XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік, эканомикалық, саяси жағдайы



Жоспар

Кіріспе

І .тарау XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ.тың әлеуметтік, эканомикалық, саяси жағдайы
1.1 Азамат соғысы қарсаңындағы АҚШ

II.тарау Линкольннің тұсындағы Америка Құрама Штаттары
2.1 А. Линкольннің билікке келуі және солтүстік пен оңтүстік арасындағы шиеленіс
2.2 Азамат соғысының басталуы .Құлдықты жою туралы заңның қабылдануы

2.3 Азамат соғысының аяқталуы және оның нәтижесі

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Сілтемелер
Зертеудің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Курстық жұмыстың тақырыбы А. Линкольннің саяси қызметі болып табылады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты тақырыпқа сәйкес сол кезеңдегі яғни Америкадағы құлдықты жою, яғни бірнеше заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп халықаралық жағдайда болып жатқан өзгерістерге сипаттама беру. Осы тақырыптарды толығымен ашып беру курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.

Міндеті:
—1861-65 жылдардағы А.Линкольннің тарихта алатын орны құндылығы жөнінде зертеулер жүргізу
— Сол кезеңдегі мәліметтер бойынша негізінен сол кезеңдегі жағдайға тоқталу, зерттеп баға беру
— Азамат соғысының басталуы солтүстік және оңтүстік арасындағы шиелеісті көрсете білу
— Тақырыпты бүгінгі күнмен байланыстырып, жаңаша тұжырым шығару және ортақ өркениет тұрғысынан жүйелеу

Зерттеудің өзектілігі: А. Линкольннің Америкада жүргізген саяси қызметі , шығарған заңдар жинағы, сол кезеңдегі құлдықты жою, солтүстік пен оңтүстік арасындағы шиеленіс соғыстың қорытындысын шығару үшін АҚШ- тың екінші азамат соғысына дейінгі аралықтағы дамуындағы ерекшелігін көрсету. Онда екі жүйе пайда болды. Елдің оңтүстігінде құл иеленуші плантаторлық шаруашылық қалыптасып, солтүстік капиталистік даму жолына түсті. АҚШ- та капитализм өте тез қарқынды дамып , әсіресе 1840-1860 жылдары аралығында дүние жүзіне әйгілі елге айнала бастады. Менің негізгі өзекті мәселем осы пунктің мәнін ашып, сипаттама беріп, тарихи тұрғыдан баға беру болып табылады.

Тарихнамасы: Бұл тақырыпқа сәйкес әдебиеттер жоқтың қасы. Мен бұл тақырыптарды негізінен орыс жазушыларының еңбектерінен алдым. Мысалыға айтар болсам: 1. История США М. 1983 ж І том 2 . Иванов Р.Ф. «Дипломатия А. Линкольна» М 1987г 3. Қ. Ізтілеуов «Жаңа заман тарихы» І кезең Алматы қаласынан 1995 жылы жарық көрген кітаптар.

Түйін: Жоғарыда жоспарда қаралған мәселелерді қолданып , курс жұмысын толығымен мәнін ашу.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Иванов Р.Ф. « Дипломатия Авраама Линкольн» М., 1987г
2. История США, М., 1983г. І том
3. Иванов Р.Ф.Авраам Линкольин и гражданская вайна вСША,М., 1964г
4. Қ. Ізтілеуов «жаңа заман тарихы» І кезең, А., 1995ж.
5. Қазақ ұлттық энцикопледиясы VI том , 2005ж
6. Иванов Р.Ф.«борьба негров заземлю и свабоду на юге США» М., 1958г
7. У. Фостер очерк политейческий историй США, М., 1963г.
8. К.Маркс, Ф. Энгельс «таңдамалы хаттар» А., 1958ж
9. новая история М., 1978г
10. Петров Д.Б. А. Линкольин М., 1959г
11. Лисоволик Д. О чем мечтал Линкольин из историй русско - амерканский отношени (1861-65гг) красная звезда 1989. 23. наябрь.
12. Американский президенти 41 исторический портрет от Д.вашенгтонна Б. Клинтонна под редакций Ю. Хайдекинга- ростов –на Дону: Фемекс, 1997г.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

І –тарау XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік,
эканомикалық, саяси жағдайы
1.1 Азамат соғысы қарсаңындағы АҚШ

