста мемлекеттік тіл өз қызметін атқара бастады. Елімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер тіліміздің жан – жақты, оның ішінде терминология саласының дамуына жағдай туғызды. Осыған орай ұлттық терминологиямызды кешенді зерттеп, оның табиғатын ашу қажеттігі туындайды.
1. Терминдер жүйесі жалпы әдеби тілдің ғылым тілі деп аталатын функционалдық бөлшегіне жататындықтан, термин ғылыми ортада қолданылады. Дипломатиялық терминдер – ғылыми ұғыммен экстралингвистикалық жағдаяаттардың ара қатынасын анықтайтын, семантикалық топ қатары қалыптасқан тілдік бірліктер жүйесі. Дипломатиялық терминология тілдің әлеуметтік жағы мен мәнін сипаттайды. Дипломатия саласына қоғамның әлеуметтік жағы тікелей әсер ететіндіктен, дипломатиялық терминология таптық, салалық сипатқа ие.
2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің терминдік мағыналары олардың арнайы ғылыми және саяси ұғымдардың ара қатынасымен, терминнің өзіне сай терминологиялық өрістегі алатын орнымен анықталады.
3. Дипломатиялық терминдер жасалымының ерекшеліктері, бір жағынан, жалпыхалықтық лексика заңдылықтарымен, екінші жағынан, ұғым мағынасымен және терминдегі семалар құрамымен айқындалады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында недістгізінен сипаттама және компоненттік талдау, құрылымдық және семантикалық талдау, жүйелеу және салыстырмалы талдау әдістері қолданылады.
1. Богданов Г.Н. Сущность и специализация термионидов в языке и науке. Афтореферат дисс... канд. филол. наук. - Ленинград, 1987.
2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. I-X томдар. – Алматы: Ғылым, 1974 - 1986.
3. Азаматова А.Х. Греко-латинская основа интернационализации дипломатической терминологии. Дис. ...к. филол. н.: Каз.гос. нац. ун-т им. ал- Фараби (КазГУ). -10.02.19. – Алматы, 2001.
4. Англо – русский дипломатический словарь. – Москва: Русский язык, 2001.
5. Книгницкая. М.И. Термины – интернационализмы и их содержательная мотивированность. Дис. ... к. филол. н.: Черновицкий Гос. ун-т им. Ю. Федковича. -10.02.04.- Черновцы, 1990.
6. Жұбанов Қ. О специфике слов терминов. Принципы терминологии. (Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.) – Алматы: Ғылым, 1966.
7. Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. – Алматы: Рауан, 1993.
8. Логинова К.А. Новые слова и устойчивые сочетания в лексиконе дипломатии // Новые словари и словари новых слов.– Ленинград, 1978.
9. Кутина Л.Л. Языковые процессы, возникающие при становлении научных терминологических систем // Лингвистические проблемы научно-технической терминологии. – Москва: Наука, 1970.
10. Алдашева А. Аударматану: Лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 1998.
11. Лотте Д.С. Вопросы заимствование и упорядочение иноязычных терминов терминоэлементов. – Москва: Наука, 1982.
12. Конецкая В.П. Введение и сопоставительную лексикологию германских языков. – Москва: Высшая школа, 1993.
13. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: Ғылым,1988.
14. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдену үрдісі. Филол. ғыл. докторы дисс.: А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты.-10.02.02. –Алматы, 1998.
15. Қалиұлы Б. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы, 2004.
16. Конецкая В.П. О системности лексики // Вопросы языкознания. – Москва: 1984.
17. Уфимцева А.А. Некоторые вопросы синоними // Лексисическая синонимия . – Москва: Наука, 1967.
18. Вилюман В.Г. Англисйская синонимика. –Москва: Высшая школа, 1980.
19. Comrie B. World’s major languages. – Oxford : Oxford University Press, 1990.
20. Попова З.Д., Стернин И.А. Лексисическая система языка. -Воронеж, 1984.
21. Исанова А.Ш. Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі заң терминдері. Филол. ғыл. канд. .... дисс.: әл-Фараби Қазақ мемл. Ұлттық ун-ті . -10.02.02. – Алматы, 1997.
22. Балақаев М. Қазақ әдеби тілінің тарихы . – Алматы: Мектеп, 1968.
23. Кубрякова Е.С. Производное слово в лексике и грамматике // Слово в грамматике и словаре . – Москва, 1984.
24. Райымбекова М.А. Ассимилятивные сегменты в казахском языке. Дис. ...д. филол.н.: Каз. гос. жен. пед. ин-т. -10.02.02. –Алматы,1998.
25. Балтабаева Ж.К. Семантико-стилистические функции неоформленного родителыного и винительного падежей в казахском языке: Афтореферат дисс... канд. филол. наук. –Алматы, 1984.
26. Зятковская Р.Г. Суффиксальная система современного английского языка. – Москва, 1971.
27. Медникова Э.М. О конверсии в английском языке // Научные доклады высшей школы. – Москва, 1991.
28. Смирницкий А.И. Лексикология английского языка. – Москва, 1956.
29. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі (синтаксис). – Алматы: Мектеп, 1971.
30. Виноградов В.В. Грамматика русского языка. Т.2. Синтаксис. Часть I. – Москва, 1960 .
31. Балақаев М. Структурные особенности словосочетания в тюркских языках. – Алматы, 1961.
32. Тер-Минасова С.Г. Синтагматика речи: анталогия и эвристика // Общ. и англ. синтагматика составных номинатив. групп. – Москва: Изд-во Моск. ун- та, 1980.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Бірінші бөлім. Дипломатиялық терминдердің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-25
1. . Дипломатиялық терминдердің шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6
1.2. Дипломатия саласындағы терминдерді қолданыс аясы мен

жасалу жолдарына байланысты
жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...11
Екінші бөлім. Дипломатиялық тәсілдердің берілу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26 – 50
2.1. Дипломатиялық терминдердің қазақ тілінде жасалуы мен
аударылуы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 26
2.2. Терминдік тіркестердің формалды семантикалық құрылым
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .46

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қоғамның әртүрлі салаларындағы –
экономикадағы, мәдениеттегі, ғылым мен білім салаларындағы өзгерістер ана
тіліміздің мемлекеттік мәртебесінің нығаюына, қоғамдық қатынастардың қандай
түрінде де қызмет етуіне талап қойып, әр саладағы терминологиялық жүйені
жетілдіруді өзекті мәселелердің біріне айналдыруда. Сол қатарда
дипломатиялық терминдерімізді қалыптастыру мәселесі де айрықша мәнге ие
болып отыр.
Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 1 шілдесінде қабылданған
Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы Заң негізінде Қазақстан
Республикасының Үкіметі мен дипломатиялық өкілдіктері халықаралық ұйымдарға
қатысты өз қызметін мемлекеттік тілде жүзеге асырады. Қазақ тілі
мемлекеттік мәртебеге ие болған уақыттан бері оның ғылым мен өндіріс
салаларында, еліміздің сыртқы және ішкі саяси өмірінде қолданылу аяасының
кеңейіп келе жатқандығы белгілі.
Сан алуан ғылым салалары өзіндік ерекшеліктеріне қарай жүйелі
ұғымдардан тұрады. Ұғымдардың атауға ие болуы, белгілі бір термин ретінде
қалыптасуы терминдену заңдылықтары арқылы жүзеге асырылады. Түрлі
лексемалардың семантикалық өрісте қолданылуы сияқты, терминдер де
терминологиялық өрісте пайда болып, оның ішкі заңдылықтарына бағынады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның өзге елдермен жасайтын келісімдері
мемлекеттік тілде жазылатыны белгілі, яғни халықаралық қатынаста
мемлекеттік тіл өз қызметін атқара бастады. Елімізде болып жатқан түбегейлі
өзгерістер тіліміздің жан – жақты, оның ішінде терминология саласының
дамуына жағдай туғызды. Осыған орай ұлттық терминологиямызды кешенді
зерттеп, оның табиғатын ашу қажеттігі туындайды.
