Ономастика



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ОНОМАСТИКАНЫҢ КОГНИТИВТІК СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1. 1 Ономастикадағы жалқы есімдердің зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
1. 2 Ономастика мен когнитивтік лингвистиканың өзара байланысы ... ... ... ... .16
1. 3 Тілдік сана және когнитивизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
1. 4 Ономастикалық зерттеулер: ассоциативтік эксперимент әдісінің тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ІІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОНИМДІК ПОРТРЕТІ: ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ БЕЙНЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

2.1. Жер.су атаулары мен кісі есімдерінің ұлттық санадағы орны мен танымдық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
2. 2. Қазақстанның онимдік портреті: жер.су атауларының ассоциативтік өрісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
2. 3. Қазақстанның онимдік портреті: кісі есімдерінің ассоциативтік өрісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Ассоциативтік эксперимент нәтижесі бойынша қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56
Жұмыстың жалпы сипаты. Бұл ғылыми-зерттеу жұмысымызда Қазақстан сөзін сипаттайтын халық атауларының, яғни жер-су аттары (топонимия) мен адам аттары, тек-фамилияларының (антропонимия) халық санасында қалай көрініс тапқаны жайында жан-жақты баяндадық. Сол атаулардың қай-қайсысы болса да, тіліміздің тарихы, мәдениеті мен этнология, тарих мәселелері жөнінде көптеген құнды деректерге ие.
Халқымыздың өткен дәуіріндегі тарихын, көрші елдермен жасалған мәдени қарым-қатынасын және әдет-ғұрпын танып білуде де бұлардың атқарар рөлі аса зор. Өйткені, ол атаулардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен, адамдардың жеке басы, іс-әрекетімен біте қайнасып, ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес шежіре, халықтың шынар ой, ұшқыр қиял, данышпандық зердесі мен ұлттық мінез-құлқы, барша болмысының көрінісі. Бұл ғылыми зерттеу жұмысында Қазақстан (еліміздің атын) сөзін сипаттайтын жалқы есімдердің мән-мағынасы, ұзақ тарихы, дүниеге келу сыры көрсетілген.
Әсіресе, кең-байтақ, ұлан-ғайыр жеріміздегі миллиондаған жер-су атауларында халық тарихының ізі, халықтың дүниеге көзқарасы, тіршілік қарекеті, тұрмыс-күй, шаруашылық кәсіптерінің көріністері, әдет-ғұрып, салт-сана, жөн-жобаның көрік бейнесі айқын зерделенген. «Қайда барсаң, Атамекен, көкейіңде жатады екен» деп ақындар жырлағандай, әр адамның атамекен – алтын бесігі жаһандағы барша асылдан қымбат. Өйткені туған Жер-Ана - тұнған қазына, ен байлық, таңғажайып тарих. Осы орайда халқымыздың абзал ұлы Ш.Уәлиханов: «Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, атадан балаға жалғасып жатады», - деген болса, Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады», - деп орынды да нақты суреттегені кімнің де болса есінде.
Олай болса, осынау қасиетті де, құдіретті жеріміз тұтас бір шежіре – оның беті құпиясы ашылмаған кітап, ғаламат сырлы сөз. Бұл сөздердің бәрі де халықтың өзі таққан, аялап қойған атаулар. Бұл қат-қабат атаулардың баршасы тарихи ескерткіш – ғасырлық мұрамыз.
Еліміздің жер-су атаулары мен жалқы есімдер жүйесі ұлтымыздың тілі мен этникалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде танылып, қазақ халқының ділі мен тілі, дінінің болмыс ерекшелігін паш етеді.

Жұмыстың өзектілігі: Кез-келген тілдің лексикалық қорының негізгі қабатын жалқы есімдер құрайды. Жалқы есімдерсіз адамзат қарым-қатынасы болуы мүмкін емес. Белгілі ғалым-топонимист Э.М.Мурзаев былай деп жазған: «Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес.
1. Основы теории речевой деятельности - Москва: Наука, 1974.
2. Джанузаков Т.Дж. Основные проблемы ономастики казахского языка: Автореф. дисс. доктора филол. наук. – Алма-Ата, 1976.
3. Аронов К. Этнолингвистическая природа народных космонимов в казахском языке: Автореф.дис...канд.филол.наук. – Алматы., 1992. -27 с.
4. Керимбаев Д.М. Қазақ фольклорындағы жалқы есімдердің құрамы мен этнолингвистикалық сипаты: Филол.ғыл.канд.дис.авторефераты. –Алматы., 2004.
5. Тілеубердиев Б.М. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. - Алматы: Арыс, 2007. -280 бет.
6. Дмитриева Л.М. Онтологическое и ментальное бытие топонимический системы (на материале русской топонимии Алтая) Автореф.дис...д-ра филол.наук. - Екатеринбург., 2003. -38 стр.
7. Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілінің тарихи лексикологиясы: проблемалары мен міндеттері // Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. - Алматы: Ғылым., 1988.
8. Маслова В.А. Когнитивная лингвистика: Учебное пособие. - Минск.: Тетра Системе, 2004. -255 стр.
9. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов / Под общей ред.Е.С.Кубряковой. - Москва: Наука., 1996.
10. Кубрякова Е.С. Начальные этапы становления когнитивизма: Лингвистика-психология-когнитивная наука // Вопросы языкознания. - Москва: Наука, 1994.
11. Красных В.В. Основы психолингвистики и теории коммуникации: Курс лекции. М.: ИТДГК «Гнозис». 2001. 270
12. Уфимцева Н.В. Русские Опыт еще одного самосознания // Этнокультурная специфика языкового сознания. М., 1996
13. Исимбаева Г.И. Языковое сомосознание и мотивация и изучение языков. - Алматы, Қазақ Университеті, 2005.
14. Стернин И.А. Лексическое значение слова в речи. -Воронеж, 1985.
15. Язык и личность. (Сборник. Отв. ред. Шмельев Д. Н.) - М: Наука, 1989 г.
16. Язык и социальное познание (Ц. С. Философический / методол. семинар при. АН СССР) - Москва, 1990 г.
17. Язык, дискурс и личность (Межвуз. сбор. науч. ст. Ред. кол. Сусов И. П.) - ТГУ, 1990.
18. Лурия А.Р. Язык и сознание. - Москва: Издательство Московского университета, 1979 г.
19. Постовалова В. И. Язык как деятельность (опыт интерпретации концепции Гумбольда) - Москва: Наука, 1982.
20. Канцельсон С.Д. Речемыслительные процессы //1984 №4.
21. Лурье С.В. Историческая этнология. Москва: Аспект пресс, 1997
22. Попова З.Д., Стернин И.А. Семантико-когнитивный анализ языка. Монография. - Воронеж: Истоки, 2006, 226 стр.
23. Оразалиева Э.Н. Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік парадигма. Фил.ғыл.докт.ғыл.дәр.алу үшін жазылған диссертация. - Алматы, 2007. -304 бет.
24. Манкеева Ж. Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері // Тілтаным, Алматы. -2001. № 4. -39-43 беттер.
25. Гиздатов Г. Типология и динамика когнитивных моделей в речевой деятельности. Дисс. док. филол.наук. – Алматы, 1999.
26. Павиленис Р.И. Проблемы смысла: современный логико-функциональный анализ языка. – М.: Мысль, 1983. – 286 c.
27. Апресян Ю.Д. Лексическая семантика. – М., 1974. – 300 б.
28. Телия В.Н Русская фразеология. – М., : Школа «Языки русской культуры»; 1996. – 288 с.
29. Ислам А. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті: Фил.ғыл.док.дис. - Алматы, 2004 . - 340 б.
30. Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшеліктері. Филол. ғыл. канд. дис. – Алматы, 2006. – 125 б.
31. Уфимцева А.А. Понятие языкового знака // Общее языкознание. - Москва, 1970.
32. Смагулова Ж.С. Языковое планирование: типология и модели. дисс. - Алматы: Қазақ Университеті, 2004.
33. Салқынбай А., Абақан Е. Линвистикалық түсіндірме сөздік: Алматы: Сөздік-Словарь, 1998.
34. Комков А. М. Проблемы Стандартизации и нормализации географических названий в национальном уровне и международном аспектах. Сб. Ономастика и норма. - Москва, 19767
35. Әбдірахманов С. Топонимикалық атауларды қалыптастыру және стандарттау мәселелері.// Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. - Астана, 2004.
36. Аитова Н. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы: ф.ғ.к. … дисс., 10.02.02. – Алматы, 2005. – 126 б.
37. Мадиева Г. Антропоцентрический подход в современной теоритической ономастике // Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана, 2004. – 107-115 бб.
38. Керимбаев Е.А. Казахская ономастика в этнокультурном, номинативном и функциональном аспектах. - Алматы, 1995. – 248 с.
40. Аубакирова Г.Т. Идеоэтническая семантика и лингвостилистические функции собственных имен в художественном тексте: Автореферат...к.ф.н. - Алматы, 2004. – 30 с.
41. Асылбекова Н. Кісі есімдерінің уәжділігі мен танымдық сипаты: Ф.ғ.к. ...авторефераты. - Алматы, 2006 – 29 б.
42. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. - Алматы, 2001
43. Оразалиева Э. С. Аманжоловтың антропонимдердің танымдық сипаты туралы ой-пікірлері // Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері. Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана, 2004. – 149-155 бб.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ОНОМАСТИКАНЫҢ КОГНИТИВТІК СИПАТЫ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..7