II-тарау Линкольннің тұсындағы Америка Құрама Штаттары
2.1 А. Линкольннің билікке келуі және солтүстік пен оңтүстік арасындағы
шиеленіс
2.2 Азамат соғысының басталуы .Құлдықты жою туралы заңның қабылдануы

2.3 Азамат соғысының аяқталуы және оның нәтижесі

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Сілтемелер

Зертеудің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты: Курстық жұмыстың тақырыбы А. Линкольннің саяси қызметі болып
табылады. Бұл курстық жұмыстың мақсаты тақырыпқа сәйкес сол
кезеңдегі яғни Америкадағы құлдықты жою, яғни бірнеше заңдарға
өзгертулер мен толықтырулар енгізіп халықаралық жағдайда болып жатқан
өзгерістерге сипаттама беру. Осы тақырыптарды толығымен ашып беру
курстық жұмыстың мақсаты болып табылады.

Міндеті:
—1861-65 жылдардағы А.Линкольннің тарихта алатын орны
құндылығы жөнінде зертеулер жүргізу
— Сол кезеңдегі мәліметтер бойынша негізінен сол кезеңдегі
жағдайға тоқталу, зерттеп баға беру
— Азамат соғысының басталуы солтүстік және оңтүстік арасындағы
шиелеісті көрсете білу
— Тақырыпты бүгінгі күнмен байланыстырып, жаңаша тұжырым шығару және
ортақ өркениет тұрғысынан жүйелеу

Зерттеудің өзектілігі: А. Линкольннің Америкада жүргізген саяси
қызметі , шығарған заңдар жинағы, сол кезеңдегі құлдықты жою,
солтүстік пен оңтүстік арасындағы шиеленіс соғыстың қорытындысын
шығару үшін АҚШ- тың екінші азамат соғысына дейінгі аралықтағы
дамуындағы ерекшелігін көрсету. Онда екі жүйе пайда болды.
Елдің оңтүстігінде құл иеленуші плантаторлық шаруашылық
қалыптасып, солтүстік капиталистік даму жолына түсті. АҚШ-
та капитализм өте тез қарқынды дамып , әсіресе 1840-1860
жылдары аралығында дүние жүзіне әйгілі елге айнала бастады.
Менің негізгі өзекті мәселем осы пунктің мәнін ашып,
сипаттама беріп, тарихи тұрғыдан баға беру болып табылады.

Тарихнамасы: Бұл тақырыпқа сәйкес әдебиеттер жоқтың қасы. Мен
бұл тақырыптарды негізінен орыс жазушыларының еңбектерінен
алдым. Мысалыға айтар болсам: 1. История США М. 1983 ж І том
2 . Иванов Р.Ф. Дипломатия А. Линкольна М 1987г 3. Қ.
Ізтілеуов Жаңа заман тарихы І кезең Алматы қаласынан
1995 жылы жарық көрген кітаптар.

Түйін: Жоғарыда жоспарда қаралған мәселелерді қолданып ,
курс жұмысын толығымен мәнін ашу.

