Бұрғылау мұнарасы



Кіріспе
1.Техникалық бөлімі
1.1. Арналуы
1.2. Қолданылатын қондырғыларға шолу және олардың анализі
1.3. Прототипті таңдап алу және негіздеу
1.4. Техникалық сипаттамалары
1.5 . Қорытынды
Бұрғылау мұнарасы көтеріп-түсіру операциясын автоматтандыру мен механикаландыру құралдарын және тәл жабдықтарын қондыру және бұрғылау свечаларын орналастыру үшін арналған, ұңғы аузына орнатылатын металды қондырғы. Бұрғылау мұнарсының монтаждық қабілеті және оңай орын ауыстырулығы оның қаншалық техникалық жетілгендігне байлансты. Сондай ақ бұрғылау мұнарасының техникалық жетілгендігінің деңгейі бұрғылау тиімділігіне және қауіпсіз болуына елеулі ықпал тигізеді. Бұрғылау мұнараларының істен шығып қалуы өте ауыр зардап тудыруы мүмкін, сол себепті бұрғылау мұнараларына тағылатын ең маңызды талаптары–оның беріктігі мен сенімділігі. Бұл айтылған талаптар мен қатар жұмыстардың тиімділігіге және тездетілуіне ықпол ететін мұнараның жеңіл болуы ескерілуі тиіс.
Бұрғылау мұнараларына қойылған МЕСТ 12,041-79 қауіпсіздік талаптарына сәйкес мұнараның құрылысы және фундаментке бекітілуі тартпаларды алып қалғанда қауіпсіз және сенімді болуға тиіс. Мұнараның құрылысында кронблок, маршты табалдырықтары және бұрғылау қондырғысының еденінен кронблакқа дейі сатысы бар жоғарғы жұмысшының алаңшасы жәте өту алаңшасы ескерілуі тиіс. Жоғарғы алаңшада көтеріп түсіру операциясы кезінде бұрғылау свечасын орналастыратын жұмысшыға арналған қозғалмалы люлька орнату керек. Мұнараның жоғарғы табанындағы кронблокты және монтажды роликті ауыстыруға арналған сандал кронблоктың бір жарым массасын көтере алатындай етіп есептелінеді. Желдің түсіретін күшін неғұрлым азайту үшін бұрғылау мұнарасының және оның бөлек элементтерінің гиометриялық пішіні минималды аэродинамикалық күш тудыратындай етіп құрастырылуы керек.
Көтеріп– түсіру операциясының жүзеге асырылуы бойынша бұрғылау мұнараларының свечаларды қолмен немесе механика көменімен орналастыратын түрлері болады.
Аяқтарының саны және олардың өзара орналасуы бойынша бұрғылау мұнаралары мұнаралы және діңгекті ( мачталы ) болып бөлінеді. Мұнаралы мұнарада бар салмақ екіден көп, көп бұрыштың төбелеріне орналасқан тіректерге түсіріледі. Мұнара түріндегі мұнаралардың бірлік кеңістік жүйеде тормен байланысқан нақты емес төрт таяқтары болуы мүмкін. Діңгекті мұнараларда салмақ бір немесе екі тірекке түсіріледі. Мұнаранаң вертикаль жағдайы тіреуіш, бағана немесе портал көмегімен қамтамасыз етеді.
Мұнаралы мұнаралар иілгіш және қатты торлардан жасалады. Сонымен қатар төртқырлы пісірілген фермалар немесе үлкен диаметрлі құбыдан жасалған мұнаралар да белгілі. Ондай типті мұнараларды пилонды деп атайды. Конструктивті схемасы әр– түрлі болса да, мұнаралы мұнараның кез келген типі өте үлкен қатаңдықпен және тәлдік арқанның серпімділік күшінің маменті әсерінен айналуына кедергі бола алатындығым сипатталады. Алайда бір– бірімен жалғастырарлық болттық қосылыстар көп болғандықтан мұнаралы мұнараларды құрастыру өте күрделі. Пилонды мұнаралардың аяқтарына байланыс болмағаны олардың монтаждық қабілітін ұлғайтады, көпіршелерден бақылау мүмкіндігі жақсарады.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бұрғылау мұнарасы.