1. 1 Ономастикадағы жалқы есімдердің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...13
1. 2 Ономастика мен когнитивтік лингвистиканың өзара
байланысы ... ... ... ... .16
1. 3 Тілдік сана және
когнитивизм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..18
1. 4 Ономастикалық зерттеулер: ассоциативтік эксперимент әдісінің
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

ІІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОНИМДІК ПОРТРЕТІ: ТАНЫМДЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ
БЕЙНЕ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .32

2.1. Жер-су атаулары мен кісі есімдерінің ұлттық санадағы орны мен танымдық
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...32
2. 2. Қазақстанның онимдік портреті: жер-су атауларының ассоциативтік
өрісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
2. 3. Қазақстанның онимдік портреті: кісі есімдерінің ассоциативтік
өрісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...53

Ассоциативтік эксперимент нәтижесі бойынша
қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Бұл ғылыми-зерттеу жұмысымызда Қазақстан сөзін
сипаттайтын халық атауларының, яғни жер-су аттары (топонимия) мен адам
аттары, тек-фамилияларының (антропонимия) халық санасында қалай көрініс
тапқаны жайында жан-жақты баяндадық. Сол атаулардың қай-қайсысы болса да,
тіліміздің тарихы, мәдениеті мен этнология, тарих мәселелері жөнінде
көптеген құнды деректерге ие.
Халқымыздың өткен дәуіріндегі тарихын, көрші елдермен жасалған мәдени
қарым-қатынасын және әдет-ғұрпын танып білуде де бұлардың атқарар рөлі аса
зор. Өйткені, ол атаулардың бәрі – халық тарихы, қоғам өмірімен, адамдардың
жеке басы, іс-әрекетімен біте қайнасып, ғасырдан ғасырға ұласып, ұрпақтан
ұрпаққа жетіп, кейінгі буындарға мирас болып отырған мәдени мұра, өшпес
шежіре, халықтың шынар ой, ұшқыр қиял, данышпандық зердесі мен ұлттық мінез-
құлқы, барша болмысының көрінісі. Бұл ғылыми зерттеу жұмысында Қазақстан
(еліміздің атын) сөзін сипаттайтын жалқы есімдердің мән-мағынасы, ұзақ
тарихы, дүниеге келу сыры көрсетілген.
Әсіресе, кең-байтақ, ұлан-ғайыр жеріміздегі миллиондаған жер-су
атауларында халық тарихының ізі, халықтың дүниеге көзқарасы, тіршілік
қарекеті, тұрмыс-күй, шаруашылық кәсіптерінің көріністері, әдет-ғұрып, салт-
сана, жөн-жобаның көрік бейнесі айқын зерделенген. Қайда барсаң, Атамекен,
көкейіңде жатады екен деп ақындар жырлағандай, әр адамның атамекен – алтын
бесігі жаһандағы барша асылдан қымбат. Өйткені туған Жер-Ана - тұнған
қазына, ен байлық, таңғажайып тарих. Осы орайда халқымыздың абзал ұлы
Ш.Уәлиханов: Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрыптың қаймағы бұзылмаған
қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-
су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, атадан балаға
жалғасып жатады, - деген болса, Мұхтар Әуезов: Біздің қазақ жер аты, тау
атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай
бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының
өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады, - деп орынды да
нақты суреттегені кімнің де болса есінде.
Олай болса, осынау қасиетті де, құдіретті жеріміз тұтас бір шежіре –
оның беті құпиясы ашылмаған кітап, ғаламат сырлы сөз. Бұл сөздердің бәрі де
халықтың өзі таққан, аялап қойған атаулар. Бұл қат-қабат атаулардың баршасы
тарихи ескерткіш – ғасырлық мұрамыз.
Еліміздің жер-су атаулары мен жалқы есімдер жүйесі ұлтымыздың тілі мен
этникалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде танылып, қазақ халқының ділі
мен тілі, дінінің болмыс ерекшелігін паш етеді.

Жұмыстың өзектілігі: Кез-келген тілдің лексикалық қорының негізгі
қабатын жалқы есімдер құрайды. Жалқы есімдерсіз адамзат қарым-қатынасы
болуы мүмкін емес. Белгілі ғалым-топонимист Э.М.Мурзаев былай деп жазған:
Қазіргі әлемді географиялық атауларсыз елестету мүмкін емес. Пошта,
телеграф, темір жолдар өз қызметтерін тоқтатады, ұшақтар әуежайда, кемелер
аты жоқ кеме тоқтайтын жерлерде тұрып қалған болар еді. Ал газеттер жер
шарының әр жерінде болып жатқан оқиғаларды қалай жеткізер еді?. Бұл ойды
ары қарай дамытып, кісі аттары, жануарлар, ғарыш планеталар, әдеби және
басқа ғылыми, өнер шығармалары, тағам т.б. атауларын қатыстырып айтуға
болады. Егер атаулар жоғалса, адамзат оған жаңасын ойлап табады. Біздің
санамыз осылай қалыптасқан, яғни бізді қоршаған ұқсас дүниелерді ажырату
үшін осы қызметте жұмсалатын ерекше сөздер жасайды. Бұндай сөздер заттарды,
ұғымдарды, құбылыстарды ажырататын жалқы есімдер болып табылады.
Кез-келген мемлекетті, ел мен жерді ең алдымен оның белгілі
тұлғаларының есімдері мен жаһанға әйгілі жер-су атаулары арқылы танимыз.
Мысалы: ұлт мақтанышына айналған Фараби, Абылай хан, Абай, М.Әуезов, Жамбыл
сынды бабаларымыз ағаларымыздың есімі күллі әлемге танымал болса, жазира
даламыздың Қазығұрт, Отырар, Ертіс, Талас, Сарыарқа, Астана, Алматы, Жайық
сынды ежелгі қала, өзен, тау атаулары адамзат тарихында өз орнын орынды
сайлаған жалпымәдени, гуманитарлық маңызы зор өркениет құндылығына
айналғанын неге мақтан тұтпасқа?!
Мыңдаған жылдар адамзат Құс жолына көз тігіп, шексіз ғаламды қиялмен
шарлаған ғарышқа екі жол болса, бірі қазақ топырағындағы әлем таныған
Байқоңырдан бастау алатындығына кез-келген қазақтың кеудесін мақтаныш қалай
кернемеске?
Есік қорғанынан табылған Алтын Адам, қазақ жерінен табылған қола
дәуіріне қатысты мұразаттар (артефактілер) есте жоқ ықылым заманда бабалар
жерінде жоғары мәдениеттің болғандығының куәсі емес пе? Ал қазақ халқының
алтын бесігі болған ұлы Сырдария алабы мен Іле, Ертіс, Жайық сағалары
әлемнің аса көне өркениет ошақтары – аты аңызға айналған Ніл, Ефрат,
антикалық Рим, Эллада мәдениетімен пайда болу кезеңі тұрғысынан шендесе
қатар тұра алатын ұлттық, тіптен еуразиялық ортақ мәдениеттің феномені
ретінде қарастырылса керек.
Жалпы қазақ ат қойып, айдар тағуға шебер халық болған, ат қою
процесіне баппен, байыппен қарап, қорғаштаған. Ондаған ғасырлар бойы
қалыптасқан топонимдік жүйеде шексіз даладағы тіршілік көзі - жер-суға ат
қойғанда, ең алдымен, практикалық мақсаттағы уәжі, бағдар-ориентир қызметі
негіз болса (Суықбұлақ, Тұщысу, Соналы, Жусанды т.б.), екінші жағынан
қарапайым қазақтың қиял ұшқырлығына, асқан жоғары поэтикалық қабілеті мен
эстетикалық талғамына тәнті боласыз, мысалы Келіншектау, Айғырұшқан,
Домбыралы мифотопонимдері мен теңеуге құрылған Оқжетпес сынды поэтикалық
әлеуеті мол атауларды келтіруге болады. Кісі есімдері жүйесінің де
поэтикалық ой толғатар тұстары көп, мысалы, Абайдың Әйгерімі, Төлегеннің
Қыз Жібегі, өз заманымыздың Ақерке, Ботакөз сынды қыз есімдерін көптеп
келтіруге болады. Әр тарихи кезеңдегі қоғамдық формацияның сол кездегі
тілдік, мәдени ортаның өзіне тән ономастикалық бірліктер репертуары
болғандығы белгілі. Кез-келген онимдік атаудың артында үлкен фондық білім
жасырын тұр, алуан түрлі энциклопедиялық ақпараттар желісімен байланысты
болып келеді. Мәселен, көне түрік жұртына ортақ Білге бабаның, берідегі
Абай, Сүйінбай, Махамбет т.б. есімдері немесе Ордабасы, Аңырақай сияқты
топонимдер төңірегінде қаншама аялық білім бар десеңші. Осы атаулардың
әрқайсысы құлпы бар өз заманының кодтары іспеттес, кілтін тауып, дөп басқан
кісіге небір өткен қилы замандардың тылсым сыры ашылмақ. Яғни ономастика
ұлтымыздың әлемнің тілдік моделінен өзіндік орын алатын кумулятивтік мәні
зор, жоғары коннотацияға ие, этностың рухани әлеуетінің көрсеткіші ретінде
танылса керек.
Сондықтан қазақ халқының қазіргі қалыптағы ономастикалық
кеңістігіндегі атаулар жүйесі – жерімізді әр заманда мекен еткен халықтар
мен ұлыстардың, түптеп келгенде, өз жұртымыздың сан ғасырлар бойы жасалған
ұжымдық ой-санасының жемісі, ортақ мәдени, рухани туындысы.
Қазақ дәстүрлі ономастикасында қазақ тілінің жалқы есімдері негізінен
семантикалық, құрылымдық әдіс тұрғысынан жүйелі түрде зерттелді, мұнда
ономастикадағы семантикалық және құрылымдық қатынастардың типологиясына
назар аударылды. Алайда, Қазақстан сөзін сипаттайтын жалқы есімдер (жер-су
атаулары мен кісі есімдері) туралы қарастырылмаған. Қазақстан сөзімен қатар
ойға оралатын жалқы есімдердің ассоциативтік өрісін айқындап, оның ұлттық
дүниетанымдық ерекшелігін көрсету біздің жұмыстың өзектілігі болып
табылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Біздің жұмыстың мақсаты Қазақстан
сөзін естігенде ойға оралатын жалқы есімдерді анықтау болып табылады. Осы
мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттер алға қойылады:
- ономасиканың когнитивтік лингвистикамен арқатынасын анықтау
- тілдік сана ұғымының когнитвизм ұғымымен байланысы;
- Қазақстандағы жер-су атаулары мен кісі есімдерінің ассоциативтік
өрісін айқындау;
- Қазақстанның онимдік портретін құрастыру.
Жұмыстың нысаны: Қазақстан сөзін сипаттайтын жалқы есімдер.
Жұмыстың пәні: Ономастикадағы жалқы есімдердің когнитивтік сипаты.
Жұмыста қолданылған әдістер: Дескриптивті (сипаттама) әдісі,
ассоциативтік эксперимент, жаппай сұрыптау тәсілі. Жұмыс сауалнама
жүргізуге негізделген.
Жұмыстың әдіснамалық негізі: Жұмыстың әдіснамалық негізі болып
ономастика мен когнитивтік лингвистиканың теориялық тұжырымдары жүйеленген
Т.Жанұзақтың, А.Әбдірахмановтың, Е.Ә. Керімбаевтың, Б.Тілеубердиевтің,
Г.Б. Мадиеваның т.б. ғалымдардың еңбектері табылады.
Жұмыстың дерек көздері: Қазақстан сөзін сипаттайын жер-су атаулары мен
кісі есімдеріне байланысты жүргізілген ассоциативтік сауалнама нәтижесі,
сөздіктер.
Жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және
қосымша, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ОНОМАСТИКАНЫҢ КОГНИТИВТІК СИПАТЫ

