Басқарудың ғылыми мектебінің негізгі жетістіктері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Басқарудың ғылыми мектебінің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Ғылыми басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3. Тейлор бойынша басқарудың рационалды әдістері. Тейлоризм ... . 8
4. Басқарудың ғылыми мектебінің басқа да өкілдері ... ... ... ... ... 11
5. Басқару ғылыми мектебінің жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
Әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 18
Басқару ғылымының негізін қалаушысы болып американдық инженер және зерттеуші Ф.Тейлор саналады. 1911 жылы шыққан оның «Ғылыми басқару принциптері» деп аталатын кітабында ол басқаруды «не істеу керектігін және оны ең жақсы, ең арзан жолмен қалай істек керектігін нақты білу өнері» деп анықтады. Тейлор басқарушылық функциялардың төрт тобын айырды: мақсатты таңдау, құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. Өзінің зерттеулері нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келді: «ғылыми басқару – бұл еңбекті үнемдейтін қандай-да бір құрал». Тейлордың пікірі бойынша басқару төрт базаға: нормалауға, тапсырманы орындау мерзімдеріне, атқарушылардың ақыл-ой және физиологиялық мүмкіндіуктерін зерделеуге, оларды іріктеу мен оқытуға және атқарушы жұмысының соңғы нәтижесін әділетті мадақтауға негізделеді.
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуында айтарлықтай үлес американдық автомобиль өнеркәсібінің негізін қалаушысы Генри Фордпен қосылған еді. Автомобильдерді құрудың конвейерлік тәсілін пайдалану жөніндегі Форд ұсынған дәстүрлердің арқасында олардың бағасы бәсекелес компанияның бағасымен салыстырғанда талайға төмендетілді. Басқарудың ғылыми мектебінің пайда болуы XIX ғасырдың аяғына – XX ғасырдың басына жатқызылады. Оның негізін қалаушысы – американдың инженер Ф.У.Тейлор (1856-1915).
Фредерик Уинслоу Тейлор 1856 ж. 20 наурызда Филадельфия деген американдық қаласында заңгер жанұясында дүниеге келген. Әкесінің ізінше заңгер мамандығын меңгерем деп болжап, ол 1872 ж. Нью-Гемпширдегі Филипп Экзетердің Академиясына түсті. Бірақ та, түнде жұмыс істеймін деп, ол өзінің көру қабілетін бұзды және, осыған байланысты, Филадельфиядағы шағын гидравликалық шеберханаға механик болып жұмысқа кірді. Кейін Мидвейлік болат құю компаниясында бас инженер лауазымында жұмыс істеді. 1863 ж. сырттай оқып, технологиялық институтты бітірді және инженер-механик дипломын алды.
1. Курс менеджмента. Учебное пособие для студентов вузов/ Под ред. Д. Д. Вачугова. – Ростов на Дону: Феникс,2003;
2. А.С.Большаков, В.И.Михайлов. Современный менеджмент. Теория и практика. – Санкт-Петербург: Питер, 2000;
3. Вершигора Е.Е. Менеджмент. Учебное пособие. М.: ИНФРА-М, 2002;
4. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. 3-е изд. М., Высшая школа, 2000;
5. Кнорринг В.И. Теория, практика и искусство управления. Учебник для вузов по специальности «Менеджмент». – М.: Изд.группа НОРМА-ИНФРА∙М,1999;
6. Мескон М., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента: Пер. с англ. – М.: Дело, 2000.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

___________________________________ _ кафедрасы

рЕФЕРАТ

Пәні: Менеджмент негіздері

Тақырыбы: Басқарудың ғылыми мектебінің негізгі жетістіктері

Тексерген: __________________________
___________________________________ _
___________________________ 2005 ж.

Орындаған: __________ тобының студенті
___________________________________ _

Алматы
Мазмұны:

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- -
--------------- 3
1. Басқарудың ғылыми мектебінің пайда болуы----------------------------
4
2. Ғылыми басқару---------------------------- -------------------------
---------- 6
3. Тейлор бойынша басқарудың рационалды әдістері. Тейлоризм----- 8
4. Басқарудың ғылыми мектебінің басқа да өкілдері--------------------
11
5. Басқару ғылыми мектебінің жетістіктері----------------------- -------
---- 13
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -
----------- 17
Әдебиет тізімі----------------------------- ----------------------------
------------- 18