I-тарау XIX ғасырдың екінші жартысындағы АҚШ-тың әлеуметтік,
эканомикалық, саяси жағдайы.
1.1 Азамат соғысы қарсаңындағы АҚШ
Англия отарларындағы ұлт-азаттық АҚШ деп аталған
жаңа мемлекеттің құрылуымен аяқталды Тәуелсіздік алған АҚШ-тың 2-
ші азамат соғысына дейінгі аралықтағы дамуында үлкен
ерекшелігі бар. Онда екі жүйе пайда болды. Елдің
оңтүстігінде құл иеленуші плантаторлық шаруашылық қалыптасып,
солтүстік капиталистік даму жолына түсті. АҚШ -та капитализм өте
тез қарқынды дамып, әсіресе 1840-1860 жылдар аралығында дүние
жүзіне әйгілі елге айнала бастады. Сырттан келуші имингранттар
есебінен халықтың саны тез өсті. Мысалы 1800 жылдан 1820 шы
жылға дейінгі аралықта АҚШ -тың халқы 5,3 млн адамнан 9,6 млн
адамға өсті. Оның ішінде 3млннан астам негрлер бар.
Имингранттар арасында 100 мыңдаған маман жұмысшылар мен
қолөнершілер бар еді. Бұлардың капитализмнің қарқынмен дамуына
үлесі аз болған жоқ. Елдің экномикасында үлкен сапалық
өзгерістер жасалды. Өндірістің мануфактуралық кезеңнің
орнына машиналы өндіріс орнықты . Жұмысшы тобыда
сапалық өзгеріске ұшырап завод фабрикада шоғырланған еді.
Елдің экономикалық өмірінде шешуші рол атқара бастады. Елдің
солтүстігінде капитализм жайыла және тереңдей түсті.
Оңтүстікте құл иеленуші плантаторлық шаруашылық күшейді. Ол
әсіресе 1793 жылы мақта тазалайтын машинаның ойлап табуымен
байланысты. 1850 жылдардың басына дейінгі арлықта мақта өнімі
екі есеге дейін өсті. Сұраныстың күшеюі плантаторлардың
мақта плантациялардың көлемін көбейтіп өнімін арттыруға
деген ұмтылысын күшейтті. Осы ұмтылыстан құл еңбегіне
деген қажеттілік тағыда пайда болды. 1803 жылғы заң
сырттан құл әкелуге тыйым салған болатын. Соданда
құлдар азайып кетті. Енді оңтүстүктің құл іеленушілері
құл өсірумен айналысты . Бұл істе Виргиния, Миссури
Кентукки, Делавер штаттарының аты шықты. Азамат соғысының
алдынды оңтүстікте 9 млн. тұрғын болса соның 4 млн . құл
негрлер еді. Оңтүстіктің тұрғындарының жеті проценті
жер иелері, негрлердің 3 млн. құлдықты ұстады (1)
Өнеркәсіпті солтүстік елдің экономикалық өмірінде
шешуші роль атқарғанымен , мемлекеттік өкімет органдарында
құл иелену үшін плантаторлар болып отырды. Вашингтоннан
бастап Линкольн президент болып сайланған
елу жыл ішінде президенттік қызметте тек құл
иеленушілердің өкілі отырды. Осы жылдар арасында
жоғарғы соттың отыз бес мүшесін жиырмасы оңтүстік
өкілдері болды.(2).
Оңтүстікпен солтүстік арасында тұрақты ішкі
рынок жасау төңірегінде қайшылық пайда болды.Мақта өсүрумен айналысып
отырған плантаторларға одан әрі батысқа қарай жерлерді
игеру керек болды. Ол жерлерде құлдық тарады. Бұл
капитализмді дамытуға керек біртұтас ішкі рынок
жасауға ұмтылып отырған солтустіктің муддесіне қайшы
келді. Осы қайшылық АКШ-тың болашақ саясатына
бөгет болды :Бұлардың тағы бір ерекшелігі екі
жақтың да үстем таптары , яғни буржуазия мен
құл иеленуші плантатор халық бұқарасын бұл мәселені шешуге
араластырғысы келмеді. Оларсыз- ақ өздері келісіп шешім ойы басым
болды. Сондықтан да бүкіл одақта қолға алудан үміткер
солтустік ымырашылдық әдіске жақын тұрды.
Алайда мұндай күрделі мәселені халық бұқарасын қатыстырмай
шешу мүмкін емес еді. Себебі жұмысшы табының өзі құл
иеленүшілікті жоюға мүдделі құл еңбегінен жұмысшы табы
өзінің тұрмысын жақсартуға кедергі келтіріп отырған
бәсекелесін көреді. Ал фермерлер болса батыстың жерін алуға
таласып жатқан құл иеленуші плантаторларын кедергі болып
отырғанын жақсы түсінді. Сондай-ақ оңтүстіктің құл
неглерінен солтүстіктің ерікті негрлері құлдыққа қарсы
күрес барысында құлдықтан және нәсілдік түсінбеушіліктен
азат болуды армандады.
Елдің негізгі таптары мен тұрғындар тобының фермерлердің
жұмысшылардың, құлдармен , ерікті негрлердің буржуазия мен