1. Терминдер жүйесі жалпы әдеби тілдің ғылым тілі деп аталатын
функционалдық бөлшегіне жататындықтан, термин ғылыми ортада
қолданылады. Дипломатиялық терминдер – ғылыми ұғыммен
экстралингвистикалық жағдаяаттардың ара қатынасын анықтайтын,
семантикалық топ қатары қалыптасқан тілдік бірліктер жүйесі.
Дипломатиялық терминология тілдің әлеуметтік жағы мен мәнін
сипаттайды. Дипломатия саласына қоғамның әлеуметтік жағы тікелей
әсер ететіндіктен, дипломатиялық терминология таптық, салалық
сипатқа ие.
2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің
терминдік мағыналары олардың арнайы ғылыми және саяси ұғымдардың
ара қатынасымен, терминнің өзіне сай терминологиялық өрістегі
алатын орнымен анықталады.
3. Дипломатиялық терминдер жасалымының ерекшеліктері, бір жағынан,
жалпыхалықтық лексика заңдылықтарымен, екінші жағынан, ұғым
мағынасымен және терминдегі семалар құрамымен айқындалады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында недістгізінен сипаттама және
компоненттік талдау, құрылымдық және семантикалық талдау, жүйелеу және
салыстырмалы талдау әдістері қолданылады.
Қазақ тілінде дипломатия саласында кем дегенде үш - төрт терминдік
мағынасымен дипломатиялық құжаттарда қатар қолданысқа түскен немесе енді
түсе бастаған сөздер кездеседі. Бұл таза практикалық тәсіл. Соңғы жылдары
терминдерді ана тілімізге аудару жылдам қарқынмен даму үстінде, яғни
дипломатиялық терминдердің қалыптасу процесі жүріп жатыр. Зерттеу жұмысының
дерек көздерінің бірі “Дипломатия жаршысы” бұқаралық басылымындағы қазақ
дипломатиялық терминдерін зерттей отырып, олардың термин ретінде ресми
түрде бекітілуі мен толық термин қатарына өтпегендіктерін ескере отырып,
қолданыс жиілігіне, жаңадан терминдік қатарға өту процестеріне қарай оларды
төмендегіше топтастырдық:
1. Терминге өткен: азаматтық (citizenship), бейтараптық (neutrality),
бекіту (ratification), босқын (a refugee) т.б;
2. Термин қатарына ауысу сатысында: аймақ (территория) - ағыл.
Territory, елауған (иммигрант) – ағыл. An immigrant, жадығат
(меморандум) – ағыл. Memorandum, заң құзіреті (юрисдикция) – ағыл.
Jurisdiction, мәмілегер (дипломат)-ағыл. Diplomat, мәмілегерлік
(дипломатия)- ағыл. Diplomacy, тараптар (жақтар) - ағыл. Parties
т.б.

Қазіргі кезде қазақ терминологиясы қазақ әдеби тілінің дербес тармағын
құрап, өзіндік құрылымдық ерекшеліктері мен өзіне тән заңдылықтарымен
сипатталады. Қазақ терминологиясының қылыптасуына әр кезең өз “таңбасын”
қалдырған. Қоғамдағы мемлекет пен жеке адам арасындағы қарым-қатынастарды
реттеп отыратын ереже нұсқаларының пайда болуы ана тіліміздегі заң
терминдерінің қалыптасып, құқықтық норма ұғымдарының нақтылануына әсерін
тигізді, құқықтық нормалардың жүзеге асуына байланысты дипломатиялық
терминдер қатары көбейіп, тұрақтана бастады.
Терминдік жүйе негізі – ғылымның ұғымдық категориялар жүйесі екендігі
белгілі. Қазақ тіл білімінің терминология саласы, терминдік жүйесін
қарқынды даму үстінде болса, ағылшын тілінің терминдік жүйесі жеке мағына
мен өзіндік қалыптасуы бар, күрделі семантикалық құрылым [1,7б.]болып
табылады.
Ағылшын тіл білімінің ерекше тармағы ретінде терминология мәселесі,
терминдер жүйесі терең және жан-жақты зерттелген. Ағылшын тілінде терминдер
қосымшалар (префикс пен суффикс), біріккен түбір, аббревиатура, негізгі
түбір, конверсия, кірме терминдер негізінде және сөз мағынасының өзгеруі
арқылы жасалынады. Ағылшын тілінің құрылымдық ерекшеліктеріне:
– түбір сөздердің басым болуы;
– форма түрлендіретін (форма тудырғыш) қосымшалардың аздығы;
– форма түрлендіретін және сөз тудыратын аффикстердің омонимдік қатар
құруы жатады.
Көріп отырғанымыздай, түбір сөз бен туынды сөзге жұрнақ жалғау арқылы
термин жасау ағылшын тілінде өнімді тәсіл болып табылады.
Тілдің дипломатия саласында қызмет етуі дипломатиялық терминологияның
қалыптасуымен тікелей байланысты. Мемтерминком тарапынан бекітілген, орыс
тілі арқылы енген терминдердің баламаларының немесе қазақ тіліндегі нақ
баламасының ана тілімізде қолданысқа түсуіне, олардың терминдер қатарынан
орын алуына, үйреншікті терминдерімізге айналып сөздік қорымызды байыта
түсуіне жағдай жасау, жалпы тіл дамуына нұқсан келтірмей, терминология
саласындағы табиғи үйлесімділікті сақтай отырып, халықаралық терминдер мен
кірме терминдерді жүйелі түрде өз ана тілімізге аудару, нақ, дәл
баламаларын беру - тіл мамандарының, аудармашылардың басты міндеті.

1 Бөлім. Дипломатиялық терминдердің қалыптасуы
1.1. Дипломатиялық терминдердің шығу тарихы

Қай тілдегі дипломатиялық терминдер болсын, ғылыми ұғыммен
экстралингвистикалық жағдайлардың арақатынасын анықтап, семантикалық топ
жасайтын тілдік бірліктер жүйесін құрайтындығы белгілі. Қазақ тіл білімнің
дипломатиялық терминдер жүйесі түпкілікті қалыптасып орнықты деуге әлі ерте
болса да бүгінгі күні бұл процесс қарқынды түрде даму үстінде. Ал ағылшын
тілінің дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы біршама тұрақтанған
құбылыс. Алайда бұл дипломатиялық терминдердің жасалуы тоқталды деген сөз
емес. Өйткені халық барда, ұлт барда, қоғам барда таным үрдісі де орын
алады, яғни терминдену процесінің ешқашан тоқтауы мүмкін де емес. Біз нысан
етіп алған екі тілдің дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуын сөз
етпес бұрын “дипломатия” ұғымы туралы, бұл саланың қызметі жөнінде түсінік
бере кетуді жөн санадық.
“Дипломатия” терминінің шығу тегі – гректің “diploma” деген сөзі.
Ежелгі Грецияда сөз жасалған екі қос тақтайша осылай аталған. “Diploma”
елшілерге олардың өкілеттігін дәлелдейтін сенім граматасы ретінде берілген.
Дипломатия – мемелекеттің сыртқы саясатын жүзеге асыру тәсілі және
әскери емес практикалық шаралар мен амалдар жиынтығы ретінде талаптар мен
шешуші тапсырмалар сипатына қарай қолданылады.
Дипломатия – мемлекеттің сыртқы саясатының, сытрқы істер
басқармасының, сыртқы істер ведомстволарының, шет мемлекеттегі
дипломатиялық өкілдіктердің мақсат-міндеттерін жүзеге асыру, мемлекет пен
оның мекемелері, шет елде жүрген азаматтардың құқығы мен бас пайдасын
қорғау негізінде өтетін халықаралық конференциясының іс-әрекеттерінің ресми
атауы. “Дипломатия” ұғымы халықаралық егестердің алдын алу мен реттеуді
көздеген келіссөздер жүргізуде, екі жаққа да тиімді шешім іздеуде,
халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда қолданылатын іс-әрекетпен тікелей
байланысты.