АНДАТПА

Берілген есеп беру жұмысында жобада жобалану объектісі етіп
жүккөтергіштігі 5000 кН бұрғылау жасағы алынған, оны жетілдіру
мүмкіндіктері қарастырылған.
Осы конструкцияны таңдап алған кезімде мен қазіргі кезде
қолданылып келетін мұнараларға қолдану мүмкіндігі неғұрлым көп боларын
ескердім.
Менім ұсынып отырған модернизациям қауіпсіздік шарттарына сай,
бірталай процестерді тездетуге, яғни уақыт үнемі арқылы экономикалық
тұрғыдан тұтынушының шығындарын үнемдеуге көп ықпал етеді. Бір ұңғыны
бұрғылауда экономикалық эффект, нақты айтқанда үнемделетін шығын 62204445
теңгеұңғы болады.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1.Техникалық бөлімі

1.1. Арналуы

1.2. Қолданылатын қондырғыларға шолу және олардың анализі

1.3. Прототипті таңдап алу және негіздеу

4. Техникалық сипаттамалары

5. . Қорытынды

КІРІСПЕ

Бұрғылау мұнарасы көтеріп-түсіру операциясын автоматтандыру мен
механикаландыру құралдарын және тәл жабдықтарын қондыру және бұрғылау
свечаларын орналастыру үшін арналған, ұңғы аузына орнатылатын металды
қондырғы. Бұрғылау мұнарсының монтаждық қабілеті және оңай орын
ауыстырулығы оның қаншалық техникалық жетілгендігне байлансты. Сондай ақ
бұрғылау мұнарасының техникалық жетілгендігінің деңгейі бұрғылау
тиімділігіне және қауіпсіз болуына елеулі ықпал тигізеді. Бұрғылау
мұнараларының істен шығып қалуы өте ауыр зардап тудыруы мүмкін, сол себепті
бұрғылау мұнараларына тағылатын ең маңызды талаптары–оның беріктігі мен
сенімділігі. Бұл айтылған талаптар мен қатар жұмыстардың тиімділігіге және
тездетілуіне ықпол ететін мұнараның жеңіл болуы ескерілуі тиіс.
Бұрғылау мұнараларына қойылған МЕСТ 12,041-79 қауіпсіздік
талаптарына сәйкес мұнараның құрылысы және фундаментке бекітілуі
тартпаларды алып қалғанда қауіпсіз және сенімді болуға тиіс. Мұнараның
құрылысында кронблок, маршты табалдырықтары және бұрғылау қондырғысының
еденінен кронблакқа дейі сатысы бар жоғарғы жұмысшының алаңшасы жәте өту
алаңшасы ескерілуі тиіс. Жоғарғы алаңшада көтеріп түсіру операциясы кезінде
бұрғылау свечасын орналастыратын жұмысшыға арналған қозғалмалы люлька
орнату керек. Мұнараның жоғарғы табанындағы кронблокты және монтажды
роликті ауыстыруға арналған сандал кронблоктың бір жарым массасын көтере
алатындай етіп есептелінеді. Желдің түсіретін күшін неғұрлым азайту үшін
бұрғылау мұнарасының және оның бөлек элементтерінің гиометриялық пішіні
минималды аэродинамикалық күш тудыратындай етіп құрастырылуы керек.
Көтеріп– түсіру операциясының жүзеге асырылуы бойынша бұрғылау
мұнараларының свечаларды қолмен немесе механика көменімен орналастыратын
түрлері болады.
Аяқтарының саны және олардың өзара орналасуы бойынша бұрғылау
мұнаралары мұнаралы және діңгекті ( мачталы ) болып бөлінеді. Мұнаралы
мұнарада бар салмақ екіден көп, көп бұрыштың төбелеріне орналасқан
тіректерге түсіріледі. Мұнара түріндегі мұнаралардың бірлік кеңістік жүйеде