құл иеленүшінің мүдделері айқасып жатты. Бұлардың әрқайсын
мүддесі құлдықты шешу арқылы қанағаттандыруға тиіс болды. Елде
құлдықты жоюға бағытталған қозғалыс өріс алды. XIX
ғасырдың басында Америкалық отарлар қоғамы құрылып , олар
негрлерді Африкаға қайтару идеясын ұсынды. 1820 жылдан
бастап солтүстік штаттардан 11 мыңға жуық негрлер
отанына қайтарылды. Тек мұндай репатрияция , яғни отанына
қайтару көп саланы қажет еткендіктен кейін бұл
ұсыныстан бас тартуға мәжбүр болды , екінші жағынан
еркін штатардағы негрлерде Африкаға қайтудың қаламады.
Қара құлдар 1800 жылы тамызда Ричмондқа таяу
Виргинияда ұста негр Габриелдің бастауымен негрлер
көтерілісі бұрқ ете қалды. Көтерілісшілер қару жарақ
басып алып, олардың қатарына бірнеше жүздеген
негрлер қосылып, барлығы Ричмандқа бағыт алады. Бұл
үкімет әскерімен басылып, Габриел және оның 35
жақтастықтары өлім жазасына кесілді. Қара құлдардың
көтерілісі тек құл иеленушілердің әрекетімен ғана
тына қойған жоқ. 30 жылдардың басына елде құлдықты жою
жөніндегі жалпы ұлттық қоғалыстар кейінен таралды.
АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандардың аболиционистер
деп атады. Мұндай қозғалыстар көптеген солтүстік
америкалықтардың күш жігерін біріктірді. Аболицинистер
халыққа түсіндіру жұмыстарымен жан-жақты айналысты :кітап
газеттер шығарды, жиналыстар жасады. Оңтүстік штаттардың
үкіметтер аболиционистерді жібермеуге тырысты. Олардың
жиналыстарына тыйым салынды. 1833 жылы Американдық құлдыққа
қарсы күрес қоғамы құрылып, бұл қозғалыс ұйымдасқан
сипат алды. Қозғалысқа жұмысшысшылар , фермерлер , негр
қозгалысының қайраткерлері қатысты. 250 мың мүшесі 25
газет журналдары болды. Жер асты темір жолы арқылы
көптеген құлдарды еркіндікке шығарды. Мұны темір жол
екен деп түсінбеу керек, солтүстік және оңтүстік
штаттарда қашқан құлдарды өткізіп жіберіп отырды.
Солтүстікке аяқ басқан құл еріктіге айналады. Онда
құлдық жоқ. Буржуазия батыстағы жаңа территорияларға
аратқызбауды ойлады. Сонымен қатар құлдық өмір сүріп
отырған штаттардың ісіне араласқысыда келмеді. Олардың бұл
көзқарасы 1854 жылы құрылған өнеркәсіп және сауда
буржуазиясы, фермерлер өкілдерінің партиясы республикашылар
партиясының бағдарламасынан айқын көрінді.
Құл иеленушілер мен олардың солтүстіктегі одақтастарының
мүддесін сонау 1828 жылы құрылған Демократиялық партия
қорғады. Осы ХІХ ғасырдың 50 жылдарынан азамат соғысы
қарсаңына дейін буржуазияның ымырашылдығынан да құл
иеленушілердің пайдасына құлдықтың бүкіл штаттарға таралуына
мүмкіндік жасайтындай заңдар мен шешімдер алынды. 1850 жылы
конгресс қашқын құлдар туралы заң қабылдады. 1857 жылы
жоғары сот негр Дрет Скоттың ісі бойынша қожайыны қайда
тұрса да бұрынғыдай билігі де сақталады деген шешім
қабылдады. Бұл елдің барлық штаттарына құлдықтың
таралуына жол ашты. Соғыс алдында буржуазияның экономикалық
мүддесіне зиян келетіндей шаралар алды, кедендік
тарифты азайтты, кеме құрылысына қажетті мемлекеттік
қарызды қысқартты, гомстед туралы заң жобасын жауып
тастады. 1850 жылдардан бастап капитализмнің дамуы оның
тездеуімен, батыс жерлерін фермерлердің отарлауының кең
етек алуымен байланысты құлдықпен арадағы қайшылық
бітіспейтін сипат алды. Және бұл кезде күштердің ара
салмағы солтүстік штаттарының пайдасына шешіле бастады.
Осы жылдардан бастап солтүстікте капитализм және
солтүстік – батыста фермерлік ауылшаруашылығы тездеді. Өнеркәсіп
өнімі Англия, Франция, Германиядан кейінгі 4-ші орынға
шықты. (3)
Сонымен күн тәртібінде тұрған құл иеленушілікті
жою, батыс жерлеріне иелік мәселесін демократиялық
сипатта шешу, шетел тауарларының еніп кетуін, сипатын
тоқтату мақсатында жоғары енгізу сияқты міндеттерді шешу
төңірегінде елде революциялық жағдай қалыптасып азамат
соғысын жетілдіре түсті.