Феодалдық бытыраңқылық кезіңінде феодалдардың “жеке меншік”
дипломатиясы кеңінен тараған. Ол дипломатия әскер ортасында бейбіт келісім
жасасқанда, әскери одақ құру кезінде, династиялық (әулет) неке қию
рәсімінде пайдаланылған. Әсіресе Византия елі дипломатиялық қатынасты
кеңінен қолдаған. XV ғасырдың ортасында халықаралық қатынастардың дамуымен
қатар біртіндеп мемлекеттердің шет елдерде тұрақты өкілдіктері пайда бола
бастаған. “Дипломатия” термині Батыс Европада XVIII ғасырдың аяғында сыртқы
қатынастағы мемлекеттік қызметтер арнасында пайда болған.
Жаңа тарих кезеңіндегі сыртқы қатынаста буржуазиялық мемлекеттер
жүргізген саясаттағы дипломатия ерекшеліктеріне: сыртқы нарықта жеңіске
жету, дүние жүзін қайта бөлісу, дүние жүзіне экономикалық және саяси билік
құру үшін күресу т.б. жатады.
Дипломатия әскери тәсілдермен қатар феодализмге қарсы (антифеодалдық),
демократиялық және ұлт азаттық қозғалыстардың мақсаттарын да жүзеге асыруда
қолданылады. Мәселен, Латын Америкасы мен Балканда ұлттық мемлекеттер
құруда, Германияның және Италияның бірігу жолындағы күресте маңызды рөл
атқарды. Ірі капиталистік мемлекеттердің дипломатиясы оларға агрессивті
экспансиялық мақсатта қызмет етеді.
Сыртқы саясаттағы мемлекет қызметі дипломатиялық хаттама ережелеріне
сай жүргізіледі. Дипломатиялық хаттама дипломатияның маңызды құралы болып
табылады.
1969 жылы қабылданған Вена конвенсиясының халықаралық келісімдер
құқығы жөніндегі заңда Қазақстан Республикасы 1993 жылдан бастап толық
қосылды. Тәуелсіздікке қол жеткізген Қазақстан Республикасының мемлекеттік
хаттамасы дипломатиялық қызметте елеулі табыстарға ие болды.
Тәуелсіз дамудың он жылында еліміздің сыртқы саясатын белгілейтін
Президенттің тікелей басшылығымен Қазақстан дипломатиясы ойдағыдай дамып,
ол біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықтан өзінің лайықты орын алуына
жақсы қызмет етті (Егемен Қазақстан газеті).
Бүгінгі таңда БҰҰ – ның Жарғысы бойынша халықаралық ресми тілдерге
ағылшын, француз, испан, араб, қытай және орыс тілдері жатады. Ал Қазақстан
Республикасында еліміздің дипломатиялық өкілдіктері өз қызметтерін 1997
жылы 11 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Тілдер туралы
Заңына сәйкес мемлекеттік тілде жүргізуге тиіс.
Әрбір үкімет шет мемлекеттегі тұрақты өкілеттігін сол елдегі елшілігі
арқылы жүзеге асырады. Дипломатиялық қызметтегі бөлімшелер мен жауапты
адамдар қабылданған мемлекетінде арнайы құқықтар мен дипломатиялық
артықшылықтарға ие. Ол артықшылықтарға дипломатиялық қызметкер мен
ғимараттың дербес құқығы болуы, шифр арқылы хат алысу, дипломатиялық жабық
байланыс құқығы, мемлекет жалауын көтеру, кедендік артықшылықтар т.б.
жатады. Халықаралық құқық ережелері бойынша, дипломатиялық өкілді
қабылдаған мемлекет өкілдіктің ішкі ісіне араласа алмайды.
Дипломатилық қызметке:
- ресми келіссөздер жүргізу, самиттер өткізу;
- дипломатиялық конгресстер, конференциялар, мәжілістер мен кездесулер
өткізу;
- екі немесе көп жақты халықаралық келісімдер жасау, екі немесе көп жақты
дипломатиялық құжаттар дайындау;
- халықаралық ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің жұмысына қатынасу;
- дипломатиялық хат алмасу;
- дипломатиялық құжаттарды жариялау;
- халықаралық мәселеге байланысты үкімет бағытын баспа беттерінде жариялау
т.б. жатады.
Дипломатиялық қатынас – халықаралық құқық пен тәжірибе нормаларына
сәйкес мемлекеттер арасындағы ресми қатынас орнататын халықаралық
қатынастың негізгі формасы. Дипломатиялық қатынас мемлекеттер арачындп
достық қатынасты дамытуға, бейбітшілікті қолдауға және қаупсіздікті
қамтамасыз етуге негізделген.
1961 жылғы дипломатиялық қатынас жөніндегі Вена конвенциясы бойынша,
дипломатиялық қатынас орнату өзара келісіммен жүзеге асады. Дипломатиялық
қатынас орнатар алдында мемлекет тарапынан заңды танылуы керек.
Дипломатиялық терминологияда тілдің әлеуметтік жағы қамтылады, оған
себеп бұл салаға қоғамдағы әлеуметтік жағдай тікелей әсер етеді, сондықтан
ол әлеуметтік сипатқа ие. Осыған орай дипломатиялық терминдерді үш топқа
бөлуге болады:
а) әлеуметтік-саяси көзқарастағы терминдер: communism (коммунизм),
Conservative Party (консервативті партия) (Ұлыбритания), Democratic Party
(демократиялық партия) (АҚШ), Labour party (лейбаристік партия)
(Ұлыбритания), (Liberal party) (либерал партиясы) (Ұлыбритания) т.б.
ә) қоғамдық-саяси терминдер; қауіпсіздік (security),мемлекет (state),
парламент (parliament), тәуелсіздік (independency), үкімет (government)
т.б.;
б) әртүрлі қоғамдық-саяси және діни жүйелерді сипаттайтын терминдер:
вахаббит, джихад, радикализм,(radicalism), сеператизм (seperatism),
экстремизм (extreme views) т.б.
Дипломатиялық терминология саяси-әлеуметтік байланыстар мен қарым-
қатынастар жөнінде мемлекеттің нақты ақпараттарды жинау, қабылдау, өңдеу,
жеткізу ісімен тығыз байланысты болады. Қазіргі кезде дипломатиялық
қызметтің ауқымы едәуір кеңейіп келеді: мемлекет басшыларының басқа үкімет
басшылары мен билкуші топтары арасында тұрақты қатынас құруы, олардың саяси
партияларымен байланыс орнатуы күннен-күнге жандануда.
Дипломатиялық терминдерді қызмет статусына қарай төмендегіше
топтастырдық:
1) әлеуметтік-саяси көзқарас тұрғысынан бейтарап терминдер:
Ambassador at large (ерекше тапсырма жүктелген елші),
Ambassador-Designate (елші болып тағайындалған, бірақ әлі
қызметіне кіріспеген), Ambassador Extraordinary and
Plenipotentiary (Төтенше және Өкілетті елші); Convention on
the Privileges and Immunities of the UN (БҰҰ-ның
артықшылықтары мен имунитеттері жайындағы келісім), Treaty on
the European Union (Еуропалық одақ шарты) т.б.;
2) нақты бір қоғамдық-саяси жүйенің қоғамдық реалиясын
сипаттайтын реалиялық терминдер cross-bencher (парламенттің
тәуелсіз мүшесі) (Ұлыбритания); hung parliament (партиялардың
қауым палатасынан көп орынға ие бола алмай қалуы)
(Ұлыбритания); Tory (консерватор) (Ұлыбритания) т.б.
3) әртүрлі қоғамдық-саяси жүйеде альтернативті түсінік беретін
терминдер: A-day (атом бомбасын алғаш рет сынайтын күн);
cessation of the production of nuclear weapons (ядролық қару
шығаруды тоқтату); nuclear disarmament (ядролық қарусыздану);
nuclear neutrality (ядролық бейтараптану), nuclear weapon
test explosion (ядролық қаруды сынау) т.б. Мысалға
келтірілген тіркестер белгілі бір әскери-саяси доктриналарға
байланысты қалыптасқан.