КІРІСПЕ

Басқару ғылымының негізін қалаушысы болып американдық инженер және
зерттеуші Ф.Тейлор саналады. 1911 жылы шыққан оның Ғылыми басқару
принциптері деп аталатын кітабында ол басқаруды не істеу керектігін және
оны ең жақсы, ең арзан жолмен қалай істек керектігін нақты білу өнері деп
анықтады. Тейлор басқарушылық функциялардың төрт тобын айырды: мақсатты
таңдау, құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. Өзінің
зерттеулері нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келді: ғылыми басқару – бұл
еңбекті үнемдейтін қандай-да бір құрал. Тейлордың пікірі бойынша басқару
төрт базаға: нормалауға, тапсырманы орындау мерзімдеріне, атқарушылардың
ақыл-ой және физиологиялық мүмкіндіуктерін зерделеуге, оларды іріктеу мен
оқытуға және атқарушы жұмысының соңғы нәтижесін әділетті мадақтауға
негізделеді.
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуында айтарлықтай үлес американдық
автомобиль өнеркәсібінің негізін қалаушысы Генри Фордпен қосылған еді.
Автомобильдерді құрудың конвейерлік тәсілін пайдалану жөніндегі Форд
ұсынған дәстүрлердің арқасында олардың бағасы бәсекелес компанияның
бағасымен салыстырғанда талайға төмендетілді.

1. Басқарудың ғылыми мектебінің пайда болуы

Басқарудың ғылыми мектебінің пайда болуы XIX ғасырдың аяғына – XX
ғасырдың басына жатқызылады. Оның негізін қалаушысы – американдың инженер
Ф.У.Тейлор (1856-1915).
Фредерик Уинслоу Тейлор 1856 ж. 20 наурызда Филадельфия деген
американдық қаласында заңгер жанұясында дүниеге келген. Әкесінің ізінше
заңгер мамандығын меңгерем деп болжап, ол 1872 ж. Нью-Гемпширдегі Филипп
Экзетердің Академиясына түсті. Бірақ та, түнде жұмыс істеймін деп, ол
өзінің көру қабілетін бұзды және, осыған байланысты, Филадельфиядағы шағын
гидравликалық шеберханаға механик болып жұмысқа кірді. Кейін Мидвейлік
болат құю компаниясында бас инженер лауазымында жұмыс істеді. 1863 ж.
сырттай оқып, технологиялық институтты бітірді және инженер-механик
дипломын алды.
Болат құю компаниясының зауыттарында жұмыс істей отырып, Тейлор
кейіннен оның ғылыми менеджмент жүйесіне кірген ой-пікірлерді ендіре
бастады, еңбек шығындарының рационалды пайдаланылуын бақылауды,
хронометражды енгізді. 1903 ж. оның Цехтық менеджмент атты кітабы шықты,
1911 ж. – Ғылыми менджменттің принциптері мен әдістері кітабы жарық
көрді.
Тейлордың басты көңілі еңбек өнімділігін жоғарылатуға бағытталған.
Оның пікірінше, еңбек өнімділігінің жоғарылауы иеленушілерді де,
жұмысшыларды да байытуы тиіс, бірақ бұл үшін олардың екеуінің де
психологиясында төңкеріс қажет.
Тейлор еңбектің ғылыми ұйымдастырылуының төрт негізгі белгілерін
ұсынды.
Біріншіден, әкімшілік кәсіпорында қолданылатын еңбектің алуан
түрлерінде әрбір жеке іс-әрекет үшін ескі дәстүрлік және тым практикалық
әдістерді алмастыратын, ғылыми фундаменттің жасап шығарылуын өзіне алады.
Екіншіден, әкімшілік ғылыми түрде орнатылған белгілердің негізінде
жұмысшылардың ұқыпты іріктелуін жүзеге асырады, ал кейін әрбір жеке
жұмысшыны оқып-үйретеді және қабілеттерін дамытады, бұрын болса жұмысшы өзі
мамандығын таңдайтын және өзі қалай білсе, солай оқып-үйренетін.
Үшіншіден, әкімшілік өндірістің жеке салаларының өзі алдында жасап
шығарған ғылыми принциптерге сәйкестігіне қол жеткізу үшін жұмысшылармен
сенімділікке негізделген бірлесіп істеуді жүзеге асырады.
Төртіншіден, кәсіпорын әкімшілігі мен жұмысшылары арасында еңбектің
және жауапкершіліктің бірқалыпты үйлестірілуі орнатылады. Әкімшілік өзі ең
жақсы орындайтын еңбек түрлерін іске асырады, бұрын болса, еңбектің және
жауапкершіліктің едәуір бөлігі жұмысшыларға жүктелген болатын.
Осындай принциптердің барлығы жеке алынған кәсіпорынға қатысты жүзеге
асырылды. Бүкіл жүйе еңбектің рационализациясына бағытталған еді.