II-тарау Линкольннің тұсындағы Америка Құрама Штаттары
2.1 Линкольннің билікке келуі және солтүстік пен оңтүстік арасындағы
шиеленіс.
Елде саяси дағдарыстың пісіп жетіліп отырғанын
әсіресе, 1860 жылғы сайлау компаниясы кезінде көрінді.
Республикашыл партия сайлау алдында жұмысшылардың,
фермерлердің даусын алу үшін күресті. Ол үшін жаңа
жерлерді құлдыққа тыйым салуға, жоғары пошлина салығын
енгізуге уәде берді. Бұл программа сөз жоқ республикашыларды
қолдаушыларды көбейтуге тиіс болды. Сайлауда бірінші рет
солтүстіктің өкілі А. Линкольн президент болып сайланды. Ол 12
ақпан 1809 жылы Кентукки штатында Американың алғашқы
қоныстанушылардың ұрпағы фермер отбасында дүниеге келген .
Бала кезінен әкесінің шаруашылығына көмектесіп, еңбектің
ыстық суығын көріп өсті. Әкесі сауатсыз, ал шешесінің
сауатты болды. Шешесі балаларын мектепке беріп оқытты, оның
бақыты ұзаққа созылмады. Өйткені Авраамның шешесі
дүниеден өтті. Екінші шешесі өте мейірімді, сауатты әйел
еді. Аврааммен жақсы тіл тапты. Оқып одан әрі
сауаттануына көмектесті. Алайда жиі-жиі қоныс аудару оның
тұрақты білім алуына мүмкіндік бермеді. Білімін өз
бетінше кітаптар оқу арқылы жетілдірді. Ол кезде кітапта
көп емес еді. Авраам кімде кітап бар екенін есітсе
оны оқуға тырысты. Ол өте еңбекшіл адам еді. Оның 16
жастағы бойының ұзындығы 193 см болды. Жас Авраам Америка
өмірінің күрделі жақтарын түсінуге тырысты. Оның
оқытушыларын жас Авраамның негрлермен үндістердің
қайсысының наразылығы тереңдеу деген сияқты сұрақтары
таң қалдырды. 1836 жылы ол емтихан тапсырып оқуға
түсті, адвакат атанды. Авраам Линкольннің басқалардан айырып
тұратын көптеген қасиеттері бар еді. Ол өте шыншыл,
адал, қарапайым, сөзге шешендігі оның танымал болуына
әкелді. Ол 1834-41 жылдар аралығында Иллинойс штатында
заң шығару жиналысын мүшесі, 1847-49 жылдар аралығында
АҚШ конгресс өкілдер палатасының депутаты болды. 1854
жылы республикалық партанияны құруға ат салысып, құлдарды
азат етуді жақтады. Ол адамдарды азаматтық және саяси
құқықтар кеңейтудің, елдерге сайлау құқығын беруді
жақтады. Құлдарды азат етуді іске асырды. Линкольннің
құлдықты жоюға бағытталған ұстанымы республикалық партияның
негізгі мәселелерін бірі болды. Ол құл иеленушіліктің кең
етек жайып бара жатқанына қаршы шығып, оның ойынша
батыстағы бос жерлер фермерлердің қаныстануына берілуі тиіс
деп есептеді. Линкольн ешқашан өзінің құлдыққа қарсы
көз қарасын жасырмаған. 1860 жылғы президенттік
сайлау барысында бір-біріне қарсы тұрған
демократтар мен республикалық партиялар арасындағы күрес
үдей түсті. Демократия партия кандидаттыққа құл
иеленушілікті жақтаушы С. Дуглосты ұсынды. Ал республикалық
партия адвакат және публицист А.Линкольнді ұсынды. Бұл
кезде республикашыл партияның өкілі Линкольннің мүмкіндігі
жоғары болды. АҚШ президенті Бьюкененнің пайымдауы
бойынша, егер Линкольн біздің келесі президентіміз
болса ол мемлекеттік құрылысты өзгертемін деді. Көптен
күтілген сайлау 1860 жылы болды. Сайлауға 4700000
сайлаушы қатысып, А. Линкольнге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Тарихнама» пәні бойынша лекция сабақтары
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Түрік қағанатының сыртқы қарым - қатынасы тарихы
Ұлы ұстаз мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Жаңа заман тарихын оқытудың маңыздылығы
Халықтың маньчжур үстемдігіне наразылығы өршіді
Бірікен ұлттар ұйымының жүйесі
“Қазақстаның қазіргі заман тарихы” пәні бойынша оқу әдістемелік кешен
Пәндер