Соңғы терминдер ұғым мен құбылысты сипаттай отырып, қандай да бір
идеяны қолдаушылар тобының сол құбылысқа деген саяси көзқарасын білдіреді.
Мәселен, A- day (атом бомбасын алғаш рет сынайтын күн); nuclear weapon test
explosion (ядролық қаруды сынау) т.б. тіркестер белгілі әскери-саяси
доктринаға байланысты пайда болған, дәлірек айтқанда, бөгде елдік
агрессордың әскери тепе-теңдікті бұзуға тырысқандығына байланысты туған
терминдер. Бұл терминдердің қоғамдық және әлеуметтік белгілері бар,
мәселен, ядролық апатқа алып келеді, яғни жер бетіндегі тіршілікке қауіп
төнеді.
Дипломатиялық терминология қатары ғылымның әртүрлі саласындағы
терминдермен, ғылыми-техникалық және өндірістік терминдермен толығып
отырады, сонымен қатар дипломатия саласында басқа салалық терминологияға
қатысты терминдер де кездеседі. Дипломатияның белгілі бір саласында
бастапқы мағынаны білдіретін дипломатиялық басқа терминологиялық топтарға
кіре отырып, дипломатиялық қызметтің өзге салаларында да қолданыла алады.
Терминдер арасындағы байланыс олардың бір саладан екінші бір салаға
өтуіне алып келеді, яғни салааралық байланыс орнайды. Бұл құбылыс терминнің
жаңа сипат алуына, қолданыс аясының кеңейіп, жаңа қолданысқа
түсуіне,терминдік мәнге ие болуына алып келеді. Мысалы, дипломатия саласына
математика, физика салаларынан ауысқан термин : ағыл. ratio-қаз.коэффицент,
(сандық) ара қатыс ((со)отношение). Коэффицент 1.мат. Алгебра
формуласындағы цифрмен көрсетілетін көрсеткіш. 2.Физикалық дененің белгілі
бір қасиетін анықтайтын шама (үйкеліс коэффиценті).
Дипломатия саласында осы термин арқылы жасалған терминдік тіркестерге:
ағыл. ratio of armed forces – қаз. қарулы күштердің ара қатысы ; ағыл.
ratio of ground forces manpower – қаз. құрлықтағы әскер құрамының сандық
ара қатысы т.б. жатады.
Дипломатиялық акт термині саясат, дипломатия, өнер салаларында
қолданылады. Мысалы акт зат. 1. Адам әрекетінің жекелеген көрінісі,
болған оқиға. Совет жастарының некесі – қоғамдық маңызы бар акт
(Қаз.әдеб.). 2. Мемлекеттік, қоғамдық маңызы бар қаулы-қарар. Мұның өзі
демократиялық партиядан пролетарииаттың өз алдына дербес саяси партия
ретінде бөлінуін көрсеткен бірінші акты болды (К.Маркс, Ф.Энгельс,
Таңд.1,152). 3. Белгілі бір шындықты, оқиғаны растайтын құжат. 4. Театр.
Операның, балеттің, драманың бөлімі, пердесі. Көрушілердің көзіне акт
арсында шымылдықты жаппай, сахнаны өзгертетін Мейерхольд театрының
дәстүрінше, Мұқан біздің көзімізше киімін қағып, сілкіп, галстугын байлап,
шашын тарап, өзін тәртіпке келтірді.(А.Жұбанов, Мұқан Төлебаев) [2,1т.,
124б].
Кез келген ғылым саласына тән жүйелілік дипломатиялық терминология
саласына да тән. Қазақ және ағылшын дипломатиялық терминдерінің негізгі
жасалу жолдары: а) жалпыхалықтық сөздерге терминдік мағына жүктеу; ә)
халықаралық терминдер; б) калька тәсілімен жасалған кірме терминдер.
Терминдердің басты ерекшелігі дара мағыналы болуында екендігі жоғарыда
айтылады. Әйтсе де дипломатиялық терминдер арасында ана тілінің сөзі мен
кірме сөздің жарыспалы, синонимді қолданыстары ұшырасады, олар синонимдік
қатар құрайды. Бұл құбылыс ана тіліндегі сөздің өз ішінде мағыналас түрімен
байланысын үзбегендіктен де болуы мүмкін. Төл терминдер мен кірме терминдер
деп қарастырудың нәтижесінде ол терминдердің ара салмағы айқындалып, кірме
терминдердің шығу төркіні жағынан қай тілдің сөздері екенін анықтай аламыз.
Мысалы, агрессия – басқыншылық, агрессия; апартеид – апартеид, оқшаулау
саясаты; альтернат – альтернат, теңдестік; дипломат – дипломат, мәмілегер;
конвенция – конвенция, келісімшарт; конфронтация – егес, конфронтация; пакт
– пакт, келісім т.б. синоним сөздер.
Дипломатиялық терминдер – тіліміздің лексикалық құрамындағы
жалпыхалықтық сөздер сияқты заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдардың
атауы, олардың мағыналары сол ұғымдарға негізделеді. Ол сөздер терминдік
мағынаға ие болғанда, бастапқы мағыналарынан алшақтап жаңа мағынада
қолданылады. Жаңа сөздердің пайда болуына, сөздердің мағынасының кеңеюіне
қоғамдағы өзгерістер негіз болады. Жаңа сөздердің көпшілігі қазақ тілінің
сөздік қорындағы лексемаларға терминдік үстеме мағына жүктеу арқылы
жасалған. Мәселен, ағым, дағдарыс т.б. Бұл терминдердің терминдік
мағынасымен бірге жалпыхалықтық қолданыста лексикалық мағыналары сақталады.
Олардың жалпыхалықтық мағыналары мен терминдік мағыналарының ұқсастығынан,
екі мағынада жұмсалғанда да қызмет бірдейлігі байқалады, өйткені терминдік
мағыналары бастапқы мағыналарынан өрбиді.
Дипломатиялық терминдердің 30 пайыздайы ана тіліміздің төл лексикасы
негізінде, яғни жалпыхалықтық лексика құрамында бар сөздердің жаңа мән
алып, дипломатиялық ұғымдарды білдіру мүмкіндігіне ие болуының нәтижесінде
жасалған. Осындай сөздердің көпшілігінің бастапқы мағынасы ұмытылмай,
бұрынғы күйінде жалпыхалықтық лексикада әлі күнге дейін қолданылып келеді.
Дипломатиялық терминдер құрамы екі түрлі бағытта қарастырылады: оның
біріншісі – басқа тілден ауысқан кірме сөздерді терминдік қызмете қолдану,
екіншісі – ана тіліміздегі сөздерге терминдік мағына жүктеу. Кірме сөздер –
мәдени, экономикалық, саяси байланыстардың жемісі, тілдің лексика саласын
байытудың өнімді жолы. Мемлекетаралық, халықаралық қатынастар мен мәдени
байланыстар арқылы ғылым мен техника, саясат пен дипломатия және тағы да
басқа көптеген салалар бойынша терминдер бір тілден екінші бір тілге ауысып
отырады.

1.2.Дипломатия саласындағы терминдерді қолдану аясына және жасалу жолдарына
байланысты жіктеу

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатиялық терминдердің құрылымдық
типтерін, жасалу жолдары мен тәсілдерін ескере отырып, дипломатия саласының
терминдерін үш топқа бөлуге болады: 1. жалпы дипломатиялық терминдер; 2.
Дипломатиялық терминдер; 3. Дипломатиялық құжат тілінің терминдері.
1. Жалпы дипломатиялық терминдер саясат, халықаралық құқық және
экономика терминдерінен тұрады, олар жалпы ұғымдағы арнайы мағынаны береді.
Осы топтағы терминдердің дипломатиялық ұғымды бере отырып, дипломатиялық
қызметтің әртүрлі саласында бір терминдік жүйеден екінші бір жүйеге өту
мүмкіншілігі мол. Дипломатиялық терминдер: қаз. дипломатиялық виза –
ағыл.diplomatic visa; қаз. Төтенше және Өкілетті елші – ағыл. Ambassador
Extraordinary and Plenipotentiary; қаз. ресми түрде агреман сұрау – ағыл.
to make a formal application for (an) agreement т.б.; халықаралық құқық
терминдері: қаз. денонсация – ағыл. denunciation; қаз. Халықаралық Сот –
ағыл. International Court of Justice; қаз. ратификация – ағыл. ratification
т.б.; экономика терминдері: қаз. интеграция – ағыл. integration; қаз.