тормен байланысқан нақты емес төрт таяқтары болуы мүмкін. Діңгекті
мұнараларда салмақ бір немесе екі тірекке түсіріледі. Мұнаранаң вертикаль
жағдайы тіреуіш, бағана немесе портал көмегімен қамтамасыз етеді.
Мұнаралы мұнаралар иілгіш және қатты торлардан жасалады. Сонымен
қатар төртқырлы пісірілген фермалар немесе үлкен диаметрлі құбыдан жасалған
мұнаралар да белгілі. Ондай типті мұнараларды пилонды деп атайды.
Конструктивті схемасы әр– түрлі болса да, мұнаралы мұнараның кез келген
типі өте үлкен қатаңдықпен және тәлдік арқанның серпімділік күшінің маменті
әсерінен айналуына кедергі бола алатындығым сипатталады. Алайда бір–
бірімен жалғастырарлық болттық қосылыстар көп болғандықтан мұнаралы
мұнараларды құрастыру өте күрделі. Пилонды мұнаралардың аяқтарына байланыс
болмағаны олардың монтаждық қабілітін ұлғайтады, көпіршелерден бақылау
мүмкіндігі жақсарады.
Мұнаралы мұнара өзара белдіктермен және иілгіш диогональ
орналасқан тартымдармен байланысқан төрт көлбеу орналасқан аяқтардан
тұратын төртқырлы қиылған пирамида. Мұнараның төбесінде бітінпісірілген
кронблок рамасы, сандал және кронблокасты алаңша орналасқан. Мұнараны
құрастыру үшін, кронблокты ауыстыру үшін және басқа ауыр заттарды жоғарыға
көтеру үшін сандал блокпен жабдықталған. Бұрғылаушы бұрғылау свечаларын
қолмен ауыстыруға арналған екі балкон бар. Әр болкон төрт алаңшадан,
қалқалардың қаңқасынан тұрады және свечаны орналасуға арналған басы
шарнирлі саусақтармен және ұңғының өсінен тәлдік блок еркін ететіндей ара–
қашықтық қалдырып, орналастырылған, жоғарыда жұмыс істейтін жұмысшыларға
арналған люлкамен жабдықталған. Алайда, люлканы өте алыс орналастыру да
дұрыс емес– жұмысшының жұмыс істеу жағдайы нашарлайды. 15 метр биіктікте
манифольд тұрағының бұрғылау насосы мен жеңін күту үшін арналған алаңша
бар.
Қауіпсіздік талаптары бойынша бұрғылау мұнараларының алаңшаларының
ұзындығы 750 мм– кем болмауы керек. Алаңшаның еденіне бүдір етіп ( тайғанау
қауіпі төнбеу үшін ) металлдан төсеніш жасайды, жиегінің биіктігі 150 мм,
қоршаудың биіктігі 1200 мм– кем болмауы тиіс. Сонымен қатар мұнара биіктігі
1000 мм– ден, ені 650 мм– ден кем емес маршты металл табалдырықтармен, өту
алаңшаларымен жабдықталған. Екі қарама– қарсы қырларында керекті
жабдықтарды кіргізуге арналған қақпалар орналасқан.
Мұнаралардың аяқтары бір– бірімен шетжағына пісірілген болттық
шенттемір көмегімен қосылатын бағаналардан тұрады.
Белдіктер мен диоголналь тарымдар мұнараның аяғына болтпен косынка
көмегімен бекітіледі. Мұнараның аяқ бағаналарын және белдіктерді
құбырлардан, диогональ тартымды ірі прокаттан жасайды.
Биіктігі дәл осындай және ауыр көтеру қабілеті бар пилонды
мұнаралардың аяқ бағаналарын диаметірі үлкен құбырлардан жасайды. Пилонды
мұнараларының аяқтарының жоғарғы шеттері кронблоктасты рамасымен шарнирлі
қосылады. Мұнаралы мұнара көп жағдайда әдейі арналған жоғары көтеруіш
көмегімен жоғарыдан төмен қарай құрастырылады.

1. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМІ

1.1. Арналуы

1.1.1. Мұнара

1.1.2. Жобаланып отырған мұнара Уралмаш 5000 бұрғылау
жасағына арналған.

1.1.3. Жобаланап отырған оған бұрғылау жасағының тәл жүйесін,
бұрғылау колоннасымен көтеріп– түсіру операциясын жүзеге
асыратын механизмдер, бұрғылау құбырларының комплек–
сін және басқа қосалқы жасақты орналастыру үшін арнала–
ды.

1.2. Қолданылатын қондырғыларға шолу
және олардың анализі.

Мұнаралар жүккөтергіштігі, құрылымы, пішіні, өлшемі. Тірек жүйесіне және
фундаментке негізгі салмағын беру қабілеттігін, құрамдас бөлшектерге бөліну
дәрижесі мен құрастыру тәсіліне қарай бөлінеді.
Жүккөтергіштігі. Жүккөтергіштігін номинал және максимал деп бөліп
анықтайды. Мұнараның номинал жүккөтергіштігі деп ілмекке түсірілетін
максимал статикалық салмақты атайды. Ол мұнараға ілінген бұрғылау
бағанасының мақсимал салмағымен анықталады. Мұнараның максимал
жүккөтергіштігі қысқа мерзім ілінген шегендеуші бағанасының максимал
салмағымен анықталады.
Ұзын свечаларды қолданған кезде көтеріп – түсіру операциясына
жұмсайтын уақыт азаяды. Свечаны ұзартқан сайын мұнараның биіктігі, яғни
оның салмағы көбейе түседі. Сол себепті, ұзын свечаларды тек терең ұңғыны
қазған кезде пайдалану экономикалық тұрғысынан қарағанда тиімдірек.
Мұнараның фундаментке тірелу жүйесі. Бұл белгі бойынша мұнараларды
мұнаралы және діңгекті түрге бөлінеді. Мұнаралы түрінің салмағы үш немесе
төрт аяққа, ал діңгекті түрінің салмағы бір немесе еуі аяққа түседі,
діңгекті түрге А– типті мұнаралар жатады.
Мұнараның құрамдас бөлшектерге бөліну қабілеті. Құрмдас
бөлшектерге бөліну қабілеті бойынша мұнаралар білікті және секциялы болып
бөлінеді. Соңғысы құрамдас бөлшектерге бөлінбейтін секциялардан тұрады.
Секциялы мұнаралар тасымалдауға ыңғайлы, оларды құрастыруға және керісінше
жинауға аз уақыт жұмсалады.

Мұнаралы мұнара

Мұнаралы мұнара– керегетолы, дұрыс төртқырлы қима пирамида пішінді
құрылым. Ол сортты прокаттан немесе бұрғылау құбырынан жасалады. Оның бөлек
бөлшектері болтпен қыстырылады. Орынықтырақ болу үшін оны тіреуішпен
бекітеді.
Пирамиданың көпіршелерге қарағанда алдыңғы және артқы қырлардында
бұрғылау және шегендеуші құбырларын мұнараға кіргізуге арналған қақпалар
орнатылған. Олардың биіктігі 8 м– ден 12 м– ге дейін барады.
Свечаның ұзындығына байланысты белгіленген биіктікте ортасында
квадрат арқалығы және фонарьға кіріп тұрған алаңшасы бар төрт бұрышты
балкон орнатылады. Балкон мен люлканың еденіне тақтайлар төселіп, қоршаумен
қауіпсіздендіреді.