Қазақ тіліндегі жалқы есімдер қазақ лексикасының белгілі бір жүйесін
құрайды, сондай-ақ қазақ жалқы есімдерінің лексикалық жүйесі өзіне тән
ерекшеліктерімен сипатталады. Басқа да онимиялық жүйелер сияқты қазақ
тілінің онамастикалық кеңістігі бірнеше бөліктерге жіктеледі: антропонимия,
топонимия, зоонимия, космонимия, этнонимия т.б. Қазақ онимиясының осындай
жіктелуінің негізінде атауыштық процесіне іліккен нысандардың категориялық
түрі жатыр деп айтуымызға болады. Басқаша айтсақ, жеке адамды атайтын –
антропонимиялық, табиғи немесе антропогенді нысандарды (тау, өзен, бұлақ,
қала, ауыл т.б.) атайтын жалқы есімдер – топонимиялық, аспан, ғарыш
денелерін атайтын жалқы есімдер – космонимиялық жүйелерді жіктейді. Түрлі
экстралингвистикалық нысандарды атай отырып жалқы есімдер сол нысандардың
көптеген сипаттарын, қасиеттерін, қызметін, мәнін көрсете біледі, белгілі
социумда, қоғамда, этноста жалқы есімдер алуан түрлі қызмет атқарады. Сол
себепті, жалқы есімдердің сипаты мен құрамына географиялық, идеологиялық,
тарихи, дүниетанымдық, әлеуметтік, мәдени экстралингвистиклық факторлар
әсер етеді. Жалқы есімдердің жоғарыда аталған экстарлингвистикалық
факторлармен тығыз байланысы жалқы есімдер жүйесінің басты сипаттарының
бірі болып саналады. Тілден тыс факторлардың жалқы есімдердің
семантикасына, қызметіне, функцияларына жіктелуі сияқты сипттарына әсері
мен ықпалы, мәні зор болғанымен, жалқы есім тілдік бірлік, сөз. Сол
себепті қазақ тіл білімінде жалқы есімдердің түрлі тілдік, лингвистикалық
сипаттарын, қасиеттерін айқындайтын зерттеулерге басты назар аударылды.
Жалқы есімдерді когнитивтік аспектіде зерттеудің негізі – базалық
құрылымдары мен онтологиялық қасиеттері. Қазақ жалқы есімдерін зерттеудегі
лексика-семнтикалық, құрылымдық-сөзжасамдық аспектілер тиянақты зерттелді,
оның дәлелі ретінде қазақ ономастикасы бойынша көптеген еңбектерде
кездесетін лексика-семантикалық, құрылымдық-сөзжасамдық классификацияларды
атауға болады. Қазақ тілінің дәстүрлі, әрі бай антропонимиялық және
топонимиялық материалдыры жаңа ғылыми тұрғыда түсіндіруді талап етуде, бұл
материалға этнолингвистиканы, лингвомәдениеттануды, когнитивтік
лингвистиканы ұсынуға болады.
Е.Ә. Керімбаев былай деп атап көрсетеді: ...Көптеген зерттеушілердің
жалқы есімдер тек қана тілдік ауқымда қарастрылу керек деген пікірін
көпшілік ғалымдар үнсіз мойындап келді, сондай-ақ тілдің шынайы адамнан
қоғамдық қатынастар жүйесінің заңды буыны ғана емес, сонымен қатар осы
шындық өмірдегі адамның белсенді қызметінің құралы болып табылатынын
түсінбеу [1, 22] жалқы есімдердің алуан түрлі функциялық
қызметтеріне шындық көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Сол себепті қазақ
жалқы есімдерінің мәні, мақсаты қолданысы, функциялық қызметтері арнайы
бағытта қарастырылмады. Пайымдай білгенге жалқы есімдердің функциялық
қасиеттері мүмкіндігінше күрделі, көп қырлы, сан-салалы болып келеді,
сондықтан ол номинациялау функциясымен ғана шектеліп қалмайды, жалқы
есімдердің атқаратын рөлі өте зор, кейде лингвистикалық функция аумағынан
тыс жатады.
Қазіргі уақытта қазақ тіл білімінде ономастика өзіндік дербес пән
ретінде қалыптасу жолындағы жас ғылым саласы деуімізге толық негіз бар.
Олай дейтініміз “Бізде антропонимика, топонимика, этнонимика, астронимика,
зоонимика, космонимика, фитонимия, теонимия т.б. бөлімдері әлі толық
зерттелген жоқ. Олардың зерттеу обьектілері ұшан-теңіз, бір емес, бірнеше
ұрпаққа жетері сөзсіз” [2,4] делінген. Соңғы жылдары кеңестік (ТМД елдері)
тіл білімі көлемінде поэтикалық антропонимия немесе ономопоэтика - әдеби
көркем туындылардағы жалқы есімдерді (поэтонимдер) зерттейтін ономастиканың
бір тармағы пайда болды [2, 166].
Е.Ә. Керімбаев өзінің Казахская ономастика в этнокультурном,
номинативном и функциональном аспекте деп аталатын еңбегінде, негізінен
жалқы есімдердің тілдік аспектілерін әңгімелейді, оның енгізген жеке
ономастикон ғылыми тұжырымы когнитивтік ұғымды айқын көрсететін
қасиеттерге ие. Е.Ә. Керімбаев жеке ономастиконның белгілері мен
қасиеттерінің когнитивтік сипатына өзі қолданып жүрген терминдер мен тіл
оралымдарын атып көрсетеді: Қазақ халқының түсінігінде ғалам моделі болып
анықталатын - өмір сүріп келген және өмір сүруші қазақ онимиясы тілдік
қызметте, өзінің тілдік функциясында іске асырылады. Тілдік тұлғаның жеке
ономастиконының (жалқы есімдер сөздігінің) функциялану сипатын айқындау
қажет, ол когнитивтік лингвистиканың уәждік деңгейлеріне тәуелді болады,
тұлғаның тезаурусы мен тілдік таңбаларды қолдану деңгейлерінің бейнесі мен
көрінісі болып табылады. Басқа сөзбен айтсақ, нақты бір тілдік тұлғаның
тілдік таңбаларды қолдану бейнесінің ғалам туралы жүйесін, ғалам образын,
оның қызметтік – коммуникативтік қажеттеліктер деңгейін анықтайды.
Ғалам бейнесі (картина мира) когнитивтік лингвистикадағы басты термин
болып табылады. Ғалам бейнесі (ғалам образы немесе ғалам моделі)
терминдері мен ұғымдары Е.Ә.Керімбаевтың жұмысында ономастикалық
номинацияны суреттеуде, ұлттық ономастикалық сөздіктің экстралингвистикалық
берілімін түсіндіруде қолданылады. Ғалам образы, ғалам туралы білімдер
жүйесі ұғымдары адамға ұлттық тіл мен ұлттық, жалпы халықтық ономастикон
жүйесіндегі адамға, сонымен қатар тілде, тілдік қызметте, абстрактілі және
нақты ұлттық тілдік тұлға мен қазақ тілдік тұлғаның жеке ономастиконына
қатысты түрде түсіндіріледі. Тілдік тұлғаның сөйлеу, ойлау қызметінің
базасы ретінде ғаламның жеке және субъектілік бейнесін қарастыру кезінде
ғалам бейнесі дегеніміз – адамның дүниетанымындағы субъектілік және
объектілік бастауларының синтетикалық бірлігі, рухани жеке әрі мәдени
тарихи субстанцияның синтезі екенін еске алу қажет, - деп атап көрсетеді.
Қазақ халқы есімдерінің (онимдерінің) гносеологиясы мен функциялануын
зертеудегі когнитивтік әдісте тіл білімінің, жалпы білімнің негізін
қалайтын ментальдік құрылымдардың ономастика мен ономастикалық процестерге
әсерін міндетті түрде ескеру қажет, олардың бірі – ғалам бейнесі ұғымы.