кодификация – ағыл. codification т.б.
2. Дипломатиялық терминдер, оларды қолданыс аясына қарай
төмендегідей топтарға бөлуге болады:
а) дипломатиялық тұлға және қызмет аттары:
қаз. атташе – ағыл. attaghe;
қаз. дипломатия – ағыл. diplomacy;
қаз. дуайен – ағыл. doyen;
қаз. елші – ағыл. ambassador;
қаз. интернунция (Ватикан елшісі)– ағыл. internuncio;
қаз. консул – ағыл. consul;
қаз. консулдық қызмет – ағыл. consulship;
қаз. сенімді өкіл – ағыл. charge d`affaires т.б.;
ә) мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынас саласына қатысты
терминдер;
қаз. арбитраж – ағыл. arbitrage (халықаралық дауды халықаралық
деңгейде қарау);
қаз. детант – ағыл. détente (халықаралық шиеленісті бәсеңдету);
қаз. интервенция – ағыл. intervention (басқа бір елдің ішкі өміріне
қол сұғу);
қаз. паритет – ағыл. parity (халықаралық қатынаста қатысушы
тараптардың мүддесін ескере отырып, бірдей дәрежеге ие тарап өкілдерінің
қатысуымен тең құқықтық негізде келіссөздер жүргізу;
қаз. репатрация – ағыл. repatriation (соғыс тұтқындарының,
босқындардың, тұтқынға алынған адамдардың өз елдеріне қайтарылуы);
қаз. репрессалия – ағыл. retaliation (заң бұзушы мемлекеттің заңсыз іс-
әрекетін тоқтатуға мәжбүр етушілік);
б) мемлекеттік құрылысты сипаттайтын терминдер:
қаз. конфедерация (екі немесе бірнеше егемен мемлекеттердің тұрақты
одағы); - ағыл. confideration;
қаз. аншлюс (нем. anchluss-қосылу) – ағыл. anschluss;
қаз. апартеид (бөлек тіршілік ету, өмір сүру) – ағыл. apartheid;
қаз. коалиция ағыл. – coalition;
қаз. неоколониализм – ағыл. neocolonialism т.б.;
в) бір тарапты дипломатиялық құдаттар мен мәлімдемелер:
қаз. деклорация – ағыл. decloration;
қаз. вербальды нота – ағыл. verbal note;
қаз. меморандум – ағыл. memorandum;
қаз. экзекватура – ағыл. exeguatur т.б.
г) екі немесе көп тармақты дипломатиялық құжаттар мен мәлімдемелер:
қаз. акт – ағыл. act;
қаз. декларация – ағыл. declaration;
қаз. келісім, пакт – ағыл. covenant;
қаз. келісім-шарт – ағыл. treaty;
қаз. коммюнике – ағыл. communiqué;
қаз. конвенция – ағыл. convention;
қаз. конкордат – ағыл. concordat т.б. тұрады.
1. Дипломатиялық құжат тілінде кездесетін терминдік тіркестер:
қаз. ақтық бекітуге - дейін лат. ad referendum;
қаз. бекітуге қоса тіркелген ескертпе – ағыл. reservation attached to
ratification;
қаз. шарттың негізгі баптары – ағыл. the substantive articles of a
treaty;
қаз. күн тәртібіне қосу – ағыл. to include in the agenda;
қаз. төмендегі баптарға сәйкес – ағыл. in accordance with the
following provision т.б.
Дипломатиялық құжаттарда халықаралық құқық терминдері көп қолданылады,
олар дипломатиялық терминдер қатарына енеді, дипломатиялық құжат тілін
жалпы сипаттайды.
Халықаралық лаңкестікпен (терроризммен) күрес, халықаралық
ынтымақтастық пен бейбітшілікті сақтау, мемлекеттер арасындағы саяси,
мәдени, экономикалық байланыстар дипломатия саласын қазіргі күнде жаңа
терминдермен толықтыра түсуде.
Африка, Азия және Латын Америкасы сияқты отарлық тәуелдіктен құтылған
елдерге байланысты, сонымен қатар осы елдердің өзіндік даму жолына түсуіне
байланысты дипломатия саласында жаңа терминдік тіркестер пайда болды. Сөз
тіркестерінің көбі терминдік сипат алып, терминологиялық жүйеден орын
алуда. Мысалы, дамушы елдер, Джихадқа шақырған үндеулер мен вахаббистік
әдебиеттер, жан-жақты дамуға қол жеткізу, ортодоксалдық нормалар және
құндылықтар, сепаратистік айла-шарғылар, ұлттық-сепаратистік және діни-
экстремистік күштер, ұжымдық қауіпсіздіктің орта азиялық жүйесі т.б.
Ағылшын тілінің жаңа сөз жасауда мүмкіндігі мол. Соңғы он жылда оның
лексикасына көп мөлшерде жаңа сөздер қосылуда. Жиырмасыншы ғасырда жарық
көрген жаңа сөздер сөздігі [82], түсіндірме сөздіктердің толықтырылған
түрлері [83] мен жаңадан шыққан түсіндірме сөздіктер [84], жаңа сөздер
тізімі басылған арнаулы ғылыми журналдар ағылшын тілінің сөздік қорының
дамуының тағы бір айғағы.
Дипломатиялық терминдерге тән тағы бір ерекшелік – олардың шығу
тегінде диалект сөздердің кездеспеуі [3,56б] болғанымен, ағылшын тілінде
нақтылығы көмескілеу терминдер де кездеседі. Алайда бұл дипломатиялық
терминдерге тән үйлесімдік пен сәйкестікті, олардың бастапқы және терминдік
мағыналарын жоққа шығармайды. Мысалы, state-1.Мемлекет; 2.Күй, хал-жай;
3.етіс. Мәлімдеу; 4.Бекіту. Security – 1.Қауіпсіздік; 2. Гарантия,
қамтамасыз ету; 3.Залог, кепіл; 4.Бағалы қағаздар т.б.[4,710б.].
Қорыта келе, дипломатия әдеби тілдің бір тармағы ретінде қоғамдық
қатынастың арнайы саласына қызмет жасай отырып, өзінің терминдер жүйесін
қалыптастырып отыр деп тұжырымдауға болады.
Жалпы дипломатиялық терминдердің қолданылатын салалары:
1.Саясаттану:
а) дипломатия: бас консул (consul general), дипломатиялық
артықшылықтар мен иммунитеттер (diplomatic privilege and immunities),
дипломатиялық корпус (diplomatic corps), консулдық агент (consular agent),
достыққа ұмтылатын дипломатия (peace-making diplomacy), ерекше тапсырма
жүктелген елші (ambassador-at large), көптарапты дипломатия (multilateral
diplomacy) т.б.;
ә) сыртқы және ішкі саясат: мейірімді көрші саясаты (good
neighbour policy), саяси болжам (political prescience), саяси бостандық
(political liberties), саяси шантаж (political blackmail), тәуелсіз саясат
(policy of go-it alone) т.б.;
б) халықаралық саяси қозғалыстар: дағдарысқа қарсы саясат (anti
recessionary policy), радикальды қозғалыс (radical movement), саяси кеңесші
(political consultant), соғысқа қарсы қозғалыс (anti-war movement),
халықаралық жұмысшы табының қозғалысы (international working-class),
ядролық энергетиканы дамытуға қарсы митинг (anti-nuke rally) т.б.;
г) партия тынысы демократиялық партия (Democratic Party)
(Ұлыбритания), консервативті партия (Conservative Party) (АҚШ), оппозицилық
партия (opposition party), партия көсемі (party leader) т.б.;
д) әскери іс-шаралар: әскери кеңесші (military adviser), Әскери
Крест ордені (War Cross) (Ұлыбритания), әскери күштер (military forces),
соғыс қаупі (menace of war), соғыс тұтқыны (war prisoner), тұрақты әскер
(regular troops), ядролық қарусыздану (nuclear disarmament) т.б.