2. Ғылыми басқару (1885-1920).

Ғылыми менеджменттің пайда болуы Ф.У. Тейлордың есімімен байланысты
(1856-1915). Бұл мектептің негізгі өкілдері: Френк, Б. Гильберт, Лилиан
Гильберт және Генри Гантт. Тейлор ғылыми менеджменті төрт салада дамыдты:
нормалау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау, уақыт пен міндетті,
ұдайы сұрыптау және баулу, ықшалй ынталандыру.

Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып мынадай таутамаға келді:
“дәстүрлі әдістің орнына” ғылым; қарама қарсылықтың орнына үйлесімділік;
дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына
еңбек өнімділігін орнына барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек
өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлық жағдай жасау.

Тейлор концепциясының негізгі қағидалары:

1) Практикада қалыптасқан ескі, дәстүрлі жұмыс тәсілдерінің орнына
ғылыми іргетасты құру, оның әрібір элементін ғылыми тұрғыдан
зерттеу.

2) Жұмысшыларды ғылыми критерші бойынша таңдау, оларды жаттықтыру және
баулу.

3) Еңбекті ұйымдастырғанда әкімшілік пен жұмысшылар арасындағы
жауапкершілік.

4) Еңбекті біркелкі бөлісу және әкімшілік пен жұмысшылар арасынадағы
жауапкершілік.

Еңбек өнімділігін барынша арттыруды басты мақсат етіп қоя отырып,
Тейлор жұмысшы еңбегі мен өндірісі құралдарын пайдалануды; материалдар мен
аспаптарды үнемдеп жұмсауды, аспаптарды, жұмыс операцияларын стандарттауды,
жұмыс уақытын дәл есептеуді қарапайым операцияға бөліп, кейіннен
хронометраждау арқылы еңбек процестерін зерттеуді, әрбәр операцияларға
бақылау орнатуды, біріңғайланған еңбек ақыны қолдануды және т.б. көздеді.

Тейлор жұмысындағы басты жүйе – жекелеген жұмысшылардың еңбегін ұтымды
ету, өндіріс процестерін жәнеде соған сәйкес басқару процесін
ұйымдастыруды қайта құру болды.

Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері Гильберт прибор ойлап шығарып
оны микрохронометром деп атады. Оны кинокамерамен қоса қолданып, белгілі
бір операцияда қандай қозғалыстардың атқарлатындығын және де олардың
әрқайсысы қанша уақыт алатындығын дәл анықтау үшін пайдаланады. Осылайша
олар, артық өнімсіз қозғалыстарды жою мақсатында жұмыс операцияларын
өзгертті, әрі стандартты процедуралар мен жабдықтарды пайдаланып жұмыс
тиімділігін арттыруға тырысты. Г. Эмерсон өндірісті және басқарманы
ұйымдастырудың күрделі міндеттерін жан-жақты ойластырып шешудің
қажеттілігін және тиімділігін тұңғыш рет атап көрсетті. Әсіресе тиімділік
тұрғысынан рационализациялауды қарастырды. Тиімділік деп, шығын мен нәтиже
арасындағы ең қолайлы ара қатынасты атап көрсетті.

Өндірісті ғылыми басқару концепциясы елеулі өзгерісті кезең болды,
соның әсерінен басқару ісі ғылыми зерттеудің дербес саласы ретінде танылды.
Басшылар – практиктер мен ғалымдар ғылым мен техникада пайдаланылатын
тәсілдер мен әдістер практикада ұйымдастыру мақсатына жетуде тиімді
қолдануға болатындығына тұңғыш рет көздері жетті.

3. Тейлор бойынша басқарудың рационалды әдістері. Тейлоризм.