Ғалам бейнесі – қоршаған ортамен адам туралы ақпаратты қайта өңдеудің
нәтижесі. Ғалам бейнесі дүниенің біртұтас ғаламдық образы, ол адамның
бүкіл рухани белсенділігінің нәтижесі болып табылады, адамның ғаламмен
жасайтын барлық байланыстары барысында пайда болады. Мұнан шығатын
қортытынды когнитивтік позиция ономастикалық бірліктер мен бүкіл ұлттық
онимия ғалам бейнеснің вербалдық ономастикалық формасының тілдік берілімі
болып табылады.
Г.А. Брутян, Р.И. Павиленис т.б. философтар, Ю.Н. Караулов, Г.В.
Колшанский, В.И. Постовалова, Г.В. Рамишвили, Б.А. Серебренников, В.Н.
Телия сияқты лингвистер тарапынан ғаламның концептіоік және тілдік бейнесі
ажыратылып көрсетілді. Тілдік формада берілген дүние туралы білімдердің
жиынтығы түрлі тілдік концепцияларда бірде ғаламынң тілдік көрінісі,
бірде ғаламның тілдік моделі, бірде ғаламның тілдік бейнесі, бірде тіл
аралық ғалам деп көрсетіліп жүр. Егер ғаламның тілдік бейнесі түрлі
деңгейдегі тілдік бірліктерде ғаламның ұлттық бейнесін көрсетсе, онда
ономастикалық деңгейдегі жалқы есімдер ғаламның ұлттық, тілдік бейнесінің
фрагменті болып табылады да, ғаламның ономастикалық ұлттық бейнесін құрай
алады деп қисынды түрде айтуға болады.
Осыған орай қазақ ономастикасының ұлттық болмыс концептілерін жасауға
қатысты тіл мен таным процестерінің арақатынасын көрсету тіл қолданысының
когнитивтік жүйесіне сүйенеді деуге болады. Ғаламның тілдік бейнесі, ұлттық
болмысы әр этноста әр түрлі болуы этностың тәжірибесі, білімімен
байланысты. Өйткені, тілдік таңбаның тааңбалаушы қызметі сыртқы дүниемен
байланысында ғана емес, адамның өмірден көрген-білгені, көңілге түйгені
білімінің негізі болып табылады. Оның тілдік бейнесі ұлттық рухани болмысы
әр халықта әр түрлі.
Мәселен, мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқы үшін топонимдер
кешені әрбір тұрғынның зердесінде сақталған ерекше бір картаны көз алдына
әкелген. Ономастика кешеніне кіретін географиялық атаулардың бірін еске
салсаңыз болды,аталған географиялық объектіні ой картасын бірден көз
алдына кептіре білген. Егер мал Ұзынбұлақтың басында жайылып жатыр деген
хабар берілсе,бұл хабарды қабылдаушы Бесжал тауының оңтүстігіне қарай
Қаратас жарының басындағы Кеңсай жырасының солтүстігінде жайылып жатқан
малды ой картасында елестете білген. Егер мал жайылып жатқан жерді
дәлірек елестету керек болса, онда аталған объектінің маңында орналасқан
өзіндік белгі қызметін атқаратын ұлттық болмысты бейнелейтін қосымша
топонимдер аталған [3, 56].
Бұдан қазақ халқының ұлттық рухани болмысын бейнелейтін ономастиканың
өмірде маңызды орын алып, олардың шексіз дала алқабы мен шөлді жайылымдарда
көші-қон кезінде белгілі қызмет атқарғанын байқауға болады. Ономастикалық
атауларда географиялық объектілердің этнос пен табиғат байланысын
бейнелейтін сөздердің көп болуы топонимикалық объектілерді көзбен шолуға
негізделгенімен, сондай-ақ, қазақтардың тұрмыс-салтымен, этномәдени
шаруашылық түрінің өзіндік ерекшеліктерімен байланысты түсіндіруге болады.
Ғаламның ономастикалық бейнесін, ғалам туралы білімдердің жиынтығын,
тілдің жеке бірліктерінде нақты тілдік қауымдастықтың ұлттық, тарихи-мәдени
және әлеуметтік тәжірибесі ретінде елестетуге болады. Адамдардың қандай да
бір лингвомәдени қауымдастағының құнды, ғаламды тануы мен түсінуі тілде
жалпы есімдер арқылы ғана емес, сондай-ақ жалқы есімдер арқылы да беріледі.
Жалқы есімдер мәдениеттің басты концептілерін суггестивтік формада бере
отырып, айқын түрдегі кумулятивтік функцияға ие [4, 19]. Жалқы есімдер
онимдер арқылы тілдік таңбаларға, тілдік бірліктерге айнала отырып,
ғаламның ономастикалық моделін, кескін-келбетін жасай алады. Ғаламның
ономастикалық моделі немесе бейнесі адамның ғалам туралы түсініктерін және
ғаламды тану қасиеттерін бейнелейді, сол себепті болса керек адам тілінің
антропоцентрисігі сияқты олар да артроплцентристік қасиетке ие.
Ұлттық дүниетанымды, мәдени-тарихи әлеуметтік құндылықтарды түсіну
үшін жалқы есімдердің антропоним, топоним, зооним, этноним т.б. түрлі
категорияларына сүйену арқылы антропонимиялық, топонимиялық, этнонимиялық,
ғаламның басқа да бейнелері құрылады. Ғаламның антропонимиялық бейнесі
дегенді қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың
саяси, экономикалық және мәдени бірлестігі бірлестігі, әл-ауқаты, қал-жайы,
тіршілік тұрмысы жайындағы ақпаратты алу және оны қайта өңдеп, халыққа беру
деп түсіну керек. Ал, ғаламның топонимиялық бейнесі адам өмір сүріп,
тіршілік еткен шаруашылығы мен танымдық қызметі іске асатын географиялық
орта туралы ойлау, сөйлеу ақпаратын бекітеді [5, 136].
Л.М. Дмитриева былай деп атап өтеді: Ғаламның топонимиялық бейнесінде
кеңістік категориясы едәуір маңызды орын алады, өйткені бұл категория адам
мен оның өмір болмысы арасын біріктіре қарастырады. Кеңістік концептісі
дүниенің топонимиялық бейнесінде тұлғаның топонимиялық санасы фрагменті
ретінде оның ментальдік ішкі танымының тілдік айналымда ұласу негізін
қалаушы басты концепт болып табылады [6, 30]. Топонимиялық атауларда
ұсынылып отырған кеңістік өз өмір-тіршілік қызметінің құндылықтары арқылы
ғаламды қабылдаушы, субъекті тұрғысынан алғанда халықтық болып саналады.
Ғаламның топонимиялық бейнесіне ғалам туралы, адамның бір нәрсе жайлы
қалыптасқан мағлұматы, бағдарланған білімі енеді, сондай-ақ ғаламның
ономастикалық бейнесі тілдік таңбаларда, жалқы есімдерде ғаламды
қабылдаудың тәсілдері мен формаларын бейнелейді. Мифология ғаламды
қабылдау мен ғаламды танудың ең ежелгі формасы екендігі белгілі, оның
негізінде алғашқы тұрмыстық синкреттік мифологиялық сана жатыр.
Ономастикалық номинацияның мифологиялық типі өз семантикасында дүниенің
құрылымы, ғарыштың құрылым моделі политейстік наным-сенімдерге енетін түрлі
культтар туралы архаизмдік және одан да бұрынғы түсініктерді бейнелейтін,
санадағы дүниенін көрінісінің алғашқы синкретизмімен сипатталатын
сипатталатын, мифологиялық деп аталатын ерекше ойлау типімен байланысты.