2. Құқық:
а) азаматтық қылмыстық құқық: заңды қасақана бұзу (intended breach of
the law), қылмысты іс (criminal case), қылмыстық істер (law proceedings),
қылмыскерді беру туралы шарт (treaty of extradition), түзету енгізу тәртібі
(amandement procedure) т.б.;
ә) мемлекеттік құқық (право): азаматтықты алу жөніндегі заң (laws
concerning acqusiting of nationality), барлық жағдайда өтініш жасалынған
мемлекеттің заңын басшылықта ұстау (the law of the state requested
shallapply in all cases), мемлекеттердің өзара тәуелділігі (independence of
states) т.б;
б) халықаралық құқық: халықаралық құқық принциптері (principle of
ineternatinal law), халықаралық құқық бойынша міндеттерін жауапкершілікпен
орындау (fulfilment in good faith of obligations under international law),
халықаралық құқықтың көпшілікке танымал нормалары (customary rules of
international law) т.б;
в) қаржы құқығы: импорт тауарларына салық салу (to put a tax on
imports), мемлекеттік акция (government bonds), салық төлеуден босату
(remission of tax), экономикалық және қаржы мәселелері жөніндегі шарттар
(treaties on economic and financial matters) т.б.
3. Экономика:
а) өнеркәсіп экономикасы: отандық өндіріс (home industry), өнеркәсіп
дағдарысы (industrial crisis), өнеркәсіп төңкерісі (industrial revolution),
өнеркәсіпті дамыту (industrial development) т.б;
ә) ауыл шаруашылық экономикасы: ауыл шаруашылық саясаты (agricultural
policy), ауыл шаруашылығындағы ғылыми-техникалық төңкеріс (technological
revolution in agriculture), экстенсивті егін шаруашылығы (extensive
agriculture) т.б.;
б) сыртқы және ішкі сауда экономикасы: отандық нарық (domestic
market), рынок жүйесі (market system), нарықтың тұрақтылығы (market
stability), үш категорияға бөлу жолымен тауар қорына талдау жасау (ABC
analysis), халықаралық сауда нарығы (international commodity markets),
шетелдік нарық (foreign markets) т.б.;
в) финанс экономикасы: income tax (табыс салығы), sours of incomes
(кіріс көзі), to be liable to tax (салық салуға жату) т.б.
Дипломатиялық терминдердің жасалу жолдары мен тәсілдері, бір жағынан,
жалпыхалықтық лексика заңдылықтарымен, екінші жағынан, ұғым мағынасы мен
терминдегі семалар құрамымен айқындалады.
Негізгі ұғым мен терминдік ұғым белгілерінің ұқсастығы термин мен ана
тіліндегі сөз мағыналарын құрайтын бірліктердің ұқсастығы мен айырмашылығын
айқындайды, сөздің лексикалық және терминологиялық мағыналарының өзіндік
ерекшеліктерін көрсетеді.
Жалпы қолданыстағы сөздерден жасалған дипломатиялық терминдердің
ерекшеліктерінің бірі – олардың терминдік сипаты тіркеле келе танылады.
Мәселен, “сенімді” сөзі дипломатия саласында тіркесу арқылы терминдік мәнге
ие болады: “сенімді өкіл” (charge d`affaires, поверенный в делах) т.б.
Дипломатиялық терминология саласында дара мағыналы терминдерге
көбінесе кірме терминдер жатады.
Дара мағыналы ағылшын дипломатиялық терминдерінің жасалуы байырғы
сөздердің жасалуымен бірдей және мағыналары әртүрлі, алайда олардың
терминдік немесе терминдік емес мағынасы контекстке байланысты айқындалады.
Мәселен, қазақ тіліне ағылшын күрделі дипломатиялық терминдері терминдік
тіркес түрінде беріледі. Аббревиатура сөздіе қорды толықтырудың қайнар көзі
екені белгілі. Аббревиацияның сөзжасам тәсілі ретінде өзінің даму
заңдылықтары бар,оның мағыналық ерекшеліктері мен формасв әртүрлі болып
келеді.
Қазіргі ағылшын тілінде лексикалық аббревиатура графикалық
аббревиатураға тәуелсіз, жеке сөз ретінде қалыптасады. Лексикалық
аббревиатураның қазіргі ағылшын тілінде көптеп пайда болуы жаңа сөзге деген
қажеттіліктің ұлғаюымен тікелей байланысты. Лексикалық аббревиатураның
қалыптасуы мен даму жолдары тіл білімінде әлі толық зерттеле қойған жоқ.
Қысқарған сөздер тұрақты тіркестер негізінде жасалмайды, сөз тіркесі арқылы
жасалады. Қысқарған сөзді термин мен “алғашқы” сөз тіркесінің байланысы ір
алуан. Мысалы,
EC European Community (Еуропалық қауымдастық);
IYC International Youth Confederation (Халықаралық жастар
конфедерациясы);
UN United Nations (Біріккен Ұлттар Ұйымы);
Ағылшын тілінде аббревиатура – дыбыс пен әріп жүйесінің өзара
байланысын негізге ұстайтын сөзжасамның арнайы тәсілі. Аббревиатураның екі
дауысты дыбыстан тұратын түрінің пайда болуы ағылшын тілінің лексикалық
және грамматикалық ерекшеліктеріне, бастапқы сөз тіркесінің дыбыстық және
әріптік аббревиатура немесе акроним жасау мүмкіндігіне, тілдің фонетикалық
құрылысына тікелей байланысты. Тілдегі барлық дипломатиялық қысқарған
сөздер акцентті-ритмикалық құрылым негізінде құрылымдық типтерге бөліне
алады.
Ағылшын тілінде акроним, дыбыстық және әріптік аббревиатуралар бір
морфемді сөздерге жатады, олардың бойында сөздің барлық белгілері бар.
Аббревиация қазақ тіліне тән емес, ол қазақ тіліне орыс тілі арқылы
енеді және жасанды түрде жасалынады.
Қазақ тіл білімінде қысқарған сөздер жасалуына қарай негізінен
төмендегі түрлерге бөлінеді:
1) әріптік қысқарту;
2) буындық қысқарту;
3) аралас қысқарту;
4) контракциялық қысқарту;
5) белгі (таңба) көмегімеен қысқарту.
Дипломатиялық терминжасамда осылардың алғашқы үш түрі, яғни әріп, буын
және аралас қысқарту түрлері кездеседі.
1. Әріптік қысқартуларға жататын дипломатия саласында
қолданылатын терминдер, қазақ тілінде, мысалы,
АӨСШК – Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі;
АЭДКҚ – Араб экономикалық дамуы Кувейт қоры;
ӘСҰ - Әлемдік сауда ұйымы;
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы;
БҰҰ АТМЭӘК - БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық
және әлеуметтік комиссиясы;
БҰҰ ҚЫА - БҰҰ-ның Қазақстандағы ықпалдастық ассоциациясы;
БҰҰ ЕЭК - БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясы;
ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы;
ЕҚЫҰ ДИАҚБ - ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары
жөніндегі бюросы;
ЕОК – Еуроплық одақ комиссиясы;
ИИР – Иран Ислам Республикасы;
ОАЫҰ – Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы;
ОАЭҚ – Орталық Азия экономикалық қауымдастығы;
СЫК – Скріктестік және ынтысақтастық жөніндегі келісім;
СІМ – Сыртқы істер минстірлігі;
ТШИ – Тікелей шетелдік инвестиция;
Күн сайын дамып келе жатқан ғылым мен техника саласында қысқарған
атаулар толассыз туындап жатады. Дипломатиялық терминжасамда күрделі
тіркестерді қысқартып айту тілге жеңілдік туғызады. Қазақ тілінің
терминологиялық жүйесін жаңаша қалыптастыру, терминдерді төл тіліміздің
ерекшеліктерін негізге ала отырып қысқарту, бүгінгі күннің өзекті
мәселелерінің бірі болып отыр.