Кесте 1.1.– Бұрғылау мұнараларының техникалық сипаттамасы

Параметрлер Мұнаралы Секциялы, А– типті

Ілгектің номинал 300 300 200 200 200
250
жүккөтергіштігі, т
Мұнараның биіктігі, м 53 53 41 42,83 42
53,4
Төменгі табанының
өлшемдері, м 10×10 10×10 8×8
Шарнирлі тіреуіш аяқ–
тарының арасындағы 9,2 9,2
10,78
қашықтық, м
Болкондардың саны 2 2 1 1 1
1
Болкондардың орна–
ласу биіктігі, м
– бірінші балкон 24 22 22 24,2 24
32,5
– екінші балкон 36 35
Жоғарғы табанының
биктігі (аяқтарының
өсі бойынша), м 2×2 2×2 2×2 1,8×1,8 1,8×2,0
1,8×1,8
Комплекті мұнараның
салмағы, т 30,3 36,48 25 24 21
32,5

ВМ– 41 М мұнарасы

ВМ– 41 М мұнарасы 150 тонна салмаққа дейінгі бұрғылау жұмыстарына
арналған. Құрамдас бөлшектерге бөліну типі бойынша ол бөлек біліктерге
бөлінетін мұнараларға жатады. Ол иілгіш белдеушелермен қосылған төрт аяқтан
және диогональ тартымдардан тұрады. Керегеторы крест схетасы бойынша
жасалған белдеушесі – 168 мм– лі, қабырғасының қалыңдығы 6 мм бұрғылау
құбырынан, тартымдары– 22 мм– лі құрыш шыбығынан жасалған. Мұнара ортасынан
биіктігі 4 м он секцияға бөлінеді. Белдеушелер аяққа жартықамыт көмегемен
құбырлардың түйісінде болттармен бекітіледі.

ВБ– 53– 300 мұнарасы

Биіктігі 53 м., жүккөтергіштігі 300 т. ВБ– 53– 300 мұнарасы тоғыз
панельден тұрады. Астыңғы панельден басқасының биіктіктері 6 м– ден,
астынғысыныкі 8 м. Мұнаралардың аяқтары 246 мм.– лі, қабырғасының қалыңдығы
5мм, ұзындықтары 194 және 140 мм. құбырлардан жасалады. Керегеторы крест
түрінде, диогональ тартымдары иілгіш және ұзындығы керек кезде оңай
өзгертін болып жасалынады. Ұзындықтары 25 м. және 36 м. свечаларды көтеру
үшін екі балкон жасалады. Екі аралықтан тұратын рамаға жүккөтергіштігі 300
немесе 200 т. кронблокты орнатуға болады.

А– типті секциялы мұнаралар

Қазыргі таңда А– типті діңгек түріндегі секциялы мұнаралар кең
қолдануда. Оның себебі мұнаралы мұнараға қарағанда бұндай түрінің бірқатар
артықшылығының бар болғанына байланысты. Олардың металсыйымдылығы
жүккөтергіштігі бірдей болған кезде, мұнаралыға қарағанда 20 % – аз.
Құраушы бөлшектерінің де саны аз, және осыған байланысты оны құрастыру және
жинау уақыты азаяды.
А– типті мұнаралар, жетуге қиын аудандарда және үлкен ара–
қашықтыққа жиі орын ауыстыру керек болатын аудандарда кеңінен қолданады.

ВАС– 42 мұнарасы

ВАС– 42 мұнарасының биіктігі 42 м., жүккөтергіштігі 200 т. Аяқтары
біріккен жерінде кронблокасты рамасы мен кронблоктың алаңшасы орналасқан.
Мұнараны вертикаль күйінде орнықтыру үшін 426 мм.– лі құбырдан жасалған екі
сүйемелерді және тартымдарды қолданады. Мұнараның аяқтары қимасы тең
бүйірлі үшбұрыш төрт пісірілген торлы формадан тұрады. ВАС– 42 мұнарасы
балконмен, маршты баспалдақпен және сатымен жабдықталған.