1. 1. Ономастикадағы жалқы есімдердің зерттелуі

Қазақ тіл білімінің бұл жаңа саласы бұл күнде түрік тілдеріндегі
ономастикалық зерттеулерден едәуір алға шығып, шоқтығы биікке көтерілді.
Бұл салада көптеген бағалы еңбектер мен ономастикалық сөздіктер жарық
көріп, жүздеген кандидаттық, ондаған докторлық диссертациялар қорғалды.
Ғалымдарымыздың үрдіс жетістіктері 1978 ж Краков қаласында, 1984 ж Лейпциг,
1990 ж Хельсинки қалаларында өткен XIV-XV және XVII халықаралық
ономастикалық конгрестерде аталып, орынды бағаланды.
Қазақстан ғалымдары қазақ ономастикасын 1950 жылдардан бері ғана
жүйелі түрде зерттей бастады. Осы мерзімнен бері бізде жүздеген
кандидаттық, 8 докторлық диссертация қорғалып, ондаған кітап, сөздіктер
жарық көрді. Тұңғыш рет Ғ.Ғ.Қоңқашбаев Қазақстан халықтық географиялық
терминдері атты тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, бірнеше ғылыми
мақала жазса, 1954 жылы А.Әбдірахманов Қазақстан топонимдерінің кейбір
мәселелері деген тақырыпта, В.Н. Попова 1967 ж Павлодар облысының
гидронимдері, Е.Қойшыбаев Жетісу топонимдерінің негізгі типтері,
О.Сұлтаньяев Көкшетау облысының топонимдері атты тақырыптарда кандидаттық
диссертациялар қорғаса, 1976 ж Т.Жанұзақов түркологияда тұңғыш рет Қазақ
ономастикасының негізгі проблемалары атты тақырыпта докторлық
диссертациялар қорғады. Филология ғылымдарының кандидаты А.Әбдірахманов
Қазақстанның жер-су аттары (1959), Топонимика және этимология (1975),
Қазақстан этнотопонимикасы (1978), атты еңбектерін шығарса, Т.Жанұзақов
1965-2001 жылдар арасында Қазақ тіліндегі жалқы есімдер, Қандай есімді
ұнатасыз?, Қазақ есімдерінің тарихы, Есімдер сыры, Қазақ
ономастикасының очеркі, Қазақ есімдері, Орталық Қазақстанның жер-су
аттары (авторлас), Қазақстан географиялық атауларының сөздігі. Жезқазған
облысы (авторл.бірі, 1990), Қазақстан географиялық атаулары (авторл,бірі,
1998), Қазақстан Республикасының топонимдері (авторл. бірі, 2001)
еңбектерді жарыққа шығарды.
Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары қорғалған, ономастиканы жаңа
антропоцентристік парадигмада зерттеу, аталым теориясының негіздерін
зерделеуге қатысты мынадай еңбектерді атауға болады: Г.Б. Мадиеваның Имя
собственное в контексте познания (2005), Б.М. Тілеубердиевтің Қазақ
ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері (2006), Қ.Ж.
Айдарбекованың Қазақ терминологиялық аталымының ономасиологиялық
аспектісі (2009) атты докторлық диссертациялары. Бұл жұмыстарда қазақ
ономастикасы мен терминологиялық аталым теориясының бірқатар іргелі
проблемалары қарастырылып, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Г.Мадиева Қазақстан ономастикалық ғылымында қалыптасқан ғылыми-
теориялық пайымдауларды жүйелеп, реттестіріп, зерттеу аспектілеріне жан-
жақты тоқталды. Сонымен қатар, зерттеуші алғашқы болып қазіргі
ономастикалық жүйенің метадиалектісі мен концептуалды-терминологиялық
аппаратын, қазіргі Қазақстанның ономастикалық кеңістігіндегі онимдік
бірліктерді леммалау проблемасын алғаш рет зерделеп, жүйелеп, тереңдете
қарастыру арқылы, бірқатар тың теориялық нәтижелерге қол жеткізді.
Б.Тілеубердиев қазақ жалқы есімдерінің номинативтік қызметіндегі
линговмәдениеттанымдық аспектілерді, жалқы есімдердің семиотикалық
қырларын қарастырып, ономастикалық концептіні кеңістік, адам, жан-
жануарлар, өсімдіктер сынды әмбебап концептілер құрылымында қарастырып,
олардың концептуалдану ерекшеліктерін айқындап берді. Сондай-ақ зерттеуші
өз жұмысында алғаш рет ғаламның ұлттық ономастикалық бейнесін мифонимиялық,
антропонимиялық, топонимиялық тұрғыдан сипаттап, белгілеп, бедерлеп берді
деуге болады.
Т.Жанұзақ пен Қ.Рысбергеннің еңбектеріне сүйене отырып, Г.Б.Мадиева
қазақ ономастикасының қалыптасуы мен дамуының үш кезеңін шартты түрде былай
сипаттайды:
- бірінші кезең - 1949-1970-шы жылдары. Бұл кезеңде қазақстандық
ономастикалық мектеп қалыптасты; қазақ топонимдері мен антропонимдері
зерттелді, олардың этимологиясы, құрылымдық және лексика-семантикалық
топтары анықталды; топонимиялық жүйенің стратиграфиясы айқындалды;
географиялық терминдердің топонимдер жасаудағы орны мен рөлі анықталып,
зерттелді;
- екінші кезең - 1970-1995 жылдар арасы. Бұл кезеңде аймақтық,
топонимиялық зерттеулер дами түсті; ономастикалық теорияларға назар
аударылды; топонимдер мен антропонимдер этнолингвистикалық бағытта зерттеле
бастады; ономастикалық зерттеулердің ауқымы кеңейді – космонимдер,
зоонимдер, Қазақстан территориясындағы орыс топонимдері зерттеле бастады;
топонимиялық және антропонимиялық атауыштық уәждер анықталды; түркі-моңғол
топонимиялық сәйкестіктер зерттелді; ономастикалық қолданбалы аспектілер
қарастырыла басталды, транскрипция мен транслитерация негіздері жіктеле
түсті, жалқы есімдерді стандарттау мәселелері қарастырылды, ономастикалық
сөздіктер жасалды;
- үшінші кезең – 1995 жылдан күні бүгінге дейін. Бұл кезеңде аймақтық
топонимимялық зерттеулер өз жалғасын тапты; ономастикалық (топонимиялық,
антропонимиялық) сөздіктер жасалды; топонимдер мен антропонимдердің
салғастырмалы зерттеулері даму үстінде; ономастикалық зерттеулердің
нысандары эргоним, идеоним, мифонимдер болуда; жалқы есімдерді зерттеуде
жаңа әдістер мен бағыттар қолданыла бастады [226,6-7].
Қазақстан ғалымдары қазақ ономастикасын 1950жылдардан бері ғана жүйелі
түрде зерттей бастады. Осы мерзімнен бері бізде жүздеген кандидаттық, 8
докторлық диссертация қорғалып, ондаған кітап, сөздіктер жарық көрді.
Тұңғыш рет Ғ.Ғ.Қоңқашбаев Қазақстан халықтық географиялық терминдері атты
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, бірнеше ғылыми мақала жазса, 1954
жылы А.Әбдірахманов Қазақстан топонимдерінің кейбір мәселелері деген
тақырыпта, В.Н.Попова 1967ж Павлодар облысының гидронимдері, Е.Қойшыбаев
Жетісу топонимдерінің негізгі типтері, О.Сұлтаньяев Көкшетау облысының
топонимдері атты тақырыптарда кандидаттық диссертациялар қорғаса, 1976ж
Т.Жанұзақов түркологияда тұңғыш рет Қазақ ономастикасының негізгі
проблемалары атты тақырыпта докторлық диссертациялар қорғады. Филология
ғылымдарының кандидаты А.Әбдірахманов Қазақстанның жер-су аттары (1959),
Топонимика және этимология (1975), Қазақстан этнотопонимикасы (1978),
атты еңбектерін шығарса, Т.Жанұзақов 1965-2001 жылдар арасында Қазақ
тіліндегі жалқы есімдер, Қандай есімді ұнатасыз?, Қазақ есімдерінің
тарихы, Есімдер сыры, Қазақ ономастикасының очеркі, Қазақ есімдері,
Орталық Қазақстанның жер-су аттары (авторлас), Қазақстан географиялық
атауларының сөздігі. Жезқазған облысы (авторл.бірі, 1990), Қазақстан
географиялық атаулары (авторл,бірі, 1998), Қазақстан Республикасының
топонимдері (авторл. бірі, 2001) еңбектерді жарыққа шығарды. Жалқы
есімдердің ұлттық-мәдени ерекшеліктері
Жалқы есімнің табиғатын зерттеу, олардың ерекшеліктерін анықтау,
семантикасы мен этимологиясын ашу, әр халықтың әр аймақтың жалқы есімін
сөзжасамдық құрылымын талдау зерттеушілерді жалқы есімді тарихи ғана емес,
ұлттық та деген тұжырым жасауға итермелейді. Ұлттық онамастиканның
ерекшеліктері олардың белгілі бір ұлттық тілге қатыстылығында ғана емес,
сонымен қатар, ұлттық онимия жасалып, қалыптасқан ұлттық мәдениетке де
байланысты [7, 39]. Сол себептен жалқы есімнің ұлттық ерекшелігі жөніндегі
деректі халықтың ұлттық мәдениетінен іздеу керек. Бұл тұрғыдан жалқы есімге
қатысты ұлттық-мәдени ерекшелік дегеніміз халықтың біртұтас әлемге деген
көзқарасы, әлеуметтік және материалды мәдениеті, сонымен бірге олардың
жалқы есімнің семантикасында көрініс табуы.
Ұлттық ономастиконды қарастыру үшін, этимология тұрғысынан әр түрлі
онимдерден тұратын разрядтар барын ескере отырып, жалқы есімнің қай ұлтқа
қатысты екендігін анықтау керек.
Қазақ ономастикасының негізгі бағыттары мен тақырыптары зерттеулерде
өз ғылыми нәтижелерін берді, бірақ бірқатар диссертациялық жұмыстарда осы
белгілі деңгейде қарастырылып қойған мәселелер қайталана бастады. Мәселен,
көптеген аймақтық топонимия негізінде жазылған жұмыстар біркелкі
стандартталған жоспар бойынша орындалды. Сол жұмыстарда міндетті түрде:
1) аймақтың тарихи, географиялық ерекшеліктері қаралады; 2) топонимдердің
лексика-семантикалық топтары қарастырылады; 3) аймақтық топонимияның
стратиграфиясы (хронологиялық кірме қабаттары сөз етіледі); 4) структуралық-
сөзжасамдық классификациясы беріледі; 5) топонимдердің этнолингвистикалық
сипаттамасы жасалады. Әрине, осындай жоспар бойынша жазылған зерттеулердің
ғылыми жаңалықтары мен нәтижелері кезінде сөз етерлік деңгейде еді, бірақ
әлемдік және отандық тілтанымда жаңа бағыттар мен соны ғылыми көзқарастар
ене бастағанда, қазақ ономастикасында да жаңа концепциялардың пайда болуы
заңды құбылыс деуге болады.
Сонымен, ономастикалық бірліктер аса күрделі тілдік таңба
болғандықтан, оларды дәстүрлі тілдік тұрғыдан ғана қарастыру жеткіліксіз
болады, себебі жалқы есімдердің мазмұны көптеген сыртқы факторлармен
байланысты болып келеді де, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер
жүйесін құрайды; ұлттың, халықтың ұжымдық тәжірибесін, қоғамдағы адамдардың
бір-бірімен байланысын, шаруашылығын, рухани, материалды мәдениетін т.б.
концептілік білім кешенінде өз бойына жинақтайды. Сол себепті де жалқы
есімдер антропоцентристік бағытта қарқынды дамып келе жатқан когнитивтік
лингвистиканың жаңа саласы ретіндегі когнитивтік ономастика немесе
ономастикалық лингвоконцептология арнасында зерттелуге тиіс.