Қысқарған қазақ дипломатиялық терминдері 2% шамасында, ал қысқарған
ағылшын дипломатиялық терминдері 35% -ды құрайды. Келтірілген мысалдардан
көріп отырғанымыздай, ағылшын тілінде аббревиация терминжасамның өнімді
түрі. Аббревиацияның процесі басқа да сөзжасам тәсілдерімен өзара
байланыста болады.
Тілімізде сөзжасамның бір түрі – сөз біріктіру арқылы термин жасау
көне тәсілдердің бірі. Бұл тәсіл бойынша түбір мен негіз, яғни толық
мағыналы екі негіз қосылып түбір термин жасалынады.
Қазақ тілінде біріккен сөздерден жасалған дипломатиялық терминдерге:
алғышарт (предпосылка), басқосу (саммит), инфрақұрылым (инфраструктура),
келіссөз (переговор), қолтаңба (почерк), қолхат (расписка), құқықтану
(рпавоведение), пікірталас (диспут), (дискуссия), сенімхат (доверенность),
шетел (иностранный) т.б. жатады. Мұндағы “басқосу” терминнің мағынасы “дене
мүшесі” немесе “сандарды бір-біріне қосатын арифметикалық амал” болып
тұрған жоқ, осы екі сөздің бірігуінен жаңа ұғымды білдіретін “жиын, отырыс”
мағынасы пайда болған.
Кейбір біріккен терминдердің бұрынғы мағыналары сақталған. Мәселен,
“келіссөз”, “шетел” т.б. терминдерінің түбірлерінің бірігуінен жаңа
мағыналы термин жасалынбаған, олардың екі сыңарларының да бастапқы
мағыналары сол күйінде сақталған. Мәселен,
“Келіс” - өзара пікірлесіп бір тоқтамға келу, уәделесу;
“Сөз” – бір нәрсе жайында айтылған пікір, мәлімдеме;
“Келіссөз” – мәселені талқылау, пікір алысу нәтижесіндегі келісу.
“Шетел” терминінің де екі сыңары бастапқы мағыналарынан алшақтап
кетпеген:
“Шет” – бір нәрсенің шегі, ұшы; оқшау, бөлек;
“Ел” – жұрт, халық, қауым;
“Шетел” – бөгде ел, бөтен мемлекет.
Жаңадан жасалып жатқан біріккен терминдердің мағынасының ауытқымайтын
себебі – олардың көпшілігі дерексіз нәрселер.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі дипломатия саласындағы біріккен
терминдердің құрамы төмендегідей:
Зат есім + Зат есім = Зат есім түрінде жасалған терминдер қазақ және
ағылшын дипломатиялық терминдерінің 3% -ын құрайды. Бұл тәсіл арқылы термин
жасау өнімді тәсілдердің бірі. Мысалы, қазақ тілінде елбасы (president),
елтаңба (blazon), сенімхат (warrant) т.б.; ағылшын тілінде: chairman
(төраға), citizenship (азаматтық), dictatorship (диктатура), peacekeeper
(бейбітшілік сақшысы) т.б.
Дипломатия термині ретінде қолданысқа түсіп қалыптасып келе жатқан
біріккен терминдердің бірі – “елбасы” (president). “Ел” – жұрт, халық,
қауым; “бас” – дене мүшесі. Ауыс мағынасы: бастық, жетекші,яғни ауыс
мағынасы жаңа термин жасауға тірек болған. “Елбасы” (president) термині
“президент” (president) терминімен қатар қолданыста жүр, олар екеуі
синонимдік қатар түзейді.
Дипломатия саласында қолданылатын “chairman” (төраға) термині “өкімет
пен жоғары мемлекеттік орган басшысының ресми атауы” мағынасында жұмсалады.
Бастапқы мағынасы: “мәжілісті бвсқарушы; ұйым, мекеме бастығы”, осы
мағынасын сақтай отырып, үстеме мағынаға ие болған.
Латын тілі тарихи даму барысында көп мөлшерде грек тілінің тілдік
элементтерін қамтыған. Грек тілінен енген сөздер латын тілінің ережесіне
сай қалыптасады. Осының арқасында олар латын тіліндегі сөздермен тең
түседі. Мәселен, грек тіліндегі – os қосымшасы латын тіліндегі – us
қосымшасымен кейбір терминдерде сақтап қалса, көп жағдайда қосымша
сақталмаған. Мысалы, ағыл. consensus – лат. consensus (консенсус); ағыл.
status – лат. status (статус) т.б. терминдерде – us қосымшасы сақталған, ал
төмендегі терминдерде – us қосымшасы сақталынбаған:
лат. alternus – ағыл. alternation (альтернат);
лат. annexus – ағыл. annexation (аннекция);
лат. internuntius – ағыл. internuncio (интернунция);
лат. pracrogativus – ағыл. prerogative (прерогатива – ерекше
құқығы болу) т.б.
Шет тілінен енген терминдердің мынандай ерекшеліктерін атап өтуге
болады, мәселен, оларда қосымша конотация мен жаңа термин-сөз жасайтын
тәсілдер өзгермей, сол күйінде қала алмайды.
Грек немесе латын элементтерінен тұратын дара терминдермен қатар
күрделі дипломатиялық терминдер де кездеседі. Оларға, мысалы, лат.
confrontis (конфронтация) – лат. con (қарсы) + лат. frontis (фронт); лат.
condominium (кондоминиум) – лат. con (бірге) + лат. doinium (билік); лат.
ratification (ратификация) – лат. ratus (бекітілген) + лат. facere (жасау);
лат. expatriation (экспатриация) – лат. ex (бұрынғы) + лат. patria (отан)
т.б. жатады.
Тегі латын және грек сөздері, әсіресе -itis, -oma, -osis, -iasis,
-ia, -ism қосымшалары қосылған терминдері ағылшын тілінің дипломатия
саласында XVIII ғасырдан бастап біртіндеп кіре бастаған. Халықаралық
терминдер жалпыхалықтық лексикадағы сөздермен қатар қолданыста болса да,
олардың басты айырмашылығы – интернационалдық терминдер ғылымның арнайы
саласында ғана қолданылады. Мысалы, “ratification” лат. ratus –
бекітілген; facare – жасау (ратификация) термині дипломатия саласына, ал
“approval” (бекіту) термині жалпыхалықтық лексикаға жатады.
Дипломатиялық терминдер қатарына бес-алты тілде қолданылып, бір ортақ
ұғымды білдіретін халықаралық терминдердің басым көпшілігі зат есім болып
келетіндігі зат есімнің атау қызметіне атқаруына тікелей байланысты.
Халықаралық терминдердің сыртқы және ішкі формаларына байланысты,
құрылымдық, мағыналық және синхронды-салғастырмалы сипаттамаларына қарай,
төмендегідей топтастыралады:
- толық интернационализм;
- жартылай интернационализм;
- жартылай жасырын интернационализм;
- имплицитті интернационализм;
- имплицитті жартылай интернационализм [5, 74 б.].
Жартылай және имплицитті жартылай интернационал терминдер термин
мағынасының нақтылығы мен дәлдігін үнемі білдіре алмайды. Туынды
интернационал терминдердің ішкі формалары біршама жасырын келеді, ол
формалардан ішкі имплицитті және жартылай эксплецитті формалар туады, олар
арнайы морфемді талдауды қажет етеді.
Ағылшын халықаралық дипломатиялық терминдеріне көбіне толық
интернационализм құбылысы тән.
Кірме терминдердің көбірек бөлігі ағылшын тіліне бірден термин түрінде
қабылданады. Мысалы, ағыл. “capitalution” - “капитуляция” (капитуляция)
лат. capitulare - “белгілі орындарда келісу”; ағыл. “doyen” -
“дипломатиялық корпустың дуайені” (дуайен) фр. doyen - “аға жетекші” т.б.