Бұрғылау қондырғыларын және бұрғылау имараттарын
топтастыру принципі

Мұнай және газ ұңғыларын әр– түрлі тереңдікке (бірнеше жүз м.–ден
бірнеше мың м.– ге) бұрғылайды. Ол геологиялық қиындыққа, ауа– райының
жағдайына, фудаменттің беріктігінің орналасуына байланысты.
Бұнғылау мұнараларына қойылатын талаптар көптеген факторларға
байланысты. Әр жағдайда осы факторлар ескерілу керек. Бұл факторлар төменде
келтірілген:
1. Ұңғынаң жобаланған тереңдігі;
2. жобаланған ұңғыны бұрғылау кезінде кездесетін жыныстардың қаттылығы,
иірілімдігі және түрпіліктілігі;
3. Өту жиілігіндегі болжанған салыстырмалы қысым және кейбір ауытқулардың
болу мүмкіндігі;
4. Ашу тәсілі, нәтижелі болар деген жағдайларды сынау және оларды іске
асыру;
5. Пайдаланылатын бағаналардың диаметірі және осы бағананың астындағы
ұңғыны бұрғылау кезінде пайдаланатын басқа шегенеуші бағаналардың,
қашаулардың, бұрғылау құбырының диаметірі;
6. Жер бедерінің қасиеті;
7. Ауа– райының қасиеті;
8. Бұрғылау тәсілі;
9. Бұрғылау бригадасының жұмысының жеңілдігі және қауіпсідігі;
10.Қондырғының тұтастығы, құрастырудың және жинаудың жеңіл–
жігі және тездігі.

Бұрғылау қондырғысының комплексіне: мұнаралы немесе діңгекті
мұнара, табаны, шығыр, ротор, бұрғылау насосы, бұрғылау құбырларын көтеріп–
түсіретін тәлдік жүйе, жууға арналған сұйқтықты дайындап, тазартатын
механизімер, циркуляциялық жүйенің элементтері (вертлюк, шланг, тартымдар,
құбырлар, ысырмалар, науашалар, сыйымдылықтар), бұрғылау механизмдерге
арналған қалқа, көмекші құралдар (компрессорлар, отынмай қондырғысы және
т.б.) және әр– түрлі құрал– сайман кіреді.
Негізгі бекітімдердің құрылысы айналу (роторлы) бұрғлаудың
дамуының әр сатысында өзгеріп тұрады. Ол өзгерістер ұңғының құрылымы,
олардың тереңдігі, бұрғылау жылуы, өтпеннің механикалық жалдамдығы,
қашаудың жұмысының ұзақтығы және рейістік санымен байланысты.
Бұрғылаудың айналу түрін алғашқыда қолданған кезде өтпеннің
механикалық жылдамдығы және қашаудың жұмыс уақыты өте аз болатын, балшық
ерітіндісінің сапасы төмен, ұңғының құрылысы тым үлкен болатын. Қашаудың
алмастыруға көп жағдайда бұрғылау процесіне жіберілетін уақыттан да көп
уақыт жұмсалатын. Осының бәрі өтпеннің жылдамдығына аз болуына жуықтап
алғанда 30–50 мст– айына (1925–1928жж.) яғни орташа алғанда тереңдігі 600
м. ұңғыны 12 айдан астам уақытта бұрғылауына себеп болады. Бұндай
тереңдікте ұңғы үшін бұрғылау бағаналар мен шегендеуші құбырлардың салмағы
аз болады.
Бұл жоғарыда айтылғаннан біз сол кезеңдегі жүрісті ұңғыларға
жіберілген уақыт пен салыстырамыз жүккөтергіштікке байланысты екенін көріп
отырамыз.
Биіктігі 34,2 м. мұнараларды үлкен және массивті фундаментке
салып, оны түгел қаптаймыз. Екі жылдамдықты шығыр қолданылған. Тәл
жүйесінің жүккөтергіштігі тек қана 50 т. болған.
Бұрғылаудың келесі даму сатысы ұңғылардың тереңдігінің шамасының
үлкеюімен сипатталады. Осыған байланысты бұрғылау мұнарасылның және оның
ішіне орналастыратын қондырғылардың жүккөтергіштігінің шамасының көбейуі
және оны айналуы үдейе түсуінің қажеттілігін тудырады.
Бұрғылаудың технологиясы: бұрғылау режимінің оптималды
параметрлерінің белгіленуі, балшық ерітіндісінің және басқа жуу
сұйықтарының сапасының жақсаруы, жұмыстың эффективтілігінің жоғарлауы және
өндіріс процесінің жақсырақ ұыйымдастырылуы дамыған сайын бұрғылау темпі
үдейе түседі.
Бұрғылаудың циклдік жылдамдығының үлкен болуы– белгілі бұрғылау
жабдығының берілген жағдайда қолданудың негізгі критериі.
Бұрғылау жабдығының конструкциясы бұрғылау жұмысының әр
элементіне, монтаж. Демонтаж және оны жаңа орын ауыстыруға кететін уақыт
пен өндіру құралдарының шығыны минимал болатындай етіп жобалануы тиіс.
Қолданылып келе жатқан жасақтарының жұмыс істеу қабілеті мен осы
күнге дейігі жиналған тәжірибені зерттеу нәтижесінде құрылыстық зерттеу,
барлау, эксплуатациялық және басқа ұңғыларды бұрғылауға арналған бір қатар
бұрғылау жабдықтары өңделген.
БУ– 50 және БУ– 75 бұрғылау жабдықтары діңгекті мұнаралармен
жинақтарлуы қажет. БУ– 125, БУ– 200 және БУ– 300 жабдықтары– діңгекті
немесе мұнаралы типтермен жабдықталуы қажет.