1. 2. Ономастика мен когнитивтік лингвистиканың өзара байланысы

Әлемдік және отандық тіл білімінің қазіргі таңдағы дамуы
лингвистикалық зерттеулердің антропоцентристік бағытталуымен сипатталады,
тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға көшу ХХ ғасырдың
аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай
ерекшеліктерінің бірі болып табылады, өйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде
лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда, адамдардың бір-бірімен қатынас
жасауы, пікір алысып өзара түсінісуі, дыбыстық, сөз құрамы және
грамматикалық тәсіл жүйесімен шектеліп қала алмайды.
Қазіргі лингнгвистика тілді адаммен, объективтік шындықты идеалды
түрде бейнелеудің адамға ғана тән ең жоғарғы формасы оның ақыл-ой,
санасымен ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз байланысты зерттеуге
бағышталады. Адам және тіл мәселесі соңғы уақытта мол өзектілікке ие
болуда, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз шеңберінен шығып,
табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір сүретіндердің тобына
жүгінгенде ғана толық мүмкіндікке ие болмақ, себебі тіл адамды адам ететін
айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады.
Әрине, тіл пайда болған күннен бастап, адамзаттың өз ойын басқаға
жеткізу үшін тәжірибесі жинақталып, қалыптасады. Осымен байланысты оған
қатысты тілдік бірліктердің табиғатын тануда тілдің когнитивтік, танымдық
қызметі ерекше. Бұл – тілдік ойды жарыққа шығару құралы. Когнитивтік
қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері
бірге танылады. Яғни, тіл – тек заттың, ұғымның аты ғана емес, ол халықтың
белгілі бір кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемісі, сол себепті тіл
әлеуметтік құбылыстардан өмір сүрмейді.
Адам баласының таным-түсінігі толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар
жасаған мұраларды зерттеп, игеруге деген қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі
таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да, әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім
өрісі мен сауатын да, ойдың оралымдылығы мен тілдің құнарын да адам және
тіл аясына сыйғызады. Сондықтан да адам және тіл когнитивтік
лигвистиканың өзекті мәселесіне айналып отыр. Когнитивтік лингвистика
лингвистикалық зерттеулердің шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі
антропоцентристік парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды
[8, 9].
Когнитивтік лингвистика, метафораның когнитивтік теориясы – ғаламның
тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың
құралы. Жеке бір сөздің толық концептісі оның семантикалық және
ассоциациялық өрісі арқылы айқындалады. Сөздің семантикалық және
ассоциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың құрамында когнитивтік және
прагматикалық мағыналардың элементтері бейнеленеді. Когнитивистикада адам
когнициясына басты назар аударылады, көзге түскен іс-әрекеттер ғана емес,
олардың ментальдік репрезентациялары, ішкі көріністері, модельдері, тілдегі
когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері, адамның стратегиялары да
зерттеледі, олар білім негізінде іс-әрекеттерді туындатады, яғни адамның
когнитивтік дүниесі, оның жүріс-тұрыс мен қызметі бойынша зерттелінеді.
Адамның жүріс-тұрысы, қызметі, ойлау негізі тілдің белсенді түрде
қатысуымен жүргізіледі, адам қызметінің мотивтері мен қондырғыларын
қалыптастырады, нәтижесін болжайды [8, 7].
Когнитивтік лингвистика дегеніміз – тілдегі жалпы когнитивтік
механизм ретіндегі когнитивтік құрал, яғни ақпаратты репрезентациялау,
кодтау және трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі
ретінде қарастырылатын лингвистикалық бағыт [9, 53]
Когнитивтік лингвистика когнитивтік құрылымдарды қарастырумен қатар,
адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын, сондай-
ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді
әрекеттердің жүзеге асуын қарастырады. Тілдік таңба арқлы кодқа салынған
ақпараттрады ашу немесе ақпараттарды кодқа салу тәрізді әрекеттер
когнитивтік лингвистиканың құзырына жатады.
Когнитивтік лингвистиканың түпкі мақсаты - адам санасының тереңде
жатқан менталдық құрылымдарды зерттеу, салыстыру, интерпретациялау арқылы
тілдік, лингвокогнитологиялық заңдылықтарды көрсетіп қана қоймай, ұлтқа,
адамзатқа тән адами құндылықтар жүйесін айқындау. Нәтижесінде ұлттың,
адамзаттың биологиялық түр болып, ұлт болып сақталып қалу үшін тек адами
құндылықтарды айқындап тізбектеу үшін ғана емес, оның ар жағында қоғамдық,
тұлғааралық қатынастарды, халықтар, ұлттар арасындағы қатынастарды
үйлесімді ету, гуманизациялау, өзара түсіністік тудыру, рухани, мәдени
интеграциялауға қол жеткізілмек.
Когнитивтік талдаудың сүйенетін басты негізі топонимдердің адамның
тілдік санасында репрезенттелуі, миымен қабылданып, санада өңделуі.
Қазақ жалқы есімдерін (тек қана қазақ жалқы есімдерін емес) зерттеуге
арналған когнитивтік әдіс кезінде, біздің көзқарасымыз бойынша, тілдік
таңбаларда жалқы есімдерде берілген білімді концептілеу мен категориялау
процестері ескерілуі керек. Ғалам туралы аталған білімдерді мән-мағынасын
ашу, елестету, іске асыру кезінде тілдік процестерді, ғаламның
ономастикалық тілдік бейнесін, оның концептілерін вербалдау тәсілдері
тұрғысынан зерттеу жұмысын жүргізуге тиіспіз. Жалқы есімдерді суреттеу мен
талдауға қатысты когнитивтік проблемалар мен мәселелердің деректері
өздігінше бөлек өмір сүрмейді, олар жалқы есімдердің семиотикалық,
лингвомәдениеттанулық, этнолингвистикалық, әлеуметтік лингвистика
аспектілерімен жақындайтындығын, тіпті қиюласатындығын атап өту қажет.
Тілдік концептілерде көрінген ғалам туралы, дүниенің тілдік бейнесі туралы
білімдер этномәдени, әлуметтік мәдени т.б. факторлармен байланысты болып
келеді, сол себепті олардың арақатынасы жалқы есімдердің когнитивтік
семантикасын суреттеуде ескерілуі тиіс. Дүние туралы ғаламның тілдік
бейнесін ономастикалық тұрғыда концептілерін вербалдау әдістері тұрғысында
қарастыру керек. Когнитивтік лингвистика жалқы есімдерді зерттеуде жаңа
бағыттарға жол ашады, бұл дегеніміз оған дейінгі этнолингвистикалық,
дәстүрлі, жүйелі-құрылымдық, лингвомәдени, социолингвисткалық
парадигмаларды жоққа шығармайды. Қайта, керісінше, ономастикалық
принциптерді жаңа қырынан көрсету мен ұғынуға ұмтылады.
Е.С. Кубрякованың пікірінше, лингвист обьективтік шындық туралы
түсінік соңында жеке, лингвисткалық формалардың қандай жүйеде тұрғандығын
ғана болжауды емес, сонымен қатар тілдік бірлік, іштей байланысты табиғи
тұтастық, тілдік берілімдер, категориялар дүниені қабылдаумен ғана
байланысқандығын және олардың танымды қалай бейнелейтіндігін білуі тиіс
[10, 37]. Қазіргі лингвистикалық теорияның маңызды ерекшелігі – когнитивтік
лингвистикада ойлау, тіл және танымның біртұтас, бүтін, біртұтас
когнитивтік тілдік кешен болып айқын көрінуінде. Біртұтас когнитивтік
тілдік кешен ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасыр басындағы лингвистикада тілді
түсіну аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді.