Тейлордың келесідей рационалды әдістерін айыруға болады:
1. Өндірістік операцияларды құрамдас элементтерге бөлшектеу.
2. Басқару – өндірістің белсеңді факторы.
3. Еңбек бөлінісі – тікелей басқару саласында.
4. Жоспарлауды басқарудың ерекше функциясы ретінде бөліп көрсету.
5. Еңбек құралдарын, технологиялық үрдістерді, сонымен қатар, еңбек
жағдайларын және әдістерін мәжбүр етілген түрде орталықтандыру
принципі.
6. Инструкция-карталарын енгізу.
7. Жоғары негізделген нормаларды енгізу.
8. Еңбекке өндірімнің өсуін ынталандыратын ақы төлеуін енгізу.
9. Қатаң иерархиялық бағыну.
10. Әкімшілік пен жұмысшылардың тығыз байланыс жасауы.
Өндірістік операциялардың бөлшектенуі ең күшті жұмысшыларды ұқыпты
іріктеу негізінде өткізілді. Үнемді қимылдарды айқындау және артық
қимылдарды жою өндірімнің жоғары нормаларын орнатуға мүмкіндік берді. Бұл
еңбектің күрт интенсификациясына әкеліп соқты. Басқару өндірістің қиын,
күрделі жағдайларына бейімделді және өзінің мақсаты етіп осындай
жағдайлардың өлшенуін және жақсартылуын көздеді. Жоспарлау кәсіпорындағы
міндетті қызмет түрінде қарастырылды. Соның арқасында жоспарлау үзіліссіз
түрде жетілдіріліп отырды.
Басқарушылық еңбектің кейінгі рационализациясына оның құрамдас
элементтерге бөлінуі әкелді: мақсаттарды анықтау, қаражаттарды дайындау,
қаражаттарды пайдалану және бақылау.
Тейлор еңбек ұйымдастырылуы жұмысшының жеке басының пікірін
алмастыратын көптеген ережелердің, заңдылықтардың, формулалардың жасап
шығарылуын болжайды деген ой-пікірге негізделді. Өткізілген тәжірибелер
еңбек үрдісін формализациялау үшін барлық қажетті мәліметтерді берді. Оның
одан да қатаң ұйымдастырылуы үшін инструкция-карталар енгізілді. Бұл
мақсатпен жоғарылатылған ғылыми негізделген өндірім нормалары орнатылды.
Дегенмен, Тейлор жоғары нормаларды одан да жоғары ақымен ынталандыру керек
екендігіне көңіл бөлді. Бүкіл ұйымдастырушылық жүйенің дұрыс істеу
шарттарының бірі – вертикаль бойынша, яғни тігінен қатаң түрде бағыну.
Тейлор теориясы басқарушы жүйенің жұмысшыға біржақты ықпалын және оның
басқарушыға толық бағынуын көздейді. Бұған жұмысшы алған тапсырмада еңбек
үрдісі бөлшектендірілген түрде айқындалып жазылатындығы және жұмысшы оны
бұза алмайтындығы жәрдемдеседі. Тейлоризм қандай-да бір мағынада жұмысшыны
жеке тұлға ретінде мойындамайды. Ғылыми басқарудың тарихында әлеуметтік
топтардың мінез-құлық ынталары және жұмысшының психологиясы ескерілмеді.
Бұған негізгі себеп – Тейлор арнайы әлеуметтік және психологиялық
зерттеулермен айналыспаған.
Сонымен қатар, еңбектің ғылыми ұйымдастырылу принциптерінің бірі
ретінде ол әкімшілік пен жұмысшылардың тығыз бірлесіп істеуін ұсынған
еді. Бұл – топтардың әлеуметтік жағдайы мен мұқтаждықтарын және жұмыс
істейтіндердің жеке тұлғаларын ескеруге негізделген. Әлеуметтік
мұқтаждықтарды ол өзінің ұйымдастыру принциптерінде ескерген. Тейлордың
пікірінше, әлеуметтік мұқтаждықтар кәсіпкерлер мен жұмысшылардың арасындағы
қарама-қайшылықтарды жоюға көмектеседі.
Тейлордың барлық принциптері жүйе болып табылады. Жеке жұмысшылардың
еңбектерін рационалдандыру әдістері өндірістің бүкіл үрдісінің, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылымды басқару мектебі
Басқарудың ғылыми мектебі
Менеджменттің басқару мектептері
Менеджменттің бастапқы теориялары
Менеджменттің мектептері. Ғылыми менеджмент
Менеджменттің ғылыми салушылардың негізгі бағыттары
Басқару жүйесінің тұжырымдамалары
Басқарудың теориясы мен практикасының дамуы
Аймақтық басқару ғылыми пәнді басқару ретінде
ТӘЖІРИБЕ КҮНДЕЛІГІ
Пәндер