Тілге енген кірме сөздердің термин ретінде қабылданбайтын кездері де
тіл-тілде кездесетін құбылыс. Мысалы, латын тілінен енген “an emigrant”
(елауған) (лат. emigrans – қоныс аударушы) және “an immigrant” (иммигрант)
терминдерін алайық, кірме сөз “an emigrant” саясм термин емес, “an
emmigrant” саяси термин.
Дүние жүзінде барлық тіл атаулының ішінде сөздік қоры ең байы –
ағылшын тілі, ол, статистикалық есеп бойынша, бірінші орында тұр. Оған
негізгі себеп – кірме сөздер мен халықаралық терминдер ағылшын лексикасының
60-70%-ын құрайды.
Халықаралық және кірме терминдердің шығу тегін дәл табу мәселесі біраз
қиыншылықтар туғызады. Мысалы, “агент” термині орыс тіліне француз тілінен
термин ретінде енген болса, ол поляк тілінен орыс тіліне терминдік емес
мағынасымен енген; “консул” терминінің терминдік емес мағынасы орыс тіліне
латын тілінен енген болса, ал ағылшын тілінен орыс тіліне дипломатиялық
термин ретінде енген. Бұл терминдер қазақ тіліне орыс тілі арқылы енген.
Шығу тегі ағылшын тілі болып есептелінетін, қазіргі күні халықаралық
терминге айналған дипломатиялық терминдерге, briefing (брифинг),
impeachment (импичмент) (АҚШ), lend-lease (ленд-лиз), foreign office (Форин
Оффис) (Ұлыбритания) т.б. жатады.
Тіл-тілде халықаралық терминдерді қабылдаудың төрт жолы бар белгілі:
1) ана тілінде баламасын табу;
2) аудару;
3) жаңадан сөз жасау;
4) халықаралық терминдердің өзін алу.
Терминдер қандай жолмен жасалса да (қабылданса да), тілдің лексикалық
қабатын байыта түседі. Бұл туралы Қ.Жұбанов: “Термин әр елдің өз сөзімен
алынса да, мысалы “еңбек”, “ақша” сияқты немесе халықаралық сөзбен,
мәселен, “капитал”, “валюта” түрінде алынса да, екеуіде жер жүзіне белгілі
ортақ ұғымдарды білдіреді. Бұлар да тіліміздің даму көзі мен қоғамдық
беделін күшейте түскен лексикалық байлығымызға жатады”, - дейді [6, 276
б.].
Ә. Қайдаров интернационалдық терминдерді қабылдауда мынадай
принциптерді ұстауды ұсынады: аударуға келе бермейтін интернационалдық
терминдерді қазақ тілі ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау; орыс тілінен енген
терминдерді аудару; аударуға келмейтіндерін қазақ тілінің фономорфологиялық
ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау; салалық күрделі атауларды қазақ тілінің
өз негізінде алғашқы әріптері мен буындары бойынша интернационалдық
атаулардың үлгісімен қысқартып қолдану; тіліміздегі ұлттық және
интернационалдық терминдердің сапалық ара салмағын табиғи қалыпта сақтаудың
жолдарын іздестіру т.б. Ғалым интернационалдық және ұлттық терминдердің
табиғи ара салмағының (30-да70%) сақталуын қолдайды [7,5-40бб.].
Ағылшын тілінде дара (бір түбірден тұратын) халықаралық дипломатиялық
терминдер дипломатиялық терминологияның 10% - ын құрайды.
Халықаралық терминдер кей жағдайда біздің ана тіліміздің грамматикалық
және дыбыстық жүйесіне бағынып, бірден сіңісіп кете алмайды. Сол себептен
бұл терминдерді екі категорияға бөліп қарастыруға бөліп қарастыруға болады:
1. Дыбыстық өзгеріске ұшырамаған халықаралық дипломатиялық терминдер, а)
қазақ тілінде акт, атташе, виза, декларация, дипломат, косул,
меморандум, модус вивенди, модус проседенди, мораторий, мутатис
мутандис, персона грата, персона нон грата, преамбула, статус-кво т.б.
2. Дыбыстық жүйені ескере отырып, тілдік заңдылықтарға бағына
қабылданған халықаралық дипломатиялық терминдер, а) қазақ тілінде:
аккредитивтеу, аутентикалық, дезавуирлау, демилитаризацияланған,
дипломатиялық агенттік, дипломатиялық иммунитеттер, Еуропалық,
консулдық, парафирлеу, прогресшіл, трактат, ядролық т.б.; ә) ағылшын
тілінде: aggression, acclamation, accreditation, accredited,
alternation, annexation, authentic, capitulation, coalition, consular,
confrontation, diplomatic, emigration, legalization, notification,
preference, prolongation, ratification, resolution, visiting-card,
vice-consul және т.б.

Күрделі кірме терминдер құрылымына қарай екі топқа жіктеп
қарастырылады:
1. Екі компонентті де өзге тілден енген терминдер: заңнама, қолхат
т.б.
2. Бір компонентті кірме сөзден, екіншісі төл сөзден тұратын
терминдер: келісімшарт, құқықтану, маслихат, пікірталас, сенімхат т.б.
Кірме сөздер – тілдік қарым-қатынас, байланыс кезінде бір тілден
екінші тілге ауысып, қабылданған сөздер мен тілдік элементтер. Қазақ
тілінде көне дәуірлерден енген қытай, үнді, парсы сөздері кездеседі. Монғол
тілінен ауысқан сөздердің көпшілігі түркі-монғол тілдеріне ортақ лексика
болып саналады. Кірме сөздер өзі ауысқан тіл жүйесінің тезіне түсіп,
бейімделіп, түр-тұлғасын өзгертеді. Мұндай кірме сөздерді танып-білу үшін
арнайы этимологиялық зерттеулер жүргізіліп, олардың анықтамалары,
сөздіктері түзіледі. Сөздердің бір тілден екінші тілге ауысуы тікелей, не
басқа бір тіл арқылы жанама түрде жүзеге асуы мүмкін (Ғ.Әнесов. Қазақ СССР
4 томдық қысқаша энциклопедия).
Қазақ тіліне араб, парсы және орыс тілдерінен дыбыстық өзгеріске
ұшырамай енген, дипломатия саласында қолданылатын кірме терминдер:
ваххабистік, держава, Джихад, қағидат, прогрес, тезис, эмир т.б. және
дыбыстық жүйені ескере отырып, тілдік заңдылықтарға бағына қабылданған
кірме дипломатиялық терминдер: қауым, қауіп, құқық, мәрте, мемлекет, отан,
өкіл, өкімет, ресми, саясат, устав, уәкіл, үкімет, хабар, эра, ядролық т.б.
Қазақ тіліндегі дипломатиялық кірме терминдердің көбі сөз
тіркестерінен жасалған. Тіркестік терминдерді компоненттерінің қай тілден
енгеніне байланысты екі топқа бөлуге болады:
1. Екі сыңары да кірме терминдерден тұратын анықтауыштық қатынастағы
тіркесті терминдер: Веналық регламент,дипломатиялық аудиенция,
дипломатиялық корпус, консулдық патент, импералистік агрессия, доллар
дипломатиясы, Еуропалық парламент, консулдық конвенция, Компенгаген
трактаты, саяси ахуал, сенім грамоталары т.б.
2. Бір компонентті ана тілдің сөздерінен, екіншісі кірме сөзден
тұратын тіркесті терминдер: кеңес мәжілісі, көпжақты дипломатия, курьер
қағазы, қорытынды акт, саяси кеңесші, сенімді өкіл, тұрақты әскер, ұлттар
лигасы, шекара демаркациясы т.б.
Кірме тіркесті терминдер анықталушы сөзбен қабыса, матаса байланысып
келе береді, көбінесе екінші компонентті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық құжат тілінің терминдері
Дипломатиялық терминдер жүйесінің қалыптасуы және дипломатия тілі
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
Дипломатиялық стиль
Ғылым тілі
Ресми, іс кағаздар тілі
Шет тіліндегі кәсіби бағытталған терминология
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
АРНАЙЫ МӘТІНДЕРДІҢ ЛИНГВОАУДАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН СИПАТТАУ
Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс
Пәндер