1.3. Тілдік сана және когнитивизм

Қазіргі ғылымда тілдік сана ұғымы аса маңызды орынға ие. Бұл
терминге көптеген ғалымдар анықтама берген. В.Красныхтың айтуынша, нақты
адамды қоршаған әлем біріншілік сипатқа ие, ал сол адамның санасы –
шындықтың көрінісі бейнесі [11]. Әрине, ойлауға, ақылға, шығармашылыққа
қабілеттілік, моралдық түсініктердің қалыптасуы, қоршаған ортаға деген
көзқарас санамен тығыз байланысты болып, тіл арқылы жүзеге асатыны белгілі.

Адам санасы – индивитен тыс мағыналар мен таңбалар формасында өмір
сүретін интерпсихикалық құбылыс. Уфимцеваның пікірінше, тілдік сана –
белгілі бір мәдениеттің тілімен шарттасқан әлем бейнесі [12, 47]. Ал
Красных сананың ұлтпен, мәдениетпен тығыз байланыста екенін айтады.
Тілдік санаға түсінік бермес бұрын, алдымен сана деген ұғымның өзіне
тоқталып өткен жөн. Өйткені, сана тілдік сананың ең басты критериі болып
табылады.
Е.С. Кубрякованың басшылығымен жарыққа шыққан Краткий словарь
когнитивных терминов сөздігінде бұл түсінік былай анықталған: Сана
(consciousness; Bewubtsein)— адамзатты саналы жан иесі ретінде танытатын,
сонымен қатар ми деп аталатын жоғары жүйелі материяның айрықша
құрылымы. Сана әлденені сезініп, одан тұжырым жасап қана қоймай
айналадағы ортаны танып-білетін, эмоциялық стимулдар қабылдай алатын
қабілет. Бар қуаты ішкі және сыртқы дүниеге бағытталған бұл ерекше жүйеге
белгілі бір объектерге назар салып, ақпарат алу, алынған сол ақпаратқа
сүйеніп ойлау мен вервалдық әрекеттерге көше алу мүмкіндіктері тән
[9,178].
Сонымен қатар, Философский энциклопедический словарь мен
Психологический словарь кітабына жүгінсек те, дәл осындай сана ұғымына
қатысты ортақ ойларды байқаймыз. Яғни, сана тарихи және қоғамдық
эволюциядан өткен адам баласына ғана тән анықтауыш ретінде шындық өмірдің
мидағы психикалық бейнесі.
Дегенмен, Азимовтың Методологиялық терминдер сөздігіне көз
жүгіртер болсақ, сананың интуицияға теліне сипатталғанына куә боламыз. Ол
сананың тек саналылық жағдайында ғана міндетін атқаратынын баса айтып,
саналылықтың 4 деңгейін атап көрсеткен.
Қалай дегенде де Г.И. Исимбаева диссертациясында ескертіп өткендей
авторлардың тарапынан жіберілген нақтылықсыздықтар сана терминінің
мағыналық жайылуына әкеліп соққан [13]. Соның кесірінен сана ұғымы
зерттеулерде ылғи да саналылық, тілдік сана ұғымдарымен шатастырылады.
Мұндай сана мен тілдік сананы ажыратпаушылықтар осы күндері де
көптеген еңбектерде жиі кездеседі. Тағы бір айта кететіні, сананы шындықтың
көрінісі, галаграммасы ретінде танитын тенденция басым.
И.А. Стернин сананың барлық түрлерін 5 бөлікке жіктеді:
1. Ой-толғам қайраткерлігі негізі бойынша – саяси, ғылыми, діни,
экологиялық, тұрмыстық, кластық, эстетикалық, экономикалық т.б.
2. Субъектің түп-тиесілілігі бойынша – гендерлік, жастық, әлеуметтік
(профессионалдық, гуманитарлық, техникалық), даралық, қоғамдық, топтық,
т.б.
3. Қалыптасу деңгейі бойынша – дамыған және дамымаған сана.
4. Сананың негізінде жатқан принцип бойынша – жаһандық,
демократиялық, консерваторлық, прогрессивтік, реакциялық, т.б. саналар
түрі.
5. Тәжірибесі, сананың қамтамасыз ететін, айналысатын
интеллектуалдық әрекетіне байланысты – креативті, техникалық,
эвристикалық, көркем т.б.
Аталмыш сананың түрлері сол Стерниннің айтуынша, сананың алуан
түрлілігін құрайды да жаһандық, кешенді қарастырылады; қарастырылуына орай
да оларды танымдық жағын еске ала отырып когнитивтік құбылыс деп атаған
дұрыс [14,17].
Сананың тілге қатысының зерттелу тарихы бізге керекті мәліметтерге аса
бай. Осы жерде бір айта кететін нәрсе, ойлау мен ақылдың ғылыми-
биологиялық сананың аналогтары бола тұра, барлығы да тілге қатыстылығы
тұрғысынан зерттелуі және де олардың пайда болуына әсер еткен шешуші
фактор--тілдің дамуы болып табылатындығы. Мұндай көзқарастың бастауында
Н.Хомский секілді ірі ғалым тұр. Ол өзінің Тіл және ойлау (Languagе and
mind 1968 ж.) кітабында өз еңбегінің лингвистика мен философия,
психологияның араласуынан туғанын жазды. Одан кейінгі зерттеушілердің
бәрінің бір ауыздан айтқаны мынау болды: Когницияны лингвистика
тұрғысынан зерттеу керек (Вевер, Каролл, Миллер 1984 ж.). Яғни, сананы
тіл арқылы таныған дұрыс. Өз кезегінде тілді де сананың негізінде
зерттеген ләзім.
Соңғы жылдары лингвистикада, психологияда, мәдениетану мен
этнографияда тілдік сана ұғымы кең таралып келеді. Бұл түсінік аты айтып
тұрғандай екі канондық терминдер: сана мен тілдің қосылуынан пайда
болды. Атақты ғалымдар В.Гумбольдт, Л.Вейсгербер, В.Вунд, А.А. Потебня,
С.Л. Рубинштейндер бұл бағыттың бастаушылары болып саналады.
Тілдік сана терминіне сыни көзқарасты алғашқылардың бірі болып А.А.
Леонтьев білдірді: Тілдік сана сөз тіркесіндегі тілдік эпитеті,–деді.
ол: Бізді адастырмауға тиіс. Тілге лингвистиканың дәстүрлі нысан
ретінде бұл теңеу ешбір қатыссыз. Бұл тұрғыда И.А. Стерниннің пікірін де
назарға алған пайдалы. Тілдік сана оның түсіндіруінше, сананың тілдік
қырын сипаттауда дәлме-дәл атау ретінде жемісті де жеңісті де емес.
Сөйтсе де, бұл термин айналысқа енді.
Қазіргі тіл білімі әдебиеттерінде бұл термин тұрақты, бір қазық
мағыналы болмағандықтан, белгілі бір мазмұнсыз қолданылады. Тіптен кешегі
нормашылдығымен, бәтуалылығымен атағы шыққан Кеңестік тіл ғылымында да
бұған қатысты біржақтылық болмаған сыңайлы. КСРО ғылым академиясының
мұрындық болуымен баспа бетін көрген Язык и личность ғылыми-жинақта да
бұл мәселеге айтарлықтай орын бөлінген. Қарап отырсақ, О.С. Ахманованың
Лингвистикалық терминдер сөздігінде берілген анықтамадан бөлек Тілдік
сана бұл -мәдениет пен аталмыш адамзат қоғамының ерекшелігі, олардың
тұтыну тілдерінде көрініс тапқан һәм психикалық қайталанбастығы. Сондағы