Кесте 1.2.– Бұрғылау жасақтарының негізгі параметрлері:
Параметрлер Бұрғылау жасақтары
БУ–50 БУ–75 БУ–125 БУ–200
БУ–300
Ілгектің номинал
жүккөтергіштігі, т. 50 75 125 200
300
Ұзақтығы 2–мин
дейін қысқа мер–
зімді max рұхсат
ететін салмақ, т. 70 100 160 250
375
Тәлдік жүйенің 3×4
max жабдықталуы 4×5 4×5 5×6 5×6
6×7
Шығырдың бара–
банының өндіретін 250 500 850 1000
1200
қуаты, ат күші 400 600 1000 1600
1900
Ілгектің көтер.лу min
жылд.ғы, мсек 0,3–0,5 0,4–0,5 0,4–0,5 0,3–0,5
0,25–0,4
(жабдықталуы max)
Ілгектің көтер.лу max
жылд.ғы, мсек 1,4–2 1,8–2 2 2
2
(жабдықталуы max)
Сатылы жылжу ке–
зінде ілгектің көтер.ң
жылд.ң min саны 2 4 4 4
4
Жүккөтергіштігі но–
минал жабдықталуы
max жағдайда шығыр–
дың барабанында ар–
қанның max тартылу
күші, т. 10 12 16
25 33
Тәлдік арқанның max
диаметрі, мм 26 28,5 31 33
35
Ротор үстеліндегі те– 450 450 520 520
520
сігінің диаметрі, мм 560 560
560
Сатылы жылжу кезін–
де ротор айналуының 2 2 3 3
3
max саны,
Роторға берілетін қуат 100 100 200 200
200
ат күші, 200 200 250
250 250
Ротор үстелінің айна–
лу жылдамдығы:
– min, айнмин 50 50 50 50
50
– max, айнмин 170 170 170 170
170
Вертлюк стволының
ішкі диаметрі, мм 75 100 100 100
125

кесте жалғасы
Бұрғылау насосы–
ның саны, 1не2 1не2 2 2
3
Насос тобының
гидравликалық
қуаты, ат күші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теңіз стационарлы платформа
Жүккөтергіштігі 5000 кН бұрғылау жасағы
Теңіз мұнай-газ ғимараттарының (ТМГҒ) жалпы конструктивті белгілері мен ерекшеліктері
А-тәрізді (мачталы) мұнараны монтаждау
Бұрғы қондырғысының негізгі жабдықтары
Хазар жүзбелі бұрғылау қондырғысы
Жаңажол кен орны «KKM Operating Company» АҚ
Ұңғыларды бұрғылауда қолданатын бұрғы мұнаралары
Бұрғылау ұңғымаларының классификациясы
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ӨКБҚ)
Пәндер