О.И. Блинованың Языковое сознание и вопросы теории мотивации мақаласында
тілдік сана терминінің кей жағдайда сөздіктегіден өзгеше де ұғынылатыны сөз
болған: мәселен, белгілі бір тіл туралы білімдер шоғыры, елестетулер,
тұжырымдар топтамасы ретінде оның (сол тілдің) құрылымының, функционалдық
ерекшеліктерінің, айтылу нормаларының, сөздік талғауларының көрінісі. Бұл
түсінік тұрғысынан тілдік сана Ф.Энгельстің (халықтық сана), И.А.
Бодуэна де Куртененің (тілдік көрініс (представление), тілдің халық
арқылы көрінуі), Л.В. Щербанның (лингвистикалық инстинкт, тілдік
иісалғыштық (чутье)), Э.М. Уленбектің (тілдік компетенттік) ұғымдарына
жақындай түседі.
Кеңестік тіл ғылымының тағы бір ғұламаларының бірі А.А. Белобородов
кезінде: Тілдік сана-философиялық толғаныс тұрғысынан өзіндік тіл
тәрізді қарым-қатынасты реттеуші әлеуметтік функциядағы ерекше шағылу
объектісіне ие қоғамдық сананың айрықша формасы ретінде көрінеді,-деп,
Языковое сознание: сущность и статус еңбегінде түйіндеген екен. Осы
Белобородов топшылауының жазылған уақытына қарамастан осы күнгі
зерттеушілер көзқарастары мен батыстық танымға келіңкірейтінін атамай
өтпеуге болмайды.
Э.Д. Сулейменова мен Н.Ж. Шаймерденовалардың 2002 жылы жарық көрген
Әлеуметтік лингвистика терминдер сөздігінде тілдік сана дегеніміз—ұлттық-
қоғамдық сананың маңызды бөлігі; белгілі бір жұрттың кеңістіктік, себепті
эмоцианалдық т.б. өзіндік мәдениеті мен тіліне тән айырмашылықтардың
туындатқан-әлемдік образы.
Ағылшынша Linguistic thingking деп аталатын бұл ұғым батыста әлі талас
туғызатын ұғым ретінде талқылану үстінде.
Тілдік сананы сөз еткенде бір соқпай өтпеу мүмкін емес. Қабырғалы
ұғымның бірі - тілдік сана-сезім (языковое самосознание) ұғымы. Тілдік сана
– сезімге көшпес бұрын осы ұғымның контекстік ұясы болып табылатын тілдік
тұлға (языковая личность) ұғымына азды-көпті тоқталып көрейік.
Психологиядан белгілі болғандай, жеке тұлғаның басты белгілері оның
санасы мен сана-сезімінің болуы. Ал тілдік тұлғаның басты қасиеті тап сол
жеке тұлғаның тілдік формасы ретінде тілдік сана мен тілдік сана-сезімнің
билігінде өмір сүруі.
Жоғарыдағылардан көріп отырғанымыздай, тілдік сана ғалымдардың
қаншалықты күш салуларына қарамастан, бір ауыздан қабылданған ережелерге
айнала алмаған. Тілдік сана түсінігінің осы жайылғыштығы мағыналық
жайылғыштағы бүгінгі тіл ғылымында оның әлемнің тілдік бейнесі, сөйленістің
стратегиясы мен тактикасы секілді ұғымдармен сіңісуіне әкеліп соқты. Не
десе де, тілдік сананың сөйлеу барысында жүзеге асатыны ақиқат нәрсе.
Сондықтан да тұлғаның тілдік санасы жөнінде айтқанда бізге индивидиумның
сөйлеу ерекшелігін есте ұстаған ләзім. Яғни коммуникативтік ситуацияға
қарай анықталатын тұлғаның тілдік және мәдени статусы, әлеуметтік ортасы,
жынысы, жасы, психикалық типі, дүниетанымы, биографиясының ерекшелігі т.б.
тұлғаның өзгермелі параметрлерімен константтарын ескеріп отырғанымыз құба-
құп [15, 34].
Мұндай жағдайда тілдік сананы түсінудің бір әдісі ретінде тезаурусты
атаған жөн. Тілдік құралдарды таңдау мен әлемді қабылдау барысында
бейсаналық механизмдері мен саналы әрекеттердің қабат жүретіні талас
тудырмайтын жайт. Өзін-өзі сезіну мен сезінбеу индивидуальды және
ситуациялық тұрғыда негізсіз. Тұлға қалыптасқан табиғи заңдылыққа сай
өзінің тілдік іс - әрекетінің аз ғана бөлігін түйсінеді.
Бұл тұста С.Е. Никитиннің ұсынған түйсіну о сознание және сана-сезім
терминдерін синоним ретінде пайдаланамыз. Өзінің тілдік іс - әрекетін
түйсіну қабілеті шын мәнінде, өзін-өзі сезінудің сана-сезімнің нақ өзі.
Сонымен бірге, өзіңді ғана түйсінбей, мәселен, өзгенің де тілдік әрекетін
бағалауға, сезінуге болады. Солай дегенмен, аталмыш екі жағдайда да біз
тілдік сананың элементтерін интерпретациялаумен квалификациялаудың
үлгілерін байқаймыз. Біз құдірет көретін лингвистиканың өзі осы тілдік
тұлғадағы ғылыми түйсіну мен тілдік сананы түсіндіруді басты міндеті етіп
алған 30,35. Соңғы жылдары тілді зерттеудің тұлғалық аспектісіне деген
қызығушылық тілге тиіп-қашты қатысы бар барлық пәндерде пайда болып отыр.
Тек қана лингвистикады ғана емес, сонымен бірге психологияда, философия мен
лингводидактикада бұл үрдіс кәдімгідей бой көрсетіп келеді.
Ізденіс барысында көз жеткізгендей, тілдік тұлға тілдік сананың
күллі қырларына сәуле түсіретін және де оның (т. сана) түсініктері мен
ұғымдарына түсінік беретін, өз айналасында тілдік сананы тануға апаратын
негізгі критерийлерді топтастырған өзек ұғым болып шықты.
Ю.Н. Караулов тілдік тұлғаны құраушы үш деңгейді атайды:
1) Қалыпты тілді меңгерген тұлғаларды білдіретін вербальды-
семантикалық деңгей.
2) Бірліктері түсініктер, идеялар мен концепттер болып табылатын әрбір
тілдік индивидтте өзінше қалыптасып, қатаң тәртіпке түскен және де әлемдік
бейнесі жүйеленген, сонымен қатар құндылықтар иерархиясын білдіретін
когнитивтік деңгей.
3) Парагматикалық деңгей болса, мақсаттар мен мотивтерді, мүдделерді,
ұстанымдар мен интонациональдықтарды білдіреді [16, 5].
Келтірілген топтастыруға байланысты мына нәрсе анық бола түседі:
Тілдік тұлға құқықтық-экономикалық және этикалық тұлғалардан әнтек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Ойын-сауық объектілері атауларының ерекшеліктері»
Мұрат Мөңкеұлы шығармаларындағы ономастикалық атаулар
Қазақ ономастикасының өзекті мәселелері
Қала атауларын өзгерту және оның салдары
Публицистикалық мәтіндегі жалқы есімдердің аудару мәселелері
Ономастика ғылымы бойынша зерттеу еңбектері
Қазақ ономастикасының зерттелуі
Сөз байлығының толығу арнасы - сол тілдің сөзжасау жүйесі
Эпостық жырлардағы топонимдер
Көркем мәтіндегі жалқы есімдердің семантизациясы
Пәндер